Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

БІР ТОННАСЫ – 1100 ТЕҢГЕ...
Республикамыздың түрлі-түсті жəне қара металдары ва-
гон тізбектерімен тау асып, Қытайға өтіп жатқандығы, қан-
ша өтсе де алып елдің жұмырына жұқ болмай отырғандығы 
жөнінде журналистер аузымен де, қаламымен де талай «жыр-
лаған» еді.
Қытайдан  келген  темір-терсек  тауарларының  тым  сапа-
сыздығын, темірінің жасық, алмасының алдамшы екендігін 
баладан қартқа дейін танып үлгергенбіз. Сондықтан да бұл 
ел біздегі темірдің сынығын, қалайының қалдығын, мыстың 
мысқалын болса да талғамай алып, ашкөздік танытқалы да 
он  жылдың  жүзі  болып  қалғандай.  Ендігі  кезек  қорғасын 
мен  мырыш,  болат  пен  шойын  тағы  да  басқа  қара  металл 
атаулыға келді.
Өткен жылы Қытайға 1 млн.(!) тонна қара металл сынық-
тар өтсе, биыл көрсеткіш 1,5 млн-ға жетеді деген болжам бар 
көрінеді. Ал, металл сынықтары деп отырғанымыз көшеден 
жиналған  темір-терсек  қана  емес,  еліміздегі  тоқтап  қалған 
зауыт-фабрикалардағы  қондырғыларды  бөлшектеп  (демон-
таж) вагондарға тиеген де жөнелткен...
Жаппай жекешелендіруден кейін мемлекеттік меншік бо-
лып  табылатын  электр,  телеграф  жүйелерін  жаппай  тонау 

100
басталған-ды. Жердің асты мен үстіндегі кабель, сым атау-
лы  күнкөрістің  көзіне  айналды.  Электр  тогы  жүріп  тұрған 
сымдарды аламыз деп қаншама пенде о дүниеге аттанып та 
үлгерді. Тіріге керекті дүние тоналғаны аздай, зират, бейіт 
басындағы  түрлі-түсті  жəне  қара  металдар  да  қолды  бол-
ды. Саяжайдағы ыдыс-аяқтар да ұрланып жатыр. Қалаларда 
тоналмаған лифт, алынбаған антенналар қалмады.
Ел  экономикасына  орасан  зиянын  тигізіп  отырған  бұл 
бейберекет бизнес жөнінде өткен жылы үкімет басына кел-
ген Қ.Тоқаев мырзаға бір журналист «қашан тоқтайды» – деп 
сұрағанда,  жаңа  пермьер-министр: – Бұл  бизнес  қой,  биз-
нестің өз жолы, өз мақсаты бар, – дегенді айтқан-ды.
Сөйтіп, бұл «шапқынға» (вахканалияға) қарсы тұруға дəр-
менсіз екендігін сездірген. Соған қарағанда бұл «бизнестен» 
түсер  пайда  ішінде  жоғары  лауазымды  шенеуніктердің  де 
үлесі  бар  болғаны  ғой  деген  ой  өзінен-өзі  қылаң  береді. 
Əйтпесе,  жеріміздің  жеті  қат  астын  тесіп  отырып  алынған 
қазба  байлық,  қаншама  зауыттардан  қорытылып,  қаншама 
жылдар бойы жұмысшылардың табан ет, маңдай терін төк-
кен, қаншама қаны мен жанын жұмсаған игілікті өз болаша-
ғымызға қайта өңдеп, пайдаланбай, арзан бағаға шет жұртқа 
сатып,  оның  да  қызығын  санаулы  пайдагерлердің  көруін 
қалай түсінеміз?..
Қалалар  мен  ауылдарда  металл  сынықтарын  қабылдай-
тын ірілі-ұсақты пункттер əлі жабылмай отыр. Бұл мəселеде 
тек Қостанай облысының əкімі Ө.Шүкеев қана өзінің шеші-
мімен облыс көлемінде тоқтау салған.
«Қара  баланың  қамы»  деп,  өзге  кəсіп  таппаған  «көзсіз» 
ағайындар əскери полигондарда қалған радиациясы жоғары 
темір  сынықтарын  жинап,  кезінде  ракеталар  орналасқан 
шахталардағы кабельдерді алып, өміріне төнген қауіп-қатер-
ге  де  қарар  емес.  Металл  жинаудың  өршімесе,  бəсеңсімей 
отырғандығын  жарнамашыл  газет  беттеріндегі  «принима-
ем лом» деген құлақтандырулары мен «Караваннан» соңғы 
кезде  қорғасын  қабылдайтын  пункттердің  де  ашылғанын 
білесіз.

101
Сонымен, кезек қорғасынға да келген секілді. Кезінде қор-
ғаныс  үшін  аса  құнды  металдың  да  базарға  түсуінің  қайда 
апарып соғары белгісіз.
Осы мақала жазылып бола берген кезде; Шығыс Қазақ-
стан  облысы,  Тарбағатай  ауданында  тұратын  дос  азамат-
пен  телефон  арқылы  тілдесудің  сəті  түсті.  Ол  қызмет  ба-
бымен  барып,  Қытай  мен  екі  аралықтағы  «Майқапшағай» 
кедені  аузында  біздің  жақтан  металл  сынығын  тиеген 
КАМАЗ-дардың арғы бетке өтуді күткен ұзындығы үш ша-
қырымға (!) созылған  керуенін  көргенде,  елге  қажет  аса 
қымбат байлықтың сыртқа кетіп жатқанына жүрегі сыздап 
қайтқанын айтты. Ал, «металл сынығы» дегені болмаса, сол 
КАМАЗ-дарға  тиелген  машиналардың  рамалары,  комбайн-
тракторлардың  бөлшектері,  тіпті  тұтас  двигательдері  кетіп 
бара жатқанын өз көзімен көрген.
– Шіркін-ай, сол таза металдарды өзімізде қайта балқы-
тып, басқа бөлшектер шығарсақ, жерден руда қазып, оны қо-
рытып əуре болмай-ақ ел игілігіне неге жаратпасқа, – дейді 
ауылдасым.
Кеңес  үкіметі  тұсында  бірде-бір  темір  сынығы  сыртқа 
шығарылмай,  қатаң  тəртіпте  болған  ел,  тəуелсіздік  алған 
жылдан  бері  өз  асылын  жат  жасығына,  болмашы  тиын-
тебенге өткізуде. Қазір қара металдың бір тоннасы Қытайға 
1100  теңгеге  өтіп  жатқан  көрінеді.  Тіпті,  ана  бір  жылдары 
вагондармен  өткен  темір  сынықтарын  қандай  «сынықтар» 
екенін кеденшілер де білмеген секілді. Өйткені, вагон есік-
теріне пломба салынып, тексерушілер тек қағазда не жазыл-
са соған қанағат тұтса керек.
«Хабардың» «Бетпе  бет»  сұхбатында  Халық  жазушы-
сы  Əзілхан  Нұршайықов  ағамыз  қойылған  сұраққа  орай: 
«əскери тəртіп, мемлекеттік тəртіп, семьялық тəртіп міндетті 
түрде сақталуы керек. Онсыз алға басу, табысқа жету мүмкін 
емес», – деген еді.
Əзілхан аға айтқандай, қандай бизнестің, сауда-саттықтың 
түрі  болмасын  оған  мемлекет  тарапынан  талап  қойылып, 
тəртіп орнатылмай, ел болып жақсылыққа жетуіміз қиындап 
кететін түрі бар. Үкімет шетелге шығарылып жатқан шикізат 
пен  дайын,  жартылай  дайын  өнімдерге,  қайта  өңдеуге  тү-

102
сер  қалдықтарға  қатаң  бақылау  қойып,  жеке  адамдар  мен 
фирмалардың  пайдасы  емес,  ел  мен  мемлекеттің  мүддесін 
бірінші  кезекке  қоятын  экономикалық  саясатты  ұстайтын 
уақыт əлдеқашан туғандай.
Сыртқа əртүрлі жолдармен қолдағы байлығымызды жө-
нелткеніміз  аздай,  енді  шетелдерден  үздіксіз  келіп  жатқан 
кəсіпкер, пайдагерлер тағы да қандай «бұғып» қалған табиғи 
қорларымызды зерттеу үстінде.
Сондықтан да, бүгінгі Үкіметтің қырағылығы мен қатал-
дығы,  жауапкершілігі  мен  адалдығы,  ел  болашағын  ойлар 
көрегенділігі  нарық  заңы  үстемдік  етіп  тұрған  əлемдік  ба-
зарда аса қажет. Ал, бұл мəселеде Үкімет қауқарсыз болса, 
Парламенттегі  депутаттар  неге  мəселе  көтермеске?  Егер, 
мұндай бейберекет бизнеске бақылау жасап, тоқтау сала ал-
маса, Үкімет пен Парламентте қандай бедел қалмақшы?!
«Түркістан» газеті, 13-қазан, 2000 жыл
ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАНДАРДЫҢ
ЕРТЕҢІ ҚАНДАЙ?
Республика  спортшыларын  Сидней  Олимпиадасына  ат-
тандырар алдында қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
ев: «Шет  елде  бөтен  елдің  туы  екі-ақ  жағдайда  көтеріледі. 
Бірінші – сол  елдің  мемлекет  басшысы  келгенде,  екін-
ші – спортшылар үздік жеңіске жеткен шақта», – деген еді.
Бұл  жолы  Олимпиадада  біздің  спортшыларымыз  жан-
қиярлық ерлік көрсетіп, еліміздің туын əлденеше рет көтеріп, 
Əнұранын неше мəрте шырқатқан-ды.
Ел мерейі өсіп, ел мəртебесі əлем жұртшылығы алдында 
əлденеше рет аспандаған. Бəлкім, кейбір жұрт «Қазақстан» 
деген  ел  барын  осы  спортшыларымыздың  жеңісінен  кейін 
ғана таныған болар...
Міне осы аламан бəйгеде ең жас спортшымыз Бекзат Сат-
тарханов  тұңғыш  алтын  медальді  олжалап,  халқын  шексіз 
қуанышқа бөлеген.

103
Өкінішке қарай, Бекзаттың мезгілсіз қазасы дүниені дір 
еткізді,  əсіресе,  туған  халқының  қабырғасын  қайыстырып 
кетті. Қолдағы алтындай жігітті жоғалтып алған соң, əрине, 
əртүрлі  өкінішті  ойлар, «əттеген-ай-лар»  айтылуда. «Ел 
намысын  қорғар  ерімізге  неге  жеке  автокөлік  жүргізуші 
бекітілмеген?  Неге  бір-екі  тəнсақтаушысы  тағайындалма-
ған? Мұндай көмекші қызметкерлер кез-келген лауазымды 
шенеуніктер  мен  əрбір  фирмалардың  басшыларында  бар 
екендігі жұртқа мəлім», – дегендей...
Осыдан кейін, «жалпы, ел абыройын көтерген, ел намы-
сын қорғаған айтулы спортшыларымызға мемлекет тарапы-
нан  қандай  қамқорлықтар  жасалуда?» – деген  заңды  сұрақ 
туады.  Спорт  ардагерлері  қандай  күйде?  Мəселен,  барлық 
күш-жігерін,  денсаулығын  шектеусіз  жаттығуларға  берген 
спортшының кейін денсаулығы күрт төмендеп, созылмалы 
сырқаттарға душар болатыны белгілі. Жеке басы үшін емес, 
республика абыройын қорғаймын деп жан етін жеп жасаған 
жаттығулардан,  сосын  сандаған  жарыстардан  соң  ауруға 
шалдықса,  отбасына  өзге  жұртқа  керексіз  болып  қалса, 
əрине бұл – қасірет!.. Егер, оған қарайласар отбасы, туған-
туыстары болса жақсы. Болмаса қайтпек?!
Мына заманда, бəрі де қаражатқа тіреліп тұрғанда, ауру 
адам қалай отбасын асырайды? Қалай емделеді?...
Бір кезде ел даңқын əлемге танытып, кейін ешкімнен жы-
лы қабақ көре алмай, тағдыр тəлкегіне түскен қанша спорт-
шыларымыз өмірден қыршын кетті?.. Бізге белгілісі: класси-
калық күрестен олимпиада жеңімпазы, қазақтан тұңғыш жəне 
тағы  бір  мəрте  əлем  чемпионы  атанған (1978, 1979 ж.ж.) 
Шəміл  Серіков  пəтерақысын  төлеуге  ақша  таба  алмай,  на-
мыстан  өртеніп,  ақыры  өзіне-өзі  қол  салып,  бұл  дүниемен 
қоштасып  жүре  берген, – дейді.  Самбодан (1989 ж.)  Əлем 
чемпионының тəжін жеңіп алған Асқар Шайхиев те белгісіз 
жағдайда мерт болған... «Елім, жерім» деп алғашқылардың 
бірі болып ата-жұртына оралған таэквондо төресі Мұстафа 
Өзтүрік  бауырымыз  жұмбақ  жағдайда  ата-жұртында  көз 
жұмды. Оның ізбасары Бексейіт Түлкиев те қарақшының қо-
лынан қаза тапты...

104
1989-90  жылдары  шаңғымен  жүруден  жастар  арасынан 
əлем  чемпионы  атанған  Шығыс  Қазақстан  облысының  тү-
легі Ноқамбаевтың қазіргі тағдыры бізге белгісіз. Шаңғыдан 
мұндай  спорттық  көрсеткішке  бірде-бір  қазақ  спортшысы-
ның қолы жетіп көрмепті. Білгір мамандардың айтуына қа-
рағанда, дамыған бай ел спортқа, оның ішінде шаңғы спорты-
на аса мəн беретін Жапон елінен əлі бірде-бір əлем чемпионы 
шығып көрмепті. Ал бізде, өз күшімен əлем чемпиондығын 
жеңіп  алып,  ерекше  күш-жігерімен  көзге  түскен  дарынды 
спортшыларымызды  оп-оңай  жоғалтамыз  немесе  ұмытып 
кетеміз...
Сондай  бір  спортшымыз  Ерлан  Сағымбаев  Өскеменнің 
«Восток»  командасында 1982 жылдан  бері  ойнап  келеді.  Ол 
хоккейден кезінде КСРО-да жастар арасындағы «ең үздік ша-
буылшы» деп танылған. Бұл – шайбалы хоккейден жоғары топ-
та ойнап жəне даңққа бөленген бірден-бір қазақ жігіті. Ал, осы 
жігіттің спорттағы ерекше еңбегін ескеріп жатқан кім бар?
Əлемге  Қазақстанның  атын  танытқан  желаяқ  жүйрік 
ағамыз  Əмин  Тұяқов  ауыр  жаттығулардың  нəтижесінде 
тоқпақ  жіліктерінің  басы  мүжіліп,  қазір  мүгедектік  коляс-
када  отырған  көрінеді.  Ал,  оған  Үкімет  тарапынан  қандай 
қамқорлық жасалуда, ол бізге беймəлім. Сол Əмин ағамыздан 
өзге,  бұрынғы  Министрлер  Кеңесінің,  қазіргі  Президент 
əкімшілігіне  бағынатын  емхана  мен  ауруханада  бірде-бір 
айтулы спортшы тіркелмеген секілді.
Ел даңқын көтеру жолында денсаулығын да, қажет бол-
са өмірін де қиятын спортшыларымыздың ортадан жоғары 
дəрежелі шенеуніктердей беделі, құны болмағаны ма?
Əбілсейіт Айханов, Əбдісалан Нұрмаханов, Тимур Сегіз-
баев,  Жақсылық  Үшкемпіров  сынды  республика  спортына 
теңдесіз үлес қосқан, аттары аңызға айналып, қаншама жас-
тардың еліктеп өсуіне əсері болған ардагерлеріміздің қазір 
денсаулықтары, тұрмыс-тіршіліктері қандай күйде?
Жаңа спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ескілерін 
естен  шығарып  алып  жатқан  жоқпыз  ба?  Өмірден  өткен 
даңқты спортшыларымызды ел есінде қалдыру мақсатында 
қандай шаралар қолға алынуда?

105
Олардың есіміне көше, мектеп, елді-мекен аттары берілу-
де ме? Тұрған үйіне ескерткіш тақта, туған жеріне ескерткіш 
мүсін орнатылды ма екен?
Бекзатың өмірден қыршын кеткен ащы қазасы жалпы ха-
лық үшін тер төккен спортшыларымыздың тағдыры жөнін-
де осындай ойларға жетелейді.
Ұлттың рухын көтеріп, елінің намысын қорғаған өренде-
ріне  лайықты  құрмет,  шынайы  қамқорлық,  байсалды  баға 
берілуге тиіс.
«Түркістан» газеті, 26-қаңтар, 2001 жыл
ӨСКЕМЕНГЕ ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
ӨГЕЙ ЕМЕС
Биыл, Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай, Қазақ мем-
лекеттігін  құрысып,  елімізді  жоңғар-қалмақ  басқыншы-
ларынан  тазартуда  өлшеусіз  үлес  қосқан  ұлы  қолбасшы, 
дарабоз батырымыз Қаракерей Қабанбайдың туғанына 310 
жылдығы сəйкес келіп отыр. Батыр бабаның 300 жылдығы 
елімізде  ұлы  аруақтарды  еске  түсіру  мерекелерінің  алғаш-
қысының бірі болып, 1991 жылы аталып өткен-ді. Үкімет та-
рапынан батыр есімін мəңгі есте қалдырудың бірқатар шара-
лары іске асырылды. Алматы, Астана, Талдықорған, Семей 
қалаларындағы көрнекті көшелерге, бір ауданға, бірнеше елді 
мекендерге  есімі  берілді.  Өткен  жылы  Астанаға  таяу  жер-
де ұлы батырға үлкен кесене орнатылды. Бұл істе құрылыс 
жұмысын басқарысқан Астана қаласы əкімінің орынбасары 
Қайрат Сатыбалдыұлына ризашылығымыз шексіз. Кесенені 
ашу  салтанатында  батыр  қолбасшының  ел  тарихындағы 
алар орны жөнінде Мемлекеттік хатшымыз Əбіш Кекілбаев 
терең де, мазмұнды сөз сөйлеген еді.
Міне, Астанада бастау алған батырды ұрпағына жақын-
дату  мақсатында  тағы  қандай  іс-шаралар  жүзеге  асып  жа-
тыр  дегенде,  Үшаралда  орнатылған  биік  ескерткіш,  Семей 
қаласында  қолға  алынып  жатқан  шаруаларды  айтуға  бола-
ды.  Дегенмен,  батырдың  тікелей  ұрпағы  өмір  сүріп  жат-
қан Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қала-

106
сында мұндай қозғалыс, ұлы батыр есімін есте қалдыру мақ-
сатындағы  іс-шаралар  сезілмейді.  Осыдан  он  жыл  бұрын 
Талдықорғанда басталған той Тарбағатай ауданына (Шығыс 
Қазақстан облысы) барып тірелгенде де, батыр есіміне бай-
ланысты  жер-жерлерде  қызу  қолдау,  ұсыныстар  айтылып 
жатқанда, Өскемен үнсіз қалған еді. Одан бері он жыл өтсе 
де  сол  үнсіздік  облыс  пен  Өскемен  қаласы  басшыларын-
да  əлі  берік  орын  алып  тұр.  Неге?!  Əлде,  қазақ  халқының 
тəуелсіздігі  үшін  жерін  сырт  жаудан  тазартуда  алпыс  жыл 
ат үстінен түспей арпалысқан, Абылай ханның оң қолы, бас 
қолбасшысы болған аты аңыз бен ұранға айналған батырдың 
Өскемендіктерге  өгей  болғандығы  ма?  Жоқ,  Қаркерей  Қа-
банбай Өскеменге өгей емес. Оның тұлпарының тұяғы Түр-
кістаннан  бастап  бүкіл  оңтүстік-шығыс  өлкелеріміз  бен 
Тарбағатай – Алтай тауларына дейінгі аралықты, Орталық, 
Солтүстік  Қазақстанды  да  сырттан  кірген  жаудан  тазарту 
шайқастарында  армансыз  шиырлаған.  Серіктес  батырла-
рымен  бірге  Ертістің  ар  жақ – бер  жағын,  Алтай  тауының 
аңғарларын жаудан тазартқаны белгілі.
Өскемен  қаласы  өзінің  кеңестік  кезеңіндегі  келбетін 
əлі  бұзбай  тұрған  бірден-бір  қала.  Осы  тəуелсіздік  алған 
жылдары  Абайдың 150 жылдығы  мен  М.Əуезовтің 
100  жылдығына  орай  қала  мəслихаты  жоғары  жақтан 
ұялғанынан екі көшеге есімдерін беруді ұйғарған көрінеді. 
Оның  есесіне  кеше  өмірден  озған  Мəжіліс  депутаты  Го-
ловков  есімі  еш  дау-дамайсыз-ақ  үлкен  бір  көшені  ием-
денген. Ал, осы жылдар ішінде Қаркерей Қабанбай атында 
көрнекті  бір  көшені  атауға,  батырға  облыс  орталығынан 
еңселі  ескерткіш  орнатуды  қала,  облыс  басшылығынан 
халық  атынан  қанша  сұралғанымен  əзірге  оң  қабақ  таны-
тылмай отырғанға ұқсайды.
Еліміздің  солтүстігіндегі  облыс  орталығы  Петропавлов-
скіде  Қарасай  мен  Ағынтай  батырларға,  Алматыда  Абы-
лай  ханға,  Атырауда  Бейбарыс  Сұлтанға,  Ақтөбеде 
Əбілхайыр  ханға,  Арқалықта  Жəнібек  Тарханға  қойылған 
көрнекті  ескерткіштер  секілді  шығысымыздағы  үлкен 
елді-мекен – Өскемен  қаласында  Қаркерей  Қабанбайға 

107
еңселі ескерткіш орнатылып, орталық даңғылға батыр есімі 
берілсе,  халқымыздың  рухын  көтеріп,  тəуелсіздігіміздің 
туын  биіктете  түсері  даусыз.  Бұл  шара – батыр  бабаның 
310  жылдығы  ғана  емес,  Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына 
арналған айтулы игілікті іс болар еді.
Қазақстанның Халық қаһарманы Қасым ҚАЙСЕНОВПЕН 
бірігіп жазылды.
«Түркістан» газеті, № 7, 16-ақпан, 2001 жыл
ҚОШ, ҚАЗАҚЫ САРЫ ШАЛ!
«Бауыржаннан асқан қазақты көргенім жоқ. Енді мүмкін, 
көрмейтін де шығармын»... – деп, Баукеңнің атына айтылған 
мың марапаттан асыра бір ауыз сөзбен бағасын берген шын 
досы, қанды көйлек жолдасы, көрнекті жазушы Дмитрий Фе-
дорович Снегин де бұл пəниден бақиға аттанып жүре берді. 
Жер бетіндегі тоқсан жылға жақындаған тірлігін аяқтап, енді 
мəңгілік ғұмырын кешуге сонау ғарышқа көтерілген жаны, 
бəлкім, тірлігінде өмірінің ең қызық сəттерін бірге өткізген, 
бақытты  шақтарын  бірге  кешкен,  қимай  қоштасқан  асыл 
жандарын іздеп кетті ме, кім білсін?!.
Өмірден Дмитрий Федорович Снегин есімді ұлты – орыс, 
жүрегі қазақ, ар-ұяты таза жан өтті.
Жазушының газет тілшісіне берген соңғы сұхбаты менің 
пешенеме бұйырыпты. «Түркістан» газетіне Баукең туралы 
шыққан  сұхбатын  алып  барғанымда,  төсекте  жатыр  екен. 
Қатты қуанды.
– Бұл мен үшін дəрі, ем ғой... – деді.
– Ем болсын, Дмитрий аға! Тез жазылып кетіңіз, – дедім.
Оның алдында архивтік суреттерін қайтарып беруге бар-
ғанымда, өзі шай қойып, өзі оны құйып бере отырып, ас бөл-
месінде əңгіме тиегін ағытқан. Қаңтар айының алғашқы ап-
тасы болатын.

108
–  Сен  білесің  бе,  Еркен,  жаңа  жыл,  жаңа  ғасыр,  жаңа 
мыңжылдықты көру – мың жылда бір бұйырар бақыт! Мі-
не біздің бағымызға берген тағдыр сыйы. Дүйім ғарыш өл-
шемінің жиынтығы! – деп еді, ол сонда.
Дмитрий  Федорович  жасы  тым  ұлғайғандығына  қара-
мастан сөзінен, не ақыл-ой ырғағынан, бүгінгі күн мен ер-
теңді сезінудегі парасатты пайымдарынан сəл де болса жа-
ңылғанын бір байқатқан емес. 88 жастың үстіне шықса да, 
көзі қырағы, құлағы сақ, көңіл сарайы даңғыл көрінген.
– Байқап отырсам, бүкіл адамзат болып А.С.Пушкиннің 
200 жылдығын атап өтіп жатыр. Содан бір түні ояна келіп, 
ойыма Пушкин оралмай ма? Сонда барып өзіме-өзім сұрақ 
қойдым: – Ей, Митя, озық ойлы адамзат қауымы Пушкинді 
еске  алып  жатқанда,  сен  неге  сырт  қаласың?  Сен  не,  адам 
емессің бе? – дедім. Содан соғыс кезінде Пушкиннің туған 
жері  Михайловскіге  байланысты  өз  көзіммен  көрген  оқи-
ғалар  көз  алдыма  тізіліп  келе  берді  де,  мына  бір  аздаған 
еңбекті жазуыма тура келді, – деп «Странные сближение или 
Вокруг Михайловского» деген кітапшасын маған қолтаңба 
жазып сыйлады.
Мен ол кісімен жүздескен сайын əңгіме желісін жазушы-
ларға  бұрғанымда,  Дмитрий  ағаның  Мұхтар  Əуезовті  аса 
қадірлеп,  ұлы  жазушының  дарыны  мен  кісілік  тұлғасына 
тəнті екендігін аңғартып отыратын.
– Ел аузындағы əңгіме бойынша жəне Балғабек Қыдыр-
беқұлының  «Егемен  Қазақстандағы»  мақаласында,  кезінде 
Хрущевтің Қазақстаннан Өзбекстанға жер бөліп берерде рес-
публика  депутаттарынан  жалғыз  қарсы  шыққан  сіз  болып-
сыз ғой, дегенім бар бірде.
–  Иə,  ондай  болған, – деп  күліп  алды. – Оңбай  кеткір 
Хрущевтің  былығы  ғой  баяғы.  СОКП  ОК  айтқан  соң,  біз-
дің бір сессияда депутаттар корпусы оның «ұсынысын» фор-
мальды түрде бекіту керек болған. Қонаев мінбеден Қазақ-
станның екі-үш ауданын Өзбекстанға беру жөніндегі жоба-
ны оқи келе, оған экономикалық дəлелдер келтірген болды. 
Енді бекіту кезінде, «кім қолдайды?» дегенде, бəрі тегіс қол 
көтерді. «Кім қалыс қалды?», ешкім жоқ. Ал, «кім қарсы?» 

109
дегенде, мен қол көтердім. Барлығы көздері бажырайып ма-
ған қарады...
– Депутат Снегин, үзілісте маған келіңіз, – деді Қонаев. 
Димекеңнің кабинетіне бардым. Димаш Ахметұлы орнынан 
тұрып маған қарсы жүрді де, қолымды алды.
– Мұның не, Дмитрий Федорович?
– Ал, сіздердің мұныңыз не? Түгін тартсаң, май шығатын, 
жеміс-жидегі жерге төгіліп жатқан жер төресін қалайша өз-
бектерге қиямыз, – деп едім, Қонаев:
–  Менің  де  жүрегіме  қан  құйылып  тұр.  Амал  қанша, 
Кремль солай шешіп отыр, – деді.
– Менің бұлай деуімнің тағы бір себебі, Бостандық ауда-
нында ауыл шаруашылық институтын бірге бітірген досым 
тұрушы еді. Ол ауданда мен талай болғанмын. Досымның 
өсірген  грек  жаңғағының  сорты  Грецияға,  Испанияға, 
Францияға  белгілі  болып,  сол  елдердің  мамандары  қатты 
қызығып,  тəжірибе  алмаса  бастаған-ды.  Бүкіл  Ташкен-
тіңді  жеміс-жидекпен  қамтамасыз  етіп  тұрған  да  осы  ау-
дандар.
Тағы  бірде  Дмитрий  аға  «Нұрлыбек  пен  Балқия»  хи-
каясын  əңгімелей  отырып,  Нұрлыбек  ақын  орыс  көпесінің 
сұлу қызын қалай алып қашқаны жөнінде, кейін айтып бере-
мін, – деген-ді.  Əттең,  бүгінгі  жасайтын  шаруаны  ертеңге 
қалдыратын  жайбасарлықты  қойсаңшы!  Аман-сау  кезінде 
Дмитрий Федоровичтен талай естеліктер жазып алуға болар 
еді-ау?
Баукең туралы сұхбат алуға барғанымда, Дмитрий Федо-
ровичтің қарсы алдында жасы алпыстың о жақ, бұ жағында-
ғы, селдір шашын кейін қарай тараған, тəмпіш мұрын, қызыл 
бет, дембелше келген орыс адамы отыр екен. Əскери журна-
лист көрінеді. Мен келген соң, ол кетпекші болып орнынан 
тұрды. Қоштаспақшы еді, Дмитрий Федорович:
– Тоқта, мен де тұрайын, – деп отырған креслосының екі 
жақтауынан  мықтап  ұстап, «əуп»  деп  орнынан  көтерілді. 
Сол кезде əлгі адам:
–  Мен  Момышұлына  соңғы  рет  барғанымда,  ол  да  крес-
лодан осылай көтеріліп: «сен назар аударма», – деп еді. Тура 

110
содан үш айдан кейін қайтыс болды, – дегені... Дмитрий Фе-
дорович əлгіге қатулана қарап, сыр бермей əзілдеген болды:
–  Сен  нені  меңзейсің?  Маған  да  көп  қалған  жоқ  па?.. – 
деді зорлана жымиып.
– Жоқ, ол не дегеніңіз, – деп əлгі абайламай айтқанын енді 
аңғарып, сасқалақтап қалды. Менің де көңіліме оның сөзі дік 
еткен. «Мынаның аузының жаманы-ай» деген ой келді.
Қазір  еске  алсам,  ол  желтоқсан  айының  ортасы-тұғын, 
айтқанындай үш айдан соң, наурыздың соңғы күні Дмитрий 
ағамыз да мəңгілікке көз жұмды...
1998  жылы  Дмитрий  Федоровичпен  алғашқы  сұхбаты-
мыз шыққан газетті апарып бергенімде, ол:
– Мен қазақша басылымдарға жарияланғанды жақсы кө-
ремін. Өйткені, менің таныстарым да, сыйластарым да, доста-
рым да қазақтар, – деп балаша қуанды. – Қалтайға сəлем айт, 
менің атымнан құшақта, мен бəріңді сүйемін, – деген-ді.
Қазақша кейбір сөздерді (акцентсіз) айтып қалғаны бол-
маса, орысша сөйлеп отырады. Мен:
– Қазақшаңыз қалай? Неге сөйлемейсіз? – десем, ол таза 
қазақша:
– Əй, онша емес, – деп күледі. Төсегінің бас жағында Иса 
пайғамбардың суреті мен Құран кітабы үнемі қатар тұратын. 
Ол туралы да бір реті келгенде сұрармын деп ойлаушы едім. 
Ал,  өз  сөзінде  үнемі  «Аллаһ  знает», «Аллаһ  скажет»  деп    
отыратын.
Соңғы  рет  қолына  газетті  беріп,  қоштасып  бөлемесінен 
шыға бергенімде:
– Еркен, – деді, оң қолын жоғары көтеріп: – Үлкен рақ-
мет! – деді қазақшалап. Мен де қолымды көтеріп:
– Сау болыңыз, аға! – дедім.
Сол  сурет  көз  алдымда  қалды.  Дмитрий  Федоровичтің 
сол «үлкен рақметі» бүкіл қазақ халқына айтылған соңғы сө-
зіндей құлағымда қайта жаңғырып, естіліп тұр...
«Түркістан» газеті, 7-сəуір, 2001 жыл
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет