тастапты” — Анықтаудың мүмкіндігі болмады.
3. 331-б. “Бір кезде рахымшылық құдайы Кибаннон болған.”
— Грек аңыздарында күн, ай, аспан, жел, от теңіз т. б. құдайлары
сияқты рахымшылықпен байланыстырылып айтылатын құдай да
болған.
4. 335-б. “3 а х а р о в. Пентаграм” — Гректің бес және сызық де-
ген сөзі. Қабырғаларының биіктіктері бірдей тең бүйірлі үшбұрыштар
салынған бесбұрыш.
5. 344-б. “Афродитадан мін таба алмағандығынан” —
Афродита ежелгі грек мифологиясындағы махаббат пен сұлулық пірі,
Зевстің қызы.
6. 351-б. “Вентура Гарсия Кальдерон болса, орындығыңыз да
көшірілер еді” — Гарсия Кальдерон Вентура (1886—1959) Перуан
жазушысы. Бүкіл өмірі Еуропада, Парижде өткен. Әңгіме жанрының
шебері. Еуропада жүрсе де Перуан халқының өмір тіршілігін сурет-
теген.
7. 362-б. “Горндаик, Уотсон, Лэшли тағы басқалардың
кітаптары бойынша” — Уотсон Джон Бродес (1878—1958) Аме-
рикан психологі Бихевиоризмнің негізін салған ғалым. Горндаик пен
Лэшлиді анықтаудың мүмкіндігі болмады.
Т. Әкім
452
“ҚАСҚЫР”
М. Әуезовтің Джек Лондоннан аударған әңгімесі. Д. Лондон
шығармаларының орыс тіліндегі жинақтарындағы бұл әңгіменің аты “Бу-
рый волк”. Әлем әдебиетіндегі өзіне ғана тән стилімен, шығармаларының
тосын тақырыптарымен ерекшеленетін американ жазушысы Д. Лондонның
көптеген шығармаларында жабайы табиғат, жануарлар өмірі, әсіресе
қасқырлар мен иттер көп суреттелген. Ол бұл тақырыпта әлем әдебиеті
тарихында өте танымал “Зов предков”, “Белый клык” повестерімен қатар
(шығарма аттары мен басқа да деректерді Д. Лондонның 13 томдық орыс
тіліндегі шығармалар жинағы бойынша беріп отырмыз. “Правда” баспасы,
Москва) жануарлар өмірін тақырып етіп алған көптеген әңгімелер жазған.
М. Әуезов аударған “Қасқыр” әңгімесі Д. Лондонның көп шілікке арналған
таңдамалы жинақтарына көбіне кір мегендіктен жазушының “Белый
клык” повесі сияқты аса танымал шығармасы қатарынан емес. Д. Лондон
шығармаларын арнайы, жан-жақты зерттеген ғылыми еңбектерде ғана
қарастырылатын бұл әңгіме жанр ‘талаптарына сай өте көркем жазылған,
мінсіз дерлік шығарма. Ол алғаш Д. Лондонның 1907 жылы “Макмил-
лан” баспасынан шыққан “Любовь к жизни” атты әңгімелер жинағында
басылған. Бұл жинақ жазушының “солтүстік” тақырыбына арналған
шығармалар жинақтарының соңғыларының бірі. Д. Лондон 1904 жылы
өзінің кітаптарын шығарып жүрген баспагерге: “Менде келесі жылдың
алғашқы жартысында жазушыға тиісті келесі кітаптың идеясы бар.
Бұл “Зов предковтің ” жалғасы емес, оны толықтыратын кітап болады.
Мен кері процесті көрсетуді мақсат етпекпін. Иттердің жабайыланып,
өзгеріп кетуінің орнына иттердің үйге үйреніп, иесіне деген берілгендік,
жақсы көру, бағыну сияқты жақсы қасиеттерінің даму эволюциясын
көрсетемін”, — деп хабар берген. М. Әуезов аударған “Қасқыр” әңгімесі
осы жобадағы шығармалардың бірі.
Әуезов аударған әңгіме алғаш 1936 жылы жеке кітап болып шықты
(Қазақ көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1936. 32 бет). Кейін жазушының
20 томдық шығармалар жинағының 14-томында басылды (“Жазушы”. Ал-
маты, 1983. 192—204-беттер). Бұл басылымға 1936 жылғы кітаптағы нұсқа
берілген. М. Әуезов аудармасын Д. Лондонның 13 томдық шығармалар
жинағының 3-томындағы (215—232-бб.) “Бурый волк” әңгімесімен
салыстырғанда (орыс тіліне аударған М. Богословская) аудару барысын-
да қысқартулар жасалғаны анықталды. 1936 жылы шыққан “Қасқыр”
кітапшасы балаларға арналған “кітап соңынан кітап” сериясымен шыққан.
Шағын пішімді кітаптың әріптері (латын алфавитінде) жас балаларға ар-
налып ірі етіп берілген. Әуезов аудармасында қалдырылып кеткен мәтін
бөліктері мен жеке жолдар, ең алдымен, әңгіме фабуласына, оқиға желісіне
453
ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Жас балалар ұғымына ауырлық
келтіретін, әңгіме динамикасына әсер етпейтін жерлер. Аударма нұсқада
орыс тіліндегі нұсқаның басындағы “Мне помнится, я видел, как он по-
гнался за кроликам”, — деген диалог сөзге дейінгі мәтін бөлігі алынбаған.
Әңгіменің орта бөлігіндегі Әуезов аудармасындағы “Ақыр аяғында не
болса да Вот жеңді”, — дейтін сөйлемнен кейін келуге тиісті “... Медж
уверяла, что если бы он употребил всю свою энергию на писание стихов и
оставил бы Волка в покое, им жилось бы лучше и денег водилось бы боль-
ше”, — деген сөйлемнен бастап “В то время как Уолт вполголоса читал
свое произведение, внизу, в чаще, послышался какой то шум”, — деген
сөйлемге дейінгі Уолттың ақындық шығармашылығына қатысты жарты
бет шамасындағы мәтін бөлігі де аударылмаған. Ересектер үшін әңгіме
кейіпкерлерінің образын тануға қажетті бұл суреттеулер жас бала ұғымына
түсініксіздеу болар еді. Бұлармен қатар “Волк был весьма сдержан про-
явлении своих чувств”, “Ирвин не любил долго раздумывать”, — деген
сияқты жеке жолдар да аударылмаған. Қасқырдың түр-түсін суреттеген,
табиғатты суреттеген мәтін бөліктері де аздап ықшамдалып, айқындалып,
қазақ баласының ұғымына лайықталып аударылған. Аударма негізінде
әңгіме фабуласын, сюжетін дәл, толық беріп отырғанмен, жалпы аударма
еркін жасалған. Оның бір себебі — аударма балалар әдебиетінің талапта-
рына сәйкестендірілсе, екінші — кейбір ұғымдарды, образдарды әлі де
Еуропалық, орыстық дүниетаным мен көркемдік, стильдік құрылымды
қабылдай қоймаған қазақ оқырманының көркем шығармалық қабылдау
ерекшеліктеріне қарай аударылған. Аудармаға кірмеген мәтін бөліктері
Д. Лондон шығармасына көркемдік жағынан да, сюжеттік, фабулалық
жағынан да ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Аударма түпнұсқаның
барлық қасиеттерін сақтаған. Стильдік тұрғыдан келгенде аударма еркін
аудармаға келеді. Мысалға орысша нұсқада “Я больше привык к темпера-
туре градусов около тридцати”, — деген жерді Әуезов “Маған жайлысы
аяз”, — деп ықшамдап еркін аударған. Осындай мысалдар әңгіменің өне
бойында кездесіп отырады.
Аударманы М. Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 14 то-
мына дайындағанда 1936 жылы шыққан латын әріпті нұсқадан алып,
кейіпкерлер аттары мен географиялық атауларды Ирбин, Вот, Мендо-
шина, Вильям, Скайф деп беріпті. Бұл басылымға кейіпкерлер атын ла-
тын әріпті нұсқаны қайта қарап, орыс тіліндегі нұсқамен салыстыра
келіп, ағылшын тілінің орфоэпиялық, орфографиялық ерекшеліктеріне
сәйкес Ирвин, Уолт, Мендосина, Уильям, Скиф деп беріліп отыр. Аудар-
маны томға дайындау барысында біраз орфографиялық, пунктуациялық
түзетулер жасалды.
Р. Әбдіғұлов
454
М А З М Ұ Н Ы
I. МАҚАЛДАР, ОЧЕРКТЕР ................................................................ 3
Абай ақындығының айналасы ................................................................ 5
Қалмақаннан не тілер едік? ................................................................... 21
“Социалды Қазақстанның” басқармасына ашық хат .......................... 23
Қазақстанның көркемөнері ................................................................... 25
Абай — казахский классик .................................................................... 30
“Ақ аю” туралы ...................................................................................... 37
Баймұқамбетұлы жолдас ....................................................................... 40
Товарищ Жанай ...................................................................................... 44
Ценные памятники киргизского и казахского фольклора ............. 46
Казахский эпос — на службу социалистической культуре ............. 55
Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы .......................... 59
Қырғыз дастаны — “Манас” ............................................................... 65
“Манас” — киргизская народная героическая поэма ...................... 69
II. ӘҢГІМЕЛЕР .................................................................................. 161
Тас түлек ............................................................................................... 163
Іздер ....................................................................................................... 183
Үш күн .................................................................................................. 213
Қасеннің құбылыстары ........................................................................ 225
Шатқалаң .............................................................................................. 267
III. АУДАРМАЛАР ............................................................................. 307
Қорқыныш. А. Афиногенов .................................................................. 309
Қасқыр. Д. Лондон ............................................................................... 383
IV. ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР ............................................... 397
ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ
Шығармаларының елу томдық толық жинағы
10-том
Академиялық ғылыми басылым
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған
Баспа жобасының жетекшілері:
С. Назарбаева, Б. Қанапиянов
Редакторлары: Б. Хабдина, Б. Мұсахан
Көркемдеуші редакторы Л. Өтебаева
Техникалық редакторы И. Селиванова
Компьютерде беттеген И. Селиванова
/
Тапсырыс № 1254.
10.07.2014
Поделитесь с Вашими друзьями: |