Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ЖЕР ИЕСІ КІМ?
Өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарының  басында 
Қазақ АССР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы қыз-
метіндегі Сəкен Сейфуллин ел аралап шыққанда ағылшын-
дардан  қалған  бірер  кен  орындарын  көріп, «өкпеге  түскен 
жегі  құрттай  теспеген  жері  қалмапты  ғой»  деп  қапаланған 
екен. Ал ол, тағы бір қырық жыл ғұмыр кешкенде «Комму-
нистік еңбектің» нəтижесі: сансыз қазылған шахталарды, мил-
лиондаған  гектар  жерді  жайлаған  полигондарды,  ұзынды-
ғы жүздеген шақырымға, тереңдігі 4 – 5 мың метрге аршыл-
ған  ашық  карьерлерді,  бүкіл  КСРО-ны  астықпен  асырауға 
жетерлік есепсіз жыртылған Сарыарқасын көзімен көргенде 
не дер еді?..
Алтай тауының асты айқыш-ұйқыш темір жол. Қарағанды 
даласы мен қаласы шырпыдай тіреулердің үстінде тұр. Жез-
қазған мен Қаратаудың бауыры босап, тұлыбы қалғандай...
1984 жылы Екібастұзда болып, əйгілі «Богатырь» разре-
зін  «тамашалаған»  едік. «Отанды  арзан  отынмен  қамтама-
сыз етіп жатырмыз» деген мақтаныш сезім емес, жерді кемі-
ріп жеп жатқан «динозавр» – машиналарды, айдаһардай бауы-
рымен жер сызып, жоғары жылжыған вагондарды, қоңыздай 
қыбырлаған «БелАЗ»-дарды көргенде ішіміз удай ашып, кө-
мейге  жас  тығылған...  Елін  дамыған  жұрттар  қатарынан 
көргісі келіп, бұл жолда бар білімі мен дарынын аямаған, хал-
қымыздың біртуар перзенті – Қаныш Сəтбаев ағамыз қазақ 
жерінің қазба байлықтарының картасын жасағанда жер асты 
кендерінің осылай есепсіз игеріліп, аяусыз өндірілетінін біл-
ді ме екен?!
Республика Президентінің 9 қаңтарда (1996 ж.) баспасөз 
бетінде «Жер туралы» Жарлығы жарық көрді. Заң күшіне ие 
бұл  Жарлық – республикада  жерге  қатысты  мəселелердің 
құқықтық  реттелуін  дамытуға  арналған.  Дегенмен,  өткен 
жылғы таратылған парламенттегі даулы мəселелердің бірі – 
шешімін тапқандай. Сондай-ақ, былтырдан «жер сатылсын» 
деп шуылдасқан «жаңа буын» өкілдерінің де тілегі қабыл бо-
лып, ниеттеріне жақындауларына мүмкіндік алатындай. Ше-

17
тел  азаматтарының  келіп,  жерді  игеріп,  уақытша,  əйтпесе, 
ұзағынан пайдалануларына заң жүзінде рұқсат етілген. Ен-
дігі  мəселе,  Кеңес  дəуірінде  көзсіз  паршаланған  жерімізге 
шетелдік кəсіпкерлер мен «іштен шыққан» іскерлер қандай 
көзбен қарар екен деген сұрақ күн тəртібінде тұрады.
ТМД елдері ішінде шетелдік инвестиция алудан алдыңғы 
орында отырғанымыз – қазір жетістік сияқты көрінгенімен 
«алмақтың  да  салмағы  бар»  екенін  ел-жұрт  біліп  отыр. 
«Несиеге  алынған 2,5 млрд.  АҚШ  доллары  қайда  кетті?» 
деп, «Караван»  газеті  шулатқандай,  күндердің  күнінде 
«өздері жарымаған жұрттың сарқытын қайдан ішіп едікке» 
ұшырамасақ жарадық. «Күлшелі бала – сүйкімді» дегендей 
шет  ел  мырзаларының  бізді  жақсы  көріп  қалуларының  бір 
себебі: күлімдеген көзі бізде, көңілі басып тұрған жерімізде 
болып  жүрмесін.  Дамыған  елдер  өкілдері  өткен  ғасырда-
ақ  ата-жұртымызды  «өкпе  құртындай  тескілеп»  кеткенде, 
іскерлікпен пайдақорлықтың күні туып тұрған мына заман 
да оларды үйлерінде отырғызбауы əбден мүмкін ғой.
«Қазақ деген ел – бостандық, азаттық сүйетін, даланы,таза 
ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезеңде ол 
бұзылмаған ел (бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса аяқ-
қолын  жинай  алмай  кетуі  де  мүмкін).  Сонша  кең  дүниеде 
жүріп, сонша тазалық дүниесінде жүріп, ол елдің жан-жүрегі 
таза болмаса, таңдануға болар еді. Жоқ, ол кезде ол асқан ақ 
көңіл, мырза, сенгіш барықсыз ел. Отаршыл төрелер үркіте 
келгенде, қазақ қандай айла етерін біле алмай, абыржып қа-
лады да, барлық адамгершілік табиғатынан жаңылады», – деп 
екі қоғамдық формацияны басынан өткерген ұлы жазушы-
мыз  Ғабит Мүсірепов айтқандай, бүгінгі шетелдік ақпарат 
пен  «мəдениет»  тасқыны,  инвестиция  нөпірі,  енді  аяқ  ба-
сайын деп отырған жер иеленушілердің келуі – қалтылдап 
тұрған тіліміз бен қайта табысқан дінімізден, адамгершілік 
табиғатымыздан ажырап, алыстауымызға ұрындырмаса игі 
еді. Жарлықта жерді меншікке беру – берік орын алған. Ара-
мыздан шыққан бай-мырзалардың көңіліне тəупиық берсін. 
Бірақ, олардың қазіргі қимылдары – кісі шошытқандай. Көр-
шілес  елдерге  заңды,  заңсыз  жолдармен  пайдаға  құныққан 

18
пысықтарымыз  зауыт-фабрикалардан  түсті  металдарды  ва-
гондармен жөнелтіп жатыр. Ол аздай, қабылдау пункттерін 
ашып, елден жинап, бағаналардағы сымдар мен жер астын-
дағы  кабельдерге  дейін  жұлып  алып,  саудаға  салғандар, 
иелігіне  тиген  жерді  қайтер  екен?  Жерді  шикізаттың  тау-
сылмас  қазынасындай  көріп  үңгіп  қаза  береді  ме,  əлде  аз 
күндік өнім үшін аяусыз химиялық тыңайтқыштарын төгер 
ме екен? «Саптаяқтан ас құйып, сабынан қарауыл қарамаса» 
да  үкімет  тарапынан  барлық  іс  қимылдардың  алыс-жақын 
нəтижелерін  болжап,  реттеп  отыратынына  сенгіміз  келеді. 
Ақысын  төлеген  шетелдік  пайдагерлер  мен  байлықтың 
буына  елтіген  «жаңа  буын»  кəсіпкерлер  де  емес,  ғасырлар 
бойында  ата-бабамыздың  қаны  сіңіп,  сүйегі  сақталған  ата-
жұртымыздың  иесі  де,  мұрагері  де,  жанашыр – құныкері      
де – қазақ халқы екенін мəңгі есте ұстайық!
«Түркістан» газеті, 17-қаңтар, 1996 жыл
БҮЛІНУ ОҢАЙ, БҮТІНДЕЛУ ҚИЫН
Жұртшылықтың  ой-санасы  мен  дүниетанымын  қалып-
тастыруда  ақпарат  құралдарының  ішіндегі  жүйрігі  де,  жұ-
ғымдысы да – теледидар екені даусыз. Əсіресе, ол балалар 
мен  жасөспірімдердің  үйдегі  ұстазына,  досына  айналды. 
Жарыса-жағаласа бой көтерген аты болмаса заты бірінен-бірі 
аумайтын  коммерциялық  телеарналар,  шет  елдердің  өмір-
салтын, қуаныш-қайғысын, «озық мəдениеті» мен қатыгез-
қаталдықты  жас  буынның  санасына  құйып  жатқан  бұлақ 
көздері. Бұлардан Ұлттық телеарналар да қалысар емес. Қа-
зақша хабарлар, концерт, шаруашылық мəселелеріне уақыт 
бөлінгенімен,  шетелдік  сериялдар,  ресейлік  кинолардың 
лек-легі жүріп жатыр. Ол аздай орыс тілінде қазақ пен өзге 
ұлт  өкілдерінің  «ішек-қарны»  араласқан  өмірін  көрсететін 
«Перекресток» деген көпсериялы телефильмі пайда болды. 
Қай телеарнаны ашып көрмеңіз, өзін бүгінгі күнге сай етіп 
көрсеткісі  келеді  ме,  жаңалықтар  арасындағы  музыкалық 

19
тұздықтарын  орыс,  батыс,  Америка  жұрттарының  бүгінгі 
əуенімен қөркемдеуге құмарлығы басым. Онсыз да барлық 
коммерциялық  арналардың  музыкалық  тыныстарындағы 
шетелдік  əуен-клиптері  аздай,  қазақша  хабарлар  арасына 
əкеліп  тықпалау  не  білместік  немесе  жоспарлы  жасалып 
отырған жұмыс. Ұсақ-түйек болса да біртіндеп санаға сіңіп, 
көз  бен  құлақты  үйретуге  арналған  мұндай  «жаттығулар-
ды» – ұлтсызданудың əліппесі ме екен деп қаласың.
Ұлттық нақышта өрнектелген киіз үйдің ішін елестететін 
концерттік кең сахнаны мерекелік жиындарда талай көрген 
боларсыз.  Сол  сахнаға  үкілі  домбырасы  қолында,  сүйікті 
əншіміз – халық əртісі жаймен басып шықты делік. Əрине, 
ду  қол  шапалақтап  құрмет  көрсету – дəстүріміз.  Бірақ,  əн-
шіміз халыққа танымал болған ежелгі сал-серілерді еске түсі-
ретіндей өзіне жарасымды ұлттық киіммен емес, ақ көйлекке 
галстук таққан еуропалық костюм-шалбармен шыға келеді. 
Жалаң бас, көзінде көзəйнек. Қолындағы домбырасы болма-
са, қала əкімінің орынбасары ма деп қалғандайсың...
Тағы бір мысал,  Республикаға еңбегі сіңген əртісі деген 
атағы  бар  бір  əнші  қарындасты  теледидардан  көріп  отыр-
мыз.  Ұлттық  музыкалық  ансамбльдің  сүйемелдеуімен  əн 
шырқап  тұр.  Үстінде  ұзын  бүрме  етек  көйлек  пен  камзол, 
ал басына кигені... Қай ұлттың үлгісі екені белгісіз цилиндр 
формалы биік, сол жақ шекесіне құстың қанатын тағынған 
бас киім. Қазақтың қай өлкесінде қыз-келіншектер мұндай 
қоқайманы киетінін есімізге түсіре алмадық. Бұл не, ұлттық 
киім бе? Əлде, ұлттық киімге қосылған жаңалық па?
Осыдан он шақты жыл бұрын дүкендерге көпшілікке ар-
нап тігілген ұлттық киімдер көп түсіп, өтімділеу болған соң 
жылдан жылға бағасы өсті. Қазір ең қымбат киім-кешектердің 
қатарына  қосылып,  өтпейтін  тауарлардың  алдына  шықты. 
Тақия, ақ қалпақтарымызды өзімізбен қатар өзге ұлт өкілде-
рі  де  киіп,  шетелдік  қонақтар  сувенир  ретінде  алушы  еді, 
қазір  тиылған  болуы  керек.  Біраз  жылдар  бұрын  Ташкен-
ге  барғанымызда  ең  арзан  сувенир  өзбек  ағайындардың  ала 
тақиясы  екен.  Бұл  тақияның  құнсыздығынан  емес,  жер  ша-
рында  ешкімге  ұқсамайтын  ала  тақиясын  екінің  бірі  құр-

20
меттеп киіп жүрсе өзбектің «көбейгені» емес пе. Халқын наси-
хаттаудың бұдан артық ақылды жолын тауып көріңіз. Ал біз-
дің тақияларымыз сөрелерде өзінің биік бағаларымен алыстан 
көз тартады. Қай халық ұтты, кімнің саудасы жүрді?
Республика азаматтарына қандай дінді болсын қабылдап, 
насихаттауларына  ерік  берілгеннен  кейін,  əр  ұлт  өкілдері 
көңілі қалаған дін мен нанымға шама-шарқынша бет бұрған 
еді. Солардың ішінде халықтың санына байланысты негізінен 
екі дін иық теңестірер дəрежеде. Ол – ислам діні мен хрис-
тиан діні. Өзге діндердің таралуын айтпағанда, христиан ді-
нін  уағыздаушылардың  табандылықпен  жүргізіп  отырған 
жұмыстарын жоққа шығара алмаймыз. Дін басы Алексий əкей-
дің мектеп, балалар үйі, театр, музей жəне басқа қоғамдық 
орындарға барып, құдай сөзін жеткізіп, жиналған жұрттың 
ықыласын аударып, христиан дінінің дəнін өз сенушілерінің 
жүрегіне егіп жүрген қайраткерлігін анық байқаймыз. Қай ұлт 
өкілі екеніңмен санаспай жұмыс орны мен үйіңе дейін келіп, 
бұл дінді уағыздаушылар діни кітапшаларды, полиграфиялық 
орындалуы  жоғары  сападағы  буклеттерді  ешқандай  ақы-
пұлсыз  үлестіріп,  алмаймын  дегеніңізге  қарамай  дінге  үгіт 
емес, мейірімділікке шақыру, оқып танысыңыз деп, қолыңа 
ұстатып кете барады. Ал біздің ислам дінінің уағыз-насихаты 
қалай жүріп жатыр? Алматыдағы үлкен мешіттің алды жайма 
базарға айналған. Бəрі сатулы. Рамазан айының басталғанын 
жариялап  теледидардан  сөйлеген  мүфтидің  орынбасары 
Асылхан имамның: барлық пітір садақасын, зекетті тек қана 
мешіттерге тапсырыңдар, – деп қадап айтқан нұсқауынсыз-
ақ,  халық  кейінгі  жылдарда  жұмадан  басқа  күндерде  де 
аруақтарға  бағыштап  құран  оқытып,  Құдай  жолына  ниет 
етіп, əркім өз əлінше мешіттердің темір жəшігіне садақасын 
қалдыруда. Сол жиналған қаржылардың бір бөлігін дінімізді 
насихаттауға  арнаса,  имандылыққа  шақырған  жазуларды 
саудаға салмаса қайтер еді.
Бүліну  оңай,  бүтінделу  қиын  екені  күннен  күнге  айқын 
сезілуде. Кезінде «идеология майданы» деп бекер айтпаған 
сияқты. Ал майданда аман қалу үшін, жеңіп шығу үшін кү-
ресу  қажет  екенін  əркім  білер.  Олай  болса,  ендігі  күрес – 

21
имандылық  пен  дəстүр-салтымызды  сақтауға,  ұлт  ретінде 
тарих бетінен жойылып кетпеуге бағытталса керек.
«Түркістан» газеті, 31-қаңтар, 1996 жыл
ҰЙҚЫҢ ШАЙДАЙ АШЫЛАДЫ...
Бала кезден баспасөз беттерінен оқып, радиодан тыңдай-
тын «іріп-шіріген капитализм» деп сипатталған алыс шетел-
дерді бүгіндері жақын тани бастағандаймыз. Тəуелсіздігіміз-
ді алған алғашқы күннен бастап дамыған елдерден жаңа дос-
тар  көптеп  келіп,  экономикамыз  бен  саясатымыздың  күр-
меулі  тұстарына  қол  ұшын  беріп,  демократиялық  қоғамды 
қалай  орнату  қажеттігін  айтудан,  үйретуден  жалығар  емес. 
Əлі де олардың ерекше назарындамыз. Дегенмен, ол елдер-
дің  ізгі  ниеттеріне  риза  болсақ  та,  коммерциялық  жолдар-
мен  ағылған  «мəдениет»  тасқынына  «қош  келдіңізді»  ай-
туға аузымыз бармай отыр. Кезінде «Кино үйінде» кейбір ше-
неуніктердің  ғана  жасырын  көретін  жабық  кинолары  бұл 
күнде əр үйдің телеэкрандарында күндіз-түні жүріп жатыр. 
Бір кездері шекарадан алып өтуте алапестей көрінген порно-
басылымдарды  əр  көшедегі  жайма  базардан  кезіктірсеңіз, 
суретті тауарлар дүңгіршектердің терезелерінен мен мұнда-
лайды.  Басына  маска  киіп  банк  пен  зергерлік  дүкендерді 
тапа-тал  түсте  тонаушылардың  пайда  болуы,  машина  ұрлау 
немесе  тартып  алудың,  қарулы  қарақшылардың  үйлерге 
басып  кіруі,  кісі  өлтіру,  зорлау,  қорлау,  айуандық  істердің 
етек алуы – кейінгі жылдар жемісі. Еліміздің бастан кешіп 
отырған  экономикалық  қиыншылықтарын  тілге  тиек  ет-
сек  те,  бұл  өзгерістерге  жаңа  дəуірдің  жаңалықтарының 
əсері  болмады  дей  алмасақ  керек.  Аттан  салып  айғайлауға 
бармасақ  та  қала  мен  даладағы  жастарымыздың  дауылды 
күнгі  қаңбақтай  күйге  түскен  өмірлері  жаныңды  ауырта-
ды. Президентіміздің: Республикада он кісі сотталса, соның 
жетеуі – қазақ – деп өзі айтқанындай, ұлдарымыз – ұрлық, кісі 
тонаушылық, маскүнемдік, əскерден безушілік т.б. бейбастақ 

22
тірліктен  соң  түрмелерге  тоғытылса,  кейбір  қыздарымыз 
күндіз  институтта  оқыған  болып,  түнде  жезөкшелік  жолға 
түссе  не  шара! «Девушки  ищут  высокооплачиваемую  ра-
боту»  деген  жыпырлаған  жарнамалардың  аржағында  қара-
гөз сұлуларымыздың да тұрғаны құпия болмай қалды. Қонақ 
үйлері  мен  шет  елден  келген  жүк  машиналардың  жүр-
гізушілерін  төңіректейтін,  кімнің  автокөлігі,  ақшасы,  сый-
лыққа  берер  шүперегі  болса  солардың  «жеміне»  айналған 
«айналайындарға»  қайтіп  көз  жұмып  қарап  отырмақпыз. 
Жастарымызға қанша кінə таққанымызбен біреулердің ерке-
лері  иномаркалармен  ойқастап  сайран  салып  жүрсе,  енді 
біреулері – стипендияларын  бір  айлық  ішер  асына  жеткізе 
алмай оқуының берекесінен, жастығының мерекесінен ажы-
рап қалғанын жасырмайды.
Ел-жұрт əлеуметтік тұрмыстың таршылығын көрген тұсын-
да қалталы байлардың кекірігі азып, билік тізгінін ұстағандар-
дың араны ашылып-ақ кеткеніне қоғамдағы қашпасөз бен бас-
пасөзден  күнде  қанықпыз.  Уақыт  толқынымен  билік  басына 
келген жас мырзалар мен нарықтың алғашқы қаймақтарын қал-
қып алған Жаңабайлардың елімізді ертеңгі күні қай ұшпаққа 
шығарарына күмəндана қарауға мəжбүр етеді.
Тəуелсіздігіміздің ірге тасын бекіту күнделікті күн тəрті-
біндегі – басты мəселе.
Экономикамыздың қаз тұруына пейіл танытқан шетелдік 
достарға  рақмет  айтсақ  та,  дамыған  елдердің  өмір-салтын 
қабылдауда  «аттыға  еріп  жаяудың  таңы  айырылыптының» 
кебін  киіп  жүрмесек  жарадық.  Жақсылықтың  емес  жаман-
шылықтың  жұққыш  келетіні  əлімсақтан  белгілі  жəй.  Ұзақ 
уақыт  су  жүрмеген  құбырдан  су  жібергенде  алдымен  таты 
мен қыл-қыбыры ағып келетіні секілді, біздер үшін жабық 
болған  елдермен  қарым-қатынас  ашылғандағы  алғашқы 
«игіліктер» жастар өміріне кері əсерін тигізуде. Егер еліміздің 
болашағы – жастардың тəрбиесіне, тұрмыс-тіршілігіне сел-
қостық танытсақ – тəуелсіз, дамыған, өркениетті ел боламыз 
деген  асыл  арманымыз  кешегі  «коммунизм  елесіндей»  са-
ғымға айналары сөзсіз.
«Түркістан» газеті, 10-сəуір, 1996 жыл

23
АМАН ТӨЛЕЕВ КІМДЕРГЕ ҰНАМАЙДЫ?
...1994  жыл,  мамыр  айының  соңы.  Елдегі  дос  жігіттің 
қазасы туралы хабар алып, асығып-абдыраған күйі Жаңғыз-
төбе  бағытына  жүретін  бір  поезға  міндім...  Купеде  жұқа 
өңді,  таза  киімді,  шүйкедей  ғана  (жас  мөлшері  жетпіске 
жетіңкіреген)  орыс  кемпірі  жуас,  жұмсақ  назарын  терезе-
ден  біртіндеп  қалған  қала  мен  дөңгеленген  далаға  жібе-
ріп,үнсіз ойға шомып отырды да: – Балам, жол ұзақ, ауқат-
танып алайық, – деп, сөмкесінен əртүрлі тағамдарын стөл-
шеге  қоя  бастады.  Суық  хабардың  əсері  жолға  тіске  басар 
алдырмағанын  сонда  бірақ  білдім. «Рақмет,  өзіңіз  ала  бе-
ріңіз»  дегеніме  қаратпай,  қайран  кейуана  туған  ұлы  үйіне 
келгендей  дастарқандағы  асын  «мынаны  ал,  мынаны  же, 
мынау  біреусінің  дəмін  көрші»  деп  бəйек  болды...  Менің 
жатсынбай тамағынан ауыз тигеніме мəз, өзі жарытып ас та 
ішпейді.  Шешейдің  сол  ықыласы  Жаңғызтөбеге  жеткенше 
бір толастаған жоқ. Ішке ел қонған соң суыртпалап əңгіме 
айта бастадық. Шешей Кемерево облысында бір деревняда 
тұрады екен. Екі баласы облыс орталығында. Бір қызы Ал-
матыда  тұрмыста.  Қызының  арнайы  шақыруымен  бір  айға 
жуық қонақ болып, еліне қайтып бара жатқан беті екен. Ке-
мерево деген соң еске əрине қандасымыз Амангелді Төлеев 
түседі ғой. «Ол кісіні білесіз бе?» дегенімде, шешейдің жүзі 
нұрланып, ризашылықпен: Білгенде қандай! Аманды облыс-
та  білмейтін,  жақсы  көрмейтін  жан  кемде-кем.  Ол  біздің 
сүйікті басшымыз, – деді.
– Қазақ екенін білесіздер ме? 
– Білеміз,білеміз, сонда да біздікі дейміз, – деп бір желпі-
ніп қалды.
– Сүйіктілеріңізге айналатындай қандай ерекшелігі бар? – 
деген сұрағыма.
– Ол қарапайым халыққа жақын, əділ жəне берген уəдесін 
орындайды. Өтірікші емес. Отын, су, азық-түлік, зейнетақы 
т.б. тіршілікке керекті дүниелер тапшы болғанда Аман Тө-
леев араласса, орнына келеді. Біз оған сенеміз, – деп жауап 
берді.

24
Алыста жүрсе де аты шығып, саясат майданының таны-
мал  сардарына  айналған  қандасың  туралы  қалың  Сібірдің 
бір деревнясының тұрғыны ақ шашты қарт ананың аузынан 
ризашылық  сезімі  мен  ыстық  лебізін  естігенде  марқайып, 
иығым көтеріліп қалғандай болған.
Бүгінде  Ресей  еліндегі  президент  сайлауы  науқанына 
дайындықтың  мəреге  жақындаған  шағында  А.Төлеевті  Ре-
сей  тағынан  үміткерлер  арасынан  тағы  да  көргенімізде,  ол 
туралы  əртүрлі  пікірлерді  естігенде  менің  есіме  осы  сапар 
түседі.
А.Төлеевтің  қандастарының  алдында  бір  сүрінген  жері: 
қираған КСРО-ны қалпына келтіру керек деген сөздің бір кез-
де аузынан шығып кеткені болса, тағы бір ұнамай отырғаны 
коммунистерге бүйірінің бұратыны болуы керек.
Əрине,  алғашқы  болып  Еуразия  одағын  құрайық  деп, 
сөз естіген Нүрекең де, мен орыстілдімін деп ағайындарын 
ренжіткен Ə.Қажыгелдин де, Конституциямыз тек қазақтарға 
арнап  жазылған,  өзге  ұлттардың  мүдделері  ескерілмеген-
ді  айтамын  деп  барлық  абройынан  жұрдай  бола  жаздаған 
Олжекең  де  саясатта  абайламаса  көпшіліктің  көңілінен 
шығудың  оңай  еместігін  сезінген  шығар.  Ал,  қадамыңды 
қалт  жібермей  бақылап  отырған  тілекшің  де,  сыншың  да, 
кінəмшілі  жəне  үкімшілі  де  өз  туғандарың  екені  жəне  рас. 
Əйтсе  де,  А.Төлеев  тұлғасына  əр  қырынан  көз  салсақ,  əр 
қилы сұрақ еріксіз бой көтереді.
Егер ол, анау шешей айтқандай адал, əділ, қара халықтың 
қамын ойлайтын, сол аймақтың сүйіктісі болмай, керісінше: 
өтірікші, қу, қылмыс əлемімен жең ұшынан жалғасқан, бас 
пайдасын  ғана  ойлайтын    парақор,  сөзі  мен  ісі  бөлек  бір 
арамза болып шықса қайтер едік?..
Егер ол, Ресейде емес Германияда немесе Италияда əйт-
песе, Америкада елеулі жұмыс жасап, сол елдің тілінде сөй-
леп, сол елдің қызына үйленіп, бірақ өзінің қазақ екенін жа-
сырмай айтып отырса...
Оның атына айтылған алып-қашпа əңгімелерге үйір бо-
лар  ма  едік?  Əлде: «Əне,  жат  жерде  жүрсе  де  қазақтан  да 
қандай азаматтар шығып жатыр» деп, мақтанар ма едік?..

25
Түркіменстанда  туып,  Ресейде  өскен,  қарапайым  темір-
жолдың стрелочнигінен ірі өлкенің басшысына дейін өз ең-
бегі,  таланты,  қабілеті  арқылы  көтерілген,  ес  біліп  ете-
гін жапқан соң оңтүстік облысымызға əдейі келіп туған-туыс-
қандарын іздеген; Ресейді Отаным десе де, Қазақстанды «ата-
жұртым»  деп  жасырмай  айтып,  қазақтардың  Дүниежүзілік 
құрылтайына арнайы қатысқан; Сібірге адасып ұшып барған 
Халық қаһарманы Қасым ағамызды əкесін көргендей қуана 
құшақтап, жан сырын жайып салған Амангелдіні неге жат-
сына береміз?.. Тіпті, сол өз аймағында құрметке ие болып, 
сенімдеріне  кіріп,  солардың  «родной,  любимыйы»  атанып, 
кеткеніне; алып елде аз ұлттың өкілі бола жүріп, азулылармен 
арпалысқан азаматтығына неге «əп, бəрекелдіні» айтпасқа?.. 
Үй  ішінен  үй  тіккіш,  қазақ  десе  қисая  қалатын  «Караван» 
газеті  «орыс  болып  кеткен»  Төлеевімізге  де  сенбейтіндігін 
білдірген. Оны «Көмірқазғыштардың көсемі» («Вождь угле-
копов» 31.05.96 ж.) деп кекетіп, орыс арасында жүрген жан-
сыз (Кто вы доктор Зорге?) деп мұқатып, атса да өлмей қал-
ғанына (Не стреляете в Амана Тулеева) өкінетіндігін Ольга 
Мигачева деген бикеш ашық жазған.
О.Мигачева  мақаласының  басында-ақ  А.Төлеевтің  еш-
қандай партияда болмаса да коммунистік сенімде екендігін, 
буржуйларға қарсы болмаса да халықаралық коммерциялық 
банкті  басқара  жаздап  қалғанын  айтады.  Ал,  тазатұқымды 
интернационалист  деп  жүрсек,  ол  банкке  «Ислам»  деп 
мақтанышпен  ат  бергенін;  КСРО-ны  ерікті  түрде  қалпына 
келтірушілердің  бірі  десем, 1992 жылы  Сібір  республика-
сын  құруды  ұсынған  нағыз  сеператист  болып  шықты  деп, 
Төлеевтің төрт құбыласын тəргілеп, ішіне жиналған запыра-
нын ақтара салды. Ал, мақаласының соңында А. Төлеевтен 
телефон арқылы алған сұхбатындағы:
– «Допустим, вы победите на выборах. Каким образом, 
по вашему мнению, это отразится на отношениях России 
и Казахстана, учитывая, что Назарбаев уже высказался за 
безоговорочную поддержку Ельцина? – деген сұрағына: 
–  Никак  не  отразится.  Любой  президент  обязан  учи-
тывать  волю  избирателей  независимой  и  суверенной 

26
страны, которая к тому же является могущественным и 
добрым  соседом.  Так  что  все  будет  нормально, – деген  
бұлтартпас  та  ұстатпас  жауап  алып,  тілін  тістейді.  Қой-
ған  қитұрқы  сауалдарына  маңдайдан  ұрғандай  жауаптар 
қайтарылса да, мақала авторы соңында: «...Тулеев – опыт-
ный политик, и за его грубовато-сермяжной российской 
прямотой, несомненно стоит так называемая «восточная 
хитрость» тонкий политический расчет.
...А  вот  что  он  сделает  (в  случае  своей  удачи)  после 
этого – знают только господь Бог да сам Аман Гумиро-
вич» – деп бар пəле оның шығыстық тегінде жатқандығын 
меңзеп жəне оған ешқашан сенуге болмайтындығын оқыр-
мандарына  ишара  жасайды.  Мұндай  сыңар  езу,  біржақты 
жазылған мақала «Кто есть кто», «Выборы в России» айдар-
ларымен  беріп  отырған  саяси  портретнамасына  қосылған 
тек  қана  «Каравандық»  үлестің  тағы  бір  көрінісі  екендігін 
дəлелдейді.
Ал,  Амангелді  Төлеев  Отаным  деп  таныған  Ресейдің 
өз халқы да, «жат жерде, көрші үлкен елде жүрген бір ба-
лам»  деп  қарайтын  қазақ  елі  де  əділ  бағасын,  шын  ние-
тін көңіл төрінде сақтайтынына сеніп, «кімнің кім екенді-
гін»  анықтауды  ұлы  төреші – Уақыттың  еншісіне  қалды-
райық.
«Түркістан» газеті, 12-маусым, 1996 жыл
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет