Бағдарламасы негізінде жасалып, 050103-«Педагогика жəне психология»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата29.03.2017
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

 

№ 3 дəріс 



Тақырып:  Оқу сабақтарының формалары  жəне оларды  өткізу  əдістемесі 

Дəрістің мазмұны 

1.  Оқу сабақтарының формалары 

2.  Оқытудың  лекция түрі 

Мақсаты: Оқу сабақтарының формалары мен  оларды   қолданып  сабақ өткізу  əдістемесін таныстыру. 

Дəріс оқытудың  басты  бөлігі  оның  мақсаты студенттердің  оқу  материалын меңгерудегі  бағыттаушы 

негізін қалыптастыру. Дəріс ( латын  сөзі  оқу ) ең алғаш  Ежелгі Грецияда  пайда болған.  ортағасырлық 

Римде  əрі қарай дамытылған. Ресейде 18 ғасырда енгізілген. Дəріс мынадай жағдайда аса қажет: 

-  оқулықтаржетіспеген жағдайда немесе мүлдем болмаса, онда дəріс ақпараттың негізгі көзі болып 

табылады.  

-  Жаңа оқу материалын баяндауда 

-  Оқулықтың  кейбір  тақырыптары  ұғынуға  қиын болған жағдайда 

-  Белгілі бір  мəселе  бойынша  қарама- қайшылық  концепциялары болаас,  солардың дұрысын 

түсіндіру мақсатында  дəріс ұсынылады.   

 

Дəріс- ЖОО- да  оқу тəрбие жұмысында маңызды орын  алады. Дəрістің басты  мақсаты   студенттерге   



өткен  пəн  туралы  жүйелі    түсінік  қалыптаситыру. Болашақ маманға  сол салада  ғылыми-  практикалық  

бағытта  сəйкес келетін  қағидалар мен заңдарды  меңгертіп  алынған  білімді  қолданған əдісті үйрету: 

1. Дəріске қойылатын талаптар 

• 

Хабарламалық жəне  ғылыми  қазіргі ғылыми деңгейдегі  алынған  ғылыми  хабарларды беру 



• 

өзекті  жəне дəлелді  түсіндірмелі  мысалдар беру 

• 

 берілу формасы эмоционалдылығы 



• 

Проблемалық  элементтерді енгізу,  студенттерді  танымдық  белсендендіру 

• 

 Қарастырылған сұрақтарды жүйелі ашу, 



• 

Аудио-  видео  материалдарды   қолдану 

• 

Материалдарды түсінікті тілмен  жеткізу,  жалпы енгізілген  терминдерді  түсіндіру 



Дəрісті оқу  

Дəріс сапалы өтуі үшін  мынадай əдістемелік   жəне ұйымдастырушылық  нұсқау  негізге   алынуы  қажет 

Дəрісті оқитын адамның ерекшеліктері 

-  жеткілікті  қатты  дауыс,  анық екпін 

-  қиын  сөзді  қарапайым , дəл,  түсінікті сөзбен  жеткізу 

-  сөздің эмоциялылығы 

-  аудиторияны меңгере алуы 

-  дəріс оқушының сыртқы келбеті 

-  шаш үлгісі,  костюмі,  жинақылығы 

Тірек материалын қолдану 

-  конспект, дəріс жоспары 

-  негізгі жоспар,  мысал, формула 

-  анықтама қорытындылары 

Дəріс кезінде  студенттің  жұмысын  ұйымдастыру  

Дəріс кезінде  студенттің  негізгі  жұмысы  тыңдау,  түсіну.Алынған хабарларды  қысқаша жазу.  Бұл 

жұмысты  мына  жолмен  ұйымдастырылады: 

-  конспект бөлімімен таныстыру 

-  жай дауыспен жекелей көрсету 

-  материалды баяндау жылдамдығы  студенттер  аудиториясына  сəйкес  болуы тиіс. 

Студенттердің жұмысына басшылық 

-  дəрістің жазылуына қадағалау 

-  дəрістің негізіне көңіл бөлуге үйрету 

-  жазуға көмектесу жазуға міндетті  жерлерді  дауысты төмен  түсіріп жай баяндау 

-  дəріс конспектісін тексеру 

-  Ынтасын оятуға үйрету 

-  дəріс  оқушыға  студенттердің сұрақ қоюы 

Дəріс  қорытындысы 

-  хабарламалық құндылығы 



 

22 


-  тəрбиелік  əсері 

-   мақсатқа жету( қабылдауы,  ынтасы,  есте сақтауы) 

-   Дəріс сапасы  жөніндегі қорытынды 

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  Оқу сабақтарының формалары қандай? 

2.  Оқу сабақтарының формалары даму тарихы қайдан бастау алалы? 

3.  Дəріс оқитын адамның ерекшелігі қандай болу керек? 

4.  Дəріс оқитын адамның сыртқы келбеті қандай болу керек сипаттама беріңіз. 

 Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 



№ 4 дəріс 

Тақырып: Оқыту теориясы жəне білім беру жұйесіндегі оқыту 

Дəрістің мазмұны 

1.  Жоба əдісі 

2.  Л.С.Выготскийдің оқыту теориясы 

Оқыту теориясыпедагогикалық-психологиялық бөлімі, мұғалім мен оқушының өзара əрекетін тиімділігінің 

психологиялық  жағдайын  теориялық  жəне  экспериментальды  зерттейді.  Оқыту-мұғалім  мен  оқушы  іс-

əрекетін қамтитын екіжақты процесс. 

Оқытуды екі өзара байланысқан іс-əрекеті ретінде қарастырады-оқыту жəне оқу. Оқу іс-əрекеті субъектінің 

жоғарғы  квалификациялы  маман  ретінде  қалыптасуына  бағытталса,  оқыту  іс-əрекетін  студенттердің 

квалификациялы маман болуына рационалды жолдарын іздестіретін мұғалім іс-əрекетімен байланысты. 

 

Оқытудың  психологиялық  теориясы  отандық  психологияда  30  жылдың  басында  қалыптасып,  Л.С. 



Выготский  алғаш  рет  оқытумен  дамудың,  қатынасын  құрастырды.  Оқыту  дамудан  бұрын  жүріп,  оны  алға 

бастыру  керек.  Л.С.  Выготский  енгізген  «Жақын  аралық  даму  зонасы»  соны  ашады:  бала  ересектердің 

көмегі арқылы өзі бұрын өз бетімен істей алмаған істерді орындайды, яғни оны психологиялық дамуы оқу 

арқылы алға қадам жасайды. Оқу сəтіне дейінгі балада болатын мүмкіндік пен қабілеттерді Л.С. Выготский 

«Өзекті даму зонасы»  деп атадыгн. 

 

Содан  бері  оқытудың  заңдылықтары  психология  дамуының  заңдылықтарымен  оқу  жəне  даму 



теориясының бірлігі ретінде жүзеге асып келеді. 

 

Оқыту мен дамуды бірбірінен бөлуге болмайды. «Даму тек оқу мен үйрену болғанда ғана болады» 



деп П.Я. Гальперин жəне Д.В. Эльконин даму мен оқуды бөлек қарастырған Жан Пиажіге қарсы көзқарасты 

екенін білдірген. 

 

Оқу- студент пен оқытушының өзара əрекеті, ал даму-тек оқитын адамның дамуы болып, есептейтін 



олардың арасында айырмашылықтар бар. Жақсы оқуда сəтті даму болады, бірақ нашар оқыту да дамуда өз 

ізін  салып  кетеді.  Сондықтан  «Жақсы»  оқыту  болу  үшін  оқыту  процесінің  басынан  тұлға  дамуына 

бағытталуы тиіс. Осыдан келе оқыту теориясының негізгі жағдайын көрсетуге болады. Ең алдымен тағы да 

Л.С.  Выготскийдін  теориялық  негізін  қарастырып  кетуге  болады,  яғни  оқыту  дамудан  бұрын  жүреді 

«дамудын  аяқталған  цикліне  бағытталған  оқыту  бала  даму  көзғарасынан  келгенде  еш  іс-əрекет  болмай 

қалады».  Осы  теориялық  идеяны  Л.С.  Выготскийдің  мектебі  негізделеді.  Осы  тезистан  екі  негізгі 

қорытындыны шығаруға болоды. 

 

Бірінші қорытынды. 

Дамуында  бар  деңгейде  оқыту  нəтижелі  болмайды.  Бұл  яғни  қол  жетерлік  принципіне  бағынады.  Бірақ 

оқытудың тиімділігін жетістігінің себебі осында. Күман зерттеуде бекітілді. 

 

Екінші қорытынды. Даму оқытуға тəуелді болғандықтан тек ғылыми білімді игеруге бағытталуы 

емес тұлғаның жалпы ақыл-ойлық дамуына бағыталуы керек. 

 

Содан  кейін  оқыту  теориясы  осы  проблемалардың  айналасында  дамыды.  Ал  зерттеудің  орталығы 



болып оқуды игерудің тиімділігі қарастырылды. 

 

Сонымен  қатар  білімді  игеруді  зерттеудің  жеке  сəттері  болып  есептелгендіктен  оқыту  мен  даму 



түрлі  интенсивтілікте  дамыды.  Мыс:  білімді  игеру  бір  жағынан  ойлаудың  дамуының  негізі  болса,  екінші 

жағынан ойлау процесінсіз білімді игеру мүмкін емес деп П.П Блонский ой тастаған. 

 

Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов теориялық ойлаудың дамуы негізі ретінде теориялық білімді игеру 



шешуші роль атқарды жəне білім мазмұнын өзгерту арқылы оқудың тиімділігін арттыруға талпынды. 

Ал басқалары оқыту əдістерін жоғарылатуға Л.В. Занков, Б.Г. Ананьев, А.А. Люблинская жəне т.б. ақыл-ой 

іс-əрекетінің  тəсілдерін  өзгертуге  Н.А.  Менчинская,  Д.Н.  Богоявленский,  Е.Н.  Кабанова  Лишер  т.б. 

талпынды. Көптеген зерттеулер бойынша ақыл-ой əрекетін қалыптастыруға негізделген əдістер өзіндік əсері 

бар  екенін  көрсетті.  П.Я.  Гальперин,  Н.Ф.  Талызина  жəне  т.б.  Соныменбірге  мəселелік  оқыту  теориясы 

Г.В.Кудрявцев, А.М. Матюшкин өз əсерін көрскетті. 

 

60 жылдары Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Ш.А. Аманашвели орта жəне бастапқы білім 



беру аймағында дамыта оқыту проблемасына көптеген зерттеу материалдарын жинады. 

 

Зерттеулер  оқыту  ақыл-ой  дамуына  жүргізуші  рольді  атқаратынын  негізге  алып  дамыта  оқыту 



теориясын құруға экспериментальды бекітуге мүмкіндік берді. 

 

23 


 

Қазіргі  белгілі  «Эльконин  мен  Давыдовтың  дамыта  оқыту  жүйесі»  теориясына  сəйкес  бастауыш 

сыныптың  мазмунын  теориялық  білім,  əдісі-біріккен  оқу  іс-  əрекетін  ұйымдастыру,  ал  жемісі  ретінде-

психологиялық жаңа білімнің дамуы. 

Көп  жылдар  бойы  жасалған  зерттеулер  В.В.  Давыдовтың  «Дамыта  оқыту  теориясын»  монографиясында 

көрініс тапты. (М,1996). 

 

Жалпы  мектептің  практика  ғылымдардың  дамыта  оқытудың  негізгі  компоненттері  туралы 



гипотезасын бекітті. Дамыта оқыту жүйесімен оқылған сыныптардың 80% жоғары көрсеткіш көрсетті, 20% 

оқу деңгейінің қалыптасқанын жəне дəстүрлі оқытудан төмен емес деңгейде көрсетті. 

 

Ерте орта мектепте теориядлық білім мазмұнына кірсе, ЖОО-да ол алдынала игерген болып келеді. 



Ал əдісінек келсек, интерактивті белсенді əдістерді кеңейтуге тырысты. Ал ЖОО-ң оқытуындағы жемістілігі 

жоғары квалифекациялы маман болуы тиіс, интеллектісі мен адамгершілігі жоғары орында болуы міндетті. 

 

ЖОО-дағы оқыту күрделі себебі психологиялық зерттеулердің жүйесін қажет етеді. 



 

Дамыта оқыту теориясы-бұл оқыту теориясы оған басқа альтернатива жоқ (дамытпайтын оқытудың 

болуы мүмкін емес). 

Post  Factut  «оқыту  теориясы»  түсінігі  отандық  психологияда  осы  күнге  дейін  дамыта  оқыту  теориясы 

түсінігімен алмастырылып келді. 

 

Ж.Пиаже  бойынша  психика  бірізділікапен  дамиды  ол  баланың  биологиялық  дамуына  байланысты 



сондықтан  интелектуалды  мүмкіндіктері  де  психика  дамуыны  сəйкес  келеді  дейді.  Бұл  позийияны 

Л.С.Выготскийдің  «артында  жүреді»  деген  тұжырымымен  сəйкестендіруге  болмайды.  Ж.Пиаженің 

көзқарасын оқыту мен дамуды бір-біріне тəуелсіз қарастырған кездегі «паралельдік» нəтиже деуге болады. 

Ж.Пиаженің көзқарасынша оқу жетістігі жасқа сай даму деңгейі болмаса іске аспайды. Ал оны сынаушылар, 

соның  ішінде  П.Я.  Гальпериннің  интеллектуалды  тапсырмаларды  баланың  шеше  алмауын  Ж.Пиаже  сол 

жасқа  сай  даму  деңгейінің  жетіспеушілігімен  түсіндіреді.  Басқа  көзқарас  Э.  Торндайк  жəне  оның  ізін 

жалғастырушылар  даму  мен  оқытудың  сəйкестендіреді.  Оқу  да  үйрену  де  психиканың  дамуы  яғни  даму 

оқытумен  теңестіріледі,  ал  дамыта  оқыту  теориясында,  даму-ол  тек  жай  білім  дағдының  артуы  емес, 

сонымен қатар сол артуы «арқылы жүретін тұлғаның түгел өзгеру процесі болып табылады. 

Сонымен,  тұлғаның  дамуы  бірден  жүзеге  аспайды,  ол  шынайы  жолмен  жүретін  оқыту  əсерінен 

болатын  дамуды  айтады.  Ал  жақсы  оқыту  дұрыс  ұйымдастырылған  оқыту  жəне  ол  үлкен  дамытушы  əсер 

береді.  Сондықтан  ғылыми  оқытудың  психологиялық  теория  барысында  ең  басты  əдістің  міндеті  болып 

есептеледі. 

№5 дəріс 

Тақырып:  Педагог келбеті  мен шығармашылығы  

Дəріс мазмұны: 

1.  Педагог  келбеті мен   іскерлігі 

2.  Педагогтың сенсорлық əрекетінің (қабылдауы, есте сақтауы, зейін жəне т.б.) 

ерекшеліктері. 

Мақсаты: Ұстаз тұлғасымен  оның іскерлігін, келбетін, жеке  тұлғалық ерекшелігі  анықтап  саралау.  

1.Тəрбиешінің  сырт  келбеті  эстетикалық  мəнге  ие  болуы  тиіс.  Өзінің  сырт  келбетіне  селқос  қарауға 

болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал 

жасаудың  құралы,  тəрбиешінің  ішкі  рухани  дүниесінің  бейнеленуі  ретінде  қолданылады.  Тəрбиешінің 

эстетикалық  мəнерлілігі  оның  бет-əлпетінің  қаншалықты  жылы  шырайлылығынан,  іс-əрекетінің 

жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған 

мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай 

қарайтыныңыз,  қалай  амандасатыныңыз,  отырғышты  қозғау  қимылыңыз,  сынып  ішіндегі  жүріп-тұруыңыз, 

осы  «ұсақтарды»  барлығы  да  сіздің  балаға  ықпал  жасаудың  күші  болып  табылады.  Сіздің  барлық  іс-

əрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне  сенімділікті сезінуі  тиіс. 

Тап осындай салмақты, сенімді, ашық болсаңыз, сіз адам, тəрбиеші ретінде қуатты бола аласыз.  

Егер  мұғалім  оқушылардың  алдына  дұрыс  үтіктелмеген  костюммен,  өте  таза  емес  бет  орамалмен, 

таралмаған шашпен келіп тұрса, тəрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды. 

Мұғалімнің  киіміне  қойылатын  негізгі  талап  –  қарапайымдылық,  сымбаттылық,  артықшылықтың 

болмауы,  жақсы  талғам.  Қайсыбір  шаш  үлгісі,  көйлектің  айрықша  тігісі,  шаштың  түсін  жиі  өзгерту 

оқушылардың назарын аударады.  

Мұғалімнің  киім  киісіндегі  əшекей  бұйымдар,  костюмі,  шаш  үлгісі  əрдайым  педаогикалық  міндетті  – 

тəрбиеленуші  тұлғасының  қалыптасуына  тиімді  ықпал  етуге  –  шешуге  бағытталуы  тиіс.  Мұғалім  əрқашан 

киім  кигенде  орнын  жəне  белгілі  бір  шекті  сезінуі  керек.  Сондықтан,  ол  сабаққа  жəне  театрға  барарда 

түрліше киінеді. 

Балалар  педагогтың  ішкі  жəне  сыртқы  əдемілігінің  бірлігін,  тұтастығын  өте  жоғары  бағалайды. 

Сондықтан,  əрбір  мұғалімнің  бойында  өзінің  сырт  келбетінің  эстетикалық  мəнерлі  болуын  арттыруға 

ұмтылысы болуы тиіс. 

Тəрбиешінің сырт келбетінің мəнерлілігі, сымбаттылығы оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. 

Денені  тік  ұстау  тұлғаның  ішкі  абыройының  көрсеткіші.  Бүкірейген,  əлсіз  адам  күштің  нағыз  қуатты 

көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішкі дүниесінің əлсіздігін, 

оның  өз-өзіне  сенімсіздігін,  жұмыс  жасауға  деген  ықыласының  жоқтығын  білдіреді.  Адамның  бойының 


 

24 


ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың 

өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады. 

Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы əдістермен айналысу қажет.  

Мұғалім  сабақта  оқушылардың  алдында  дұрыс  тұру  мəнерін,  сыныпта  ешкімге  кедергі  жасамай 

қозғалуға үйренуі тиіс. 

Өзіндік бақылау сұрақтары 

1.  педагог дегеніміз кім? 

2.  Педагог бойында қандай сапалар болу керек? 

3.  Педагогтың өзіндің келбеті мен психологиялық ерекшелігіне сипаттама беріңіз. 

4.  Педагогтың сенсорлық əрекеті қандай болу керек. 

Ұсынылатын əдебиеттер 

  1. Бадмаев        Методика преподавания психологии. М.2001 

  2.   Смирнов С.Д  Педагогика и психология  высшего образования М.2003 

  3.     Ги  Лефрансуа  Психология для учителя  М; 2003 

  4. Ляудис В.Я  Методика преподавания психологии. М.2001 

  5. Мұханбетжанова Ə. М. Мұханбетова Ш.Т. Педагогикалық шеберлік     

       О;2006 

  6. Битяева М.Р. Культура самосовершенствования преподавателя. М., 1994. 

  7.Введение в педагогическую культуру./Под ред. Е.В.Бондаревской. Ростов-н/Д., 1995. 

  8.Гребнев В.С. Культура педагогического общения. М., 1990. 

 

№6  дəріс 

Тақырып:  Педагогикалық ықпал ету шеберлігі. 

Дəріс мазмұны 

1.   Педагогикалық тіл табысу, оның мəні, қызметі, стилі. 

2.  Педагогикалық епті игеру шарттары. 

Мақсаты: Ұстаздың  педагогикалық ықпал ету шеберлігі,  əрекет ету стилі оны қолдану үрдісін анықтау.   

1. Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім жəне оқушы. Олардың сабақтағы, сабақтан тыс уақытта, бос 

уақытында  қарым-қатынас  жасау  сипаты  оқу-тəрбие  үрдісінің  тиімділігіне  əсер  етеді  жəне  ол  оқушы 

тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады.  

Педагогикалық  қарым-қатынас  –  бұл  педагог  пен  оқушылардың  тіл  табысуын,  өзара  түсінісуін, 

өзара əрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру жəне дамытудың көпқырлы үрдісі.  

Қарым-қатынас  арқылы  педагог  оқушылардың  іс-əрекетін,  тəртібін  ұйымдастырады,  олардың 

жұмысы  мен  əрекеттерін  бағалайды,  болып  жатқан  құбылыстар,  оқиғалар  жайында  ақпарат  береді,  белгілі 

бір  əрекеттері  бойынша  қажетті  толғаныстарын  тудырады,  қиындықтарды  жеңуде  көмек  береді,  өз 

мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады. 

Қарым-қатынастың  тиімділігі  проблемасы  соңғы  уақытта  ерекше  өзектілікке  ие.  Бұл  мəселеге 

психологтар  А.А.Бодалев,  Б.Ф.Ломов,  Е.С.Кузьмин,  В.В.Занков,  А.А.Леонтьевтердің,  педагогтар 

И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған.  

Педагогикалық  қарым-қатынастың  басқа  қарым-қатынас  (əлеуметтік,  психологиялық,  тұрмыстық, 

кəсіби  жəне  т.б.)  түрлерінен  ерекшелігі  -  оның  оқушылардың  дамуы  мен  тəрбиесіне  бағытталған 

педагогикалық міндеттерді шешуі.  

Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас жəне өзара əрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас жəне 

өзара  əрекеттесу  –  бұл  айсбергтің  суүсті  жəне  суасты  бөліктері  сияқты.  Суүсті  бөлігі  –  бұл  сөздік  жəне 

сөздік  емес  əрекеттер  қатары  болса,  суасты  бөлігіне  адамды  қарым-қатынас  жасауға  итермелейтін 

қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады.  

Педагогикалық  қарым-қатынас  –  бұл  ерекше  қарым-қатынас,  оның  спецификасы  осы  қарым-

қатынас  субъектілерінің  түрлі  əлеуметтік-рольдік  жəне  қызметтік  позицияларымен  белгіленеді. 

Педагогикалық  қарым-қатынас  спецификасын  оның  өзара  байланысқан  екі  жақты  қыры  да  белгілейді.  Бір 

жағынан,  қарым-қатынас  –  бұл  оқушылармен  қарым-қатынастағы  педагогикалық  шығармашылық.  Екінші 

жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас. 

Кəсіптік-педагогикалық  қарым-қатынас  –  бұл  педагог  пен  тəрбиеленушілердің  əлеуметтік-

психологиялық  өзара  əрекеттесуінің  жүйесі  (дағды  мен  тəсілдері).  Оның  мазмұны  –  ақпаратпен  алмасу, 

тəрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатынасты ұйымдастыру. 

Қарым-қатынас əлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие: 

− 

адамдардың  бірін-бірі  танып-білуі  –  қарым-қатынас  үрдісінде  адамдар  бірін-бірі  көзбен  қабылдайды, 



бағалайды, яғни «əлеуметтік перцепция» (А.А.Бодалев) жүзеге асады. 

− 

ақпаратпен  алмасу  –  қарым-қатынас  материалдық  жəне  рухани  құндылықтармен,  интеллектуалдық-



эмоционалдық  ақпаратпен  алмасуды  қамтамасыз  етеді.  «Адамның  қандай  болатындығын  оның  басқа 

адамдармен қарым-қатынас жасауда қандай екендігінен, осы қарым-қатынасқа оның көзқарасы қандай 

екендігінен оның еркінің қайда бағытталатындығынан көруге болады» (В.А.Сухомлинский); 

− 

іс-əрекетті ұйымдастыру; 



− 

рольдермен алмасу; 



 

25 


− 

тұлғаның өзін-өзі бекітуі; 

− 

бірге əсерленушілік. 



Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик): 

1.  Болашақ қарым-қатынасты модельдеу (жобалау кезеңі). 

2.  Бастапқы əрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл). 

3.  Дамып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару. 

4.  Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау жəне оны келесі іс-əрекетте модельдеу. 

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі – бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал 

ету  тəсілдерінен,  басқару  стилінен  көрінетін  мұғалімнің  балалаларға,  оқушылар  ұжымына  деген 

көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты. 

Педагогикалық 

қарым-қатынас 

стилінде 

педагогтың 

коммуникативті 

мүмкіншіліктерінің 

ерекшеліктері,  педагогтың  шығармашылық  даралығы,  педагог  пен  тəрбиеленушілердің  өзара 

əрекеттесуінің  сипаты,  оқушылардың  ерекшеліктері  көрінеді.  Қарым-қатынас  стилі  педагогтың  жалпы 

жəне кəсіби мəдениетінің деңгейін, оның кəсіби біліктілігін айқындайды. 

Басқару стильдерін алғашқы экспериментальдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 жылы неміс 

психологы  Курт  Левин  жүргізген.  Зерттеу  барысында  қарым-қатынас  стильдерін  жіктеу  енгізіліп,  осы 

күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық жəне бейтарап. 



Авторитарлық  қарым-қатынас  стилінде  педагог  сынып  ұжымындағы,  жеке  оқушының  басындағы 

мəселелерді  өзі  ғана  шеше  береді.  Жеке  көзқарасына  сүйене  отырып,  өзара  əрекеттесудің  жағдайын, 

мақсатын  белгілейді,  іс-əрекет  нəтижесін  субъективті  тұрғыдан  бағалайды.  Оқушыларға  тікелей  қатысы 

бар  мəселелерді  олардың  талқылауынсыз,  қатысуынсыз  шешеді,  ал  олардың  белсенділігі  мен  дербестігі 

теріс  бағаланып,  мұғалім  тарапынан  қолдау  таппайды.  Авторитарлық  қарым-қатынас  стилі  өктемдік 

тактикасы  жəне  қамқорлық  жасау  позициясынан  жүзеге  асырылады.  Педагогтың  басқаруына  қарсы 

щыққан  оқушылардың  əрекеті  нəтижесінде  ұжымда  тұрақты  конфликтілі  ситуациялар  орын  алады.  Осы 

стильді ұстанған педагог оқушыларға белсенділік, дербестік танытуға мүмкіндік бермейді, олар көбінесе 

оқушыларды түсінбейді, дұрыс бағаламайды. Авторитарлы педагогтың іс-əрекеті сырт көзге жақсы болып 

көрінгенімен, ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық ахуал жағымсыз болып келеді.  

Авторитарлы қарым-қатынас стиліндегі топпен байланыс орнату формалары – бұйрық, нұсқау, сілтеу, 

ереже, сөгіс, мадақтау. 



Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог əрекеттесу барысында оқушының ролін арттыруға, 

əрбір  оқушыны  жалпы,  ортақ  істі,  мəселені  шешуге  қатыстыруға  бағытталған.  Бұл  стильдің  негізгі 

ерекшелігі  -  өзара  қабылдасу  жəне  өзара  бағдарлану.  Пайда  болған  проблеманы  ашық  жəне  еркін  түрде 

шешу нəтижесінде оқушылар педагогпен бірге ортақ шешім қабылдайды.  

Бұл педагогқа оқушыларға деген жағымды-белсенді қатынас, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктері 

мен  өкініштерін  дұрыс  бағалау,  оқушыларды  жақсы  түсіну,  олардың  іс-əрекетіндегі  мақсаты  мен 

мотивтерін біліп-ұғыну, тұлға дамуын болжау іскерліктері тəн. 

Сыртқы  белгілері  бойынша  демократ-педагогтың  əрекеті  «өте  жақсы»  деген  бағаға  иеленбегенімен, 

топтағы  əлеуметтік-психологиялық  жағдай,  əдетте,  жағымды  сипатқа  ие  болып  келеді.  Ондағы 

тұлғааралық қатынастар талап қоя білу жəне сенім артумен ерекшеленеді. Демократиялық қарым-қатынас 

стилінде  педагог  оқушыларды  белсенділік,  дербестік  танытуға  шақырады,  оқушылардың  өз-өздерін 

жүзеге  асыруына  қажетті  жағдай  жасайды.  Қарым-қатынастың  негізгі  формалары  -  өтініш,  кеңес, 

ақпаратпен алмасу. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет