Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет7/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

1958 ж.
АСҚАҚ  ДАУЫСТЫ  АҚЫН
Шығармашылық сапарының ең алғашқы ай-күндерінен 
бастап қазіргі уақытқа дейін өз шығармаларында кеңес 
шындығын бейнелеумен беріле шұғылданып жүрген 
ақындарымыздың бірі – Тайыр Жароков. Ол әдебиетке 
жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінде келді. Содан 
бергі уақыт ішінде оның қаламынан ондаған поэмалар 
мен жүздеген лирикалық өлеңдер туды. Солардың 
басым көпшілігі социалистік жаңа дүниені жырлауға, 
халқымыздың өмірінде болған елеулі-елеулі оқиғалар 
мен құбылыстарды суреттеуге арналған. Осының өзі-
ақ Тайыр Жароковтың шығармашылық дұрыс әрі өрісті 
бағыт ұстағанын, кеңестік дәуіріміздің сезімтал да сергек 
суреткері  болуға  ұмтылатынын  анық  аңдатарлықтай.
Тайыр Жароковтың жемісті де мол ақындық 
шығармашылығына мұндай шағын мақалада терең талдау 
беру, әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз ақынның 
өнерпаздық жолына ой көзімен оралғанда оның лирикасы 

122
мен поэмаларын жинақтап сипаттауды, солардың басты-
бастыларына талдау жасауды ғана мақсат етеміз. Ақынның 
«Жұлдыз жарығы» (1932) атты  тұңғыш жинағына оның 
1926 жылы жазған «Ленин», «Қодар күліп тұр», «Алтын 
дәнсің», 1927 жылы жазған «Нұр орнап», «Жыл кұсы», 
«Пионер  болам деді» атты өлеңдері және негізінен 1928-1930 
жылдарда жазғандары енді. Бұл жинақтағы өлеңдерінің 
денінен ақынның сол жылдардың жасампаздыққа, күрес-
ке толы рухын, қуатты тынысын поэзияға ала келу-
ге тырысқанын көреміз. Ел өмірінде болып жатқан 
өзгерістерді, социалистік құрылыстың тегеуірінді екпінін 
ақын поэзия тіліне түсіруге ұмтылды. Күні кеше жел 
ұйтқыған жапан түзде алып завод орнағанын мақтан ете 
келіп, ақын былай деп жырлайды:
Завод мың күй қозғайды,
Аруанадай боздайды.
Турбасы бұлтпен таласып
Пешінде оты маздайды.
Маздап бақ,
Жалындап.
Бесжылдықты
Орындап,
Машинаны мың-мыңдап
Завод туып, қоздайды.
Бұл өлеңнен ақынның алғашқы кездегі шығарма-
шылығына тән бағалы қасиеттер де, кемшіліктер де анық 
аңғарылатындай. Кемшілігі–жас автордың өмірлік құбы-
лыс тардың ішкі мәнін ашып, бейнелі  түрде  суреттеуге  әлі 
төселіп жетпегендігі, алып отырған тақырыбын  сырттай 
бақылаушы  ретінде жырлауы.  Ал өлеңнің  бағалы  қасиеті– 
онда социалистік құрылыстың қуатты екпінінің ақын 
жүрегінде шыңдалып шыққан жаңғырығы бар, авторлық 
құштарлық пен шыншылдық бар. Сонымен бірге мұнда 
ақынның дала өміріне келген жаңалықты халық ұғымына 
жақын, түсінікті етіп суреттеуге тырысқанын да байқау 
қиын емес. Бұл – сол жылдардағы поэзиямызға тұтастай 
ортақ сипат болатын. Ақынның тұңғыш жинағындағы тәуір 
өлеңдерінің бірі – «Аэроплан». Бұл өлең кейін де ақынның 
көптеген жинақтарына енді. «Аэроплан» Т.Жароковтың 
суреттеу құралдарының сонылығына ұмтылуда, сөзді 
саралап қолдануда ілгерілей бастағандығын байқатты. Өлең 
оқуға да жеңіл, қызғылықты. Көк жүзінде шарықтап ойнақ 
салған аэропланды суреттей келіп, ақын былайша түйеді:

123
Жарқырап бауырында жұлдыз күліп,
Дірілдеп зеңгір көкте ұшты сүйіп:
Нұры мен шұғыласы шомылдырған
Алтын күн, мөлдір аспан оны сүйіп!
Қиырдан оқта-текте көшкен ақ бұлт
Өтісіп жатыр бейне басын иіп...
Сырттай қарағанда бұл өлең ақынның аспанда 
қалықтаған болат құсты көргенін және содан алған әсерін 
ғана баяндайтын сияқты. Бірақ шындығында авторлық 
ой бұдан тереңде жатыр. Озат техниканы жасаушы 
адамдарымызға, табиғатты бағындырушыларға деген 
татаусыз ықыласы мен ыстық сезімін ақын бұл өлеңінде 
астарлы түрде аңдата алған («Қиырдан оқта-текте көшкен 
ақ бұлт өтісіп жатыр бейне басын иіп»). Еңбек тақырыбы– 
ақынның «Еңбек дабылы», «Темір жол», «Болат балға», 
«Шахта» сияқты өлеңдерінің де өрісті өзегі. Бірақ көркемдік 
жетілуі жағынан олар біркелкі емес. Бұлардың көпшілігінде 
ақын таңдап алған тақырыбын игере алмай, жалаң түр 
қуалаушылыққа, ой-пікір бұлдырлығына ұрынды.
Ақынның тұңғыш жинағына енген «Жанданды ауыл», 
«Қодар күліп тұр», «Алла-құдай жалбарынған сөздері» атты 
өлеңдері колхоздасу кезеңіндегі ауыл өмірін көрсетуге 
арналған.
Алғашқы     жинақта     көтерілген   осындай  келе лі тақы-
рыптар ақынның екінші жинағындағы шығарма ла рының 
«Мотор жыры» да негізгі идеялық мазмұнын кұрады. 
Бұл жинақтағы өлеңдерінің тәуірлерінде Т.Жароков 
социалистік даму жолына түскен жаңа ауылдың жаңарған 
бейнесін, кеңестік бесжылдықтың қуатты қарқынын 
жырлайды. Ақын жаңа адамның артықшылығын, рухани 
әсемдігін оның еңбегінен іздейді:
Алтындаған нұрға малған
Жібек шапақ таң сұлу.
Таң нұрында
Жаз жырында
Еңбек еткен
Жан сұлу.
Бұл тұстағы өлеңдерінің бірсыпырасында «Бесжыл-
дықтың балғасы», «Қызыл керуен», «Миллион толқын» 
ақын өмір шындығын тұтас күйінде алып, коллективтің 

124
тұлғалы бейнесін жасауға тырысады. Сонымен бірге 
оларда үгіттік қуат, лептілік те мол («Солқылдата соғылсын 
бесжылдықтың балғасы!»).
Ал бірқатар өлеңдерінде ақын көзімен көрген 
құбылыстарға авторлық қатынасын білдіруге, сөйтіп 
өмір шындығын нақтылы әрі әсерлі суреттеуге көбірек 
бой ұрады. «Қордай тауы», «Каспий» атты өлеңдер – 
осының айғағы. Соңғы өлеңінде ақын Каспий теңізінде 
«Ленин» атты кемемен  жүзгенін баяндай келіп, былай деп 
жырлайды:
Келемін «Ленин» атты пароходта,
Қырандай көзім тігіп шартарапқа.
Толқынға малтықтырмай бас капитан,
Серпілтіп жол сілтеді пароходқа.
Тау мен тас, жолымды аш, жаздым құлаш,
Көз тігіп ұшан-қиыр атрапқа.
Мұнда ақын алыс атрапқа көз тіккен, табиғатты өз 
ырқына көндірген жалын жанарлы жас адамның атынан 
сөйлейді. Осы ерекшелік, яғни халықтың атынан сөйлеуге, 
көптің ой-арманын білдіруге ұмтылу кейін Т.Жароков 
шығармашылығының ең негізгі сипаттарының біріне 
айналды.
Т.Жароковтың «Өмір сөйлейді» (1934) атты үшінші 
жинағы оның шығармашылық өскендігін танытпады. 
Жинаққа аты қойылған «Өмір сөйлейді» деген өлеңінде 
автор елімізде болып жатқан ұлан-асыр өзгерістердің 
барлығы да ақынға шабыт беріп, оның көкірегіне жыр 
құятынын, өмірдің өзі өлең тілімен сөйлейтінін әсерлі 
аңғартады. Бірақ жинаққа енген басқа шығармалардан 
(«Балабас», «Айқасу» поэмалары мен «Жеңу», «Өсу», 
«Қазіргі колхоз түрі», «Жаңа жолбасшылық», «Біздің 
міндет» атты өлеңдері) ақынның осы дәрежеге көтерілгені, 
яғни өмірдің поэзиясын таба білгені байқалмайды. 
Т.Жароковтың отызыншы жылдарда жазғандарының дені 
поэмалар. Бірақ ол шағын жанрлық шығармалардан да қол 
үзген жоқ. Социалистік жаңа дүниенің қуаттылығы, кеңес 
адамдарының шадыман өмірі мен бейбіт еңбегі, халықтар 
достығы — Т.Жароковтың отызыншы жылдардағы 
өлеңдеріне де ортақ тақырыптық арқаулар осылар. 
Ақынның осы кезеңдегі өлеңдерінің ең тәуірлері «Заң», 
«Қалба тауы», «Қыран туралы жыр», «Кремльдің төрінде», 
«Алтын ұя», «Жазулы тас» және басқа да лирикалық 
туындылары, оның кейінгі жинақтарында да талай рет 

125
қайталанып басылды. Жоғарыда аталған «Алтын ұя» атты 
өлеңінде ақын:
Октябрьдің таңы атпаса,
Қанатымды қаға алар ма ем!
Өмір деген шың жартасқа
Алтын ұя сала алар ма ем! –
деп жырлады. Осы «Алтын ұядағы» азаматтық асқақ сарын 
мен тәкаббарлықты, қуанышты лептілік пен жарқын 
реңкті Т.Жароковтың отызыншы жылдардағы таңдаулы 
өлеңдерінің қай-қайсысынан болса да мол ұшыратамыз.
Басқа ақындарымыз сияқты, Т.Жароков та Ұлы Отан 
соғысының қаһарлы жылдарында өз шығармашылығын 
жеңіс мүддесіне қызмет етуге арнады.
Мүмкін, сөзі қате болмас
Мені ақын дескеннің.
Жырымды да тыңда, жолдас,
Ең әуелі әскермін,–
деп жар салды ол. Т.Жароков шығармашылығына бұрыннан 
тән үнділік пен публицистикалық өткірлік оның майдан 
жылдарындағы поэзиясында әсіресе айқындала түседі. 
«Ленин қаласы», «Жұлдыздай жанған Москва», «Жеңіс 
жылы», «Саған сәлем, туған ел», «Жапанда жалғыз қарағай», 
«Днепр» сияқты  өлеңдерінде  ақын халқымыздың зұлым  
жауға  деген құрсанған ыза-кегін, кеңес адамдарының  
ерлік істері мен патриоттық қимылдарын жырлайды.
Соғыстан кейінгі кезеңде Т.Жароков лирикалық шағын 
өлеңдерді көп жазды. Солардың ішінде халқымыздың 
Коммунистік партияға деген айнымас махаббатын, 
адалдығын, шын берілгендік сезімін суреттейтін және 
партияның ұлылығы мен жеңімпаздық күшін көрсететін, 
публицистикалық қуаты зор өлеңдері әсіресе мол. 
Ақынның «Қызыл алаң» атты патриоттық өлеңі де 
өзінің идеялық тереңдігімен, көркемдік ерекшелігімен 
оның партия туралы жырларына үндесіп жатады. Ақын 
соңғы жылдарда халықтар достығы, баянды бейбітшілік 
тақырыптарын беріле жырлап жүр. Оның «Достық туының 
астында», «Әлемге бейбітшілік қанат жайған», «Ұлы 
Қытай», «Өлеңмен қойдым қолымды», «Құмға шабуыл» 
атты өлеңдері осы тақырыптарға арналған. Бұл өлеңдерде 
кеңес адамдарының жасампаздық қуатқа толы еңбегі, 
халықтардың   бейбітшілікті аңсаған ой-арманы сурет-
телген.

126
Т.Жароковтың әр кезеңде жазған өлеңдерінің кейбір 
үлгілері және олардың идеялық мазмұны, қозғайтын 
тақырыптары осындай. Ақынның белгілі бір сюжетке 
кұрып жазған өлеңдері тым аз. Ол көбінесе нақтылы 
бір тақырыпты таңдап алады да, соның төңірегінде ой 
өрістетеді. Бар ақындық жалынын, көркемдік бояулар 
мен тілдік өрнек-нақышты да ол осыған орай қолданады. 
Т.Жароков өлеңдерінің қызу серпінге, жігерлі пафосқа 
толы болып келетіндігі де осыдан. Ол өзінің өлеңдерінде 
заманымыздың өршіл рухын, қуатты тынысын сездіртуге 
тырысады. Ақынның шығармашылық көрігінде көркемдік 
жағынан жетіліп шыққан өлеңдерінен оның тек өзіне ғана 
тән осындай ерекшеліктер айқын аңғарылады.
Т.Жароковтың ақындық таланты лирикалық шағын 
өлеңдерден гөрі кесек шығармаларда, яғни поэмаларда 
айқынырақ танылды. Ақын қаламынан небәрі жиырмаға 
тарта поэма туды. Бірақ олар өзара біркелкі емес. Ақынның 
ертеректе жазған «Коммунизм таңында», «Нефтьстан», 
«Балабас», «Айқасу», «Мұз тұтқыны» атты поэмалары 
ақын шығармашылығында із қалдырмаған, татымсыз 
шығармалар болып шықты. Олар поэмаға қойылатын 
көркемдік талаптардың (образдардың шынайылығы, 
композициялық тұтастық, оқиғалардың заңды да нанымды 
түрде өрбуі, тілдің суреттілігі) ешқайсысына да жауап 
бермейді. Мұндай кемшіліктерге ол тәжірибесінің 
тапшылығынан, поэма сияқты күрделі жанрдың сырына 
қанықпағандықтан ұрынды. Ал «Отан даусы», «Шекарада», 
«Нарын», «Зоя туралы жыр» поэмалары әдебиетіміздің 
қорына тұрақты да салмақты үлес болып қосыла алған 
жоқ. Бірақ олардың ақын шығармашылығында алар азды-
көпті орны бар. Әсіресе соңғы үш шығарма оның сюжетке 
құрылған, эпикалық поэмалар жасауға талаптанғанын 
байқатты. Ақын поэмаларының ішінде уақыт сынынан 
мүдірмей өтіп, поэзиямыздың қорына елеулі үлес болып 
қосылғандары – «Күн тіл қатты», «Тасқын», «Жайнады 
орман жаңғыртты» және «Қырда туған құрыш». Сондықтан 
да бұлар арнайы сөз етуге тұрарлық. Т.Жароков «Күн тіл 
қатты» поэмасын 1934 жылы жазды. Бұл кезде әдебиетімізде, 
оның ішінде поэзияда да социалистік жаңа мазмұнға 
 
толы өмір шындығын бейнелеуге лайық көркемдік соны 
түр іздеу, социалистік реализм әдісін игеруге ұмтылу 
байқалған болатын. «Күн тіл қатты» – осындай іздену 
жолында туған сәтті шығармалардың бірі. Өмір шындығын 
асқақтата жырлап, көркемдік шындыққа ұластыру, оны 

127
революцияшыл  романтика дәрежесіне көтеру сияқты 
 
соны сипаттар Т.Жароков поэмасында   мол.
Шығарманың негізгі сюжеті елімізде болған белгілі 
оқиғаға құрылған. Автор Федосеенко, Васенко, Усыскин 
сияқты ержүрек ұшқыштардың стратостатпен 22 000 метр 
биікке көтерілгенін суреттейді. Ақын ұшқыштардың көкке 
көтерілгенін бейнелеу үшін дамыту әдісін қолданады. 
Поэманың басталуының өзі-ақ оқушыға бір ғажайып 
күштің екпінін сездіреді және соны біздің өміріміздің 
шындығы ретінде қабылдауға дайындайды.
Ақын кеңес ұшқыштарының көк әлеміне көтеріліп, 
күнмен «тілдесуін» суреттеу арқылы кеңес адамдарының 
табиғаттың стихиялық күшімен күресіп, оны өз ырқына 
көндіретіндігін аңдататын тәрізді. Ұшқыштың атынан 
айтылатын  әрбір  сөзден  кеңес  халқының қайтпас 
жігерінің лебі есіп отырады:
Желектей желпіп желіңді,
Желқомдай жырттым жеріңді.
Түбіттей түтіп бұлтыңды,
Таспадай тілдім толқынды,
Бағынбай кеннен не қалды!
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сілкіп бу қылдым.
Түніңнен таң атқыздым,
Жеріме жұлдыз жаққыздым –
Электрден шам жанды.
Поэма кеңестік өміріміздің қуаттылығын, мызғымас 
беріктігін бейнелі түрде сездіретін романтикалық 
көрініспен аяқталады. Шығарманың мұндай оптимистік 
жарқын сипаты кеңес халқының өр қайраты мен отты 
жігеріне деген сеніммен ұласып жатады.
Поэмада кесек оқиға, кеңінен өрбіп отыратын сюжетті 
желі жоқ. Бірақ ақын ұшқыштардың аспанға көтерілуін, 
олардың дүлей табиғатпен арпалысып, ерлікпен қаза 
табуын шарықтау шегіне жеткізіп, романтикалық асқақ 
сазға көтеріп әсерлі суреттей алған. Поэманың қанатты да 
серпінді тілі, ондағы авторлық толғаныстар мен шалқулар 
да бейне оқиғаны өрбітіп, ширата түсіп отыратындай.
Т.Жароков өзінің бұл поэмасында сол кездегі қазақ 
кеңес поэзиясы үшін тосын, тың тақырыпты қозғады. 
Бірақ соның көркемдік шешімін табу үшін ол жадағай 
тәсілдер, жасанды сөздер іздеп әуре болған жоқ. Қайта 
ақын қазақтың байырғы сөздерін екшеп, жаңғырықтыра 

128
қолданды. Сөйтіп ол жаңа тақырыпты жаңа ақындық 
өрнек-нақышпен  жырлай  алды.
«Күн     тіл    қатты» поэмасы    өзінің  кейбір   ерекшелік-
тері мен  В.Маяковскийдің  «Владимир  Маяковскийдің 
жазды күні саяжайда көрген ғажайып оқиғасы» деген 
шығармасына үндесіп, сарындасып жатады. Маяковский 
шығармасының да лирикалық кейіпкері күнмен 
«сөйлеседі», оған өзінің өктемдігін білдіреді. Әрине, бұл 
сырттай ұқсастық. Бірақ, бұл отызыншы жылдардың бас 
кезінде-ақ Т.Жароковтың орыстың классикалық және 
кеңестік поэзиясынан шығармашылық түрде үйренуге 
бет бұрғанын анық байқатты. Ал осы үйренудің жемісі 
ақынның бұдан кейінгі күрделі де көлемді шығармасы – 
«Тасқын» поэмасынан айқын көрінді.
Ақын «Тасқын» поэмасын 1936 жылы бастап, 1937 жылы 
аяқтады. Поэма 1921 жылы Алматы қаласында болған 
оқиғаларды суреттеуден басталады. Бірақ ақын өмірде 
болған жәйттерді жалаң көшірумен шектелмеген. Қайта 
поэма желісіне сол уақыттың сипатын аңдататын оқиғалар 
мен тартыстарды мол кіріктіре отырып, ол әлеуметтік 
тынысы  кең кесек шығарма жасай алған. «Тасқын» 
поэмасы арқылы Т. Жароков шығармашылық жолының 
алғашқы кезеңіне қорытынды жасады. Сонымен қатар ол 
ақынның кең құлашты, зор тынысты эпикалық шығарма 
жасаудағы жемісті қадамы болып табылады.
Жаңа дүниені орнатушы қарапайым адамның ұнамды 
образын жасауға талпынушылық жиырмасыншы 
жылдардағы поэзияда да байқалған болатын. Бірақ бұл 
проблеманы лирикалық шағын өлеңдерде емес, күрделі 
шығармаларда шешу тек отызыншы жылдардағы 
поэзиямызда ғана шындап қолға алынды. «Тасқын» 
поэмасындағы Қайсардың образы–осының айғағы. Қайсар 
бейнесі поэманың бүкіл өн бойына елес беріп отырады. 
Ақын шығарманы осы Қайсармен таныстырудан бастайды.
…Қыр мұрын, бүйрек бетті, өткір көзді,
Жас бала көп жасаған жан мінезді,
Жаны оның жаз жылуын көрмегендей,
Көңілсіз алып қарсы қоңыр күзді,–
деп суреттейді ақын Қайсарды. Жоқшылық өмірі, қол 
қысқалық «қаршадай қарға бойлы қара баланы» ерте 
есейтеді. Партизан әкесінің жараланып қаза табуы да 
жас Қайсарды азалы, ауыр ойға салады. Кейін телегей 
тасқын кезінде ол жалғыз шешесінен де айырылады. 

129
Сөйтіп, ол панасыз қаңғырып қалады. Бірақ кеңес өкіметі, 
Коммунистік партия оған қолын созады, қамқорлық жа-
сайды. Осының арқасында кешегі жетімек кейін білімді 
маманға, озық мәдениетті интеллигенцияның өкіліне 
айналады.
Поэманың бір тарауында Қайсардың орыс ақыны 
Пушкиннің «Мыс салт атты» поэмасын оқып отырғаны 
баяндалады. Бұл   көріністе көп мән бар. Пушкин шығарма-
сын оқи отырып Қайсар өзінің сорлы балалық шағын, 
тілсіз табиғаттың апатына ұшыраған жайын еске алады. 
Әрине, егер кеңес өкіметі болмаса, «Мыс салт аттыдағы» 
Евгенийдің мүшкіл халіне Қайсар да ұшырайтын еді. 
Бірақ жаңа дәуір, социалистік қоғам Қайсарды жоқшылық 
шеңгелінен жұлып алып, жарқын өмірге жеткізеді. Қайсар 
образы   кеңестік  құрылыс адамды бақытты ететіндігін, 
оның шығармашылық қабілет-дарынына кең өріс ашатын-
ды ғын  аңдатады.
Қайсар–білімді маман ғана емес, сонымен бірге 
жалынды патриот та. Өз қызметін атқаруға ол салған 
беттен-ақ беріле кіріседі. Ордабаевтың зиянкестік 
әрекетінің сырын тез аңғарып, уытын қайтаратын да — 
осы Қайсар. Әрине, бұл Қайсарға оңай түспейді. Сарыла 
ізденудің, аянбай ақыл-ой жұмсаудың арқасында және 
партияның, көпшіліктің қолдауына сүйене отырып қана ол 
Ордабаевтай жаудың арамза пиғылының, сұмдық ойының 
астан-кестеңін шығарады. 
Қайсардың бойында жалын атқан жігермен бірге асқақ 
арман да, жүйрік қиял да бар. Ол ойлана да, толғана да 
біледі. Өзі жобасын жасаған үйді салғызып болғаннан кейін 
Қайсар  небір әсерлі ой-сезімдерге бөленеді. «Тасқыны 
қара тасты қақ айыратын, төбесі мұз, бауыры суық қар» 
Алатауға қарап ол тәкаббарлана тіл қатады:
…Тасқында сел ағызған өз үйімнің
Орнына жаңа үй салып тасын қидым.
Долданған тасқыныңды тойтарсын деп
Цементтен белдеуіне құрышты идім.
…Дәумін деп мақтанба, тау, сүйген аспан,
Бас иген сендей асау талай тасқан.
Көз тікпе зәулім үйді құлатам деп,
Бір ұлы күш бар бүгін сенен де асқан.
Бір кезде дүлей табиғаттан және одан да қытымыр 
тұрмыстан өгейлік көрген Қайсар енді соларға осылайша 
өктемдік білдіреді. Сөйтіп,  табиғаттың  стихиялық    құбы-

130
лы 
 
сы жайындағы баяндау социалистік құрылыстың, 
жаңа өмірдің қуатты да тегеурінді тасқыны туралы 
тақырыпқа ұласады. Осы идеяны ақын Қайсар образы 
арқылы бейнелеген. Қайсар образында қазақ кеңес 
интеллигенциясының тұтас бір буынының өмірі мен 
тағдырының шындығы бар. Оның образының ерекше 
құндылығы да осында.
Поэманың ұнамды кейіпкерлерінің бірі Жамал 
Қайсармен тағдырлас. Қайсар сияқты, оны да жетімдік 
өмірден құтқарып азат еткен–кеңес өкіметі. Қайсар 
сияқты ол да техникалық білім алып, маман болып шығады. 
Бірақ оның өмірі поэмада толық, жан-жақты суреттелмеген. 
Ақын Жамалды өзінің қызметін атқару үстінде көбірек 
көрсеткен. Ал оның басқалармен байланысы, әсіресе 
коллективпен қарым-қатынасы терең ашылмаған. Ақын 
кейіпкерінің бұл мінезін оның бұйығы ұяңдығынан 
емес, өз ісіне татаусыз шын көңілмен берілгендігінен деп 
түсіндіреді.
Түспейтін жұртқа орынсыз оның көзі,
Өйткені ауыр еді тым мінезі.
Жұмысқа жан-тәнімен берілгеннен
Алаңсыз жүретұғын ісінде өзі.
Жұмыстан босап кетсе ойында оның
Оқу ғой, кітап түспейд – қолында оның...
Дегенмен, Жамал бейнесінің жарқын да толық 
ашылмауы типтік дәрежеге көтерілуге лайықты осы 
образдың әсер етушілік қуатын біраз әлсіреткен. Поэманың 
алғашқы нұсқасында Жамал Ордабаевтай жаудың қолынан 
қаза табатын. Ал поэманың жөнделген кейінгі нұсқасында 
Жамал тірі қалады. Осылай ету арқылы ақын, сөз жоқ, өз 
шығармасының оптимистік сипатын анағұрлым күшейте 
түскен.
Поэманың ұнамсыз кейіпкерлерінің ішінде оқшауланып 
көрінетіні – Ордабаев. Ақынның суреттеуінде ол – алуан 
айлалы, қыры көп, тақыс жау. Ордабаев өзінің сұмдық 
ойының орайына қарай құбыла да жалтара біледі.
Көздіктің ар жағынан көзі жайнап,
Жүзінен мың құбылған сұмдық ойлап.
Безеріп бірде кейіп, бірде күліп
Біресе отырады ойға бойлап...

131
Біресе момақансып түк те сезбей,
Біресе бір сұмдықтың кілтін іздей.
Жылтылдап сордың сұрғылт түлкісіндей
Тұра алмайд жұртты сиқыр көзі кезбей.
Ордабаевтың портреттік сипаттамасы мен ішкі дүние-
сінің бейнесін ақын осылайша астастыра, ұластыра 
суреттейді.
Поэмада Ордабаев жалғыз емес. Оның тілектес 
серіктері бар. Ақын оларды кеңінен суреттеп жатпайды. 
Олар тек Ордабаев бейнесін толықтыра түсу үшін алынған. 
Шығарманың соңғы тарауында ақын Алматы қаласының 
қуанышқа, шаттық-думанға толы тіршілігінің жарастықты 
суреттерін береді. Бояуы қалың бұл әсем суреттер поэманың 
ұнамды кейіпкерлерінің жарқын тағдырын, бақытты өмірін 
де паш ете түсетін тәрізді. Поэма ақынның Алматы туралы 
лирикалық шалқуларымен, патриоттық ой-сырларымен 
аяқталады. Алматының капиталистік елдер астаналарынан 
артықшылығын ақын мақтаныш сезіміне бөлене отырып 
жырлайды:
Одақтас Алматы отау туын тіккен,
Саяңда сүйем сені шын жүректен
Қаланған сенің әрбір тасың артық.
Мұңайған Париж, Лондон, Нью-Йорктен.
Ақынның астана туралы бұл патриоттық ойлары 
поэманың сюжеттік желісінен оқшауланып тұрған жоқ. 
Қайта шығарма композициясымен қабыса ұласып, оның 
негізгі идеясын айқындай түсіп тұр.
«Тасқын» поэмасы Т.Жароковтың көркемдік ізденуін, 
ақындық шеберленуін де байқатты. Бұл ретте поэма 
оқиғаларының эпикалық кең планда алынғаны, авторлық 
баяндаулар, ақындық тебіреністер кейіпкерлердің іс-
әрекеті, сыр-сезімі жайындағы суреттермен араласа 
келіп отыратынын ең алдымен айту керек.
 
«Тасқын» 
Т.Жароковтың кең құлашты, эпикалық шығарманың 
композициясын құруға икемділігін танытты

Ол 
кейіпкерлерінің өткен өмірімен, белгілі бір кезеңдегі 
тағдырымен,  іс-әрекеттерімен таныстырғанда лирикалық 
шегіністерді әсіресе ұтымды пайдалана біледі. Сондай-ақ 
оның қолдануында лирикалық шегіністер шығарманың 
оқиғалық өрбуін баяулатпайды, қайта жандандыра 
қызғылықты ете түседі. Жамалдың балалық шағымен және 
Қайсардың,  Жамалдың  оқуда  болған кезімен таныстыра-
тын эпизодтар бұған айқын мысал болып табылады.

132
Жалпы алғанда, «Тасқын» поэмасы тек Т.Жароковтың 
ғана шығармашылығындағы емес, сонымен бірге отызын-
шы жылдардағы бүкіл қазақ кеңес поэзиясының елеулі 
табысы болды. Бұл поэма ақындарымыздың қазіргі 
заман тақырыбына арнап күрделі де кесек шығармалар 
жаза алатын дәрежеге жеткендігін танытты. Ақынның 
қырқыншы жылдардағы поэмаларының ішіндегі ең 
тәуірі «Жапанды орман жаңғыртты». Бұл шығарма  кеңес 
адамдарының табиғатты өзгертіп, қайта жасауы туралы 
тақырыпқа арналған. Поэмада өткен өмір елестері, бүгінгі 
күн көріністері, болашақ суреттері де бар.
Шығарманың алғашқы тарауында ақын Сарыадырдың 
бұрынғы сұрықсыз да сүреңсіз кейпін бояуы дәл 
суреттермен елестете алған:
Жерден қолын жұрт былғап,
Жаңбырды үміт ететін.
Жалауын жасыл бұлт бұлғап,
Оралмай бірақ кететін...
Алаулаған аңызда
Құс қаға алмай қанатын.
Тамызық боп тамызда
Шөбі дір-дір қағатын.
Осындай қуаң даланы мекендеген жандардың да 
тіршілігі қуқыл. Олар аңызақ алаулаған бұл даланы жасыл 
орман көмкеруін арман етеді. Сарман шал мен оның қызы 
Майраның да көкірегін осы бір арман аялаған. Халықтың 
ғасырлар бойғы бұл арманы тек кеңес дәуірінде ғана жүзеге 
асты. Поэманың негізгі тараулары осыны көрсетуге, яғни 
арманның шындыққа айналғанын бейнелеуге арналған.
Туған өлкенің табиғаты қалай өзгерді, бұл жолда 
қандай күрес жүргізілді? Бұл жайында поэмада ештеңе 
айтылмайды және көлемі шағын шығармада мұның бәрін 
қамту мүмкін де емес. Сондықтан да ақын сол сұрапыл 
күрес қандай нәтижелер бергенін ғана суреттейді. Тоты 
қанат жас тоғай, гүл атқан ақ қайың мен көк терек, алма 
мен жүзім ағаштары, орман арасында жайқалған егін 
алқабы, еңбекке жұмылған, шат көңілді адамдар–міне, 
жасарған, жаңғырған Сарыадырдың бүгінгі көріністері 
осындай. Әрине, мұның бәрі–батыл ойдың, батыр еңбектің 
жемісі. Ақын Сарыадырды осынау күйге келтірген еңбек 
адамдарын мадақтайды. Туған даланың табиғаты ғана 
өзгеріп қойған жоқ. Сол жапан түзді жасартқан, тас мінез 

133
табиғатты қайта жасаған адамдардың өздері де өзгеріп 
өсті. Поэма кейіпкерлерінің өсу жолы осыны танытады. 
Поэманың алғашқы тарауларында Сарман шал еңбегі 
еш, тұзы сор адам ретінде суреттеледі. Оның арманы –
Сарыадырда жасыл орман жайқалғанын көру. Сол бір бағы 
заман үшін бұл тым алыс қиял еді. Бірақ «қырда өскен сол 
қазақ» бет шымшыған аяздан да, мазақ еткен желдің өтінен 
де таймайды. Бұл ретте Сарман–халықтың еңбек сүйгіш 
өкілі, оның арманын арқалаушы есепті.
Халықтың бұл арманы жаңа дүние орнағаннан кейін 
ғана ада болды. Осы жолда күрескендердің ішінде Сарман 
да бар. Сарманның жасы қартайғанымен, жаны жас. Ол 
өзінің жасарып балғын тартқан өлкесіне мейірлене көз 
тігеді, еңбек етуді ұнатады. Сарыадырдың болашақтағы 
бұдан да әсем көріністерінің де осы Сарманның ой-
қиялы арқылы  берілуі  тегін  емес. Бұл ретте де ақын өз 
кейіпкерінің халықтық сипатын айқындай түспек болған.
Осындай өсу Майраның бейнесінде де бар. Бір кезде 
«тұлым шашы желкілдеп жалаң аяқ, жалаң бас» жүгіріп 
жүрген, «көк орманның шымылдықтай ашылуын» арман 
еткен Майра да адам танығысыз болып өзгерген. Ол енді 
жоғары дәрежелі білімі бар маман болған. Бірақ осының 
бәрі сырттай ғана суреттелген. Майраның жан сарайы, 
рухани өсуі поэмада ашылмаған. Бұл – шығарманың елеулі 
кемшіліктерінің бірі.
Поэмада халықтар достығы, орыс халқының қазақ 
халқына қамқорлығы туралы тақырып та шынайы 
бейнеленген. Сарман шал мен Сидор Семенычтың 
арасындағы достық–олардың өмірлік мүдделерінің 
ортақтығынан келіп туған, нағыз адал да абзал достық. 
Сарманның мына бір сөздері осы достықтың тамаша куәсы 
есепті:
Ұрығын еккен еменнің
Сол мейірімді орысты –
Құты деп білем жерімнің,
Тоғайлы еттік қонысты.
Ақын Сидор Семенычты арнайы суреттемейді. Оқушы 
оның кім екенін тек Сарман шалдың әңгімесінен ғана 
біледі. Сөйтсе де, поэмада үлкен жүректі, мейірбан жанды 
орыс адамының жылы да тартымды бейнесі  бар.
Бұл–автордың образ жасаудағы шеберлігінің 
айғағы. «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасы өзінің 
көркемдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Ақынның 

134
басқа кейбір поэмаларындағыдай артық асқақтау, көп 
сөзділік бұл шығармаларда жоқ. Мұнда соны суреттер 
мен теңеу-балаулар, тың ұйқастар да мол ұшырасады. 
«Жапанды орман жаңғыртты» поэмасы Т.Жароков 
шығармашылығындағы жаңа бір беталысты байқатты. 
Ақынның соңғы жылдарда жазған ең көлемді әрі кесек 
шығармасы – «Қырда туған құрыш» поэмасы. Бұл поэма 
1954 жылы жазылды. 1955 жылы ақын оны жөндеп, 
толықтырып қайтадан бастырып шығарды. «Қырда туған 
құрыш» поэмасы өндіріс тақырыбына арналған. Жалпы 
Т.Жароков шығармашылығында өндіріс тақырыбы үлкен 
орын алады. Тіпті оның алғашқы кезеңдегі өлеңдері мен 
поэмаларының да бірсыпырасы осы тақырыпқа арналған 
болатын. Өзін бүкіл шығармашылық жолы бойына 
толғандырған бұл тақырыптың кемел де көркем шешімін 
ақын осы поэмасында әсіресе сәтті тапты. Поэма прологтан, 
тоғыз тараудан, эпилогтан тұрады. Тақырыптық қамтуының 
кеңдігі, оқиғаларының молдығы жағынан «Қырда 
туған құрыш» Т.Жароковтың бұрынғы поэмаларының 
барлығынан да биік, оқшау танылады.
Шығарманың алғашқы тарауларында кеңес адамдары-
ның Нұра өзенін бөгеп су қоймасын жасағаны және 
оның жағасында су электр станциясын салғаны жайында 
баяндалады. Поэманың негізгі тараулары металлургиялық 
заводтың салынуын және онда тұңғыш рет құрыш 
қорытылуын көрсетуге арналған. Осындай зор істерді ақын 
өз кейіпкерлерінің қимыл-әрекеттері өрістеген, олардың 
тіршілік-тағдыры айқындалған ая ретінде суреттейді. 
Автордың ең негізгі назар аударатыны – адамдардың өмірі 
мен тағдыры, олардың өзара қарым-қатынастары.
Поэманың  беттерінен халықтың жасампаздық ең-
бегі нің,  шығармашылық  қайрат-қажырының  лебі  есе-
ді. Бұл әсіресе Нұра өзенінің бұғалыққа бас июі, су 
электр станциясы мен заводтың салынуы бейнеленетін 
эпизодтардан анық танылады. Поэманың ең басты тартыс 
түйіндері де осы оқиғалардың төңірегінде өрбіп өрістейді. 
Дегенмен, поэмада адамдардың өзара тайталас-тартысы 
күрделі де өткір күйінде берілмей, босаң тартып кеткен.
Мұның есесіне ақын қалың көпшіліктің табиғат 
стихиясына тұсау салудағы, жұмыстағы қиындықтарды 
жеңудегі күрес-тартысын баса суреттейді. Шығарма талай 
жылдық оқиғаларды қамтығанмен, оның композициялық 
құрылысында селкеулік, шұбалаңқылық жоқ. Өйткені 
ақын кейіпкерлерінің өмірлік жолын, тағдыры мен күресін 

135
айқындап ашатын оқиғаларды ғана сұрыптап алған және 
соларды ажырамас тұтастықта бейнелей білген.
Поэмадағы ең басты герой–Темірбек. Поэманың 
сюжеттік желісіне балғын бала күйінде енген Темірбек 
шығарманың бүкіл өн бойына толыса өсіп, барған сайын 
биіктей түсіп отырады. Қырда туған тұңғыш құрыш құюшы 
да–осы Темірбек. Поэманың эпилогы да Темірбектің 
жай-күйінен елес беруге арналған. Темірбектің өсу жолы 
поэмада нанымды бейнеленген. Әкесі Жоламанның ұста 
дүкенінде, көрік айналасында жүргенде-ақ оның бойында 
еңбекке деген құштарлық сезімі оянады. Ол әкесі сияқты 
ұста болуды армандайды. Бұл оның өмірден көргені мен 
түйгеніне, балалық қиялына сай да. Білімі өсе, жасы толыса 
келе оның арманы да ұлғая, биіктей түседі. 
Асау Нұраны бағындыруға да, завод салуға да Темірбек 
белсене араласады. Ол әрдайым еңбек майданының алғы 
легінде болады. Өзі де құлшына қимылдап, басқаларды да 
жұмылдыра түседі,
Ақын Темірбектің Оралдағы бір заводта болып 
мамандыққа баулынғанын және Теміртауға қайтып келіп, 
тұңғыш рет құрыш құйғанын әсіресе мол әрі тартымды 
суреттеген. Автор құрыш құю процесінің технологиялық 
жағын көп қазбалай көрсетіп жатпайды, қайта оны поэзия 
мен романтикаға толы тамаша бір еңбек дүниесі ретінде 
бейнелейді.
Поэмада Темірбек пен Лизаның арасындағы махаббат та 
жарастықты күйде, жылы суреттелген. Лиза — парасатты, 
ойлы жас. Ол өзінің көз тойдырарлық ажар-көркімен де, 
нәзік жан-дүниесімен де, жігерлі іс-әрекетімен де тұтас 
көрінеді. Лиза өзінің еңбексүйгіштігімен де Темірбекке 
лайықты жар.
«Қырда туған құрыш» поэмасында бұлардан басқа да 
шынайы жасалған бірсыпыра образдар бар. Олардың 
ішінде парторг Парамонов, Жоламан, Самсон қарт, Попов 
бейнелері әсіресе ерекшеленіп көрінеді. Ақын бұларды 
еңбек үстінде де, қоғамдық тіршілікте де, отбасылық 
тұрмыста да суреттейді. Сонымен бірге олардың 
әрқайсысының өзіне тән кескін-кейпі, сыр-мінезі, даралық 
бітімі бар. Ал поэманың басқа кейбір кейіпкерлері (завод 
директоры, мастер, Тоқтарбай қарт) мұндай дәрежеге 
көтерілмеген. Олардың шығарма оқиғаларына араласы да, 
тындырары да аз.
Поэманың тілі тұтастай алғанда көрікті де суретті, 
түсінікті. Бөгетті бұзып, буырқана тасыған селді де, 

136
кейіпкерлерінің кескін-келбеті мен сыр-сезімін де
құйылып жатқан құрышты да ақын бояу реңктері ұқсас, 
орайлас келетін сөздермен шынайы суреттейді. Бір ғана 
мысал келтіріп қаралық:
Жалын жұтқан көк темір
Қып-қызыл боп сумаңдай,
Секіріп түсіп жатқан бір
Он құлаш от жыландай!
Шоққа піскен көк темір
Лақтырылған найзадай.
Немесе ұқсап кетті бір
Жерде ойнаған нажағай!
«Қырда туған құрыш» поэмасында реалистік қасиет 
мол. Поэмадағы авторлық баяндаулардан да, кейіпкерлерге 
берілген сипаттаулардан да, олардың диалогтары мен ішкі 
монологтарымен де ақынның реалистік жазу мәнеріне 
көбірек ден қойғаны байқалады. Осы тұрғыдан қарағанда, 
«Қырда туған құрыш» ақынның бұрынғы сюжеттік күрделі 
шығармаларының бәрінен де оқшау танылады.
Биыл ақын «Құмдағы дауыл» атты ұзақ дастанын 
жариялады. Өзінің бұрынғы «Нарын» поэмасының 
материалдарын өзек етіп алғанмен, ақын бұрынғы шиырға 
түсіп кетпеген, тың туынды жасаған. Сондықтан да бұл 
шығарма Т.Жароковтың өз мерейтойы қарсаңындағы 
шығармашылық нәрлі табысы саналуға лайықты. 
Т.Жароков көркем аударма саласында да беріле әрі жемісті 
еңбек етіп келеді. Ол Грибоедов, Пушкин, Лермонтов, 
Тарас Шевченко, Шота Руставели, В.Маяковский сияқты 
көркемсөз алыптарының көптеген шығармаларын қазақ 
тіліне аударды.
Тайыр Жароков өзінің таңдаулы поэмаларымен, 
уақытымыздың рухына, жасампаздық пафосына толы 
саяси-лирикалық өлеңдерімен қазақ кеңес поэзиясына 
мол үлес қосты. Шығармашылық дер шағына келген, дәуір 
талабына, уақыт үніне құлақ асқыш сергек те шабытты 
ақынымыздың асқақ дауысы болашақта да зор қуатпен 
естіле беретіндігі күмәнсыз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал