Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан


–  Қазіргі  жас  карикатурашылар  сіздің  көңіліңізден



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет24/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

–  Қазіргі  жас  карикатурашылар  сіздің  көңіліңізден 
шыға ма, кімдерді бөле-жара айтқан болар едіңіз?
– Жас карикатурашылар шығып келе жатыр. Оларға қуа-
нуымыз керек. Мəселен, Ғалым Смағұл, Нұрлан Тазабеков 
деген жігіттер бар. Бұл жігіттер карикатурада жақсы қалам 

тартып  жүр.  Карикатурашы  қоғам  өмірінен,  өзгерістерінен 
ой түйіп отыруы керек. Күнделікті жаңалықтан құр қалмауы 
жəне оның себеп-салдарын біліп отыруы қажет. Сондықтан 
көп оқу керек, барлық ақпарат құралдарынан хабардар бо-
луы қажет. Шала білім, шала түсінікпен салған сурет шала 
болып шығады. Бықсып жанған шала сияқты одан тек түтін 
шығады, оты жоқ болады. Сатиралық суреттің оты қызулы 
болуы керек. Ол үшін суретшінің ойы, айтайын деген пікірі 
айқын болуы лəзім. Жəне батыл болу керек.
– Сіз қазақ карикатура өнеріндегі «Нұразхан дəуірін» 
қалай елестеткен болар едіңіз?
– «Нұразхан  дəуірі»  деген  қалай?...  Өзімнің  бе?...  Енді 
оны мен айта алмаймын ғой. Міне, менің алғашқы жинағым 
жарық  көрді. «Кімге  күлеміз?»  деген  осы  альбомға  қарап 
журналистикаға,  бейнелеу  өнеріне,  болмаса  қоғамдық  ой-
пікірге қатысы бар адамдар өзінің бағасын беруіне болады.
–  Өз  мүмкіндігіңізді  толық  ашып  көрсеттім  деп  ой-
лайсыз ба?
– Əлі де салатын суреттерім алда деп есептеймін. Негізі 
мен Тəуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы мəселелерді 
айта  алдым  деп  ойлаймын.  Əрине,  қоғамда  əлі  де  айтатын 
ойлар  бар,  көп.  Оны  алдағы  уақыттың  еншісінде  көрсетем 
деген ойдамын.
– Жалпы, ақпаратқа ғана иек артқан заманда карика-
тураның болашағы бар ма?
– Болашағы бар. Өйткені карикатура өнері Еуропада осы-
дан  бірнеше  ғасыр  бұрын  басталған.  Содан  əлі  өмір  сүріп 
келе  жатыр.  Сондықтан  өмір  бар  жерде,  қоғам  бар  жерде, 
қарама-қайшылық болады, əртүрлі пікір болады. Қоғамдық 
пікір тоқтамаған жерде карикатуралық-сатиралық суреттер 
жүру керек. Қасқырды – орманның санитары дейді ғой, кари-
катура – қоғамның  санитары  сияқты.  Қоғамды  түрлі  ауру-
лардан тазартуға əсер беретін күштің бірі. Сондықтан кари-
катура қоғамнан қалмауға, дами беруге тиісті.
– Əңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Думан АНАШ.
«Алматы ақшамы», № 7, 9-желтоқсан, 2006 жыл

279
Исі  қазақ  Шəмші  Қалдаяқовты  «Вальс  королі»  деп 
əспеттесе,  Еркін  Нұразханды  «Карикатура  королі»  деп 
орынды мақтан етеді. Көзі қарақты қауымға биылғы 17-
қаңтарда алпыстың асқарына шыққалы отырған абыз 
азамат, сан қырлы дарын иесінің шығарамашылық зерт-
ханасын таныстырудың сəті түсіп отыр. Еркін – Қазақ-
стан Суретшілер  жəне Журналистер одағының мүшесі, 
мəдениет қайраткері һəм белгілі карикатурашы
Еркін НҰРАЗХАН:
«БҰЛ – ДОСТЫҚ ƏЗІЛ ЕМЕС, ҚАСТЫҚ ƏЗІЛ ҒОЙ 
ДЕП РЕНЖІГЕН АҒАЛАРЫМ ДА БОЛДЫ»
– Ереке, суретші Əбілхан Қастеев жас кезінде өзін жер-
ден алып, жерге салып, сынап жатса да, сыншыларға бір 
ауыз қарсы сөз айтпастан, іштей ширығып, қолға алған 
ісін күн-түн демей атқарған екен. Осындай, бейнеті бел-
шеден келетін бейнелеу өнерінің жалынан ұстауыңызға 
не  себеп  боды?  Жалпы  өнеріңізді  ұштауға  ақыл-кеңес 
бергендерден кімдерді атар едіңіз?
–  Мен  де  табиғаттың  қайталанбас  суреттерін  тамашалап 
өскен  ауыл  баласының  бірімін.  Туған  жерім – Жетіарал 
ауылының  шығысында  Маңырақ,  оңтүстүгінде  Тарбағатай 
жоны  айбынданса,  батысында  Арғанаты  тауы  көлбеп,  сол-
түстігінде  Толағай  мен  Ақжардың  ақшаңқан  қыраты  «мен 
мұндалап» тұратын жер. Көкжиегін осынау таулар көмкерген 
кеңістіктің əр жыл мезгілін айтпағанда, əр күн, əр сағатында 
құбылып  тұратын  сан  алуан  бояулы,  кең  тынысты  келбеті 
көз  алдымда  сақталып,  көңілімде  жатталып  қалыпты.  Мен 
сол табиғат сахнасындағы құбылыстарға көз тойғыза алмай, 
таңырқап, тамсана өскен едім. 
Бəлкім, суретке деген қабілетім оянған соң назар аудардым 
ба, əлде, туған жердің қасиетімен қалыптасты ма, ол жағын 
ажыратып айта алмаймын. Мектеп партасына отырып, жазу-
ды үйренгеннен соң қолыма ілінген қарындаш, қалам атаулы-
мен сурет сыза бастағанымды білемін. Ал бесінші сыныпқа 

280
көшкенде мектеп директоры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген 
мұғалімі,  марқұм  Базархан  Ғалиев  ағаның  басшылығымен 
жаңа жыл қарсаңында өтетін байқауға қатыса бастадым. Су-
рет көрмесі ұйымдастырылып, жаңа жыл кешінде таңдаулы 
жұмыстарға Аяз атаның қолымен сыйлықтар тапсырылатын. 
Дүкенге түсе бермейтін қарындаш, акварель, гуашь  бояулары-
на  осы  байқауда  жүлделі  орын  алған  талапкерлер  ие  болушы 
еді.  Мен  де  осындай  байқауларда  жылдан-жылға  алдыңғы 
орындарға жақындап, 9 – 10 сыныптарда үздік суретші атан-
дым.  Мектеп  бітірген  соң  ауылда  қалып,  келесі  жылдың 
көктемінде əскер қатарына шақырылдым. Əскерде жүрген-
де де сурет салуымды тоқтатқан жоқпын. Онда апта сайын 
«Сквозняк»  деген  қабырға  газетінде  шыққан  əзіл  суретте-
рімді солдаттар қиып алып, альбомдарына жабыстырып қоя-
тын. Əскери міндетімді өтеп келгесін ғана Алматының көр-
кемсурет училищесіне оқуға түстім.
Менің алғашқы шарждық суреттерімді белгілі қаламгер-
лер Шерхан Мұртаза, Мұзафар Əлімбаев, Əбіраш Жəмішов 
көріп, қолдау білдірсе, «Түркістан» газетінің бас редакторы 
Қалтай  Мұхамеджанов  тақырыптық  карикатураларымның 
дүниеге келуіне түрткі болды. Ал студенттік кезден дос, та-
нымал өнер зерттеушісі, марқұм Мұхамеджан Əлімбаев əзіл 
портреттер салуыма мұрындық болды.
– Қазір Алматыдағы Ə. Қастеев атындағы мемлекет-
тік өнер мұражайы директорының орынбасары қызме-
тіндесіз. Өнеріңіз өз алдына, ал басшылық қызметін мең-
геруіңізге  кезінде  өндірістің  əйгілі  ұйымдастырушысы 
атанып, миллионер колхозды басқарып, аудандық газет-
тің редакторлығын да атқарған, ауылдастары құрметтеп, 
Абай деп атап кеткен əкеңіз Ыбырайым марқұмның, ау-
дандық,  облыстық  деңгейлерде  жауапты  қызметтердің 
тізгінін  ұстаған  ағаңыз  Шəкеңнің  (шын  есімі  Шəйкен) 
əсер-ықпалы  болды  ма?  Олардың  қандай  қасиеттерін 
бойыңызға дарыттыңыз? 
– Қызметте, жалпы өмірде əкеден көрген тəлім-тəрбиенің, 
ағам  Шəйкеннен  алған  үлгі-өнегенің  əсері  əрине,  көп  бол-
ды. Əкемнің қарапайым халықтың қамын ойлап, əр адамың 

281
жұмысы ғана емес, оның жеке өміріне алаңдаушылық білді-
ріп  отыратын  қамқорлығын,  үлкен-кіші,  алыс-жақын  деп 
бөле-жармайтын  əділдігін,  адалдығын  үлгі  тұтамын.  Ал 
Шəйкен ағамның шыншыл, ішкі ойын бүгін қалмайтын ту-
рашыл  мінезі,  өз  басынан  қоғам  мүддесін  жоғары  қоятын 
асыл қасиеттері жаныма ерекше жақын. 
– Əзіл суреттеріңіз республикалық газет-журналдарды 
жаулап алғалы қашан. Ақындар Сырбай Мəуленов пен 
Ғафу Қайырбековтің сіз салған суреттері əлі де көз алды-
мызда. Ол ақындармен көзі тірісінде жолықпасақ та, əзіл 
суреттеріңізді көргенде, олармен жүзбе- жүз қауышқандай 
болушы едік. Сол адамдар осы туындыларыңызды қалай 
қабылдағанын айтпас па екенсіз? Бұл жұмысыңыз жал-
ғасын тауып келе ме? Жалпы, шығармашылығыңыз кө-
рермен қауым тарапынан қалай бағаланып жүр?
– 1982 жылдан баспасөз беттерінде жариялана бастаған 
достық  əзілдерім,  шарждар  мен  карикатуралық  суреттерім 
2005  жылы  «Кімге  күлеміз?»  деген  альбом-кітап  болып 
шықты. Ал одан кейінгі суреттер Астанадағы бір беделді бас-
паның қоржынында сақтаулы. Сəті түссе, жарық көрер.
Өзіңіз  айтқан  Сырбай  ағаның  бірнеше  əзіл  суреттерін 
салдым. Ол кісі қай қырынан қарасаң да қызықты, пошымы 
кең-мол пішілген жан еді ғой. Мені жолықтырғанда құшағын 
ашып: «менің  суретімді  салу  үшін  жаратылған  суретшім» 
деп, арқамнан қағушы еді. Қалтай ағамен дидарласқанымда: 
«Е-е, сол суретші сен екенсің ғой. Бір күні «Қазақ əдебиетін» 
ашып қалсам, үлкен мұрынды көрдім. Ойпыр-ай, мынау кім 
болды екен деп үңілсем, өзім екенмін» деп күлдіргені бар. 
Ал бірнеше шаржын жасаған Асқар Сүлейменов «менің рес-
публикадағы  жалғыз  сыншым – сенсің»  десе,  Əзілхан  аға 
«мен  сенің  тұрақты  кейіпкеріңмін  ғой»  деп  езу  тартатын. 
Бір жолы Ақселеу аға Асқар Сүлейменовке «бұл біздің өзіміз 
білмейтін  қасиетімізді  көзімізге  көрсетіп  жүр»  дегенде, 
Асекең  сұқ  саусағын  шошайта: «бəлкім,  қасиетсіздігімізді 
дегеніңіз дұрыс болар» деп, жұмбақтай жымиғаны бар. Ал 
Кəдірбек Сегізбаев ағамыз болса, өзінің əзіл суретін көрген 
соң: «Əй, бауырым, ағаңды мұржадан шыққан қара мысыққа 

282
ұқсатып қойғаның не? Бұл – достық əзіл емес, қастық əзіл 
ғой» деп, жорта өкпелеген кейіп танытқан еді.
Жалпы, шығармашылық өнерім жайында Мұзафар Əлім-
баев, Дидахмет Əшімханұлы, Нұрдəулет Ақыш, Роза Алтын-
бекова,  Жетпісбай  Бекболат,  Айнаш  Есалы,  тағы  басқалар 
жазды.
– Өзіңіз тəрбиелеген суретшілер мен карикатурашы-
лардан кімдерді атар едіңіз?
– Арнайы тəрбиелеген суретшілерім жоқ. Бірақ, сырттан 
мені  ұстаз  тұтып,  маған  келіп,  суреттері  туралы  пікірімді 
тыңдап, оң тілегімді естіген Ғалым Смағұл, Нұрлан Тазабе-
ков секілді карикатурашы-суретшілер бар.
– Өнер иелері арасында күлкілі оқиғалар көп кезде-
сетіні рас. Сондайлардан бірер мысал келтіре кетпес пе 
екенсіз?
–  Əртүрлі  күлкілі  оқиғалар  болды  ғой.  Соның  бірі  ке-
зінде «...деген  екен»  сериясымен  шыққан  кітапшаларда 
баяндалғандай, қазақ қолөнерінің үлкен тұлғасы Дəркембай 
Шоқпарұлының директорлық қызметін атап өткен түнде ша-
шын ұстарамен сыпырып тастағаным есте қаларлықтай оқи-
ға  еді.  Кейін  сол  «имиджі»  өзіне  ұнап,  ол  үнемі  тақыр  бас 
болып жүрді...
– Сізді суретші ғана емес, қаламгер ретінде де жақсы 
білеміз. Əсіресе республикалық, облыстық басылымдар-
да ауданымыздың ахуалын ұдайы қаузап келесіз. Алғаш 
мақалыңыз қай басылымда жарық көрді? Аяулы əкеңіз 
жайында  кітабыңыз  да  жарыққа  шықты  деп  естідік... 
Соның бəріне қалай уақыт тауып жүрсіз?
–  Əдебиетке,  жазу  өнеріне  қызығушылығым  да  мектеп 
қабырғасында  оянып,  əдеби  шығармалар  мен  сын-зерттеу 
кітаптарды көбірек оқуды əдетке айналдырдым. 9 – 10 сы-
ныптарда  қазақ  əдебиетінен  сабақ  берген,  ол  кезде  жап- 
жас, қазіргі əйгілі ұстаз Қанипа Бітібаева апайымыздың өт-
кізген  сабақтары  қиялымызға  қанат  бітіріп,  біздерді  алыс 
армандарға жетеледі. 
Суретшілік  мамандықты  таңдағаныммен,  жазуға  деген 
икемімді үнемі ұштап, жетілдіріп отырдым. 1975 – 1976 жыл-

283
дардан бастап, алғашқы мақалаларым Тарбағатай аудандық 
«Ленин туы», облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде жа-
рық көре бастады.
Кезінде  төрт  облыс  таратылып,  аудандарды  бір-біріне 
қосқан «оңтайлану» науқаны жүргені белгілі. Семей облы-
сының  Ақсуат  ауданы  таратылғанмен,  аудан  орталығы 
Ақжардан  Ақсуатқа  көшірілгенде  əбігерге  түскен  Тарба-
ғатай ауданы болды. Жалғыз Тарбағатай емес, қосылған ау-
дандардың  қай-қайсысы  да  қиындықты  бастан  кешіп  жат-
ты.  Сондықтан  бір  ауданның  басындағы  жағдай  барлық 
аудандарға  ортақ  деген  оймен  жазған,  Үкіметтің  назарын 
аудармақ  ниеттегі  «Тарбағатай  іріленді.  Бірақ  одан  не  ұт-
ты?...»  деген  мақалам  «Түркістан»  газетінде  жарияланды. 
Бас редакторымыз Қалтай Мұхамеджанов іссапрда жүргенде 
қол  қойып  жіберген  оның  бірінші  орынбасары  Дидахмет 
Əшімханұлы еді. Іссапардан оралысымен мақаланы көрген 
Қалтай аға: 
–  Ойбай-ау,  бұл  оңтайлануды  БАҚ-тарда  талқылауға 
болмайды деген Үкіметтің нұсқауы бар еді, мыналарың не? 
Еркінді шақыр, – дегенде Дидахмет:
– Еркін жазғанмен, бастырған мен, Қал-аға. Бұл – барлық 
ауданға ортақ проблема. Қазір ел қиыншылық көріп жатыр. 
Жазаласаңыз, мен жауаптымын, – депті. Қал-ағаң содан ке-
йін ғана: 
– Əне, сендер сөйтесіңдер, – деп ашуын басқан екен.
Содан бері 14 – 15 жылда, əсіресе, шекаралық аудандардың 
халқы  ішкеріге  көшіп,  шекара  бойы  бос  қалғанын  бүгінде  
көріп  отырмыз. «Арқанкерген»  мен  «Терісайрық»  шека-
ра  заставаларындағы  оқиғалардан  соң  бұл  мəселені  тағы 
да  көтергендегі  ойымыз  ел  іргесі  бекісін  дегендік  еді.  Бұл 
мəселені  зерттеп,  зерделей  түсінген  облыс  Əкімі  Бердібек 
Мəшбекұлы оны оңынан шешудің жолын қарастырып жат-
қаны қуантады, көңілге сенім ұялатады.
Тағдырдың  жазуымен  əдебиетіміз  бен  өнеріміздің  біраз 
тұлғаларымен  қызметтес  болдым.  Ал,  Халық  Қаһарманы, 
аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың 
қасында алты жылдай жеке хатшысы ретінде бірге болуым 

Алланың  бұйыртқан  бір  жақсылығы  шығар  деп  түсінемін. 
Қасым ағаның болмысы, мінезі, адамщылық қасиеті, дүниета-
нымы қандай қисық ағашты болсын түзетіп жіберетін тезді 
көз  алдыма  əкеледі.  Осындайда  «Тез  қасында  қисық  ағаш 
жатпас» деген халық даналығы еске түседі. Бəлкім, ол кісі 
өзінің  сенімінен  шығатыныма  көзі  жеткен  соң,  мені  жеке 
хатшылығына ұйғарған болар. Мен де осынау хас батыр, ұлы 
адамның сенімінен шығып, ризалығы мен батасын алғаныма 
шүкіршілк етемін.
– Əңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – Амангелді  ЖАНАХМЕТ.
Тарбағатай ауданы 
«Дидар» газеті, № 4, 11-қаңтар, 2013 жыл

285
МАЗМҰНЫ
Сағынышпен келген өнер ..................................................................3
КӨКЕЙДЕГІ СӨЗ
Басшы түзелмей ел оңала ма? ...........................................................5
Менмендік мектебі .............................................................................8
Еңбегі – еш, тұзы – сор, қайран ауылым,
қайда бара жатырсың? .....................................................................13
Жер иесі кім? .....................................................................................16
Бүліну оңай, бүтінделу қиын ...........................................................18
Ұйқың шайдай ашылады... ..............................................................21
Аман Төлеев кімдерге ұнамайды? ..................................................23
Секе, сөзіңіз дұрыс шығар, бірақ... .................................................26
Сеніп жүрген сенаторымыз .............................................................30
«Қоныс аударадымен» қорқытпайық... ...........................................31
Тойлайық, тойлайық та ойлайық .....................................................33
Басқалар да ұмытылмаса .................................................................36
Тарбағатай іріленді, бірақ, одан не ұтты? ......................................37
Күдікпен өткен күндер .....................................................................39
Қазақ саған мазақ емес .....................................................................42
Қазаққа кесел «кесареводан» болмасын... ......................................46
Көңіл неге күпті?.. ..............................................................................–
Бір сөздің соңында бір жыл .............................................................48
Қолы ұзын жалғыз Лукин бе!.. ........................................................51
Қазақтың қамал бұзған қаһармандары ...........................................52
Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тіл қажет пе? ...................54
600 млн. теңге Отаровқа аз ба? .......................................................55
Сауат ауыл шаруашылығынан сауатты ма? ....................................57
Балғымбаевпен тіл табыспаса да... .................................................58
Қауіпсіздікті ескермей, қорғаныссыз қимылдап... .........................59
Президентті қолдаған, үкіметті сынаған «Отан»дастар... ............61

286
Қауесет расқа шықты .......................................................................64
Елім деп, жерім деп соқты жүрегі ..................................................66
Соңында сəуле қалдырған ...............................................................67
Қайда ұлттық намыс, ұлттық рух?! ................................................74
Кімнің сойылы қолында, «СолДАТ?..» ..........................................76
Қазақты тағы да қандай «сый» күтіп тұр? .....................................79
Омбы қазағы не дейді? .....................................................................80
Қазақстанда журналистер одағы бар ма? .......................................81
Өзгеге ұқсау – өзіңді жоғалту ..........................................................83
Əнұран – халық рухы .......................................................................86
Арықтың ар жағынан атылған оқ ....................................................88
Нұрлыбек пен Балқия .......................................................................89
Қытайдан келген туыспен əңгіме ....................................................93
Қолдау – орыстан, қорлау – кімнен? ...............................................96
Бір тоннасы – 1100 теңге... ..............................................................99
Ел намысын қорғағандардың ертеңі қандай? ..............................102
Өскеменге Қаракерей Қабанбай өгей емес ..................................105
Қош, қазақы сары шал! ..................................................................107
«Мəдина маған жарық дүниені қайта сыйлады...» ......................111
Батыр баба рухына тағзым .............................................................115
Ауру көп, амал аз ............................................................................118
Ерекеңнің «ерліктері» .....................................................................121
Зымыраннан шеккен зардап, көрген зиян бір бүгін бе? ...............123
Қазақстанда жер сатыла ма? ..........................................................125
Депутаттар жеңілдік сұрайды .......................................................126
Қоймалардағы қопарылыс
қорғаныс күшімізге көлеңке түсіреді... ........................................127
Қабырға бұзу – үйді қирату емес пе? ...........................................128
Тұзды тозаң .....................................................................................131
Мемлекеттік тіл – кімнің тілі? .......................................................133
Мойындалған ақиқат ......................................................................135
Сырлы əлем .....................................................................................136
Халық мүддесі – бəрінен жоғары ................................................139
Аз санды халықтың жауы... ...........................................................141
Барақ батыр тойында ......................................................................142
Мұз-ағаның мектебі ........................................................................145
«Тайқазанды» көтеріп келген едім ................................................149
Мірдің оғындай сурет – карикатура ..............................................152
Абай бейнесіне қиянат жасамайық ...............................................155
Тағы да Абай бейнесі туралы ........................................................158

Ураншылдық ұраға жығып жүрмесін... ........................................160
Жыртыл, қазақ, жыртыл!.. .............................................................162
Еліміздің экономикалық тарихы неге жоқ? .................................166
Батырлар атын иеленген отбасы ...................................................173
Қазақ есімі қайда бара жатыр? ......................................................175
Бақұл бол, алаштың азаматы .........................................................178
«Бас демограф» не дейді? ..............................................................180
Абзал азамат, ғазиз жан ..................................................................185
Долбар оймен дау көтерме, ағайын! .............................................186
Қазақ қолөнерінің жанашыры .......................................................192
Қиялымызды ұштаған ....................................................................200
Ел іргесі бекісін десек, бұрынғы таратылған
шекаралық аудандарды қайта қалпына келтірген
жөн болар ........................................................................................204
СҰХБАТТАР
Айтан Нүсіпхан.
1. Мəселенің төркінін іздесек ........................................................208
2. Əңгіменің ашығын айтсақ .........................................................215
3. Ел мүддесін ойлайық .................................................................224
Дмитрий Снегин.
Бауыржаннан асқан қазақты көргенім жоқ... ...............................230
Сахи Романов.
Қазақ болып тудық, қазақ болып қалсақ... ...................................237
Бəйкен Əшімов.
Ел боламыз десек... .........................................................................247
Қасым Қайсенов.
Алдыңда ағаларың азаймасын ......................................................258
Еркін Нұразхан.
Карикатура дамыған жерде, демократия қоса дамиды ...............270
Еркін Нұразхан.
Бұл – достық əзіл емес, қастық əзіл ғой деп ренжіген
ағаларым да болды .........................................................................279

Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасы ЖШС-нің президенті –
Темірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ
Еркін НҰРАЗХАН
ӨЗ ЕЛІМ МЕНІҢ – ӨЗЕГІМ МЕНІҢ
Мақалалар
Сұхбаттар
Редакторы Күнімжан ЕРЛЕПЕС
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ
ИБ № 382
Басуға 12.16.2013 жылы қол қойылды.
Офсеттік басылым. Қалыбы 84х108 
1
/
8
.
Шартты баспа табағы 15,0 б.т. Тапсырыс №      .
Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана,
баспаның тапсырысы бойынша 200 дана
«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында беттелдi.
«Қазығұрт» баспасы, 050009,
Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 522-кеңсе. 
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
Тапсырыс берушінің файлдарынан басылып шықты

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет