Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет12/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

МОЙЫНДАЛҒАН АҚИҚАТ
Алматыдағы «Қазақстан» кинотеатрында режиссер Сағат-
бек  Махмуттың  «Қасым  Қайсенов  немесе  жəй  ғана  Вася» 
деген толықметражды деректі фильмінің тұсаукесері болып 
өтті.
Түсірілгеннен  кейін  қаржы  тапшылығынан  Ш.Айманов 
атындағы  «Қазақфильмнің»  қоржынында  ұзағырақ  жатып 
қалған таспалардың жарық көруіне Мəдениет, ақпарат жəне 
қоғамдық  келісім  министрі  Мұхтар  Құл-Мұхаммед  мырза-
ның  қозғау  салуымен  фильм  монтаждалып,  көрермендерге 
тұңғыш ұсынылды.
Фильмде Совет əскерінің Днепрден өтетін даңқты шайқа-
сында 120 партизанды бастап, оң жағалауға алғаш өтіп, əйгілі 
Букрин плацдармын бірінші болып алған, сөйтіп Қызыл Ар-
мияның  өзеннен  өтуіне  мүмкіндік  жасаған  теңдессіз  ерлік 
баяндалады.  Кескілескен  ұрыста  ауыр  жараланған  Қасым 
аға ұмыт қалып, оның орнына өзге бір командир «ерлік иесі» 
атанған  қиянатты  тарих  деректі  дəлелдермен  көрсетіледі. 

136
Бұл  оқиғаға  қатысты  көзі  тірі  барлық  куəлер  сөйлейді. 
Сол  ұрыстан  кейін  Совет  Одағының  Батыры  атағын  алған 
партизандар  командирі  А.В.Тканко  өз  аузымен  шын  ерлік 
иесі – Қасым Қайсенов екендігін мойындайды. Фильм қарт 
батырдың туған жеріне сапар шеккен жолымен басталып, жа-
уынгер жазушының соғыс жəне бейбітшілік, өмір мен өлім, 
өткен  мен  болашақ  хақындағы  ой  толғамдарымен  өріліп 
отырады. Фильмде оқиғалар мен көріністер, естеліктер мен 
шегіністер шымыр жалғасып, көрерменін жалықтырмай уы-
сында ұстайды. Кино-картина көрерменін біресе ойға шом-
дырса, біресе күлкі шуағына бөлейді. Енді бір сəтте мұңға 
батырып, көзге ыстық жас келтіреді... Қаһарман мен халық 
бейнесі соғыс пен бейбітшілік уақытта алма кезек ауысып, 
қиындық пен қасіретте, қуаныш пен еркіндікте біртұтас бо-
лып биіктей береді...
Ең  үздік,  жақын  достарынан  айырған  күркіреген  соғыс 
жаңғырығы батырдың құлағына əлі келетіндей...
Бəрінен  де,  Қызыл  Армиямен  қатар  жаумен  шайқасқан 
партизандардың жанқиярлық ерліктері көп жағдайда елеусіз 
қалғандығына тағы да куə боласыз...
Жиналған жұрт деректі фильмнің авторы жəне режиссері 
Сағатбек Махмутты жаңа сəтті еңбегімен құттықтады.
СЫРЛЫ ƏЛЕМ
Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері əр халық өз дініне бет бұр-
ды.  Мұсылмандар  мешіттер  салса,  христиандар  шіркеуле-
рін қалпына келтіріп, құдайшылық жолына бет түзеді. Діні-
міздің қайта өрлеу кезеңінде қалаларымызда үлкен мешіттер 
бой көтеріп, халықтың игілігіне беріліп келеді. 
Осы  орайда  Алматы,  Астана,  Қарағанды  қалаларында 
салынған  бас  мешіттерді  көркемдеп,  оның  монументаль-
ды  безендірілуін  орындаған  топтың  жетекшісі,  Қазақстан 
Суретшілер одағының мүшесі Ғазиз Ешкеновтың шығарма-
шылығымен таныстыруды жөн көрдік.

137
Ғазиз Ағзамұлы 1981 жылы Алматы көркемсурет учили-
щесін, 1991 жылы  Алматы  мемлекеттік  театр-көркемсурет 
институтын тəмамдап, суретші-монументалист мамандығын 
алған еді. Институтты үздік бітіргеннен кейін оқытушылық 
қызметке қалған. 1995 – 1998 жылдары кафедра меңгерушісі 
болып қызмет істеді. Кейінгі жылдары бірыңғай шығарма-
шылық жолға бет бұрды.
Монументальды  кескіндеме  өнерінде  мешіт  ғимаратын 
көркемдеу біздің ел үшін жаңа өнер, тың құбылыс. Бұл са-
лада өз жерімізде тұрған қожа Ахмет Йасауи мавзолейі қай-
таланбас шеберлік пен зергерліктің, ауқымды ойдың үлгісі.
Жұмыстарын  осы  кесенені  зерттеп  үйренуден  бастаған 
Ғазиз Түркияға арнайы сапармен барып, Стамбұл қаласын-
дағы «Ая София» соборы мен «Көк мешітті» көріп қайтты. 
Мұсылман  сəулет  өнерінің  бұл  озық  үлгілерімен  асықпай 
танысқан  ол,  мешіттің  қалай  көркемделуіне  ден  қоя  оты-
рып,  өз  елінде  мешіттерге  ұлттық  бояу  мен  ою-өрнекті 
орнымен  қолдануға  болатындығын  ішіне  түйіп  қайтқан. 
Сондай-ақ  мұсылман  мешіті  аса  бір  салтанатты  сарай 
секілді тым бай да емес, тым жұтаң да болмауы керек сияқ-
ты.  Ғимарат  ішіндегі  ою-өрнек,  Құран  сүрелері  Алланы 
ойлаған  адамның  көзін  тартып,  көңілін  алаңдатпауға  тиіс. 
Бейнелі,  оқиғалы  суреттерімен  көркемделген  христиан 
шіркеулерінен  мұсылман  мешітінің  басты  айырмашылығы 
да  осы  ұстамдылығында  болар.  Ойыңды  бір  Аллаға  ғана 
бағыштаған кезіңде көңіліңді ештеңенің алаңдатпағаны аб-
зал. Бояулар технологиясын зерттеу барысында суретшілер 
бояудың ұзақ уақыт өңін бермей сақталуымен бірге көздің 
жауын алатындай тым жарқырамауын да ескерген.
–  Адам  сана-сезімін,  мəдениетін,  дүниеге  көзқарасын 
тəрбиелеуде,  тіпті  мінез-құлқын  қалыптастыруда  əртүрлі 
үй  құрылыстары  мен  қоғамдық  ғимараттардың  орны  ерек-
ше екендігін озық ойлы мемлекет басшылары, дін басыла-
ры,  ғалымдар  мен  суретшілер  ерте  бастан  білген  көрінеді. 
Содан да жер бетіндегі ірілі-ұсақты елдер ірі ғимараттарды 
салуда  байлықтарын  ғана  көрсету  мақсатында  емес,  сол 
кезеңде өмір сүрген жұртшылықты белгілі бір идеологияға, 

138
дінге, мəдениетке бағындыру керек болғандықтан да барған 
секілді. Сəулет тарихына көз жүгіртсек, ежелгі Греция, Еги-
пет, Рим, Қытай, Үнді, Түркия т.б. шығыс елдеріндегі сəу-
лет  өнерінің  туындылары  сол  елдердің  қуаты  мен  мақсат 
мүддесінен хабар береді, – дейді Ғазиз Ешкенов.
Өз көңіліңнен шыққан дүние ғана көпшілікке ұнауы мүм-
кін.  Орындайтын  жұмыстың  эскиз-жобасы  дайын  тұрса  да 
оның ғимарат құрылысында қалай көрініс табады, соны тұ-
тас көз алдыңа елестетпей істі бастау қиын. Сурет өнері бұл 
жерде  сəулет  өнерімен  іштей  қабысып,  бірге  өрілуге  тиіс. 
Монументальды кескіндеме сəулетпен үндесіп, үйлесім тау-
ып, біртұтас шығарма дəрежесіне жетсе ғана мақсатыңның 
орындалғаны.
Бұл салада Ғазиз Ешкенов бастаған суретшілер тобы айта 
қаларлықтай  табыстарға  қол  жеткізді.  Бейнелеу  өнерімен 
сəулет өнерінің тарихын терең зерттеп, ислам мəдениетінің 
інжу-маржан үлгілерімен танысып, оқып үйренуге бар күш-
терін салды.
– Жас мемлекетімізде алғаш қолға алынып отырған бұл 
жұмыстың ерекшелігі сол, кейінгі суретші мен сəулетшілерге 
үлгі болып қаларлықтай алғашқы қадам еді. Араб елі, Түркия, 
Орта  Азия  сəулетшілері  мен  суретшілерінің  ізімен  кетпей 
қазақ  халқына  тəн  бояумен  ою-өрнекті  кіріктіре  отырып, 
ислам дінінің біздің табиғатымызға жат еместігін көрсетуді 
ойладық, – дейді суретші.
Театр  көркемсурет  институтының  монументальды  кес-
кіндеме кафедрасының қасынан құрылған суретшілер тобы 
алдымен Алматы бас мешітін, сосын Астана, Қарағанды ме-
шіттерін  көркемдеу  кезінде  осыны  басшылыққа  алды.  Бұл 
мешіттерді  көркемдеуді  арнайы  жарияланған  тендерлерде 
Ғазиз  тобының  жобасы  жеңіп  алып  отыруы  кездейсоқтық 
емес.  Көркемдеу  жұмысының  негізгі  бөлімі  керамикалық 
плиткалардан тұрғандықтан, ою-өрнек салынған керамика-
ны  өздері  күйдіріп,  арнайы  технологияны  қолдана  отырып 
дайындады.
– Жалпы, – дейді Ғазиз, – композициялық жүйеге араб ел-
дерінен шыққан, одан кейін Орта Азияда дамытылған «Ге-

139
рих» əдісін қолдандық. Бұл жүйеге қазақ ою-өрнегін кірістіре 
отырып,  ғимараттың  құрылысымен  нəзік  байланыстыруға 
ұмтылдық. Сонымен бірге қазақ ою-өрнегінен тікелей ғима-
ратқа қолдануға тиісті түрін табу да оңайға түскен жоқ. Бұл 
жағынан өзбектерде тұрақты жүйе қалыптасқан. Ал, негізінен 
басшылыққа  қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесіндегі  үлгілерді 
алдық. Алматы мешітіндегі михрабты сол кесенеден тікелей 
көшірмей,  негізгі  принциптерін  қолдана  отырып  жаңаша 
жасадық. Бұл мешіттердегі көркемдеу жұмыстарын біз аса 
бір  шабытпен,  ерекше  жігермен  орындадық.  Өйткені  бізді 
алға  жетелеген  жұмыстан  алар  қаржы  емес,  жас  мемлеке-
тіміздегі мұндай алғашқы тапсырысты абыроймен орындау 
еді. Мұсылман қауымының бір Аллаға бас иетін қасиетті ор-
нында шын ниетімізбен еңбек еткенімізге қуандық.
Суретшінің  жекелеген  кескіндемелік  жұмыстары  Фран-
цияда,  Түркияда  өткен  халықаралық  көрмелерге  қойылды. 
Оның əрбір еңбегі бізді жұмбақ та сырлы əлемге жетелей-
ді. Ал өзіндік қолтаңбасын танытқан «Отқа табыну», «Им-
провизаторлар»  деген  туындылары  Мəдениет  министрлігі 
(1993  ж.)  жанындағы  көрмелер  дирекциясының  қорында 
сақтаулы тұр.
Талдықорған  өңірінің  таулы,  сұлу  табиғатында  туып-
өскен Ғазиздің суретшілік көзі – көреген, жан-дүниесі – таза. 
Ол – ақынжанды. Оның ақынжандылығын табиғат көрініс-
терін бейнелеген кескіндемелерінен анық байқауға болады. 
Қарапайым, кішіпейіл, жібек мінезді жайсаң жігіттің туған 
елін  үздік  туындыларымен  қуанта  береріне  сенеміз  жəне 
тілектеспіз.
«Парасат» журналы, № 1, 2002 жыл
ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ – БƏРІНЕН ЖОҒАРЫ»
Ресей Президенті Владимир Путин жуырда өткен бір жи-
ында,  ат  төбеліндей  асқан  байларды  емес,  қара  халықтың 
мүддесін көздейтінін мəлімдеді.

– Маған азғана байлардың тобы емес, қарапайым халық 
дауыс  берген.  Сондықтан,  мен  халықтың  мүддесін  қорғап 
əл-ауқатының жақсаруына қызмет етемін, – деді Ресей бас-
шысы.
XX ғасырдың басында экономикалық жəне саяси дағдары-
сы тереңдеп, бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліс тауып 
тұралаған  Ресейдің  жағдайы  ақыры  Ұлы  төңкеріске  барып 
тірелген.  Оған  тағы  бір  себеп:  халықтың  басым  көпшілігі 
кедейленіп, үстем таптың өктемдігі күшейе түсуінде болса 
керек.
70 жылдық социализмнен кейін капитализмге қайта бет бұр-
ған алып ел – Ресейдің қазіргі халі, халықаралық аренадағы 
алар  орны  аса  тұрақты  деп  айту  қиын.  Байлық  пен  билік 
бөлісімен  өткен  арпалысты  он  жыл  ішінде  бұл  ел  де  ора-
сан  өзгерістерді  бастан  кешіп  келеді.  Ресей  құрамындағы 
Ичкерия  жерінде  қантөгіс  толастар  емес.  Жалпы  елдегі 
экономикалық ахуал ала-құла. Табиғат пен техникалық апат-
тардың жиілеп кетуінің де ел экономикасына кері əсері зор 
екені  мəлім.  Қылмыс  деңгейі  дүниежүзінде  екінші  орынға 
көтерілген...
Дегенмен, жекелеген ірі өндіріс орындары мен басқа да 
байлық көздерін қолдарына ұстап қалған асқан байлар (оли-
гархтар) пайда болып, саясат пен экономикаға өз ықпалдарын 
жүргізіп келе жатқаны белгілі.
Қара халықтан шығып президенттік тақта отырған В.Пу-
тиннің бұл мəлімдемесі, əрине, көпшілікке ұнары сөзсіз.
Бəлкім ол, бұл сөзімен бүгінгі байлық иелерін тəубесіне 
түсіріп, қолдарындағы байлықтың негізгі иесі – халық екенін 
ұмытпауын  ескерткені  шығар.  Халық  тұрмысы  төмендеп 
кетсе,  байлардың  байлығы  «желге  ұшып»  кетері  аса  қиын 
болмайтынын тағы да еске салғаны өзге елге де өнеге болуға 
тиіс қой деп ойлаймыз.
«Түркістан» газеті, № 7, 14-ақпан, 2002 жыл

141
АЗ САНДЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАУЫ...
Ресейдің  «Труд»  газетінің  (№25, 12.02.02 ж.)  бірінші 
бетінде «Қиыр солтүстікте ішу əсіресе денсаулыққа қа-
уіпті»  деген  тақырыпта,  жаппай  маскүнемдік  аз  санды 
халықтардың жойылып бітуіне əкеле жатыр деп бас ма-
қала басылыпты.
Ресей  солтүстігі  жергілікті  халықтарының  саны  бү-
гінде 200 мыңға тақау. Жыл сайын аурудан, оқыс оқи-
ғадан жəне маскүнемдік салдарынан 6 мыңнан 10 мың-
ға дейін адам о дүниеге аттанады екен. Соңғы 10 жылда 
аборигендердің  еркектерінің  өлімі 6,5 есеге  өссе,  əйел-
дердің  өлімі 19 есеге  көбейіп  отыр.  Қайтыс  болғандар-
дың орта жасы – 37.
Газет  тілшісі  А.Сидоровтың  осы  мəселе  жөнінде  қой-
ған сұрақтарына Федерация Кеңесінің мүшесі, Эвенке авто-
номиялық облысы Заң шығарушы жиналысының өкілі Ни-
колай Анисимов жауап берген. 45 солтүстік халықтарының 
жетеуінің қазір саны 1 мыңнан аз қалса, он екісінің саны 2 
мыңға жетпейді.
– Бұл халықтардың азайып кету қаупі күннен-күнге кү-
шейіп келеді, – дейді Н.Анисимов.
– Мен білетін бір поселкіде 408 адам ғана қалды. Олардан 
жыл сайын 10 – 12 адам 30 – 40 жас аралығында өмірмен қош-
тасады.  Мəскүнемдіктің  салдарынан  өзіне-өзі  қолжұмсау 
мен бақытсыздық жағдайы ұлғайып барады. Осыдан 40 жыл 
бұрын Удеге халқының саны 1600 адам болса, бүгінде соның 
жартысына жуығы ғана қалған. Бір поселкіде бір түнде «Рой-
ял»  спиртінен  уланып 12 үздік  қызметкерлер  (балықшы, 
аңшы,  маралшы)  қаза  болған...  Маскүнемдікке  салынудың 
тағы  бір  себебі:  бұл  жақта  бел  алған  жұмыссыздық  пен 
ертеңгі  күнге  деген  сенімсіздік.  Солтүстік  халықтарының 
денсаулығының  араққа  қарсы  төзімсіздігінен  өзге  ұлтқа 
қарағанда маскүнемдікпен өлу 16 – 20 есе жоғары. Мұндай 
қайғылы жағдайға барудың тағы бір себебі, бұл елдің арақ 
ішудің мөлшерін білмеуінде.

142
Сөзінің  соңында  Н.Анисимов:  бұл  халықтар  ғана  емес, 
жалпы  Ресейде  болжам  бойынша 15 жылдан  соң  адам  са-
ны 130 млн-ға  əрең  жетіп  қалар.  Ал  бүгінде  елімізде 100-
ден астам ұлттар мен ұлыстар бар десек сол уақытта оның 
саны 20 – 30-ға азайып қалар. Елімізде ішімдік ішу қауіпті 
деңгейден екі есе асып отыр, – дейді заңгер.
Ресейдің  осы  аз  санды  халықтарының  бұл  қайғы-қасі-
ретін оқып-біліп отырып, еріксіз өз ұлтымыздың да басын-
дағы  осыған  ұқсас  күйді  еске  алмау  мүмкін  емес.  Екінші 
дүниежүзілік  соғыста  алғаш  аузына  арақтың  дəмін  татқан 
қазақ жауынгерлері соғыстан соң Жеңіс қуанышын тойлау-
дан бастап, бүкіл өміріндегі ірілі-ұсақты қуанышты арақсыз 
өткізген емес. Бұл дерт əсіресе той-томалағы көп қазақ хал-
қының  «ұлттық  дəстүріне»  айналып  жүре  берген...  Бірақ, 
ата-бабасынан  араққа  үйренбеген  ел  денсаулығы  тез  ула-
нып,  уақыт  өте  келе  оның  соңы  əртүрлі  ауыр  жағдайларға 
соқтырып жатқанын қалай жасырамыз. Бізде де орын алып 
отырған жұмыссыздық пен шарасыздықтың салдарынан бел 
алған  қылмыс  пен  кісі  өлімінің  көп  себептері  де  осы  мас-
күнемдікте  жатыр.  Халқымыздың  болашағына  балтадай 
тиіп тұрған бұл «отты судан» (сібір халқының сөзі) ел болып 
есімізді жимасақ, ертеңімізді елестету тым қиындап кетері 
шындық болса керек.
«Түркістан» газеті, 14-ақпан, 2002 жыл
БАРАҚ БАТЫР ТОЙЫНДА
Сан бояуға малынған Алтайдың алтын күзі Күршім өңі-
ріне де бар сəн-салтанатымен орнығыпты.
Қазанның 3 – 4-жұлдызы желсіз, ашық ауа райымен ұлы 
тойға жиналған қауымды жылы шуағына бөледі.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өткен тойға 
арнайы шақырумен Алматыдан Қазақстан Жазушылар одағы 
төрағасының  орынбасары  Талаптан  Ахметжан  бастаған 

143
ақын-жазушылар барды: Қ.Ілиясов, Ж.Бəдеш, Ж.Кенжалин, 
Х.Əмреұлы, Ə.Қайырбеков, Б.Қарабеков.
Алматыдан келген бұл қауымға жергілікті жұрт риза бол-
са, жасының ұлғайғанына қарамастан батыр тойына Қасым 
ағаның арнайы келуіне аса қуанысты.
Барақ бабаның тікелей ұрпағы өмір сүріп жатқан Теректі-
бұлақ ауылындағы мектеп алдында өткен көпшілік жиында, 
кешкісін аудандық мəдениет үйіндегі ғылыми-танымдық кон-
ференцияда сөйлеген сөзінде Қасым Қайсенов былай деді:
– Батыр рухы, батыр есімі өзі өмірден озғалы екі ғасырдан 
асса  да  тарихи  қиянатты  тартып  келеді.  Неге  десеңіз  осы 
Көкжарлы Көкжал Барақтың қолынан қаза тапқан қалмақ ба-
тыры  Күршімнің  атында  Күршім  өзені,  Күршім  ауданы, 
Күршім жері аталады. Ал, туған өлкесін, бүкіл қазақ жерін 
жоңғар  басқыншыларынан  азат  етіскен, «Хан  батырлары» 
қатарында болған, Қаракерей Қабанбайдың оң қолы ретінде 
бір түменді (он мың əскер) басқарған қазақтың ғажап, əйгілі 
батыры  Барақтың  есімі  тарихтан  лайықты  орын  алмай  ке-
леді.  Мен  осыған  налимын.  Осыдан  он  жыл  бұрын  бұл 
батырдың 290 жылдығы  өткен  асқа  да  қатысқан  едік.  Сол 
тойда айтылған ұсыныс, пікір, ойлар онша жүзеге асқан жоқ. 
Неге батыр рухы қиянат шеге беруге тиіс.
Батыр  есімі  ұрпағын  ерлікке,  бірлікке,  отансүйгіштікке 
шақырып  аспандап  тұруы  керек.  Неге  батыр  есімімен  осы 
Күршім ауданы аталмасқа...
Иə, тарихта Қаракерей Қабанбай айтты деген бір сөз бар, 
ол ата жауы қалмақты түре қуып, батырларын жер жастан-
дыра келіп: «Қалмақтың батырларының басы қалған жерде 
олардың аты қалсын. Бірақ енді қайтып жерімізді олардың 
атының тұяғы баспасын», – деген екен.
Содан  да  бəлкім  «Қаскелең», «Шамалған», «Күршім», 
«Шаған» деген қалмақ батырларының есімдері қалған болар.
Дегенмен,  Қаскелең  ауданын  ұрпағы  Қарасай  батыр 
бабасының  есімімен  қайта  атағаны  секілді,  Барақ  есімімен 
де Күршімді ауыстырса – тарихи əділеттілік орнар еді. Бұл 
тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің өзін-өзі танып, тəуелсіздігі 
жолында қан төккен айтулы перзенттеріне құрметі болар еді. 

144
Неге сонау Петропавловскіде Қарасай мен Ағынтай батыр-
ларға  орнатылған  үлкен  ескерткіш  секілді  Өскемен  қала-
сында  облыстық  əкімшілік  алдындағы  Ленин  ескерткіші-
нің орнына Қабанбай мен Барақ батырға ескерткіш орнатыл-
масқа?  Неге  бұл  қалада  қазақ  батырларына  көше  аттары 
берілмейді?
Осы бір олқылықтардың орны толса біз қандай елміз, ба-
тыр бабаларымызды қалай құрметтейміз, соны көрсетер едік. 
Өйткені бұлар көздері тірі кезінде есімдері ұранға айналған, 
бүгінде  де  аспанымызда  біздерді  желеп-жебеп  жүрген  ұлы 
рухтар!
Қаһарман Қасым аға сөзін жиналған қауым қызу қолдап, 
зор қошеметпен қол соқты. Қасым аға айтқан ұсыныс халық-
тың көкейіндегісін дəл тапқандай еді.
Аудан əкімі Қонысбай Төлеубе ков мырза:
– Халқымыздың ардақты ұлы, даңқты жерлесіміз, Барақ 
батырдың  бүгінгі  кезіндей  арамыздағы  қаһарман  Қасым 
ағаның тойға келуі, сөз сөйлеп батасын беруі бəрімізге ұмы-
тылмастай қуаныш, – дей келіп, бүкіл аудан халқының аты-
нан  қаһарман  жазушыға  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр  тілеп, 
«елдің мінгізген арғымағы» деп, «Волга» машинасының кіл-
тін тапсырды.
Сондай-ақ  аудан  əкімі  бұл  тойға  демеушілік  жасаған 
жерлес  азаматтар:  Өскемен  қорғасын  мырыш  комбинаты 
АҚ-ның  президенті  Бағдат  Шаяхметовке,  Қайрат  Исен-
баевқа,  Өнерхан  Ағажаевқа,  Атан тай  Мейірбаевқа,  Бақыт 
Əміреновке,  Əлімжан  Арпабаевқа,  Амантай  Бакинге,  т  б. 
қолұшын бергендерге алғысын білдірді.
Сол күні ақындар айтысы өтіп, соңы өнерпаздар концер-
тімен аяқталды. Келесі күні ипподромда ат жарысы, балуан-
дар күресі өтіп, түс кезінде батыр рухына бағышталып үлкен 
ас берілді, құран оқылды.
Батыр  бабаны  еске  алып  өткен  бұл  жиын  бүгінгі  ұрпа-
ғын бір сілкіндіріп елі мен жеріне деген ойын оятып, сүйіс-
пеншілігін арттырған ұлағатты мереке болып өтті.
«Жас Алаш», № 122, 12-қазан, 2002 жыл

145
МҰЗ-АҒАНЫҢ МЕКТЕБІ
...1974  жыл,  қыркүйек  айының  алғашқы  күндері.  Алма-
ты көркемсурет училищесінің жатақханасынан орын аларда 
бір бөлмеде жолыққан, сөзі мен қимылы тым пысық, тапал 
бойлы  қысық  көз  жігіт  өзін  «Мұхамеджан  Əлімбаев»  деп 
таныстырды  (қазір  белгілі  өнертанушы).  Газет-журналдан, 
кітаптардан  таныс  «Əлімбаев»  деген  фамилияны  естігенде 
«Мұзафар Əлімбаев туысың емес пе?» деп сұраппын. Ол да 
маған тура қараған күйі: «туған ағам» деп қойып қалды. Мен 
де  күмəн  келтірмей,  сеніп  қалайын.  Бірақ  ішімнен  «туған 
ағасы  дырдай  ақын  болса  мына  жатақханадан  орын  алып 
несі бар» деген жүйрік ой санамда жүгіріп өткені де рас.
Сөйтіп  біз,  студенттік  өмірдің  қызығы  мен  шыжығына 
бойлай  бердік.  Кейде  ойыма  түскенде  Мұхамеджаннан  сұ-
рап  қоямын; «Ақын  ағаңның  үйіне  барып  тұрасың  ба?» – 
деп.  Ол  əр  кезде  əрқилы  жалтарма  жауап  береді.  Бір  күні 
менің  көңілімді  орнықтырғысы  келгендей,  Мұз-ағаның  бір 
фотосуретін көрсетті. Суреттің сыртына «Əлімбай əулетіне» 
деп, қол қойып берген екен. Мұз-ағаны Мұхамеджанның туған 
ағасы дегенге сеніңкіреп қалдым. Дегенмен, екінші курсқа 
көшсек  те  Мұхамеджанның  ағасының  үйіне  баруға  құлқы 
жоғынан  оның  туыстығында  бір  шикілік  барын  сезгендей 
болдым. Келесі бір жылы Мұхамеджан үйленіп, алғашында 
пəтер жалдап, кейіннен жеке бір үй сатып алды. Ол алған үйі 
Мұз-ағаның  үйіне  көрші  болып  шығыпты.  Мұхамеджанға 
барып жүріп кешкі серуенге үнемі шығатын Мұз-ағамен та-
ныстым. Училищені бітіріп, театр-көркемсурет (қазіргі Өнер 
академиясы) институтына түскеннен кейін бір жолы менің 
плэнерлік  жұмыстарымды  көріп  ұнатып,  өзі  басқаратын 
«Балдырған» журналына қатысып тұруға шақырды.
Тағы да бір жолы, «журналға көркемдеуші редакторлық 
қызметті берсем атқарып кетесің бе?», деп барлай сұраған. 
Мен балаларға арнап сурет салып төселмегендігімді, өзім əлі 
студент екендігімді көлденең тартып, ағаның ұсынысына рақ-
мет айтып, бас тартып көріп едім, Мұз-аға: «ештеңе етпейді, 
үйреніп кетесің. Мына суреттеріңнен байқап тұрмын, бояу 

146
сезінуің,  композиция  құруың  жақсы.  Сабағыңды  да  оқы, 
жұмысты да істе», – деп кесіп айтты. Мұхамеджан да Мұз-
ағаның ұсынысын құптап, көңіліме жел берді... Сөйтіп 1982 
жылдың 1 наурызынан  «Балдырған»  журналының  қызмет-
кері болып шыға келдім.
Бірақ,  журналдың  жауапты  хатшысы  Сұлтан  Қалиев  ме-
ні  жатырқай  қарсы  алды.  Онысы  да  орынды.  Біріншіден, 
«Балдырғанға» қатысып жүрген кəнігі суретшілер қатарынан 
емеспін. Екіншіден, əлі тұрақты пропискасы жоқ студентпін. 
Осы  екінші  себепті  сылтауратып  Сұлтан  еңбек  заңдылығы 
бойынша  деп,  маған  əр  үш  ай  сайын  қызметтен  босататын 
жəне қайта уақытша жұмысқа алатын бұйрық жазады. Осын-
дай  бұйрыққа  төртінші  рет  қол  қоярда  Мұз-аға  шарт  кетті. 
Менің көзімше Сұлтанға «бұл немене, өстіп əр үш ай сайын 
Еркінді жұмыстан бір шығарып, қайта алып отырамыз ба? Да-
вай, тұрақты жұмысқа бұйрық жаз» – деп, дауысын қатайтты. 
Сұлтан: – Мұз-аға, тұрақты пропискасы жоқ адамды... деп келе 
жатыр еді, – Өзім жауап беремін. Жаз бұйрықты! – деп, сөзін 
бөліп жіберді. Лаж жоқ, Сұлтекең өз бөлмесіне беттеді. Мен 
қасында еріп келемін. Сұлтан орнына отырда да, маған қарап 
қызарыңқырай  езу  тартып: – Мұз-аға  заңды  біле  бермейді. 
Сосын  да  белден  басып  отыр, – деді  өкпелегендей.  Сөйтіп, 
Мұз-ағаның «белден басуымен» бір жылдан соң көркемдеуші 
редакторлық жұмысымды тұрақты түрде жалғастырдым.
Мұз-ағаның  қарамағында  қызмет  істеу  əрі  қызық,  əрі 
қиындау.  Қызығы  өзі  де  бала  көңілді,  ақынжанды  адам-
да  қатып  қалған  бюрократия  жоқ.  Бірақ,  жұмысқа  талап 
қатаң.  Жұмысқа  келіп-кетуіңді  қадағаламаса  да  шаруаңа 
салақсығаныңды  көтермейді.  Салынған  суреттер  сапасыз 
болса  бір-екі  рет  жəймен  түсіндіріп,  ілгерідегі  суретші  ре-
дакторларды  үлгі  ете  үйретеді.  Сосын  тағы  да  кемшілікті 
қайталасаң шарт кетеді. Бір жолы бір суретшінің солғындау 
суретін ортасынан айырып лақтырып жібергені де бар. Мұз-
ағаның барлық ойы суреттердің балаларға қызықты, соларға 
түсінікті,  танымдылығы  жағынан  нақты  болғанын  назарда 
ұстайтын.  Əсіресе  суретте  бейнеленген  балалар  бейнесінің 
сүйкімді,  əдемі,  қазақи  шығуын  қатты  тапсыратын.  Мұз-

147
ағаның ерекше құрметтеп, үнемі үлгі етіп айтып отыратын 
суретшісі – Балтабай Табылдиев еді.
Мұз-аға  барлық  жан-тəнімен  «Балдырғанның»  жұмысы-
мен  жүріп-ақ  өзге  газет-журналдарда  зерттеу  мақалалары, 
өлеңдері, нақылдары, т.б. жазбалары шығып жататын.
Жалпы Мұз-ағаның еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, білім-
дарлығы өзгеше. Бірде «Білім жəне еңбек» журналының бас 
редакторы, белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбековтің: «Мұз-
аға таза ғылыммен айналысса баяғыда доктор, академик бо-
латын адам ғой» – дегені есімде қалыпты. Бұл да болашақ 
ғалым  Ақаңның  Мұз-ағаның  бойындағы  табиғи  ғалымдық 
қасиетін мойындағаны болар. Бірақ, соған қарамастан Мұз-
аға өзін ғылымнан емес, поэзиядан іздейтіні анық байқалар 
еді. Кейде: «тыңдашы, мына өлең қалай шығыпты» деп жаңа 
туған  жыр  жолдарын  оқып  беретін.  Өзі  де  сəтті  шыққан 
шумақтарға риза болып, жүзі бал-бұл жанып, жаны жадырап, 
рахаттанып отыратын. «Қазақ əдебиеті» газетіне Мұз-ағаның 
əзіл сурет-шарждарын шығарған сайын: – Иə, ағай, суретіңізді 
көрдік, – деп, мəз болып күлетін. Кей тұста «қаттырақ» əзіл-
деп  жіберсем  де  мынауыңда  тым  əсірелеп  жіберіпсің  деп 
(кейбір  ағаларымыздай)  ренжіген  емес.  Қайта  орыстың, 
басқа  елдің  əзілқой  суретшілерінен  мысалдар  келтіретін. 
Битструптың қалың кітабын тағы басқа суретшілердің кітап-
тарын қарап шығуыма əкеліп беретін. Əсіресе, Игиннің бір 
ғана  Михаил  Светловқа  арналған  шарждарынан  бір  кітап 
етіп  шығарған  басылымын  көрсетіп,  таныстырған.  Өзі  бі-
летін  əдебиет  пен  өнердегі  көптеген  оқиғалар  мен  əзілге 
қатысты естеліктерді ерінбей əңгімелейтін. Менің өзге ақын-
жазушыларға  салған  əзіл  суреттерімнің  сəттілеріне  қуана 
қол  соғып  отыратын.  Жазушы  Ахат  Жақсыбаевтың  əзіл 
суреті шыққан күні кешінде бір қонақта бірге болып қалса 
керек. Ахат інісі Мұз-ағаның қасынан орын алыпты (суретте 
Ахаңды қырынан бейнелегенмін) – Ахатқа қарасам «Қазақ 
əдебиетіндегі»  суреті  көз  алдыма  елестеп  күлкімді  тия  ал-
самшы... – деген  еді.  Əйгілі  əртіс  Нұрмұқан  Жантөриннің 
«Өркен»  газетіне  шыққан  жолбарысқа  ұқсас  əзіл  суретіне 
аса риза болып «мына суретің осыған дейінгі суреттеріңнің 

ішіндегі  құдайскийі. «Құдайский»  дегеннің  аудармасы – 
классический деген сөз», – деп көтере баға берген-ді,
Шарж суреттердің сол жылдары көптеп шығуына «Қазақ 
əдебиетінде» Шер-аға қозғау салса, жұмыс орным «Балдырған-
да» Мұз-аға қолдау көрсетіп отырды. Ал бұл «өнердің» бас-
талуына да мұрындық болған сол баяғы студенттік кездегі 
дос Мұхамеджан Əлімбаев еді. Мұхамеджанның туыстығы 
жағынан үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, ол – Қызыл-
ордадан, Мұз-аға – Павлодардан екендігін білген соң, кезін-
де  неге  «туған  ағам»  деп  айттың,  десем,  Мұхамеджан: – 
Мұз-ағаңдай асыл ағаны «туған ағам» десем оның несі айып. 
Былай да рухани інісімін ғой. Сені де міне Мұз-ағаның мек-
тебіне түсірдім. Ол кісі əлі саған да туған ағадай болады, – 
деп сөз тауып кеткен.
Иə, Мұхамеджан айтқандай Мұз-аға қалам ұстаған көп-
теген жастарға, жасамыстарға рухани аға, кейбіреуімізге ру-
хани əкедей – аяулы тұлға. Отыз жылдай «Балдырған» жур-
налында  бас  редактор  бола  отырып,  қаншама  балалар  əде-
биетінің  өкілдерін  тəрбиелеп  шығарды.  Қаншама  балалар 
əдебиетін көркемдейтін суретшілер, балаларға музыка жаза-
тын композиторлар Мұз-ағаның мектебінен өтті.
Мұз-аға қазір денсаулығына байланысты сыртқа көп шық-
паса да қашан барсам да жұмыс үстелінің басында. Сол баяғы 
дағдысы.  Тынымсыз  еңбек.  Өзіне  ғана  белгілі  бұрқыраған 
қағаздардан керегін тауып алады, жаңа жазғанын «өз орны-
на» қояды... Шаршау білмес шығармашылық ізденісте, Ша-
пау  апайдың  демдеп  берген  шайын  ішіп,  құлшына  қалам 
сілтейді.
Сексендегі  серпініңізбен  тоқсанға  тоқырамай  жетіңіз. 
Мұз-аға! Арғы жағын Қасым ағамыз айтқандай «Құдай бер-
се көрерсіз», – дегім келеді.
«Қазақ əдебиеті» газеті, № 42, 10-қазан, 2003 жыл
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет