Бағдарламасы бойынша шығарылды Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



жүктеу 5.79 Kb.

бет4/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.79 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЕРТЕҢIМДI АҢСАЙМЫН
Ертеңiм менiң!
Сəулеңнен мəрмəр жыр саулап,
Жанарларымда жұлдызым болып жүршi аунап.
Шаттыққа толы жүзiңдi сенiң көрсетпей,
Көкжиек сонау көзiмдi алды құрсаулап.
Арманым асау артына менi бөктердi,
Келсеңшi мұнда көтерiп мəңгi көктемдi.
Ертеңiм менiң!
Сенi iздеп алға қарап ем
Кер бұрым дала көкiрегiме кептелдi.
Сыбызғы ма едiң саздары сайда сыңсыған,
Сапарға бастар шығарсың əлде сыршыл əн.
Созылған балдай самала саумал болсаң сен,
Сапырып iшпей тыншыман.
Жосылып жортар жорға жел боп кел, ертеңiм,
Жаяйын жарқын жанымның жалқын желкенiн.
Жалын ба едiң көрiнбей жанған сиқырлы,
Жақындамай-ақ жырақта тұрып өртедiң.
Мен жiгiт едiм армансыз күндi ар көрер
Таңыңды сенiң күтемiн ойға нəр берер.
Ойласам сенi сəйгүлiгiмдi баптаймын
Есiме түсiп ертеңгi өтер бəйгелер!!!
1971 жыл

66
САЛҚЫНДЫҚ
Салқындық бар өмiрде сескендiрер,
Мұны тағдыр толқынын кешкен бiлер.
Салқындық бар таңдарда күлiмдеген,
Бiр ызғар бар шiлденiң түнiнде де,
Жылу қуған жүректi тiлiмдеген.
Суық ызғар табасың көктемнен де,
Көлеңкелер тоңады бөктерлерде.
Суық жүздi танисың қарттан-дағы,
Салқындықтың өңiнде сақталғаны –
Өткен күнiн алдыңда ақтарғаны.
Сары аяз бар, боран бар бұл өңiрде
Салқындық жоқ тек менiң жүрегiмде.
Көкiрегiм бəрiнен жылы менiң,
Жүрек отын ту етiп жүгiремiн,
Жылытам деп дидарын дүниенiң.
1971 жыл
ГҮЛ МЕН ШӨЛ
Ынтызар боп ынтық отты жанармен, 
есiңде ме, гүл ұсындым саған мен?
Ол қызыл едi 
 
менiң қанымдай, 
Ол сұлу едi 
 
сенiң жаныңдай.
Ол өндiр едi 
Нəзiк сезiмдей, 
Ол мөлдiр едi 
Сенiң өзiңдей.

Ол жалау едi, 
Менiң сөзiмдей, 
Ол алау едi 
Сенiң көзiңдей.
Сол бiр Гүлдi көп iздеп ем шарқ ұрып,
Дүниенiң бар отына шарпылып. 
Күндiз күлкi, түнде ұйқыны ұмытып, 
Iздеп едiм бар сабырым сарқылып.
Iздеп едiм орманнан да, таудан да, 
Iздеп едiм, шағылдан да, баудан да. 
Сол бiр Гүлдi iздеп едiм ерте-кеш
Сұрай жүрiп достардан да, жаудан да.
Сұрап едiм, көрдiң бе деп шуақтан, 
Сұрап едiм, бiлдiң бе бұлақтан. 
Үңiлiп ем биiк пенен тереңге, 
Қарақтап ем жақыннан һəм жырақтан.
Жуан жiбi жiңiшкерiп төзiмнiң, 
Диуанадай дүниеден безiндiм. 
Жер жаһаннан саған сыйлар Гүл таппай, 
Тауып едiм жүрегiмнен өзiмнiң!
Саған, жаным, ұсынған ем Гүлдi сол,
(Махаббатым болатұғын тұңғыш ол!..)
Əттең, əттең!..
Қайтардың-ау қолымды!..
Содан берi менiң жаным – құмды шөл...
1971 жыл

68
КҮЗГI БОЯУЛАР
I
Боз қырау күзде бөз орман
Базары тарқап бозарған.
Бұл шақта аспан атынан
Бұлағай бұлттар сөз алған.
Тоңазиды əлем тоңмайдай
Қабағында бiр тоң бардай.
Жас талдар жалқау сiлкiнер
Жауында қалған торғайдай.
Көкайыл бұлттар күркiрер,
Кеудесi қайнап күрсiнер,
Көңiлiнiң құртын қозғаса
Қытықтап өтiп түлкi – жел.
Еңсерiп бұлттың легiн,
Еркелер ме екен күле күн.
Емiренер ме екен маған ол,
Жадырар ма екен жүрегiм!..
II
Қаланың күзi,
Таңғы уақ,
Тымырсық тұман тарады.
Жалаңаш қалған жарлы бақ
Қараған көзге қаралы.
Пошымын бақтың парықтап
Қалар кiм жүзi сұрланбай?!
Қайыңдар шашын жайып сап,
Жапырағын жоқтап тұрғандай.
Зер салсаң, еңсең езiлiп,
Зауықтан болар ада бой.

69
Сүреңсiз мезгiл мезi қып,
Жабырқау тартар жадау ой.
Өртенiп өзек ашиды-ай,
Жуады жасың бетiңдi...
Күзгi жапырақ жасындай
Ғұмырың қалған секiлдi...
«ЗАЙСАН ЫРҒАҚТАРЫ» ТОПТАМАСЫНАН
* * *
Капитан, шығайықшы каютадан,
Бiздерден қайда қашар дайын тағам.
Палуба шынжырына шынтақ тiреп,
Қарайық толқындарға байырқаған.
Шарқ ұрып, шабақ iлер шағалалар,
Көгерiп көз ұшында жаға қалар.
Көз қанық болғанымен балықшыға,
Таңсық қой қай-қашаннан маған олар.
Күн ашық, керек емес биноклiң:
Бейнесi онсыз да айқын су бетiнiң.
Көрiнер көлдiң өзi мың есе артық
Көркiнен көңiлдегi суретiнiң.
Аппақ бұлт, көкшiл аспан, жасыл айдын...
Жаныма бұдан өзге не сұраймын!
«Кеттiң ғой бала құсап» дейсiң маған,
Көргенде туған жердi осылаймын!

70
ЗАЙСАН
Матрос, суыр якорьды,
Келмейдi тұрғым жағада.
Көк теңiз менi шақырды,
Шақырды шулап шағала.
Аспанмен жатқан астасып,
Теңiздiң төсiн бетке алып,
Жағамен күлiп қоштасып,
Кетейiк жолға аттанып.
Иiс су сiңген денеме,
Сiңсiншi иiсi балдырдың.
Жол ашсын мынау кемеге
Толқыны мендiк тағдырдың.
Толқыннан жаным жаралған
Дауылды ол да тұр тiлеп.
Жағада ендi қала алман
Шақырды теңiз күркiреп.
Күйбеңмен қанша күн өттi,
Бəрiн де қайта бастайын.
Якорьға ұқсас жүректi
Теңiзге мəңгi тастайын!
ТҮНГI САЗДАР
Тыңдап жатып шегiрткенiң шырылын,
Сəл мызғышы, көздiң алып шырымын.
Оянғанда өз кеудеңнен сезесiң,
Кəусар бұлақ кеудесiнiң дiрiлiн.
Жыршы құстар əнге бөлеп түн iшiн,
Қандырады құлағыңның құрышын.
Бұлтты серпiп Ай да тыңдар бұл əндi
Құзар шыңға сүйеп қойып қылышын.

71
Көк шалғынды жатқан кезде астыңа ап,
Құлағыңа сыбырлайды жас құрақ.
– Ұйықта, ұйықта, ұйықта... – дейдi сыңғырлап
Құлын үндi, құс ұйқылы тас бұлақ.
Дала саған сəбиiңдей еркелер,
Анаң боп та бесiгiңе еңкейер.
Шырт түкiрiп шалқақтама, шырағым,
Онда сенен туған жер де жиіркенер.
АУЫЛ. ЖЫЛҚЫ. ЖАС БАЛА
Таңғы ауыл,
Торғын самал келдi жетiп,
Селеулер сергiп қалды сəл дiр етiп,
Ұйықтап жатып жылаған сəбидейiн
Көк шалғын көз жасын тұр мөлдiретiп.
Сүрлеу жоқ бiр кездерi мен жүгiрген,
Мен тұрмын есейгенiн ендi бiлген.
Соғады жүрек қана баяғыша
Қорқамын кеудемдегi сол дүбiрден.
Жылқылар менi көрсе елеңдесiп,
Тұрғандай «жақындама, тебем» десiп.
Жас бала жүгендеп жүр,
Балалығым
Дəл соған ауысқандай менен көшiп.
Болғанмен жөнi бөлек, жолы өзге,
Атайды анасы да оны кезбе.
Бұл жылқы оны да ертең өгейсiнiп,
Өзгерiп кетер ме екен бəрi лезде?..

72
ӨЛIАРА ЭТЮДI
Қара Ертiстiң шытынап шыны реңi
Мұз бетiне қызыл су жүгiредi.
Жербауырлай жылымнан ұшқан буды
Шытқыл ауа шым-шымдап сiңiредi.
Шұғыласын шашқанмен шаттана Күн,
Табы уытсыз өлiара шақ болатын.
Əбiгерден босаған дəрiгердей,
Дала жатыр айқарып ақ халатын.
Қалғып кеткен аюдай асыранды
Қарауытқан төбенiң басы қарлы.
Күңгейдегi тебiннен қорек тапқан
Қарғалардың қарасы шашыранды.
Қызыл тұяқ қойлары тебiн қуып,
Төбе үстiнде тұр шопан белiн буып.
Қызыл суға ұмтылған көк серкенi
Баласы жүр атпенен кейiн қуып.
АУЫЛҒА ХАТ
(Сейiлхан Райымхановқа)
Ауылда биыл қар қалың ба, аға,
Тағаладың ба тарланыңды, аға?
Тазымен құмның қолтығын тiнтiп
Шидарық жақты шарладың ба, аға?
Жеңгейге сенiп мал-жаныңды, аға,
Қансонарда аңға бармадың ба, аға?
Адам мен аңның арасын тағы
Қорғасын оқпен жалғадың ба, аға?

73
Ауылдың жинап шалдарын ғана,
Бiр-бiрден түлкi байладың ба, аға?
Түлкiден тымақ киетiн қарттар
Азайып қалғанын ойладың ба, аға?
«Ауылдан кетсең – болмадың, бала...» –
деушi едiң, жолым оңғарылды, аға.
Көрерсiң ертең маңдайға бiткен
Үлкен бiр ақын болғанымды, аға.
Бiлер ме ем барып хал-жайыңды, аға,
Алар ма ем, шiркiн, қолдарыңды, аға.
Қалада – тəнiм, ауылда – жаным,
Жүрегiм, жырым, арманым – дала.
БАЛА ҚИЯЛ
Төркiндей көшiп жаз – келiн,
Сары жұрт бопты сай, адыр.
Қозы көш жерде көз көрiм
Жадағай жалғыз мая тұр.
Ұраңқай үйдей маяның
Iргесiн үңгiп жептi мал.
Хайуанға берсең қалауын
Дүниенiң бəрiн жеп тынар.
Кезiмде сонау баларақ
Төсек қып мая төбесiн.
Аспанды аймен тағалап
Қағушы ем қиял шегесiн.
Жатушы ем барлап түн жүзiн
Жотамды ұйпап сағдар шөп.
Жанарларыма жұлдызын
Себетiн сонда заңғар көк.

74
Кей-кейде күмiс күн бетiн
Қап-қара бұлттар айқарса,
Көрiнбей күннiң сүлбесi
Төңiрек күңгiрт байқалса.
Қап-қара бұлтты тұтасқан
Тастасам деушi ем, сыпырып.
Ашылса деушi ем сүт – аспан
Мұнардан мəңгi құтылып.
Сезiмге жан ем жанқияр
Жататын едiм қиялдап.
Бүгiнде менi сол қиял
Кететiн болды жиi алдап.
ЖИДЕ
Жалғыз түп жиде жолға өскен
Жел сүйсе желең төсiнен,
Жабырқау ғана сөйлескен
Өзiнiң көлеңкесiмен.
Аптапты жаз бен суық қыс,
Төзiмiн оның өлшеп пе?
Баласыз, байсыз, туыссыз,
Ұқсайды ол жесiр келiншекке.
Жемiсi оның биiкте,
Ұмтылған қолға алдырмас.
Шалдырмас суық, күйiкке
Балғын жас жиде талдырмаш.
Кезi жоқ сыңсып, зар төккен,
Күтедi мейiр аспаннан.
Жаңбырлы күнi жарқ еткен
Жасыннан ғана жасқанған.

75
Жоқ қарап жүрген жүргiншi,
Жидеге жақын келгенде,
Жанына ерткен бүлдiршiн
«Жемiсiн əпер!» дер кейде.
Жүргiншi жұлар, немесе,
Түсiрер атып жемiсiн.
«Пiсiптi, болмас жемесе,
Өскен ғой дейдi жеу үшiн».
Жемiсiн бiз де жермiз-ау,
Төменнен таспен атармыз.
Тағдырды қатал деймiз-ау,
Өзiмiз неге қаталмыз?!
ИДИЛЛИЯ
Мен бүгiн ұйықтайыншы бау iшiнде,
Төсек сал,
       суық тимес,
                əлi шiлде.
Жасымнан көз iлгендi жақсы көрем
Бақтағы елтiп жатып дауыс, үнге.
Аспанда бүгiн қандай ай тамаша,
Жүзiп жүр қара бұлтпен тайталаса.
Жарқырап жанбас менiң қос жанарым,
Аққанын жұлдыздардың байқамаса.
Сағындым арықтағы су сылдырын,
Ағып кеп көкiрегiме кiрсiн бүгiн.
Əйтпесе жоғалтармын түнгi бақтың,
Бойымда бұрыннан бар сыршылдығын.
Тiлдерiн жапырақтың үйренейiн,
Самалмен тiл табысар күйге енейiн.

76
Ашайын соларға мен басқа жұрттан
Жасырған сырым болса түймедейiн.
Төсек сал, ұйықтайыншы бау iшiнде,
Маужырап жатайын таң сəрiсiнде.
Кəрi апам гүрпiлдетiп сиыр сауып,
Оятар кiрiскенде шай iшуге.
КЕМПIРҚОСАҚ
Құбыланың бұлты ашылып,
Жаңбыр саябырлағанда:
Жапырағынан маржан шашылып,
Жас талдар баяу ырғалғанда.
Аспанға iлiне қалған
Анау кемпiрқосақтың тамашасын-ай.
Арқауын ашудас нiлiне малған
Апамның алашасындай.
Бұлттардан салбырап түскен,
Аспанның алтыбақанындай,
Тайбурылдай арғымақ өскен,
Құртқаның алтын отауындай.
Өрнектеп өрiлген нұрдан
Туған жер құдiретi қосыла,
Қиялдай көрiнген қырдан
Құдайдың сүгiретi осы ма?
ҚҰМ. ШӨПШIЛЕР
Қомша құмдар қойнауы тұр
                      əлi ысып,
Мəжнүн талдар мүлгiп қапты майысып.

Екi шөпшi шағын мая түбiнде
Маңдайлары жiпсiп отыр шəй iшiп.
Күйiп тұр-ау,
Жанып тұр-ау мына күн,
Дүзгендерiн бүркенедi құба құм.
Шөмеледе шыбындайды шалқұйрық
Шала-шарпы шалып құмның құрағын.
Шайға қанған көңiлi жай, хош кiсiң –
Шал мақтады шөме тартқан бестiсiн:
«Шаруаның дөңгеленер түрi бар,
Жоңышқаға қоямын деп кешкiсiн...»
Мизам қалып,
Лүп еткен леп сезiлмей,
Күн күйiп тұр,
Болмас ендi көз iлмей.
Шырт түкiрiп шалқайған шал мызғыды,
Шекесiнен шiркей шақса сезiнбей.
Шақырайып шағып-ақ тұр шыны күн,
Шөпшi бала шешiп тастап шұлығын,
«Атам, шiркiн, оянбаса екен», – деп,
Ұрлап тартып отыр шалдың шылымын.
«Атам, шiркiн, оянбаса екен», – деп,
Отырды да темекiсiн лекерлеп,
Атып тұрып шал жүрегiн тыңдады
Көңiлiн бiр қорқынышты ой мекендеп!..
...Шөпшiлердi кейiпкер қып, толғана
Құм суретiн сызбақ едiм, болмады, ə?
Атама ұқсап кеттi-ау сонау шаруа шал,
Өзiме ұқсап кеттi-ау бұзық сол бала!

78
ШАЛ. ШАБЫНДЫҚ
Шөп шауып жүр шабындықта шал кiсi,
Кешкi нұрмен жарқылдайды шалғысы.
Екi бетi нарттай жанған Күн жақта
Салбырайды бұлттың алтын шарбысы.
Қартпен, қайран,
           қоштаспапты күш əлi,
Қимылында қуаттың жүр нышаны.
Қапталында құлап жатқан құрақтан
Қалқып қана алтын тозаң ұшады.
Самал соқты сыбыр-сыбыр тiл қатып,
Сабаз шалдың самай терiн құрғатып.
Суға батқан алтын желкен секiлдi
Салқар қырда бара жатыр Күн батып.
Тамыздағы шөп түбiнде шық та жоқ,
Тамшы тамды шыт жейдесi сықпа боп.
Қарт көзiнде жарқ-жұрқ етiп ойнады
Тартпа-орағын жанығанда шыққан от.
Мəңгi нұрлы жанарындай уақыттың
Бiлiнбестен бара жатыр батып Күн.
Шабындықта шөп шауып жүр қара шал
Құсын қуып сабылмай-ақ бақыттың!..

79
ЖАЛБЫЗ
Жылғаның бойын жағалап,
Жалбыздың иiсiн жұтқан шақ.
Жапырақтардан домалап
Жаңбырлаушы едi-ау шық моншақ.
Жанары жұмсақ таң-қыздың
Жамылып нұрын ақ желең,
Жұпарын жұтсаң жалбыздың
Жасарады екен жан, денең.
ЖЕМЕНЕЙ ӨЗЕНI
Тисе де таудың тасына басың,
Жеменей,
         неге тасып ағасың?
Бiз ашулансақ басыламыз ғой,
Сен осы қашан басыла аласың?
Сұмдарға жақпас сөзiне орай,
Соққы жеп елдiң езiнен Абай
Сонау бiр жылы жол тартқан едi,
Зайсанға қарай –
Өзiңе қарай.
Наданға налып –
Сөзiн ұқпаған.
Бишiкештерден безiнiп бабам.
Атының басын Зайсанға бұрып,
Мұң шақпақ болды кезiгiп саған.
Жiбермей жылап
Жанкештi халық,
Алдынан шығып жол кестi барып,

80
Абайды күтiп,
Келер деп бiр күн,
Жатырсың ба əлi дөңбекшiп ағып?
Абайдың мұңын –
даламның мұңын,
Абайдың жырын –
ғаламның жырын
Мен оқып берсем қайтедi саған
Жаңғыртып тұрып жағаңды бүгiн?
Жеменейiм-ау,
Жебедей жүйрiк,
Өтсе де ғасыр кемедей құйғып,
Абаймен сенi табыстырар ем,
Қолымда болса зəредей билiк.
Сұмдармен əлi бiтпеген егес,
Ел мұңын ешкiм жүктеме демес.
Сен танымаған тыныштық, тыным
Маған да бүгiн түк керек емес!
БОЙТҰМАР
Бойтұмар бұл былғарымен тысталған,
Ала аршамен аласталып ысталған.
Талай адам тағып бұрын мойынға
Киесiне құлай сенген тұс болған.
Сəби кезде мен де таққам
Жасырман,
Сиқырына iштей сенiп, бас ұрғам.
«Бұл бойтұмар сақтайды деп пəледен»
Таққан апам сипап тұрып басымнан.
Бүгiн, мiне, бойтұмарды ұмыттым,
Бəрi қалды ырымшылдау қылықтың.

81
Батпандай қып тақтым сəндi галстук
Бойтұмары секiлдентiп жiгiттiң.
Қараталда қалған менiң кəрi анам,
Тiлеп отыр:
«Құлыным, – деп, – бол аман...»
Мойнымдағы галстугым модалы
Сақтар ма екен менi пəле-жаладан?!
* * *
Бiздiң ауылдың айындай айды
Кездестiрмедiм еш жерден.
Ешқандай бұлтқа ол қайырламайды,
Будақтап жолын кескенмен.
Бiздiң ауылдың
          түнiндей түндi
Көрмедiм басқа жақтардан.
Қойнында тұяқ дүбiрлейтiн-дi
Бiз жайдақ мiнген аттардан.
Көктегi ай бiзбен жарысатұғын
Жармасып бұлттың жалына.
Тiзгiннен қолым қарысатұғын
Ат алып қашса тағы да.
Жайдақ ат мiнген балалығым-ау,
Қай түнге сiңiп кетiп ең?
Аспаны соқыр қаланы мынау
Қайдан таптым деп өкiнем.
Сұлумен тұңғыш сүйiскен жерiм,
Бал татып қалдың тiлiмде.
Боз жусаныңнан бiр иiскер ме едiм,
Ат тұсап,
          айлы түнiңде?..

82
ӨТКIНШI
Көктемнiң көк аспаны көз бұлады:
Төбеден төкпе бұлттың төндi лаңы.
Булыққан қолы жетпей арман-нұрға,
Дəл менше күйiндi ме, дағдарды ма,
Жай түсiп жанарынан көк жылады.
Мен тұрдым кетсем-ау деп жайға айналып,
Таңданса жарқылыма ел таңдай қағып.
Көкше бұлт көшкен шақта күн елiне,
Жасын қып сақтауменен жүрегiнде,
Менi де кетсе, шiркiн, шалғайға алып...
...Жауынмен бөртiп жатты аймақ, өңiр,
Көмiлдiм толқын-толқын ойға небiр:
Жаныңмен жай тiлдесiп, нұр тiлдесiп,
Көгiңде қара нөсер бұлтың көшiп,
Осылай өтедi ғой, қайран өмiр!..
* * *
(Інiм Айтмұхамбетке)
Мүлгидi сəукелелi тал, қайыңдар,
Басыпты шыршалардың шалғайын қар.
Қоншыма қар құйылып бақта келем,
Кеудемде сəл сағыныш,
                    сəл уайым бар.
Биiк тұр аспандағы алашарбы,
Көңiлiм неге менiң аласарды?
Апыр-ау, бұл ғана ма аңсағаным
Түнiмен қар күрейтiн қара шалды?!
Ауылда жолды боран жасырғанда,
Ақ түтек қас қарая басылғанда.

83
Түн бойы қар күресiп жүрушi едiк
Сонау бiр ақ сақалды асыл жанға.
Ол бүгiн қырда жатыр қар астында,
Iнiм, сен зиратына жол аштың ба?
Қайтайық тағзым етiп,
Ұлы адам ғой,
Қабiрiн кiшкентай деп қорашсынба...
Айтiкен, есiңде ме, баяғыда,
Атамның таласушы ек таяғына.
Бiз демеу бола алмадық таяқ құрлы,
Кəрiлiк тұсаулаған аяғына.
Ол жатыр есiмi де аталынбай,
Бiз жүрмiз балтыр сыздап,
                бас ауырмай...
Кеттi ме қариямды ұмыттырып,
Жасанған мынау өмiр жас арудай?..
ҚЫРКҮЙЕК ҚАРЫ
Беймезгiл тұмшаланып таулар тұман
Аспанда ақкөбелек қар қалқыған.
Ызғырық ыдыратып сол тұманды
Сабалап жапалақ қар жауды артынан.
Бөктерде бой түзеген боз теректiң
Суық жел сумаңдады алды-артынан.
Жұп-жұқа қабығына қар жабысқан
Жас терек жел жұлқыса сəл майысқан.
Бұрымнан сауылдаған шолпыдайын
Жап-жасыл жапырағы саулап ұшқан.
Терекке қарап тұрмын арыла алмай
Бойдағы алай-дүлей толғаныстан.

84
Сумақай суық желдi көзге iлмеген,
Терекке ұқсас екем, сездiң бе, мен?!
Алаңсыз көңiлiме күйе жағып
Менiң де алды-артымнан сөз гулеген.
...Қараймын терiм сүрткен шаршы шытқа
Ақ дүние кiршең ғой – тез кiрлеген...
Тəйiрi, тазартармын күнi ертең-ақ
Толқынды дарияға мезгiл деген.
ТУҒАН АУЫЛ ТҮТIНI
Ауылға бардым ақпанда,
Ақ табан жолмен ылаулап.
Үскiрiк үрлеп соққанда
Үсiген бетiм қылаулап.
Домбықса бетiм –
Даламның
Сүйгенi шығар жүзiмнен.
Еңкейе бердi алау Күн
Арайын жинап iзiмнен.
Қарттармен аумас кiтаптан
Тiлдесем бе деп жол тарттым.
Оттарды зiм тұтатқан
Үрлесем бе деп жол тарттым.
Тербетер жанды ой қуған
Адамға жол да бiр бесiк...
Ауылым шықты алдымнан
Түтiнi көкпен тiлдесiп.
Қайтер ең, досым, сырғып күн,
Балалығыңды ұрласа?
Алдыңнан сол бiр тiрлiктiң
Түтiнi қолын бұлғаса?!

85
ҚЫР ҮСТIНДЕ
Күн киiнiп қызыл алау жейдесiн,
Аймалайды көкжиектiң кеудесiн.
Күн емеспiн күнбатысқа жоғалар,
Қыр үстiнде мұңаямын мен несiн?
Тiрлiгiмнiң тағы да бiр күнi өттi,
Iзсiз өткен күндер менi жүдеттi.
Өткенiм бе, ертеңiм бе – аңсарым,
Қайда бұрам мынау жалғыз жүректi?
Мен де өмiрден өтер ме екем бiр күнi,
Жамалмастан жүрегiмнiң жыртығы.
Өмiрге əлi өз отымды бергем жоқ,
Жоғалтпаңдар тұтанбаған шырпыны!
ЭРОЗИЯ
Жақпар-жақпар тастар-ай,
Шың едiң ғой басы бұлт,
Көрiк берген заңғарға,
Қырандардың тұрағы ең;
Өрмелеушi ем асығып,
Сызат берген таңдарға
Қарау үшiн мына мен;
Ендi аяққа бас ұрып,
Жатырсыңдар шашылып,
Жылан жықпал аңғарда
Қотырланып қынамен.
Жылынады жыландар
Жылжып келiп қасыңа.
Құйын қанат қырандар
Қонбайды ендi басыңа.
Жақпар-жақпар тастар-ай,
Күн мен желден сұраңдар –
Өмiр деген осы ма?

86
АСТАРХАН ДОСЫМ
Астархан көрсе мəз болып шалқалай кеп,
Иықтан менi ұрып қалатын:
– Əй, хал қалай, – деп, –
Ауылды ұмытқан ақын?..
Шарт ете жаздап əзiлге
Шақ қаламын,
Бұртыңдап сосын клубқа беттеп,
Мен ақталамын:
– Ауылды ұмытқам жоқ! – деп.
Сол Астарханды жерлеуге кеш қалғанмын,
Жете алмай сарқылды төзiм,
Жолай еске алғанмын,
Аяулы марқұмның сөзiн.
Досымды əлi өзiмше тiрi көрем,
Сағынам қылықтарын да.
Айтшы, мен шыныменен,
Ауылды ұмытқаным ба?
Рас, мен кейде өмiрдi думан етем,
Əлемнiң үлкен қалаларында.
Қалада туған екен,
Ойласам –
Балаларым да...
Құстай ұшамын жоғалтып сабырымды,
Қалаға пара-пар көрем,
Кiшкентай ауылымды
«Үлкен Қаратал» деген...
Көктем де келдi, Астархан, анаң қара,
Жатыр ғой шыбықтар көктеп...
Ақталам саған ғана:
– Ауылды ұмытқам жоқ! – деп.

87
АУЫЛ БАЛАСЫ
Бауырға басып өскен дала шөбiн,
Ауылдың қарасирақ баласы едiм.
Аңқау ем ажырата бiлмейтұғын
Адалдық – арамдықтың ара шегiн.
Ойласам – өткен дəурен мақпал жұмақ:
Топ еткем айдалада аттан құлап,
Шымшығы шүпiрлеген ши iшiнде
Жаяу қап, намыс буып жатқам жылап.
Қой қырықтым, шалғы тарттым, ертек ұғып,
Ешкiм де жiбермедi ерке қылып.
Өстiм мен өзге тiлдi бiлмесем де
От пенен судың тiлiн ерте бiлiп.
Боз талдай бүршiк жардым бұл ауылда,
Сан босап, сан ширықты бұрауым да.
Сауырын тосты талай сайтан – өмiр
Өрт мiнез, өрiм дене дырау ұлға.
Мен бүгiн бiлдiрмейтiн аза-мұңын
Қаланың қасаң тартқан қазағымын.
Тап-таза қолдарды да қысып тұрып,
Сəлемнiң сағынамын тазалығын.
Ауылдың қарасирақ балалары
У-шуға ұмтылады қаладағы.
Күнi ертең олардың да жүрегiне
Сағыныш соқпа дерт боп жамалады.
Шалқалап шақырса да шапқан құрақ
Жiбермес қала деген қақпан, бiрақ.
Шымшығы шүпiрлеген ши iшiнде
Шыға алмай қалсам едi аттан құлап!

88
* * *
Маңайда маңып мизамы
Маужырап жатыр сары күз.
Күзеуде, киiз үй жаны –
Тiкенi толған кəрiқыз.
Əуре боп əуес iсiмен
Шырпып жүр кемпiр ши құрғақ.
Бұлдырап бұлттың iшiмен
Барады құстар қиқулап.
Қарайды қырға қарт шығып,
Көзiнде күздiң тамшысы.
Қарайды күн сап мəрт жiгiт
Қолында қысқа қамшысы.
Емiс те емiс саздарың,
Əуелеп ұшқан құстар-ау.
Өте де шықты-ау жаздарың
Қайтесiң, ғұмыр қысқалау...
Қысқалау,
бiрақ ғажап тым,
Құстар-ау,
соны бiлiңдер.
Қыздары құсап қазақтың
Төркiндеп келiп жүрiңдер!

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал