Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
(Смағұл – М.С.) Сәдуақасұлы, Асхат Сайдалыұлы
Қош 
ке Кемеңгерұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұратбек Сейітұлы 
(Асылбек Жұманұлының кенже інісі – М.С.) – Омбыда оқитын 
жас жігіттер. Соңғы бесеуі – Омбыдағы белгілі «Бірлік» жастар 
ұйымының сол уақыттағы бастықтары...» – деген куәлік айтып 
(кітап авторының өзі де осы ұйымның белсенді мүшесі – М.С.)
сол бетте және ілгергі тарауда осы шәрде білім алған, қызмет 
істейтін орысшаға жетік қазақтарды топ­тобымен санап, өзінің 
де облыс орталығында өрістеген саяси күреске атсалысқанын 
рухтана баяндайды. 
Хош делік! Әрине, ұйымның бағдарламасы, алдына қойған 
биік мақсаты болған. «Бірлік» деген аты да атойлап тұрғандай, 
сол ұйымға мүше оқушы жастар елге, жерге, руға бөлінбей, 
мынау кедей, анау бай деспей, «бір жеңнен қол, бір өңірден 
бас шығарып», биік мақсат үшін бірігіп, шартараптағы қазақ 
жұртының басын қосып, біртұтас ел болуға, Ресей империясын­
да басталған жаңа реформаларды, демократиялық өзгерістерді 
әжетіне жаратып, сол арқылы ұлы төңкерістен өз үлесін қамтып 
қалуға, федеративті республика атанған жағдайда тарихи үлес­
сыбағасын қомақты алуға шақырған ұранға бас иіп, Қазақ елі­
нің іргесін ұйымшылдықпен бекемдеуге ойысқан. Саяси мәні, бір ­
тұтас ел болып бірігу турасындағы басты идеясы жөнінен бұл – сол 
уақыт қана емес, қазір де таңғаларлық ізгі ой мен кеуде керер 
мақтаныш туғызар, кімді болсын шексіз қуанышқа бөлер тамаша 

147
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қарекет екендігі сөзсіз ақиқат! Лайым, тек сол бірлік іс жүзінде 
жүзеге ассын делік!..
Асылбек Жұманұлының түп тегі – тақыр кедей, әкесі бірақ жа­
ратылыс дарытқан зор талабымен, жүгендеусіз ынта­жігерімен 
қазақ зиялыларының оқу жолына түскен алғашқы білімпаздар 
тобында болғанын ескерткенбіз. Демек, ол осы шәрдің байырғы 
тұрғыны әрі сол кезде жиырма жастың өріне енді ғана көтеріл­
ген жас азамат болғандықтан Омбыда туған, «Бірлік» ұйымы 
бастаған демократиялық һәм ұлттық бостандық туралы ізгі идея­
дан шетқақпай қалмаған. 
Сәкен Сейфуллаұлы да – бай емес, дәулеті шағын қара ша­
руаның баласы. Ол да 1894 жылдың төлі, Асылбекпен түйдей 
құрдас. Құдай өнер үшін жаратқандай жан­жақты дарынға ие 
әрі ынта­жігерімен Нілді өндірісіндегі орыс пен қазақ балала­
рын оқытатын бастауыш приход мектебін тәмамдап, Омбы 
қаласындағы оқытушылар семинариясында (1913­1916) оқыған. 
Яғни, курстас құрбылары ұйымдастырған «Бірлік» ұйымын ол да 
ақындық, әншілік қабілетімен, ұлттық сана, өр кеуделі жігітке 
тән намысымен қолдаған.
Сонымен, құрдас екі жігіт те осы ұйымның әлеумет арасында­
ғы жұмысына барынша атсалысып (ағайынды Сейітовтердің 
үлкені Мұсылманбек пен кішісі Мұратбек те «Бірлікке» мүше, 
ал Асылбек оған Томнан оралған кезінде қосылған), сөйте жүріп 
саяси сауатын көтеріп, күрес үстінде ысылып, Омбыдағы қазақ 
қауымы арасында өрістеген әлеумет жұмысына жан­тәнімен 
жегілген.
Осы шәрдегі мұғалімдер семинариясының 1913­1917 жыл­
дардағы үздік шәкірті, талапкер жас ақын Мағжан Жұмабаев 
қатар көбейтер көптің бірі болғысы келмей, «Бірлік» атауын 
қайталап, әдеби үйірме құрып, «Балапан» атты қолжазба жур­
нал шығарған. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген жора­
мен болашақ жазушы Қошке Кемеңгеров те ауылшаруашылық 
училищесінде оқып жүріп «Бірлік» ұйымына мүше болған, 
«Балапанға» редакторлық еткен. Ол да өзі оқыған ұяда «Жас 
қазақ» ұйымын құрып, «Жас азамат» газетінің редакция 
алқасын басқарады. Смағұл Сәдуақасов та осы қаладағы ауыл­
шаруашылық мектебінде оқыған жылдарында, әдебиет үйірме­
сіне қатыса жүріп, әдеби танымын ілкі көтереді...

148
Медеу СӘРСЕКЕ
Шынтуайтын айтқанда, соның бәрі ақыр аяғында жеміс 
тергізді, білім алумен қоса, «Біз де басты көтерсек, Қала бер­
мей таптауда»
*
 деп жүріп, «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған, 
Алуға Күнді барып белді қуған»
**
 деумен білім жолындағы кө­
көрім жастардың тез ширап, күрес бастар сәт туғанда соған бел 
шешіп кірісуіне жол ашты. 
Мезгіл де алды­артыңа қаратпағандай адуын еді. 1916 жыл­
дың жаз айы, көшпелі тіршілікпен өмір сүрген байырғы қазақ 
ауылдарын бейғам тыныштық пен аңқаулық жайлаған мамы­
ражай уақыт десек те, билеуші үкімет қолданған кейбір қауырт 
шаралар момын халықты ұйқыдан оятқандай болып, отарлаушы 
елдің әкірең шенеуніктері күтпеген оқиғаларға ұрындырған. 
Мысалы, сол жазда өздерінің арасына санақ жүргізе келген 
комиссияға кейбір болыстарда есеп­қисап жасатпаған. Өйткені 
соғыс жүріп жатқан батыс шепке қазақтарды да зорлап жібереді­
міс деген сыбысқа елеңдеп, өздерінше қауіп­қатердің алдын 
алуға тырысқан. 
Елге төнген сол қатерді «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында жа­
зушы да сезеді.
Алғашқы тараудың 36­беті:
«Доктыр Асылбек Сейітұлы бас болып кеткен санақшылар 
да келді. Оларды Тінәлі-Темеш деген біздің елдер ұстап, ұрып, 
неше күн көгендеп байлап, шаштарын алғызып, намаз оқытып, 
қамап отырған жерінде, Ақмоладан барған бір палуан Жұман де-
ген саудагер босатып алыпты».
«...Ақмолаға, қазақтар ортасына губернатор келеді. Управаға 
дала мен қала маңындағы беделді ақсақалдарды, старшындар 
мен билерді жинатып, дүйім жұрт алдында сөз сөйлейді. Гу-
бернатордың түсі жазғытұрғы күйттеніп шабынған бураға 
ұқсайды. Түсі суық. Өте қаһарлы. Жұрт бөріктерін қолына 
ұстап, иін тіресіп жиналып тұрды. Байлары, билері алдын-
да, тілмаш арқылы, губернатордың бөріксіз бастарға айтқан 
сөзі мынау: «Ақмола қазақтары патшаның әскери қызметіне 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Оқуда мақсат не?» деген 1912 жылғы өле­
ңінен.
** 
Бұл да сол ақынның «Шығамын тірі болсам адам болып» атты туындысынан.

149
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бармауға... көтеріліс жасамақ болып жатыр» деген хабарды 
естіп келдім. Қазақтың мұнысы – құтырғандық, ақымақтық. 
Орыстың әскеріне, орыстың қару-жарағына қазақ қарсы тұра 
ала ма? Қазақ бұл ақымақтығын тастасын».
Ішінде қыз­қыз қайнаған ыза­кекті тежемеген дала халқын 
губернатордың әкіреңі тоқтата алмайды. Жүздеген, мыңдаған 
адам ат жалын тартып мініп, 19 бен 31 арасындағы жігіттерін 
көгендей тізіп, солдатқа бермеске бел буады. «Қазақ қозғалысы» 
тарауын автор осы бүліншілікті, қазақ ортасын жайлаған жаңа 
кесепатты нақты айғақпен суреттеуге арнаған. Ел бұлқынысы 
бірақ тез тыйылады. «Бір күні қуаныш хабар сарт ете түсті: «Пат­
ша үкіметі құлады!» – деген сүйсініспен аяқталады алғашқы та­
рау.
«Революцияның алғашқы жылдары» тарауында жазушы 
Ресейдің бас қалаларында 1917 жылы бұрқ еткен Ақпан төң­
керісінен кейін Ақмолада өршіген саяси күрестің бел­белесін 
тәптіштей сипаттап, орыс, қазақ және татар тұрғындары жан­
таласа, жарыса құрған әлеуметтік­саяси ұйымдар мен коми­
теттердің уезд билігіне тайталасын сөз етеді. Өзі де қазақ 
оқығандарын жаппай қамтыған айқастың жуан ортасында бо­
лыпты. «Сөз көп, пәтуа жоқ. Жиылыс көп, тиянақ жоқ. Үкімет 
әлсіз. Үкімет комитеттің қолында болмай, ақырында Керенский 
үкіметінің уездік комиссары келіп, уездің әмірі соның қолына 
көшті... Жұрттың бәрі өзі бек, өзі төре болып алды. Керенский 
комиссарына жөнді бағынбайтын болдық. Сот дағдарып, ми­
лиция (?) әлсіреді...» – деген дәрменсіз жағдаятты кітаптың 
59­бетінен оқимыз.
Қазақстанның әр жерінде уездік, облыстық съездер шақы­
рылып, сәуір айында Омбы қаласында, яғни Ақмола облысын­
да тұратын қазақтардың көрнекті өкілдері бас қосып, облыс­
тық қазақ комитетін сайлаған. Сол жиынға Орынбордағы «Қа­
зақ» газетінен Міржақып Дулатов келіпті (Дала халқын би­
леп­төстейтін әкімшілік ірге тепкен орталығы, «Қазақты» шы­
ғарушылар – бұқара халықты саяси күреске, ұлттық бос тандыққа 
басты ұйықтырушы болғандар). Қазақ комитетінен оған екі қазақ 
қайраткері қатысыпты: Дінмұхамед Әділұлы мен Көшмұхамед 
(Қошке) Кемеңгерұлы. Жазушы екеуіне де құрмет білдіре сипат­

150
Медеу СӘРСЕКЕ
тап комиссарлар дейді. «Олар келген соң уездік қазақ коми теті 
құрылды. Қазақ комитеті қазақ істерін басқаратын болды. Бірақ 
күш, үкімет, дегенмен, әлі де уездік комиссардың қолында», – де­
ген ескертпе соған орай жазылған. Сәкен Сейфуллиннің өзі осы 
жиында уездік комитеттің төрағасы болып сайланыпты. Алайда 
шағын қаладағы қос үкімет өзара сыйыспай, уездік комиссар­
дың үстемдігі басымырақ болады. Сыйыспаушылықтың се­
беп­салдарын мемуарлық кітапты жазушы нақты айғақтармен, 
сайқымазақ әуенмен суреттейді. Айтыс­тартыс шиеленісіп, 
тығырыққа тірелгенде даулы мәселеге төрелік жасау үшін Ом­
быдан екі комиссар келеді. «Бір орыс, бір қазақ – Хомутов пен 
А. Сейітұлы. Олар біздің комитеттің мәжілісіне келді. Мәжіліс 
«жанжал бітті» деген соң, олар қайтты... Қолда күш жоқ. Тіпті 
үкіметте күш жоқ. Закон жоқ. Біздің істеп жатқан үлкен бір 
ісіміз: қалыңмалды құртып, әйелдерді сүйгеніне жіберіп жатыр­
мыз...» (63­бет). 
* * *
Деректі эссе авторының инженерлік мамандығын ауыр өн­
дірісте істеп, кәсіби меңгеруге құлшына кіріскен шағы. Бірақ 
көркем әдебиетке де әуейлігім бар. Әсіресе өткен тарихымыздың 
ұңғыл­шұңғыл қатпарларын білуге. Сірә, сол ынтызарлық та 
жетелеген болар, 1961 жылдың жазында мен Бурабай көлінің 
жағасындағы сауықтыру орнында жатқанымда Оқжетпестің 
іргесіндегі Көкшетау облыстық кәсіподағының демалыс үйінде 
Алаш қозғалысының атақты қайраткері Әлімхан Ермеков дема­
лып жатыр деген хабарды естіп, ақсақалға сәлем бере бардым. 
Ол кісінің Сібір сапарынан аман­есен оралған соң Қарағанды 
политехника институтында профессор болып ұстаздық ететінін 
білетінмін. Жас кезінде көшесін шарлаған, қызмет те істеген 
Семейдің тұрғыны екенімді білген соң, әлде жабық жатқан тари­
хи оқиғалардың бүге­шігесін білуге ынтызарлығым әсер етті ме, 
кім білсін, сол күнде жетпіс жастың межесінен асқан Әлімхан 
ағай мені жатсынған жоқ.
Біздің әңгімеміз үш тәулікке созылды (Сол күндерде Әле­
кеңнен естіген деректерді «Қазақ жерінің біртұтастығы үшін» 
(«Егемен Қазақстан», 2003) және Павлодар облыстық «Звез­
да прииртышья» газетінің 2007 жылғы 6­9 қазандағы санда­

151
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рында жарияланған «За единение казахских земель» деп 
аталған тарихи эссемде егжей­тегжей баяндағанмын). Бурабай 
көлінің жағасында қойын дәптеріме түскен әңгіменің осы эссе 
кейіпкерлеріне байланысты тұсын ықшамдап келтіремін...
«Ақпан төңкерісі бұрқ еткенде мен Том шәріндегі Техноло-
гия институтының кен факультетінің соңғы курсының сту-
денті едім. Сол қарсаңда Томда қырық шамалы қазақ жастары 
оқитын-ды. Көпшілігі Ертіс бойы мен Арқадағы Қарқаралы, 
Кереку, Көкшетау, Қызылжар, Ақмола және Омбы уездерінің 
тумалары. Көпшілігі университетте, колледж бен училище-
де оқиды. Өзара ұйымшылмыз, жерлестік ұйым құрып, сауық 
кештерін, туған күнімізді өткіземіз. Студент болсам да 
саясатқа жүйрікпін, ұлттық санам да сергек. Жас жөнінен де 
ересекпін. Содан, не керек, бойында қазақ қаны бар жігіттерді 
жинап: 
– Дереу елге қайтуымыз керек, – дедім. – Таяу күндерде 
елде үлкен өзгеріс басталады. Санкт-Петербургте бұрқ еткен 
Ақпан төңкерісін жасаушы орыстың білімпаз қайраткерлері 
Ресейде демократиялық жаңару процесі басталады деген ма-
нифест жариялады. Міне, оқыңдар, газетте солай делінген, 
ар-ождан бостандығына жетеміз. Ресей патшасына бодан 
болған барлық халықтар өзін-өзі билеуге, өз тілінде жазып-
сызуға, сөйлеуге еркіндік алмақ. Бұрынғы шексіз қанау мен 
өктем тонау түбірімен жойылмақ... – Әлімхан ағай өзін-өзі 
мінеп, аяусыз сынағандай мысқылды шыраймен 1917 жылдың 
ақпан айында болған оқиғаны күні кеше басынан өткендей қаз-
қалпында төндіре баяндап, әңгімені қыздырсын. Менде үн жоқ, 
ынтыға тыңдап отырмын. Анығында, сол күні естіге нім – 
сол күнде мен үшін мүлдем тың оқиғалар... – Осындай дүбірлі 
шақта таңдаған оқуымызды түбегейлеп оқимыз деген өзімшіл 
қылықты доғарып, кімде-кім өзін қазақпын десе, тұл бойым-
да қазақтық намысқа суғарылған қызу қаны болса, дереу елге 
барып, қараңғылық тұман көз алдын тұмшалап, аузы буулы 
болған сорлы халқымызға заман талабын, ойда жоқта аспан-
нан топ еткен мына жақсылықты түсіндіріп, демократия за-
маны бермек игіліктерден өз үлесімізді молдап қамту қажет! 
Ел тағдырына, жігіттер, таңдауды бүгін жасаңдар. Ертең 

152
Медеу СӘРСЕКЕ
жасасаңдар кеш болады» деп те жол-жоба айтып, білгендікке 
басайын... 
– Апыр-ай, сол үгітіңіз оқыған азаматтарға дарыды ма?
– Дарығанда қандай! Бірде-бір өрен бас тартқан жоқ. Нау-
рыздың орта шенінде Семейге жетіп, губерния орталығында 
басталған әлеумет ісіне араластық. Одан кейінгі аумалы-
төкпелі оқиғалар, қарғаш, сізге мәлім болар?
– Жалпылама ғана. Ұлттық партия құрдыңыздар, жер-жерде 
Алаш комитеттері пайда болды. Саяси күрес Ертіс жағасында, 
күллі қазақ даласында қыза бастады...
– Иә, солай, сайып келгенде, соның бәрі Уақытша үкіметтің 
ойдан шығарған ертегісіне айналды, оның аяғы Қазан төң-
керісінде үкімет басына келген большевиктер партиясының 
қитұрқы саясатына кезігіп, пролетариат диктатурасымен 
ауысты. Ресейлік буржуазия партиялары жариялаған «демо-
кратияны» біз шындыққа балаппыз, ақырында опық жедік. Мен 
өзім, қарғаш, сенесіз бе, өзіме өмір бойы кешпейтін ауыр күнәға 
баттым: 1917 жылдың көктемінде Том шәрінен ертіп келген 
40 шақты жастардың бірде-бірі қазірде тірілер санатында 
жоқ, бәрі де бертінде жазалаушы органның тас дөңбегіне түсіп, 
қырық жасқа жетер-жетпесте қыршынынан қиылды.. Солардың 
қанын арқалағанымды ойға алсам мазам кетіп, ұйқым қашып, 
неге сонша ел қамын жеген қаншыл болдым деп те өкінемін, 
қарғаш!..
– Заман аужайын алдын ала болжау қашанда қиын ғой, 
аға. Өкінішіңіз, сірә, сол іске мұрындық болғаныңызда. 1930-37 
жылдардың қызыл қырғынын 1917 жылы қалайша болжайсыз? 
Мұндайда қазақ жазмыштан, татар дәмнің таусылғандығы 
деген тоқтам айтады». 
* * *
 Шындығында Уақытша үкімет әсіре көлгірлікпен әрі өңе­
шін жыртқан даурықпамен жариялаған «бостандықтар» Ресей 
империясының байтақ территориясының барлық түкпірінде 
жаппай қолдау тауып, ерекше өрекпулер туғызған. Қазақ елі 
де содан қалыс қалмаған. Жұртқа мәлім оқиғалар тасқыны мы­
надай: Орынборда «Қазақ» газетін шығарушылар және Әли­

153
ШЫҒАРМАЛАРЫ
хан Бөкейханов, Батыс Қазақстанда Халел мен Жаһанша Дос­
мұхамедовтер, Түркістан атырабында Мұхамеджан Тынышпа­
ев пен Мұстафа Шоқаев, Семей облысында Әлімхан Ермеков, 
Ғалел Ғаббасов және басқалар ұйытқы болып, байырғы қазақ 
даласында өсіп­өнген, көшпелі тіршілікке үйренген, өріс­
қонысы бар, қарамы да сол қарсаңда алты миллионға тақаған 
жұрт біртұтас ел атану қамына жедел кірісіп, сол істің ба­
сына қояр көшбасшыларын атап, саяси жиындар өткізген. 
Соның алғашқысы және қарамдысы – 1917 жылғы 21­26 шілде 
күндерінде қазақтардың Орынборда өткен бірінші құрылтайы.
Тұңғыш ұлттық жиында сол күннің аса мәнді, көкейкесті мә­
селелері талқыға түскен: Ресейдің мемлекеттік жаңа құрылы­
мына таңдау жасау (ол болса аз­кем айтысудан соң федеративтік 
республика жолын таңдаумен аяқталған, яғни Ресейден 
бөлінбей, қол астында өмір сүреміз деген пайымдау); қазақтар 
жиын тұратын облыстарды қосып, автономияға бірігу; жер мә­
селесі, қазақ милициясын құру, земство, оқу, сот, дін және 
әйелдер бостандығы, жалпыресейлік құрылтайға дайындық, 
мұсылмандар кеңесіне қосылу, дербес ұлттық партия құру; 
Жетісудағы казак­орыстар мен жергілікті халықтың жерге тала­
сын шешу...
Тұңғыш құрылтайға көпшілік дауыс беру жолымен сайлан­
ған екі қайраткер басшылық жасаған, олар: Жымпиты қалашы­
ғын өзіне орда еткен батысқазақстандық қазақтардың делега­
ты, бұрынғы әскери дәрігер Халел Досмұхамедов (төраға), оған 
орынбасарлық еткен Ахмет Байтұрсынов (орысша құжатта 
«товарищ», бұл енді сол кездегі ұғым бойынша орынбасар де­
ген ұғымды білдіреді) және қазақтардың Ақмола облыстық 
комитетінің өкілдері – Міржақып Дулатов пен дәрігер Асыл­
бек Сейітов (екеуі тең құқықты жауапты хатшы міндетін бірге 
атқарған). Ескертер гәп: Ақмола уездік комитетінің төрағасы 
Сәкен Сейфуллин тұңғыш құрылтайға шақырылмаған, оның 
орнына мұғалім Мағжан Жұмабайұлы барғанын өзі де естелік 
кітабында ескертіпті.
Сол жылғы тамызда Ақмолада уезд қазақтарының құрыл­
тайы бас қосады. Асылбек Сейітов оған облыстық өкіл ретінде 
қатысады. Осы жиында Алаш партиясының уездік бөлімшесі 
құрылған, Асылбек дәрігер ұлттық партияға мүшелікке қа­

154
Медеу СӘРСЕКЕ
былданады. Әлеумет ісіндегі белсенді қызметіне жоғары білімді 
дәрігерлік кәсібі сүйеуші болып, саяси беделі өскен жігіт Ақмола 
жиынында бүкілресейлік құрылтайға Алаш партиясының де­
легаты мандатын иеленеді. Н. Мартыненконың «Алаш­Орда» 
тарихы құжаттар бойынша» кітабында
*
 келтірілген делегаттар 
тізбесінде А. Сейітовтің фамилиясы Ә. Бөкейханов пен Ә. Ерме­
ковтен кейін, үшінші кезекте, Мағжан Жұмабаевтың алдында 
аталған. Біздіңше, бұл да Асылбек Жұманұлының ұлттық пар­
тия ісін өрістетуде белсенді көшбасшылар қатарында болғанын 
аңғартады.
Алаш қозғалысы – бүгінде күллі қауым мойындаған та­
рихи шындық, қазақтың зиялы тобының көксеген көңілінен 
шығып, көзі ашық, аз­кем сауатты қазақтар көбірек қоныстаған 
қалалар мен елді мекендердің бәрінде қолдау тауып, небәрі екі­
үш айда өз қатарын көбейтіп (нақты қарамы туралы деректі 
біз кездестірмедік, сірә, мүшелер тізімі жасырын ұсталған), ел 
мүддесін қорғайтын саяси үлкен күшке айналады. Ең ғажабы, 
Семейде, Ақмолада, Торғайда, Көкшетауда, Қызылжарда, Жым­
питы мен Текеде (қазіргі Орал қаласы), Түркістан, Әулиеатада 
(қазіргі Тараз), Шымкентте, Ақмешітте (Қызылорда), тағы 
қаншама уездер орталығы мен болыстарда ұлттық партияның 
бөлімшелері мен комитеттері ұйымдасады. Әрине, бәрі бірдей 
ұлттық идеяның шынайы жанкүйері емес. Топтан қалмай, бас 
пайдасын көздеп ілескендер де аз болмаған. Сөйтсе де алғашқы 
айларда­ақ өзінің қарамын едәуір молайтқаны анық. Сол жолда 
партия көсемдері жүзеге асырған істері де мол: өздеріне тікелей 
бағынатын әскер бөлімдерін құрған (Мысалы, Семейде Алаштың 
екі полк атты әскері ұйымдасып, әскери жаттығулар жасағаны 
мәлім. Сондай пәрменді күш Орынборда да ұйымдасқан), жер­
жерде ауыл­аймақты барымташылар мен тонаушылардан қор­
ғайтын милиция да пайда болған. Өздерінің сот жүйесі жұмыс 
істеген. Алаш партиясы халық көбірек шоғырланған қалаларда 
*
 Осы жинақтың алғашқы басылымы 1929 жылы жарияланған, сірә, сол іс жа­
залаушы органның тапсырмасымен жүзеге асқан тәрізді. Өйткені сол кітап пен С. 
Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» 1930 жылдарда ұлттық партияға мүше, әсіресе 
соның басшылық құрамында болған шерменделерді жаппай ұстап, саяси бап тағуға 
негіз болған. Мартыненко кітабы 1992 жылы қайыра жарық көрді.

155
ШЫҒАРМАЛАРЫ
газет те шығарған (С. Сейфуллин деректі кітабында сондай 
газеттердің кейбірін атап, жария еткен материалдарын барынша 
мысқылдап жазған).
Саяси бет­бағдарын қазақы шаруаға бұлталақсыз бұрып, 
ұлттық қозғалыстың шынайы жанкүйерлерінің өзара топтасқан 
күшті тобы, шамалауымызша, Ақмола қаласында да болған.
«Тар жол, тайғақ кешудің» авторының айтуынша, Орынбор­
дағы ұлттық жиыннан оралған доктор жігіт Ақмоланың уездік 
комитетінде жасаған баяндамасында тұңғыш құрылтайдың тасқа 
басылған қаулыларымен таныстырып, жиынның қалай өткені 
туралы түсінік береді. Баяндамасының соңында ол: «Тұңғыш 
рет қазақтың саяси партиясы құрылды. Сені де Ақмола облысы­
нан қатыспақ кандидаттар тізіміне кіргіздік», – деген хабарына 
Сәкен Сейфуллаұлы: «Олжабай болыс, паң Нұрмағанбет тәрізді 
жуандардың батасын алған тізімде біз болмайтын шығармыз!..» 
дедім. Сөйтіп, Сейітұлымен қағысып, айтысып қалдым. Ақы­
ры тізімнен өзімді өшіртіп тастадым... – деген наразылығын 
кітаптың 78­бетінен оқимыз. – ...Комитет сайлауы болды. Коми­
тетке «Жас қазақтың» бастықтарынан ешкімді кіргізбеді. Сөйтіп, 
біз комитеттен шығып қалдық. Омбыдан Орынбор съезіне барып 
келген А. Сейітұлы енді бізді қуды... «Жаңарған» қазақ комитеті 
өзінің кім екенін тезінен­ақ көрсете бастады. Бостандық, теңдік, 
әділдік іздеген адамдарға Қазақ комитетінің енді ешбір пәтуасы 
болмады. Ондай адамдар «Жас қазақ» ұйымына келетін болды. 
Біз «Тіршілік» газеті мен «Жас қазақ» ұйымын күшейте бердік».
Ақырында іс насырға шабады. Алаш қозғалысынан іргесін 
айырған, бірақ әлеуметтік күрестен бас тартпаған жас азамат 
Сәкен өз бетінше тірлік жасап, өзін жақтаушыларды мүшелікке 
тартып, «Жас қазақ» атты жаңа ұйым құрады. «Ұйымның 
мақсаты – халық арасында заң білімін тарату, жаңа саясат 
істеріне қатысу. Қауымның қысқаша жобасы болды. Қауымның 
басқармасы болды. Төрағасы – Сәкен Сейфуллин, мүшелері – 
Әділұлы, Айбасұлы, Асылбекұлы, Серікбайұлы, Нұркеұлы... – де­
ген ақпарды өмірбаяндық туындының 64­бетінен оқимыз. – «Жас 
қазақ» Россияның ең дұрыс жобалы төңкерісшіл партиясымен 
бірге майданға шығады» (сірә, солшыл большевиктер партия-
сын нұсқап отыр – М.С.).

156
Медеу СӘРСЕКЕ
Осыдан­ақ Сәкен Сейфуллаұлының саяси бағытын шұғыл 
өзгертіп, Алаш қозғалысының біртұтас ұлт болып бірігу идея­
сынан да бас тартып, өзінің алдағы міндетін дала халқының ба­
сым көпшілігі саналатын кедей­кепшіктің мүддесін қорғау ісіне 
арнамақ, яки «кешегі заманда қазақ жұртына үстемдік жасап, 
ойына келгенін істеген бұрынғы болыстар, шонжарлар мен бай­
лар тобымен ауыз жаласып, тіпті басқарма құрамына енгізген 
қазақ комитетіне сенімін» біржола жоғалтқан. Сондықтан да ол 
облыстық қазақ комитетінің нұсқауларын елеп­ескермей, Омбы­
дан келген өкілдерді де тәрк еткен. Нәтижесінде өзі басқаратын 
уездік қазақ комитеті, оған қоса өз жетегіндегі «Жас қазақ» 
ұйымы мен «Тіршілік» газеті Алаш ұранын көтерушілермен еш­
қандай ымыраға келмейтінін жария еткен, тегінде соны кереғар 
әрекетімен де көрсеткен.
Әлбетте, мұндай дербес қылық облыстық қазақ комитетінің 
басшыларына ұнамаған.
Бұл – енді жалпықазақтық ділге де ашық қарсылық...
Желтоқсан айында Орынборда бас қосқан бүкілқазақтық 
екінші құрылтай Алаш­Орда үкіметінің құрамын бекітеді. 
«Қазақ» газеті 254­санында, 1917 жылғы 18 желтоқсанда Алаш­
Орданың Омбыда ұйымдасқан комитетінің құрамына енген ұлт 
жанкүйерлерінің тізімін жариялаған: Асылбек Сейітов, Мағжан 
Жұмабаев, Айдархан Тұрлыбаев, Баймұхамет Серкебаев (КСРО 
халық әртісі, дүлдүл әншіміз Ермектің әкесі), Мұсылманбек 
Жұманұлы Сейітов және басқалары. Келесі жылдың жазында 
осы қалада бұрынғы «Бірлік» ұйымы жұмысын қайыра жан­
дандырады. Бағдарламасына қосымша тармақ қосылып, сая­
си бағыты жөнінен Алаш партиясының жарғысын өздеріне 
басшылыққа алатынын жариялаған. «Бірліктің» басшылығына 
ағайынды Сейітовтер – Асылбек те, Мұсылманбек те сайланады. 
Осы бағдарламаны бетке ұстап, Семейде «Жас азамат» ұйымы 
ұйымдасады. Оның басшысы болып ағайынды Сейітовтердің 
кішісі Мұратбек Жұманұлы тағайындалады.
Осыдан­ақ бас­аяғы бір жылдың ішінде Омбы жастарының 
күні кешегі «Бірлік» ұйымының бағдарламасы түрленіп, өздері 
ұстанған басты мұрат – біртұтас қазақ елін құру идеясын жүзеге 
асыратын комитеттер құрып, билік тізгінін бөліскен қарсаңда 
астыртын да, ашық та қарсылыққа кездескен. Ең қиыны – жер­

157
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жерде көктемгі жауқазындай қаптаған комитет, дербес партия, 
қоғамдық ұйымдар сап түзеп, өздерін «ұлт жанашырлары», 
«кедей­кепшіктің қамқоршылары» деген «көсемдер» пайда 
болған.
«Тар жол, тайғақ кешуде» жазылған оқиғалардың анық­қа­
ны ғына төрелік айту – бүгінде қиын мәселе. Оның басты себе­
бі – кітаптың үш басылымында да Сәкен Сейфуллаұлының 
өзіне тән бірбеткейлікпен және жазғаным өмір шындығы де­
ген сенімін өзгертпеуінде. Өйткені ол әуелден­ақ большевиктік 
партияның бағыты мен өмірлік ұстанымдарына имандай сеніп, 
содан өрбіген біржақты топшылауларынан айнымаған, әсіресе 
саяси қарсыластарын аяусыз тұқыртып, әсіре өшпенділікпен 
жазғырған уытты сөздерін кейін де түзетпеген. Бұған оның 
еңбегіне сын айтқан әдебиетші замандасы Нәзір Төреқұловқа 
жазған ашық хаты дәлел (Амал қанша, табанды больше­
вик, өміріне мұрат еткен ісін Алаш қозғалысының «ұлтшыл» 
тобының «зиянды» ықпалынан жан­тәнімен қорғаған қайраткер 
жазалаушы органның қолдан ұйымдастырған қаскөй жаласы­
нан бертінде мерт болды). Сол себептен де біз «Тар жол, тайғақ 
кешу» авторының құрдасы А. Сейітовті көпшілікке кеңінен 
тараған ғұмырнама кітабында сүмірейте сипаттаған, оған 
қоса туған халқына жаулық жасағандар деп қаралаған ұлт 
қайраткерлерінің қарамды һәм күшті тобы – Әлихан Бөкейханов, 
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, 
Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, 
Қошке Кемеңгеров, Смағұл Сәдуақасов және өзгедей де білімпаз 
саңлақтар қазірде өздеріне сол кезде тағылған ауыр кінәдан 
ақталып, қазақ халқының көшбастар тұлғалары ретінде ба­
ғаланып, еңбектері де құрметке бөленіп, Қазақстанның басты 
қалаларында тастан қашалған мүсіндері пайда болды, көп жер­
де көше аттарын иеленіп, кейбірінің есімдері университеттер­
ге берілгенін бүгінде көріп, біліп отырмыз. Тәубе делік! Сезімі 
ояу, санасы дегдар оқырман осы жайттан­ақ ақиқат жолының 
ауырлығын, өмір шындығына қиянат жасау қашан болсын 
түзелетініне ойланар деген үміттеміз...
Сәкен Сейфуллин кітабының кейбір беттеріне үңілейік.
«Кешікпей «Петроградта Керенский үкіметі құлап, үкіметті 
большевиктер алды» деген телеграмма сап ете түсті. Октябрь 

158
Медеу СӘРСЕКЕ
төңкерісінен кейін әлеумет, саясат майданындағы күрестеріміз 
бұрынығыдан да екпінді болды. Мыс қазандай қайнады. Жиы­
лыс­митинг, талас­тартыстар жиіленді...» – деген қуанышты 
ақпармен ашылады «Тар жол, тайғақ кешу» кітабының «Совет 
үшін күресте» тарауы (кітаптың 85­беті). Шынында да уездік 
шағын қалада кедей тапты, жұмысшылар мұңын жақтаушылар 
үстемдікке жетіп, уақытша Совдеп құрып, билік тізгінін қолына 
алады. Сәкен күрескер де сол топтың алдыңғы легінде, оның іс­
әрекеті де байшыл, әсіре ұлтшыл қандастарын мінеп­сынап, сая­
си майданнан ығыстыруға бағытталған.
«Алашордаға ақша жинамаққа келген Абылайханұлы, Се­
йіт 
ұлы әлі де үмітін үзбей Ақмолада жатып алды. Бұларды 
«тұтқынға алып, жауып тасталық!..» деп біздің уақытша Совдеп 
мүшелерінің кейбірі сөз шығарды. Мұны естіп, Абылайханұлы, 
Сейітұлы, Т. Нұралин, М. Саматұлы бір түнде Ақмоладан қашып 
кетті. Оларды ұстап әуре болатын да кісі жоқ еді, біз тек арты­
нан күліп қана қалдық, – делінген кітаптың 121­бетіндегі атөтті 
ақпарда. – Кешікпей, Ақмола уезінің 1918 жыл февраль айын­
да, біз шақырған өкілдер жиналысы ашылды. Жиналысқа кел­
ген өкілдердің көбі майданнан қайтқан мұжық солдаттар, ке­
дей мұжықтар, кедей бұқара қазақтар және Спас заводының 
жұмыскер өкілдері. Уақытша совдеп жиылысты ашты: жиылыс 
екпінді, көтеріңкі болды. Жиылыс өкілдері бірауыздан Совет 
үкіметін «өз үкіметіміз» деп жариялады...»
Алайда Алаш қозғалысының басшылары қазақ ұлтын бірік­
тіру бағдарламасынан бас тартпаған, демек Алаш­Орда үкіметі де 
күрес майданынан әзірше шықпаған. Сондықтан да олар Орын­
бор қаласында, желтоқсан айының 5­13­і күндері аралығында 
жалпықазақтық екінші құрылтай өткізіп, оған Қазақстан­
ның сол кездегі сегіз облысынан өкілдер қатысады. «Съезді 
шақырушылар – Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсын­
ұлы, Елдес Омарұлы, Сағындық Досжанұлы және Міржақып 
Дулат 
ұлы... – дей келіп, Сәкен Сейфуллаұлы кітабының 
90­93­беттерінде екінші құрылтайдың басқарушы құрамын, 
қандай мәселелер қаралғанын, қай облыстан кімдердің делегат 
боп қатысқанын, Алаш­Орда үкіметіне мүше болып кімдердің 
сайланғанын тәптіштеп жазады. Ағайынды Сейітовтердің есім­
дері бұл беттегі тізімдерде аталмаған. Тек Ақмола облысы бо­

159
ШЫҒАРМАЛАРЫ
йынша Омбыда шақырылған сайлауда басқарушы құрамға екі 
бірдей Сейітовтің – Асылбек пен Мұсылманбектің кіргенін өзге 
мүшелерімен бірге атап, жаппай тізеді. – Мағжан Жұмабаев, 
Мұхтар Саматұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Бекмұхамбет Сер­
кебайұлы, Ерқосай Мұқышұлы, Ережеп Итбайұлы, Дінмұхамбет 
Әділұлы, Көшмұхамбет Кемеңгерұлы, Жұмағали Тілеуліұлы, 
Ахметұлы, Құсайын Қожамбердіұлы, Қожақмет Кәкенұлы және 
басқалар...
Алаш партиясының қатарынан да осы қарсаңда бүйректен 
сирақ шығарған, өздерінше топ жарған «мықтылар» шығады. 
Мысалы, Мұқан Әйтпенұлы бас болып, Көлбай Төгісұлы және бір 
топ пысықтар Омбыда ұлттық екінші партия құрып, «Үш жүз» 
атайды. «Үш жүз» партиясы құрылғаннан Алаш партиясының 
басындағыларды боқтай, сөге түрегелді. Қызылжар қаласында 
«Үш жүз» деген газет шыға бастады. Газеттің бетін Алаштың 
«көсемдерін» сөгумен толтырды. Әрине, Алаш партиясының 
көсемдері де «Үш жүздің» басындағыларды сөгуден кенде 
қал 
ған жоқ. Бұлар да боқтады. Қайта бұлар сөгуді, жаман­
дауды «Үш жүзден» де асырып жіберді. Өйткені бұлар сөзге 
шеберірек. Бұлардың саны көп, бұлардың бастықтарының бәрі 
де зор оқығандар...» – дей келіп, Сәкен Сейфуллаұлы «Үш жүздің 
қулары» деген мақаладан көлемді үзінді келтіреді (мақаланың 
авторы – «Мадияр», яки Міржақып Дулатұлы): «...Омбыда 
ы лай судан балық аулайтын Мұқан деген жігіт бар. Бұл жігіт 
бостандық болғаннан бері жүгенсіз кетіп, ойына келгенін істеп, 
халыққа зиянын күшейтіп бара жатқан соң Ақмола облысының 
қазақ комитеті құр­құрлап тоқтау салады...»
Келеңсіздігі бүгін де атойлап тұрған күйкі таласты, әрине, өз 
ойын көркемдеп беруге шебер кітап авторы да көрсетіп баққан: 
«Үш жүз» партиясына жазылғандардың дені Омбы қаласының 
жатақтары, жәмшіктері, кедейлері. Мәселен, іштерінде атақты 
палуан Қажымұқан да бар. Ал Алаш партиясына кіргендер – 
Қазақстанның барлық байшылдары, мырзалық қуғандары, «сы­
палары», төрелері, төре болайын деп жүрген жастары. Ылғи 
гимназиядан тәрбие алған Алаштың бөбектері... Надан жатақтар 
мен надан оқымаған жәмшіктер неге болса да олақ, неге болса да 
дөрекілеу келеді. Қажымұқанның жуан білегі болмаса, даула­
сып, юрист Жаншаны жеңе алар ма еді?.. «Үш жүздің» шығарған 

160
Медеу СӘРСЕКЕ
газеті де дөрекі болды. «Сабасына қарай піспегі» деген тәрізді...» 
(«Тар жол, тайғақ кешудің» 100­101­беттері).
Деректі кітаптың 101­108­беттерінде үшжүзшілердің ашынған 
тобы Ақмола облыстық қазақ комитетінің басшылығындағы 
ресми мүшелері М. Сейітұлы мен М. Жұмабайұлын тұтқындап, 
комитет төрағасы Айдархан Тұрлыбайұлын алғашқы кезекте 
жазаламақ болып, 50­60 жігітпен пәтеріне қаһарлана келгені 
де тәптіштеп жазылған. Сойқанды топты бастаушы – Омбы 
уезі қазақ комитетінің төрағасы Мұқан Әйтпенұлы. Келген 
бетте­ақ ол облыстық қазақ комитетінің хатшысы Сейітұлын 
нұсқап: «Ең алдымен мынаны тұтқынға алу керек!» – дейді. 
«Не үшін?» – деген сұрауға айтқан желеуі: «Бұлар қазақтың 
қалың бұқарасын тәрк етіп, ылғи бай­шонжарларды жақтайды. 
Сондықтан бұ  лар патшашыл комитеттің басында отыра алмай­
ды...» Ереуіл ші топқа Мұсылманбек Сейітұлы жауап беріпті: 
«Мен Әйт пенұлының жақын туысы едім. Мұны өзгеден гөрі 
артығырақ білемін, нақұрыстау мінезі бар адам еді. Қазір 
сіздерді ол қара күш жұмсауға азғырып тұр. Соның арты қате 
екенін білмей, Әйтпенұлы үшін жауап беретініңізді сіздер де 
сезбей тұрсыздар...» – деп мәселені ушықтырмауға шақырады. 
Алайда ереуілдеген топ қолына түскен екі комитет мүшесін 
«тұтқындап», екінші кезекте комитет төрағасын ұстамақ бо­
лып А. Тұрлыбайұлының пәтеріне келгенде, алдарынан мили­
ция бастығының орынбасары шығып, Әйтпенұлын бас қылып, 
бірнеше бүлікшіні тұтқындап, қала комиссарына жеткізеді...
Күтпеген сәтте туып, сол күні­ақ оңай тұншыққан осы оқиға 
аумалы­төкпелі күндердің, сірә, шынайы аужайын айқын көр­
сетеді: ауызбірліктен айырылған, алдағы жолын аңдамаған 
бейғам, саяси сауатсыз дала халқының бірегей билейтін көш­
басшысы болмай, неше топқа бөлініп, өзі би, өзі қожа болып 
билікке таласып, бірі байшыл, екіншілері кедейшіл топ құрып, 
өзара тіл табыса алмай, әр қалада, әр уезде сансыз көп комитеттер 
құрылып, өзінше билеп­төстемек болғаны – сол күндердің ащы 
шындығы; күлесің бе, жылайсың ба, шынында да қызық ахуал: 
өйткені «Үш жүз» партиясының сойылын соғушы, жоғарыдағы 
басбұзар Мұқан Әйтпенұлы – Сейітовтердің туған нағашысы, Ха­
диша анасының Әйтпен атасының немересі. Жә, сол дәндүрістің 
сойқанды топ құрып, туған жиенін тұтқындамақ болғандағы бас­

161
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ты дәлелі – оның «байшыл» болғандығы. Жә, сонда өзі кім, ту­
мысы жөнінен аса сорлы емес – Омбы шәрінің қалталы көпесінің 
тұқымы. Ойда жоқта бұрқ етіп, іле­шала тұншыққан осы жан­
жалдан­ақ «Үш жүз» партиясын құрушылардың іс­қарекеті, 
мақсаты қандай екенін шамалау қиын емес. Сондықтан ол да 
басқа топтар сияқты тумай жатып сөнген, тарих күресінінде 
тек қана аты қалған. Сол себептен де Сәкен Сейфуллаұлы кіта­
бында: «Үш жүз» партиясынан бойымызды аулақ қылғанда бұл 
партияның бастықтары Алаш партиясының бастықтарынан 
кем адамдар деп және теріс адамдар деп бой тартқамыз жоқ... 
Революцияға «Үш жүзден» Алаш зияндырақ еді. Жақсы болсын, 
жаман болсын, «Үш жүздің» бастықтары 17­18 жылы ердің ерін 
сынайтын тарихи күндерде қызылдар жағында болды...» – деген 
тұжырым айтқан.
«Саясат майданы қазандай қайнады. Ескілік пен жаңалық 
май данға шықты. Қартайған дәуір мен жас дәуір белдесті. Та­
лас­тартыс, қайнаған күрес майданы қызды. Алғашқы күндерде 
Ақмолада Совет ұранын көтерген біздің «Жас қазақ» ұйымының 
бастықтары мен үркердей ғана он шақты орыс еді. Күн сайын 
күшейіп шығатын болдық...» – деген тұжырым кітаптың «Совет 
үшін күресте» тарауының 112­бетінде жазылыпты.
Бұл да – тарихи шындық. Орталық Ресейде бел алған больше­
виктер үкіметі қыр елінде де күшейген шақ. «Ақмолада бірнеше 
«үкімет» бар: Уақытша комиссар бар; Ояздық қазақ комиеті 
әлі бар; біз уақытша Совдеп жасадық; қазақ­орыс басқармасы 
бар; Земство шақырушы комитет бар... Міні, осының бәрі – 
«үкімет». Ә дегенде әкімшілікті жарыса жүргіздік.. Біраздан 
соң біздің уақытша Совдеп үстем бола берді... – деген тұжырым 
кітаптың 115­бетінде айтылып, өздерінің жұмысы тәптіштей 
баяндалыпты... – Сол қарсаңда Омбыдан, қазақтың облыстық 
комитетінен доктор Асылбек Сейітұлы мен капитан Миғаш 
Абылайханұлы келді. Бұлардың келген мақсаты – Ақмола уездік 
«ұлт советін» жасамақ. Екінші түрмен айтқанда, уездік Алашор­
да кеңесі. Және қазақтан ұлт милициясын жасамақ. Тағы және 
Алашорданың Орынборда болған 2­съезінің қаулысы бойынша... 
ақша жинамақ... Біз салғаннан қарсы болдық. Біздің жақтан 
сөйлейтін Абдолла екеуміз және Көшербай Шамайұлы – жатақ 
11­246

162
Медеу СӘРСЕКЕ
бастығы... Жұрт бізді қостады. Алашордаға ештеңе бермейтін 
болдық. Сүйтіп, жауды жүн­жүн қылып тапап тарқадық».
1918 жылдың қаңтарында Қызыл гвардия бөлімдерінің Орын­
борға кіруіне байланысты үкімет билігі большевиктердің қолына 
көшкен. Атаман Дутовтың әскері қаланы тастап шыққан. Осыған 
орай Ақмола қаласындағы билік уездік Совдептің иелігіне өтеді. 
Амал не, қазақтың саясат жолындағы қауымы арасындағы ай­
тыс­тартыс бітпеген. Алашорда үкіметінің басшылары да қыр 
елі мойындаған билігінен оп­оңай айырыла қоймаған. «Тар жол, 
тайғақ кешудің» авторы да сол гәпті мойындайды. 
 
«...Құдай берді, Алаш! Ақ түйенің қарны жарылды, Алаш! 
Шаттан, Алаш! Қуан, Алаш!» – деген сөздер Семейде шығатын 
«Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналының беттерінде ба-
сылды... Мәскеуге қазақ автономиясы туралы сөйлесуге Халел 
Досмұхамедұлы мен Жанша Досмұхамедұлы барған еді. Жақын 
арада олардан Әлихан телеграмма алды. Автономия туралы 
сөйлесіп, автономияны алып шыққан сол екі сабаз екен...» – дей 
келіп, Сәкен Сейфуллаұлы осы хабарға өзінің қатты қамыққанын 
жасырмайды. Ойланып болған соң «Жас қазақ» ұйымының жи­
налысын шақырып, мынадай қаулы қабылдатады. – «Қазақ 
халқы – оқымаған надан. Кедейлері, еңбекшілері әлі байларының, 
төрелерінің ықпалында. Кедейден шыққан, кедейді жақтайтын 
оқығандар аз. Қазақ оқығандарының көбі байларды, төрелерді 
бастап, Алашорда болды. Алашшыларды аластамай қазаққа 
қазір автономия берсе, оны алашордашылар иеленіп кетеді. Ала-
шорда алған автономияның қазақ еңбекшілеріне керегі жоқ!» 
(Кітаптың 170­бетінен).
Ақырында большевик атануға жан­тәнімен аңсары ауған 
«Жас қазақ» ұйымының басшысы: «Алашорданың алған авто­
номиясының қазақ еңбекшілеріне керегі жоқ. Автономияны 
өзімізден оқығандар көбейгенде аламыз...» деп съезге қаулы 
шығарттық. Осыны айтып съездің атынан Сталинге телеграмма 
соқтық...» – дейді.
Осы сөзге зер сала қарасаңыз, Омбының көкөрім оқушы 
жастары бас қосып, «Бірлік» ұйымын құрып, рухани бірлігі 
мен ділін, тілін, дінін сақтап, туған халқының ру мен жүзге 
бөлінбеген біртұтас ҚАЗАҚ ЕЛІ болуы үшін күреспек болған 

163
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жандар небәрі үш жылда бір­бірімен бітіспес жауға айналып, 
бір тобы сұрап алған автономия керек емес, бізге тек қана кедей­
кепшікті жақтайтын құрылым керек дейді. Оны аз десеңіз, көп 
кешікпей неше топқа бөлінген қазақтар арасында бірін­бірі ая­
усыз күйреткен қантөгіс басталады. Сол арпалыстан «Тар жол, 
тайғақ кешудің» де авторы тысқары қалмаған. Ақмола мен 
Қызылжардың қараңғы да лас түрмесінің дәмін татып, «Азап 
вагонымен» Сібірді аралап, ақырында 1919 жылдың көктемін де 
түрмеден қашып шығып, Баянаула арқылы жаяулап­жалпылап 
Түркістанға жетіп, аман қалғаны оқырманға мәлім. 
* * *
Ойда жоқта, 1917 жылы бұрқ еткен екі бүліншілік – Ақпан 
және Қазан төңкерістері шалғайдағы қазақ даласын да шарпып, 
мал бағып, жан күйттеген, бай мен кедей атанса да іргесі бекем, 
бірлігі бүтін көшпелі һәм бейғам халқын да шарпып, айнала­
сы екі­үш жылда бұрынғы бірлігінің астан­кестенін шығарған. 
Бірлігі ғана емес, тірлігін де бұзып, бұрынғы бейжай қалпын 
көз ұшында бұлдыраған алыс заманға айналдырған. Соны біз 
екі бірдей оқыған, жастары түйдей құрдас екі білімпаз – Асыл­
бек Сейітов пен Сәкен Сейфуллин сол жылдарда басынан кешкен 
алмағайып оқиғалардан айқын көреміз. 
Жә, бұл айтылғанның бәрі біздің топшылауымыз, дүбірлі, 
атышулы XX ғасырдың аяғында, Алаш қозғалысын бастау­
шылар түгел ақталып, олардың ұлт бірлігі жолындағы 
қаһармандық күресі дер кезінде туған ерлікке, кемеңгерлікке, 
батылдыққа баланып, әр түрлі қам­қарекеттері де тарихи 
бағасын алып, барынша мадақталған уақытта сол оқиғаларды 
түре жазып отырғанымыз да содан, шындыққа табынудан. Де­
мек, «Тар жол, тайғақ кешу» кітабының 1960 жылғы басылы­
мын оқудан ту ған пікіріміз бүгінде түбірімен өзгерді демекпіз. 
Сөйте тұра әділдіктен аумадық, оқиға сүренін, екі құрдастың 
«баррикаданың екі жағына» шыққан тайталасын да қаз­
қалпында көрсетуге тырысып, соған баға беруді оқырманның 
өзіне қалдырамыз...
Тарихи әділдік үшін осы мәселе хақында тағы бір куәгердің 
лебізін келтіреміз:

164
Медеу СӘРСЕКЕ
«Сейітов Асылбектің әлеуметтік күреске қатысуын сипат-
тауда Сейфуллин жолдас өмірбаяндық романында шындықтан 
едәуір ауытқып, жеке басының шерлі сәттері туғызған сезімге 
жеңсік берген» деген Сіздің пікіріңізбен келісемін, қымбатты 
Власов жолдас... – депті Алаш қайраткері, профессор Ә.Ә. Ерме­
ков семейлік өлкетанушыға Қарағандыдан жолдаған хатында. – 
Меніңше, алмағайып уақытта өрбіген шым-шытырық оқиғалар 
туралы тап қазірде егжей-тегжей сөз қозғау қажет пе, сірә, 
басы артық қазымырлық. Бұл жайында біздің әдебиетте бая-
ғыдан қалыптасқан қасаң пікір бар, сіз екеуміз оны енді өзгерте 
алмаймыз. «Сейфуллиннің өзін де құрбандыққа шалған істі 
екінші қырынан қайыра әшкерелеп, баспасөзге бірдеме жария-
лау оңай емес» деген ойыңызбен мен әбден келісемін. Бірақ 
Сіздің «Сейітовтің және көптеген қазақ зиялыларының шерлі 
тағдырына Сейфуллиннің осы кітабы көпе-көрінеу айғақ бо-
лып, зиянын мейілінше тигізгені – ащы шындық!» деген қатаң 
тұжырымыңызбен мен сірә да келіспеймін. Бұл жөнінен, қым-
баттым, жеке тұлғаға табыну уақыты кінәлірек, өйткені Се-
фуллиннің өзі де содан мерт болды...»
 
III
1918 жылдың бас кезінде Асылбек Жұманұлы ұлттық Алаш 
қозғалысын жақтаушылар тобындағы әлеуметтік міндетінен 
үзілді­кесілді бас тартып, дәрігерлік мамандығы бойынша 
еңбекке ойысқан. Бұл турасында ол өмірбаянында: «Облыстық 
санитарлық бюродағы қызметім қысқарған соң Баянауылдағы 
ауруханаға дәрігер болып ауысып, сол жерде үш жарым жыл та­
бан аудармай еңбек еттім...» – дейді.
Шайбай Аймановтың Л.М. Власовқа жолдаған хатында 
Асыл бек дәрігердің осы ауруханадағы 1918­1921 жылдардағы 
қызметі егжей­тегжей баяндалған.
«...Баянауылдағы аурухана үйін дәрігер Александр Василье-
вич Желнороч салғызған, ту бастағы емдеу жабдығы көп-көрім 
жақсы болатын, дәрі-дәрмегі, төсек-орны да жеткілікті еді. Ол 
болса айналасы ат шаптырым, 200х200 шақырым кең алқапты 
мекендеген он болыс елдің кіндік ортасындағы жалғыз емхана, 
онда небәрі 10-15 төсек болды. Тағы бір жерде дәрігерлік қосын 

165
ШЫҒАРМАЛАРЫ
болды, онда менің әкем Аббас Айманов жұмыс істеді, кезінде ол 
да осы кәсіпті меңгерген, күллі Семей облысындағы бірінші қазақ 
фельдшері атанған тақуа адам еді.
Азамат соғысы жүріп жатқан кез, дүниенің астан-кестені 
шыққан қиын уақыт. Дәрі-дәрмек қоры тақа түгесілген, оны 
қайдан және қалай алуды білмейміз, аурухананың жабдықтары 
түгелдей ескі, сырқаттарға тамақ берілмейді, аңбекақы ал-
маймыз. Сөйтсе де қол қусырып қарап отырмадық, қолда барды 
әжетке жаратып, жұмыс істедік... Ақыр аяғында Асылбек, мен 
және әскери фельдшер атағына ие Бельденинов үшеуіміз ғана 
қалдық. Азық-түлік алуға қаражат жоқ, сырқаттанғандар 
тамақтарын өздері ала келеді. Төтенше шақырулармен әредік 
болыстарға шығып тұрамыз.
1918 жылдың аяғы мен келер жылдың басында өз жолын-
да кезіккендерді сыпыра тонап Баянаула арқылы атаман Ду-
тов әскерінің қалдықтары өте бастады. Ауруханадағы дәрі-
дәрмектің қалған-құтқанын тауға тығып тастағанымыз 
пайдаға шықты. Ақ әскері бізден спирт, дәке, дәрі-дәрмек сұ-
рады, тінткенімен де ештеңе ала алмады. Дутовтардың ізін-
ше Қызыл әскер келді, солармен ілесе жеткен большевиктер 
жергілікті басқару комитеттерін, партиялық ұйымдар құрды. 
Сол қарсаңда елде сүзек басталды. Жұқпалы дерт болыстарды 
жаппай шарпып, ауруханаға жер-жерден аурулар топ-тобымен 
түсе бастады. Сүзекке ұшырамаған ауылдар кемде-кем. Асыл-
бектің дәрігерлік қажыр-қайраты мен іскерлік қабілеті сонда 
анық танылды.
Кеңес өкіметінің жергілікті мекемелері мен партия ұйымда-
рының көмегімен сүзекке қарсы күрес ұйымдастырдық. Асылбек 
сол әрекетке білегін сыбана кірісіп, 5-6 жерде уақытша емхана 
ашқызды. Солардың қасынан ең алдымен наубайхана мен мон-
ша салғызып, битті өртейтін күйдіргі пештер де жасатты. 
Ауылдарға індеттен сақтану және сауықтыру шараларын 
түсіндіретін үгітшілер аттандырылды. Ауруханадағы үркер-
дей шағын топ сол кезде күні-түні істедік. Ауырғандар саны 
бірақ кемімеді, ақырында орталық емханада соларды жат-
қызатын орын қалмады. Сырқаттардың денін үйінде ем дейтін 
болдық. Бәрі-бәріне Асылбек пен төрт фельдшер қолғабыс етуге 

166
Медеу СӘРСЕКЕ
тиіс, сол іске өзіміз баулыған медбикелер мен санитарлар болма-
са не істер едік?..
Жұмыстың қарбалас кезінде бөртпе сүзектен мен де мұрт-
тай ұштым. Асылбек пәтеріме күн құрғатпай келеді. «Жағдай 
қалай, мына пәленің беті қайтқан жоқ па?» – деп, қатерлі күнде 
сырқаттанып қалғаныма қамыға бастасам, ол: «Әзірше аху-
ал бұрынғыдай көнтерлі қалыпта, әйтеуір өлім жоқ, індеттің 
өрекпіген бастапқы қарқыны саябырлаған тәрізді. Сен ештеңеге 
алаңдама, жуықта басыңды көтересің, сол кезде жағдайды 
өзің де көресің. Кешке тағы келемін, тыныш жат!..» – дейді де 
жұмысына кетеді. Оның көңілімді аулаған сөзі, байыпты қалпы 
маған дем салғандай әсер етеді...
Ауыр-ақ жығылған екенмін, 18 тәулік бойы есімді білмей 
жатыппын.  Ақыры бір күні көзімді ашқанымда үстіме төне 
түсіп, діңкелеген халдегі Асылбекті көрдім: үстінде ақ халат, 
маңдайы тершіген, қолында шприц, еденде шашылған ампула-
лар... Маған су ішкізіп: «Ой, сен ана дүниеге неше мәрте атта-
на жаздап, зәремді әбден алдың. Енді қауіп жоқ, демал, ертең 
келемін», – деп ауруханаға жөнелді. Бірте-бірте әл жиып, 
жүре бастағанымда Асылбек маған күллі ауруханада өзінің со-
пиып жалғыз қалғанын, Бельденинов, Размазин (ол да фель-
дшер) және төрт медбике қайтыс болғанын айтты. Ешқайдан 
жәрдем ала алмапты, айтуынша, Павлодар мен Ақмолада індет 
ерекше өршіп, дәрігер атаулы мұрнынан шаншылып жұмыс 
істеген. Сөйтсе де, оларға қарағанда, біздегі өлім шығыны уездік 
қалалардан аздау болыпты...»
Баянауыл дуанына он бес жылдан астам уақыт аға сұлтан болған 
полковник Мұса Шормановтың үш жұрттың тілін мең герген оқымысты 
ұрпағы Сәдуақас ұзақ ғұмырында үш мәрте үйленген. Алғашқы қосағы 
Нұрида – Шыңғыс Уәлихановтың қызы, одан көрген екі перзенті жа­
стай шетінеген (Нұриданың анасы – Шорман бидің тұңғышы Зейнеп, 
одан туған жиеніне нағашысы Сәдуақас Мұсалы үйленген. Одан да гөрі 
Орта жүздің соңғы ханы болған төре тұқымымен туыстық байланысын 
бұрынғыдан да бекемдеу мақсатымен сүйек жаңғыртады. Демек, жеті 
ұрпағына дейін қан қоспайтын қазақ рәсімі өрескел бұзылған. Өзара не­
мерелес ерлі­зайыптылардан аурушаң, әлсіз сәбилер туып, Нұриданың 
өзі де 1893 жылы опат болған). Бәй бішесі қайтыс болған соң Сәдуақас 

167
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мырза сүйіндік елінің ірі байы Дұрман Айтбақыұлының Зейнеп есімді 
қызымен отбасын құрайды, одан бірақ перзент көрмеген.
Жасы егде тартқан кезінде Сәдуақас Мұсаұлы құртақан дай екі ба­
ламен жесір қалған келіні Бәдиғұл­Жамал Қозыке қызына (Шыңғыс 
Уәлиханұлының немересі, өзіне жиеншар) әмеңгер ретінде қолқа са­
лып, ұрпақсыз отырғанын ескертіп әрі жетім қалған қос бүлдіршініне 
қамқоршы болғысы келеті 
нін білдіреді. Бәдиғұл­Жамалдың ері сол 
заманда Арқа елін сұлу көркімен, білімімен тамсантқан бекзат жан 
екен. Ақан Қорамсаұлы оның асыл қосағына ғашық болып, «Ләйлім», 
«Ақтоқты», «Жамал қыз» және «Майдақоңыр» әндерін шы ғарған­мыс. 
Соңғы әннің бастапқы екі жолындағы: «Жігіттің падишасы – Әмір­
Темір, Бозбала, әнге салсаң, қайғың кемір», – деген сөздер осы лақаптың 
шындығына дәлел. 
Әмір­Темір – Шорман бидің кенжесі Әужанның ұрпағы. Өз уақы­
тында ол да орыс оқуын тауыса оқыған, түр­сымбаты ерекше сұлу, 
ақылды, жан­жақты өнерлі, сері жігіт атанған. Қос сұлудың шаңырақ 
бақыты бірақ шолақ болған. Бір қыз, бір ұл сүйіпті. Аспандияр есімді 
кішкене бөбегі алты айға толғанда, 1895 жылы Әмір­Темір жүрек тал­
масынан, әлде соқырішектен өз ауылында кенеттен қайтыс болады. Со­
нымен, Шорман әулетінің дегдар үлкенінің тілегі қабыл болып, 1901 
жылы Нафиға атанған қыз туады. 
Асылбек Сейітов дәрігерлік қызметке кіріскенде Нафиға 
сұлу 17 жаста, яғни толған айдай болып кемеліне жеткен 
бойжет кен қыз. Әрі ол Омбы шәрінде орысша оқыған. Ел жады 
сақтаған қауесетке қарағанда (бұл гәпті дәрігердің өз перзенттері 
де растайды), Асылбек пен Нафиға сұлудың бір шаңырақтың 
астында өмір сүруіне Сәдуақас мырзаның өзі дәнекер болған­мыс: 
Омбыға барған сапарларының бірінде ол Хадиша Керімбайқызы 
ұстап отырған шаңыраққа тоқтап, бірер апта қонақ болғанда, 
Том университетін тәмамдаған Асылбек дәрігердің біртоға мінез­
құлқын ұнатады, байыпты жаратылысын ғана емес, парасатты 
қалпын танып, жігіттің анасына құдалық жайында ой салған 
дейді ел; сірә, аумалы­төкпелі заман аужайын аңдаған ақылды 
кексе жалғыз перзентінің келешегі – аста­төк жасау, асыл мұрада 
емес, баянды оқуда, халыққа керегірек дәрігерлік қызметте 
екенін оймен шамалаған. Ақырында дегені болыпты: Хадиша­
мен мәмілеге келіп, құйрық­бауыр жесіп, екеуі Нафиға мен 
Асылбекті қосуға уәделеседі; бұл одақтан екі қыз бала өрбіген; 
үлкенінің есімі – Роза, 1923 жылы туған; кенжесі – Клара, 1938 
жылы өмірге келген...

168
Медеу СӘРСЕКЕ
Осы одақтың жай­жапсарын нақты білетін, яки Асыл­
бек Сейітовпен саяси майданға бірге шығып, талай істі бірге 
тындырған замандасы Мағжан Жұмабаевтың 1918 жылы жазған 
бір ауыз әзіл өлеңі мынадай (М. Жұмабаев. – А., «Жазушы», 1989. 
– 211-б.): 
 
«Бір, екі, үш ай
 Шапты да тай,
басылды...
Шорман биге
 Тарттық сыйға 
Асылды...»
Тарих еншісіне өткеніне бір ғасырға жуық мерзім болған 
жылдардың тыныс­тірлігін қаз­қалпында көрсету үшін тағы да 
Шайбай Аймановтың естелігіне жүгінеміз...
«Сүзек тоқтап, аурухананың тіршілігі қалыпты жағдайға 
ауысқан кезде, жазға салым тырысқақ деген індет бұрқ ете 
қалды. Екі адам мерт болды, біз енді өзгелерді ажал тырнағына 
бермеу шарасына дереу кірістік. Өлік шыққан үйлер мен 
мәйіттерді өртеп, су көздерін тексердік, жер-жерде түсінік 
әңгіме өткізіп, індетке қарсы егу шарасын жүргіздік. Асылбек 
бірден-ақ эпиотряд ұйымдастыруға қам жасады: Павлодарға 
барып, 500 адамға төсек-орын, палаталар әкелген соң, 1919 
жылдың 1 сәуірі күні болыстарға аттандық. Мақсат – ты-
рысқақ білінген ауылдарды басқаларға қатыстырмай, оңаша 
емдейтін далалық госпиталь ашу.
Шұғыл әрекетіміз ақырында нәтиже берді...
Қыркүйектің алғашқы жаңасына дейін тынымсыз жұ мыс 
істеген біздің топ (Асылбек, мен және екі мейірбике) 10 болыс 
елді түгел адақтап, әр ауылда, елді мекендерде егу жүргізумен 
қоса әңгіме өткізіп, халі мүшкіл науқастарға жәрдем бердік. 
Үш жерде тырысқаққа ұшырағандарды көпшіліктен аластап, 
тиісті шаралар жасадық.
Сол жылдың қысына қарай губерниялық атқару комитеті же-
делхат жолдап, Асылбекті қызметке шақырды, бірақ ол қалың 
ел қоныстанған бүтін бір аймақты дәрігерсіз қалдыруды ұят 

169
ШЫҒАРМАЛАРЫ
санап, Семейге жазға салым аттанды (Шайбай ақсақал бір 
жылға қателесіп отыр, бұл турасында сәл кейінірек тоқтала­
мыз – М.С.).
Асылбек дәрігер қазақ халқы сол кезде аса ділгір мамандықты 
жете меңгерген әрі соны жан-тәнімен адал атқарған шынайы 
азамат еді, қайырымды, ерекше ізетті, өте көп оқитын-ды. 
Эсперанто тілін өз бетінше үйреніп, шетелдіктермен сол 
тілде хат жазысып тұратын. Онымен бірге жұмыс істеу оңай 
еді, кей шаруаны бүлдірсең де дауыс көтермейді, қарауындағы 
қызметкерлерге досжар пейілмен, жылы шырайлы мейірмен 
қарайтын. Кіммен, не туралы сөйлессе де дәрігерлік ілімнің 
әрбір адам үшін міндетті қағидаларын тәптіштеп түсіндіріп, 
соларды бұлжытпай сақтауға үгіттеп бағатын. Сырқатты 
қарағанда ол аурудың алдын алатын рәсімдерді сақтауды 
ежіктеп ескертуді ұмытпайтын. Тегінде ол өзінің сіңірі шыққан 
кедей отбасынан шыққанын әрдайым жадында ұстайтын. 
Жағдайы ауыр, жүдеп-жадап жүрген шәкірттерге үнемі жәрдем 
көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып, білімге құштарлығын ұштаумен 
болатын.
Асылбекпен аралас-құралас болған адамдардың бәрі де оны 
ерекше сыйлайтын-ды. Шынтуайтын айтқанда, Сәтбаев 
Қаныш пен Барлыбаев Хабиб (кейіннен дәрігер болып шықты), 
сол сияқты Әбдіхалықов Жафар (мал дәрігері) Асылбектің 
азаматтық намысына тие айтқан ақыл-кеңесіне құлақ асып, 
жоғары дәрежелі білім алуға құлшынды. Бұлай дейтінім, кіші 
Сәтбаев мұғалімдер семинариясын тәмамдаған соң Баянауыл-
да сот болып, ал Барлыбав көп-көрім оқуымен шаруашылық 
жұмысына айналсоқтап, Баянауыл станицасында тұрып 
қалған-ды...
Асылбектің қайын жұрты жөніндегі Сіздің жорамалыңыз, 
Лев Михайлович, шындықтан қашығырақ, мен жете білетін 
жағдай мүлдем басқаша... Асылбек марқұмның атақты шон-
жардың жалғыз қызына үйленгендігі оның өмірін ерте үзуге 
себепші болды деп мен сол кезде де, қазір де ойлаған емеспін. 
Рас, Шормановтар – ірі феодал, Асылбек бірақ олардың сойылын 
соққан жоқ, қайын жұртынан қашығырақ жүруге тырысқаны 
маған мәлім. Сәдуақас Шорманов та өз өмірін ұрпағымен 
жалғастырушы жастардың отбасылық тірлігіне титтей де 

170
Медеу СӘРСЕКЕ
ықпал еткен жоқ – өйткені ол «Қызыл репрессия» басталардан 
бұрын, жаңылмасам, 1927 жылы опат болған...»
Баянауылдағы учаскелік ауруханада үш жарым жыл тыным­
сыз еңбек етуден соң Асылбек Жұманұлы Семей губерниялық 
атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімінің жарлығымен 
1922 жылдың маусым айында Қарқаралы станицасындағы уез­
дік ауруханаға дәрігер болып қоныс аударған. Бірақ онда ұзақ 
істемеген, келесі жылғы тамызда Семей губерниялық денсаулық 
сақтау бөліміне меңгеруші болып тағайындалған, бұл турасында 
ол өзі жазған өмірбаянында нақты көрсеткен.
1924 жылы 27 желтоқсанда сарғыш түсті жұқа қағазға жа­
зылған өмірбаянында ол: «Мерзімді баспасөзді күнбе­күн қарап 
отырамын, Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетіне денсаулық 
шаралары туралы түсініктеме мақалалар жазып тұрамын. 
1924 жылы Қазақстан КСР­ның денсаулық сақтаушыларының 
құрылтайына губерниялық атқару комитетінің өкілі ретінде 
қатыстым. Әсілі, өз басым дәрігерлік міндетімді санитарлық­
ағарту саласында атқарсам, халыққа пайдам тиімдірек болар де­
ген түйсіктемін...» – деген ескертуді қоса жазыпты. Сірә, сонысы 
мансұқ іс болса керек. Алайда дарқан өмір, Семей губерниясының 
басшылары білікті дәрігерді Ертіс атырабының ең өзекті, сол 
кезде мәнді саналған саласында пайдалануды жөн көрген... 
IV
 Асылбек Сейітов губерниялық (кейіннен облыстық) атқару 
комитетінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі міндетін 
табандатқан 14 жыл бойы үздіксіз атқарған. Осы жерде ескер­
тер бір гәп: 1938 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан облы­
сы – бүгінгі Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының 
қазіргі территориясы түгелдей, оған қоса 22 болыс ел қараған 
бұрын ғы Қарқаралы уезі, яғни Қара Ертістен шекара шебін 
тартқан Кенді Алтай мен Зайсан алқабы, сол өңірдің түстігінде 
жатқан Тарбағатай мен Қалба, соның арғы­бергі бөктерінде 
ертеден қоныстанған Аягөз, Үржар, Мақаншы­Науалы, тіпті 
Алакөл мен Балқаш көліне дейінгі қалың елді бір әкімшілікке 
ұйыстырып, Ақ Ертістің кеңқолтық атырабындағы жүздеген 

171
ШЫҒАРМАЛАРЫ
елді мекендерді, Омбы қаласына дейінгі мың шақырымға 
сөз айтпайтын шалқар жазықты, Шыңғыстау, Шұбартау, 
Абыралы, Балқантау мен Баянаула тауларының бөктерін де 
түгел қамтитын шалқарлығы телегей теңіздей кең алқап. Де­
мек, осыншама кең аймақта, мақтаулы Еуропаның бірнеше 
мемлекеті сыятын территорияда медицина жүйесін тыңнан 
құрып, елді мекендердің бәрінде сырқаттанған жандарға көмек 
көрсетер дәрігер қосындарын ұстап, соларды тұрақтандыру, 
халық жиірек қоныстанған елді мекендерде ауруханалар ашуға 
басшылық еткен қайраткер азамат – тағы да Асылбек Жұманұлы 
Сейітов. Рас, дәрігерлік көмектің алғашқы қосындары жер­
жерде бұрын да ұйымдасқан. Мысалы, 1917 жылғы төңкеріске 
дейін Бұқтырма уезінде, бұл болса осы күнгі Қатын­Қарағай, 
Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім және Зайсан аймағында 
небәрі бір­ақ қосын болған, сол қосында түбі баянауылдық Әміре 
Айтбақин (Сәдуақас Шормановтың екінші әйелі Зейнептің әкесі) 
жалғыз өзі бірнеше жыл дәрігер болып еңбек еткен. Абзалы, 
сондай ділгер жағдаят күллі облыс аймағында болған. Демек, 
Асылбек Сейітов мәні мен көлемі көкейіндегі мансұқ шаруаға, ол 
болса дәрігерлік кәсібімен туған халқын жұқпалы індеттерден 
құтқару, хал­қадерінше денсаулығын ілкі көтеру туралы жас 
күнінен арман еткен арман істі құлшына атқарған (Әлбетте, 
бұл – бірін­бірі қудалап, қалайда сүріндіруді тілейтін саяси май­
дан емес, нақты іс!). Әсілі, біртуар азаматтың атқарған сан ал уан 
ісі мен еңбегін нақты баяндау үшін Семей губерниясының сол 
жылдардағы том­том мұрағатын ақтару қажет. Соны ақтарған 
іздеуші кісілігі ұқыптылығымен бірдей әкімнің сан алуан игі 
ісіне жолығары сөзсіз. Амал не, біз сол ізденісті атқара алмадық. 
Сол себепті Асылбек Жұманұлының дәрігер әріптестері, онымен 
көп жыл аралас­құралас болған замандастары қалдырған бірді­
екілі естеліктерге жүгінеміз...
Семейдің күншығыс жағында, жетпіс шақырымдай жерде, 
темір жолға ұрымтал орналасқан қарағай жынысының қақ ор­
тасында өкпе дертіне шалдыққан науқастарды емдейтін «Ауыл» 
және «Қайыңды» сауықтыру орындары бар. Соғыстан бергі жыл­
дарда бұл емдеу орындары республиканың Денсаулық сақтау 
министрлінің қарамағына көшіп, өткен ғасырдың 90­жылда­
рына дейін екеуі де қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Солар­

172
Медеу СӘРСЕКЕ
дың орнын белгілеп, шипалық қасиетін анықтап, емдеу және 
қосалқы шаруашылық қызметін ұйымдастырған адам – Асылбек 
Жұманұлы.
Ұлы Отан соғысынан бергі жылдарда Семейдің «Физинсти­
тут» атанған облыстық ауруханасында Попов, Елизарьев (бұл 
кісі 1940 жылдарда Омбыға қоныс аударған) және Нигматуллин 
есімді білгір дәрігерлер еңбек еткен. Олардың ерекше емшілік 
дақпырты бүкіл Ертіс өңіріне мәлім болған. Сырқатына дауа 
іздеген мұңлықтар осы үшеуіне көріну үшін Өскемен, Павло­
дар, тіпті Алматыдан да іздеп келіп, талай күндер сарыла күтіп, 
қабылдауында болған. Бақсақ, осы білгірлерді де Сейітов марқұм 
Том мен Новосібірден 1930 жылдары Семейге қоныс аударуға 
көндіріп, алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызған.
А.Ж. Сейітовтің шипалы қолын Семей жұрты ерекше қадір­
леп, ол тағайындаған емді бұлжытпай орындаған. Алматылық 
ғалым­ұстаз, тарихшы С.Қ. Бақшилов Қазақстанның медицина 
мұражайына тапсырған естелігінде: «Менің осы күнге дейін тірі 
жүргенім – Асылбектің арқасы. 1929 жылы өкпе ауруының ауыр 
түріне шалдығып, қараушы фтизаторларым адам болмайды деп 
«үкім» шығарып қойғанда, Асылбек Жұманұлына тап болып, 
ол кісі мені ыждағатпен ұзақ емдеп, өкпе дертінен құлан таза 
жазып, қатарға қайтадан қосты», – деп ағынан жарылады (ұзақ 
ғұмыр сүрген Сәдуақас Құрманғалиұлы 1994 жылы қайтыс бол­
ды).
«Менің әкем Асылбек ағамен сыйлас дос болып, бірін-бірі 
құр меттеумен өмірден өтті. Мейрам күндерін ғана емес, әр-
бір жексенбіні екі үйдің отбасы бірге өткізетін-ді. Кездескен-
де екеуі күнделікті жағдайды, ескі тарих пен қазіргі әдебиет 
жаңалықтары туралы пікір алысып, кейде қызу таласып та 
қалатын, – делінген саналы өмірін Семейде, «Қазақ тілі» газе­
тінің редакциясында өткізген белгілі ақын, көрнекті қаламгер 
Сәбит Дөнентайұлының жалғыз перзенті Сәулет апай А. Сейітов 
туралы ұзақ естелігінде. – Досының үйіне барарда әкем үстіне ақ 
көйлек киіп, галстук тағушы еді. Әсілі, ол галстукпен қылғынып 
жүруді ұнатпайтын. Соны білетін достары: «Мұның қалай? 
Асылбек білімпазбен тең кісі құсап сөйлескің келе ме?» – деп 

173
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ежіктегенде, әкем: «Тән саулығын үгіттеуші дәрігердің үйіне 
таза киініп, сақиып бармау – сыйламағандыққа жатады», – деп 
таңғаларлық жауап бергені есімде.
Асылбек аға ұзын бойлы, бет әлпетінен парасат нышаны 
әрдайым сезіліп тұратын маңғаз жан еді, оның тұлғалы тұр-
паты кімді болсын сүйсіндіретін. Ол кісінің әйелі Нафиға тә-
тей – менің түйсігімдегі хас сұлулардың үздігі, қасы қап-қара, 
қаламмен сызғандай қиғаш қиылған, тоқ бұрымы тірсегіне 
түсіп, ақ жүзі айдай боп көшеде ырғала басып келе жатқанда, 
алды-артынан тамсана қарамайтын жан болмайтын. Ерлі­
зайыптылардың о күндегі жалғыз перзенті Роза – менімен бір 
жылғы төл, екеуміз Семейдің құм басқан көшесінде қол ұстасып 
жүріп, бірге есейдік.
...Бірде екеуміз көшеде келе жатып екі қолын алдына жа-
йып, қайыр сұрап тұрған егде кісіні кездестірдік. Бейшараның 
жүдеген кейпі адам шошырлық. Роза екеуміз үйге жүгіріп ба-
рып, нан мен ет алып шығып қолына ұстаттық. Байғұс біз 
ұсынған асты әп-сәтте қомағайлана жұтты, кенет жерге 
жалп етіп құлады. Сөйтсек, сол бетінде жантәсілім болыпты. 
Жанымыз шошыған істі айтқанымызда Розаның көкесі басын 
шайқап, асты бірден көп жегізгендерің қате болған деді. Сол 
жылғы қыста, әсіресе қар ери бастағанда Семейдің көшесінде 
қайыр сұраған, аштықтан әлі құрыған қыр қазақтары қаптап 
жүретін еді. Сонау ит арқасы қияндағы Баянауылдан жаяу-
жалпылап жеткен бейбақтардың бірталайы Сейітовтердің 
Солдатская көшесіндегі (қазірде Әсет Найманбаев – М.С.) дер-
бес үйіне баратын-ды. Нафиға тәтей өзінің жасауына берілген 
алтын сырға, жүзік, неше түрлі қымбат ыдыстарын, асыл 
бұйымдарын «Торгсин» деген дүкенге өткізіп, жәрдем тілеп 
келген, шындығында аштықтан өлуге айналған жерлестерін 
құтқаруға жұмсағаны маған мәлім...
Әкем Сәбит Дөнентаев 1933 жылы, 39 жасында құрт 
ауруы нан қайтыс болды, анам да сырқат болатын. Асылбек 
аға оны «Ауыл» курортына орналастырып, неше ай емдетті. 
Жаз бойы мен Сейітовтердің үйінде тұрдым. Шешемнен де 1934 жыл-
дың көктемінде айырылып, панасыз жетімге айналдым. 
Сейітовтердің отбасы мені қамқорлыққа бөледі. Розамен бірге 

174
Медеу СӘРСЕКЕ
жатқызып, өз перзентінен кем күткен жоқ. Мұндай кісілікті 
қалай ұмытасың?!.»
*
Губерниялық комитеттің қаржысымен 1925 жылдан бастап 
Семейде әлеуметтік­саяси, экономиялық және ғылыми­әдеби 
әрі педагогика мәселелерін көпшілік талқысына салатын құрал 
ретінде «Таң» журналы шығарылып, небәрі төрт саны жарық 
көрген. Сол басылымның соңғы санында Асылбек Сейітовтің 
«Ел ішіндегі науқастар және денсаулық қорғау жұмысы» атты 
еңбегі 53­62­беттерге жарияланыпты. Бұл да білімдар дәрігердің 
негізгі міндетінен өзге жайттарға да жиі араласып, зиялы лық 
көрсеткеніне айғақ. Кейбір естеліктерде оның үйінде әдеби 
қауым өкілдері жиі жиналып, бас қосқаны жазылған. Солардың 
қатарында баянауылдық азаматтар Қаныш Сәтбаев, Шәкен Ай­
манов, Әбікей Сәтбаев және Жұмат Шанин есімдері аталады.
«Губерниялық денсаулық сақтау бөлімі қазірде Семей обко-
мы мен атқару комитеті пайдаланып отырған ескі үйде бол-
ды  (Невзоровтар мұражайына берілген екі қабат, ескі стильде 
салынған әсем ғимарат – М.С.). Асылбек Жұманұлы кең иықты, 
еңсегей бойлы, тығыршық денесі толықша келген, адамға нұрлы 
көзімен толғана қарайтын, жүзі шырайлы, өңі аса келісті жан 
еді. Шашын тек үнемі тықырлап алғызатын-ды. Мен ол кісіні 
өте жақсы білемін. Қазақстанның теріскей шетіндегі бір қалада 
жұмыс істеген аса дарынды оташы, мінезі сергек те зерделі 
інісін де біршама білуші едім... – депті есімі Семей жұртшылы­
ғына мәлім дәрігер Анна Семеновна Портнягина естелігінде (бұл 
естелік те 1960 жылдарда жазылған). – Асылбек Сейітов – көрген 
жан сүйсінгендей ізгілігі мол парасатты тұлға! Мені ол кісі эпи-
*
 Сәулет Сәбитқызы Дөнентаева соғыстан бергі жылдарда Алматыда қыз 
мет 
істеді. 1960 жылдары ол кісі астананың Совет ауданының атқару комитетіне төраға 
болды. Ол кісінің ері Айтқазы Дайырбеков – ұзақ жылдар республикалық банктің 
директоры болып, зейнетке шығып, 90 жасты еңсеріп, 2012 жылы дүниеден қайтты. 
Ол кісілердің балалары мен немере, неменелері Алматыда тұрады. Роза Сейітованың 
туған сіңлісі Клара Асылбекқызының айтуынша, Сәулет Сәбитқызымен үйішілік 
қарым­қатынасы көп жылдар бойы үзілмеген, бір­біріне үлкен сүйінішпен қарап, 
сыйласудан жаңылмаған.

175
ШЫҒАРМАЛАРЫ
демия білінген алыс ауылдарға жиі жіберді. Бір жылы, кезекті 
бір ауыр сапардан соң Мәскеуге, арнайы семинарға аттандыр-
ды. Қарауындағы дәрігерлерден ол өз ісіне адал болуды талап 
ететін... Бергі жылдарда Семейдегі дәрігерлер институтын-
да дәріс оқыған кезімде мен ол кісінің емшілік, кісілік сипаты 
жа йында шәкірттеріме әрдайым әңгімелейтін болдым. Оның 
ізеттілігі, зиялылық қасиеті әрқашан да көзге ұрып тұрғандай 
айқын еді...» 
Уақытынан ерте сөнген әріптесі туралы А.С. Портнягина­
ның жазбалары қазірде С. Асфендияров атындағы Қазақ медици­
на университетінің мұражайында өзі тапсырған фотосуреттерімен 
көрнекті орында тұр.
Нақ сондай жан тебірентер әсерлі әңгімелерді Асылбек Жұ­
ман 
ұлының тапсырмасымен «Ауыл» емдеу орнында қызмет 
ат қарған: «Ол кісі құдай жаратқан дәрігер ғана емес, клини­
ка жұмысын түбегейлі білетін жан­жақты білімді, әрі салиқа 
мінезіне асқан кісілігі жарасқан үлкен тұлға еді...» – деген 
жүрекжарды лебізді ғалым­терапевт Мария Федоровна Пшени­
цина да айтады екен.
Асылбек Сейітов небәрі 43 жыл өмір сүрген. Соның жиыр­
ма жылын ол дәрігерлік парызын зор ыждағатпен атқарумен 
өткізген. Жоғарыда ескерткеніміздей, емшілік қызметінің дені, 
яки 14 жылдан астамы Семейде өтіпті. Сірә, бұл – білікті дәрі­
гердің қысқа ғұмырындағы ең сүбелі де айшықты ісі, яки туған 
халқы алдындағы перзенттік парызын атқару жолындағы ең 
бақытты жылдар.
Амал қанша, қатал тағдыр оны да «Қызыл қырғын» атанған 
1937 жылғы зауалдан құтқармаған. Ең шатағы, соған төрт 
ағайынды Сейітовтердің үшеуі бірдей іліккен. 
* * *
 Сейітов Мұсылманбек мұғалімдікпен қоса кезінде есепшілік 
ма мандығын да игерген, тұтқындалғанға дейін республиканың 
жоспарлау мекемелерінде жауапты қызмет атқарыпты. Аны­
ғында ол туралы біздің білетініміз – там­тұм естеліктер... 
Мағжан Жұмабаев оған да мынадай әзіл өлең арнаған: «Мұ­
сылманбек. Мұрты тіп­тік. Судья. Очень лестно, Ну, конечно. 
Ну, ну... я» (Жоғарыда аталған жинақ, 210-б.). Әзіл эпиграф­
тар кім көрінгенге жазылмайтынын ескерсек, Асылбектің аға сы 

176
Медеу СӘРСЕКЕ
да – Мағжан ақын Омбыда танысып, дос болған ұлтсүйер азамат­
тардың бірі.
Ағайындылардың кішісі Мұратбек Жұманұлы (1899­1937) 
Омбының 8 басқыш коммерция училищесін 1918 жылы, осы 
қаладағы дәрігерлік институтты 1925 жылы тәмамдаған. 1930 
жылдардан былай ол Көкшетау облысындағы Степняк қаласында 
оташы болып істеген. Аса күрделі операцияларды батыл жасауы­
мен атаққа ілінген, сол үшін де бір мәрте медальмен, 1936 жы­
лы Қазақстанның 15 жылдық тойында орденмен марапаталған. 
Қолы шипалы дәрігерді Мәскеу институты жұмысқа шақырыпты. 
Қаншыл азамат, амал қанша, туған елінде жұмыс істеуді парызы 
санаған. Әрине, қаныпезер бір қандасының көздеп атқан оғынан 
мерт боларын болжай алмаған...
Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова «Шындық шырағы» атты 
деректі кітабында (А., 1995, ОПО «Полиграфия») Мұратбекті 
қапылыста жер жастандырған қастандық туралы егжей­тег­
жей сөз еткен: «...Омбының 9­линия бойында ұзынынан­ұзақ 
қатарласа салынған үйлерінде Шонаевтар тұрды, ұзындығы бір 
орамға тақау дүкендері болатын, саудамен айналысып байы­
ған көпестер еді... Шонаевтар балаларын мұғалім жалдап өз 
үйінде оқытқан, мен де екі жыл бойы солармен бірге жас кү­
німде орысшаға жаттыққамын, – депті Ғазиза Омарқызы 
«Шындық шырағын» жазушыға бертінде сыр ғып шерткен шерлі 
әңгімесінде  (Естелік кітаптың 189-беті, бұл кісі – Гүлнар 
Міржақыпқызының нағашы апасы – М.С.). – Оған қоса бізге 
сабақты қазақ тілінде жүргізіп, араб әрпімен жазуға үйреткен 
ұстазым – дәрігер Мұратбек Сейітов...» – дей келіп, кездейсоқ 
оқиғалар тоғысуымен Ғазиза Омарқызы НКВД қызметкеріне 
тұрмысқа шығып, 1937 жылы Степняк қаласында тұрыпты. – 
Жап­жас әрі айдай сұлу келіншегін еркек атаулыдан қызғанған 
ері үйінде қамап ұстайды. Сол гәпті сезіп қалған Мұратбек 
байғұс бұрынғы шәкіртін аяп, Ғазизаның қапастағы кіріптар 
жағдайына ара түседі...»
Алаш қозғалысын қызу қуаттап, дүбірлі жылдарда Омбы 
мен Семейдегі ұйымдарына атсалысқан «қылмысынан» гөрі 
нақ осы жайт, Мұратбек Сейітовтің НКВД офицерінің үйіндегі 
келеңсіз қысасты білуі және соған ара түсуі оны зор қасіретке 
душар еткен: «Заманның аумалы­төкпелі кезінде «шаш ал десе, 
бас алатын» жандайшап соғынды ел ішінде беделі күшті, да­

177
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рынды оташы Мұратбек сорлыны «халық жаулары» тобына өз 
қолымен қосып, өмірден аластауға мұрындық болған адам бізге 
мәлім. Өйткені ол үлкен ағасы, алашордашыл Мұсылманбекті 
(Мүсиді) өзінің қарауындағы емханаға жатқызып емдеген, оған 
қоса Мұратбектің әлгі сойқанға: «Ты Ғазизаны не обижай!» – 
деуі де текке өтпеген, жап­жас келіншегінің өзінен безінген 
себебін де содан көрген. Осындай түкке тұрмайтын айыптарды 
сорлының бетіне басып, асыл ағамызды өз қолымен атыпты де­
ген зұлымдығы құлағымызға жетті... – дейді Ғазиза Омарқызы 
кітаптың 197­бетінде – ...Енді сол қанішердің кім екенін 
ашық айтуға болады, оның аты – Хафиз, фамилиясы – Сапаев, 
отставкадағы генерал­чекист, Алматыда тұрады».
«1937 жылдың маусымында біз үй ішімізбен Мәскеуге 
бардық. Басты шаруамыз – көкемнің көзін қарату, шәкірт 
кезінде Том дәрігерлері оған зағип болып қалуың кәдік деген 
жорамал айтыпты. Білгір профессорлар әкемнің көзін ұзақ 
тексеріп, қауіпті ештеңе жоқ деп сендірді. Сонымен Мәскеуде 
бір айдай болып, елге қайттық, – деген естелік айтыпты Роза 
Асылбекқызы Л.М. Власовқа 1965 жылдың 22 наурызында Ал­
матыдан жолдаған ұзақ хатында. Әрине, атақты Мәскеу қаласы 
жасөспірім қыз балаға ерекше әсер еткен. Естелік иесі сол кезде 
он төрт жаста. – ...Біз мінген пойыз Семейге жақындағанда, Ауыл 
стансасында әкемнің дәрігер жолдасы, заты орыс адамы қарсы 
алды (фамилиясын ұмыттым), екеуі тамбурда ұзақ сөйлесті. 
Сонда құлағыма шалынған күңкіл сөз осы күнге дейін жадым-
да: біз кеткен соң-ақ аурухана ұжымының жиналыстарында 
әкемді сыпыра жамандаған қатқыл сөздер туыпты, әсіресе сол 
талқыда дәрі-дәрмек техникумының директоры С.С. (естелікте 
есімі толық аталған – М.С.) ерекше белсенділік жасаған-мыс... 
Ол жігітті біздің отбасы жақсы білетін-ді, үйге жиі келетін 
баянауылдық пысық жас азамат. Әкемнің орыс досы (оның 
нағыз жанашыр адам екенін кейіннен білдік қой, әттең!) көкеме 
жалынғандай болып, Семейде пойыздан түспеуді, тіпті осы 
стансада қалып, Мәскеуге, иә Сібірдің түкпіріне уақытша кету 
қажеттігін қатты ескертті. Амал не, әке-шешем оның күдігіне 
мән бермей, үйреншікті Семейге келдік. Шынайы жанашырдың 
күдігі ақырында рас болды. Екі тәуліктен соң қажет-ау де-
12­246

178
Медеу СӘРСЕКЕ
ген бір қабат киім мен әр түрлі дүниемізді буып-түйіп алып, 
екі жаққа сапарға шықтық. Анам екеуміз – Омбыдағы менің 
нағашы туыстарымызға, ал әкем – Алматыға, Компартияның 
Орталық Комитетіне арызданбақ болып...»
Роза Асылбекқызы араға 27 жыл салып Семейге 1965 жылғы 
11 сәуірде жолдаған хатында шоқантанушылар бертінде әуре­
сарсаңға түсіп, нәтижесіз аяқталған сәтсіз ізденістерінің де сы­
рын ашады. Бұл жерде сөз Шорман бидің оқымысты перзенті 
Сәдуақас Мұсаұлының қолында сақталған Шыңғыс әулетінің 
өзіне жолдаған хаттары, фотосуреттер, оның ішінде Шоқан 
Уәлихановтың өмірбаяндық құжаттары жайында болып отыр. 
Роза Сейітова Л.М. Власовқа жолдаған хатында солардың 
қалайша жойылғаны турасында: «Семейден шұғыл аттанар­
да әке­шешем үйдегі барлық ескі қағаздарды отқа жақты. 
Солардың ішінде әкесінің студент кезінен эсперанто тілінде 
дүние жүзі әріптестерімен жазысқан ашық хаттары, фотосурет­
тер желімделген үлкен альбом, ал онда 1927 жылы Баянауыл­
да қайтыс болған Сәдуақас Шормановтан ауысқан неше түрлі 
фотосуреттер де болған», – дейді (академик Ә.Х. Марғұлан 
бертінде жариялаған мақалаларының бірінде Шоқанның кейбір 
суреттерін, нағашысы Мұсаға жазған хаттарын Сәдуақас 
Мұсаұлының өзіне көрсеткенін, соларды кейіннен іздеп таба 
алмағанын қынжыла жазады – М.С.). Біздіңше, сол хаттар да 
Р.А. Сейітова зор өкінішпен есіне алып отырған 1937 жылғы 
жазда Семейде отқа жағылған (Нафиғаның туған анасы Бәдиғұл­
Жамал жаппай тәркілеу кезінде, 1928 жылы «Шорман әулетінің 
асыл заттары мен алтын құймаларын қайда жасырғанын 
айтқанша жатасың!» деген қысаспен Баянауыл түрмесінде ұзақ 
ұсталып, ақырында кезекті дүре кезінде жер жастанған)...
«Шешем екеуміз Омбыдағы туыстарымызға жадап­жүдеп 
жеткен соң екі айға дейін көкемнен хабар­ошар болмай, әбден 
зарықтық. Ойлағанбыз: Алматыға барған бетінде түрмеге 
алынған шығар деп. Ал іздеуге тағы да шама жоқ... Содан бір күні 
ойда жоқта Омбыға көкемнің өзі келді. 1937 жылдың қыркүйек 
айында үй ішімізбен Алматыға көштік. Орталық Комитеттің 
хатшыларының бірі әкеме: «Ештеңеге алаңдамаңыз, сізге сен­
бесек – соншама жауапты жұмысқа тағайындамас едік...» – деп, 

179
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тек Семейге қайтармай, Алматының өзінен мәртебелі қызмет 
ұсыныпты...» – дейді отбасылық трагедияның сол кезде тірі 
әрі естияр куәгері Роза Асылбекқызы Семейдегі өлкетанушыға 
жолдаған хатында.
Емдеу ісінің кәнігі білгірі ретінде Асылбек Сейітов енді 
Денсаулық халық комиссариатына бөлім меңгерушісі болып 
тағайындалады әрі Алматыдағы темекі фабрикасына қарасты 
№5 емхананың бас дәрігері міндетін қоса атқарады. 
Алайда бір айдан соң жағдай күрт өзгереді...
«1937 жылғы бірінші желтоқсан күні кешке таман мектептен 
қайтқанымда өзім куә болған жан түршігер оқиға күні бүгінге 
дейін жадымда, – депті Роза Асылбекқызы мұң мен шерге толы 
естелік хатының соңғы бетінде. – Мұздай киінген көкем бөлменің 
ортасында үнсіз сілейіп тұр, есінен танған шешем төсекте сұлқ 
жатыр... Бейтаныс екі кісі, маған олар сол күні біржосын сы­
пайы жандарға ұқсады, әкеммен қоштасуға рұқсат етті. Не деу­
ге болады, сол сәтте көкемді соңғы рет құшып, соңғы рет көріп 
тұрғанымды білгем жоқ...»
V
 1996 жылғы 22 қазан күні Асылбек Жұманұлының кен­
же перзенті Клара Сейітованың (әкесі ұсталғанда анасының 
құрсағында қалып, жарық дүниеге алты айдан соң келген) та­
лап етуі бойынша, Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты 
мен құжаттар басқармасы қолына берген С­39 санды ресми 
анықтамада жарым ғасырдан астам уақыт НКВД органдары жеті 
құлыптың астында ұстап келген құпия істің бетпердесі біршама 
ашылған: 1937 жылдың 3 желтоқсаны күні Айтбақин Аспандияр 
мен қаржы мекемесінің қызметкері Әлин (есімі көрсетілмеген) 
Асылбек Жұманұлымен тергеушінің кабинетінде кездесіп, екеуі  
Сейітовтің 1933 жылы, үйінде отырғанда: «Қазақты жер бетінен 
жойып, ұлан­байтақ жерін иемдену үшін өткен жылғы сұрапыл 
аштықты Кеңес өкіметі әдейі ұйымдастырды, өзінің қандастарын 
бұдан құтқарудың бірден­бір амалы – Қытайға қоныс аудару, 
басқадай амал жоқ, сендер де соған мұрындық болыңдар...» – деп 
өздерін де үгіттегеніне көзбе­көз куәлік жасапты; тәубе делік, 
Алматы облыстық прокуратурасы 1957 жылы осы екі куәгерді 

180
Медеу СӘРСЕКЕ
қайыра шақырғанда, олар жиырма жыл бұрынғы сөздерінен 
жата танып: «Асылбек дәрігер бізге бөтен адам емес, отбасында 
саясат мәселесін ол ешқашанда сөз етпейтін, жалған куәлікті біз 
тергеушінің үйретуімен жасадық...» – деген. Ғажап жөткірлік! 
Асылбек Жұманұлының Кеңес өкіметіне қарсы «қылмысы» 
небәрі үш тәулікте «тексеріліп» және «анықталып», 4 желтоқсан 
күні ату жазасына кесіліп, үкім сол күні орындалған. 
Мұсылманбек ағасы мен Мұратбек інісі де 1937 жылы Асыл­
бек Сейітовтің шерлі жолын құшқан. Сейітовтердің үлкені, Се­
мей орман шауашылығында істеген маман Сұлтанбек қана Кеңес 
өкіметінің қас «жауы» болып шыққан інілерінен, олардың ар­
тында қалған ұрпақтарынан да біржола безіп, қарақан басын ара­
шалап алыпты. Содан былай өзі де, балалары да үш Сейітовтің 
ұрпақтарымен қатысуды біржола доғарған...
Әр нәрсенің себебі мен салдары болмағы – өмір заңы. Бірден­
бір қорегі, яғни күнкөріс малы ортаққа түсіп, мемлекет қорына 
жаппай тәркілеудің соңында қыр елінің алапат аштыққа 
ұрынғанын қазірде ашық жазатын болдық. Сол зауалда 3­3,5 
миллион қазақтың опат болғаны – тарихи шындық! Қазақтың 
ат төбеліндей зиялы қауымының батыл тобы бұл ойранға 
жайбарақат бақылаушы болып қалмағаны, кейбірінің Мәскеуге 
хат жолдап, екіншілерінің жан­жаққа босқан аш жұртты ажал 
құрығынан құтқармақ болғаны жұртшылыққа мәлім. Туған 
елі үшін ет жүрегі елжіреген Асылбек дәрігердің де ержүрек 
замандастарының қатарында көрінгені туралы бірді­екілі есте­
ліктерде айтылған: мысалы, Семей облыстық денсаулық сақтау 
бөлімінің басшысы ретінде ол қыр төсінен сүлдерін сүйретіп жет­
кен аш босқындарды ауруханаларға қабылдап, байғұстардың аш 
өзегіне нәр құюға тырысқан; қосағы Нафиға да әке­шешесінен 
жасауға алған асыл заттарын азық­түлікке айырбастап, со­
нау Баянаула сыртынан үйіне іздеп келген жерлестерін ажал 
тырнағынан айыруға жұмсаған. Аңдауымызша, ауыр жағдаятты 
күн сайып көріп­біліп отырған дәрігердің соның бәріне бейжай 
қарамай, туған жұртын топалаң тиген қойша жусатқан зобалаңға 
қынжылыс білдіруі де – қисынды жорамал.
Бізді таңғалдырып әрі зығырданымызды қайнатар өкініш те 
осы жайттан өрбиді: отбасында сөз болған қынжылысты жау­
лыққа жатқызып, жазалаушы мекемеге жеткізушінің бірі – 

181
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дәрігердің балдызы Аспандияр, сонау қиян шеттегі Баянауыл­
дан Семейге алдырып, білім алуына бас­көз болған жас азамат 
(өгей енесі Зейнеп Айтбақинаның туған бауыры); ал Семейден 
шұғыл безуіне себеп болушы – баянауылдық жерлесі, дәрі­
дәрмек мамандығын игеруіне 1930 жылдардың басында өзі қол 
ұшын берген, одан соң фармацев техникумына жетекші еткен зе­
рек шәкірті С.С.; үшінші ақпаршының кім екенін есімі құжатта 
көрсетілмегендіктен нақты айыра алмадық, Ақпаршы Әлиннің 
де Ертіс бойындағы кеңес жұмысына белсене қатысқан адам екені 
анық. Не десек те, жазалаушы орган алдын ала дайындық жасап, 
үш куәні де Семейден тапқан. Сонсоң да Асылбек Сейітовті айып­
тау мен соттау жедел жүріп, небәрі үш тәулікте көздеген жеріне 
жеткізген. Тек не үшін? Бұл сауалдың жауабы жоқ. Бір ғана ила­
нымды ой: «халық жауларын» іздеп тауып, көзін жою жоспа­
рын тезірек және асыра орындау! Сол үшін де бір емес, үш бірдей 
Сейітовтердің көздері жойылған. Амал қанша, сол «жоспарды» 
асыра орындауда табанының бүрі жоқ, одан да гөрі ар­инабаттан 
безген, қиянат жасауға құлшынып тұратын белсенділердің 
«тыңшылық» қызметін рухани ақтап, «Заман солай еді» деп, 
жасаған қылмыстарын жуып­шаю қазірде жолды болуда. Біздің 
кәміл сенген ойымызша, ондай пысықтарды мейілінше қаралап, 
ең құрығанда, кейінгі ұрпақ сондай қиянатқа ешқашанда бас­
пайтын етіп, ауыр күнәларын жұртқа ашып, масқаралау қажет! 
Сонда ғана біз алды­арты ашық, өркені биік зайырлы ел атана­
мыз! Мәңгілік ел ұстанымының да алғышарты осы!..
Ағайынды үш Сейітовтің артында қалған бала­шағасының 
тағдыры қайғы­шерге толы: Мұсылманбектің әйелі Қарағанды 
іргесіндегі АЛЖИР лагеріне тап болған кезде опат болыпты, 
әкесі тұтқындалған кезде балалар үйіне жөнелтілген естияр 
жастағы екі ұлы бірдей мәңгу сырқатқа ұшырап, дүниеден қайт­
қан; Мұратбектің қосағы да НКВД лагерінде жер жастанған, 
жетімдер үйіне алынған екі баласы да үшті­күйлі жоғалып кет­
кен; Асылбектің орысша сауатты, көп­көрім оқуы бар жары 
Нафиға Сәдуақасқызы әділдікке жетпек болып, бір жылдай 
уақыт Алматы түрмесінің алдын тоздырумен сенделіп жүргенде 
сырқатқа ұшырап, кенеттен қайтыс болған. Іште қалған соңғы 
нәрестесі Клара күйеуі тұтқындалған соң алтыншы айда жарық 
дүниеге келген; 1938 жылы анасы опат болғанда оның артында 

182
Медеу СӘРСЕКЕ
15 жасар Роза мен сегіз айлық Клара баспанасыз, қаражатсыз, 
жәрдем етер қамқоршысыз көшеде қаңғып қалады...
Дарқан өмір қанышер, опасыз, сатқын, безбүйректермен қа­
тар мейірімді жандарға да жомарт. Панасыз жетімдерге алғашқы 
айларда ерлі­зайыпты Мария Николаевна (қыз күнінен Нафиға­
мен бірге өскен, Омбы гимназиясында бірге оқыған құрбысы) мен 
Валерий Николаевич Елизарьев (Асылбектің дәрігер әріптесі) 
қамқорлық жасап, тәрбиесіне алған (А. Сейітовтің жұмысын 
осы отбасы бір жыл қуып, жарытымды жауап ала алмаған). 
Одан соң, 1939 жылы қос мұңлықтың мүшкіл халін кешігіп 
естіген нағашы шешесі, Сәдуақас Шормановтың екінші қосағы 
Зейнеп Әміреқызы Айтбақина сонау Омбы қаласының іргесінен 
жанұшыра Алматыға жетіп, күндесі Бәдиғұл­Жамалдың екі 
жиенін қолына алып, күйеу баласының күйреген шаңырағын 
Омбы облысының Калагин қалашығында қайтадан көтереді. 
Байғұс кемпір Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеден озған 
соң қос жетімге нағашысы Нұрмұхамет (Нұркеш) Шорманов ие 
болады. Сөйтіп, қос мұңлық қайырымды жандардың демеуімен, 
өздерінің де ет тірлігі арқасында түтіндерін түзеп, жұрт қатарына 
қосылған. Бүгінде олардың екеуінен де нағашы атасы мен Асыл­
бек әкесінің рухын өздеріне ес тұтатын екінші, үшінші ұрпақ 
өсуде. Мұндайда біздің қазақ «Орнында бар оңалар» деген.
Алматы облыстық сот төралқасының 1957 жылғы 20 мау­
сым күнгі үкімімен Асылбек Сейітов біржола ақталса да, білікті 
дәрігердің ел шаңырағын түзеу жолындағы тамаша еңбегі 
1997 жылға дейін беймәлім қалпында қалған. Рас, содан беріде 
марқұм жөніндегі көп жылдық «тоң» жібіп, біраз игі шаруа­
лар жүзеге асты. Өкінішті жайт: сол қуанышты үлкен перзенті 
Роза Асылбекқызы көре алмай, дүниеден ерте аттанды. Тәубе 
дерлік жайт: артында қалған жалғыз ұлынан немерелер өсуде... 
Туған әпкесі бастаған істі, яғни Алаш қозғалысының жетекші 
тобында болған қайраткер әкесі мен ағаларының жанқиярлық 
еңбегін, табанды күресін ақтау ісін сіңлісі Клара Асылбекқызы 
жалғастырып және соны ондаған жылдар бойы қажымай­
талмай жүргізіп, тәуелсіз Қазақстанның өзгерген тарихына 
үш Сейітовтің де есімдерін қайтарғанын мойындауға тиіспіз. 
Ағайындылардың есімі қазірде республикалық «Аза» кітабының 
бірінші томына енді, Алаш қозғалысына байланысты жарық 

183
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көрген кітаптарда, газет­журналдарда жазылатын болды. 
Асылбек Сейітов ұйымдастырған Алматыдағы №5 емхана ның 
қабырғасына мемориал­тақта қойылып, сол маңаттағы көше 
де білікті дәрігердің есімімен аталды. Әлбетте, бұл шаралар аз, 
ағайын дылардың есімі ең алдымен олар туып­өскен, қиын жыл­
дарда еңбегі сіңген Баянауыл ауданы мен Павлодар, Шығыс Қа­
з ақ стан облыстарының тарихына еніп, лайықты түрде аталуға 
тиіс.
Бүгінгі шат­шадыман тұрмыстың қызығы да, бағасы да тегінде 
өткен өмірдегі алуан тарихымызды оймен таразылап, сол бір аду­
ын күндердегі қиыншылықтарды жеңе білген арыстарымыздың 
ерлігін әділ бағалаумен танылатыны – әлмисақтан мәлім. Осы 
уәжге жә десек, ағайынды Сейітовтер де – бүгінгі ұрпақ мақтан 
етер, өмір жолын үлгіге ұстар елеулі тұлғалар...
 
 Семей.
2001-2012 жылдар
 
 

184
Медеу СӘРСЕКЕ

жүктеу 7.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет