Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет12/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

   1959–1960жж.
ЖАЗУШЫ  ЖӘНЕ  КЕЙІПКЕР
Шығармашылығында өзі өмір кешкен дәуірдің 
шындығын бейнелеу, оның алдыңғы қатарлы идеяларын 
көркем образдар арқылы білдіру–суреткер үшін аса 
қажетті әрі бағалы қасиет. Осы ерекшелікті басқа 
көрнекті жазушыларымызбен бірге Ғабиден Мұстафиннің 
шығармашылығынан да айқын көреміз. Оның таңдаулы 
шығармаларының барлығы да кеңес шындығын суреттеуге, 
заманымыздың әр кезеңдегі маңызды оқиғаларын 
бейнелеуге арналған. Жазушының жұртшылық жылы 
қабылдаған және халыққа кеңінен танылған «Шығанақ», 
«Миллионер», «Қарағанды» романдары бұған айқын айғақ 
болып табылады.
Әдебиетімізге жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінде 
келгенмен, Ғ.Мұстафиннің жазушылық қызметінің кеңінен 
өрістеп, шығармашылық мол өнімдер берген кезеңі – 
соңғы жиырма жылдың шамасы. Оның жоғарыда аталған 
шығармалары – дәл осы кезеңнің жемістері. Жазушы 
өзінің бұл романдарында жаңа дүниені жасаушылардың 
қажырлы еңбегін бейнеледі, замандастарымыздың кесек те 
айқын образдарын жасауға ұмтылды. Аталған шығармалар 

204
жазушының өз шығармашылығының елеулі табыстары 
болумен қатар жалпы әдебиетіміз үшін де ерекше қызмет 
атқарды, яғни әдебиетіміздің бетін бүгінгі күнге қарай 
батыл бұрып, онда кеңес адамдарының жасампаздық 
еңбегі мен жаңа тұрпатын бейнелеу тақырыбын көтеру 
ісінде Ғ.Мұстафин өзінің шығармалары арқылы елеулі 
еңбек сіңірді. Жазушы Ғабит Мүсірепов қазақ кеңес 
жазушыларының үшінші съезінде жасаған қосымша 
баяндамасында Ғ.Мұстафин шығармашылығының осындай 
ерекше сипаттары мен маңыздылығын атап көрсете 
келіп былай деді: «Екі съездің арасындағы он бес жылдың 
ішінде үш роман берген Ғабиден Мұстафин осы дәуірдің 
ішінде қазақ кеңес прозасынан өзінің тиісті орнын алумен 
бірге әдебиетіміздің бетін бүгінгі өмірімізге бұруымызға 
да үлкен жетекші болды. Бұл оның шығармашылық 
биографиясындағы елеулі ерекшелігі. Басқа жаққа 
ауытқымай, бүгінгі кеңес шындығын жырлау екінің бірінде 
кездесе де бермейді. Оның үстіне жазушының іздену 
талаптары тұтас бір бағытта болғандықтан табысы да олқы 
емес. Ғабиден типтерді де, типтік жағдайларды да өзіміздің 
кеңес шындығынан алып өсіп келді»
*
. Жазушының бұл өсу 
жолы біркелкі болған жоқ. Шығармашылық өсу, іздену 
бағытында ол талай қиыншылықтарға кездесіп, жалаң 
натурализм мен арзан қарадүрсінділікке бой алдырған 
шақтары да болды. Бірақ Ғ.Мұстафин бұл «өсу жолындағы 
ауруға» шалдығып қалмай, кездескен қиындықтарды батыл 
түрде жеңуге, өзінің жазушылық шеберлігін шынықтырып, 
жетілдіре беруге әрдайым ұмтылып отырды. Оның осы 
ізденулері мен ұмтылулары босқа кеткен жоқ. Ол бір 
кітаптан екінші кітапқа ауысқан сайын қаламы ұшталып, 
буыны бекіп, биіктей түсіп келеді. Жазушының сол 
шығармаларына, оның осы өсіп, биіктей түсіп келе жатқан 
шығармашылық жолына көз жіберіп қаралық.
Өзінің ең тұңғыш көлемді шығармасы – «Өмір не 
өлім» романын Ғ.Мұстафин отызыншы жылдардың 
аяқ кезінде жазды. Жазушы бұл романында сол кездегі 
қазақ кеңес прозасында әлі кеңінен көтерілмеген ең бір 
қиын да игі тақырыпты – өндіріс тақырыбын қозғайды. 
Романда суреттелетін оқиғалардың негізгі өрби 
тін 
орны–Қарағанды. Автор патшалық Ресей тұсын да ағыл -
шын капиталистерінің қолында болған, құр сүлде рі ғана 
бар Қарағанды көмір өндірісі кеңес өкіметі жылдарын-
* Әдебиет және искусство журналы, № II,1954 ж. 64-б.

205
да бұл мешеуліктен құтылып, одақтағы аса ірі өндіріс 
орындарының біріне айналғанын реалистік түрде 
суреттеуге ұмтылады.
Жазушы Қарағанды көмір өндірісін жасаудағы 
қиындықтарды жуып-шаймайды, қайта оларды ешбір 
бүркемелеусіз шынайы түрде суреттейді. Кеңес адамда-
рының тегеурінді еңбегі арқылы өзгергенге дейінгі 
Қарағандының   сиқын, мүшкіл  халін  мына  бір  көріністер-
ден айқын аңғаруға болады:
«Сусыз, бұтасыз сұлап жатқан құба жонның жотасында 
тырнаның мойнындай сорайып, бұзылған заводтың жалғыз 
тұрбасы тұр. Сауысқан басына қонып алып, шықылық-
шықылық етеді. Тұрбаның бауырында сыры кетіп, сыны 
ғана қалған жалғыз кірпіш үй, қожалақ-қожалақ бес-алты 
тас барақ бар. Бұлармен аралас төбе-төбе, жота-жота 
болып жатқан көмір қордалары, жер болуға айналған крест, 
айшықты адам молалары...» Міне, моладай жансыз, безеріп, 
құлазып жатқан осынау меңіреу далада еңбек адамдарының 
қажырлы еңбегі мен қажымас қуаты арқылы өндіріс алыбы 
салынады, жаңа дүние орнатылады. Еңбектің осындай зор 
майданына араласқан адамдардың тағдыры мен тартысы 
«Өмір не өлім» романында белгілі дәрежеде тартымды да 
қызғылықты бейнеленген.
Дегенмен, бұл романда елеулі-елеулі кемшіліктер 
болды. Жазушының шығармашылық тәжірибесінің аз-
ды 
ғынан, оның өмірлік мол материалдан көркемдік 
жинақтау жасай алмауынан «Өмір не өлім» романының 
көптеген кейіпкерлері шынайы образдар дәрежесіне 
көтерілмеді, онда қозғалған тақырыптар жеткілікті түрде 
көркем де терең шешілмеді. Сондықтан да кейін, яғни 
шығармашылық жағынан есейіп, тәжірибесі молайған 
шақта жазушы Қарағанды тақырыбына қайта оралды. 
Осының нәтижесінде «Қарағанды» романы туды. Әрине, 
«Қарағанды» романы — «Өмір не өлімнің» жалғасы немесе 
өңделген нұсқасы емес. Жазушы Қарағанды жайында соны 
да дербес жаңа шығарма жазды. Бірақ бұл ретте ол «Өмір не 
өлімнің» материалдарын және оны жазу үстіндегі бұрынғы 
тәжірибесін екшей отырып, өсіре, тереңдете отырып 
мол пайдаланды. Сондықтан да біз кейін кезегі келгенде 
«Қарағанды» романына кеңінен тоқталамыз, ал «Өмір не 
өлім» романына терең де толық талдау жасап жатпай-ақ, 
жоғарыда айтылғандармен ғана шектелеміз.

206
* * *
Ғ.Мұстафиннің шығармашылығындағы ең бір бағалы 
да ерекше қасиет – оның бүгінгі күннің оқиғаларын, өз 
өміріміздің шындығын бейнелеуге басқалардан гөрі бұрын 
барып, батыл қадамдар жасайтындығы екендігін жоғарыда 
атап айтқан болатынбыз. Жазушының «Шығанақ» романы 
да оның шығармашылық осы ерекшелігін айқын танытты.
Социалистік  реализм әдебиетінің негізін салған кемең-
гер Горький кеңес әдебиетінің негізгі кейіпкері – еңбекті 
шығармашылық дәрежесіне дейін көтерген жаңа адам 
екенін кезінде атап көрсеткен болатын. Шынында да, кеңес 
халқының шығармашылық еңбегі әдебиетіміздің ең басты, 
қозғаушы тақырыбына, ал еңбек адамы әдебиетіміздің ең 
негізгі және сүйікті кейіпкеріне айналды. Ғ.Мұстафиннің 
«Шығанақ» романы да осы игі тақырыпқа, яғни еңбек 
адамын суреттеуге, оның ғажайып істерін мадақтауға 
арналған. Жазушы бұл тақырыпты тары егісінің үздік 
маманы, аты бүкіл дүниежүзіне мәлім Шығанақ Берсиевтің 
өмірі мен еңбегін шынайы түрде суреттеу арқылы нақтылы 
шешеді.
Романда суреттелетін оқиғалардың қамтитын кезеңі 
үлкен. Яғни колхоздасудың алғашқы жылдарындағы 
оқиға 
 
ларды суреттеуден басталған шығарма Ұлы Отан 
соғысы кезіндегі колхоз өмірінің алуан түрлі көріністерін 
бейнелеумен аяқталады.
Роман үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқы бөлімінде 
суреттелетін оқиғалардан біз колхоздасу кезеңінің 
көптеген көріністерімен танысамыз. Колхоздасу жылдары 
біздің еліміздің тарихындағы аса бір елеулі, ұлы кезең 
болып саналады. Коммунистік партияның даналық 
саясаты мен басшылығы арқасында бұл жылдарда бұрын 
жоқшылық көріп, тұйық та бытыранды өмір кешіп келген 
миллиондаған шаруалар дамудың жаңа жолына, социалистік 
шаруашылық жолына түсті. Бірақ бұл оңай, жеп-жеңіл бола 
қалған жоқ. Кейбіреулер бұл жолға алғашқыда жаза басып, 
көп қиындықтарды бастан кешіріп барып келді. Роман 
кейіпкерлерінің бірі Олжабек те осындай бұралаң жолдан 
өтеді.
Роман осы Олжабектің жайын суреттеуден басталады. 
Негізінен алғанда, кеңес өкіметін жақтайтын, бірақ 
колхоздасу сияқты тарихи бетбұрыстың маңызы мен 
мақсатын дұрыс түсінбейтін Олжабек колхоздан қашып 
ауа көшеді. «Аспан асты кең», колхозсыз ел табылады деген 
тұлдыр үмітпен ол талай жерді аралайды. Бірақ колхозға 

207
ұйымдаспай отырған елді Олжабек, әрине, таба алмайды. 
Сөйтіп жүріп ол бақытсыздыққа ұшырайды. Иесіз тауды 
мекендеген ұрылар оны соққыға жығып, мал-мүлкін 
талап әкетеді. Оның  әйелі Жамал мен баласы Сағынтай 
да жаудың қолында кетеді. Сөйтіп коллективтен бойын 
аулақ салған Олжабек айдалада қаңғырып жалғыз қалады. 
Талықсып жатқан оны Шығанақ тауып алады. Екеуі танысып 
достасады. Шығанақ Олжабекті өз колхозына әкеледі. 
Мұнда Олжабек жаңа өмірге бет бұрған адамдардың 
ауқаттана бастаған тұрмысын, шаруашылығын көреді. 
Ол колхоз туралы бұрынғы теріс түсініктерінен арылады. 
Жазушы кейіпкерінің тағдыры мен ой-сезіміндегі осындай 
өзгерістерді өзара салыстыра суреттеу арқылы колхозды 
өмірдің, коллективтік шаруашылықтың артықшылығын 
ұтымды түрде ашып тастайды.
Шығанақтың тары өнімін арттыру жолындағы 
қажырлы күресінде Олжабек оған сенімді көмекші 
болады. Ойыл өзенінің суын пайдалану арқылы құлазып 
жатқан далаға жан кіргізу, тары егісінен мол өнім 
алу сол өлкені мекендеген халықтың ежелгі арманы 
болатын. Халықтың осы игі арманының жаңа дәуірдегі 
жоқшысы – Шығанақ. Бірақ колхоз құрылысының ең 
алғашқы жылдарында ол бұл арманын орындау жолында 
аршынды әрекеттер жасай алмайды. Өйткені ол көптеген 
қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындықтар, бір жағынан, 
сараң табиғаттың қатыгез жағдайларына және оған қарсы 
қолданылатын техниканың тапшылығына, екінші жақтан, 
колхоз құрылысы жауларының қастандық әрекеттеріне 
байланысты болып келеді. Шығанақ және оның серіктері 
бұған мойымайды. Олар жоғарыда аталған қиындықтардың 
барлығын да батыл әрі табысты түрде жеңе алады. Өйткені 
олар партиялық басшылыққа және қалың көпшіліктің 
қолдауына сүйенеді. Міне, романның алғашқы бөлімінен 
колхозды ауылда туындап дамып жатқан осындай алуан 
түрлі өзгерістер мен күрделі жаңалықтарды және ондағы 
Шығанақ сияқты еңбек озаттарының тас мінез табиғатты 
бағындыру жолындағы тегеурінді де қажырлы күреске 
қажетті дайындықтар жасап жатқанын көреміз. Романның 
екінші бөлімі «Рекорд алдында» және «Алғашқы рекорд» 
атты тараулардан құралған. Бұл тарауларда суреттелетін 
оқиғалар жасампаздық еңбектің тамаша поэзиясы мен 
романтикасына толы. Алғашқы тарауда Шығанақтың және 
оның серіктерінің рекордтық өнім алу жолында алдын-ала 
еткен еңбегі, алуан түрлі іс-әрекеттері баяндалады.

208
Жер жайын, топырақ бабын жақсы білетін Шығанақ 
егістік участоктың орнын өзгертеді. Бұл, әрине, оп-оңай 
бола салмайды. Осыған байланысты қосымша көп еңбек 
сіңіруге   тура   келеді. Жаңа егістік участок пен Ойыл 
өзенінің ара сын да үлкен арық қазылады. Сол арқылы су 
барып, қуаң далаға жан бітіреді. Егістікке су шашатын 
машина да сол жерге барып орнайды. Бұл тарауда жазушы 
екі нәрсені баса суреттеуге ұмтылады. Олар – өзінің мол 
тәжірибесіне сүйенген, ой көзі көреген Шығанақтың 
көпшілікті шебер ұйымдастырып, жаңалыққа қарай 
бастай білуі және қалың көпшіліктің жемісті де қажырлы 
еңбегі. Колхоз игілігіне қызмет ету, қоғамдық дәулетті 
молайта беру мақсатына қалтқысыз берілген адамдардың 
жанқиярлық еңбегін жазушы  әсіресе мейірлене суреттейді.  
Социалистік  жарыс–еңбек өнімділігін  арттырудың  шешу-
ші шарттарының бірі екендігі де бұл тарауда образды түрде 
ұтымды ашылған. Жазушы еңбекті тек жасампаздық әрекет 
ретінде ғана емес, сонымен қатар адамды тәрбиелейтін 
мектеп ретінде де бейнелеуге ұмтылады.
«Алғашқы рекорд» аталатын тарау Шығанақтың 
алғашқы рекордтық өнім алуын және осындай тамаша 
нәтижеге жету (ол тары егісінің әрбір гектарынан жүз 
жиырма бес центнерден өнім жинайды) жолын суреттеуге 
арналған. Шығанақтың диханшылық мол тәжірибесі 
және оның агротехникалық әдістермен шебер де табысты 
ұштасқаны бұл тарауда шынайы суреттелген. Сөйтіп, 
автор Шығанақтың рекордтық нәтижеге жетуін – сараң 
табиғаттың әшейін бір жомарттығы ретінде емес, қайта 
ғылым, тәжірибе және еңбек ұласа келіп, сол табиғаттан 
күшпен еріксіз алынған жеміс ретінде, адам әрекетінің 
жемісі ретінде бейнелейді. Сондықтан да оқушы автор 
суреттеген жәйттер мен оқиғаларға қалтқысыз сеніп 
отырады.
Ал романның соңғы, үшінші бөлімінде Шығанақтың 
және оның серіктерінің Ұлы Отан соғысының қаһарлы 
жылдарындағы қажырлы еңбегі суреттеледі. Қиындықтар 
мен қатерге, еңбек пен жеңіске толы сол бір жылдар 
әркімге де ауыр сын болды. Егер Төкен сияқты қастық 
ниеттегі адамдар жауыздық әрекеттерін өршітуге тырысса, 
ал Шығанақ сияқты еңбек адамдары өздерінің патриоттық 
қасиеттерін екіталай шақта әсіресе айқын әрі мол 
танытады. Жазушы алуан түрлі осы күштерді бір-біріне 
қарсы қоя, салыстыра отырып суреттейді. Романдағы ең 
негізгі, басты кейіпкер – Шығанақ. Бұл – тек жазушының 

209
өз шығармашылығындағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл 
қазақ кеңес әдебиетіндегі еңбек адамдарының ең бір 
жарқын, шынайы образдарының бірі.
Шығанақ образының көркемдік және әсер етушілік 
күші оның реалистік, жинақтаушылық қуатында. Оқушы 
Шығанақпен романның ең алғашқы тарауларынан бастап-
ақ танысады. Шығармада суреттелетін оқиғалар өрбуінің 
алғашқы кезеңінде ол романның басқа кейіпкерлерінен 
онша дараланып көрінбейді. Бұл тұста Шығанақ еңбек 
майданында да асып кеткен көрсеткіштер жасамайды. 
Бірақ Шығанақ характерінің кейбір ерекше белгілері, 
яғни еңбексүйгіштік және алған бағыттан, негізгі 
мақсаттан қайтпаушылық – оқушыға   салған   беттен-
ақ айқын да    әсерлі танылады. Жазушы романның өн 
бойына Шығанақтың осы қасиеттерін тереңдете отырып 
бейнелейді және оның арман-тілектерін іске асу, орындалу 
үстінде көрсетеді. Ойыл өзенінің суын пайдалану, шөлейт 
даланы игеру, сол арқылы тарыдан мол өнім алу жайындағы 
халықтың ғасырлар бойғы арманы Шығанақтың бойында 
тоғысқан. Бірақ ол халық арманын арқалаушы ғана 
емес, сонымен қатар жүзеге асырушы да. Өйткені жаңа 
дәуір, жаңа адамдар Шығанаққа оның бұл игі ойының 
жүзеге асуына кең мүмкіндік береді. Осы бір оптимистік 
ой Шығанақтың жүрегіне әбден ұялаған. Шығанақтың 
тарыдан мол өнім алуға шексіз сенетіндігін автор оның өз 
сөздері арқылы ұтымды аңдатады. «Әкем Берсе сақал, шашы 
ағарғанша қуды. Өзім он жасымнан бері қуып келемін. 
Құйрығын ғана шалдырады. Талай отырғызып кеткен 
уақыттары да болды. Онымен адастырған жоқ. Қайда барар 
дейсің бұл шіркін. Осы сапарда бір жүйрік мініп қайтсам, 
тары құтылмас менен»,– дейді Шығанақ. Бұл – оның өз 
күші мен қол жететін мүмкіндіктерді салмақтап, барлап 
барып айтқан сөздері.
Шығанақтың     жүйрік   деп   отырғаны – жер суланды-
ра тын машина. Осындай қуатты, «жүйрік» машинамен 
қаруланса, арманына тез жететінін Шығанақ жақсы түсінеді. 
Ойыл жері құнарсыз, оны машина арқылы суландырғанмен, 
ештеңе өнбейді дейтін мешеу көзқарастарға қарсы шыға 
келіп, ол былай дейді:
«... Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсе 
ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды 
қостым. Осының бәрі тарыны көп салып, көп алудың 
алға басқан амалы еді. Сонда кетпеннен ағаш соқа, ағаш 
соқадан темір соқа көп бермеді ме? Бұл дұрыс болса, енді 
машинаның көп беретіндігіне дауласу күлкі емес пе?».

210
Сөйтіп, Шығанақ техниканы жоғары бағалайды, оны 
еңбек өнімділігін арттырудың ең қажетті шарттарының бірі 
деп біледі. Бірақ ол бәрін де техника шешеді деген сыңаржақ 
ойдан аулақ. Шығанақтың түсінігінше, тарыдан мол өнім 
алудағы ең шешуші күш – адам және соның еңбегі мен 
білімі. «Машина, машина дегенмен, ол бәрін бітірмейді,– 
дейді ол,– машина тек су тарту үшін керек. Сусыз егін жоқ. 
Бірақ су да өздігінен жарылқамайды. Тарының дәні қандай 
көп болса, бабы да сондай көп. Бабын тапсаң, бермегенді 
береді. Сонда «жоғары көңілге қысқа қол да жетеді».
Шығанақта халыққа тән оптимистік үміт қана емес, 
сонымен қатар қажымас қайрат, жалын атқан жігер 
де бар. Сондықтан да ол өзінің алға қойған мақсатын 
орындау жолындағы күресте байсалды да сенімді. Оның 
жоспарының іске асуына көп адамдар кедергі жасайды. 
Біреулер батыл ойдың, үлкен мақсаттың тереңдігі мен 
күрделілігінен жасқанса, ал Төкен сияқты арам ниетті 
адамдар көрінеу қастандық әрекеттер жасайды, халықты 
алдауға, іріткі жасауға тырысады. «Әлі күнге берген жоқ, 
не керек соқыр үміт!–дейді Төкен, – машина жұмысы 
өнімді екенін әркім біледі. Жері келіскен күннің өзінде 
оған кадр, мұнай, мастерская керек. Мұның бірі бар ма 
сенде? Қаңғырған далада машинаның соқа басы сояудай 
боп немді бітірмек? Құр далбаса. Бұл – малдың даласы, 
құм...» Төкеннің бұл екіұдай, арам ойлы пікіріне Шығанақ 
халықтың жасампаздық еңбегі мен жарқын үмітін, өзінің 
тәжірибесін қарама-қарсы қояды. «Қалауын тапса, қар 
жанады». Бабын   тапса, құм да жанады,– деді ол,–Осы 
қазақ жерінің бетін көріп, астын әлі көрмей жүр. «Төкен, 
Төкен» дегенге лепіре бермей, артыңа, мына бізге де бір 
қарашы! Ел аузындағы аруана алты атаға барғанда туады. 
Еңкейген кәрі – еңбектеген жасты ержетеді деп қуанады. 
Машина жемісінің пісуі осыдан ұзақ боп па? Әйтпесе, 
жақсылық тіпті жақын көрінеді маған. «Ақыл ойдан 
артық емес», көре келе осы отырғанның бәрі машинаның 
құлағында ойнайды. Бір қаупің май болса, анау тамның 
түбін тартып қалшы, май атқып кетеді. Бәрін айт та бірін 
айт, тәуекелді айт». Бұл – жақсы ниет пен игі арманнан 
ғана туған, жалаң да жадағай сөздер емес. Өзінің бүкіл 
іс-әрекеті, қажырлы да жемісті еңбегі арқылы Шығанақ 
тәуекелмен айтылған осы сөздерін орындайды, өз ойының 
дұрыстығын дәлелдеп шығады.
Жазушы Шығанақтың тары егісінен рекордтық өнім 
алуын, оның осындай тамаша нәтижеге жету жолдарын 

211
нанымды әрі жан-жақты суреттеуге ұмтылады. Шығанақ– 
халықтың арманы мен үмітін ғана емес, сонымен қатар 
оның диханшылық даналығы мен тәжірибесін де бойына 
мол жинаған адам. Ол Ойыл төңірегінің жер қыртысын, 
өзгешеліктерін басқалардан жақсы таниды, топырақтың 
бабын келтіре біледі, тары тұқымын шеберлікпен 
сұрыптап жинап алады. Шығанақ ауа райының өзгерістері 
тары егісіне қаншалықты жағымды және зиянды әсер 
ететінін де барлай біледі. «Каспийден соғатын бір жел 
бар, тұқымды сол өткен соң себу пайдалы»,— деген 
тұжырым жасайды. Шығанақтың еңбек тәжірибесімен, 
диханшылық лабораториясымен таныстыратын мұндай 
эпизодтар романда мол ұшырасады. Шығанақтың 
рекордтық өнімге жетуінің басты сырларының бірі – 
оның ежелгі диханшылық тәсілдерді, өзінің тәжірибесін 
ғылым жаңалықтарымен ұштастыра білуінде. Сонымен 
бірге ол «ғылым табиғаттың құпия сырларының барлығын 
да ашып үлгерді, оның қағидалары мүлдем өзгермей 
қалуға керек» деген түсінікке де қарсы. Шығанақ пен жас 
агроном Сергейдің арасындағы мына бір диалогты мысалға 
алып қаралық: «–Жырту мен себудің арасындағы мерзім 
сақтала ма?
–Бірде сақталады. Бірде оған қарамаймыз,–деді 
Шығанақ. Сергей бұған да бір қынжылып қойды.
– Агротехниканы ескермегеніңіз бе, тіпті?
–Соның өзі топырақтың, дәннің бабын табу емес пе? 
Сіздер кейде кітапты құшақтап қатып қаласыздар. Күн 
кітаптың айтқанымен жүре бермейді. Кейде амал, кейде 
жаңбыр, суық. Мұндай райда сепкенмен, дән босқа бұғып 
жатады. Мен күн қызуы жерге өте бастағанда себемін. 
Сонда іле көтеріледі».
Тағы бірде Шығанақ осы ойын тұжырымдай келіп, 
Сергейге былай дейді: «Сен бала ылғи менің осал жағымнан 
шыға бердің. Осы ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ 
мына жер бетінде де бірдеңе қалды ма?» Бұл, әрине, тегін 
айтыла салған сөздер емес. Рас, Шығанақ ғылымға, оның 
әдістеріне қарсы емес. Жер  өңдеуде,  тарыны күтіп баптауда  
ол агротехникалық тәсілдерді мол қолданады. Бірақ ол 
барды мәз тұтып, қол қусырып отырудан аулақ. Ізденгіш, 
талаптанғыш Шығанақ тәжірибе мен ғылым әдістерін 
 
ұштастыра отырып, әлі кітап бетіне түспеген, бірақ жер 
бетінде жасырынып жатқан ғажайып сырларды ашады. 
Жазушы Шығанақ еңбегінің осы саласын нанымды да мол 

212
суреттеген. Романның бағалы қасиеттерінің бірі де осында. 
Романда Шығанақтың өмірі мен іс-әрекеттері кеңінен 
бейнеленген. Бұлай болуы, әрине, тек заңды ғана емес
қажет те еді. Автор Шығанақтың еңбегі, іс-әрекеттерімен 
бірге оның көңіл-күйлерін, жан толқындарын да терең 
суреттеуге ұмтылады. Шығанақ семьялық өмірде де, басқа 
адамдармен қарым-қатынастарында да өзінің ұнамды 
қасиеттерін мол танытады.
Шығанақ – мейірімді әке ғана емес, сонымен қатар 
жақсы тәрбиеші де. «Баланы тым есіртіп, тым мәпелеу 
де пайдалы емес. Ол өскенде не даңғой, не әйеншек 
болып шығады. Оған дейін өзіңді де мазалап бағар. Нәзік 
баланың тәжірибесі де нәзік»,– дейді ол. Өзінің балаларын 
тәрбиелеуде Шығанақ осы принципті берік ұстанады. 
Шығанақтың адамгершілік мол сезімдері оның Олжабекке 
жасаған қамқорлығынан, Амантай мен Жанботаны жемісті 
еңбекке жалықпай үйретіп баулуынан да анық байқалады. 
Жазушы Шығанақтың Отанға шексіз берілгендігін, халық 
игілігі жолында аянбай қызмет ететін патриоттығын да 
шынайы суреттейді. Шығанақтың патриотизмі оның 
Отан соғысы жылдарындағы іс-әрекеттерінен әсіресе 
айқын танылады. Ол еңбек қуанышымен, майдан 
жеңісімен қоса тыныстайтындай. Майдан хабарына 
үнемі құлақ түріп жүретін Шығанақ ұрыс даласындағы 
кейбір сәтсіздіктерге жаны ауыра, қабырғасы қайыса 
қайғырса, кеңес жауынгерлерінің тамаша жеңістеріне 
шын жүректен қуанады. Шығанақ майдан қажетінен, 
жеңіс мүддесінен қолда барын, бойындағы бар қуатын 
аямайды. Ол, бір жағынан, өзінің қорынан майданға көп 
көмек жөнелтсе, екінші жағынан, көпшілікті еселеген 
еңбекке жұмылдырады, ұйымдастырушылық қызмет 
атқарады. Өйткені ол әрбір дән жауға қарсы жұмсалар оқ 
екенін саналы түрде түсінеді. Жасының ұлғайғандығына 
әрі ауру меңдегеніне қарамастан, Шығанақ ел игілігі 
үшін еңбек етуден танбайды. Ол тары егісінің өнімін 
бұрынғыдан да молайтып, дүниежүзілік жаңа рекордтар 
жасайды. Атақты тарышыға академик Лысенко мынадай 
хат жазады: «Аса құрметті Берсиев Шығанақ жолдасқа! 
Сіздің телеграммаңызды алғанда нанар-нанбасымды 
білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 
200 центнерден  артық  астық алу мүмкін емес дегенге 
бекіген еді. Бұл жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын 
бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған 


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал