Бағдарламасы негізінде жасалып, 050103-«Педагогика жəне психология»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата29.03.2017
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бейтарап  стиль  педагогтың  іс-əрекетке  мүмкіндігінше  аз  араласу  ұмтылысымен  сипатталады, 

мұғалім  белсенділік  танытуға  жоқ.  Берілген  тапсырманы  мұғалім  немқұрайлы,  формальды  түрде 

орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім. 

2.  Балалармен  психологиялық  байланыс  орнату  жəне  дамыту  мүмкіншілігін  сипаттайтын  басты 

талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) əсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың 

өзара  əрекеттесуін  реттеуге  көмектесетін  адамгершілік  категориясы.  Ізгіліктік  ұстанымына  негізделе 

отырып,  педагогикалық  еп  кез-келген  күрделі  де  қиын  ситуацияда  адамға  деген  құрметтің  сақталуын 

талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) 

келетін іс-əрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың 

жұмсаруы,  саналы  түрде  əлсіреуі.  Еп  –  қиындықтардан  бас  тарту  емес,  мақсатқа  жетудің  қысқа  жолын 

таңдау, көру. Епті болу - əрбір адамға, əсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап.  

Дегенмен, əрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кəсіби қасиеті, 

оның  шеберлігінң  бір  бөлігі.  Педагогикалық  ептің  ерекшелігі  –  бұл  мұғалім  тұлғасының  қасиеттерін 

(балаларға  деген  құрмет,  сүйіспеншілік,  сыпайылық)  ғана  емес,  оқушыларға  дұрыс  жол  табу,  яғни 

балаларға тəрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау. 

Осылайша,  педагогикалық  еп  –  бұл  педагогикалық  үн  мен  қарым-қатынас  стилін  педагогикалық 

тұрғыдан  дұрыс  орнату  іскерлігі.  Педагогикалық  епке  тұлғаны  құрметтеу,  түсіну,  тану  керек. 

Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық 

еп  шеберлікпен  бірге  меңгеріледі,  тəрбиеленеді.  Еп  –  бұл  мұғалімнің  рухани  жетілуінің,  толысуының 

нəтижесі,  балалармен  қарым-қатынас  орнату  іскерлігі  мен  арнайы  білімді  жинақтаудағы  өз  бетімен 

жүргізілетін жұмысының нəтижесі.  


 

26 


Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік 

психологиясын,  жеке  ерекшеліктерін  білу.  Жасөспірімдермен  қарым-қатынас  стилінде  құрметтеу,  тану, 

сенім арту, кəсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-əрекеттің адамгершілік 

мəнін көре білу іскерлігі де маңызды. Əрине, оқушыларға ықпал ету тəсілдерін білу керек. Олар: 

− 

балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету; 



− 

балалар іс-əрекетінің ішкі мəнін түсіну, көру, бақылау; 

− 

нақты жағдайда дұрыс бағыт табу; 



− 

ықпал етудің ыңғайлы тəсілін таңдау. Бұнда тəрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің 

білесің, бірақ мен саған айтар едім...»; 

− 

балалармен əңгімелесу. 



Қарым-қатынастың  дұрыс  стилін  қалыптастыруда  шыдамдылық,  өзін  ұстай  білу,  əділдік,  озат 

тəжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, əзіл зор мəнге ие. Бұнда мұғалім 

оқушылармен қарым-қатынаста оларды құремттеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн.  

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Педагогикалық ықпал дегеніміз не? 

2.  Педагогикалық ықпал ету стилдері  қандай? 

3.  Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? 

4.  Педагогтың оқушыларға ықпал ету тəсілдері қандай? 

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

  5. Мұханбетжанова Ə. М. Мұханбетова Ш.Т. Педагогикалық шеберлік     

       О;2006 

  6. Б.Б. Айсмонтас  Педагогическая психолгия  М; 2001  

  7. Синица И.Е. Педагогтық əдеп жəне ұстаздық шеберлік. А., 1987. 

  8. Шыныбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А., 1987. 

  9.Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А., 1989. 

 

   



№ 7 дəріс 

Тақырып:  Оқушылардың өздік жұмысын басқару 

Дəрістің мазмұны 

1.Өздік жұмысты ұйымдастырудың психологиялық  ерекшелігі 

2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар 

Мақсаты: Оқушылардың  өздік жұмасы жəне оны ұйымдастыру ерекшелігі жəне орындауда  басшылыққа 

алынатын  талаптармен таныстыру. 

      1.Өздік –жұмыс- бұл мектеп оқушысының   өзінің ішкі танымдық  түрткілерінің  күшіне  сай  оның 

көзқарасы  бойынша  неғұрлым ыңғайлы  ұтымды уақытта  ұйымдастырылатын  процесс кезінде  өзі 

қадағалап отыратын  жəне  оны  іс-əреке  нəтижесі  бойынша  мұғалім  тарапыныан  мектептен тыс  жанама  

жүйелік  басқару  негізінде  қадағалатын жұмыс. Оқушылардың өздік жұмысын  ұйымдастыру   бұл 

бұрыннан  мектепте  жоғарға оқу орнында  оқытудың  маңызды  жəне кеңінен   талқыланатын  

проблемаларының  бірі болып табылады.  Өздік жұмыс   оқушының  сабақ үстінде  оқу іс- əрекетін дұрыс 

ұйымдастыруының негізі болып табылады. Ол оқушыға  білімін өз бетінше  кеңейтуді , тереңдетуді жəне  

бос уақыта жалғастыруды  көздейді. Осыған сəйкес  мұғалім ұйымдастыратын  жəне басқаратын  оқушының 

оқу жұмысы  оқу пəнін игеру  бойынша  өзіне берілген  өз бетінше  іс- əрекетінің  бағдарламасы ретінде  

болуы керек.   Берілген   түсініктемеде  өзіндік жұмыс  үй жұмысына қарағанда  неғұрлым кең түсінік  яғни  

мұғалімнің  келесі сабаққа дайындалуы. Өздік жұмыс  оқушының  мұғалім қандайда бір формада берген  

сабақтан тыс жұмысын  қамтаи алады.  

2. Өздік жұмыстың ерекшелігі жəне оны ұйымдастыруда мынадай талаптарды ескеру керек: 

- оқушының  сабақ үстінде  алған білімдерін , іскерліктерін  жəне дағдыларын  тереңдетіп, кеңейтіп 

жетілдіруі тиіс екені белгілі бірақ  жаңа білімдерді , іскерліктерді дағдыларды  жеткізудің  негізгі  мақсаты 

емес. 

- жұмыс материалының  өзінің формаларының  процестаерінің  əуестілігі болып   табылады.  Тағы да 



оқушылардың осы процесте өздігімен  белсенді  араласуы. 

Өздік жұмыстиы ұйымдастыруда мұғалімнің ролі өте зор.  Өзіндік жұмыстың іс- əрекеттің өзгеше түрі 

ретінде  ерекшелігімен  жаңа материалды  игерудің  өзі  яғни  еңбек қауырттылығы  мақсатты бағытталған  

оқушыны баурап алатын  тартымды болу керек.   



Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Өздік жұмыс дегеніміз не? 

2.  Өздік жұмысқа қандай талаптар қойылу  керек? 

3.  Өздік жұмыстың ерекшелігі қандай? 



 

27 


4.  Өздік жұмыс ұйымдастыруда  қандай  талаптарды ескеру керек? 

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

  5. Сабыров Т Оқушылардың өздік жұмысын басқару А; 1987 

№ 8 дəріс 

Тақырып: ЖОО-ы білім беру технологияларының орны мен мəні  

Дəрістің мазмұны 

1Модульдік оқыту технологиясы  

2. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану 

Мақсаты: Инновациялық технологияларды  қолданудың тиімділігі мен ерекшелігі жəне жалпы 

педагогикалық технологиялардың түрлерімен таныстыру. 

 

Педагогикалық технологиялардың түрлері 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

 

 



Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл 

балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің ажырамас бірлігі: 

      - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект; 

-  оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас; 

-  оқушы мен мұғалім арасыдағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық  

қарым-қатынас. 



      Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы.  Оқушыны  азамат  етіп  тəрбиелеу,  олардың  танымдық  күшін 

қалыптастыру жəне дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. 

      Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы.  Дидактикалық,  тəрбиелік,  дамытушылық,  əлеуметтендірушілік 

мақсатқа  жету.  Ойындық  ісəрекеттің  психологиялық  мехнизмі  жеке  бастық  өзіндік  талап-тағамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 

      Проблемалық  (мəселелік)  оқыту  технологиясы.  Оқушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың 

танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:  

-  оқушының белсенділігін арттыру; 

-  оқу материалында баланы қызықтыратындай мəселе туғызу; 

-  оқушы  материалды   сезім   мүшелері   арқылы   ғана  қабылдап  

қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді; 

-  оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы. 



Тірек  белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы  оқыту  технологиясы  

мынаны көздейді: 

-  білім, білік, дағдыны қалыптастыру; 

-  барлық баланы оқыту (жеке əлеуметтік өміріне қарамастан); 

-  оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау). 

Үнемі  қайталау,   міндетті   кезендік   бақылау,   жоғары  деңгейдегі  

қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік, еркімен оқыту; əр 

оқушының  жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге,  табысқа  жетуге жағдай жасау; оқыту мен тəрбиенің 

бірлігі. 

Ынтымақтастық 

педагогикасы 

Білім беруді 

Ізгілендіру 

технологиясы 

Ойын арқылы 

оқыту 


технологиясы 

Проблемалық 

оқыту 

технологиясы 



Модульдік оқыту 

технологиясы 

Дамыта  

оқыту 


технологиясы 

Өздігінен  

даму 

техноло-


гиясы 

Тірек сигналдары 

арқылы оқыту  

технологиясы 

 

 

Түсіндіре 



басқарып  

оза оқыту 

технологиясы 

технологиясы 

Деңгейлік 

саралап  

оқыту 

технологиясы 



Сын 

тұрғысынан 

ойлауды 

дамыту 


технологиясы 

Оқытудың 

компью-

терлік 


техноло-

гиясы 


Бағдар-

ламалап 


оқыту 

Техно-


логиясы 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

28 


      Түсіндіре  оза  оқыту  технологиясы.  Барлық  баланы  табысты  оқыту.  Оқу  материалының  бірізділігі, 

жүйелілігі; саралау, əр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың 

қиыншылығын  жеңу,  қиын  тақырыптарды  біртіндеп  оңайлату  əдісін  қолдану.  Сабақты  пысықтауға  əуелі 

озаттар,  сосын  орташалар,  ең  соңында  нашар  оқушылар  қатыстырылады;  бірте-бірте  толық  дербестікке 

жету;  сыныпта  қалыпты  жағдай  қалыптастыру,  түсіністік,  өзара  көмек,  ынтымақтастық  қарым-қатынас; 

оқушының  қателігін  ескерту,  бірақ  жазғырмау;  үй  тапсырмасы  тек  əр  оқушының  мүмкіндігіне  қарай 

беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау. 

      Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, 

мемлекеттік  стандарт  көлемінде  білім  беру.  Əр  оқушыны  оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай 

оқыту,  оқытуды  оқушылардың  əртүрлі  топтарының  ерекшелігіне  сəйкес  бейімдеу,  ыңғайлау.  Білімнің 

базалық  деңгейінің  барлық  оқушылар  үшін  міндеттелігі,  оқушыларға  берілген  тапсырманың  саралануы, 

тапсырма оқушының күші жететіндей жəне қолайлы болуы шарт. 

      Бағдарламалап  оқыту  технологиясы.  Ғылыми  негізде  түзілген  бағдарлама  негізінде  оқытудың 

тиімділігін  арттыру,  баланың  жеке  қасиеттерін  ескере  отырып  оқыту.  Оқыту  құралдарының  көмегімен 

бағдарламаланған  оқу  материалдарын  кадр,  файл  сияқты  оқыту  бөлігі  арқылы  логикалық  бірізділікпен 

беріледі. 



      Оқытудың  компьютерік  технологиясы.  Ақпаратпен  жұмыс  істей  білуді  қалыптастыру  жəне  қатынас 

қабілетін  дамыту,  жеке  басты  “ақпараттық  қоғамға”  даярлау.  Мұнда  оқыту  оқушының  тікелей 

компьютермен  қатынасы  арқылы  орындалады.  Яғни  баланың  жеке  қасиеттеріне  қарай  компьютерге 

бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б. 

      Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында 

ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға 

асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетінсіз алуға 

үйретеді.  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой  толғаныс 

кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мəнді, маңызды əрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде 

үйренуші  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда,  қалай  қолдану  керектігін  ой  елегінен 

өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. 

      Өздігінен  даму  технологиясы.  Баланы  жан-жақты  дамыту,  дербестікке  тəрбиелеу,  бала  санасында 

нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сəйкес табиғи (жасанды емес) болуы 

керек,  сонда  бала  өзін-өзі  дамытады.  Монтессори  педагогикасының  ұраны  баланың  мұғалімге:  “мынаны 

менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық 

өмірі  –  оның  еркіндігі  мен  дербестігінің  дамуы  болып  табылады.  Онда  оқытудың  бірыңғай  бағдарламасы 

болмайды, əркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, əр күн жалпы жиыннан 

басталады. Жиыннан кейін əркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Баға болмайды, бірақ əр бала 

өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ен бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды. 

      Дамыта  оқыту  технологиясы.  Баланы  оқыта  отырып,  жалпы  дамыту.  Яғни  бала  бойында  еркіндік, 

мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер 

дамыту.  Осының  нəтижесінде  əр  оқушы  өзін-өзі  ертуші  субъект  дəрежесіне  көтерілуі  көзделеді.  Оқыту 

дамудың  алдында  жүруі  керек,  дидактикалық  құралдардың  дамуға  əсері  зор.  Дамудың  тиімділігі  үшін: 

кешенді  даму  жүйесі  негізінде  мақсатты  даму,  мазмұнның  жүйелелегі  мен  тұтастығы,  теориялық  білімнің 

жетекші  ролі,  жоғары  қиындық    деңгейінде  оқыту,  материалды  меңгеруде  жедел    ілгерілеу,  оқу  үрдісін 

баланың  сезінуі,  оқыту  үрдісінің  əртүрлілігі,  жекелеп    оқыту,    барлық    баланың    дамуы    жолындағы  

жұмыстар  болу керек. 



      Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді 

көздейтін  педагогикалық  үрдіс  түзу,  мұғалімге  нəтижені  талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау 

жəне  құру.  Оқушылармен  жүргізілетін  қиындықтың  алдын  алу  жəне  түзету  жұмысының  жүйесін  жасау. 

Жалпы  педагогикалық  біліктіліктің  технологиялық  сенімді  даму  динамикасын  жасау.  Жобалаңған 

технологияны  іске  асыратын  жаңа  тəсіл  қалыптастыру.  Бұл  мұғалімнің  бүкіл  оқу  жылында  пайдаланатын 

əдістерді  жоспарлануына  көмектеседі.  Технология  жобасындағы  негізгі  объект  –  оқу  тақырыптары, 

дидактикалық модуль. 

      Оқушылар  əр  сатыға  жоғарылаған  сайын  олардың  бңлңмдң  қабылдауы  өзгеріп,  өтілетін  пəндер  жүйесі 

күрделене  түседі.  Сондықтан  қушылардың  жас  ерекшеліктерін,  əр  сатыдағы  қабылдау  мүмкіндіктерін 

ескере отырып, аталған  технологияларды  тиімді  пайдалануды схема түрінде көрсеттік (схема 2).                      



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сын 


тұрғ. 

ойл.да-


Дамыта 

оқыту 


техн-сы 

 

29 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы схемаға түсініктемелер 

 

 

 

 

 



 

Жоғарғы сынып.қолдануға тиімді педагогикалық технология 



 

Орта сыныпта қолдануға тиімді педагогикалық технология 



 

 

 

 



 

Бастауыш сыныпта қолдануға тиімді педагогикалық технология 

 

 

   



 

Екі сатыда да қолдануға тиімді педагогикалық технологиялар 

 

 

         1.Модульдік оқыту технологиясы 



       

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді 

жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі 

дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша əдебиеттен білім алуға дағдыландырады. 

 

Модуль  деп  дидактикалық  жетістіктерге  жету  үшін  алдында  мақсаты,  өзіндік  іс-əрекетінің 



бағдарламасы, жетекшілік əдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: 

оқушының  өздігінше  жұмыс  істей  алуын  дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  əдістері  арқылы 

жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, 

шəкірттің  іске  белсене  араласуына  жағдай  жасайды.  Оқушы  өзіне  оқу  əдісін  таңдап  ала  алады.  Модульдік 

оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-əрекет 

əдістері,  жан-жақты  əдістемелік  нұсқаулар  беру.  Яғни,  бұл  технология  бойынша  тақырыптың  мазмұны 

арқылы  оқытуды  ұйымдастырудың  формасы  мен  əдістері  белгіленеді.  Сонымен  қатар  жүйелілігінде 

əлеуметтік  сұранысқа  қарай  мазмұнына  өзгерістер  енгізе  алады.  Мəселен,  Н.  Нечаев  оқыту  іс-əрекетіндегі 

мəселеледі  шешуді  қарастыру  барысында  нəтижесін  көру  жұмыстың  іс-əрекет  əдістеріне  байланысты 

екеніне  тоқтала  келіп,  модульдік  оқытудың  мақсаты  тəжірибелік,  дамытушылық  жəне  ойлауды 

қалыптастыратын іс-əрекет əдістері деп түйіндейді. Тəжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн 

тəжірибелерінен əр оқушының қабылдауы əр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның 

ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі əдістерді қолдануды көздейді. 

[6]


 

 

Мұнда  оқушы    өтіліп  отырған  курстың  модульдік  бағдарламасымен  тиянақты  танысып  шығып, 



өзіне  маңыздылығын,  алдыңғы  уақытта  күтілетін  нəтижесін  түсіне  білуі  қажет.  Модульдік  оқытудың 

бағдарламасында  күтілген  нəтижеге  байланысты  жақын,  орта,  алшақ  уақыттарда  қолының  жету  жолдары 

көрсетіледі. 

 

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды: 



Ойын  

арқылы  


оқыту 

технологиясы

 

Білім  


беруді 

ізгілендіру 

технологиясы

 

Модульдік  



оқыту 

технологиясы

 

Оқытудың 



компьютерлік  

технологиясы 

Дамыта  

оқыту 


технологиясы

 

Түсіндіре 



басқ.оза 

оқыту техн. 

Тірек 

сигн.арқыл 



оқыту 

Проблем-қ  

оқыту 

техн-сы 


 

Пед. 


технология 

 

30 


-  ақпарат материалының мақсаттылығы; 

-  жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы; 

-  модуль элементтерінің жеке даралығы; 

-  ақпараттық жəне əдістемелік материалын оңтайлы берілуі. 

Мұғалім  бағдарлама  жасағанда  егер  оқу  материалы  топтық  жұмысты  қажет  етсе,  топта  оқытудың 

формасы  мен  əдісін  көрсетеді.  Тəжірибелік  жұмыстарға  түсініктеме  беріп,  теориялық  жəне  тəжірибелік 

тапсырмалар,  оқушылардың  білімін  тереңдету  үшін  қосымша  əдебиеттер  береді.  Мерзімдік  бақылаулар 

арқылы  оқушылардың  игере  алмаған  тақырыптары  айқындалып,  қайталау  жұмыстары  жүргізіледі. 

Модульде əр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да,  ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  əдістерін  көптеген  ғалым-педагогтер  зерттеп  келеді.  Л.  Йоваиша 

модульдік оқытудың мынадай əдістерін қарастырған:  

1. 


Ақпараттық  оқыту  əдісі  (əңгімелесу,  топтық  оқыту,  демонстрациялау,  ақыл-кеңес, 

дəріс, емтихан). 

2. 

Операциялық оқыту əдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын). 



3. 

Ізденпаздық  оқыту  əдісі  (мəселені  талдау,  тыңда  да  ойлан,  шығармашылық  диолог, 

іс-əрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет). 

4.

 



Өздігінше оқу əдісі (тыңдау, оқу). 

[7] 


Ақпараттық оқыту əдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, 

сабақ  барысында  жоғары  білімді  мамандар  тақырыпқа  байланысты  баяндама  жасайды  да,  міндетті  түрде 

эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады. 

Операциялық  оқыту  əдісі  оқушылардың  дағдысы  мен  іс-əрекетін  дамытуға  арналады.  Мысалы, 

«видеоконфрантация» əдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың əрекеттері 

сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі жəне өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім 

əр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады. 

Ізденпаздық  оқу  əдісі  оқушылардың  белсенділігін,  қабілетін  дамытады.  «Іскер  себет»  əдісіне 

оқушылар  себеттен  жеке-жеке  тапсырма  алып,  жеке  орындайды.  Тапсырма  орындалып  болған  соң 

оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.  

Модульдік  оқыту  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндіктер  жасайды.  Модульдік 

оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мəселені шеше алуына, өз пікірін қорғай 

білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. 

Əр  мұғалімнің  алдындағы  мұраты,  ең  қасиетті  міндеті  –  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  жеке, 

дарынды тұлға қалыптастыру  жəне өз пəнінен білім беріп  қана қоймай, əр баланың мүмкіндігін ашу, оны 

шығармашылық  тұлғаға  жетелеу.  Оқыту  мен  тəрбие  беру  үрдістері  ешқандай  “науқандықты”  көтере 

алмайтыны белгілі. 

      “Инновация” түсінігін  ағылшын тілінен аударғанда “жаңалық енгізу”, “жаңашылдық” ұғымды білдірген. 

Ал тамыры ретеңде жатқан термин латын тілінің “жаңару”, “өзгеру” сөздерімен баламаланы, “бұдан бұрын 

болмаған жаңалық”, “қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа əдісі” деген түсініктерді білдіреді. 

Ол  ең  алғаш  рет  XIX    ғасырда  мəдениеттанушылардың  зерттеуілерінде  пайда  болған.  (Бір  мəдениеттен 

екінші  мəдениетке  өту  элементтерінің  даңашалануы).  Одан  кейін  инновациялық  процестің  толық  түсінігін  

ХХ  ғасырдың  басында  экономист  И.Шумпетер  ұсынды.  Ғалым  экономикалық  жүйенің  дамуындағы 

өзгерудің  “жаңа  комбинациясын”  талдады.  30-шы  жылдары  И.Шумпетер,  Г.Менш  “инновация”  терминін 

ғалымға  енгізді. 

[11]


  Себебі  жаңа  технологияның  жəне  заттың  ғылыми  тұтас  жаңалығын  ашты.  Осы  кезден 

бастап “инновация”, “инновациялық процесс”, “инновациялық потенциал” терминдері жалпы ғылымдардың 

терминологиялық  жүйесін  байытты.  Инновацияның  жалпы  ғылыми  түсінігі  жүйе  қызметінің  тұтастай 

өзгеруін анықтайды. Ол жүйе элементтерінің жəне əртүрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі. 

      Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық жəне практикалық жұмыстарда əртүрлі педагогикалық 

инновация  технологияларының  нұсқалары  қолдануда.  Ауқымды  инновациялық  технология  нақтылы  жүйе 

мен  жіктелуді  керек  етеді.  Осы  мəселемен  А.Я.Савельев,  В.М.Максимов,  Г.К.Селенко,  т.с.с.  ғалымдар 

айналысты. 

      В.М.Максимов  өзінің  зерттеулері  бойынша  келесі  жіктелулерді  ұсынады:  құрылымдық  логикалық 

технололгия,  интеграциялық  технология  (əртүрлі  пəндік  білімдердің  бір-бірімен  байланысы),  ойындар 

технологиясы, тренинттік технология, ақпараттық технология, диалогтық технология. 

   Осы жіктелулер қазірге кезде кең қолданылуда. Себебі білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – ұстаз 

бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын біртұтас педагогикалық процесс. Ал белгілі бір мақсатты 

толық жүзеге асыру оқытуды тиімді ұйымдастырумен сипатталады. 

      Оқытудың  білім  беру,  тəрбиелік,  дамыту  функцияларын  кеңінен  қолдану  қажет.  Əрбір  педагогикалық 

технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы 

жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. 

      Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: 

-  оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; 


 

31 


-  оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде  

қарастыру.  Оның  ғылыми-əдістемелік,  оқыту-əдістемелік,  ұйымдастыру-шылық  себептеріне  үнемі  талдау 

жасап, назарда ұстау;    

      -  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп  білу,  пəндік  білім  стандартымен  жете  танысу,  білімді 

деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімдлі мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге 

қол жеткізу; 

      - оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. 

      Əрбір ұстаз осындай шарттарды игеріп, ескеріп жаңаша оқытуға бет бұрыс жасауы керек. Себебі бүгінгі 

педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдалануымен ерекшеленеді. 

[12] 


      Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен  тəрбиелеу,  жаңа  технология  бойынша  əдістемелік  жүйенің 

басты мақсаты болып табылады. Жаңа технология оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың 

өздігінен танымдық іс-əрекетінде пайдалануға көмектеседі. 

     2.  Гуманитарлық  пəндер  жүйесінде  оқытудың  инновациялық  əдіс-тəсілдерін  пайдаланудың 

педагогикалық  шарттарына:  инновациялық  ізденіс  қажеттілігі,  инновациялық  əдіс-тəсілдер  жайлы  білім, 

инновациялық    əдіс-тəсілдерінің  тиімді  жолдарын  қарастыру,  инновациялық  əдістерді  меңгеру, 

инновациялық  əдіс-тəсілдерді  пайдалану  жəне  білім  беруді  ұйымдастыру  формалары,  инновациялық  əдіс-

тəсілдердің нəтижесінің болуы, инновациялық əдіс-тəсілдердің озық тəжірибелерін бекіту жатады. 

      Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері  оқытудың  дербес  жəне  топтық  түрлері  болып  табылады.  Бұл  жерде 

алға қойылған басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі 

мен қадыр-қасиетін дамыту. Ол үшін инновациялық оқытудың педагогикалық шарттарын игерген жағдайда 

ғана оқыту тиімді болмақ. 

      Дамытып оқыту əдістемесін тақырыпты меңгеруде оқушының сабақпен жан-жақты танысу деңгейі, зейін 

тұрақтылығы,  есте  сақтау  деңгейі,  ұғыну  деңгейі,  репродуктивті,  алған  білімін  пайдалана  білу  деңгейіне 

маңызды көңіл бөлінеді. 

      Қорыта келгенде, əлемнің білім беру бағытынан орын алу үшін, біріншіден, білім беру, оқыту, тəрбиелеу 

бағыттарын  инновациялық  технологиямен  жетілдіруі;  екіншіден,  пəндердің  материалдық  базасының 

байлығы мен үйлесімділігі; үшіншіден, студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау 

жəне  бағалау;  төртіншіден,  білікті,  білімді,  тəжірибелі  мамандардың  шеберлігіне  үлкен  көңіл  бөліп  жəне 

басқа  оқу  орындарымен  тəжірибе  алмасу  қажет;  бесіншіден,  ақпараттық  технология  бойынша  теледидар 

бағдарламаларында мектеп бағдарламаларын арнайы жүргізу; алтыншыдан, жастардың мамандығына деген 

жоғарғы  жауапкершілік  пен  сүйіспеншілікті  қалыптастыру  жолдарын  нақтылау;  жетішіден,  елімізге 

болашаққа  құлаш  сермейтін  білім  берудің  жаңа  мемлекеттік  бағдарламасын  баланың  жас  ерекшеліктеріне 

жəне қызығушылақтары мен талғамдарын ескере отырып жасау.   



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет