Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет8/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

1959  ж.

137
САМАЛ  ЖЕЛ
Суреткердің шығармашылық мүмкіндігі мен дара-
лық сипаты өнебойы әрі мейлінше жарқын көріне 
беруі ләзім емес. Әрбір қаламгер өз өнерінің мұндай 
биігіне шығармашылық сапарының әрқилы кезеңінде, 
әралуан күйде көтерілмек. Ақын Жұмағали Саин 
шығармашылығының осындай шырқау шағы оның 
Ұлы Отан соғысының сонау бір қаһарлы да қатерлі ай-
күндерінде туған отты да уытты, саф мөлдір әрі сыршыл 
лирикасы еді. Ақынның бұл жырлары оның өзі образды 
түрде орайлы тауып айтқанындай, «сияменен жазылған 
жоқ», «жүрек қанымен», «ұлы айқаста құрбан болған 
ерлердің атыменен, арыменен жазылған». Олардың уақыт 
сынына бой алдырмас өміршеңдігі де осында болатын. 
Ж.Саинның бұл тұстағы поэзиясының өрісті өзегі, үзілмес 
желісі кеңес адамы туралы, оның отаншылдығы, асқақ 
азаматтығы туралы тақырып еді. Осы тақырыпты беріле 
жырлаудан ол соғыстан кейінгі жылдарда да танған емес. 
Егер ақын бұл тақырыпты бұрын лирикалық сазға көбірек 
бой ұра отырып бейнелесе, ал енді ол философиялық 
толғаныстарға да ауысып отырады. Ақын поэзиясының 
осы сипатын оның «Самал» атты соңғы жинағына енген 
шығармалардан да анық танимыз. Ақынның соғыстан 
кейінгі кезеңде жазылған және осы жинағына да енген 
«Таң мен адам» атты өлеңін мысалға алып қаралық. Бұл 
шағын өлең рауандап атып келе жатқан жазғы таңның 
суретін бейнелеуден басталады. Айнала күйлі әсемдікке, 
тыныштыққа толы. Бірақ бұл тыныштық беймезгіл мүлгу 
емес, шартты түрде ғана алынған. Өлең желісіне «құдіретті 
адам» енуімен бірге тыныштық пердесі жыртылып, дүние 
бір жас қуатқа, қимыл-қозғалысқа еніп жайнап сала береді. 
Бұл өлең «өмірді асығыс жасап жатқан адамның» қажырлы 
тегеурінін жақсы сездіртеді. Адам мен табиғат туралы 
тақырыпқа ақын басқа да бірсыпыра өлеңдерінде «Шың 
мен адам», «Түнде» оралып отырады. Жинақтың шоқтығын 
көтеріп, идеялық тынысын тереңдете түсіп тұрған 
шығармалардың бірі–«Ленин атымен» деген өлең. Мұнда 
ақын өткен өмірге, тарих тереңіне өзінің сезінулері мен 
еске алулары арқылы үңілмек болады. Бастан–аяқ баяндау 
түрінде жазылғанмен, өлең ықыласпен оқылады. Өйткені  
бұл баяндау бірте-бірте автордың өзінің лирикалық 
монологына айналады. Ел басынан өткен оқиғалар мен 
кезеңдерді ақын өз атынан баяндайды. Рас, оның осы екі 

138
желіні ұштастыра алмай, ара-тұра еңістеп кететін жақтары 
да бар. Сөйтсе де бұл өлең Ж.Саинның әлі де болса 
азаматтық лириканың жақсы үлгілерін тудыруға оңтайлы 
екендігін анық аңдатады.
Жинақтың «Сағыну» атты бөлімі көңіл-күй, махаббат 
лирикасынан тұрады. Мұндағы өлеңдерде өмірдің бел-
белестерінен өтіп келіп өткен күнге ой көзімен оралған, 
жастық шағын сағынған адамның аяулы, абзал сезімдері 
бар. Бұлардың ішінде «Жолығар кезді мен күттім», 
«Шәрбанға», «Қараш бойында», «Екі жалын бір жүректе 
маздаған» атты өлеңдер абзал парасаттылыққа, сезім 
шындығына әсіресе мол суарылған. Махаббат – үлкен де 
қасиетті сезім. Оны шынайы жырлау арқылы ақындарымыз 
оқушыларының жан-жүрегіне жақсы қасиеттер дарытады. 
Соңғы жылдарда жасамыс ақындар да, жас талаптар да бұл 
тақырыпқа көбірек бой ұрып жүр. Бірақ бұл тақырыпты 
тым тар шеңберде жырлау, ішінара оны азаматтық 
лирикаға кесе-көлденең тартуға тырысушылық сияқты 
жәйттер де байқалды. Ж.Саин махаббат тақырыбын бұлай 
шешуден аулақ. Ол мұның тәрбиелік мәні барлығын естен 
шығармайды. Бұл жағынан жас ақындар Ж.Саиннан көп 
нәрсе үйрене алар еді.
Әрине, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің барлығы 
бірдей мін-мүлтіксіз, мұнтаздай таза десек, тым асырып 
айтқандық болар еді. Оның махаббат лирикасының ішінара 
әсіреқызыл, татымал нашарлары да бар. Өз басының көңіл-
күйлерін шертуге сергек те жүйрік ақын басқалардың 
сезім-сырларын суреттеуде салғырт та салқын. Сөзіміз 
дәлелді болуы үшін «Бір түнде» деген өлеңді мысалға алып 
қаралық. Мұнда ақын «ел ұйқысына жатқан мезгілде» 
колхозды ауыл бақшасында серуендеген, «үнсіз ғана 
махаббатты жырласқан» екі жастың құштар да қызулы 
халдерін баяндайды. Содан кейін өлең мынадай екі 
шумақпен түйінделеді:
Құшқан сайын гүлгүл жайнап барады,
Бір шоқ талдан ай да ақырын қарады…
Бұл екеуі сықылықтап күледі,
Қара көздер электрдей жанады.
Ертең көрдім бұларды егіс басында,
Бірі қырда, бірі тоғай қасында,
Комбайнда отыр екен күлімдеп,
Бұ да өмірім, бұ  да менің жарым деп.

139
Ең алдымен, екі жастың әйтеуір күйіп-жанғанын 
жалпылама жырлай беру ақын үшін дара мақсат болмасқа 
керек. Сондай-ақ өлеңнің нақ соңында, тынар шағында 
автордың ешбір дайындықсыз, күтпеген жерден басқа 
тақырыпқа ауысып кетуі де келте әрі көңілге қонымсыз. 
Өлеңге  орнын таппай қосылған мұндай «тұздық» шығар-
маға сөл де, реңк те бітірмейтіндігі хақ. Сөйте тұра 
ақындарымыз осыны көп жағдайда ескере бермейді. 
Ж.Саинның ақындық өнерінің қыры мол, тынысы терең. 
Оның шығармаларында асқақ пафос, жалынды үгіт, 
байсалды ақыл, нәзік сыршылдық – бәрі де ұласа, астаса 
жүреді. Бұдан біраз уақыт бұрын бізде «өлең сезімге 
құрылсын» деп талап қоюшылар да және шығармаларын 
осы талапқа қарай ойыса отырып жазғандар да болды. Бірақ 
уақыт қазір сол талаптың солақайлығын, сыңаржақтылығын 
анық көрсетті. Тек сезімге ғана емес, сонымен бірге және 
де ең алдымен парасатты ойға құрылған шығарма ғана 
оқушының жан сарайын байыта түспек.
Ж.Саин–осыны терең түсінетін, ақыл мен сезімді 
қатар ұстайтын ақын. Өз өнерінің осы бір қырын ол 
шығармашылығының бүкіл ұзына бойына анық аңдатып 
келеді. Сөз болып отырған жинаққа енген «Ойласам бала 
кезімді» атты өлеңде бейнелі түрде берілген қаншалықты 
ғибрат әрі көңіл тербетер күйлі саз бар. Бұл жерде біз 
«ғибрат» деген сөзді нағыз жақсы мағынасында алып 
отырмыз. Өйткені шын мәнісіндегі әдебиеттің негізгі 
нысанасының өзі–тағлым айту, адамның ой-санасын 
марқайту, сыр-сезімін ояту ғой. Гәп тек сол тағлымның 
жадау да жадағай айтылмай, бейнелі де астарлы түрде 
берілуінде.
Жоғарыда аталған өлеңінде ақын балалық шағын 
тебірене ойға алады. Өз өмірінің сол бір кезінің суретін 
ол оқушының көз алдына жайып салады. Мұнда балалық 
шақтың қимас қызықты сәттері де, жетімдік өмірдің көңіл 
жүдетер көріністері де бар. Бұл жерде тағы да ақын жеке 
тағдырын баяндаудан өз тұстастарының көпке ортақ 
күйлерін шертуге ауысады. Өлең былайша тәмамдалады:
Осылай өткен бала шақ,
Оралмас енді ол жылдар.
Белгісіз еді болашақ,
Жазы дауыл, қысы ызғар.
Отырсың ба таңырқап,
Қуғандай жазғы сағымды?

140
Сендерге айттым, жас ұрпақ,
Бақытсыз бала шағымды.
Әрине, саған бұл аңыз,
Сонау бір өткен ғасырдай.
Сонда да ойлап байқаңыз,
Барлығын айттым жасырмай.
Ақын өлеңін осылайша оқушыға ой тастап аяқтайды. 
Қазіргі бақытты балалық шақты өткен өмірдің өгей 
көріністерімен салыстыра жырлап жатпайды. Бұл 
жайындағы байлауды оқушының өз үлесіне қалдырады. 
Бірақ бұдан өлеңнің әсер етушілік қуаты еш кемімейді. 
Жұмағали Саин – шындықтың жүзіне бұлтақтамай тура 
қарайтын және сондықтан да өзінің ой-толғаныстарын 
ақтара ашып айтатын ақындарымыздың бірі. Ал мұндай 
авторлар оқушысымен оңай тіл табады, оны тез баурайды. 
Ж.Саинның партизандық жырларының, оның ішінде 
«Есімде Айдар өзені» атты атақты өлеңінің жұртшылық 
арасына кең таралып, тіпті жатталып кетуінің негізгі 
сыры осында болатын. Жаралы қазақ жауынгерін жаудан 
жасырып, аранын ашқан ажалдан аман алып қалған украин 
қызы, жаудан тазарған украин жерінің топырағын жата 
қалып, емірене сүйіп жатқан қазақ жігіті, құшақтары 
айқасып  қабірде  де бірге  жатқан  орыс  пен қазақ 
жауынгері–ақын өлеңін оқығанда көз алдымызға осындай 
суреттер елестейтін. Бұл өлеңдегі ақынның лирикалық 
кейіпкері кеңес жауынгерлерінің ортақ сипатын, ерлік 
тұлғасын, моральдық бейнесін танытатын.
Уақыт өткен сайын жасаң тартып жаңғыра түсетін 
осынау жақсы өлеңін ақын мына жинағына тағы да 
енгізіпті және Айдар өзені жайында жазған «Көз алдыма 
келтіреді Арқаны» атты жаңа бір жырын қоса беріпті. 
Соңғы өлеңін ақын Украинаға кейінгі барған сапарында 
жазған. Мұнда ол Айдар өзеніне деген сағынышын, ыстық 
ықыласын тербейді, оны бүкіл украин жерінің жинақты 
бейнесінде алып жырламақ болады. Өлеңде «тас бұлақтың 
суындай» шынайы да мөлдір талай-талай сыр-сезім, жақсы 
жолдар бар. Бірақ тұтастай алғанда бұл өлең «Есімде Айдар 
өзенінен» тайыз соғып жатыр. Өзіне іштей жақын, сүйікті 
тақырыбына қайта оралған ақын жаңа бір леп сездірте 
бермейді. Бұл ретте ол өзгенің емес, өз биігінің көлеңкесінде 
қалыңқырап қойған сияқты.
Жұмағали Саин бұрын адамгершілікті, адалдық пен 
беріктікті уағыздайтын, «жауыз ойлап, жалған күлушілікті» 

141
бекерлейтін бас-аяғы жинақы афористік, нақылдық 
бірсыпыра өлең жазған-ды. Бірақ онда тұтастай сатиралық 
сарында жазылған шығармалар ұшыраса бермейтін. Ал 
ақынның мына жинағына оның осы тақырыпқа арналған 
біраз өлеңі («Таңқы мұрын қара қыз», «Біреу...» т.б.) еніпті. 
Рас, алғашқы өлеңде әлеуметтік терең астар жоқ. Онда 
сатиралық уыттан гөрі кекесін, келемеж сарыны басым. 
Ал екінші өлең ақынның сатирашылық қабілетін анық 
байқатады. Өлеңнің «Біреу...» деген атының өзі де жинақты 
ұғымды әрі бір жаттықты, бөтендікті сездіртеді. Мұнда 
ақын «осы өмірде жүрген талай біреулерді» – жағымпаздар 
мен жылмаңдарды, мансапқорлар  мен  аярларды  аяусыз 
мінейді, түптеп келгенде, олардың төркіні бір екендігін 
айтады. Өлеңнің аяқталымы да ұтымды тапқырлық 
танытады:
Біреу емес,
Мыңдар біздің досымыз.
Мыңдар үшін
Жасаймыз ғой осы біз.
Ж.Саинның поэзиясында лирикалық саз бен пафос, 
үгіттік  сарын араласа жүретіндігін жоғарыда атап көрсет-
кен едік. Оның соғыстан кейінгі жылдарда жазған «Ресей 
туралы сөз», «Орыс халқына», «Өлеңім менің» сияқты 
өлеңдері зор шабыт, ақындық үлкен пафостан туған 
шығармалар екендігі даусыз. Ал ақын осы жалынды пафосқа 
көтеріле алмаған шақта оның өлеңдерінің көркемдік қасиеті 
сұрғылт тартып, жадағайланып кететіндігі байқалады. 
«Мәселен, осы жинақтағы «Май жыры» атты көтеріңкі 
рухта жазылған өлеңде мынадай жолдар бар:
Күреспесең,
Өмір сыйын бере ме!
Айқаспасаң,
Жеңіс тегін келе ме!
Күшің аспай,
Шіркін еңбек өне ме!
Өнім қызбай,
Коммунизм жеңе ме!
Әрине, ұйқастары өзара үйлесіп тұрғанмен, мұнда шын 
өлеңге хас қасиет шамалы. Толқынусыз, терең сезінусіз 
туған мұндай салқын жолдар оқушыны сергіте де серпілте 
алмақ емес. Шығармашылық сапарының әр қырқасында 
ара-тұра төбе көрсетіп қалатын осындай кемшілікке ақын 

142
болашақта бой алдырмасқа тиіс. Жинақтың «Талпынған 
шақ» атты тарауына автор ертеректе, алғашқы кезеңде 
жазған кейбір өлеңдерін енгізіпті. Біздіңше, бұл жинақ 
таңдамалы болмағандықтан, оларды кіргізбеуге де болатын 
еді.
Кітаптың соңында ақынның қазір жазып жүрген 
«Азамат» атты ұзақ дастанының алғашқы екі тарауы бар. 
Ж.Саинның поэма жанрында да кенеулі шығармашылық 
тәжірибесі бары аян. «Күләнда» поэмасы оның эпиктік 
кең толғамын танытқан еді. Бірақ «Алтайда» ақын тая 
соғып, аласа тартып кетті. Сондықтан да оның мына соңғы 
поэмасындағы аяқ алысы ерекше назар аудармақ.
Шығарма оқиғасының шарықтау шегі поэманың 
бірінші тарауында баяндалады. Ал екінші  тарауда ақын 
кейіпкерінің балалық шағы жайында әңгімелейді. Оның 
бүкіл өмірлік, азаматтық жолы, іс-әрекеті поэманың келесі 
жазылмыш тарауларында бейнеленуге тиіс. Шығарманың 
қолда бар екі тарауы ақынның эпикалық кең өріске де, 
лирикалық сәттерге де, авторлық ой-толғаныстарға да 
меңзейтіндігін байқатады, оның тенденциясын да едәуір 
сездіреді. Ал ақынның бұл жәйттерді қаншалықты өсіріп, 
тереңдетіп әкете алмағын болашақ көрсетпек.
1959 ж.
ДОСТЫҚ  ЛЕБІЗ
Біздің кеңестік әдебиетіміз өзінің интернационалдық
гуманистік сипатын ондаған жылдар бойына, яғни 
шығармашылық сапарының ең алғашқы сәтінен бері 
жарқын да кең танытып келеді. Өйткені бұл оның өтпелі, 
жанама қасиеті емес. Керісінше, бұл сипат әдебиетіміздің 
шығармашылық табиғатынан, оның жаңашылдық 
тұрпатынан келіп туады. Мұны біздің әдебиетімізге 
пролетариаттың кемеңгер суреткері, ұлы гуманист Горький  
мен заманымыздың  аса талантты, таңдаулы ақыны 
Маяковский мирас етіп қалдырды. Бір мақсатты, көп ұлтты 
кеңес әдебиеті олардың осы дәстүрлерін дамытып, барған 
сайын молықтыра, тереңдете түсіп келеді. Жалпы алғанда 
біздің әдебиетімізді әділет пен гуманизмнің, халықтар 
достығының шабытты да жалынды жаршысы деп атау 
лайық.
Халықтардың достығы мен бауырластығының ұлы 
идеялары – кеңес әдебиетінің өрісті өзегі, үзілмес арқауы, 

143
сарқылмас қайнары. Үлкен әдебиетімізді бұл тақырыптан, 
яғни өзінің тамыр тартар тереңінен оқшау алып, бөле-
жарып қарауға еш болмайды. Мұнсыз ол идеялық тынысын 
тарылтып, әлеуметтік құнын әлсіретіп алар еді. Сондықтан 
да, бұл тақырыптың көркем әдебиетте өз шешімін 
қаншалықты дәрежеде және қалай тауып отырғандығы 
туралы мәселені талдап зерттеудің мәні ерекше.
Достық тақырыбы бүкіл кеңес әдебиетінде, оның 
ішінде жекелеген ұлт әдебиеттерінде де лайықты, үлкен 
орын алады. «Халықтар достығы сияқты тақырыпты алып 
қараңыз! – деп жазды Н.Тихонов.– Біздің қайталанбас 
уақытымыздың ұлы да тамаша жан тебірентер құбылысы 
ғой бұл! Халықтар достығы Отанымыздың азаттығы мен 
тәуелсіздігі үшін ұрыс далаларында күреспен шынығып, 
қанмен бекіді және мұның өзі туысқан халықтар 
әдебиетінде... тамаша бейнеленген». Халықтар достығы 
тақырыбы қазақ кеңес әдебиетінде дәстүрлік әрі сонылық 
сипат танытады. Өйткені, бір жағынан, оның тамыры өте 
әріде, тарих тереңінде жатыр. Бұл дәстүр өз бастауын 
Шоқан, Ыбырай және Абай шығармашылығынан алады. 
Туған халқын қараңғылық пен тағылықтан жарыққа
прогресс жолына бастаумен бірге олар халықтар 
достығының үміткер жаршылары да болды. Осы дәстүр 
әдебиетімізде әрдайым өркен жайып, өрбіп отырды.
Сондай-ақ, бұл тақырып қазақ кеңес әдебиетінде 
мейлінше жаңа, соны шешім тапты. Оның мазмұны да 
өлшеусіз тереңдеді, көркемдік аясы да кеңи, кемелдене 
түсті. Көптеген қазақ кеңес қаламгерлері халықтар достығы 
мен бауырластығының жарқын идеяларын өздерінің 
жекелеген шығармаларының ғана емес, сонымен бірге 
бүкіл шығармашылығының өрісті өзегі етті.
Өзгесін былай қойғанда, қазақ кеңес әдебиетінің 
кемелдену кезін, есею шағын танытқан, оның дүниежүзілік 
өріске шығуын белгілеген «Абай» эпопеясы, «Ботакөз», 
«Оянған өлке», «Қарағанды» романдары сияқты тамаша 
шығармалар да халықтар достығының нәрлі идеяларымен 
суарылған. Олардың халық арасына мейлінше мол 
таралуының негізгі бір сыры осында.
Поэзия  мен    драматургияның   кенеулі, кесек   туынды ла-
ры да осы қасиетті жақсы аңғартады. Халық поэзиясының 
алыбы Жамбыл мен оның талантты шәкірттерінің шығар-
машылығы, Ж.Саин,  X.Бекхожин,  X.Ерғалиев,  Ж. Мол -
да 
ғалиев және басқа да көптеген ақындардың өлең-
поэмалары, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, Ш.Хұсаиновтың қазіргі 

144
заман тақырыбына жазған пьесалары бұған анық мысал 
бола алады.
Сөйтіп, қазақ ақын, жазушылары өздерінің шығарма-
шылығында халықтар достығы тақырыбын барған сайын 
жіті де жете игеруде. Сонымен бірге Қазақстан туралы 
тақырып та басқа ұлт әдебиеттерінде көрнекті орын алып 
келе жатқандығын атап айту мәлім. Бұл ретте украин 
жазушысы О.Десняктің «Торғай сұңқары» романын, 
молдаван ақыны Ирина Ставскаяның «Жыр сарайы» 
поэмасын, грузин ақыны Иосиф Нонешвилидің «Қазақстан 
жерінде» атты кітабын, беларусь ақыны Максим Танктың 
«Абайдың туған елінде», орыс ақындары Е.Долматовскийдің 
«Қазақстан», В.Луговскойдың «Шевченко Арал теңізінде» 
деген шығармаларын, қырғыз ақыны Аалы Тоқамбаев 
пен өзбек ақыны Ғафур Ғұламның өлеңдерін атаудың өзі 
жеткілікті.
Бұл айтылғандар достық идеясы халықтарды ғана 
бауырластырып қоймай, сонымен бірге әдебиеттерді де 
өзара жақындастыратын, оларды нәрлендіре, молықтыра 
түсетіндігін анық байқатады.
Халықтар достығы тақырыбын қазақ кеңес әдебиеті өз 
дамуының  әр  кезеңінде-ақ қозғап отырды. Ұлы Отан соғы-
сы жылдарындағы әдебиетте ол өзінің шырқау шегіне жетті. 
Өмір мен өлім белдесіп, Отан басына қатер төнген шақта 
кеңес халықтарының берік ұжымдасып зұлым жауға қарсы 
аттануы, олардың жауынгерлік және рухани тұтастығы, 
құрсанған ыза-кегі әдебиетте де қуатты, құдіретті сарын 
туғызды. Қазақтың көптеген ақын, жазушылары еліміздің 
тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы қасиетті де айбынды 
айқасқа тікелей араласты. Сөйтіп, олар ерлік пен достық 
дастанын тек қаламмен ғана емес, қарумен де жазысты. 
Достық тақырыбы соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінде 
де кеңи, өрістей түсті. Бұл игі тақырыпқа тікелей де 
тұтастай арналған көптеген шығармалар туды. Бірақ 
көлемі шағын мақалада солардың бәріне талдау жасау 
мүмкін емес. Сондықтан біз белгілі бір кезеңде, яғни 
Қазақстан кеңес жазушыларының үшінші съезінен бергі 
жылдарда туған поэзиялық және прозалық шығармаларда 
халықтар достығы тақырыбы қалай бейнеленгендігі 
туралы мәселеге ғана тоқталуды мақсат етеміз. Біздің 
ақын, жазушыларымыз достық тақырыбына материалды 
дерексіз болмыстан, құр қиялдан іздемейді. Оларға 
мұны өмірдің, шындықтың өзі ұсынады. Бұған мысалды 
революцияға дейінгі Сахара тіршілігінен де мейлінше мол 

145
табуға болады. Атақты «Дударай» әнін шығарған орыс қызы 
Мәрия Егоровна Рекинаның қазақ жігіті Дүйсенге деген 
сүйіспендік тағдырына байланысты тамаша аңызды кім 
білмейді! Мәриям мен Дүйсеннің тағдыры орыс және қазақ 
халықтарының арасында сонау бір қытымыр заманның 
өзінде-ақ туып қалыптасқан адал достық пен мейірімді 
махаббаттың символындай сезіледі.
Ақын X.Бекхожин осы тақырыпқа арнап «Мәриям 
Жагор қызы» атты ұзақ поэма жазған еді. Бірақ поэманың 
алғашқы нұсқасында елеулі ақаулар бар-ды. Ақын көбінесе 
екі жастың сүйіспендік тағдырын ғана жалаң суреттеп, 
достық тақырыбының өрісін тарылтып алған болатын. Ал 
кейін осы тақырыпқа қайта оралғанда ақын шығармасын 
бұл ақаудан арылтқан. Ол поэманың оқиғалық өрбуін, 
тартыс желісін жаңаша құрып, көптеген тарауларды 
қайтадан жазып шыққан. Бұл оның достық тақырыбын тек 
екі жастың махаббаты шеңберінде ғана қалдырып қоймай, 
кең әлеуметтік тұрғыдан қарап жырлауына мүмкіндік 
берген.
Поэмада Дүйсеннің әкесі Үкен мен Мәриямның әке сі 
Жагордың арасындағы достық та жылы, нанымды сурет-
телген. Бұл достық тұрмыс мүдделерінің ортақтығынан, 
тіршілік талабынан келіп туған. Бірақ олар сол достықты 
әлеуметтік теңсіздіктерге қарсы күрес құралы ету 
дәрежесіне жетпеген. Бұл, әрине автордың тарихи 
шындықтан шығандап кетпей, онымен орайласып, қоян-
қолтық келіп отырғанын көрсетеді. Ал Алексей, Тимофей, 
Дүйсен, Базар, Мариямдардың достығы бұдан әлдеқайда 
әлуетті де берік. Достық пен махаббат еркіндігін қорғай 
отырып, олар ескі әдет-ғұрыптарға, діни нанымдарға және 
әлеуметтік теңсіздіктерге де қарсы шығады.
Дүйсеннің мешітке келіп хазіретпен және Ыдырыс 
болыспен айтысқан мына бір диалогтарында көп мән бар!
Дүйсен
Басқаны Мәриямдай сүйе алмаймын,
Бұйрығы емес пе екен бұл құдайдың?
Хазірет
Құдайдың әмірі емес, өзің аздың,
Ғұрыпты бұздың ескі – дінге жаздың.

146
Ыдырыс
Малғұла!
Мұнда сірә иман бар ма?
Ақ жүрек әзәзілге апарар ма?
Дүйсен
Әмірші құдай болса, қайда күнәм?
Сүйдірді орыс қызын өзі маған!
Дүйсен махаббатқа деген осы адалдығын, қытымыр 
заманның құрсау ғұрпына бас имес беріктігін кесек іс-
әрекетімен де танытады.
Ақын жастар махаббатын, халықтар достығын мадақтап 
жырлаумен бірге сол достықтың кеселді жауларын, 
олардың зұлымдық әрекеттерінің кесапаты ауыртпалығын 
да шынайы суреттейді. Қасарысқан бетінен қайтпайтын 
қатал болыс Ыдырыс, арамза хазірет, ақымақ та адуын 
урядник Андрей бейнелері бұған айқын мысал болып 
табылады.
«Мәриям Жагор қызы» поэмасында жастар махаббаты 
мен халықтар достығы туралы тақырыптар өзара жай ғана 
ұласып қоймаған. Ақын соларға әлеуметтік терең астар 
бере білген. Поэмадағы негізгі тартыс желісінің махаббат 
еркіндігі мен достық жолындағы жастар күресін баяндауға 
құрылып, ақыр аяғында 1916 жылдың  дауылды  оқиғаларына 
ойысуы осыны көрсетеді. Поэманың эпилогында ақын 
астанада болып, кеудесіне орден қадаған, халықтың ыстық 
ықыласына бөленген кейіпкерінің сезім-сырларын шерте 
келіп былайша түйеді:
Тербетіп алдындағы гүл жастарын,
Шақырды Дударайдың сырластарын.
Шақырды қосылуға бастады өзі
Достықтың шертілмеген бір дастанын…
Ақын достықтың осы дастанын, яғни Мәриям мен 
Дүйсеннің өмірін, сүйіспендік тағдырын, екі халықтың 
қасиетті достығын келісті де көркем поэзия тіліне түсіре 
алған.
Көркем әдебиетте халықтар достығын бейнелеудің 
шығармашылық тәсіл-амалдары сан алуан. Егер проза 
бұл тақырыпты сюжетті шығармалар, тұлғалы образдар 
арқылы бейнелесе, ал поэзия мұнымен қоса терең сезімге, 
жалынды пафосқа құрылған лирикалық отты, уытты 
өлеңдер арқылы да достық идеяларын жырлай алады. 

147
Сондай-ақ ақындарымыздың соңғы кезде көбірек әрі 
жемісті қолданып жүрген тәсілдерінің бірі–туысқан 
халықтардың өмірін немесе олардың жекелеген ардагер 
ұлдарының тағдырын суреттеуге тұтас шығармалар 
арнау. Ақындар Ж.Молдағалиевтың «Жыр туралы жыр», 
X.Ерғалиевтің «Оралдағы отты түн» поэмалары дәл осындай 
шығармалардың қатарына жатады. Ж. Молдағалиев өз 
поэмасын татар халқының атақты ақыны, батыр ұлы Мұса 
Жәлелге арнаған. Фашистердің түнек түрмесінде небір 
ауыр ғазаптарды бастан кешіріп, аранын ашқан ажалдан 
қаймықпаған, ер өлімімен дүние салған патриот-ақынның 
тамаша  өмірі мен трагедиялы ерлік тағдыры тіпті тек аңыз-
ға ғана сыйымды тәрізді. Бірақ бұл– аңыз емес, қиял мен 
ертегіге бергісіз шындық. Поэмада осы шындықтың жанды 
да көркем суреттері бар.
Автор Мұсаның өмірін бастан-аяқ баяндап жатпайды. 
Бұл шығарманың көркемдік міндетіне кірмейді де. Сөйтсе 
де, ақын лирикалық шегіністер, еске алулар арқылы 
кейіпкерінің өмірлік жолының әр кезеңінен жарқын-
жарқын елестер беріп тастайды.
Поэма ақынның өлмес жыр туралы авторлық 
тебіреністерімен басталады. Бұдан әрі ол оқиға желісін кілт 
үзеді де, кейіпкерінің жау тұтқынындағы ауыр да аянышты 
халіне ауысады. Фашистер қанды шеңгелін қаншама қатты 
батырғанмен, қаншама алдау-арбау жасағанмен, Мұса 
илікпейді, сынбайды. Қайта ол зұлмат сұмдықты көрген 
сайын шымырай шынығып, кектене түседі. Мұны ақын 
былайша суреттейді:
Қанша арып, қанша жүдесін
Михнат, ыза, күйіктен,
Тік ұстап дембел денесін,
Қарайды жауға биіктен.
Жайнаған өткір көзінде
Қарашық емес, от сынды.
От емес, осы кезінде
Өңменнен өтер оқ сынды.
Бұл жолдарды оқығанда «қабырғасын сөксе де 
қайыспайтын» жалын жанарлы ер бейнесі келеді көз 
алдыңа. Мұсаның өз атынан айтылатын сөздер де оның осы 
тұлғасын айқындай түседі. Біресе қорқытып, бірде арбап 
өз дегеніне көндірмек болған фашист жандармға Мұса 
былайша жауап қайтарады:

148
– Қару берсең – сазайың,
Қалмаспын енді қапыда.
Қалам берсең – жазайын
Басыңа эпитафия.
…Жаным жоқ менің бұл жерде,
Халқымда қалды ол менің.
Өлмейді халық өмірде,
Ендеше мен де өлмеймін!
Міне, осы сөздерден қаншалықты қайсар қайраттылық, 
рухани батырлық, өлімге де бас имейтін өршілдік сезіледі. 
Жалпы   алғанда  поэма  ақын өлімін баяндағанмен, ол өлместік 
рухына толы. Осы тұрғыдан қарағанда Ж.Мол  да ға  лиевтің 
поэмасы атақты ақынымыз марқұм Қ.Аманжоловтың 
«Ақын өлімі туралы аңызын» еске түсіреді. Сонымен бірге 
олардың өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары да 
мол. Егер Қ.Аманжолов дастанында көтеріңкі лептілік, 
романтикалық саз басым болса, ал Ж.Молдағалиев әр-
дайым-ақ реалистік мәнерден ауытқымай, айнымай отыра-
ды.
Поэманың аяқталымы да оптимистік сипат танытады. 
Мұсаның өзі жоқ болғанмен, оның жырлары халық 
жүрегінде сақталатынын, ешқашан да ескірмейтінін автор 
бейнелі түрде былайша түйеді:
Бөленді ақын жырлары
Отанның ыстық деміне.
Қартайтып қатал жылдарды,
Қартаймай қайтты еліне.
Ж.Молдағалиевтің халықтар достығы идеясын зор 
пафоспен жырлаған, татардың патриот-ақынының өр 
тұлғасын жасаған бұл поэмасы поэзиямыздың елеулі 
шығармаларының қатарына қосылады.
Ақын X.Ерғалиевтің «Оралдағы отты түн» поэмасы 
Азамат соғысы тақырыбына, оның даңқты батыры 
Чапаевтың  ерлік  тұлғасын суреттеуге арналған. X.Ерғалиев 
үнемі дерлік қазіргі заман тақырыбына жазған еді және 
өзінің ақындық қуатын осы салада жақсы танытқан 
болатын. Ал енді тарихи революциялық тақырыпқа баруы 
ол үшін жауапты сын еді. X.Ерғалиев осы сыннан мүдірмей 
өтті, өзінің уақыт рухын сезінгіш сергек суреткер екендігін 
танытты.
Азамат соғысының ауыр жылдарының сұсты да суық 
бейнесін, ақ бандалардың қазақ Сахарасына салған астан-

149
кестен бүлігін ақын поэманың бас жағында мынадай 
шумақтармен елестетеді:
Қарасаң жолда қай елді –
Шашылған ұн мен тұз, етік...
Адмирал атқан әйелді
Қарғалар отыр күзетіп.
Қарасаң суға –
иінде
Бәлкім бір жігіт, бәлкім жар,
Ұйықтаған мәңгі күйінде
Көтеріп шықты толқындар.
Қарасаң тағы бір бойлап,
Баласы жарғақ құндақта,
Барады қашып борбайлап,
Түйелі қазақ құм жаққа.
X.Ерғалиев ойды бейнелеп айтуға, сурет-көрініс жасауға 
шебер. Ол осы қасиетін тіпті авторлық баяндауларында да 
мол сездіреді. Көлемі шағын поэмада алған тақырыбын 
игере алуы, сол бір отты кезеңнің тынысын, пафосын бере 
білуі оның осы суреткерлік алғырлығына байланысты. 
Поэманың негізгі кейіпкері – Чапаев. Шығарманың 
көлеміне, шама-шарқына орай автор кейіпкері өмірінің бір 
ғана кезеңін, яғни оның Жайық бойындағы қазақтарды, 
Орал қаласын ақ бандалардан азат ету жолындағы 
күресін суреттейді. Ақын Чапаевты тек қолбасшы 
ретінде ғана бейнелеп қоймай, оның адамдық тұлғасын, 
рухани келбетін де көрсете алған. Бір ғана мысал келтіріп 
қаралық. Чапаевтың   өздері  азат  еткен  қазақ аулында 
болып жалынды сөз сөйлегенін және солардың ең жақын 
адамындай мейір танытқанын баяндай келіп, ақын мына бір 
жайды аңдатады:
Аттанар кезде өткір ұл
Башлығын киді батырдың.
Чапаев айтты:
– Боқмұрын,
Білемісің сенде жатыр кім?
Болмайсың буржуй атшысы,
Жалпақ бас толар ақылға
Губкомның, бәлкім, хатшысы,
Әлде, бір тентек ақын ба?!

150
Ақтаңдақ ауыл сыртында
Арқадан қағып қалдырды;
Күлкісі кетті мұртында,
Арттағы көзді талдырды.
Міне, бұл жолдарды мейірлене, сүйсіне оқисың. Өйткені 
мұнда ақын Чапаевтың адамға деген жылы ықыласын, 
болашаққа сенген жарқын үмітін де және оны іш тартып
қимай шығарып салған көптің суретін де жеткізіп бере 
білген.
X.Ерғалиевтің бұл поэмасы қазақ кеңес поэзиясының 
орыс және қазақ халықтарының Азамат соғысының 
дауылды жылдарындағы бірлескен патриоттық күресін 
бейнелеудегі, даңқты батыр Чапаевтың өр тұлғасын 
жасаудағы сәтті қадамы болып табылады. Поэзиямыздың 
соңғы жылдардағы сүйекті шығармаларының бірі – ақын 
Д.Әбілевтің «Таудағы ту» романы. Кезінде жұртшылықтың 
әділ сынына ұшыраған, көркемдік жағынан әлсіз «Алтай 
жүрегінің» материалын пайдалана отырып, автор негізінен 
тың, соны шығарма тудырған. «Таудағы ту» – кенді Алтай 
туралы, ондағы адамдар туралы және солардың өмірі мен 
достығы туралы шығарма. Алтай – ақынның талай жылдар 
бойына көп көңіл бөліп, мол ізденіп жүрген тақырыбы. 
Бұл романында ол   революцияның   дауылды    күн де рін-
де    шетелдік капиталистер қиратып кеткен кен ді Ал тай   -
дың қалпына келтіріліп, қатарға қосылғанын баян 
дай-
ды. Қиындыққа, жоқшылыққа, жаулардың зиянкестік 
әрекеттеріне қарамастан үлкен патриоттық қимыл 
жасаған орыс, қазақ жұмысшыларының өмірі, олардың 
өзара татаусыз достығы романда кеңінен суреттелген. 
Шығарманың бүкіл өн бойына, оқиға желісіне мол 
араласып, аршынды әрекет жасап жүретін парторг 
Деев, инженер Горин, жұмысшы әйел Зейнеп, қарт 
шахтер Тата бейнелері осыны аңғартады. Осылардың 
ішінде Деев әсіресе ерекше көрінеді. Автор оны шебер 
ұйымдастырушы, іскер де табанды адам ретінде бейнелеуге 
тырысқан. Ол  көп жағдайда осы нысанасына жеткен де. 
«Таудағы ту» романындағы ерекше назар аударарлық 
бір жәйт – автордың кемеңгер көсем Лениннің бейнесін 
жасауға талаптануы. Автордың басқа бір үлкен ақындарға 
еліктей ұқсап кеткен сәттері аракідік сезіліп қалып 
отырса да, шығарманың «Ленин қайтыс болғанда» атты 
тарауы мол ықыласпен оқылады. Ленин ісінің өлмейтін 
өміршеңдігін, оның жарқын идеяларының кемімес қуат-

151
күшін ақын тебірене толғайды. Сонымен бірге осы тұста 
мынадай бір жәйді атап айту ләзім. Романның алғашқы 
нұсқасында «Кремльде» атты бөлім бар еді. Мұнда Алтай 
жұмысшылары делегациясының Москваға келуі, оларды 
Лениннің қабылдауы және Лениннің оларға жасаған 
қамқорлығы жайында баяндалатын. Данышпан көсемнің 
ұлылығын, қарапайымдығын көңілге қонымды эпизодтар, 
тартымды штрихтар арқылы жылы суреттейтін бұл 
бөлімде автордың шұрайлы ойлары мен ыстық сезімдері 
де мол ұшырасатын. «Таудағы туда» ақын осы бөлімді 
алып тастаған. Жұмысшылар делегациясының Ленинде 
қабылдауда болғаны тек жекелеген кейіпкерлердің 
сөздерінен, репликаларынан ғана білінеді. Бұлай ету 
арқылы ақын, әрине, тек қана ұтқызған.
Жас ақын Ғ.Қайырбековтың «Дала қоңырауы» атты 
көлемді поэмасы жұртшылық назарын мол аударды. Ол 
жайында айтылған пікірлер де әралуан. Тұтастай алғанда 
поэмада сол кездегі Сахара шындығының көп сырлары, 
ұлы ағартушы Ыбырайдың өз мұрат-мақсаттарын орындау 
жолындағы толассыз тартысының сан-сан қырлары 
шынайы қалыпта мүсінделген. Онда буырқанған ақындық 
қуат  пен  алғыр  шабыт  сездіретін   шумақтар да аз емес. 
Бірақ осы шығармада достық тақырыбы, яғни Ыбырайдың өз 
достарымен – алдыңғы қатарлы орыс адамдарымен қарым-
қатынастары әлеуметтік кең тұрғыда алып бейнеленбеген. 
Ал өзге біреу емес, дәл Ыбырай жайында жазылған көлемді 
шығармада мұндай үлкен тақырып қағажу қалмай, өз 
орнын алуға, лайықты көркемдік шешімін табуға тиіс еді. 
Қазақ кеңес ақындары достық тақырыбына арнап келелі 
дастандармен бірге көптеген лирикалық шағын өлеңдер 
де жазды. Солардың ішінен Т.Жароковтың қырғыз 
тақырыбына арнаған өлеңдері мен С.Мәуленовтың «Баку 
жырларын» ерекше атауға болады. Т.Жароковтың «Жыр 
сапары», «Қырғыз – менің өз елім», «Сүттен тамған дән», 
«Қырғыз ақыны Темірқұлға» атты өлеңдерінде татаусыз 
достық, қимас бауырластық сезімдері мол. Қазақ ақыны 
қырғыз елін өзінің туған халқындай ыстық көріп, емірене 
жырлайды:
Туыстармен сәлемдесіп, қол ала,
Көрейін деп келдім бірер қонаға.
Мейман емен, қырғыз – менің өз елім,
Өз еліне кісі мейман бола ма?
Ақын қырғыз жырласа, әр сөзінің

152
Ырғақтары секілді бір өз үнім!
Домбыраның шанағындай күй толы
Қырғыз үйі – бейне менің өз үйім.
Тауларының жанар тіксем жүзіне –
Біздің таудың деп қалам нақ өзі ме?
Күлімдеген қыздарының көзі де
Ұқсап-ақ тұр біздің қыздар көзіне...
Бұл өлеңнен әркім де өз ойын, сыр-сезімін табады. 
Мұнда сылдыр суырылу, жадағай жарқылдақтық жоқ. 
Көбінесе көтеріңкі рухта, асқақтай отырып жазатын ақын 
бұл өлеңдерінде достық тақырыбын нәзік тебіреніспен 
соншалықты жылы жырлай білген.
С.Мәуленовтың «Баку жырларында» да осындай 
ұнамды қасиеттер мол. Әзірбайжан елінде көрген достық 
ықылас пен алған әсерлерін ақын шабыттана жырлайды. 
Бүкіл халық атынан айтар жалынды сәлемін және өзінің де 
ынтыққан сезімдерін, кірбеңсіз көңіл-күйлерін шынайы да 
шымыр өлең жолдарына құя келіп, ақын былай түйеді:
Сәлем, Баку ұл-қызы,
Өлеңде жоқ шекара...
Сәлем, Каспий теңізі
Толқындары көкала.
Ән салғанда тауда су,
Күй шертеді даласы.
Сәлем саған, жан Баку,
Ақындардың қаласы.
С.Мәуленовтың «Баку жырларының» ішінде оның 
Әзірбайжанның атақты ақыны Самед Вургун туралы 
өлеңдері әсіресе әсерлі. Оларды оқығанда туған елін, 
жер-мекенін емірене сүйе де, тебірене жырлай да білген, 
мезгілсіз өткен үлкен ақынның тұлғасы елестейді көз 
алдыңа.
Сырбай Мәуленов достық тақырыбына арнап «Орыс 
даңқы» атты шағын дастан да жазды. Бұл дастан оның 
«Жаз ерке» деген соңғы жинағына енген. Орыстың ұлы 
металлургы Аносов туралы осы поэмасында С.Мәуленов 
жоғарыда  аталған   өлеңдеріне тән ақындық қуат сездір-
мейді. Поэмада оның басты кейіпкерінің көркем бейнесі 
жоқ.
Осы орайда поэзиямыздың достық тақырыбын шешудегі 
бір кемшілігін атай кеткен жөн. Кейбір ақындардың 

153
шығармаларында басқа халықтардың өкілдері жанды әдеби 
тұлғалар ретінде көрінбей, тек сол достық идеясының 
құр сүлдері сияқты болып қана жүреді. Мысалы, 
I.Есенберлиннің «Большевик туралы поэмасындағы» 
Иван, Назар тәрізді кейіпкерлердің күйі осындай. Мұндай 
кемшіліктер ақындарымыздың сол суреттеп отырған 
кейіпкерлерінің ұлттық характерін, өзіндік сыр-сипатын 
терең танып-білмеуіне және ақындық шеберліктің 
жетіспеуіне байланысты келіп туады. Бірақ бұл сияқты 
кемшіліктер поэзиямыздың тұтастай алғанда халықтар 
достығы тақырыбын барынша мол жырлап отырғандығын 
бекерге шығармақ емес.
Соңғы жылдарда көркем проза қазақ кеңес әдебиетінің 
ең жетекші, басты жанрына айналғаны әркімге-ақ аян.
Ол осы өскелеңдігін, құлашының кеңдігін өзінің 
тақырыптық қамтуының молдығы мен кеңдігі арқылы да 
анық аңғартады.
Қазақ кеңес прозасының үлкен шығармаларының қай-
қайсысы болмасын өздерінің бүкіл рухымен және көптеген 
кесек образдарымен халықтар достығы идеяларын 
толассыз бейнелеп келеді. Бұл ретте де біздің ауызға ең 
алдымен аларымыз – М.Әуезовтің Абай туралы эпопеясы.
Эпопеяның алғашқы кітаптарында Абайдың орыс 
мәдениетімен, орыс достарымен идеялық және рухани 
жақындығын жазушының мейірлене, сүйсіне отырып 
суреттейтіндігі, орыс адамдарының көптеген жарқын 
бейнелерін жасағандығы баршаға мәлім. Бірақ біз оларға 
талдау беріп жатпаймыз, тек өткен съезден бергі кезеңде 
басылып шыққан «Абай жолы» романының екінші кітабына 
ғана тоқталамыз.
Қазақ және орыс халықтарының достығы туралы 
тақырып эпопеяның соңғы кітабында да нанымды, лайықты 
шешім тапқан. Бұл достықтың айқын көрінісін Абай мен 
Павловтың арасындағы қарым-қатынастардан ғана емес, 
сонымен қатар орыс, қазақ жұмысшыларының мақсат-
мүдделерінің ортақтығынан, олардың өктемдік дүниесіне 
қарсы тайталас-тартыстарының бірегейлігінен де айқын 
сеземіз.
«Абай жолы» романының екінші кітабында суреттелген 
орыс кейіпкерлерінің ішіндегі ең негізгі де тұлғалы бейне– 
ақынның досы Павлов. Романның алғашқы кітабында 
Павлов көбінесе өзінің жақсы ой-тілектерімен, Абайға 
және оның халқына деген ықылас-сезімдерімен көрінетін. 
Ал әрекет-қимыл оның бойында тапшы болатын. Соңғы 

154
кітапта Павлов бұдан әлдеқайда биіктей түскен. Оқушы 
енді Павловты Абайдың ғана емес, сонымен бірге оның 
жылаулар болған халқының да қалтқысыз досы, жанашыр 
жақыны ретінде қабылдайды. Халық дертті апатқа душар 
болған қысылшаң шақта Павлов өзінің осы қасиетін, 
гуманизмін әсіресе анық танытады.
Даланы тұмшалаған дүлей қараңғылық пен қара 
күштерден зәбір шегіп шалдыққанда, сұм тағдырдан 
соққы көріп қасірет-шерге батып налығанда Абайға 
достық қолын ең алдымен ұсынатын, рухани қолдау 
жасайтындардың бірі де осы Павлов. Ол Абайды ішкі 
Ресейде, орыстың қоғамдық ойының тарихында болып 
жатқан өзгерістермен таныстырып отырады және оны 
заман рухын дұрыс сезінуге меңзейді. Павловпен кездесіп 
пікірлескен сайын Абайдың ой көзі аршылып, жан сарайы 
ашыла түсіп отырады. Шығарманың оптимистік пафосын 
танытатын және Абайдың жарқын болашаққа деген нұрлы 
сенімін аңдататын мұндай эпизодтардың Павлов есімімен 
байланыстырыла берілуі, әрине, тегін емес. Бұл арқылы 
автор Павлов образында бейнеленген орыс күрескерлерінің 
Абайға тигізген идеялық әсерін айқын аңдатады.
Бірақ романда бейнеленген басқа орыс адамдары 
жайында мұндай пікірлер айту қиын. Эпопеяның алғашқы 
кітаптарында жазушы екі түрлі Ресейдің бейнесін 
бергенін зерттеушілер атап көрсеткен болатын. Расында 
да, олардан орыс және қазақ халықтарына бірдей ортақ 
қамқоршы, үлкен жүректі нағыз орыс адамдарының 
да, өзгені қойып, өз елін де арзанға айырбастап кететін, 
екіжүзді әрі қорқау құлықты шенеуніктердің, әкімшілік 
өкілдерінің де шынайы бейнелерін мол ұшырататынбыз. Ал 
соңғы кітапта осы желі біраз босаңсып кеткен. Яғни онда  
Павловқа   қарама-қарсы   тұрғыда       алынған    және оған 
па ра-пар келетін кесек тұлға жоқ. Әрине, бұл ұлан-ғайыр 
эпо 
пея 
ның идеялық зор тынысын, ғажайып көркемдік 
қуатын әлсіретпек емес. М.Әуезов – басқа халықтардың 
өкілдерін олардың ұлттық айқын болмысымен, өзіндік 
ерекшеліктерімен, психологиялық шындықтарымен 
реалистік сазда бейнелеуге мейлінше ұста. Бұл ретте одан 
кексе суреткерлеріміз де, әсіресе жас жазушыларымыз көп 
нәрсе үйрене алар еді. Егер М.Әуезов эпопеясынан қазақ 
және орыс халықтарының өткен замандарда-ақ қалыптаса 
бастаған қасиетті достығының тарихи тамырларын танысақ, 
ал жас жазушы Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романынан 
сол достық кеңес шындығы жағдайында шыңдала түскенін, 
құдіретті күшке айналғанын көреміз. Т.Ахтанов өзінің 

155
романында Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде 
Москва түбінде болған қаһарлы да қатерлі шайқастардың 
шынайы суретін береді, кеңес жауынгерлерінің 
кескілескен сайыста ерлік жеңістерге жеткенін көрсетеді 
және сол жеңіс біздің халықтарымыздың айнымас достығы 
мен терең патриотизмінің жемісі екендігін бейнелі түрде 
аңдатады.
Жазушының кейбір соқталы образдарды мүсіндеуде 
осындай шеберліктен, суреткерлік алғырлықтан жаза 
басып, тая соғатын сәттері де бар. Мәселен, дивизия 
командирі Панферовтың образы жайында осыны айтуға 
болады. Бұл образға прототип етіп жазушының атақты 
генерал Панфиловтың бейнесін алғаны байқалады. Бірақ 
романда ол өзінің шындықта болған биік тұлғасына лайық 
бейнеленбеген. Жазушы кейіпкерінің кішіпейілдігін, 
адамгершілік қасиеттерін кейбір шынайы эпизодтар 
арқылы  жылы суреттегенмен, оның асқан қолбасы ретін-
дегі зор тұлғасын жеріне жеткізе мүсіндей алмаған. 
Романның осы кемшілігі жайында кезінде біз айтқан едік. 
Кейін сол кемшілікті Москва сыншылары да атап көрсетті.
Біздіңше, қазақ жазушылары жасаған әскери 
беллетристиканың ішінде генерал Панфиловтың обра-
зын бар  алып  тұлғасымен  жанды күйде бейнелеген 
шығар малар– Бауыржан Момышұлының повестері мен 
күнделіктері. Генерал Панфиловпен майданның талай от-
жалынын бірге кешкендігі және өзінің де қолбасы ретінде 
әскери өмірді жақсы білетіндігі бұл ретте оған көп септігін 
тигізген.
Қазақ кеңес прозасына соңғы кезде қосылған көлемді 
шығармалардың бірі — X.Есенжановтың «Ақ Жайық» 
романы. Жазушы көп ізденіп, өмірлік тәжірибе мен 
суреткерлік байқауларға молыға келіп, бірден кесек 
шығарма берді. Бұл романда Октябрь революциясынан 
кейінгі алғашқы жылдарда Орал қаласында, Жайық бойын 
жайлаған елдерде болған қиян-қилы оқиғалар баяндалады. 
Жазушы басқа көптеген күрделі тақырыптармен бірге 
халықтар достығы тақырыбына да мол назар аударады.
Орал қаласында тұңғыш совдеп құрған Әбдірахман 
Әйтиев, Дмитриев, Червяков сияқты коммунистердің 
халықты азаттық жолындағы күреске үндеген 
революциялық қызметі де, олардың талай сыннан өткен 
өзара достығы да романда нанымды бейнеленген. Жазушы 
қазақ, орыс, татар халықтарының арман-мүдделерінің 
бірегейлігін, достық ықыласын солардың қарапайым 

156
өкілдерінің бейнелері арқылы да, көпшілік тұтас көрінетін 
реалистік эпизодтар арқылы да суреттей алған. Тақырып 
жағынан осы «Ақ Жайық» романымен  орайлас шығарманың 
бірі – З.Шашкиннің «Ұядан ұшқанда» атты повесі. Онда 
өрбитін оқиғалар негізінен алғанда Жетісу өлкесінде кеңес 
өкіметі орнап, жаңа өмірдің таңы атқан кезеңді қамтиды. 
Сондай-ақ, лирикалық шегіністер арқылы жазушы 1916 
жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың көріністерін де елестете 
кетеді. Жалпы алғанда, автор сол бір қысылшаң кезеңнің 
алуан түрлі әрі күрделі оқиғаларға толы сипаттарын, уақыт 
рухын аңдата алған.
1916 жылғы көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Синь-
цзянға өтіп кеткен қазақтар кеңес өкіметі орнағаннан соң 
Жетісуға қайтып келеді. Олардың мұндағы жерлеріне бай 
қазақтар орналасып алған. Кеңес өкіметінің жаулары–
контрреволюционерлер, ұлтшылдар, дін иелері осы 
ұрымтал жағдайды әккілікпен пайдаланады. Олар қазақ 
және орыс халықтарының арасына араздық отын тастайды. 
Өздерінің бұл арамза ниеттерін іске асыру жолында олар 
Орта Азиядағы керітартпалық күштермен де астыртын 
байланыс жасайды. Олардың бұл лаңына Сақа және ол 
бастаған басқа да коммунистер халықтың достығы мен 
күресін қарама-қарсы қояды. Жазушы осы күрес, тайталас-
тартыс үстінде шыңдалып шыныққан достықты суреттейді. 
Өздерінің шығармаларында халықтар достығы идеяларын 
бейнелеу, басқа ұлт адамдары өкілдерінің образдарын 
жасау проблемасына біздің ақын, жазушыларымыз көптен 
назар аударып келеді. Бұл қазір игі дәстүрге айналды. Рас, 
басқа халықтардың өкілдерін жанды кейіпкерлер ретінде 
бейнелемей, оларды шартты түрде, схемалық қалыпта 
мүсіндеген   шығармалар  да болды. Ал қазір біздің әдебиетіміз 
осы олқылықтан батыл арылып келеді. Мұны жоғарыда 
талдаған және бұл шолуға енбеген басқа да көптеген 
шығармалардан анық көреміз. Әдебиетімізде өрістеп, терең 
беки бастаған осы өнімді принципті жас жазушылар да 
бекем ұстанады. Жас жазушы З.Қабдоловтың жұртшылық 
жылы қабыл алған «Өмір ұшқыны» повесіндегі Тайман, 
Надя, Саша образдары осыны көрсетеді. Бұл повестен 
адал достықтың, таза махаббаттың, жалынды да жайдары 
жастықтың лебі еседі.
Соңғы жылдарда Қазақстанда алуан-асыр өзгерістер 
болды. Ғасырлар бойы тусырап жатқан тың дала ен 
байлықтың,     достық    пен  жемісті  еңбектің  мекеніне   айнал-
ды. Бұл қаламгерлеріміздің достық тақырыбын бұрынғыдан 

157
да кең бейнелеуіне, өнімді шешуіне мүмкіндік бермек. 
Бірақ осы тақырыпқа арналған шын мәнісіндегі реалистік 
тұлғалы шығармалар  әзір туған жоқ. Бұл тақырыпты қайта 
прозаның  шағын түрлері, әсіресе көркем очерктер тәп-
тәуір көтерді. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Т.Нұртазиннің 
және  М.Иманжановтың очерктері бұған анық мысал бола 
алады. М.Әуезовтің «Түркістан солай туған» деген көлемді 
очеркін оқып шыққанда қақаған қарлы боранға және басқа 
да сансыз қиындықтарға қарамай жаңа совхоз орнатқан, 
құлазыған далаға жан берген еңбеккер жандардың 
тегеурінді қимылын, достық рухын айқын сезесің. Көз 
алдыңнан тағдырлары әртүрлі, бірақ тілек-мақсаттары бір 
әралуан ұлт өкілдерінің жанды бейнелері өтеді. Солардың 
ішінде оқшау танылатыны — совхоз директоры Строгов. 
Ол білгір басқарушы, шебер ұйымдастырушы ретінде 
көрінеді. Строгов — алғыр ақылдың, белсенді әрекеттің 
адамы. Жаңа совхоздың іргесін қалау жолындағы ұлан-
асыр қиындықтардан ол тайсалмайды, қайта ол шыңдалып 
ширыға түседі. Строговтың бойындағы гуманизмді оның 
бай рухани дүниесін, абзал ой-сезімдерін де жазушы 
әсерлі бейнелей алған. Осының бәрі Строговты іші-
тысымен тұтас көрінген шынайы да жинақты образ ретінде 
танытады. Достық тақырыбын қозғайтын шығармалар 
бұл мақалада талданғандармен шектелмейді. Біз тек 
өткен съезден бергі уақытта әдебиеттің екі жанрында 
туған бірсыпыра шығармаларға ғана тоқталдық. Ал қазақ 
әдебиеті мен көркемөнерінің 1949 жылы Москвада болған 
онкүндігінен бергі уақытқа ой көзімен оралсақ, онда бұл 
кезеңде достық тақырыбына арналып қыруар роман, 
повестер, ондаған поэмалар, көптеген пьесалар туғанын 
көреміз. Солардың таңдаулыларының барлығы дерлік орыс 
тіліне аударылды. Олар қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің 
алдағы онкүндігінде де қазақ халқының басқа бауырлас 
халықтарға деген достық лебізіндей естілмек.
Халықтар достығының жарқын идеялары социалистік 
реализм әдісін игеріп, кемелдену өріне бекем де толассыз 
көтеріліп келе жатқан қазақ кеңес әдебиетін бұдан былай 
да молықтыра, нәрлендіре бермек.

158

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал