Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.56 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

4

 

Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы 

 

Бағалаудың  кейбір  шешімдері  модерацияға  жатқызылуы  мүмкін.  Портфолио  немесе 

таныстырылымға  қорытынды  баға  «шекті  деңгей»  болғанда  модерация  жүзеге 

асырылады.

 

Эксперт  және  тәуелсіз  тренер  мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымын үш түйінді 



критерийдің әрқайсысы  бойынша  дәлелдемелердің  жеткіліктілігі  жөнінде  шешімге  келу 

үшін  қарастырып,  талқылайды.  Экспертке  және  тәуелсіз  тренерге  портфолио  портал 

арқылы  қолжетімді  болады.  Егер  эксперт  мұғалімнің  таныстырылымды  қорғауына 

қатыспаған  болса,  онда  ол  шешім  шығару  үшін  қолжетімді  болған  жағдайда, 

таныстырылымның бейнежазбасын қарай алады. 

 

 



Модерация  үдерісі  аяқталғаннан  кейін  барлық  мұғалімдерге  «есептелді»  немесе

 

«есептелмеді» бағасы қойылатын болады.



 

 

Бағдарламаның  барлық  мұғалімдері ресми сертификатталу үшін ПӨО өткізетін емтиханға 



жіберіледі.  

 

10 


Модерация  қорытындысы  бойынша  «есептелмеді»  қорытынды  бағасын  алған  мұғалімдер 

емтихан нәтижелеріне қарамастан, сертификаттауға ұсынылмайды.

 

 

 



5

 

Сертификаттауға,  қайта  тапсыруға  және  апелляцияға  ұсынылған 

мұғалімдер тізімін ресми бекіту 

 

Модерация  үдерісінен  кейін  мұғалімдердің  бағалары  Емтихан  Кеңесіне  берілетін 



сертификаттауға 

ұсынылған 

мұғалімдер 

тізімін 


жасау 

үшін 


қолданылады. 

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  Емтихан  Кеңесі  қарастырады  және ресми 

түрде  бекітеді.  Емтихан  Кеңесі  сертификаттаудан  өтпеген  мұғалімдердің  жағдайларын, 

сонымен  қатар  кез  келген  т ә р т і п   бұзушылық  жағдайларын  қарастырады. 

Емтихан 

Кеңесі ұсынылған дәлелдемелер негізінде 

мұғалімдерді

 қайта тіркеу немесе  қайта тапсыру 

туралы шешімді қабылдайды. 

 

Мұғалімдер  портфолиосы  немесе  таныстырылымы  «қанағаттанғысыз»  бағаланса,  қажетті 



компонентті  бір  рет  қайта  тапсыруға  рұқсат  ала  алады. 

 

 



Емтихан Кеңесі  денсаулығы  және  жеке  себептерге  байланысты  Бағдарламаны  аяқтамаған 

мұғалімдердің  жағдайларын  қарастырады.  Емтихан  Кеңесі  мұғалімді Бағдарламаға қайта 

тіркеу  мүмкіндігі  немесе  Бағдарламаның  қандай  да  бөлімдерін  аяқтау  қажеттігі  туралы 

шешім қабылдайды.

 

 

Сондай-ақ  Емтихан  Кеңесі  барлық  тәртіп  бұзушылық  жағдайларды,  әдетте  плагиатты 



қарастырады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан плагиат ретінде не есептелетіндігі  туралы 

ережені  табуға  болады.  Емтихан  Кеңесі  мұғалімнің  плагиат  болып  есептелген  жұмысын 

қайта тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

 

 



Емтихан  Кеңесінен  кейін  сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдердің  ресми  тізімі, 

сондай-ақ  «есептелмеді»  бағасын  алған  мұғалімдер  үшін  қайта  тапсыру  немесе  қайта 

тіркеу  туралы шешім жарияланады. 

 

Апелляция 

 

Мұғалімдер  «есептелмеді»  шешімін  апелляцияға  бере  алады.  Портфолио  мен 



таныстырылымның  сапасы  бойынша  тренер,  тәуелсіз  тренер,  эксперт,  бас  эксперт 

қабылдаған бағалау және модерация шешімдері қайта қарастыруға жатпайды. Осы құжатта 

жазылған  бағалау  және  модерация  рәсімдері  сақталмаған  жағдайларда  апелляция  өткізілуі 

мүмкін. Мұндай жағдайларда мұғалім ПӨО-ға міндетті түрде егжей-тегжейлі баяндап және 

дәлелдемелерді қоса тіркеп, жазбаша өтініш түрінде апелляцияға береді. 

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  бекітілген  мерзімі  ішінде  ПӨО  аппеляция 



шешімі бойынша мұғалім өтінішін қарастырады және дәлелді жауап береді. 

 

 



 

11 


 

1-

 

қосымша  

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша мұғалім 

стандарттары 

 

Кәсіби білім мен түсінік

 

 

Кәсібилік 



критерийі 

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету 

 

 

Мұғалім:

 

Бағдарламаның 



түйінді 

идеяларын 

біледі 

және 


түсінеді 

 



бағдарламаның түйінді идеялары туралы білім мен түсінігі бар; 

 



жекелеген  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  білім 

алу  қажеттілігінің  мәселелері  бойынша  терең  білімдерді  игерді 

(талантты,  дарынды  және  т.б.)  және  осы  мәселелер  бойынша  басқа 

мұғалімдерге қалай кеңес беруді біледі. 

 

 

Кәсіби дағдылар 

 

Кәсібилік 

критерийі 

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету 

 

 

Мұғалім:

 

Өзінің 


тәжірибесінде 

Бағдарламаның 

түйінді 

идеяларын 

қолданады 

 

 



сыныптағы  барлық  оқушыларды  тартуға  болатындай  сәйкес 

мақсаттарды әзірлей алады; 

 

жеке  сабақ  өткізу  және  дербес  оқушыларды,  сондай-ақ  сын 



тұрғысынан ойланатын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет 

ету  қажет  етілетін  жағдайларды  анықтауда  түрлі  әдістер  мен 

тәсілдерді қолдана біледі

 



 қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады; 

 



сыныптағы  барлық  оқушылардың  оқу  үдерісіне  жетекшілік  ете 

алады; 


 

оқушылармен  өзара  тілектестік,  құндылықтар  жүйесі  мен  мінез-



құлық  нормаларын  қалыптастыруға  негізделген  өзара  сыйластық 

қарым-қатынас орната алады; 

 

 Бағдарламаның  барлық  жеті  модулін  ықпалдастыра  отырып 



тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлай алады; 

 



өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және 

оларды басқару тәсілдерін көрсете біледі; 

 

қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  жоспарлау  жағдайындағы 



оқушылардың оқу қарқынын жоспарлай алады; 

 



алға  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерге  қол  жеткізу  үшін 

сабақтарды жоспарлай алады; 

 

оқыту  және  оқу  үдерісін  жетілдіру  мақсатында  қолайлы 



материалдар мен дереккөздерді таңдай біледі

 



оқыту  және  оқу  үдерісін  қолдау  үшін  сәйкес  тапсырмалар  мен  іс-

шаралар жүйесін пайдалана алады; 

 

әділ түрде өзгерген жағдайларға орай жоспарын түзетуде икемділік 



көрсете біледі; 

 



оқу тапсырмаларын, үй жұмыстарын және сыныптан тыс 

тапсырмаларды жоспарлай алады; 



 

12 


 

оқушылардың  білім  алуын  ойластырып,  оқыту  және  оқу  жоспары 



мен тәжірибесіне тиісті өзгерістер енгізе біледі

 



тиісті 

әдебиетті 

оқу, 

әріптестерімен 



әңгімелесуге, 

жеке 


тәжірибесіне  және  сыныпта  оқыту  тәжірибесі  туралы  заманауи 

зерттеулер  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  алқалық  шешім  қабылдай 

алады; 



 



жекелеген  адамдардың,  шағын  топтардың  және  бүкіл  сыныптың 

қызметіне бастама жасай және басқара алады; 

 

сабақ уақытын ұтымды етіп бөле алады; 



 

қауіпсіз және сындарлы оқу ортасын құра алады; 



 

формативті  (қалыптастырушы)  және  суммативті  (жиынтық) 



бағалауды  қоса  алғанда,  бірқатар  бағалау  стратегияларын  қолдана 

біледі; 


 

оқушылардың жұмысын мұқият талдай және бақылай біледі; 



 

оқушылармен тиімді түрде ауызша және жазбаша өзара іс-қимылды 



қамтамасыз ете алады; 

 



жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу қарқыны 

жөніндегі тиісті есептерді жүйелей алады; 

 

оқушылардың  оқу  үдерісіне  қызығушылығын  ынталандыру 



дағдыларын дамыта біледі; 

 



оқушыларды  қалай  оқу  керектігін  үйрету  үшін  бағалауды 

пайдалана алады; 

 

жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді кіріктіре алады. 



 

тиімді 



оқытуды, 

оқуды 


және 

басқару 


стратегиясын 

қалыптастыруды  іске  асыруда,  соның  ішінде  барлық  оқушыларға  өз 

әлеуеттерін  іске  асыруға  мүмкіндік  беруге  бағытталуын  қамтамасыз 

ететін  тәсілдерді  іріктеу  мен  пайдалануда  әріптестеріне  қолдау 

көрсетеді,  

 



мұғалімдер  тобымен  мектеп  аясында  Сабақты  зерттеуге  қатыса 

отырып,  оқыту  мен  оқу  мәселелері  бойынша  кәсіби  диалогтарға 

бастама жасайды және қолдайды

 



коуч  және  тәлімгердің  рөлін  орындай  отырып,  мұғалімдердің 

топтық/жекелей оқуын басқарады; 

 

мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  қоғамдастық  қызметіне  бастама 



жасайды және қолдайды; 

 



мектептегі  оқыту  мен  оқу  сапасын  одан  әрі  жетілдіру  үшін  өз 

әріптестерінің  тиімді  қызметін  анықтауға  және  негіз  ретінде  аталған 

шешімдерді пайдалану туралы шешімдер қабылдайды; 

 



әріптестермен  бірлесе  отырып,  мектептегі  тиімді  білім  беру 

практикасын  пәнаралық  ықпалдастықпен  қоса  дамыту  мақсатында 

сабақтарды жоспарлауға бастама жасай және оған қатысады; 

 



мектептегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау мәселелері 

бойынша  неғұрлым  тәжірибелі  мұғалімдер  үшін  тәлімгер  рөлін 

атқарады; 

 



мектептегі суммативті (жиынтық) және формативті 

(қалыптастырушы) бағалауды пайдалану бойынша әріптестердің 

тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді; 

 



сыныптағы  жұмыс  практикасы  туралы  кешенді  түрде  келіскен 

шешімдерді  ойлап  шығарады  және  сыныптағы  проблемаларды  шешу 

үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге көмек көрсетеді; 

 



тәжірибесі бар мұғалімдермен жұмыс істейді және тәжірибесі аздау 

 

13 


мұғалімдердің 

назарын 


жекелеген 

оқушылардың 

оқытудағы 

қажеттіліктеріне аударуға көмектеседі; 

 

жетілдіру  үшін  қажетті  саланы  анықтауды  қоса  алғанда, 



оқушыларға,  әріптестер  мен  ата-аналарға  оқудағы  жетістіктер  мен 

ілгерілеу бойынша өз уақытында сындарлы кері байланыс ұсынады. 



 

 

Кәсіби құндылықтар мен ұстаным 

 

Кәсібилік 

критерийі 

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету 

 

 

Мұғалім: 

Мұғалім  жаңа 

тәсілдерді 

енгізу 


мүмкіндіктерін 

рефлексиялайды 

және  одан  әрі 

дамыту 


үшін 

келесі 


әрекеттерін 

болжамдайды 

 

 



 

әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білім алудағы 

жетістіктеріне оң үлесін қосады; 

 



тиісті  құрылымдық  бөлімнің,  бүкіл  мектептің  оқыту  және  оқу 

тәжірибесін жетілдіруге үлес қосады; 

 

педагогикалық  шеберлік  орталығының  порталы  арқылы  виртуалды 



оқу  ортасы  жағдайында  Бағдарламаның  құрылымдалған  қосымша 

материалдарын белсенді пайдаланады; 

 

мектептің  педагогикалық  (желілік)  қоғамдастығы  жағдайында 



жұмыс істей алады; 

 



өз тәжірибесі туралы ойланады және оны талдай алады; 

 



ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді

 



жеке  кәсіби  даму  аспектілері  туралы  біледі,  үнемі  өзін-өзі 

жетілдіруге ұмтылады; 

 

өз  тәжірибесін  жетілдіруге  ықпал  ететін  сыныптағы  зерттеу 



жұмысын жүргізеді; 

 



мектептегі әріптестерімен жағымды кәсіби қарым-қатынас орнатады 

және қолдау көрсетеді; 

 

мектептегі  мұғалімдердің  кәсіби  даму  үдерісін  басқарады  және 



қолдау көрсетеді; 

 



әріптестердің  оқыту  сапасын  және  өз  қызметінің  тиімділігін 

арттыруға қатысты күрделі мәселелерді талқыға ұсынады; 

 

зерттеулердің  нәтижелері  мен  басқа  да  сыртқы  дәлелді 



дереккөздерге  сүйене  отырып,  өз  тәжірибесі  мен  әріптестердің 

тәжірибесін  жетілдіру  үшін  инновациялық  мектеп  тәжірибесін 

зерттейді және баға береді. 

 

 

 


 

14 


2-қосымша 

Портфолио бөлімдеріне қойылатын талаптар 

 

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және өткізуге қойылатын талаптар 

 

Тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлау  және  өткізу  бойынша  есеп  бағдарламаның 



түйінді үш критерийі бойынша бағаланады. Баға қою кезінде бағалаушылар барлық керекті 

элементтер енгізілгенін есепке алу керек.  

 

1.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлау  және  өткізу  оқыту  мен  оқуға 



өзгерістер енгізуді және оны басқаруды көрсету керек, ол мыналарды қамтиды: 

 



 Тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның  жеті  модулін  енгізудің  негіздемесі 

мен әдістемесі; 

 

 Оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізудің  түйінді  нәтижелері:  қандай  өзгерістер  орын  алды? 



егер  ілгерілеу  болса,  растайтын  мәліметтер  ұсынылған  ба,  олар  жеткілікті  ме?  егер  жоқ 

болса өзгерістерді  одан  әрі енгізу мақсатында үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін оқыту 

тәжірибесін  қалай  өзгертуге  болады?  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның 

жеті модулін енгізуде қандай қиындықтар кездесті? 

 

2.

 



Жоспарланған  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішіндегі  бір  сабаққа 

Бағдарламаның  бір  немесе  бірнеше  модулін  мұғалім  қалай  және  неге  енгізгенінің 

рефлексиясында 

бағдарламада 

ұсынылған 

әдебиеттермен 

байланыстылығының 

дәлелдемелері  болады,  сондай-ақ  қосымша  дереккөздерге  сілтеме  болуы  мүмкін.  Оларда 

тәжірибеге бұл идеяларды енгізу қалай мүмкін болғаны және олар қалай енгізілгені туралы 

түсініктеме болу керек. 

 

3.

 



Оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  қалай  енгізілгені  және  оларды  басқарудың 

рефлексиясы  болашақ  қызметіне  толықтырулар  енгізуді  де  қамтиды.  Мұнда  оқыту  мен 

оқудағы жаңа тәсілдерді терең зерделегенінің әрі бұл оқып үйренгені тәжірбиені өзгертуге 

қалай  алып  баратынының  дәлелдемесі  болуы  мүмкін.  Рефлексия  оқыту  мен  оқуда  жаңа 

тәсілдерді  қолдануға  қатысты  сыни  көзқарасты  көрсету  керек.  Ол  сипаттама  түрінде 

болмауы  керек,  бірақ  оқыту  мен  оқуда  стратегия  не  үшін  қолданылды,  не  табысты,  не 

сәтсіз  болды  және  неге  бұл  стратегиялар  табысты  не  керісінше  болғанын  көрсетуі  тиіс. 

Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  бойынша  рефлексия  метакогнитивті  сананы,  мысалы, 

нені үйренгені туралы ғана емес, оқу үдерісінің өзі туралы да кейбір түсініктерін көрсету 

керек.  

Рефлексиялық есеп мұғалімнің тәжірибе туралы рефлексиясы болашақ қызметіне қатысты 

негізделген қорытынды жасауға қалай мүмкіндік бергенін көрсету керек.   

Коучинг- сабақтар туралы рефлексиялық есепке қойылатын талаптар 

Рефлексиялық  есеп  бағдарламаның  түйінді  үш  критерийі  бойынша  бағаланады.  Баға  қою 

кезінде бағалаушылар барлық керекті элементтердің енгізілгенін есепке алуы керек.  

Коучинг сабақтары бойынша рефлексиялық есеп, соның ішінде:  

1.

 

Коучинг сабақтарының тақырыбын негіздеу: 

а)  коучинг-сабақ  фокусінің  негіздемесі,  мысалы,  өзара  бағалау  мен  табыс 

критерийлерін  қолдану,  коллобративті  топтық  жұмыс  ұйымдастыру,  жоғарғы  ойлау 

деңгейіне  жетуі  үшін  талантты  және  дарынды  оқушыларға  көмек және т.б.

 

b)

 



коучинг-сабақтардың мәнмәтінін түсіндіру;

 

c)



 

оқыту  және  оқудың  нақты  осы  аспектісін  мұғалімнің  неліктен  таңдағанын 

түсіндіру;

 

 



2)

 

коучинг-сабақтарды сипаттау және оқытуды бағалау

 


 

15 


а) өткізген сабақтардың оқу мақсаттары;

 

b) коуч сабақта қандай тапсырмаларды/жаттығуларды өткізгендігін сипаттау;



 

с) коучинг сабақтарда әріптестер тапсырма/ жаттығуларды қалай орындағанын  сипаттау

 

d)

 



ненің сәтті және неге солай болғандығын сипаттау;

 

e)



 

не сәтсіз және неге солай болғандығын сипаттау;

 

 

3)



 

қарастырылып  жатқан  идеяларға  қатысты  мұғалімдердің  материалды 

меңгеруін бағалау;

 

а) әріптестердің коучинг-сабағынан қандай білім алғандығын түсіндіру;

 

b) әріптестердің материалды меңгеруінің дәлелдемелері;



 

с) мұғалімнің   осы   оқыту   мақсатына   қатысты   тәжірибесін   жақсарту   үшін 

болашақта нені басқаша жасайтындығы туралы ұсыныстары.

 

 



Жүзеге 

асырылған 

коучинг  тәжірибесі 

аясында 


мұғалім-коучтің 

оқуының 


рефлексиялық  есебінде  коучингтерде  қандай  білім  алынғандығының  түсініктемесі 

болуы керек, олар:

 

а) мұғалім ұсынған идеялар;



 

b) балаларды оқыту;

 

с) ересек адамдарды оқыту;



 

d) өзі мұғалім ретіндегі; е) өзі коуч ретінде;

 

f) өзінің болашақ коучинг тәжірибесін жетілдіру.



 

 

Бір әріптеске жүргізілген тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп

 

 

Бір  әріптеске  тәлімгерлік  жасау  үдерісіне  арналған  рефлексиялық  есеп  Бағдарламаның 



үш  негізгі  критерийі  бойынша  бағаланады.  Баға  қою  кезінде  бағалаушылар  барлық 

қажетті элементтерді есепке алуы керек: 

 

 

1)



 

тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау:

 

а) тәлім алушының қысқаша түйіндемесі – біліктілігі, рөлі, тәжірибесі;



 

b) мұғалім  тәлім  алушының  дамудағы  қажеттіліктерін қалай  анықтағандығын  негіздеу. 

 

2)

 

әсер еткен сыртқы факторлар, бақылаулар және кері байланыс:

 

а) тәлім алушы жасаған кез келген өзгерістер мен енгізілімдерді түсіндіру;



 

b) тәлім   алушыны оқыту барысында   жасалған кез   келген бақылауларды  талқылау;

 

с) тәлім алушымен берілген ұсыныс және кері байланысты талқылау.



 

 

3)



 

тәлімгерліктің табыстылық бағасы

 

а)  тәлімгер мен тәлім алушының қарым-қатынастарын талқылау;



 

b) тәлім алушының тәлімгерліктен  алған тәжірибесінің сипаты;   

с) көбірек/азырақ сәтті болған іс-әрекет және неліктен солай болды;

 

d) тәлімгерлік нәтижесінде тәлім алушының әріптестің тәжірибесі қалай өзгерді;   



е) тәжірибені қайталаса, тәлімгер қандай аспектілерді өзгертер еді;

 

f) тәлім алушыға болашақта көрсетуге болатын қолдау.



 

 

4)



 

тәлімгерлікке қатысты білім алу:

 

а)  бұл тиімді тәлімгерлік тәжірибеден қандай  білім алынғандығы туралы түсіндіру;



 

b) бұл білімдер қалай алынғандығының нақты мысалдары; 

 

с) алынған білім негізінде тәлімгер болашақ тәлімгерлік тәжірибесінде қандай 



өзгерістер жоспарлайды. 

 

 

 

16 


3-қосымша 

Критерийлер бойынша бағалар сипаттамасы 

 

Келесі бағалар қойылады:



 

 



жақсы;

 



 

қанағаттанарлық;

 



 



шекті деңгей;

 



 

қанағаттанғысыз.

 

 

«Жақсы» бағасы портфолио немесе таныстырылымда мұғалім түйінді критерийдің 



әрқайсысына сәйкестігінің күшті дәлелдемелері болған жағдайда қойылады. Мұғалімнің екі 

немесе үш критерийге сәйкестігін жоғары деңгейде бірізді көрсететінін растайтын 

дәлелдемелер бар.  

 

Назар аударыңыз: болашақ оқуда мысал ретінде пайдалануға болатын жұмысты портфолио 



немесе таныстырылымда ерекшелеу үшін «жақсы» баға қолданылады.

 

«Жақсы» деген 



жалпы немесе қорытынды баға болмайды. 

 

Егер портфолио немесе таныстырылымда мұғалімнің әрбір үш түйінді критерийге  сәйкес 



келуінің  анық  дәлелдемелері  бар  болса,  онда  «қанағаттанарлық»  бағасы  қойылады. 

Егер түйінді критерийлердің бірінің дәлелдемесі әлсіз, бірақ қалған екі  критерий бойынша 

күшті дәлелдемелері бар болған жағдайда «қанағаттанарлық» бағасын қоюға болады.

 

 



Егер  портфолио  немесе  таныстырылымда  мұғалімнің  барлық  үш  түйінді  критерийге 

сәйкестігінің  бастамасын  көрсететін  кейбір  дәлелдемелер  бар  болса,  онда  «шекті 



деңгей»  бағасы  қойылады.  Екі  немесе  үш  түйінді  критерий  бойынша  дәлелдемелер 

әлсіз  болған  жағдайда  портфолио  немесе  таныстырылым  «шекті деңгейге» бағаланады. 

 

«Қанағаттанғысыз»  бағасы  портфолио  тапсырылмаса,  не  оның  қандай  да  элементтері 



жоқ  болса  немесе  түйінді  критерийлерге  сәйкес  келмесе  қойылады.  Таныстырылымға 

«қанағаттанғысыз»  бағасы  егер  мұғалім  оны  көрсетпесе  не  таныстырылым  түйінді 

критерийлерге 

сәйкес 


келмесе 

қойылады. 

Мұғалімнің 

портфолиосы 

мен 

таныстырылымында бір немесе екі түйінді критерийге сәйкестігінің  кейбір  дәлелдемелері 



бар  болуы  мүмкін.  Бірақ  мұғалім  портфолио  немесе  таныстырылымда  қайсыбір 

критерийге 

жүгінбесе, 

бағдарлама 

бойынша 

мұғалімнің 

қорытынды 

бағасы 


«қанағаттанғысыз» болады.

 


 

 

Программа курсов повышения квалификации  



педагогических работников Республики Казахстан  

 

Проект Центра педагогического мастерства  



АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Каталог: public -> 07022017
public -> Г. А. Паперн Рене Декарт. Его жизнь, научная и философская деятельность
public -> Министерство образования и науки республики казахстан
public -> Законы Конфликты Правонарушения итоги 2009 года алматы 2010 2
07022017 -> Бағдарламасы шеңберінде Бағалау жабдықтары Бірінші басылым Мазмұны 1 Mұғалім портфолиосын бағалау
07022017 -> Бағдарламасы шеңберінде Бағалау жабдықтары Бірінші басылым
07022017 -> Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
07022017 -> Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары
07022017 -> Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет