Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет6/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

АЙШЫҚТЫ МЕЗЕТТЕ
(Деректі баллада)
 – Армысың, Төлеубек Аралбайұлы, мен саған келіп тұр мын. 
Армысың, есімің ел аузында сақталған асыл азамат! Қабі  ріңе 
келіп тағзым еткен ұрпағыңның сәлемін қабылда. Естимісің, 
мен саған келіп тұрмын?!.
Төрт құлақты жатаған зираттың алдында тұрмын. Дала дел­
сал. Өлі тымық. Үп еткен жел жоқ. Күні­түні тынбай соғып, енді 
ғана тыным алған өлара сәт. Айнала жым­жырт. Жақпар таста­
ры қарауылға шыққан құлжадай одырайып ту желкемде биік тау 
тұр. Тау түбінен, жақпар тас іргесінен жарып шыққан бұлақтың 
да әншейінгі сыбдыры естілмейді. Етегін жусан көмкерген ескі 
мола да үнсіз. «Не дейсің маған, не десең де тыңдауға әзірмін» 
деп күтіп жатқандай.
Болмаған істі болды деп, соның бәрін, Төлеубек, саған бай­
лап, есіміңді ғажайып ерліктермен өрнектеп немесе қисынсыз 
аңыздармен көркемдеп, мейлінше әсірелеп жазу ниетім де жоқ. 
Сенің қысқа өміріңнің бір ғана күні туралы, ең соңғы, ақтық сәті 
жайлы сөз етпекпін. Шынымды айтайын, сен туралы білетінімнің 
өзі де – осы ғана, бір тәуліктің оқиғасы! Аққан жұлдыздай жарқ 
етіп, қас қағымда қайта сөнген сәт.
Шынтуайтын айтқанда, сен туралы сұрау салып, Төлеубек, 
біраз жерді шарладым. Семейдегі мұрағаттардан ізіңді шалдым. 
Тапқаным – шамалы дерек. «Пәленше жылы туған, шыққан 
тегі – кедей, саяси сауатты, өз міндетіне адал қарайды, Кеңес 
өкіметінің беделін көтеруге ынталы...» деген сипатты жадағай 
мінездемеден шынайы тұлғаңды көре алмағанымды несіне жа­
сырайын. Суретіңді де таба алмадым. Сөйтсе де біраз сырыңа 
қанып, соған да тәубе дедім.

115
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Маған сен туралы бірнеше адам әңгіме шертті. Солардың 
бәріне мен бір ғана сұрақ қойдым. Рас, солардың бәрі де сол күні 
қасыңда болмаған. Сен көрген сұмдықты олар көрмеген. Бірақ 
бәрі де өзіңмен аралас­құралас болған замандастарың. Жаңа 
өмір үшін күрес жолында бір ниет, бір үмітпен тізе қосып қатар 
жүрген әріптестерің – Абыралы ауданын құрушылар...
* * *
Есіңде ме, Төлеубек, 1931 жылдың ақпан айының соңғы күн­
дері. Дәлірек атайын, 25­і күнгі ертеңгілік мезет. Аудандық 
партия комитетінің хатшысы Қаражан Тойбеков өзіңді каби­
нетіне шақырыпты. Қыс қаһарына мініп, қар астындағы дала­
ның өлі денедей аппақ болып, туһ деген түкірігің жерге түспей, 
Абыралының іші­сырты түгел аяз құшағында шаңытып тұр­
ған аязды күнді есіңе алшы. Есіңе ал да, хатшымен болған 
сұхбаттың мәніне ой жүгірт. Жаңа­жаңа қаз тұрып келе жатқан 
колхоздардағы жұртты еңбекке жұмылдыру жайында ма еді? 
Әлде сондағы қарабайыр жандардың көзін ашып, тезірек са­
уаттандыру туралы сөз болды ма?.. Хатшының кабинетінен сен 
қандай тапсырма алдың? Оның да жай­жапсары маған беймәлім. 
Менің анық білетінім – сол күні өз үйіңе қонбауың.
Сот кеңсесінен асыға шығып, дереу атқораға келіп, Есім­
жанқараға ер салдың. Атқора қашықта емес­ті, үйіңнің іргесінде 
болатын. Ой, дүние­ай, өзің су тасып, от жаққан ең алғашқы 
ошақтан ыстық, содан жақын қандай орын бар?! Қандай болса 
да соның жұпыны сиқын елемей, жер бетінде биік сарайлар мен 
сәулетті үйлер барын ұмытып, өзіңмен­өзің болып, бір­біріңнің 
бетіне мейірлене қарап, жайраң қағып отырғанға не жетсін! 
Гүлжан
*
 да мәз, сен де мәз. Мәз болмасқа шараң тіпті жоқ. Қо­
сылғандарыңа алты­ақ ай болған. Ләззат айының ұмытылмас бал 
шырыны еріндеріңнен әлі кеппеген, жас өмірдің ыстық қызығы 
суымаған шақ. Гүлжан да жас қызметкер, аудандық аурухана­
*
 Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғыны Қапияш Аралбаеваның бізге 
жолдаған естелігінде Төлеубектің зайыбының есімі Күлзира делінген. Бірақ біз 
сол кісіні көрген адамдардың куәлігіне сүйеніп, Гүлжан есімімен атауды қаладық. 
Шындығында Қапияш Аралбаева жеңгесін көрмеген, естуі бойынша және көп жылдан 
соң жазып отыр.

116
Медеу СӘРСЕКЕ
да медбике. Оның да жұмысы көп, үйден гөрі дәрігердің кішкене 
кабинетінде көбірек болады. Өйтпеске амалы жоқ. Аурухана да 
ауданмен бірге жақында ғана ашылған. Кісі жетпейді. Аурулар 
болса­болмаса да аз емес. Уақыт талабы солай.
 «Уақыт солай...»
Осы тақылеттес сөзді сол күндері жиі­жиі айтыпсыңдар, 
Төлеубек. «Бәріне үлгеріп, бәріне жетсем, бәрінен де қалыс қал­
маймын...» Осы үрдіс пе сені сол күні асықтырған? Апыр­ай де­
сеңші, сол күні әйеліңмен де қоштастырмай, қол созым жерде 
тұрған ауруханаға мойын бұрғызбай, жас отау, жылы босағаңнан 
асығыс аттандырған сені ненің күші, нендей әмірдің құдіреті?
Оның да жөн­жосығын айта алмаймын. Менің білетінім – сү­
ліктей қара жорға атты сипай қамшылап, Қалмақтастың қайқаң 
белінен әрі асқаның. Қара аттың төрт аяғы тағаланған, мұзға 
салсаң да таймайды, жер танабын қуыра, омбы қарды кіріш­
кіріп басып жортып келеді. Тектен­текке ұры аты атанып, 
Есімжандай баукеспе қырқылжыңның астына түсті дейсіз бе?! 
Былтыр өзің: «Сәйгүлік атың қазынаға түседі, суық жүрістен 
өзің де тыйыл!» – деп билік айтқанда, Есімжан шіркін көз ал­
дына үйіріле қалған таңғы шықтай мөлдір тамшыларды тежей 
алмай ағыл­тегіл егілгені кенет есіңе түсті. Жоқ, тегін емес. Бұл 
жануар – алыс жолдың, ұзақ жортуылдың аты. Үстіңде шолақ 
ақ тон. Аяғыңда – саптама етік, басыңда – түлкі тымақ, маңдайы 
орталанған айдай, қанқызыл реңін ашқан ақ қылшықтары 
жылт­жылт етіп, қарға шашқан күмістей жарқылдап келеді. Оң 
қолыңда – алты өрім, тобылғы сап білеу қамшы, беліңде – алтыа­
тар тапанша, Қызыл отау сотының сол кезде жанынан тастамай­
тын сенімді қаруы.
Төлеубек, мен жуықта сенің сол ізіңмен жүріп қайттым. 
Жүй 
 
рік «Газик» үш сағатқа жетер­жетпес мерзімде мені 
бұрын 
ғы «Оян, кедей» колхозының жұртына алып келді. 
Жұр 
ты дегеніме таңданба. Өзің көрген колхоз орталығы 
бүгінде зым­зия жо ғалған. Сол кездегі тоқал үйлердің бірі де 
қалмапты. Сол жерді қазір «Қайнар» кеңшарының бір бөлім­
шесі қоныс етіп отыр. Бұл өңірге қар өте­мөте қалың түсетінін 
білетін шығарсың? Кеңшар басшылары бүгінде сол гәпті 
мықтап ескерген. Өйткені бұрынғы 6­ауылға қарайтын «Оян, 
кедей», «Көкшетау», «Ұшқын» колхоздары мен «Еңбек» ком­

117
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мунасының жері – сыпыра егіндік. Мол егіннің қайнаған база­
ры осы жерде. Үлкен қырман. Ұзындығы ат шаптырым астық 
қоймасы. Қатар­қатар салынған шатырлы үйлер. Жарық та 
кең мектеп. Ерсілі­қарсылы ағылған машиналар, күні­түні 
гүжілдеген трактор үні. Құдды бір жәрмеңке орнындай, абыр­
сабыр қарбалас та осы жерде. Байқаймысың, мұны мен саған 
зор мақтанышпен айтып отырмын.
Сол күні өзің қонған Сөрелі ауылында да болдым. Есіңде ме 
осы ауылда қыликөз бір адаммен ойда жоқта кез болғаның?..
Сен табалдырықтан ішке аттағанда сол қасқа төрде, дастар­
қан басында шай ішіп отырған­ды. Екеуің бетпе­бет келіп 
қалдыңдар. Ол сені айнытпай таныды, сен де жаңылған жоқ­
сың. Жаңсақ басар жөнің де жоқ­ты. Бір­біріңді жап­жақсы 
білесіңдер. Ол бірақ орнынан қозғалмады. Бәлкім, сескенбегенін 
көрсеткісі келген шығар... Әйтеуір ескі танысыңның төрде та­
стай қатып отырып қалғаны шын. Құрмет­қадірді сұрап алар кісі 
сен бе? Босағада кідірмей төрге өрледің. Қас қағым сәт дағдарып 
қалған үй иесі кенет орнынан атып тұрып:
– Жоғары шығыңыз. Хош келіпсіз!.. – деп қалбалақтаған шы­
рай аңғартты.
– Міне, тағы да кез болдық, – дедің қыли көз танысыңа.
Ал ол үн­түнсіз бедірейген қалпы қырын қарады. Құдды бір 
ін аузында тышқан аңдыған мысық сияқты. Күллі денесі қал­
шылдап, быртиған доғал саусақтарына дейін жыбырлап, жерге 
төселген киіз бетін тырнағанын байқадың. Қитар көзінің қа­
рашығы жоғалып кеткен. Әлдебір бұзық ниетке ынтасы ауғаны 
айқын.
– Өткен жылы сен маған бұл кәсібімнен жерідім дедің. Бүгін 
сен ұры ғана емес, қандықол қарақшы атанып отырсың. Үкімет 
құрығы ұзын, жазасыз құтылам деп жүрсің бе? Сорың қайнайды 
бір күні, Есеке...
Есімжан сойқан тіл қатқан жоқ. Сол көзімен босаға жаққа қа­
рады. Оң көзі – өзіңде, сөдия жігіттің өне бойын тіміскілеп отыр.
– Есікке қарама. Қашпақ болсаң, үлгересің. Мен бүгін жал­
ғызбын, қорықпа, – дедің жақындай түсіп. – Сені ұстауға мили­
ция шыққан. Бір топ адам. Бүгін­ертең осы ауылға да соғады. 
Құтылмайсың, өз еркіңмен берілсең – жазаң жеңілдейді. Мен соған 
кепілмін...

118
Медеу СӘРСЕКЕ
– Не үшін, сөдия Аралбаев жымиып отырып ату жазасына 
бұйырсын деп пе?
– Жазаны қылмысыңа қарай тартасың...
Күш қолданбай, мылтық кезеп қорқытпай, әңгімелесіп оты­
рып, жайдары сөзбен иландырмақ болдың. Сол себепті қыли көз­
бен тең адамша сөйлестің.
Есімжан содыр жаратылысында түсі суық, ірі қимылға 
бейім, айбаты ересен дегенді естіген. Үнемі жалғыз жорта­
тын әккі, қолы да әлуетті, ал қимылы көз ілеспес жылдам деп 
әңгімелейтін­ді жұрт. Әрине, қазір де ол қарусыз емес. Әсіресе 
мергендігінде қапы жоқ және қолмергеннің жампозы болса ке­
рек. Бүгінге дейін ұстатпай, қуғыншыға алдырмай жүргені де 
содан­мыс. «Бұл жолы да аман кететін болды, – деп тілін тістеді 
сөдия жігіт. – Қауіпті сапарға жалғыз аттанғаным бекер бол­
ды, бір­екі милиционер ерткенім жөн еді. Жә, бұл қырқылжың 
қашанға дейін дегенін істейді? Есімжан ұрыдан қорықпайтын 
ауыл жоқ. Әбден еркінсіп алған. Ойда жоқта сап ете түседі де 
білгенін істейді­міс. Жалғыз үйлі қыстау иелері оған сұрағанын 
береді, ізін де жасырып, қуғыншыларды адастырады. Солардың 
бірі – Сөрелі қыстауының иесі. Мен тұтқиылдан кіріп келгенде 
ол неден састы, неге абыржыды?..
 Иә, күш бүгін тең емес. Жалғыз өзің оны ала алмайсың. Әл­
бетте, үй иесі қолғабыс етпесе... Ал оған сенім жоқ. Алда­жалда 
мына содырдың қолына түссең оңдырмайды...» 
Амалы болмаған соң онымен де ұзақ сөзге түсті. Былтырғы­
дай сенім көрсетіп, кешірімнен біржола кеткен бейбақ демей, өз 
еркімен берілуге иліктіргісі келеді. Бұл да адам баласы. Сіңірі 
шыққан кедей. Әлдебір шолақ белсендінің таяғы тиген, әлдебір 
көкірегі соқыр саясатшылдың тізесі батқан, нақақтан жапа шек­
кен. Намысқой неме соны кек тұтып, өзінше майдан ашқан. Өмір 
соқпақтарының бұрылыс­қалтарысы аз ба? Жолдан адасқан 
Есімжандар біздің далада әлі де көп...
Дастарқан жиыла Есімжан аттанып кетті. Әлде сескенді, бәл­
кім, ойға түсті? Саған тиген жоқ. Сенің тақымыңдағы қимас сәй­
гүлігі қарагерге де көз алартпады.
Сол кеште өзіңмен дастарқандас болғандар айтады: «Ертең­
ақ ауданға өзі келіп, қаруын тапсырады», – деп сәуегейлік жа­
сапсың. «Беті қайтты, сөзіме иланды», – деп те қуаныпсың.

119
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бірақ қателестің. Ізгі жүректі, елдің бәрін өзіңдей көретін ақ­
көңіл, ойыңда тырнақтай арамдық жоқ, есіл азамат! Сол қателі­
гің саған қымбатқа түсті, амал не?
Аудан орталығы Қайнарға ізіңше қайтқаның жөн еді. Осы 
ауданды ұлардай шулатқан қарақшымен ойда жоқта ашық кез­
десуің, сол баукеспенің түн ішінде аттанып кетуі басыңа төнген 
қатерді аңғартса керек­ті. Алайда сен ештеңе сезбедің.
Ертеңгіліктегі елең­алаңда, ауылдан ұзаған бетіңде оны айда­
лада тағы да кезіктірдің. Жолыңды әдейі тосқан тәрізді, бұқпа 
бұйраттың қалтарысынан шыға келді де, дауыс жетер жерге 
жақындай түсіп, көлденеңдеп тұра қалды. Шалма тастар таяу 
жерде, бәлкім, одан да жақын. Оң қолы қалтасында, қамшысын 
тақымына басқан. Сол қолымен тізгінін тежеп, үзеңгіге аяғын 
шірене тіреп тосып тұр. Көзқарасы суық: «Кездестің бе оңаша, 
куәгер жоқ қу медиен далада түстің бе қолыма...» деп ызғар ша­
шып тұрғандай. Сен де қарагер аттың басын тежедің. Жалт бер­
ген жоқсың. Бәлкім, сенен ол сондай осалдықты күткен шығар? 
Жалт берсең, шап беруге әзірленген кісінің әлпеті. Бәлкім, 
алтыатар тапаншаңды қойныңнан суырар сәтті тосты? Сенен 
бұрын шүріппені басуға оң қалтасынан қолын алмай тұрғаны 
да, сірә, содан. Алайда сен саспадың. Сөйткенің жөн болды. 
Қан дықол қарақшы тұтыға сөйлеп:
– А­ал, с­сөдия Аралбаев, м­маған қанша жыл жаза кесесің? – 
деді.
– Есеке, кешегі сөзіңді қайталап тұрсың.
– Әгерәки кісі өлтірсем ше?
– Қолыңды қалтаңнан суыр. Екеуімізге қоқан­лоқы жәрдем­
деспейді, Есеке.
...Айдаладағы болмашы тәжіке, Төлеубек, саған оңайға түс­
кен жоқ. Бірақ не істейсің, жол тосқан сен емес. Бір нәрсені 
көзеп келгені анық. Тек неге бөгелді? Ойланған сияқты­ау... Тол­
қығандай өң­жүзі... Толқысын, саған тегінде қарсыласыңның 
ойланғаны оңды. Әжетіңе жарат соны. Сөзбен төпе, тек жалынба! 
Сескенгеніңді сездірме!..
Ақыры жеңдің оны. 6­ауылға дейін бірге баратын болдың­
дар. Сол ауылда ол қаруын тапсырады. Өз еркімен берілгендігі 
туралы сен қолхат жазасың. Сол жерден Есімжанды кісі қосып, 
ауданға аттандырасың.

120
Медеу СӘРСЕКЕ
Осы уәжге «жә» десіп, алға жүрдіңдер. Жау болып кездесіп, 
дос болып аттандыңдар. Жөн­ақ! Жол енді тезірек қысқарды. Кө­
ңілің көтеріңкі. Ыңылдап ән салып келесің. Жайма­қоңыр сазды 
үн. 
Қызыл отау соты – о күнде үкім шығарар жазалаушы ғана 
емес, оқу мен мәдениеттің де ошағы. Жұртты жаңа өмірге құл­
шындыратын ойын­сауықтың да отауы. Сондықтан да саған 
дүйім елді өзіңе еліктірер сегіз қырлы өнер керек. Қаншама 
зор дауыспен ән шырқасаң да, жалғыздың үні шықпас деген, 
бір өзің сұңқылдап ән салу жапан дүзде жараспайды. Ал жа­
ңа серігің үнсіз келеді. Біржосын бүкірейіп, ерге отыра алмай 
қозғалақтауында жұмбақ гәп бар. Жан­жағына қарайды. Әл­
декімді іздейтін сияқты.
Сөреліден ұзап кеттіңдер. Жол ұзақ. Күн шыңылтыр аяз. Ат­
тар басын шұлғып тастап, танауларынан құшақ­құшақ бу атып, 
сар желіп келеді. Үнсіз отыра алмадың. Сөйлеп кеттің тағы да: 
қар астында жатқан иен дала мәңгі бақи ұйықтап жатқандай; 
тұла бойын жаза алмай, қойны­қонышы мұзға сірескен тоң 
дерсің; әр сайдың етегінде бір­бір қыстау; бәрі соның ауыл атана­
ды. Ауыл атанып, түтін түтетіп отырып айтатыны баяғы уәж – қу 
өңештің сұрауы, соғатын сойылы да – жұтқын қамы, ру намы­
сы, өзі қарауыл қарайтын төбенің биіктігі. Әркім өз төбесін биік 
көреді, өзін де биікте тұрғандай сезінеді. Сол тірлікке былтырдан 
бері жаңалық енді. Қора­қопсыға, қораңдағы төрт түлікке иелік 
түбірімен жойылмақ, мал да, жан да ортақ меншікке айналмақ. 
Әр сайдың, әр төбенің етегіне қыстау салып, жеке ауыл болған 
бәз­баяғы күнкөріс енді болмайды­мыс. Иен далада тарыдай 
бытыраған жан иелері ортақ шаруашылыққа жегілмек. Оның 
аты – колхоз, яғни ұжымдық шаруашылық. Басында сол шара 
ерікті делініп еді, күзден бері «Колхозға кірмесең – «контрсың» 
деген зорлыққа ауысты. Қысқасы, бай атаулы қиыр шетке 
жөнелтілді. Орта шаруа, тақыр кедей бір ауылда бас қосып еңбек 
қазанын қайнатпақ. Соңғы екі жылда Кеңес үкіметі жариялаған 
қаулы­қарар бойынша, байырғы қазақ даласы бай­кедей болып 
жіктелуден ада болып, феодализм қамытынан құтылып, ортақ 
меншік салтанат құратын социализм қоғамына едел­жедел ен­
бек. Тек алғашқы қиыншылықтарға төзсең болды. Одан арғы 

121
ШЫҒАРМАЛАРЫ
оңай, сыпыра рақат! Демек, дала келбеті қайта жаңғырады. 
Жұрттың бәрі адал еңбекке жұмылады. Ол болса шат­шадыман 
бақыт шыңына шығарады. Жер­жерде жедел құрылған Қызыл 
отау сотына да артылған міндет осы – халыққа жаңа саясатты 
түсіндіру...
Шешендіктен құралақан емес сот жігіт дала тағысы атанған 
ескі танысына осы жайттарды тарқата айтып, өзі имандай сенген 
жаңа қоғамның алғышарттарына күмәнсіз иліктірді. Қыраулы 
ақпанда аупартком хатшысынан төтенше тапсырма алып жолға 
шыққан себебі де осы еді – қиыр шеттегі Көкшетау қолатындағы 
қалың елдің ортақ шаруашылыққа наразылығын үгіт­насихатпен 
тарқату болатын.
Сол үгіті әлдеқандай түйткілді себеппен жолын тосқан тосқан 
әйгілі содыр Есімжанға да әсерлі болған сияқты, кенет ол қарагер 
аттың шаужайына шап беріп:
– Сөдия шырақ, Сөреліге кері қайтсақ қайтеді?.. – десін.
Әлденеге күмілжігені анық. Амал не, сен оны ұқпадың. Әккі 
ұрының ішінде қыз­қыз қайнап жатқан арпалысты сезбедің.
– Неге? «Еңбек» коммунасына бірге барып, шаруа бітірген соң 
Қайнарға да бірге қайтамыз... – деп қарагерге қамшы сілтедің.
Ақсайдың атжал биігіне көтерілгенің сол еді, төбе басында 
иіріліп тұрған аттылар көзіңе шалынды. Біреу емес – бірнешеу, 
бесеу, иә алтау емес – әлде жиырма, әлде отыз. Қолдарына аша, 
сойыл ұстаған. Иін тіресіп жиын тұр. Сұсты топ, суық топ. Бір 
пәленің болғанын ішің сезді.
– Жолықтың ақыры, сөдия шырақ. Енді құтылып көр!
Жолсерігінің бет­аузы жыбырлап, әлденеге қуаныш білдір­
ген дей. Әлде қатерді сезіну? Әттең, не керек, соның не деуге де 
мұрша болмады.
Атына қамшы басты. Тұлпар еді­ау қарагер ат! Жонына ти­
ген қамшыға дір етті де, жалт беріп аға жөнелді. Серігің де қал­
ған жоқ. Әлде қуып келеді, әлде қашып келеді... Соңыңнан 
қалар емес. Дөң басындағылар да қалыс қалған жоқ. Тас төбеңде 
зуылдаған оқ. Екі жағыңнан бірдей жанаса шапқан көп тұяқ.
– Атын атпаңдар! Атына тимеңдер!..
– Атпа, сойылмен түсіреміз!
Алдыңды лезде орап алды. Сол жақта ғана болмашы саңылау 
бар, ол болса – ауданға қарама­қарсы бет. Амалың қанша, Есім­

122
Медеу СӘРСЕКЕ
жанқараны жонға төпеп, сол тұсқа ұмтылдың. Қарагер ат та 
жөнеп берді.
Сол қуғынды тәптіштей сипаттаудың жөні бар ма, Төлеубек? 
Ол да қарагер аттың желмен жарысқан жүйріктігіне мадақ 
болмақ. Алып шықты жануар. Рас, 6­ауыл ұрымтал жерде еді. 
Әйтеуір шай қайнатым уақытта атыңды қансорпа ғып «Оян, ке­
дей» колхозына аман­есен жеттің. Қуғыншылар айдалада қалды.
6­ауылдың кеңсесі осы жерде. Кеңсе деймін­ау, өзің білесің, о 
кездегі бірде­бір колхоз басқармасының, бірде­бір ауылкеңестің 
тізе бүгер белгілі орны жоқ­ты. Бұл ауылда да кеңестің қызыл 
жалауы Малбосын Кескенбайұлының қақпасына ілінген­ді.
6­ауылдың әйгілі кеңесін саған таныстырудың қажеті жоқ. 
Малбосынның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып дүрілдеп 
тұрған кезі. Осы кеңеске қарайтын он шақты ауылдың үлкен­
кішісі соның қас­қабағына қарап от жағып, соның рұқсатымен 
ғана ат ерттейді. Өзі де өрт еді­ау, шіркін! Тек сауаты кемшін, 
қолын ескіше қоятын­ды. Сол да әжетіне асты, Кеңес өкіметі 
билікке келгенде ол атқа мінді. Белсенді атанып жүріп, Ком­
партия қатарына мүшелікке өтті. Ал тумысында ешқандай 
мін жоқ, жеті атасынан бері жалға жүрген, сіңірі шыққан ке­
дей. Жоқшылықтың дәм­тұзын жас күнінен татқан. Қолына 
билік тиген соң­ақ қамшыны оңды­солды аямай сілтеді. Саяси 
белсенділігіне жұмысқа деген ынтасы қосылып, күллі ауданға 
танылды. Оның қармағындағы ауылдар салықты бұрын ғана 
емес, әрдайым асыра төлейді. Аудан басшылары да оған иек арт­
ты. Сенгені ғой, жиналыс сайын басқа ауылкеңестерге оны үлгі 
ғып айтатын болды.
Сонымен, ауылкеңес төрағасының үйіне жетіп, ат басын 
тіредің. «Еңбек» коммунасының бастығы Жанай Жайтуғанұлы 
да осында екен. Кеңеске іштартатындар тез жиналды. Бірақ 
қарамы аз! Үш коммунист, екі­үш комсомол жас. Қарулары да 
мәз емес. Бақан, екі­үш сойыл, құс мылтық пен екі алтыатар. Иә, 
адам аз. Ауылда сойыл ұстар азамат қалмаған. Дені бүлікшілер 
тобына қосылған.
Әйтсе де жан дәрмен қимылдап, қарсы тұруға кірістіңдер. 
Басшылыққа Жанай Жайтуғанұлы тағайындалды. Жүректі жі­
гіт, қаталдығы мен қаһарлылығы бірдей деген дабыра атағы бар. 
Кәмпеске науқаны кезінде шонжар тұқымды ғана емес, орта 

123
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шаруаны да бір шыбықпен айдаған өрлігіне бүкіл аудан халқы 
таңғалған. Белсенді азамат қазір де тыным таппай, ауылды ай­
нала шауып жүр. Ауданға да кісі аттандырды. Ұсталып қалмаса, 
ертең­ақ көмек келеріне сенімді. Басқа ауылдардан да жаушы­
лар келді. Айтуларынша, ағайынды Кемпірбаевтар исі олжашқа
*
 
қарасты елді түгел көтерген. Иісі олжаш руы атқа мінсе аз күш 
емес. Кем дегенде бірнеше жүз адам (Қауіпсіздік комитетінің 
деректері бойынша, 800 адам атқа мінген).
Бүліншілікті бастаушы ағайындылардың соңына ерген то­
быр көп күттірген жоқ. Құйынша жөңкіле тиісті. Олжаш ұра­
ны жазылған төрт­бес туы бар көп аттарын бас­көзге төпеп, 
алды­артты қаумалай жөңкілді. Қорғаныстағылар да тайсал­
май қарсылық көрсетті. Алдыңғы топтың бастаушысы Кемпір­
баевтардың кенжесі Бөкеш екен (кейбір деректерде есімі Бөкен 
делінген). Әлдекімнің көздеп атқан оғы оны жалп еткізді. Тағы 
да аттыңдар, тағы да кезедіңдер алтыатарды. Тағы біреу аттан 
құлады
**
. Амал не, көпке топырақ шаша алмадыңдар, қарамы ба­
сым топ ауылға баса­көктей кірді.
Іле­шала талан­тараж басталған: кооперативтің дүкені, мек­
теп үйі, ауылкеңестің есігін түріп қойып, қолына ілінгенді 
әкетіп жатыр; айнала түгел сойыс; коммуна малын шетінен ұстап 
қырып жатыр. Жылқыны да таңдап­талғамай, жаппай ерттеген. 
Шұрқыраған құлын, кісінеген жылқы үні. Гу­гу сөз, күжілдеген 
көп айғай, кеңкілдеген күлкі. Айдалаға шапқылаған, ерсілі­
қарсылы жөңкілген ессіз тобыр...
Сендерді де тыныш қойған жоқ. «Оян, кедейдің» өздеріне ер­
меген бас көтерер азаматын түгел қосақтап, ортаға шығарды. 
Бәрінің алдында – үшеуің, үш белсенді, үш коммунист. Кемпір­
баевтардың үлкені Ыбырай шал жағалай тепкілеп, бастарыңа 

Арғын тайпасынан тарайтын Қаракесек қауымдастығының қамбар тар мағына жа­
татын үлкен ру. Батырлығымен, өжеттігімен атаққа ілінген.
**
 Қауіпсіздік жүйесінің мұрағатында сақталған деректерде оққа ұш қан екінші 
жанкештінің есімі Базарбай делінген. Ол болса – Жанай Жай туғанұлының туған 
ағасы. Осы жайттан­ақ баррикаданың екі жағында бір әкенің екі баласы болғандығын 
айғақтайды. Қосымша айтар жайт: «Еңбек» коммунасының бастығы мен 6­ауылкеңес 
төрағасының есімдерін біз бүгінгі ұрпақтарына көзтүрткі жасамас үшін өзгертіп 
атағанымызды ескертеміз; оның себебі ілгеріде баяндалатын оқиғалардан түсінікті бо­
лады...

124
Медеу СӘРСЕКЕ
қамшы үйіріп сабап жүр. Іске татыр киімдеріңді сыпырып алып, 
бөліске салған. Баскесер шал қайратына шын мінген, қамшы 
сілтеген сайын: «Қанға – қан, мерт болған інім Бөкеш үшін!» – 
деп өршелене ұрады, жығылғанды қайта тұрғызып қойып тағы 
ұрады. Әлден уақытта үш коммунисті сүйреп, ауыл шетіне алып 
шықты. Үшінші Кемпірбаев – ереуілші тобырдың басшысы Ыс­
қақ осы арада екен. Екі иығына екі кісі мінгендей денелі, көзі 
жанжал іздегендей қанталап кеткен, атқа отырысының өзінде 
ірілік әлпет сезіледі. Үзеңгіге шіреніп, ат үстінде қырын отыр. 
Белінде алтыатар, мойнына қылыш асынған. Оның оң жағында, 
қарагер аттың үстінде тағы бір зор денелі адам тұр. Қарамады 
саған. Сірә, тура қарауға дәті шыдамаған сияқты. Өзіңнің бүгінгі 
жолсерігің. Адал еңбекке шақырған, адамдық жолға түсірем деп 
сенген Есімжан содыр...
– Қайсың алдың етігін? Қайтарыңдар түгел! Киімдерін де 
әкел! – деп бұйырды Ысқақ, даусы әлей зор екен, күллі ауылды 
жаңғыртқандай. Үшеуіңе де біржосын зілмен зәрлене қарайды. – 
Жалаң аяқ, тыр жалаңаш жау теңім бе менің?!.
Саптама етігің өзіңе қайта тиді. Жолдастарың да киінді. Күн 
жылынды ма, жоқ, жылы киім жылытты ма, мұздаған аяқ­
қолыңа жан кіріп, қан жүгіре бастады.
– Тінтіңдер түгел!
Бұған дейін де талай тіміскі қойны­қонышыңа қол жүгірткен­
ді. Іске татырды олжалаған. Енді не іздемек? Жалындаған жү­
регіңнен басқа тұла бойыңда не қалып еді, Төлеубек? Ақша іздей 
ме, асыл зат қарай ма? Жоқ еді ғой ондай құнды зат сендерде. 
Болған да емес. Жоқ, бар екен, жүрегіңдегі ең қымбатыңды, 
өміріңдегі ең асылды тапты.
– Қане, бері әкелші! Қандай екен өзі?..
Бұл сендердің партиялық билеттерің еді. Ең үстінде қарға 
тамған қандай болып алқызыл түсті сенің билетің жатыр. 
Тінткен жігіттің ұры қолы жыланша ирелеңдеп барып төсіңе 
жеткенде, әріде, бешпенттің ішкі қалтасында жатқан мүшелік 
кінешкеңе тигенде тұла бойың дір еткен болар­ау, Төлеубек. 
Ал әлгі бейбақ сенің партиялық билетіңді, кіп­кішкене картон 
мұқабалы кінешкеңді кір­қожалақ алақанына салып, қарқ­қарқ 
күліп тұр. Жирен мұртын қайта­қайта сипап, ішіндегі жазуды 
ежіктеп оқып, әлденеге мәз­мейрам болды.

125
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қарашы, тинәмдай кінешке. Бұрын қолға ұстап көрмеген 
соң қайдан білейін, мұны мен ерекше бір қымбат былғарыдан 
жасайды екен деп ойлағанмын. Кәдуілгі қатты қағаз. Жазуы 
да мәз емес. Тұқымы жарымаған немелер, құдай­ау, шетелдің 
қымбат қағазына алтын әріптермен әшкейлеп жазбай ма, алтын­
мен! Әй, сөдия, сауатты қаратаяқсың, шыныңды айтшы, осының 
не қасиетіне қызықтың? Не үшін осынау жөндем кінешкеге 
басыңды тіктің?
Үндемедің. Әлдебір оспадар жауырын тұсыңнан қамшымен 
тағы да осты. Сонда да тіл қатпадың. Төмен қарап, үнсіз тұрсың.
– Тоқтат, тимеңдер! – Ысқақ Кемпірбаев тағы ара түсті. – 
Бұларға біз басқадай бір ерекше жаза ойлап табамыз. Қане, не 
ойларың бар?..
– Атып тастайық!
– Ат құйрығына тағу керек!
– Киімдерін сыпырып алып, ауданға қоя берелік! Орта жолда 
үсіп өледі.
– Жә, текке даурықпаңдар!
Ысқақ даусын соза сөйлеп, ағасына қарады. Ыбырай шал 
адуын інісінің ақылдасқанына мәз болып, қоразданып қалды. 
Көтеріліс басшысы атын жетектеп, таудай болып теңкиіп жатқан 
күл үстіне шықты. Тобыр да солай ойысты. Тұтқындарды да сол 
жерге жеткізді.
– Уай, жігіттер, алдымызда кәменестің үш адамы тұр. Алланың 
қолдауымен қолға түсірдік, жон терісін тірідей сыпырсақ та 
еркімізде. Жә, исі олжаш баласы, қалың қамбар жұрағаты, 
ақылға салып, ойлап көріңдерші. Бұлар да пенде емес пе? 
Ешкім ләм­мим деген жоқ. Пысқырған аттар үні мен көп тұяқ 
тиген сайын шықырлаған қардың сықыры ғана естіледі.
– Иә, бұлар да адам баласы. Өзіміздің исі қазақтар. Осы 
шіркіндер қайбір емешесі үзіліп, жан­тәнімен беріліп бәлшебек 
болды дейсің? Солай ма, қызыл сұңқарлар? Кәне, өздерің айтың­
даршы, кім сендерді осы жолға күштеп жеккен? Кім?..
Кемпірбай баласы үшеуіңе алма­кезек жақындап, тобылғы 
сапты сары ала қамшысымен үшеуінің кеуделеріне тіреп тұрып, 
тілін безеді. Кеңес ағасы Малбосын сол жағыңда, ұнжырғасы 
түсіп, біржосын шыдамсызданып тұр еді. Соның қасына кел­

126
Медеу СӘРСЕКЕ
генде Ысқақ содыр дырау қамшысын кеңірдегіне тіреп, бірер 
мәрте батыра нұқыды. Іле­шала естілер­естілмес үнмен: «Қой, 
батырекесі, басыңды көтер. Кеңес ағасы мықты болу керек!» – 
деп жанына тие және мысқылдады.
Ешқайсың да үн қатпадыңдар. Топ басшысына бұл ойын ұна­
ған сияқты.
– Неге үндемейсіңдер? Жарайды, бекерге қиналмаңдар, сен­
дер үшін мен айтайын: қызыл кінешке күнкөріс үшін, мына 
қуыс кеуде Малбосындай атқа мініп, қамшы сілтеп қалу үшін 
керек болды. Көменес болмаса бұл шіркінді Кеңес үкіметі соқаға 
салып, жер айдататын еді. Иә, сендерге кәменес деген атақ керек 
болды, билік пен дәреже – бәріңнің құлқыныңды тескен гәп. Жә, 
сендер емес менің түпкілікті жауым! Ол – мына қызыл кінешке!..
Күлтөбені қаумалап тұрғандар бір­біріне қарады. Бүлік 
басшысының нені меңзеп тұрғанын әлі де ұқпаған сияқты.
– Осы кінешкенің құдіреті кіндік кескен жерімді тартып 
алған, малымды да түгел сыпырып ортаға салған. Осы менің ай­
даушым, әмсе қорлаушым! «Апыр­ау, мұның күш­қуаты неде, 
нендей қасиет­қадірі бар?» деп ойлаушы едім. Құдауанда, бүгін 
сәті түсіп, соны байқауды ойлап тұрмын. Кәне, кеңес ағасы, се­
нен бастаймыз бұл сынақты. Өйткені сенен үлкен жоқ, дәрежең 
де көп­көрім. Қазір көреміз қандай кәменес екеніңді!
Ысқақтың саңқылдаған үні аязды қотанда шаңқылдаған 
күшігендей әсерлі. Әлденеге риза. Тымағын бір шекесіне қисайта 
киген. Бір құлағын ішіне қарай жымқыра басып қойыпты. 
Шапанының екі етігін беліне қыстырған, екі аяғын бір­бірінен 
алшақтау ұстап, талтайған күйі күл үстінде шіреніп тұр.
Малбосын Кескенбайұлы бірер адым алға жүре түсті де, ар­
тына жаутаңдай қарады. Жұртта үн жоқ. Көшбасшы Ысқақтың 
нендей жаза ойлап тапқанын біле алмай таңданып тұр. Сенің де 
жүзіңде, Төлеубек, сондай таңданыс. Атар деп едің, атқысы жоқ. 
Қамшы астына алып, жабыла сабар деп те ойладың. Дарға аса 
ма, ат құйрығына таға ма? Оған да баспады. Апыр­ай, өлімді де 
дегбірсізденіп күтетін болды. Шыда! Шыда, Төлеубек! Сендерді 
тұтқындағандар өзің ойлағаннан да қатыгез сияқты.
– Уай, жарандар, кәменеске жазылған барша дәндүріске 
сабақ болсын деп атаймын мұны. Бір сен емес, бар кәменес, 
барлық кәмсәмал келешекте айтып жүрсін, айтқан сайын тұла 

127
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бойы қалтырап жаны түршіксін және өзіңе лағынет айтып, 
итше жиренсін деп жасаймын! Айтылған сөз – атылған оқ. Екі 
айту ғадетімде жоқ. Көнсең – көменестен бездім деп көп алдында 
жария қыласың. Безгеніңнің белгісі – қар үстіне тастап, қызыл 
кінешкеңе дәрет сындырасың! Көнбесең – иманыңды айт. Табанда 
атамын! Сидиған жағыңа тапаншамды тіреп тұрып, өз қолыммен 
атамын. Жарайсың, қызыл кінешке, қызара түс деп қанға бояй­
мын. Үкім осы! Ал, кәне, кеңес ағасы, таңдауыңды жаса!
Ұқтың ба, Төлеубек? Жаза сипатын білдің де жаның түршікті. 
Шуылдаған тобырдың өз басшысын қошеметтеп кеңкілдеген күл­
кісіне таңырқап, әзер тұрғаныңды сеземін. Қыл арқан қолыңда
әттең!
Кең аспанның асты да кей­кейде тарлық етеді екен­ау? Кең 
дала – атамекенім деп малданып жүрсе, осындай да айуандығың 
бар ма еді?! Уа, жасы үлкен жақсы аға! Берілме, бір болыс елге 
жеткендей өрлігің бар еді. Сүйекке таңба болар, кейінгі толқын 
ініңнің бетіне шіркеу салар осалдыққа баспа! Керегі жоқ ондай 
өмірдің. Күйкі тірлікті арзанға сатпа! Біздің өмір қымбатқа 
түссін! Уа, неге қарамайсың маған? Апыр­ай, жасып қалғаннан 
саумысың?..
Бұл сөздерді, Төлеубек, ішіңнен айттың. Сөйтпеске амалың 
да болмады. Болмады емес, сөйте гөр деп үгіт айтуға қақың да 
жоқ­ты. Дарқан өмір қыдырып қайтар саяхат емес. Адамға ол 
бір­ақ рет беріледі. Ендеше дар алдында тұрғанда, арың алдын­
да тұрғандай сезін өзіңді, ақырғы таңдауды біреудің ақылымен 
емес, өз ожданыңмен шеш! Ертең өкінбес үшін де сөйту керек. 
Әркім өз тағдырына өзі қожа. Сол себепті тіл қатпадың қасыңда 
ұнжырғасы түсіп, сөлбірейіп тұрған партиялық серігіңе.
Ал ол, 6­ауылдық кеңестің айтулы ағасы, Абыралы ауданын­
дағы атақты белсенді Малбосын Кескенбайұлы өмір сүруді таң­
дады.
Қас қағымдай уақыт өтті. Уай, соны санап керегі не? Сол бір 
масқара істі көрдім деймісің? Жо­жоқ, сен оны көрген жоқсың. 
Көруге дәтің шыдамай, екі көзіңді тарс жұмғаның анық. Сөйтіп 
тұрып бір сәтте дұшпан тобының дүрліккен айғайын естідің.
– Мінеки, кеңес ағасы, жарадың!
– Өй, өзі нағыз белсенді, бұл жолы да көзге түсті!
– Қалай­қалай шарылдатты, ей!
– Сен енді біздің адамсың. Кешірдік өжеттігіңді. Азатсың!

128
Медеу СӘРСЕКЕ
– Атын да өзіне беріңдер. – Миығынан күлген Ысқақ Кем­
пірбаев қолын сартылдата соғып қуаныш білдірді. – Жә, сөдия 
жігіт, кезек сенікі...
Сол бір қас қағым сәтте, дар тұзағы мойныңа түсіп, өлім мен 
өмір арасындағы тар көпір үстінде тұрған шақта не ойладың, 
Төлеубек? Нендей түйткілді жайттар көз алдыңнан өтті? Бәл­
кім, Қарқаралыдағы уездком хатшысының кабинеті көз алдыңа 
елестеді ме? Партиялық билетіңді тапсырып тұрып:
– Ал, Аралбаев, сен енді осы сәттен былай менің партия­
лық жолдасымсың. Билетіңді көзіңнің қарашығындай сақта. 
Бұл саған үлкен жауапкершілік жүктейді, сен енді бұрынғы 
Аралбаев емессің, коммуниссің!.. – деген­ді хатшы.
Иә, уезд хатшысы солай деді. 1928 жылы сол шәрдегі интер­
натта жатып оқуыңды тәмамдап, Ақшатау болысына салық 
жинаушы өкіл болып аттанып бара жатқаныңда айтқан сөз еді 
бұл. Содан бері үш жыл өтті. Үш жылда қайда болмадың, пар­
тия жұмсауымен қайда жүрмедің? Өмір қызығын тәрк еткен 
безбүйрек жан десем – жаңсақ сөз болмақ. Жоқ, өмірге сен 
ғашық едің. Сонау Ақшатау­Шет өңіріндегі қараша үйде шыр 
етіп дүниеге келген күннен бастап өмір сүруге құмар болдың. 
Рас, рақат дерлік ештеңе көрген жоқсың. Қарның тоя ас іштің 
бе? Білімді сен жоқшылықтың жалбыр тонын жамылып жүріп 
қиын­қыстау кезеңде алдың. Абыралыға, «Қосшы» ұйымына 
хатшы болып келгеніңде үстіңде бүтін бешпент те жоқ еді. Бір 
жылдан соң Қызыл отау соты болып тағайындалдың. Үй болып, 
түтін түтеткенің де кеше ғана...
– Жап­жас, ашаң өңді, бойы сәл сорайғандау, шегір көзді, жі­
ңішке жігіт еді...
Ел жадында сақталған бейнең осы ғана, Төлеубек. Көрмесем 
де, көз алдымда сен осындай бір жадау­жүдеу кейіпте елес­
тейсің. Иә, иә, уыздай елжіреген, ана сүті жұп­жұқа ерніңнен 
кеппеген бейкүнә жастай көрінесің маған. Бәлкім, сол сәтте сен 
есіміңді сақтар артыңда ұрпақ қалмағанын да өкіне ойлаған 
шығарсың? Бәлкім, ерте үйленіп, Гүлжандай жас жарыңның 
өмірін өксітіп кеткеніңе қиналдың ба? Білмеймін. Менің біле­
тінім – басқа гәп.
Әр адамның ар­ожданы сынға түсер айшықты мезеттер бо­
лады: «Жақсылар сондай сәтте жұлдыздай жарқырап аспан­

129
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ға шығады, жамандардың сағы сынып өшіп жатады...» деген 
уәжді бұрынғылар айтқан. Міне, сол мезет сенің де басыңа туды, 
Төлеубек. Саған да таңдау тиді. Қаласаң – ана Малбосынның 
қасына бар. Бәлкім, ұзақ өмір сүресің. Тегінде қартайып өлу де 
бақыт! Партиялық серігің сені тастап кетті. Масқара етті. Енді 
сен өз мойныңа түскен ауыр сынды, партиялық билетіңе түскен 
сыни тауқыметті қылша мойныңмен көтеруге тиіссің. Өзің үшін 
де, жолдасың үшін де! Қу жаныңмен, адал арыңмен өзің мүше 
болған партияның намысын қорғайтын айшықты сәт осы. Сен 
оны қайыспай көтеруге тиіссің!..
Сол бір қысылтаяң шақта, Төлеубек, сені шырмаған ойлар 
осы ма? Білмеймін. Білемін деп сәуегейлік жасаудың жөні жоқ. 
Менің білетінім – дұшпаның күл үстіне лақтырып тастаған пар­
тиялық алқызыл билетіңді қолыңа алып, жүрегің түбіне қысып 
тұрып:
– Мен партияма адалмын. Сен сыйлаған масқара өмір маған 
керек емес! Ал, ат! – дедің.
– Өй, мынау қайтеді?!
– Жігітім, бар қызығың алда емес пе, ойлан!
– Бүлдіршіндей әйеліңе жаның ашыса етті, бейшара!..
Қауқылдаған тобырдың қыздырма сөзі саған шыбын шаққан 
ғұрлы әсер еткен жоқ. Ысқақ отағасы, осы жазаны соншама 
аярлықпен ойлап тапқан топ басшысы сағыңды сындырмақ 
бо лып қаншама әрекеттенді. Желкеңе келіп, тапанша ұшын 
қарақұ сыңа тіреп қойып біршама тосты. Сірә, райынан қайтар 
деп күткен болар. Сенің ажал құшқаныңнан гөрі билетіңді 
ластағаның тиімдірек еді ол үшін. Сендей рухтылар көзсіз 
ерлікпен өлім құшқан сайын өз тобының сирей түсетінін ол жақсы 
білетін­ді. Сірә, сонсоң да тосып тұр. Бір уақ басын шайқап, 
сол жағыңа шықты. «Бол, ақырғы сөзіңді айт!» – деп дікілдеді. 
Үндемедің. Тайсалмай, қасқая қарап тұра бердің. Ақыры ол шы­
дамады. Алтыатарын сол жақ иегіңе тіреп тұрып, үздік­создық 
үшке дейін санады. Бірақ сен айнымадың. Сауға сұрау есіңе кел­
ген жоқ.
Дүңк етті кенет дала үсті. Оқ иектің сол жақ астынан кіріп, 
оң жақ шекеден шықты. Тіл тартпай табанда кеттің. Арманда 
кеттің!
9­246

130
Медеу СӘРСЕКЕ
Жиырма бесті толтырып, жиырма алты жасқа шығарда кеңес 
құрылысына қарсы шыққан тобырдың, одан да гөрі «Қу жа­
ным – ортаға түскен малымның садағасы!» деген көптің қолынан 
қаза таптың, Төлеубек. Қорқау жандар сенің бетіңді жауып әуре 
болған жоқ. Басқа ауылдар үстінде ат ойнатпаққа аттан­ды. Күл 
үстінде сен ұзақ жаттың. Бет­аузыңа қан ұйыған. Көзің жұмық. 
Кіп­кішкене, картон мұқабалы алқызыл книжка – партиялық 
билетіңді кеудеңе қысып, қол­аяғың бүрісіп ұйықтап кеткен­
дей қалыпта жатыпсың. Төсегің – қарға бөккен күлтөбе, көр­
пең – бұлт бүркеген кең аспан. Ал қар жамылған кең дала суық 
ыз ғарын аяусыз түтеткеніне қымсынғандай, жым­жырт сұлық 
күйде. Қас қарая маң дала ұйқысынан оянып уілдей бастады. Бо­
ран көтеріліп, қар көшкіні жөңкілді.
Үшінші жолдасың туралы саған ештеңе айтқым келмеп еді. 
Бірақ күйкі шындықты бүркеуге дәтім жетпеді. Жанай сорлы 
да партиялық ожданын арзанға айырбастады. Рас, әлдебіреулер 
ара түсіп масқара шартты орындатпаған (Ескі сүйек Сағындық 
құдасы Жанайдың үстіне құлап, мені де қоса жазалаңдар деген 
соң, кешірім алыпты деседі).
...Көтерілісшілер сол өңірді толық бір ай қолында ұстапты. 
Боран басылып, жол түсе Қарқаралы мен Семейден келген қы­
зыл әскерилердің екі тобы Көкшетау алқабын ауданға қай­
тарған. Сол жайында Қауіпсіздік комитетінің мұрағатында сақ­
талған деректер жан шошырлық: кем дегенде үш­төрт жүз адам 
әскерилер тоспаға құрған оқшашар пулеметтің тосқауылына 
тап болып, бала­шаға мен әйелдеріне дейін сот үкімінсіз науат 
болған
*


Тау үңгіріндегі бекінісінен он кісі штабымен тұтқындалған Ысқақ Кемпірбаев 
ОГПУ тергеушісінің: «Аралбаевты не себепті өлтірдің?» – деген сауалына: «Сөдия 
Төлеубек – біздің қолымызға түскен Кеңес үкіметінің жалғыз өкілі. Оның қасындағы ­
лар – бәлшебектің қызыл үгітіне ерген қараңғы ауылдастарымыз. Аралбайұлы аты­
лардан бұрын Көкшетауға келіп, біз туралы (штаб мүшелері деп Уәйда Тұрғамбаев, 
Әшімхан Көбеевті және мені) көтеріліс басшылары деп ауданға ақпар жөнелтіпті. 
Мыңбасы Зәрубай Қасқабасовтың айтуынша, үшеумізді қолға түсірсе, бүліншілік 
тоқтайды­мыс депті. Бұл деректі оның кімнен естігенін білмеймін, сұрағам жоқ», – 
деп жауап бер ген. Қаншалықты шындықты айтты? «Қан ға – қан» жорасымен құр­
малдыққа шалғанын да ашпаған. Тек өз қолымен атқанын мойындаған... 
 Әлбетте, бұл деректің де иланымсыз тұстары аз емес. Бізге мәлім ақиқат біреу – 
жиырма алты жасар коммунист жігіт өзі шексіз сенген коммунистік идея жолында 
шейіт болған... 

131
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Төрт құлақты жатаған ескі зираттың алдында үнсіз тұрмын. 
Дала дел­сал. Ұйықтап жатқандай. Үп дерлік жел жоқ. Төңірек 
жым­жырт. Етегін жусан бөккен ескі мола да бедірейіп сұлық жа­
тыр. Маған сол тыныштық «Тағы не айтасың, шерлі хикаяттың 
бар­жоғы осы ма?» дегендей сезіледі...
– Екеуіміз қоштасатын уақыт болды, жазушы інім. Жолыңнан 
қалма, жас өрен. Жер үстінде адамның жұмысы сірә да бітпейді...
– Жоқ, аз ғана сабыр ет, Төлеубек. Мен саған сол күні өзіңді 
өлімге душар еткен коммунист замандасыңның бертінгі тағдыры 
жайында ештеңе айтқам жоқ...
– Оларды сен көрдің бе? Апыр­ай, ұзақ жасаған екен­ау?
– Иә, мен оларды көрдім. Болжауың дұрыс: екеуі де ұзақ өмір 
сүрді. Құлағыңды сал, солармен қандай жағдайда кездескенім 
турасында аз­кем әңгіме шертейін...
Бұл енді 50­жылдардың орта кезі. Семейден шыққан авто­
мобиль керуенінің қалың қарды бұзып жолда келе жатқанына 
екінші тәулік. Сол күні де біз үдемелі боранға кезігіп, әбден 
сілеміз қата титықтаған мезгілде Тасбасқан бекетіне іліктік. 
Жатаған бұйраттардың ту ортасында, керуен жолындағы жөнең 
қыстауға ілбіп әрең жеткенбіз. Жолаушы атаулы улап­шулап 
қақпаға ентеледік. Екі бөлмелі жөнең бекет екен. Пеш түбінде 
селдір сақал, күрең көз, кеуде сүйегі ашық омырауынан арса­
арса болып одырайған шал жатыр. Есік ашқан еңкіш кемпір 
амандасқан да жоқ, мылқау адамдай төргі бөлмеге үн­түнсіз 
сүңгіді. Шал ғана бізге еміне қарап:
– Қонатын болсаңдар, жан басына бес сомнан пәтерақы, – деп 
күңк етті.
– Қонбасқа лажымыз жоқ!
– Он сомнан неге алмайсың?!
Қонақжай даладан мұндай «сауданы» кездестіреміз деп кім 
ойлаған? Айтқан бағасына қуана келістік.
– Бізге ыстық шай керек. Тамақ өзімізден. Тек пешке қойғыз... – 
деп жүргізушілердің бірі басу айтты. – Пәтерақыңды береміз...
Шай қоюға шалдың өзі тұрды. Бойы серейген ұзын кісі. Аласа 
үйіне құдды тіреу болғандай. Қораға шығып отын әкелді. Сары 
қиды плита астына қалаған соң, бізге еміне қарап:
– Шай үшін – бір сомнан. Ақшаны қазір төлеңдер, – деді.

132
Медеу СӘРСЕКЕ
Сол түнді біз осы үйде өткіздік. Таңертең қосымша төлеп, шай 
ішіп, аттанып кеттік. Былай шыға қасымдағылардан бекетшінің 
аты­жөнін сұрадым.
Малбосын Кескенбайұлы екен.
О кезде сен туралы ештеңе білмейтін едім, Төлеубек. Білген 
болсам, сол түнде­ақ бекетші шалдан біраз жайтты қазбалап 
сұрайтын едім. Амал қанша, тым кеш іздедім. 1960 жылдары ол 
дүниеден қайтыпты.
Ал екінші замандасыңмен кездесуім 1970 жылдардың бас кезі.
Қарағанды облысының Қу ауданына қарасты Н. кеңшарына 
сол байғұсты іздеп барып, ескі танысымның үйінде қонып отыр­
ғанымда үсті­басы жүдеу, сақал­мұрты көптен алынбаған, бет­
аузы ісік қартаң кісі есіктен тәлтіректей кіріп, босағаға жай­
ғасты.
– Мына кісі кім? – деген сауалымды үй иесі елеусіз қалдыр ды.
Байғұс қыдырмашыны ауыз үйге іле­шала жылжытпақ бол­
ғанын сезіп отырмын. Айтқан уәжі – ертеңгілікте келіңіз, қо­
нақ шаршап отыр­мыс. Бірақ келімсек шал маған түйіле қарап, 
бірдеме айтқысы келгендей қайта­қайта ұмсынды. Күрмелген 
тілі тек не айтқанын ұқтырмайды, өзінше өршеленіп, бірдемені 
былдырлаған болады.
– С­с... сені іздеп келдім, шырағым, сені жазушы дейді. Мен 
туралы жа... жазғың келе ме? Иә, иә... Бай атаулыға кезінде 
мен бүйідей тигенмін. Кәнпеске жүргіздім, коммуна да құрдым. 
Барлық істе алда жүрдім, естимісің, алда жүруге тырыстым! 
Маған неге ақшиып қарайсыңдар, түге? Өтірік пе бір кезде ай­
бары адуын көменес болғаным. Абыралыдағы бірінші белсенді, 
бірінші көменес мен едім. Енді күлесіңдер, ә?! Білемін, жек 
көресіңдер мені. Маскүнем дейсіңдер. Иә, мен қазір де маспын. 
Мен мас болғалы қашан! Ау, сендер неге ұмытпайсыңдар соны? 
Күнәмді мен тап сол жылы жуғамын. Шекмаревтен сұраңдар, 
өтірік десеңдер. Қарқаралыдан келген көменес командір. Се­
мейден келген қызыл әпесер Шөпин де біледі. Қызыл әскерге 
шиыры шытырман тауда жол көрсеткен мен емей, кім? Неге 
ұмытпайсыңдар соны? Бүлік шығарған найсаптарды қынадай 
қырған мен бе? Өзім де ұмыта алмай жүрмін, қайтейін...
Үй иесі бейшараны одан әрі мылжыңдатқан жоқ. Алдап­сулап 
шығарып жіберді. Есіктен шыға беріп те: «Мені ішкіш дейсіңдер. 

133
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Өмірдің қызығы тоя ішуде емес пе», – деп сөйлеп бара жатқанын 
құлағым шалды. 
Жолығуды тілеп жүрген Жанай шал екенін бірден білдім. 
Келген бетте сұрағанымда­ақ үй иесі: «Өзі­ақ іздеп келеді. Қай 
үйде қонаққа дастарқан жайылғанын байғұс сұратпай біледі...» – 
деп сүлесоқ жауап берген. Байғұстың қазіргі жайы осы екен. 
Қонақжай ауыл үнемі масайып жүретін егдені маған көрсетуге 
ұялып отыр екен...
Топшысы қиылған қыран құс жартас түбінде ыңыранып жа­
тып аспанға қарайды дейді. Бәлкім, кең аспанның көгіне тағы бір 
рет қанат қағып, тасқа соғылып өлгісі келетін шығар? Бұл енді 
сайыпқыранға тән өжеттік! Сондай күш­қайрат өлексе үстінде 
отырған күшіген құстың бойынан табылар ма? Қайдан табыл­
сын?!
Билеуші партияға кезінде жан­тәнімен мүше болған заман­
дастарыңмен кездесуім менің ойыма әр түрлі ой салды, Төлеубек. 
Төрелігін өзің айт, басқан ізің аңыз бен жыр, партияның қатар­
дағы сарбазы!..
* * *
Осы хикаят «Деректі баллада» деген қосымша анықтамамен 
жария болып, жұрт назарына түскен бір жылдан кейін Қайнар 
кентіндегі ескі зираттың ортасында соған дейін елеусіз жатқан 
төрт құлақты жатаған моланың ішіне бір топ адамдар келді. 
Келді де жалғыз қабірдің топырағын көтере бастады. Сәлден 
соң қабірден суырылған ер адамның сүйегін ақ матаға орап 
алып, бетіне қызыл мата жабылған зембілді төбесіне тік көтеріп, 
бұрынғы Абыралы ауданының орталық көшесін қақ жара жүріп, 
Сұлушоқы түбіндегі көкжасыл алаңқайға бет түзеді. Зембіл 
көтергендер алға жүрген сайын соңына ергендердің қарамы мо­
лая түсті. Ал жасыл алаң ортасында, болашақ бақтың орталық 
тұсында осы топты орта мектептің оқушылары тосып тұрған­ды. 
Бір сәтте дауылпаз үні естілді, барабандар да даңғырлай соғылып 
жатты. Қызыл мата жабылған зембіл алаңға жеткізілді.
Сонау 1931 жылдың дүбірлі көктеміндегідей қызыл тулар тұс­
тұстан желбіреп тұрды. Күн де тап сол сәтте тау желкесінен асы­
ла қарап қалған­ды.
Дала тымық, айнала қоршаған биік те сұсты тау жым­жырт. 
Тек Сұлушоқы етегіндегі қарамды топ қана гу­гу сөз нөпірін гу­

134
Медеу СӘРСЕКЕ
лете бастады. Бәрінің де жиі қайталай айтатыны – бір­ақ сөз, бір 
ғана есім.
– Қапыда кеткен қайран ерім, сені Абыралы халқы ұмытқан 
жоқ. Бүгінгі ұрпақ саған қарыздар, Төлеубек Аралбайұлы!
– Қатардағы коммунист едің. Өз қатарыңнан озып, міне, енді 
алпысыншы жылдардағы коммунистермен үндесіп тұрсың!..
– Аралбаев атындағы пионер дружинасының мүшелері ант 
етеді: коммунист Аралбаев биікке көтерген қызыл туды түсір­
мейміз, қолдан­қолға, ұрпақтан­ұрпаққа жеткіземіз!..
Бір уыс топырақ қолдан­қолға өтті. Алаңдағы көпті жағалай 
аралап шығып, жаңа қабірдің түбіне төгілді. Іле­шала сол 
жерде шағын төмпешік пайда болды. Ал бірнеше күннен соң 
төмпешіктің үстіне ұшар басы сүйірленіп біткен, етегі кең де 
әдемі нақышталған биік құлпытас орнықты. Ою­өрнектермен 
нақышталған аласа қоршау да пайда болды. Ескерткіштің күн­
шығыс жақ бетіне мәрмар тақта бекітілді. Одақтық «Комсомоль­
с кая правда» газеті осы жолдар иесінің қаламынан өрілген жас 
коммунист Төлеубек Аралбаевтың ерлігін «Дала хикаясы» 
(«Степная баллада») деген атпен жария етерде өз оқушыларына 
арнаған сөзі тақтада ірі әріптермен қайталанған:
«МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР ДЕЙМІЗ ТАҒЗЫМ ЕТІП РУХЫҢА, 
ПАРТИЯНЫҢ ҚАТАРДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ ҰЛЫНА»
 
 Содан сәл төменіректе: «ТӨЛЕУБЕК АРАЛБАЕВ. 1906­1931» 
деген анықтама үлкен әріптермен дараланған. 
 1967-1968 жылдар.
 Семей
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал