Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан


– Жуықта «31» телеарнаға берген сұхбатында көрнекті



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет22/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

– Жуықта «31» телеарнаға берген сұхбатында көрнекті 
қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов: «...біз əлі ұлт бо-
лып қалыптасқан жоқпыз. Əлі аймақтық, жүздік, рулық 
психологиядан  арыла  алмай  келеміз» – дегенді  айтты. 

256
Мұндай психология қарапайым халық ішінен емес, жо-
ғары үкімет орындары мен əдебиет, өнер, ғылыми меке-
мелерден басталған деп, кейбір басылымдар жазып жүр. 
Осы пікірлерде негіз бар ма?
–  Біз,  қазақ – ұлтпыз.  Тарихымыз  мол,  келешегіміз  зор 
халықпыз.  Өз  басым  рушылдық,  жүзшілдік  туралы  əңгіме 
айтқанды  қойып,  естігім  де  келмейді.  Ұлтқа,  ұрпаққа, 
ар  мен  ұятқа  қатысты  мəселеде  өзін-өзі  сыйлаған  адам 
ұсақтыққа бармайды. Жерге, жүзге, руға бөлінушілік қашан 
ұмытылады?  Қай  уақытта  осы  туралы  əңгіме  қозғалмаған, 
қоздамаған  кезде  ұмытылады.  Əсіресе,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында...
–  Əкімдерді  сайлау  мен  тағайындау  туралы  əртүрлі 
пікірлер айтылып келеді. Осы пікірлердің қайсысы дұ-
рыс деп ойлайсыз?
–  Иə,  əкімдерді  тағайындаудың  орнына  сайлау  керек 
деген əңгімелер жүріп жатыр. Қолынан іс келмейтін, бірақ 
қалталы адамның сайланып кетуі де мүмкін. Ең өзекті мəсе-
ле – басқарушы қызмет орындарына кадрлерді дұрыс іріктеп 
алуда.  Оның  білімі,  адалдығы,  іскерлігі,  халықпен  жұмыс 
жасай алатын қасиеті ескерілгені дұрыс. Əкімшіліктер бас-
шыларының жұмысы халықтың бақылауында болуы керек. 
Олар əлсін-əлсін жұртшылықпен кездесіп, іс барысы жөнінде 
есеп беріп, халықтың пікірін, мұң-мұқтажын тыңдаса, халық 
айтар  еді:  несі  дұрыс,  несі  бұрыс  екенін.  Ондай  кездесу-
лер,  ой  пікірлер  ақпарат  құралдарында  кеңінен  жазылып, 
көрсетілуге тиіс.
Сосын, қазір «ана басшы, мына басшы командалары» де-
ген сөз «модаға» айналып бара жатыр. Осы «команда» деген 
ұғым – дұрыс па, білмеймін.
Бірақ, сол «командаға» кірген қызметкер тек, командирі-
нің  ғана  қас-қабағына  қарап  қалмай,  халықтың  да  мұң-
мұқтажын,  талап-тілегін  ескеріп,  елдің  мүддесін  қорғауға 
қызмет етсе – жақсы.
– Бəйкен аға, əртүрлі деңгейдегі басшылар туралы сөз 
болып қалды ғой. Қазір ел ішінде əкімдер, жоғары лауа-
зымды  басшылар  мемлекеттік  қызметкер  бола  жүріп, 

жеке  кəсіпкерлікпен  айналысады;  үлкен-үлкен  меншік 
иелері, деген сөздер жиі айтылып жүр.
– Əрине, ел сенген басшылардың артынан осындай сөздер 
ергені өкінішті-ақ. Ұят!
Мемлекеттік қызметкер – халық қызметшісі. Мемлекеттің 
өзі – халық үшін құрылған организм. Оның жер-суы, байлығы, 
қаражаты, қорғаныс күші негізінен – халықтың меншігі. Мей-
лі ол, социалистік немесе капиталистік ел болсын, мемлекет – 
ең  алдымен  халқының  əлеуметтік  тұрмысын,  денсаулығын, 
білімін,  қорғанысын,  мəдениетін,  ұлттық  байлығын  ойлауға 
міндетті.  Өйткені,  халқын  ойламаған  мемлекет – мемлекет 
емес. Белгілі бір адамның, топтардың мүддесін ғана қорғаған, 
соған қызмет еткен үкімет өзінен өзі іріп-шіриді. Құлайды. Əйт-
песе, халықтың қаһарына ұшырайды.
Лауазымды  қызметте  отырып, (өз  атында  болмаса  да) 
кəсіпкерлікпен айналысқан басшы мемлекеттік қызметін қал-
дырып,  сол  кəсібіне  кетуі  керек.  Ал,  кəсіпкерліктен  келіп, 
мемлекеттік қызметке кірсе, бұрынғы кəсібін қойып (сөз жү-
зінде ғана емес), мемлекеттің ісімен айналысқаны жөн. Бас-
шы қызметте отырып, туған-туысқанына, бала-шағасына, жа-
қын-жекжатына «жақсылық жасап», қызмет бабын пайдала-
нып «сыбаға үлестіретіндер» қанша айлаға барса да – халық-
тың көзі көреген. Оны жұрт біліп отырады. Сосын əлгі басшы-
ның жұртқа айтқан сөзінің де, өзінің де қадірі кете бастайды. 
Біреуге  жөн  айтып,  оны  түзету  үшін  ең  алдымен  өзің  түзу, 
таза, адал, əділ болуың керек. Ондай қолыңнан келмейді екен, 
ел басқарамын дегенің – бос əурешілік.
Қандай деңгейдегі басшылар болмасын əңгімеміздің ба-
сында  айтылған  Тəуелсіздік  туралы  асыл  ұғымға  көлеңке 
түсірмеуге тиіс. Елім деген, жерім деген азаматтар ел сенімін 
ақтаса – ел де оны ардақтайды. Тəуелсіздігіміз баянды бол-
сын  десек,  халық  сенім  артқан  басшылар  ондай  ұсақ  іске 
бармай, қоғам мүддесі үшін қызмет етсе игі еді. Тарихи сана, 
ұлттық сана – бізге осыны айтады.
Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай!
– Əңгімеңізге рақмет!
«Түркістан» газеті, 15-желтоқсан, 2001 жыл

258
Қасым ҚАЙСЕНОВ,
Қазақстанның Халық Қаһарманы,
партизан-жазушы:
«АЛДЫҢДА АҒАЛАРЫҢ АЗАЙМАСЫН»
– Аға, өзiңiз айтатын «олжа өмiрiңiздiң» сексен бесiншi 
көктемi құтты болсын! Қайса атаның жүзге жеткен жа-
сын сiзге де тiлеймiз!
– Рақмет, қарғам, құдайым сендерге де ұзақ ғұмыр берсiн! 
Мынау, «туған күнiң – 23 сəуiр» деп жүр ғой жұрт. Ол туған 
күнiм емес. Бұл – өз өмiрiмнiң ең мықты, қиын-қыстау кезе-
ңiне жол ашқан, ес бiлiп – есейген кезiмде үлкен өмiр жолы-
на қадам басқан күнiм.
1938-жылы 23-сəуiрде  апаң  екеумiз  Павлодар  қаласына 
барып  түстiк.  Өмiрiмнiң  жақсылығы  да,  болашаққа  жол 
сiлтеген  сəттi  күнi  де  сол  жерден  басталды  ғой  деп  ойлап 
жүрдiм  де  соғыстан  оралған  соң,  жаңа  паспорт  алғанда 
туған күнiм деп «23-сəуiрдi» жаздырғанмын. Əйтпесе, туған 
күнiмдi өзiм қайдан бiлейiн. Əкем де бiлмейдi. Əкем араб-
ша  хат  танитын  əжептəуiр  сауатты  адам  болатын.  Сөйте 
тұра  қалайда  балаларының  туған  күндерiне  мəн  бермеген. 
Мен  кей  кезде  əкемнен  сұрайтынмын: – Аға,  осы  мен  қай 
жылы,  қай  айда  тудым  десем,  ол  айтады: – Сен  бiздiң  үй 
өртенген  жылы  туғансың, – деп.  Оның  үйi  қашан  өртенiп 
жүргенiн кiм бiлсiн. Ал, ендi, Павлодарда тұңғыш рет барып 
паналаған, жұмыс iстеген жерiм облыстық оқу бөлiмi. Сон-
да  инспектор  болып  орналастым.  Облыстық  оқу  бөлiмiнiң 
бастығы  Маршинин  деген  орыс  азаматы,  оның  орынбаса-
ры – Мұқылыс  Баймағамбетов  деген  қазақ.  Екеуi  де  тама-
ша адамдар едi. Солар, апаң екеуiмiз қол ұстасып барғанда 
менi өздерiне қызметке алып, апаңды облыстық кiтапханаға 
жұмысқа орналастырды. Қызметкерлерiне екеуiмiз тұратын 
үй iздеттiрдi. Ол үй табылғанша Облононың бастығы Мар-
шинин, екеуiмiздiң уыздай жастығымызды аяды ма, əйтеуiр 
бiзге ықыласы түсiп, маған: – Мынау менiң кабинетiм. Ер-
теңгiсiн 9-да  келемiн,  кешке 6-да  кетемiн. 6-дан  кейiн  үй 

259
табылғанша  сендердiң  үйлерiң  осы  болады.  Анау  диванға 
жатасыңдар.  Мынау  графинге  су  құйып  iшесiңдер, – деп 
кабинетiндегi дүниелерiмен таныстырған. Солай қамқорлық 
жасады. Екеуiмiз шынында да күнiне бiр-екi сəйкi (кiшкене 
жұмсақ нан) сатып аламыз да графиннен су iшiп жатамыз. 
Екеумiздiң арамызда үлкен бiр жастық бар құстөсек секiлдi. 
Одан басқа ешнəрсемiз жоқ. Соны кез келген жерге саламыз 
да  үстiмiзге  пальтомызды  жамылып  жата  кетемiз.  Сөйтiп, 
семьялық өмiрiмiз басталған. 
Павлодардан 1939-жылдың  басында  менi  ең  алдымен 
«Фин соғысына алдық» – дедi. Облыстық оқу бөлiмi үлкен 
құрметпен шығарып салды. Жолыма ақша, азық-түлiк салып 
берiп, сəт-сапар тiледi. Бiрақ, менi фин соғысына емес əскери 
комиссариатта  iрiктеу  кезiнде  əскери  диверсиялық-барлау 
мектебiне  алды.  Москва  түбiнде  орман  iшiнде  орналасқан 
бұл мектепте де мен керемет адамдарға тап болдым. Арнайы 
мектептiң оқытушылары өздерi айтқан жоқ, естуiмiзше əр-
қайсысы  шетелде  ондаған  жылдар  бойы  барлауда  болған, 
өз  iстерiнiң  шебер  мамандары  екен.  Олардың  жан-жақты 
бiлiмдерi  мен  тəжiрбиелерiнiң  молдығына  оқу  барысында 
көзiмiз  жете  түскен.  Жиырма  шақты  адам  əртүрлi  саладан 
сабақ бердi, солардың шын аты-жөндерiн бiлмеймiн. Мектеп-
те соғыстың ауыр жағдайында қалай барлау жасап, жаудың 
күшiн  iштен  қалай  талқандаудың  айла-тəсiлдерiн  үйреттi. 
Қандай  қиыншылыққа  болсын  төзетiндей  сан  сынақтан 
өткiздi. Дене тəрбиесiнiнiң жаттығуларымен шынықтырды. 
Қолма-қол айқастың сан түрлi əдiсiн меңгерттi. Бiр көрген 
адамды,  елдi-мекендi,  жер-суды,  жазу-сызу,  цифрларды, 
картаны есте сақтау қабiлеттерiмiздi ұштады. Парашютпен 
секiрудi,  əскери-азаматтық  техникаларды  жүргiзудi,  қару-
жарақтың əр түрiн пайдалануды, қаруды өзiңе дарытпауды 
үйреттi.  Жалпы  жау  тылында  қандай  жағдайда  болмасын 
қала ма, дала ма, тау ма, орман ба, соның барлығында жауға 
соққы беруге дайындады. Бiздерден бес қаруы бойында, сан-
сыз айласы ойында аса қауiптi диверсант-барлаушыны дай-
ындап шығарды. Сонымен бiрге қара күш пен айланы ғана 
емес, саяси сауатымызды да жетiлдiрiп, жергiлiктi жұртпен 

260
қалай  тiл  табысып,  оларды  қалай  ұйымдастыру  керектiгiн 
оқытты.  Оқу-жаттығу  жылдарым  əжептəуiр  соғыстан  кем 
түспейтiндей өте ауыр болды.
Бiздiң  үкiмет  күткендегiдей  соғыс  басталды. 1941-жыл-
дың күзiнде оқуды бiтiрiп, аға лейтенант шенiмен оңтүстiк-
батыс майдан штабына келдiм. Сол арада менi жау тылына 
аттандырды.  Жау  тылындағы  көрген  оқиғаларымды  азды-
көптi  жазғаным  жұртқа  белгiлi  ғой.  Ерекше  бөлiп  айтатын 
нəрсе, партизандық өмiрiмде кездескен батыр командирлер: 
Ковпак Сидор Артемович, Примак Иван Кузьмич, Федоров, 
Тканко секiлдi өз елiнiң үлкен патриоттарының қанатының 
астында  тəрбиеленiп,  өзiм  де  бiршене  рет  отрядтар  құрып 
басқардым. Майдандастым, соғыстым, есейдiм. Соғыс аяқта-
лып  ешқайда  бармайтыным  белгiлi  болған  кезде  Украина-
да қалып қала жаздадым. Украинадағы Ковпак бастаған үл-
кендер менi аяды, қимады. Елiме барған соң содырлық жа-
сап пəлеге ұшырайды деп ойлады. 
Украинада Ровно қаласы бар. Менi сол қаланың ет комби-
натының  директорлығына  тағайындап  қойған  едi.  Егерде, 
партизандар  штабынан  документтерiн  алуға  келiп,  мен  ту-
ралы естiп жолыққан Жұмағали Саин болмағанда тағдырым 
қалай  болары  белгiсiз  едi.  Ровно  қаласы  батыс  Украинада, 
ол  жерде  жергiлiктi  ұлтшылдар  көп.  Бандеровшылардың 
қалдығы  ел  арасында,  орман  iшiнде  əлi  де  бар  болатын. 
Олар кезiнде немiс басқыншыларына қосылып Совет өкiме-
тiне қарсы соғысқан. Көбiнiң көзiн бiз де құртқанбыз. Соғыс 
толық аяқталмай, олардың сарқыншақтары əлi де жаулығын 
жасап,  бiз  сияқты  партизан  командирлерiн  өлтiрiп  кетiп 
жатқан  кез.  Көп  адамдар  өлiп  кеттi.  Ровнода  қызметке 
қалсам бəлкiм мен де солардың бiрi болар едiм. Жұмағали 
екеумiз  танысып  оншақты  күн  бiрге  жүрген  соң,  ол  Штаб 
бастықтарымен айтысып жүрiп, менi алып қайтатын болды. 
Өзi өжет бiрбеткей жан екен, айтқанынан қайтпады. Сөйтiп 
Жұмекеңнiң арқасында елiме аман-есен оралдым.
– Өмiр жолыңызда кездескен жақсы адамдардың көп 
болғаны  естелiк  əңгiмелерiңiзден  белгiлi.  Қолыңызға 

261
қалам  алуға  да  баулыған  қаламгер  ұстаздарыңыздан 
ерекше есте қалғандары кiмдер? 
Жұмекеңдей  ақын  алып  келгеннен  кейiн  Алматымен 
таныстығым  ақын-жазушылардан  басталды.  Алғаш  таныс-
тырған  адамы – Сəбит  Мұқанов  болды.  Одан  кейiн  Таир 
Жароков, Қасым Аманжолов, Мұқан Иманжанов, Мұзафар 
Əлiмбаев, Сəуiрбек Бақбергенов, Хамит Ерғалиев, Шахмет 
Құсайынов  секiлдi  əдебиеттiң  аса  дарынды  өкiлдерiмен 
қауышума  мүмкiндiк  туды.  Бұл  да  тағдырымның  сыйы, 
Құдайдың бiр қолдағаны шығар деп ойлаймын. Мен оларға 
бауыр  басып  кеттiм.  Олар  менi  ертiп  жүредi.  Кейде  өздерi 
iздеп  тауып  алады.  Əңгiме  айтуымды  сұрайды.  Əлде  ме-
нен  материал  алып  жазғылары  келедi  ме.  Алғашқылардың 
бiрi  болып  Сейiтжан  Омаров,  Ғабдол  Слановтар  жаза  бас-
тады. Ғабдол Сланов «Алтай баласы» деген повесть жазып 
шығарды.  Кiтабы  бар.  Сейтжан  Омаров  жазып-жазып,  бiр 
күнi  айтады: – Қасым  дейдi,  мен  сенi  жазамын  деп  мiне, 
көрдiң ғой, қаншама қолжазбамды. Мен жаза алатын емеспiн. 
Адам өзi қатысып басынан кешiрмегеннен кейiн жазу қиын 
екен. Мына қолжазбаларым саған ескерткiш болсын, – деп, 
көп  жазбаларын  əкелiп  бердi.  Осында  бiр  жерде  сақтаулы. 
Достарымның  бiразы  жазбақшы  болды.  Мұқан  Иманжа-
нов та мен туралы жазғысы келдi. Мұзафардан басқасының 
жасы менен үлкен едi. Бiр күнi бас қосып отырғанда маған: – 
Қасым, сен ғой əңгiменi жақсы айтасың. Оны бiз жазғанмен 
дəл шындықты беру қиын. Сен өзiң осы қалай əңгiмелесең 
солай жазшы. Бiз соны үстiнен қарап берейiк, – дейдi. Сөйтiп 
мен  жаза  бастадым.  Алғашқы  жазғандарым  онша  жақсы 
болмауы  да  мүмкiн.  Ауызша  айтқаннан  жазған  қиын  ғой. 
Жазуымдағы кемшiлiктердi түзейтiн, қалай жазу керектiгiн 
үйреткен де, сол достарым болды. Мен оларға мəңгi ризамын. 
Олардың  ашық-жарқын  мiнездерiн,  əзiлдерiн,  достыққа, 
шығармашылыққа  адалдықтарын,  бiрге  өткiзген  қызықты 
күндерiмiздi сағынышпен еске аламын. Елуiншi жылдардың 
iшiнде  танысып,  отбасымызбен  араласқан  қаламгер,  өзi  де 
майдангер  Кемел  Тоқаев  едi.  Кемел  мен  туралы  «Ерекше 
тапсырма» деген повесть жазып оны қазақ, орыс тiлдерiнде 

262
кiтап  етiп  шығарды.  Кемел  туралы  естелiгiмде  жазған-
мын.  Аяулы  азамат,  талантты  жазушы  өмiрден  тым  ерте 
кеттi. 
– Аға, сiздi партизандар қауымы жəне өзiңiз азат еткен 
Украина «Вася» дейдi. Осы бүркеншiк есiмдi қалай алып 
едiңiз? Бiр əңгiмеңiзден сiздiң бала кезiңiзде əкеңiздiң Ва-
силий деген дос-тамыры болғандығын, сол есiмдi өзiңiз 
ұнатқаныңыз жөнiнде естiп едiм. 
– А-а, иə, бұл «Васяны» да оларға айтқан өзiм. Ол былай 
болды. Бiздiң жақта бiр село – қазақ, бiр село – орыс. Орыс 
селосында  əкемнiң  Василий  деген  досы  бар  едi.  Ол  кезде 
бiз кiре тасимыз. Сол кiре тасып келе жатып орыс селосы-
на соғамыз. Бiздi Вася үйiне қондырып, күтедi. Сондай дəм-
тұзымыз жарасқан жақсы адам едi. 
Ал,  жау  тылына  жiберерде  бiздiң  қолымызға  фиктив-
ный – өтiрiк документ берген. Менiң ол құжатымдағы аты-
жөнiм – Булатов  Василий  Михаилович.  Жау  тылында  осы 
документпен  жүрдiм.  Немiстердiң  қолына  түсiп  қалған 
жағдайда сол құжатымды көрсетемiн. Содан «Вася» атанып 
кеттiм.
– «Орыс селосы» дегенде еске түсiп отыр. Ана бiр жылы 
Сiздiң ауылға барғанда өзiңiзбен жасы қарайлас бiр-екi 
ақсақалды көрiп едiк. Ол кiсiлер сiздiң бала кезде «қара 
тентек»  атанып,  бiраз  ауылды  шулатқаныңызды  еске 
алысқан.  Соның  бiрi  балаларды  ұйымдастырып  көршi 
орыс  селосына  «жорыққа»  аттанып,  бау-бақшасына 
түсiп, содан бiр орыс шалға ұсталып «тұтқын» болған хи-
каяларыңызды естiп едiм. Сiз «партизандық қимылды» 
сонау бала кезден-ақ бастап жiберген сияқтысыз ғой. Ол 
орыс шалдың аты кiм едi? Ол да əкеңiздiң бiр тамыры 
болмапты ғой.
(Қасым  аға  менiң  бұл  сауалымды  жақсылып  тыңдап 
алды  да  рахаттанып  ұзақ  күлдi...  Күлдi  де  көзiнiң  жасын 
қолының  ұшымен  iлiп  тастап  сəл  ойланып  қалды.  Сосын, 
алыста қалған балалық дəуренiн есiне түсiргендей жүзi мей-
лiнше мейiрлене көңiл көзiмен сол бiр шақты көрiп отырған-
дай əңгiмесiн жəймен бастады.)

263
– Иə, иə, ол да орыс... Бiздiң ауылдың iргесiнде бiр кезең 
бар – «Ақ кезең» деген. Соның аржағында Толшеевка, Кар-
повка  деген  орыс  селолары  болды.  Екеуi  де  кiсi  аттары. 
Мөлшерi орыстар жер ауып келгенде бiрiншi болып қазық 
қаққан  Толшей,  Карпей  дегендердiң  атымен  аталса  керек. 
Олар  əдеттегiдей  бау-бақша  өсiредi.  Помидор,  қарбыз, 
огуршiк  деген  сияқтылар.  Соған  апам  байғұс  (өзiмнiң  ұлы 
шешем), бiр ауыз орыстың тiлiн бiлмейдi, əлгi Карпей село-
сында,  Толшеевка  селосында  тамырлары  бар.  Апам  ол  та-
мырларына хмель жинап, қолдарына қойдың терiсiнен жылы 
биялай  тiгiп  бередi.  Олар  апама  бақшасынан  жемiстерiн 
бередi. Тiл бiлмесе де солай алыс-берiс жасап, барып-келiп 
жүредi.  Апам  əкелген  көкөнiстердiң  iшiнде  бiзге  ұнайты-
ны – қарбыз.  Сырты  көкала, iшi  қызыл,  өзi  керемет  тəттi, 
дəмдi.  Əлгiнiң  көкала  сыртына  дейiн  жеп  қоямыз.  Сон-
да да тоймаймыз. Аулымыздың 7 – 10 жасар балаларының 
«көсемi» де, бастығы да менмiн. Қашанда балаларға қай бала 
содыр сол бастық болады ғой. Сонан бiр күнi ақылдастық, 
«анау орыс селоларынан қарбыз ұрлап жесек қалай болады», 
деп. Менiң ұсынысымды бəрi мақұлдады. «Жарайды» дестi. 
Сөйтiп он шақты бала жорыққа шықтық. Ол кезде аяқ киiм 
бiзде  болмайды.  Жалаңаяқ  жүремiз.  Аяқ  жарылып  кеткен, 
шып-шып қан шығып жүредi. Ешкi терiсiнен шалбарымыз, 
кенептен тiгiп берген көйлегiмiз болады. Онан басқа бойы-
мызда  ештеңемiз  жоқ.  Содан  айдап  отырып  бардық  қой. 
Қарбыз  дегеннiң  атын  бiлемiз,  ал  басқа  помидор,  огуршiк 
дегендердi ол кезде атын да бiлмеймiз, өздерiн де ажырата 
алмаймыз. Əйтеуiр əкелгенде жеймiз. Айтты ма кiм бiлсiн, 
есiмiзде болмады ма? Сонан Карпей селосы қашықтау, Тол-
шеевка селосы тау түбiнде, бiздiң ауылға iргелес едi. Соған 
бардық. Бау-бақшасына қойып кеттiк. Қойып кетсек құдай 
сақтасын... Теңкейiп-теңкейiп қарбыздар жатыр... Ойпырмай 
деп, бағана аламыз ғой. Əлгiнi алайық десек жұлынбайды. 
Қатты. Əйтеуiр əрең дегенде бiрдеңе қылып жұлып аламыз. 
Бiр-бiрден көтерiп шықтық, екiден алып жүруге шама жоқ, 
кiшкентаймыз.  Ендi  бақшадан  былай  шөптiң  арасына  ба-
рып жейiк деймiз. Шөп қалың. Кесiп жейiк десек пышақ та 

264
алмағанбыз, ойымызға келмеген. Тасқа перiп кеп қаламыз. 
Перiп кеп қалсақ жарылып қалады. Iшi қызыл емес, сап-сары, 
тарамыс-тарамыс...  Дəмiн  көрсек:  дəм  жоқ,  тату  жоқ  бiр 
нəрсе. Үйде жеген қарбызымызға ұқсамайды. Бұл пiспеген 
екен деп ойлаймыз. (Сөйтсек ол – тыква – асқабақ екен ғой, 
оны  кейiн  бiлдiк). «Ендi  не  iстеймiз»  деп  аңтарылғанда, 
менiмен  жасты  Бүркiтбай  деген  бала  бар  едi,  сол  айтады, 
өзiнiң тiлi сақау: – Не нəлсе қызыл болад – со пiскен болад, – 
дейдi. «Ойбай-ау,  қып-қызыл  нəрселер  көп  едi  ғой.  Айда 
қайта  соған  кеттiк...  Барсақ,  үлкен  кiсiнiң  жұдырығындай 
жұмсақ қызыл нəрсе көп екен. 
Құдай  сақтасын  жұлып  алып  жартысын  жеп,  жартысын 
қойынға  салып  жатырмыз.  Кенеп  көйлегiмiз  белден  ышқыр-
ланған  ғой.  Қойынға  əжептəуiр  нəрсе  сияды.  Сөйтiп,  абыр-
сабыр ұрлық қып жүрген адамда не береке бар. Бiреуiн бiтеу-
дей, бiреуiн жартысын тiстеп, жартысын қойынға жүйткiтемiз. 
Онан  аққан  қышқыл  су  борбайды  бойлай  ағып  шалбардың 
iшiмен  төмен  қарай  сан,  тiзе,  сираққа  құйылады.  Жарылған 
сирақ пен аяқтың үстiне əлгi су тиген кезде тiптi ашиды...
Содан бiр уақытта қарасақ... Никонор деген шал бар едi. 
Үйге  келiп  жүретiн.  Бойы  сорайып  əлгi  жүгiрiп  келе  жа-
тыр... Қолында ұзын таяғы бар: – Əй бандылар, ұрылар, мен 
сендердi қазiр... – деп жүгiрдi... Аяғы да, таяғы да ұзын, ал-
памсадай  кiсi.  Бiздердi  тыпыр  еткiзбедi.  Қойнымыз  толған 
жүгiмiз  бар,  қашайық  дегенше  тасыр-тұсыр  жүгiрiп  келiп 
ұстап  алды.  Бəрiмiздi  жинады.  Таяғымен  жасқап  бiздi  бiр 
жерге  иiрiп  қойды  да: – Бандылар,  ұрылар,  сендердi  қазiр 
селоға айдап алып барамын. Селода менiң сендердi жейтiн 
аюларым бар, шошқаларым бар, – дейдi. Бəрiмiз жылай бас-
тадық. Оған қарай ма, ұзын таяғымен қақпайлап топырағы 
борпылдаған  шаңдақ  жолға  салып  айдап  келедi.  Бағанағы 
су  аққан  аяқтарымыз,  жылаған,  терлеген  бет-ауыздарымыз 
шаңға  көмiлiп,  бес  батпан  болып  ұлардай  шулап  келемiз... 
Үйi  селоның  шетiнде  екен  əйтеуiр.  Бiздi  айдап  келiп  аула-
сына кiргiздi де: – Параска, Параска – дедi айғайлап. Парас-
касы  кемпiрi  екен.  Бiр  уақытта  кемпiрi  шықты: – Үйбай-ау, – 
дейдi  кемпiрi  қазақшалап,  екеуi  де  қазақшаға  ағып  тұр, – 

265
анау Исаның баласы, мынау Қайсаның баласы ғой. Əкем-ау, 
бұларды  қайдан  айдап  келдiң?  Кемпiрдiң  сөзiн  бiз  жақсы 
көрiп,  құтқара  ма  дегендей: – Апа,  апа! – деп  дауысымыз-
ды күшейтiп, жылауымызды үдете түсемiз. Шал бiздi қолға 
түсiргенiн қысқаша айтты да, ағашты қиып, төрт бұрыштап 
жасаған үйшiгi бар екен, соған тықсырып жақындатты. Қара-
сақ: iшiнде төрт-бес шошқа жүр... Тiзелерiнен асқан батпақ, 
исi сұмдық жаман... Түрлерi қорқынышты, «қорс-қорс» етiп 
батпақты  танауларымен  түртпектеп,  бiрiн-бiрi  итере  киме-
леп  бiрдеңе  тауып  жеп  жүрген  секiлдi.  Өздерi  дүңкиген-
дүңкиген семiз. Тыным таппай қозғалады. Зəремiз одан əрман 
ұшты. Үйшiктiң терезе сықылды тесiгi бар екен, тесiгiнiң ал-
дында  iшкi  жағында  науа  тұр.  Қойнымыздағы  олжамызды 
соған  төктiрдi.  Бəрiн  науаға  төктiк.  Оны  шошқалар  апыл-
ғұпыл жеп жатыр... Бəрiн төктiрген соң, ендi бiр кiшкентай 
есiгi  бар  екен  «мынаған  кiрiңдер»  деп  шошқалар  жүрген 
үйшiкке қақпайлады. «Ананы жеп жатқанын көрдiңдер ғой, 
шошқалар  ендi  сендердi  жейдi», – дейдi.  Ол  бiздi  есiкке 
тоғытпақшы болады, бiз кiрмеймiз... Бəрiмiз зарлап, шулап 
ауланы  басына  көтерiп,  азан-қазан  жылаймыз.  Бiр  уақытта 
кемпiрi үй жақтан шығып:
– Қойшы зарлатпай, құрғырларды, – дейдi.
– Бұларды шошқаға жегiзу керек, бұлар тағы да келедi, 
бұлар қоймайды... – деп шал кiжiнедi. Бiз бақырып-шақырып 
үйшiктiң есiгiне жоламауға тырысқан соң, «жарайды, онда 
былай  жүрiңдер»  деп  жылап-еңiреген  бiздердi  айдап  аула-
дан шығарып едi. Үйiнiң қасы тау ғой, соның бiр бетiн кесiп 
қора жасаған ба, үңгiр секiлдi қуысы бар екен. Iшi қараңғы. 
Соның  қақпасын  ашты: «Ендi  мынаған  кiрiңдер, iшiнде 
екi  аюым  бар.  Солар  сендердi  жесiн», – дейдi,  əлгi  шал. 
Бiз зарлап ұлардай шулап кейiн шегiнемiз, ол ұзын таяғын 
көлденең ұстап алып бəрiмiздi үңгiрдiң қақпасына итередi... 
Тағы да жалғыз құтқарушымыздай кемпiрдi шақырып: «Апа, 
апа» деп бiз айғай саламыз. Кемпiр болса: – қойшы, қойшы, 
зарлатпай, – дейдi.  Никонор  шал  бiр  кезде  шаршады  ма 
«жарайды,  ендеше  былай  келiңдер» – дедi.  Келдiк. «Қатар 
тұрыңдар» дедi. Тұрдық. «Ант iшесiңдер» – дейдi.

266
– Iшемiз, iшемiз!.. Жамырап ант iше бастадық. Бала кезi-
мiзде өзiмiздiң антымыз болушы едi: – Желкемiздiң шұқы-
рын көрмейiк. Аяқтағы суға ағылып өлейiн, көнектегi суға 
көмiлiп өлейiн, – деп шулай жөнелдiк... Никонор шал: – Ай, 
ол болмайды, мен не айтам, соны қайталайсыңдар, – дейдi.
– Бұдан былай ұрлық қылмаймын!
Қайталаймыз.
– Огородқа түспеймiз!
Тағы да қайталаймыз.
– Осы iстеген ұрлығымызды əке-шешемiзге айтып бара-
мыз!
Қайталап айтамыз.
– Ал ендi кете берiңдер, – дедi.
Ой кеткенде, айдап кеттiк бiр... Өмiрге қайта келгендей, 
қуанышымызда  шек  жоқ...  Жарысқан  күйi  шаңдақ  жолға 
түсiп,  ауылымызды  бетке  алып  тарттық  дейсiң...  Ауылға 
жақындадық, ауылға жақындағанда ол кезде бұлақ көп қой. 
«Ақ кезеңнiң» ар жағында бұлақ бар едi. Бұлаққа жуынып-
шайынып, бет-аузымызды, аяқ-қолымызды жуып, түк көрме-
гендей, түк бiлмегендей ауылға келiп кiрдiк.
Сонсын үйге келсем, əкем менi көрдi де:
– Əй, Қасым, сен жылапсың ғой, – дедi.
– Жыладық. 
– Неге?
– Ұрлық қылдық.
– Қайда ұрлық қылдыңдар?
– Никонордың огородына түсiп, қарбыз ұрлап, сонан бiздi 
қамап... – деп  бəрiн  айтамын  ғой.  Əкем  iшек-сiлесi  қатып 
күледi.  Менiң  сөзiмдi  құлағы  шалып  қалған  шешем  қатал 
едi: – А-а, ұрлық қылған екенсiң ғой,– деп жүгiрiп келiп жақ-
тан салып қалды.
– Əй, ұрма, бəрiн өзi айтып тұр ғой, ұрлық қылғанын, – 
деп əкем қорғалады.
Кейiн  бiлсем  менен  басқалары  үйлерiне  айтпапты.  Ендi 
бiр  күнi  ауылға  Никонор  келедi.  Бəрi  тамырлар  ғой.  Өзге 
үйлерден  де  сұрайтын  көрiнедi. «Балаларың  бiрдеңе  дедi 
ме» деп. Ешқайсысы айтпапты. Бiздiң үйге келдi. Никонорға 
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет