Бағдарламасы бойынша шығарылды Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



жүктеу 5.79 Kb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.79 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

АМАЗОНКАНЫҢ ƏНI
(Мадригал)
Сен жеңдiң,
Тiзе бүктiм,
Жеңiлдiм мен.
Патша едiм, құлға айналды тегiм бiрден.
Жөнiңмен жүрер болдым сенiң жүрген,
Еркiмдi қай сиқырың емiндiрген?
Найзасы кiрпiгiңнiң дiр етпедi,
Ұштығын суырмадың жүректегi.
Емдедi ерiнiңнiң бiр өпкенi,
Қолдастық – арамыздан қыл өтпедi.
Мерейiң асып менен,
Болып үстем –
Сен жеңдiң.
Бағындырдың менi күшпен.
Бал екен у дегенiм менiң iшкен,
Бақытты болғандаймын жеңiлiстен.
Беймаза жүрек тiлеп бүлiк кейде,
Жарыл деп жанартаудай үгiттей ме?
Болғанша басыбайлы ұлық пенде,
Не жетсiн еркiндiкке iлiккенге?!

210
ДƏУРЕН
Күн – жалғыз,
Бiз екеумiз қайықтағы,
Жағадан жамырайды Жайық талы.
Мамырлап суға қонған көктiң бұлты,
Манаурап ұйқысынан айықпады.
Иiннен сусып түскен орамалды
Жұмарлап жуас толқын орап алды.
Ескектен шашылған су моншақтары
Бетiңе бiр-бiр күн боп қона қалды.
Жайықтың шортаны, əлде қасқалдағы,
Шошытты шолп етiп су шашқандары.
Жағада жаққан оттың көк түтiнi
Ақ бұлтты арқандап тұр аспандағы.
Бас қосқан бiр қайықта тағдыр айдап,
Бiздерге өзен өзi мөлдiр айғақ.
Өшiрдi айдындағы бейнемiздi
Бiр ұшы бұрымыңның салбырай қап.
Жатты су үнсiз жалғап мəңгi көшiн,
Жел тынып,
Демiн үнсiз алды бесiн.
Отырмыз жалғап бiз де жiбере алмай,
Таусылған табиғаттың əңгiмесiн.
Жазып ем суға сызып есiмiңдi,
Əр əрпiң жазған бетте өшiрiлдi.
Жоғалар суға жазған жазудайын,
Дəурен-ай, тұрлаусыз ба ең осы ғұрлы?!

211
КӨБЕЛЕК
Сен кеттiң,
Қалдым қатып бағанадай,
Суытты – жып-жылы едi мана маңай.
Көр шеге – өкшелерiң көше бойлап,
Жүгенсiз жүрегiмдi тағалады-ай.
Сен кеттiң!
Қала бердiм қара басып,
Сезiмiм екiұдай боп жағаласып.
Жырақтан сылаң етiп сұлу тұлғаң,
Жарыққа бара жатты араласып.
Сен кеттiң,
Қала бердiм қараңғыда,
Қара бұлт қаумалады санамды да.
Соңыңнан қолын созып Ай жүгiрдi,
Бiлмеймiн жете алды ма, таба алды ма?
Қаншама жүрек менi айтақтасын,
Сеземiн түбi оның да жай таппасын.
«Бағыңды уысыңнан жiбердiң» деп,
Тұрғандай ағаш бiткен шайқап басын.
Соңыңнан
Өзiме-өзiм күшiм келмей,
Ұмтылдым ала-құйын, ұшып желдей, –
Күйерiн бiле тұрып отқа ұмтылған,
Тағдырын көбелектiң түсiнгендей!..

212
«ҒҰМЫРНАМА» ТОПТАМАСЫ
(1985)
ПЕТРОГРАД. ПУШКИН МЕН ЕСЕНИН
Қақпасын қоймаған соң тақылдатып,
Ақшасын болмаған соң жақындатып.
Фотограф,
Əрең ердi Есенинге
Айта алмай алабұртқан ақынға түк.
«Жынды ма...»
«Иə, жындымын! Есенин – мен!»
«Есенин... екенiңдi, бəсе, бiлгем».
Петроград. Таңсəрi уақ. Сирень иiсi.
Бос жатыр жүргiншiсiз көше мүлдем.
Ескi бақ. Орындықта – Пушкин. Қола.
Есенин
Ескерткiштi құшсын бара:
«Бiз – доспыз. Басшы бiздi суретке шал!»
«Келмейдi милицияға түскiм, бала.
Бұл үшiн екеуімiздi қамайды əлi...»
«Қорықпа, құтылармыз қалай дағы».
«Жарайды, қоймадың ғой, тəуекел!» деп,
Қиқаңдап көнген болды шал айлалы.
«Қалайсың қозғалмауға бiр азырақ,
Жарық аз, түсiремiн ұзағырақ».
Төртінші бөлім
БАЛЛАДАЛАР

213
«Жарайды, мен шыдармын.
Ұшқалақ ед –
Сашадан қозғалмауын сұра, бiрақ».
«Ендеше түсiремiн,
 
 
 
шыда кəнi...».
Əккi шал аппараттан сығалады.
Қос ақын құшақтасып қатар отыр
Суретке түспек болып сыбағалы.
Таңсəрi. Ұйқыда əлi бүкiл халық,
Молайып келе жатты, шүкiр, жарық.
Қола ақын мен бала ақын...
Екеуара –
Соғып тұр жалғыз жүрек лүпiл қағып.
АТТИЛА ЖƏНЕ АКВИЛЕЙ АҚҚҰТАНДАРЫ
Алдырмай Аквилей тас қамалы,
Апта өттi гундер шабуыл бастағалы.
Алты күн ала шаң боп қала түбi,
От бықсып,
Жебе жауып,
Тас борады.
Түнерiп Аттила тұр дөң басында,
Үркердей нөкерi бар дəл қасында.
Қар жауып қабағынан қатуланып,
Iшiнде сексен сезiм арбасуда.
Жеңiс пе,
Жеңiлiс пе сыбағасы?
Патшаға беймағлұм бұл арасы.
Тесiлiп тас қамалға қарап тұрды,
Анау ор –
Анау – қақпа,
Мұнарасы....

214
Көз салды көлегейлеп алақанын:
Iшiне тартып апты қала қанын.
Басынан мұнараның
Аққұтандар
Ұшырып бара жатты балапанын...
– Алдияр!
Не қылайын айта берiп,
Сұм қамал алдырмай тұр – жайпар едiк.
Римдi тұтас жаулап алғаннан соң,
Асықпай шаппаймыз ба қайта келiп?!
Əмiршiм,
Ала алмаймыз бұл қаланы.
Аттила арғы сөздi тыңдамады:
– Аламыз!
Шабуылдаңдар!
Бүгiн кешке –
Қожасы Аквилейдiң ғұн болады!
...Қаланы ғұндар кешке басып алды.
Тойлады,
Дұшпанының басын алды.
Сауытын ақ сарайда шештi Аттила,
Қасында батыр қыпшақ досы қалды.
– Əмiршiм,
Себебiм бар аялдаған,
Рұқсат бер қоюға бiр сауал маған:
Қаланың құлайтынын қайдан бiлдiң,
Алты күн арамтер боп ала алмаған?
– Бiлмесем қайда менiң хан атағым,
Ата боп кiм ойламас бала қамын:
Қаланың құлайтынын маған айтқан –
Аққұтан,
Ерте ұшырып балапанын!..

215
ПАГАНИНИ
Құлпырып тұр қайран Ницца көктемi,
Қандай əсем көкала бұлт көктегi.
Күмбiр-күмбiр күйме келiп тоқтады,
Баққа оранған шарбақты үйге шеттегi.
Ойнақшып тұр аққу мойын аттары,
Жас полицей күйме есiгiн аттады.
Сiрi етiгiн сықырлатып сəнменен,
Қылышымен қатты қақты қақпаны.
– Паганини осында ма?
– Осында... Бiрақ мырза...
– Үйге баста, шошынба!
– Мен – дəрiгермiн. Науқас едi Никколо.
Сұмдық сырқат... Шаруаңыз тосын ба?
– Король соты шақырғанда келмеген,
Айып кесiп,
Төле десе көнбеген.
Тапқан екен науқастанар мезгiлдi,
Барып тұрған алаяқ қой ол деген! –
Жас полицей,
Қолда сигар тұқылы,
Маңызданып бiр қағазды нұқыды:
– Паганини сотталды əне он жылға,
Тұтқындаймын! Мiне, соттың үкiмi!
– Ол науқас қой!
Қысып жатыр қос өкпе!
– Жоқ, ендi оны қылмыскер деп есепте!
Кеу-кеулесiп кiрiп келсе екеуi...
Паганини...
Қайтыс бопты төсекте!..
Құлпырып тұр қайран Ницца көктемi...

216
ƏЗƏЗIЛ
Көшбикенiң тiзеден шалғыны бар,
Кеше қалса шалынып шал жығылар.
Қалың шөптi таптаған тобыр топтың
Елеуреген жүздерi сан құбылар.
– Ыбырайда ызам бар сан талайғы,
Қысас қылмай қыжылым тарқамайды.
Ал қаптаңдар!
Абайды сабаймыз! – деп,
Əбен сұмның көздерi қанталайды.
Қарайған топ қарадай қаны қайнап,
Қолдарына түкiрдi «а, құдайлап».
Оқшау үйде ойланып отыр Абай,
Қалың елдiң қамығып қамын ойлап.
– Абайды ұрып...
Əй, кiмнiң дəтi шыдар?..
– Тарт тiлiңдi!
Атаңның ақысын ал!
...Ақын түскен ақ үйге төнiп келдi,
Сайланған топ сойылы, сапысы бар.
Жылпос бiреу
Əбендi жанасалап,
Дырау қамшы ұстатты оңашалап:
– Бəр-рекелдi!..
Абайды аямай ұр!
Ала алмасын ешкiм де арашалап!
Қанды қамшы ақынға жауып кеттi...
Əлгi жылпос тұрды да бағып көптi:
– Ойбай, Абай ағамды сабады! – деп
Хабарлауға оязға шауып кеттi...

217
ШЕЛЛИДIҢ ҚАЗАСЫ
Тып-тымық теңiз.
Толқынның да жоқ төбесi.
Қирады қалай – «Ариэль» – Шелли кемесi?
Жанын жеп Байрон жан досын iздеп жеткенде,
Жағада жатты Шеллидiң жансыз денесi...
Аһ ұрды Байрон айырылып кейiп-кеспiрден,
Соққыдан сұмдық сенделiп барып ес кiрген.
Марқұмның жұрты атқарып ақтық борышын –
Мүрдесiн отқа өртедi ескi дəстүрмен.
Шырт еттi шақпақ.
Шалды от Шелли сүйегiн,
«Бақұл бол, бауырым!..
Басымды мəңгi иемiн...»
Алаулай жанды аяулы ақын мүрдесi,
Булықты Байрон көз жасы жуып иегiн.
Еңсесiн езiп,
Сығады сөлiн сұм қайғы,
Улайды бiр ой:
«Есiл ер екi тумайды...»
«Шындықтан өзге Құдай жоқ» деген Шеллидi
Еш декан ендi университеттен қумайды.
«Құдайсыз құлды қуырдақ қылсаң да –
Құнсыз деп,
«Дiнсiздiң болар тəрбиесi де дiнсiз» деп,
Шиеттей екi баласын тартып алғандар,
Жəдiгөй жүзбен жабыққан болды үнсiз кеп.
Өксiдi Байрон өртенгендейiн өз басы,
Кiрпiктен бетiн күйдiрiп ақты көз жасы.
Бажыған əлем,
Байронмен бiрге боздашы,
Қажыған жүрек,
Қаралы күйдi қозғашы:

218
«Көзiңдi аш, өмiр!
Өртенiп жатыр өр ақын
Сормаңдай дүние!
Сорың да көп-ау соратын.
Күл болсын күлкiң,
Бүл болсын мүлкiң, сұм жалған,
Шейт болды Шелли –
шығатын едi-ау сорақың.
Келбетi достың көңiлден қалай көшедi,
Көз алдымда тұр сырласқан бiр кеш кешегi.
Кенеттен сонда тереземiздi қиратқан,
Көшеден атқан көксоққандардың кесегi.
Екеуімiз сонда тұрмастан, мойын бұрмастан,
Селт етпеп едiк сол сəттi қимай сырласқан.
Тас бұза алмаған,
Қас бұза алмаған сол сезiм
Қапыда қирап,
Күмбезiн көрдей түн басқан.
Өртендi Ақын!
Өзi де өшпес өрт едi!
Өршiген жалын өлiмнiң бетiн серпедi.
Өзегiн жаудың өртеумен өмiр сүрген жан,
Өзегiн достың өлгенде, мiне, өртедi.
Хош, хош бол мəңгi!
Хош, қайран Шелли!
Хош ендi...
Өлеңнен алдың өмiрге кеткен есеңдi.
Ақымақтарға аңдытып қойған ақынды,
Айыптамаспын өз Отанымдай еш елдi.
Хош, қайран досым!
Бақұл бол, досым.
Хош ендi...».

219
КҮЛКI МЕН ҚАСIРЕТ
...Ауыстырар актер болмай оңтайлы,
Серке бүгiн өзi ойнады Қоңқайды.
Байғұс Қоңқай қол қусыра қалбақтап,
«Ақтоқтым ба, хазiрет?» деп аңқайды.
«Мен адаммын, қатынынан жүрегi
Шайлыққан!» – деп күрсiнсе, – жұрт күледi.
Қайтсін елдi қырып салмай Қоңқайдың
Шүйiрмек ерiн, жыпық көздi сүреңi.
Сар күпiсiн сiлкiп тастап жотаға,
Күпсiнiп бiр қызыл сөздi қотара:
«Жұрт Қоңқайдың қаптады, – деп, – тойына!»
Қалшияды:
«О, тоба, – деп, – о, тоба!»
Қыран-топан қалың күлкi буынды ап,
Құшырлана қол соқты жұрт дуылдап.
Қарт Серкенiң жаны жылап тұрғанын,
Қайдан бiлсiн қамсыз қалың шуылдақ?!
Күркiредi күлкiнiң де толқыны,
Басылмады шапалақтың солқылы...
Қасiретiн сезбедi ешкiм,
Серкенiң...
Ұлы қайтыс болған едi сол күнi!..

220
ҚАН ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ҚОЛТАҢБА
(Əбдiкəрiм Ахметовке)
Дəрiгер бүгiн тағы да
Болғаннан кейiн құйып қан.
Ақынның келдi жанына
Əзiлдей күлiп миықтан:
– Сұрланып келiп едiңiз,
Нұрланып, мiне, тұрдыңыз.
«Жасарып қалдым» дедiңiз,
Бiз онда сiзбен құрбымыз.
Жаздырсын жарқын өлеңдi
Құйдырған жаңа қаныңыз.
Тағы бiр рет...
Ал ендi,
Қолтаңба бере салыңыз...
– Мен дайын!
Қолын бұлдар кiм?..
Бiр қарап қалам ұшына,
Созды ақын қолын
Журналдың
Қыз нұсқап тұрған тұсына.
– Қолтаңба маған сөз емес,
Сен үшiн берем қолтаңба.
Қойды ақын қолын
Өзi емес,
Дəрiгерлер жазған сол «томға»...
Қалжыңдап жатыр:
– Ал құрбым,
Тойыңа барам жақында...
Жетер ме күшi аурудың
Қолтаңбасы бар ақынға!..

221
ЕСКЕРТКIШ ЖУҒАН ƏЙЕЛ
«Қырқа бар Алматының шығысында...»
Жыры тұр тамсандырып тiл ұшында.
Қырқада –
Сол ақынның ескерткiшi,
Таулардың тұрпаты бар тұрысында.
Ақын тұр
Боз жусан мен селеу кешiп,
Басынан будақ-будақ өлең көшiп.
Жанына жыр дəптерiн салып алып,
Баратын жас ақындар сəлемдесiп.
Қыс өттi қалтыратып көк пен жердi,
Сүйретiп көк шылбырын көктем келдi.
Қуанды тас мүсiн де көрiп бүгiн
Көктемге аман-есен жеткендердi.
Өткерiп қар-лайсаң лақса күндi,
Жүзiне
Ескерткiштiң дақ шалынды.
Бiр əйел
Тас мүсiндi жуды келiп,
Аялай көпiршiтiп ақ сабынды.
Оранды ақша бұлтқа ақын бiр сəт,
Сүрттi əйел
Ақ жiбекпен басын қымтап.
Көрдi əлем ескерткiштiң жылағанын,
Көзiнен мөлт-мөлт етiп асыл бұршақ.
Арзымас асылың не,
Күмiсiң не?
Тiршiлiк көз жасының тұр iшiнде.
Мүсiндi сүйдi сонда мұңлық əйел,
Сүйе алмай қалды ма екен тiрiсiнде?

222
АҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ
(Қажығали Мұхаметқалиевке)
«Жет, ойбай!
Жылан шақты жас баланы!..»
Жыландай суық хабар осты Ананы!
Iсiнген саусағынан сəбиiнiң.
Сорды уды
Бiткен Ана басқа амалы...
Сырмаққа түскен сəби сұлай барып,
Сəт сайын өңi кiрдi шырайланып.
Анаға –
Қомнан ауған шаңырақтай
Дүние бара жатты шыр айналып...
Дөңбекшiп,
Сол Ананың баласындай,
Дүние,
Байыздашы аласұрмай.
Денеңе у дарытпай емдеп алар
Тағдыры Ақындардың дəл осындай!..
ШАЯХМЕТ
Шаяхмет тақыр басты, быртық бет,
Арам шөптi күрегiмен қырқып кеп,
Екi иiнiнен демiн алып ентiгiп,
Айғайлайды: – Iркiт қайда, iркiт? – деп.
Дəл өзiндей тақыр басты, быртық бет,
Ұлы жеттi:
– Əке, мiне, iркiт, – деп.
Желпiлдеген баласына жекiдi:
– Не ғып жүрсiң əр тақтаны түртiп? – деп.

223
Жекiгенге бала бүгiн жаси ма,
Ақ торсықтың аузын жайлап ашуда:
– Күрек деген қалды емес пе модыдан,
Мiнсеңшi, əке, жаңбырлатқыш машина!
Шаяхмет:
– Тақылдама, тек, – дедi,
Қай сасқаны күрегiмдi сөккенi?..
Сонау жылы,
сен iштесiң,
бұл көкең
Күрекпен-ақ орден алған жоқ па едi?..
Оған жетер еш мəшине жоқ, тегi,
Мəшинең де, жаңбыр да бiр көктегi,
О несi-ей?! – деп қолына алып кесенi,
Оңтайланды толы iркiттi төккелi.
– Сонау жылдар жетiле алмай тарықтық
Жарылқаған осы Жер ғой қарық қып, –
Шаяхмет шашты iркiтiн арыққа, –
Бiзден бұрын Жер iшсiншi, жарықтық?..
ЖЕЗДЕ
Тентек ем текке қызынар
Қиқарлау бала кезiмде.
Əлi де соның iзi бар
Сезiмiм менен сөзiмде.
Тентектiң жауы – жездесi, –
Кеудеме талай толды «кек».
Əпкемнен аян безбесi
«Балдызым бұзық болды» деп.
Аңдатпай кесiп айылын,
Атынан оны жығамын.

224
Əпкемнен күтем қайырым
Ашылған шақта ылаңым.
Ашуға əпкем сөз берер,
Қабақты мен де түйемiн.
Апыр-ау, қалай төзбек ол
Атынан жықсам күйеуiн!
Ал жездем күлiп жайменен
Үстiнiң шаңын қағатын.
Қолына түссем сонда мен,
Қытықтап өшiн алатын...
...Тентектiк үшiн не түрлi
Бұралды бiрде құлағым.
Мендегi əйбат кекiлдi
Қиқалап құртты мұғалiм.
Дəптермен жауып төбемдi,
Долданып келдiм үйге мен.
Зомбылық-зорлық дегендi
Сол күнi тұңғыш бiлген ем.
Жыладым жатып ызадан,
Қағытып жездем мəз болды.
«Таз болар деушi едi жылаған,
Мiнеки, басың таз болды».
Сүрттiм де жасын көзiмнiң
Сөйледiм зiлдi: «Жүр əрмен,
Шашыңды жұлсам өзiңнiң
Жылар ма ең, əлде шыдар ма ең?»
«Шыдаймын» дейдi көңiлдi,
Күлкiсi батты шымбайға.
Шашына салдым қолымды,
Шыдамын байқау тұрды ойда.

Қайратты бiткен қара шаш,
Шеңгелдей тартып тұрғаным.
Сұрамай жездем араша,
«Осы ма, – дейдi – жұлғаның?
Жүрсiң-ау босқа соғып нан,
Қайраты қайда балдыздың?
Келмейтiн шығар қолыңнан
Сабағын да үзу қарбыздың!»
Саусаққа шашты орадым,
Жұлқыдым қатты уыстап.
Жұлынған шашқа қарадым,
Тұрғандай бейне ту ұстап...
Ал жездем, жездем... күледi...
Бай едi неткен төзiмге?
Қолымда шашы тұр едi...
Сол сурет қалды көзiмде...
...Бүгiн жоқ, жездем... Ол кеттi,
Қаза боп қоғам мүлкi үшiн.
Өлерде: «Ажал, кел» дептi
Бұзбастан нұрлы күлкiсiн.
Артында қалды жиенiм,
Мiнезi қонған осыған.
Бетiнен оның сүйемiн,
Сипаймын қара шашынан...

226
ЖЫЛАН ОРДАСЫН ӨРТЕУ
(Бейсен Кенжебековке)
Сауыр таудың қойнында бар бiр аңғар,
Сол аңғарды мекендейтiн жыландар.
Жықпыл-жықпыл, қорыс-қопа, ши,
                        шеңгел,
Желмен сыңсып, күңiренер кiлең зар.
Қаулап өскен қараған мен миясы,
Өрiп жүрген улы жылан ұясы.
Топырағынан тышқан iзiн таппайсың
Зəрдей ащы жемiсi мен жуасы.
Қызуымен қақтағанда күн ысып,
Қалың қаулан қалтырайтын құнысып.
Шұқанақта қара шұбар жыландар
Шұп-шұбар боп жататұғын ұйысып.
Заттың бəрi шұбар едi мұндағы,
Шұбар едi тас пенен шөп, гүл – бəрi.
Көз аударсаң жыландарға көп қарап,
Шұп-шұбар боп көрiнетiн Күн-дағы.
...Шiлде кезi,
Шiлiңгiр күн тұр жанып,
Бiр топ бала бұғып жеттiк ұрланып.
Құжынаған, быжынаған жыландар
Жатыр екен шырмауықтай шырмалып.
Жұрт аузында жылдар бойы жүрерлiк
Жеткен едiк жасамақ боп бiр ерлiк.
Шартылдатып шырпы шағып жан-жақтан
Шадырадай шөпке тастап жiбердiк.
Күйiп тұрған жықпыл жыныс лап еттi,
Қаулаған өрт аңғар iшiн əкеттi.

227
Ұйқы-тұйқы, аласұрды жыландар
Сақ-сақ күлiп сайтандай от сап еттi.
Ұмар-жұмар, опыр-топыр үймелеп,
Ию-қию, жыпыр-жыпыр кимелеп.
Сансыз «сүлiк» састы сусып сумаңдап,
Лап еткенде қалың қопа, ши кенет.
Жанталасқан, арпалысқан жыландар,
Жанұшырып, қайшыласқан жыландар.
Ысқырынып, отты шаққан жыландар,
Өрт жалынмен жауша алысқан жыландар.
«Құжынаған, қарашұбар жыландар,
Күйгенi бар, шаласы бар жыландар.
Жан-жағынан жалын тiлi жалаңдап,
Сумаң-сумаң аласұрған жыландар.
Ордалары ойрандалған шұбарлар,
Қара орманы майдан болған шұбарлар.
Жарық күнi қараң болған шұбарлар,
Тағдырлары тамамдалған шұбарлар...
Бiрi жерге, бiрi көкке ұмтылып,
Бiрi отта, бiрi шоқта бұлқынып.
Мың оралып, мың жазылып, серпiлiп,
Сансыз сабау сабағандай жүн-түбiт.
Шиыр-шиыр ширатылып бiреуi,
Шиыршық боп қырға атылып бiреуi,
Бұратылып, шырматылып бiреуi,
Құлар басын құмға тығып бiреуi.
Шыбын жаны шырқыраған жыландар,
Түтеп, жанып, бұрқыраған жыландар.
Шоқ iшiнде шатыр-шұтыр атылып,
Сапырылды сұрқы жаман бұл аңғар.

228
Жыланға да жан аши ма шынымен?..
Жар басынан жадау жүзбен үңiлем.
Сүйретiлiп сүйрiктей бiр жыланшық,
Жылжып бара жатты шидiң түбiнен!..
Тiс жармадық, тiл қатпадық кетерде,
Байғұстарды өртедiк-ау бекерге.
Жанарымнан тамып түскен
Тамшы жас
Тажал өрттi сөндiруге жетер ме?!
Күнəсi мол беу, балалық шақтарды-ай,
Кете барған ар алдында ақталмай.
Кейде жанды қоярға жер таппаймын,
Жүрегiмдi сол жыландар шаққандай.
ШОҚАН МЕН ДОСТОЕВСКИЙ
Еркелеп аққан Ертiстiң жағалауында,
Екеуден екеу ұрынып қалып жауынға,
Малмандай болған Шоқан мен Достоевский
Бұрыла салды бүйiрде жатқан ауылға.
Жарқабақ бойын жағалай бiткен тал-шiлiк
Жалтаң көз болды жауынға тұтас малшынып.
Өзеннiң бетiн басты да кеттi аппақ бу,
Аяқ астынан ақ жұмыртқадай аршылып.
Беттедi бұлар берiрек тұрған бiр үйге,
Бойкүйез иттер пейiлсiз шықты үруге.
– Қонақтар келдi!
– Төрлетiңiздер!
Бой тартып,
Достоевский бөгеле бердi кiруге.
Есiктен сосын еңкейiп барып бас сұқты,
Үй iшiне де үйрендi көзi, бастықты.

229
Шоқанға жақын шалғайлас орын ұсынған,
Шалды да көрдi шынтақтап жатқан жастықты.
Киiз үй iшi төрiне сырмақ төсеген,
Жарқырап кеттi ошақтағы оттан көсеген.
– Мал алдырт, кемпiр,
келдi ғой күткен кiсiлер,
Құмалағыма көрiндi деп ең кешеден...
Достоевский түсiнбесе де
Түсiндi,
Малдасын құрып отыра да алмай қысылды.
Жандарал ма деп жасқанар жорта сыңай жоқ,
Сабырлы кемпiр сапырып қымыз ұсынды.
Осы бiр сəтте сырттағы жаңбыр басылып,
Түрiлдi iрге,
Түндiк те түгел ашылып,
Көзұшы сонау Ертiстiң арғы бетiнде,
Кемпiрқосақтың кермесi тұрды асылып.
Ошақтағы оттың ойнақтап жатқан жалқыны,
Керсенге түсiп,
Қымызбен бiрге қалқыды.
Шоқаннан шыққан француз иiсмайы емес,
Жұпарын шашып жалбыздың иiсi аңқыды.
Көргенде қонақ түрiлген үйдiң iргесiн,
Еске алды кенет Тобылдың торкөз түрмесiн.
Кереге торлы, терезе торлы,
Бəрi – тор...
– Кəпірдің қымыз iшiне жақпай жүрмесiн...
Кеседен Шоқан сыздықтай жұтып сəнменен:
– Федор Михайлович,
бұл өзi нағыз бал! – деген.
– Геродот жазған атақты қымыз осы ғой,
«Жасарып жаның, жадырайды деп бар денең...»

230
Iлулi тұрған қобызды қария қолға алып,
Ысқышын сипап отырды үнсiз толғанып.
Қонақ та ендi құмарта iштi қымызды,
Басында бiрер ұрттаған едi зорланып.
«Бес жылдан берi келiп ем жұтып у талай,
Бұйырып бұл дəм, бал iштiм мiне, бұл қалай?
Сергiтер жанды сиқырың бар-ау бойыңда,
Абылай ханның алтын жүректi ұрпағы-ай!..»
Демiмен шарпып,
Дегдiтiп дархан даланы,
Аңқылдай естi Семейдiң салқар самалы,
Шу ете қалды ауылда иттер таласып,
Бiр ақбоз құлын аулақта шауып барады.
Құйрықты қойды жетелеп келiп бiр жiгiт,
Есiктен қарап алақан жайып тұр күлiп.
Бəрi де таңсық, бəрi де бұған бейтаныс,
Бəрiн де бұған жасап жатқандай қыр қылып.
Дастархан толы – белгiсiз алуан-түрлi дəм.
Жайдары Шоқан, ақпейiл қария, нұрлы маң.
Сабырлы жүздi ақ кимешектi ақ кемпiр,
Сiңiрлi қолмен ұсынып қымыз тұр бұған.
Кешiкпей қарт та кезектi бердi əн-жырға,
Қобыздың үнi ұқсады мұңлы тағдырға.
Қуанышы да, қайғысы да еркiн неткен ел,
Даласы – əнге,
Бұлттары толы жаңбырға!
Петербургте айырылған азаттығымен,
Семейде сергiп табысқаны ма шынымен?
Тайсалған тұтқын тамсана жұтып қымызды,
Еркiндiк дəмiн сезгендей болды тiлiмен!..

231
САЛАСПИЛС
Мүсiндер... Мүсiндер...
Қаралы мүсiндер, жаралы мүсiндер.
Қайратты мүсiндер, азалы мүсiндер.
Аралап келемiз:
Шалғынға шық тұнып қалыпты,
Мөп-мөлдiр тұнық шық,
Сəбидiң көз жасы тəрiздi.
Бұл жерде жалмауыз,
Адамның терiсiн жамау қып,
Жердiң жыртығын жамаған.
Бұл жерде жендеттер
Уақыттың өзiн де дарға асқан.
Бұл жерде қасiрет инесi,
Жүректi жүрекке қапсырып тiгедi.
Бұл жерде қанатын қомдайды
Бойдағы кегiңнiң балапан құстары.
Бiр сəби көшеде жыласа
Жамырай жаутаңдап қараймыз, –
Бұл жерде жетi мың жас сəби
Шырқырап жылаған...
Қасiрет!..
Қаншама қасiрет!..
Ойласаң төбе шаш тiк тұрар!
Бесінші бөлім
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 5.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет