Бағдарламасы бойынша шығарылды Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



жүктеу 5.79 Kb.

бет3/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.79 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ШАЛ МЕН ЖАЗ
Терезе нұрға боялды,
Таң келе ме сiбiрлеп?
Құсұйқы қарт оянды,
Шүкiрлiгiн күбiрлеп.
Айтты сосын: «Қарағым,
Жата берме, жұрт күлер.
Шығын кешшi даланың,
Шықарға шық, сыртты көр».
Тəттi ұйқыда немере,
Ашар емес көзiн де.
Сырт қызығы не керек,
Өз қызығы өзiнде.
Күркiлдедi шал əрең
Күнестеп күн көзiнде.
Естiмедi оны əлем
Өз шуылы өзiнде.
1976 жыл

41
ҚАЛА МЕН ҚАРТ
Шатыраш шаһар үстiне
Шапақтап қонған шақта нұр,
Жөнекей көзге түстi де,
Жүгіндім барып қартқа бiр.
Көзiндей көзi қыранның,
Жүзiне жылдар жол салып.
Түбiнде биiк кранның
Тұқшиып отыр томсарып.
Қолында – қайың таяғы,
Қамыққан сынды шал мына.
Қырғын боп өткен баяғы
Қызығын еске алды ма?
Сақалын уақыт сиялап,
Санаумен жүр ме күн-айын?
Өңiнде тұрған ұялап
Өкiнiш пе, əлде уайым?
Қатпады жауап сөзiме
Тiстенiп, қолын бiр сермеп.
Өңменнен өткен көзi мен
Əжiмi ғана тұр сөйлеп...
1975 жыл
ҚАЙЫҢ
Өзегi берiш қайыңның
Құнарда жатты тамыры.
Долданған талай дауылдың
Жүрмедi оған өмiрi.

42
Тамыры терең өркеннiң
Өресi биiк болмақ-ты.
Жаз келе желек бүркендi,
Желегiн желпiп жел қақты.
Ұя-жай iздеп қашықтан
Сайрады келiп бұлбұлдар.
Қоналқа қуған ғашықтар,
Олар да жеттi құрғырлар.
Бұйығы бойы таралып,
Бұрымын төгiп, өрдi ол.
Саясын жайлап халайық,
Сiңiрдей сүрлеу келдi жол.
Сонан соң, сұғып бəкiсiн,
Сорды ғой сөлiн адамдар.
Жiбермей тағы хақысын
Қопарды түбiн қабандар...
Мизамға мезгiл құлады,
Тырналы сазбен тыраулап.
Қапалы қайың жылады
Қабығын сөлi бұлаулап.
Қараша келе қар түстi
Қымталды күллi қолтықтар.
Қапталға қайың майысты,
Қолаңын көме толқып қар.
Жарықтық көктем құт берсе,
Қалың ну болар шағы бар.
Бүршiкке бұтақ бiткенше
Адамның iсi түзелер,
Қабанның тiсi қағылар!
1975 жыл

43
НАЙЗАҒАЙ ЖАРҚЫЛЫ
Найзағай жарқылдаса
Жарқ етiп жан дүнием
Түлейдi жаңғырумен,
Армандарым айтардай маған сəлем
Көктемнiң жаңбырымен.
Найзағай жарқылынан
Қара бұлт жоғалады,
Ақша бұлт жаралады,
Дүниеге мөлдiр бiр нұр таралып
Жер жаһанның билiгiн сол алады.
Найзағай отпен осса жыртылатын,
Бұлт емес балғын жүрек!
Қалмайды ол қалғып, жүдеп,
Жаһанның жарқылымен оянады
«Дүние жаңғырды!» – деп.
Найзағай ойнағанда –
Жарқ еткен сəл нұрымен
Дүние тазарардай шаң-кiрiнен,
Босардай иық бiткен бар жүгiнен.
Өкiнiш қылмас едiм өтсем егер
Жарқ еткен найзағайдың тағдырымен.
Асылы, менiң жаным туыс болар
Оты бар, нұры бардың барлығымен!
1975 жыл
АҚЫНЫҢДЫ ЕРКЕЛЕТ
Сен – Жартассың,
Ақын – толқын.
Келдi саған еркелеп,
Уа, Дүние, ақыныңды еркелет!

44
Он есе артық оның жүгi өзгеден,
Ол көргендi көре алмайсың көзбенен.
Жұрттан бұрын жаралайды ақынды
Жауыз оғы жақсылықты көздеген.
Жаһанды ол балайды өз үйiне,
Қайғы-мұң мен шаттыққа да бұл ие.
Шабытына өртенедi от болып
Мəңгi жарық болсыншы деп дүние.
Сел болғысы келедi оның шөл көрсе,
Жел болғысы келедi оның көл көрсе.
Желкендердiң құзырына жұмсар-ау
Қолына оның қара дауыл, жел берсе!
Ол жылайды жыламаған бұлт үшiн,
Ол күледi ұмытылған күлкi үшiн.
Өмiр деген өз анам деп еркелеп,
Ол жыртады жақсылықтың жыртысын.
Сен – Жартассың,
Ақын – толқын,
Келдi саған еркелеп,
Келдi саған көкiрегiн өртеп от.
Жыры бар ма, мұңы бар ма тыңдашы,
Уа, Дүние, ақыныңды еркелет!
1974 жыл
«ЖЕТIМ БАЛА» КҮЙI
Күн астында – киiз үй,
Керегесi көнерген,
Көк түтiнiн жел өрген.
Сықырлауық бесiкте
Жетiм сəби жылайды.

45
Ана əлдиiн есiтпей
Жұбанбайтын сыңайлы.
Қаралы əке қасында
Домбырасын бұрайды,
Жетiм сəби жылайды...
Күй басталды қоңырлап,
Қам көңiлден шер ұрлап,
Шайқалғандай шаңырақ
Күй салмағын ауырлап.
Шерлi, шерлi, шерлi күй
Жан түбiнен келдi күй.
Жұбау тартқан жүректiң
Жүйесiне болды би.
Жетiмдiк те несiп пе,
Жұмыр басты пендеге?
Ұл жылайды бесiкте,
Күй жылайды пернеде.
Киiз үйге күй сыймай
Кең жаһанға ұмтылды-ай.
Күйiк буған күйшiнiң
Мұнша əуезден жүрегi
Жүрген қалай жыртылмай?!
Жармасады-ау мұң-нала
Осындай да тұлғаға!
Жетiм сəби жұбанды,
Жұбанбады күй ғана...
Жыл қанаты желдеттi,
Жетiм өстi, ержеттi.
Шерлi күйдiң шандозы
Өмір күйiн өрлеттi.

46
Құлағыма сол жеттi,
Жүрегiме сол жеттi,
«Күй қазақтан туды ма,
Қазақ күйден туды ма?»
Осы ой менi тербеттi!
1975 жыл
ƏЛДИ
Қайда естiдiм бұл əндi,
Жан досымдай сыралғы,
Жүрегiммен тiлдескен,
Қайда естiдiм бұл əндi?
Жанға жақын əуен бұл
Жетсе дағы жырақтан.
Жыры ма екен əжемнiң
Жөргегiмде жұбатқан.
Келдi қайта оралып,
Қаршадайдан таныс əн.
Қасиеттi балалық,
Əнiң келдi, өзiң жоқ.
Қалай ғана табысам!
Асылық па, тегiнде,
Жазға ұласып көктемiм,
Ой тоқтатар кезiмде
Ойсыз күндi көксеуiм?!
1975 жыл

47
* * *
Киiз мiнез күн едi неткен мынау
Мүйiзiнен шыңдардың кеткен қырау.
Бүршiгiнен бу шығып шiлiктердiң
Бозторғай боп жырлайды көктем жырау.
Шарбы бауыр бұлттардың қабағы ашық,
Шұғылаға аунайды араласып.
Күн астында болатын Күнiкей қыз,
Күмiсiңдi уыстап, далаға шық!
1975 жыл
АЛАТАУ
Түнедiк тауда.
Таң жақын,
Тұрлаусыз екен тауда түн,
Иектiң жатыр астында
Иiрген қойдай Алматың.
Райлап көктiң қабағы
Iңiрден iрең тарады.
Үркер де үркер жұлдыздар
Үйiрлеп үркiп барады.
Жатырмын шөпте шалқамнан,
Жер сызы өттi арқамннан.
Құбыладағы қом бұлттың
Күнгейiн күптеп өрт алған.
Кеудесiн нұрмен күрмеп бел,
Кемерге қонды күн – кептер.
Арқамнан өткен сызымен
Ыстық қой маған бұл бөктер.
1974 жыл

48
* * *
Осынау жиырма жасымда
Қанша көңiлдi қалдырдым екен,
Қанша үмiттi талдырдым екен –
Жоқ есте.
Қатал ма уақыт расында,
Тентек жүрегiң жайланады екен,
Тентек күндерiң айналады екен
Елеске.
Қашан да мынау өмiрде
Қалады барлық жақсылықтарың,
Iзгiлiк толы пəк қылықтарың
Жадыңда,
Ұмытылады, тегiнде,
Жат қылықтарың – қақтаса жанды,
Жамандық иiсi жоқ болса мəңгi
Қаныңда.
1974 жыл
КҮЙ ТАБАҚТАР
Зайсанда, туған үйiмде,
Зымыран ойдан көз iлмей,
Отырмын мiне бүгiнде
Баяғы бала кезiмдей.
Сезiмнен тiлiм байлаулы,
Өткеннен берiп бiр хабар,
Бүгiн де, мiне, ойналды
Күйтабақ, пластинкалар.
Айқара ашық əйнектен
Үңiлем түнге елеңдей.

49
Қарайды күлiп Ай көктен
«Келдiң бе, ұлым?» – дегендей.
Жаңғырған көкiрегiмде
Жаңа бiр саздар шырқалар,
Ойналса туған үйiмде
Күйтабақ, пластинкалар.
1976 жыл
* * *
Жүрегiм-ау, сен кеудеме сыймадың,
Мен бөлмеме сыймадым.
Беу, тентегiм, неге бұлай туладың,
Бұлқынысың бүгiн маған беймəлiм.
Апырай-ə, отырғым жоқ бөлмемде,
Асау көңiл əлденеге шөлдеуде.
Аула жаққа ауа берді аңсарым,
Бiр сəйгүлiк тұрғандайын белдеуде.
Лақтыра сап қағаз бенен қаламды,
Мұңнан безiп тұмандатқан санамды.
Сырып тастап үстелді де жолымнан,
Сырып тастап қабырғаны – қамалды,
Тартып кетсем деймiн мен
Қара жерге қадай басып қадамды.
Тар құндаққа қалай қиып кеткенмiн
Кең құшағын ашып жатқан даламды?!
1974 жыл

50
АҚЫН
Отты аспан гүрiлдейдi,
Тұяқтар дүбiрлейдi,
Таулар селкiлдейдi,
Баулар желкiлдейдi.
Жерде де емес,
Көкте де емес –
Шабыттанған ақынның кеудесiнде!
Ол – жебе
Зымырайды ғасырдың кермесiнде.
Ол – қазiр күй
Безiлдейдi əлемнiң пернесiнде.
Ол – құдiрет!
Бүкiл дүние тек соның уысында!
Ешкiм, сiрə, жеттi ме екен
Мұндай билiкке тумысында!
Оның кеудесiнде долы боран бар,
Өз бұйрығына да шаққа бұрылған.
Оның кеудесiнде ащы ойға толы əн бар
Дайын тұрған ақтарылуға.
Оның кеудесiнде жүрек емес –
Жұмыр жер бар,
Бұлқыныстар, дiрiлдер бар,
Оның кеудесiнде түнек емес –
Бар жүрекке от тiлеген жалындар бар,
Көлеңкелердi кескiлеген сағымдар бар.
Түйдек-түйдек көш тiлеген,
Кiдiрудi бiлмеген, естiмеген,
Арналарын тепкiлеген,
Аппақ нұр – ағындар бар.
Ол толғанады,
өзiне емес, əлемге бақыт тiлеп.
Айқай салғысы келедi,
көз оттары мол жанады:
«Ақ жүректерге ғашықпын», – деп.
Лаулайды,өртенедi,

51
Ұялады, жиіркенедi
Иiсi адам қалдырған күнəлардан.
Ол адамдықты аңсайды!
Сол үшiн тырбанады,
Қиналады, шаршайды,
Көз алдында сондықтан да
Күнəдан пəк ертеңi тұра қалған.
Отты аспан гүрiлдейдi,
Тұяқтар дүбiрлейдi,
Таулар селкiлдейдi,
Баулар желкiлдейдi.
Жерде де емес,
Көкте де емес,
Шабыттанған ақынның кеудесiнде.
Бүкiл əлемнiң қақтығысы бар
Оның кiп-кiшкентай бөлмесiнде.
1975 жыл
«АЛТЫН ТАМЫР» ТОПТАМАСЫНАН
МӨЛДІР ТАМШЫЛАР
Бұлттар жабағы,
Көктi жабады.
Күзгi тамшылар
Тамады, тамады...
Күзгi тамшылар,
Күзгi тамшылар!
Болашақ бұршақ па,
Əлде қар шығар!
Терек, тал, шынар
Терге малшынар.

52
Түндiгiн жапты ма
Күзеуде малшылар!
Күзгi тамшыда
Көктем даусы бар!
Көктiң көз жасы
Қашан таусылар?
Бұлттар түйiле ме,
Қамшы үйiре ме?
Осынау дүниеде
Менiң де тамшыдай
Орным бар шығар?
Тамады тамшылар,
Тамады тамшылар...
1977 жыл
* * *
Апа, менi оятшы ерте бүгiн,
Баяғыдай қой жайсын тентек ұлың,
Бозторғайдың жадында жүрген болар
Ұя бұзар ылаңды еркелiгiм.
Мал жапырған жазықтың көкорайын,
Жалаңаяқ, жалаңбас аралайын.
Жусағанда жусанға жуас қойлар,
Жас шалғынға жантайып демалайын.
Қара шашым желменен желбiресiн,
Ту сыртымнан қарақтап, елжiрерсiң.
Туған жерге ұлыңның ынтық жанын
Сен түсiнiп, тек қана сен бiлерсiң.

53
Таң нұрында, даланың жаңбырында
Құштар ем ғой саяқсып қаңғыруға.
Қорықпа, Апа, мен саған ораламын
Табанымның тiкенiн алдыруға!
1977 жыл
ЖЫЛҚЫШЫЛАР
Иiсi жұпар орманды асып,
Иiр қобыз жолдарды басып,
Салбырап самсоз, көз байланғанда,
Самалдың арты желге айналғанда,
Жылқышылардың қосына бардым,
Жылқы мiнездi досыма бардым.
Жандары қалмай, қонақ келсе олар
Қуанады екен, осыны аңғардым.
Iлiнiп қазан, құрылып мосы,
Көңiлдiң жатыр бiлiнiп хошы.
Қонақтың бəрiн Қыдырдай көрген
Қазағыма тəн iрiлiк осы.
Ақбұлақ қымыз, балы бар ауа,
Қаныңа дəру, жаныңа дауа,
Дəл мұндай лəззат келмеген болар
Баяғы хан мен ханымыңа да.
Ұры жел тыста ұлыды қатты,
Ұядай қостың жылуы бапты.
«Былтыр қыс соққан қасқырларым ғой» деп,
Жылқышы маған тұлыбын жапты...
1977 жыл

54
АЛТЫН ТАМЫР
(Оралхан Бөкеевке)
Ағатай, ала кетшi тауға менi,
Аңсатты ала қыстай жайлау елi.
Атамның қымызынан дəм татайын,
Биесiн биыл ерте байлап едi.
Атам да жүрген шығар жолға қарай,
Өткiзем демалысты ойда қалай!
Бал дəмi таңдайыма үйiрiлдi,
Сарсүйек болған шығар балқарағай.
Тауға апар, тауды аңсадым жазықта мен,
Əжеме алтын тамыр қазып берем.
Кəрiге қажетi не дəрiгердiң,
Тамырмен өзiм емдеп жазып келем.
1977 жыл
АЛТАЙДЫҢ АҚ БОРАНЫ
Алтайдың ақ бораны
Алты күн тоқтамады.
Алты күн көлiк – құстар
Қанатын қақпағалы.
Аядай аэропортта
Кеудеме от толады.
Алтайдың ақ бораны,
Толастап тоқтамады.
Шынымен бұл шiркiнге
Адамның жоқ па амалы?
Алты күн елегiзiп,
Күдердi менен үзiп,
Қойдың ба: «Жетпедi деп,
Боранды неге бұзып!»
Алтайдың ақ бораны,

55
Алтайдың ақ бораны...
Алты күн болған шығар
Жүрегiм соқпағалы;
Сен менi «алдамшы» деп
Сыртымнан соттағалы,
Алты күн болған шығар...
1977 жыл
АДАСҚАНДА
Қара түн, тау iшiнде жортып келем,
Өкпектен құс еттендi бөртiп денем.
Жол жоқта адасқанға Ай да серiк,
Ай батып кете ме деп қорқып келем.
Желбегей жұқа лыпа қаусырынам,
Ат басын жел өтiне қарсы бұрам.
Бағдарсыз, байызы жоқ
                  бейбақ болдым,
Қаупiм көп, хабарым аз тау сырынан.
Төбемнен қара ала бұлт түйiп қабақ,
Дүние тұрды маған суық қарап.
Ақ жүзiн кiрбiң шалып Ай да батты,
Бүркенiп бұлт көрпесiн ұйықтамақ.
Сөгiлiп қабырғасы қара бұлттың,
Найзағай жарқылдаса алабұрттым.
Мен дағы мақтандым-ау ұлымын деп,
Тауды да табындырған дана жұрттың.
...Түн өттi, тылсым қойнау арайланды.
Көз салып кескiнiме таң ойланды.
Сыпырып қалбағайын сұсты таулар
Елжiреп туысымдай қарай қалды.
1977 жыл

56
ТАУЛЫҚ МIНЕЗ
Қой, жаным, қызығумен ерме маған,
Мен болсам құштарлыққа көнген адам.
Кiрпiгiм шарасыздан айқасқанша
Осынау мазасыздау халде қалам.
Қой, жаным, құр қызығып ерме маған.
Қорқарсың мен жүзетiн долы өзеннен,
Сенбесең бiр қарашы терезеңнен.
Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па,
Ал менiң жақын досым сол ежелден.
Қорқарсың мен кешетiн долы өзеннен.
Сен болсаң тауға тұңғыш келген адам,
Қой деймiн, мерт боларсың, ерме маған.
Құрсақтан топшылы боп туғаннан соң
Құлашты дүлей суға сермеп алам,
Қой, жаным, мерт боларсың, ерме маған.
Долы ағыс алып қашар бас көрмеген,
Мен сонда аймаласам тастарменен.
Ертемiн толқындарды ерттесуге
Сыралғы болса сумен жастан денең,
Табысып жүзер болсаң тастарменен...
1977 жыл
ҚАРТ ПЕН ҚЫРАН
Əшiм қарт аралатты тауды маған,
Апарды Марқакөлге жаудыраған.
Қамшымен құсты нұсқап көкте жүрген
«Бұл, – дедi, – кəрi бүркiт – шəулi, балам.
Байқашы, анау шыңның керегесiн,
Құз тастың қуысынан не көресiң?

57
Сол тұста шəулi бүркiт ұясы бар,
Қоздырған қанатсыздың делебесiн.
Қиядан көзiн салған дарияға,
Қантүбiт балапан бар сол ұяда».
«Алайық, арқан байлап балапанын,
Бастаңыз» дедiм қызып қарияға.
«Тəйт, құсты құлданамын дейтiн кiмсiң?
Қызыққан киелiге кейпiң құрсын!
Сен де бiр қантүбiтсiң! – дедi Əшiмхан, –
Қырандар еркiн туған – еркiн жүрсiн!»
1977 жыл
ҚОЛАМТА
Қойнауда қоста отырып қоналқаға,
Қараймын ошақтағы қоламтаға.
Лапылдап лаулап келген оттың бəрi
Жалынын осылайша жоғалта ма?
Төңкерiп жылқышының шыны аяғын,
Көз қадап қоламтаға мұңаямын.
Жалын жоқ, отағасы көсегенмен
Мосының қайырып ап бiр аяғын.
Жылтырап қып-қызыл шоқ əлсiреуде,
«Сөнуден арашалап қалшы» деуде.
Ошақта отың сөнiп бара жатса,
Өзiңе өз көңiлiң көншiген бе?
Менде де көншiмейтiн көңiл болған,
Мойымас жығылсам да өмiр – нардан.
Кеудемде қоламтадай қоздап жатып
Кетер ме лапылдамай небiр арман?!

58
Шоқ табы бiрде қызу, бiрде бəсең,
Толтырды қостың iшiн нұрмен əсем.
Менiң де өзегiмде шоқ жатқандай,
Сол бiр шоқ тұтанар ма үрлемесең?!
1977 жыл
ТҮБIР
Келе жатып қалың бауда,
Жалғыз аяқ соқпақпен.
Сəл отырып дамылдауға,
Бiр түбiрге тоқтап па ең?
Елтiп барлық құс үнiне
Шаттандырған бау iшiн.
Тырысып па ең түсiнуге
Табиғаттың дауысын!
Сұлулыққа тамсандың ба,
Қызыл бұлтты iңiрде?
Сонда бiр сəт зер салдың ба
Астыңдағы түбiрге?
Сырын желге толғамайды,
Өркенi жоқ томаршық.
Қабықтан жас сорғалайды,
Қалсаң егер сен аршып.
Ойланарсың сен қайтарда
Мылқау томар мұңайтар.
Ара айтар ма, балта айтар ма,
Оның сөзiн кiм айтар?!
1978 жыл

59
ҚЫЗЫЛ IҢIР
Қалың орман қойнауына
Қып-қызыл күн қонғанда,
Қарағайлар жол бойында
Қалың ойға шомғанда;
Қып-қызыл боп мұнартпай ма,
Қара жолдың шаңдағы?
Жеңiлденiп қуантпай ма,
Iштегi ойдың салмағы?
Əр қарағай балағына
Бiр көлеңке жармасып,
Қорықса күннiң жанарынан
Беттерiмен жер басып;
Тiрлiгiңе тəубə дейсiң,
Тоқмейiлсiп азырақ.
Қайдан, қайдан ойға келсiн
Күн батары қазiр-ақ.
Көлеңке емес, адам болып
Қуанасың туғанға,
Саған орман сəлем берiп,
Басын шұлғып тұрғанда.
1978 жыл
БАЛҚАРАҒАЙ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Қылқанды бұтақтары қарқарадай,
Қасқайып қабақта тұр балқарағай.
Басында жаңғақ қағып бiр бала отыр,
Төменге əлсiн-əлсiн қорқа қарай.

60
Топырлап түсiп жатыр жаңғақтары,
Бар шығар қорғасындай салмақтары.
Қарық боп көзi тұнды сол баланың,
Құмарлық ешнəрсенi аңдатпады.
Жаңғақты болар көздiң құрты деуге,
Мiнiп ап бiр бұтақты сiлкiгенде,
Шарт етiп сынып кеттi iлкi демде
Салмақ па, əлде тағдыр ырқымен бе?
Құлады жерге қарай зулап бала,
Көрген жұрт тұрып қалды шулап қана.
Ешбiрi тырп ете алмай қалды сасып
Жаңғақты мақтағандар қу жақтана.
Құлады бала сол бiр қилы шақта,
Тағдыры сыяр ма оның жыр кiтапқа?
Зымырап жерге жете берген кезде,
Iлiнiп қалды бала бiр бұтаққа!
1977 жыл
АЛТАЙ АЯЗЫ
Қызыл Ай қызыл көрiгiн басқанда
Қақтаған қаңылтырдай шың қызарады.
Отты жыландай зуылдап аспанда,
Құйрықты жұлдыз ағады.
Түн қара сəлделi Құдадай,
Көкке жұлдыздан бал аштырады.
Қызылшұнақ аязға шыдамай,
Найзағайдай шатырлап ағаш сынады.
Азынаған жұлдыздан да, Айдан да
Бетiңе ызғырық ызғар ұрады.

61
Сiресiп жатқан сiрнелi сайларда,
Күтiрлеп мұз жарылады.
Тоңған төбеттер қыңсылап, бүрiсiп,
Үйдiң есiгiн тырналап көредi.
Қойшының ұлдары сақ-сақ күлiсiп,
Ай жарығымен сырғанақ тебедi.
Қап-қара таулар қабағы бұзылып,
Қойнында құмығып қасқырлар ұлиды.
Ұлыған үнi қалтырай үзiлiп,
Бiр таудың барып астында құриды...
КҮРКIРЕМЕ ӨЗЕНI
Күн:
– Күркiреме өзенi,
Күркiреп кеп ағасың,
Сарқырап кеп ағасың.
Қазақтың жас баласын
Қайда ағызып барасың?
Қойнауынан Алтайдың
Қайнап шыққан қара су.
Жас баланы жұтқанмен,
Қандай тойым табасың?
Жылап қалды жан ана,
Ғұмыр сыйла балаға.
Шырылдатпай сəбидi,
Шығар, шығар жағаңа!
Өзен:
– Шешесi оның шерменде,
Су алуға келгенде,
Жақпар-жақпар жырадан,
Жас баласы құлаған.
Құшағыма бөлендi,
Менiң балам ол ендi.

62
Оның ыстық денесi
Жылытады денемдi.
Менiң асау толқыным –
Оның мəңгi бесiгi.
Жас сəбиге тағдырдың
Осы болды кесiмi.
Ұлыма ендi ашылар,
Ұлы мұхит есiгi!..
...Долданады долы өзен,
Жұрттан суын қызғанып.
Жағасында жақпар тас,
Мелшиедi сызданып.
Аласұрған толқында,
Бiр батып та, бiр шығып,
Ағып кетiп барады,
Қайран құйттай тiршiлiк.
Көзiн сүртiп сұр бұлтпен,
Күн тығылды тасаға.
Шырқырайды жағада,
Жанұшырған жас ана.
Дүлей толқын сəбиiн
Алып қашып барады.
Жас дененi аймалап
Мауық басып барады...
ӨСКЕМЕН ТУРАЛЫ ЖЫР
Көтерiп туын шығыстан,
асығып атса күмiс таң,
От өрiп екпiнiменен төсiнен асқақ жыр ұшқан.
Сырғасын малып Ертiске бiр ару жатыр жағада
Тұлғасын соққан мырыштан.
Сапардан қайтқан тырналар танымай қалса –
   
 
 
 
 
кешiрiм,

63
Шаһар бұл түлеп жататын балапан үйлер бесiгi.
Жайқала жасыл желегi қала бұл алау таңдарға
Айқара ашқан есiгiн.
Соғады самал Алтайдан,
бұлттарды нұрға қоса өрлеп,
Кестелi ақша орамал орайды тұрба басын кеп.
Күн бойғы қызу жұмыстан бусанып жатқан өлкенiң
Таңдайы құрғамасын деп.
Жырласам шығыс шынарын,
көңiлде шалқар шалқып көл,
Көкiрегiме орнайды керiлiп барлық барқыт бел.
Қарасам бүгiн қала ма комбинаттағы кендердей
Ағыл да тегiл шабыттан кетемiн дəйiм балқып мен…
1971 жыл
АБЗАЛ ЖАНДАР
Торыққан шақта жiгерден берген маған нəр
Жарқын жүректi, абзал тiлектi адамдар,
Ұлылықтарыңа бас иерiмде əдеппен
Көкiрегiмде кiшiлiк оты алаулар,
Сендер бар жерде безедi менен нала-өкпем,
   
күйректiк ойлар өзiмдi – 
   
 
 
 
өзiме жау еткен.
Сендер бар жерде жазық боп жатсам тау болам,
Сендер бар жерде қазық боп жатсам – бау болам.
Сендер бар жерде кеудемдi билеп арман-əн,
Аспаннан күнiм аумаған.
Салыңдар менi қиынға
Алысқа, қия-қиырға.
Артыңдар маған аямай
Артатын жүктi бiр ұлға.
Жақсылық жолға жұмсайын
Осынау шағын ғұмырда
Кеудедегi оттың жалынын мынау лаулаған.

64
Сенiңдер маған, сенiмдерiңнен бақ табам,
Сапарға дереу аттанам,
Бұлбұлдарыңа бақ болам,
Мылтықтарыңа оқ болам.
Ер жiгiтте арман аз болар
Елдiң үмiтiн ақтаған.
Абзал адамдар келбетi күннен аумаған,
Қатарларыңнан қадам озуға талпынып,
Қарыс қалуға арланам.
Сол үшiн дəйiм шарқ ұрып,
Сол үшiн дəйiм қарманам.
Достарың болар дос маған,
Жауларың болар жау маған,
Достарға ашар құшақтарыңның жылуы
Қашанда менiң бойыма дарып, баураған.
Жаныңның жарқын жалынына орап,
Боранның даусын саз етпек,
Қыраулы қысты жаз етпек,
Мендегi мынау жас ғұмыр;
Аралы жерден бал iздейтұғын əдетпен
Бұлбұлды жерден əн iздейтұғын əдетпен,
Мен жүрген жерден iздеңдер дəйiм жақсы жыр,
Ертеңге қарай екпiнiмменен ерек мен
Ортаңа жетсем сап дүбiр…
Сендер деп ұшсам қанатым менiң талмайды.
Тағдыр да маған шеңгелiн сала алмайды.
Мейiрiмдерiңдi мейiрлене бiр қотара 
   
 
 
жұтқым келгенмен
(Жүректерiңнен мөп-мөлдiр кəусар көл көргем)
таусылар емес
Сусыным да ешбiр қанбайды.
Мен деп бiлiңдер, күмбездi көкке шырқап 
   
 
 
 
ұшса бiр қыран жас,
Қара бұлттарды турағысы кеп, жарқылдап 
   
 
 
 
шықса бiр алмас!

65
Ормандарыңа орнармын бiр күн өрт жүздi 
   
 
 
 
алау гүл болып,
Асқақ гүл болып ажалдың да қолы жұла алмас!
1971 жыл

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал