Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Нұразхан


«МƏДИНА МАҒАН ЖАРЫҚ ДҮНИЕНІ



жүктеу 6.34 Kb.
Pdf просмотр
бет10/24
Дата06.05.2017
өлшемі6.34 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

«МƏДИНА МАҒАН ЖАРЫҚ ДҮНИЕНІ
ҚАЙТА СЫЙЛАДЫ...»
«Жарық дүниені көру – адам бақытының ең үлкені» деп, 
Қасым аға өзі айтпақшы, өткен жылы Алланың берген осы 
бақыты батырдан алыстап бара жатқандай еді.
Ұлы Отан соғысында жарықшақ тиген оң көзі біртіндеп 
суалып, көруден қалғалы қашан. Совет Одағының екі мəрте 
батыры  С.Ковпактың  жолдамасымен  Украинадағы  атақты 
көз дəрігері, академик Филатовқа қаралғанда ол, ауруға ұшы-
раған көзді алмаса қатерлі ісікке айналып, екінші сау көзге 
зияны тиетіндігін түсіндірген. Бұл елуінші жылдардың соңы 
болатын.
Міне, Қасым аға сонан бері жалғыз көзбен қырық жыл-
дан  астам  «олжа  өмірін»  бастан  кешіп  келеді.  Енді  кейінгі 
жылдары бұл көз де сыр бере бастады. Бір-екі метр жолды 
көргені болмаса, адамдардың түрін жақындағанда ғана айы-
ратын жағдайға жетті. Жазу-сызу қиындап кетті. Кейде, ауру 
күшейген тұста мүлдем көрмей де қалатын. Сонда көкіректі 
жарып шыққан ащы сөз бір шумақ өлең боп өрілген:
«...Күн бе, түн бе, төсегімде отырмын,
Түк көрмеймін, су қараңғы соқырмын.
Өткенімді, көргенімді енді мен,
Көзбен емес, көкірекпен оқимын!»
Жанарының  нұры  азая  бастағаны  араласқан  жандарға 
белгілі болатын. Қасым ағаның осындай халін білетін дос-
тарының бірі – белгілі ғалым, жазушы, профессор Тұрсынбек 
Кəкішев. Ол кісінің де көзі ауырып, көру қаблеті төмендеген 
соң Алматыда таныла бастаған «Көз микрохирургиялық ем-
ханада» емделеді. Емделушілердің көбісінің сауығып кетіп 
жатқандарын байқап, өзі де оңала бастағаннан кейін Тұрсын-
бек аға осы емхананың иесі Мəдина Құбайдоллақызына бір 
тілегін айтады. Ол тілегінде Ұлы Отан соғысының батыры, 
партизан-жазушы  Қасым  Қайсенов  ақсақалдың  жағдайын 
жеткізеді.

112
Мəдина бұл тілекке бірден назар аударып, Қасым ағаның 
жəй-күйін естіп білген соң, өзі телефон шалып, емханасына 
шақырады.
Мəдина Құбайдоллақызы Құралова əйгілі академик Свя-
тослав  Федоровтың  үздік  шəкірті.  Ақтөбе  медицина  инс-
титутын  бітіргеннен  кейін,  өзі  іздеп  барып,  шəкірттерінің 
қатарына  іліккен.  Таңдаулы  көз  маманы,  хирургі  санатына 
қосылып, он жылдай еңбек етеді. Медицина ғылымдарының 
кандидаттығына диссертация қорғайды.
– Бір жағынан, – дейді Мəдина – аңызға айналған батыр адам-
ды көріп тілдескім келді. Қолымнан келген көмекті көрсетуді 
өзімнің адамгершілік парызым деп білдім. Менің шақыруымды 
қабыл алды. Емханаға кіріп келе жатқан Қасым ағаны алғаш 
көргенде,  оның  нар  тұлғасы,  киім  киісі,  аяқ  алысы,  осынша 
жасқа келгенше, бойын тік ұстауы, жігерлі өңі маған бірден əсер 
етті. Дəрігерлік өмір тəжірибемде талай қарт адамдарды көрген 
едім.  Олардың  көбісі  өмірдің  ауыртпалығына  мойынсұнып, 
еңкіш тартатын. Əсіресе, көз нұры тая бастағандары біреудің 
көмегіне  зəруліктен  бүгілгендей  қорғансыз  халде  болып  қа-
лады. Қасым ағаның басын тік ұстаған тұлғасы ішкі қуатының 
молдығы  мен  жаратылысының  мықтылығынан  хабар  бер-
гендей  еді.  Батыр  ағамен  сөйлесе,  пікірлесе  келе,  сол  алғаш-
қы  əсерімнің  дұрыстығына  көзім  жетті.  Ағаның  ақыл-пара-
сатының байлығы, ойының кеңдігі, өмір құбылыстарына көзқа-
расының  əділдігі  мен  айқындылығы  мені  баурап  алды.  Мен 
Қасым ағаның бір өзінде сан кісіге татырлық қасиеті барлығын 
жəне өзінің биік тұлғасын бұлдамайтын қарапайымдылығын, 
өзін ешкімнен жоғары қоймайтын мəдениетін аңғардым.
–  Мен  өмірден  көретінімді  көрген,  алатынымды  алған 
адаммын. Басымнан жақсылық та, қиыншылық та өтті. Кісі 
өлтіру жақсылық емес. Жауыңды өлтірмесең, ол сені жазым 
етеді. Соғыс заңы – қатал: не ол, не сен тірі қаласың. Жау 
қолына тұтқынға да түстім. Сан түрлі азапты көрсетті. Ұрды, 
соқты, электр орындығына отырғызды, тепкіледі. Құлақтан 
да сол кезде айырылдым. Бірақ маған шындығымды айтқыза 
алмады.  Мен  өзіме  де,  өзгеге  де,  отаныма  да  сатқындық 
жасамаған  жанмын.  Содан  да  бəлкім,  мені  Украинада,  Қа-

113
зақстанда  қадірлеп,  сыйлайтын,  құрметтейтін  шығар.  Қар-
ғам,  көзімді  емдеп  жазсаң  да  ризамын.  Қолдан  келмейтін 
қиындық болып жатса да өкінбеймін. Қорықпай еміңді жаса. 
Операция қажет болса, оны жаса, мен келісемін, – деді. Со-
дан жылдың аяғында менің іс-сапарларым жиілеп кетті де, 
сəті наурыз айына түсті, – дейді Мəдина.
Қасым  ағаның  қасында  кейінгі  айларда  жиірек  жүрген 
маған бұл айтқандары белгілі еді.
– Артық дəулетті қайтем, сұрап. Жолымды көретін сəуле-
ні  ашып  берсе,  жетеді.  Мүлдем  көрмей  қалғаннан  жарық 
дүниені шамалап, маңайымды бағдарлап отырсам, сен сияқ-
ты қоңыр адамдардың түрін танысам болды ғой, – деп сөзін 
əзілмен аяқтайтын.
Шынында,  Қасым  ағаның  бір  көзінде  екі  бірдей  күрде-
лі  ауру  (медицина  тілімен  айтқанда,  катаракт  пен  глауко-
ма).  Міне,  осы  диагнозға  тəуекелге  барған.  Құдай  қолдап, 
операция  сəтті  аяқталады.  Екі  күннен  соң  анығырақ  көре 
бастаған батыр аға: – Рахмет, Мəдина қарағым, маған жарық 
дүниені  қайта  сыйладың!  Мені  мына  өмірге  қайта  алып 
келдің.  Өркенің  өссін,  өнерің  үстем  болсын.  Мың  жаса! – 
деп шын жүректен батасын беріп, ақ тілегін айтты. Қасым 
ағаны операциядан кейін де күн сайын көзін тексеріп, тиісті 
дəрі-дəрмегін беріп, əлі де бақылауға алып отыр. Ал, нарық 
заңына сəйкес, жұмыс істеп тұрған бұл ақылы емхана Қасым 
ағаның толық емделіп шығуын өз міндетіне алған.
–  Халқымыздың  маңдайына  біткен  санаулы  батыры-
ның  бірі  Қасым  ағаға  қолымыздан  келген  көмекті  жаса-
масақ,  кім  болғанымыз.  Ал,  шындығын  айтсам,  өзім 
қандай нар тəуекелге барғанымды операция жасап болған 
соң,  бір-ақ  білдім.  Екі  бірдей  күрделі  ауру.  Жалғыз  көз. 
Оның  үстіне  емделуші  жай  көптің  бірі  емес,  бүкіл  қазақ 
еліне, кешегі КСРО-ға танымал жан. Құдай өзі сақтасын, 
емдеп  жазу  қолымнан  келмей  жатқанда  қандай  əңгімеге 
қаларымды  кім  білсін.  Алла  сəтін  салғанда  бəрі  жақсы 
аяқталды. Қуанышымда шек жоқ, – дейді Мəдина ағынан 
жарылып.

Ол  С.Федоровтың  емханасы  атынан  бірнеше  шетелдер-
де де еңбек еткен. Еліміз тəуелсіздігін алған соң, ұстазының 
ұлықсатымен елге оралған.
–  Ал,  Мəскеуден  шетелге  шығу  қарапайым  қазақ  қызы 
үшін – өзгелерден  білімің  мен  қабілетің  жоғары  болмаса 
жолың болуы мүмкін емес шаруа. Федоровтың емханасында 
Калмыкияның болашақ президенті Кирсан Илюмжиновтың 
көзіне операция жасап, емдеп жазғаным бар. Ол маға риза бо-
лып, қалмақ жеріне емхана аш деп шақырды. Рахмет айтып 
бас тарттым. Түбінде өз еліме қайтатынымды айтқанмын. – 
Дұрыс, – деді ол, – бөтен біреуге тəуелді болмаған жақсы.
– Өзім қайда жүрсем де, қаншама адамдардың көзіне ем 
жасай жүре жүрегімнің түкпірінде өз халқыма қызмет етсем 
деген арманым жатты. Міне, сол арман, мақсатымды жүзеге 
асырудамын.  Қазір,  Астанада,  Атырауда  емхана  аштым. 
Бəрінде медицинаның озық жаңалықтарын пайдалануға ты-
рысамын.  Емханаларда  жұмыс  істейтін  мамандардың 98 
пайызы өз ұлтымыздан. Өйткені, өз мамандарымыз қандай 
жағдайда да өз еліне қызмет етеді ғой, – дей отырып, Мəдина, 
осы істерді бастар шағында кездескен біраз қиындықтар мен 
қол ұшын берген адамдар туралы да əңгімеледі.
Қарлығаштың  қанатымен  су  сепкендей,  бойындағы  бар 
қасиет-қабілетін  туған  еліне  арнап  жүрген  Мəдинаның 
еңбегі жана бергей, адамдарға жарық дүние сыйлаған оған 
Алланың да нұры жаусын! – дейміз біз де.
«Түркістан» газеті, 14-сəуір, 2001 жыл

115
БАТЫР БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының 
орталығы Ақсуатта «Қаракерей Қабанбай –
Қазақ халқының қаһарманы» атты
танымдық конференция болып өтті.
Еліміздің  оңтүстік-шығысын  көмкерген  Тарбағатай  өңірі – 
табиғи  жаратылысымен  ғана  емес,  таңбалы  тарихымен  де 
шоқтықты өлке.
Шілденің 20 – 22 күндері аудан орталығы Ақсуатта қазақ 
жерін  жоңғар-қалмақ  басқыншыларынан  азат  етуде  жарты 
ғасырдан астам ат үстінде найзасын қолынан түсірмеген да-
рабоз  батыр,  бас  қолбасшы  Қаракерей  Қабанбай  бабаның 
туғанына 310 жылдығына арналған танымдық конференция 
мерекелік сипат алды. Өскемен, Семей, Қарағанды қалала-
рынан келген ғалымдар мен жазушы-журналистер, Алматы-
дан  Халық  қаһарманы,  партизан-жазушы  Қасым  Қайсенов 
ақсақал  бұл  алқалы  жиынға  арнайы  келіп,  орта  толтырды, 
халыққа көзайым болды.
Аудандық  мəдениет  үйінде  көпшілікке  арналған  жиын-
ды аудан əкімі Түсіпхан Түсіпбеков мырза кіріспе сөз сөйлеп 
ашты. Батыр бабаның туғанына 310 жылдығы республика-
мыздың тəуелсіздігін алғанына 10 жыл толуымен орайлас келуі 
де кездейсоқ сəйкестік емес. Қазақ халқының тəуелсіздігі жо-
лында сырт жаумен жан аямай шайқасқан ұлы бабамыздың 
түпкі  мақсаты  да  елінің  азаттығы,  жеке  шаңырақ  көтерген 
мемлекеттігі  еді.  Міне,  сол  арманға  бүгінде  ұрпағы  жетіп 
отыр. Осы ойды тарата келе аудан əкімі конференцияға ар-
налып, 35 еңбектің жазылғандығын, оның 11-і таңдап алы-
нып,  соның 5-уі  тыңдалатынын,  ал  осы  еңбектерді  алдағы 
күндері  жеке  жинақ  етіп  шығарып,  оқу  департаменттеріне 
мектептердегі тарих пəніне қосымша пайдалануға ұсыныла-
тынын айтты.
–  Жас  ұрпақ  алдымен  өзі  туып  өскен  жерінің  тарихын, 
ата-бабаларының жүріп өткен қаһармандық, ерлік жолдарын 
біліп өссе ғана Отанының патриоты болып қалыптасатыны 
хақ, – деді Т.Түсіпбеков мырза.

116
Конференцияда алдымен сөз алған Қазақстанның Халық 
Қаһарманы,  Ұлы  Отан  соғысының  даңқты  батыры  Қасым 
Қайсенов ақсақал: еліміз тəуелсіздігінің бастау көзінде тұр-
ған  ұлы  батырлар,  хандар  мен  билердің  ел  тарихындағы 
алар  орындарын,  жан  қиярлық  ерліктері  мен  ел  бірлігіне 
сіңірген еңбектерін зерттеу, əділ бағасын беру бүгінгі ұрпақ 
парызы, – деді. Əсіресе, биыл, республика тəуелсіздігінің 10 
жылдығы тойланар жылы ұлы тұлғаларды еске алу – абырой-
лы міндетіміз. Соның бірі жəне бірегейі – Хан батыр атанған, 
Абылайханның  ең  сенімді  серігі,  бас  қолбасшы  Қаракерей 
Қабанбайдың өмірі, жауынгерлік жолы, ұлы ерліктері қазақ 
халқының  елдік,  мемлекеттік  тарихында  алтын  əріптермен 
жазылуға тиіс. Тарбағатай ауданы батырдың 310 жылдығын 
алғашқылардың бірі болып атап отырғандары игілікті іс, үлгі 
алар  бастама.  Сіздерді  ұлы  бабаларыңның  аруағы  желеп-
жебеп жүрсін. Ұрпақтарыңыз өсіп, бақытты өмір сүрсін! – 
деді батыр сөзінің соңында.
Конференцияда баяндама жасаған С.Қасенов, М.Кəрімов, 
С.Марданов, Г.Тойшыбаева, Ш.Көпшікбаевалар батыр тура-
лы тың деректер мен дəлелдерге тоқталып, ерлік жолдарына 
талдау жасады. Семей қаласынан келген ғалым Мұхтарбек 
Кəрімов  батыр  бабаның  зиратының  табылуына  мұрындық 
болғаны, өткен жылы Астана қаласына тақау кесене тұрғы-
зылғанын  айта  келе,  батырдың  сол  жерде  жерленгені  жө-
нінде  өз  дəлелдерін  келтірді.  Тарихшы  Сламбек  Марда-
нов  орта  мектеп  оқулықтарында  бас  қолбасшы  Қаракерей 
Қабанбайдың ерліктері солғын суреттеліп, жеткіліксіз баян-
далғанын нақты дəлелдермен сынға алды.
Конференцияда оқылған бес баяндама да мазмұндылығы, 
ғылыми тұжырымдылығы жағынан қызғылықты тыңдалып, 
жұртшылықтың көңілінен шықты. Аудан əкімшілігі таңдап 
алынған 11 баяндама иелеріне ақшалай жүлде тапсырды.
Жарыссөзде сөйлеген жазушы, Семейдегі Абай мұражайы-
ның директоры Төкен Ибрагимов, журналист Айтханым Ах-
метбекова, Қарағандыдан келген физика-математика ғылым-
дарының  докторы,  профессор,  əдебиеттанушы  Есмұхамбет 
Смайылов жəне т.б. өз ойларын ортаға салды.

117
Конференцияның екінші күні алыстан келген қонақтарға 
арнайы тігілген киіз үйлерде қонақасы берілді. Үшінші кү-
ні  Ақсуат  пен  Аягөз  аралығында  Майлышат  деген  жерде 
«Қабанбай  мен  би  Боранбай  қосының»  ашылу  рəсімі  бол-
ды.  Майлышат – қалмақтарды  қазақ  жерінен  түре  қуып, 
түпкілікті  талқандау  тұстарында  Қаракерей  Қабанбай  мен 
би  Боранбай  қос  тігіп,  соңғы  соғыстарды  басқарған  жері 
екен.  Тасжолдың  жиегіне  батырлар  есімі  жазылған  белгі 
қойылып,  жолаушылар  дамылдап,  демалуға  арналған  киіз 
үй формалы демалыс үйін жасаған. Су ішер құдықты таза-
лап, маңайын көркемдеп, тұнық суын шығарып қойған аудан 
басшылығының  іскерлігіне  келген  қонақтар  да  жергілікті 
тұрғындар да риза болысты.
Маусым-шілде айларында Ақсуат өңіріне бір тамшы жаң-
быр жаумай, шөп атаулы күюге айналғанда 20-сы күні батыр 
баба  туралы  баяндамалар  оқылып  жатқанда  күн  күркіреп, 
қалың нөсер құйып бергені... Соңы ақ жауынға айналып, үш 
күн бойы жауған жаңбырды жиналған халық ұлы аруақтың 
ұрпағына риза болғанына жорыды. Дəл осындай оқиға 1991 
жылы Мақаншы ауданында батырдың 300 жылдығы аталып 
өтіп жатқанда болғандығын жазушы Төкен Ибрагимов еске 
алды.
Еліміздің  тəуелсіздігі  жолында  талмай  күрескен  батыр 
бабамыз Қаракерей Қабанбай есімін мəңгі есте қалдыру ша-
ралары  республика  бойынша  əр  жерде  жүріп  жатқанымен 
тікелей ұрпағы тұратын облыс орталығы Өскемен қаласында 
əлі қолға алынбай отыр. Бұл туралы газетіміздің 7 санында 
(16.02.01  ж.) «Өскеменге  Қаракерей  Қабанбай  өгей  емес» 
деген  Қасым  Қайсенов  ағамызбен  бірігіп  жазған  мақала 
жариялаған едік. Сондай-ақ, осы мəселені облыс əкімі В.Мет-
темен  жүргізген  «Шығыс  Қазақстан  тығырықтан  шығып 
келеді» (№ 19.11.05.01 ж.)  атты  сұхбатымызда  да  көтеріп, 
облыс  басшысын  құлағдар  еткенбіз.  В.Метте  мырза  батыр 
есімін Өскемен қаласындағы үлкен бір көшеге берудің қиын 
еместігін,  ал,  еңселі  ескерткіш  орнату  жөнінде  Үкіметке 
ұсыныспен  шығатынын  айтқан.  Ылайым,  əкім  мырза  сол 
сөзін – ұмытпағанын қалар едік.

118
Ескерткіш  демекші,  қазақ  халқының  дарабоз  батырына 
лайықты əлі бірде-бір ескерткіш сомдалмай тұрғандығы рас. 
Алматы – Өскемен трассасындағы Үшарал бекетінде батырға 
қойылған ескерткіштегі батыр мінген аттың сауыры шөмейіп, 
сыртынан қарағанда тайға мінгендей болған батырдың алып 
тұлғасы аса сəтті шықты деп айту қиын. Үржар ауданында ес-
керткіш қойылады деп еді, ол туынды қалай сомдалғаны бізге 
белгісіз. Ат үстіндегі батырлар бейнесін еске алсақ: Уфадағы 
Салауат  Юлаев,  Еревандағы  Давид  Сасунский,  Бішкектегі 
Манас, т.б. туыңдылар халық батырларына қойылған, ұрпа-
ғын  ерлік  пен  өрлікке  шақырған  ұлы  өнер  шығармалары. 
Осындайда бізде де еліміздің тəуелсіздігі жолында бар өмірін 
сарп еткен батыр бабалар: Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, 
Наурызбай, Ш.Жəнібек, т.б. алып тұлғаларға лайық еңселі ес-
керткіштер асқақтап тұрса деп армаңдайсың.
Тарбағатай  ауданының  орталығы  Ақсуатта  өткен  Қара-
керей  Қабанбай  бабаны  еске  алу  күндері – ұлы  батыр  ру-
хына  тағзым  ғана  емес,  бүгінгі  ұрпаққа  ел  тəуелсіздігінің 
оңайлықпен  келмегендігін,  ол  үшін  ғасырлар  бойы  ұлы 
күрестер  өткендігін  еске  алып,  тəуелсіздігіміздің  тамыры 
тереңде, бағасы тым қымбат екендігіне тағы да бір көз жет-
кіздік.
«Түркістан» газеті, 4-тамыз, 2001 жыл
АУРУ КӨП, АМАЛ АЗ
Жуықта Алматыға іссапармен келген Шығыс Қазақстан  
облыстық Онкодиспансерінің бас дəрігері Темірхан Əбен-
ұлы МҰҚАЖАНОВ мырзадан облыс көлемінде осы ауруға 
байланысты  қандай  жағдай  қалыптасып  отырғандығын  сұ-
раған едік.
– Шығыс Қазақстан – түсті металлургия мен атом энер-
гетикасын өндіретін ірі өндіріс орындары шоғырланған об-
лыс.  Кенді  Алтайдың  бауырына  орналасқан  қалалар  мен 
аудандар экологиялық ахуалы ауыр елді мекендер. Өскемен 

119
қаласының өзі экологиялық ластығы жағынан дүниежүзі бой-
ынша  алдыңғы  орында.  Қала  ортасында  Қорғасын-мырыш 
комбинаты, Үлбі металлургия зауыты мен оның маңайында 
басқа  да 30-дан  астам  өндіріс  орындары  орналасқан.  Рас, 
біздің  облыс  онкологиялық  аурулар  жөнінде  республикада 
бірінші орында келе жатқаны өткен онкологтар съезінде де 
айтылды. Оның басты себебі: жаңағы айтқанымдай өндіріс 
орындарының көптігі, концерогендік заттардың ауада көп-
теп  кездесуінде.  Ауада,  суда,  жер  қойнауында,  қоректеніп 
отырған  тағамдардың  құрамында  осы  концерогендік  (зи-
янды) заттардың көптігінің əсері. Екінші бір жағдай, Семей 
өңірінде 40 жылдан астам атом бомбасын сынап келгендігін 
білесіздер. Зияны бүгінгі ұрпаққа тиіп отыр. Радиация залалы 
30 жыл өткен соң адам ұрпағына қайталанып беріледі екен.
Бұрынғы Семей облысы Шығыс Қазақстанға қосылғаны-
на төрт жылдан асып барады. Бірақ, атом зардабын тікелей 
көрген  ол  өңірге  қарағанда  Шығыс  Қазақстан  облысының 
тұрғындары  қатерлі  ісікпен  ауру  деңгейі  өте  жоғары.  Бұл 
сол, ірі өндіріс орындарының зиянды заттарды сыртқа мо-
лынан шығарып отырғандығының айқын дəлелі. Облыс бой-
ынша көбі өкпе, одан кейін тері, асқазан қатерлі ісігі, сосын 
əйелдердің  омырау  бездері  осы  дертке  ұшыраған.  Ал,  бір 
таңғаларлық жағдай ірі өндіріс орындарынан алыс оңтүстік 
аудандар: Тарбағатай, бұрынғы Ақсуат, Күршім ауданы тұр-
ғындары  өңеш  қатерлі  ісігімен  көп  ауырады.  Тарбағатай 
өңірі тіпті өңеш рагынан Қазақстан бойынша алдыңғы орын-
да. Осындайда алдын алу, (профилактика) дəрігерлік тексе-
ру  жұмыстарын  кеңінен  жүргізу  қажеттілігін  анық  сезініп 
отырмыз.
Кеңес Одағы кезінде Өскемен қаласын өндіріс орындары 
көбейгендігіне  байланысты  таза  жерге,  Ертіс  өзенінің  сол 
жағына көшіру жоспарланған екен. Ол жоспар Кеңес Ода-
ғының ыдырауынан кейін іске аспай қалды. Өндіріс орын-
дары да үш-төрт жыл тоқтап барып қайта жүрді. Республика 
экономикасы аяғынан тік тұрып кетсе, бұл жоспарға қайта 
айналып  соғар,  деп  үміттенеміз.  Тоқтаған  өнеркəсіптерін 
қайта іске қосқан үкімет пен инвесторлар ескі технология-

120
ны жаңартуды əлі қолға алмай отырғандай. Өйткені, зиянды 
заттардың сыртқа оқыс шығу фактілері əлі жалғасып келеді. 
Мысалы, 17 – 18 тамызда  Өскеменде  осындай  оқиға  қай-
таланды. Улы газ, зиянды заттар адам өміріне қауіп төндіріп, 
қатерлі ісіктің неше түрінің өршуіне себепші болып отыр.
Қатерлі ісіктің алдын алу мəселесінде облыс тұрғындарын 
кемінде жылына бір рет тексеруден өткізіп, науқасқа ұшыра-
ған жандардың диагнозын дөп қою қажет. Ол үшін диагнос-
тикалық құрал-жабдықтарды алу мəселесі əлі шешімін тап-
пай  келеді.  Өскеменде  қатерлі  ісікті  анықтайтын  диагнос-
тикалық орталық салынып жатыр. Сол тезірек пайдалануға 
беріліп,  керекті  құралдармен  жабдықталса  деп  ойлаймыз. 
Сонымен  қатар  барлық  емханаларда  УЗИ,  асқазан,  өңеш, 
өкпе  ауруларын  қарайтын  эндоскоптық  аппараттардың  са-
нын көбейту керек.
Онкологтар съезінде атом бомбасының зардаптарын кө-
ріп отырған Жапон еліндегі үлкен қалаларында қатерлі ісікті 
анықтайтын  аппараттардың  көшелерге  қойылғандығын  ес-
тідік.  Ол  аппаратқа  ер  адам  жылына  екі  рет  денсаулығын 
тексертіп  алатын  көрінеді.  Сондай  құрал-жабдықты  біздің 
республикаға да алдырса деген сөз болды. Əрине, оның бар-
лығы қаржыға байланысты екендігі белгілі.
Біздің облыста Онкодиспансер жұмыс істегелі 50 жылға 
жуықтаса  да  əлі  радиологиялық  корпус  жоқ.  Бізде  жақсы 
дəрігерлер, хирургтер бар. Бірақ, сəулемен емдеу құралының 
жоқтығынан науқастардың 40 пайызы тиісті емін ала алмай, 
Семей,  Алматы  қалаларына  сабылып,  уақыттарын  өткі-
зіп алады. Ал, қатерлі ісікке ұшырған адамның əр күні ем-
делсе  пайдалы,  емделмесе  зиян.  Мен  бұл  салада  жұмыс 
істегелі 20 жылдан асып барады. Оның 15 жылы осы Онко-
диспансерінде бас дəрігер қызметін атқарамын. Бұл мəселе-
ні,  радиологиялық  корпус  туралы  кезінде  талай  обкомның 
бірінші хатшысына, кейін облыс əкімдеріне айтып келеміз. 
Өкінішке қарай, біздің бұл талап-тілегімізге құлақ асқан бас-
шыны көре алмай отырмыз.
«Түркістан» газеті, № 40, 6-қазан, 2001 жыл

121
ЕРЕКЕҢНІҢ «ЕРЛІКТЕРІ»
Деректі əзіл
Ерғали – хор капелласында қатардағы əнші. Күндіз үнемі 
дайындық, репетициясы. Кешке концерті. Опера-балет теа-
трында көпшілік сахнасына да қатысады. Өзі – толық денелі, 
үлкен мұрынды, қысық көз, томпақ бет жігіт. Сырт келбеті 
Серке  Қожамқұловтың  жас  кезін  елестеткендей.  Ақкөңіл, 
жер жылжыса қозғалмайтын сабыр иесі. Пəтері жоқтықтан 
бір балабақшада түнгі күзетші. Біз, екі-үш студент достары 
кейде Ерекеңе соғып,балалардан қалған сүтті ішіп, каша жеп 
«жан шақырып» қайтамыз. Ол балабақшаны басына көтеріп, 
əн салып жүреді. Тəп-тəуір дауысы бар.
Кейін білсек, Ерекеңнің біз білмейтін де «өнері» көп кө-
рінеді. Мəселен, күндіз жұмыста жүріп-ақ қалғып кету, мыз-
ғып  кету  ол  үшін  түк  емес  екен.  Бір  жолы  хордың  кезекті 
дайындығында алдарына ноталарын жайып қойып, сатылы 
орындардағы əншілердің ең соңында, биікте шырқап отырған 
Ерекең қалғып кетіп, төмен қарай кескен теректей қопарыла 
құлайды...  Құлағанда  етектегінің  бəрін  жапырып,  құлатып, 
сыпырып-сиырып бірақ түседі ғой... Біраз қыз-келіншектің 
денелері  жаншылып,  ауырсынып  қалса  керек.  Бас  хормей-
стер А.Молодов мырза Ерекеңе қатаң сөгіс жариялайды.
Бір күні балеттік спектакльге адам жетіспей? Есік аузында 
қимылсыз найза ұстап тұратын қос жауынгердің рөліне хор-
дан екі жігіт бөлінеді. Біреуі – біздің Ерекең. Ол бишілердің 
спектальге лайық киімін киіп, үлкен есіктің бір босағасында 
тұрса, сырттан: «Ал кеттік» деген командамен бір топ «жау-
ынгер» бишілер есіктен топырлап еніп, сахнаның ортасына 
шыққан  сəтте  ұйқылы-ояу  тұрған  ол  дүрмекке  ілесе  кет-
се  керек...  Бұтына  кигені  жабысып,  қозы  қарны  бұлтиып, 
қолындағы  найза  қалқанымен  Ерекең,  қол-аяқтарын  сер-
меп  бір  отырып,  бір  тұрған  бишілердің  ішінде  қолапайсыз 
түрімен бірден көзге түседі... Көрермендер тарапынан күбір-
сыбыр көбейіп, біреулер күле бастайды. «Сасқан үйрек ар-
тымен  сүңгидінің»  кері  келіп,  Ерекең  бишілермен  бірге 

122
өзінше қимылдар жасауға көшеді... Тер басып, түрі қашып, 
əбден  сасқан  ол,  бишілердің  қимылына  кедергіні  көбірек 
келтіреді.  Оны  көрген  оркестр  дирижері  берекесізденіп, 
қалқада тұрған режиссер талып қала жаздайды. Дереу жүрек 
дəрісін ішіп, біреулер оның бетіне су бүркиді... Бірақ, əрине, 
қиыншылықтың  үлкенін  өзі  көреді.  Бишілер  биін  аяқтап, 
кейін шегінгенде əупірімдеп бұл да есікке жетіп жығылады... 
Спектальден соң, басшылардан соңғы, қатаң сөгіс алады.
Əпенділігімен театр, хор ұжымына танылып қалған Ере-
кең енді хор капелласымен бірге Грузия астанасы Тбилиси-
де өтетін Бүкілодақтық хор ұжымдарының байқауына сапар 
шегеді.
Тбилиси. Опера-балет театрының сахнасында одақтас рес-
публикалардан келген талай айтулы ұжымдар өз өнерлерін 
кезегімен  талғампаз  Грузия  тыңдармандарына  ұсынып  жа-
тады. Қазақ КСР-інің кезегі əлі алда болғандықтан, Ерекең 
хорда  тұратын  киімімен  өзге  елдің  өнерін  тамашаламақ 
ниетте  залға  барып  жайғасады  ғой.  Бір  кезде  байқауды 
жүргізуші: – Ендігі  кезек,  Қазақ  КСР-інің  мемлекеттік  хор 
каппеласында, – деп  хабарлағанда  Ерекең  отырған  орны-
нан  атып  тұрып  сахнаға  қарай  жүгіреді.  Сахнаның  үлкен 
шымылдығынан  кірер  саңылау  іздеп,  түртінектеп  жүріп, 
орта тұсына келіп қалғанда, шымылдық ашыла берген... Са-
маладай сапқа, рет-ретімен бірінен бірі биіктеп тұрған хор 
ұжымы.  Ең  алдында  бас  хормейстер  Анатолий  Молодов 
көрерменге  жымия  бас  изейін  десе  тура  қарсы  алдында  өз 
əншісі  Ерғалидың  рабайсыз  жымиған,  бəлкім  жыламсырап 
тұрған түрі мен тұлғасын көргенде «чуть» инфаркт ала жаз-
дап барып, есін жияды... Залда отырғандар дабырлай күлісе, 
күбірлесе,  қимыл-қозғалысқа  еріксіз  ерік  береді...  Ерекең 
хорды айнала жүгіріп, өз орнын іздеуге кіріседі...
Сол  күні  концерттен  соң,  лездеме  өткізіліп,  Ерекеңнің 
жұмыстан уақытша босағаны жөнінде бұйрық оқылады...
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет