Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет10/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

1959 ж.
ІС-ӘРЕКЕТ ПАФОСЫ
Жазушылардың немесе ақындардың әрқайсысы 
әдебиетке әртүрлі жолдармен, әралуан дайындықпен 
келеді. Қайсыбіреулер өздерінің шығармашылық жолын 
шағын жанрлардан бастап, көркем сөз өнерінің кең 
өрісіне біртіндеп барып шығады. Ал енді бір авторлар 
толассыз іздене жүріп, өмірлік-тәжірибе мен суреткерлік 
байқауларға  молыға келіп, бірден-ақ кесек те кемел 
шығарма беріп тастайды. Біздіңше, шығармасы сөз болғалы 
отырған жазушы Зейін Шашкин осы соңғы аталғандар 
сынды авторлардың қатарына жатады. Рас, 3.Шашкиннің 
әдеби қызметі отызыншы жылдарда басталған-ды. Ол 
бірсыпыра әңгіме-очерктер мен сын мақалалар жазған 
болатын. Бірақ олар авторының жазушылық бетін айқын 
таныта алған жоқ еді. Түрлі себептермен біраз уақыт бойы 
шығармашылық қызметтен қол үзіп кеткен. З.Шашкин 
жазушылық өнерге кайта оралды және сәтімен оралды. 
Оның «Ұядан ұшқанда» повесі – осының айқын айғағы.
Повесть аса маңызды тақырыпқа, бірақ әдебиетімізде 
тым аз қозғалған тақырыпқа арналған. Яғни онда Жетісуда 
кеңес өкіметі қалай орнағаны, жаңа өмірдің таңы қалай 
атқаны жайында баяндалады. Бірақ бұл кезеңдердің 
оқиғалары Қазақстанның әртүрлі өлкелерінде жергілікті 
жағдайларға байланысты өзіндік ерекшеліктермен өрбіп 
дамыды. Өкінішке қарай, халқымыздың тарихындағы осы 
бір аса елеулі, шешуші кезеңнің күрделі де мол шындығы 
біздің әдебиетімізде әлі де болса толық, тұтас қамтылған 
емес. Бұл ретте әдебиетіміздің ең жетекші  жанры – проза 
әсіресе қарыздар. З.Шашкиннің повесі – осы олқылықтың 
есесін белгілі дәрежеде өтей алған шығарма. Повесте 
өрбитін оқиғалар негізінен алғанда Жетісу өлкесінде кеңес 
өкіметі орнап, жаңа өмірдің таңы атқан кезеңді қамтиды. 
Сондай-ақ, лирикалық шегіністер арқылы автор 1916 жылғы 
ұлт-азаттық қозғалысының көріністерін де елестете кетеді. 
Жалпы алғанда, жазушы алуан түрлі әрі күрделі оқиғаларға 
толы сол бір
 
қысылшаң кезеңнің сипаттарын, уақыт рухын 
аңдата алған.

178
1916 жылы  көтеріліс  күшпен  басылғаннан  кейін   
Синьцзянға өтіп кеткен қазақтар кеңес өкіметі орнағаннан 
кейін Жетісуға қайтып келеді. Олардың мұндағы жерлеріне 
бай қазақтар орналасып алған. Кеңес өкіметінің жаулары– 
контрреволюционерлер, ұлтшылдар, дін иелері осы 
ұрымтал жағдайды әккілікпен пайдаланады. Олар қазақ 
және орыс халықтарының арасына араздық отын тастайды. 
Өздерінің бұл арамза ниеттерін іске асыру жолында олар 
Орта Азиядағы керітартпалық күштермен де астыртын 
байланыс жасайды. Сөйтіп, автор повесть кейіпкерлерінің 
арасындағы тартысты – сол бір қысталаң шақтың қиян-
қилы тартысын жуып-шаймайды, қайта оны бар күрделі де 
өткір күйінде шынайы бейнелейді.
Осылайша, шығармасының тартыс желісін өмір 
шындығына сәйкестендіре отырып өрбітуі, кейіпкерлерінің 
өзара алыс-жұлқыстағы арасалмағын дұрыс анықтап 
алуы автордың өзі таңдап алған тақырыпты шынайы да 
көркем шешуіне   мүмкіндік  берген. Жалпы алғанда, по-
вес 
те өрбитін тартыстың өткірлігі мен шынайылығы 
және оның нанымды шешім табуы – шығарманың аса 
бағалы қасиеттерінің бірі. Автор мейлі Жетісу өмірін 
суреттесін, мейлі Орта Азиядағы, Бұхарадағы оқиғаларды 
бейнелесін, ол осы бағытынан танбайды, тартыс талқысын 
бәсеңсітпейді.
Сырттай қарағанда, осы Бұхарда болған оқиғаларды 
повестің сюжеттік желісіне енгізудің онша қажеттілігі 
жоқ сияқты. Бірақ байыптап қарағанда, бұлай емес 
екендігіне көз жеткізу онша қиын емес. Ең алдымен, 
автор Орта Азияда сол кезде болған оқиғаларды бастан-
аяқ толық қамтып, тізбектеп жатпайды, қайта олардың 
ішінен повестің негізгі кейіпкері Жүністің тағдыры мен 
талайына тікелей қатынасы бар және сол қалың ортасында 
жүретін оқиғаларды ғана іріктеп алады. Сонымен қатар бұл 
оқиғалардың Жетісуда болған өрелі өзгерістерді толықтыра 
түсу үшін, олардың мәнін тереңірек ашу үшін, жалпы сол 
бір кезеңнің рухын, тынысын тұтастай сездіру үшін де 
ерекше маңызы бар. Сөйтіп, повестің оқиғалары осылайша 
көптеген жерлерді қамтып, қабындап дамиды, өз аясына 
алуан түрлі адамдарды тартады. Шығарма кейіпкерлерінің 
тағдыры да осы оқиғалар өрбуінің барысында айқындалып 
отырады.
Повесте кейіпкерлер мейлінше мол. Бұл, бір жағынан, 
онда суреттелетін оқиғалардың күрделілігіне байланысты 
болса керек. Повестегі ең басты, тұлғалы образ және 

179
біздің ойымызша ең шынайы жасалған образ – Жүніс. 
Жүністің өмірлік жолы, тағдыры соншалықты күрделі әрі 
қиян-қилы. Халықтың қалың ортасынан шыққан, оның 
қайрат-қажыры мен ыза-кегін, еркіндікті аңсауы мен ар-
намысын бойына мол жинаған Жүніс кезеңі келгенде 
сол халықты азаттық жолындағы айқасқа бастайды. 
Бірақ Жүніс бастаған көтеріліс жеңіліс табады. Осының 
салдарынан торыққан әрі бұдан кейін болған оқиғалардың 
барысын аңдай алмаған Жүніс жазатайым жаңылыс 
басады. Жүніс әділдікті жақтайды да, аңсайды да, бірақ сол 
әділет қайткен күнде және қалай салтанат құратындығын 
ол түсіне алмайды. Оның елден айырылып, теріс жолға түсу 
трагедиясының сыры осында. Жүніс – табиғатынан діндар 
адам емес. Бірақ дін иелерінің теріс ықпалына түскен ол дін 
халықтың басын қосып біріктірудің, оны әділетті өмірге 
жеткізудің құралы деп түсінеді. Жүністің осы түсінігі өмір 
шындығына әрдайым қайшы келіп отырады. Ол ел ішінде 
болған шақта да, Ағзамға еріп Орта Азияның түкпір-түкпірін 
шарлаған кезде де өзінің бұл түсінігін бекерге шығаратын 
жағдайларға тап болады. «Мен Мұхаммедтің туы астында 
топтасқан халықты көрсем деп ем. Бақытты елде өмір 
сүрген бақытты мұсылманды көрсем деп ем...» – дейді ол 
Бұхардың әміріне. – Ал мен сол мұсылмандардың күні 
қараң болғанын көрдім, зар илеген үнін естідім... Оларды 
жұрттың бәрі де зәбірлейді... Әрине, Жүністің мұсылман 
деп отырғаны – зәбір-жапа шеккен қарапайым халық. Осы 
қарапайым жандарға дін иелері де, әмір де ешбір жақсылық 
жасамайтынын білгеннен кейін Жүніс олардан қол үзеді. 
Жат жандардың арасында, адасу жолында жүріп әбден 
қалжыраған әрі осы жаза басуы үшін іштей таусылып, 
жаны жүдеген Жүніс ақыр-аяғында Жетісуға қайтып 
келеді. Повесть Жүністің баласы Сахамен және басқа да 
жора-жолдастарымен табысуы, олардың бүкіл Жетісуды 
шапағына бөлеп, Алатаудан асып атқан таңды қарсы алуын 
суреттеумен аяқталады. Мұнда үлкен мән бар. Бұл таң – 
Жетісуда орнаған жаңа өмірдің таңы, азаттық таңы еді. Ал 
бұл таңға әркім әртүрлі жолмен жетті. Егер Саха, Бәкен, 
Төкейлер осы таңды атыру жолындағы күрестің ыстығына 
күйіп, суығына тоңса, ал Жүніс бұған бұлтағы көп бұралаң 
жолмен келді. Халықтан қол үзген адамның күні қараң, ал 
кімде-кім  халықпен бірге болса, ол өз бақытын табады. Міне 
осы ойды жазушы Жүніс образында көркем түрде бейнелей 
алған. Жүніс образының ең бағалы қасиеті осында, яғни 
оның халықтың қайрат-қажырын бейнелейтіндігінде. 

180
Повестің негізгі кейіпкерлерінің бірі–Саха Сағатов. 
Жүністің баласы болғанымен, ол әке тәрбиесін көп көрген 
адам емес. Авторлық шегіністер мен баяндаулардан, сондай-
ақ Саханың өзінің де ой-толғаныстары мен еске алуларынан 
оның Тоқаш Бокин сияқты революционерлермен бай-
ланысты болғанын, сөйтіп оның жастайынан азаттық 
үшін күрес жолына түскенін білеміз. Бірақ осы қасиет 
шығармада бейнеленген Саханың   тұлғасына  табиғи  түрде   
сіңісіп тұрған жоқ. Саха –партияның Жетісу облыстық 
комитетінің секретары. Яғни, ол осы өлкеде жаңа өмір 
орнату жолындағы күресті ұйымдастырушы. Өкінішке 
қарай, повестегі Саха шындықтағы Саханың осындай 
тұлғалы бейнесіне лайық дәрежеге көтерілмеген.
Автор Саханы қат-қабат қиыншылықтарға, шытырман 
шиырларға әрдайым кезіктіріп отырады. Бірақ Саханың сол 
асулардан қалай асқаны шығармада шынайы да нанымды 
бейнеленбеген.
Саханың әкесі Жүніске деген қатынасы да оқушыда 
екіұдай пікір туғызатын тәрізді. Сахамен арада болған 
түсініспеушіліктен кейін Жүніс ұшты-күйлі жоқ болып 
кетеді. Ол жайында әркім әртүрлі аңыздар таратады. 
Бір ғажабы сол – әке есімін Саха әрдайым түйткілдене, 
тітіркене еске алады. Айырылысқан, адасып кеткен әке 
жайында ең болмағанда оған іштей жаны ашып күйзелу, 
тебірену Сахада жоқ. Ол көбінесе әке қырсығы өзіме де 
тиеді-ау деген үрейлі ойда жүреді. Өзгесін былай қойғанда, 
Саха тіпті шешесі Фатиманың жай-күйі қандай екенін де 
онша біле бермейді. Осының бәрі Саханың жан дүниесін 
біраз жадау тартқызып тұр. Жалпы алғанда, Саханың 
образы тұлғалы да шынайы болып шықпаған. Оның бойында 
революциялық жігер, жасампаздық әрекет аз. Осыған орай 
оның рухани дүниесі де көп реттерде тереңдеп ашылмаған. 
Саханың бойында даралық, өзіндік сипаттар бар, бірақ 
жинақтаушылық қасиеттер тапшы. Көркем әдебиетте 
типтендіру принциптері даралау мен жинақтауды бөле-
жара қарамайтындығы, қайта оларды ажырамас тұтастықта 
алатындығы белгілі.
Біздіңше, повестің екінші басылуында немесе оның 
қазақша вариантын дайындағанда автор Саха образына 
қайта оралуға, сөйтіп оның бейнесін жетілдіре, шыңдай 
түсуге тиіс.
Ал повестің екінші қатардағы кейіпкерлерінің образ-
дарын жазушы бұдан әлдеқайда тартымды, қызғылықты 
етіп жасай алған. Байсалды да табанды Төкейдің, жігерлі 

181
де намысты Бәкеннің, арамза да адуын Сотниковтың, 
жырынды да жымысқы Сүгірбаевтың аз көрінгенмен, есте 
қалып қоятын бейнелері–бұған айқын дәлел. Жазушының 
адам образын жасаудағы, характер даралаудағы шеберлігі 
повестің Бұхардағы оқиғалар суреттелетін тарауларынан 
да анық байқалады. Автор сол кездегі Орта Азиядағы 
тарихи–әлеуметтік жағдайды, Бұхар әмірінің маңын 
төңіректеген адамдардың психологиясын, олардың өзіндік 
философиясын, әдет-ғұрпын Шығыстық дипломатияның 
алуан түрлі қыры мен жол-жорасын жетік біледі. 
Сондықтан да ол Бұхар әмірінің, Ағзамның, Ибраим-
бектің, Бурхан-Әддиниің, Мұхиддин-ибн–Аль-Араби 
деген лақап атпен жүрген ағылшын шпионы полковник 
Терренстің бейнелерін олардың өздеріне тән қалыпта 
нағыз суреткерлікпен мүсіндей алған.
Әрине, повестің барлық кейіпкерлері жайында түгелдей 
мұндай пікір айтуға болмайды. Олардың ішінде характері 
айқын дараланбаған, сондықтан да оқушы зердесінде 
қалмайтындары да бар. Мұның бір тамыры повесте 
кейіпкерлердің тым көптігінде болса керек. Өйткені автор 
кейіпкерлерінің барлығына бірдей қажетті іс-әрекет, 
идеялық-көркемдік қызмет тауып бере алмаған және бұлай 
ету шағын шығарманың көлемінде мүмкін де емес.
Повестің сюжеттік желісі, композициялық құрылысы 
қызғылықты әрі шеберлікпен тартылған. Ондағы оқиғалар 
әрі драмалық өткірлікпен, әрі динамикалық зор қуатпен 
қабындап, барған сайын өрши түсіп өрбиді. Сондай-ақ, 
автор оқушыны оқиға дамуына байланысты алуан түрлі 
жерлерге, тарихтың әрқилы кезеңіне әкетеді, бірақ оны 
негізгі тартыс желісінен жаза бастырмайды. Повестен 
З.Шашкиннің бұрын жарияланып жүрген әңгімелеріне 
тән ерекшеліктерді – бейнелілік пен тұжырымдылықты, 
шағын да ұшқыр фразаға ұмтылушылықты аңғару қиын 
емес. Кейіпкерлерінің ұлттық ойлау ерекшеліктері мен 
өзіндік сөз саптауларын да автор шебер жеткізіп бере алған.
Жалпы алғанда, З.Шашкиннің бұл повесі қазақ кеңес 
әдебиетіне елеулі үлес болып қосылмақ.
Біздің әдебиетіміз жаңа дүние орнату жолындағы 
күрескерлердің, жалынды революционерлердің тұлғалы 
бейнелерін   жасауға   әрдайым   беріле   ден   қойып 
отыр  ды. Бұл ретте әдебиетіміздің кең арналы, өскелең 
де өргелең жанры–көркем прозаның шығармашылық 
же 
мі 
сі әсіресе мол. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ 

182
кешу», С.Мұқановтың «Өмір мектебі», «Ботакөз», 
X.Есенжановтың «Ақ Жайық» романдары және басқа да 
көптеген шығармалар – бұған анық айғақ. Осы тақырыпты, 
яғни халқымыздың тарихындағы революциялық дәуірдің 
ғажайып шындығын, сол бір дауылды жылдардың 
отты оқиғаларын суреттеуді, көркем образдар тіліне 
түсіруді өз шығармашылығының өрісті өзегі етіп ұстаған 
жазушыларымыздың бірі – Зейін Шашкин.   Оның про-
за 
 
лық тұңғыш көлемді шығармасы саналатын «Ұядан 
ұшқанда» повесі осындай тақырыпқа арналғанын жоға-
ры да атап өттік. Жазушы кейін осы тақырыпқа қайта 
оралып, «Тоқаш Бокин» атты роман жазды. Егер «Ұядан 
ұшқанда» повесінде біз Тоқаштың есімін шығарманың 
басты кейіпкерлерінің бірі Саха Сағатовтың ол жайындағы 
естеліктерінен, ой-тебіреністерінен ғана білсек, ал соңғы 
роман атақты революционердің өмірі мен күресін, тағдыры 
мен талайын бейнелеуге тұтастай арналған.
«Тоқаш Бокин»–тарихи роман. Ондағы басты қаһарман 
мен көптеген кейіпкерлер – өмірде болған, сол кездегі 
қиян-қилы тартыс талқысына қызу араласқан жандар. 
Оның үстіне роман, негізінен алғанда, тарихтың нақтылы 
материалдарына құрылған. Әрине, шығармада өрбитін 
оқиғалардың барлығы да дәл сол күйінде болған еді, қазір 
тарихқа айналып кеткен фактілерге олар айна-қатесіз 
сайма-сай еді деп кесіп айтуға, тұжырым жасауға еш 
болмайды. Сөз өнері ретіндегі әдебиеттің шынайылығы 
оқиғаларды жалаң көшіре салуда емес, қайта солардың қат-
қат сырларын, әлеуметтік астарын ашып, рухын сездіруде, 
өмірлік болмыстың мән-мағынасын, сипатын бейнелі түрде 
аңдатуда. Тұтастай алғанда осы қасиет «Тоқаш Бокин» 
романынан да мол танылады.
Автор тарихи фактілерге мұқияттылықпен, зер сала 
қараған, шындықта болған оқиғалар мен ситуациялардың 
ауқымынан алыстап кетпеуге тырысқан. Өйткені тарих-
тың өзі жазушыға драмалық өткір тартысқа, әлеу мет тік 
мазмұнға толы мол материал берген. Бірақ  ол  сол оқиға-
ларды тізбектеп тіркемейді, тұтас та көркем суреттейді, 
олардың ішкі тереңіне үңіледі. Осы  айтылғандар 
романның өзіндік бір көркемдік ерекшелігін құрайды. Бұл 
онда реалистік бекем стиль мен басты-басты оқиғалық 
желілердің жанды тарих материалдарына сәйкестігі, 
жақындығының өзара ұласып, ұштасып жатқандығы. Роман 
1917–1918 жылдардың оқиғаларын қамтиды. Сол сияқты, 
онда жазушы негізгі кейіпкері Тоқаштың ой-тебіреністері 

183
ретінде берілген лирикалық шегіністер арқылы он 
алтыншы жылдың айбарлы шындығынан да көп нәрсе 
елестетеді. Бірақ ол бұған ала-бөтен дара мақсат көздемей, 
кейіпкерлерінің өткенімен таныстыру үшін және олардың 
іс-әрекеттерінің көркемдік мотивировкасын нанымды етіп 
ашу үшін барған. Автордың бұл талабы шығармада тарихи-
әлеуметтік жағынан да, көркемдік жағынан да ақталған.
«Тоқаш Бокин» романында  халықтың өмірі, оның тари-
хи тағдыры мен революциялық күресі айқын да талантты 
суреттелген. Шығарманың көптеген эпизодтары мен 
көріністерінен автордың Жетісу өлкесінің өткенін, оны 
мекендеген халықтардың әдет-ғұрыптары мен тілін терең 
білетіндігі, өмірлік байқауларға бай екендігі байқалады. 
Шындықта болған оқиғаларды неғұрлым көп қамтып 
суреттеуге тырысушылық және сонымен бірге жекелеген 
адамдардың тағдыры мен талайын да қағас қалдырмауға 
ұмтылушылық – жазушының суреткерлік дарынының 
ең басты ерекшеліктерінің бірі. Кейіпкерлерінің психо-
логиялық жағынан шынайы, алуан түрлі портреттерін 
беруде, олардың өмірі мен күресін революциялық кезеңнің 
айбарлы оқиғаларымен тығыз байланыста алып, астастыра 
көрсетуде де автордың шеберлігі анық сезіліп отырады.
«Тоқаш Бокин» романында оқиға қалың, әрекет мол. 
Шығарма оқиғаларын қабындата өрбітіп, тартыс талқысын 
күрделі де өткір күйінде суреттеуге оңтайлылығын жазушы 
бұрынғы туындыларында да айқын аңғартқан болатын. Ал 
көркем прозаның роман сияқты соқталы формасы оның 
шығармашылық қабілетінің осы бір қырының емін-еркін 
ашылуына әлдеқайда мол материал да, зор мүмкіндік те 
берген.
Романның оқиғалары бірде Алматы қаласында, біресе 
кең Сахарада қабаттаса, түйдектеле өрбіп отырса, ал 
енді бірауық оқушының көз алдына Қытайдағы Құлжа 
қаласының өзгеше бір алуан суреттері елестейді. Шығарма 
кейіпкерлерін революциялық күрестің от-жалынында, 
тайталас-тартыс үстінде де, отбасылық немесе жеке бастық 
тіршілік тұрмыстың әрқилы мезеттерінде де тұтас көреміз. 
Мұның бәрі, әрине, жазушының дәуір сипатын, уақыт 
философиясын, революция рухын барынша мол да шынайы 
аңдатуға ұмтылған талабынан туған. «Тоқаш Бокин» 
романында сылдыр сөзуарлық, ой жалаңдығы, риторикалық 
сарын жоқ. Онда кесек қимылдың, іс-әрекеттің пафосы 
басым. З.Шашкиннің жазушылық стиліне ерекше хас 

184
белгілердің бірі де дәл осында. Романда ұнамды және 
ұнамсыз кейіпкерлер образдарының тұтас галереясы бар. 
Олардың әрқайсысы, тіпті кейбір эпизодтық кейіпкерлер 
де шығармада өздерінің болмыс-бітіміне, шама-шарқына 
орай, характерлеріне меңзес идеялық-көркемдік қызмет 
атқарады. Кітаптың бүкіл өн бойына қиян-қилы драмалық 
өткір тартыс түйіндері шиеленісе ширап, адамдар өзара 
арпалыса алысып, әралуан характерлер қақтығысы болып 
жатады. Оның бастан-аяқ ықыласпен, қызғылықты 
оқылатындығы да осыдан.
Романдағы ең басты, ірі тұлға – Тоқаш Бокин. Шығарма 
осы Тоқаш өмірінің бір кезеңін көрсетуден басталады 
және оның қаза тапқанын суреттеумен аяқталады. Оның 
характері тұтас та айқын әрі бастан-аяқ динамикаға толы.
Он  алтыншы жылғы көтеріліс күшпен басылғаннан 
кейін сол қозғалыстың ұйытқысы болғандардың бірі Тоқаш 
Бокин түрмеде азап шегуде. Романның басты кейіпкерін 
оқушы ең алғаш осы халде көреді. «Адамды қанша байлап, 
тұтқында ұстаса да, көнгісі, үйренгісі келмейді екен. 
Тоқаш осы ойын кеше қатардағы камерада отырған Сәт 
ағасына сыр ғып та жазды. Осы сегіз айда Тоқаштың 
көксегені бостандық»,– деп суреттейді автор. Міне, роман 
бастан-аяқ осындай бостандықты аңсау рухына толы. 
Тоқаш та сол жолда аяусыз алысады. Халықтың еркіндігі, 
елдігі жолындағы күреске араласу оған қисапсыз көп 
сезім қуатын береді, оның өзі арман еткен идеалдарға 
деген ықылас-сенімін нығайта түседі. Ол әрдайым алған 
бетінен қайтпайтын, тура тілді, өткір мінезді адам ретінде 
бейнеленген. Революциялық шайқастардың от-жалынында 
суарылған сайын оның характерінің осы бір қыры да 
шыңдала, ширыға түседі. Тоқаш абақты азабын да тартады, 
оған алашордашылар мен дін иелері, контрреволюцияшыл 
бүлікші казактар талай рет қанды тор құрады, қара күш 
содырлары қапысын тауып, оны соққыға да жығады. Бірақ 
соның бәріне де ол жасып мойымайды, қайта революцияның 
жеңісі жолындағы күреске солғұрлым батыл, құлшына 
кіріседі. Аштықтан күйзелген халықты тығырықтан шы-
ғару, революцияның жаулары болған жуан жұдырық 
байлардың малын Қытайдан қайта көшіп, жүдеп-жадап 
келген жарлыларға алып беру кезінде де Тоқаш қайралған 
қанжардай өткірлік, уыттылық көрсетеді. Сондықтан да, 
қала мен қырдағы тап жауларының, контрреволюцияшыл 
қаралы күштердің барлығы да Тоқаштың соңына түсіп, 
жолына ор қазады. Олар қапысын тауып, Тоқашты қолға 

185
да түсіреді. Ақыры, солардың қолынан Тоқаш қаза табады. 
Жаулары оны өртеп жібереді.
Автор Тоқаштың өлімін күтпеген жерден, кездейсоқ 
бола салған оқиға ретінде суреттемейді. Бұл ретте де ол 
тарихи шындықтан алыстамаған. Тоқаш революция үшін, 
халық үшін құрбан болады. Оның қазасының қапыда келіп, 
қапияда тап болған өкінішті мезеттері де бар. Жазушы 
мұның да көркемдік мотивировкасын шынайы етіп бере 
білген. Тіпті, Тоқаш қазасының өзі де ол мұрат еткен 
күрестің ақиқаттығы мен әділеттігіне ең соңғы бір өлмес-
өшпес айғақ сияқты. Жалпы айтқанда, автор өзінің басты 
кейіпкерлерінің есте қаларлық, жанды да жарқын бейнесін 
жасай алған. Романдағы Тоқаш образын толықтыра, 
тереңірек аша түсетін бейнелердің бірі — Құрышпай. 
Шаршап шалдығуды, тайқақсуды білмейтін осы образдың 
бойында ұлттық сипат та соншалықты мол. Ол өзінің 
мұқалмас қажырымен, өнерімен, «сегіз қырлы, бір сырлы» 
мінезімен оқушыны әрдайым сүйсіндіріп отырады. Оның 
характері тұтас, бітімі айқын.
Тоқаштың орыс достарының ішінен романда өз 
тұлғасымен көрінетіні – Березовский. Ол – бір кезде 
революциялық қызметі үшін айдауда болған, ыстық-
суықты көп көрген кәнігі күрескер. Верный қаласындағы 
революциялық күреске де ол жанын сала араласады. 
Жасырын саяси газет шығарады, большевиктік үгіт 
таратады. Тоқашты да түбегейлі күрес арнасына салып, 
бағыт беретін сол. Бірде не істерін білмей дағдарған Тоқашқа 
ол былай дейді: «Не істейміз, қалай? Қазақ революцияның 
өгей баласы ма еді? Кеше олар көтеріліс отын кім үшін 
жақты? Біле-білсең, Жетісу сияқты әр ұлттың басы 
түйіскен елде жалғыз орыстар ғана революцияны құра 
алмайды... Жетісудағы революцияның тағдыры – қазақ 
халқы қатынаса ма, жоқ па, соған байланысты». Бұл сөздер 
үлкен ой аңғарын, терең толғамды танытады. Шынында 
да, қазақ халқының революцияға қатысы, араласуы – 
романның ең іргелі тақырыптарының бірі және ол шынайы 
көрініс тапқан да.
Романда   қарсы   жақ   өкілдерінің,   ұнамсыз    кейіпкер лер-
дің бейнелері де соншалықты ірі, кесек жасалған. Бір кезде 
революцияшыл күрескерлерді қуғынға ұшыратып, кейін 
оның жасырын жауына айналған арамза Фальковский, 
қазақ халқының қанын судай шашқан атаман Малышев, 
шаш орнына бас алатын баукеспе Загаруля, қазақ саудагері 
Зәкір, Кәрден бай және басқалар – әрі өзара етене жақын, 

186
әрі бір-біріне мүлдем ұқсамайтын жанды кейіпкерлер. 
Бұл образдардың бірі күшті, екіншісі солғын жасалған деп 
айту қиын. Жазушы олардың әрқайсысының да бейнесін, 
ой-тілегін, таптық тұлғасын тарихи дәл, психологиялық 
жағынан нанымды суреттеген.
Қайта, бұларға қарағанда Виноградов, Еремин, Емелев 
сияқты революционерлердің образдары әлдеқайда солғын, 
көмескі шыққан. Бұларда кесек іс-әрекет, терең характер 
жоқ. Олар көбінесе тарихи тұлғалардан гөрі революциялық 
тақырыпқа арналған басқа бір шығармалардан ауысып 
жүрген, бұрыннан таныс бағзы бір схемалық кейіпкерлерге 
ұқсайды. 
Оқушыға «Ұядан ұшқанда» повесінен мәлім Сақаның 
да осы романда тындырып жүргені шамалы. Ол да жанды 
бейне дәрежесіне көтерілмеген.
Тоқаштың сүйгені Айгүлдің образы арқылы романға 
тамаша бір лирикалық тақырып кіруге тиіс еді. Бірақ 
оқушының бұл үміті ақталмайды. Жазушы қанша тырысып, 
баққанмен, кейіпкерінің бейнесі жан аялайтындай 
тартымды болып, толысып шықпаған. Қайта, оған  қарағанда 
ұнамсыз кейіпкер ретінде алынған Бикеннің бойында 
жастық қуаты, тіршілік, өмір белгісі мол.
Сол сияқты, атаманның қызы Глафира мен Сәт болыс 
та – көркемдік шындықтан шалғай, әрі-сәрі бейнелер. 
Бұл образдарды мүсіндеудегі жазушының авторлық 
позициясы соншалықты айқын да бекем емес. Романда 
бұлардан басқа да әрқилы, әралуан тағдырлы сан-сан 
кейіпкерлер бар. Бірақ солардың бас-басына тоқталудың 
мүмкіндігі де, қажеті де жоқ. «Тоқаш Бокин» романының 
кейбір көркемдік ерекшеліктеріне, көңіл ұялатар құнарлы 
жақтарына, автордың тарихи шындық пен көркемдік 
шындықты, әлеуметтік сарын мен жеке адам тағдырын 
ұластыра суреттеудегі шеберлігіне жоғарыда аз-мұз 
тоқталдық. Соған қоса мына бір жәйттерді айтуға болар 
еді. Шашкин – оқиғаны қалың алып, қабындата өрбітуге, 
шығарма композициясын тұтас, қызықты етіп құруға шебер 
жазушы. Бірақ оның кейде уақиға өткірлігін, ситуация 
күрделілігін көрінеу қуалап, жасандылыққа, детективтік 
жайларға ұрынатын, межеден асып кететін мезеттері де 
бар. Мәселен, Тоқаштың Құлжадағы хикаяларынан осыны 
байқаймыз т.б. Осы романға Жүніс образының енгізілуі 
де көркемдік жағынан ақталмаған. Бұл шығарманың 
композициялық тұтастығына селкеулік келтірген әрі 
«Ұядан ұшқанда» повестіндегі сюжеттік желілерге мүлдем 
қайшы.

187
Романда тіл жөнінде де автордың өзіндік ізденулері, 
ерекшеліктері мол. Ол күрделі синтаксиске көп бармайды. 
Оның бейнелілік пен тұжырымдылыққа, шағын да ұшқыр 
фразаға ұмтылатындығы сезіледі. Жазушының оқиғаны, 
іс-әрекетті қарбыта қамтып, жедел өрбітіп әкететін стиліне 
бұл орайлы да сыйымды. Бірақ автордың тілінде, сөз 
қолданыстарында салақтық, кедір-бұдырлық, тіпті олақтық 
аз кездеспейді. Романда, тікелей орысша ойланып құрылған, 
тек айтылуы қазақша сөйлемдер тіпті көп-ақ. Сондықтан да 
олар сөзбе-сөз беріле салған олақ аударма тәрізді сезіледі. 
Соңғы кезде бұл басқа да бірқатар авторлардан байқалып 
жүр.
Кейіпкердің ұлттық болмысын, ойлау және сөйлеу 
ерекшеліктерін бедерлі таныту үшін кейде осылай ету 
керек те. Бірақ бұл – әдебиетімізді көріктендірудің, тілі-
міз 
ді байытудың, орыс әдебиетінен өнікті үйренудің 
соншалықты бір таптырмас тәсілі бола бермесе керек. 
Романды оқып шыққанда алған азды-көпті әсерлеріміз 
осындай. Түйіндеп айтқанда, «Тоқаш Бокин» – эпикалық 
тынысы кең, өресі биік, құнарлы шығарма. Бұл романы 
арқылы жазушы әдебиетімізге терең характерлі, кесек 
бітімді көптеген жанды бейнелер қосты.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал