Бағдарламасы Мазмҧны Бағдарламаның тӛлқұжаты


Амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған кӛмекті (ММК) дамыту



жүктеу 470.27 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата21.05.2017
өлшемі470.27 Kb.
1   2   3   4   5

Амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған кӛмекті (ММК) дамыту. 

 

 

           Медициналық  кӛмектің  толық  интеграциясы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  ету, 

түрлі  қызметтер  мен  ресурстардың  қайталануын  болдырмау  мақсатымен,  сондай-ақ  оның 

толықтығы  мен  сапасының  жоғары  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  МСАК-тің  үйлестіруш 

рӛлінің негізінде мамандандырылған медициналық кӛмек кӛрсету қағидалары мен тәртібін 

жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. 

           

 

           Сабақтастықты 



қамтамасыз  ету  үшін  жер-жерде  пациенттерге  түсіндіру, 

консультация  беру,  тіркеу  және  мониторингтеуге  арналған  жергілікті  және  ӛңірлік  call-

орталықтар  құрылатын  болады.  Бұл  ретте  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар (АКТ) кеңінен енгізілетін болады. 

          Медициналық  кӛмектің  әралуан  түрлерін  интеграциялау  хаттамаларын  әрі  қарай 

әзірлеу және енгізу қамтамасыз етілетін болады. 

 

 

          Ӛз бейіндері шеңберінде алғашқы және мамандандырылған кӛмек кӛрсетудің барлық 



деңгейлерінде олардың мониторингі, сабақтастығын, тиімділігі мен сапасын қамтамасы ету 

бӛлігінде  республикалық  клиникалардың,  ғылыми  орталықтар  мен  ғылыми-зерттеу 

институттарының рӛлі мен жауапкершілігі күшейетін болады.  

 

           Қолжетімділігі  мен  тиімділігін  арттыру,  аз  шығындармен  үздік  нәтижелерге  қол 



жеткізу  мақсатымен  мамандандырылған  медициналық  кӛмек  (ММК)  кӛрсетудегі 

стандарттауды (диагностикалау мен емдеу хаттамаларын, клиникалық нұсқаулықтарды) 

одан әрі дамыту жалғастырылатын болады. 

           Озық медициналық технологиялар трансфертін одан әрі ынталандыру, сондай-ақ, бір 

жағынан,  медициналық  кӛмектің  қолжетімділігін,  толықтығы  мен  сапасын  кӛтеру,  екінші 

жағынан денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен, 

жан-жақты талдау  ӛткізіп,  жоғары мамандандырылған және  қымбат медициналық кӛмекті 

(ЖММК) әрі қарай дамытудың жаңа тәсілдерін жасау қажет.    

        ЖММК-ті  жоспарлау,  кӛрсету  және  қаржыландыру  бӛлігінде  ЖММК  ұсынуды 

стандарттау  жүргізіледі.  ЖММК  қызметін  кӛрсету  үшін  оның  тиісті  сапасы  мен 

қауіпсіздігін  ұстап  тұру  мақсатында  міндетті  аккредиттеуден  ӛту  бойынша  медициналық 

ұйымдарға талаптар белгіленетін болады.   

 

          Еліміздің  денсаулық  сақтау  жүйесін  жаңғырту  шеңберінде  қымбат  медициналық 



кӛмекті  қаржыландырудың  жаңа  тәсілдерін  жасап  шығару  қажет.  Бұл  ретте  бір  уақытта 

шығындарды  басқару  тетіктерін:  қымбат  медициналық  қызметтер  мен  тауарларды  (дәрі-

дәрмектерді,  ММБ)  орталықтандырылған  сатып  алу,  зертханалық  және  радиологиялық 

қызметтердің аутсорсингі және т.б  енгізе отырып, қаржыландырудың қажетті деңгейі мен 

тұрақтылығы қамтамасыз етілуі тиіс. 

 

5.2.4. Медициналық кӛмектің, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етудің және оңалтудың 



толықтығын қамтамасыз ету. 

 

16 

 

 



Халық  денсаулығының  ағымдағы  жай-күйі  мен  инфекциялық  емес  аурулардың 

болжамды ӛсімін ескере отырып, медициналық кӛмекті ұйымдастырудың интеграцияланған 

үлгісін әзірлеу және кезең кезеңімен енгізу кӛзделіп отыр.  

Бұл  үлгінің  шеңберінде  денсаулық  сақтау  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде 

медициналық  кӛмектің  толықтығын,  сапасы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  етуге 

бағытталған  интеграцияланған  медициналық  кӛмек  беру  қағидалары,  тәртібі  мен 

стандарттары іске асырылатын болады. 

Аталмыш үлгі бастапқы кезеңде (2020 жылға дейін) негізгі әлеуметтік мәні бар және 

инфекциялық емес аурулардың 2 блогын қамтитын болады: 

 

бірінші блок – негізгі инфекциялық емес аурулар



 

жүрек-қан тамыр аурулары, 

тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары, 

онкологиялық аурулар. 

 

Екінші блок – ел халқының демографиясына ықпал ететін аурулар

 

жүкті әйелдердің, перинаталдық кезеңнің патологиялары, 

негізгі балалар аурулары. 

 

Әр  блок  бойынша  халықаралық  кәсіби  ұйымдар  ұсынған  клиникалық  нұсқаулықтар 



мен  хаттамалардың  негізінде  Іс-қимыл жоспарлары  (Action  Plan)  әзіреленеді  және  оларды 

іске  асыру  басталатын  болады.  олардың  шеңберінде  халық  денсаулығының  жоспарланып 

отырған  кӛрсеткіштері  мен  оларға  қол  жеткізу  үшін  қажетті  маңызды  іс-шаралар 

анықталатын болады.    

 

Бұл іс-шараларды іске асыру үшін мыналар:  



1)  денсаулық  сақтау  ұйымының  барлық  деңгейлері  үшін  дәлелді  медицинаның 

қағидаларына  негізделген  профилактикалаудың,  диагностикалау  мен  емдеудің  бірыңғай 

клиникалық нұсқаулықтары мен хаттамалары; 

2)  денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті жарақтандыру стандарттары; 

3)  медицина қызметкерлеріне қойылатын ең тӛменгі біліктілік талаптары; 

4)

 



үлгі шеңберінде қолданылатын үдемелі қаржыландыру тетіктері; 

5)      іс-шараларды  мониторингтеу,  басқару  және  үйлестіру,  соның  ішінде  АКТ 

негізінде, технологиялары әзірленеді және енгізіледі. 

 

Халық денсаулығына үлкен ауыртпалық түсіретін ауруларды ерте анықтау жӛніндегі 



маңызды  скринингтік  бағдарламаларды  одан  әрі  дамыту,  сондай-ақ  скринингтік 

бағдарламаларды  жүргізу,  мониторингтеу  және  тиімділігін  бағалау  стандарттарын  ұдайы 

жетілдіріп отыру қамтамасыз етіледі. 

 

Медициналық  кӛмектің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  және  жарақаттанудан 



болатын өлім-жітімді төмендету мақсатымен қамтамасыз етіледі: 

 

оқыс  оқиғалар,  жарақаттар  мен  уланулар,  соның  ішінде  жаппай  сипаттағы,  кезінде 

кӛмекті дайындау және кӛрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу; 

 

ТМККК шеңберінде кӛрсетілетін медициналық кӛмектің тұтастығын қамтамасыз ету 



мақсатында,  соның  ішінде  шетелден  технологияларды  трансферттеудің  негізінде  сирек, 

орфандық  аурулар  кезінде,  ал  жекелеген  жағдайларда  шетелдік  клиникаларға  жолдау 

арқылы,  медициналық  көмектің  бірегей,  қымбат  түрлерін  уақтылы  ұсыну  қамтамасыз 

етілетін болады.     

 

          Туберкулезге,  АИТВ/ЖИТС,  психикалық  және  наркологиялық  бұзылыстарға 



шалдыққан  науқастарға  медициналық  кӛмек  кӛрсетудің  озық,  ӛзін  тиімділігі  жоғары 

технологиялар ретінде танытқан технологияларды енгізу жалғасатын болады. 

 

Тұрғындарды  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  етуді  жетілдіру,  соның  ішінде  тегін 

амбулаториялық  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  етуді  кезең  кезеңімен  кеңейту  арқылы 

жетілдіру бойынша одан әрі шаралар әзірленеді және енгізілетін болады.  

 


17 

 

            Қызметтерді  стандарттау,  ұйымдардың  инфрақұрылымын  және  медициналық 



кӛмектің  осы  түрі  үшін  мамандарды  жүйелі  түрде  дайындауды  дамыту  негізінде  әртүрлі 

патологиясы  бар  науқастарды  медициналық-әлеуметтік  оңалтуды  белсенді  дамыту 

қамтамасыз  етіледі.  Бұл  ретте  осы  саладағы  жеке  меншік  сектор  мен  МЖӘ-ті  дамытуды 

мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары әзірленіп, енгізілетін болады. 

 

            Медициналық  кӛмек  кӛрсетудің  интеграцияланған  үлгісінің  шеңберінде,  МСАК 



және  әлеуметтік  қорғау  қызметімен  ӛзара  тығыз  іс-қимыл  негізінде  әртүрлі  санаттағы 

науқастарға  ұзақ  медициналық-әлеуметтік  күтім  (longtermcare),  паллиативтік  көмек 

және үй күтімі (homecare) қызметтері кӛрсету дамитын болады. 

 

5.3.  МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. 

 

 

            5.3.1. Медициналық кӛмекті стандарттау және сапасын басқару. 

 

Медициналық  ұйымдардағы  барлық  өндірістік  үдерістерді  стандарттаудың 

негізінде  сапаны  басқару  жүйесі  медициналық  кӛмектің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  тиімді 

арттыру үшін негіз болады. 

 

Клиникалық  үдерістерді  стандарттау  үшін  ауруларды  профилактикалаудың, 



диагностикалаудың,  емдеудің  және  пациенттерді  оңалтудың  отандық  клиникалық 

нұсқаулықтары  мен  хаттамалары  жасалынып,  халықаралық  дәрежедегілері  енгізілетін 

болады.  

 

Клиникалық тәжірибеде қолдану үшін клиникалық нұсқаулықтар мен хаттамаларды 



бекіту  арнайы  құрылған  сарапшылық  консультативтік-кеңесуіш  орган  –  Медициналық 

қызметтердің  сапасы  жӛніндегі  біріккен  комиссиямен  алқалы  түрде  жүзеге  асырылатын 

болады. 

 

           



 

Сапа  стандарттарын  енгізу  мен  тиімділігін  мониторингтеуді  денсаулық  сақтау 

саласындағы  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдар,  соның  ішінде  медицина 

қызметкерлерін  оқыту,  медицина  ұйымдарын  қосымша  жарақтандыру,  медициналық 

кӛмекті қаржыландыруды жақсарту жолымен қамтамасыз ететін болады. 

Жергілікті  сапаны  басқару  жүйесінің  негізі  медицина  ұйымдарының  ішкі  аудит 

қызметтері  болады.  Олардың  қызметі  қауіптерді  басқарудың  бірыңғай  жүйесін  енгізуге 

және  тәуелсіз  медициналық  сарапшылар  институтын  қатыстыра  отырып  клиникалы 

үдерістердің тұрақты аудитін жүргізуге құрылған.    

 

Пациенттердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  халықаралық  тәсілдерін  енгізу 



мақсатымен  құпия  аудитті  қолдану  негізінде  ұлттық  медициналық  қателіктерді  есепке 

алу және талдау жүйесі енгізілетін болады.  

 

Сонымен  бірге,  ішінара  қылмыстық  жауапкершіліктен  әкімшілік  және  кәсіби 



жауапкершілікке  ӛтумен  (медициналық  қызметпен  айналысуға  лицензиясынан  уақытша 

немесе  тұрақты  түрде  айыру)  медициналық  персоналдың  жауапкершілік  жүйесін  қайта 

қарау қажет болады. 

Денсаулық  сақтау  жүйесінің  сапасы  мен  ілтипаттылығын  қамтамасыз  ету  үшін, 

жұртшылықты,  білім  беру  ұйымдарын,  кәсіби  бірлестіктер  мен  бұқаралық  ақпарат 

құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, ұлттық медицина қызметкерлерінің медициналық 



этикасы  мен  коммуникативтік  дағдыларын  дамыту  бағдарламасы  әзірленеді  және 

енгізіледі. 

 

Жалпы,  медицина  қызметкерлері  мен  ұйымдарының  қызметі  мен  нәтижелерінің 



айқындығы  қамтамасыз  етілетін  болады;  денсаулық  сақтау  ұйымдары  ӛндірістік  қызмет 

нәтижелерін БАҚ-да жариялауға міндетті болады.  . 

 

 

5.3.2. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мен лицензиялаудың дамуы. 



 

18 

 

          Медициналық  қызмет  сапасын  тұрақты  түрде  арттыру  медициналық  қызмет 



берушілерді  денсаулық  сақтау  саласындағы  ұлттық  сапа  және  қауіпсіздік 

стандарттарына сәйкестікке ерікті аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етілмек.  

Аталмыш  институтты  дамыту  үшін  ұлттық  аккредиттеуге  қойылатын  талаптар 

халықаралық стандарттарға толықтай сәйкестендіріледі.   

Аккредиттеуді жүргізу функциясы мемлекеттік емес секторға берілетін болады, бұл 

ретте  денсаулық  сақтау  саласындағы  ұлттық  аккредиттеу  органы  сапаны  қамтамасыз  ету 

саласындағы халықаралық аккредиттеуден ӛтеді.    

 

Медициналық  ұйымдардың  аккредиттеуден  ӛтуін  материалдық  ынталандыру 



мақсатымен әртүрлі қаржылық және қаржылық емес стимулдар ендірілетін болады.  

Медицина  қызметкерлерін  міндетті  сертификаттау  олардың  білімі  мен 

дағдыларын  тәуелсіз  бағалаудың  негізінде  міндетті  лицензиялау  институтына 

трансформациялануы жүзеге асырылатын болады. 

Медицина  қызметкерлері  мен  медициналық  ЖОО  мен  колледждер  түлектерінің 

құзыретіне  тәуелсіз  бағалау  ӛткізу  үшін  тиісті  мамандандырылған  құзыретті  бағалау 

орталықтары құрылып, дамытылатын болады. 

Жалпы  алғанда,  ұлттық  медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  бірлестіктерін  басқару 

органдарын  дамыту, соның ішінде аккредиттеу,  қаржыландыру және  ӛкілеттіліктерді  беру 

жолымен  қолдауға  ие  болады.  Медицина  ғылымы  мен  тәжірибесінің  тиісті  бағыттарын 

дамытудан  бӛлек,  аккредиттелген  кәсіби  бірлестіктердің  негізгі  мақсаты  мамандардың 

кәсіби  құзыреттерін  дамыту  және  халыққа  берілетін  медициналық  кӛмектің  сапасын 

жақсарту болмақ. 

 

5.4. ҦЛТТЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫН ІСКЕ 



АСЫРУ. 

 

          Медициналық  кӛмектің  жоғары  сапасы  мен  қауіпсіздігін,  денсаулық  сақтау 

жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық ӛндіріс пен 

логистиканы  дамыту  мақсатында  Ұлттық  дәрі-дәрмектік  қамтамасыз  ету  саясаты  іске 

асырылатын болады. 

  ҰДҚС  іске  асыру  келесі  маңызды  міндеттерді  іске  асыру  үшін  іс-шаралар  кешенін 

әзірлеуді, орындауды және тиімділігін мониторингтеуді кӛздейді: 

 1) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

 2) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

 3) дәрілік заттардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету 

 

            5.4.1. Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

 

           ДЗ  қолжетімділігі  одан  әрі  Қазақстан  Республикасы  мен  Кеден  Одағы  (ЕЭК) 

елдерінің  аумағында  пайдалануға  рұқсат  ету  үшін  ДЗ-ды  кешенді  іріктеу  жүйесімен 

қамтамасыз етіледі.   

           Бұл  мақсаттарда  ДЗ  мен  медициналық  мақсаттағы  бұйымдарды  мемлекеттік  тіркеу 

жүйесі жетілдірілетін болады. Іріктеудің дәл және айқын критерийлерінің, соның ішінде: 

1)

 

ғылыми негізделген дәлелділік базасының болуы; 



2)

 

тіркеу деректерінің толық зертханалық сәйкестігі; 



3)

 

емдеу курсының құнын ескерілген экономикалық негізді баға.  



 

 

 



          Денсаулық  сақтау  саласындағы  орталық  уәкілетті  орган  жанындағы  Ұлттық 

формулярлық комиссия қызметінің тиімділігін арттырудың негізінде ұлттық формулярлық 



жүйені әрі қарай дамыту жалғастырылады.  

          Ұлттық  формулярлық  комиссия  Қазақстанның  ұлттық  дәрі-дәрмектік  формулярын 

(ҚҰДФ) қарап, мақұлдайтын болады. 

 

 



19 

 

          ДЗ  іріктеу  шеңберінде  ҚР  заңнамасына  сәйкес  отандық  ӛндірістің  ДЗ  айналымына 



мемлекеттік қолдау шаралары кӛрсетілетін болады. 

         Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ДЗ-дың қолжетімділігін қамтамасыз ету 

мақсатымен ДЗ сатып алу тетіктері жетілдірілетін болады.  

 

         ДЗ-ды  орталықтандырылған  сатып  алу,  логистикасы  және  бірыңғай  дистрибьютері 



функциялары  ӛңірлерге  бӛлу  және  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  (концессия) 

қағидасының  негізінде  кезең  кезеңімен  конкурстық  негізде  бәсекелес  ортаға  берілетін 

болады. 

 

          



 

         Халық  үшін  ДЗ  экономикалық  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  бойынша  кешенді 

шаралар іске асырылатын болады. Бұл шаралар ЕЭК елдеріндегі және басқа да елдердегі ДЗ 

бағасына  ұдайы  мониторинг  жүргізуге,  белгіленетін  ең  жоғары  кӛтерме  және  бӛлшек 

бағаның  және  импорттаушылардың  валюталық  тәуекелдерінен  тыс  жеткізілім  кӛлемі 

бойынша міндеттемелердің негізінде ДЗ-ды тіркеуге негізделетін болады.      

         Дәрілерді  бақылаусыз  қабылдауды  болдырмау  үшін  тек  қана  рецепт  бойынша 

босатылатын дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілетін болады. 

          

 

          Елді мекендердің  алшақ орналасуы мен табиғи-климаттық  жағдайлардан тәуелсіз  ДЗ 

дистрибуциясы,  логистикасы  мен  жеткізілімі  жүйесінің  сенімділігін  қамтамасыз  ету 

бойынша шаралар қабылданатын болады. 

 

 

          5.4.2.Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

 

          GMP  стандарттарының  негізінде  ДЗ  ӛндірісінің  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша 

жүйелік  шаралар  қабылданатын  болады.  2018  жылға  қарай  ҚР-дағы  барлық  ДЗ  ӛндірісі 

толықтай осы стандарттарға ӛтеді.  

         ҚР-да  қолдану  үшін  тіркелген  шетелдік  ӛндірістің  ДЗ-ның  осы  стандарттарға 

сәйкестігін бақылау мақсатымен фармацевтикалық инспекторат дамытылады. 

ДЗ  логистикасы  мен  сақталуының  сапасы  2018  жылға  қарай  ӛз  қызметін  ҚР 

аумағында жүзеге асыратын барлық таратушылардың міндетті түрде GDP стандарттарына 

ӛтуімен қамтамасыз етілетін болады.   

2018 жылға қарай тіркеу кезінде, сондай-ақ маркетингтен кейінгі кезеңде ДЗ сапасын 

зертханалық  бақылау  тек  уәкілетті  зертханалық  деректерінің  GLP  стандартына  сәйкес 

болуының  негізінде  ғана  жүзеге  асырылатын  болады  (тіркеу  және  постмаркетингтік 

бақылау). 

           ДЗ  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  де  GCP  стандарттары  бойынша 

клиникалық  сынақтар  ӛткізумен  қамтамасыз  етілмек.  ДЗ  сапасын  арттыру,  сондай-ақ 

клиникалық  базалардың  ғылыми және  техникалық  әлеуетін  кӛтеру  мақсатымен  Қазақстан 

Республикасындағы  жаңа  ДЗ-дың  клиникалық  сынақтарын  ӛткізуді  қолдау  бойынша 

шаралар кешені әзірленетін болады.  

            ДЗ  айналымын  және  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуді  мемлекеттік 

реттеудің  тиімділігін  арттыру  жӛнінде  шаралар  қабылданад.  ҚР  аумағында  қолданылатын 

ДЗ  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  мемлекеттік  органдардың 

ӛкілеттіліктері мен жауапкершілігі заңнамалық тәртіппен күшейтілетін болады.  

 

           5.4.3. Дәрілік заттардың ҧтымды қолданылуын қамтамасыз ету. 

 

            ДЗ мен ММБ ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету үшін дәлелді медицинаны одан 



әрі дамыту, сондай-ақ ауруларды диагностикалау мен емдеудің отандық және халықаралық 

клиникалық нұсқаулықтарын, хаттамаларының негізінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы 

клиникалық үдерістерді стандарттау негіз болады.. 

            Осы  мақсатпен  денсаулық  сақтау  ұйымдарында  ұлттық  формулярлық  жүйені 

дамыту және жетілдіру жалғастырылатын болады. 


20 

 

            Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  дәрілік  формулярлары  жекелеген,  неғұрлым 



шығын  кӛп  жұмсалатын  ДЗ-ға  қатысты  қолдану  тиімділігіне  тұрақты  түрде  мониторинг 

және бағалау жүргізудің негізінде ұдайы жетілдіріліп тұратын болады. 

            Денсаулық  сақтау  ұйымдарында  штаттағы  клиникалық  фармакологтар,  ішкі  аудит 

қызметтері  және,  қажіттілігіне  қарай,  сыртқы  тәуелсіз  сарапшылар  ДЗ  ұтымды 

қолданылуына толыққанды мониторинг және талдау жасауды қамтамасыз етеді. 

            Медициналық  ұйымдардың  клиникалық  фармакология  мамандарымен  қажетті 

кадрлық жарақтандырылуы бойынша шаралар іске асырылады.  

            ҰДҚС тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымның меншік нысанына қарамастан, 

дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету  саласында  мамандарды  жаппай  оқыту  бағдарламасы 

әзірленеді және іске асырылады.    

           Осы  Мембағдарламаның  мониторингтеу  іс-шараларының  шеңберінде  ҰДҚС  іске 

асырылуының тиімділігін мониторингтеу және талдау қамтамасыз етеді. 

Жоғарыда  сипатталған  шараларды  тиімді  іске  асыру  үшін  денсаулық  сақтау 

саласындағы  уәкілетті  органның,  медициналық  және  фармацевтикалық  қызметті  бақылау 

жӛніндегі  уәкілетті  органның,  жергілікті  денсаулық  сақтауды  басқару  органдарының 

міндеттері мен функциясы талданатын және  қайта  қаралатын болады, нормативтік базаны 

жетілдіріледі.   

 

5.5. НИЕТТЕСТІКТІ ЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

ЖҤЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫН 

АРТТЫРУ 

 

5.5.1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу 

 

Ортақ қаржыландыру тетігін іске асыру үшін мемлекетпен қатар, жұмыс беруші мен 



жұмыскер  саланы  қаржыландыруға  ортақ  қатысатын  міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі енгізілетін болады. 

МӘМС қаражаты жүйедегі 7 бағыт, атап айтқанда:  

ЖТД  қамсыздандырылуын  1500  тұрғынға  1  ЖТД  арақатынасына  дейін  ұлғайту 

арқылы МСАК қолжетімділігін арттыру; 

дәрігерлер  жалақысының  экономика  бойынша  орташа  жалақыға  арақатынасын 

ұлғайту; 

амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясын кеңейту; 

қалпына  келтіру  емі  мен  медициналық  оңалту  қызметтерінің  қолжетімділігін 

арттыру; 

паллиативтік кӛмек және мейіргерлік күтім қызметтерін кеңейту; 

медициналық ЖОО оқытушыларының жалақысын кӛтеру; 

негізгі  қаражатты  жаңартуға  шығыстарды  медициналық  қызметтер  тарифіне  қосу 

бойынша сапалық жақсартуларға бағытталатын болады. 

 Бірінші кезеңде 2016 жылдан бастап: 

-    ӛңірлер  арасында  ТМККК  деңгейін  теңестіре  отырып,  оны  қаржыландыру 

бойынша барлық бағдарламаларды біртұтастандыру; 

 -  денсаулық  сақтау  жүйесін  бір  арналық  қаржыландыру  (бюджеттік)  тетігі 

жағдайында МҚАК негізінде «шын мәніндегі бірыңғай тӛлеушіні» қалыптастыру; 

- кӛп арналы жүйеге бюджеттік үлгі кезінде бірыңғай тӛлеуші жүйесін бейімдеу. 

 

2017  жылдан  бастап  мемлекеттің,  жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  ортақ 



жауапкершілігін  қамтамасыз  ететін,  кӛп  арналы  қаржыландыру  жүйесімен  Қызметке 

бірыңғай  ақы  тӛлеуші  базасында  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қоры 

құрылатын болады.  

Бұл үшін: 



21 

 

-  Қазақстан  Республикасының  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру 



жүйесінің заңдық базасы әзірленеді және бекітіледі; 

-  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесін  орындаудың,  үйлестірудің, 

басқарудың және мониторинг жүргізудің ұлттық және ӛңірлік құрылымдары құрылады; 

-  қаражат  жинау,  жинақтау,  бӛлуді,  қаржылық  ресурстарды  мониторингтеу  мен 

бақылауды  қамтитын  медициналық  сақтандыру  жүйесін  басқару  үшін  ақпараттық  жүйе 

құрылады және енгізіледі. 

 

            5.5.2. Тарифтік саясатты жетілдіру 



жүктеу 470.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет