Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет11/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

ЗЫМЫРАННАН ШЕККЕН ЗАРДАП,
КӨРГЕН ЗИЯН БІР БҮГІН БЕ?
5-шілдеде 1999 ж. Байқоңырдан ұшырылған Ресейдің 1000 
тоннаға тарта салмағы бар «Протон» зымыраны Қарағанды 
облысына құлап, 600 гектар жерді өртеп, ауаны улап, радиа-
ция деңгейін сағатына 22 микрорентгенге (шегі – сағатына 
14 – 16 микрорентген) көтерген апаты қазақ елі үшін жығыл-
ған үстіне жұдырыққа айналып отыр. Зымырандағы гептил 
сұйығы жерге сіңіп кеткен.
Бұл төтенше оқиғаға байланысты Астанада өткен баспа-
сөз  мəслихатында  Байқоңыр  ғарыш  айлағына  байланысты 
көптеген  құпияның  беті  ашылғандай  болды.  Осы  мəселеге 
байланысты Қазақстан тарапынан құрылған үкіметтік комис-
сиясының төрағасы, вице-премьер Александр Павловтың ай-
туына қарағанда ««Байқоныр ғарыш айлағын жалға пайда-
ланғаны  үшін  Ресей  Қазақстанға  жылына 115 млн.  АҚШ 
долларын төлеу қажет екен. Бірақ, Ресейден біздің ел қазы-
насына əлі көк тиын түспеген.
«Протон» – Ресей ғарыш агенттігінің соңғы 10 жыл бо-
йы  пайдаланып  келе  жатқан  ауыр  зымыраны.  Ол 95 рет 
ғарыш  кеңістігіне  ұшырылып,  жер  орбитасына 140 серік 
шығарған.  Осыншама  уақыт  ішінде  бұл  зымырандардың 
апатқа  ұшырағандары  аз  емес.  Бұл  жолы  Сарыарқа  төсіне 
шашылып түскен «Протон» – алтыншы.
Тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Əубəкіров бұл апаттардың 
миллиондаған  бас  киіктерді  жойып,  қаншама  адамдарды 
ауруға ұшыратып, бұл дүниеден опат болуына себепші бол-
ғандығын ашына айтты.
Бұл осы кейінгі онжылдықтағы зымыраннан келген зар-
даптар болса, сонау 1960-жылдардан бері КСРО-ның «темір 
құпия» саясаты кезінде қаншама жойқын апаттар жайлы ауыз 
ашып айта алдық па? Мəселен, мен өз басым 1971 – 1973 жыл-
дары Байқоңыр ғарыш айлағында əскери міндетімді атқарған 
кезде біраз апаттарды көзім көрді. Көрші əскери бөлімдерде 
(площадкаларда) құлап немесе жарылысқа ұшыраған зымы-
рандардан  сан  рет  сақтанып,  противогазымызды  киіп,  геп-

124
тилден  пайда  болған  «саңырауқұлақ»  ауаға  жайылып  кет-
кенше окопта тығылып отырған кездер болған-ды.
Сондай  бір  жойқын  апат 1971 жылы  жаз  айында  «Гер-
кулес»  атты 500 тоннадан  астам  жанармайы  бар  зымыран 
тасығыштың (алты бүйірлі) таңға жуық ұшырылып, бір уа-
қытта аспанда жарылып, аспан мен жердің арасы қып-қызыл 
өртке оранғандығын көрген едім. К. Брюлловтың «Помпей-
дің соңғы күні» атты картинасындағы жанартаудан атқыла-
ған оттың сан түрлі бояуларынан да жойқын суретті көруге 
тура келді Бізден ересек əскер қатарында болғандардың ай-
туына  қарағанда  дəл  осындай  зымыран  тасығыш  екі  жыл 
бұрын да осылай апатқа ұшырапты. Тек екі жылдан соң 1973 
жылы көктемде ғана «Геркулес» зымыран тасығыш ғарышқа 
сəтті  көтеріле  алды.  Кейде  зымырандардың  стартта  тұрып 
ақ жарылған оқиғалары болған көрінеді. Біз қызмет істеген 
əскери бөлімнің қоқыс төгер бөлігіндегі ракеталардың сан-
сыз  жарықшақтары  небір  ғаламат  оқиғалардың  дəлеліндей 
жатушы еді. Тағы бір еске алар оқиға, сол жылы «Украще-
ние огня» көркемсуретті фильм біздің бөлімде түсірілді.
Ал,  оған  дейін  де,  одан  кейін  де  қаншама  зымыран 
тасығыштар  қазақ  жеріне  от  сеуіп,  жалын  шашып,  у  төкті 
десеңізші...  Қайран  Атамекен...  Кезінде  КСРО-ның,  қазір 
ұлы көршіміз Ресейдің абырой-даңқын, əскери күш-қуатын 
əлемге  таныту  үшін  қасірет  пен  зардапты,  залал  мен  сой-
қанды бастан кешіріп жатырсың. Ең болмағанда осынау улы 
дүниенің ортасында отырып, уланған жерің мен есеңгіреген 
еліңнің есін жиюына сəл септігі тиер деген «жалақыңды» да 
алақаныңа  салмай  зарықтырғаны  мынау.  Қолдан  жасаған 
тозағынан соң бұл мазағы ма, жоқ əлде басынғаны ма ?.. Қа-
лай десек те сиятындай...
Ол  аз  десеңіз  Ресейдің  сыңар  езу  саясатшылары  (гене-
рал  Шапошников  секілді),  БАҚ  өкілдері  мұндай  апаттан 
Қазақстанға  ешқандай  зиян  келмегенін,  ал  «олардың  (біз-
дің – Е. Н.) дүрлігуі жалақыны көбейтудің амалы» деп, кінə-
ні  бізге  қарай  аударғылары  келетіні  жанға  батады.  Ресей 
біреуге ақыл айтып жөн көрсетуге келгенде майталман. Мы-
салы,  Черномырдиннің  Югославияға  байланысты  НАТО-

125
ны  айыптап  «кім  бүлдірсе  сол  жөндеуге  міндетті»  деп  (ал 
өздерінің қираған Чешенстанды, анау Ауғанстанды қалпына 
келтіру  ойына  келмесе  де)  көрсеткен  көсемдігін  өз  еліне 
қарата  айтсақ:  біздің  еліміз  бен  жерімізге  келтірген  зиян 
мен шығын атаулының орнын толтыруға, қалпына келтіруге 
ең  алдымен  Ресей  жауапты,  міндетті  екендіктерін  тағы  да 
естеріне сала кетудің еш артықтығы жоқ.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР САТЫЛА МА?
Əлем алпауыттарын өзінің жер көлемі жəне қазба байлы-
ғымен  қатты  қызықтырып  отырған,  бар-жоғы 15 млн.  тұр-
ғын халқы бар Қазақстан секілді оң мен солын енді танып келе 
жатқан жас мемлекет үшін бұл оңай мəселе болмаса керек.
Иə, көптеген инвесторлар үлкен қаржысын тек осы мəсе-
ле шешілмей тұрған соң бəлкім іркіп отыр ма, кім білсін?.. 
Олар ақшасын алыстан көрсетіп, ақылын құлақ түбінен сы-
бырлап,  мүмкін  бізге  осындай  заңды  қабылдауымызға  ке-
ңес  те  берер.  Дегенмен,  бұл  тарихи  маңызы  бар  құжатты 
қабылдауда үкімет те, парламент те жəне Елбасы да баста-
рын  қаттырақ  ауыртқандары  жөн  болар.  Өйткені,  сырттан 
келген  инвесторларға  жер  сатылар  болса,  олар  өзіміздің 
тізесінен  енді  тұрып  келе  жатқан  байларымыздай 10, 100 
гектар  деп  ұсақталмай, 10 000-даған  гектар  деп  қолды  мо-
лынан  салса  жəне  қазба  байлығы  бұғып  жатқан  қазыналы 
жеріңізге көзі түссе қайтерсіз?.. Сондықтан жаңа заңда Қа-
зақстан  азаматтығы  жоқ  жұртқа  деген  көзқарас  өте-мөте 
өткір болғаны керек сияқты.
Естуімізше  жер  десең  жері,  ел  десең  елі  бар  көршіміз 
Ресейде,  ақшалы  да  қалталылар  мекені – Араб  елдері  мен 
Израильде жер сатылмайтын көрінеді. Біздегі 15 млн. халық 
оның жартысына жетер жетпес қазақ халқының əсіресе осы 
мəселеде ұлттық мүддесіне үлкен қауіп төнетіні аз айтылып 
жатқан жоқ. Парламент осындай ішкі, сыртқы факторларға 
аса жітік қарауы тиіс деп ойлаймыз.
Жер сату мəселесі – Қазақстан үшін экономикалық тиім-
ділікті көздеу ғана емес мемлекеттің қауіпсіздігін ойлау – өз 

126
елімізде өзіміз қожа болып, тəуелсіздігімізді сақтап қалуда 
екені сөзсіз.
ДЕПУТАТТАР ЖЕҢІЛДІК СҰРАЙДЫ
Жазғы демалыстан оралған Мəжіліс депутаттары алғаш-
қы  отырысында  Үкіметке  шүйліккен  сын  пікірлерімен 
қабат,  өз  жағдайларын  əлі  де  жақсарта  түсуді  ұмытпаған 
секілді.  Депутат  Николай  Щербинин  мырза  депутаттар  от-
басына  тегін  дəрігерлік  қызмет  көрсетуді  жəне  Астанада 
Есіл өзенінің сол жағынан саяжайы бар тұрғын үйлерді са-
лып  беруді  үкіметтен  сұрау  жөнінде  ұсыныс  айтса  керек. 
Бұл ұсынысты депутаттар Əлімжанов, Черкашина, Егоров-
тар қызу қолдаған көрінеді. Естуімізше айлық жалақылары 
60 – 70 мың  теңге  алатын  «халық  қалаулыларына»  ақылы 
медицина  ауырлық  еткенде,  айлық  жалақысы 6 – 7 мың 
теңге  алатын  көпшіліктің  жаны  не  деген  сірі,  төзімдері 
қандай берік?! Оған зейнетақыларына 3 – 4 мың теңге ала-
тын  зейнеткерлерді,  жұмыстан  қысқарған  жұмыссыздарды 
жəне  оқушы-студенттерді  қосыңыз.  Депутаттардың  тағы 
да қандай жеңілдіктері бар екенін қайдам, əйтеуір олардың 
жағдайы қарапайым жұртқа қарағанда көш ілгері екендігін 
мектептегі балаға дейін біледі. Соған қарамастан өз отбасы-
ларына  тегін  дəрігерлік  қызмет  сұраған 3 – 4 депутат  пен 
оларды үнсіз қолдаған қалған Парламент мүшелері «алтын 
көрсе, періште жолдан таядының» жарқын мысалындай. Де-
путаттарды періштеге теңеу – періштенің атына аса қиянат 
боларын айтпағанда бұл «халық қалаулыларының» 40 пайы-
зы кəсіпкерлікпен айналысқан қалталы да, ауқатты жандар 
екені  жұртқа  белгілі.  Осыдан  кейін  қалың  жұрт  жоғары 
өкілетті  орынға,  өз  араларынан  қандай  адамдарды  таңдап, 
кімдерге дауыс бергендеріне өкіне ме, қайтеді?
Егер,  депутат  мырзалар  алдымен  өз  отбасыларына  жеңіл-
дік  сұрамай  ақылы  медицина  мен  ақылы  оқуды  көтеретін 
халықтың жағдайы жоқтығын сөз етіп, осы қиындықтардан 
елді  қалай  құтқаруды  кеңескенінде,  бəлкім, «халық  қалау-

127
лылары»  деген  абыройлы  атқа  лайық  азамат  екендіктерін 
дəлелдер ме еді?..
«Түркістан» газеті, 29-маусым, 2001 жыл
ҚОЙМАЛАРДАҒЫ ҚОПАРЫЛЫС
ҚОРҒАНЫС КҮШІМІЗГЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРЕДІ...
Балқаш өңіріндегі Сарышаған полигонында артиллерия-
лық  қоймалардағы  жарылыстар  мен  өрттің  өршігеніне 
оныншы тəулікке ауысып барады. Жер астына жасырынған 
бұл алып қоймалар көлемі 1 мың гектардан асатын көрінеді. 
Кезінде қорғаныс күшімен əлемді аузына қаратқан Кеңестер 
Одағының  мол  қазынасы,  сынақ  алаңы,  стратегиялық  аса 
маңызды күш-қуаты қазақ жеріне шоғырландырылғаны бел-
гілі. Одақ ыдырап, қарулы күштің бетке шығар қаймағын Ре-
сей өзіне «сыпырып» алғанда бізде тек қаңыраған қалалар, 
үңірейген шахталар, түсініксіз төмпешіктер қалған-ды. Бұл 
қоймалар  сол  бай  мұраның  сарқыншақтары  болса  керек. 
Білетіндердің  айтуына  қарағанда («Известия», 11.08.01 ж.) 
оқ-дəрілер мен мина, снарядтар сонау Ауғанстан (1989 ж.) 
мен Армениядан (1988 ж.) да əкелінген екен.
Жер  астында  жарылып  жер  үстін  майдан  даласына  ай-
налдырған  ондаған  мың  тонна  оқ-дəрілер  əлі  жарылып  та, 
өртеніп те бола алмай жатыр.
Тоқырау елді мекенінен ел көшіріліп, үй-жайлары қирап 
қалған тұрғындар № 89533 əскери бөлімді тастап кетуге мəж-
бүр болған.
Тəуелсіздік  алған  жылдардан  бері  ел  қорғаны  атанған 
қорғаныс саламыз өзімізді де өзге елді де оқыс оқиғалармен 
таң қалдырумен келеді.
Тəжірибелі əскери басшы, № 1-ші Халық қаһарманы, гене-
рал С.Нұрмағамбетов қорғаныс министрі болып тұрған кезде 
орынбасары генерал Сапсай қылмысты деп табылып жауап-
қа  тартылды.  Əскерде  берекесіздік  қанат  жайып,  əскерден 
қашушылар (дизертирлер) мен өзіне қол жұмсаушылар саны 

128
өсті.  Халық  балаларын  əскерге  жіберуден  сескеніп  қалды. 
Генерал Алтынбаевтың басшылығы тұсыңда əскер енді есін 
жиып келе жатқанда алдымен алты ұшақ ұсталып, кейін 44 
ұшақтың Солтүстік Кореяға заңсыз сатылғаны, ал сатылуға 
тиіс 104 (!) ұшақ жөнінде келісімге қол қойылғаны жөніндегі 
ақпараттар əлемді аузына қаратты.
Қорғаныс  министрлігінің  басшылығына  генерал  Сəт 
Тоқпақбаев келгенде жұрт оны сəтімен келген басшыға жо-
рыған-ды.  Бірақ  көп  ұзамай  əскери  тікұшақтардың  құлап 
түсу оқиғалары көрініс берген. Біреуі министрдің өзі мінген 
тіқұшағы.  Құдай  сəтін  салғанда  министрдің  өзі  дін  аман... 
Енді міне, елді елеңдетіп, Балқаш өңірін өрт пен жарылыс 
жайлап барады... Оның себебі əзірге беймəлім.
«Түркістан» газеті, № 33, 18-тамыз, 2001 жыл
ҚАБЫРҒА БҰЗУ – ҮЙДІ ҚИРАТУ ЕМЕС ПЕ?
1987 жылы Арменияда болған жойқын жер сілкінісінде, 
əсіресе  Спитақ  трагедиясынан  соң  КСРО-ның  орталық 
газеттерінің бірінде үйлердің жаппай қирауының бір себебі: 
«Мемлекеттік стандарт бойынша салынған көпқабатты үй-
лерде  (Спитак  жəне  басқа  қалаларда)  тұратын  қалталы 
тұрғындар  пəтерлерін  кеңейтіп,  өз  тұрғысынан  қайта  «ре-
конструкция»  жасау  мақсатында  бөлмелер  арасындағы  қа-
бырғаларды алып тастауы еді», – дегенді жазған. Соның сал-
дарынан жер сілкінісі кезінде белгілі бір табиғат апатына шы-
дамды деп есептеп салынған үйлер жер қозғалысына төтеп 
бере  алмаған  көрінеді...  Үй  кеңейту  жаппай  өріс  алған  қа-
ла – ақырзаманды өз қолдарымен жақындатқандарын сезбе-
се керек. «Артық дəулет бас жарады, бас жармаса тас жара-
ды» деген осы ма, деп те ойлайсың.
Кеңес  дəуірінде  мұндай  «науқан»  бізде  байқалмағаны-
мен, бүгіндері «жаңақазақтар» – қалталы жұрттар пайда бол-
ғалы көпқабатты үйлерде қабырғалар алынып, аулада қап-қап 
бетон қиыршықтарының үйіліп жатуы үйреншікті көрініске 

129
айналып барады. Ел тұрып жатқан үйлерде шаң бұрқырап, 
электродрель  дүрілдеп, «жаңа  құрылыстар»  жалғасуда... 
Құдай өзі сақтасын, Алматы қаласы да Алатаудың бауыры 
мен сауырына тырмысып, жабысып тұрған жағдайында, жер 
сілкінісінің  қауіпті  аймағына  орналасқанын  ескерсек,  осы 
қабырға бұзу біздің қала үшін асқан қауіпті іс-əрекет болып 
табылса керек. «Ақылды адам өзгенің қателігінен үйренеді, 
ақымақ  өз  басынан  кешеді» – деген  халық  нақылын  еске 
алсақ,  Спитак  секілді  қалалар  трагедиясынан  сабақ  алған 
артық болмас. Бірақ мұндай істе өзінің қай кезде өлерін біл-
мес  өлермен  тоғышарларға  тоқтау  айтып,  тоқтамағаны-
на  қатаң  талап  қойып,  немесе  айып  салып  есін  жиғызатын 
да – қалалық əкімшілік пен заң орындары. Бес, жеті, тоғыз 
қабатты үйлердегі пəтерлерінің асүйі, жатар бөлмелері мен 
кіре берістегі төбені тіреп тұрған қабырғаларды бұзып, үйін 
кеңейтіп жатқан қалталы тұрғындар өзімен қоса көршілері-
нің өміріне де зор қауіп туғызып отырғандарын сезер емес. 
Мұндай  «евроремонттар»  қымбат  тұратынын  ескерсек, 
ондай  өзгеріс  жасаушылар  бұл  істерді  тек  «жағдайы  бар-
лар  ғана  жасайды», – деген  мақтангершіліктерін  жасыр-
майды.  Егер  ондай  көршілерге  ортақ  қауіпсіздік  жөнінде 
айтсаңыз,  ол: «қолыңыздан  келсе  сіз  де  бұзыңыз,  келме-
ген  соң  іштарлық  жасамаңыз»  дегеннен  тайынбайды.  Ал 
мəдениетті,  дамыған  елдердің  ауқатты  адамдары  көпқа-
батты  үйлердің  ішін  бұзып  əуреленбей,  қолынан  келсе 
жеке үй салып немесе сатып алатыны жəне белгілі. Кейбір 
пысықтар мұндай «евроремонттарды» бұл пəтерлерде тұру 
үшін емес, оны қымбатқа сатып, қосымша пайда табу үшін 
де жасайтын көрінеді.
Республикалық  сейсмология  орталығы  оқта-текте:  осы-
дан жүз жыл бұрын Алматыда болған жойқын жер сілкінісі 
бəлкім он-он бес жыл ішінде қайталанып қалуы мүмкін, деп 
отыр.
Егер  ондай  қауіп  бар  екені  рас  болса,  оған  «дайындық-
ты»  көпқабатты  үйлердің  ішкі  қабырғаларын  бұзу  арқылы 
жүргізсек жер қозғалғанда жағдайымыз қандай боларын ой-
лаудың өзі қиын...

130
Елдің  амандығы  мен  қауіпсіздігін  ойлайтын  қалалық 
əкімшілік пен архитектура жəне құрылысқа жауапты меке-
мелер, үй басқармалары бұзылған пəтерлер мен бұзып неме-
се бұзайын деп жатқан пəтер иелерінің есебін алып тəртіпке 
шақыратын уақыт жеткен секілді. Оның үстіне қазір бірінші 
қабаттарды дүкен, дəріхана, шаштараз, кафе-дəмханаға ай-
налдыру үрдісінде тағы да бөлмелер арасындағы қабырғалар 
бұзылып іштей «кеңеюде».
Кезінде  өліп-талып  қолың  жеткен  көп  қабатты  үйдегі 
пəтеріңе кей күні жұмыстан шаршап келіп демалу да – зəру-
лікке айналғандай. Өйткені, өз подъезің былай тұрсын, ке-
лесі  подъездегі  үй  бұзғыштардың  дрелінің  дүңкілі,  балға-
сының соққысы миыңызды солқылдатып, жүрегіңізді қолы-
ңызға ұстатады.
«Сақтансаң – сақтаймын», – деген Алла сөзін еске ұста-
сақ, қабырға бұзудың соңы үйлердің қирауына апарып соқ-
пай ма, деп қауіптенесің. Бірақ осы ақиқатты ұғып, ортақ қа-
уіпсіздікті ойлап жүрген жұртты көре алмай отырмыз.
Біз осы ойларымызды Алматы қалалық əкімшілігіне қа-
расты  архитектура  жəне  құрылыс  департаментінің  дирек-
торы  С.Қ.Баймағанбетов  мырзаға  білдіргенімізде,  Сұлтан 
Қабиұлы былай деді:
– Спитак трагедиясының себеп-салдары көп. Мен өзім сол 
кезде Бүкілодақтық комиссияның құрамында болғанмын. Ол 
тек,  пəтерлердің  қабырғасы  алынып  тасталғандықтан  ғана 
қирап қалды деген жəй сөз. Əрине, үйдің берік негізіне зиян 
келетіндей салмақ түсетін қабырға ларды бұзуға болмайды. 
Ал, салмақ түсе қоймайтын бөліктерін алудың бəлендей зия-
ны жоқ. Үйін ішінен кеңейтемін деген тұрғындар жер сілкіні-
сін  зерттейтін  институттан  (ҚАЗНИИС)  лицензия  (рұқсат 
қағаз) алуға тиіс. Үйінің жоспарын апарып, қай жеріне өзгеріс 
енгізетінін көрсетіп, соған қол қойғызып, бекітіп алуы керек. 
Ондай рұқсаты жоқ пəтер иелері бөлме қабырғаларын бұзуға 
еш хақысы жоқ. Үй қабырғаларын рұқсатсыз бұзып жатқан-
дар болса көршілері бірігіп əкімшілікке шағымдануына бола-
ды. Иə, көпшіліктің қауіпсіздігін ойлағандарыңыз жөн. Бұл 
туралы өткен жылдарда Түркиядағы күшті жер сілкінісінен 

131
кейін көп əңгіме болып, Алматы туралы да баспасөзде əлде-
неше рет мəселе көтерілген. Журналистер сұрақтарына тия-
нақты жауаптар берілген. Дегенмен, көп қабатты үйлердегі 
бөлмелерді  кеңейтуде  «өзім  білемдікке»  салынбай  тиісті 
орындардың келісімін алып, сілкініске қатысты тіреулердің 
берік тұрғанын ескеру əбден қажет.
«Мен  қауіп  еткеннен  айтамын»  демекші,  біздің  айтпа-
ғымыз:  қандай  қиыншылық  кездессе  де,  соған  төтеп  бе-
ріп, көпшіліктің амандығын ертеден ойластырсақ, дегендік 
еді.
«Түркістан» газеті, 8-қыркүйек, 2001 жыл
ТҰЗДЫ ТОЗАҢ
Қаладағы көктайғақпен күрестің пайдасы мен зияны
Миллионнан  астам  тұрғыны  бар  Алматы  қаласы  тау-
лы  өлкенің  тосын  табиғатына  төселіп  те  қалған.  Жылдың 
төрт  мезгілі  сыйлаған  ауа-райының  қандай  да  мінезіне  аса 
қобалжи  қоймайды.  Дегенмен,  əсіресе,  қыс  айларындағы 
табиғат сыйы қала тіршілігіне əбігер салары да рас.
Биылғы қыс желтоқсанның алғашқы онкүндігінде молы-
нан қар жауып, сосын ызғарлы аязымен жұртты біраз қысып 
алғанымен, кейінгі күндері біресе жаңбыр жауып, күн жы-
лынып, одан соң қайта қар жауып, күн суытып құбылып тұр. 
Ал осы өзгермелі ауа-райында қала көшелеріндегі қарбалас 
өзінен-өзі көбейеді. Көктайғаққа айналған көше қауіпсіздік 
шараларын шұғыл қолға алуды қажет етеді.
Өрлі-еңісті қала көшелеріне кезінде жедел қар тазалағыш 
машиналар іске қосылып, құм себілмесе жағдай күрделеніп 
кететіні  белгілі  жай.  Осындай  шаралармен  қоса  жол  қа-
уіпсіздігіне  жауап  беретін  мекемелер  кейінгі  жылдары  кө-
шелерге тұз себетін «жаңа технологияны» енгізіп отыр. Тұз 
қарды ерітуге пайдасы болғанымен оның зиянын жұрт енді 
сезе бастады.

Біріншіден,  жер  құрғай  қалып,  күн  қызғанда  жолға  ша-
шылған тұз ақшаңдаққа айналып тыныс жолдарыңызды, өк-
пеңізді қауып, көзді ашытуға дейін барады. Тұз араласқан қар 
кешкен аяқ киіміңіз «бір қыстық» ғана, келесі жылға киюге 
жарамай жыртылып қалады. Қандай мықты теріден жасал-
са да ақжем болған аяқкиіміңіз шыдас бермейді. Аяқкиімді 
айтасыз, қала тұз себілетін жылдардан бері автокөліктердің 
асты,  қуыс-қуысы  тұзды  су,  балшықтан  тесіліп,  тез  шіріп, 
бүлініп жатыр... Бұл да – халықтың тұрмыс-ахуалына өзіндік 
салмағын түсірер жəй.
Тұз себуді кезінде «модаға» айналдырған Мəскеу секілді 
алып  қала  аула  сыпырушыларынан  «үйреніп»,  көшелерге 
жаппай шашып келіп, енді оның зиянына анық көздері жетіп 
отырған секілді. Жуықта, Мəскеулік «ТВЦ» телеарнасынан 
көшеге шашылған тұздың адам денсаулығына, оның мүлік 
пен көліктеріне ғана емес, жердің топырағына тигізетін за-
лалы анықталғанын айтты. Ондаған жылдар бойы шашылған 
тұздар еріп, топыраққа сіңіп, оның əсерінен өсіп тұрған ағаш 
атаулы мезгілсіз қурап қалған. Содан, Мəскеу қала əкімшілігі 
көше тазалығы үшін тұзды пайдалануға қатаң тиым салған 
қаулы шығарыпты.
«Ақылды  жан  өзгенің  қателігінен  үйренеді...»  демек ші, 
Мəскеудің  басына  туған  күн  Алматыны  айналып  өтіп  кет-
пес. Бүгін аяқкиім мен автокөлік зиян шегіп жатса, ертеңгі 
күні  қаламыздың  мақтанышы – жасыл  желегі  жаппай  қу-
рай  бастаса  қайтеміз?!  Тұз  сіңген  топыраққа  қайта  еккен 
ағашыңыз бен шөп атаулы шықпай, ақсорға айналса – қала 
экологиясына  орасан  нұқсан  келері  ақиқат.  Сондықтан  да, 
бір күндік қиындықты (көктайғақты) жеңеміз деп, жерімізге 
жүз жылдық «сырқат» тауып беріп жүрмейік...
«Түркістан» газеті, № 3, 19-қаңтар, 2002 жыл

133
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – КІМНІҢ ТІЛІ?
«Мегаполисте» жарияланған мақалаларға орай
Баяғыда бір бала: «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің 
қашқанына жылаймын» деген екен.
Мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болғалы он жылдан асса 
да қазақ тілінің қадірінің əлі қашып тұрғаны, оның беделін 
көтеріп, өз дəрежесінде қолданыс табуға мүмкіндік беретін 
мемлекеттік орындардың марғаулығына қарнымыздың ашып 
тұрғаны да рас.
Шыға  бастағанына  бір  жылдан  асқан  қоғамдық-саяси 
апталық «Мегаполис» мемлекеттік тілдің мүшкіл халіне бі-
ресе  күле,  біресе  күңірене  қарап,  оқырманның  көңіліне 
күмəн  мен  күдікті  ұялата  немесе  ресми  тіл – орыс  тіліне 
мемлекеттік  мəртебе  беру  керектігін  əлсін-əлсін  көлденең 
тартып «көсемдік» танытып келе жатқан басылым.
Ілгеріде жарияланған М.Сытник, Б.Жылқыбаев дегендер-
дің тіл мəселесін қозғаған мақалаларына орай өткен санында 
(№3, 24.01.02 ж.) белгілі журналист А.Тəжуітовтің «Время 
работает  на  М.Сытника»,  газет  оқырманы  Н.Брянцеваның 
«Дайте только срок» деген мақалаларын басқан.
Мемлекеттік тілдің беделін түсіріп, оның өз дəрежесінде 
көтеріле алмай отырғанына ең алдымен мемлекеттің үлкенді-
кішілі шенеуніктері, қызметкерлері кінəлі екендігін ашына 
жазады Ақас. Бұл жерде қазақ тілінің мүшкіл халін айтушы 
Н.Масанов пен М.Сытниктерді кінəламай «Тіл туралы» Заңды 
өрескел бұзып, оның орындалмауына жол беріп отырған жа-
уапты адамдардан сұрау керектігін көрсетеді. Мəселен, осы 
Заңның VI-тармағында Қазақстанның халықаралық қарым-
қатынаста  қазақ  тілін  қолдану  белгіленсе, 1998 жылы  осы 
Заң қабылданғаннан кейін Сыртқы істер министрлігін бас-
қарып отырған Е.Ыдырысов мырзаның əлі күнге дейін жұрт-
тың  алдында  бірауыз  қазақша  сөйлемей  келе  жатқанын, 
ал  оған,  заңды  талабын  орындамадың,  яғни,  заңды  бұздың 
деп жатқан ешкім жоқтығын айтады. Қазақ тілін кемсіттің 
деп жабыла Масановқа дүрсе қоя берген қауым, неге, қазақ 

134
тілін халықаралық дəрежеде қолданысқа қіргізбей отырған 
Ыдырысовқа жұмған ауыздарын ашпайды, дейді.
Дұрыс-ақ!  Мемлекеттіқ  тілдің  мəртебесін  алдымен  мемле-
кеттің  лауазымды  шенеуніктері,  сосын  өзге  қызметкерлері 
мойындамаса былайғы жұрт қайтсін.
Жалпы  мемлекеттік  басшы  қызметке  мемлекеттік  тіл-
ді меңгермеген қызметкерді тағайындамау қажеттігін, сол талап-
тың  уақыты  жеткендігін  біздің  газетке  берген  сұхбатында 
(15.ХІІ.01  ж.)  ардагер  ағамыз  Бəйкен  Əшімов  те  ескерткен 
еді.
Негізінде,  Заң  атаулының  дəрежесі,  оның  қадір-қасиеті 
тең  болса  керек.  Азаматтық,  Қылмыстық  Заң  актілеріне 
қайшы келген іс-əрекетіне екінің бірі жауап берсе, «Тіл ту-
ралы» Заңды бұзған Қазақстан азаматы да солай жауап бе-
руге тиіс.
Ал,  ол  Заңның  өмірде  жүзеге  асуына  тікелей  жауапты 
мемлекеттің  қызметкері  өзі  бұзып  отырса  оның  айыбы  қа-
тардағы азаматтан да зор болса керек.
«Дайте только срок!» деген Нина Брянцеваның орыс мек-
тептерінде аптасына 45 минут қана қазақ тілі оқытылатыны 
«аз» деуі өте дұрыс. Бірақ, мемлекеттік тілді меңгеруге бір 
онжылдық емес, тағы да бір онжылдықтар керек деуі, оған 
дейін, орыс тіліне де мемлекеттік тіл мəртебесін бере тұру 
қажет деуі, жылап отырған адамның күлкісін келтіретін сөз. 
Онсыз да «ресми тіл» мəртебесімен күнделікті қолданыста 
қазақ  тілін  ығыстырып  тұрған  жойқын  орыс  тіліне  екінші 
мемлекеттік тіл мəртебесін берсек, қазақ тіліне Масанов айт-
қандай, мұражайдан өзге орын қалмасы анық.
Қазақ  тілін  құбыжық  етіп  көрсету  арқылы  «Мегапо-
лис» (№1, 2001 ж.)  газетіндегі  тіл  туралы  мақалаларды 
Ф.Гойяның қорқынышты карикатураларымен «көркемдеуі» 
секілді)  тіл  білмейтін  жұртты  үркітіп-шошытпай,  мемле-
кет  мүддесін  ойлаған  ел  болсақ  ең  алдымен  нұсқауларды 
бұлжытпай орындауға мойын бұрсақ өркениетті елдер көші-
не ілескеніміздің көрінісі болар еді. Жеке бастың жалқаулы-
ғы мен өркөкіректігін байбаламмен бүркемелей алмасақ ке-
рек. Өзін-өзі сыйлаған, қабылданған Заңдарының мүлтіксіз 

135
орындалуын  қадағалаған  мемлекетті  ел  де  мойындап,  құр-
меттейтіні əлімсақтан белгілі.
«Мемлекеттік тіл» деп заң жүзінде мəртебе берілген соң, 
ол тіл, ең алдымен мемлекеттің атқарушы органдарының тілі. 
Тілдің қолданылуын заң жүзінде қорғап, оның орындалуын 
қатаң бақылау – мемлекеттік орындардың абройлы міндеті. Ал 
мемлекеттің ең жоғарғы атқарушы органы – Үкімет мүшелері 
бұл  заңды  өздері  өрескел  бұзса,  өзге  жұрттан  орындалуын 
сұраудың не қажеті бар
Жуықта  Астанадағы  жиында  ел  Президентінің: «БАҚ-
тағы 50% мемлекеттік  тілдегі  таралымды  тексеріп  жатқан 
кім бар? Олар қолына лицензия алғандағы міндетті ісін неге 
орындамай отыр?» деген сөзі де, ең алдымен, үкіметтің жау-
апты орындарына қарата айтылса керек.
«Түркістан» газеті, № 3, 31-қаңтар, 2002 жыл
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет