Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.
Pdf просмотр
бет17/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

1955-1960 жж.
ЖЫЛДАР-ОЙЛАР
Қас суреткер қаламның ғана майталманы емес, сонымен 
бірге ойдың да ерені болмақ. Суреткерлік пен ойшылдық 
бір өзінің бойында тұтаса тоғысқан қаламгерлер ғана нағыз 
ұлы шеберлер бола алғандығы әдебиет тарихынан жақсы 
аян. Пушкин мен Гогольдің, Горький мен Фадеевтің тамаша 
көркем шығармалары мен өмір туралы, әдебиет туралы 
даналық ой-пікірлері қатар жасап келеді. Олар халықтың 
өмірімен де, оның арғы-бергі сөз өнерімен де мейлінше 
тығыз байланысты болған, туған елі-жұртының өткендегі 
әрі өздерімен тұстас әдебиетін зерттеген. Бұл олардың өз 
шығармашылығына да жемісті, игі әсер еткен.
Осының айқын мысалын өзіміздің көрнекті сурет-
керлеріміздің шығармашылығынан да табамыз. Атақты 
жазушымыз Мұхтар Әуезовтің қызметіне бұл әсіресе 
орайлас. Шығармашылық сапарының ең алғашқы кезеңінен 
бастап-ақ ол туған халқының тарихы мен тағдырын, оның 
ежелгі сөз өнерін, қолтума әдебиетін әрі суреткер, әрі ғалым 
ретінде қоса зерттеп келеді. Соның нәтижесінде ол барша 
әлемге паш болған асқан үздік көркем шығармаларымен 
бірге көптеген байсалды зерттеулер, ойлы еңбектер 
жасады.
Сол зерттеулер мен еңбектердің талай-талайы ғалым-
жазушының «Әр жылдар ойлары» атты көлемді кітабына 
енген. Бұл кітапта автордың оқушы қауымға ежелден 
таныс еңбектерімен, мақалаларымен бірге тұңғыш рет 

284
жарияланып отырған монографиялық зерттеулері де бар. 
Осыған байланысты кітаптың құндылығы әсіресе арта 
түседі.
Кітап халқымыздың ұлы ақыны Абайдың өмірі 
мен шығармашылығына арналған көлемді зерттеумен 
ашылады. Абай туралы тақырып М.Әуезовтің суреткерлік 
шығармашылығының ғана емес, сонымен бірге ғалымдық 
қызметінің де ең өрісті өзегі, үзілмес арқауы екені аян. Ұлы 
ақынның тағдыры мен тартысын, өмірі мен өнерін ол талай 
жылдар бойына толассыз іздене жүріп, сарыла зерттеді. 
Осы ретте ол талай-талай шабытты зерттеулер де жазды. 
Оқушы жұртшылық оларға да қанық. Бірақ оның Абай 
жәйлі бұл көлемді еңбегі бұрын-соңды тұтас күшінде, қаз-
қалпында жарияланып, жарық көрген емес. Сондықтан да 
оған арнайы тоқталуды ләзім деп білеміз.
Зерттеудің кіріспе тарауында автор Абайдай ақынды 
тудырған тарихи-әлеуметтік жағдайларды ашады, ақын 
және оның өмір кешкен дәуірі туралы мәселе қозғайды. 
Осы орайда ол ақын шығармашылығына әралуан тақырып 
берген қос қыртыс замана шындығын, оның поэзиясын 
нәрлендірген көркемдік қайнар көзді де анық аңғартады. 
Зерттеуші Абайдың абайлық қасиет-қадірін, ұлылығын 
оның өмір кешкен дәуірінің ілгерішіл сипатымен және оның 
бірден-бір дұрыс, айнымас та адастырмас шығармашылық 
бағыт-бағдар ұстағандығымен байланысты алып қарайды. 
«Тегінде, Абайдың ақындығындай ақындық қуаты Абайдан 
бұрынғы ақындарда да болуға мүмкін. Олардың бірталайы 
тіпті атсыз ақын боп та өткен болар. Сондай ақындардың ғана 
санасы мен таптық тұрғысында, мәдениеттік дәрежесінде 
қалса, Абай классик Абай болмас еді. Өзінен бұрын жүз 
ақын болса, жүз бірінші, мың ақын өткен болса, мың бірінші 
болар да қалар ма еді, әлде қайтер еді!» – деп түйеді ол. 
Сөйтіп, зерттеуші Абайды ең алдымен өз дәуірінің жемісі, 
өз заманының үні деп қарайды. Ол осындай диалектикалық 
принциптен әрдайым танбайды, еш жаза баспайды. Бұдан 
әрі ғалым Абайды тану жәйін азды-көпті сөз етеді, басқа 
авторлардың ақын туралы үлкенді-кішілі еңбектеріне әділ 
баға беріп, атап өтеді.
Зерттеудің көлемді де кенеулі  тарауларының  бірі– 
ақынның өмірбаяны жайындағы шолу. Абайдың ғылыми 
өмірбаянын жазумен М.Әуезов көптен бері шұғылданып 
келеді. Ол Абайдың көлемді өмірбаянын 1933 жылы 
жариялаған болатын. Толассыз ізденудің арқасында 
ол соны әрдайым тереңдетіп, толықтыра түсіп келеді. 

285
Абайдың өз басы ешқандай мемуар жазбағанын және 
оның замандастарының қағаз бетіне түсірілген естеліктері 
жоқтығын ескерсек, онда   М.Әуезовтің   бұл  са ла да   жүргізген  
еңбегі  қаншалықты  қиын да  күрделі бол ға нын анығырақ 
аңдай түсеміз. Ақын жайында ел арасында таралған әралуан 
аңыздарды, кәрі құлақты жандардың жадында сақталған 
жәйттерді, басқа да сан-сан материалдарды дамыл таппай, 
тірнектеп жинай жүріп, зерттеуші Абайдың нағыз ғылыми 
өмірбаянын жазуды тәмамдап шықты.
Ақынның М.Әуезов жазған осы өмірбаянын оқып 
отырғанда бір нәрсеге сүйсіне қайран қаласың. Ол–
Абайдың жалпы өмірбаянының, сондай-ақ өмірінің 
жекелеген фактілерінің ақынның шығармашылық эволю-
ция 
сына, суреткерлік сапарының қат-қат қырлары 
на, 
сан-сан сырларына соншалықты жанасып, үйлесе ке тіп 
тұрғандығы. Осы орайда оқушы Абайдың тарихи тағды-
рын, өмірін оның М.Әуезов эпопеясындағы сом тұлғалы, 
соқталы бейнесімен салыстырып көруге, жазушының 
тарихи шындықты көркемдік шындыққа қаншалықты 
шебер ұластырғанын аңғарып аңдауға да мүмкіндік 
алады. Біздің бұрын-соңды ақындарымыздың ішінде 
шығармашылық мұрасы ең мол зерттелгені–Абай. 
Ақын шығармаларын тақырыптық қамтуы жағынан 
қарап талдаған, оның классикалық орыс поэзиясымен 
байланысын, аудармашылық өнерінің сырларын ашуға 
арналған еңбектер бізде аз жазылған жоқ. Бірақ мынау 
еңбек солардың барлығынан да оқшау, үздік танылады. 
Автор ақын шығармаларын тақырып-тақырыпқа бөліп, 
үзіп-үзіп жіктемей, тұтас күйінде алған. Ол хронологиялық 
принцип ұстанып, ақын шығармашылығын ұзына бойына 
шолып зерттеп шығады. Бұл–әдебиеттану ғылымында 
ежелден бері қолданылып келе жатқан, өзін-өзі ақтаған 
жемісті зерттеу тәсілі. Ақын мұрасының қай саласын, қай 
жанрын талдаса да, автор осы тәсілден танбайды. Ал оның 
шеберлік қырларын, тіл ерекшеліктерін, эстетикалық және 
философиялық көзқарастарын және ақын поэзиясындағы 
дәстүрлік жәйттар мен жаңашылдықты кезең-кезеңіне 
қарай, сап-сабымен ашып тастап отырады.
Абайдың жас шағында жазған немесе шығарған өлең -
дерінің бізге жеткені онша көп емес. Бұдан он шақ-
ты жыл бұрын кейбір зерттеушілер сол азды-көпті 
өлеңдердің авторы Абай екендігіне шәк келтірмек те 
болды. М.Әуезов сондай  дүдамал, екіұдай пікірлердің те-
ріс ті гін анық дәлелдей отырып, ақынның жас шағындағы 

286
шығармашылығына хас қасиеттерді терең ашып береді. 
Солардың бірі –Абайдың шығыс ақындарымен байланысы. 
Әрине, шығармашылығының ең алғашқы, балаң кезінде 
Абайдың шығыс классиктеріне көп еліктегенін талай 
зерттеушілер атап көрсеткен. Бұл жаңалық та емес. Тіпті 
кімге құлай беріліп, кімнен медет тілейтінін жас Абайдың өзі 
де риясыз ашық айтқан. М.Әуезов пікірлерінің бағалылығы 
сол–ол Абайдың кімнен үйренгенін, нені үйренгенін 
дәлелдеп көрсетеді және ақынның өзінен бұрынғы қазақ 
поэзиясының кейбір дәстүрлерімен байланысын да аша 
кетеді.
Абай арабтың талай жұртқа мәшһүр болған Мұтанәбби, 
Әбіл Ғала-Мағри сияқты классиктерін ауызға алмайды. 
Оның ден қоятындары–Навои, Фзули, Фердауси, Сағди 
және басқалар. Осылардың  ішінен  Абайға  ең   етене   
жа 
қы 
 
ны–Навои. Оның «Чар-диуаны» қазақ ақыны-
ның шығыстық сарындағы өлеңдеріне әсіресе орайлас. 
Зерттеуші осындай ой түйініне меңзейді және оған 
қалтқысыз сенесің. Өйткені оның пікірлері дәлелді де 
салмақты. Зерттеудің ең көлемді әрі аса қызғылықты, 
ғылыми жағынан мейлінше терең тарауы ақынның 
лирикасына арналған. Бұл заңды да. Өйткені оның 
поэзиялық мұраларының дені де, салмағы да осы жанрда. 
Автордың әділ, дұрыс атап көрсеткеніндей, Абайдың нағыз 
классик, реалист-ақын ретіндегі шығармашылық сапары 
оның «Қансонарда» деген атышулы өлеңінен басталады. 
Өзінің зор ақындық мәдениетін, асқан шеберлігін, 
жазабаспас, қалт еткізбес ғажайып шыншылдығын Абай 
осы өлеңінде тұңғыш рет қапысыз танытады. Сондықтан 
да зерттеуші оны ақын шығармашылығындағы нағыз 
жаңашыл, кезеңдік шығарма деп бағалайды. Сонымен 
бірге оның осы өлеңге берген жіті байқауларға, кесек-
кесек ойларға толы тамаша талдауына дән разы болмай, 
сұқтанбай қала алмайсың. Абайды қайта-қайта оқи жүріп 
те, ол жанында талай-талай жаза жүріп те, ешкім барлап 
байқамаған, аңдап танымаған небір терең сырларды автор 
қарбыта қамтып, ақтара ашады. Осындай тапқыр көрегендік, 
ақын шығармашылығының ішкі аңыстарын бұлжытпай, тап 
басып танушылық тәрізді қасиет тек бір өлеңнің тұсындағы 
талдаудан ғана емес, бүкіл зерттеудің ұзына-бойына 
мол сезіледі. М.Әуезов Абай шығармаларының идеялық 
тереңдігі мен көркемдік келісімдеріне тек ғалым ретінде 
ғана емес, сонымен бірге ойлы да сезімтал суреткер ретінде 
де барлап үңілген. Сондықтан да оның зерттеуінен ұлы 

287
ақын шығармашылығының ғажайып сырларын аңғарумен 
бірге шын мәнісіндегі көркем шығарма оқығандай күйлі де 
келісті әсер аласың.
Суреткерлік шеберлігі тез кемелденген Абайдың шығар-
ма шы лығы  идеялық  нысанасын,  әлеуметтік  тынысын 
бірте-бірте айқындап, барған сайын толыстыра түсіп 
отырды. Ақын шығармашылығының бұл эволюциясын 
зерттеуші соншалықты нанымды ашады. Абайдың алғашқы 
кезеңде жазған әйгілі өлеңдерінің бірі – «Жаз» екені 
аян. Мұнда ақын ешқандай, көмескі күйлерге, тұманды 
тұспалға бармайды, шындық хал-халеттерді нақтылы, анық 
қалпында суреттейді. Өлеңд   оқығанда   көшіп-қонған  ес -
кі ауыл өмірінің талай-талай реалистік көріністері көз 
алдыңа келеді. Өлең өзгеше бір динамикаға, сергек қимыл-
ға, бусанып тұрған жанды шындыққа толы. Осындай 
тамаша өлеңнің бір кемшілігі де бар. Ол–Сахарадағы ауыл 
тіршілігін, көшіп-қонып жатқан көріністерді соншалықты 
шебер суреттеген ақынның сол ауылдың өз ішіндегі 
әралуан әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды, 
қарсылықтарды аз көретіндігі, тек емеурінмен ғана 
танытатындығы. Ал осы тақырыпқа, яғни адам тіршілігі 
мен табиғат туралы тақырыпқа арнап жазған кейінгі 
өлеңдерінде ақын салт-саналық жақтан үдеп-өскенін 
көрсетеді. Бұрын көшпелі тіршілікті мінеп, сынай бермейтін 
ақын енді оның небір сұрықсыз көріністерін аяусыз ашып 
тастайды. Зерттеуші осындай салыстырулар арқылы да 
ақын шығармаларының ішкі сырын терең танытады және 
ескі сораппен кете бермей, тың ойларға мол өріс беріп 
отырады.
Автор Абайдың 1886 жылы жазған өлеңдеріне әсіресе 
байыпты әрі кеңінен тоқталған. Өйткені ол өз заманына 
да, біздің дәуірімізге де Абайды қадірлі дана, анық классик 
етіп танытатын ақындық жолдың нақтылы арналары. 
Дәл осы жылы салынған деп санайды.  Бұл  тұста ол 
ақын шығармаларын  үлкен-үлкен  төрт жікке бөледі.  
Біріншісі–надандықты, қанаушылықты қатты таңбалап 
сынаған ғибратшыл, ойшыл өлеңдері. Екіншісі – табиғат, 
жаратылыс тақырыбына арналғандары, үшіншісі – жас 
буынға тағлым айтқан, өнер-білімге үндеген өлеңдері. 
Төртіншісі–көңіл-күйінің лирикасы. Әрине, ақын 
шығармашылығының бағыт-бағдары, тақырыптық өрісі 
бұл айтылғандармен шектеліп қалмайды. Бірақ Абай 
сол төрт сала тақырыптан ешуақыт қол үзбей, әрдайым 
қайталап оралып отырған. Және оралған
 
сайын салт-

288
сана жағынан да, ойлылық, даналық, тереңдік жағынан да 
ұдайы биіктей түсіп, үдеумен болған. Сондықтан да автор 
осыны ескеріп, ақынның тақырып жағынан бірін-бірі 
қайталайтын шығармаларын өне бойы түгел талдай бермей, 
солардың ішіне кейінгі жылдар қосқан жаңалық идея мен 
көркемдіктің сипаттарды айрықша атап отырады. Бұл оның 
ұлы ақынның көркемдік ізденулерін, шеберлікті шыңдап 
жетілдірудегі жолдарын ашуына, оның шығармашылық 
сапаларындағы сан алуан эволюцияны терең де толық 
танытуына мүмкіндік берген.
Абай  қай  таптың санашылы болды, қандай идеялық 
мұрат-мүдделер көздеді? Оның шығармашылығын нәрлен-
діретін бұлақ-бастаулар қандай? Ол қазақ поэзиясына 
ұлан-асыр қандай жаңалықтар енгізді? Абайдың ұлылығы, 
суреткерлік шеберлігі, оның реализмінің қуаты неде? 
Осындай және бұдан басқа да талай-талай сұрақтар 
Абайды зерттеушілердің алдына әрдайым қойылып 
келді. Бірақ соларға дәл осы еңбектегідей толық, сарқа 
жауап қайтарылған емес. Автор жалаң қисын айтпайды, 
эстетикалық-көркемдік талдауды жадағай социологиялық 
топшылаулармен ауыстырмайды. Ол ой-пікірлерінің 
барлығын да сол зерттеп отырған материалының өз ішінен 
ойып алады, оған терең бойлап отырып, аса қызғылықты 
байлаулар жасайды. Пікіріміз дәлелді болуы үшін бір ғана 
мысал келтірелік. 
Ақынның «Өлсем, орным–қара жер...» атты әйгілі 
өлеңі әркімнің-ақ есінде. Бірақ осы өлеңді ақынның бүкіл 
өмірлік сапарының шыны мен сыры, оның ең асыл, аяулы 
ой-сезімдері, келешекке артқан үміті, болашақ ұрпақпен 
өзінше шешіліп тілдесуі түгел сыйып жатқанын аңдаған 
адам кемде-кем-ақ болар. Зерттеуші ақын өлеңінің әр 
шумағының, әр сөзінің ішінде жатқан астарды, суреткерлік 
тебіреністері мен аңыстарды айнытпай танып жайып 
салады. Бұл талдау жайында пікір айту қиын. Оны тек 
қайталап оқып шығу керек. Сонда сүйікті ақын Абаймен 
тағы бір кездескендей, оның шығармашылығымен тыңнан 
танысқандай әсер аласың.
Бұл өлең Абайдың ақын мен ақындық жөнінде, қоғам 
мен өз арасын білдіру жөнінде және көңіл сыры жөнінде 
бұл шаққа дейін айтып келген әр тақырыпты сан-сан 
өлеңдерінің сұрыпталған асылы есепті. Абай қайтыс 
болардан бірнеше жыл бұрын жазылса да, осындай 
тереңде жатқан түйіндеріне қарап, бұл өлеңді зерттеуші 
ақын өмірінің соңғы шағының, оның шығармашылық 

289
сапарының үлкен қорытындысы деп бағалайды. Бұл 
монографиялық зерттеуде Абайдың лирикасы, оның әр 
өлеңі егжей-тегжейіне дейін тұтас қамтылып, жан-жақты, 
терең талданған. Автор ақын шығармашылығына жіті 
үңіліп, жете бағалаумен бірге қазақтың жаңа бағыттағы 
жазба әдебиетінің туып қалыптасуына және соны 
зерттеуге байланысты көптеген келелі мәселелерді қоса 
қозғап, тыңғылықты түрде шешіп отырады. Абайды өмір 
сүрген дәуірімен, тарихи ортасымен тығыз байланыста 
алған зерттеуші ақын шығармашылығындағы қайшылықты 
мезеттерді, жаза басқан жаңылыс сарындарды да бүгіп 
қалмай, ашып айтады. Бұл ретте де М.Әуезов еңбегінің 
тағлым аларлық өнегелі қасиеті көп.
Абай – өзіндік   мектебі    бар, жүйелі    бағыт   ұста-
ған философ емес. Ол философиялық еңбектер, арнаулы 
трак 
 
тат 
тар жазбаған. Бірақ нағыз жаңашыл, классик 
ақын болған, туған халқының тарихында, қоғамдық 
ойды бастаушылардың бірі болған әрі өз дәуірі, за ман 
құбылыстары жайында көп толғанған Абайдың шығар-
маларында философиялық ой-топшылаулар, даналық 
пікірлер аз кездеспейді. Сондықтан автор бұл мәселені де өз 
назарынан қағас қалдырмаған. Ол Абайдың философиялық 
көзқарастарына, дін туралы ой-пікірлеріне де біртоға 
кеңінен тоқталған. Оның бұл реттегі тұжырымдары да 
көкейге қонымды, салмақты.
Абай мұрасының өзгеше бір саласы – оның поэмалары. 
Лирика саласындағы шырқау биік дәрежесіне көтерілмесе 
де, ақын поэмалары арқылы да өз тұсындағы қазақ 
поэзиясын соны арнаға, алыс өріске меңзеді. Бірақ соңғы 
кезге дейін Абайдың сол поэмалары арнайы зерттеліп, 
терең талданған емес. Олар жайында айтылған азды-көпті 
пікірлер орта мектепке арналған оқулық шеңберінен 
асқан емес-ті. Зерттеушінің Абай поэмалары жайындағы 
пікірлері сондықтан әсіресе бағалы, қызықты бола түседі.
Лирика саласында өзі көп үйренген, мол үлгі алған әрі 
шығармаларын зор ақындық шабытпен соншалықты шебер 
аударған Пушкин, Лермонтов сияқты суреткерлердің 
поэма жанрындағы шығармашылық тәжірибесіне Абай 
елікпеген, онша құлап бой ұрмаған. Олардың сюжетті кесек 
шығармалары кең өмірді мол қамтитын роман-поэма, кейде 
қалың оқиғасы, шытырман тартысы бар романтикалық 
көркем туынды болып қалыптасса да, Абай сол жанрға 
ден қоймаған, беріле қызықпаған. Зерттеуші мұның сыры 
Абайдың өз заманындағы қалың көптің интеллектуалдық 
дәрежесін ескергендігінен және жалпы поэзиясындағыдай, 

290
бұл ретте де адамгершілік үлгі-өнеге таратып, ұстаздық 
қалып ұстағандығынан іздейді.
Абай поэмаларының оқиғаларын қазақ Сахарасының 
тіршілігінен, өз дәуірінің шындығынан таңдамай, шығыстық 
аңыз-ертегілерден алған. Солардың бірі–«Масғұт». Бірақ 
зерттеушінің дұрыс тұжырымдағанындай: «Поэмада 
Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес. 
Қызырдың қызырлығын да баяндамақ емес. Олардың 
барлығы да–поэманың идея жағынан қарағанда тек бір 
көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты 
түрде алынған аңыздық жалпы шартты орта деуге болады.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ 
геройдың, Масғұттың жайы... Масғұт аузымен Абай өз 
заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды 
айтады. Үлкен гуманист ақын сол өзі таратпақ болған 
мораль философиясын жаңа түрде, шартты мазмұнға 
байланыстырып ұсынып отыр».
Шығыстан келген аңызды ақын өз ойын баяндау 
үшін шығармашылық материал ретінде ғана алғанын, 
Абайды поэманың оқиғасы қызықтырмайтынын, ол 
оқиғаларды, адамдарды барлық мінез-істерімен, сөз-
де 
рімен өзінің дағдылы идеясына қарай ыңғайлап 
пайдаланатынын зерттеуші нанымды дәлелдеп көрсетеді. 
Абай поэмаларының ішіндегі ең үздігі – «Ескендір». 
Мұнда ақын бүкіл Шығыс әдебиетінде талай классиктер 
жырлаған Александр Македонский жайын назирагүйлік 
дәстүрмен өзінше баян етеді. Зерттеушінің анықтауынша, 
Абайдың «Ескендірі» негізгі сюжеті, композициялық 
құрылысы жағынан әзірбайжан халқының ұлы классигі 
Низамидің «Ескендірнамасына» әсіресе жақын келеді. 
Бірақ Абай Низами шығармасының кейбір тарауларында 
ғана баяндалатын оқиғалар желісін алған және оны 
өз тұрғысынан жырлаған. Бүкіл Шығыс әдебиетінде, 
соның ішінде Низами шығармасында да дәріптелетін 
Ескендірдің өз басына Абай қатал шыншылдық көзбен 
қараған. Зерттеуші Абайдың бүкіл Шығыс әдебиетінен 
осы тұста еңсесі биік тұрғанын, өз поэмасында анық нағыз 
гуманистік, адамгершілік нанымдарды бекем ұстанғанын 
салыстыра отырып терең ашады.
Еңбекте арнайы сөз болатын мәселелердің бірі– 
Абайдың аудармалары. Мұнда нақтылы жәйттерге ауысар 
алдында автор екі түрлі нәрсені атап айтады.  Біріншісі– 
Абайдың сол аудармаларға берген бейілі мен бағасы. 
Екіншісі – сол аудармалардың ақынның өз шығармаларына 

291
еткен әсері және Абайдың кейінгі қазақтың барлық 
жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік 
ұстаздық дәстүрі, әсері туралы. Автор осы екі мәселені 
өзара тығыз байланыста алып қарайды. Монографияда 
Абайдың «Евгений Онегиннен» жасаған аудармалары 
әсіресе байыпты талданған. Абайдың Пушкин романынан 
тек Онегин мен Татьянаның арасындағы махаббаттық хал-
құбылыстарды ғана алғаны және соны эпистолярлық роман 
үлгісінде қалыптағаны аян. Қазақ ақынының Пушкиннен 
еркін аударма жасап, оның ізімен тың жайларды жырлап 
кетуінің сыры неде? Зерттеуші осы сұраққа жауап бере 
келіп, екі түрлі себеп болғанын атайды. Мұның ішінде ең 
негізгісі–Абай орыс жастарының сезім-сырларынан, 
тағ 
ды 
ры мен талайынан өзінің жас оқушысына өнеге 
танытарлық тәлім-тәрбие беруді көздеген. Сондықтан да 
ол Онегин бейнесін көп өзгертіп алған. Абай оны айыпты 
адам етіп шығармай, оны тек жұлдызынан жаңылған, 
жазықсыздан жаза басқан жан етіп суреттейді. Оның 
өкінішін үлкен трагедиялық ауыр ойға жеткізіп оған 
рухани азап шеккізеді. Осы арқылы Абай айнымас 
адалдықты, пәктікті мадақтап, үлгі-өнеге етеді. Екіншіден, 
«Евгений Онегинді» аударған кездегі Абайдың аударма 
өнері туралы ой-пікірі, көзқарасы әлі де болса өзгерек, 
басқашарақ еді. Яғни ол «Ескендір» поэмасында ұстанған 
назирагүйлік дәстүрді мына шығармаға да қолданған. 
Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармалары мүлдем жаңа 
шығармашылық сапа танытады. Сондықтан да автор бұл 
аудармаларға арнайы тоқталған. Ол Абайдың Лермонтов 
поэзиясының қолтума сырларын аңдап ұғынудағы және 
соны қазақ оқушысына бар әсем шыншылдығымен 
жеткізіп берудегі шеберлігін, көркемдік ізденістерін 
соншалықты нәзік аңғарымпаздықпен, тапқырлықпен аша 
алған. Бұл тарауда қазіргі аудармашыларға да ой салып, 
толғандыратын көп жәйттер бар. Бұдан кейін автор Абай 
мұрасының өзгеше бір саласын–оның қара сөздерін 
тақырып жағынан топтап, саралап шолып өтеді, бұл 
шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне және олардың 
ақын поэзиясымен байланысына тоқталады.
Қорыта айтқанда, монографияда Абайдың бүкіл 
шығармашылығы, оның тыңнан жарып жол салған 
жаңашылдығы, көркемдік ізденістері, ақындық шеберлігі – 
баршасы да тұтас қамтылып, мейлінше терең сипатталған. 
Бұл ретте ғалым Әуезовтің еңбегін ақын жайында тамаша 
эпопея тудырған жазушы Әуезовтің еңбегімен ғана 

292
салыстырып бағалауға болатын тәрізді. Кітаптағы «Орыс 
классиктері мен Абай», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», 
сондай-ақ орыс тілінде жазылған «Жизнь и творчество 
Абая», «Идейно-культурные искания Абая», «Великий сын 
народа» атты мақалаларға арнайы тоқталмаймыз. Өйткені 
олар–жоғарыда талданған көлемді еңбекті толықтыра 
түсетін немесе сонда айтылған жәйттерді белгілі дәрежеде 
қайталайтын туындылар.
М.Әуезов–ауыз әдебиеті туралы ғылымның да аса 
көрнекті маманы. Ол фольклорлық нұсқаларды зерттеумен 
тіпті жиырмасыншы жылдардан бері үзбей шұғылданып 
келеді. Кітапқа оның осы саладағы бірсыпыра еңбектері, 
мақалалары енген. Солардың бірі–«Ертегілер». Бұл 
еңбегінде автор қазақ ертегілерінің туып қалыптасу 
кезеңдері мен олардың қолтумалық ерекшеліктері 
жайында аса бағалы байсалды пікірлер айтады. Ол қазақ 
ертегілерін бірнеше топқа бөліп, олардың әрқайсысына 
ғылыми терең талдау жасайды, әралуан ертегілердің 
қоғамдық, тарихтық сырын, әлеуметтік мәнін ашады. 
Зерттеушінің аңыз-ертегілерге берген талдауы әсіресе 
қызғылықты, зор шабытпен   жазылған. Еңбектің   бағалы    
қасиеттерінің бірі сол–автор қазақ ертегілерін жеке- 
дара бөліп алып зерттемей, ретті жерінде оларды басқа 
көршілес халықтардың ауыз әдебиетінің үлгілерімен 
салыстыра, байланыстыра отырып тексереді. Осы 
қасиет «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаны жайындағы 
зерттеуден де өте-мөте айқын сезіледі. Мұнда автор әйгілі 
жырдың қазақ арасында сақталған нұсқаларын түгел 
шолумен бірге оның көршілес басқа халықтардың ауыз 
әдебиетіндегі сол тақырыптас шығармалармен ұқсастығын, 
сарындастығын да ашып көрсетеді. Кітапқа енген «Қыз 
Жібек», «Айтыс өлеңдері» тәрізді зерттеулер де қазақ кеңес 
фольклористикасына қосылған кенеулі үлестер болып 
табылады. Рас, алғашқы еңбектері автордың «Қыз Жібек» 
жырының көркемдік ерекшеліктерін, ондағы образдар 
жүйесін жіті де қызғылықты талдай отырып, сол жырдың 
ішіндегі дәуір шындығынан, заман салтынан, ежелгі әдет-
ғұрыптан туған кейбір қосалқы, қосынды сарындарды тым 
қазбалап кететін мезеттері де бар тәрізді.
«Айтыс өлеңдерінде» автор айтыстың қазақ ауыз 
әдебиетінде    алатын   орнын,   оның жанрлық өзге-
ше 
лік 
тері мен ерекшеліктерін ашады. Ол өте көне 
за 
ман 
дарда айтыс жанры көптеген халықтардың 
әдебиетінде болғанын көрсетеді. Бұл ретте ол арабтардың 

293
мұғаллакатыя, Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның 
фильдерін, Терістік Франциядағы труверлерді, Орталық 
Еуропадағы мейстерзингерлер мен Скандинавия елдерін-
дегі скальділерді, орыстардың скоморохтары мен 
ағылшындардың менестрельдерін мысалға келтіреді. 
Зерттеуші қазақ әдебиетіндегі айтыс жанрының туып 
қалыптасуы жайында айта келіп, ол алғаш фольклордағы 
салт өлеңдерінен басталғанын, ақындар айтысы кейін 
бірте-бірте барып шыққанын көрсетеді. Осы орайда ол 
айтыс өлеңдерін, айтыс ақындарының шығармашылығын 
зерттеуге байланысты бірқатар жүйе-жүйе проблемалық 
мәселелерді жинақтап атап өтеді.
Зерттеудің көлемді бір тарауы кеңес ақындарының 
айтысын талдауға арналған. Мұнда ол айтысқа жазба 
әдебиеттің тигізген игі әсерін, оның жанр ретінде жаңғырып 
өскенін, өзгергенін көптеген айтыс ақындарының 
шығармашылығы арқылы нақтылы көрсетеді. «Жамбылдың 
айтыстағы өнері» атты мақала жоғарыда аталған еңбекті 
әдеби фактілермен, дәл деректермен байыта, толықтыра 
түскен. Мұнда автор Жамбылдың Сарыбаспен, 
Досмағамбетпен, Құлмамбетпен айтыстарына талдау жасай 
отырып, оның айтыс ақыны ретіндегі шеберлігін көрсетеді, 
оның айтыстары мен жалпы шығармашылығының 
арасындағы рухтастықты, ортақ байланысты кеңінен 
ашады. Бұл ретте ол Жамбылдың жалпы ақындық өнеріне, 
суырып салып айтқыштық, импровизаторлық шеберлігіне 
байланысты байқаулары мен топшылауларын да қоса 
айтып отырады. Кітаптағы кейбір мақалалар қазіргі қазақ 
әдебиетінің хал-жайына, өсу барысына арналған. Солардың 
бірі– «Мәлік Ғабдуллинге жауап хат».
Мұнда автор М.Ғабдуллиннің хатында қозғалған 
жәйттерге жауап қайтара отырып, қазіргі поэзиямыздың 
талай-талай мәселелерін қоса көтереді, барлап байқаған-
дарын, дос тілекпен айтылған ойларын ортаға салады. 
Оның ерекше маңыз бере сөйлейтін мәселелерінің бірі – 
поэзиядағы ұлттық дәстүр жайы. Ол мұны өте кең мағынада 
алады: «Дәстүр мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу 
де, дами түсіп өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат, көрік-
күй мәселесі–бәрі де түгел кіреді». Осы орайда ол қазіргі 
поэзиямыз өзінің ежелгі дәстүрлерінің ең таңдаулыларын 
бойына мол сіңіргенін, өзінің өткен тарихтық тегінен 
үзіліп, төркінсіз әдебиет болып кетпегенін баса көрсетеді. 
Сонымен бірге автор марксистік-лениндік эстетиканың 
қағидаларына сүйене отырып, ұлттық дәстүр мәңгі-бақи 

294
бір орында сілейіп қатып тұратын қалыпта еместігіне, 
оның ұдайы өсіп, жаңғырып отыруы қажеттігіне де назар 
аударады, бірнеше проблемаларды бас-басына атап береді. 
Олар – өлеңдік түрді байыту, көркейте байыту проблемасы, 
тіл байлығын асыра түсу, поэзиялық лексиканы көркейте, 
өсіре түсу проблемасы және басқалар. Бұл ретте автор 
ақындарымыздың алдына оларды шығармашылық кең 
өріске, суреткерлік ізденістерге меңзейтін талап та қояды: 
«Орыстың классикалық әдебиеті мен кеңес әдебиетінен 
және басқа туысқан достас елдеріміз поэзиясынан елеулі 
үлгі, өрнек ала отырып, қазақ поэзиясын тұрғыдан тұрғыға 
асыра, өсіре беру шарт. Осы ретте мысалы, біз Пушкинді, 
Некрасовты, Маяковскийді немесе бүгінгі Исаковскийді, 
Твардовскийді қазақшаға аударғанның өзінде де сол екі 
сала үлкен мәнді мәселені қатарынан зор табыспен, келісті 
көрікпен баурай білуіміз керек... Пушкинді – Пушкинше, 
Маяковскийді–Маяковскийше ала білсек қана біз 
жоғарыда аталған ұлттық дәстүрді дамыта байытамыз. Түр-
өрнек үлгісін кейін өз өлеңімізге де қанықты, заңды үлгіміз, 
дәстүріміз есебінде мейлінше пайдалана аламыз».
Бұдан әрі автор қазіргі қазақ поэзиясының тілі және 
ондағы образдылық мәселесіне тоқталады, көрнекті 
ақындарымыздың сәтті де тапқыр ізденістерін және 
тая соққан, мүлт кеткен мезеттерін де атап өтеді. Ал 
«Октябрь өркені» атты мақала қазақ әдебиетінің қырық 
жыл ішіндегі дамуын, шығармашылық сапарын шолуға 
арналған. Мұнда автор әдебиетіміздің әрбір жанрының 
туып қалыптасу, кемелдену жайын, ондағы кезеңдік 
кесек-кесек шығармаларды сөз етеді. Кітапқа енген 
зерттеулердің, мақалалардың бірсыпырасын автор орыс 
тілінде жазған. Олар–«Как я работал над романами «Абай» 
и «Путь Абая», «Традиции русского реализма и казахская 
дореволюционная литература», «Киргизский героический 
эпос «Манас» және жоғарыда аталған кейбір мақалалар. 
Алғашқы мақаласында автор өзінің атақты эпопеясын 
қалай жазғанын ортаға салады, өзінің шығармашылық 
лабораториясымен таныстырады, жазушылық өнері мен 
толассыз ізденулерінің әралуан қырын ашып көрсетеді. 
Сондықтан да бұл мақала оқушыларға да, зерттеушілерге де 
көптеген қызғылықты деректер беретіндігі шүбәсыз.
Қазіргі әдебиеттану ғылымымыздағы ең аз зерттеліп, 
тым тапшы тексеріліп жүрген проблемалардың бірі — 
әдеби әсер, дәстүр туралы мәселе. Бұл проблема тіпті 
бүкіл кеңестік әдебиеттану ғылымында да әлі дәйекті 

295
түрде шешілген жоқ. М.Әуезовтің «Орыс реализмінің 
дәстүрлері және қазақ әдебиеті» деген көлемді мақаласы 
осы саладағы елеулі зерттеу болып табылады. Бұл мақала 
«Дружба народов» журналында басылып, кезінде 
А.Фадеев өте жоғары бағалаған болатын. Бұл мақаласында 
М.Әуезов дәстүр туралы проблемалық мәселелерді кең 
тұрғыда көтереді, қазақтың революцияға дейінгі және 
кеңес дәуіріндегі әдебиетінің дамуын орыс әдебиетінің игі 
әсерімен, оның реалистік дәстүрлерімен тығыз байланыста 
алып қарайды және қазақ әдебиетінің төл қасиеттерін, 
ұлттық ерекшеліктерін ашуға ұмтылады.
Орыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірімен, оның 
классик ақын-жазушыларының ғажайып шығармаларымен 
танысу, олардың реалистік дәстүрлерін қабылдау XIX 
ғасырдағы қазақ ойшылдары мен ақындарына не бергенін 
зерттеуші нақтылы материалдар негізінде дәлелдеп 
көрсетеді.
Сол сияқты Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің 
көрнекті өкілдерінің шығармашылығында орыстың 
классикалық, реалистік әдебиетінен үйренудің осы дәстүрі 
қаншалықты көрініс тапқаны да мақалада жете ашылған. 
Мақаланың соңғы бөлімінде қазіргі қазақ кеңес ақындары 
мен жазушылары Горький мен Маяковскийдің дәстүрлерін 
қалай қабылдап, қаншалықты дәрежеде дамытқаны 
туралы мәселе талданады. Автор бұл саладағы қол жеткен 
табыстарды атап көрсетумен бірге бірсыпыра проблемалық 
мәселелерді де міндет ретінде алға тартады.
Қазіргі кеңестік ұлт әдебиеттері орыс кеңес әдебиетінің 
және   бір-бірінің   шығармашылық    тәжірибесін      пайдалану-
мен бірге өздерінің ең таңдаулы, үздік шығармалары арқылы 
бүкіл кеңестік әдебиетімізді молықтырады, өзара бір-біріне 
игілікті әсер етеді. Зерттеуші бұл еңбегінде мәселенің осы 
жағына да назар аударған. Кітаптағы ең негізгі, көлемді 
зерттеулердің бірі – қырғыз халқының батырлық эпосы 
«Манас» жайындағы еңбек. Осы ретте мынадай бір жәйтті 
атай кету ләзім. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, ұлы 
ғалымы Шоқан Уәлиханов «Манастың» үзінділерін тұңғыш 
рет хатқа түсіріп орыс тіліне аударса, содан бір ғасырдай 
уақыт өткен соң қазақтың енді бір ғалымы әрі даңқты 
жазушысы сол «Манас» жайында монографиялық зерттеу 
жазады. Бұл фактінің тек әдеби ғана емес, сонымен бірге 
тарихи да маңызы, тереңде жатқан астары бар. М.Әуезов 
«Манас» эпосымен отызыншы жылдардың алғашқы 
кезінде таныса бастағанда, ол жайындағы зерттеуінің 

296
алғашқы нұсқасын 1935 жылы бітірген, кейін бірнеше рет 
қайталап оралып жөндеген, өңдей түскен. Бірақ газетте 
шыққан кейбір үзінділерін былай қойғанда, бұл еңбек 
бұрын жарияланбаған. Тұтас күйінде осы кітапта тұңғыш 
рет басылып отыр. Зерттеуші ең алдымен эпос және 
оның айтушылары туралы мәселеге тоқталады. Сағымбай, 
Келдібек, Балық, Найманбай және басқа да жыршылар 
жайында, эпостың әралуан нұсқалары және оның халық 
арасына таралуы жайында деректер келтіреді. Бұдан 
кейін автор эпостың мазмұны мен түріне қысқаша талдау 
жасайды да, оның ішінен басты-басты бірнеше желілерді, 
өзекті тақырыптарды бөліп алады. Солардың әрқайсысына, 
мәселен, жорық тақырыбына, ас тақырыбына, кейіпкердің 
үйленуі тақырыбына және басқа да бірнеше қосалқы, 
дербес тақырыптарға арнайы тоқтала отырып, зерттеуші 
эпостағы алуан түрлі сарындарды, діни-қияли элементтерді 
ашады, жырдың әрбір бөліктерінің сюжеттік құрылысына 
жан-жақты талдау береді.
Зерттеудің ең бағалы тарауларының бірі «Манас» 
эпосының туған дәуірін анықтауға байланысты. Автор 
көптеген тарихи деректерге және жырдың өз материал-
дарына сүйене отырып, «Манас» эпосының басқы 
жырлары IX және X ғасырларда, яғни «Ұлы жорық» 
жылдарында немесе соған іле-шала туған болуға керек 
деген қорытындыға келеді. Бұл ретте ол эпиграфиялық 
ескерткіштерді, орхон-енисей жазуларын және басқа 
тарихи-әдеби деректерді негізге алады.
Автор эпос кейіпкерлерінің образдарына да, оның 
сөздік-поэтикалық, көркемдік тәсілдеріне де кеңінен 
тоқталған және Шығыстың кейбір жыр-дастандарының 
«Манасқа» еткен әсеріне де көп назар аударған. Еңбектің 
аяғында зерттеуші «Манас» эпосын кейбір феодалдық 
қосындылардан, жат жамаулардан тазартып, оның 
халықтық нұсқасын жасау туралы тұжырымды пікірлерін 
айтады. Осы орайда 1952 жылы «Манас» эпосын зерттеуге 
байланысты Қырғызстанда өткізілген айтыста М.Әуезовтің 
бұл тамаша мұраның нағыз халықтық негіздерін сақтап 
қалуда ерекше еңбек сіңіргенін де атап айтуға керек. 
Жалпы алғанда, қазақ ғалымының қырғыз эпосы жайында 
зерттеу жазуы және оны бүге-шігесіне дейін байыпты 
талдап, тексеруі — айрықша бағалап, қадыр тұтуға 
татырлық еңбек. Осындай ұлан-ғайыр зерттеудің, үлкен 
кітаптың әлі де болса ойласуды қажет ететін жайлар да жоқ 
емес. Ең алдымен мұнда қазақ кеңес әдебиетіне тікелей 
арналған зерттеу еңбектер соншалықты аз екенін атап 

297
айту керек. Бұған автордың қазіргі әдебиет мәселелерін 
қозғайтын талай-талай еңбектерінің кітапқа кірмей қалуы 
да әсер еткен болар. Мәселен, автордың С.Мұқанов, 
Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев сияқты ақын, жазушылардың 
шығармашылығына арналған шолу зерттеулерін және 
«Кейбір ұлт жазушыларының романдары туралы», 
«Қазақтың әдеби тілі туралы», «Реалистік драма жолында» 
атты мақалаларын кітапқа енгізуге әбден болатын еді және 
әбден қажет те еді. Соңғы мақала әсіресе көңіл аударуға 
тұрарлық. Мұнда автор қазақ кеңес драматургиясының өсу 
жолына, оның жекелеген ірі-ірі шығармаларына байыпты 
шолу береді, байсалды талдау жасайды. Сонымен бірге ол 
реалистік драма жасаудың кейбір принциптік мәселелеріне 
де кеңінен тоқталады, орыстың және дүниежүзінің 
классикалық драматургиясының, сондай-ақ таңдаулы 
кеңес драматургтарының бұл саладағы тәжірибесін 
шығармашылық жолмен игеру жайындағы өзінің ой-
толғаныстарын ортаға салады. Өзгесін былай қойғанда, осы 
мақаланың кітапқа енбей қалғанына тек таңдануға тура 
келеді. Автордың кейде ғылыми зерттеуге көбінесе тән 
болып келетін дәлдікті, тұжырымдылықты бекем ұстанбай, 
тасқындап төгілген шабыттың шылауына еріп, тым көсіле, 
жазыла сілтеп кететін... мезеттері де бар. Бәлкім, бұл оның 
міні емес, жазушы-зерттеуші ретіндегі өнерінің бір қыры 
да болар.
Үлкен кітаптың кейбір тарауларында автор өзін–өзі 
қайталап, қайырыла сөйлеп те кетеді. Бұл бір тақырыптас 
зерттеулерге әсіресе жанасты.
Ақыр аяғында, қай еңбектің қай жылы жазылғанын және 
тұңғыш рет қайда жарияланғанын көрсете отыру керек еді. 
Мұның оқушыға да, зерттеушіге де қажеті барлығы даусыз.
М.Әуезовтің ғылыми еңбектері мен мақалаларының бұл 
жинағы қазақ әдебиеттану ғылымына тамаша үлес болып 
қосылуымен бірге сақа да, жас та зерттеушілер үшін үлгі 
көрерлік, тағлым аларлық үлкен өнеге болып табылады. 
Асса бүкіл дүниежүзінің, қала берді бүкіл ежелгі Шығыс 
пен Батыстың арғы-бергі мәдениетін жете білетін асқан 
білімдар ғалым кең тұрғыдағы әдеби салыстыруларға өте-
мөте оңтайлы, әсіресе майталман.
Әрбір әдеби құбылысқа идеялық тұрғыдан берілер 
бағамен эстетикалық-көркемдік талдауды автор әрдайым 
ауыстырмай, тең ұстайды. Бұл жағынан да ол барша 
зерттеушілерге көп үлгі, өрісті бағыт-бағдар таныта алмақ.
Қорыта айтқанда, бұл кітап М. Әуезовтің аса бай 
творчествосының тағы да бір өнімді өзгеше қырын 
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет