Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет13/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының 

213
мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз...» 
Міне, бұл сөздерде Шығанақ еңбегіне берілген әділ де 
тамаша баға бар. Кеңес адамдарының жасампаздық 
еңбегінің қуатын Шығанақ бүкіл әлемге танытты. Оның 
ісі – социалистік ауылшаруашылығы қызметкерлері үшін 
үлкен өнеге. Шығанақтың өмірдегі осы биік тұлғасы романда 
да сол шынайы күйінде бейнеленген. Жазушы Шығанаққа 
жасанды қасиеттер қоспайды, қайта оны шындықта 
болған қалпында, реалистік түрде суреттейді. Романнан 
Шығанақтың жеке өз басына, тіршілік әрекеттеріне 
байланысты көп жәйттерді көреміз. Бірақ бұған қарап 
романдағы Шығанақ – өмірде болған Шығанақтың жалаң 
көшірмесі, жадағай сүлдері ғана деген жаңсақ қорытынды 
шығаруға, әрине, болмайды. Жазушы Шығанақ образын 
жасай отырып, өмірлік материалдан көркемдік шындық 
дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол колхоз құрылысы, жаңа 
дәуір тудырған еңбек адамының жинақты, типтік образын 
жасады. Романда Шығанақ жалғыз, жеке-дара алынбайды. 
Ол өзінің айналасымен, жолын қуған шәкірттерімен бірге
солардың қалың ортасында көрінеді. Романның Шығанақтан 
кейінгі кейіпкерлерінің ішінде басқалардан гөрі молырақ 
суреттелетіні – Олжабек. Автор Олжабек образын бар 
шындығымен, күрделі күйінде бейнелейді. Роман осы 
Олжабектің колхоздан қашып, көшіп жүруін суреттеуден 
басталатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұл оқиға, бір 
жағынан, колхозда судың алғашқы жылдарындағы кейбір 
шындық жайларды образды түрде ашады, көптеген жеке 
шаруалардың коллективтік шаруашылық жолына түсуі 
әрқилы  әрі қиын болғанын аңдатады.
Жазушы Олжабектің мұндай оспадар әрекетінің 
себептерін оның жекешілдік көзқарасынан, ұсақ шаруаға 
тән психологиясынан іздейді. Бұл өмір шындығына 
жанасымды да. Расында да, Олжабек кеңес өкіметіне, оның 
әділ саясатына қарсы емес. «Бұның тәртібіндей тәртіп, бар 
ма, шіркін! – дейді ол кеңес өкіметі жайында. – Ұрыға, 
байға қандай қас. Момынды сүйеді-ақ қой. Жәрдемін 
бір жағынан беріп жатады. Обалы не, «қара бұқараның 
табанына қадалған тікен маңдайыма қадал»,– деп отырды... 
Жайсыз тигені – осы бір колхозы...» Міне, Олжабектің 
ой-өрісі мен түсінігі де және ондағы қайшылықтар да 
оның осы бір сөздерінен анық байқалады. Ол колхозға 
енсем, қолымдағы азын-аулақ мал-мүлкімнен айырылып 
қаламын деп қорқады. Сөйтіп, шағын дәулетін «қызғыштай 
қорғап», қалың көпшіліктен даралануы, бойын аулақ салуы 

214
Олжабектің жекешілдік психологиясына, болмысына 
сыйымды. Оның бұл әрекеті романда көркемдік жағынан 
ақталған да.
Олжабек–еңбек адамы. Ол адал көңілмен, шын 
пейілмен еңбек етуді ұнатады. Көшіп бара жатып, 
колхоздың жыртылған егістік даласын, ондағы адамдардың 
еңбегін көргенде Олжабек қасындағы Жамалға былай 
дейді: «Шіркін-ай, жаңағы бір егінді ұқсатып-ақ жыртқан 
екен! Байқадың ба!.. Егер жұрттың бәрі жаңағы шалдай 
пейілмен істесе, бұл колхоз дүрілдеп-ақ кетер еді...» Әрине, 
Олжабек сол «қыңыр» күйінде кете бермейді. Ол колхозға 
енеді. Ал Олжабектің жоғарыда аталған қасиеті, яғни 
еңбексүйгіштігі оның колхозға енгеннен кейінгі өмірі 
мен іс-әрекеттерінен әсіресе анық байқалады. Колхоз 
құрылысының артықшылығын, коллективтің қуаттылығын 
саналы   түрде  түсінетін дәрежеге жеткеннен кейін Олжа-
бек сол коллективтегі алдыңғы қатарлы адамдардың біріне 
айналады, еңбек майданында тамаша табыстарға жетеді.
Шығанақ пен Олжабектің арасындағы еңбектің ортақ 
мүдделері тудырған достық та романда әсерлі суреттелген. 
Шығанақ өзінің игі бастамалары мен рекордтық өнім алу 
жолындағы іс-әрекеттерінде Олжабектен көп жәрдем 
алады.
Олжабектің отбасылық өмірі, оның Жамалға деген 
сүйіспеншілік сезімдері де шығармада қызғылықты 
бейнеленген. Ол бақытсыздыққа ұшырағанда жоғалтқан 
Жамалынан күдер үзбейді, оған деген ыстық та адал 
сезімдерін суытпайды.  Ақыр аяғында ол сүйіктісі Жамал-
мен кайта табысады.
Романда өзінің характерімен де, іс-әрекеттерімен де ең 
бір дараланып бейнеленген кейіпкерлердің бірі де — осы 
Олжабек. Өз ісіне қалтқысыз, адал берілген Олжабектің 
жан тазалығын, ұяңдығы мен аңқаулығын автор мейірлене 
суреттейді. Жазушының юмористік шеберлігі де оның 
осы Олжабек образын жасаудағы суреттеу тәсілдері 
мен ерекшеліктерінен анық байқалды. Қорыта келгенде, 
Олжабек образы арқылы да автор еңбек адамының өзіндік 
ерекшелігі мен даралығы мол, жарқын бейнесін жасай 
алды.
Жазушы Шығанақтың еңбектегі тамаша нәтижелерін 
кеңінен суреттеумен бірге оның ісін – қанатын кең жайып, 
молая түсетін құбылыс ретінде бейнелейді. Шығанақтың 
өзі баулып өсірген шәкірттері Амантай мен Жанботаның 
және басқалардың іс-әрекеттері бұған айқын дәлел. Өзара 

215
ұқсас, бір алуандас бұл екі образ көп реттерде бірін-бірі 
толықтыра түседі.
Амантай мен Жанботаның образдары арқылы жазушы 
қандай қиындықтар кездессе де жасымай, жайнай 
түсетін, тап басып, тіліп айтатын өткір тілді еңбексүйгіш 
адамдардың бейнесін берген. Амантай мен Жанбота 
Шығанақты еңбекте ғана қолдап қоймайды, сонымен 
қатар оның жаңалық бастамаларын да дер кезінде қуаттап 
отырады. Сөйтіп, автор Шығанақтың ой-арманы тек оның 
өзінің ғана тілегі емес, сонымен қатар бүкіл халықтың да 
көкейкесті мұраты болғанын, сондықтан да Шығанақ қалың 
көпшіліктің ішінен қолдау тауып отырғанын нанымды 
суреттейді.
Жанботаның адамгершілік мол сезімдері мен жемісті 
істері романның үшінші бөлімінде әсіресе ұтымды 
көрсетілген. Ер-азаматтардың көпшілігі майданға 
кетіп, Шығанақты ауру меңдеген қысылшаң шақта бар 
ауыртпалықты өз иығына алатын да – осы Жанбота. Бұл 
тұста ол өзін жігерлі, шебер ұйымдастырушы ретінде 
танытады. Шығанақтың жолын қуған, оның ақыл-кеңесін 
бекем ұстаған Жанботаның звеносы еңбек майданында 
тамаша көрсеткіштерге жетеді. Жанбота тек еңбексүйгіш 
қана емес, сонымен қатар аяулы ана, айнымас жар да. 
Жанботаның жан тазалығын, тұрақтылығын оның 
Амантайға деген сүйіспеншілік сезімдерінен айқын 
танимыз.
Жанбота мен Амантай образдарының осындай бағалы 
жақтарын атаумен бірге осы кейіпкерлердің бейнелерін 
жасаудағы автордың бір кемшілігі жайында да айтпасқа 
болмайды. Жазушы Амантай мен Жанботаның тура 
мінезділігін, өткір әзіл-қалжыңын баса көрсетемін деп 
отырып кейде шектен шығып кетеді. Мұндай реттерде бұл 
кейіпкерлер, әсіресе, Амантай сыпайылық сезімдерден 
жалаңаштанып қалады, ал жазушы натурализмге бой 
ұрады.
Романда біркелкі сараң көрінгенмен, өзінің характерін 
бірсыпыра айқын танытып тастайтын кейіпкер – колхоз 
председателі Шәңгерей. Ол колхоз дәулетінен ешқандай 
шашау шығармай, оны байыған үстіне байыта түсуді 
ойлайтын адам. Бірақ ол өзі басқарып отырған колхоздың 
шаруашылығын жан-жақты дамытудың кең өрісін тани 
білетін және таба алатын адам емес. Ол тек қолыңдағыдан 
айырылмауға, алдындағыдан көз жазбауға ғана тырысып 
қалт-құлт етеді. Бірақ осы Шәңгерей образын жасау 

216
арқылы көтерген    батыл  идеясын автор романда жеріне 
жет кі зе, терең аша алмаған. Сондықтан да даму үстінде 
көрінуге лайық, ішкі мүмкіншіліктері мол бұл образ 
еркін жетілмей, орта жолда қалып қойған. Романның 
жоғарыда айтылған бағалы жақтарымен қатар онда 
бірсыпыра елеулі кемшіліктер де бар. Бұл ең алдымен, 
романның кейбір кейіпкерлерінің толыққанды образ 
дәрежесіне көтерілмегендігіне байланысты. Романда 
партия қызметкерлерінің жарқын да шынайы образы 
жасалмаған. Әрине, шығармада бірнеше кейіпкерлер–
партия қызметкерлері бар.  Олар– партияның облыстық 
комитетінің секретары Василий Антонов, аудандық 
комитетінің секретары Ермағамбет, ауылдағы парторг 
Кәрібай. Бірақ гәп кейіпкерлердің санында емес, 
қайта олардың образдарының көркемдік қуатында, 
жинақтаушылық сипатында. Міне, осы тұрғыдан алып 
қарағанда, жоғарыда аталған кейіпкерлердің бірде-бірінің 
образы солардың шындықтағы дәрежесіне сәйкес болып 
шықпаған. Бұлардың ішінде романда суреттелетін оқиғалар 
тікелей өрбіп жатқан жерден алыста болғанмен, Антонов 
басқалардан гөрі көбірек көрінеді.
Бірақ ол есте қаларлық бір іс-әрекетімен немесе айқын 
характерімен танылмайды, жалаң да жалпылама сөздермен 
ғана көрінеді. Болып жатқан оқиғалардың байыбына барып, 
нақтылы басшылық етудің орнына Антонов көбінесе 
әсерсіз, жадағай үгіт айтып жүреді. Партия қызметкерінің 
лайықты образы, әрине, мұндай оңай да арзан тәсілдер 
арқылы жасалмақ емес. Ал Ермағамбет пен Кәрібай 
образдары тіпті бұл дәрежеге де көтерілмеген. Романда 
олардың тек аттары ғана аталады, әйтпесе ешқандай іс-
әрекет жасамайды. Партия қызметкерлері ретінде алынған 
бұл үш кейіпкердің тіпті бірде-бірінің образы шынайы 
дәрежеге көтерілмеуі – романның елеулі кемшілігі.
Агроном Сергейдің образы да көңілдегідей болып 
шықпаған. Романда Сергей ауылшаруашылығы туралы 
кеңестік озат ғылымның өкілі есебінде алынған. Бірақ 
автордың осы игі идеясы жеткілікті көркемдік шешімін 
таба алмайды. Романда Сергейдің Шығанаққа бергені, 
үйреткені аз. Ауыл шаруашылығы туралы ғылымның өкілі 
ретінде суреттелген бұл кейіпкердің образын шынайы 
түрде жасау арқылы, Шығанақтың тарыдан дүниежүзілік 
рекордтық өнім алу ісіндегі, сол ғылымның шешуші рөлін 
көрсетуге болатын еді. Шығанақты қолдап, оның үстіне 
ғылыми тұрғыдан бағыт, көмек беріп отырудың орнына 

217
Сергей көп реттерде қайта Шығанаққа қарсы келеді, оның 
диханшылық тәжірибесіне шүбәлі көзбен қарайды. Әрине, 
Шығанақ пен Сергейдің арасында келіспеушіліктер, пікір- 
таластар болуы мүмкін. Бірақ жазушы бұл екі кейіпкер 
образдарының арасалмағын ауыстырмауға, негізгі 
нысанадан көз жазбауға тиіс еді.
Романдағы кемшіліктердің бір тамыры ондағы 
тартыстардың үнемі бірдей өмірлі, өткір болып келмей
жібі босап, сұйқылт тартып кететіндігінде. «Шығанақта» 
кеңес адамдарының тасбауыр табиғатқа қарсы қажырлы да 
қайсар күресі шынайы суреттелген. Ал адамдар арасындағы 
тартыс өткір күйінде берілмеген. Тіпті романның алғашқы 
бөлімінде, яғни әлеуметтік шиеленіскен қақтығыстарға 
толы кезеңді суреттейтін эпизодтарда да тартыс тым босаң, 
сылбыр өрбиді. Романның екінші, үшінші бөлімдерінде 
тартыс тіпті де өрістемейді, ал оның автор қолдан жасаған 
кейбір схемалық көріністеріне оқушы иланбайды.
Мысал ретінде Шығанақ пен Төкеннің арасындағы 
тартысты алып қаралық. Жазушының таныстыруынша 
Төкен – бұрын ірі байдың баласы. Ал кейін ол бой тасалап, 
кеңес мекемесіне орналасып алған, яғни аудандық су 
бөлімінің бастығы болып істейді. «Төкен – осы Ойылдың 
бел баласы. Шығанақ – оның төңірегіндегі жатақтың 
бірі. Көптің бірі болған Шығанақты Төкен байқамауы 
мүмкін. Көп ішіндегі жалғыз Төкенді Шығанақ жақсы 
біледі. Кебеже қарын, салпы бұғақ байбатша, біресе 
жуан жұдырық Төкен бүгін маман болып тағы да әмір 
етсе, Шығанақ шыдар емес», – деп жазады автор. Міне, 
осыдан кейін оқушы Төкен мен Шығанақтың арасында 
өткір тартыс өрістейтін болар деп үміттенеді. Бірақ 
оның бұл үміті ақталмайды. Рас, тек романның алғашқы 
тарауларында Шығанақ пен Төкеннің арасындағы тартыс 
сәл ғана белгі береді. Жер суландыратын машинаны 
пайдаланып, тары өнімін арттырмақ болған Шығанаққа 
Төкен қарсы шығады. Бірақ Шығанақ бұған мойымайды. 
Ол облыс орталығына дейін барып, өз дегеніне жетіп, жер 
суландыратын машина алып қайтады. Міне, Шығанақ 
пен Төкеннің арасындағы тартыс, шындығында, осымен 
аяқталады да. Бірақ автор осы тартыс желісін жасанды 
түрде үзбеуге тырысады. Төкен Шығанақты аяқтан шалып, 
оған қастандық ойлайтын сияқты болып көрінеді. Әйтсе де, 
ол аршынды әрекет жасай алмайды. Оның үстіне Төкеннің 
тартыс тәсілдері мен жолдары да тым жұпыны, жадағай. 
Төкен осылайша сүйретіліп келіп тек соғыс кезінде, онда да 

218
Ахмет ұсталғаннан кейін барып қана әшкереленеді. Сөйтіп, 
Төкеннің іс-әрекеттеріне байланысты алынған тартыс 
қаншалықты сұйық та сылбыр өрбісе, оның шешілуі де 
соншалықты жасанды, нанымсыз.
Ахметке байланысты жәйттер де оқушыда осындай 
жасандылық сезімін туғызады. Романның басқы тарау-
ларында    көрінгеннен  кейін  Ахметтің  шығармада кейін 
суреттелетін оқиғаларға  ешқандай  қажеті  жоқ  және  оның 
тағдырының немен тынатыны оқушыны қызықтырмайды 
да. Егер Ахмет романның соңғы тарауларында қайта бой 
көрсетпесе, онда бұдан романның идеялық-композициялық 
тұтастығына ешқандай нұқсан келмеген болар еді.
Жазушы өз кейіпкерлерінің небір аяулы сезімдерін, 
жүрекжарды ойларын, жан толқындарын әсерлі де нәзік 
бейнелеудің орнына кейбір реттерде натурализмге бой 
алдырады. Мысалы, романның ұнамды кейіпкерлері 
Амантай мен Жанботаның бір-біріне құштар ықылас ты лы-
ғын білдіретін эпизод былай берілген:
«Жанбота таранып, қаранып тұрып-тұрып, суға қойып 
кетті. Амантай атып түсіп, бар киімін сыпырып алды.
– Ой, әдепсіз! – деді Жанбота көре салып.
– Сен әдепсіз!–деді Амантай киімді астына басып алып.
– Мен неге әдепсіз?
– Е, менің көзімше неге жалаңаштанасың?
– Қашан сенің көзіңше? Жаңа келдің ғой жалақтап.
– Жоқ, мен манадан бері көріп жатқанмын.
– Көзің тойса, киімді бер.
– Көңілім әлі тойған жоқ. Шық бері!
– Сен көрген етімді шабақ жесе болмай ма!
– Ендеше отыр осылай, – деді де, Амантай киімді 
қолтықтап жүре берді.
– Тоқта, тоқта!–деді Жанбота шыдай алмай. Амантай 
қайта оралды:
– Не айтасың?
– Сен қазақтың ескі салтын істедің. Лайық па осы 
бойыңа?
– Өзгесін білмеймін, қазақтың осынысы ұнайды маған.
– Мәдениеттен безіп пе ең?
– Малталап езер уақытым жоқ. Мәдениетің сол болса
сорлыға берсін. Мен балталап, домбайлап-ақ келтіре берем.
– Махаббат – нәзік нәрсе, домбайыңа көне бере ме?
– Жоқ. Махаббат – берік нәрсе, балталасаң да 
сынбайды. Кейбіреулер өңдеймін деп мойнын қылдай, 
сирағын шидей қылады да, сынып кетсе, ойбай сап отыра 
қалады. Менің махаббатым дөкірлеу болар, бірақ сынуға 

219
жоқ, өмірге кетеді». Міне, Амантай мен Жанботаның 
сүйіспеншілік жайында алғаш рет «сыр шертуі» осылай 
бейнеленген. Мұндай бейпіл де жалаңаш суреттеулер 
кейіпкерлердің характерін ашпақ емес, қайта оқушыда 
ұнамсыз әсерлер қалдырады.
Романда табиғат суреттері аз. Ал ұшыраса қалған күнде 
де олар кейіпкерлердің сезінулері мен түйсінулеріне, 
шығармадағы оқиғалар өрбуіне тығыз байланысты болып 
берілмейді. Рас, бұрын шөліркеп, құлазып жатқан даланың 
көңілсіз де сұрқай суреттері біркелкі тәуір бейнеленген. 
Бірақ кеңес адамдарының қажырлы да қуатты еңбегі 
арқылы келбеті мүлдем өзгерген өлкенің жарқын, ажарлы 
көріністері романда бояуы қалың суреттер арқылы 
берілмеген.
«Шығанақ» романының тілі, жалпы алғанда, түсінікті 
де көркем. Жазушы халықтың өмірі мен тағдырын, 
суреттеп отырған өлкенің тұрмыс өзгешеліктерін, сөйлеу 
ерекшеліктерін реалистік түрде танытуға ұмтылады. Бұл 
романның көркемдік қуатына, оның тілінің халықтық 
сипатының мол болуына әсер етпей қоймаған. Халықтық 
юмор мен өткір әзіл-қалжың, шешендік үлгілер «Шығанақ» 
романының тілдік ерекшеліктерінен әсіресе айқын 
байқалады.
Қорыта келгенде айтарымыз, «Шығанақ» романы– 
жазушының елеулі шығармасы. Жоғарыда аталған 
кемшіліктер оның жалпы идеялық-көркемдік бағалылығын 
жоққа шығара алмайды. Бұл романның біз үшін ең басты 
құндылығы мен қасиеті сол – жазушы онда заманымыздың 
ұнамды кейіпкерінің, еңбекті шығармашылық дәрежесіне 
дейін көтерген адамның типтік образын жасай алды.
                                                   * * *
Жазушының 1948 жылы жазған «Миллионер» атты 
повесі де колхоз тақырыбына арналған. Бірақ негізгі 
тақырыбы жағынан «Шығанақпен» ұқсас болғанмен, 
«Миллионердің» одан ерекше өзгешеліктері мен 
айырмашылықтары бар. Егер «Шығанақ» романында 
колхоздасудың алғашқы кезеңіндегі, кеңестік бесжыл-
дықтар және Ұлы Отан соғысы тұсындағы оқиғалар 
қам 
 
тылса, ал «Миллионер» повесі колхозды ауылдың 
соғыстан кейінгі өмірін суреттеуге арналған. Әрине, бұл 
екі шығарманың өзара негізгі ерекшеліктері олардың 
әртүрлі кезеңді қамтитындығына байланысты емес. 

220
Жазушы «Шығанақ» романында колхоз құрылысының 
қуаттылығы мен артықшылығын образды түрде бейнеледі. 
Ал «Миллионер» повесінде суреттелетін кезең үшін 
бұл– әлдеқашан шешілген, дұрыстығы тарихи дамудың 
барысында әбден ақталған, талассыз мәселе. «Миллионер» 
повесінен біз өрлеудің жаңа дәуіріндегі колхозды ауыл 
өмірін, ондағы жаңа адамдардың іс-әрекеттерін көреміз. 
Яғни «Миллионер» повесінде суреттелетін «Аманкелді» 
колхозы – біздің елімізде социалистік құрылыс біржолата 
жеңіп, халқымыз коммунизмге қарай батыл қадам басқан 
кезеңде тұрған колхоз. Сондықтан да повестің негізгі 
кейіпкерлері болып алынған колхозды ауылдың жаңа 
адамдарын жазушы коммунистік қоғам орнату жолындағы 
күрескерлер ретінде бейнелейді. Міне, «Миллионер» 
повесінің ең басты ерекшелігі оның осындай жасампаздық 
пафосына, коммунизм үшін жұмсалып жатқан қажырлы 
күрес рухына толылығында.
Жазылып біткен уақытынан бері қарай «Миллионер» 
повесі қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет жеке кітап 
болып басылып шықты. Ол көптеген шетел халықтарының 
тілдеріне аударылды. Бұл айтылғандар да повестің 
құндылығын, оның әсер етушілік зор қуатын айқындай 
түседі. «Миллионер» повесі республикалық және одақтық 
баспасөз беттерінде де татымды баға алды. Повесте 
көтерілген кейбір мәселелер әдебиет жұртшылығының 
арасында қызу да өткір пікірталастарын туғызды. Мұның 
өзі, ең алдымен, бүгінгі күннің толғағы жеткен, аса маңызды 
кейбір мәселелерін жазушының қызғылықты да батыл 
түрде қозғай алғандығын және жұртшылық назарын сол 
құбылыстарға баса аударуға ұмтылғанын көрсетеді.
Повесте қозғалған осы мәселелер мен тақырыптар 
қандай еді және жазушы оларды қалай көтеріп, қаншалықты 
дәрежеде көркем де терең шеше алды? Міне, енді осы 
жайларға ауысалық. «Қызу жиын. Керіс сөздер....
Жомарт: Жақып кем өлшеп, қанағат қылады. Қанағаты 
кейін тартады. Өскелең тілек кең өлшеп, алға тартады. 
Алға, жолдастар, алға!... Жақып: Арындама. Алдың жар... 
Бейсен: Әуелі Жақып асқан белдерден асып ал...» Повесть 
колхоз жиналысында болып жатқан осындай қызу пікір- 
таластарын суреттеуден басталады. Бұлай ету арқылы 
жазушы оқушы назарын салған жерден тартыс өрісіне 
меңзейді. Сонымен қатар осы бір қысқа да ұшқыр, отты 
сөздерден кейін шығарманың өн бойына тартылатын желілі 
тартыстың түйіні де бар. Колхоз председателі Жақып 

221
шаруашылықты өркендеудің өзі жасаған және басқарма 
бекіткен жоспарын ұсынады. Ал агроном Жомарт бұл 
жоспарды тым шағын, тапшы көріп, оған қарсы шығады. 
Сөйтіп, сырттай қарағанда Жақып пен Жомарттың өз 
аралығындағы келіспеушілік сияқты болып көрінетін 
бұл талас, шын мәнісіне келгенде, тіпті де олай еместігін, 
яғни бұл – нағыз жаңа мен ескінің арасындағы өткір 
тартыс екенін оқушы повесті оқыған сайын айқынырақ 
аңғара түседі. Расында да, кейбір әдебиетшілер айтқандай, 
Жомарт пен Жақыптың арасындағы тартыс – жақсы 
мен тәуірдің арасындағы келіспеушілік емес, керісінше, 
жаңа мен ескінің арасындағы нағыз өткір тартыс. Талай 
жылдар бойы колхозға адал басшылық еткен, оған көп 
еңбек сіңірген Жақыпты басқалар сияқты Жомарт та 
ұнатады, сыйлайды. Бірақ колхоз шаруашылығы өрлеудің 
жаңа биігіне көтерілгелі тұрған шақтағы Жақыптың тапшы 
тілектеріне, шағын мақсаттарына Жомарт мүлдем қарсы. 
Өйткені Жомарт колхоздың шаруашылық резервтері 
мен ішкі мүмкіншіліктерін терең өлшеп, ескере келіп, 
қияға көз салады, алысқа құлаш ұрады. Сөйтіп, «кем 
өлшеп, қанағат қылған» Жақып пен «кең өлшеп, алға 
тартқан» Жомарттың арасында принципті, өткір күрес 
басталады. Әрине, жақсы идея ұстанғанмен, Жомарт 
бұл күресте оп-оңай жеңіске жете алмайды, ол көптеген 
қиындықтар мен тосқауылдарға ұшырайды. Жақыпты 
бұрыннан сыйлайтын және Жомарттың жоспарының 
жүзеге аса қоюына соншалықты шүбәсіз сене қоймаған 
көпшілік Жомарттың жоспарын қабылдамай тастайды 
да, Жақыптың жоспарын бекітеді. Ауданның кейбір 
басшы қызметкерлері де Жомарттың ұсынған ойларына 
қарсы шығады. Бірақ Жомарт бұған мойымайды. Партия 
ұйымының қолдауымен және өз жоспарының орындалу 
мүмкіншіліктеріне колхозшылардың қалың көпшілігінің 
көңілін сендіру арқылы Жомарт ақыры жеңіп шығады. 
Жақып өтініш беріп орнынан түседі де, бұрынғы агроном 
Жомарт колхоз председателі болып тағайындалады.
Бірақ шығармадағы негізгі өзекті тартыс мұнымен 
тынып, таусылып қалмайды және осылай болуы әбден 
заңды да. Рас, Жомарттың жоспары қабылданды, ол 
ұсынған идеялар өтті. Бірақ ең маңызды, басты мәселелер 
сол идеялардың шындыққа айналуында, жүзеге асуында. 
Сондықтан да жазушы өз назарын осы мәселеге әсіресе 
мол аударады.

222
Повестің екінші бөлімінде Жомарттың және ол 
бастаған еңбек адамдарының жоғарыда аталған жоспарды 
орындау жолындағы қажырлы күресі суреттеледі. 
Ал повестің соңғы, үшінші бөлімінен олардың сол 
жасампаздық еркі мен тегеурінді еңбегінің тамаша 
көріністерін, игілікті нәтижелерін көреміз. Колхоз электр 
қуатына ие болып, ондағы ауыр жұмыстардың барлығы 
механикаландырылады. Колхоздағы қоғамдық малдың 
тұқымы асылдандырылады. Сөйтіп, колхозшылар ауыл- 
шаруашылығы мен мал шаруашылығынан бай өнімдер 
алады. «Аманкелді»–миллионер колхозға айналады. Кол-
хоз шылардың тұрмысының мәдени дәрежесі де көтеріледі.
Осылайша, повесть шаруашылығы зорайып, қоғамдық 
дәулеті шалқып тасқан, мәдениеті де жоғары көтерілген 
колхозды ауылдың еңбек пен қуанышқа толы бүгінгі 
өмірін және оның бұдан да жарқын болашаққа қарай 
ұмтылған қажырлы беталысын суреттеумен аяқталады. 
«Миллионер» повесінде жазушы колхозшы ауылдың 
бүгінгі өмірін, негізінен алғанда, шынайы бейнелей алды. 
Ол уақыт алға тартқан көптеген маңызды мәселелерді 
дер кезінде қозғады және олардың бірсыпырасын өмір 
шындығына сәйкес, шеберлікпен шеше алды. Рас, біздегі 
колхоздардың барлығы бірдей «Миллионердегі» Аманкелді 
атындағы колхоздай емес. Бірақ сол «Аманкелді» колхозы 
алдыңғы қатарлы, озық колхоздарымыздың жиынтық 


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал