Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет7/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Көкейкесті түйін: Осы хикаятты жазғанымда мен өзім де 
даңқты КПСС-тің мүшесі едім, партия қатарына Семей цемент 
зауытында еңбек етіп жүргенімде түскенмін. Маған кепілдеме 
берушілер де сол өндірістің озаттары санатындағы орыс пен 
қазақ жұмыскерлері еді. Коммунист атануым қауымның ал-
дыңғы легінде болу ғана емес-ті. Компартия тарихын жоғары 
білімді инженер һәм зиялы ретінде білетінмін. К. Маркстың 
қаламы өрген манифест «Коммунизм елесі» атанып, Еуропаны 
жағалай кезіп, ақырында Ресей пролетариатын мықтап ша-
лып, 1917 жылғы төңкеріске әкелгенін, КСРО-ны құрып, алып 

135
ШЫҒАРМАЛАРЫ
елге рухани тірек, игі мұрат болғаны да қауымға мәлім ақиқат. 
В. Ленин құрып, И. Сталин бекем сомдады деген БКП(б) неме-
се бертінде КПСС атанған миллиондардың саяси одағы жаппай 
«кемеңгер» атанған қуыршақ, қуыс кеуде көсемдердің шалағай 
әрекетімен 1990 жылдарда тарих күресініне тасталған  күйкі 
шындық та менің көз алдымда өтті (Менің үстел суырмасын-
да жатқан 12409889-санды партиялық билетімде мүшелік 
жарна төлеу сол жылдың сәуірінде біржола тоқтапты). Жә, 
адамзаттың асыл арманы деген сол коммунизм қайда? КСРО-
да салтанат құрды деген социализм де сайып келгенде тарих 
иелігіне көшті. Бұл сауалдардың жауабын мен білмеймін, өз ба-
сымнан кешкен трагедиялық ахуалды ғана жадымнан суырып 
отырмын...
Жә, сонымен күллі кеңес халқы арман еткен, шексіз сен-
ген коммунистік елестен ақыр аяғында не шықты? Кім соны 
жар астына құлатқан? Әулие көсемге айналған Ленин, әлде 
қанқұмар диктатор Сталин бе? Өзімбілемі көп шала сауат-
ты Хрущев пе, өне бойы орденге толған әлжуаз Брежнев, әлде 
көкетантық Горбачев пе? Сол гәпті зерттеуге, иә айқара ашуға 
қабілетім сірә да жетпейді. Мені таңғалдырған жайт – қазақ 
даласынан да жүздеген, мыңдаған әбішев, аралбаевтардың «ком-
мунизм елесіне» имандай сеніп, сол жолда екі жастың біріне 
жетпей мерт болғаны. Иә, бұл да кешегі аласапыран уақыттың 
ащы шындығы. Апыр-ай, сол жайсаңдарды да оңбай қателесті, 
партия ұранына шексіз сеніп әбден адасты дейміз бе? Ең ғажабы, 
олар бірлі-жарым емес, жүз мыңдаған жанкештілер! Жә, сонда 
қаһарлы күрес пен қантөгіске толы, күллі Қазақ елі де жаппай 
басынан кешкен шерлі тарихымызды ұмытып, жадымыздан 
қалай сызамыз?
Жоқ, осы кітаптағы деректі хикаяттардың шығармалар 
жинағыма өзгеріссіз енуі де сондықтан, қадірменді оқырман. 
Өкініші мол болғанымен кешегі аласапыран оқиғалы күндердің 
шынайы келбетін әсірелеусіз айшықтап, өнегелі тарих ретінде 
қайыра жаңғыртуды қажет деп білуден. Сенсеңіз, сол тарих-
ты мен өзім де кешіп, сексен жастың өрінде рухани жаңарған 
қаламгермін... 
Семей.
 2014 жыл, 8 шілде

136
Медеу СӘРСЕКЕ
АҒАЙЫНДЫ ҮШЕУГЕ – БІР ЖАЗА
(Тарихи эссе)
  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 
өткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосына арналған ғылыми 
конференцияның мінберінен белгілі абайтанушы ғалым Қайым 
Мұхамедханов: «Бұл жырдың орысша басылымының алғашқы 
нұсқасын мен 1934 жылы семейлік дәрігер Асылбек Сейітовтің 
үйінен көрген едім», – дегенде, залдағы жұрт «Мына кісі ел 
жадынан ұмыт болған тағы бір ескі зиялының есімін жаңғыр-
тып тұр...» деген сүйсініспен дүркірей қол соқты. Алайда кек-
се профессор конференцияның тақырыбынан ауытқыған жоқ. 
Шындығында семейлік тыңдармандарға Сейітовтің есімі бұ-
рын да, сол жылы да жұмбақ жан емес-ті. Бір топ семейлік 
зиялылардың және менің жазбаша түрде сан мәрте сұрауымыз 
бойынша Семей мәслихаты 1999 жылғы 28 қыркүйекте қала-
ның Затон аталатын бөлігіндегі Заводская көшесін Асылбек 
Сейітовтің есімімен атаған-ды.
Ал мен бұл кісі туралы алғашқы ақпарға Қ.И. Сәтбаев жа-
йында жер-жерден дерек іздеген кезімде жолыққам-ды. Соның 
алғашқысы – Том технология институтының профессоры 
М.А. Усовтың 1921 жылғы мамыр-қараша айларындағы күн-
делік дәптері. Өкпесіндегі ауыр кінәратты қазақтың дәру 
қымызымен емдемек болып әрі Сібір қалаларын дендеген аш-
тықтан жылыстап, Семей губерниясына отбасымен келген са-
парында Михаил Антонович Қаныш Имантайұлының немере 
ағасы Ә.З. Сәтбаевтың шақыруымен Баянауылға барып, үш 
жарым ай бойы Сәтбай қажының екі ауылында қонақ болған. 
18 тамызда дәптеріне түсірген жазуда геология профессоры: 
«Күн бұлыңғыр. Сәтбай ауылына Садвакас Чорманов пен оның 

137
ШЫҒАРМАЛАРЫ
күйеу баласы, Том университетін тәмамдаған дәрігер Сейітов 
келіп, қонақ болып қайтты...» – деген лебізін мен 1981 жылы 
оқыған едім (Асылбек Сейітовтің есімін М.А. Усов күнделік жаз-
баларында қыркүйектің орта шенінде тағы да қайталайды, 
Қарқаралы станицасында Семейге апаратын көлік тосып 
жатқан күндерінде қызы Ираның денсаулығын тексерткенін 
баяндап: «Білікті дәрігердің «қауіпті ештеңе жоқ, жолға 
шығуыңызға болады» дегені күдікті көңілін сергіткеніне сүйсініс 
білдірген).
Осы сықылды әр түрлі жағдайда кез болған там-тұм куә-
ліктерден Асылбек Жұманұлы Сейітовтің XX ғасырдың ал-
ғаш 
қы ширегінде қазақ  ортасынан шыққан, жоғары білімді 
санаулы білімпаздардың бірі болғанын білгем-ді. Содан кейін-
ақ дәрігер қазақтың өмір жолы мен туып-өскен ортасы ту-
ралы мағлұматтар жинап, деректі хикаятқа негіз боларлық 
айғақтар иелендім. Амал қанша, сол жылдарда Асылбек Жұ-
манұлының шерлі тағдырын жаза алмадым. «Сәтбаев» ғұмыр-
намасының 1989 жылдарға дейінгі басылымына есімін жана-
малап енгізуге мүмкіндік болмады. Тек қана ғасыр аяғында, Қ. Сәт-
баевтың 100 жылдық мерекесі тойланғанда жарық көрген 
ғұмырнама кітаптарымда, Павлодар облыстық әкімиятының 
қаржысымен Чехия баспасынан шыққан «Қаныш елі» (орыс-
ша нұсқасында «Родина Сатпаева») альбом-кітабымда ғана 
баянауылдық дәрігердің өмір жолын тұңғыш рет толығырақ 
ашып, суретін де жарияладым.
Десем де, өз ортасынан қара үзіп шыққан білікті маман-
ның Баянауыл емханасында 1918-1922 жылдары дәрігерлік 
міндетін тыңғылықты атқарып, 1922-1937 жылдарда Ертіс 
атырабындағы денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруда 
жанкештілікпен жұмыс істеп, қайраткерлік көрсеткен ұлт-
жанды азаматтың қамшы сабындай қысқа өмірінің қалтарыс-
бұлтарыстарын түгел ашып көрсете алмағаным өзіме аян. 
Соған да басты себеп, сірә, Сейітовтермен аралас-құралас бол-
ған замандастарының сиректігі және көпшілігінің өмірден ерте 
озуы – сол уақыттың ащы шындығы. 
Міне, енді үш ағайындының өмір жолына қайыра оралып 
отырмын... 

138
Медеу СӘРСЕКЕ
I
«Асылбектің атасы Сейіт бұрынғы Баянауыл болысының 
ауқатты адамы Бекжан байдың жалшысы болып, көптеген 
жылдар түйелерін баққан, – депті Баянауыл станицасындағы 
ауруханада фельдшер болып еңбек еткен Шайбай Айманов 
семейлік өлкетанушы, дәрігер Л.М. Власовқа 1964 жылдың 
7 мамырында Қырымнан жолдаған хатында (Н.С. Хрущев 
жариялаған «Саяси жылымық» кезінде Сібірден оралған Шай-
бай ақсақал денсаулық күйтіне байланысты соңғы тұра ғын 
Қара теңіз жағасынан таңдаған – М.С.). – ...Орыс миссио­
нерлері о күндерде қазақ даласының қиыр түкпірлерін ара­
лап жүріп, ата­анасы жоқ панасыз жетімдерді жинап немесе 
күнкөрісі төмен кедей­кепшіктің балаларын сатып алатын. Сол 
бүлдіршіндер діни пансионаттарға тап болады, тілін сынды­
рып, орыс тағамдарын жеуге дағдыланып, оқу оқып, ақырында 
шіркеуде шоқындырылады. Бұдан әрі ол байғұстар Иван, Але­
ша, Костя атанады... Сейіт байғұс та күні­түні мал соңында 
салпақтаған ауыр жұмыс пен сіңірі шыққан кедейшілік 
тұрмыстан еңсесін көтере алмай титықтап жүріп, Жұман есімді 
перзентін орыс миссионерлеріне сатқан. Павлодар қаласындағы 
приходской мектепті тәмамдаған қазақ балалары әдетте әр түрлі 
өнерге үйреніп, көбіне жер өңдейтін кәсіпке бейімделеді. Содан 
кейін ғана олар Ертістің оң жағалауындағы Жәміш (орыстар 
Ямышевка, қазақтар Тұзқала атандырған – М.С.) елді мекеніне 
ауыстырылады. Сонда тұрып үйленеді, жеке шаруашық түзейді. 
XIX ғасырдың аяғында осы қалашықта 2 мыңдай тұрғын болған, 
солардың 90 пайызы – байырғы қазақтар, бәрі де бірақ правосла­
вие дінін қабылдаған (менің әкем Аббас Айманов та бала күнінде 
Тұзқалада тәрбиеленіп, Омбы шәріндегі фельдшерлер мектебін 
тәмамдаған соң Баянаулаға қайтып оралып, қайтадан мұсылман 
болған)...»
Уезд орталығындағы пансионатқа тап болған Жұман бала­
қан ә дегеннен оқуға зеректігін аңғартқан. Жазуы да ерекше 
әдемі. Әрбір әріпті каллиграфикалық өрнекпен қағаз бетіне әде­
мілеп түсіруге жаттыққан. Одан соң Омбы шәріндегі шіркеу 
училищесіне қабылданады. Жасөспірім мұнда да үздік оқып, 
бірінші шәкірт атанады. Табиғи зеректігіне бойындағы ыждағат­

139
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жігері сеп болған бозбала жігіт училищені үздік тәмамдаған 
жылы Омбыда ашылған тілмаштар дайындайтын мектепке 
жол дама алады. Оны да үздік бағалармен бітіргенде губернатор 
кең сесіне қызметке шақырылады. Яғни, жазмыштың жазуы­
на не шара, қазақтың қарадомалақ баласынан діни қызметкер 
даярламақ болған қаскүнем әрекет жайына қалып, орысшаны 
да ана тілі қазақшамен бірдей меңгерген жігіт қазақ даласын от­
арлау саясатын жеделдетіп жүргізуші бас кеңсенің ділгір ғана 
емес, ерекше білгір әрі ең қажет шенеунігіне айналады. Генерал­
губернатор кеңсесіне дала түкпірінен келетін бай­шонжарлар, 
солардың арыз­тілегін тыңдаушы билік иесі де екі тілге бірдей 
жүйрік тілмашсыз өздерін тілі жоқ мылқау, иә таскерең саңырау 
сезінетіні айқын. Ең ғажабы, ақыл­ойы зерек, өз пайдасын да 
білетін шенеунік­аудармашы заман тауқыметі туғызған қандай 
да күрделі істің орайын келтіре жеткізсе – арызданушы бай­
шыкеш еліне мерейі үстем болып, олжалы оралуы сөзсіз. Ал 
егер тіл маш оның арызына немқұрайды қарап, теріс пиғыл 
көрсет  се – арыз иесі қиын жағдайға ұрынуы кәдік. Тоқетерін 
айтқанда, Жұман Сейітов күрделі қандай істі болсын оңды 
шешудің қыры мен қыбын меңгеріп, генерал­губернатордың да 
көңілінен шығып, дала шонжарларының да «Жұман інім, мені 
ағаңдай сыйла, мен де сені туған інімдей, тіпті одан да артық 
көремін. Жақсылығыңды сірә да ұмытпаймын...» деген сипатты 
тілекпен келетін ең сүйікті әрі өте­мөте керек адамына айналады. 
Сөйтіп жүріп, бір кезде орыс миссионері болмашы тиын­себенге 
сатып алған балақан небәрі он жылда еуропаша сәнді киініп, шаш 
қойған, галстук тағынып бой түзеген, сырбаз қылықты бойшаң 
жігіт болып есеюмен қоса ұлттық намысы мен ділі де мығым, 
сегіз қырлы, бір сырлы азамат атанады.
Ол туралы сирек естелік­деректерге қарағанда, Жұман Сейіт­
ұлы генерал­губернатор кеңсесіне аудармашы­тілмаш міндетін 
атқаруға 1890 жылдары шақырылған. Демек, сол кезден­ақ бақ­
беделі биікке көтеріліп, Омбы әкімшілігіне қашаннан жақын­
жуық жүретін қазақ қауымы үшін ол аса пайдалы кісіге айна­
лып, Уәлиханов, Шорманов, Әйтпенов сияқты шонжарлар мен 
қалталы көпестер ұрпағымен жанасып, кейбірімен туыстық, 
жерлестік қарым­қатынасқа көшеді. Айғақпен сөйлесек, жаңа 
қызметке шыққан кезінде­ақ Жұман Сейітов Омбының ауқатты 

140
Медеу СӘРСЕКЕ
қазағы Әйтпен тұқымының көрікті қызы, өзінен едәуір кіші 
Хадиша Керімбайқызына үйленеді. Жұман одан Сұлтанбек, 
Мұсылманбек, Асылбек, Омарбек, Мұратбек есімді бес ұл мен 
екі қыз бала сүйген. Біреуінің есімі – Жамал. Кенжесі Мұратбек 
жарық дүниеге келген 1901 жылы Жұман Сейітұлы науқастан 
қайтыс болады. Хадиша жеті баламен жесір қалады.
Шайбай Айманов марқұмның соншама ыждағатпен Жұман 
жерлесінің өмір жолын семейлік өлкетанушы Л.М. Власовқа 
тәптіштей баяндауы себепсіз емес (екеуі де Баянауыл болысының 
тумалары). Шайбай ақсақалдың әкесі Аббас – Баянауыл дуа­
нының алғашқы аға сұлтаны Шоң би Едігеұлының немересі, 
Айман бидің перзенті (шежіре деректерінде Айман ауылының 
бір жұтта бар малынан айырылып, тақыр кедей болып қалғаны 
жазылған). Шамалауымызша, Асылбек Сейітовпен 1918­1922 
жылдарда Баянауыл ауруханасында бірге істеген азамат білікті 
дәрігердің туған халқын жұқпалы дерттерден сауықтыру 
жолындағы жанкешті еңбегін ел тарихына қайтаруға ерекше 
ынталанған. Сондықтан да ол Қырымнан жолдаған ұзақ хатын 
Жұман Сейітовтің балалық шағын егжей­тегжей баяндаудан бас­
тап, Омбы шәріндегі қызметін де тәптіштеп сөз еткен. Зейнеткер 
зиялы одан әрі Асылбек дәрігердің емшілік қызметін де барынша 
әскездеп сипаттаған (бұл оқиғаларды біз ілгеріде сөз етеміз).
Осы ретте Шайбай Аймановты 1964 жылы, яки арада 46 жыл 
өткен соң қиырдағы Қырымнан іздеп тауып, мәні ерекше де­
ректерді қолына түсірген Л.М. Власов туралы да бірер сөз айтуға 
тура келеді. 
 Лев Михайлович Власов – Ұлы Отан соғысы аяқталған кезде КСРО 
Денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасымен Семейге тап болған 
дәрігер. Өзі ғана емес, әйелі де білікті маман. Лев Власовпен мен 
Қазақстан Жазушылар одағының бөлімшесіне жауапты секретарь бо­
лып тағайындалып, Семейге екінші мәрте оралғанымда, 1965 жылы 
таныстым. Лев Власов та өзім сияқты әуесқой әдебиетші еді, көбіне 
өлең жазатын­ды. Дәрігерлік міндетін ыждағатпен атқарумен қоса 
ол өлкетанушылық ізденіспен де белсене шұғылданды. Азаматтық 
міндетін күнбе­күнгі жұмыспен шектемей, тәуліктің әрбір сағатын 
әр алуан еңбекке арнап, содан да рақат сезімге бөленетін тынымсыз 
адамдар болады өмірде. Лев Михайлович нақ сондай адам еді: соғыс 
жылдарында ол Украинада әрекет еткен партизан отрядында қолбала 

141
ШЫҒАРМАЛАРЫ
болған, сол кездегі майдангер достарын іздеп, хат жазысып, кешегі 
алапат соғыс хроникасын қайыра екшеуге құлшынды; Ертіс өңіріндегі 
денсаулық сақтау ісінің алуан оқиғаға, неше түрлі тағдырға бай тари­
хын да ерінбей қазып, зейнетке шыққан дәрігерлерден естелік жинап, 
сол жазбаларын да мерзімді баспасөз бетінде жариялауға құштар болды 
(Л. Власовтың осы салада ашқан жаңалықтары, жиған­терген жазбала­
ры, ескі дәрігерлер естеліктерінің бірқаншасы қазірде Алматыдағы ме­
дицина мұражайында сақтаулы). Жоғарыда біз үзігін келтірген естелік 
те – тынымсыз қарекет иесі Лев Михайловичтің ұзақ сонар ізденісімен, 
екі мәрте қиыла сұрауымен жазылған (бұл турасында Шайбай ақсақал 
естелік хатының басында ескерткен). Зер салып қарасаңыз, 1918­1920 
жылдарда Баянауылда болған тарихи оқиғалар турасында біз көзі 
көрген, өзі де қатысқан фельдшер маманның аса мәнді естелігіне ие бо­
лып отырмыз. 
Алайда Ш. Айманов естелігін Л. Власов Ертіс өңіріндегі 
дәрігерлік қызметтің ұйымдасуы туралы өзі әзірлеген көлемді 
жұмысына пайдалана алмады. Өйткені сол кездегі қатаң цен­
зура, одан да гөрі қытымыр кеңестік билік бұл деректердің жа­
рия болуын қаламады. Себебі түсінікті: Асылбек Сейітовтің өмір 
жолы – бір ғана дәрігерлік қызметпен шектелмей, ол да кезінде 
өз замандастары белсене қатысқан ұлттық қозғалыстың жуан ор­
тасында болған...
1968 жылы Л.М. Власовтың өзі де, жоғары категориялы 
дәрігер атағына ие әйелі де жабық конкурс бойынша жеңімпаз 
болып, Мәскеу іргесіндегі Зеленоград қаласындағы арнайы ем­
ханадан шақыру алды (бұл қалашықта құпия режімде жұмыс 
істейтін электроншы мамандар тұратын­ды). Семейден аттанар­
да Асылбек Сейітов туралы жиған­терген барлық материалдарын 
Лев Михайлович маған тастап кетті. Әділін айтқанда, мен соны 
«Керек тастың ауырлығы жоқ» деген далбаса оймен қабылдадым.
Алайда, тәубе деймін, дарқан өмір бұл ойымның жаңсақ еке­
ніне иландырды.
Жә, эссе кейіпкерінің өмір жолына оралайық...
Шайбай Айманов естелік­хатында Жұман Сейітұлының 
жасаң жесірінің өзін ерекше сүйсіндірген іс­әрекетін де бүкпесіз 
баяндаған: «Хадиша ханымның сирек те сұңғыла ақылына 
қажыр­қайраты демеуші болып, жасөспірім төрт ұлын ол орыс 
мектебінде оқытып, қысқасы, олардың өз қатарынан кейіндеп 

142
Медеу СӘРСЕКЕ
қалмай, тыңғылықты білім алуына қажет жағдайдың бәрін де 
жасады. Сол үшін ерекше қажыр­қайрат жұмсады...» – дейді. 
Айтуынша, бақ­беделі шарықтап тұрғанда Омбы губернаторы 
Жұман Сейітовке қаланың орталық тұсынан даңғарадай кең 
үй сыйлаған. Күйеуі опат болған соң Хадиша Керімбайқызы 
Әйтпенова осы үйдің қосымша салынған қоржын бөлегіне (фли­
гель аталған) балаларымен өзі тұрып, алты бөлмелі кең үйді 
меншік пансионатқа айналдырып, соған қыр қазақтарының 
ұрпақтарын тұрғызған, өзі солардың тамағын істеп, кір­қоңын 
жуған; содан түскен қаржыны балалаларын оқытуға жұмсаған. 
Төрт ұлын оқытуға қаржысы кемшін болғанда 13 жастағы 
бәденді қызы Жамалды (екінші қызы жастай шетінеген тә-
різді, естелікте ол туралы ештеңе айтылмайды – М.С.) та­
тардың бай саудагерінің еркетотай баласына ұзатып, сол үшін 
де үстемелеп қалыңмал алған; нәтижесінде үлкені Сұлтанбек 
топограф болып, Мұсылманбегі – мұғалім, Асылбек пен Мұрат­
бек – дәрігер мамандықтарын игерген. Омарбегі ғана жас күнінен 
аурушаң болып, құрт ауруынан ерте шетінеген.
Асылбек Жұманұлы 1894 жылдың 22 қаңтарында Омбы 
қа ласында дүниеге келген. Осы қаладағы үш басқышты при­
ход мектебінде орысша оқып тілін сындырған соң күллі Ба­
тыс Сібір атырабында мәртебелі оқу орны саналатын Омбының 
классикалық гимназиясына емтихан ұстайды. Талабы сәтті бо­
лып, 1905 жылы мәртебелі гимназияға қабылданады. «Әкемнің 
биік рухына ерекше адал орыс достарының шарапаты арқасында 
облыстық земство берген 225 сомды гимназияға төлеп, оны 1913 
жылы үздік тәмамдадым, – депті Асылбек Сейітов 1924 жылғы 
27 желтоқсанда өз қолымен жазған өмірбаяндық құжатында. – 
Сол жылы Том университетінің дәрігерлік факультетіне түстім. 
Онда төрт жыл оқыдым. Студенттік өмірімнің соңғы екі жы­
лында губерниялық земствоның қаржысын пайдаланғандықтан 
дәрігерлік қызметті тек қана Ақмола уезінде атқаруға міндетті 
болдым. Алғашқыда Алексеевка селосындағы учаскелік ауру­
ханада істедім, одан кейін губерниялық үкімет мені облыстық 
санитар­дәрігердің көмекшісі етіп тағайындады. Сол қарсаңда 
Ақмола облыстық қазақ комитетінің мүшесі ретінде әлеуметтік 
жұмысқа да араластым...»

143
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Асылбек Жұманұлының «әлеуметтік жұмысқа араластым» 
деген қысқа ақпарын қосымша түсіндіруге мәжбүрміз: өмірбаян 
иесі айы мен жылын нақты атамай, атөтті сөз еткен уақыт – 1917 
жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі, кешегі ұлан­байтақ Ресей им­
периясын Уақытша үкімет басқарған, орыс қана емес, бұратана 
атанған қарамы азаң халықтарға да бостандық жарияланған 
дүрбелең кезең... 
 
«Сейітов Асылбекпен мен шәкірт кезімде, Том шәрінде та-
ныстым, екеуміз бір-бірімізге ерекше үйір болдық, – деп сыр 
шертіпті Әлімхан Әбеуұлы Ермеков семейлік өлкетанушы 
Л.М. Власовқа жолдаған хатында (қолмен жазылған хаттың 
көлемі – 6 бет). – Асылбек – жаратылысынан қарапайым жігіт 
еді, оның жан дүниесі кіршіксіз таза, мінезі тек тіктеу, өз 
ойын кімге болсын тура айтатын бірбеткей болатын. Туған 
халқына жан-тәнімен қызмет етуге берілгені сонша – сол жолға 
қуат-күшін сарқа сарп етті. Шынында да көшпелі тұрмыс 
кешіп, сайын далада, ауыр жағдайда өмір сүрген халқына ол 
дәрігер ретінде қол ұшын беріп, әсіресе жасөспірім балаларды 
көктей жусататын жұқпалы індеттер мен әр түрлі дерттер-
ден құтқаруды өзіне басты парыз санады және сол қияметке 
ол шәкірт атанған жылдарда әзірленді. Төңкерістің алғашқы 
жылдарында Асылбек Жұманұлы ұлттық қозғалысқа қатысып, 
бірден-ақ құлашын кең жайған біздің саяси күресімізге хал-
қадерінше қолғабыс етті... Бұл істе ол кейбіреулер құсап биік 
мансап көксеген жоқ, дала халқына қалайда пайдасын тигізіп, 
адал қызмет ету ниетімен беріле жұмыс істеді. Ол мейлінше 
еңбекқор болатын, өзіне даңқ пен құрмет тілеген жоқ, бұқара 
халыққа қызмет етушіге мұндай оңғақ мадақтар керек емес деп 
санады. Асылбектің жарқын бейнесі менің жадымда осындай ізгі 
қасиеттерімен сақталған, оны өзгеше тұрғыдан білмеймін...»
Бұл сөздерді Алаш қозғалысының көш басында болған, сол 
жолда 17 жыл айдау көріп, неше түрлі азап тартып, 1955 жылы 
ғана бостандыққа шыққан, ұлттық қозғалыстың ардагері, мате­
матика профессоры Ә.Ә. Ермеков жазып отыр. Сол ойын оның 
XX ғасырдың аяғында емес, 1964 жылы білдіргеніне мән бере 
қараңыз, құрметті оқырман! Иә, соны Н.С. Хрущев жариялаған 

144
Медеу СӘРСЕКЕ
«саяси жылымықтың» әсері десек те, коммунистік идеология­
ның ықпалы мен ызбары титтей де мызғымаған, «Коммунизм 
қоға мы – адамзаттың асыл арманы, сол дәуірге қазіргі кеңес 
адамы сөзсіз жетеді!..» деген насихат мейілінше дәуірлеп 
тұрған даңғаза мезгіл. Біздіңше, саяси көзқарасының «теріс­
қағыстығы» үшін, оған қоса өзі қызу қостаған ұлттық бостандық 
идеясын өміршең ету жолында жәбір­жапа шеккен қайраткер 
зиялы, байқайсыз ба, қанша жыл өтсе де, жас кезінде құшағы 
айқасқан студент досының нақақтан жазаланғанын біле тұра, 
оның өмір жолына көлеңке түсірер қиянат сөзге баспай, Асылбек 
замандасының биік рухына адалдығын көрсетіп отыр. Мұны да 
біз Әлімхан Әбеуұлының азаматтық ұстанымының биіктігі мен 
тазалығына саямыз!.. 
II
 Сейітов Асылбек пен оның туған ағасы Мұсылманбек және 
тетелес інісі Мұратбектің өткен ғасыр басындағы әлеуметтік 
күреске белсене қатысып, ұлт жанашырларының алдыңғы 
легін де болғаны – бертінде жарияланған сирек құжаттарда там­
тұм сақталған тарихи шындық. Олардың мазмұны, астарлы 
жайттарға толы пайымдауы да әр түрлі. Сол деректерге біз дүр­
белең уақыттың жалпы сүреңін беретін жазбалар ретінде қарап, 
бәрі­бәрін сыпыра келтірмей, эссе кейіпкерлеріне байланысты 
оқиғаларды ғана пайдаланғанымызды ескертеміз...
Солардың бірегейі және ең қарамдысы – есімі мен еңбегі қа зақтың 
білімпаз қауымына жақсы мәлім жазушы һәм төң керісшіл күрескер 
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабы (Мемуарлық 
шығарманың ҚМКӘ баспасынан шыққан 1960 жылғы 3­басылы­
мын әжетімізге жараттық). Кітаптың алғашқы тараулары больше­
виктер партиясының саяси органы «Қызыл Қазақстан» журналында 
1922 жылғы сандарында жа рияланған, Қызылорда қаласында жеке 
кітап болып 1927 жылы, одан кейінгі басылымы 1936 жылы Алма­
тыдан жарық көрген. Өкінішті гәп: 1937 жылғы «Қызыл қырғында» 
кітап авторының өзі де жазалаушы органның құрығына ілініп, басы 
жойылғаны жұртшылыққа мәлім. Ақыр аяғында ақиқат жеңді. 
Көрнекті жазушы, дүлдүл ақынның тәркіге түскен еңбектері халыққа 
қайтарылды. Қайраткер жазушының нақ осы туындысы 1960 жылдан 

145
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бастап ондаған мың таралыммен бірнеше мәрте жарияланды. Демек, 
кітап иесінің тікелей қатысуымен, өзінше пайымдауымен тәптіштей 
баяндалған ірілі­ұсақты оқиғаларды әлеумет пен уақыт сынынан өткен, 
өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ қауымы шүбәсіз 
қабылдаған өмір шындығы деуге болады. Десек те, осы кітаптың кейбір 
үзіктерін оқып кө релік...
«Революцияның алдыңғы жылы» тарауы, 11­бет: «Ақмола 
уезінің барлық қазақ елін оңүстікке және солтүстікке бөліп, 
екі жағына екі санақ комиссиясы шықты. Оңтүстікке шыққан 
комиссиясының бастығы – Том университетін сол жылы бітірген 
Асылбек Сейітұлы. Солтүстікке баратын санақ комиссиясының 
бастығы мен болдым...» – деп, кітап авторы өз еңбегінің алғашқы 
тарауында әлеуметтік шараға өзімен бірге бір мезгілде жегілген, 
өзімен түйдей құрдас дәрігер замандасының 1916 жылғы жаз 
айындағы іс­қарекетін тәптіштей баяндайды.
Жоғары дәрежелі білім беретін институттары болмағаны ­
мен, Омбы шәрі – сол кезде үлкен облыстың әкімшілік ор­
талығы, соған орай бірнеше кәсіптік, техникалық, ауылшаруа­
шылық және өзгедей мамандықтарға үйрететін училищелерге 
ие. Сондықтан да Ертіс жағасындағы білімдар қалаға ұлан­
ғайыр қазақ даласының терістігі мен орталық тұсында, ұлы 
өзеннің жоғарғы саласына орналасқан Павлодар мен Семейден, 
Сарыарқа жонындағы Нұра мен Есіл атырабынан, Қарқара­
лы, Баянаула тауларынан, Көкшетау, Ақмола және Қызылжар 
өңірінен пойызбен, ол жоқ жерде ат арытып, түйе қомымен 
ілдебайлап жеткен қазақ жастары ғасыр басында, әсіресе соның 
тыныштық жайлаған 1910 жылдарында топ­тобымен келген. 
Омбы шәріне ынтық болатын себебі де түсінікті: орыс тілінде 
білім алу, өздері үшін үлгі­өнегесі озық саналған орыс жұртының 
мәдениеті һәм ілімін меңгеру. Әлбетте, қазақ жастары қаншама 
алыс қияндардан Омбыға ондап, жүздеп тоғысқан соң олардың 
ішінен ойы озық, ұлттық сезімі күшті, санасы да ұшқыр боз­
бала жігіттер дараланып шыққан. Мән бере қарасаңыз, бұл 
да 1904­1905 жылдарда империяның іргесін дүр сілкінтіп, 
демократиялық мемлекет болуға бет бұрғызатын жаңа заңдар 
қабылдауға мәжбүр еткен бүкілресейлік төңкерістің игі салда­
ры. Екінші жайт: Орынбор қаласында тұратын ағартушы, игі 
жақсымыз Ахмет Байтұрсынов бастап, Міржақып Дулатов және 
10­246

146
Медеу СӘРСЕКЕ
басқа азаматтардың қызу қостауымен 1912 жылдан «Қазақ» 
газеті жүйелі түрде шығарылып, ең ғажабы, осы басылым ә деген­
нен ұлттық бостандық идеясын көтеріп, тіл мен дін, оған қоса діл 
бірлігін ту етіп, рухани жаңару қажеттігін үгіттеп, әлі де бұйығы 
қалыптағы қазақ қауымын ғасырлық ұйқыдан оятуға тырыс қан. 
Құнарлы топыраққа түскен дән сияқты сол іс те келешек өміріне, 
атұстар ұрпағының алдағы тірлігіне оймен қарайтын естияр 
қазақ баласына ой салып, дала төскейінен де қостаушылар тап­
қан. Омбыда оқитын көкөрім жастар да бұл ойды «ұшқыннан 
лаулаған жалын» санап, қуана қабылдап, «Бірлік» атты ұлттық 
қауымдастық құрған.
«Тар жол, тайғақ кешудің» авторы «Ақмола түрмесінде» тара­
уында: «Ережеп Итбайұлы – бұрынғы окружной сот переводчигі, 
Ысмағұл  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал