Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет16/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

1960 ж.
ЖЫР  АЛЫБЫ
Есімі барша әлемге аян болған атақты ақынымыз 
Жамбылдың шығармашылығы кеңестік дәуірде қайта 
туған қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналды, 
оның әдебиетіндегі, әсіресе халық поэзиясындағы тұтас бір 
кезеңді құрады. Тамаша шығармаларын қайталап оқыған 
сайын жыр алыбы ұлы қарт өзінің зор ақындық бейнесімен 
көз алдында айқын елестейді де тұрады, қазіргі шадыман 
өміріміз, ғажайып заманымыз, ұлы халқымыз туралы 
небір әсерлі сезімдерге бөлейді. Өз дәуірінің шындығын 
аса көркем образдар арқылы бейнелеген, өзі өмір кешкен 
кезеңнің алдыңғы қатарлы идеяларын білдірген, халықтың 
өмірі мен ой-арманын жырлаған ақындардың шығармалары 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып, халықтың санасы 
мен жүрегінде ұзақ жылдар бойына сақталмақ. Кеңестік 
дәуірдің шабытты жыршысы, халық поэзиясының алыбы 
Жамбыл Жабаев дәл осындай ақындардың қатарына 
жатады. Жолаушы алыстаған сайын өзінің аспанмен 
тілдескен асқарын оған айқынырақ көрсете түсетін заңғар 
Алатау сынды Жамбыл да өзінің ақындық тұлғасын 
уақыт озған сайын биіктете бермек. Жамбылдың есімі 
бүкіл дүниежүзіне өзінің көзі тірісінде-ақ кең таралды
оның ақындық дауысына бүкіл прогресшіл адам баласы 
құлақ тосты, оның тамаша шығармалары дүниежүзінің 
көптеген халықтарының тілдеріне аударылды. Ақын 
даңқының мұншалықты кең жайылуының себебін оның 
шығармашылық тағдырының әншейін бақыттылығынан 
іздеу қате болар еді. Кеңестік заман қайта туғызған Жамбыл 
ақындық өнердің мұндай биігіне осы бақытты заманды 

270
шын жүректен жырлау арқылы, туысқан Коммунистік 
партияның қамқорлығы мен қолдауы арқылы көтерілді.
Кавказға Шота Руставелидің мерейтойына барған 
сапарында Жамбылға шетелдік бір жазушы:
– Жамбыл мырза, сіз жер бетінде құрдастарыңыздың 
аз қалғандығына бақыттысыз ғой! – дегенді айтады. Ақын 
оған былай деп жауап қайырады:
– Сіз қателесесіз, менің бақыттылығым қайта менде 
құрдастардың көптігінде. 172 миллион кеңес азаматтары – 
менің құрдастарым. Олар да, мен де, менің бүкіл Отаным 
да өзіміздің нағыз өмір сүре бастағанымыз Ұлы Октябрь 
революциясынан бері ғана деп білеміз... Мен 70 жыл бойы 
көксеген, халықпен бірге ұмтылған бақыттың, дәулеттің, 
қуаныштың ертегідегідей алқабын таптым. Бұл бақыт 
алқабы дегенім – менің ұлы Кеңес Отаным...
Қандай тамаша сөздер! Өз бақытын жаңа өмірдің таңы 
атқаннан кейін ғана тапқан және осыны заңды түрде мақтан 
ететін адамның жүрек жарды сыры мен көңіл кернеген 
қуаныш сезімі осы бір сөздерде соншалықты әсерлі 
айтылған. Расында да, Жамбыл–асқан бақытты адам. 
Оның тағдыры да–мейлінше қызық және кісі қызығарлық 
та тағдыр.
Жүз жасаған Жамбыл өз халқының ғасырлық шежіресі, 
оның өшпейтін ақындық үні есепті. Жамбыл   қазақтың  өт-
кен ғасырдағы классигі Абаймен замандас болды, Сүйінбай, 
Шөже сияқты атақты ақындарды өз көзімен көріп, солардан 
тағылым алды. Ол жиырмасыншы ғасырдың небір дауылды 
да ұлы кезеңдерін де бастан кешірді. Ол ескі дүние қаусай 
қирап, оның орнына жаңа дүние жасалғандығының куәсы 
ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар осы жаңа өмірдің 
қайнаған ортасында болды.
Жамбыл қазақтың халық поэзиясы мен кеңестік жазба 
поэзиясының арасындағы жанды көпір тәрізді. Халықтың 
ғасырлар бойғы даналығы мен дарындылығының жемісі 
болған оның поэзиясынан мол сусындап, мейірлене 
қанған Жамбыл өзінің шығармашылығында, әсіресе кеңес 
дәуіріндегі шығармаларында сол халық поэзиясының ең 
таңдаулы, игі дәстүрлерін дамытты, жетілдіре түсті. Сөйтіп 
ол бұл дәстүрлерді бүгінгі кеңестік поэзиямызға әкеліп 
ұластырды. Оның шығармашылығының ең бір ерекше, 
бағалы сипаты да осында.
Жамбыл – шын мәнісіндегі халық ақыны. Халықтың 
өмірі мен ой-арманын, сезім-тілегін жырлау–оның шы-
ғар 
ма 
 
ларының негізгі бағыты, идеялық арқауы болып 
келеді. Ақын шығармаларының бұл қасиеті тіпті оның 

271
революцияға дейінгі шығармалары мен толғауларынан, 
айтыстары мен дастандарынан да айқын танылады. «Кедей 
күйі» атты өлеңінде ақын жоқшылық тақсіретін тартқан, 
әділетсіз өмірде өгейлік көрген жарлылардың аянышты 
халін жырлай келіп, былай дейді:
…Қалт-құлт етіп жүрген
Қысы, жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас?
Неткен заман қатыбас?
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?
Бұл өлеңдегі жоқшылық көрген жандарға деген аяныш 
сезімдері мен солардың азапты, мұңды тағдырларына 
ортақтасу сарындары Жамбылдың басқа көптеген 
шығарма ларынан да мол ұшырасады. Ақынның «Жылқы-
шы» атты өлеңі бұған әсіресе анық айғақ болғандай.
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын кезде бір жылы үйді білмей,
Сахарада салақтап күндіз-түні
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздеп Саркемер, сартау құмнан
Табылса деп – жонымыз бір тілінбей.
«Байтал түгіл, бас қайғы» болып жүріп,
Қайтпекші едік төсектен біз түңілмей!
Әрине, бұл өлеңді дымқыл тұман басқан күз бен ызғарлы 
қыс суретін асқан суреткерлікпен айнытпай берген әрі 
соны мал баққан елдің жадау тіршілігімен қабыстыра, 
ұластыра көрсеткен Абайдың табиғат лирикасымен 
салыстырудың, қатар қоюдың орайы келмес. Сөйтсе де, 
осы екі шумақ өлеңге ақынның тұтас өмір суретін сыйғыза 
алған шыншылдығына ден қоймасқа болмайды.
Енді бір өлеңдерінде Жамбыл өз басының күйлерін шер-
теді. Осылардың ішіндегі ең қызғылықтысы –«Шағым». 
Мұнда бала Жамбыл дүмше молдадан көрген қиянатын 
әкесіне шағына жырлайды, татаусыз шын сырын ақтарады:
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп,

272
Көзін жұмып теңселіп,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді.
Айтқаны ішке қонбаған?
Оқымаймын енді одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіме
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама
Болмас енді зорлаған.
Ащы мысқылға, өткір әжуаға толылығына, дүмше 
молданың бар мүскін халін тып-типыл еткен уыттылығына 
қоса бұл өлең жас Жамбылдың ақындық өнерге ерте 
бой ұрып, емірене бас қойғандығын да анық аңғартады. 
Жамбыл өзінің революцияға дейінгі шығармаларында 
халықтың ауыр тұрмысын, мұң-наласын жырлаумен, 
оның қайғы-қасіретіне ортақтасумен ғана тынған жоқ. 
Халыққа деген сүйіспеншілік оны халық мүдделері үшін 
күрескер етті, оның шығармашылығында халықты қанап 
езушілерге деген кекті қарсылық сарынын туғызды. 
Әлеуметтік теңсіздіктердің түп төркінін, мұның себептерін 
Жамбыл ол кездерде айқын да терең түсіне алған жоқ 
және бұлай болуы мүмкін де емес еді. Бірақ ол халықты 
қанаушы атаулының барлығына да мейлінше қарсы болды. 
Қараңғы, надан елді алдаған қожа, молдалар да, халықты 
зар илеткен би-болыстар да, оларды қолдап отырған патша 
әкімшілігінің ұлықтары да ақынның алмастай тілгір сөзіне, 
уытты кекесініне ілікпей қалмады.
Осы ретте оның «Сәт сайланарда» атты өлеңі әсіресе 
назар аударарлық. Өткен ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарында шығарған бұл өлең-эпиграммасында ақын елді 
жегідей жеген сімер болыстың зымияндығын, қорқаулығын 
былайша түйрейді:
Лашын құстай таранып,
Сырты сұлу көрінген.
Неңді медеу саналық
Жел еседі жеріңнен.
Қайымады түмелер,
Қысырады биелер, 
Қыста қырсыз жұт болдың,
Елге жүгіңді үйе бер
Шығынмен де шаршаттың,
Енді қайтіп күй енер?

273
Көргеніміз сол болса,
Неміз қалды сүйенер?
Қазбасам да мен онша,
Елдің өзі-ақ жүйелер.
Мұнда елге жұт болып тиген жебір болысқа жыр 
семсерін аяусыз қадаған, оның қатыгездігін қарама-қарсы 
суреттер арқылы қапысыз танытқан ақынның тура тілді 
батылдығына да, ерен тапқырлығына да таңырқамай, анық 
сүйсінбей қалмайсың.
1913 жылы Алматы қаласында Романовтар патша лығы-
ның үш жүз жылдығына арналған көрмеде Жамбылдың 
патшаны дәріптеп өлең айтудан бас тартуы және 
ұлықтардың алдында құрдай жорғалаған жағымпаздарды 
жермен жексен ете түйреуі – ерекше назар аударуға 
тұрарлық, аса елеулі факт.
Халықтық сарындар Жамбылдың революцияға дейінгі 
толғаулары мен жырларында ғана емес, сонымен қатар 
айтыстарында да өзекті орын алады. Айтыс — Жамбылдың 
ұшан-теңіз шығармашылығының аса мол, мейлінше бай 
саласы. Оның құлан аяң Құлмамбетпен, Сарыбаспен, 
Досмағамбетпен және басқа да көптеген ақындармен 
айтысы сол кездің өзінде-ақ ел арасына кең таралған. 
Жамбыл айтысқан ақындарының барлығын да жеңіп 
отырды. Бұл да кездейсоқ бола қалған жоқ. Жамбылдың 
мұндай жеңімпаздығының сыры оның сарқылмас ақындық 
қуатында, тап басып, тіліп айтатын тапқырлығында, өмір 
өткелдерін мол өтіп, жадына көп нәрсе тоқығандығында 
ғана емес. Басқа шығармаларындағы сияқты, айтыстарында 
да Жамбыл халықтың ой-тілегін білдірді, халықтың атынан 
сөйледі және қарсы айтысқан, байларды мадақтаған 
жарамсақ ақындардың барлығын да тып-типыл ете жеңді. 
Айтыстарында Жамбыл өзін жаңашыл ақын ретінде 
танытты. Өз руының байлары мен билерін дәріптеп, 
солардың буына масыққан Құлмамбетке Жамбыл былай 
дейді:
Адамдықты айт, ерлікті, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарымбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт!
Бұл сөздер – Жамбылдың  революцияға дейінгі ақын-
дық қызметінің программасы есепті. Шындығында да, 
Жам был сол кездегі шығармаларының өзінде-ақ халық 

274
мүддесін, ел бірлігін жырлады, адамгершілік қасиетті, 
ерлікті, батырлықты мадақтады.
Жамбыл шығармашылығының әбден кемеліне келіп, 
оның ақындық қайнарының кемерінен аса төгілген кезі 
біздің кеңестік дәуір.
Социалистік жаңа дәуір тек Жамбылды ғана емес, 
сонымен қатар басқа да көптеген халық жыршыларын 
ақындық өнердің кең өрісіне алып шықты. Олардың 
шығармашылығы ғасырлар бойы тұңғиыққа қамалып, 
тұйыққа тіреліп, кемерінен аса шалқи алмай келген жыр 
мұхиты –халық  даналығының  кеңестік  заманда  кемелдене 
толысқандығының айқын айғағы болып табылады.
«Жамбыл, Тоқтағұл Сатылғанов, Сүлеймен Стальский, 
Гамзат Цадаса, Фекла Беззубова, Марфа Крюкова сияқты 
халық жыршыларының, ақындарының, сказителдерінің 
шығармалары кеңес құрылысы тұсында кеңінен 
таралды»,–деп жазды М.И.Калинин өзінің «Біздің хал-
қы 
 
мыз 
дың моральдық бейнесі туралы» деген тамаша 
кітабында.
Әрі кәрілік әлсіретіп, әрі қатал заман қалжыратқан қарт 
Жамбылдың еңсесін Коммунистік партия, жаңа заман биік 
көтерді, оған дариядай мол ақындық қуат берді. «Менің 
бақытым» атты шығармасында бұл жөнінде ақынның 
өзі былай дейді: «...Өмірімнің жетпіс екінші жылында 
мен бақытты өмірге жеттім. Әлсіреп, азап көргенімде 
Ленин дана қолын созды. Мен шыңыраудан шығып, 
тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар малдарды, 
сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күнді көрдім, таудың 
асыл тасындай таза ауада дем алдым; менің жаным да 
алма ағаштай гүлдеді, көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді 
шаттық кернеді, өлеңдерім көктемгі Іле өзеніндей тасыды; 
мен жасардым. Он сегіз жасар жігіттік шағыма келдім». 
Жаны жасарған ақынның жыры да жігіттік шағына 
қайта оралды. Бұрын туған халқының көкейкесті тілегі мен 
асыл арманын толғаған Жамбыл енді оның азат, бақытты 
өмірін ақындық тың серпінмен қуана, шалқыта жыр етеді.
Елімізде жаңа дүние әкелген жаңалықтар мен ірі-ірі 
оқиғалардың барлығы да қарт ақынның жүрегін тербеп, 
шабытына қозғау салды. Бұл Жамбыл шығармаларының 
тақырыптық қамтуы мейлінше мол әрі терең болуына 
әсер етті. Еліміздегі, тіпті бүкіл дүниежүзіндегі алуан 
түрлі жаңалықтарға әрдайым құлақ түріп, көңіл қойған 
ақын оларға дер кезінде үн қосып отырды. Жамбылдың 
Қытай туралы, Үндістан туралы және басқа да шетелдік 
тақырыптарға арнап шығарған жырлары өте көп. Бұл 

275
жағынан Жамбылды нағыз интернационалист-ақын 
деп атау лайықты. Патриот-ақын өзінің туған халқын, 
Кеңестік Отанын шексіз сүйді және оларға өзінің көптеген 
шығармаларын арнады. Ол бұл екі тақырыпты өзара тығыз 
байланыстыра, терең ұштастыра отырып жырлады. Ақын 
Отанымыздың барған сайын гүлденіп, алға баса беруін 
қалады және өзінің шығармашылығын осы мақсатқа 
қызмет етуге арнады.
Көктей түс. Отанымның шаттық бағы, 
Келші ұшып, сайрай түсші, бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары,–
деп жырлады ақын. Оның Отан туралы жырлары осындай 
патриоттық ойларға, қастерлі сезімдерге толы, мейлінше 
көркем болып келеді.
Жамбыл ақындық өнерді халыққа қызмет етудің өткір 
құралы деп түсінді. Ол өзінің жалынды жырларымен 
үнемі халықты еңбекке, күреске шақырып отырды. Оның 
шығармаларының үгіттік мәні әсіресе күшті болып келетіні 
де осыдан. Шығармашылығының бұл қасиетін ақынның өзі 
де өте орынды аңғартады.
Винтовкасын кезеніп,
Сарбаз шықса соғысқа
Домбырасын безеніп,
Жамбыл барад соғысқа. 
Жаудың мойнын жұлдыра 
Сарбаз шапса қылышын. 
Жау жүрегін сындыра 
Жырдың салам құрышын,–
деп жырлады ақын. Жамбыл бұл сертін бейбіт шақта да, 
ел тағдыры сынға түскен қысылшаң кезде де абыроймен 
орындады.
Жамбылдың бүкілодақтық оқушының алдына шыққан 
кезі отызыншы жылдардың орта шамасы. Ол 1936 жылы 
қазақ әдебиетінің Москвада болған онкүндігіне қатысып, 
Отанымыздың жүрегі–Москваны, қасиетті Кремльді өз 
көзімен көрді. Қарт ақын адам баласының теңдесі жоқ 
данышпаны Лениннің Мавзолейінде болып, мәңгі ұйқыда 
жатқан көсемге тағзым етті. Өзі көзімен көрген осы 
жайларды Жамбыл жырға қосып, емірене толғады.

276
Адамзаттың асылы
Аруағыңды ардақтап,
Көпті көріп көндіккен
Ақшыл тартқан басымды
Алдыңа келіп иемін, –
деп жырлады ақын «Ленин Мавзолейінде» атты толғауында.
Коммунистік партияны, оның кемеңгер көсемі Ленинді 
жырлау–Жамбыл шығармаларының ең негізгі, желілі 
тақырыбы. Жеңіс пен күреске толы тамаша өміріміздің қай 
көрінісін, қай саласын жырласа да, өз жүрегінің түкпірінен 
алынған ең бір жылы ниетке, алғыс сезіміне толы сөздерді 
ең алдымен Коммунистік партияға арнайды.
Бүкіл   халықтың  және өз басының Коммунистік партия-
ға деген махаббаты мен ыстық мейірімін Жамбыл кей 
жырларында тікелей арнаулар арқылы немесе жалпылама 
түрде, бірақ үлкен пафоспен бейнеледі. Ал басқа көптеген 
шығармаларында ол бұл идеясын Ленинді жырлау арқылы 
нақтылы білдірді. Жоғарыда аталған толғауында ақын 
Ленинмен–тірі адаммен сөйлескендей сөйлеседі. Сөйтіп 
осы бір ерекше тәсіл арқылы Жамбыл Лениннің ұлы 
идеялары мен ісі мәңгі жасайтындығын шебер аңғартады. 
Осы толғауындағы идеялары мен ойларын ақын «Ленин» 
атты ұзақ жырында әсіресе тереңдете әрі өрістете түсті. Бұл 
жырында ол Лениннің ұлы тұлғасын бейнелеу үшін халық 
поэзиясындағы небір шұрайлы көркем сөздерді талғап, 
таңдап барып қолданады. Бұл ретте ақынның өз жанынан 
қосқан тамаша теңеулері мен метафоралары да мейлінше 
мол әрі соншалықты бедерлі.
Үнің кетпес құлақтан –
Ағыны күшті, бұлақтан,
Тау суындай тасқыны
Талқандап құзды құлатқан;
Өрлігі кең өрлеген,
Түбі терең мұхиттан,
Ағыны жылдам сынаптан,
Жер жүзіне тараған. 
Аузына әлем қараған
Қара қылды қақ жарып,
Жылағанды жұбатқан;
Солтүстік пен Оңтүстік,
Батыс, Шығыс – әлемде
Балдан тәтті сөзіңнің
Дәмін алған ұнатқан,

277
Үнің мәңгі өшпейтін
Адамзаттың алыбы, 
Батыры сенсің – Ленин!–
деп жырлады ақын. Жырдың әрбір шумағында Лениннің 
бейнесін осылайша сипаттай келіп, ең соңғы сөздерін ақын 
көсемнің өзіне тікелей арнайды. Халық ұғымына түсінікті 
тілде шығарылған әрі халықтың жүрегіндегі асыл ойын 
шебер жеткізіп бере алған мұндай жыр оның көңіліне қона 
кетті. Халық бұл жырды жаттап алды және оны қайталап 
айту арқылы өзінің де ең қастерлі, аяулы ойын білдірді.
Ленинге арнаған шығармаларында ақын кемеңгер 
көсемге және ол негізін құрып, құрыштай шынықтырған 
Коммунистік    партияға   деген  бүкіл  халықтың   сүйіспен-
ші лік, алғыс сезімін терең бейнеледі және сонымен қатар 
өз жүрегінің қуанышты күйлерін де тебірене шертті. Халық 
арасына мейлінше кең тараған «Туған елім», «Әлемді келдім 
аралап», «Халықтар туысқандығы», «Қымбатты сый», 
«Орындалған ант туралы жыр» сияқты жыр-толғауларында 
ақын өткендегі қайғылы, тұл өмірі мен бүгінгі бақытты 
өмірімізді салыстыра келіп, халықтың ғасырлар бойғы 
арманы орындалған кеңестік дәуірдің артықшылығын 
зор ақындық үнмен, асқан қуаныш сезімімен жырлады. 
Адам баласының тарихында осындай жаңа дәуір ашқан 
данышпан көсемнің ұлылығын шын жүректен толғады, 
оның ұлы өсиеттері біздің елімізде жүзеге асырылғанын 
әсерлі де тартымды бейнеледі. Жамбыл кемеңгер көсем 
Ленинмен бірге оның серіктері шәкірттерін де жырға 
қосты. Рас, осы жайда ақынның жаза басқан, жеке адамға 
табынудың зардабына шалдыққан мезеттері де бар. 
Бірақ шынтуайттап келгенде, бұл үшін оны кінәлаудың, 
жазғырудың еш орайы жоқ. Өйткені сол кеселдің 
зардабы тиген тек Жамбыл шығармашылығы ғана емес-
ті. Оның үстіне сондай өлеңдерінде де ақын өзінің Отанға, 
халыққа, туысқан Коммунистік партияға деген ыстық 
ықыласынан, татаусыз сүйіспеншілік сезімдерінен зәредей 
де тая соқпай, патриоттық көңіл-күйлерін риясыз, ашық 
танытқан болатын. Екі дүниенің айғағы мен ақындық үні 
болған Жамбылдың кеңес дәуірінде жасаған, терең мазмұн 
мен көркемдік қуатқа толы ғажайып шығармашылығы –
Коммунистік партияның ұлт саясатының біздің елімізде 
толық  салтанат  құрғандығының тамаша көрінісі. Партия-
ның XVIII съезінде сөйлеген сөзінде жазушы Михаил 
Шолохов осы ойды бейнелі түрде білдіре келіп, былай деді: 

278
«Менің пікірімше, ең үлкен жетістіктеріміздің бірі – біздің 
жекелеген табыстарымыз емес. Ол – Лениндік ұлт саясаты 
салтанатының әдебиетте де гүл атып нұрланған.
Туысқан ұлт республикалары ақындары мен жазушы-
ларының бұрын орыс халқына аз танылып келген 
шығармашылығы  енді бүкілхалықтық творчествоға айнал-
ды. Ұлт жазушыларының соны дауыстары орыс әдебиетінің 
үніне тоғысты, оны молықтырды және интернационалдық 
әдебиет етті. Жамбылдың қарапайым болып келетін ерлік, 
эпикалық жырлары біздің ішімізден кімді таңдандырмады? 
Грузин ақындары өлеңдерінің ғажайып тәттілігі кімді 
әсерлендірмеді? Сүлеймен Стальскийдің әуезді, әсем 
жырларын оқығанда кім толғанбады? Тіпті аудармада 
өзінің алғашқы көркемдігінің біраз бөлегін жоғалтса да, 
бұл жазушылардың сөздері біздің жүректерімізге тура жол 
тапты».
Өзінің өмірін асқан зор шабытпен жырлаған және 
ой-тілегін көркемдікпен жеткізіп бере алған ақынын 
халық мейлінше қадірледі. Қарт Жамбыл бүкіл халықтың 
қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне бөленді. Үкімет пен 
партия Жамбылдың ақындық қызметін, Отан алдындағы 
оның еңбегін аса жоғары бағалап, оны ордендермен 
наградтады, оған Халық ақыны деген құрметті атақ берді. 
1938 жылы мамыр айында бүкіл еліміз Жамбылдың 
ақындық қызметіне жетпіс бес жыл толуын кеңінен атап 
өтті. Советтік дәуірдің ұлы жыршысының бұл даңқты 
мерейтойына бүкіл прогресшіл адам баласы ерекше назар 
аударды. Қарт ақынның атына көптеген шетелдерден 
құттықтау телеграммалар келді.
Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы мәдениет қайрат-
керлерінің ойын білдіре келіп, француздың атақты 
жазушысы, Кеңес Одағының досы Ромэн Роллан былай 
деп жазды: «Батыс Альпаның жүрегінен Қазақстан 
далаларының жүрегіне, өзінің қазақ халқының және жаңа 
адам баласының жыршысы–Жамбылға туысқандық сә-
лем!» Бұл сөздер Жамбылдың бүкіл дүниежүзіне кеңестік 
дәуірдің теңдесі жоқ жыршысы ретінде кең танылғандығын 
айқындай түседі.
Жамбыл шығармашылығының шарықтап өскен бір 
шағы–Ұлы Отан соғысы кезеңі. Зұлым жаудың бейбіт 
елімізге тұтқиылдан жасаған шабуылы басқа кеңес 
адамдары сияқты, Жамбылдың да ыза-кегін өршітті, оның 
қарт жүрегінде намыс отын қаулатты. Ақынның қуат 
пен қайратқа толы кекті дауысы соғыстың ең алғашқы 
күндерінен бастап-ақ құдіретті үнмен естіле бастады.

279
Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме 
Шапты фашист дегенде –
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде! –
деп жар салды ақын. Отан соғысы жылдарында шығарған 
«Өмір мен өлім белдесті», «Ленинградтық өрендерім», 
«Москваға», «Аттан, батыр ұрпағым», «Отан әмірі», 
«Алынбас қамал» сияқты атақты жырларында патриот-
ақын социалистік Отанымыздың жеңілуді білмейтін 
қуаттылығын мадақтады, кеңес адамдарын еліміздің 
азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға шақырды. 
Жамбылдың рухани қуат пен қажырлылық рухына толы 
жалынды жырлары кеңес майдангерлерін жеңіске үндеді, 
олардың бойында отаншылдық сезімін қаулатты. Бұл 
ретте «Ленинградтық өренім» атты  әйгілі толғаудың жолы 
әсіресе бөлек екенін атап айтуға керек. Қарт ақынның 
жүрегін жарып шыққан жалынды сөздер қамауда, құрсауда 
қалған қаланың халқына жігер беріп, оның мұқалмас 
қайратын қайрай түсті. Толғау ақынның Ленин қаласын
оның ғажайып көркін еске алуымен басталады.
Ұлы Ленин дананың
Атындағы қаланың
Бесігінде телі өскен
Балаларым – жараным,
Сәулетім, сәнім, айбарым!
Анасындай даланың
Өзендердің алабын
Байқағанда байыптап
Бейнесін көрем Неваның.
Көпірі осы Неваның
Көзіме түссе көрікті
Бір серпіліп қаламын.
Аңғарсам қала аймағын,
Балтықтың терең жарларын
Қаланы нұрға шомылтып,
Ымыртта жанған шамдарын,
Зәулім-зәулім үйлерге
Алтынды күмбез салғанын –
Қиырдан болжайд жанарым.
Ақынның осылайша Ленин қаласының бейбіт күндегі 
көрікті келбетін жырлауы әншейін емес. Осындай жарқын 

280
сурет ұрланып келіп шапқан опасыз жаудың зымиян 
сиқына, ақынның жаңа ғана құйылып тұрған қуанышты 
сезімі құрсанған ызаға, қасиетті кекке ауысады. Бұл тәсіл 
толғаудың әсер күшінің еселене түсуіне, оның патриоттық 
қуатының   үдеп  артуына ерекше ықпал жа са ды. Жамбылдың 
бұл толғауы Ленинград қаласын қорғаушыларға радио 
арқылы беріліп тұрды, плакат болып шығарылып көше-
көшеге ілініп қойды. Жауды мейлінше жеккөруге үндейтін, 
еңіреген ерлікке жар салатын бұл жалынды жыр басқа 
майдандардағы кеңес жауынгерлерінің де патриоттық 
сезімдерін, ар-намысын өршітіп, оларға рухани қуат-қолдау 
берді.
Сондықтан да кеңес жауынгерлері ұлы ақынға ыстық 
сүйіспеншілігі мен алғыс сезімдерін білдіріп, майдан 
даласынан сансыз хаттар жолдады. Бұл хаттарға ақын 
өзінің патриоттық жыр-толғауларымен әрдайым жауап 
қайтарып, жауынгерлерге өзінің жалынды жыр-сәлемін 
арнап отырды. Оның осы алуандас шығармаларының 
ішінде «Сүйікті Отанымның ұлдарына!» атты толғауы 
ерекше орын алады. Ақынның осы толғауынан және 
майдан кезіндегі басқа да таңдаулы шығармаларынан оның 
ел өмірімен, жеңіс рухымен тыныстағанын айқын көреміз. 
Ақын Алексей Сурков тауып айтқандай: «Қазақстан 
өлкесін соғыс даласынан бөліп жатқан шалғай алыстық 
қарт Жамбылдың шабытты даусының Ленинград пен 
Москваны қорғаушылардың, Кавказ бен Волгоградты 
қорғаушылардың құлағына шалынуына бөгесін бола 
алмады». Жамбыл шығармашылығында соншалықты 
терең жырланған Ленинградты қорғау тақырыбы халықтар 
достығы тақырыбына ұласты және сол кездегі бүкіл кеңес 
поэзиясына ерекше әсер етті. Жамбыл шығармашылығын 
ұзына бойына шолғанда бір ерекшелікті анық байқағандай 
боламыз. Эпикалық сарынмен бірге Жамбылдың ре во-
люцияға дейінгі өлең-жырларында сатиралық, әшкерелеу-
шілік уыт басым еді.
Ал оның кеңес дәуіріндегі поэзиясында лирикалық 
сарын молая түсті. Бұл оның шығармашылық эволюциясын, 
ақындық шеберлігінің шыңдалып толысқанын да қоса 
байқататындай. Өзгесін былай қойғанда, ақынның баласы 
Алғадайға арналған өлеңдер циклынан мұны әсіресе анық 
көреміз. «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның 
әлдиі» атты өлеңдері композициялық тұтастығымен 
бірге тамылжыған терең лиризмімен, шыншылдығымен, 
гуманистік мейірімділігімен ерекшеленеді. Осы орайда 

281
ақынның «Абайдың суретіне» деген өлеңін қайталап 
оқудың артығы жоқ сияқты:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме? –
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Өлеңімен өлмейтін салған нұсқа.
Қол бастар ер, ел сүйген ақын болған
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле кеп қарасаң – көңіл ұғар.
Сол тереңге ешкімді үңілте алмай
Есіл сабаз ызамен өткен шығар?!
Бұл өлең импровизатор-ақынның айтқанынан гөрі 
жазба поэзия өкілінің қалам сілтесіне көбірек орайлас. 
Шындығында да, Жамбылдың лирикасында оның 
жаңашылдығы, жазба поэзияның дәстүрлеріне жедеқабыл 
жақындап келгені анық белгі берді. Оның шығармашылық 
эволюциясының ең басты бір сипаты да осында. Жамбыл 
толғау жырларымен қатар көптеген ұзақ дастандар мен 
эпикалық поэмалар да шығарды. Бұл салада да Жамбыл 
өзін жаңашыл-ақын ретінде көрсетті. «Өтеген батыр», 
«Сұраншы батыр» атты кесек те күрделі дастандарында 
ақын өткенде ел қорғаны болған, халық қамын ойлаған 
батырлардың патриоттық, ерлік қимылдарын суреттейді. 
Бұл шығармаларында Жамбыл өткен өмірден алынған 
тарихи тақырыпты бүгінгі күннің биік тұрғысынан қарап, 
жаңаша жырлайды. Мысалы, «Өтеген батыр» дастанында 
ақын негізгі кейіпкерінің бастан кешірген оқиғаларын 
эпикалық планда баяндай келіп, шығарманың соңғы 
бөлімінде Қазақстанның бүгінгі гүлденген бейнесін 
жырлайды. Бір кезде халықтың Өтеген сияқты батырлары 
аңсап өткен арман енді жүзеге асқанын айтады. Бұл 
бөлімнің дастанның жалпы сюжеттік желісі мен идеялық 
арқауына заңды түрде, тұтаса қабысып тұрғаны соншалық
егер ол болмаса, шығарманың оптимистік зор тынысы 
әлдеқайда әлсіреп кетер еді.
Жамбылдың «Замана ағымы», «Туған елім» сияқты 
қазіргі тақырыпқа арналған шығармалары да эпикалық 
поэма жасаудың жаңа үлгілері болып табылады. 
Шығармашылықтың осындай асқарына көтерілген, жыр 
алыбы болған Жамбылдың кеңестік поэзияға, әсіресе 

282
халық поэзиясына ерекше ықпал жасамауы мүмкін емес еді 
және дәл осылай болды да. Нұрпейіс, Доскей, Саяділ, Қуат, 
Төлеу сияқты өзінің ізін баса шыққан белгілі ақындардың 
толғаулары мен шағын өлеңдерінен де, ұзақ жыр-
дастандарынан да Жамбылдың идеялық және көркемдік 
әсері өте айқын сезіледі. Өз халқының тұтас бір ғасырлық 
өмірінің жанды куәсі болған Жамбылдың ұмытылмас 
жырлары – оның сол туған халқы тарихының ақындық 
шежіресі есепті. Ол қашанда халықпен бірге болды, азалы, 
ауыр күндерде оның қайғысына ортақтасып, қайрат-
жігер берді, кеңестік дәуірде оның бақытқа толы өмірін 
өзінің тамаша шығармалары арқылы талмастан жырлады. 
«Қазақстанның даңқты ақынының теңсіз лиризмге, 
ұмытылмас образдарға толы ғажайып өлеңдерінен кеңес 
халқы өміріміздің жүрек соғысын сезеді, дәуіріміздің алға 
қарай ұмтылысын сезеді, өзінің көңіл-күйлерінің жинақты 
көрінісін, өзінің қастерлі ойлары мен сезімдерінің 
поэтикалық бейнесін көреді»,– деп жазды «Правда» газеті 
Жамбылдың мәңгі ұмытылмас шығармалары жайында. 
Бұл–сүйікті ақынның шығармашылығына берілген бүкіл-
халықтық баға еді.
Қазақ кеңес ақын, жазушыларының ішінде есімі бүкіл 
Одаққа және жер жүзіне ең алғаш әрі мол таралғаны – 
Жамбыл. Оның шығармалары француз, ағылшын, неміс, 
чех, поляк, қытай тілдеріне және басқа да көптеген тілдерге 
аударылды. Сөйтіп ұлы ақынның Алатаудың баурында 
туған жырлары бүкіл әлемді шарлады. Жамбылдың 
шығармаларын шетелдерде оқып қана қоймайды, сонымен 
қатар оның  творчествосы  жайында пікір де айта ды. 
Мысалы, Жамбыл шығармаларының чех тіліндегі аударма-
ларын талдай келіп, «Лидова культура» журналы былай деп 
жазады: «Оның жырлары мазмұны жағынан бай әрі алуан 
түрлі. Бірақ сол жырлардың мазмұнын қайталап баяндап 
беру арқылы ақын шығармашылығының мәнін ұғындыруға 
болмайтыны белгілі. Жамбыл – қазақтың халық поэзиясы 
дәстүрлерінің мұрагері және дамытушысы. Өлеңдерінің 
осы халықтығы – оның шығармашылығындағы ең бағалы 
қасиет... Майдандағы солдаттар ақыннан өзінің жаңа 
жырларын жіберуді неге өтінгенін біз түсінеміз. Яғни сол 
жырлар оларды күресте қолдады, оларға ерлік қуат қосты. 
Ақынды барша жұрттың осылайша тануы оның поэзиясына 
берілген жоғарғы баға болып табылады. Осы жырлар 
бізді көркемдік қасиеттерінің әсемдігімен рухтандырып 
қана қоймайды, одан да артық әсер береді. Олар бізді 

283
жаңа ойлармен және сезімдермен молықтырады». 
Қытай профессоры Цао Цзин-хуа өзінің «Кеңес 
әдебиеті Қытайда» деген мақаласында кеңестің аса ірі 
ақындарының, оның ішінде Жамбылдың да шығармалары 
қытай оқушыларына кеңінен мәлім екендігі және оның 
сол шығармаларды мейлінше сүйіп оқитындығы жайында 
айтады. Бұл айтылғандар Жамбыл шығармашылығының 
интернационалдық сипатын айқындай түседі. Жамбыл 
өзінің өшпес, ескірмес шығармаларында халықтың өмірі 
мен ой-тілегін кеңінен бейнеледі және сол үшін де бүкіл 
халықтың құрметіне, мол мейіріміне бөленді. Ақынның 
жырлары да, оған деген халықтың осы сүйіспеншілігі де 
әрқашан әлсіремей, балғын күйінде қала бермек.

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал