Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан


АРЫҚТЫҢ АР ЖАҒЫНАН АТЫЛҒАН ОҚ



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

АРЫҚТЫҢ АР ЖАҒЫНАН АТЫЛҒАН ОҚ
«Өз  ағамыз»  деп  жүрген  Өзбекстан  кейінгі  кездері  Қа-
зақстанға қиғаш қарап, қиямпұрыс мінез танытып жүр. Көк-
темде  Сарыағаш  ауданында  біраз  жерді  заңсыз  өздеріне 
қаратып  алмақ  ниетпен  қада  қаққан  өзбектер  қазаққа  ала 
көзбен қарауын қояр емес.
Қазақстаннан барған ауыр, жеңіл автокөліктерді шекара-
сынан  өткізбейді.  Қазақстанға  көшемін  деген  отбасына  əр 
адамға 300-ден 500 АҚШ долларына дейін төлем төлеп ке-
туін  талап  етуде.  Газ  бағасын  тағы  көтеретінін  мəлімдеді. 
Ал,  ағайындығын  ақшамен  алшақтатқаны  аздай  енді  қазақ 
жеріне қаратып оқ атты.
Қарашаның 4-нен 5-не қараған түні өзбек шекарашыла-
ры Сарыағаш ауданы, «Жібек жолы» поселкесінде шекараға 
саналатын  каналдың  арғы  жағынан  автоматтан  оқ  атып 
біздің  Гусейн  Азизов  деген  азаматты  екі  аяғынан  бірдей 
жарақаттаған. Бұл бірінші оқиға емес сияқты. Оның алдын-
да  да  арықтың  арғы  жағынан  өзбек  шекарашылары  бергі 
бетке  əлденелерді  айтып,  қоқан-лоқы  көрсетіп,  пистолет-
тен  аспанға  оқ  атқан  екен.  Бұл  оқиғалар  жөнінде  екі  елдің 
Сыртқы істер министрліктері əзірше жұмған ауыздарын аш-
пай отыр. «Қауіп қайдан» дегенде, үлкен көршілерге кейде 
күдікпен  қарап  үйренген  біздің  ел  «өз  ағам»  деп  құшағын 
ашып  жүрген  өзбек-акалардан  мұндай  мінез  күтпегендей 
едік.  Бəлкім, «Жау  жоқ  деме,  жар  астында»  дегенді  батыр 
бабаларымыз  осындайдан  айтқан  шығар.  Əлде,  қазақтың 
кеңдігін – кемдігі, момындығын – можантопайлығы, ұстам-
дылығын – намыссыздығы деп, ойлап жүр ме екен?..
«Түркістан» газеті, қазан, 2000 жыл

89
«Түркістан»  газетінде  қызмет  істеп  жүрген  жылдары 
редакция  тапсырмасымен  Қазақстанның  Халық  жазушы-
сы Дмитрий Снегинмен бірнеше рет жолыққан едім. Жасы 
ұлғайған  жазушының  аузынан  бір  жолы  осы  естелікті  жа-
зып алып, газетке жариялағанбыз. Ұлттық мəдениетіміз бен 
əдебиетіміздің  өкілдері  өмірінен  айтылған  осы  бір  мөлтек 
сыр архив қойнауында қалып қоймасын деген ниетпен осы 
кітапқа енгізуді жөн көрдім.
Автор.
НҰРЛЫБЕК ПЕН БАЛҚИЯ
Ертіс  бойынан  шыққан  айтулы  ақын,  айтыс  өнерінің 
шебері  Нұрлыбек  Баймұратов,  бейнесі  əлі  көз  алдымда. 
Ұзын бойлы, балуан денелі, үлкен мұрынды, сұлу өңді, зор 
дауысты  Нұрлыбек  жігіттің  төресі  еді.  Домбырада  ойнау 
шеберлігі  қандай!  Айтыс  қазір  де  қайта  жанданып  жатыр 
ғой.  Ал,  ол  кездегі  айтыс  ғажап  та  ғаламат  болып  өтетін. 
Халықтан  шыққан  қаншама  құдіретті  таланттар:  Иса,  Ша-
шубай, Нартай, Нұрлыбек, т.б. бас қосатын. Олардың айты-
сы  бүкіл  елді,  бүкіл  даланы  дүр  сілкіндіретін.  Ұмытпасам 
сол 30-шы  жылдары  Нұрлыбек  пен  Нартайдың  айтысқаны 
есімде. Қызылордадан келген Нартай Бекежанов аласа бой-
лы, қасқа басты, сырнаймен қосылып өлеңдететін ақын-ды.
Алып денелі, аялы көзді, аңқау да сенгіш Нұрлыбек та-
биғаттың  төл  перзенті  еді.  Қулығы  жоқ,  таза,  ақкөңілдің 
нағыз  өзі.  Бірақ,  сондай  жаратылысымен-ақ  маңайында 
болып  жатқан  құбылыстар  мен  адамдардың  мінез-құлқын 
қалт  жібермей  байқап  отыратын.  Мен  оның  кейбір  өлең-
жырларын  жариялап,  сол  кезде  ол  туралы  əлденеше  рет 
баспасөзде жазғанмын. Ол мені «балам» (сынок) дей-тұғын.
Бір  күні  ол  менен: «Балам,  сен  Мұхтардың  кім  екенін 
білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Ұлы жазушы, драматург, 
тамаша адам», – деймін. Ол болса, түсін тез салмақтандырып, 
қабағын түйіп, аса маңыздана: «Ол – Қожа!» деп Мұхтардың 
бар ұлылығын, адамдық, жазушылық қасиетін осы бір сөзге 

90
сыйдырып өзі жауап берді. Сосын, өңін тез жылытып, жай-
дарлана: «Ал, Сəбит Мұқанов кім?» – дейді қуақылана. Мен: 
«Маған армян жұмбақтарын шешкізгенді қойыңыз» – деймін. 
Ол: «Халқы қандай – Сəбит, сондай», – деп қарап тұр. Содан 
кейін тағы да түсін өзгертіп, жан-жағына біреу естіп тұрған 
жоқ  па  дегендей  ұрлана  қарап  алып,  сыбырлап  қана: «Ал, 
Ғабит Мүсіреповтің кім екенін білесің бе?» – дейді маған сы-
най қарап. Сосын: Ол, о-о-о, тұнып тұрған жұмбақ...» – деп, 
сұқ саусағын жоғары көтере, даусына зор мағына, астарлы 
мəн бере тағы өзі жауабын айтады. Міне, Нұрлыбектің кейде 
осындай қалжың-шыны аралас əңгімелері болушы еді. Бала 
мінезді Нұрлыбектің табиғаттың өзіндей таза, адал жараты-
лысын ұмыту мүмкін емес.
Ұлы  Оған  соғысына  дейінгі  жылдар  ішінде,  Семейден 
Өскеменге қарай үлкен тасжол салынды. «Шығыс сақинасы» 
деп  аталып,  бүкіл  халықты  жұмылдырған  алып  құрылыс 
жүріп  жатқан  кез.  Сол  құрылысты  көруге,  зерттеп  жазуға 
Алматыдан бір топ жазушылар шықтық.
Басшымыз – Мұхтар Омарханұлы Əуезов. Жолда Мұхаң: 
«Семейдегі Нұрлыбекке соғайық. Ауырып қалды деп естіп 
едім,  халін  білейік.  Ал,  тəуір  болса  тобымызға  қосып,  ары 
қарай ала кетейік», – деп ұсыныс айтты.
Сонымен  Нұрлыбекке  келдік.  Ол  мəз  болып  қарсы  алды. 
Бізді  қонақ  етті.  Семей  обкомы  біздерге  екі  жеңіл  автокөлік 
беріп, ары қарай сапарымызды жалғастырдық. Автокөліктермен 
шығуымыз  бір  керемет,  əсерлі  сапар  болды.  Тоқтайтын  жер-
лерде тоқтап, дастарқан жайылып, əңгіме-дүкеннің, əзіл-оспақ-
тың  көрігін  қыздырдық.  Сондай  бір  дастарқан  үстінде  жазу-
шы Ғабиден Мұстафин: «Мұхтар, мен жуықта шағын бір актілі 
пьеса жазып едім. Соны оқысам тыңдайсыңдар ма?», – деді. 
Ұлы  драмашы  Мұхаң: – Пəлі,  бұл  тамаша  ғой!  Бізге  керегі 
де  сол,  қане  тыңдайық», – деп  елп  ете  қалды.  Мұхтардың 
кішіпейілділігі, сұңғылалығы сондай еді ғой.
Ғабаң пьесасын оқи жөнелді. Мазмұны мынадай: Екі дос 
студент.  Екеуі  де  жоғары  оқу  орнында  оқиды.  Екі  достың 
бірі  соңғы  курста  əдемі  бір  жас  қызға  үйленеді.  Бір  күні 
əлгі үйленген жігіт алысқа іссапармен кеткен уақытта оның 

91
жас  келіншегіне  досы  қырындап,  ақыры  күйеуінің  көзіне 
шөп салуға мəжбүр етеді. Пьеса оқиғасы осылай аяқталады. 
Моральды-этикалық тақырыпқа жазылған. Мен байқап отыр-
сам пьеса оқылу барысында Нұрлыбектің жүзі қарауытып, 
ұнжырғасы  түсе  бастады.  Пьеса  аяқталғанда,  тіпті,  оның 
түрі  аянышты  халге  келді.  Мұхаң  болса,  пьесаны  тыңдап, 
Ғабиденге  өзінің  кеңестерін  айтып  жатыр.  Нұрлыбекте  үн 
жоқ, сазарып отыр. Бір кезде орнынан тұрып ештеңе айтпас-
тан  Мұхтардың  қолтығынан  демеп,  оңаша  алып  шықты  да 
əлденені айта бастады. Қалғандарымыз əлі сол дастарқан ба-
сындамыз. Бір уақытта Мұхтардың ауаны қақ жарған қатты 
күлкісі естілді. Ішек-сілесі қатқанша күлген Мұхтардың күл-
кісі  естіген  адамды  еріксіз  езу  тартқызғандай.  Сол-ақ  екен 
Нұрлыбек  оған  шүйліге  ренжіп,  бірдеңе  айтып  еді,  Мұхаң 
күлкісін тез тыя қойып, оны арқасынан қағып, жұбатқандай 
болды. Олар біздің ортамызға оралды да дастарқанды жиып, 
ары қарай жолға шықтық. Біздің машинада Мұхтар алдында, 
жүргізушінің  қасында.  Біз  Нұрлыбек  екеуміз  артқы  орын-
дықтамыз. Кезекті бір аялдама жасағанымызда Мұхтар ма-
ған: «Дима, ана табиғаттың баласы маған бағана оңашада не 
деді дейсің ғой? Нұрлыбек: – Мұхтар сен қожасың ғой, шы-
ныңды айтшы. Əйелдер тек пьесада ғана күйеулерін алдай ма, 
əлде өмірде де сондай бола ма? – деп сұрады» (Мұхтардың 
бағанағы қатты күлкісі сонда шықса керек).
Ал,  Нұрлыбектің  əйелі – керемет  сұлу  келіншек,  ұлты 
орыс Балқия еді. Семейдің диірменші көпесінің сұлу қызын 
қолына түсірген Нұрлыбектің үйлену тарихы жеке бір əңгі-
ме. Сонымен, орта жолда Нұрлыбек денсаулығы онша бол-
май  келе  жатқанын  айтып,  кейін  қайтқысы  келді.  Біз  оны 
үйіне  қайтардық  та,  өзіміз  бір  ай  бойы  жол  құрылысында 
болып, талай жерді аралап, Семейге оралдық.
Мұхтар  Семейге  келген  соң: «Нұрлыбектің  халін  біле-
йікші, мүмкін шынымен ауырып қалған шығар», – деді. Нұр-
лыбекке  келсек,  досымыз  дін  аман,  жүзі  жайнап,  құшағын 
ашып біздерді қуанышпен қарсы алды. Самаурын қойылды, 
қой сойылды, қымыз сапырылып, жүз грамдар құйылып де-
гендей,  кіші-гірім  тойды  Нұрекең  бастап  жіберді.  Нұрлы-

92
бектің тұрағы, қора-қопсысы мол, үлкен жеке үй. Қолында 
қой,  сиыр,  сауын  биелері  бар,  ауқатты  жеке  шаруа.  Бір 
уақытта Балқия бізге: – Сендер менің күйеуімді біреумен ау-
ыстырып жібергенсіңдер ме? Мен танымастай болып, өзге-
ріп келді ғой, – десе, Нұрлыбек:
– Қой, қатын, қайтесің соны айтып, – деп жатыр.
–  Жо-о-оқ,  қоймаймын.  Неге  қоямын?  Бұл  келген  соң 
қандай «өнер» көрсеткенін білесіңдер ме? – деп Балқия, Нұр-
лыбекті тергеп, біліп алған əңгімесін айтып берді. Яғни, Нұ-
рекең  күндізгі  сағат 3-те  жетеді  де,  үйге  кірместен  қарсы 
үйдің  дуалының  қалқасынан  өз  үйін  бақылауға  алады. 
Балқиянын  аулада  жасаған  бар  шаруасын  көріп  отырады. 
Атқораны қалай тазалағанын, қойларын қалай қоралағанын 
т.б. толып жатқан шаруаларын атқарғанын көреді. Қараңғы-
лық  түсіп,  үйге  кіріп  төсекке  жатқанынша  сырттан  біреу 
келмес  пе  екен  деп  күтіп  отырады.  Көрші  үйдің  дуалы-
нан өз үйінің шөп қорасына өтіп, түнде өз ауласына түсіп, 
үйінің  терезесінен  сырттан  сығалайды.  Ақыры  ешкімнің 
келмегеніне  көзі  жеткен  соң,  түнгі  сағат 3-те  үйінің  есігін 
қағады... Балқияның əңгімесіне біздер ішек-сілеміз қатқанша 
күлдік-ау. Нұрлыбек болса, құлағына дейін қызарып, балаша 
ұялды.  Қатты  ұялды.  Өзі  ешкімді  алдамайтын,  өтірік  айта 
алмайтын  адамның  осынша  көңілінің  тазалығына,  барлық 
шынын əйеліне айтып берген адалдығына біз қайран қалып, 
риза болдық. Табиғаттың таза баласы демеске шараң бар ма? 
Ал, Балқияның өз күйеуін сүйгендігі, күйеуіне берілгендігі 
де ғажап еді. Оның киім киісі де қазақ əйелдеріндей, тілі де 
таза қазақша. Тек өңі – орыстың сұлу қызы қане десе, міне, 
деп көрсететіндей өңді адам.
Балқияның  портретіне  тағы  бір  деталь.  Біздер  дастарқан 
басындамыз. Əркім өздерінше əңгіме дүкен құрып отыр. Бір 
кезде  радиодан  орыстың  халық  əндерінен  концерт  берілді. 
Мен  сол  кезде  Балқияға  ұрлана  сынай  қарап  отырдым. 
Орыстың  əндері  қалай  əсер  етер  екен  деп.  Балқияның  беті 
бүлк етер емес. Кірпігі де дірілдемеді. Əнді мүлдем естімеген 
жан  секілді.  Біраз  уақыттан  кейін  радиодан  қазақ  əндері 
шырқалды. Міне ғажап, жаңағы меңіреу жан секілді көрінген 

93
Балқиям,  енді  жүзі  нұрланып,  радиодан  естілген  қазақтың 
халық əндеріне ыдыс-аяғын жинай жүріп ыңылдап қосылып 
кетті... Балқияның өмір-тұрмысы, сыртқы тіршілігі ғана қаза-
қиланып  қоймай,  оның  ішкі  жан  дүниесі  де  қазаққа  ауып 
кеткендігіне сонда көзім жетті. Сондай да болады екен.
Балқияның қазақ ұлтын сүйіп, қазаққа берілуіне Нұрлы-
бектей азаматтың адамдық тұлғасы, ақындық дарыны, таби-
ғаттың өзіндей шыншыл бала мінезі баурап алғандығы сөз-
сіз еді.
«Түркістан» газеті, №7, 17-қараша, 2000 жыл
ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ТУЫСПЕН ƏҢГІМЕ
Ол айтады:
–  Қытайда  ұсақ  ұлттардың  өз  тілінде  оқып,  өз  тілінде 
сөйлеуіне ешқандай шек қойылмаған. Қазақ, ұйғыр, дүңген, 
т.б. ұлттардың ұлттық мектептері, газет-журналдары, теле-
радио хабарлары, театрлары жұмыс жасап тұр. Тамаша деп 
ойлап отырған шығарсыз. Тамашасы тамаша ғой. Бірақ осы 
тамашаның қалқасында бармақ тістеп қалар үлкен өкініштің 
алдыңыздан күтіп тұрғанын кейін білесіз. Ол өкініш – қытай 
тілінде  жазу  білмесеңіз  мемлекеттік  мекеменің  есігінен  де 
қарай алмайсыз. Ұлы халыққа сіңіп кетпесін, өз тілін оқы-
сын деген балаңыз ертеңгі күні сауда-саттық, мал бағу, ди-
қаншылық, ұсақ кəсіпкерлік, басқа да қол жұмыстары бол-
маса, жоғары оқу орнына түсу, мемлекеттік қызметке орна-
ласу мүмкіндіктерінен жұрдай болып шығады.
Ауызекі қытай тілін біліп тұрсаңыз да қытай жазуын бала 
күнінен оқымағаннан кейін оны есейген кезде меңгеріп кету 
екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қытай жазуынан сауа-
ты жоқ немесе шамалы болса үкімет қызметіне ілігу мүмкін 
емес.  Қытайдың  ішкергі  қалаларында  қытай  тілін  бала  кү-
нінен оқығандар болмаса, ұлттық аймақтардан ұлттық мек-
тептерде  білім  алғандар  мемлекеттік  қызметке  жолауы 
қиын.  Қытайдан  қазіргі  батыс,  солтүстік  аймақтарындағы 

94
мемлекеттік  мекемелерде  қазақ,  ұйғыр,  қырғыздарды  кез-
дестірсеңіз,  олардың  аудармашылық  жұмыстардан  өзге 
қызметтен  көре  алмайсыз.  Олардың  өзі  бір  қағазды  қытай 
тіліне немесе керісінше аудару үшін күні бойы əуре болып 
отырғаны.
Сіздерде «қазақтар орыс тіліне ауып барады, өз тілін ұмы-
та бастады» деп айтатын көрінесіздер. Ал байқасақ, қазақтар 
орыс  тілін  үйренуде  орыстардың  өзін  артқа  тастағандай. 
Сондықтан  да  сіздердің  мемлекеттік  мекемелерде  орыс  ті-
лін  жақсы  меңгерген  қазақтар  молынан  орналасқан.  Бұл 
жақсылық қой.
Мен айтамын:
– Айналайын туысым-ау, сенің айтып отырғаныңның бə-
рі дұрыс. Қытайдағы қытайша жазу-сызуды білмеген қазақ-
тардың  мемлекеттік  қызметке  кірмесе  де  миллиард  жарым 
қытайдың  ішінде  қазақ  болып  отыруларының  өзі  үлкен 
ерлік  емес  пе!  Ал  біздегі  қазіргі  жағдай  басқаша  ғой.  Рас, 
Қытайдағы ұсақ ұлттардың жағдайы КСРО кезіндегі орыс-
тан басқа ұлттардың бəрінің басындағы жағдайға ұқсайды. 
Ол  кезде  ұлттық  мектептерде  (əсіресе  ауылдарда)  оқып, 
білім алған, сосын жоғары оқу орынын тауысқан маман егер 
орыс  тілін  жете  меңгермесе,  қызмет  бабында  жоғарылауы 
мүмкін емес-ті. Бірақ, КСРО ыдырап, тəуелсіз ел атансақ та, 
сол «ауру» əлі қыр соңымыздан қалған жоқ.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, деп конституциямызға жа-
зып  қойсақ  та,  орыс  тілі – ресми  тіл  деген  соң,  бұл  тілдің 
бұрынғы беделі сол күйінде қалды.
КСРО  кезіндегі  үрдіс  бойынша,  орыс  тілінде  оқыған 
қазақ  жəне  басқа  ұлт  өкілдері  қалалардағы  мемлекеттік 
мекемелердің  жауапты  қызметтерінде  отыр.  Орыс  тілінің 
қолданылу аясы бұрынғысынша ауқымды, өрісі кең. Оның 
үстіне  қазір  мемлекеттік  жəне  коммерциялық  мекемелер-
ге орналасу үшін ағылшын тілін білу керек деген талап та 
қойылып жатыр. Ал, мемлекеттік тілді меңгеру керек деген 
заң əзірше сөз жүзінде ғана қалып отыр. Қазақ тілінің беделін 
көтерейік  деген  сөзді  жəй  ғана  ұран  етіп  ұстағанымызбен, 
орыс  тілінің  алдында  бұрынғысынша  именшек.  Мекеме-

лер  егер  іс  қағаздарын  екі  тілде  жүргізіп,  есеп  бергісі  кел-
се,  бір-екі  аудармашы  (орыс  тілінен  қазақ  тіліне)  ұстап, 
мемлекеттік  тіл  жөніндегі  «проблеманы»  шешіп  тастаған. 
Сондықтан  бауырым,  біздегі  мемлекеттік  мекемелердегі 
қаракөздерді  көрсеңіз,  қуанғаныңыз  дұрыс  шығар,  бірақ 
олардың көбісі өз ана тілінде жазып, сөйлей алмайтын орыс 
тілді қандастарың. Орыс тілі ресми тіл болып тұрғанда олар 
туған тіліне пысқырып та қарамайды. Туған тілінің болашағы 
олардың басын ауыртпайды. Ал тілдің болашағы – ұлтыңның 
болашағы екенін оларға түсіндіру бос əурешілік.
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі он жыл ішінде, одан да сəл 
ертерек ұлт мүддесін жоғары ұстаған азаматтар балаларын 
қалада тұрса да қазақ мектептеріне беріп, бітіріп жатыр. Де-
генмен, ол балалар жоғары оқу орындарындағы оқу барысын-
да, сосын қызметке кірген уақыттарда да бəрібір орыс тілінде 
жазып, сөйлеуге мəжбүр болады. Қанша орысша біліп тұрса 
да  орыс  тілінде  оқығандарға  қарағанда 43 күн  кемдігі  бар 
Тайбурылдай білімінің кем соғатын тұстары көрініп қалуы 
əбден  заңды.  Осыдан  кейін  кейбір  балалар  ата-аналарына: 
«қазақ тілінің пайдасын көре алмасақ о баста неге орыс мек-
тебіне оқуға бермегенсіңдер» – деп ренжитін көрінеді. Міне, 
біздердегі орыс тілінің озып, қазақ тілінің тозып тұрған жағ-
дайы.
Осыдан  кейін,  тəуелсіз  Қазақстан  мемлекетінде  отыр-
мыз десек те қазақ тілінде оқып, білім алудың болашағы қан-
дай деген мəселеде шешімді жауап айту қиын. Мемлекеттік 
тіл – мемлекеттік  рəміздер:  мекемелер  маңдайындағы  Ту, 
кеңсе  төріндегі  Елтаңба  салтанатты  жиында  орындалар 
Əнұрандай көрнекі құрметке ғана ие секілді. Ал күнделікті 
тіршілікте, мемлекеттік қызметте кең қолданынатын – рес-
ми тіл, яғни орыс тілі. Сондықтан ресми тіл тұрғанда қазақ 
тілінің қолдану өрісі кеңіп, бағы жануы екіталай.
«Түркістан» газеті, 17-қараша, 2000 жыл

96
ҚОЛДАУ – ОРЫСТАН, ҚОРЛАУ – КІМНЕН?
Осыдан  екі  жыл  бұрын  Өскемен  қаласында  қазақ  тілін 
үйренуге  орыс  ұлты  едəуір  ықылас  танытып  отырғандығы 
жөнінде («Қазақ  тілін  оқып  жатыр  талай  орыс  баласы». 
«Түркістан» газеті, № 24, 17.06.1998 ж.) жазған едік. Бірақ 
біздің  жылт  еткен  жақсылықты  көріп,  демеу  көрсеткеніміз 
кейбір ағайындарымызға ұнаңқырамай, облыстық «Дидар» 
газетінде  қарсы  мақала  жарияланған...  Иə, 70 %-дан  аста-
мы  орыс  ұлтынан  тұратын  бұл  қалада  қазақ  тілін  үйрену 
көңілдегідей десек, Тазша баланың ертегісін қайталағандық 
болып шығар еді. Дегенмен, осындай ортада да сең бұзылып, 
мемлекеттік  тілді  меңгеруге  деген  ниеттің,  талпыныстың 
нышандарын байқаған соң «бəрекелді» дегенбіз.
Бұл жолғы сапарымызда облыстық əкімшіліктің тіл коми-
тетінде  болып,  осы  комитет  ұйымдастырған  екі  күндік  се-
минар-кеңестің жұмысымен таныстық. Жалпы, облыс көлемін-
де, оның ішінде орыс тілді халық көбірек шоғырланған Өс-
кемен,  Лениногор,  Зырян  секілді  қалаларда  мемлекеттік 
тілді  оқып-үйрену  өткен  жылдарға  қарағанда  едəуір  алға 
жылжыған. Семинар кеңесте сөйлеушілердің айтуына қараған-
да,  қазақ  тілін  оқып-үйренуге  орыс  ұлтының  белсенділігі 
артқан.  Өзін  Қазақстанның  азаматы  санап,  болашағын  осы 
елмен  байланыстырған  əр  адам  мемлекеттік  тілді  меңгеру 
қажеттігін  айқынырақ  сезіне  бастаған  секілді.  Бұл  көңіл-
күй  осы  жылдың 22-қыркүйегінде  облыстық  телестудияда 
тіл проблемасына байланысты өткен Өскемен қаласындағы 
мəдени  орталықтар  өкілдері  қатысқан  телеакцияда  анық 
байқалған.
1990  жылдардан  бері  облыс  жұртшылығын  дүрліктіріп, 
бүйректен сирақ шығарғыш белсенділер Головков (марқұм), 
Васильеваның  ізбасарлары  əлі  табылып  отырғандығы  көп-
шілікті  қынжылтады.  Олар:  кешегі  қолға  түскен  Казимир-
чуктың тобы, бүгінгі қалалық мəслихат депутаты, жергілікті 
«Лад» қозғалысының жетекшісі Шушанников, қалалық мəс-
лихат хатшысы Рытов сияқтылар. Шушанников телестудия-
дағы дөңгелек столда: жер-су аттары жөнсіз қазақшалануда, 

97
мектептерде  орыс  тілін  оқыту  əлсіреп  кетті,  деп  байбалам 
салса,  Рытов:  қаладағы  мекемелерді  қазақ  тіліне  көшіруде 
асығыстық, жөнсіздік белең алуда, мұндай əрекет ұлтаралық 
қатынасқа көлеңке түсіреді, – деп Республика Парламентіне 
ресми  Үндеу  жолдапты.  Рытовтың  айтуынша  мемлекеттік 
тілді меңгеруде асығыстық жараспайтын көрінеді. Ал, сон-
да,  қабылданғанына 10 жылдан  асса  да  мемлекеттік  тілдің 
өз  дəрежесінде  мəртебесіне  ие  бола  алмауына  республика 
жұртшылығы  алаңдаушылық  білдіруін  қайда  қоямыз?  Екі-
үш  жыл  емес,  он  жылда  үйренгісі  келмеген  кісі  енді  бір 
жиырма  жылдан  кейін  үйренбекші  ме?  Рытовтың  айтуына 
қарағанда,  орыс  тіліне  де  мемлекеттік  мəртебе  берілсе  екі 
тілді міндетті түрде меңгеріп кетпек көрінеді. Орыс тілінің 
ресми тіл болып саналуына оның көңілі толмайтын секілді. 
Міне, осындай қисынсыз дəлелдерін көлденең тартқан Рытов 
сияқтылар болмаса көпшілік орыс тілді қауым мемлекеттік 
тілге  оң  көзбен  қарауда  дейді,  облыстық  тіл  комитетінің 
қызметкерлері.  Өскемен,  Лениногордегі  ірі  зауыттар  мен 
мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып-үйренетін курс-
тар  жұмыс  істейді.  Барлық  жұмыс  орындары  арнайы  ау-
дармашылар  алып,  іс  қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізуге 
біртіндеп көше бастаған. Орыс ұлты тығыз орналасқан Зырян 
қаласында Бобин Сергей Николаевич деген кəсіпкер азамат 
өз қаражатына бос қалған балабақша үйін сатып алып, оны 
керекті  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етіп, 9 мұғалімге 
тұрақты  жалақы  тағайындап,  қазақ  тілін  оқып-үйренетін 
мектеп ашқан. Қазақ тілін оқып-үйренушілерден ешқандай 
ақы алынбайды.
Қазір Сергей Бобиннің мектебі өз жұмысын тəп-тəуір ат-
қарып  жатса  керек.  Өкінішке  қарай,  мұндай  жанашырлық 
қазақ кəсіпкерлері тарапынан қолдау таппаған. Өскемендегі 
ІІІығыс  Қазақстан  университеті  филология  факультетінің 
қазақ тілі мен əдебиеті бөлімінде бұдан бес жыл бұрын бір 
ғана орыс қызы оқыса, қазір бірнеше орыс ұлтының өкілдері 
білім алуда екен. Қазақша бала-бақшаларға орыс балаларын 
беру фактілері жиілей түскен. Өйткені, өзін осы елдің азама-
ты санаған орыстар болашақта қазақ тілінің аса қажеттігін 
сезіне бастаған.

98
Тіл  комитеті  таратқан  анкеталық  сауалға  мемлекеттік 
қызмет  саласындағы  өзге  ұлт  өкілдерінің 48 пайызы  «қа-
зақ тілін түсінеміз, бірақ оқып, сөйлей алмаймыз» десе, мем-
лекеттік қызметтегі қазақтардың 80 пайызы да осылай жауап 
берген. Мемлекеттік қызметте жүрген қазақтардың өз тілін 
оқып білуге енжарлығы, менсінбей қарап оның болашағына 
сенімсіздік білдіруі, əрине, қазақ тілінің өзге ұлт арасында 
бедел алуына орасан нұқсан келтіріп отырғаны шындық.
Балаларын  ана  тілінен  ажыратып,  орыс  тілінде  өсірген 
ата-аналар қазір ата-əже жасына келіп, енді немерелерін де 
сол  тілде  тəрбиелеуге  көшкендігі  жалғыз  Өскеменде  ғана 
орын алған жай емес екендігін қынжыла мойындайсыз.
Облыс  көлемінде  Мемлекеттік  тілге  көшу,  қазақ  тілін 
оқып-үйренуге өзінше əрекет жасалынып жатқанда Астана-
дағы Салық, Кеден полициялары мен Ішкі істер министрлігі 
секілді мекемелерден түсетін қағаздар тек қана орыс тілінде 
көрінеді.
Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы 48 мектептің қазір бе-
сеуі  ғана  қазақ  мектептері.  Бірақ,  осы  қазақ  мектептері 
ғимараттары  мен  техникалық  құрал-жабдықтары  орыс 
мектептерімен иық теңестіре алмайды. Орыс мектептері өзі 
жарық, жылы, кең, спорт залы, су бассейндері, компьютерлік 
кластары бар, бүгінгі заманға сай бір ауысымда білім алса, 
қазақ  мектептерінде  мұндай  жетістіктер  жоққа  тəн.  Қазақ 
мектептерінде екі ауысымда оқитын балалардың əр кластағы 
сандары 38 – 40. Бұл  мектептердегі  бірінші  класс  бесеу-
алтаудан.  Міне,  қазақ  мектептерінің  қазіргі  материалдық 
мүмкіндіктері  осындай  болғандықтан  кейбір  ата-ана  бала-
ларын  орыс  мектептеріне  беруге  мəжбүр  болған.  Соған 
қарамастан,  мектебі  тұратын  үйінен  қашық  болса  да  қазақ 
мектебіне  балаларын  оқытқан  ата-аналардың  ұрпағының 
болашағын ойлаған көрегенділігіне риза боласыз.
Кейін қабылданған «Білім туралы Заң» өзінен бұрын дү-
ниеге  келген  «Тіл  туралы  Заңға»  сүйеу  боларлықтай  емес 
дейді мамандар. Білім туралы заңда барлық тілдерді дамыту 
саясаты айтылғанымен Мемлекеттік тіл – Қазақ тілін оқып 
үйренуге айрықша көңіл бөлу қажеттілігі ескерілмеген. Со-

99
дан да бəлкім «Əліппеден» бастап қазақ тілі оқулықтарының 
сапасы төмендеп кеткен.
«Тілің бар да – ұлтың бар» деген ұранды ұстансақ, қазақ 
тілінің болашағы, ұлтыңның болашағы – ең алдымен өзімізге, 
сіз бен бізге байланысты екенін ұғатын уақыт жеткендей.
Басымызға  қонған  бақыт  құсы  секілді  Тəуелсіздігімізді 
алып,  тілімізге  Мемлекеттік  дəреже  беріліп  жатқанда,  оны 
өзге ұлт өкілдері теріс көрмей тұрғанда, өзіміздің кежегеміз 
кері тартып, қарын қамымен кетіп, рухани мешеулік танытсақ, 
келер ұрпақтан кешірім күтпейік... Тарих кешірмейді.
«Түркістан» газеті, 1-желтоқсан, 2000 жыл
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет