Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.
Pdf просмотр
бет20/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 1962 ж.

324
ҰЛЫ БЕЙНЕ
(Горький замандастарының естеліктерінде)
«Біз осы бір адамның өз арамызда жоқтығына әлі 
дағдылана   алған жоқпыз және онымен замандас болу бақы-
ты үлесімізге тиген біз бұған дағдылана қояр ма екенбіз»,– 
деп жазды Л.Леонов өзінің «Горький бүгінгі күнде» атты 
естелігінде. Бұл сөздерде тек әдебиетшілердің ғана емес, 
сонымен бірге бүкіл совет халқының ұлы жазушыға деген 
суынбас сезімі мен ыстық ықыласы бейнеленген. Горький 
сияқты ұлы адамның өмірі мен қызметі үшін уақыт өлшем 
бола алмақ емес.
Горький тағдыры–қайталанбайтын тағдыр. Ол тарих-
тың аса бір жауапты, шешуші кезеңінде орыс әдебиетінің 
беталыс-бағдарын жаңа арнаға, революциялық күрес 
арнасына бұрды. Өз ғасырының көркемдік дамуына 
дәл Горькийдей қуатты да игі әсер еткен суреткерді 
әлемнің ешбір әдебиеті білген емес. Жиырмасыншы 
ғасырдың бас кезінде, орыстың қоғамдық ойын, әдебиеті 
мен искусствосын құлдыраушылық пен адасушылық 
жайлаған кезеңде орыс әдебиетінің алтын ғасырының 
соңғы классиктері Толстой мен Чеховтың қолынан алған 
гуманизм туын Горький биік көтерді. Ол адам баласын жай 
ғана іштарту, сүю аз, сонымен бірге оның азат, бақытты 
өмірге жетуі жолында қажырлылықпен күресу керек деген 
тоқтамға келді. Горький өзінің ғажайып творчествосы мен 
бүкіл саналы өмірді осы ұлы мақсатқа қайтарусыз арнады.
Халықтың ой-арманын арқалаған, бүкіл ел өмірімен 
тыныстаған Горькийдің өз өмірі де соншалықты ұшан-теңіз 
бай, соншалықты қызғылықты да нәрлі болды. Мемлекеттік 
көркем әдебиет Баспасы өткен жылы басып шығарған 
«М. Горький замандастарының естеліктерінде» деген 
кітаптан да ұлы жазушының осы тамаша өмірінің жарқын 
көріністерімен молынан танысамыз.
Ұлы  жазушы, үлкен  жүректі, адам сүйгіш Горький халық 
өмірінің қалың ортасында болды, ой өрісі, тіршілігі мен  
кәсібі санқилы адамдардың түрлі топтарымен араласты. 
Горький солардың барлығына да адамның тағдырын 
ойлаудан туған үлкен қамқорлық сезімімен, мол да ыстық 
мейріммен қарады. Сондықтан да ол өзімен істес болған 

325
немесе кездескен әрбір адамның жанында ұмытылмас 
әсер, өшпес із қалдырып отырды. Горькиймен бірге болған, 
оны көрген осындай замандастарының жоғарыда аталған 
кітапқа енген естеліктерін оқып отырғанда ұлы жазушының, 
ұлы адамның ғажайып зор тұлғасын айқынырақ таный 
түскендей боласың.
Н.К.Крупская, М.И.Ульянова, М.Ф.Андреева, М.Гляссер-
дің естеліктері Ленин мен Горькийдің арасында-
ғы жақындық және достық қарым-қатынастарды паш 
етеді. Бұл естеліктерден Лениннің Горькийге әрдайым 
қамқорлық жасап, қолдап отырғандығын көреміз. Сонымен 
қатар олар Ильичтің өзінің де адамгершілік сипаттарын, 
ізгі жандылығын айқын аңғартады. Ленин мен Горькийдің 
арасындағы осындай байланыстар жазушы К. Фединнің 
естеліктерінде әсіресе тартымды, әсерлі баяндалған.
Кітаптағы естеліктерді оқып отырғанда, Горькийдің 
өмірлік жолының әр кезеңдегі елестері мен шиырларын 
өз көзіңмен көргендей боласың. Сонымен бірге оларда 
Горькийдің творчестволық жолының да сара ізі және ол 
аса ірі қайраткері болып табылатын орыстың қоғамдық 
ойының дамуындағы елеулі оқиғалар мен құбылыстардың 
да белгі-бедері бар. 
Горький халықтың қалың бұқарасының ортасынан 
шықты, онымен бірге болды. Сондықтан да халық оны өз 
адамы санады, жанындай жақсы көрді. «Біздің еліміздің, 
тіпті басқа да елдердің ірі жазушыларының ешқайсысы да 
капитализм тұсындағы халықтың «төменгі топтарының» 
өмірін дәл Горькийдей жақын білген жоқ. Қанаушы-
мырзалардың қаталдығы мен тақсіретін... олардың 
ешқайсысы да өз басынан дәл Горькийдей көп кешкен 
жоқ. Осының бәрі оның жанында капиталистік құрылысқа 
деген революциялық өшпенділік пен келіспеушілікті және 
коммунизмнің азат етуші күшіне деген қалтқысыз сенімді 
шыңдады», – деп көрсетті В.М.Молотов. Замандастарының 
бірсыпыра естеліктері Горькийдің халықпен осы тығыз 
байланысын бейнелеуге арналған.
Дәуірдің жасампаздық жігері мен революциялық 
рухы жұмысшы табының бойында екенін Горький 
терең түсінді және оның ескі дүниені қайратып, жаңа 
өмір орнататындығына шәксіз сенді. Горький орыс 
жұмысшы табының революциялық қозғалысына, күрес 
рухына толы шығармаларымен ғана қатысып қойған жоқ, 
сонымен бірге өзі де тікелей араласты. В.А.Десницкий, 
А.Тихонов, Е.Замысловская, С.Скиталец, П.Заломов және 

326
басқалардың естеліктерінде Горькийдің революциялық 
қозғалысқа қалай қатынасқандығы жайында айтылады. 
«1905 жылы Горький қарулы көтеріліске дайындықтың 
қалың ортасында болды», – деп жазады Петр Заломов. Бұл 
айтылған фактілер Горький – революцияның жаршысы 
ғана емес, сонымен бірге оны ұйымдастырушылардың да 
бірі болғандығы, оның революциялық қозғалыспен біте 
қайнасып, бірегей өскендігін анық көрсетеді.
Горькийдің халық күрескері ретіндегі даңқы барған 
сайын кеңінен таралады, оның есімі азаттықтың символына 
айналады. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде оның 
драматургияға бет бұруы және Москваның көркем 
театрымен қоян-қолтық келіп жақындасуы тек орыс 
әдебиеті мен театрының тарихында ғана емес, сонымен 
бірге орыстың бүкіл қоғамдық өміріндегі жаңа кезең 
болды. Горький өмірінің осы бір шағы, оның алғашқы 
пьесаларының Россия мен Европаның театрларында 
қойылып, көрушілерді қалай баурап алғандығы жайында 
да көптеген мемуарларда сөз болады. Бұлардың ішіндегі ең 
қызғылықтылары–К.Станиславскийдің, Вл.Немирович-
Данченконың, В.Качаловтың естеліктері.
Горькийдің революцияға дейінгі қызметінің үл 
кен 
бір саласы–оның демократиялық әдебиеттің күште-
рін топтастыруға байланысты жүргізген жұмысы. 
В.А.Десницкийдің, Дм.Семеновскийдің, П.Максимовтың 
естеліктерінен Горькийдің жаңа жаза бастаған жас 
талаптарға қаншалықты зор көңіл бөлгенін, Россияның 
түпкір-түпкіріндегі талантты адамдармен үздіксіз әрі 
тығыз байланыс жасап тұрғанын көреміз. «Әртекті жас 
таланттардың: актерлердің, әншілердің, суретшілердің, 
музыканттардың, жазушылардың, ақындар мен прозаик-
тердің... барлыға да Горькийге қарай ұмтылатын, – деп 
еске алады В.А.Десницкий, – бір сәт болса да осы адамның 
даңқының нұрында шуақтауға олардың барлығы да шексіз 
қуанатын, өйткені олар осы адамның тағдырынан өздерінің 
ертеңгі күндерін көруді қалайтын. Горькийдің еркелетерлік 
жылы сөз, достық құптау айтатындығын, қандай болмасын 
қолдаумен жәрдем көрсететіндігін олар білетін. Және олар 
өздерінің болашаққа деген үміті мен правосын алғашқы рет 
мойындауды Горькийден естуді құштарлықпен қалайтын».
Горькийдің Чеховпен Москвадағы және Қырымдағы 
кездесулерін суреттейтін естеліктердің де әдеби-тарихи 
мәні ерекше зор. Орыстың ұлттық мәдениетінің бұл 
екі қайраткері мейлінше жақын қарым-қатынаста 

327
болған. Оларды туған халыққа қалтқысыз қызмет 
ету, орыстың ұлттық әдебиетінің даңқын асыра беру 
мүдделері табыстырған еді. «Горький өте талантты және 
аса сүйкімді адам»,–деп жазған болатын Чехов. Патша 
үкіметі Горькийді академик етіп сайлауға тыйым салғанда 
Чеховтың да бұл құрметті атақтан қарсылық ретінде бас 
тартқаны мәлім. Н.Д.Телешовтың естеліктерінде Горький 
мен Чеховтың арасындағы осындай қарым-қатынастар, 
достық байланыстар баяндалады.
1906-1913 жылдар арасында Горький шетелдерде болды. 
Н.Е.Буренин, В.А.Десницкий, И.Бродскийдің естеліктері 
Горький өмірінің осы кезеңіне арналған. Бұл естеліктерден 
биографиялық және қоғамдық-тарихи зор маңызы бар 
көптеген мәліметтер табуға болады.
Горький 1906  жылы  көктемде Америкаға барды. 
Бұл оның шетелдік сапарының ішіндегі ең ерекшесі еді. 
Американың қарапайым адамдары Горькийді зор құрмет-
пен қарсы алды. Ал орыстың ұлы жазушысының құдіретті 
сөзінен қорыққан империалистер мен олардың жеңілауыз 
дақпыртшылары оны қуғынға ұшыратпақ болып әлектенді. 
Бірақ олардың бұл арандатушылық әрекеттерінен ештеңе 
де шықпады. Горький өзінің атақты «Ана» романын 
және көптеген саяси памфлеттері мен публицистикалық 
мақалаларын Америкада болған кезінде жазды. Оның бұл 
шығармалары сол сәтте-ақ көптеген шетелдік тілдерге 
аударылып басылып шықты. Горькийдің осы Америкада 
болған кезеңінің және Каприде өткізген көптеген 
қызғылықты жайлары Н.Е.Бурениннің естеліктерінде, 
әсіресе, мол қамтылған.
Совет өкіметі жылдарында Горькийдің әдеби-қоғамдық 
қызметі мейлінше кең өрістеді. Азамат соғысының қиын 
кезеңдеріндегі кейбір идеялық адасушылықтан тез айықты 
да, ол «Дүниежүзілік әдебиет» атты баспаның жұмысына 
басшылық етті. Горький өмірінің бұл кезеңі Вс.Ивановтың, 
К.Чуковскийдің, Вс.Рождественскийдің естеліктерінде 
бейнеленген. Олар Горькийдің совет жазушыларын, 
жас әдеби күштерді Коммунистік партияның төңірегіне 
топтастырудағы қажырлы күресі мен рөлін баса көрсетуге 
ұмтылады.
Горький шетелде болған жылдарында өз елінің өміріне 
қол үзген жоқ, қайта оның совет адамдарымен байланысы 
бұрынғыдан  да гөрі тереңдей түсті. «Мәдениетке жанасымы 
бар немесе тіпті хат танитын адамдардың барлығы да 
Горькиймен  сөйлесуді  қажет  деп  санады, –  деп   жазады
К.Федин өзінің естелігінде, – ол біздің бүкіл мәдениеті-

328
міздің атынан сөйлейтін зор тұлға еді... Оны Россияның 
почтамттармен байланыстыратын толассыз тізбек бір сәтке 
болса да саябырлаған емес».
1928 жылы Горький Совет Одағына қайтып келді. Ол 
еліміздің көптеген қалаларында болып, совет адамдарының 
жасампаздық қуатының жемістерін өз көзімен көрді. Еңсесін   
биік  көтеріп   келе жатқан социа лис тік жаңа дүниенің 
табыстары жазушының жанында творчестволық зор шабыт 
туғызды. Бұл кезеңде ол өзінің көптеген классикалық 
шығармаларын жазды. Б.Захаванның, К.Скоробогатовтың 
және басқалардың естеліктері Горькийдің осы кездегі 
жазушылық қызметін, творчестволық лабораториясын 
тани түсуге мүмкіндік береді.
Совет әдебиетінің қазіргі көрнекті өкілдерінің көпші-
лігі-ақ Горький қанатының саясында паналады, одан 
творчестволық қуат-қолдау тапты. Ф.Гладков, Л.Леонов, 
П.Павленко, С.Маршак, Л.Никулин, М.Исаковский және 
басқа да көптеген жазушылар мен ақындар Горькиймен 
кездесудің, одан ақыл-кеңес алудың нәтижесінде 
творчестволық оң сапарға дер кезінде түскендіктерін зор 
ықыласпен,ыстық сүйіспеншілік сезімімен еске алады.
Замандастарының естеліктерінен көркемсөздің теңдесі 
жоқ алыбы, үлкен жүректі, жан қуаты мол ғажайып ұлы 
адам–Горькийдің ұлы бейнесі өзінің бар тұлғасымен 
жарқырап көрінеді. Бұл бейне мәңгі-бақи өшпес емес. 
Өйткені А.Толстой айтқандай:
«Горький сияқты, тарихын революциялық дәуірлерін 
терең де шынайы бейнелеген суреткерде, Ленин сияқты, 
азат дүние орнату үшін өз соңынан адам баласын 
ерткен жасаушыда–ұлы адамдарда олардың тарихтағы 
болмысының екі шағы – дүниеге келу мен қайтыс болу 
шағы болмайды, тек бір ғана шағы болады, бұл– олардың 
өмірге келуі».
Орыс ойының бұл данышпан алыптарының өміріне, 
болашағына ешнәрсе де, тіпті ажал да, уақыт та шек қоя 
алмақ емес.
1962 жыл.
МАЯКОВСКИЙ  ЖӘНЕ  ҚАЗАҚ  СОВЕТ ПОЭЗИЯСЫ
Кемеңгер көсеміміз Сталин заманымыздың ұлы 
ақыны Вл.Маяковскийдің творчествосын аса жоғары 
бағалады. «Маяковский біздің советтік дәуірдің таңдаулы, 

329
ең талантты ақыны болды және солай болып қалмақ та», 
деп жазды ол. Сталин жолдастың бұл тарихи сөздері 
Маяковский творчествосының совет мәдениетінде ала-
тын орнын белгілеп берді. Маяковский – бір кезеңнің 
ғана емес, дәуірдің ақыны. Маяковский өзінің тамаша 
шығармаларында советтік өмірімізді, совет шындығын
жаңа тұрпатты совет адамының ой сезімін, оның озық 
көзқарасын   көрсетті. Ол  өзінің  таңдаулы    шығармаларының 
барлығын да біздің советтік дәуірдің ең таңдаулы және 
ең талантты ақыны болып саналады. Ол келешекте де 
осылай болып қалмақ. Өйткені ол сол кездің өзінде-ақ 
біздің шұғылалы болашағымыз – коммунизмді жырлады. 
Коммунизм  идеясы – Маяковский творчествосының 
ең бір өзекті, басты тақырыбы. Қазір коммунистік қоғам 
орнатып жатқан  совет адамдары Маяковскийдің шығар-
ма 
лары совет халқын еңбекке шақырады, күреске 
жігерлендіреді. Оның творчествосының кемімес күші де, 
мәңгі жасайтындығы да міне осында.
Уақыт озып, заман алға қарай зулаған сайын 
Маяковскийдің зор ақындық тұлғасы биіктей береді және 
өшпес дауысы да қаттырақ естіле түседі. Ол қашан да совет 
халқының ұлы ақыны, совет поэзиясының туы, даңқы 
болып қала бермек.
Маяковский нағыз жаңашыл ақын болды. Ол поэзияға 
жаңа мазмұн, жаңа түр, жаңа сөз, жаңа үн ала келді. Бұл, 
әрине, кездейсоқ бола қалған нәрсе емес. Маяковский 
поэзиясының жаңа сипатта болып келуін туғызған–
октябрь революциясы, социалистік жаңа дәуір. Жаңа, 
социалистік шындық Маяковский творчествосының 
мазмұнын құрады, ал ол осы революцияшыл мазмұнға сай 
жаңа түр тапты, советтік өмірімізді жаңа ақындық сөзбен, 
жаңа үнмен бейнеледі.
Маяковский советтік поэзияны бастаушы, нағыз 
жаңашыл ақын болды, бірақ өзіне дейінгі поэзияның жақсы 
жақтарын бекерге шығарған жоқ. Керсінше, Маяковский 
орыстың классикалық поэзиясының ең таңдаулы 
традицияларын жаңа дәуірге сай дамытты, молықтырды. 
Ол Пушкин мен Лермонтовтың, Некрасовтың ақындық 
ойының заңды мұрагері болды, олардың шығармаларында 
гуманистік, азаматтық, халықтық сарындарды өрістете 
түсті. Бірақ бұдан Маяковский орыстың классикалық 
поэзиясының таңдаулы традицияларын жай ғана дамытып 
қойды деген түсінік тумайды. Ол өз творчествосының 
мазмұнымен, рухымен, идеясымен, түрімен нағыз совет 

330
ақыны, социалистік шындықтың теңдесі жоқ жаршысы 
болды.     Яғни  ол  совет  поэзиясының   классигі.   Маяковский-
дің мәңгі өлмес поэмалары мен тамаша өлеңдерінде біздің 
батырлық дәуіріміздің бейнесі мейілінше толық, барынша 
көркем суреттеледі. Сондықтан да бұл шығармалар совет 
поэзиясының классикалық үлгілері болып табылады.
Маяковский – совет поэзиясының өткені мен бүгінгісі 
ғана емес, оның нұрлы ертеңі де. Ол бүкіл совет поэзиясына 
ерекше ықпал жасап келеді және болашақта да өз игі әсерін 
тигізе бермек.
Маяковский нағыз партиялық поэзияның негізін салды. 
Советтік патриотизм, халықтар достығы, жаңа дәуірдің 
жасаушысы–совет адамының азаматтық мақтаны мен 
творчестволық еңбегі, оның асқақ моральдық қасиеті, 
социалистік Отанға шексіз сүйіспеншілік, капиталистік 
дүниеге қарсы, бейбітшілік үшін күрес – міне Маяковский 
шығармаларының осындай ең басты тақырыптары қазіргі 
совет поэзиясының да толық көрінісін тауып отыр. Қазіргі 
орыс совет ақындары М.Исаковский, А.Твардовский, 
А.Сурков, К.Симонов, С.Щипачев т.б. творчестволық 
тәжірибелері осыны дәлелдейді.
Совет Одағындағы басқа да туысқан халықтардың түрі 
ұлттық, мазмұны социалистік әдебиетін, оның ішінде 
әсіресе поэзиясын дамытуда Маяковский поэзиясы,  оның 
традициялары шешуші ол атқарады Ұлт ақындарының 
көрнектілерінің қай-қайсысы болмасын өз творчествосында 
Маяковский әсер алмай, оның жауынгерлік поэзиясынан 
үйренбей кете алмайды.
Маяковскийдің жаугерлік творчествосы тек совет 
поэзиясына ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзінің 
алдыңғы қатарлы ақындарына үлкен әсер етті. Түріктің 
революционер ақыны Назым Хикмет, француз Луи 
Аргон, неміс  Иоганес Бехер, поляк Тувим, Чили ақыны 
Пабло Неруда, қытай Го Мо Жо өздерінің таңдаулы 
шығармаларының Маяковскийдің жаугерлік традициялары 
негізінде жазады. Маяковский творчествосы шетел 
ақындарына поэзияны ұлттық тәуелсіздік үшін, бейбітшілік 
пен социализм үшін күресте айбынды құрал етудің асқан 
үлгісі болып табылады.
Маяковский творчествосының қазіргі совет ақын-
дары на, сондай-ақ бүкіл дүниежүзінің прогресшіл ақын-
дарына бұлайша зор әсерін тигізуі заңды да. Өйткені 
«Маяковскийдің творчестволық тәжірибесі бүкіл советтік 
поэзияны жемісті дамытады, шетелдердегі прогресшіл 
әдебиетке де қуатты әсерін тигізеді. Ол советтік поэзияда 

331
әртүрлі творчестволық дарындылықтар үшін кең жол 
ашады. Маяковский традициялары совет ақындарын Отан 
мүддесіне, халық мүддесіне аянбай еңбек етуге жұмылдыру 
ісіне қызмет етеді» ( «Правда», 4-март, 1953 ж.).
Біздің қазіргі әдебиетіміздегі Маяковский традициясы 
жөніндегі мәселені оның социалистік искусствоның 
негізгі мәнін көрсететін поэзиясындағы басты-басты 
ерекшеліктерді талдап білмейінше шешуге болмайды.
Маяковскийдің совет поэзиясына әсері жөнінде сөз 
ету–оның  өлеңдерінің  сыртқы  құрылысына көзсіз елік-
теу шілік жайында сөз ету емес. «Маяковский традиция-
ларын дамыту, оның өлеңдерінің сыртқы ерекшеліктеріне 
қалай  болса,  солай  еліктей салу да емес, ең басты 
мәселеде– поэзияның асқақ азаматтығында, мемлекеттік 
тұрғыдан ойлауда, жаңаның жеңуі үшін аяусыз күресте, 
дәурені өткен, өшкен, зиянды нәрсенің барлығымен 
де келіспеушілікте, жаңа мазмұнға қызмет ететін, 
миллиондарға түсінікті, айқын ұтымды форма іздеп табуда»
( «Правда» ).
Біздің  ақындарымыз  коммунизмнің  тамаша искусство-
сын жасау жолындағы күресте, халықты коммунистік 
рухта тәрбиелеу ісінде партияға көмегін тигізетін, оған 
қуатты құрал болатын ұлы идеялы советтік поэзия үшін 
күресте Маяковскийді өздерінің жауынгер замандасы, жол 
сілтейтін ақылшысы – ұстазы деп біледі.
Біз жоғарыда Маяковский тек орыс совет поэзиясына 
ғана әсер етіп қойған жоқ, ол түрі ұлттық, мазмұны 
социалистік ұлт әдебиеттерінің барлығына да, тіпті дүние 
жүзінің прогресшіл поэзиясына бұл әсерін орыстың қазіргі 
көрнекті ақындарымен бірге Павло Тычина, А.Малышко, 
А.Кулешов, Г.Леонидзе, С.Вургун, М.Тұрсын-Зада сияқты 
ұлт ақындарының творчествосынан анық көруге болады. 
Сондай-ақ, Маяковский қазақ совет поэзиясының дамуына 
да ерекше әсер етіп келеді.
Маяковскийдің қазақ совет поэзиясына әсері туралы 
мәселе–жалпы орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері 
туралы мәселенің аса күрделі және бөлінбес бір бөлімі. 
Орыстың классикалық әдебиетінен үйрену–қазақтың 
өткен ғасырдағы алдыңғы қатарлы ақын, жазушыларының 
да творчестволық бетін, идеялық бағытын белгіледі. 
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы әрі демократы Шоқан 
Уәлиханов, классик ақыны Абай Құнанбаев, жазушы-
педагогі Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың озық 
идеялы мәдениетімен таныстыруға тырысты, одан үлгі 

332
алуға шақырады. Ал бұл үйренудің үлгісін олар өздерінің 
творчествосында өте шебер көрсетті.
Орыстың классик ақын, жазушыларының қазақ 
әдебиетіне әсері туралы творчествосынан да басты әрі 
шешуші орын алады. Бүгінгі қазақ ақынын сөз ету – ең 
алдымен орыстың классикалық әдебиетінің реалистік 
принциптерінің және патриоттық, гуманистік, халықтық 
сарындарының әсері туралы сөз ету болуға тиіс.
Орыс әдебиетінің таңдаулы өкілдерінен үйрену, 
үлгі алу мәселесі қазақ совет ақын, жазушыларының 
творчествосынан да басты әрі шешуші орын алады. Бүгінгі 
қазақ ақын, жазушылары Абай, Ыбырай,Шоқанның әдеби 
мұраларын пайдалана отырып, орыстың классикалық 
әдебиетінің көрнекті өкілдерінен, совет әдебиетінің 
алыптары Горький мен Маяковскийден үлгі алады.
Бірақ орыс әдебиетінің революцияға дейінгі қазақ 
ақын, жазушыларына еткен әсері мен қазіргі орыс-қазақ 
әдебиеттік байланыстарының арасында жалпы алғанда 
жалғастық, тұтастық болуымен қатар, олардың өзара 
принциптік елеулі айырмашылықтары да бар. Орыс 
совет әдебиетінің қазіргі қазақ ақын, жазушыларына 
әсерін сөз еткенде, бұл айырмашылықты қашан да естен 
шығармау керек. Бұл айырмашылықтың ең алдымен әр 
дәуірдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың өзгеше болып 
келуіне байланысты. Қоғам дамуының әртүрлі сатысында 
сол кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты 
әдебиеттің өркендеу жолдары да, әдеби әсердің сипаты да 
сан түрлі болмақ.
Плеханов әдеби әсердің сипатын былайша анықтайды: 
«Бір елдің әдебиетінің екінші елдің әдебиетіне әсері сол 
елдердің қоғамдық қатынастарының ұқсастығына тікелей 
байланысты. Егер бұл ұқсастық жоқ болса, онда әдеби әсер 
де жоқ. Мысалы: Африка негрлеріне әлі күнге дейін Европа 
әдебиетінің ешқандай әсері болған емес. Бір халық өзінің 
артта қалушылығына байланысты екінші халыққа түр де, 
мазмұн да бере алмайтын болса, әдеби әсер де сыңаржақ...
Ақыр аяғында, қоғамдық тұрмыстың ұқсастығының 
нәтижесінде, демек мәдени дамудың ұқсастығы нәтиже-
сінде бір-бірімен ауысып-түйіскен халықтардың әрқайсысы 
басқа біреуінен бірдеңе қабылдай алатын болғанда жаңағы 
әдеби әсер де өзара, екіжақты болмақ».
Плехановтың бұл сөздерін қазақ әдебиетіне орыс 
әдебиетінің әсерін сөз еткенде де қолдануға болады. Орыс 
әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері өткен ғасырда біржақты 

333
ғана болса, қазір совет шындығы жағдайында толық өзара 
байланысты.
Горький  мен  Маяковскийден  үйрену, олардың тра диция  -
ларын творчестволық жолмен дамыту ұлт әдебиеттерінің 
өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығармайды, қайта мазмұны 
социалистік ұлт әдебиеттерінің шарықтап өсуіне жағдай 
жасайды, оларды мазмұн жағынан да, түр жағынан да 
молықтыра түседі.
Маяковский қазақ совет поэзиясына оның дамуының 
әр кезеңінде жемісті әсер етіп келді және келешекте де 
солай болмақ. Бірақ бұл әсер әр кезеңде бір дәрежеде 
болған жоқ. Мұның өзі бір жағынан поэзиямыздың жалпы 
даму дәрежесіне байланысты еді. Маяковскийдің қазақ 
совет поэзиясына әсерін мына даму жолында барған сайын 
айқындалып, тереңдей түсіп келеді.
Маяковскийдің бүкіл советтік поэзияға, сондай-ақ 
оның ішінде қазақ совет поэзиясына әсерін мынадай 
бірнеше негізгі тақырыптардың төңірегінде алып қарауға 
болады. Маяковский өзінің тамаша шығармаларында 
ре 
 
волюцияның ұлы көсемдері Ленин мен Сталиннің 
образдарын жасады, олардың ұлылығын, халықпен тығыз 
байланысын көрсетті. Ленин мен Сталиннді жырлауда 
біздің ақындарымыз Маяковскийдің творчестволық 
тәжірибесінен үйренбей кете алмайды (С.Мұқанов «Мәңгі 
бірге», Х.Ерғалиев «Ақылшым менің – Сталин», Ғ.Орманов 
«Коммунизм сәулетшісі»).
Маяковский  социалистік еңбектің біздің  қоғамымыз-
дағы жасаушылық, өзгертушілік күшін көрсетті, оның 
патетикасын берді. Совет адамы еңбек үстінде өсетін, оның 
ең жақсы қасиеттері еңбекте көрінетіндігін айтты. Біздің 
ақындарымыз өз шығармаларында еңбек тақырыбын осы 
тұрғыдан қарап шешеді (Х.Ерғалиев «Біздің ауылдың қызы», 
Т.Жароков «Жапанды орман жаңғыртты» поэмалары).
Маяковский творчествосында кемеліне келіп 
жырланған Отан қорғау тақырыбы, советтік Отан үшін 
күрес тақырыбы қазақ ақындарының соғыс жылдарындағы 
шығармаларынан ерекше көрініс тапты. Бұл тақырып 
соғыстан кейінгі жылдарда бейбітшілік үшін күрес 
тақырыбымен қоса алынып, тұтас жырланып келеді.
(Ж.Саин «Партизан жырлары», Х.Ерғалиев «Ұмытпан» т.б.)
Маяковский Совет Одағындағы халықтардың берік 
достығын мақтан етті және шетел еңбекшілерімен татулық, 
достық қарым-қатынаста болуға шақырды. Патриот-
интернационалист ақынның творчествосынан ерекше 

334
орын алған бұл тақырып–қазақ совет поэзиясының да 
ең жетекші тақырыптарының біріне айналды (С.Мұқанов 
«Орыс қызы Гретаға», Ж.Саин «Россия туралы сөз», 
Х.Ерғалиев «Ұлы достық», М.Әлімбаев «Екі жұлдыз», 
С.Мәуленов «Мао-цзе Дун» т.б.)
Маяковский  шетел тақырыбына жазған шығармала рын-
да ол елдерге өзінің қатынасын, өз ойын батыл , ашық айтып 
отырды. Оның бұл жауынгерлік традициясын бейбітшілік 
тақырыбына жазылған өлеңдерінде қазақ ақындары да 
қолданады.
Маяковский  шығармаларының  ең бір басты  тақыры-
бы–коммунизм тақырыбы, коммунизм үшін күрес 
тақырыбы. Коммунизм ісінің жеңетіндігіне, оның салтанат 
құратындығына деген сенім Маяковский шығармаларына 
жарқын рең береді. Сондықтан да Маяковский – совет 
ақындарына коммунизм тақырыбын жырлауда да баға 
жетпес үлгі. Ақындарымыздың коммунизмнің ұлы 
құрылыстары туралы шығармалары мұны айқын көрсетеді.
Советтік поэзиямызда әртүрлі поэтикалық жанрларды 
дамытуда  да  Маяковскийдің  жемісті әсері  байқала ды. 
Қазір 
гі поэзиямызда лиро-эпикалық поэма, публицис-
тикалық, саяси лирика, сатира, эпика т.б. барлығы да 
Маяковский традицияларының рухында дамып келеді.
Маяковский традициялары қазақ совет поэзиясында 
қаншалықты дәрежеде орныққанын, дамығанын және 
Маяковский кімге қалай әсер еткенін көрсету үшін кейбір 
ақындарымыздың творчествосына нақтылы тоқталып өту 
қажет.
Маяковскийдің қазақ совет поэзиясына әсерін сөз 
еткенде ерекше талдауды керек ететін – С.Мұқановтың 
ақындық творчествосы. Өйткені Маяковскийдің әсері 
басқаға көптеген ақындарымыздан көрі Мұқановтың 
поэзиясынан айрықша көрінісін тапты.
Рас, С.Мұқанов Маяковскийден үйренуге алғашқы 
талаптанулары 20-жылдардан басталады. С.Мұқанов 
1924 жылы Маяковскийдің өзін көрді, оның жалынды 
дауысын өз құлағымен есітті. Бұл оның творчестволық 
болашағына ерекше әсер етті. С.Мұқанов 20-жылдарда 
жазған өлеңдерінің тәуірлерінде Октябрь таңы атқаннан 
кейін бақытты өмірге қолы жеткен қазақ еңбекшілерінің 
қуанышын  жырлады және оларды  советтік  құрылыстың 
жеңісін орнықтыруға, жаңа  өмірді тезірек  жасауға,  бай- 
кулактарға қарсы аяусыз күреске үндеді. Бұл өлеңдер 
көбіне публицистикалық сипатта болып келеді. Бұл 

335
жылдардағы С.Мұқановтың Маяковскиймен үндестігі 
оның поэзиясының партиялық берік бағытынан, идеялық 
айқындығынан, тап мүддесін қолдайтындығын ашық айтып 
отыратын тенденциялығынан байқалады. Маяковский 
өзінің «Ленин» поэмасында:
 
Я
 
  
всю свою
 
  звонкую 
силу 
поэта
 
 Тебе отдаю,
 
  Атакующий 
класс 
– 
десе, С.Мұқанов «Батыраққа» кіріспесінде:
Мен сендерді басқадан бұрын көрем,
Мен сендерге қолымды бұрын берем.
Сендерден көп алысар жан табылса,
Мен бәріңнен қолыңда бұрын өлем, – 
 деп жазады. Бұл ретте атап айтуды қажет ететін нәрсе 
С.Мұқановтың ол кездегі өлең, поэмалары көркемдік 
жағынан әлсіз болды. Ақын өз творчествосына негіз болған 
революциялық шындықты, социалистік мазмұнды барынша 
көркем, әсерлі етіп көрсететін поэтикалық форма таба 
алмады. Өйтіп С.Мұқановтың 20-жылдары Маяковскийден 
үйренуі, оның традицияларын меңгеруі және соның 
нәтижесінде қазақ совет поэзиясында жаңалықтар табуы 
жеткіліксіз болды. Ал шын мәнінде, көркем шығармада 
қайткен күнде де жаңалық болуын Маяковский мейілінше 
қатты талап еткен болатын. «Поэтикалық шығармада 
жаңалық болуы міндетті», – деп жазады ол.
20-жылдарың аяғы, 30-жылдардың бас кезінде советтік 
Қазақстанда үлкен-үлкен өндірістік өсулер болды. 
Сталиндік бесжылдық бұрын артта қалған Қазақстанның 
бейнесін  мүлдем  танығысыз  етіп өзгертіп жіберді. Завод-
тар, фабрикалар салынды, көптеген өндіріс орындары 
ашылды, Турксиб сияқты теміржол магистральдары іске 
қосылды.
Сөз болып отырған жылдары қазақ совет поэзиясында 
өндіріс тақырыбы кеңінен жырланды. Бірақ көптеген 
ақындар алғашқы кезде бұл тақырыптың ішіне ене алмай, 
сырттай жырлады. С.Мұқанов сол тұста жазылған «Балқаш», 
«Жүйткі, қара айғырым» сияқты өлеңдерінде өндіріс 
тақырыбын іштей жырлауға бет бұрды. Бұл өлеңдерінде 
ақын Маяковский поэзиясының терең идеялылығынан да, 
көркемдігінен де үйрене бастағанын көрсетті. Алғашқы 

336
өлеңнің публицистикалық өткірлігі ерекше байқалады, 
антын тезірек орындауға шақырады. Ал «Жүйткі, қара 
айғырым» поэмасы Түркістан-Сибирь теміржолының 
салынуына арналған. Бұл поэманы С.Мұқанов жаңа 
интонацияға  құрып  жазды. Маяковскийдің өлеңнің әр 
сөзін әр жолға қою арқылы оған үлкен мағына беретін 
тәсілін С.Мұқанов бұл поэмасында қатты қадағалап 
қолданады. Маяковский «Сергей Есенинге» деген өлеңінде: 
Пустота...
 Летите,
 
 
В звезды врезываясь, – 
деп жазып келтірілген үзіндіде әр сөздің әр жолында 
тұруының үлкен мәні бар. Өйткені, олар осы орналасу 
тәртібіне қарай үлкен мағыналық қызмет атқарады. 
Мысалы, «Пустота» деген сөз шетсіз, шексіз, тұңғиық 
аспан кеңістігінің пейзаждық көрінісін білдіріп тұр. 
Маяковский поэзиясындағы осындай ерекшелікті С.Мұқа-
нов өлеңдерінен  көп  кездестіреміз. Бұл ретте жа ңа ғы 
поэманың бас жағындағы мына шумақты мысалға алайық:
 Меңіреу
   Мылқау,
 
  қимылсыз
 
Қалғыған мәңгі даланың...
Егер  бұл  өлеңді осы тәртібінде екпінге, дауыс толқыны-
на қойып оқымасақ, құр тізбектей берсек, автордың 
өткен өмірдің тұйық, жансыз, қуарған, сұрғылт суретін 
оқушының көз алдына сол күйінде елестейтін деп тұрған 
ойын ұға алмас едік.
Осындай поэтикалық жаңалықтар енгізу арқылы 
С.Мұқанов қазақтың ән әуеніне салып айтуға келетін 
өлең құрылысын өзгертіп, өлең ырғағын дауыс тонына, 
екпінге бағындырады. Ақынның өлең жазудағы бұл әдісі 
оның «Майға сәлем» атты өлеңінде бұрынғыдан да берік 
орныға түседі. Бұл өлең кезінде орысшаға аударылып, 
«Известия» газетінде басылып шықты. Бұл өлеңнің 
Маяковский шығармаларында кездесетін патриоттық 
сезім мен үнділікті, лирикалық өткірлікті айқын аңғаруға 
болады. Ақын бұл өлеңінде табиғат көктемін суреттей 
отырып, адам баласының көктемі болған–біздің 
социалистік Отанымыздың көрікті бейнесін береді. Автор 
Отанды сүю тақырыбын оны сыртқы-ішкі жаулардан 
қорғау тақырыбымен байланыстыра жырлайды. Ол 
совет мемлекетінің мызғымас қуатын айтумен бірге, бұл 

337
зор күште совет поэзиясының үлкен үлесі барын, оның 
алдындағы міндеттердің зор екендігін көрсетеді.
С.Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай» поэмасы 
оның творчествосынан ерекше орын алады. Ақын бұл 
поэмасында колхозды ауылдың еңбек қимылына толы 
өмірін, ондағы совет адамдарының бейнесін шебер 
суреттейді. Поэмада кесек оқиға, шиеленіскен сюжеттік 
желі жоқ. Автор колхозды ауылдың жігерлі еңбекке толы 
бір күнін жарқын суреттеу арқылы колхоз өмірінің типтік 
көрінісін бейнелейді. Поэмадағы негізгі геройлардың 
бірі – ақынның лирикалық геройы. Бұл лирикалық герой 
колхозды ауылда болып жатқан оқиғаларға, яғни совет 
өміріне өзінің қатынасы, сол туралы ойлары арқылы 
көрінеді.Ол колхозды ауылдың еңбек таңын – советтік 
өмірдің символы ретінде алады. Ал осы таң ақын жүрегіне 
мейілінше ыстық:
Сүйем мен таңды тудай, туды таңдай,
Таң нұры жүрегімнің қаны-жандай.
Мен жырлап көрген емен жүрегімді
Туым мен таң нұрына бірдей малмай.
Социалистік шындықты, советтік өмірді бұлайша шын 
жүректен беріле жырлаушылық және шығармаларда 
суреттелетін оқиғаларға ақындық жанымен араласып 
отырушылық, оны шексіз сүюшілік–Маяковский поэзия -
сы 
ның ерекше қасиеті. Бұл поэмасында автордың 
еңбек адамдарын көрсетуіне, советтік пейзажды шебер 
жасауына және оның патриоттық сезімге толы лирикалық 
шалқуларында Маяковский поэзиясының әсері мол тиген.
Поэманың көркемдік ерекшеліктері де ақынның 
Маяковскийден үйренгендігін байқатады. Бұл ретте ең 
алдымен поэманың құрылысының өзі әдеттегіден басқаша 
екенін атап айту керек.
Отызыншы жылдарда қазақ совет поэзиясында 
көтерілген негізгі тақырыптардың бірі–Отан қорғау 
тақырыбы болды. Бұл тақырыпқа қазақ ақындарының 
көпшілігі өлеңдер жазды. С.Мұқановтың «Сөз – советтік 
Армия» поэмасы да осы тақырыпқа арналған. Бұ поэмада 
ақын фашизмінің жыртқыштық сипатын, болашақ 
соғыстың белгілерін және бола қалса, оның немен 
танытатын дұрыс болжап суреттейді.
Бұл поэмадан да Маяковский әсерін табу қиын емес. 
Маяковский «қаламды көк найзаға теңеуді» мақсат етті. 
Оның бұл сөзі Отан соғысы кезінде совет поэзиясының 
айбынды туына айналды. Маяковский фашистерге қарсы 

338
қолданылған сөз оқ болып атылуын талап етті. «Разговаривай 
с фашистами языком пожаров, словами пуль, остротами 
стихов»,– деп жазды ол. Маяковский 1929 жылы жазылған 
«Батыста бәрі тып-тыныш» деген өлеңінде :«Жер бетінде 
қан тамшылары ирек салады», –деп көрсетті. Ал «Лев 
Толстой және Ваня Дылдин» деген өлеңінде капиталистік 
қоршаудағы совет еліне қауіп күшті екенін ашық айтты:
 
 
Меж штыков острых
 
 
Наш союз – 
 
   остров.
Бұл келтірілген үзінділерден тақырып таңдауда, оны 
дамытып, шешуде және оған ерекше саяси мән беруде 
С.Мұқановтың Маяковскийден тікелей үйренгені 
байқалады.
Советтік дәуірдің ұлы ақыны өлеңдерінде былай деп 
жазады:
Я хочу,
 
чтоб к штыку
 
  Приравняли 
перо
 
    ( 
«Үйге» 
).
Нами
 Лирика
   в 
штыки
 
  неоднократно 
атакована
 
 
 
 
(«Мереке күнгі сөз»).
Ал С.Мұқанов осы «Сөз – советтік Армия» поэмасында 
прозаны–ауыр артиллерияға, поэманы – бомбовозға, 
очерктерді – разведка қызметін атқаратын хабаршыға т.б. 
балайды.
Маяковский сөзді қолбасшы ретінде түсінді:
 
Слово – 
  
полководец
 
  человеческой 
силы.
С.Мұқанов бұл поэмасында сол қаһарлы жалынды 
сөздің ұстасы–ақынды поэзияның маршалы ретінде 
суреттейді. С.Мұқановтың бұл поэмасы өзінің идеялық 
қуаты мен әсер етушілік күшін қазір де жоғалтқан жоқ. Ол 
біздің халқымызды, қалам қайраткерлерін қырағылыққа, 
дұшпанға мейірімсіз болуға үндейді.
С.Мұқанов 1940 жылы Маяковскийдің қайтыс болуы на 
он жыл толуына арнап «Поэзия  маршалы» деген өлең жазды. 

339
Бұл өлең ақынның отызыншы жылдарда жазған өлең, 
поэмаларының қорытындысы және оның Маяковскийден 
творчестволық үйренуінің белгілі бір кезеңдегі жиынтығы 
болып табылады.
С.Мұқанов сталиндік дәуірдің ұлы ақыны Маяковскийді 
« поэзияның маршалы » деп атайды және оған ақындық 
рапорт береді. Автор бұл өлеңінде Маяковский 
поэзиясының жауынгерлік сипатын, ерекшеліктерін өте 
дәл және айқын сипаттайды.
Маяковскийден творчестволық үйренудің нәтижесінде 
отызыншы жылдарда терең мазмұнды, көркем, сапалы 
өлеңдер мен поэмалар жазғанын атап көрсетумен бірге 
оның бұл үйренуі үнемі бір қалыпта болады деп айтуға 
болмайды. Маяковскийдің жауынгерлік традицияларынан, 
социалистік реализмнің принциптерінен ақын кейде 
ауытқып кетіп отырады. Соның салдарынан ол идеясы 
күңгірт, көркемдігі тым әлсіз, нашар өлеңдер мен поэмалар 
да жазды. Бұған «ССРО – асқар Гималай», деген өлең, 
поэмалары мысал бола алады. Алғашқы өлең партияның 
XVIII съезіне арналған. Автор бұл өлеңінде Совет 
Одағының капиталистік мемлекеттерден артықшылығын, 
қуаттылығын, совет адамдарының бақытты, қуанышты 
өмірін көрсетуді мақсат еткенмен, өзінің ол талабын 
орындай алмаған. Өлеңнің тақырыбы, идеясы ашылмай 
қалған. 
«Майбұлақтан –Москваға» поэмасында ақын сталиндік 
дәуірдің асқан жаршысы Жамбылдың Москваға бару 
сапарын , оның астанада көргендерін суреттемек болған. 
Бұл поэманың идеялық ақауы сол – автор Жамбылдың 
бейнесін бұрмалап көрсетеді. Жамбыл қазақтың өткен 
ғасырдағы бір шалы емес екендігін, ол жаңа, социалистік 
заманның адамы, совет ақыны екенін автор ескермейді. 
Совет өкіметі жылдарында Жамбылдың ой сарайы, 
дүние тануы, тіпті ақындық қуаты да мүлдем өзгерді. 
Ол суреттеуінде Жамбыл өзінің ой-өресі, дүние тануы, 
социалистік шындықты түсінуі жағынан мүлдем жұрдай, 
дәрменсіз біреу болып шыққан.
С.Мұқанов қырқыншы жылдарда, Отан соғысы кезінде 
және одан кейін де көптеген өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің 
таңдаулыларынан Маяковский поэзиясының әсері айқын 
сезіледі. Бұл ретте «Біздің күш – Ұлы Сталин» деген 
өлеңді ерекше атауға болады. Өлең Сталин жолдастың 
1941 жылы 3-июльде сөйлеген тарихи сөзіне байланысты 
жазылған. Совет халқының жауды жеңіп шығатындығына 

340
берік сену, халықты соған үгіттеу – бұл өлеңнің идеялық 
мазмұны осындай. Бұл өлең ақынның «Сөз–советтік 
Армия» поэмасымен белгілі дәрежеде үндес, сарындас. Екі 
шығармада да советтік поэзияның атқаратын міндеті сөз 
болады. Екеуінде де автор «қаламды көк найзаға теңеуді 
қалаған» Маяковскийдің принципін ұсынады.
Маяковский үгіттік өлеңнің, үндеу өлеңнің өткірлігіне 
ерекше маңыз берді:
В наши дни писатель тот
Кто напишет марш  
и лозунг!
Маяковскийдің жазушыға қоятын критерийі осындай. 
С.Мұқановтың «Біздің күш–Ұлы Сталин» өлеңінен 
оған Маяковскийдің жалынды, агиткалық поэзиясының 
тікелей әсері байқалады. Маяковский өмірдегі қарапайым 
нәрселерді алып, оны поэзияның жалынымен лапылдата, 
әсірелей білді. Сөйтіп, суреттеп отырған құбылыстың 
оқушыға әсер етіп, толғануын қамтамасыз етті.
Чем больше будет хлебов ржаных
Тем больше ситцев у моей жены.
... На литр увеличь молоко коров
И новый ребенок в союзе здоров.
Чем наливней и полнее колос
Тем громче будет советский голос.
Сөйтіп, Маяковский біздің еліміздегі әрбір кішкентай, 
болмашы нәрсенің өзі шындығында үлкен қоғамдық 
сипатқа ие екенін көрсетті. Сондай-ақ, С.Мұқанов та 
совет адамдарының еңбегімен табылған әрбір шеге, әрбір 
дән жауға оқ екенін, жеңіске септігін тигізетінін айтады, 
халықты аянбай еңбек етуге, күресуге, әрбір нәрсені 
орынды жұмсауға шақырады:
Кендірден түк, мақтадан түбіт шашпа,
Жүн, жібек... тоқылатын не бар басқа.
Бәрін де фабрикке төкпей жеткіз
Әскерге олар қажет жанталаста
...Соғысқа барлық күшті көмек білген,
Жандырма босқа ұшқын электрден
Әр директор ойласын – «мен жұмыскер»
Әр жұмыскер ойласын – «директор мен».
Бұл келтірілген үзінділер С.Мұқанов Маяковскийден 
үйрене отырып, агиткалық поэзияның әсерлілігін, үгіттік 
қуатын шебер меңгергенін көрсетеді.

341
С.Мұқанов бұдан кейін жазған өлеңдерінде де 
Маяковский традициясын сақтап отырады. Бұл ретте 
оның «Мен кіммін деп мақтанам», «Сырласу» сияқты 
ұзақ өлеңдерін атауға болады. Бұл екі өлең көп жағдайда 
бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп отырады. Бұларға 
Маяковскийдің «бар дауыспен» атты поэмасының әсері 
күшті болған. Бұл өлеңдерден Маяковскийдің қоғам 
атынан, халық атынан айтылатын лирикалық «менінің» 
ықпалын табуға болады. Маяковский «Бар дауыспен» 
поэмасында өзінің творчестволық жолын қорытындылады, 
өз творчествосының негізгі ерекшеліктерін айтып берді. 
Сол сияқты С.Мұқанов та «Сырласуда» оқушымен өзі 
туралы, өзінің творчествосы туралы сырласады. Бұл екі 
шығарма өзара композициялық құрылысы жағынан ғана 
емес, тақырып, идея жағынан да бір-бірімен сабақтас. 
Маяковский өз өлеңі туралы былай деді: 
Мой стих трудом 
громаду лет прорвет
   и 
явится 
                                весомо, 
                                  глубо, 
                                 зримо.
Өз твочерствосының салмағын осылайша бағалау 
С.Мұқановта да кездеседі.
Маяковский өзінің шығармаларында советтік 
патриотизм идеясын асқақтата жырлады. Ол Совет 
Одағының азаматы болғанын, коммунистік партияның 
ұлы болғанын асқан мақтаныш сезімімен жырлады. 
Совет азаматы екендігін, коммунистік партияның адал 
ұлы екендігін қуаныш сезімімен айту С.Мұқановтың 
«Сырласуында» да бар:
Сондықтан адымым да, даусым да ірі,
Ірі үнмен толғайтыным заман жыры.
Мен – ленин-сталиндік партияның 
Некелі, заңды туған адал ұлы!
С.Мұқанов   біраз үзіліс жасап, өлең жазбай кетті де, 
соңғы жылдары поэзияға қайта оралды. Оның соңғы 
кезде жазған «Орыс қызы Гретаға», «Трумэннің түсі мен 
өңі», «Мәңгі бірге» сияқты өлеңдерінде де Маяковский 
поэзиясының әсері бар. Әсіресе соңғы өлең (Сталин 
жолдастың қайтыс болуына арналған) Маяковскийдің 
Ленин туралы жазған шығармаларымен үндес, өзектес. 

342
Ақын Ленин, Сталин және партияны тұтас тұлға ретінде 
алып жырлайды:
Әрдайым партияның айтқан сөзі – 
Ленин мен Сталиннің жан лебізі!
Партия – тірі Ленин, тірі Сталин!
Партия – көсемдердің жұмбас көзі!
С.Мұқанов творчестволық жолының әрбір кезеңінде 
Маяковскийден үйренді және оның традицияларын өз 
шығармаларында орнықтырды. Жинақтай келгенде, 
С.Мұқанов творчествосына Маяковскийдің әсерін мына 
мәселелердің төңірегінде алып қарауға болады. 
Поэма жазудағы Маяковскийдің тәсілін, ерекшеліктерін 
С.Мұқанов кең пайдаланды. Маяковскийдің көптеген 
поэмаларында шиеленісіп жатқан оқиғалар, күрделі 
сюжет кездеспейді. Ол дәуірдің әр кезеңінің басты-басты 
оқиғаларын эпикалық планда алып баяндайды да, оларды 
өзінің лирикалық ой шалқуларымен байланыстырып, 
жалғастырып, толықтырып отырады. Яғни оның поэма-
ларында сюжет оқиға дамуы арқылы емес, іштей логикалық 
даму арқылы өрбиді. Осы ерекшелікті С.Мұқановтың 
«Колхозды ауыл осындай», «Сөз–советтік Армия», 
тағы басқа поэмаларының сюжетінен, композициялық 
құрылысынан анық көруге болады.
С.Мұқанов Маяковскийден үйрене отырып, қазақ совет 
поэзиясына жаңа ырғақ, жаңа интонация, жаңа үн әкелді. 
Ол қазақтың силлабикалық өлең құрылысын жаңғыртып, 
оған тоникалық өлеңнің ырғағын енгізді. Сол арқылы 
ол қазақ өлеңінде күрделі ойларды шебер бере алатын 
мүмкіндік тапты. Сөйтіп, ақын қазақ өлеңінің синтаксистік 
құрылысын өзгертті. С.Мұқановтың өлеңдерінде күрделі 
ой кейде тұтас бірнеше шумақтар арқылы беріледі.
С.Мұқанов қазақ совет поэзиясына жаңа ұғымға, жаңа, 
социалистік мазмұнға байланысты туған жаңа атаулар, 
соны сөздер енгізді, яғни ол поэтикалық лексиконды 
молықтырды. Ақынның поэмалары мен өлеңдерінде 
жаңа образдарды, тың ұйқастарды, суретті сөздерді көп 
кездестіруге болады.
Бұл айтылғандардың барлығы С.Мұқанов–өзінің айқын 
творчестволық ерекшеліктері, өзіндік стилі бар ақын 
екенін көрсетеді. Оның бұл ақындық стилі Маяковскийден 
творчестволық үйренуінің, ізденуінің арқасында келіп 
қалыптасты.

343
Қазақ совет ақындарының ішінде В.Маяковскийден 
творчестволық үйренген, осы жолда біраз ізденген, 
талаптанғандардың бірі–Тайыр Жароков. Т.Жароков– 
көптеген поэмалар мен өлеңдердің авторы. Ол өзінің 
таңдаулы поэмалары мен өлеңдерінің барлығында да совет 
адамдарының өмірін, олардың ерлік еңбегі мен батырлық 
күресін, совет шындығын жырлауды мақсат етті және бұл 
тілегін біркелкі орындап та отырды. Т.Жароковтың әр 
кезде жазған шығармаларының ең таңдаулыларынан оған 
Маяковскийдің игі әсері болғаны анық байқалады.
Маяковский өзінің шығармаларында әсірелеу әді сін–
гиперболаны көп пайдаланды. Бірақ оның қолдануын-
да гипербола суреттеліп отырған құбылысты өмір шын-
дығынан алыстатып әкетпейді, қайта соның ішкі мәнін, 
мазмұнын тереңірек аша түседі. Ол гиперболаны револю-
циялық романтикамен шебер ұштастырады. Сөйтіп, 
Маяковский гиперболаға мейлінше жаңа өң берді. 
Өмір шындығын терең қамтып, өмірді революциялық 
өршілдікпен даму процесінде алып суреттеу, оны револю-
цияшыл романтика дәрежесіне көтеру– Т.Жароков тың 
«Күн тіл қатты» поэмасында да кездеседі.
Социалистік реализм әдісі революциялық романтиканы 
жоққа шығармайды, қайта екеуі бір-бірінен бөлінбейтін 
күйде, тұтастыққа алынады. Совет әдебиетінің көркемдік 
әдісіндегі бұл ерекшелік советтік өміріміздің өршіл 
сипатынан, революцияшыл мазмұнынан келіп шығады.
Ақын Т.Жароков өзінің осы поэмасында советтік 
өмірімізді осылайша, революциялық серпінмен асқақтата 
жырлайды. Поэманың сюжеті елімізде болған белгілі 
тарихи оқиғаға құрылған.
Ақын ұшқыштардың көкке көтерілгенін суреттеу үшін 
дамыту әдісін қолданады. Поэманың басталуының өзі-
ақ оқушыға бір ғажайып күштің екпінін сездіреді және 
соны біздің өміріміздің шындығы ретінде қабылдауға 
дайындайды. Ақын совет ұшқыштарының көк әлеміне 
көтеріліп, күнмен «тілдесуін» суреттеу арқылы совет 
адамдарының табиғаттың стихиялық күшімен күресін, оны 
өз ырқына көндіретіндігін көрсетеді.
Ақын ұшқыштардың қаза тапқандығын суреттегенде де 
әсерлі, бейнелі сөздерді таба білген. Поэмада суреттелетін 
негізгі геройлар – ұшқыштар қаза тапқанмен, шығарманың 
оптимистік күші әлсіремейді. Поэманың мұндай оптимистік 
жарқын сипаты совет халқының өр қайраты мен отты 
жігеріне деген сенімнен туған.

344
Т.Жароковтың бұл поэмасы Маяковскийдің «Не-
обычайное приключение, бывшее с Владимиром 
Маяковским летом на даче» деген өлеңінің әсерінен 
жазылған. Бұл өлеңде ақынның лирикалық геройы күнмен 
«сөйлеседі», оған өз өктемдігін білдіреді.
Маяковский поэмасының әсері Т.Жароковтың саяси 
лирикаларынан, партия туралы, халықтар достығы туралы 
өлеңдерінен де байқалады. Бұл ретте, әсіресе, ақынның 
партия туралы жырларын атап айтуға болады.
Маяковский өзін партияның советтік поэзиядағы 
ұраншысы деп білді. Сондықтан да ол өз даусын 
партияның дауысы деп санады. Маяковский коммунистік 
партияның жеңілмейтін күшін, ерекшелігін асқан 
шеберлікпен суреттеді. Ол партияның күші халықпен 
байланыстылығында екенін, заманымыздың қуаты мен 
ұлылығы партияда екенін мақтаныш сезімімен жырлады.
Халқымыздың күрестері мен жеңістерінің ұйымдасты-
ру шысы,  дем  берушісі–партияның  бастаушылық  ро  лін 
көрсетуге арналған өлеңдерінде Т.Жароков  Маяковский-
ден тікелей үйренеді. Мысалы:
Жайнаған жалын күші жігерімде,
Құйылған күндей нұры жүрегімде – 
Сүйемін Ұлы Ленин партиясын,
Жоқ менің одан артық сүйерім де.
Білмеймін партияны мұнан басқа
Ант еткем сонан мәңгі айнымасқа.
Сол ғана ел мен маған өмір беріп,
Құрыштай шынықтырған майырылмасқа.
Партия – құрыш қамал даңқы асқан,
Құшағын атына сай жандарға ашқан.
Партия – тапжылмайтын тап жүрегі
Партия – халық күші шұғыла шашқан.
Партия – құйылған күш миллиондардан
Шын жаңа ғасырда жол ашты тыңнан...
Бұл келтірілген үзіндіден коммунистік партияға 
деген өз махаббатын, адалдық, шын берілгендік сезімін 
суреттеуде және партияның ұлылығы мен жасампаздық 
күшін көрсетуде Т.Жароковқа Маяковскийдің игі әсері 
тигенін байқау қиын емес. Маяковский сияқты Т.Жароков 
та партияға деген бүкіл халықтық сүйіспеншілікті өзінің 
лирикалық толғанулары арқылы береді.

345
Т.Жароковтың Маяковский әсерімен жазған патриот-
тық өлеңдерінің бірі–«Қызыл алаң». Маяковский өзінің 
тамаша шығармаларында советтік патриотизмді асқақтата 
жыр жырлады. Ол совет халқын, өз Отанын, оның 
социалистік астанасы – Москваны шексіз сүюге үндеді. 
«Біздің жастарға» деген атақты өлеңінде Маяковский:
Товарищи юноши, взгляд – на Москву,
на русский востриге уши,  
деп жазды. Өйткені Москва – жаңа дүниенің орталығы. 
Совет Одағындағы халықтардың өмірлік тағдыры Октябрь 
революциясының даулы кезінде Москвада шешілді. 
Москва–Октябрь революциясының жеңісі арқылы, орыс 
халқының көмегімен азат өмірге жеткен социалистік 
ұлттардың астанасы. Москва Маяковскийдің өлеңінде осы 
тұрғыдан алынып жырланады. Қазақ ақыны Т.Жароков та 
Москваны осылайша жыр етеді. Ол совет елінің жүрегі, 
тынысы – Москваны өз қалам деп санайды. Бұл заңды да. 
Өйткені Москва әрбір совет адамына бірдей ортақ, бірдей 
шұғылалы.
Көрікті менің Москвам,
Ғажайып Қызыл алаңы.
Өзіңнен ғана астанам, –
Туған ел тыныс алады, –
деп жазады Т.Жароков. Маяковский «Қоштасу» өлеңінде 
Москваның Парижден артықтығын айтса, Т.Жароков 
жаңағы өлеңінде күн шұғылалы Москваны «Тұманды 
Лондон, Нью-Йоркке» қарама-қарсы қойып, салыстыра 
жырлайды.
«Жапанды орман жаңғыртты» поэмасында Т.Жароков-
тың совет адамдарының қажырлы еңбегін, олардың 
арасын дағы достықты шынайы көрсетуіне де Маяковский 
поэзиясының әсері болғаны сөзсіз.
Т.Жароковтың творчестволық жолы біркелкі емес. 
Ол жақсы шығармалармен қатар мағынасыз, маңызсыз, 
идеясы терең ашылмаған, көркемдік жағы тым жұпыны 
поэмалар, өлеңдер де жазды. Ақын құнарлы ой айтудан гөрі 
сырты жарқыл, мағынасы сұйық, лепірме сөздерге көбірек 
үйір. Бұл айтылғандар Т.Жароков Маяковскийден әлі де 
болса жете үйрене алмай жүргенін, оның поэзиясының 
жауынгерлік традицияларын толық меңгермегендігін 
және бұл жолда оның көбірек ізденуі, көп еңбек етуі керек 
екендігін көрсетеді.

346
Творчествосынан Маяковский поэзиясының әсері ай-
қын сезілетін ақындарымыздың бірі – Х.Ерғалиев. Әдебиет 
майданына араласа бастағаннан бергі аз уақыттың ішінде 
ол бірқатар жақсы поэмалар мен өлеңдер жазды.
Данышпан көсеміміз Сталинді жырлау–Х.Ерғалиев 
творчествосындағы ең негізгі тақырыптардың бірі. Совет-
тік дәуіріміздің ұлылығын, халқымыздың бейбіт еңбегін, 
патриотизмін жырлайтын өлеңдерінің барлығында да 
ақын жүрегін жарып шыққан ең жылы, ең қастерлі асыл 
сөз бақытты өміріміздің жасаушысы–Сталинге арналған. 
Көсемнің нұрлы бейнесіне ақын өлеңдерімен бірге 
поэмаларында да үнемі оралып отырады. Х.Ерғалиевтің 
«Ақылшым менің–Сталин» атты өлеңі оқушы жұрт-
шылыққа кеңінен белгілі. Бұл өлеңнің Маяковскийдің 
«Ленин жолдаспен әңгіме» деген атақты өлеңімен ұқсас, 
үндес келетін жақтары бар. Маяковскийдің өлеңінде 
лирикалық геройдың Ленинге берген рапорты айтылса, 
Х.Ерғалиевтің өлеңінде лирикалық геройдың сөзі 
арқылы көсемнің ұлылығы, оған халықтың махаббаты 
беріледі. Екі өлеңнің де геройлары–ақынның лирикалық 
геройлары мен көсемдер. Екі өлеңдегі лирикалық геройдың 
әрқайсысы да автордың өзіндік жеке ойын, өз қатынасын, 
өз сүйіспеншілігін білдірумен бірге көсемдерге деген бүкіл 
халықтық махаббатты танытады. Сондай-ақ өлеңдердің 
негізгі идеялық арқауы да ұқсас.
Товарищ Ленин, по фабрикам дымным,
По землям, покрытым и снегом и жнивьем.
Вашим, товарищ, сердцем и именем
Думаем, дышим, боремся и живем!
Ленин жүрегі әрбір совет адамының жүрегінде бірге 
соғады, оның есімі күреске, жеңіске бастайды. Міне, 
Маяковский өлеңіндегі осы идея Х.Ерғалиевтің өлеңінде 
әсем картиналар арқылы шебер беріледі.Маяковский 
сияқты, Х. Ерғалиев те көсем мен халықты біртұтас алып 
суреттейді:
Құрметті нелер вахтада
Газетте, қызыл тақтада
Ақылшым бірге ерлермен
Күндіз де, түнгі шақта да.
Халықпен тыныс бірге алып.
Халықтың даңқын өрге алып,
Шығуды солай үйретті ол

347
Күн сайын маған зер салып.
...Күн көзі кеткен кешінде
Қалдырмай нұрын ешкімге.
Сталин көзі түнде де
Әке мен бала үстінде.
Осы идея өлеңнің бүкіл өн бойында жүріп оты-
рады. Х.Ерғалиевтің партия туралы өлеңдерінен де 
Маяковскийдің әсері байқалады. Бұл ретте оның «Поэзия 
сөйлейді», «Большевик сөзі» сияқты өлеңдерін ерекше 
атауға болады. Алғашқы өлеңде ақын партиялық поэзияның 
атынан рапорт береді және оған партияның қамқорлығын 
көрсетеді.
Маяковский өзінің «Фининспектормен поэзия туралы 
әңгіме», «Үйге», тағы басқа өлеңдерінде советтік поэзияның 
алдындағы міндеттерді, «Жұмысшы қатарындағы ақынның 
орнын», поэзия партияның сөзі, партияның құралы екенін 
айтты. Сондай-ақ, Х.Ерғалиев те поэзияның сипатына 
тоқталады:  
Біз де бүгін вахтадамыз үш есе –
Ақындардың шамы түнде сөнбейді.
Жырымыз да партияның мүшесі,
Партиялық поэзия сөйлейді.
Маяковский шығармаларындағы коммунистік партияға 
деген сүйіспеншілік, оның идеясына қалтқысыз берілгендік, 
оған деген  адалдық–Х.Ерғалиевтің өлеңдерінде де кезде-
сіп отырады.
 Поэтом не быть мне бы,
 Если б
 Не это пел –
 В звездах пятиконечных небо
 Безмерного свода ВКП, –
деп жазды Маяковский «Владимир Ильич» атты өлеңінде. 
Х.Ерғалиевтің «Большевик сөзі» атты өлеңі де коммунистік 
партияға деген шексіз сүйіспеншілік, адалдық сезіміне 
толы:
Қайда қойсаң, сонда тұрам,
Айнымаймын ешқашан.
Ылғый өсіп таңды атырам,
Ылғый жаңа кешті ашам.

348
Өз орнымда Ленин туын
Көтеруге иемін;
Өз атыңның буын-буын
 Алтын шоғай сүйемін!
Бұл өлеңнің тек идеялық мазмұнынан ғана емес, 
көркемдік ерекшелігінен де Маяковский әсерін табу қиын 
емес. Маяковский шығармаларында да әр жолда тұрған 
жеке сөздер үлкен мағыналық қызмет атқарады және 
автордың идеясын терең аша түсуге септігін тигізеді. Сөзді 
осылайша саралап, талғап қолдану, лепті пафос арқылы 
беру Х.Ерғалиевте де бар:
Қай орынға қойсаң бүгін,
Демеймін мен баяумын –
Ильич нұры – өз кірпігім,
Жұмылмайды! 
  
 
 Ояумын!
Бұл өлеңнің ырғағы әдеттегіден басқаша. Ақын өлеңнің 
ырғағы, екпіні арқылы адамдарымыздың қимыл-әрекетіне 
тән сергектігі, іскерлікті аңдатады.
«Біздің ауылдың қызы» поэмасы–Х.Ерғалиевтің сю-
жет 
ті шығармаларының ішіндегі ең көрнектісі. Ақын 
бұл поэмасында советтік дәуірімізде өсіп, тәрбиеленген 
қазақ қызы Гүлжанның жанды аялайтын әсерлі, тартымды 
образын жасады. Туған өлкенің табиғатын өзгертіп жатқан 
совет    адамдарының   жасампаздық  еңбегі  мен   қажы-
мас жігері поэманың бүкіл тынысынан, рухынан сезіліп 
отырады. Поэма геройларының  іс-әрекетінде дәуір 
і-
міз ге тән өршілдік бар. Бүгінгі өміріміздің ұлылығы мен 
қуаныштылығы бұл шығарманың өн бойына жарқын 
рең беріп отырады. Бұл поэмада еңбек тақырыбын 
көтеруде және оны шешуде Х.Ерғалиев орыс поэмасының 
көрнекті өкілдерінен, ең алдымен Маяковскийден үй-
рен 
ген. Маяковский «Алғашқы кен шығарған Курск 
жұмысшыларына» деген поэмасында социализм еліндегі 
еңбектің қоғамдық мәнін терең ашып көрсетті. Біздің 
елімізде еңбек батыр атандыратын, абырой әперетін, 
даңққа бөлейтін іске айналды. Совет адамы еңбекте өседі, 
өзінің жақсы қасиеттерін еңбекте көрсетеді. Маяковский 
де, Х.Ерғалиев те социалистік еңбекті осы дәрежеде алып 
суреттейді.
Маяковский шығармалары патриоттық, азаматтық 
идеяларға толы. Ол өзі Совет Одағының азаматты болғанын 

349
мақтан етті, адам баласының көктемі болған социалистік 
республикасының ұлылығын шаттана жырлады. Маяков-
ский шығармаларында жаңа дүниенің жасаушысы– 
совет адамының азаматтық үні, азаматтық мақтаны 
бар. Оның «Советтік паспорт туралы» өлеңінің советтік 
патриотизмінің символына, совет адамының патриоттық 
сезімдерін қаулататын жалын-күшке айналуы да осыдан. 
Маяковскийдің бұл өлеңіндегі патриоттық идея– 
Х.Ерғалиевтің «Біздің правомыз» деген өлеңінің де негізгі 
арқауы. Сталиндік заңды жырлай келіп, Х.Ерғалиев былай 
деп жазады: 
Жаулары салсын мейлі отқа
Сол түннің нұрлы рауаны,
Сталин әрбір минутта
Ұсынды бір правоны.
Бұл шумақтан Маяковскийдің «Советтік паспорт 
туралы» патриоттық  лебі  еседі. 
Маяковский   өзінің    туған   совет    халқымен     мейлінше ты-
ғыз байланысты болды және «өзінің барлық қуатты ақындық 
күшін» халыққа қызмет етуге жұмсады. Ақынның жекелік 
сезімдері мен мүдделері бүкіл халықтың ой-сезімдері 
мен мүдделерінен ажыратып алғысыз, қайта бір-бірімен 
ұштасқан, ұласқан. Сондықтан да Маяковский халықтың 
атынан, дәуірдің атынан сөйлейді. Оның шығармаларынан 
дәуіріміздің батырлық рухы, жауынгерлік лебі еседі. Яғни 
ақынның лирикалық «мені» дәуіріміздің дауысын естіртеді. 
Бұл өткендегі классиктердің ешқайсында кездеспеген, 
тек өз қоғамымен тығыз байланысты біздің совет ақын-
жазушыларына тән қасиет.
Қоғам атынан, дәуір атынан сөйлеуге, өзінің лирикалық 
«мені» арқылы халықтың ойын беруге талпынушылық – 
Х.Ерғалиев шығармаларындағы ең басты ерекшеліктердің 
бірі. «Большевик сөзі» деген өлеңнен мысал келтірейік:
Басшым – өзің!
Айнымаймын,
Қайда қойсаң, сондамын!
Идеяңнан айырылмаймын
Мен алдыңғы сандамын!
Планетамды нұрға малған
Сталинмен біргемін!
Сол себепті қымбат маған
Бір минутым, бір демім!

350
Міне, бұл әрбір коммунистің, әрбір совет адамының 
жүрегіндегі сөз. Бұл ерекшелікті Х.Ерғалиевтің поэма-
ларынан да, саяси лирикасынан да табамыз.
Х.Ерғалиев орыс совет поэзиясының көрнекті өкіл-
дерінен, әсіресе, Маяковскийден творчестволық жолмен 
үйрене отырып және өздігінен ізденіп, толғану арқылы 
көптеген жақсы өлеңдер мен поэмалар жазды. Сонымен 
бірге, Маяковский шығармаларындағы тақырып кеңдігі, 
сатиралық өткірлік Х.Ерғалиев творчествосында әлі де 
болса жоқтығын атап айту керек. Бірақ бұл айтылғандар 
оның шығармаларының жалпы құндылығын, оған орыс 
совет поэзиясының жемісті әсерін кемітпейді.
Маяковский әсерін ақын Ж.Саинның творчествосынан 
да көруге болады. Ақынның совет партизандары туралы 
жырларындағы, Отан туралы, бейбітшілік туралы 
өлеңдеріндегі патриоттық сарындар мен публицистикалық 
өткірлік, халықтар достығын асқақтата жырлау оны 
Маяковский поэзиясымен жақындатады. Бұл ретте 
ақынның «Партия туралы сөз», «Россия туралы сөз», 
«Никос Белоянистің өліміне» сияқты өлеңдерін айтуға 
болады. 
Маяковскийден кексе ақындармен бірге жас ақын-
дарымыз да үйренеді. Жас ақындар Маяковский 
творчествосына нағыз халықтық, партиялық поэзия 
жасаудың баға жетпес үлгісі ретінде қарайды. 
С.Мәуленовтің «Сталин – бейбітшілік», «Орыс жолдасқа», 
Ж.Молдағалиевтің «Соқ, сағатым!», «Рахмет, ұлты 
Лениннің», «Жолдас» сияқты өлеңдерінен, партия туралы 
жырларынан, М.Әлімбаевтің «Партиялық қызметтемін», 
«Поэзия маршалына», «Екі жұлдыз», т.б. өлеңдерінен 
Маяковскийдің жауынгерлік, азаматтық поэзиясының 
жемісті әсерін көруге болады.
Біздің ақындарымыз сталиндік дәуірімізге лайық, 
асқақ идеялы көркем шығармалар жазу үшін күресте 
Маяковскийден үйренеді. Бұл заңды да. Заманымыздың 
ұлы ақыны Маяковскийден творчестволық үйрену, 
оның жауынгерлік традицияларын дамыту–социалистік 
мазмұндағы ұлттық поэзиямызды өсіре берудің, жетіл-
дірудің кепілі. 
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет