Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет14/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
көрінісі болумен қатар, оның артта қалған колхоздар үшін 
өнеге аларлық үлгі болуы да даусыз. Міне, «Миллионер» 
повесінің идеялық құндылығы, әсер етушілік қуаты осында. 
Бұл шығарма адамдарымызды өткенге қарайлай бермей, 
алға көз тігуге, ілгері ұмтылуға шақырады.
Повесте өздерінің алуан түрлі характерлерімен, іс-
әрекетімен дараланып, жіктеліп көрінетін көптеген 
кейіпкерлер бар. Солардың ішінде ерекше көрінетіні – 
Жомарт.
Шығармада көтерілген негізгі идея, яғни колхозды 
дамудың жаңа сатысына шығару туралы басты идея осы 
Жомарт образы арқылы бейнеленген. Жомарт – халық 
игілігіне қажет жаңа ойларды жалаң ұсынушы ғана 
емес, сонымен  қатар  сол мақсаттарды іске асырушы, 
орын даушы, яғни Жомарт – әрі жүйрік қиял мен алыс 
арманның, әрі қажырлы еңбектің, іс-әрекеттің адамы. Ол– 
қиялшыл да, күрескер де. Жомарт образының ерекше бір 
сипаты осында.

223
Жомарт колхозшылардың қалың көпшілігінің еңбек 
майданындағы белсенділігін, жасампаздық қуатын жо-
ға 
ры бағалайды. Сондықтан да ол өз жоспарының 
орындалатындығына шүбәсіз сенеді. Міне, оптимистік осы 
сенім Жомартқа жігер береді. Ол колхозды ауыл өміріндегі 
әрбір құбылысқа, әрбір жаңа нышандарға салмақты да 
байыпты  көзқараспен барлай қарайды және солардан 
тиісті қорытынды жасап отырады.
Әрине, Жақып сияқты Жомарт та колхозшыларға, 
олардың еңбегіне сүйенеді. Бірақ ол сол еңбекті орнымен, 
ұтымды жұмсауды, сөйтіп еңбек өнімділігін арттыруды 
мақсат етеді. «Бәрінің бабы бар,– дейді Жомарт,– бабын 
таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана 
сияқты. Ие береді, ие береді. «Қалауын тапса, қар жанады» 
деген мақал–үлкен философия. Дүние кірпіші бір қалып-
тан шыққан жоқ. Оның қиюын табу–адам алдында 
әрдайым соны міндет. Көргеннен, білгеннен аспау, барды 
қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі. Жомарттың 
тынбай алға ұмтылатын талабы мен еңбек сүйгіштігі оның 
осы бір сөздерінен айқын аңғарылатындай.
Жомартта нағыз коммунистке тән принциптілік, 
тұрақтылық, көздеген мақсатқа жету жолында табанды 
болу сияқты қасиеттер мол. Өзі ұсынған жоспардың 
дұрыстығына  және оның орындалатындығына қалтқысыз 
да саналы түрде сенген Жомарт сол жоспарын ақырына 
дейін қорғап, қабылдаттырады. Ал осы жоспарын жүзеге 
асыру үстінде ол көпшілікке шебер басшылық істейді, 
сөйтіп өзін білгір ұйымдастырушы ретінде танытады. 
Повесте Жомарт белсенді іс-әрекеттерімен ғана емес, 
сонымен қатар бай жан дүниесімен де көрінеді. Жазушы 
оның кейде қызба, албырт, кейде байыпты мінезін, 
әрдайым алға көз салып армандап жүретін ойшылдығын 
әсерлі суреттейді. Өз еңбегінің жемісті нәтижелерін 
көріп қуанған шақтардағы Жомарттың көңіл күйлері, жан 
толқындары повесте әсіресе тартымды бейнеленген.
Жомарт образы арқылы жазушы председательдің 
жаңа типін, яғни әрі теориялық мол білімі бар, әрі сол 
білімін тәжірибемен ұштастыра алатын, шаруашылыққа 
басшылық етуге шығармашылық түрде қарайтын 
басқарушының бейнесін ұсынды. Уақыт жазушының батыл 
көтерген бұл идеясының дұрыстығын көрсетті. Повестегі 
тартымды образдардың бірі – Жанат. Бұл образ арқылы 
жазушы кеңестің алдыңғы қатарлы жас қызының әсерлі 
бейнесін жасай алған. Жанат – жоғары дәрежелі білімі 

224
бар маман. Ол өзінің туған ауылындағы мектепте мұғалім 
болып істейді. Бірақ Жанат осы мамандығына байланысты 
қызметпен ғана шектеліп қалмайды. Оны туған колхозының 
бүкіл өмірі, бүгінгісі мен жарқын болашағы – барлығы да 
қызықтырады. Білімді, парасатты Жанат – тек балалардың 
ғана емес, үлкендердің де ұстазы сияқты. Өз жоспарын 
көлденең тартып, Жомартқа қарсы шыққан әкесі Жақыпқа 
Жанат былай дейді: «Көнсеңіз де, көнбесеңіз де абырой 
алмассыз. Жомарт жоспары–шытырманы көп, оқусыз 
адамды шатастыратын жоспар. Көнсеңіз, шатасасыз. 
Көнбесеңіз, айып арқалап жалғыз қаласыз. Меніңше, осы 
абыройлы күнде басқа жұмысқа ауысқан жөн болар».
Бұл сөздерді Жанат тек әкесінің қамын, соның бас 
амандығын ойлағандықтан ғана айтып отырған жоқ. 
Сонымен қатар бұл бүкіл колхоз өмірін және оны жарқын 
болашаққа апаруды көздеген Жомарт жасаған үлкен 
жоспардың тағдырын толғана ойлаудан туған сөздер.
Жанат шындықты жақтайды, көпшілік мүддесін 
барлығынан да жоғары қояды. Жомарт жоспарымен 
танысып, оның тереңіне үңілген және одан болашақтың 
ақиқат тамаша көріністерін таныған Жанат өз әкесінің 
қателескенін біледі. Сондықтан да ол әкем ренжір деп 
солқылдақтық жасамайды. Сөйтіп, Жомарттың жоспарын 
қуаттайды. Жанат бұл жоспардың қабылдануында ғана 
емес, сонымен қатар  оның орындалуында да Жомартқа 
көп жәрдем көрсетеді.
Жанат – ойлы, парасатты жас. Ол үлкеннің де, кішінің 
де жан дүниесіне үңілуге, әркіммен лайықты тіл тауып 
сөйлесуге ұмтылады. Повесте Жанат тек іс-әрекетімен, 
ұйымдастырушылық қабілеттерімен ғана емес, мөлдір жан 
дүниесімен, терең сезімдерімен де жарқырап көрінеді.
Жазушының Жанат образын жасаудағы осындай 
табысты жақтарымен бірге елеулі бір кемшілігі де бар. 
Яғни ол Жанатты өзінің негізгі мамандығы – мұғалімдікке 
байланысты өте сараң көрсетеді. Бірер эпизодта ғана 
суреттелетін оқиғаларды айтпағанда, Жанаттың тіпті 
мектеп өміріне ешқандай қатынасы жоқ сияқты. Міне, осы 
кемшілік, негізінен алғанда, тәуір де тартымды жасалған 
Жанат образының толыққандылығын едәуір әлсіретеді.
Повестегі шынайы жасалған образдардың бірі–Жа-
қып.  Ол өз өмірінің он бес жылын «Аманкелді» кол хо-
зын басқаруға жұмсаған. Өзінің осы сүйікті қызметіне 
адал берілген, еңбексүйгіш, тәжірибесі мол Жақып – 
колхоздың шаруашылығын дамытып, мәдениетін көтеруде 

225
көрнекті істер жасаған адам. «Аманкелдідегі» бір кездегі 
отыз үй – жүз елуге, отыз бас мал – он мыңға, отыз 
гектар егістік – мың жарымға жеткен. Міне, колхозды 
ауылдағы осы өзгерістердің барлығы – Жақып басшылық 
еткен жылдардың жемістері. Жақып дәулеті молайып, 
шаруашылығы өскен осы ауылды шын жүректен жақсы 
көреді. «Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер 
төбеден ауып кеткен. Тымырсық аяздағы тымық әуені 
сіміре, Жақып күндегі әдетімен колхоз ауылын аралап 
келеді. Шықырлаған өз аяғынан өзге тырп еткен дыбыс жоқ. 
Аппақ, кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр.Ақ бесікте 
құндақтаулы бала сияқты. Жақып байыппен қарап келеді. 
Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік маңында күйбеңдеген ана 
сияқты. Қай үйдің жанынан өтсе, сол үйдің тарихы есіне 
түседі. Қай ағашқа көзі түссе, сол ағаштың шыбық кезі 
елестейді...»
Жақыптың түйсінулері арқылы берілген осы бір сурет-
терден өз еңбегінің жемісті нәтижелерін көріп қуанған 
адамның ой-сезімдері айқын аңғарылады. Осындай  жақсы 
нәтижелерге жеткен әрі көпшіліктің қадір-құрметіне 
бөленген Жақыптың бойында үлкен кемшілік те бар. Оған 
өзінің көз алдында, өз басшылығымен жасалып өсіп-өнген 
дүниенің түймедейі – түйедей, ескісі жаңадай болып 
көрінеді. Колхозды ауылдағы өзгерістер мен жаңалықтарға 
шын жүректен қуана жүрсе де, Жақып оның бұдан да 
жарқын болашағына үңілмеген және соған жеткізетін 
күштер мен мүмкіндіктерді көре алмай қалған. Сөйтіп, оның 
өз колхозының табыстарына ден қойған көңіл ырзалығы 
тоқмейілдікке, тіпті кертартпалыққа айналған. Жақыптың 
бойындағы ең негізгі кемшілік осында, яғни оның болашаққа 
көз тікпей, өткенге қарайлай беруінде, алға  ұмтылмай,  
қолда барға ғана қанағат  етуінде.  Жақып– адал адам. Ол 
шындықты ұнатады, тура айтқанды жаратады. Ол Жомартқа 
қарсы шыққанда оның жеке басын ұнатпағандықтан, жек 
көргендіктен қарсыласпайды. Жомарт сенің орныңды 
тартып алғысы келіп жүр деп жел бергендерге ол былай 
дейді: «Менікі – шен таласы емес. Егер жұрттың көздегені 
председательдік болса, мен күзетші-ақ бола салам. Бірақ 
талас басқада... Колхоз тізгінін сыналмаған сенімсіз ойға 
билету... қиын. Іш осыған ашиды. Біткен іске сыншы көп
піскен асқа жеуші көп. Сыншының бәрі бірдей мінші ме? 
Жеудің бәрі бірдей енші ме? Қабылдай беруге болмайды. 
Қабылдамасаң, тартысады. «Тартысуға қайрат жете ме, бас 
сауғаға ар жете ме дегенім – мансап қамы емес, жарғақ 

226
құлақ жастыққа тимей, жалындаған еңбекпен жасаған 
осынау жаңа дүние, жаңа ауылдың қамы...»
Жақыптың Жомартқа қарсы шығуының себептері де 
және оның бұл ретте қателесіп, жаза басқандығы да осы 
бір сөздерден анық танылады. Жақып Жомарттай жалын 
атқан жасқа және сол Жомарттың іс-әрекеті арқылы 
бейнеленетін озық ой мен ілгерішіл мақсатқа сенбейді. 
Сөйтіп, болашаққа ұмтылмай, кейін тартатын, колхоз 
шаруашылығын онан әрі дамытуға оралғы бола бастаған 
Жақып жеңіліс табады. Озат ой, өршіл идея өз дегенін 
істейді.
Әрине, Жақыптың  мұндай  жаза басып, мүлт кетуші-
лікке ұшырауының себебі оның жаулық, қастандық 
ниетіне байланысты емес. Онда мұндай жат қасиет атымен 
жоқ та. Қайта, ол колхоз шаруашылығын өркендетуге, 
көпшілік мүддесі үшін қызмет етуге қалтқысыз берілген. 
Бірақ ол көз алдындағыдан басқаны көрмей, шау тартып 
қалған адам. Оның жеңіліс табуының басты себебі 
осында. Бұл қателіктерін түзеуге Жақыпты өмірдің, 
колхоз тіршілігі шындығының  өзі бастайды. Кейін ол 
колхоз председателінің орынбасары болады. Осылайша, 
өмірден өзіне лайықты орын тапқан Жақып еңбек 
қызығына қайтадан беріледі. Сөйтіп, жазушы Жақып 
образын орта жолда қалдырып қоймайды. Қайта ол бұл 
образдың ішкі қайшылықтарын шынайы түрде ашып, оны 
көп қиындықтар мен кедергілерді жеңу үстінде, жаңару 
үстінде нанымды суреттейді. Повесте суреттелетін басқа 
кейіпкерлердің ішінде арнайы тоқталуды қажет ететіні – 
Ахмет. Шығармада көтерілетін басты, негізгі мәселелердің 
бірі осы Ахмет образына байланысты. Жалпы алғанда, 
Ахмет образы – әдебиетіміздегі жаңа, тың образдардың 
бірі. Жекеменшіктегі дәулет пен қоғамдық дәулеттің 
бір-бірімен ұласып, қосылып кетуі сияқты аса маңызды 
мәселені автор осы Ахмет образы арқылы шешпек болған. 
Кезінде «Миллионер» повесіне баға бергенде әдебиетшілер 
арасындағы алуан түрлі, даулы пікірлер, әсіресе, Ахмет 
образының төңірегінде өрістеді. Әрине, бұл заңды да еді.
Кейбір сыншылар Ахмет образы – уақыт алға тартқан 
мәселелерге жауап беретін, автордың болашаққа көз жібере 
білуінің нәтижесінде туған бағалы образ деген пікірлер 
айтты. Ал бірсыпыра әдебиетшілер Ахмет образы– өмір 
шындығынан алынбаған, ойдан шығарылған образ деп 
танып, жазушының бұл мәселе жайында ұстаған бағытын 
сынады. 

227
Расында да, Ахмет образы – күрделі де, қызғылықты да 
образ. Жазушы  Ахмет образы арқылы аса маңызды мәселені   
қозғауды, бүгінгі күннің шындығы мен болашақтың роман-
тикасын ұштастыруды мақсат еткен. Әрине, бұл – аса 
бағалы қасиет. Жазушының бұл бастамасы, игі талабы 
құпталуға да, қуатталуға да тұрарлық. Бірақ гәп тек белгілі 
бір мәселені тыңнан әрі батыл көтеруде ғана емес, соны 
дұрыс та көркем шешуде. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, 
автор Ахмет образы арқылы көтерген маңызды мәселесін 
жеткілікті дәрежеде шынайы, көркем шеше алмаған.
Жазушы Ахметті мейлінше бай, ауқатты тұратын 
колхозшы ретінде суреттейді. Ол колхоздың ұстасы болып 
істейді. Өз жұмысына тыңғылықты да маман Ахмет сол 
еңбегінің арқасында шоласыз, ештеңеге мұқтаж емес 
дәрежеге жеткен. Тіпті оның байлығы, мол дәулеті енді 
аяққа оралғы бола бастаған. Сондықтан да ол жеке- 
меншігіндегі малдары мен байлығын колхоздың қоғамдық 
дәулетіне қосып жіберуді, сөйтіп қажет кезінде керегіне 
қарай содан алып жұмсап отыруды тілейді. «Сен... ештеңе 
білмейсің,– дейді ол зайыбы Злихаға,-Мен дүниенің өзін 
өзіне жұмсап, рахатын көрмекпін. Сен дүние жұмсап, 
бейнетін көріп отырсың. Дүниені тапқанша – бейнетің 
дұрыс. Ал тапқан соң не бейнет? Тапқан үстіне таба бер. 
Тапқаныңның тек қызығын көр. Әйтпесе, неме керек бұл 
шіркін!» Міне, Ахметтің «философиясы» осындай. Ол 
осы пікірінен қайтпайды. Ақыр аяғында Ахметтің тілегі 
орындалып, оның жекеменшігіндегі малдары колхоз 
фермасына алынады. Ал Ахмет сүт, қымыз, тағы басқа 
қажет нәрселерді осы фермадан алып тұратын болады. 
Бұл ретте жазушы мынадай жағдайларды ескермеген. 
Колхоздың қоғамдық дәулеті әбден кемеліне жетіп 
дамығанда, ол колхозшылардың барлық қажеттері мен 
мұқтаждығын толық өтей алатын дәрежеге жеткен кезде 
ғана колхозшылардың жекеменшігіндегі байлығының, 
малдарының қажеттілігі болмай қалады. Ал мұндай 
дәрежеге көтерілгенге дейін колхозшылардың жеке– 
меншігінде қажеттілігіне қарай малы, байлығы болуы 
керек. Ал Ахмет жоғарыда айтылған әрекеттерін жасап 
жүрген кезде ол еңбек ететін «Аманкелді» колхозында 
мұндай қажетті жағдайлар жоқ. Сондықтан да Ахметтің іс-
әрекеті ақталмаған. Өзінің малдарын колхоз фермаларында 
бақтыру арқылы, түптеп келгенде, Ахмет, мұны өзі де 
байқамай, колхозға масыл болуға айналған. Шындығында, 
жекеменшігінде малдары болуы Ахметтің өзі үшін де 
пайдалы. Үйіне қонақ келіп қалғанда ол құрдасы Мәметтің 

228
қойын алып сояды. Сөйтіп, тұрмыс қажеттігі мен Ахметтің 
тілектері бір-біріне қайшы келіп жатады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы да өзінің іс-
әрекеттері, түсініктері жағынан Ахмет уақыттан, өзін 
қоршаған ақиқат жағдайлардан жеке-дара бөлініп алынған 
образ екенін көрсетеді. Ахмет образы арқылы көтерген аса 
маңызды мәселесін жазушы шынайы дәрежеде, көркем де 
нанымды етіп шеше алмаған. Ахметтің сол әрекеттеріне 
байланысты оқиғалар повестің жалпы сюжеттік желісіне 
тұтаса, қабыса еніп тұрған да жоқ. Повесте бұлардан 
басқа да біраз кемшіліктер бар. Егер повестің алғашқы екі 
бөлімінде шығарманың негізгі арқауын құрайтын тартыс 
оқиғалар өрбуі арқылы, адам тағдырының қақтығысы 
арқылы бейнеленсе, ал повестің үшінші бөліміндегі тартыс 
желісі жөнінде мұны айтуға болмайды. Яғни повестің 
соңғы бөлімінде өткір тартыс жоқ. Сондай-ақ осы бөлімде 
жазушы колхозды ауылда болып жатқан оқиғаларды 
кеңінен суреттемеген, қайта сол оқиғалар мен істердің 
нәтижесін ғана баяндауға көбірек бой ұрған. Осы кемшілік 
повестің көркемдік тұтастығына, әсер етушілік қуатына 
біраз нұқсан келтірген.
Жазушы романтикаға барамын деп отырып кейбір 
реттерде өмір шындығынан алыстап кетеді. Мысалы, 
Алманың Москваға барып, өзі шығарған «Күншуақ» күйін 
Үлкен театрдың сахнасында орындауы, тағы басқалар – 
повесте жеткілікті көркемдік мотивировкасы берілмеген, 
тым әсіреқызыл оқиғалар. Қайта, жазушы бақытсыздыққа 
ұшыраса да мойымаған, кеңес адамдарының арасында 
болғандықтан жалғыздық көріп, қасірет шекпеген осы 
кейіпкерінің жан қуатын, артықшылығын мұндай көріну 
әсірелеусіз-ақ, шынайы оқиғалар арқылы нанымды 
суреттеуі керек еді.
Жомарт, Жанат, Алма үшеуінің арасындағы драма да 
өрістей түсіп, саябырлап тынып қалған. Осы драманы өткір 
де шынайы суреттеу арқылы жазушы кейіпкерлерінің 
гуманистік қасиеттерін мол да терең ашуға мүмкіндік 
алған болар еді. Бірақ өкінішке қарай, ол осы мүмкіншілікті 
жеткілікті пайдаланбаған. «Миллионер» повесі жазушының 
шығармашылық іздену, шеберлігін жетілдіру жолында 
екенін көрсетті. Повесте суреттелген кейіпкерлердің 
көпшілігі өздерінің іс-әрекеттерімен, характерлерімен 
дараланып берілген. Повестің тілі де көркем, бейнелі. 
Жазушы  бұл  шығармасында да халықтың мақал-мәтелде-
рін, шешендік сөз нақыштарын мол әрі орнымен қолданған. 

229
Сонымен қатар жазушының өз тілінде де мақал-мәтелдерге, 
нақылға айналып кетерлік сөз орамдары жиі ұшырасып 
отырады. «Правда» газеті өзінің 1949 жылғы 17-маусымдағы 
санында басылған «Жаңалықты сезіну» атты мақаласында 
Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесін талдай келіп,  бұл–  
«белсенді колхозшылардың батыл бастамалары мен 
қажымас күрестерін жырлайтын, жаңалықтың сезімін 
бойына сіңіре алған шығарма» деп жазды. «Миллионер» 
повесінің құндылығы мен маңыздылығы осы бір сөздерде 
айқын айтылған.
                                                       
                                                     * * *
«Қарағанды» романы – Ғ.Мұстафиннің ең көлемді, 
әрі күрделі шығармасы. Жазушының ұзақ уақыт бойғы 
еңбегінің, шығармашылық ізденулерінің жемісі ретінде 
туған бұл роман 1952 жылы жеке кітап болып басылып 
шықты. «Қарағанды» орыс тіліне және сол арқылы басқа да 
көптеген халықтардың тілдеріне аударылды. «Қарағанды» 
романы оның авторының өзіне бұрыннан да таныс 
тақырыпқа, яғни социалистік Қарағандының жасалып, 
өркендеуі және ондағы жұмысшы табының қалыптасып 
дамуы тақырыбына арналған. Жазушының отызыншы 
жылдардың аяқ кезінде туған «Өмір не өлім» атты 
романы да осы тақырыпқа арналып жазылғаны белгілі. 
Өзін көптен бері толғандырып жүрген бұл тақырыпқа 
қайта оралуы Ғ.Мұстафиннің әдебиетіміздегі осы игі 
тақырыпты сүйетіндігін, онымен қабысып кеткендігін ғана 
көрсетіп қоймайды, сонымен бірге оның шығармашылық 
талғампаздығын да айқын танытады. Расында да, «Өмір 
не өлім» көптеген сәтті, табысты жақтарына қарамастан, 
өзі арналып жазылған үлкен де жауапты тақырыпқа шын 
мәнісіндегі лайық, татымды шығарма болып шықпаған-
ды. Ал «Қарағанды» романында жазушы өзіне бұрыннан 
таныс сол материалдарды жете зерттеп, сұрыптап, оларды 
көркемдік шындық дәрежесіне көтерген, сөйтіп кеңестік 
Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығы Қарағанды туралы 
кесек те шынайы шығарма жасай алған.
Романда суреттелетін оқиғалар отызыншы жылдардың 
бас кезінен бастап қырқыншы жылдарға дейінгі кезеңді 
қамтиды. Бұл–бүкіл елімізде, сондай-ақ кеңестік Қазақ-
стан 
да ауыр индустрияның қарыштап дамыған шағы, 
даңқты бесжылдықтар кезеңі.
Жазушы еліміздің өміріндегі осы аса бір елеулі кезеңнің 
типтік оқиғалары мен тартыстарын дұрыс таңдап, сұрыптап 

230
ала білген және соларды қажетті, лайықты көркемдік 
түрге бөлеп бере алған. Сондықтан да біз романды оқып 
отырғанда адамдарымыздың жанқиярлық еңбегіне, 
жасампаздық қуатына толы сол бір жылдардың тамаша 
шындығын көреміз, уақыт лебін аңдағандай боламыз.
«Қарағанды» – көп планды, кең тынысты роман. Онда 
өзара тығыз байланысып, туындап өрбіп жататын мол 
оқиғалар, қат-қабатымен алынған алуан түрлі құбылыстар 
бар. Жазушы осылайша оқиғалар күрделілігіне, тартыс 
өткірлігіне ұмтылу арқылы сол өзі суреттеп отырған 
кезеңнің шындығын терең де мол ашады, өмір көріністерін 
кеңінен бейнелейді.
Қарағандының ауыр азапқа, жоқшылыққа толы ес-
кі өмірінің сұрқай суреттері, құлазып жатқан далаға 
кеңес адамдарының жан беруі, Коммунистік партияның 
кемеңгер басшылығы мен халықтың қайрат-жігерінің 
арқасында ескі Қарағандының орнына социалистік жаңа 
өнеркәсіп алыбының салынуы, осы жолда кездескен зор 
қиыншылықтар мен тосқауылдар, жасырынған жаулар 
мен ұлтшылдардың қастандық әрекеттері, олардың 
тамырларына балта шабылуы, қазақ кеңес жұмысшы 
табының қалыптасып дамуы–міне «Қарағанды» романын-
да осылай алуан түрлі тақырыптар мен оқиғалар өзара 
тұтастықта алынып, шынайы да көркем суреттелген.
Әрине, жазушы осындай мол, кесек оқиғаларды 
құр тізбектей бермей, қайта соларды образды түрде 
бейнелей отырып, олардың әлеуметтік мәнін ашады. 
«Қарағанды» романының құндылығы оның осы әлеуметтік 
тынысының кеңдігінде, онда суреттелген оқиғалардың 
типтік жағдайларда алынуында, шығарма желісіне өзек 
болған тартыстардың өткірлігі мен өмірлілігінде. Жазушы 
романның ең алғашқы тарауларынан бастап-ақ жарқын 
суреттеулерге  және  мағына  тереңдігіне,  тұжырым ды-
лық қа ұмтылады. Бір ғана мысал келтірелік. Роман былай 
басталады:
«Жан-жағынан темір арқандармен тартып тастаған 
түпсіз  темір  труба  биік  дөңнің  бетінде  тұр. Оны 
төңіректей, ертеде салынған бес-алты тас барақ тым аласа, 
қайсыбірі жарылып қалуға бейімделген, сыртынан тіреп 
қойыпты. Бірақ маңы жота-жота көмір күлдері, жел лүп 
етсе, қара боран тұрады. Бірақ жер әлі қызбаған, дымқыл, 
көктем жаңа басталды. Шаң-тозаң жоқ. Жалаңаш, байтақ 
жонның бетінде, беттегі меңдей боп қарауытқан осы 
Қарағандыға көктеммен бірге бір көш еніп келеді».

231
Міне, романның  дәл  осылайша  басталуында көп мән 
бар. Ең алдымен, сараң да тұжырымды, бірақ шебер берілген 
осы бір суреттерден кеңес адамдарының жасампаздық 
еңбегімен өзгергенге дейінгі ескі Қарағандының жалаңаш 
та жүдеу көріністерін танимыз, жаңа өнеркәсіп алыбын 
жасау жолында олар қандай қиыншылықтарға тап болғанын 
білеміз. Ал қарағандылықтар осындай адам айтқысыз 
қиындықтарды тек Коммунистік партияның көреген 
басшылығы,  орыс халқының ағалық, адал жәрдемі арқылы 
ғана жеңе алды. Жоғарыда көрсетілген «Қарағандыға 
көктеммен бірге еніп келе жатқан көш» – орыс халқының 
осы қарағандылықтарға жәрдемдесуге келген өкілдері еді.
Сөйтіп, жазушы романда қозғалатын негізгі тақырып-
тарға, яғни жаңа, социалистік Қарағандының жасалуы 
және бұл зор істегі орыс халқының қамқорлығы мен көмегі 
туралы тақырыптарға оқушы назарын салған жерден-
ақ аударады. Өзара тығыз байланыста алынған осы екі 
тақырып романның бүкіл өн бойына барған сайын өрістеп, 
тереңдей түсіп отырады. Шетелдік концессионерлер 
мен капиталистерден «мұраға» қалған нәрселер – қирап 
қалған бірен-саран шахталар мен бұзылған жер барақтар 
және жұмысшылардың көкірегінде ұялаған ескі өмірдің 
жантүршігерлік елестері ғана еді. Донбастықтарды 
Қарағандыға бастап келген, болашақ трест бастығы 
Щербаковқа қазақтың бір кемпірі өз мұңын шағып былай 
дейді: «...Әкемнің қабірі, көкірек ауруынан кетті. Мынау 
күйеуімдікі, шахтада өлді. Мынау–баламның қабірі, 
жанып тұрған от еді! Ағылшындармен жанжалдасты. 
Ағылшындарға урядник Кудря болысты. Кудрямен 
төбелесте қылыштан қаза тапты. Бұл жатқандардың көбі 
азап, шермен өткендер... Жалғыз немерем, аты Әкім, 
жетім бала. Әуелі құдайға, сонан соң саған тапсырдым, 
шырағым. Адам қыл». Қарт ананың аузынан айтылған 
осы бір сөздерде бүкіл халықтың өткен өмірден қалған 
ауыр, аянышты ойлары мен болашаққа артқан аяулы үміті 
бар. Осы моладай жансыз, безерген даланы еңбек күйі 
кернейді. Болашақ өндіріс алыбы аз уақыттың ішінде-ақ 
еңсесін жоғары көтереді. Әрине, мұның барлығы ешқандай 
қиындықтарсыз, оп-оңай бола салмайды. Романда 
суреттелетін ұнамды кейіпкерлер осы қиындықтарды жеңу 
үстінде өседі.
Романның ең алғашқы тарауларынан бастап-ақ жазушы 
бізді    жаңа    Қарағандының      жасалу   процесімен   танысты-
рады. Тәжірибелі, маман жұмысшылар механикалық 

232
цех құрастырады, жер астынан көмір атбарабан арқылы 
тартылатын болады, қолда бар мүмкіншіліктердің бәрі сарқа 
пайдаланылады. Көмір алыбының салынуына республика, 
тіпті бүкіл ел көмектеседі. Теміржол арқылы Қарағанды 
ірі өндіріс орталықтарымен байланысты. Оған маман 
кадрлармен бірге техника да келеді. Кеңес адамдарының 
уақыттан озған тегеурінді қарқынына бұл да өлшем  бола 
алмайды. Механикалық цех кейін механикалық заводқа 
айналады. Вагонеткалардың орнына электровоздар заулай-
ды. Жер астындағы шахталардың саны молаюмен бірге 
олардың көпшілігінде жұмыс механикаландырылады. Со-
ны мен қатар ашық шахталар арқылы көмір өндіру ісі де 
қолға алынады. Сөйтіп, автор үлкен Қарағандыны жасауда 
кеңес адамдарының белсенді еңбегімен бірге өндірісті 
социалистік жолмен ұйымдастыру және оған техникалық 
прогресті кеңінен енгізу ісі де ерекше рөл атқарғанын 
шынайы көрсетеді.
«Қарағанды» романының табысты болып шығуын 
қамтамасыз еткен басты себептердің бірі – жазушының 
өзі суреттеп отырған өмірлік материалдарды жақсы 
білетіндігінде. Ол шығарма кейіпкерлерін өндірісте, іс-
әрекет үстінде мол көрсетеді және олардың әрқайсысының 
жасайтын еңбегінің ерекшеліктерімен де жете таныстыруға 
ұмтылады. Яғни романның беттерінен жасампаздық еңбектің 
кең де алуан түрлі көріністерін табамыз. «Қарағанды» 
 
 
 
романының ең негізгі, басты кейіпкері – халық. Жазушы 
халықтың жинақты тұлғасын айқын дараланған, типтік 
образдар арқылы ғана емес, сонымен қатар қалың 
көпшіліктің іс-әрекетін тұтастай суреттейтін жекелеген 
арнаулы эпизодтар арқылы да бейнелейді. «Майқұдық», 
«Нұра» каналдарының қазылуы, тұрғын үйлердің салынуы, 
ақ түтек боран мен үскірік аязда және өрт шыққан уақытта 
шахтаның аман сақталып қалуы сияқты жинақты оқиғалар 
суреттелетін эпизодтар бұған толық дәлел бола алады. Бұл 
эпизодтардан қалың көпшіліктің мұқалмас қайрат-жігерін, 
өктем тегеурінін сезіп те, сүйсініп те отырамыз. Романда 
қозғалатын негізгі мәселелердің бірі – қазақтың кеңестік 
жұмысшы табының жасалуы, қалыптасуы туралы мәселе. 
Қарағандыны алып өнеркәсіп орталығына айналдыруда 
шешуші рөл атқарған, ұйытқы болған күштер – бұрыннан 
келе жатқан жергілікті маман жұмысшылар мен көмекке 
келген донбастықтар. Бірақ жаңа Қарағандыны жасау 
жолындағы қажеттіліктерді өтеу үшін бұлар да жеткіліксіз 
еді. Сондықтан да жұмысшы кадрларының санын молайту, 

233
олардың еңбектегі шеберліктерін жетілдіру ісі кезек 
күттірмейтін міндет ретінде алға тартылды. Коммунистік 
партия бұл міндетті де жемісті түрде шешеді. Күні кеше ғана 
мал баққан, көшпелілік өмір кешкен жарлы-жақыбайлар 
енді маман жұмысшыларға айналады. Осы процесс, 
яғни жергілікті халықтан өндіріс кадрларын жасаудың, 
ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері романда шынайы 
әрі нанымды бейнеленген. Жұмысшы табының осы жаңа 
кадрларының тағдырларымен, олардың жарқын да әсерлі 
образдарымен таныса отырып, оқушы олардың айқын өсу 
жолын көреді және бұл игі істе коммунистер мен орыс 
жұмысшыларының қамқорлығы, көмегі қаншалықты мол 
болғанын жете аңғарады. «Қарағанды» романы өзінің 
осындай алуан тақырыптылығымен, көп пландылығымен 
ғана ерекшеленіп қоймайды. Бұл ретте жазушының мол 
қамтылған сол тақырыптарды өзара байланыстыра әрі 
дұрыс та көркем шеше алғанын ең алдымен атауға керек. 
Романның көркемдік қуаты да оның осы қасиетінде. 
«Қарағанды» романы Ғ.Мұстафиннің образ бен характер 
жасауда бұрынғы шығармаларындағы дәрежесінен 
едәуір биіктегендігін, оның жазушылық шеберлігі ұштала 
түскенін көрсетті. Романда кейіпкерлердің толыққанды 
образдарының тұтас галереясы бар. Бұл ретте ұнамды 
кейіпкерлердің бейнелерін жасауда жазушының қол 
жеткен табысы әсіресе мол екенін ерекше атап айту қажет.
Романның осы ең негізгі ұнамды кейіпкерлерінің 
бірі–Мейрам. Бұл образ саяси басқарушының, партия 
қызметкерлерінің тұлғасын бейнелейді. Осы алуандас 
кейіпкерлер Ғ.Мұстафиннің бұрынғы шығармаларында 
да ұшырасатын. Бірақ олардың ішінде партия қызмет-
керлерінің типтік бейнесін таныта алатын шынайы образ 
жоқ еді. Сөз болып отырған шығармасында жазушы сол 
бұрынғы кемшіліктерінен арылған. Ол Мейрам образы 
арқылы партия қызметкерінің жинақты бейнесін жасаған, 
партияның жетекшілік, ұйымдастырушылық рөлін 
шынайы суреттей алған. Сондықтан да Мейрам образын 
Ғ.Мұстафиннің шығармашылығындағы бір қадам алға басу, 
ілгерілеу деп санау керек.
Жазушы оқушыны Мейрамның өткендегі өмірімен 
толық таныстырып жатпайды. Бірақ кейіпкерінің ой 
толғанулары мен естеліктері арқылы автор оның бұрын кім 
болғаны жайында оқушыға бірсыпыра мәлімет бере алған.
Мейрам – тәрбиені де, білімді де тек мектептен алған 
жас кадр. Міне, ушымен алғаш рет кездескенде Мейрам 

234
осындай адам ретінде көрінеді. Партия Мейрамды жасалып 
жатқан Қарағанды өндірісіне жібереді. Бұл – бір жағынан 
Мейрамның өз тілегі еді. Жаңадан құрыла бастаған 
Қарағанды сияқты өнеркәсіп алыбы іс-әрекетке кең өріс 
беретінін Мейрам жақсы түсінеді. Күні кеше құлазып 
жатқан  далада болып жатқан ғажайып өзгерістердің па-
фо 
сы, еңбек романтикасы оны қатты қызықтырады. 
Мейрамның дәл Қарағандыға баруды қалауы да осыдан. 
Сонымен қатар болашақ істердің қиындығы мен жауап-
кершілігі оны қатты толғандырады да.
Мейрам Қарағандыда қайнаған еңбек дүниесімен, 
алуан түрлі адамдармен бетпе-бет кездеседі. Ол бұрын 
білімді, «даналықты кітаптан, алыстан іздесе», Мейрам сол 
керегін енді халықтың қалың ортасынан, соның өмірінен 
табады. Қарағандыға келісімен-ақ Мейрам жергілікті 
жағдайлармен, жасалып жатқан істермен жете танысады. 
Алғашқыда Мейрам тап болған қиындықтарды жазушы 
жуып-шаймайды, қайта оларды бар күрделілігімен, 
шынайы түрде суреттейді. Институт қабырғасынан жаңада 
ғана шыққан Мейрамға шахта жайы, Қарағанды өмірі 
мүлдем таныс емес. Бұл жағдай оған көп қиындық келтіреді. 
Шахтадағы жұмыстармен, көміршілердің өмірімен, іс-
әрекеттерімен байыпты түрде таныса келіп Мейрам 
өндірістегі қиындықтар әсіресе мол әрі күрделі екенін 
біледі. Шахталардағы еңбек өнімділігі нашар екенін көреді 
ол. Бұл, бір жағынан, техниканың тапшылығына, екінші 
жақтан, жұмысшылар кадрларының аздығына байланысты 
еді. Ал шахталарға ауылдан келген жаңа жұмысшылардың 
көпшілігі тез маманданып кете алмайды. Қалың көпшілікті 
үйрету, тәрбиелеу мәселесімен бірге оларға қажетті 
жағдайлар жасау міндеті де алға шұғыл тартылады. 
Міне, кездескен қиындықтардың осындай күрделілігі 
мен жасалып жатқан істердің алуандығы Мейрамды 
үрейлендірмейді. Қайта сол қиындықтарға қарсы ол батыл 
құлаш ұрады және осы жолда өзінің бойындағы барлық 
қайрат-жігерін аямай жұмсайды. Сөйтіп, Мейрам өзін 
байыпты басшы, алғыр ұйымдастырушы ретінде танытады.
Мейрам образының бұл қуаттылығы оның халықпен, 
қалың көпшілікпен тығыз байланыстылығында. Ол 
өзін сол көпшіліктен, соның мақсат-мүдделерінен бөле-
жарып қарамайды. Мейрамның негізгі тірегі коллективте. 
Жұмысшылардың еңбекке деген шын пейілі, құштарлығы 
Мейрамның жанына жігер қосады. Мысалы, маман 
жұмысшы, еңбек озаты Ысқақпен сөйлесе келіп, Мейрам 

235
оның бойынан «көмір теңізіне шөгіп жатқан шонжар 
белді төңкеріп тастайтын сана табады». Мейрамның 
Ысқаққа: «Ағай, қолыңдағы шамыңнан кеудеңдегі шамың 
жарығырақ екен»,– деуі оның тек ризалық сезімін ғана 
білдіріп қоймайды. Бұл сөздерден жұмысшылардың 
социалистік еңбекке деген саналы қатынасын Мейрамның 
жоғары бағалайтындығын және содан өзі де қуат-жігер 
табатындығын танимыз. Қайнаған еңбек дүниесінің қалың 
ортасында, алуан түрлі адамдармен бірге істес бола жүріп, 
Мейрам ширыға шынығады. Оның ой-өрісі кеңейіп, 
алғырлығы да арта түседі. Мейрам үшін жұмыстың 
үлкен-кішісі, жақсы-жаманы жоқ. Социалистік жаңа 
Қарағандыны жасау жолындағы ұлылы-кішілі істер оны 
түгелдей толғандырады. Сондықтан да Мейрам әрбір 
құбылысқа сырттай болмашы көрінетін жайларға үлкен 
байыптылықпен зер сала қарайды. Мысалы, Бондаренко, 
Жұмабай сияқты жұмысшылардың арасындағы жанжалға 
Мейрам ерекше мән береді. Өйткені, осындай елеусіз 
фактінің сыртында жасырын сыр барын, яғни бұл — тап 
жауларының айдап салуының салдары екенін ол жақсы 
түсінеді. Сондықтан да Мейрам мұндай арандатушылық 
әрекеттерге қарсы дереу және дұрыс шара қолданады. 
Мейрам образында оптимистік қуат мол. Ол қолда барды 
қанағат етіп, шектеліп қалмай, әрдайым алға ұмтылуды 
көздейді. Ол әрбір құбылысқа коммунистік саналылықпен 
қарайды, болашақтың биігінен қарап көз тігеді. Мейрам 
коммунизм жеңісін армандайды, ол жарқын идеал үшін 
күреседі. Бұл ретте де ол іскерлік пен саналылықты өзара 
тығыз байланыста алып қарайды. «Коммунизм бір күнде 
орнай ма! Бөгеттерді біртіндеп жеңе отырып жетеміз... 
Қалада қазір жүздеген шофер басшыларын жетелеумен 
жүр. Өз үйін баға алмаған хозяйка, өз машинасын жүргізе 
алмаған басшы «мүгедек» емес пе?» – деп ойлайды 
Мейрам. Жазушы Мейрам мен Шербаковтың арасындағы 
достық қарым-қатынастарды да әсерлі бейнелей алған. 
Олардың бір-бірімен достығы нағыз коммунистке тән абзал 
қасиеттер негізінде, Қарағанды сияқты көмір өнеркәсібінің 
алыбын жасау жолындағы игі мақсат пен үлкен мүдделердің 
тұтастығы негізінде келіп туған. Егер тәжірибесі мол, көргені 
мен түйгені көп Шербаков Мейрамға ақыл-кеңесін айтып, 
ұстаздық  жасап отырса, ал жігерлі алғыр жас Мейрам 
өзінің іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен 
Шербаковты әрдайым қолдап, қуаттап отырады. Сөйтіп 

236
олардың арасындағы қалтқысыз, адал достық үлкен күшке 
айналады. Бірақ бұл достық олардың ортақ іс мүддесі үшін 
бірін-бірі коммунистерше сынауына бөгет жасамайды. 
Мысалы, іскерлігі жетпейтін Сейтқалыны шахта бастығы 
етіп орынсыз жоғарылатқаны, Жаппар мен Ырымбекті 
таңдамай жауапты қызметке алғаны үшін Шербаковқа 
Мейрам: «Сізде жақсы ниеттен туған жарамсыз бір мінез 
бар. Қазақты талғамай сүйесіз»,– деп қатты сын айтады. 
Шербаков Мейрамның бұл әділ сынынан тиісті қорытынды 
шығарады. Уақыт, өмір шындығы Мейрам пікірінің 
дұрыстығын көрсетеді.
Халықтың қалың ортасынан шыққан, оның ауыр 
тұрмысын, ащы мұңын жастайынан көріп өскен Мейрам 
сол халық мүддесі үшін қызмет етуді өзінің ең басты, игі 
борышы санайды. Кейін сұрастыра келе өэінің жақын 
ағайыны болып шыққан қарт Жайлаубайға қандай 
мейірімділік   жасаса,  жаулардың   қастық  әрекеті  салдарын-
да зәбір-жапа шеккен Маусымбайға да Мейрам сондай 
жылы шырай көрсетіп, қамқорлық жасайды. Мейрамның 
бойындағы осындай гуманистік қасиеттерді жазушы 
сол образдың табиғи сипаты ретінде ұсынады. Романда 
Мейрам өзінің іскерлігімен, алғырлығымен ғана емес, 
сонымен қатар нағыз коммунистке тән рухани-моральдық 
тазалығымен, адалдығымен, аяулы сезімдерімен де тұтас, 
жарқырап көрінеді. Қандай тосқауылдар кездессе де, 
тайғақтық жасамай, қиындықтарға төтеп беру, қысылшаң 
жағдайлардан көрегендікпен жол тауып шығу, қалың 
көпшілікті еңбек майданында ұйымдастырып, бастай білу 
және сол көптің пікірімен санасып, одан әрдайым үйреніп 
отыру сияқты партия қызметкерлерінің бойына лайық 
абзал қасиеттерді жазушы осы Мейрам образы арқылы 
жинақтап бере алған.
Қарағандыға алғаш шахтадағы партия ұйымдастыру-
шысы болып келген Мейрам кейін партияның қалалық 
комитетінің секретары болып істейді. Романның соңғы 
тарауларында Мейрамның республикалық жауапты 
қызметтердің біріне жоғарылатылғаны жайында айтылады.
Сөйтіп ол қатардағы қызметкерден мемлекет қайраткері 
дәрежесіне дейін көтеріледі. Мейрамның бұлайша 
биіктеуін социалистік жаңа Қарағандының жасалуы мен 
өсу процесінен бөліп алып қарауға болмайды. Романда 
Мейрамның осылайша заңды да лайықты түрде, сатылап 
өсу жолының нанымды да көркем шындығы бар.

237
Сөз болып отырған шығармадағы тұлғалы, бедерлі 
образдардың бірі – Сергей Петрович Шербаков. Автордың 
экспозициялық баяндауынан оқушы Шербаковтың ата-
бабалары да шахтер болғанын, өзі   де он төрт жасынан бас-
тап шахтада істегенін, кейін Москвада өндіріс академиясын 
бітіргенін біледі.
Партия Шербаковты Қарағандыға трест бастығы етіп 
жібереді. Қарағандыға келісімен-ақ ол шұғыл іске кіріседі. 
Ағылшын капиталистері қашып кеткеннен кейін шахтаны 
күзетіп қалған ескі жұмысшы Ермек заводтың кілтін 
Шербаковқа табыс етеді. Осы  эпизодта символикалық үл-
кен мән бар сияқты. Ермек берген кілтті қолына алып тұрып, 
Шербаков көпшілікке қарап былай дейді: «...Осы далада Апақ 
Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін 
тапқалы жүзге жуық жыл өтіп барады. Содан бері орыс-
ағылшын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ 
халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, 
біз енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунист партиясы, 
кеңес өкіметі жіберді бізді... Жұмыс көп, қиындықтар 
көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра 
білсек, біз алмайтын қамал жоқ...» Ермектің Шербаковқа 
ұсынған осы кілті ескі Қарағандыны жаңа өндіріс алыбына 
айналдыру жолында жұмсалатын зор еңбектің эстафетасы 
тәрізді. Бұл эстафета сенімді де берік қолда. Романның 
басқа кейіпкерлері сияқты, Шербаков та өзі айтқан сол «көп 
қиындықтарды, көп жұмысты» игеру үстінде суреттеледі. 
Еңбек майданында шыныққан Шербаковтың өмірлік 
мол тәжірибесі бар. Ол өзінің іскерлігін жаңа Қарағанды 
жасалуының алғашқы кезеңінде, яғни қиындықтар мол да 
күрделі болған шақта әсіресе айқын танытады. Шербаков 
жұмысшыларды шығармашылық еңбекке шеберлікпен 
жұмылдыра біледі. Шербаковтың күші оның коллективпен 
тығыз байланысында. Коллективке басшылық жасап, оған 
арқа сүйеумен бірге ол сол көпшіліктен өзі де әрдайым 
үйрене, өнеге ала жүреді. Шербаковтың үлкен адамгершілік 
сезімдері оның Мейраммен қарым-қатынастарынан анық 
көрінеді. Ол Мейрамға әкелік қамқорлық сезімімен, жылы 
мейіріммен қарайды. Шахтаға алғаш келгенде тәжірибесі 
аздықтан қиындық көрген Мейрамға ақыл-кеңес беріп, оны 
жаза басудан, жаңсақ әрекеттер жасаудан сақтандырып 
отыратын да–сол Шербаков. Осы екі кейіпкерінің 
арасындағы достықты жазушы зор көркемдік қуатпен, 
әсерлі бейнелеген. Мейрам мен Шербаковтың өзара бұл 
достығы жұмыстың ортақ мүдделері үшін олардың бірін-

238
бірі сынауына бөгет жасамайды. Қайта, олар осы достықты 
ұлттар арасындағы татулықтың белгісі деп танып, оны 
қастерлеп, жоғары ұстауға ұмтылады. Романның соңғы 
тарауларының біріндегі Шербаковтың: «Бізде не жасалса, 
бірлестік күшімен жасалады... Ұлт достығындай, жолдастық 
достықтар да мызғымасын!..» – деген сөздері осы игі 
ниетке, шын ықылас сезіміне толы. Шербаков образының 
осындай құнды жақтарын атап көрсетумен бірге осы 
кейіпкерінің бейнесін жасаудағы жазушының елеулі бір 
кемшілігі жайында да айтпауға болмайды. Бұл кемшілік 
романның соңғы көптеген тарауларында Шербаков 
образының өсу үстінде берілмей, статикалық күйде қалып 
қоюына байланысты. Жаңа Қарағандыны жасаудың 
алғашқы кезеңі суреттелетін тарауларда мол да жарқын 
көрінетін Шербаковқа автор кейін кесек қимылдар, 
аршынды әрекеттер жасатпайды. Осының салдарынан 
бұл ұтымды кейіпкердің өсу өрісі, әрекет шеңбері едәуір 
тарылып қалған. Бірақ негізінен алғанда сәтті де шынайы 
жасалған Шербаков образының көркемдік құндылығы 
мен әсер етушілік қуатын бұл кемшілік, әрине, әлсірете 
алмақ емес. Шербаков–өмір шындығынан алынған, айқын 
да жанды образ. Бұл образ арқылы жазушы Қарағанды 
құрылысының алғашқы кезінде трест бастығы болып 
істеген, Донбастан келген тәжірибелі, кәнігі кенші Корней 
Осипович Горбачевтың тұлғасын бейнелеген. Бірақ 
Шербаков образы–осы прототиптің жалаң көшірмесі емес. 
Шербаков бейнесінде автор орыс адамына тән таңдаулы 
қасиеттер мен жақсы сипаттарды жинақтап, типтендіріп 
көрсеткен.
Романда жұмысшылардың көптеген тартымды, 
қызғылықты образдары бар. Егер Сейтқалы, Ермек, Ысқақ 
сияқты кейіпкерлердің бейнелерінен Қарағандымен 
бірге жасасып келе жатқан ескі жұмысшылардың 
тұлғаларын танысақ, ал Жанәбіл, Боқай, Балжан, Жұма-
бай образдарынан жұмысшы табының жаңа буынының, 
яғни жұмысшылардың ауыл кедейлері мен малшылардың 
арасынан шыққан өкілдерінің өмірі мен тағдырын 
көреміз. Бұл кейіпкерлердің өмірлік жолдары қандай 
әралуан болса, олардың характерлері, ой-сезімдері 
де өзара соншалықты өзгеше. Бірақ өздері мұрат етіп 
күресіп жүрген мақсат-мүдделердің ортақтығы оларды 
бір-бірімен соншалықты жақын табыстырып жіберген. 
Кейіпкерлерінің характерлеріндегі осындай ортақ сипатты 
баса бейнелеуге жазушы ерекше назар аударған. Бұрын 

239
ағылшын капиталистерінің езгісінде болып, әбден титықтап 
қалған Ермек, Ысқақ, Сейтқалы сияқты қарт жұмысшылар 
жаңа Қарағандыны жасау жолындағы күресте өздерінің 
жанқиярлық еңбегімен көзге ерекше түседі. Олардың 
бойларындағы мұндай өзгерістердің мотивировкасын 
жазушы Ысқақтың мына бір сөздері арқылы ұтымды ашып 
тастайды. «Ағылшындар, подрядшіктер үшін де төгілген 
бұл тер. Төбеден су сорғалап, тізеден саз кешіп, еңбектеп 
тартатынбыз шананы. Сөйтіп тапқан тиыннан да жейтін 
олар. Енді жеуші жоқ. Ұқсата алмасаң, өз обалың өзіңе»,– 
дейді Ысқақ, өзі көзімен көрген екі дәуірді салыстыра келіп. 
Азат еңбек және оған деген социалистік, саналы көзқарас 
адамның жасампаздық қуатын молайтып, еселендіре түседі. 
Осы бір ойды жазушы образды түрде көркем бейнелей 
алған.
Аталған кейіпкерлердің ішінде жазушының көбірек 
назар аударғандары – Ермек   пен Жанәбіл. Бұлар жұмысшы 
табының екі түрлі буынының өкілдері болып табылады. 
Ермек – тәжірибелі, кәнігі шахтер. Ол өзінің мамандығын 
шын жүректен сүйеді. Рас, оның әр кезеңдегі шахтерлік 
еңбекке деген көзқарасы бірдей болған жоқ. Бұл заңды да. 
Егер Ермек бұрын шахтерлік еңбекті әйтеуір күнелтудің 
амалы деп санаса, ал кеңестік дәуірде оның өз еңбегіне 
қатынасы мүлдем өзгереді. Ол енді еңбектің коғамдық 
сипатын дұрыс түсінетін дәрежеге көтеріледі. Ермек өзі 
ғана еңбек озаты болумен шектеліп қалмайды. Сонымен 
қатар ол басқалардың да жемісті еңбек етуін көздейді. Әкім 
сияқты жас шахтерге оның ұстаздық қамқорлық жасауы 
осыны көрсетеді.
Ермек–өсу үстінде берілген образ. Ол қарапайым 
жұмысшыдан шахта бастығына дейін көтеріледі. Бұл ретте 
жазушы оны әйтеуір өсіре салмайды. Қайта Ермектің 
осындай өрлеу жолы романда кеңінен әрі шынайы 
бейнеленген.
Романдағы қызғылықты образдардың бірі – Жанәбіл. 
Жазушы Жанәбілдің образын жеткілікті дәрежеде 
даралай алған. Ол ең алғаш көрінген сәттерінен бастап-
ақ өзінің характерімен оқушыға айқын танылады. Оның 
бойында жалын атқан қайрат, еңбекке деген құштарлық 
бар. Алдына қойған мақсатына жету жолында Жанәбіл 
қандай қиындықтардан болса да жалтармайды. Қайта ол 
қиындықтар кездескен сайын еселеген жігермен күреседі. 
Тәжірибелі орыс жұмысшыларының көмегімен Жанәбіл 
тез уақыттың ішінде-ақ ысылып, маманданып алады. Ол 

240
алғашқыда токарь-техник болып істейді, кейін Москвадағы 
жоғарғы партия мектебінде оқиды. Романның соңғы 
тарауларында партияның қалалық комитетінің секретары 
болып тағайындалған Жанәбілдің осы салада да белсене 
еңбек етіп жүргенін көреміз. Сөйтіп, бір кездегі «ойы 
қолынан шорқақ, қолы ойынан шорқақ» жалшы Жанәбіл 
енді зор коллективке саяси басшылық ететін үлкен 
ұйымдастырушыға айналады. Жазушы Ермек пен Жанәбілді 
және өзінің басқа да көптеген кейіпкерлерін осылайша 
өсу үстінде көрсеткенде әсірелеушілікке де, схематизмге 
де ұрынбаған. Жоғарыда аталған кейіпкерлердің еңбекте, 
қызметте ғана биік дәрежеге көтеріліп қоймағаны, сонымен 
қатар олардың ой-өрісі кеңейіп, жан дүниесі байығандығы 
да романда реалистік түрде  бейнеленген. Күні  кеше  ғана   
азапты тұрмыстың  ауыр  тақсіретін тартқан, кеңес өкіметі 
жылдарында бақытты өмірге қолы жеткен осы жандардың 
жарқын тағдыры социалистік қоғамымыздың, Коммунистік 
партияның қайта жасаушылық, тәрбиелеушілік қуатына 
айқын айғақ болып табылады. Романның  негізгі тақырып-
тарының  бірі –жаңа дәуір әлеуметтік қызметтің  кең өрісі-
не шығарған қазақ әйелінің тағдыры туралы тақырыпты 
жазушы Ардақ образы арқылы шешкен.
Ардақтың тағдыры мен өмірі оқушыны қатты қызық-
тырып, толғандырып отырады. Ол–бұрын елді зар 
жылатқан, «шынжыр балақ, шұбар төс» болыс болған, кейін 
атын өзгертіп жасырынып жүрген Әлібек сияқты адамның 
қызы. Бірақ ол Әлібектің тәрбиесінде де болмаған, оның 
әкелік мейірімін де сезіп көрмеген. Оның ес білгеннен 
кейін көргені – кеңес шындығы, тәрбие алған орны –
кеңес мектебі. Ардақ – кеңестік дәуір тудырған жаңа 
адам. Ол әке ырқына көнбістікпен табына беруден аулақ. 
Қарағандыға алғаш келген шақта Ардақты онда жасалып 
жатқан зор істер қатты қызықтырды. Жігерлі, жанарлы 
жас Ардақ та көппен бірге еңбек етуге, сол ортақ іске өз 
үлесін қосуға ұмтылады. Өйткені ол өз өмірінің мағынасын 
еңбектен, халық игілігіне қызмет етуден іздейді. Бірақ 
Ардақ үлкен өмірдегі өз орнын бірден және оп-оңай тауып 
ала қоймайды. Сөйтсе де ол коллективке пайдалы болу 
тілегінен танбайды. Оның құрбысы Майпаны қасына ертіп 
канал қазу жұмысына қатынасуы, маман жұмысшы болуға 
талаптануы бұған айқын дәлел.
Мейрамның және Шербаковтың ақыл-кеңесімен 
Ардақ кейін жұмысшылардың сауатын ашатын мектепте 
мұғалима болып істейді. Өйткені осы қызмет үшін Ардақ 

241
әсіресе қажет еді. Сауатсыз, қарт жұмысшыларды оқыту, 
үйрету оңайға соқпайды. Ардақ көп қиындықтарға 
кездеседі. Бірақ ол мойымайды. «Буыны қатып» кеткен 
қарт жұмысшыларды Ардақ шын ықыласпен оқытады. Ол 
өзінің қуанышы мен бақытын да осы игі қызметтен табады. 
Сөйтіп жазушы Ардақтың образын оның әлеуметтік 
қызметте неғұрлым көбірек көрінуіне сәйкес терең де мол 
ашады.
Жазушы Ардақтың іс-әрекетін, еңбексүйгіштігін бей-
не 
леумен бірге оның рухани тазалығын, адамгершілік 
сезімдерін суреттеуге де көп көңіл бөлген. Бұрын қанды-
балақ, жыртқыш болған әке жаулық ниеттен тыйы-
лып, түзелді ме, әлде ол қастандық ойларын бүркемелеп, 
жасырып жүр ме? Міне, осы бір күдікті сұрақ Ардақты ұзақ 
уақыт бойы қинай толғандырады. Бұл жағдай Ардақтың 
Мейрамға деген сүйіспеншілік сезімдеріне де көп салқынын 
тигізеді. Ардақтың осындай рухани драмасын жуып-
шаймай, бар күрделілігімен жеткізе аша отырып, жазушы 
сүйікті кейіпкерінің моральдық тазалығын, жан дүниесінің 
байлығын шынайы суреттей алған.
Сонымен қатар жоғарыда Шербаков образына тағылған 
сынды осы Ардақ бейнесіне байланысты да айтуға бо ла-
ды. Яғни жазушы Ардақтың Мейраммен қосыл 
ған 
нан 
кейінгі өмірін сараң да үстірт суреттеген, оның әлеу меттік 
қызметінің өрісін тым тарылтып жіберген. Ардақ 
тың 
аспирантурада оқитындығы, диссертация жазып жүр-
ген дігі жайында жазушының өз тарапынан берген сыр-
даң баяндаулары бұл образды, әрине, өсіре алмақ емес. 
Романның соңғы тарауларында да автор Ардаққа оның өзіне 
лайық іс-әрекеттер жасатуға, сөйтіп кейіпкерінің харак-
терін дамыта суреттеуге тиіс еді. Бірақ ол бұлай етпеген.
Жалпы алғанда, кейбір жекелеген кемшіліктеріне қара-
мас тан, жазушы Ардақ образын қызғылықты да тар тым ды 
етіп жасай алған.
Романның ұнамсыз кейіпкерлерінің ішінде басқалардан 
гөрі оқшау да мол көрінетіні – Әлібек. Бұрын еңбекші 
халықты сүліктей сорған, кеңес өкіметінің қас жауы болған 
бұл қорқау сол қара ниетінен әлі қайтпаған. Бірақ ол енді 
алыс-тартыстың жаңа, жасырын тәсілдеріне ауысқан. 
Әлібек өзінің өктемдігі жүріп тұрған өткен өмірді өгейлейді. 
Ал зор қарқынмен жасалып, еңсесін биік көтеріп келе 
жатқан жаңа дүние оның апшысын қуырып, жаныштай 
түседі. «Шіркін, кең дүние?»–деп көкірек жара, шерлене 
күрсінуі оның іштей таусылып, өзін–өзі жегідей жеп 

242
жатқанын аңдатады. Бірақ ол қарап өлмеуге, шамасынан 
келгенше зарарлы уытын көбірек жаюға тырысады. 
Басқа жау кейіпкерлерге қарағанда Әлібекте қимыл, 
әрекет мол. Шахтаны құлатып, зиянкестік жасайтын да, 
жұмысшылардың арасында ұлт араздығын қоздыруға 
тырысатын да, жекелеген маман кадрларды өлтіретін 
де, Махмет сияқты ашық ауыз адамдарды өзінің қастық 
мақсатына көлгірлікпен пайдалана білетін де –осы Әлібек. 
Оның өткені қандай күңгірт болса, келешегі де сондай 
қараңғы, үмітсіз. Әлібектің адамгершілік сезімдерден 
жұрдай болған жауыздығы оның туған қызы Ардаққа 
деген қарым-қатынасынан да анық байқалады. Қашып 
кеткен жерінен қайтып келіп, Ардақты өз қолына алғанда 
Әлібек мұны әкелік сезімі оянғандықтан жасамайды. Кеңес 
мектебінде тәрбиеленген, білімді, парасатты Ардақты 
қолында ұстау арқылы Әлібек өзінің өткендегі айыпты 
іздерін жасыруға тырысады. Ал кейін Ардақтың кеңестік 
идеяға шын жүректен берілгендігіне көзі жеткеннен кейін 
Әлібек оны өзіне жау санайды. Ол тіпті Ардақты өлтіру 
жөнінде де ойлайды.
Әлібектің осындай зиянкестік әрекеттерін, жаулық 
ниеттерін, оның рухани жағынан құлдырап азғындағанын 
жазушы шынайы суреттейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда 
Әлібек бейнесін типтік дәрежеге көтерілген образ деп 
санауға болады.
Ал романның басқа ұнамсыз кейіпкерлері (Жаппар, 
Ырымбек) жөнінде мұны айту қиын. Бұларда аршынды 
іс-әрекеттер де, айқын характер де жоқ. Жаппар мен 
Ырымбектің зұлымдық әрекеттерін жеріне жеткізе 
әшкерелеудің, сөйтіп олар өкілдері болып табылатын жау 
әлеуметтік топтың түп төркінін терең ашудың орнына 
жазушы схемалық үлгілерге салынған, шаблонға ұрынған. 
Бұл кейіпкерлердің образдарының терең ашылмауы, 
олардың зиянды іс-әрекеттерінің жете көрінбеуі роман-
дағы негізгі тартыстың өткірлігін едәуір әлсіреткен. 
Романда бұлардан басқа да образдары толық та айқын 
көрінбеген көптеген кейіпкерлер бар. Әшірбек, Чайков, 
Козлов, Лапшин, Майпа сияқты кейіпкерлердің бейнелері 
бұған анық дәлел. Жазушы бұларды көркем образ ретінде 
жеткілікті даралай алмаған. Романның композициялық 
құрылысында, ондағы тартыстардың шиеленісе өрбуінде 
де бірсыпыра кемшіліктер бар. Бұл ретте романның үшінші 
бөлімін мысалға алуға болады. Жазушының көтерген негізгі 
тақырыптары романның алғашқы екі бөлімінде өздерінің 
қажетті көркемдік шешімін тапқан. Қарағанды сияқты 

243
өндіріс алыбының қалай жасалғаны туралы да оқушы 
жеткілікті түсінік алады. Романның негізгі кейіпкерлері 
де өздерінің характерімен, іс-әрекеттерімен көрінеді. 
Осы жеткілікті де. Шығарманың оқиға желісін бұдан әрі 
жасанды түрде соза беру қажетсіз еді. Бірақ автор мұны 
ескермеген. Соның салдарынан романның үшінші бөлімі 
шығарманың жалпы идеялық-көркемдік арқауымен заңды 
түрде қабыспай, тек эпилогтың қызметін ғана атқарып тұр.
Романның атап айтуды қажет ететін тағы бір кемшілігі 
бар. Жазушы еңбек процесін мол көрсетемін деп отырып, 
кейде негізгі нысанадан алыстап кетеді. Мұндай реттерде ол 
жалаң  технологияны баяндауға ұрынып, кейіпкерлерінің 
жан дүниесін, сезім күйлерін біраз көлегейлендіріп алады. 
Романның жоғарыда аталған бірсыпыра кейіпкерлерінің 
образдары жарқын болып шықпағандығының себебі 
осында.
Жазушы оқиғалар өрбуі арқылы ашылуға тиіс көптеген 
жәйттарды көркем бейнелеудің орнына кейде жалаң 
баяндаулармен ғана шектеледі. Мысалы: «Айлар, жылдар 
өтті. Шахталар мүлде өзгерді. Шахта өзгерісі бүкіл Қараған-
дыны өзгертті. «Техника бәрін шешеді» демейді қазір. «Кадр 
бәрін шешеді» дейді. Техника жасалды, енді соны еркін 
меңгеру жарысы кетіп барады. Жаңа техникадан туған 
стахановтық қозғалыс шеттегі кішкентай шурфтарға, дала 
кезген бұрғышы партияларға дейін жайылды». Образдық 
нақтылығы жоқ мұндай схемалық баяндаулар шығарманың 
сюжеттік өрбуін сырдаң тартқызып, оның көркемдік 
қуатын әлсіретеді. Бұл баяндаулардан оқушының көңілінде 
де ештеңе ұялап қалмайды.
Рас, мұндай жалаң да жадағай көріністер романда көп 
кездесе бермейді. Бірақ аз ұшырасқанмен, шығарманың 
көркемдік тұтастығына ақау салатын осындай сұрқай су-
рет 
терді жазушының көрінеу байқамауы таңғаларлық 
нәрсе.
Романда бұлардан басқа да үлкенді-кішілі кемшіліктер 
бар. Бірақ біз оларды жіпке тізгендей санап жатпай-ақ, 
осы айтылғандармен шектелеміз. «Қарағанды» романы 
Ғ.Мұстафиннің жазушылық шеберлігі жетілу, кемелдену 
жолында екенін танытты. Бұрынғы шығармаларымен салыс-
тырғанда     бұл  романда   жазушы  өмір  шындығын   толық 
та жарқын бейнелейтін оқиғаларды барынша мол қамтуға 
және оларды типтік жағдайларда суреттеуге ерекше назар 
аударады. Яғни «Қарағанды»– көп планды, көп тақырыпты 
роман. Атап айтатын бір нәрсе – шығармада қозғалатын 

244
осындай көптеген тақырыптар мен онда жарыса, кезектесе 
өрбитін бірнеше сюжеттік желілердің әрқайсысы өз алдына 
бөлек, дара күйде қалып қоймаған. Автор оларды бір-
бірімен шебер байланыстыра  алған. Сондықтан да романды 
оқып шыққанда онда көрсетілген өмір шындығының, яғни 
жаңа Қарағандының жасалуы көріністерін көз алдымызға 
тұтас та айқын елестете аламыз. Ғ.Мұстафиннің образ 
жасаудағы өзіндік ерекшеліктері мен шеберлігі оның 
алғашқы шығармаларында да байқалған болатын. Бірақ ол 
бұрын көбінесе негізгі, басты кейіпкерлерінің образдарын 
терең ашқанмен, екінші қатардағы кейіпкерлерінің бейне-
лерін жеткілікті дараландырып бермейтін. Ал «Қарағанды» 
романында жазушы кейіпкерлерінің қай-қайсысын бол-
са да өзіндік тілімен, тұлғасымен айқындап суреттеуге 
ұмтылған және көп реттерде ол бұл мақсатына жете 
алған да. Романның көптеген кейіпкерлері өздерінің іс-
әрекеттерімен ғана емес, сонымен қатар жан дүниесінің, 
характерінің тереңдеп ашылуымен де дараланып 
көрінеді. Жазушы образды айқындай түсу үшін суреттеу 
құралдарын мол әрі түрлендіре отырып қолданады. Бұл 
ретте оның кейіпкерлердің диалогтары мен репликасын 
әсіресе ұтымды пайдаланатынын ең алдымен атап айтуға 
керек. Бір мысал келтірелік:
«Жанәбіл, ау, Жанәбіл! – деді шалқасынан жатқан 
шоқша сақал, басын көтермей, сақалын ширатып жатып,– 
сен қайда істемексің?
Шелек танау жігіттің аты Жанәбіл екен. Терісқақпай 
жауап қайырды:
– Кеңес жерінде істеймін.
– Бар болғыр, дұрыс сөйлесеңші.
– Ендеше өнер дүкенінде істеймін.
– Онысы қай жер?
–Анау тұрбаның түбінде мехцех бар. Мехцехта 
үйтентек Бәйтен бар. Қасақана сонымен бірге істеймін.
– Ауылдағы мінезді қойсаңшы, шырағым,– деп шоқша 
сақал басын көтерді.– Ескі жұмысшымен байланыспа. 
Нан тауып жүре бер.
– Бұға берсең, сұға береді,– деді Жанәбіл,– мінезде 
де, жұмыста да тайталас керек. «Он сегіз жыл стажым бар» 
деп қожаңдайды Бәйтен. Өзі егеуді қалай ұстауды білмейді. 
Мен екі-ақ жыл батырақ болдым, қой бағуды сұрашы, кәне? 
Екі жыл мехцехта істесем, Бәйтеннің әкесін танытам». 
Міне, оқушы осы диалогтағы сөздерінен Жанәбілдің 
алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезін, намысшылдығын 

245
танып қана қоймайды, сонымен қатар оның бұрын кім 
болғанын және енді не істеуге бел байлағанын да біледі. 
Сондай-ақ, осы диалогтан Жанәбілмен сөйлесіп отырған 
шоқша сақалды адамның бұйығы, жасқаншақ мінезі де 
айқын көрінеді және Бәйтеннің қандай адам екендігі 
жайында да оқушы бірсыпыра мәлімет алады. Бұрынғы 
шығармаларымен салыстырғанда бұл романында жазушы 
портреттік сипаттауларды да мол қолданған. «Әлібек 
малдасын құрып, төмен тұқырына қарап, төр алдында 
отыр. Бұрын басын мұнша еңкейтпейтін майлы бұғақ 
суалған. Көлденеңі шығыңқы, жалпақ беті де қалың еттен 
айырылып, ұрты ортая, бет сүйектері шыға бастаған. 
Көмірдей қара шашына, тығыз, дөңгелек қара сақалына 
алашабыр ақ еніпті. Төмен қарап тұнжырап, тапжылмастан 
отырса да, тереңде жатқан жылан көз анда-санда жылт 
етіп, жар қабақтың астынан бәрін бақылап қояды. Үлкен 
денелі қара кісінің дәл осы отырысы, тышқан аңдыған 
үлкен қара құстың отырысы сияқты еді». Бұл келтірілген 
үзіндіден Әлібектің амалы таусылып, іштей қалжырап 
құлдырағандығы және оның зияндылығы мен аярлығы 
бұрынғыдан бетер асқына түскендігі айқын аңғарылады. 
Кейіпкерлердің жан күйін, психологиясын терең ашып, 
жете танытатын мұндай жарқын портреттік сипаттауларды 
романнан мол ұшыратуға болады.
«Қарағанды» романы өзінің тілдік ерекшеліктерімен де 
айрықшаланып көрінеді. Сөз болып отырған шығарманың 
тілі мол ғана емес, сонымен қатар образды әрі оралымды 
да. Жазушы халықтық сөйлеу тілдің және әдеби тілдің 
ерекшеліктерін жақсы сезінеді және кейіпкерлерінің 
образдарын жете аша түсу үшін сол тілдік ерекшеліктерді 
орнымен, шебер қолдана біледі. Романда өндіріс процесіне 
байланысты атаулар, шахтерлердің тұрмыс ерекшеліктері 
мен кәсібіне сәйкес алынған жекелеген сөздер мен сөз 
тіркестері мол кездеседі. Мұндай сөз орамдары оқушының 
түсінігіне ауырлық келтірмейді, қайта бұл жазушының 
өзі суреттеп отырған өмірінің колоритын терең ашуына, 
кейіпкерлерінің сөйлеу ерекшеліктерін, ой-өрісін таны-
туына көбірек мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, «Қарағанды» романы Ғ.Мұстафиннің 
елеулі  де  көрнекті   шығармашылық табысы болып табыла-
ды. Бұл шығарма жазушының өнер биігіне өрлеу жолында 
екенін көрсетті, оның шығармашылық мүмкіншіліктері 
мол екенін танытты.

246
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XX съезінде 
сөйлеген сөзінде А.Сурков көптеген кеңес жазушылары 
өмірмен тығыз байланыста болудың арқасында көркем 
де келелі шығармалар жазғандығын айтты. Осындай 
жазушылардың қатарында ол Ғ.Мұстафиннің де есімін 
атады. Расында да, Ғ.Мұстафиннің шығармаларының, 
әсіресе оның соңғы романының жұртшылыққа кең 
таралып, ол танылғандығының сыры жазушының өз 
кейіпкерлерінің өмірі мен тамаша істерін терең білуінде 
және оларды шындықтағы тұлғаларына лайықты дәрежеде 
бейнелей алуында.
*   *   *
Қазіргі заман тақырыбы – көркем шығармашылықтың 
өрісті өзегі, сарқылмас қайнары. Еліміз өрлеп дамудың жаңа 
асқарларына қарай самғаған шақта дәуіріміздің ұлылығын, 
кеңес қоғамының ғажайып қуаттылығы мен өміршеңдігін, 
замандастарымыздың тамаша тұлғасын шынайы да көркем 
бейнелейтін туындылардың қасиет-қадірі әсіресе зорая 
түспек. Бірақ казіргі заман тақырыбы суреткер үшін дара 
мақсат емес. Бұл тақырып өзінің нәрлі де игі сипатымен қоса 
суреткерге аса қиын міндет жүктейді, одан сезімталдықпен 
бірге ұшталған шеберлік те талап етеді. Коммунистік 
қоғам адамының қалыптасуына, өсіп толысуына қызмет 
ететін шын мәнісіндегі үлкен әдебиет, өрелі өнер сонда 
ғана тумақ. Кемеліне келген көрнекті қаламгерлеріміздің 
бірі Ғабиден Мұстафиннің шығармалары – дәл осындай 
үлкен, өскелең әдебиеттің нағыз бел туындылары. Қазіргі 
заман Ғ.Мұстафин шығармашылығының өзекті тақырыбы, 
үзілмес желісі ғана емес, сонымен бірге оның жаны, рухы, 
тыныс-лебі.
Ғ.Мұстафин шығармашылығының бұл сипаты ежелден-
ақ аян әрі талай-талай аталып та өткен-ді. Бірақ қанша 
ай тылса да ескірмейтін, жаңғырып жайнай түсетін ақи -
қат жәйттер  болады. Жазушының соңғы романы жайын -
да азды-көпті сөз қозғар алдында оның бүкіл шығарма-
шылығына тұтастай жанасты осындай бір ақиқат жәйді біз 
тағы да әдейі, арнайы атадық.
Суреттелетін оқиғаларының кезеңі, тарихи дәуірі 
жағы 
нан алғанда жазушының «Дауылдан кейін» атты 
соңғы романы оның бұған дейінгі шығармаларынан гөрі 
оқшауырақ, сәл әрегірек. Бірақ әрінің де әрісі, өткеннің 
де өткені бар. Жазушы өткен өмірге қарайлап, құлазыған 
ғасырлар құрдымына шым батпайды, өз дәуірімізден 
алыстап қайдағы бір қиянға кетпейді. Оның қаламына 

247
дәл бұл жолы ілінген уақыт – Октябрьден кейінгі ке-
зең, Қазақстанды кеңестендіру жылдары. Осыған ден 
қойғандағы өзінің негізгі мақсатын жазушы былайша 
аңғартады: «Бұрын болып жатқанға, болашаққа ұмтылсам, 
бұл кітапта өткенді жаздым. Дағдыдан шығып, кейін 
оралған себебім өміріміздің бір қызықты шағы жөнді 
көрсетілмей қалыпты. Оны жазатын жасамыс адамдар 
азайып барады. Жастар білмейді. Борыш арқалап кету 
лайық па? Сондықтан азырақ шегінуге тура келді».
Расында да, үлкенді-кішілі кейбір шығармаларды былай 
қойғанда жиырмасыншы жылдардың өзгеше сипатын, 
ұлан-ғайыр оқиғаларын тереңнен толғап, мол қамтып 
қарбыта  бейнелеген әрі кесек, әрі шын мәнісіндегі келіс-
ті де көркем шығарма біздің әдебиетімізде жоқ десе де 
болғандай еді. Ғ.Мұстафин осы романы арқылы сол олқы-
лықтың есесін қапысыз толтырғаны күмәнсыз. Романды 
оқып шыққандардың әрқайсысы-ақ бұған риясыз жүгінсе 
керек.
Сөйтіп, атынан да анық аңғарылып тұрғанындай, 
Ғ.Мұстафиннің соңғы романы Ұлы Октябрьден, яғни 
әділетсіз ескі дүниені аластап тастап, жаңа өмірді 
жарлаған ұлы дауылдан кейінгі тарихи кезеңнің қиян-
қилы шындығын көркем бейнелеуге арналған. Бұл кезеңде 
коммунистік партия халықты революцияның жеңістерін 
баянды ету, социалистік жаңа қоғамның негіздерін қалау 
жолындағы күреске бастады. Бұрын Ресейдің шеткері 
аймақтарының бірі болған, тарихи дамудың қай саласында 
да тұралап қалған Қазақстанда бұл күрес мейлінше 
қиын, шиеленіскен жағдайда өтті. Жазушы сол күрестің 
ауыртпалығын, қысталаңдығын жуып-шайып оңайлатпай, 
бар күрделі күйінде береді. Сондықтан да романды 
оқығанда реалистік қалыпта мүсінделген сан-сан адам 
образдарын былай қойғанда суреттеліп отырған дәуірдің 
терең шындығын, типтік сипаттарын соншалықты айқын 
сезініп отырасың. Азамат соғысынан шаршап, күйзеліп 
шыққан елді шаруашылық жағынан қаз тұрғызу үшін 
Коммунистік партия жаңа экономикалық саясат жүргізді. 
Бұл революциялық  күрестен, тап тартысынан тая соғу емес, 
сол кезеңнің тарихи жағдайларынан туған әрі болашаққа 
меңзеген нағыз көрегендік еді.
Әлеуметтік сезімдері топас қазақ байлары жаңа 
экономикалық саясаттың терең сырын түсінбей жақсы 
дәурен қайта келді деп емексіді. Сондықтан да олар 
азамат соғысы жылдарындағыдай емес, қайтадан жария 

248
бой көрсете бастады, жасырып тастаған дүние-мүлік, 
малдарын жарыққа шығарып, билікті өз қолдарына 
алуға тырысып әрекет жасап бақты. Осының бәрі қазақ 
ауылында тап тартысының ширыға шиеленісуіне, оның 
ашық та, құпия да өрши түсуіне жағдай жасады. Халықтың 
қалың бұқарасының талай-талай тобының әлі де болса 
надандық торынан шыға алмауы, саяси санасының ұштал-
мауы бұл тартысты әсіресе қиындата, асқындыра түсті. 
Бірақ революциялық серпінмен толассыз өрлеген өмір 
ағысын еңсені басқан ескіліктің ешқандай кеселі де бөгей 
алмақ емес. Заман   ілгері  жылжып, уақыт күні біткен әр 
құбылысқа өзінің қатал үкімін айтуда. Міне, құдіретті 
тегеурінмен алға басқан заманның осындай өктем рухы, 
қуатты тыныс-лебі – «Дауылдан кейін» романының ең 
негізгі идеялық пафосы.
Жазушы дәуір сипатын оқиғалар тізбегі арқылы ғана 
емес, сонымен бірге кейіпкерлердің тағдыры, іс-әрекеті, 
олардың психологиясындағы, мінез-құлқындағы өзгерістер 
арқылы да анық сездіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда 
тарихи дәуір – әлеуметтік терең сырлары бар күрделі 
де кесек оқиғалар туындап жатқан, алуан тағдырлы 
жандардың өмір-тіршілігі өрбіп жатқан шартты кезең, 
шартты түрде алынған орта емес, қайта шығарманың ең 
басты кейіпкері, ең өзекті тұлғасы есепті. Ғ.Мұстафиннің 
реалист-суреткер ретіндегі аса бағалы еңбегі сол – ол 
дәуір сипатын типтік дәрежеде мейлінше терең әрі көркем 
бейнелей алған. Сондықтан да романның идеялық тынысы 
кең, өмір шындығын қамту шеңбері мол. Коммунистік 
партияның қалың халық бұқарасына сүйене де, тәрбиелей 
де отырып, оларды уақытша белең алған жырынды 
жауларға қарсы күреске табандылықпен, алғырлықпен 
бастағанын, ескіліктің апшысы қуырылып, тынысы тарыла 
түскенін, ал жаңаның барған сайын дәуірлеп өркен жайып 
келе жатқанын автор бір тараудан бір тарауға ауысқан 
сайын нанымды, жанды түрде көрсетеді. Алыстағы ауылда, 
Сахарада болып жатқан ұлан-асыр өзгерістер, талай заман 
бойына езіліп келгендердің есеге қолы жетуі, мүдделері 
ортақ жарлы-жақыбайлардың бірлесе, тізе қоса еңбек ете 
бастауы, нағыз халық өкілдерінің ел басқару ісіне араласуы, 
ырысы мен игілігін сан ғасыр тек байлар көріп келген 
шұрайлы жердің кедейлерге тиюі және тағы да сол сияқты 
жәйттердің романда келісті де көркем елес бермегені жоқ.
Шығарма азулы әккі бай Шәкеннің аласталар алдында 
соңынан ермеген өз жұбайы Шолпанды қанға бояп өлтіруін 

249
суреттеумен аяқталуында ерекше мән бар. Бұл–күні 
батып, қарасы өшіп бара жатқан зұлымдық, жыртқыштық 
дүниесінің ең соңғы тұяқ серпуі еді. Әйтпесе, олар жаңа 
өмірдің ілгерішіл қуатты ағынына тосқауыл бола алмақ 
емес. Өз тағдырына өзі ие болған еңбеккер халық жаңа 
коғамды құруға нық жұмылған. Шығарманың негізгі 
идеялық нысанасы да – осыны көркем бейнелер арқылы 
таныту.
Салыстыра қарағанда «Дауылдан кейін» романы елді 
коллективтендіру кезеңіне, яғни жазушының «Шығанақ» 
романындағы оқиғалар өрбуі басталатын кезеңге дейінгі 
тарихи дәуірді қамтиды. Сөйтіп, Ғ.Мұстафиннің соңғы 
романы оның бұдан бұрынғы кесек шығармаларымен 
ұласа, ұштаса келіп халқымыздың ширек ғасырдан астам 
өмірінің көркем шежіресін құрайды.
Жазушының басқа туындыларымен осындай кейбір 
сабақтас та жалғас жәйттері болумен бірге «Дауылдан 
кейін» романы – Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы 
жаңа белес, ерекше көркемдік құбылыс саналуға тұрарлық 
шығарма. Бұрынғы романдары мен повестерінде мүлдем 
байқатпаған  немесе  азды-көпті  нышандарын  ғана  сездір-
ген суреткерлік соны қырларын автор осы романында 
жеріне жеткізе, қапысыз танытқандай.
Ғ.Мұстафин алғашқы көлемді шығармаларында, оның 
ішінде тіпті «Шығанақ» пен «Миллионерде» сан-салалы, 
жан-жақты өрбіген оқиға күрделілігіне көп бара бермейтін, 
сюжет желісіне негізгі де, қосалқы да кейіпкерлерді 
соншалықты мол енгізе қоймайтын. Ал «Қарағанды» 
романынан бастап жазушы көп тақырыпты, көп планды 
шығарма жасауға ұмтылды. Бұл нысанасына ол анық жетті 
де. Осының айғағын автордың соңғы романынан әсіресе 
айқын көреміз.
«Дауылдан кейін» романында тек оқиға ғана қалың 
емес, сонымен бірге кейіпкер де мол. Екінші немесе үшінші 
қатарда алынған қосалқы және эпизодтық кейіпкерлерді 
айтпағанның өзінде романда алғы лекте көрсетілген, 
ұнамды немесе ұнамсыз планда алынған басты-басты 
кейіпкерлердің тұтас галереясы бар.
Көркем шығарма қатысушы кейіпкерлердің әйтеуір 
көп болуымен қызықты емес. Қайта ол сол кейіпкерлердің 
әрқайсысының дара-дара қасиетімен, дербес бітімімен 
көрікті. Бұл жәйт баршаға аян. Сондай-ақ, кейіпкер 
көбейген сайын автордың шешуіне тура келетін шығар-
машылық қиындықтар да молая түсетіні хақ. Жазушы 

250
сол ауыртпалыққа тайсалмай барумен бірге оны емін-
еркін баурай да алған. Романдағы образдар жүйесіне, әр 
кейіпкердің өзіндік тұлғасына, әлеуметтік сырына үңіле 
қараған сайын осыны тереңірек, анығырақ аңдай түсеміз.
Шығармада өрбіген оқиғалардың қалың ортасында 
тұрған және автордың ой-емеуріндеріне де орай ең негізгі, 
басты тұлғалардың бірі – Аман. Жазушы бұл кейіпкерінің 
образын әрдайым өсу, толысу үстінде көрсетеді, оның 
характерінің қалыптасу сатыларын сап-сабымен біртіндеп 
ашады. Ол Аманды дап-дайын күрескер ете салмайды. 
Жүйрік  тазы  ертіп,  аң  аулап  жүрген жас жігіттің әлеумет-
тік тайталас-тартыс арнасына оп-оңай ойыса кетуінің 
орайы жоқ та еді. Бірақ ескілік қаусай күйреп, жаңалық 
жамырай туындап жатқан ұлы дүбір кезінде Аман тәрізді 
жанарлы, жігерлі жас халық күресінен тысқары қалмақ 
емес және қала алмайды да. Рас, оның ой көзінің ашылуына 
Ералин, Пасик сияқты коммунистердің ақыл-кеңестері де 
аз әсер етпейді. Бірақ шынтуайттап келгенде,  Аманды күрес 
жолына түсірген – заман лебі, өмір ағысы. Біреудің жүйрік 
атын сіңіріп кеткісі келген зорлықшыл шабарман Шөгелді 
жұрт көзінше жағадан алып жер соқтыруы– Аманның 
тұңғыш кесек әрекеті. Осы қимылымен ол Шөгелге, 
Малқар болысқа ғана қарсы бой көрсетіп қоймай, зорлық 
пен әділетсіздік дүниесінің де жағасынан алғандай. Міне, 
осыдан бастап Аман алыс-жұлысқа, тартыс дүрбелеңіне 
тайсалмай, тартынбай барып араласады. Байлардың 
жаласымен қамауға да түсіп шығады. Бірақ ол күрес 
жолынан танбайды. Алғаш ауыл жастарының басын қосып 
ұйым  құрған Аман кейін Ақмоладағы кеңес қызметкерлерін 
даярлайтын курста оқиды, өздігінен көп ізденіп білім алады. 
Міне, осылайша ой–өрісін кеңейте жүріп және зорлық 
иелері би-болыстармен, ұлтшыл зиялылармен аяусыз 
алыса жүріп Аман өмірдің талай өткелінен өтеді. Автор 
сол өткелдердің қайсыбірін кеңінен толғап суреттесе, ал 
кейбіреулерін психологиялық жағынан нанымды, жанды 
реалистік штрихтар арқылы танытады.
Өзі болған жерлердегі ел ішінің аласапыран тіршілігіне, 
жер немесе жесір дауы, барымта-сырымта, ұрлық-
зорлық дауы сияқтылардың барлығына да қолма-қол 
араласып, Аман зәбір көрген жарлы-жақыбайлардың 
кегін әперіп, намысын қорғап, есесін қайтарып отырады. 
Мұның бәрін автор өз кейіпкерін дәріптеу үшін емес, 
қайта оның характерінің тұтастығын баса көрсету үшін, 
уақыт рухын сездіру үшін ұтымды пайдаланады. Қиын да 

251
қатал күрестің от-жалынында шыныққан Аманның ішкі 
дүниесі, ой-парасаты да тереңдеп, толыса түседі. «Елім!»– 
деп кеудесін соға еліретін, бірақ теріс бағдар ұстанған 
Сайлаубек, Ермекбай, Жандостармен сөз сайысына 
түсіп, пікір таластырғанда Аман өзінің нағыз халық 
мүддесі, ел тілегі тұрғысынан ойлайтындығын, болашақ 
өрісті дұрыс болжайтындығын әсіресе анық көрсетеді. 
Мәселен, қазақтың көшпелі тіршілігін мадақтамақ болған 
Жандосқа Аман былай дейді: «...Мен жайлауға қарсы 
емеспін, жайлаушылыққа қарсымын... Меніңше, қазақтың 
көшімпаздығы көшқұмарлықтан емес, лажсыздықтан... 
Еліміз өзінің бұл қажеттерін өмір бойы іздеген, таппаған. 
Тапса, жарымаған. Енді тек отырықшы болса ғана 
жариды... Ел деген атымыз бар. Елдік мұрамыз бар ма?! 
Бабаларымыз із қалдырмай, сөз  қалдырыпты. Оның өзі 
жиюсыз шашылып жатыр. Ұшан теңіз жерге иеміз. Оның 
тек түгін сорып, суын ғана ішеміз. Ішін ақтарып, шырынын 
әлі ала алмадық... Елін сүйген, ойы ержеткен азамат қой 
бастаған серкедей қасқая тартар кез жетті емес пе? Егер ол 
алға шыға алса, барар беталысы айқын-ақ көрініп тұр-ау!..»
Біздіңше, Аманның Шолпанға деген махаббат драмасы 
да шынайы суреттелген. Рас, бұл романның негізгі 
тақырыптық желісін құрамайды. Сондықтан жазушы 
да оған көп қарайлай бермейді. Сөйтсе де, жазушының 
осы сүйіспеншілік тақырыбын кейіпкерлер характерінің 
шындығына, олардың интеллектуалдық дәрежесіне, өмір-
ге көзқарасына сәйкес нанымды шешкенін атап айту 
керек. Бұл ретте біз кейбір сыншылардың осы ақиқатты 
мойындамаған пікіріне қосылмаймыз. Романның Аман өзі 
тікелей    көрінбейтін, тұп-тура суреттелмейтін тараула ры-
нан да біз оның тұлғасын айқын сезіп отырамыз. Бұл ретте 
жазушының классикалық әдебиетте мол ұшырасатын 
мұндай өнікті шығармашылық тәсілді орайын тауып, шебер 
пайдалана алғанын атап айту керек.
Біз Аман образына байланысты авторға бір ғана тілек 
айтуға болар  еді  деп  ойлаймыз. Бұл жазушының  осы образға 
деген авторлық позициясының ара-тұра көрінеу жасанды 
тартып кетіп отыратындығы. Романда Аманның айналасы, 
мақсаттас серіктері ретінде көрінетін Ізбасар, Сыздық, 
Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймастар да –көңіл ұялатарлық 
жанды тұлғалар. Әрқайсысы өзіндік кескін-келбетімен, 
мінез-қылығымен, психологиялық хал-халеттерімен дара-
ла нып суреттелген әрі «таныс бейтаныстар» дәрежесіне 
жеткізіліп көрсетілген бұл кейіпкерлердің образдары 

252
тұтаса, қосыла келіп қазақ ауылындағы рухани оянуды, 
әлеуметтік серпіліп-сергуді бейнелейді. Осыны автор 
қалың көпшілік тұтас суреттелетін эпизодтарда да өте 
айқын аңғартып отырады. Ел ішіне қызыл отау келгені 
және оның халыққа еткен ықпал-әсері суреттелетін тарау 
бұған тамаша айғақ бола алады.
«Дауылдан кейіннің» ұнамсыз кейіпкерлерінің 
ішіндегі ба 
рынша толық әрі  соншалықты  шынайы 
 
көрсетілгендері– Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып 
және Шөгел. Бұлардың ішінде Шәкен образы әсіресе 
оқшау, зор шеберлікпен  жасалғанын атап айтпасқа бол-
май ды. Жазушы Шәкен образын іші-тысымен тұтас алып, 
ақтара көрсетеді. Ол қазақтың «Ішкенге мас, жегенге 
тоқ» надан байы емес. Шәкен шаруа бағуда жаңа тәсілдер 
қолданады. Ол рулы елге бой бермеген кең қорықтың шөбін 
машинамен тақырлап жинап алады. Елу арбамен қазына 
кіресін тартады, кетпен тимеген ту далаға соқа салып, 
арба-арба астық алады, мал тұқымын асылдандырумен 
шұғылданады. Шәкен осының бәрін ақша табу үшін жасай-
ды. Роман кейіпкерлерінің бірі айтқандай ол «ақша болса, 
иттің де сүтін сатар» еді. Шәкеннің күші де осында. «Тек 
балталымен алыссаң да, қалталымен алыса көрме...» – деген 
тоқтамға Тоқабай осы Шәкен үйінің есігінде жалшылықта 
жүріп келген. Бірақ ол өзімен тұстастарға да, басқаларға да 
онша сыралғы емес, бойына көп дарытпайды.
Шынтуайттап келгенде, Кеңес өкіметіне, жаңа дүниеге 
деген қарсылықтың бәрін туындатып жататындар – сол 
Шәкен мен оның сыбайластары. Топас ойлы, доғал Малқар 
да, жылпос Жақып та, дәурені өткен кәрі би

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал