Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет18/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

1960 ж.
МАХАББАТ  ХИКАЯСЫ
Осынау кітап бармақтай
Томдардан небір салмақты-ай.
Фет
* * *
Ақын айтқан осынау шыншыл сөздер іс-әрекетке, ақыл-
ой даналығына толы біздің дәуірге, ол тудырған өскелең 
әдебиетке әсіресе орайлас. Қазір ертек айтқандай ұзақ-
сонар әңгімеге, көп сөзге салынып отырар шақ емес. Ең 
басты мәселе сол ертегіге бергісіз ғажайып шындығы 
бар өміріміздің ұлылығын, сұлулығын бар әсерлі күйінде 
шынайы бейнелеуде жарқын елестете алуда. Осындай 
шыншыл да көркем келісім тапқан шығарма, мейлі оның 
көлемі шап-шағын-ақ болсын, халықтың кәдесіне жарап, 
оны рухани жағынан байыта түспек.
Қырғыздың жас жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 
«Жәмила» атты повесіне осы пікірдің өте-мөте 
жанастылығы бар. Повесті оқып шыққанда автордың бұл 
шап-шағын шығармаға үлкен өмірдің ұмытылмас елестерін, 
небір аяулы да абзал сезімдерді, патриоттық жарқын 
ойларды соншалықты мол баурап енгізе алғанына сүйсіне 
таңданбай қалмайсың.
Жақсы кітап үшін басқа тілдің бөтендігі, басқа халықтың 
жаттығы жоқ. Коммунист жазушы Луи Арагонның 
аударуымен Парижда француз тілінде басылып шыққан 
«Жәмила» француз оқушысына да кеңес әдебиетінің соны 
бір бетін ашып берді. Бұл жайында Луи Арагон былай 
деп жазды: «Сөйтіп, менменсіген Парижда, Вийонның, 
Гюго мен Бодлердің Парижінде, талай корольдар мен 
революцияларды көрген Парижде, әрбір тасы аңыз, тарих 
болып айтылып, өнердің өлмес, өшпес мекені атанған 
Парижде, көрмегені, оқымағаны, басынан кешірмегені жоқ 
Парижде мен Вертер мен Клеопатраны да емес, Жәмиланы 
оқып шықтым. Джульеттаның, Паоло мен Франческаның, 
Эрнань мен Донья Сольдің бейнелері маған көмескі тартып 
қалды, өйткені мен Данияр мен Жәмилаға жолықтым... Мен 
бұл әнді, қырғыздың кең даласында самғаған әнді бұл жақта, 

299
біздің тозығы жеткен дүниеде де шырқамай тұра алмаймын, 
борандар бұлттармен бірге жерді жаңғырықтыра самғатпай 
қоя алмаймын. Онан кейін Шыңғыс Айтматовқа сенің үнің 
бізде де естіліп, еркек-әйел өз орнын тауып, бала жарықты 
болжап көре бастаған ғажайып түнде өктемдік құрды деп 
айтпай қоя алмаймын». Міне, қырғыз жазушысының 
шығармасы шетелдерге осылайша әйгілі болып, оның 
авторының есімін көп жұрттарға паш етті.
Ш. Айтматовтың «Жәмиласы» бүкіл қырғыз әдебиеті 
үшін, оның ішінде, әсіресе қырғыздың балаң прозасы үшін 
тамаша көркем құбылыс болып табылады. Мұны кезінде 
қырғыздың арғы-бергі әдебиетін жете білетін академик-
жазушы Мұхтар Әуезов те атап көрсеткен болатын. Мұнда 
көптеген роман, повестерде жиі ұшырасатын жалаң да 
жадағай баяндау жоқ. Автор кейіпкерлерінің жан дүниесін, 
рухани келбетін, ой-армандарын, сезім-сырларын мейілін-
ше әсерлі, шынайы суреттеген. Бұл ретте «Жәмила» нағыз 
психологиялық повесть деп бағалануға әбден лайық.
Повестің оқиғалары соғыстың алғашқы жылдарында 
қырғыздың бір ауылында өтеді. Автор сол уақыттың сұсты 
шындығын, жеңіс мүддесімен тыныстаған қарапайым 
жандардың қиын тағдырын, қысталаң тіршілігін, мойымас 
жігерін реалистік суреттер арқылы әрдайым айқын 
елестетіп отырады. Осының бәрі шығармада табиғи келісім 
тапқан. Кейі сирек, кейбірі жиі көрінсе де, көз алдыңнан 
кетпейтін алуан тағдырлы адамдар, «әтір иісті Таластың» 
бойы, тулап аққан күркіреу өзені, маужыраған кең дала, 
«бірде қазақтың ұшы-қиыры жоқ шексіз даласындай 
еркін шалқыса, бірде қырғыздың заңғар биік тауларындай 
көкке самғайтын» әсем ән, жабырқап жасуды білмейтін 
жандардың жарастықты әзіл-қалжыңы–шығарманың 
оқиғалары өрбитін өлкенің өзіндік сипаты, атмосферасы– 
осының барлығы шеберлікпен берілген. Жалпы алғанда, 
халықтың өмірін, әдет-ғұрпы мен тұрмысын, кейіпкерлердің 
мінез-құлқын бейнелегенде ұлттық бояу-нақыштарды 
барынша мол қамтуы–автордың реалистік  шеберлігінің 
ең  жарқын қырларының бірі.
Повестің оқиғалары  бастан-аяқ Сейіт деген жас ба-
ланың атынан    баяндалады. Бұл  ретте де жазушы реа-
лис 
 
тік мәнерден зәредей жаза баспайды. Шығармада 
өріс те ген  оқиғалардың  шындығына  да,  солардың  куәгері 
болып жүрген жас баланың риясыз көңіл-күйлеріне, 
балғын ой-сезімдеріне де қалтқысыз сенесің. Шығарманың 
негізгі кейіпкері Жәмила  болғандықтан, повестегі тартыс 

300
желілерінің барлығы да соның тағдырына байланысты 
түйінделген. Жазушы Жәмиланың кескін-келбетін, 
рухани тұлғасын, мінезінің беріктігін шыншыл да әсерлі 
бейнелейді. Ол–соншалықты зор да аяулы сезімнің иесі. 
Барлай қарағанда, оның майданда жүрген Садықтан 
суынып, Даниярды бірте-бірте, бірақ ешуақыт көмескі 
тартпас үлкен махаббатпен сүюі заңды да нанымды. 
Жұптасып өмір сүріп жүрсе де, Жәмила Садықты сүймеген. 
Ал Даниярмен кездескенде ол емірене, аңсай күткен жарын 
тапты. Махаббат деген асқақ та абзал сезім Жәмиланың 
жүрегінде сонда ғана шындап, әрі тұңғыш рет оянады. 
Кейіпкерінің басындағы осындай хал-жағдайларды, оның 
буырқанған сыр-сезімдерін жазушы қандай нәзік те 
шыншыл бейнелеген десеңізші!
Жәмиланы Даниярдың үлкен өнері, суынбас махаббат 
сезімдері, ғажайып мөлдір жан дүниесі қызықтырады. Ал 
Данияр осының барлығын керемет әні арқылы танытады. 
Даниярдың әнінен оның ел-жұртына, туған халқына, 
өскен мекеніне деген еміренген, ынтық сезімдері де қоса 
аңғарылады. Жәмила мен Даниярды үнсіз ұғыныстырып, 
тілсіз табыстырған да–сол ән. Повестің сүйсіне ден 
қоятын қасиеттерінің бірі оның достық сезімінің 
толылығында. Көптеген жазушылар халықтар достығы 
тақырыбын бейнелемек болса, шығармаларына әр алуан 
ұлттың өкілдерін кіргізеді. Сол бейнелердің ішінде ұлттық 
сыр-сипаттан, өзіндік даралықтан айырылып, әншейін 
тек жақсы идеяның жалаң сүлдері болып жүретіндері 
де кездеспей қалмайды. Ал, «Жәмилада» мұндай әдейі 
арналып алынған кейіпкерлер жоқ. Бірақ бұл повесть 
махаббатты қалай мадақтаса, достықты да солай дәріптеп, 
ардақтайды және соның өзі шығарманың бүкіл тыныс-
лебінен, рухынан танылады. Мәселен, автордың да, оның 
кейіпкерлерінің де қазақ халқына, қазақтың ұшы-қиырсыз 
кең, дарқан даласына деген ыстық сүйіспеншілігін, 
еміренген сезімдерін аңдамай да, соған разы болмай да 
қала алмайсың. Кітапта бұл повестен басқа «Бетпе-бет», 
«Ақ жауын» атты әңгімелер де бар. Солардың алғашқысы 
әсіресе ерекше атауға тұрарлық.
Бұл әңгімеде Ш.Айтматов өзінің шындыққа тура 
қарайтын  және  оны  бұлтаңсыз бейнелейтін батыл реалист 
жазушы екендігін тағы да танытады. Кітапты қырғызшадан 
аударған–Қ.Нұрмаханов. Бұрын тәуір сыншы ретінде 
белгілі болып келген ол бұл жолы аудармашылық қабілетін 
де жақсы аңғартты. Кейбір сөз байлауларының, жекелеген 

301
орамдардың сәл қазақша естілмейтіні болмаса, аударма 
тұтастай жақсы әсер қалдырады.
Ш.Айтматовтың повесі де, әңгімелері де шын ақындық 
шабыттан туған жақсы жыр сияқты. Сондықтан да оларды 
сүйсіне оқисың әрі туысқан қырғыз халқының әдебиеті 
осындай тамаша шығармалар тудырғанына шын жүректен 
қуанасың.
1960 ж.
УАҚЫТ  ЖӘНЕ  ПОЭЗИЯ
Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен 
тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде 
танылумен бірге оның мақтаны, даңқы болып та табылады. 
Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен 
оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия–адам 
баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті 
құралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, 
күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып 
келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола 
алады. Осынау тамаша қасиет біздің поэзиямызда да мол.
 Өткен ғасырда  Абай  ғажайып  көркемдік биікке көтер-
ген қазақ поэзиясы біздің заманымызда әсіресе қарыштап 
өсті, кемелдене түсті, жаңа арнада дамыды. Қазіргі қазақ 
кеңес поэзиясының аумағы кең, өресі биік, шығармашылық 
қыры мен көркемдік сыры сан алуан. Онда роман мен поэма 
да, жалынды да пафосты, сыршыл да нәзік лирика мен 
уытты отты сатира да, мысал мен баллада да – бәрі де бар.
Әрине, осындай өскелең поэзиямызда шығармашылық 
олқылық, мін-мүлтіктер ұшырасатындығы, қиындықтар 
барлығы да аян. Поэзиямыздың  осындай  табыстарына жә-
не кемшін жақтарына кексе ақындар да, жас қаламгерлер 
де ортақ. Үлкен поэзия шалқары жекелеген ақындардың 
жыр бастауларынан құралады. Сондықтан біз бұл мақалада 
поэзиямызды тұтастай алып, жалпылама сөз етпей, 
нақтылы бір ақынның шығармашылық жолына ғана шолу 
жасаймыз. Ол көрнекті ақын Дихан Әбілевтің поэзиясы.
Ақынның алғашқы қадамдары жиырмасыншы жыл-
дардың аяқ кезінде басталады. Содан бері ол талай-талай 
өлеңдер жинағын шығарды, оннан астам поэма жариялады. 
Ақынның әр кезде шыққан кітаптарына арналып жазылған 
рецензиялар мен мерейтойлық мақалаларды айтпағанда, 
оның шығармашылығына мол, лайықты талдау жасалған 

302
емес. Д.Әбілевтің өзіндік стилі, шығармашылық өзгешелігі 
бар ма? Егер бар болса, қандай? Ол басқа ақындарымыздан 
поэзиясының қандай қасиетімен ерекшеленеді? Ақын 
қашан және қандай көркемдік биіктерге көтерілді? Оның 
шығармашылығының әлі  де олқы соғып, аласа жатқан 
жақтары бар ма? Бар болса, неге бұлай?
Біз бұл мақалада осынау сұрақтардың бәріне жауап беріп 
жатуды көздемейміз. Өйткені бұл–арнайы зерттеудің, 
келелі еңбектің міндеті. Біз ақын поэзиясын шолып 
шығуды, оның өлеңдері мен поэмалары жайындағы азды-
көпті ой-пікірлерді ортаға салуды ғана мақсат еттік.
Д.Әбілев өзінің ақындық жолын шағын өлеңдерден 
бастаған. Ақынның алғашқы қаламалдылары сол кездегі 
ауыл өміріндегі шындыққа, өзін қоршаған ортаға 
байланысты туады. Бұл кезде ақынның білімі тапшы, 
көргені мен түйгені де аз. 1957 жылы елу жасқа толғанда 
өткен өмірі жайында толғанып шығарған «Ақын сыры» 
атты өлеңінде Д.Әбілев былай деп жазады:
 Жер жұмыр. Жер – әлем кең. Көр, шырағым!–
Деп Мәсең ұсынғанда жердің шарын,
Нанбадым... қарай бердім... білмеуші едім –
Баяннан басқа мұнша жердің барын.
Ақынның бұл шын сыры оның алғашқы кездегі 
поэзиясының сырын ұғуға да мүмкіндік беретіндей. Дихан 
тұңғыш өлеңдерін Б.Майлин, С.Мұқанов, С.Дөнентаев 
сияқты ақындарға еліктеп жазғанын сыншы Е.Ысмайылов 
бір мақаласында дұрыс байқап аңғартқан. Бірақ оның «Бұл 
кітаптарда (ақынның отызыншы жылдардағы жинақтары 
жайында сөз болып отыр) басылған өлеңдер мен поэмалары 
Диханның ақындық өрісін, қалам сілтер аршынын бірден 
танытатын болса, сонымен бірге қазақ поэзиясындағы 
өзіндік орнын да анықтап берді» деген пікіріне қосылуға 
болмайды. Сыншы асыра айтқандай.
Рас, отызыншы жылдарда ақын жемісті еңбек етеді, 
көп жазады. Солардың тәуірлерінен оның ақындық қуаты, 
шығармашылық болашағы белгі бергені де хақ. Бірақ «қазақ 
поэзиясындағы өзіндік орнын анықтаған» лирикалық 
өлеңдері мен поэмаларын Д.Әбілев кейінірек, яғни 
қырқыншы және елуінші жылдарда жазды. Д.Әбілевтің 
ақындық қуатын отызыншы жылдардағы «Шалқыма» 
поэмасы мен жекелеген кейбір өлеңдерінен ғана анық 
сеземіз. Оның «Жаңбырдан соң» деген өлеңін мысалға 
алып қаралық.

303
Күн төбеден ауғасын
Бозша бұлт шалды тау басын,
Баурынан сүті сорғалап.
Ойда, қырда жел тынды,
«Жау жаңбырлап» ел тұрды,
Көк жазыққа көз қадап.
Өлең осылай басталады. Бұдан әрі жаңбыр жауған 
кездегі табиғат суреті әсем де жанды көріністермен 
беріледі. Өлең мына алтыаяқты шумақпен тәмамдалады:
Жүкші қарт атын басқа ұрды,
Балағаттап тасқынды –
Көпірді кеткен қиратып.
Аралап жасыл егінді
Басекең жүр көңілді,
Қара мұртын ширатып!
Мұнда шынайы көріністер де, адам мінезінің сипаттары 
да бар. Жүкші шал да, бастық та көз алдымызға келе 
қалады. Ақынның шеберлігін танытатын басқа өлеңдері 
де баршылық. Мәселен, «Көпір», «Қырғыз қызына», 
«Қызғалдақ». Бұл өлеңдерден ақынның лирикашылық 
таланты айқын сезіледі. Бірақ Д.Әбілевтің отызыншы 
жылдардағы поэзиясында мұндай шыншыл да сыршыл 
өлеңдер онша көп емес. Оның бұл кезеңдегі лирикалық 
өлеңдерінің   бірталайы   жалпылама, дерексіз түрде жазыл-
ған, көбінесе шұбалаңқы, отсыз болып келеді. Отызыншы 
жылдардағы поэзиямызда орын алған бірқатар көркемдік 
кемшіліктер Д.Әбілев өлеңдеріне де хас еді. Д.Әбілевтің 
лирикашылық талантының ерекше мол ашылған кезеңі –
Ұлы Отан соғысы жылдары. Қ.Аманжолов, Ж.Саин және 
басқа да бірқатар ақындардың шығармашылығы сияқты, 
Д.Әбілевтің поэзиясы да осы тұста марқайып, қатты өседі.
Ақынның бұл тақырыптағы жырлары «Қоштасу» атты 
өлеңмен басталады. Соғыс тұтанып, дабыл қағылғанда, ел 
шетіне жау тигенде ер жігіт қаннен-қаперсіз жата алмақ 
емес. Ол жас жарымен, дарқан өмірмен қош айтысып, 
майданға аттанады:
Қош, ойын-той, сауық кеш,
Жүрекке жалын салды кек.
Жабырқау тартпа, жас бикеш,
«Мені қиып кеттің?» – деп.
Жеңістің күнін мен деп күт;

304
Қош, жас дәурен, қызық шақ!
Кетті бастап отқа үміт,
Қош тұр, ыстық махаббат!
Мұнда ақын қауіп-қатері мол, сұрапыл соғысты жалын, 
от бейнесінде алған да, соған сөнбес үмітті қарама-қарсы 
қойған. Ол–сүйікті жар жүрегінің үміті, махаббат үміті. 
Сондықтан   да   өлең оптимистік рухта, әсерлі болып шық-
қан. Бұл өлеңдегі осынау үзілмес сарын, сөнбес үміт сарыны 
ақынның «От», «Күдеріңді бір сен үзбе», «Жүрегіңді 
жүдетпе» сияқты өлеңдеріне де бірдей ортақ, тұтастай хас. 
Ал «Бөбегім» атты өлеңде осы сарын ерекше бір көркемдік 
қуатпен әрі тамаша шыншылдықпен жырланған. Өлеңді 
түгел оқып шығалық:
Балапаным, папаңды
Жүрсің-ау іздеп, сағынып,
Мазалай берме атаңды,
Жүдей берер жабығып.
Күрсінбей өс, құлыным,
Папаң майдан өтінде.
Жорық қатты күндіз-түн,
Жара жоқ әзір етімде.
Мынау бір соңғы суретім,
Бетіңді тигіз бетіме.
Болмаймын деп мен жетім
Жазып қой, құлыным, шетіне.
Небәрі үш-ақ шумақ. Бірақ ақын соған тұтас бір 
сезім дүниесін жомарттықпен сыйғыза алған. Өлеңнің 
лирикалық қаһарманы майдандағы жауынгер болумен 
бірге үлкен жүректі адам да. Ол туған жерін, ел-жұртын 
әншейін сағынып қана қоймайды, шын жанашырлықпен, 
қамқорлықпен толғана ойлайды. Майдан даласы қауіп-
қатерге толы. Бірақ тылдағы өмір де сән-салтанат, мереке 
емес. Соғыс ауыртпалығы оны да сұстандыра, қаталдандыра 
түскен. Өлеңнің лирикалық кейіпкерінің баласына 
«Мазалай берме атаңды–жүдей берер жабығып» деуі соның 
бәрін артығымен қамтып жатыр. Ол әзір жараланбаған. 
Бірақ күндіз-түн сапырылысып жатқан алапат соғыста 
оның жаралы болуы, тіпті қаза табуы да ықтимал. Оның 
аузына «Әзір» деген сөз тегін түспеген. Бірақ ол соны 
байбалам салып, дүрліктіріп айтпайды, ишарамен ғана 

305
сездіреді. Осылайша әрі тыл тіршілігінің қысталаңдығын, 
әрі майданның қауіп-қатерін қоса сездірген өлең дәл 
аяқталар тұсында тамаша оптимистік сарын тауып, ширыға 
ширап, жанданып жүре береді. Бұл– тағы да сол үзілмес, 
сөнбес үміт сарыны. Жауынгер әке суретін алып, жүрегіне 
басқан, бетіне бетін тигізген осынау жас бөбек жетім 
болмақ емес. Ақын жеке бастың көңіл-күйін, өшпес үмітін 
біздің дәуіріміздің өршіл рухымен, гуманистік сипатымен 
ұластыра жырлаған. Бұл қасиет оның осы тақырыптас көп 
өлеңдерінен табылады.
Д.Әбілев бірқатар өлеңдерінде майдан өмірін, соғыс 
суретін, кеңес адамдарының ерлік қимылдарын нақтылы 
жырлайды. Ақынның мұндай өлеңдерінің ең тәуірлері — 
«Жан сөзі», «Біздің батыр полковник», «Москва түбінде», 
«Ха... ха... ха...», «Сұрқын қара фашистің», тағы басқалар.
Д.Әбілевтің бұл тұстағы өлеңдерінде Қиыр Шығыс 
тақырыбы ерекше орын алады. Ол «Хинган», «Кәрден 
кесе», «Бұғы», «Ғарып», «Азияның адырынан», «Құздағы 
жұлдыз», «Мен күзетте тұрғанда», «Сағыныш» тәрізді 
айтулы өлеңдерін сол Қиыр Шығыста болған шағында 
шығарған. Бұл өлеңдер гуманистік қасиетімен, шыншыл-
дығымен, ой-сезімге бірдей жомарттығымен құнды. 
«Ресейге қайтқанда» өлеңі–ақынның майдан тақырыбына 
арналған жырларының қорытындысы іспетті. Бұл өлең 
жұртшылыққа жақсы таныс. Сөйтсе де, оның әсер күшін 
әлсіретпеу үшін бірер шумағын қайталап оқылық:
Амансың ба, Отан-анам!
Бөтен елден, келем шеттен.
Амансың ба, ала баған,
Жорықпенен едім өткен.
Өмір үшін еді бәрі,
Жеңіп қайттым, байтақ дала!
Жұрттың жері кімге дәрі –
Кетсін сенің садағаңа!..
Шіркін, Ресей екен ғой кең –
Жазылды ғой бойым жаңа!
Тар секілді ед сенсіз әлем
Шалқыды ғой ойым жаңа!.
Осылай кете береді. Сұрапыл соғыс дүрбелеңін бастан 
кешіріп, бөтен елдерде болып, енді өз Отанына қайтқан, 
қасиетті Отан жерінің көзге ыстық көріністерін жаза баспай 
танып, еміреніп келе жатқан кеңес адамының сағынышы, 

306
патриоттық ой-сырлары, азаматтық мақтанышы өлеңнің әр 
шумағынан, әр сөзінен терең де айқын сезіледі.
Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған лирикасы 
Д.Әбілевтің  ақын ретінде көп өскенін, шеберлігі ұштал-
ғанын даусыз танытумен бірге оның орыс кеңес 
поэзиясының таңдаулы үлгілерінен тағлым алып, жемісті 
үйренгенін де байқатты.
Ақын соғыстан кейінгі жылдарда да лирика жанрынан 
қол үзген жоқ. Ол «Жас азамат», «Алтай жырлары», 
«Көкжиек» атты өлеңдер жинағын шығарды. Кеңес 
адамдарының жасампаздық еңбегін, бейбітшілік жолын-
дағы күресін жырлайтын және басқа да алуан түрлі 
тақырыптарға  арналған  бұл  өлеңдердің ішінде ой те-
рең  дігін, сезім байлығын, уақыт рухын танытатын таң-
дау 
лылары да, ақынның шығармашылық мүмкіндігі 
деңгейінен әлдеқайда төмен жатқандары, әйтеуір өлең 
аталып, қара көбейтіп жүргендері де бар. Мақала көлемімен 
шектелгендіктен біз сол жинақтардағы өлеңдерге талдау 
беруден әдейі бой тарттық. Оның үстіне ақын соғыстан 
кейінгі кезеңде поэзияның ірі формаларына көбірек ден 
қойғаны да аян.
Д.Әбілевтің ақындық шығармашылығының өзекті әрі 
жемісті бір саласын оның поэмалары құрайды. Бұл орайда 
ақын қаламынан он шақты поэма, бір өлеңді роман туғанын 
ойға алудың өзі-ақ жеткілікті. Әрине, сол поэмалардың 
барлығын бір тезге салып, бірыңғай өлшеуге болмайды. 
Олардың ішінде поэзиямызға лайықты үлес ретінде 
қосылғандары да, уақыт сынына төтеп бере алмай, көне 
тартқандары да бар. Сөйтсе де бір жәйтті батыл айтуға 
болады. Д.Әбілев өзінің шығармашылық өскелеңдігін, ойлы 
суреткер екендігін, ізденгіштігін поэма жанрында әсіресе 
жақсы сездірді, талғампаздығын да танытты. Өлеңдері мен 
поэмаларының 1958 жылы шыққан көлемді бір томдығына 
ақынның бірнеше поэмаларының енбей қалуында, ал 
«Таудағы ту» дастанының тек «Кремльде» атты тарауы 
ғана берілуінде ерекше мән бар. Ақын «Мұңсыз Мәриям», 
«Майданбек», «Қуат» сияқты поэмаларын қайталап 
бастыруды қажет деп таппаған. Шындығында да, бұл 
поэмалар, оның ішінде «Мұңсыз Мәриям» мен «Қуат» 
өлеңдік жағынан біркелкі тәуір болғанымен, нағыз реалистік 
поэзияға тән қасиеттерді кемел танытпаған-ды. Оларда 
сомдалып жасалған адам образдары, реалистік мәнерде 
қалыптанған ситуациялар тапшы еді. Сонымен бірге оларда 
ақынның өсу жолдарының, шарқ ұрып ізденулерінің белгі-

307
бедерлері барлығы да даусыз. Ақынның алғашқы кезеңдегі 
поэмаларының ішінен оның эпиктік қуатты талантын 
айрықша айқын танытқаны–«Шалқыма» поэмасы. Бұл 
поэма Азамат соғысы жылдарының оқиғаларын суреттеуге 
арналған. Поэманың негізгі кейіпкері Шалқыманың, оның 
әкесі Жаудырдың және басқа да бірнеше кейіпкерлердің 
өмірі мен тағдырын шынайы суреттеу арқылы дәуір 
сипатын реалистік түрде елестете алды.
Поэманың оқиғалық желісі өмір шындығына орайлас. 
Балық аулап күн көрген Жаудыр шалды қара көңіл, қатігез 
Касқырбай жазықсыз азаптап өлтіреді. Ол Шалқыманың 
жүрегіне шемен боп қатып, кек болып байланады. 
Шығармада, оның басты кейіпкері Шалқыманың іс-
әрекеттерінде осы кек сарыны ерекше күшті. Шалқыманың 
жеке басының күйлерінен туған бұл кек бірте-бірте 
таптық кекке айналады. Кейіпкерінің ой-өрісіндегі, 
көзқарасындағы осы эволюцияны ашып суреттеуде де 
ақын реалистік бағыттан айнымайды, ауытқымайды. Зубов, 
Иван, Егор бейнелері өз дәрежесінде идеялық-көркемдік 
жүк көтерумен бірге Шалқыма образын шынықтырып, 
оның тұлғасын ірілендіре түседі. Осы тұста ақын халықтар 
достығы тақырыбын да орайын тауып, шынайы түрде 
шешеді. Поэманың аяғында Шалқыманың ата жауы — 
Қасқырбайды жайратып өш алғаны, қуғыннан құтылып
қызыл әскерлер отрядына қосылғаны баяндалады. 
Шығарманың негізгі идеялық пафосы да, ондағы 
шиеленіскен тайталас-тартыстың шарықтау шегіне жетіп 
түйілуі де ұласып барып, қажетті көркемдік тиянақ табады. 
«Шалқыма» поэмасы Д.Әбілевтің ақындық өнері тереңге 
құлаш ұрып келе жатқанын, оның шығарма композициясын 
қиюластырып құруға, тарихи шындықты көркемдік 
шындыққа ұластыра отырып бейнелеуге ден қойғандығын, 
шығармашылық тегеурінін анық танытты. Рас, ақынның 
кейде жасандылыққа ұрынып, кейбір желілердің көркемдік 
мотивировкасын табиғи қалыпқа түсіре бермейтіндігі, 
реалистік саздан айнымай отырып, ара-тұра фольклорлық 
әсірелеулерге бой алдыратыны да байқалып еді.
Бірақ бұл айтылғандар поэманың әлеуметтік кең 
тынысын тарылта алған жоқ. «Шалқыма»–отызыншы 
жылдардағы поэзиямыздың сүйекті әрі көркем туын ды-
ларының бірі. Поэманың осындай қырлары мен сырларын 
сыншы Е.Ысмайылов жақсы аңғарып, орынды көрсеткен: 
«Ақын қалың орман қоршаған айдын көлдің, дүниені 
сілкіндіре долы дауыл тұрып, шатырлап нажағай ойнап, 
өрт қаптаған қара түннің, осы жағдайдағы Жаудыр 

308
мен Шалқыманың аянышты халдерін классикалық 
поэмалардың дәстүріндей көтеріңкі леппен суреттейді. 
Мұнда Диханның суретшілігі де, эпикалық шығарманы 
жазудағы құлашы да танылады. Схемаға ұратын, шартты 
алынған кейбір оқиға түйіндері бола тұрса да «Шалқыма» 
ақын шығармашылығының жаңа бетін, жаңа өсу 
сатысын көрсетеді. Қазақ кеңес поэзиясында сюжетті 
поэма жасауға қосылған үлестің бірі болып табылады». 
Поэманың айрықша бағалы қасиеттерінің бірі–ондағы 
авторлық позицияның беріктігі мен айқындығы, ақынның 
лирикалық толғаныстары мен шалқуларының молдығы әрі 
әсерлілігі. Яғни поэмада эпикалық кеңдік, тегеурінділік пен 
лирикалық саз араласа, ұласа келіп отырады.
Ақынның алғаш отызыншы жылдарда жазып, кейін 
қайта оралып, сәл өңдеген бір поэмасы–«Бармақ». Бұл 
поэмада шиеленісе өрбіп жатқан шытырман оқиға жоқ. 
Бірақ 1916 жылғы оқиғалардың қайғылы бір көрінісі зор 
драмалық түйінге жеткізіле суреттелген. Поэма кейіпкері 
Зілқараның трагедиясын ақын аяусыз, қатал шындықпен 
ашады. Шығарма ездікті, қорқақтықты айыптап, елдік пен 
ерлікті мадақтайды. Өз басының және халықтың азаттығы 
үшін айқастан тая соғып қорыққан өзін ит өліміне душар 
еткен Зілқарадан жұрттың бәрі де безеді. Ол сүйген 
жары мен баласына да жат. Поэманың құндылығы да 
осынау қатал шыншылдығында, опасыздықты әшкерелеп, 
отаншылдықты дәріптеуінде. Осы тұрғыдан алып қарағанда 
бұл шығарма Лермонтовтың тау халықтары аңызынан алып 
жазған «Қашқын» поэмасымен сарындас, өзектес сезіледі. 
Патриоттық сыр-сезімдер мен отаншылдық сарындар 
ақынның Испания шындығынан алып жазған «Ремедиос» 
поэмасында әсіресе күшті. Отызыншы жылдарда Испан 
халқының фашистерге қарсы азаттық күресі бүкіл 
кеңес әдебиетінде кеңінен бейнеленді. Бұл қазақ кеңес 
поэзиясында да құдіретті сарын тудырды. Ақындарымыз 
жалынды жырлар шығарды. Д.Әбілевтің «Ремедиос» 
поэмасы – сол шығармалардың ең көркем, әсерлілерінің 
бірі.
Тұңғиық аспандай кең Атланның
Оқ борап, түтін орап жатыр алдын.
Адамзат азаттығын арман еткен
Жалауы жалтылдады батырлардың.
Қақпасы қарауытып Мадридтің
Қарайды шоқысына әр биіктің.

309
Ғасырдың құрсағына құрыш қақтап,
Мезгіл тұр перзентіндей ар-күйіктің.
Поэманың осылай басталуының өзі күшті бір сарын 
сездіреді. Бұл сезім оқушыны алдамайды. Бұдан әрі 
ол жауға қарсы құрсанған Мадридтің сұсты бейнесін, 
халықты күреске үндеп жар салған Долорес Иббаруридің 
тұлғасын, «жүрегі адал, жаны адал, бақыт досы, ар досы» 
Карлостың кейпін өз көзімен көргендей болады. Поэманың 
негізгі қаһарманы–испан қызы Ремедиос. Фашистер 
Испанияның астанасына қауіп төндіргенде сүйіскен екі 
жас–Карлос пен Ремедиос «тағдырын мәңгі қоспаққа 
талпынған күні» той-думанды тастап, майданға аттанады. 
Карлос хабар-ошарсыз кетеді де, Ремедиос оққа ұшады. Ол 
өліп бара жатқанда да қасиетті астана–Мадрид қаласын 
естен шығармайды.
Аттан, әке!.. Жорық күн –
Басқалар маған келмесін!
Алқызыл туы полктың
Желбіреп көкке өрлесін!
Геройларға сәлем айт,
Мадридті бермесін! –
деп үзіледі ол. Поэманың патриоттық асқақ идеясы осы 
Ремедиос образы арқылы мейлінше күшті бейнеленген. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында да ақын бірер поэма жазды. 
Бірақ бұл тұстағы оның поэзиясының дені–лирикалық 
өлеңдер. Сыршыл ақын лирикалық әсем жырлар тудыруда 
сол жылдары әсіресе биіктеп өсті.
Ал соғыстан кейінгі кезеңде Д.Әбілев өзінің ең күрделі әрі 
көркем поэмаларын жазды. Ақынның әсіресе беріле, қайта-
қайта оралып жырлағаны–кенді Алтай туралы тақырып. 
Бұл тақырыпқа ақын ең алдымен «Алтай жүрегі» атты өлеңді 
романын арнады. Кезінде роман жайында әртарап пікір 
болды. Қайткенде де ақынның аса жауапты тақырыпқа аса 
қиын жанрда қалам тартуы — шығармашылық зор да батыл 
қадам еді. Бұл ретте ең ірі жазушыларымыздың бірі, ойлы 
суреткер Ғ.Мүсіреповтың мынадай пікіріне назар аудара 
кетудің орайы әбден бар: «Біздің қазақ кеңес әдебиетінің 
күні бүгінге дейінгі тарихында  өлең мен жазылған роман 
деп Сәбит Мұқановтың бір ғана «Сұлушашын» атап келеміз. 
Өлеңмен жазылған роман, қара сөзбен жазылған поэма 
сияқты, дүниежүзілік әдебиетте де сирек кездеседі.
 
Өйткені 
ол түр жағынан да, мазмұн жағынан да әрі тереңдікті, әрі 

310
кеңдікті талап етеді де, жылдармен есептелетін, күшке 
тиетін еңбекке жатады. Сондықтан поэзиялық шығарманың 
мұндай түрі қандай әдебиетте болса да ерекше де елеулі 
орын алады. Ақын Дихан Әбілев жолдастың «Алтай жүрегі» 
атты романы осы қатарға қосылады».
Шығармашылық зор серпіннен, мол еңбектен туған 
осындай кең тынысты шығарманың көркемдік келісімінде 
талай-талай кемшілік пен олпы-солпылық та бар еді. 
Кезінде бұл аталып көрсетілген де болатын. Талғампаз ақын 
жұртшылық үніне сергектікпен құлақ асты. Ол «Алтай 
жүрегі» романын «Таудағы ту» деген атпен бастан-аяқ 
қайта жазып шықты. Оның «Кремльде» деп аталатын үлкен 
бір бөлімі ақынның 1958 жылы шыққан бір томдығына да 
енген. Бұл роман–кенді Алтай туралы, ондағы адамдар 
туралы және солардың өмірі мен ісі, өзара достығы туралы 
шығарма. Талай жылдар бойына көп көңіл бөліп, мол ізденіп 
жазған бұл романында ақын революцияның дауылды 
күндерінде шетелдік капиталистер қиратып кеткен 
кенді Алтайдың қалпына келтіріліп, қатарға қосылғанын 
баяндайды. Қиындыққа, жоқшылыққа, жаулардың 
зиянкестік әрекеттеріне қарамастан, зор патриоттық 
қимыл жасаған орыс, қазақ жұмысшыларының өмірі, 
олардың өзара татаусыз, қасиетті достығы романда жарқын 
да кең суреттелген. Шығарманың бүкіл өн бойына оқиға 
желісіне мол араласып, тегеурінді әрекет жасап жүретін 
парторг Деев, инженер Горин, жұмысшы әйел Зейнеп, қарт 
шахтер Тата бейнелері–бұған анық айғақ. Осылардың 
ішінде Деев әсіресе ерекше көрінеді. Автор оны шебер 
ұйымдастырушы, іскер де табанды коммунист ретінде 
бейнелеуді мақсат еткен. Ол негізінен осы нысанасына 
жеткен де.
«Таудағы ту» романындағы  ерекше назар аударарлық 
бір жәйт–ақынның  кемеңгер  көсеміміз Лениннің бей-
не 
сін жасауға талаптануы. Автордың басқа бір үлкен 
ақындарға еліктей ұқсап кеткен сәттері ара-кідік сезіліп 
қалғанымен, шығарманың Ленинге арналған тараулары 
терең ықыласпен оқылады. Ленин ісінің өлмейтін 
өміршеңдігін, оның жарқын идеяларының кемімес қуат-
күшін ақын тебірене толғайды.
Д.Әбілевтің «Отты толқындар» поэмасы — «Таудағы 
ту» романының заңды жалғасы іспетті шығарма. Романда 
бейнеленген Уваров пен Есей «Отты толқындар» 
поэмасының да тұлғалы кейіпкерлері екенін былай 
қойғанда, бұл екі шығарманың тақырыбында да, идеялық 

311
сарыны мен әлеуметтік тынысында да сабақтастық, 
ажырамас тұтастық бар.
Поэмада Днепр өзенінде атақты су электр станциясын 
салған,  табиғат  стихиясын бағындырған кеңес адамда-
ры  ның өмірі мен жасампаздық еңбегі жырланады. Біздің 
тамаша дәуіріміз, Маяковскийдің сөзімен айтқанда «Жүрек 
пен шындық ұласқан», Отан өмірі мен «жүрек өмірі» 
ажырамастай болып тұтасқан дәуір ақындарымыздың 
алдынан шексіз шығармашылық мүмкіндік ашты. Бұл 
жанрдың дамып, жетілуіне, оның жаңа қырларының 
ашылуына да айрықша ықпалын тигізді. Әрине, романға 
қарағанда поэманың өмір шындығын қамту шеңбері басқа. 
Бірақ бұған қарап поэма жанрының реалистік сипаты 
аз, кемшін деп тұжырым жасауға еш болмайды. Поэмада 
сюжет желісінің, характерлер сипатының реалистік 
айқындықпен берілуін қалаған Пушкин мен Белинскийдің 
талабы зәредей де ескірген жоқ, қайта біздің уақытымызда 
бұрынғыдан да терең мән-мағынаға ие болды.
Поэмада лирикалық саз басым болуы мүмкін. Бірақ 
ол лирикалық өлең емес. Сондай-ақ онда эпикалық 
серпін күшті болып та келеді. Бірақ ол роман не повесть 
емес. Пушкин, Лермонтов, Некрасов, I.Жансүгіров, 
С.Мұқановтың  поэмаларында жоғарыда аталған қасиет-
теріне қоса драмалық тегеурін де күшті сезіледі. Бұл–
классика. Ақындарымыздың қай-қайсысы да мұндай 
үлгіден үйренуге тиіс және үйреніп келеді де. Д.Әбілев 
те «Отты толқындар» поэмасын осылайша үйренудің, 
ізденудің арқасында татымды туынды етіп шығарды. «Отты 
толқындар» поэмасында тартыс түйіндері шырқау шегіне 
жеткізіліп берілген деп айту қиын. Бірақ онда эпикалық 
кеңдік пен лирикалық саз шеберлікпен қиюласып, 
астасып берілгені даусыз. Патетикалық лептілік пен нәзік 
те шыншыл күйлер поэманың бүкіл өн бойына алмасып 
келіп отырады. Поэмада лирикалық шегіністер мол. Бірақ 
бұл оқиға өрбуін бәсеңсітпейді, баяулатпайды. Ақын 
поэманың бас жағында берілген экспозициядан кейін 
оқушыны оқиға желісіне бірден араластырады, шығарма 
кейіпкерлерімен таныстырады. Олар–Есей, Катерина 
сияқты жас инженерлер, құрылыс бастығы Москвин 
және басқалар. Москвин образы ақынның елеулі табысы 
саналуға тұрарлық. Жасампаз еңбектің қызығына берілген 
Москвиннің алуан қырлы сипатының бір сыры мынадай:
Бастау үшін жаңа ырғақты жырларды,
Бұрғы ұшымен тыңдап терең сырларды,

312
Жер үстіне шығарады Москвин
Жер астына түсіп кеткен жылдарды.
Жақсы айтылған, тапқырлықпен айтылған. Оқушы 
оның мінез-құлқын, рухани дүниесін де жақсы сезеді, оған 
іш тартпай қалмайды:
Басқалардан көргің кеп өз жақынын,
Іс бастарда тыңдағың кеп ақылын;
Қаталдығын қайырымын  сезесің,
Жаның сүйіп, ой-қимылы батылын.
Кең пейілі кейде мүлде тым қатал,
Кейде саған бір-ақ ауыз тіл қатар.
Кейде саған ән салдыртып, сырласып,
Жабырқасаң – жанашырың жұбатар.
Москвиннің Есейге жасаған қамқорлығы мен көмегі, 
оның өз жүрегімен өзі сырласуы, ішкі тебіреністері поэмада 
зор көркемдік қуатпен бейнеленген. Есейдің жобасын 
мақұлдап, Алтайда Ульба 

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал