Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет9/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ЖЫЛҚЫШЫ
(Деректі хикаят)
I
 Жылқышылар қосын біз ұзақ іздедік. Ондаған шақырым 
артта қалды. Он сан бұйрат қол бұлғап, алыстан мұнартып, 
қасына келсең қолтығынан шығармай, қатарласа жарысып, көп 
сенделтті. Қар жамылған дала бойлаған сайын ұзара түскендей, 
доңғалақ астына төселіп таусылар емес. Ал көз ұшынан көшкен 
бұлтша іркес­тіркес созыла, бір­біріне жантая құлаған таулар 
тізбегінің сұсы мүлдем бөлек. Көк торғын ұшпа мұнарға оранып, 
жұлым­жұлым жотасын күдірейте маңқиып қалған.
Жол танабы кезікпеді. Сұлбасы алыстан атойлаған биіктің 
зорын маңдайға тіреп, туралай тартып келеміз. Күн ашық. Үп 
дерлік жел жоқ, қайда қарасаң да тымырсыған өлі дүние. Көп то­
быр, мың сан тұяқ ізі қос жөнін нұсқағандай күртік қар бетінде 
сайрап жатыр. Бейберекет көп шимай, ерсілі­қарсылы жосылған 
із, ошақ­ошақ тебіндік, жүнше түтілген көде түбі ғана кешелі­
бүгінде осы өңірде тірлік болғанына куәлік еткендей...
Жолбасшым Кеңес ширақ жігіт еді, бұл жақты талай мәрте 
шиырлап, жер жөнін жете білген әккі жүргізуші сияқты. Тап­
тауырын жол танабын іздеп әуреленген жоқ, өзі білетін белгі, 
әлде көкірек сезігімен алаңсыз жосылтып келеді. Машинасы да 
бабында. Өңкей жолсызбен, тыңнан қар тіле жүрсе де, еш жер­
де кідірген жоқ. Кабинасы үйдей жылы. Құдды бір күйлі пеш 
түбінде отырғандаймын. Елгезек жүргізуші әлсін­әлсін маған 
кү лімсірей бұрылып: «Тоңған жоқсыз ба, қонақ?» – деп сұрайды 
да, әлдебір әнді ыңылдай бастайды. Әні әр түрлі. Көңілді саз да, 

185
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мұңлы ескі сарын да кезекпе­кезек көмейінен құйылып жа­
тыр. Әлде арманы, әлде құйқылжыған көңіл сыры? Айтарда соны 
талғамайтын сияқты. Әншейін уақыт өткізер ермек. Ыңылдап, 
ернінің ұшымен баяу ғана сызылтып әндетеді. Тарғыл даусын 
тартымды деуге болмас, бірақ мынадай иесіз медиенде құлақ 
құрышын қандыруға жарап жатыр. Кәдімгідей көңіл ашар жап­
жақсы әуен.
Содан да жалыға ма, жоқ, доңғалақ табанына оралған шексіз 
даланың сүреңсіз суреті жалықтыра ма, кім білген, маған әредік 
қарап қойып, әр алуан әңгіме шертеді. Рульге отырғанына жеті­
сегіз жыл болыпты. Содан бері бірде­бір машина ауыстырмапты.
– Бұған да, замандас, астыңдағы атыңдай ынтамен қарау 
керек. Бабы болмаса, бағып күтпесең атың жүре ме? Көздеген 
жеріңе болдырмай жеткізе ме? Темірдің де тілі бар. Ойбай­
ау, білмесең оны әуре болып, рульге жолама. Баптап, күйлеп 
алмасаң, шофер болмай­ақ қой, делбе ұстауға кет!
Көріп те, сезіп те отырмын. Нендей жұмысты болсын ұқыпты 
атқарар іскер жанды танытқандай. Байсалды қалыбына байқа­
ғыштық қабілеті жарасқан. Сөз саптауында да сондай бір мәнді­
мағыналы гәп бар...
Жылқы ізі жатағандау бұйратты қуалай, солға қарай жалт 
берген­ді. Кеңес ойланған да жоқ, оңға бұрды. Із түспеген тыңға 
салды.
– Турасын айтайын сізге, осынша бейнетпен іздеп келе жат­
қан жігітіңіз маған ұнамайды, – деп Кеңес тың сөз бастады. – 
Маған ғана емес­ау, Ақтастағы жұрттан сұраңызшы, осылай деуі 
сөзсіз...
Айтып отырғаны – Аманкелді Төлеуов. Қаладан іздеп шық­
қан кісім. Ерен еңбегімен есімі ел аузына ілінген айтулы жылқы­
шы. Жә, мына уәжге жол болсын?..
Шынтуайтын айтқанда, ол хақында қым­қиғаш сөз естуім бір 
бұл емес. Мақтау айтқан жұрт оның кейбір қылықтарын даттап 
та әңгімелейтін. Өз дегені болмаса кісі айтқанына көнбейтін қи­
қар деп те, небір келеңсіз қылықтарға жаны үйір дөрекі етіп те 
сөз қылатын. Осы жолға шығардың алдында ғана елден келген 
бір танысым:
– Жылқыға келгеннің бәріне сойыл ала жүгіреді дейді. Қи­
қарлық па, әумесерлік пе, өзің айтшы төрелігін? – деп әжуалай 
күлген­ді.

186
Медеу СӘРСЕКЕ
Сонда­ақ, әлде түйсігі өзгеше, әлде мінезі оғаш тұрпайы бір бей­
не көз алдыма кес­кестей қалған. Жұмбақ жан боп тұрып алған. 
Енді, міне, сол жұмбақтың сыры қалыңдап та, түйткілі көбейіп 
те барады. Сөзуар жолсерігім әлгі айтқанымен тоқтамады, аға 
жылқышы туралы тағы бір тың әңгіменің шет жағасын естіртті.
– Өткен жылы өкімет Аманкелдіні Ленин орденімен мара­
паттады. Бастықтардың оны қандай оймен орденге ұсынғанын 
қайдан білейін, соны білудің маған керегі не? Солай істеуді жөн 
көрген соң, оллаһи, менің онда шаруам қанша? Аяймын ба, ала 
берсін, орден жетеді. Иә, содан, аудан орталығына жоғары жақтан 
кісілер келсе керек. Сол жолы біраз малшы указға ілінген. Гараж­
да жүр едім, директор шақыртыпты. «Төлеуовті тездетіп жеткіз!» 
десін. Маған не керек, машина доңғалағы айналса болды. Әмбе ол 
маған бөтен кісі емес. «Газигімді» жүйткітіп отырып, шеткергі 
жайлауда жатқан жылқыға келдім де, Аманкелдіге «Ал, күйеу 
шырақ, жібі түзу киміңді ки де, кабинаға отыр» деймін. – 
Кеңес кеңкілдеп күлді. Әлдебір күлкілі жайт ойына түскендей 
рақаттана һәм дарақылана жайраң қақсын. Сонсоң даусын қа­
сақана көтере, әжуалап отырғанын жасырмай, сөзін жалғады. – 
Тегінде, Аманкелдіден тәңір жарылқасын күткенше, құдайдан 
күйдіргі аптапта жаңбыр сұраған артық. Оны айтасыз, сол 
сәттегі түрін көрсеңіз... Тура мені атып жіберердей боп, ішіп­жеп 
тасырая қарағанын айтам­ау. «Бармаймын сенімен. Бұдан былай 
көзіме және көрінбе. Көрінсең де қолыңды берме, алмаймын!» деп 
қарап тұр. Өзі менің немере қарындасымды алып отыр. Күйеулік 
жіңішке жолы тағы бар. Қайтейін, жердің үстімен келіп, астымен 
қайтқандай боп, үн­түнсіз қайтып кеттім. Ақымаққа не істейсің, 
жөн­жоба білмейтін кеще болған соң оған сөз өте ме? Директорға 
келіп, теріс қарап тұрып, болған әңгімені бастан­аяқ баян еттім, 
теріс қарамасқа лаж жоқ, бетпе­бет айтуға ұялады екенсің тіпті. 
Біздің Кәкең де қызық адам, ләм­мим демеді, түн ішінде тағы бір 
машина айдатты. Ақыры облыс орталығына сонымен апарды. 
Төрелігін өзіңіз айтыңызшы, замандас, осыдан соң сол қиқарды 
қалай ғана тағы демейсің? Шын айтам, иен далада шет жайлап 
жүріп, кісіліктен айырылған нағылет...
Жолсерігімнің мәнерлеп айтқан ұзақ әңгімесі ертеңгілікте 
кеңшар кеңсесінде естіген тағы бір сөзді есіме салып еді.
– Жылқымыздың дені қазір Дуана тауының сыртында. Те­
бінге ауырлау жер. Соны уайымдап, қауіп көріп отырған біз де 

187
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жоқ. Қос ағасы Аманкелді болған соң ойламаймыз... – деген­ді 
шаруашылық директоры.
Естуімше, бұл қоста тоғыз жүзден аса жылқы бар. Кеңшар бас­
шысы болса, сонша жылқыны көзіне ілгісі келмегендей, атүсті 
әңгімелейді. Әмбе әлгі сөзін нығарлап айтты. Әсіресе жылқышы 
есімін. Не себепті? Неліктен бір Аманкелді туралы осынша қым­
қиғаш пікірлер естідім?
Сол түйткілді білмек үшін де жылқышылар қосын іздеп 
келемін. Қарға бөккен даланы шарлап, шыңылтыр аязды күнде 
бір ізден бір із қуып келе жатқан себебім осы.
Жатаған бұйрат артта қалды. Артта қалған жоқ­ау, өзінен 
әлдеқайда ауқымды, әлдеқайда биік, жақпарлы­жартасты үлкен 
таумен ұласты. 
Оқшау одырайған биіктердің біріне жеткенімізде, қарсы ал­
дымыздан жұмыртқадай ақ отау жарқ етті. Әуелі қар басқан шө­
меле сияқтанған. Жақын келе, сорайған мұржасын көрген соң, 
баспанаға ұқсады. Аппақ болған себебін де түсіндім. Кірпішше 
дестелеп қалаған кесек­кесек қар екен сырты... 
II
 Дала келбеті бұрын да осындай еді: қар сіреген, аяз сорған, 
боран ұлып, төскейінде жел қыдырған, неше мың тұяқ құйқа сын 
мыжғылап аяусыз жаншыған. Қазір де сондай. Қос кейпі де сол 
қалпы. Сол мекен, сол адамдар.
Рас, о кезде бұл қостың ағасы Әрібай Доғалов болатын. Кей­
біреулер қатыгез атандырса да, көп жұртқа абзал қылығымен 
жаққан бәйкүнә қарт еді. Көрген­білгені де аз емес­ті: ширек 
ғасыр жылқы соңынан ерген; талай мехнатты басынан өткізген
талай қуанышты көзі көрген; бірақ кейінгі жылдары желкесінен 
мықтап шалған бір пәле аттан түсер мерзімі жеткенін сездіре 
де бастаған... Әсіресе соның әсері биыл өте­мөте жиірек таны­
лып жүрген. Қостан гөрі қыстауда көбірек түнейтін болған­ды. 
Әрекең соны да қатты уайымдайтын. Бұл да бірсәрі екен. Бәрінен 
де оған қостан қайтарда үйіне емес, ауруханаға кететіні ауыр 
тиетін.
Сондай сәтте сол аяғын үзеңгіге іліп тұрып, аттандырып тұр­
ған Аманкелдіге:

188
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ал, кәмсамал жылқышы, тағы да кетіп барам. Қосқа өзің 
ие бол. Жоқтатпа әкеңді, – дейтін. Жылқышылар аң­таң. Қай­
сының болсын құрық сүйреткеніне біраз жыл. Осы шалмен 
үзеңгілес атқа мінгендері де бар. Шаруашылық басшылары да 
бұлардың сөзін жерге тастамайды. Қарт жылқышы да өздерімен 
ақылдаспай, жайылым ауыстырған емес. Сөйтсе де іштей айыра­
тын сияқты...
Әлгі сөз – соның салдары. Қос жөнін ежелгі серіктері – сақа 
жылқышыларға емес, бала бақташы Аманкелдіге тапсырады. 
Неге сөйтеді? Сенбей ме, өзіндей қатты бола алмайды деп кеміте 
ме әлде? Неге? Ал Аманкелдінің бақыршы бала боп қосқа келгені 
кеше ғана емес пе еді?
Бұрнағы жылы Аманкелдіге ес те, сүйеніш те боп отырған 
аурушаң анасы дүние салды. Соны естігенде Әрібай жедел атта­
нып, өмірдің қызық­шыжығын бірге өткізген дос шаңырағының 
тауқыметін атқарудың соңында, иесіз үйде не істерін білмей 
аңырап отырған он алты жасар жасөспірімді қосқа алып келген­
ді. Серіктеріне де сол күні: «Төлеуден қалған мына тұяқтың 
ендігі әкесі менмін!..» – деген­ді. Содан бері екі­үш жыл өтті. 
Бақыршы бала есейіп, қабырғалы жылқышы атанды. Әрекең 
әрекетіне қарағанда, жас жігіт енді бірер жылда қосқа ие аға 
жылқышы болмақ. Әрине, қай заманда болсын, күш­қайратына 
сенген мықтылар ғана қарына құрық ілген. Ондай әлуеттілер бұл 
қоста да болатын. Тіпті қос иесі атануға үміттілер де бар­ды. Сірә, 
сол себептен де Әрекеңнің үзеңгілес серігі Басар Қырықбаев та, 
өзге жылқышылар да қос ағасының ниет­пиғылын аса жаратпай, 
талай мәрте өзара күңкілдесіп наразылық білдіретін. Бәрінен де 
жасы егделеу Қыдырекең бір жолы: «Е, әліптің артын бағайық. 
Бұған төрелікті біз емес, әлей долы боран айтады. Сонда көрерміз 
кімнің кім екенін!» – деп кеңкілдей күлген­ді.
* * *
 Сол жылы қыс ерте түсті. Әуелі жапалақтап қар жауды. Және 
бір күн емес, неше күн, неше түн толассыз жауып, мал өрісін 
ақ көрпемен мейлінше қалыңдатып қымтап бақты. Аманкелді 
түнгі күзетке жиі шығатын болды. Көп ретте өз кезегін тоспай­
ақ шығып жүрді. Сөйтуді дұрыс көрген. Жан күйттейтін шағы 

189
ШЫҒАРМАЛАРЫ
емес. Қажыдым деу ұят. Жаны жас, дені сау. Қыдырекең жасы­
на келгенде көре жатар. Белім деп қақсап, отқа арқасын қақтап 
отыра ма, жалпақ белбеуді тарта буынып, ат үстінде жүре ме – 
бұйырғанын көрер. Ал қазір оған алдындағы қазына малының 
аман дығы керек. Сонсоң да ол түндей тілсіз дүлейдің құшағына 
қайраты қайтқан Қыдырекеңді жалғыз жібере алмайды. Бас 
жылқышының аманаты және есінде. Серіктестерінің де өзіне сы­
най қарап жүргенін сезбейді емес. Сезеді, әлде ерегес, әлде намыс 
билеп, атқа жиі мінеді.
...Сол жолы ол қостан күндегісінен де ерте аттанды. Мінер 
атын күн барда қамдап, жылы киініп жүріп кеткен.
Жылқы қостан бес­алты шақырым төменде, Аққұдық 
жазығында жатыр екен. Бұл бір тұяқ қағар тасы жоқ жалпақ 
дала еді. Ана шеті адырлы Матайға тірелгенде, мына шеті ат шап­
тырым Келдібай қорығына барып тұтасатын ұшы­қиырсыз ен 
жазық­ты. Бірлі­жарым ойпаңы болмаса, қарауыл қарар төбесі 
жоқ бұлдырсыз медиеннің өзі. Жаз бойы мұнда мал болмайды. 
Сусыз өңір. Сонсоң оның көгал құрағындай қалың шығатын 
көдесі мұрты сынбай тік тұрады. Жазықтың қар ұстар құты – 
осы. Биыл да алғашқы жауған қар биік өскен шөп ығында жа­
тып қалған. Аяз сормаған соң күпсек қалпында жатқан. Жылқы 
тұяғына керегі де сол. Тебуге жеңіл, су іздейтін жаз емес.
Жылқышылар қосының Аққұдық бойынан ұзамай, айнала 
қонып жүрген себебі де содан. Неше айғыр үйір жылқы шашыра­
май, ұзақты күн ауыл қонғандай жерден қозғалмайтын. Әйсе де 
бұл тымық күннің ғана жұбанышы еді.
Жел көтерілсінші, бұл жазық ит байласа тұрғысыз ызғын 
күйге түседі.
Осы гәп жылқышылардың көңілін алаңдатып жүрген. Сөйт­
се де жер оты қызықтырды. Аға жылқышы орнына қалған 
Аман келді де көшелік деп кесіп айтар сөзін ертеңге салып ке­
шеуілдетіп, солқылдақтық аңғартты.
Аманкелді жылқыны бір айналып шықты. Айғыр үйірлерін 
санады. Түгел екен. Өңкей тобылғы торы, шабдар мен көгі бір 
бөлек, мақпал қара, ақ маңдай ала жоны бір бөлек топтасып, 
үйір­үйір боп, айналасы қозы өрісіндей ғана қарлы тепсеңнің 
додасын шығарып, жабыла түтіп жатыр. Айдамасаң қозғалар 
емес. Күн шыңылтыр аяз. Жел жоқ. Ай сүттей жарық, тас төбеде 

190
Медеу СӘРСЕКЕ
тұр. Жұлдыз жаңа­жаңа жамырай бастады. Бірақ астындағы 
кәрі торы бірдеңе сезетін сияқты, әредік пысқырынып, жер тар­
пып, сыртын терістікке бұра береді. Жылқышы оны елеген жоқ, 
жылқы ішіне бойлай кірді де көзін тарс жұмды.
Таң алдында шөп басы желкілдеп, көде түбін қуалаған жы­
лан құйрық сумаңдай бастады. Ат үстінде қалғып­шұлғып, 
таңды тосқан Аманкелді оянып кетті, мұздаған денесін жазбақ 
боп, қозғалақтап алды­артына қарады. Дірілдеген ай нұрын да 
сонда көрді, бұрынғы келбеті жоқ, беті сұп­сұр, тарғыл тұсы 
бұрынғыдан да қарауыта түскендей, сәулесі қалтылдап тұр. Табан 
астындағы қар көшкінін де ол сол сәтте аңғарды. Терістік жел. 
Солдан соғатын өтімді, бір басталса өкіріп, мүлдем құтыратын 
дүлейдің өзі болмағай... Тез­ақ қатайды. Қар көшкіні суылдап, 
сып­сып етіп оңнан да, солдан да жүре бастады. Әзірше жаяу бо­
расын. Одан әрі басталды дей бер ақ түнек.
Жылқышы қамдануға бекініп, табынның оң қанатына шық­
ты. Дер кезінде келіпті. Жылқы оттауды қойып, топ­топ болып 
шоғырланып, жосуға әзірленгендей, құлақтарын жымқыра ұс­
тап, елеңдей бастаған екен. Құрығын көлденең ұстап, үлкен бір 
шоғырға айғайлай тиісті. Ойы – Матайдың көп бұйраты. Ой­
лағаны жүзеге асса – ықтасынға жеткені. Ықтасынға жетке­
ні – бораннан құтылғаны. Атын да аяған жоқ. Орай шауып, оң 
қанатты лезде жиып алды.
Жел тез күшейді. Қас қағымда­ақ ұйтқи соғып, жер­көкті ас­
тан­кестен буырқанған ақ теңіз ғып жіберді. Жаңадан жауып 
тұр ма, әлде жердегі қар қайта көтеріліп, аспанға шығып кетті 
ме? Бейне бір теңіз түбінде жүргендей, табан астынан да соқты; 
қарсы алдынан да үдей ұйтқып, аспаннан да құйылып жатыр. 
Біресе гуілдеп, біресе өкіріп, шат­шәлекей жылағандай дамыл­
сыз азынаған бір үн. Толастау қайда, қайта зорайып барады. Тау 
басынан төмен төңкерілген көшкін үні ме? Биік жартастан са­
рылдай құлаған су тасқыны ма? Әлде тасыр­тұсыр шапқылап, 
қар сапырған мың сан тұяқ дүрсілі ме? Сірә, соның бәрі бірдей, 
бір мезгілде тоқайласып қалып, үн қоса азынап жатыр ма? Білу 
қайда?! Көз аштырмаған мылқау бір дүние. Толассыз сарнап, уілі 
де, гуілі де қат­қабат араласқан ғажап бір дыбыстар. Етек­жеңін 
қуалап, ішін кеулеп, қиыршық қарды көзіне тықпалап, тұла бо­
йын еңсеріп барады...

191
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әлгінде ғана сәулесі қалтылдап тұрған табақтай ай да ұшты­
күйлі жоғалып кетті. Ақ түнек бір­ақ қылғып жұтып қойған дай, 
лезде ғайып болды. Апыр­ау, бар тірлікті осылай жұтпақ па? 
Жымқырып алып астына баспақ па?
Аманкелді енді шын сасайын деді. Сасқаны шығар, жалма­
жан Асау торының үйіріне қарай шапты.
Телқұланы ол бірден көрді. Көрді деу – жаңсақ сөз. Құла атты 
ол аяқ тастасынан­ақ айнытпай таныды. Тұлғасы бөлек, бітімі 
өзге бәйге құланы ол қандай қараңғы түн болмасын, қандай 
түтеген боран соқпасын, мойнын ішіне алып, тұяғынан қар бо­
ратып, жер танабын қуыра шапқан дүбірінен­ақ танушы еді. Бұл 
жолы да қателескен жоқ, көре сала құрық салды.
Жануар қашпады, шылбыр тұзағы мойнына тиер­тиместен 
тұра қалды. 
III
 
Телқұла биыл алтыға шығады. Әбден толысып, кемеліне кел­
ген шағы. Тай, құнан кезіндегі ұшқалақ мінездері қалған. Қазір 
ол қылыш құйрық, құлан жалды, қоян жон, қаз мойынды, кеу­
десі жинақы, шоқтығы нар өркешіндей шығыңқы, етті сауыры 
төңкерілген тегенедей толымды, бар бітімі кісі қызыққандай 
сымбатқа ие қазақы ат болған.
Осы келбетке ол Аманкелдінің көз алдында жетті. Жылдан­
жылға өсуі, жақсы атағы шығып, ел аузына ілінуі, ең аяғы өткен 
жазда ауданаралық бәйгеде көп аттан оқ бойы озық келгені де 
жас жылқышының есінде. Сол бәйгеге де өз баптауымен жетті.
Анығында, сол бәйге өзінің ең алғаш ат қосқан, бағын сынаған 
жарыс еді. Несін айтасың, құла ат сонда ойлаған жерінен шықты, 
алда келді. Кейін тері кепкенде құланың жонын алақанымен 
уқалап, жал­құйрығын тарамдап тарап тұрып, Аманкелді аттың 
шақшадай ғана қалқиған сұңғыла басын құшырлана қысып:
– Бір бұл емес. Алда екеуміздің шабар бәйгеміз! – деген­ді. 
Сол сөзді естіген жұрт басын шайқаған. Атқұмар жастың 
қылығына қызығып та, ернін жымыра қымсынып та таңданыс 
білдірген­ді. 
Аманкелдінің бәйге құлаға іш тартып, соншама ынтық болуы, 
әсілі, құлын күнінен өрбігенін тамсанған жұрт қайдан білсін?!.

192
Медеу СӘРСЕКЕ
...Сырқат шешесі ақ ішіп, бойын көтеруді ойлады ма, кім біл­
сін, қойшы бауырының қасына көшіп келген жылдың жазы еді. 
Иә, өзі орта мектептің жетінші басқышын тәмамдаған кез.
Бір күні нағашысы жылқыға барып, қайтарында құла 
биені жетелеп қайтты. Көздің жауын алғандай сүйкімді, басы 
қаздиған, ұзын мойын, қамыс құлақ, жалы күлтеленіп жылт­
жылт ет 
кен, қайқы құйрығының ұшы тірсегін соққан, сірә, 
туғанына он­он бес күн өтсе керек, едәуір шираған қоңыр құлыны 
бар екен. Енесінің жетекке түскеніне қыстыққандай, жас құлын 
біресе оң жағына, біресе сол жағына шауып шығып, кей сәт 
жақындай түсіп, тұмсығымен енесін шапқа түрткілеп, кейде өз 
бетімен айдалаға қаша жөнеліп, ойнақтап келе жатқан­ды.
Қоңыр құлынды көргенде Аманкелді үстіне түсе жаздады. 
Нағашысының түйіле қарағанын елеген жоқ, алақайлап алды­
нан шыққан. Санын шапалақтап, қуанышы қойнына сыймай, 
қоңыр құлынды әлей қызықтағаны анық. Соған дейін ноқта 
көрмеген жас құлын ә дегенде маңайлатқан жоқ. Жақындаса­ақ, 
құйрығын көкке шанша көтеріп, далаға қашып, әрі­беріден соң 
қайта келіп, қайта ойнақтап өзімен де ойнаған. Күн ұзын ойнай 
берер ме еді, кім білсін, нағашысы тыйым салмаса?
Сол күні­ақ қара құлақ қоңыр құлын қапылыста қолға түсіп, 
басына ноқта киді. Сонда­ақ Аманкелді жас құлынға жаны аши 
қарап, көзіне мөлтілдеп келіп қалған жасты көрсетуге ұялып, 
айдалаға безіп кеткен­ді.
Құла биені нағашысы ферма бастығынан сұрап алыпты. Сүт­
ті биені жаз бойы сауып, қымыз ішпек болған. Бірақ екі­ақ 
күн сауды. Үшінші күні түнде өрелі бие өзен жарынан құлап, 
қапылыста мерт болды. Соны ести сала жан ұшырып жүгіріп кел­
ген Аманкелді жұлыны үзіліп, өліп жатқан биені көрген. Қоңыр 
құлын енесінің шабына тұмсығын тығып, алдыңғы екі аяғын 
бүккен қалпында, етпеттей жатыр екен. Жансыз емшекті түннен 
бері кергілеп әбден тауысқан сықылды. Сөйтсе де жетім құлын 
енесінен айырылар емес. Мөлдіреген көзінде кешегі от шашқан 
жанар жоқ, бар қызуы сөніп қалғандай мөлиіп, жан­жағына 
біртүрлі жалбарына қарайды. Аманкелді өзін тежей алмай қатты 
қамықты. Көз алдындағы аянышты көрініске сенгісі келмеген­
дей, алғашқы сәтте қозғалмай қалт тұрып қалды да, кенет еңіреп 
жіберіп, құлынды құшақтай алды. Құлын да бұл жолы қашқан 
жоқ. Баланың құшағына тығыла түскен.

193
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол күннен бастап Аманкелді мен қоңыр құлын жұбын жаз­
байтын болды. Жылқышылар жетім құлынды қайта алудан бас 
тартыпты. Нағашысы тағы бір құлынды бие әкелді. Сірә, жетім 
құлын жетілгенше теліп ұстауға берілсе керек.
Соның сүті құла құлыннан гөрі, шопанның үрпе­шүрпе ба­
лаларына көбірек тиетін. Күні бойы желіде байлаулы жата­
тын жас құлынға қорек тауып беру үшін Аманкелді не қарекет 
қылмады дейсің. Сауылған сүттен ұрлап, құлынға апаратын. 
Нан қалдығын, қант сынығына дейін қоңыр құлынның аузына 
тығындап, әйтеуір аш қойған жоқ.
Ағайын қолына кіріптар болған, шарасыз күндерінде Аман­
келді тіршілік қызығын жетім құлын қасынан тапқандай күй 
кешті. Анасы қанша мейірленіп бауырына басса да, алабұртқан 
бала көңілі әлденеге құлазып, далаға қарай беретін. Мүсіркеп 
емес, шынайы жақсы көретін ыстық құшақты аңсағандай еді. 
Соны көксеп далаға шықты­ақ, ешкімнен жылы пейіл көрмей, 
іші пысып, ауылды шыр айналып жүретін де, ақыры ермек тап­
пай, желі басына келетін: құлынның құйрық­жалын тарайды; 
тұлымдай шоқ кекілін өріп, алақанымен сипалап отырғаны; 
үстіне шаң жуытпай жуып, сағат сайын аузына су тосып, өзен 
жағасынан жас құрақ шауып әкеп, алдына төсеп, айналсоқтап 
маңында болады. Әйтеуір құлынға жетімдік көрсетпеуге ты­
рысқаны рас. 
Текті затына тартқан болар, құлын да тез жетілді. Жетілген 
сайын түгі түсіп, қоңырқай түсі өзгере берді. Күннен­күнге өңі 
оңып, құлан иектеніп атқан таң түсіндей боп бозара бастады. Күз 
түсе­ақ осы күнгі құла түсіне енді. 
Аманкелді оқуға кеткенде құла құлын нағашысының қолын­
да қалған­ды. Енді оны тірі жан жетім деп кемсіте алмайтындай 
боп әбден жетілген. Бауыр жүні түсіп, арқа­жоны жылтылдаған, 
өзі таудай биік, алды­арты есік пен төрдей алшақ, құлағы тік 
шаншылған, күлте жал, құлан құйрық жабағы боп, көрген жан 
түр­келбетіне қызыққандай көрікке еніп келе жатқан­ды.
Сол жазда­ақ Телқұла атанған құла құлынды Аманкелді екін­
ші рет үш жылдан кейін, саяқ ат болғанда көрді. Жылқы ішінен 
құйрығын тік көтеріп аспанға шапшып, әрлі­берлі шауып жүрген 
құла атты көргенде, ол аузын ашып тұрып қалған. Әуелгіде та­
нымай, таныса да сол екеніне сенбей, аға жылқышыдан сұраған.
13­246

194
Медеу СӘРСЕКЕ
– Е, ол өзің мәпелеген Телқұла. Құлынында жетім қалған соң, 
жетілсін деп тайында үйретпедік. Құнанында піштірдік те, тағы 
ұстамадық. Биыл бесті шығады. Әлі құрық тиген жоқ. Екі жыл 
болды, ер салғызбай келеді... – деген­ді Әрекең.
Құла бесті сол сәтте Асау торының үйірін бір айналып шығып, 
ойнақтаған қалпы айдалаға безіп бара жатқан еді. Кең даланы 
дүбірлете шапқан саяқ атқа Аманкелді сүйсіне қараған. Әлде 
сағыныш, әлде қуаныш бойын кернеп, жүрегі лүп­лүп соғып, ор­
нында тұра алмай, тыпыршып та қалып еді.
– Биыл үйретілмесе, етке жібертем. Былтыр екі ерімді сын­
дырды, асаулығы әлей!..
Аманкелдінің жылқыға алғаш келген кезі. Адуын шағы. 
Беті әлі еш нәрседен қайтпаған. Сонсоң шығар, аға жылқышы 
әлгіндей деп күдікті істің басын қылтитып қойғанда, ерегеске 
түскендей: «Үйретем, қайтсем де үйретем оны!..» – деп өзіне­өзі 
серт бергендей болған.
Содан бір күні ол жылқы иіріп жүріп, құла бестіге бұғалақ 
тастаған. Әлде қайраты жетпеді, әлде қарымы кем соқты... 


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал