Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет6/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1958 ж.

108
ҚАҺАРЛЫ  КҮНДЕР  ТЫНЫСЫ
СССР Жазушылары одағының осы жылғы ақпанда 
болып өткен пленумы кеңес әдебиетінің қырық жылдық 
тарихын қорытындылады. Осы мәселе бойынша негізгі 
баяндама жасаған жазушы Николай Тихонов коммунистік 
асқақ идеалдардың жаршысы–кеңес әдебиетінің ке сек 
табыстарын атап көрсетті, оның шығармашылық өзге ше-
лігін, сонылық ерекшеліктерін саралап ашты. Кең байтақ 
Отанымызды мекендеген халықтардың түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік әдебиеттерінің мәуелеп өсуі – біздің 
социалистік реализм әдебиетінің ең басты сипаттарының 
бірі. Н.Тихонов өзінің баяндамасында осы мәселеге әсіресе 
мол назар аударды. Әралуан ұлттар жазушыларының 
талантты өкілдері өздерінің таңдаулы шығармалары 
арқылы бүкілодақтық кеңестік әдебиетке елеулі үлес 
қосып, оны молықтыра дамытып отырғандығын ол қуаныш 
сезімімен айтты. Н.Тихоновтың жақсы бағалаған осындай 
шығармаларының бірі – қазақтың жас жазушысы Тахауи 
Ахтановтың «Қаһарлы күндер» атты романы. Бұл роман – 
Т.Ахтановтың шын мәнісіндегі тұңғыш көлемді шығармасы. 
Бұдан бұрын ол біраз әңгімелер, бірді-екілі шағын пьесалар 
және жазушы Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығына 
арналған сыни-библиографиялық очерк жазған болатын. 
Ол көркем аударма саласында әсіресе мол әрі жемісті 
еңбектенген еді. Міне, осының бәрі жас жазушыны үлкен 
өріске меңзегені, оның қаламын ұштай түскені даусыз. Бірақ 
сырттай қарағанда бұл еңбектерді сөз болғалы отырған 
кесек реалистік көркем романның айқын хабаршысы, 
шығармашылық кең құлаш ұрудың шүбәсіз кепілі деп қарау 
қиын тәрізді еді. Шындығында да, бұл роман оқушы үшін де, 
автордың өзі үшін де өзгеше бір жаңалық, шығармашылық 
тың ашылыс болды. Осы романы арқылы Т.Ахтанов өзінің 
шығармашылық мүмкіндігі мол суреткер екендігін бірден-
ақ айқын танытты.
«Қаһарлы  күндер» романы Ұлы Отан соғысы тақыры-
бына арналған. Еліміздің тарихындағы осы бір ұлы кезеңді
өмір мен өлім шарпысқан сол бір сұрапыл отты күндердің 
қатал да қайсар шындығын бейнелеу – қалам қайраткерлері 
үшін қиын да, қасиетті де міндет. Кеңес адамдарының Ұлы 
Отан соғысының ай-күндерінде көрсеткен ғажайып ерлік 
істерін, патриоттық қимылдарын баяндайтын шығармалар 
біздің әдебиетімізде аз жазылған жоқ. Орыс кеңес 
жазушылары А.Фадеевтің «Жас гвардия», М.Бубенновтың 

109
«Ақ қайың», К.Симоновтың «Күндер мен түндер», 
А.Бектің «Арпалыс», Б.Горбатовтың «Бағынбағандар» 
атты романдары мен повестерін былай қойғанның өзінде, 
қазақ кеңес жазушылары да Ұлы Отан соғысы тақырыбына 
арналған бірнеше кесек туындылар берді. Ғ.Мүсіреповтың 
«Қазақ солдаты», Б.Момышұлының «Бір түннің 
тарихы», Ә.Нұрпейісовтың «Күткен күн» («Курляндия»), 
С.Бақбергеновтың «Талғат» атты шығармалары бұған анық 
айғақ.
Авторларының өмірлік және шығармашылық 
тәжірибесінің өзгешелігіне, суреткерлік алғырлығының 
әралуандығына қарамастан аталған романдар мен 
повестерде және осылармен тақырыптас басқа да көптеген 
шығармаларда сол бір айбарлы жылдардың мол шындығы, 
қажырлы пафосы бар. Бірақ Ұлы Отан соғысы тақырыбы 
әдебиетімізде өзінің жан-жақты қырымен, зор эпопеяларға 
ғана сыйымды терең шындығымен сарқыла суреттелді, тұтас 
көрінді деп айту қиын. Халқымыздың бақытын, азаттығын 
қорғап қалған еңіреген ерлердің білек күшімен, жүрек 
қанымен жазған батырлық дастандары көркем образ тіліне 
толық түсіріліп болған жоқ. Ұлы Отан соғысы жайында 
жазылған әрбір кесек шығарманы оқушы жұртшылықтың 
мол ықыласпен қабыл алатындығы да осыдан.
Біздің кеңес әдебиетінде әскери тақырыпты қозғауда 
және оны шынайы шешуде шығармашылық тәжірибе 
аз жиналған жоқ. Бірақ қаншалықты тұлғалы, күрделі 
болғанмен кез келген шығарма өз аясына бүкіл Армияның 
не тұтас бір майданның өмірін сыйғыза алмақ емес. Ең 
басты мәселе сол соғыстың негізгі сипатын, психологиясын, 
уақыт рухын сездірте алуда. Міне, кеңестік әскери 
беллетристиканың ең таңдаулы шығармаларына хас осы 
қасиет – Т.Ахтанов романында да баршылық. Т.Ахтанов 
романының оқиғалық аясы тұтас дивизия аумағын ара-тұра 
ғана қамтиды. Автор көбінесе жекелеген полк, батальон, 
рота, взводтардағы жауынгерлік қимылдарды баян етеді. 
Бірақ бұл оның шығармасының өрісін тарылтпайды, 
идеялық тынысын әлсіретпейді. Керісінше, көптеген кеңес 
офицерлері мен жауынгерлерінің батырлық әрекеттерін, 
сұрапыл майдан үстіндегі олардың ой-арманын, сезім 
дауылдарын, рухани тұлғасын көркем бейнелей отырып, 
жазушы Ұлы Отан соғысының шешуші бір кезеңінің сұсты 
да қайсар шындығын елестете алған. Яғни романдағы 
басты-басты кейіпкерлердің көпшілігінің дерлік 
прототиптері өмірде болған адамдар, даңқты Панфилов 

110
дивизиясының офицерлері мен қатардағы жауынгерлері. 
Сондай-ақ, романның майдан өмірін тікелей суреттейтін 
бөлімдері мен тарауларының сюжеттік арқауы да Москва 
түбіндегі атақты шайқастардың оқиғаларына құрылған. 
Әрине, бұдан «Қаһарлы күндер» романы сол әлуетті 
айқастардың құр сүлдері, хроникасы деген ұғым тумасқа 
керек. Рас, Панфилов дивизиясының бүкіл әлемді таң- 
ғалдырған батырлық қимылдары жайында әдебиетімізде 
бұрын да көптеген шығармалар жазылған болатын. Бірақ 
Т.Ахтанов солардың көлеңкесінде қалып қоймаған. 
Адамдарымыздың қажырлы ерлігіне, терең патриотизміне 
толы осы бір тақырыпты ол өзінше шешкен. Жазушының 
шығармашылық даралығы мен өзіндік ерекшеліктері 
романның ең алғашқы беттерінің өзінде-ақ бой көрсете 
бастайды. Сырттай қарағанда романның басталуы соғыс 
тақырыбына жазылған талай-талай шығармаларды еске 
түсіретін сияқты. Бірақ бұл – алғашқы беттегі өткінші, 
үстірт қана әсер. Авторлық баяндаулардың ішкі сырына 
қаныққан сайын, оның кейіпкерлерінің жан түкпіріне 
неғұрлым терең үңілген сайын жаңағы әсерден арыла 
бастайсың. Романдағы алуан тағдырлы адамдардың жан-
күйі, олардың автор нәзік байқағыштықпен, суреткерлік 
емеурінмен сездіретін рухани дүниесінің қат-қабат 
сырлары барған сайын ынтықтыра түседі. Бұл романның 
шығармалық шымырлығын, әсер етушілік қуатын аңдатса 
керек.
Роман болашақ жауынгерлердің майданға аттануын 
суреттеуден басталады. Жазушы үлкен өмірдің боямасыз, 
шынайы көріністерін осы тұстың өзінде-ақ, салған 
жерден қарбыта қамтып, жарқырата ашып тастайды. 
Кейіпкерлерінің    өміріндегі осындай шешуші, өтпелі мезет-
ке жазушы   назары  әлдеқалай   түсе   салмаған. Бұл – олардың 
ой-армандарының, мінез-құлық қайсарлығының сынға 
түсер сәті. Өзінің ең аяулы, қимас та қадірмен дүниесі: туған 
жер, өскен ел, жылы мекен, тату-тәтті отбасы – барлығы да 
артта қалып бара жатқанын және алда оқ бүркіп, от шашқан 
майдан даласы, екіталай болашақ күтіп тұрғанын сезіну 
кімге болсын оңай емес. Мұндайда әркімнің-ақ жан түкпірі 
танылып қалады. Т.Ахтанов кейіпкерлерінің нені армандап, 
немен тыныстайтынын ұтымды аңдататын осындай орайлы 
кезеңді тап басып, тапжылтпай тауып ала білген. Жалпы 
алғанда, кейіпкерлерінің сезім шындығына терең бойлап, 
ақтара ашуға ұмтылуы, авторлық баяндаудың реалистік 
мәнерінен айнымай, көркемдік тұтастықтан ауытқымай 

111
отыруы–Т.Ахтановтың көркем прозаның күрделі 
түрлерімен шұғылданушы шеберлерге мейлінше қажет 
қасиеттерді молынан баурай бастағандығын байқатады.
Өзінің композициялық құрылысы, оқиғалық өрбуі 
жағынан бірінші тарау романның басқа бөлімдерінен 
гөрі сәл оқшаулау тұрады. Онда бүкіл тарауға тұтас арқау 
болып жатқан кесек оқиға, күрделі желі жоқ. Керісінше, 
автор лирикалық шегіністерге мол орын берген. Бірақ 
мұны да шығарманың  көркемдік тұтастығына дақ түсі-
ре 
тін селкеулік деп қарауға еш болмайды. Шығарма 
композициясын құрудағы мұндай ерекшелік автордың 
көркемдік үнемділікке ұмтылу жолындағы ізденулерінен 
туған. Бұл тарауда жазушы әрбір эпизод арқылы, әрбір 
лирикалық шегініс арқылы басты-басты кейіпкерлерінің 
тағдыры мен талайын, өткен өмірін, жан күйлерін 
реалистік қалыпта қонымды әрі қызғылықты етіп бейнелей 
алған. Батальон командирі Мұрат, полктың штаб бастығы 
Купцианов, взвод командирі Ержан, сержант Добрушкин, 
жауынгерлер Қартбай, Көжек, Кәкібай, Бондаренко 
және басқа да көптеген кейіпкерлер өздерінің кескін-
келбеттерімен де, мінез-құлық ерекшеліктерімен де 
оқушыға біртоға жақын танылып қалады. Бұлар романның 
соңғы тарауларында өздерінің батырлық істерімен, 
патриоттық қимылдарымен көрінеді. Шығарманың бір 
тарауынан екінші тарауына, бір эпизодынан екінші 
эпизодына ауысқан сайын олар да биіктей береді, өз 
характерлерінің соны бір қырларын аша түседі. Сөйтіп, 
автор роман кейіпкерлерін олардың өз характерлерінің 
шындығына, арман-тілектерінің тереңдігіне немесе 
тайыздығына орайлас өсіріп не құлдыратып отырады. 
Қайткен күнде де оның геройлары сірескен статикалық 
күйде қалып қоймайды. Олардың бейнелері өздерінің 
лайықты логикалық және көркемдік тұтастығына қарай 
өрбіп отырады. Мәселен, егер Мұрат, Ержан, Қартбай және 
басқалар сұрапыл соғыстың небір ауыр тауқыметтерін 
бастан кешіре, үрейлі сезімдер мен қобалжыған көңіл 
налыстарын жеңе отырып ширыға шыңдалса, ал Уәли 
сияқты атаққұмар аярлар өздерінің жолдастарына, Отан-
анаға опасыздық жасауға дейін барады. Әрине, бұл да –
өмір шындығынан алынған ақиқат жәйттер. Өйткені Ұлы 
Отан соғысы – тек әскери техниканың өзара қақтығысуы 
емес, сонымен бірге адам характерлерінің, ар-намыс пен 
арсыздықтың, қайсарлық пен үрейшілдіктің, патриотизм 
мен опасыздықтың арасындағы да аяусыз арпалыс еді. 

112
Автор осы шындықты көркем мүсінделген адам образдары 
арқылы нақтылы көрсетеді.
Егер жазушы өзінің кейіпкерлерін – әскери адамдар-
ды өне бойы тек шабуыл үстінде көрсетсе және оларды 
«отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» қияли «жан-
себілдер» етіп бейнелесе, ол жасандылыққа ұрынар еді. 
Т.Ахтанов мұны жақсы түсінген. Ол кеңес жауынгерлерінің 
қасақы жауға қарсы шабуылға шыққан сәттерін де, бекініс 
жасаған кездерін де, орайы келгенде уақытша  кейін шегін-
ген мезеттерін де тұтас алып суреттейді. Әрине, шегіну қай 
жағынан болсын оңайға түскен жоқ. Ол қарапайым халыққа 
да, әскери адамдарға да ауыр тиді. Осы жәйді автор мынадай 
бір шағын эпизод арқылы нанымды суреттейді: «Генерал-
лейтенант жүзін мұң шалып, Панферовқа тереңдей қарады. 
Өңі сұрланып, төмен қарап отырған Панферов басын 
көтеріп, командашыға байсалды көз тастады.
– Дұрыс айтасыз. Халық қазір де елеңдеп, бізден күн 
сайын жақсылық хабар күтеді. Сол хабарды кешіктіріп 
тұрмыз ғой.
Бұдан бір жеті бұрын менің штабым анау кейін қалған 
дивизиялардың бірінде тұрды,–деді генерал-лейтенант 
өткен бір істі есіне алып. –Колхоздың ба, селсоветтің бе 
біреуінің кеңсесіне орналасқанбыз. Сыртқа шығып келе 
жатсам, алдымда бір кемпір мен шал тұр екен. Бас изеп 
өте беріп едім, кемпір адъютанттың «не шаруаңыз бар, 
бөгемеңіз» дегенін елең етпей, алдымнан көлденең тұра 
қалды. Өзі де жойқын кемпір екен. Командашы мырс 
етті. «Маған нағыз генералдың өзі керек, сол сенбісің»,–
деді. «Я, мен едім»,– дедім. «Ендеше, айтшы мына шалға, 
қарағым. Туған жерден көшеміз деп мазамды алды. 
Немістерді тоқтатасыңдар ғой, соныңды айтшы мына 
кещеге, туғаным», –деп орысша мықынын таянып тұрып 
алды. Бетіне қарасам, байғұс кемпірдің менің мақұлдап 
жауап береріме еш күмәні жоқ екен. Қатты қысылып 
қалсам да, бірақ «көшкендерің жөн болар» демеске шарам 
болмады. Кемпір «денің сау ма» дегендей маған таңырқай 
қарады. «Сонда қайда барасыңдар. Екі аттасаң артыңда 
Москва тұрған жоқ па?!»– деді зекіп. Генерал-лейтенант 
түйіліп төмен қарап, аз іркіліп, саусағымен столды шертті.–
Вот такие дела.
– Халыққа жауап беру оңай емес, бірақ жауап бермей 
жалтара да алмайсың,– деді Панферов...» (141–142 бб.).
Біз осы ұзақ үзіндіні әдейі келтірдік. Өйткені бұл көп 
жайды аңғартады. Ең алдымен мұнда сонау қырық бірінші 

113
жылғы күзде Москва түбінде болған сұрапыл шайқастардың 
қатал да қайсар лебі бар. Халықтың өз Армиясына артар 
үміті мен салмағын да, қарапайым орыс адамдарының 
туған жерге деген патриоттық ыстық сезімін де автор 
жақсы аңғарта алған. Сондай-ақ, әскери стратегия мен 
тактиканың орайлылығы мен орамдылығы тек шабуылға 
шығуда, кескілесе сайысуда ғана емес. Біздің Армия шегіне 
отырып та жаудың қанды шеңгелін майыра, жайрата 
білді. Т.Ахтанов осыны тек жекелеген эпизодтар ғана 
емес, сонымен бірге тұтас оқиғалар тізбегі арқылы және 
шығарманың бүкіл рухы арқылы да сездіртіп отырады.
Жазушы жауынгерлердің тұңғыш рет майданға 
араласқан кездегі толқынған көңіл күйлерін де, олардың 
іштей қобалжуды бірте-бірте жеңіп, ширыға бастағанын 
да реалист-суреткерге тән сергектікпен көрсете алған. 
Жүрегінің түкпірінде жасырынған сырын өзінің сүйікті 
зайыбына да айтуға тайқақситын Кәкібай, зарығып көрген 
жалғыз ұлының жайдары жүзінен басқаны білмеген 
ақкөңіл, аңқау Көжек сияқты бұйығы жауынгерлер әскері 
қатал тұрмысқа, сұрапыл соғыстың тауқыметіне бірден 
үйреніп, көндігіп кете алмайды. Бұларды әскери өнерге 
баулып  тәрбиелеуде  Ержан сияқты командирі және қа ру лас 
достары аз еңбек сіңірмейді. Сөйтіп, автор өз кейіпкерлерін  
әскери Жарғының қағидаларын ғана жаттап алған және 
содан  басқаны білмейтін көзсіз ерлер бейнесінде емес, 
өмір шындығынан алынған кәдімгі қарапайым жанды адам-
дар ретінде суреттейді. Өзінің реалистік шеберлігін де, 
майдан өмірін, әскери тұрмысты терең білетіндігін де осы 
тұста жақсы танытады.
Романда кескілескен ұрысты тікелей көрсететін 
жар 
 
қын тараулар, жауынгерлік эпизодтар аз емес. 
Солардың ішінде әсіресе оқшау танылатындары – Мұрат 
батальонының, Ержан взводының, Қартбай мен Көжектің 
қоршаудан құтылып шыққаны және Москва түбіндегі ең 
соңғы қаһарлы да қатерлі айқас жайында баяндалатын 
беттер. Егер қоршаудан шығу жолындағы қимылдарда 
кеңес жауынгерлері әскери тактикаға жетіктігін, тап-
қыр 
лығын танытса, ал Москва түбіндегі шайқастар 
суреттелетін эпизодтар ерлік пафосқа, асқан батырлық 
рухқа толы. «Темір шыдамаған» сұрапыл сойқанға «адам 
шыдағанын», кеңес жауынгерлері әскери техникасы 
басым, саны артық қасақы жауға қасарыса соққы бергенін 
жазушы зор шабытпен суреттеген. Сөйтіп, роман фашист 
қарақшыларының Москва түбінде қаусап жеңіліп, масқара 

114
болып кейін қашуын, біздің адамдарымыздың жеңіс 
қуанышына бөленіп, мерейі үстем болғанын баяндаумен 
аяқталады. Орыс шалы Ерофей Максимовичтің Ержанға 
айтқан мына бір сөздерінде көп мағына бар:
« Қарағым,– деді ол даусы бұзылып.– Бәрін естідім. Мен 
орыстың қартайған шалымын. Орыс мекені өртенгенде 
өзегім өртенбейді дейсің бе?.. Бәрің осылай соғысқасын... 
Қандай жау алмақ бізді!» (368 бет). Романның ең соңында 
айтылған осы бір сөздерден оның бүкіл идеялық тынысы 
сезілетіндей. Кеңес адамдарын ешбір жау, ешқашанда 
ала алмақ емес. Т.Ахтанов осындай өзекті патриоттық 
идеяны, халқымыздың жеңілмес жігерінің өшпес лебін өз 
шығармасының бүкіл рухы, сюжеттік арқауы, оқиғалар 
өрбуі, кейіпкерлерінің образдар жүйесі арқылы көркем де 
шынайы бейнелей алған.
«Қаһарлы күндер» романында толыққанды әрі соны 
да қызғылықты көптеген образдар бар. Тек алғы лекте 
алынып бейнеленген кейіпкерлердің мөлшері оннан астам. 
Автор өзінің басты-басты кейіпкерлерінің барлығына 
дерлік тың тыныс беріп, жан бітіре алған. Солардың ішінде 
жазушының әсіресе мейірлене әрі мол суреттейтіндері – 
Ержан мен Мұрат.
Автордың өз сөздерімен айтқанда «Ержан қарапайым 
қазақтардың арасында өсті. Олар оны атқа мінгізіп, мал 
қайтартып, жылқыға құрық салғызып үйретті. Өз білгенін, 
өз түйгенін бұған да берді. Ғажайып ертектерін, хатқа 
түсірмей сақтаған жырларын тыңдатты» (32 бет). Оның 
өмірінің бұдан былайғы кезеңдері — он жылдық мектеп 
пен әскери училище. Жазушы мұның бәрін қазбалап, 
тәптіштей баяндап жатпайды, лирикалық шегініс немесе 
кейіпкерлердің өз басының ой-толғаныстары арқылы 
аңғартып тастайды. Оқушы Ержанды алғашқыда өмірден 
көргені мен түйгені әлі аз, балалық табынан, жастық 
бұйығылықтан арыла қоймаған қарапайым офицер ретінде 
біледі. Ол іштей алыс арманға берілуден де аулақ емес. 
Аркадий Гайдар он алты жасында полк командирі болғанын, 
Щорс жиырма екі, жиырма үш жасында үлкен әскерді 
басқарғанын кітаптан оқып білген Ержан жұрт таңғалатын 
ерлік қимылдар жасауды, даңққа бөленуді де қиялдайды. 
Мұның бәрі де оның жас шамасына және әлі ауыртпалық 
көрмеген албырт характеріне сыйымды. Бұл – тек Ержан 
ғана емес, жас офицерлердің талайына бірдей ортақ, әрі 
ыстық арман. Сөйтіп, жазушы өз кейіпкерлерінің тағдыры, 
ой-талабы арқылы көпке тән күйлерді қозғайды.

115
Бірақ арман мен шындық үнемі бірдей және оп-оңай 
қабыса бермейді. Тек жан қуаты мол, табанды да тапқыр 
күрескер жандар ғана мұратына жетпей тынбақ емес. 
Жазушы Ержанның майдандағы өмірін осы тұрғыдан алып 
суреттейді. Соғыстың от-жалыны оның адамдық характерін 
де ширатып толыстырады, әскер жағынан да шыңдайды. 
Ержанның өз взводын қоршаудан алып шығуын және өз 
жауынгерлерін жауға қарсы ұрысқа тайсалмай баруға 
баурай білгенін жазушы көптеген жарқын эпизодтар 
арқылы шынайы да нанымды суреттейді. Ержанның 
әр кездегі, әр жағдайдағы түйсінулері арқылы берілген 
батальондық көріністер әсіресе қызғылықты оқылады.
Жазушы Ержанның жан дүниесін де терең ашып 
көрсетеді. Туып-өскен далаға, жауынгерлеріне деген 
ыстық құштарлығы, өзінің сезім-сырлары мен іс-әрекетіне 
әрдайым көңілі толмай, қомсына қарайтын кішіпейілдігі, 
адалдығы, ойшылдығы, кейде албырт қиялшылдығы оның 
рухани тұлғасын айқындап та, даралап та тұрады.
Романда Ержанның Раушанға деген саф таза, мөлдір 
махаббаты әсіресе тартымды, өзгеше бір жарастықпен 
бейнеленген. Бұл тұста да жазушы әсіре қызылдыққа, 
арзан жарқылдақтыққа бой ұрмайды. Ол кейіпкерлерінің 
іс-әрекеттерін солардың өздерінің жан диалектикасынан, 
характерлерінің шындығынан іздейді. Сондықтан оның 
суреттеуінде Ержанның Раушанды шын жүректен, жастық 
албырттықпен беріле сүюі, бірақ қыз ықыласын емін-еркін 
баурай алмауы, Раушанның жаза басып, айықпас өкінішке 
ұрынуы, Ержан басында болған іштей шарпысқан екіұдай 
сыр-сезімдер, ақыр аяғында оның ерлікпен қаза тапқан 
Раушанды  кешіре  де аяй, тебірене ұнатуы – бәрі де 
реалис тік қалыпта әрі психологиялық жағынан шыншыл 
да нанымды. Жоғарыда автор адам образдарын даралап 
бейнелеуге оңтайлы деп едік. Оның осы шеберлігін 
тіпті сырттап қарағанда тағдыры мен талайында біраз 
ұқсастық бар кейіпкерлердің дара-дара образдарынан 
анық байқаймыз. Жазушы Ержан сияқты Мұратты да жау 
қоршауын бұзып шығу, қорғаныс шебін жасау, жаумен 
қоян-қолтық соғысу үстінде көрсетеді, оның да сүйіспендік 
тағдырын баян етті. Бірақ осы екі кейіпкер характері, 
психологиялық күйлері жағынан өзара қаншалықты 
ұқсамайды.
Мұраттың өмірден алған тәжірибесі мол, көргені мен 
түйгені көп. Оның еркі күшті, характері әбден қалыптасқан. 
Мұраттың әскери ой–өрісі де кең. Полктың штаб бастығы 

116
Купциановпен пікірталастарынан, кескілескен ұрыс 
кездерінде батальонды және кейіннен полкты шебер де 
тапқыр басқаруынан оның бұл қасиеті жақсы байқалады. 
Мұрат әскери стратегияға жүйрік, командирлік толғамы 
кең. Москва түбіндегі шайқастың стратегиялық сипаты 
туралы оның Купциановпен айтысын жазушы былай 
береді:
«Жауды тоқтататын ақырғы рубежге аз шығынмен 
жету әркімнің арманы екені рас. Сол үшін жонымызды 
тосып бұға беру керек пе? – Мұрат Купциановтың қарсы 
дау айтқысы келген ажарын танып, тез сөйлеп кетті.– 
Сіздің айтып отырғаныңыз істің бір ғана жағы. Ал біз үшін 
ең басты міндет – қадам басқан сайын жауды қансырата 
беру. Сіз Кутузов тактикасын айттыңыз. Негізінен ұқсас-
тығы болғанмен, біз оны айнытпай қайталамаспыз. Біз 
тарихи спектакль қойып жүрген жоқпыз. Москваны да 
бере алмаспыз» (95-бет). Мұраттың осындай ой тереңдігіне 
меңзес іс-әрекеті де кесек, тегеурінді.
Мұраттың жеке басының күйлері, әсіресе оның Айшаға 
деген махаббаты суреттелетін эпизодтар да адамгершілік 
ыстық сезімдерге, өзгеше бір қызулы лиризмге толы. Бұл 
кейіпкерлердің тағдырына, іс-әрекеттерінің шындығына, 
рухани сезімдерінің мөлдірлігіне оқушы қалтқысыз 
сеніп, қоса тебіреніп отырады. Автордың лирикалық 
шегіністер арқылы баяндалатын Мұраттың балалық шағы 
және «шынжыр балақ шұбар төс» Дербісәлімен тартысы 
романның көркемдік бояуы қалың, бейнелілік қуаты мол, 
ең бір тартымды беттерін құрайды.
Жалпы алғанда, «Қаһарлы күндер» романындағы 
Ержан, Мұрат, Раушан, Айша образдары әдебиетіміздегі 
дулығалы кейіпкерлер қатарына қосылатын тың бейнелер 
болып табылады.
Романдағы орыс кейіпкерлерінің образдары жай 
ын 
-
да бірер сөз. Өздерінің шығармаларында орыс адам-
дарының бейнелерін жасау проблемасына біздің ақын, 
жазушыларымыз көптен бері назар аударып келеді. Бұл 
қазір игі дәстүрге айналды. Бірақ осы проблема біздің 
әдебиетімізде өне бойы сәтті шешілді деп айту асыра 
сілтегендік болар еді. Көптеген жазушыларымыз бен 
ақындарымыздың шығармаларында орыс адамдары жанды 
кейіпкерлер ретінде бейнеленбей, шартты түрде, схемалық 
қалыпта суреттелетін. Оларда айқын ұлттық сипат, адамға тән 
даралық қасиет бола бермейтін. Біздің әдебиетіміз қазір бұл 
олқылықтан батыл арылып келеді. Онда орыс адамдарының 

117
небір жарқын да соны бейнелері жасалды. Қазақ кеңес 
прозасының шеберлері М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтың және 
басқа да көрнекті жазушыларымыздың шығармаларынан 
мұны анық байқаймыз.
Әдебиетімізде беки бастаған осы өнімді принципті 
Т.Ахтанов та бекем ұстанған. Оның романында Василий 
Кусков, Зеленин, Земцов, Ерофей Максимович, Фильчагин 
Корыстылев, сондай-ақ Купцианов, Добрушкин сияқты орыс 
адамдары өзіндік даралықпен, тек өздеріне ғана хас ұнамды   
қылықтарымен    немесе әлсіздіктерімен ерекшеленіп бей-
не ленген. Автор олардың әрқайсысының дерлік бойына шақ  
іс-әрекет беріп, ой өрісіне, рухани  дәрежесіне  қонымды 
тіл бітіре алған. Бұлардың ішінен әсіресе Кусковты ерекше 
атауға болар еді. Адамгершілік зор қасиетке, патриоттық 
ой-сезімге толы осы кейіпкерінің образы арқылы жазушы 
атақты жиырма сегіз панфиловшылардың бірі, даңқты 
политрук Клочковтың тұлғалы бейнесін мүсіндеген. Көркем 
шығармада герой образының тұтас, толыққанды болып 
жасалуы оның әйтеуір көп суреттелуіне, оған орынды-
орынсыз мол назар аударыла беруіне байланысты емес. 
Орайын тапқан автор эпизодтық геройлар арқылы да көп 
жәйді аңғарта алады. Шебер суреткер оңтайлы штрихтар 
мен детальдар, кейіпкерлерінің айқын репликалары, 
ішкі монологтары арқылы да образдың табиғатын, мән-
сырын ашып бере алады. Т.Ахтанов романынан осындай 
образдардың да әралуанын ұшыратуға болады. Мәселен, 
Дәурен, Жексен қарт, Василиса Ивановна және басқалар 
осындай бейнелердің қатарына жатады.
Мақала көлемімен   шектелгендіктен    романдағы      образ-
дар жүйесіне бұдан әрі тоқталып жатпаймыз. Өйткені әрбір 
образдардың әлеуметтік ішкі сырына тесіле үңілу, олардың 
көркем де жанды бейнелер ретіндегі ерекшеліктерін 
талдап ашып, түбегейлі сөз қылу – бұл мақаланың 
мақсаты да, міндеті де емес. Бұл тұста тек романның 
ұнамсыз кейіпкерлері болып көрінетін Купцианов пен 
Уәлидің образдары  жайында бірер сөз айта кету қажет 
сияқты. Біздің әдебиетімізде, әсіресе жас жазушылардың 
прозасында ұнамсыз кейіпкерлер айқынырақ суреттеліп, 
ұнамды геройлар схемалық қалыптан аса алмай, көмескі 
тартып кететін сәттері болушы еді. Ал Т.Ахтановта бұлай 
емес. Ол ұнамды планда алынған кейіпкерлерін, әсіресе 
басты-басты кейіпкерлерін соқталы етіп шығаруға, 
сомдап беруге шығармашылық қайрат-қажырын қапысыз 
жұмсауға тырысады. Бірақ оның ұнамсыз кейіпкерлері 

118
дәл мұндай дәрежеге көтеріле бермейді. Мәселен, 
оның Купциановы да, Уәлиі де–автордың идеясы, 
шығармашылық позициясы тұрғысынан қарағанда біртоға 
шынайы жасалған, характерлері дараланып берілген 
бейнелер. Осы кейіпкерлерінің образдарын, олардың 
табиғаты мен мінез-құлқының әлеуметтік сырын тереңірек 
ашқанда және солардың іс-әрекеттеріне байланысты 
туындап жататын тартыс талқысын өршіте, шиеленістіре 
түскенде–жазушы тек ұтатын еді. Рас, автордың Уәли мен 
Ержанды, Купцианов пен Мұратты қатар алып, қарама-
қарсы қоя отырып суреттейтін сәттері бар және онысы 
қызықты да. Бірақ дәл мынадай кең тынысты, кесек 
шығарма үшін олқы соғып тұрғандай.
Енді романның көркемдік ерекшеліктеріне байланысты 
кейбір байқағандарымыз бен әсерлерімізді баяндауға 
ауысалық. Рас, жоғарыда біз романның тақырыбы, 
әлеуметтік тынысы, идеялық мазмұны жайында сөз 
еткенде ара-тұра көркемдік талдауға да назар аударып 
отырдық. Бірақ шығарманың сөз өнері туындысы ретіндегі 
өзіндік ерекшеліктері, автордың жазушылық шеберлігінің 
әралуан қырлары мұндай азды-көпті ойлардың аясына 
сыймайтындығы хақ.
Қандай жазушының болмасын негізгі суреткерлік 
құралы–оның тілі. Сондықтан, ең алдымен романның 
тілі жайында бірер сөз. Қазақ кеңес прозашыларының 
аға буыны өкілдерінің, кәнігі суреткерлеріміздің тілімен 
салыстырып қарағанда Т.Ахтановтың тілі лексикалық 
жағынан соншалықты бай, мол сезіле бермейді. Бірақ 
оның тілінің бейнелілігін, суреттілігін және тазалығын 
ерекше атап айтпасқа болмайды. Авторлық баяндауларда 
да, кейіпкерлердің өздерін сөйлеткенде де, олардың әр 
сәттегі алуан түрлі көңіл-күйлерін шерткенде де ол дәл сол 
мезетке, дәл сол жағдайға бояуы, мағынасы жағынан тура 
келетін сөз тауып қолдануға тырысады. Бұл оның тілінің 
оралымдығын танытады. Бір-екі мысал келтіріп қаралық:
«Тау қапталынан шыққан пойыз даланы үңгіп 
тауыса алмай келе жатқалы екі күн болды. Толқындары 
қыртыстанған алып мұхит сияқты шексіз, шетсіз дала 
жатыр. Сәскеде алыс қырларды сұйық көгілдір мұнар 
шалып тұрады да, түске таман сол мұнар сағым болып 
төгіледі. Ұшан даланы көкпеңбек су қаптап кетеді. Сол 
әсем су дірілдей құбылып, асығыс ағып бара жатады. Әр 
жерде арал болып төбелер көрінеді. Бір кезде ерке сағым-
су ойнақтап, сол  төбелердің де басын жуып өтеді. Қалың 

119
селдің ортасынан зәулім ақ сарай теңкиіп шыға келеді 
де, бір сәтте ап-аласа боп жерге жабысып қалады. Теңіз 
ортасынан биік бойын көкке созып хайуан шығады, ол суға 
қайтадан сүңгіп бара жатқанда бір сәтке түйе бейнесіне 
түседі. Бүктетіліп, орғып, жүйтки ағып бара жатқан сағым-
су түс қайта талықсығандай шабандай береді де, бір сәтте 
ғайып болады. Бетінен көк жібек пердесі сыпырылып, 
адырлы жалпақ дала ажарсыз жүзін көрсетеді».(31 
бет). «Добрушкин ұзын бойлы қапсағай, сәл еңкіштеу. 
Қимылында әскери жинақтылықтан гөрі мысықтың 
ептілігіне ұқсайтын бір шапшаңдық бар. Бетінде әжім 
жоқ болғанмен, өңі ескі. Жас шамасын ажырату қиын, 
мұндайлар кейде отызда, кейде қырықтың аржағында 
болады. Добрушкиннің дауысында, бүкіл тұлғасында, 
бет әлпетінде, иі түскен қайыстай, көңіл аударып, көз 
тоқтатарлық еш нәрсе жоқ. Тек кісіні сипап көргендей әккі 
көзқарасы ғана оның өзіндік қасиетін аңғартқандай. «Әй, 
бірталайды көрген, жырынды боп қалған қу боларсың» 
деп ойлады Мұрат» (19 бет). Алғашқы үзіндіні оқып қана 
өтпейсің, бояуы құлпырған әсем де ойнақы суретті көз 
алдыңа елестетесің. Тек далада туып өскен, оның құбылмалы 
да шалқар, жадау да жарқын стихиясын сезінген суреткер 
ғана осылай жаза алмақ. Бұл жазушының тіл байлығын ғана 
емес, әсерлену мен сезінулерінің молдығын да байқатады. 
Ал екінші үзіндіде кейіпкердің басқа бір кейіпкердің 
түйсінуі арқылы берілген портреттік сипаттамасы бар. 
Сонымен бірге осында қаншама психологиялық шындық, 
астарланып берілген авторлық нәзік түйін жатыр. Рас, 
Т.Ахтановтың тілі еш мінсіз, мүлтіксіз емес. Онда ішінара 
алақұлалық, шұбарлық сезілмей қалмайды. Бірер мысал 
келтіріп қаралық: «Ол остановкада Раушанды көріп қалды» 
(38 бет), «Ержан әлі соғысты жалпы түрде көз алдына 
толық елестете алған жоқ» (8 бет), «Уәлидің жылтыраған 
кішкене көзі, қызара бөрткен толықша жүзі, қызу тоқ 
тұлғасы...» (28 бет), «Көжек оның бойындағы педагогтік 
қасиетін аңғартуға себепші болды» (47 бет), «Бірақ Мұрат 
бұл соғыстың аяусыз соғыс болатынын сезеді. Әсіресе, жау 
жүрекке тақап қалғанда өлімге қарауға болмайды. Осыны 
біліп ол өзіне де, өзгелерге де қатал болды» (13 бет). Мұндай 
мысалдарды романның басқа да талай-талай беттерінен көп 
іздеп қиналмай-ақ табуға болады. Бірақ соның бәрін жіпке 
тізгендей шұбалтып келтіріп жатудың орайы да, қажеті 
да болмас. Ал автор мұны болашақта қатты ескеруге тиіс. 
Өйткені тілдегі шұбарлық, мейлі ара-тұра ұшырасып қалып 

120
отырса да, шығарманың реалистік қуатына салқынын 
тигізбей қоймақ емес.
Т.Ахтановтың суреткерлік өнерінің бір қыры оның 
юмористік шеберлігінде. Кейіпкерлердің диалогтарында, 
авторлық сипаттауда жазушы өне бойы болмағанмен, 
орынды жерінде юморды шебер пайдаланады. Мұндай 
тұстарда шығармаға жаймашуақ, жылы да көңілді бір 
шырай бітеді.
Жазушы авторлық сипаттау мен баяндауға да 
оңтайлы. Сондай-ақ оның авторлық баяндауларының 
кейіпкерлерінің ішкі монологтарына ұласа ауысып кететін 
шақтары да мол. Бұл ретте жазушының өзі беріле көп 
аударған орыс әдебиетінің шығармашылық тәжірибесінен 
үйренгені де байқалады.
Біздіңше, романда автор әлі де болса жете ойланып, 
толғанбаған немесе еркін баурай алмаған бірсыпыра 
жәйттер бар.
Ең алдымен, романда біздің әскермен сілкілесе сайысып 
жүрген жау жағы нақтылы, жанды бейнеде көрінбейді. 
Жау әскерлері көбінесе жалпылама, стихиялы дүлей 
күш ретінде суреттелген. Олардың соғыс стратегиясы 
мен тактикасы жайында да тым сараң айтылады. Осы бір 
олқылық шығарманың тартыс өткірлігін біраз әлсіреткен. 
Романда кейбір қажетсіз мелодрамалық көріністер 
де ұшырасады. Шығарманың оқиғалық өрбуіне тікелей 
қатынасы жоқ, бір-ақ рет қана көрініп, із-түзсіз жоғалып 
кететін мезеттер де бар. Мысалы, Соколово деревнясына 
бекінген жауға шабуыл жасағанда Қартбай мен 
Бондаренконың бір неміс майорын қолға түсіріп алуына 
байланысты эпизод осындай әсер қалдырады. Жалпы 
қызғылықты оқылғанмен, оның шығарма оқиғаларының 
логикалық   тұтастығын   толықтырып  тұрғаны шамалы. 
Автор  тыл  туралы   тақырыпты  кеңінен,   өрбіте  сурет-
те мейді. Бұл оның шығармашылық нысанасына ілікпеген 
де болу керек. Біз тыл өмірінің кейбір елестерін Мұраттың 
әйелі Хадишадан алған хатынан және Айшаның Хадишаны 
үйіне іздеп барып жолыққаны баяндалатын эпизодтан ғана 
көреміз. Сондай-ақ, жазушы Алматы қаласының соғыс 
кезіндегі суық, сұсты бейнесін баса суреттеп жіберген. 
Жалпы алғанда романда тыл тіршілігінің тыныс-лебі
қайратты да қажырлы пафосы сезіле бермейді.
«Қаһарлы күндер» романында ең алғы лекте әрі 
жарқын көрінуге тиіс кейіпкерлердің бірі–дивизия 
командирі генерал Панферов еді. Бұл образ арқылы автор 

121
Панфиловтың бейнесін жасамақ болғанын байқау қиын 
емес. Бірақ осы образ өзінің шырқау биігіне көтерілмеген. 
Жазушы Панферовтың адамгершілік қасиеттерін, 
қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін әсерлі, жылы 
суреттейді. Сөйтсе де, романда Панферовтың әскери 
қолбасшы ретіндегі шын мәнісіндегі биік тұлғасы толық 
көрінбейді.
Жазушы соғыстың жалпы сипатын, психологиясын 
шынайы суреттегенмен, романның кейбір батальдық 
көріністерін бір-бірінен айыру қиын. Бұл автордың 
қайсыбір мезеттерде қайталауға бой алдырғанын аңдатса 
керек.
Бізде бұрын әскери тақырыпқа арналып жазылған 
шығармалардың бірсыпырасында не шеберлік олқы соғып, 
не өмір шындығын терең баурау жағы жетіспей жататын 
еді. Т.Ахтановта үміт күттіретін ұшталған шеберлік те, 
жазып отырған материалын жақсы білушілік те бар. 
Тұтастай алғанда ол өзінің романында сол бір қаһарлы 
күндердің елес-рухын, сол бір қаһарман жандардың 
батырлық тұлғасын көркем де шынайы бейнелей алған. 
Сондықтан да бұл роман әдебиетімізге лайықты үлес болып 
қосылмақ.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал