Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан


– «Жас күнiнде өлең жазбаған қазақ болмайды» де-



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет23/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

– «Жас күнiнде өлең жазбаған қазақ болмайды» де-
ген  сөз  сiздi  де  айналып  өтпеген  секiлдi.  Соғысқа  де-
йiн  де  соғыстан  кейiн  де  өлең  жазған  екенсiз.  Бiрақ, 
əлдебiр себептермен қойып кетiпсiз. Соны айтуға бола 
ма? 
– Айтуға болады. Иə, өлеңдi қойып кетуiме бiр себептiң 
болғаны  рас.  Мен  жас  кезiмде  өлең  жазған  адаммын.  Со-
ғыстан  бұрын  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар  облыстық  га-
зеттерiнде  өлеңдерiм  басылып  жүрдi.  Алғашқы  шыққан 
өлеңдерiмнiң бiразы, газет қиындылары, əлi күнге сақтаулы. 
Бiрақ  өлеңдерiм  онша  мықты  болмағанмен  əйтеуiр  өлең 
жазғанмын.  Ал,  партизандық  «эпопеяға»  түсiрiп  жiберген 
сол «себеп» бiржағы бақытым ба деп те ойлаймын. 
Елуiншi жылдардың басы. Жазушылар баспасында жұмыс 
iстеймiн. Ұмытпасам Абай Құнанбаевтың 110 жылдығы қар-
саңында Абайға арнап өлеңдер жинағы шығарылғалы жатыр 
екен. Ақын атаулы арнау өлеңдер жазуға кiрiскен. Мен де бұл 
науқаннан қалғым келмей өлең жаздым. Абайдың «Өлсе өлер 
табиғат, адам өлмес» дегенi бар ғой. Мiне соған үндестiрiп 
үш-төрт шумақ өлең жаздым да жұмыс үстелiмнiң үстiне тас-
тап  кеткенмiн.  Ол  кезде  əлi  желбастау,  бiр  орында  байыз 
тауып  тұрмайтын  шағым.  Бiр  келiп  қарасам  əлгi  өлеңiмдi 
үстiнен бiреу редакциялап кетiптi. Кiмнiң қолтаңбасы екенiн 
ажырата  алмадым. «Бiр  аяқ  қымыздың  екi  аяқ  желiгi  бар» 
дегендей, сол күнi орнымызда отырмай тағы да кеттiк. Ерте-
ңiнде  кеңсеге  келсем  кешегi  өлең  жазылған  қағаз  жоқ. 
Оны  кiм  алды  деп  жiгiттерден  сұрастырсам,  ешкiм  жары-
тып  ештеңе  айтпады.  Сөйтiп  сол  өлеңдi iздеген  мен  жоқ
ұмытып  кеткем.  Сөйтсем,  бiраз  уақыттар  өткенде  өлеңдер 
жинағы шағын ғана кiтапша болып шығыпты. Ол кiтаптың 
шыққанын да бiлмеймiн. Бiр күнi сол кiтапты қолына алып 
Жұбан Молдағалиев келдi. Түтiгiп кеткен. Əбден ыза болған. 
Неге екенiн кiм бiлсiн?.. Келе сала маған тiл тигiздi: 
– Сен жүлiксiң, – дедi. 
– Неге? 

268
– Мiне сен, мен редакциялап кеткен дүниенi өз атыңнан 
жiберiп қойыпсың. 
–  Əй,  мен  оны  бiлмеймiн.  Мен  берген  жоқпын.  Сұра 
жұрттан, – десем  тыңдар  емес.  Екеуiмiз  сол  күнi  қатты 
сөзге  келдiк.  Ол  маған  қатты  тiл  тигiздi.  Оның  сөзi  жаны-
ма  батып  кеткен  соң: – Əй  Жұбан  (ол  менен  екi  жас  кiшi 
едi),  сен  жасыңнын  кiшiлiгiне  қарамай  маған  тiл  тигiздiң. 
Жəне  нақақтан.  Оны  өзiң  бiл.  Бiрақ,  ендi  мен  өлең  жаз-
бай-ақ  қояйын.  Өлеңдi  сен-ақ  жаз.  Бiрақ,  сен  ақын  болып 
ақындардың алдына шығасың ба – шықпайсың ба, бiлмеймiн. 
Ал мен өзiмнiң бастан кешкен оқиғаларымды жазып-ақ əлi 
жұрттың алдына шығамын. Осы есiңде болсын! Мiне, бұдан 
былай  бiр  ауыз  өлең  жазбасқа  ант  етемiн, – дедiм  де,  сол 
күйi  өлеңдi  тастап  кеттiм.  Өлеңдi  тастадым  да  партизан 
тақырыбына көштiм. Ал ендi мақтанғаным емес. Мен сол кез-
де қандай iске бет бұрсам да өзiмнiң далада қалмайтынымды 
сезетiнмiн.  Мысалы,  əншi  болып  кетсем  де  (оқуына  түс-
сем,  тəп-тəуiр  дауысым  бар-ды),  əртiс  болсам  да,  тiптi 
спортпен  шұғылданып  күреске  барсам  да  əйтеуiр  елеусiз 
қалмайтындығымды анық сезiне бастағанмын. Соған сендiм. 
Ендi мiне көрмейсiң бе. Қайта басылғаны бар, қазақша, орыс-
ша,  украинша  жəне  басқа  тiлдердегiсi  бар  жиыны  отыздай 
кiтап шығарыппын. Қазiр осы партизандар тақырыбын қазақ 
əдебиетiне алып келген мен десем оған ешкiм дау айта ал-
мас.  Менiң  кiтаптарым  шығып  жатқан  тұста  Əди  Шəрiпов 
те,  Тоқтағали  Жангелдин  де  бұл  тақырыпқа  бiрауыз  сөз 
жазған жоқ болатын. Əди де, Тоқтағали да соғыстан бұрын 
жоғары дəрежелi бiлiм алған, бiлімдi адамдар едi. Бiреуi ми-
нистр, одан кейiн премьер-министрдiң орынбасары, екiншiсi 
философия  институтының  директоры,  ғылым  докторлары. 
Мен  қолтаңба  жазып  кiтаптарымды  апарып  берген  кезде 
Əди: – Қасым, бiзде де жазатын нəрсе бар едi. Бiрақ мынадай 
жұмыстан қол тимейдi, – дейтiн. Мен оларға қалжыңдап: – 
Сендер мансап қуған төре адамсыңдар. Бiрақ түбiнде бұған 
оралыңдар, ұят болады, – деп жүрдiм. Содан ақырында екеуi 
де партизандық өмiрлерiнен кiтаптар жазып шығарды. Əди 
Шəрiпов тiптi үдетiп жазды. 

269
Ал ендi мен туралы жүз елудей ақын-жазушылар шығар-
маларын  арнады.  Журналистер  қауымы  жабыла  жазды, 
теледидарда  сөйлеттi.  Екi  арнайы  деректi  кино  түсiрдi. 
Сөзiмнiң  соңында  айтарым,  олардың  көбiнiң  жасы  менен 
кiшiлер ғой. Менi көп жазды. Жəй келсе Баукеңдi, мендей 
жазған жоқ шығар. Мен бұл арада менiң батырлығым Бау-
ыржаннан артқаннан көп жазды деп айтпаймын. Бауыржан 
деген недоступный адам болатын. Оған екiнiң бiрiнiң қолы 
жете бермейтiн. Ол – Баукеңнiң былайғы жұртқа суықтығы, 
менмендiгi емес, ол оның жаратылысының биiктiгi, табиға-
тының  өзгеше  сиректiгi.  Баукең  көпке  ұқсаса,  көптiң  бiрi 
болса  бəлкiм  ол  Бауыржан  да  болмас  едi.  Сондықтан  Бау-
кең  жөнiнде  қолы  жеткендер  ғана  жазды.  Ал  менiң  көп 
жазылуымның себебi: жұрттың бəрiне «дорогой» деймiн. Үл-
кенi де кiшiсi де маған үйiр. Бəрiмен бiрге жүре беремiн. Сол 
үлкенді-кішілі  қаламгерлердің  барлығына  рақметімді  айта-
мын.  Өйткені,  олардың  жазғандары  маған  қатты  əсер  етіп 
ойландырды. Олар да менің кішкентай болса да тəрбиешім 
бола білді. Дұрыс келе жатқан жолымнан ауытқымауыма, ақ 
жолдан таймауыма рухани күш берді, жігер қосты, сенімімді 
бекіте түсті. Мен туралы кім бірауыз сөз жазса  да солардың 
барлығына ризамын.
– Аға, 85-ке не дейсiз?
– Ана бiр жылы 80-ге келдiм. «80-ге келдiң» деп жұртшы-
лық тойлады. Офицерлер үйiне жиналысқа апарғанға дейiн 
мен 80-ге келдiм деп сезiнген жоқпын. Көңiл қартаймайды 
ғой. Мен сексенге келемiн деп ойланған жоқпын. Содан ел 
жиналған залға кiрсем, сахна төрiне «Қасым Қайсенов – 80» 
деп жазып қойыпты. Жиналыс барысында Ел Президентiнен 
бастап Парламент басшыларынан құттықтау папкелер берiп 
жатыр.  Бiреуiн  ашып  көрсем,  бiр  жағына  «Қасым  Қайсе-
нов – 80-де» деп жазып суретiмдi басса, екiншi жағында «80-
ге келген жасыңыз құтты болсын!» деп құттықтау жазады. 
Артыма қарасам сахна төрiне тағы да жазып қойған. Амал 
жоқ содан сол 80-дi мойындап отырдым.
Ал  қазiр  жұрт «85-ке  келдiң»  деп  жатыр.  Оның  ендi  аз 
екенiн,  көп  екенiн  өзiм  де  түсiнiп  отырған  жоқпын.  Бiрақ 

270
əйтеуiр қартайғандық қой. Əбден қарт адамның бiрi болдың 
ғой.  Соны  бiлем.  Мына  адам,  алдыңда  үлкен  ағаларың 
болмаса  тез  қартаяды  екенсiң.  Менiң  алдымда  ендi-екi-үш 
ағаларым қалды. Онан басқасының бəрiнен үлкенмiн. Құдай 
алдыңдағы ағаны азайтпасын, деп тiлеу керек жастарға. Əр 
түрлi жастар бар ғой, «85-ке келдiң» деп жұрт айтып жатыр, 
бiреулер  «тойлайық»  деп  жатыр.  Не  iстесеңдер  де  ерiкте-
рiң  ғой.  Кезiнде 80-дi  мойындасам,  ендi  сексеннiң  бесе-
уiне  «келсем  келген  шығармын»  деп  мойындап  отырмын. 
Бұрын бата бермейтiнмiн. Ендi бата бере бастадым: Менiң 
жасыма кел, – деп бата беремiн. Ал, менiң жасымнан артық 
Құдай  тағы  да  өмiр  берсе,  қалған  жасқа  жаяу  жетесiң! – 
деймiн.
Барлығыңа айтарым сол. Аман-сау болыңдар, өркендерiң 
өссiн!
– Рақмет аға, айтқаныңыз келсiн!
Еркін НҰРАЗХАН:
«КАРИКАТУРА ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ, 
ДЕМОКРАТИЯ ҚОСА ДАМИДЫ»
– Ереке, сізді көпшілік қауым журналист ретінде, ка-
рикатурашы  ретінде  таниды.  Журналистика  мен  кари-
катура бір отаудын балаларындай ғой. Дегенмен, сіздің 
негізгі кəсібіңіз қайсысы?
– Менің негізгі оқыған кəсіби мамандығым – суретшілік. 
Алматы  көркемсурет  училищесін  жəне  Т.Жүргенов  атын-
дағы  мемлекеттік  театр-көркемсурет  институтын  театр  су-
ретшісі  мамандығы  бойынша  бітіргенмін.  Сол  институт-
та оқып жүргенімде мені «Балдырған» журналына көркем-
деуші-редактор  ретінде  қызметке  шақырып,  содан  бастап 
газет-журнал ісіне араласып кеттім. Бірақ, негізгі маманды-
ғым – театр суретшісі. Театр – əдебиет пен бейнелеу өнерінің 
тоғысқан жері. Өзім жас кезімнен əдебиетке де құмар бол-
дым. Аздап жазып жүретінмін. Студент кезімде өнер туралы 
мақалалар, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» 

271
газетіне жарияланып тұратын. Кейін институт бітірген соң 
мақалалар жазуды тоқтаттым. Бірақ баспасөзден қол үзбей, 
«Балдырған»  журналында  балалар  суретшісі  мамандығын 
игердім. Бұл да өзінше бір үлкен сала екен. Міне, осы кез-
дерден бастап сатира, юморға ден қоя бастадым. Адамның 
өзінде  қабілет  болмаса  ештеңе  шықпайды. 1982-жылдың 
наурыз  айынан  бастап  «Қазақ  əдебиеті»  газетіне  əдебиет, 
өнер  жəне  қоғам  қайраткерлеріне  арналған  əзіл  портрет-
тер, суреттер сала бастадым. Шерхан Мұртаза ағамыз – бас 
редактор. Сол кісі үнемі тапсырыс беріп, əр апта сайын га-
зет  бетінде  менің  суреттерім  шыға  бастады.  Ал  енді  театр 
суретшілерінің  еңбектерін  қарап  отырсақ,  солардың  көбі 
əзіл суреттер, шарждар салған екен.
Николай  Акимов  деген  кісі  болған.  Өзі – суретші  жəне 
режиссер.  Акимов  Ленинградта  комедия  театрын  ашқан. 
Маған сол суретшінің əртістерге салған шарждары керемет 
ұнады. «Түркістан» газеті ашылғанда, сол газетке қызметке 
тұрдым. 1994-жылдың басынан, алғашқы нөмірінен бастап 
шығарыстық. Сол кездерде қоғамдағы əлеуметтік, саяси жəне 
экономикалық мəселелерге байланысты қоғамды толғантқан 
көп  сұрақтар  болды.  Бір  қоғамдық  құрылыстан  екіншісіне 
өту, нарыққа ену басталды. Сол кезде көп кемшіліктер бой 
көрсетті.  Жемқорлық,  сырттан  келген  инвесторлардың 
өктемдігі,  қазақ  тілінің  жағдайы,  жалаң  демократия,  жеке-
меншікке  ауысуда  жаппай  орын  алған  кемшіліктер,  тағы 
басқа  көптеген  келеңсіздіктерге  байланысты  суреттер  са-
луға  тура  келді. «Түркістанда»  Қалтай  Мұхамеджанов 
ағамыз бас редактор еді. Сол кісі мені үнемі қолдап, газеттің 
бірінші  беттерінде  менің  суреттерім  шығып  тұрды.  Мына 
альбомға сол суреттердің көпшілігі енді.
– Жалпы, осы жаңадан жарық көрген альбомыңызға 
қарап  отырсақ,  əлеуметтік,  қоғамдық  тақырыптарға 
қалам  тартқан  суреттер  көп  екен.  Альбом  сол  өтпелі 
кезеңнің  жаршысындай  деуге  тұрарлық.  Сіздер  сол 
қиын-қыстау кезеңге, тəуелсіз елдің дамуына алғаш үн 
қостыңыздар. Осы еткен еңбек еленіп жатыр ма?

272
– Мəселе былай ғой: біздің буын өзінің ұлттық мемлеке-
тінің құрылғанын, онда өзіміздің ұлттық идеологиямыздың 
болғанын қалап өстік. Кеңестік дəуірде білім алсақ та, сол уақыт-
та  тəрбиеленсек  те,  біз  халқымыздың  ұлттық  ерекшелікте-
ріндегі, өнер саласындағы белгілерінің жоғалып бара жатқа-
нын  байқап  жүрдік.  Сондықтан  институт  бітіріп,  өмірге 
араласа  бастаған  уақытта  біздің  буын  қолдан  келгендерінше 
осы  ұлттық  мəселелердің  шешімін  табуға  тырысты.  Тіпті 
олардың  қоғамдық  жұмысын  айтпағанда  жеке  отбасылық 
өмірде  біздің  қатарластарымыздың  барлығы  балаларын 
қазақ  мектебіне  берді.  Өйткені,  зиялы  қауымның  қалада 
туып-өскен  балалары  орысша  оқып,  қазақы  тəрбиеден  ада 
буынның өсіп шыққанын ауылдан келген біз көріп, байқай 
білдік.  Сондықтан  балаларымызды  алыс  та  болса,  сүйреп 
жүріп  қазақ  мектебіне  апардық. «Түркістан»  газеті  де  сол 
кезде таза ұлттық мəселелерді мінберге көтере білді. Біз сол 
уақыттарда газеттің сөзбен жеткізе алмаған жеріне сурет са-
лып, сурет жеткізе алмаған жеріне сөз жазып, қолдан келген-
ше шаруалар жасадық. Əрине, өнер адамдарының ескеріліп, 
мақталып,  моральдық  қолдау  (материалдықты  айтпағанда) 
көріп  жатқаны  жақсы.  Еңбектің  бағаланғаны  адамға  қанат 
бітіреді.  Ал  менің  еңбегіме  келер  болсақ,  сол  кездері  жур-
налистер мерекесінде аталып өтілетінмін, кейін 2004 жылы 
«Мəдениет қайраткері» атандым.
–  Қазақ  карикатурасының  дамуы  кеңестік  кезеңмен 
тұспа-тұс келді деген пікірлерге қалай қарайсыз?
Біз  КСРО-ның  құрамында  болғаннан  кейін  негізгі  орта-
лық  Мəскеу  болды.  Мəскеуден  шыққан  газет-журналдарда 
сонау 1920-жылдардан  бері  қарай  карикатура  жанры  өте 
жедел  дамыды.  Өйткені  жаңа  өмір  жасау,  ескі  өмірді  сынау, 
таптық күрес деген болды, сондай-сондай Кеңестік идеоло-
гияға келетін жəйттерді қорғап, оған келмейтін кереғар дү-
ниелерді сынауға карикатура пайдаланылды. Бұл өзі жауын-
гер  жанр,  өткір  жанр.  Мұны  пайдалана  білу  керек.  Дұрыс 
жолға  салсаң,  карикатура  халыққа  көп  қызмет  етеді.  Анау 
Маяковскийдің  өзі  өлең  жазумен  қоса  сурет  салды.  Сол 
сияқты  Ефимов,  айта  берсең  көп...  Кейін  Отан  соғысы  ке-

273
зінде  «Кукрыниксы»  деген  атақты  үш  суретші:  Купрянов, 
Крылов, Соколовтың неміс басқыншылығының тас-талқанын 
шығарып сынаған карикатуралары дүние жүзіне таралды. Олар-
дың туындылары өзіміздің кеңес əскерінің күшін көрсетіп, ха-
лыққа сенім ұялатты. Сол суретшілерді кеңес үкіметі өте жоғары 
бағалады. Өнер адамдарына тиесілі барлық марапатпен бағалай 
білді. Сондықтан карикатура кеңес уақытында идеологияға жұ-
мыс істеді. Ал Қазақстанда Жұмағали Қанапиянов деген аға-
мыз болды. Ол кісі халықаралық тақырыпқа карикатуралар сал-
ды. Енді халықаралық дегенде капитализмді мінеу, агрессор-
ларды сынау, мəселен, анау Вьетнамды Кеңес Одағы қорғады. 
Сол  кезде  Американың  агрессорлық  əрекетін  біз  айыптадық. 
Қазір  АҚШ  Иракқа  шүйлігіп  жатыр.  Сол  кезде  де  Америка 
өзіне  ұнамаған  елді  қырына  алып  қатты  шүйлігетін.  Сонда 
оларды  қорғап  біздің  карикатурашылар  көп  суреттер  шығар-
ды. Қанапиянов та сол тақырыпқа көп суреттер салды. Ал қазақ 
карикатурашылары  сол  кездері  іштегі  кемшіліктерді,  кеңес-
тік қоғамның көлеңкесін ашып көрсете алды деп айта алмай-
мын.
– Мектеп оқулығындағы бір аяғын көтеріп тұратын 
шаруаға салынған карикатура əлі есімізде. Бұл қарикатура 
буржуазиялық қоғамды əшкерелеу мақсатында оқулық-
қа енгізілген еді.
– Бұл жер дауы тақырыбында емес пе еді?
– Иə. Қазіргі қазақ қоғамында да жер дауы шешілмеген 
мəселелердің бірі. Осы ретте жаңағы карикатура өз құн-
дылығын сақтап қалды деп айтуға бола ма?
– Бұл сурет сол кезеңдегі құндылығымен қала береді. Ал 
біздегі  күрмеуі  қиын  мəселелерді  біз  өзімізше  көрсетуіміз 
керек. Ал сол суретті көшіріп, біздің қоғамға орната қоюға 
болмайды. Бұл еш қисынға келмейді. Əр нəрсенің өз орны 
бар. Əр мəселенің өзіндік себеп-салдары бар. Сондықтан бұл 
суретті тура біздің қоғамға келеді деп айту қиын. Бізге қазір 
еркіндік беріп отыр. «Жер ал» деп жатыр. Кейбіреуі жерді 
жалға алып жатыр. Қалада сатып та алып жатыр. Негізі біз-
дегі проблема басқа. Соны көрсету керек. Себебін тауып көр-
сетуге де болады...

274
– Жалпы, карикатура өнеріне түсінік беріп өтсек. Бұл 
əзіл құралы ма, əлде сын садағы ма?
– Екеуі де бар. Карикатурада сын садағы басымдау бола-
ды. Ал енді юморлық, əзіл портрет, шарждарда əзіл басым.
– Карикатура – журналистика еншісінде ме, əлде оны 
бейнелеу өнерінің жанры ретінде қарастырған жөн бе?
– Бұл өзі екі өнерге де қызмет істейді. Шыққан тегі – бей-
нелеу өнері. Өріс жаятын жері – журналистика. Шешесі – бей-
нелеу  өнері  болса,  əкесі – журналистика  сияқты.  Карика-
турада – журналистік-қоғамдық  пікірді  ұстап  отыру  керек. 
Қоғамдық  пікірді  беру  керек.  Қоғамға  пікір  білдіре  ала-
тын сурет болу қажет. Қоғамның тамырын баспай, ауруын 
білмей, журналистік сезім болмай сурет салу мүмкін емес. 
Екі өнерді қатар ұстау керек. Сонда ғана салған суретің са-
уатты шығады. Жəне, «ондыққа» тиеді. Өйткені сен қоғамның 
тамырын баса алған тамыршы сияқтысың. Ал əшейін сырт-
та тұрып, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп сілтей беруге 
болмайды.
– Қазаққа карикатура өнері етене жақын деп ойлай-
сыз ба?
–  Жалпы,  қазақ  өзі  əзілді  жақсы  көрген  халық.  Əрине, 
қазақ  үлкенді  сыйлаған.  Өз  орнын  білетін  халық.  Біздің 
қоғамда əркімнің өзінің əзіл айтатын тұстары болады. Мы-
сал үшін, ағайындар арасында, құрдастар арасында, нағашы-
жиен, жезде-балдыз арасында өз қалжыңдары болады. Тіпті, 
осының  бəрін  шетке  ысырып  қойғанда, «Əзілің  жарасса 
атаңмен ойна» деген де сөз бар. Бірақ əзілім жарасты екен 
деп, үлкен кісіге тиісе беруге болмайды. Бұл тек реті келіп 
жатса...  Сондықтан  біздің  халық  карикатура  мен  сатираны 
түсінетін халық.
– Біздің ұлттық карикатура өнерінің дамуын қай кез-
ден бастауға болады?
– 1930-жылдарда Əубəкір Ысмайылов ағамыз сатиралық 
журналдарға алғаш суреттер сала бастаған. Ол кəсіби білім 
алған суретші болатын. Кейін Халық суретшісі, ұлттық өне-
ріміздегі үлкен кескіндемеші. Əубəкір ағамыз өнердің əр са-
ласын ұстаған: киноға да түсті, би де билеген, ол кісі кере-

275
мет əңгімешіл, аңшы, режиссер, жан-жақты талантты адам 
болған.  Қазақ  карикатурасындағы  əзіл  суреттерді  бастаған 
сол кісі еді. Кейін басқа суретшілер жалғастырды. Бірақ ол 
кісі  карикатура  өнерін  нық  ұстап  қалған  жоқ,  таза  карика-
турамен  шұғылданбады. «Қырық  өтірік»  аңызына  жасаған 
иллюстрацияларымен 1955 жылы  алғаш  көрмеге  қатысқан 
Халық суретшісі Сахи Романов ағамыз құнды еңбектер қал-
дырды.
– Қазіргі тəуелсіз елдің карикатурасына қандай тақы-
рыптарды арқау қылуға болады деп ойлайсыз?
–  Бізде  бюрократия  деген  күшті.  Билік  орындарындағы 
көптеген  шенеуніктер,  лауазымдысы  бар,  кішісі  бар,  олар-
дың ойынша халық билікке қызмет істейді. Негізі олар ха-
лық  қызметшісі  болу  керек  еді.  Солай  түсіну  керек.  Өйт-
кені сол халықтан жинаған ақшаға олар жұмыс істеп отыр. 
Сондықтан  халықпен  санасу  керек.  Халықпен  санаспаған 
жерде олар не күлкіге қалады, не ащы сынға, болмаса халық-
тың наласына ұшырайды. Карикатура осы жерден шығады. 
Халықты ұмытқан кезде билік өзінің жақсы сипатын жоғал-
тады. Жаман əлпетке енеді. Сосын тіл мəселесі. Өткенде Ел-
басымыз да айтты ғой: «Аюдың да тіл үйренетін уақыты бол-
ды» деп. Өздері мемлекеттік қызметте отырып, мемлекеттік 
тілді  мойындамай  отырған  шенеуніктер – нағыз  карикату-
ра  кейіпкерлері.  Сонан  кейін  жемқорлық,  өзім  ғана  байы-
сам  деген  тоғышарлық  карикатураға  тақырып  болуға  тиіс. 
Айта  берсең,  қоғамда  мəселе  көп.  Суретші  соны  образ 
арқылы көру керек. Осыны көре біліп, жеткізе алса, біздің 
қоғамда  карикатураға  тақырып  баршылық.  Негізі  мұндай 
тақырыптардың көп емес, аз болғаны жақсы ғой... Онда ащы 
сарказм, сын емес, адамның жанын рахатқа бөлейтін жеңіл 
əзіл ғана айтып отырар едік. Жүрекке салмақ салмайтын су-
реттер ғана салар едік... Карикатура сатираның бір бөлшегі 
болғандықтан, өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне бірдей ара-
ласа береді.
–  Өнер  адамдары  арасында  ең  елеусіз  қалатын  су-
ретшілер қауымы сияқты. Олардың еңбектерінің кең на-
сихатталмауын  қазақ  суретшілерінің  ізденісінің  төмен-

276
дігінен  деп  қарастырады  кейбір  өнертанушылар.  Бұл 
дұрыс па? 
– Бізде талантты, жақсы суретшілер бар. Ізденісте жүрген 
суретшілер  де  жетерлік.  Бірақ  бізде  өнертанушылар  тап-
шы.  Əсіресе  қазақ  тілінде  жазатын.  Ал  орыс  тілінде  жаза-
тын  өнертанушыларды  суретшілердің  өздері  де  түсінбеуі 
мүмкін. «Бұлар не жазып отыр?» деп. Кейбір өнертанушылар 
суретшінің айтпаған дүниесін жазып кетеді. Өздерінше фи-
лософиялық  ой  айтып,  күрделендіріп  жіберді.  Олар  неғұр-
лым  күрделі,  түсініксіздеу  қылып  жазсақ,  мақала  керемет 
шығады деп санауы мүмкін. Менің ойымша, өнерді тануға 
арналған мақала немесе сын халық пен өнердің арасындағы 
байланысты  ұстап  тұру  керек.  Ол  суретшінің  ерекшелігін 
ашу керек. Оның талантының қандай дəрежеде екенін тал-
дау  керек.  Жəне  əлемдік  сурет  өнеріне  қазақ  суретшісінің 
қаншалықты  дəрежеде  үлес  қосқанын,  болмаса  кемшілігін 
айтатын  өнертанушылар  бізде  жоқтың  қасы  деуге  болады. 
Əрине,  суретшілер  еңбегін  жасай  береді.  Бұл  қауым  ана 
бір  қиын  кезеңде  көп  еңбегін  сатып  та  жіберді.  Шетелдік 
қалталы  бай  коллекционерлер  келіп,  талай  дүниелерімізді 
алып  кетіп  жатты.  Оны  кейбіріміз  мақтанып  айтамыз, 
бəленбай  елден  түгенбай  мемлекеттен  келген  біреу  менің 
еңбегімді  алып  кетті  деп.  Ал  ол  еңбек  біреудің  үйінде  тұ-
рады,  сол  жерде  шіріп  қалуы  да  мүмкін.  Сатылған  дүние 
біздің  ұлттық  байлығымыздың  санатынан  кетеді.  Австрия-
да ма, Америкада ма, біреудің үйінде қалса, қалай ол біздің 
ұлттық  байлығымыз  болмақ?  Мүмкіндігінше,  ең  мықты 
шығармаларымыз өзіміздің елде болғаны дұрыс қой. Сонда 
ол ұлттық байлық болып тұра береді. Сосын бірнеше жыл-
дардан кейін бағасы артады. Мысалы, голландиялық Ван Гог 
көзі тірісінде бірде-бір суретін сата алмай, ағасының берген 
ақшасымен  ғана  өмір  сүріп,  ақыр  аяғы  жынданып  өліпті. 
Ал  соның  шығармалары  жүз  жылдан  кейін  аукциондарда 
миллиондаған долларға сатылып жатыр. Импрессионистердің 
ашқан  жаңалығы – табиғат  аясына  шығып,  академизмнің 
қағидасын бұзып, бояудың қалай құбылатынын шынайы бей-
неледі. Ван Гог, Гогендер солардың ізін жалғастырушы – им-

277
прессионистер.  Одан  бұрын  Александр  Иванов  Италия-
да  академизмнің  нағыз  мектебінен  өтіп,  табиғаттан  жазған 
этюдтерімен импрессионистер ашқан жаңалыққа алғаш үлес 
қосқан еді. Сондықтан суретшілер дер кезінде бағасын ала ал-
май қалуы, кейін бағалануы мүмкін. Дер кезінде бағаланып, 
құрметке  бөленетін  суретшілер  де  бар.  Ондайлар  тарихта 
көп. Кейде өнерін артық бағалап жіберетін де суретшілер бо-
лады. Кейін өзі кеткеннен соң оның шығармаларына ешкім 
қарамай қалады. Көзі тірісінде шулатса да... 
– Қазақ карикатура өнерінің алтын кезеңі болды ма, 
болса оны кімдер жасады деп ойлайсыз?
–  Карикатураның  алтын  кезеңі  енді  басталып  жатқан 
шығар...  Өйткені  елімізге  демократия  үрдісі  енді  еніп  жа-
тыр.  Карикатураның  өркендеуі – демократияның  көрінісі. 
Карикатураның  дамуы  елдегі  демократияның  орныққанын 
анық байқатады.
Карикатура дамыған жерде демократия да дамиды. Өйт-
кені  сын  бар  жерде  кемшіліктер  түзеледі.  Қоғам  өзін-өзі 
сынамай отырса, ол ауруға ұшырайды. Ол қоғам тоқырауға 
ұшырайды. Мұндай қоғам тоқтаған су сияқты бүліне бастай-
ды.  Демократиялық  желді  де,  ағысты  да  əкелетін  көмекші 
құралдардың  бірі – карикатура,  сатиралық  суреттер,  əзіл-
қалжыңдар.  Өмірде  қаншама  белгілі  тұлғалар  бар,  көрініп 
жүрген адамдар бар, солар бір-біріне əзіл айта алмаса, бол-
маса соларға əзіл суреттер жарияланып, олар өздеріне-өздері 
күліп,  суреттерін  мойындаса,  онда  ол  қоғам – сау  қоғам 
деген сөз. Кейбір сын материалдарға қарсы біреулер сотқа 
беріп  жатады.  Ол  меніңше  дұрыс  емес.  Əрине,  сынның  да 
түрлері бар. Ар-ұятына тиетін сын болуы мүмкін. Этиканы 
білу керек. Журналистің де, суретшінің де этикасы болу ке-
рек. Ал карикатура қоғамдағы кемшілікті шын көрсетіп бер-
се, ондай суретшіге рақмет айту лəзім.
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет