Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет5/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Аудандық партия комитетінің шағын клубында аужас-
комның пленумы шақырылған, 1931 жылдың тамыз айының 
аяқ шені. 
Мінбеге аққұба өңді жас жігіт шығып, «Бақанас» 
колхозындағы комсомол ұйымының жұмысы туралы есеп беріп 
тұрып, бір мезетте: «Аудан орталығынан шалғайда ұйым-
дасқан колхоз мүшелерімен мен шама-шарқым жеткенше үгіт-
насихат жұмысын жүргізіп келемін. Алайда тап сол маңатта 
колхоз құрылысына пиғылы жат адамдар әрекет жасап жүргені 
күмәнсіз. Солардың зиянкестік қарекеті соңғы кезде күшейіп, 
жиілей бастады. Ал аудан басшылары, милиция мен ГПУ орга-
ны қаскөйлердің жасырын ұясын түбірімен жоюға дәрменсіздік 
аңғартып отыр. 
Қысқасы, қарапайым бастауыш мектептің мұғалімі, ком-
сомол әшейкасының хатшысы, яки менің сол ауылда бұдан әрі 
жұмыс істеуім қауіпті жағдайға айналды. Сіздерден мен осы 
қатерді ескеріп, басқа мектепке ауыстыру жөнінде өтінішімді 
қанағаттандыруды сұраймын», – дегенде, залдың әр жерінен 
жас жігітті сөгіп: «Әй, шырағым, кімнен қорқасың? Комсомол 
мүшесі табанды болу керек. Жаңа оқу жылы басталуға бірнеше 
күн қалғанда басқа мектепке  сұрануға болмайды», – деген 
тәрізді жеку айтып, сөзін бөлді. Ал жиын төрінде отырған рай-
ком хатшысы: «Жігітім, бекерге қорықпа, органның адамда-
ры бәрін де біліп отыр. Таяу күндерде тап жауларының жолын 
кесетін шара қолданамыз. Мынауың паникердің қылығы, ком-
сомол мүшесі тап жауларынан сескенбеуге тиіс!..» – деп, әлгі 
жігіттің уытты сөзін жұмсарта сөйледі. Бірақ мұғалім жігіт 
те қайсар екен, залға қасқая қарап: «Жолдастар, қорқақтық 
көрсетіп тұрғам жоқ, өз басыма төнген қатерді ескертіп 
тұрмын. Халық игілігі үшін мен қай жерде, қандай жағдайда 
болсын жұмыс істеуге әзірмін!» – деп мінбеден түсті. Мұғалім 
жігіттің үрейленген кейпі бізді ерекше толқытты. Апыр-ай, 
мына сорлы шынында қиналып жүр екен дестік. Ақыры, не 
керек, айтқаны келді. Осыдан кейін біз, аужаском мүшелері, 
жас азаматты қайыра көргеміз жоқ. Менің сөз етіп отырған 
кі сім – Рамазан Әбішұлы, Бақанастағы бастауыш мектептің 
жас мұғалімі...»

89
ШЫҒАРМАЛАРЫ
 Академик Е.А. Бөкетовтің 1978 жылдың 20­21 сәуір күндері 
Қарағанды қаласындағы өз пәтерінде Шыңғыстау ауданындағы 
ОГПУ­дің өкілетті өкілі болып 1931 жылы қызмет атқарған Аб­
зал Қарасартовпен екі тәулік бойы жүргізген сұхбатында маг­
нитофон таспасына түскен әңгімесінен шағын үзінді келтіреміз 
(Бұл әңгіме Ебіней Арыстанұлы опат болған соң, яки тас-
паға түскен уақыттан 11 жылдан кейін «Қазақ әдебиеті» 
га зетінің 1989 жылғы 10, 17, және 24 ақпан күндеріндегі сан-
дарында «Білмеймін Шәкәрімді кім атқанын?..» деген атпен 
жарияланған. Сұхбатты тұңғыш жариялаушы – ғалым-жазушы 
Бейбіт  Сапа ралы): 
«БӨКЕТОВ: Үшінші сентябрьде алғашқы отрядты жібердіңіз 
бе?
ҚАРАСАРТОВ:  Одан бұрын жібердім... Райкомға, солардан 
банды ұйымдасып жүр деп арыз жазған, Шұбартаудан келіп 
жатыр деген лақаппен мен райкомның... бюросын шақыртып, 
құрама отряд құрғызып, басында райкомның бірінші секретары 
Ағылантов бар, Серікбаев Түгелбай деген прокурор бар, бас-аяғы 
30-40 шақты адамды жібердім. Сондағы берген тапсырмам: сол 
бандымен атысу емес, тек қана пәлен адамды ұстап әкелу. (...) 
БӨКЕТОВ: Сіздің жаныңызда жүрген кісі де бар ғой?
ҚАРАСАРТОВ:  Шарабаев Әбдірайым (өзі үнемі жолға ертіп 
жүретін милиционер қосшысын айтып отыр – М.С.) дедім ғой. 
Әбдірайымда айласынан басқа қару жоқ, оны енді түлкі дейік 
те қоялық. (...) Оның бізге көмегі қалай тиетіні белгілі ғой. 
Сол шіркін отрядтың бетін теріске бұрып әкеткен. Содан 
Шұбартауға кеткен. Бақанасқа да бармаған, Байқошқарға 
да бармаған. Олардың ұйымдасып жатқан жерінің ортасына 
соқпастан, Шұбартау өтіп кеткен ғой. Бұл хабарды алғаннан 
кейін мен екінші отрядты жібердім. Екінші отрядтың басты-
ғы – Іргебаев Иманғали дейтұғын коммунист, райотделдің бас-
тығы, начальник милиция. Екінші отряд құрып, жиырма шақты 
адамды тағы жібердім. (...) Екінші отряд та жоқ. Сол екі ортада 
оларға шабуыл жасады ғой...
БӨКЕТОВ:  Сонда екінші отрядтың бастаушысы онша бол-
маған ғой, жобасы?

90
Медеу СӘРСЕКЕ
ҚАРАСАРТОВ:  О да онша емес. (...) Егер де мен шара қол-
данбасам, менің өзімді де қайда жіберетінін білесіз ғой. Не 
қарап отырдың дейді ғой. Менің жіберген, істеген еңбегім, ұйым-
дастырған мәселем – бәрі де дұрыс болып отыр ғой...»
*
ХIV
 Жұлдыздар жарығы өлеусіреп, таң бозара бастаған елең­алаң 
шақ еді. 
Шыңғыс сыртындағы жота­төбелер үсті ап­анық біліне 
бастаған. Тек тоғай бойы, дала жақ әлі де түн түңлігін түре ал­
май, түнерген қалпында маужырап жатқан­ды.
Пішен қорада таң асып тұрған басқарманың жирентөбел аты 
кенет шұрқырап қоя берді. 
Жануар құлын кезінен етене табынның үйреншікті дыбысын 
құлағы шалғанда­ақ жер тарпып тыпырши бастады. Мектепке 
ұрымтал өзекте арқандаулы тұрған мұғалімнің қара жорғасы 
да қоса елегізіп, әлденеге еліккендей тау жаққа қарап құлағын 
қайшылап, оттауды қойып, арқанды сүйретіп, әрлі­берлі тыпыр­
шыды.
*  Әлбетте, содан 47 жыл бұрын болған шерлі оқиға жайында сыр тартып отырған ака­
демик­жазушы «Өзім ұйымдастырған әрекетімнің бәрі де дұрыс» деп ақталып отырған 
зейнеткерге «Ақсақал, дұрыс болса, тап жаулары бекінген ауылдарға атандырған екі 
бірдей отрядыңыз не бітірген? Неге теріс жаққа лағып кеткен? Шұбартау асып кетіп, ол 
жақтан кімді іздеген?» деген күмәнді сұрау қоймаған. Өйткені сұхбатты жүргізушінің 
мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлы ақынның қайғылы тағдырын анықтау... Біздіңше, 
қалай деп ақталса да, алдын ала хабар алған ОГПУ бастығы Абзал Қарасартов нақ 
сол күндерде пәрменді қимыл көрсетудің орнына, бір емес, екі отряд жасақта дым де­
ген иланымсыз бопсаны көлденең тартады. Нәтижесінде Байқошқар мен Бақанас ау­
ылдары іштен жасанған қаскөй топтың ойранына ұшыраған. Сол қатерді күн ілгері 
алқалы жиында ескерткен Рамазан Әбішевтің дабылы мүлдем ескерілмеген. Біздіңше, 
А. Қарасартовтың содан кейінгі айла­шарғысы – өзін қайткен күнде ақтау. Тұманды 
таңда атын жетектеп таудан жаяу түсіп келе жатқан қарт ақынды банды екен деп 
қапылыста оққа жыққанда да ол өзін емес, марқұмды жазалы ету үшін әуелі сотсыз 
атып өлтіріп, іле­шала дүрбелең басшысы етіп жариялаған. Қауіпсіздік комитетінде 
сақталған құжаттардың бәрі де, зер сала қарасаңыз, ОГПУ басшысының осы айласын 
бекіту мақсатында жазылған. Сол «құжаттарды» жаздырған да өзі. Амал қанша, сол 
қастандық 1989 жылға дейін жолды болып, Шәкәрім сынды ұлы ойшыл һәм сыршыл 
ақынды нақақ жаладан ақтап, рухани мұрасын халыққа қайтаруға кеселін тигізгені – 
зиялы қауымға мәлім шындық. 

91
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Рамазан соның бірін білген жоқ. Рәпіш қана құрсағы өскелі 
сергек ұйықтайтын болған. Қотан күзетіп, түні бойы дамыл 
көрмей үріп шығатын иттерден айырылғалы түні бойы өліктей 
сұлық қалыпта, тып­тыныш жататын ауылдан екі бірдей жылқы 
шұрқырап қоя бергенде ол селк етіп, жастықтан басын көтеріп, 
жан­жағына қараған­ды. Рамазан рақатқа батып, күлімсіреген 
шыраймен ұйықтап жатыр екен. Күні бойы тыным алмай жүгі­
румен болатыны есіне түсіп, оятқан жоқ.
Сол мезетте басқарманың Қайшасы да жастықтан басын кө­
терген. Қатты ұйықтап жатса да бөгде дыбысқа құстай қағілез 
әдеті әйелді бүгін де жаңылдырған жоқ. Бәлкім, ауыл ішінен 
шұрқыраған жылқы үніне ту алыстан талықсып жеткен көп 
тұяқтың дүрсілі алаңдатты... Әйтеуір әлденеден секем алғаны 
анық. Көзін тырналап ашып терезе алдына барды да, кенет үні 
шықпай, тым­тырыс тұрып қалды.
Әйнектен ол Жәнібек сайынан бері қарай құлап келе жатқан 
аттыларды көрген­ді. Жүрістері суыт, екі­үштен шоғырланып, 
тік кезеңнен ентелей түсіп келеді. Қайша маужыраған қалыптан 
тез сергіді.
– Ойбай, аттан! Қаптап келеді! Жау! Жау! – деп жан ұшыра 
айқай салды.
Шошып оянған күйеуі демде атып тұрғанымен ештеңеге 
түсінбей, жан­жағына алақтап қарай берген. Әйелі жалма­жан 
көйлек­шалбарын қолын ұстатып:
– Ойбай­ау, жаның бар ма?! Қосақ арасында өлесің, сорлы!.. 
Тез кет, қаш мына пәледен! – деп дереу далаға ұмтылды.
Көкпезер әйел со бетінде пішен қораға ұмтылған. Түнде ғана 
жоқ қарап келіп, таң асырып қойған жирен төбелді жетелеп 
қақпа алдына әкелді. Шыңғыс қойнынан сар желіспен шұбап 
келе жатқан салт аттыларды көрген соң­ақ Әмір де бешпетінің 
бір жеңін киіп, бір жеңін таба алмай сасқалақтаған қалпы есік 
алдына шыққан. Таң асып, іші оқтаудай боп ширығып тұрған 
жирентөбел иесін көрген соң жер тарпып, бірер мәрте пысқырып 
қалды. Сол сәтте Әмір де аттың үстіне допша атылды.
– Жөнел тез! Әненкоптың салдатынан да аман қалғамын, 
қатын­қалашқа тиіспес, маған қарайлама!
Кемсеңдеген Қайша атты сауырға шыбықпен сабап қуа баста­
ды. Әмір жөнеле беріп:

92
Медеу СӘРСЕКЕ
– Қатын, өшетелге жүгір! Тек сорлы бала атына жете алса!.. – 
деп дауыстады.
Аттылардың алды өзен арнасына құлаған тәрізді, артын­
дағылардың қарамы сұйылып қалыпты. Күйеуінің дер кезінде 
аттанып кеткеніне қуанған әйел үкідей ұшып мектепке қарай 
жүгірді.
Бірақ кеш қалған еді, оны өзі де сезген­ді.
Салт аттылардың алды сау желіспен ауыл шетіне ілінгенін 
көріп келеді. Қайша шу дегенде есікке жүгірді. Есікті бірер жұл­
қып, терезеге ұмтылды. Келе­ақ әйнектің күл­паршасын шығара 
теуіп­теуіп қалды. «Ойбай, қашыңдар!..» – деп жан дәрмен 
айқайға басты. Одан әріге мұршасы жетпеді. Желке тұсынан сарт 
еткен сойылдан жасқанып: «Ой, Алла, өлдім!» – деп байбалам са­
лып, жер сүзе құлады.
Ерлі­зайыпты мұғалімдер киініп те үлгермеді: тегеурінді 
теп кіге шыдамай, ауызғы бөлменің есігі ішке қарай жалп ете 
түсті; терезенің де үңірейген қуысынан сұғылған сойылдың ұшы 
көрінді... Рамазан «Бұл кім?» дегенше табалдырықтан ішке ат­
тап келе жатқан екі­үш қаба сақалды ауылдасын таныды. 
– Апыр­ау, не үшін? Бұларың не?
– Белсенді немені аяма, белсендірек соқ!
– Бұл неме бізді ұстатпақ болды ғой, көрсет көкесін!
– Тепкіле, жанын шығар!
Әмір беріп тұрған Санияқас екенін Рамазан жазбай таны­
ды. Сірә, аяушылық болмайтынын ұққан болар, араша сұрап 
жалбарынған жоқ. Тек кереуеттің алдын бермей, келіншегін жұ­
тынған аш көздерден тасалап, әлде дүреден қорғауды ойлады ма, 
қолын екі жаққа жайып мықшия отырып қалды. 
Тегеурінді қолдар бірақ қоймады. Рамазанды кереует ал ды­
нан жұлып алды. Рәпіш те жан ұшыра қимылдап қоса ұмтылған 
еді, әлдекімнің талмауыр бүйірінен тиген ауыр жұдырығы жер 
еденге мұрттай ұшырды. Одан әрі қаншама тепкі, дүре көргенін 
екеуі де білген жоқ...
Күн арқан бойы көтеріліп, Маян биігінің иығынан көрін ген. 
Ауыл­аймақ түгел оянған. Өріске шыққан бір тұяқ жоқ. Қой­
қозы жамырай шулап, сиыр мөңіреп, қотан үсті азан­қазан. 
Жылқы атаулы бұрынырақ қолды болған тәрізді, саяқ аттар 
түгілі, тай­дөнендерге дейін ерттелген. Ат үстіндегілердің 

93
ШЫҒАРМАЛАРЫ
біразы ұсталған малды иіріп, енді бір тобы үйді­үйден кісі жиып 
жүр.
Қотанға жиналған жұрт «Байқошқар» колхозының қара ата­
нын мектеп алдына жетелеп келіп шөгергенге шекті Қасымбектің 
не ойлап тұрғанын білген жоқ­ты. Қара атанның үстіне киіз жа­
былған соң­ақ әйелдер жағы қыбыжықтай бастады.
– Ойпыр­ай түйеге артып кісі өлтіруді кім шығарды екен?
– Сөйтуден бұлар тайынбайды, бала­шаға шошиды. Қой, ке­
телік! – десіп жылыстай бастаған­ды.
Балаларын жетектеген әйелдер ығыса бастағанда Қыдыш шал:
– Тәйт әрі, тоқта! Таратпа бірін! – деп айқай салып, қаша 
бастаған әйелдерді ат бауырына алып, мектеп алдына қайыра 
қуып тықты.
Сол сәтте екі­үш жігіт тұтқындалғандарды мектеп үйінен шы­
ғарды. Алдымен Шәмел мен Исатайды сүйреп әкелді. Екеуі де 
дүреленген: бет­аузы көкпеңбек, киімдері жыртылған; сөйтсе де 
ширақ, өз аяқтарымен шықты; екеуінің де қолдарын артына бай­
лап, салт аттылардың артына жайдақ мінгізді.
Рамазанды қолтығынан демеп келеді. Шөгерулі түйенің жа­
нына сүйретіп әкеліп, жерге отырғызды. Басын көтеріп, Маян­
ның биік жотасы үстінен жарқырап тұрған күн табағын жаңа 
көргендей сығырая қарады. Төбесінен төнген көкпеңбек аспанға 
да көз қиығын тосырқай төңкерді. Есеңгіреген қалпынан айы ға 
алмай әрең отыр, жалаңаш денесі ертеңгілік салқыннан тітір­
кенгендей жиырыла түсіп, тұс­тұстан өзіне анталап қараған 
көпке сүлесоқ қана көз тастады. Торығу ма, қапылыста ұсталып 
қалғанына қамығу ма, басын шайқап, тісін шықырлатып, 
саусағының ұшымен жер тырнады. «Не үшін, нендей қылығым 
үшін бұл жаза? – дегендей. – Аз­кем білгенімді хал­қадерімше 
бөліскенім үшін бе, ол болса келешектің қамы еді ғой... Ада­
сып тұрсыңдар, ағайын. Кімдердің айтағына еріп, кімге сеніп 
бүліншілік әрекетке бас ұрдыңдар? Осының артын ойласаңдар 
етті?!.»
Іле­шала Рәпішті алып шықты. Оның да бет­аузы көкпеңбек, 
жаңа аршылған жұмыртқадай аппақ денесінің әр тұсына қамшы 
табы түскен, қобыраған шашы арқасына сыймай, алды­артына 
жайылып кеткен. Тәлтіректеген қалпы екі­үш қадам жүре түсті 

94
Медеу СӘРСЕКЕ
де, қолтығынан демегендерді қолымен ысырып, қара атанның 
мінер жағында бүк түсіп отырған ерінің қасына келді.
– Ойпырмай, мыналарда ес бар ма? Екіқабат әйелде несі бар?
– Әйелінің кінәсі қанша?! – деген тағы бір әйелдің ащы үні топ 
ішінен саңқ етті. – Әй, сойқанды содырлар, обал­сауапты неге 
ойламайсыңдар?!.
– Апыр­ай, тым болмаса ауылдан тасаға әкетіп дүрелесе қай­
тер еді?
– Бол, артыңдар түйеге!
Ерлі­зайыпты қос мұңлықты түйенің үстіне қатар отырғызып 
алып, бір әулекі қара атанды жонға сабалап орнынан тұрғызды.
Мектеп алдында ошарылған көпшілік ат үстіндегілерге ожы­
рая қарап, тым­тырыс тұр.
Рамазан сол тобырға түйе үстінен сазара қарады. «Қол­аяғым 
байлаулы қалпымда да сендерден жоғарымын, жалынбай мын, 
сауға сұрамаймын, менің сұрауым алда...» дегендей қайсар жі­
гіттің адуын көзқарасы.
Рәпіш қана затына тартып босаңдық аңғартты. Сірә, бір жылға 
жетер­жетпес уақыт аралас­құралас болған Бақанас жұртына ай­
тары бар сияқты, бадана көзі жасқа толып:
– Не дейін сіздерге, артық­ауыс сөз айтып, ренжіткендей қы­
лығымыз болса, кешіріңдер, бізді кінәлап еске алмаңдар, ағайын!
Ағыбай Жаңабайұлы жақындап келді де, түйенің тізгінін 
қамшылар жақ қарына ілді. Әйелдер жаппай сыңсып беттерін 
басты. Даусын қатты шығара алмай, жең ұшымен бет­аузын 
басып, кейбірі теріс айналып тұншыға жыласты. Еркек атаулы 
үнсіз, дені ат үстінде. Ағыбай қара атанды жетегіне алып жөнеле 
бергенде солардың кейбірі ерер­ермесін білмей, алды­артына 
жалтаңдап қарай бастаған­ды. Манадан бергі ат үстінде үнсіз 
бедірейіп тұрған Қасымбек кенет саңқылдаған ащы үнмен:
– Жалтаңдама, қарайлама артыңа! Түгел барасың! – деп қо­
лындағы қамшысын жоғарыға шолтаңдатты. – Қалып көр, 
шаңырағыңды ортаңа түсіремін!..
Салт атты тобыр ұзап кетсе де мектеп алдындағы бала­шаға 
мен кәрі­жас әйелдер көпке дейін тараған жоқ. Шыңғыс ішіне 
кіре­ақ бір сойқанның боларын іштей сезіп тұр. Бәрі­бәрі ауыр 
күрсінеді, уһілеу де басым. Бәрі­бәрінің тұншыға жылап, аһ 
ұрған күрсінісі: «Бұл кесепаттың арты кімді, қашан және қалай 

95
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шалады? Еркек атаулы ереуіл атқа ер салды. Ал біздің күніміз не 
болады?..» деген түйткілді сауалдың шырмауынан шыға алмай, 
мәңгіп тұрғаны анық.
XV
 Жол ұзақ та ауыр болды. Ереуіл топ Шыңғыстың иір­шиыр 
жота­шатқалдарын бөктерлеп көп жүрді. Тау жолының өр­
қиясына қара атанның мезі шайқағы қосылды. Түйенің әр 
адымы екеуінің де іші­бауырына ине сұққандай болып, ты­
ным тілеген жарақатты денелерін тұтас шаншып азапқа салып 
келеді. Кей уақ осы сапар тез бітсе екен, не көрсек те осы бейнет 
тезірек таусылса екен деп те тілеген­ді. Әсіресе Рәпішке ауыр 
тиді. Тепкіні еріне қарағанда азырақ көрсе де, азабы ауырлау 
соққан сияқты. Тісін шықырлатып, түйе тайпаңдаған сайын 
қинала дыбыс шығарып, шыңғыра жаздап әрең шыдаулы. Рама­
зан қиналса да сыр берген жоқ. Төзіп бақты, тістеніп алған. Кей 
уақ жан­жағына шола қарайды. Көделі шоқылар сұстиып, құзды 
шатқалдар түнеріп, табан асты бұлдырап көрінеді. Кеше ғана, ау­
дан орталығынан қайтып келе жатқанда, тал­шыбығына дейін ән 
салып тұрған дырдулы өлке, думанды тау іші бүгін аса суық, тасба­
уыр райға көшкен. Әнші бұлақтар, гүл толған сайлар алыс жаққа 
көшіп кеткендей, бәрі­бәрі үшті­күйлі жоғалып, көз алдынан 
біржола өшкен сияқты. Құс атаулы қырылып қалғандай, айна­
ласынан ұшқан бір торғай көрінсейші. Ең аяғы мазасыз шегіртке 
де шырылдамай үнсіз жатыр. Қамшылар жақ көкжиектен жал­
қаяқтана көтерілген күн де бүгін жуылмаған әйнектен сыға­
лағандай нұры бұлдырап, ақ сәулесі кір­қожалақтанып көрінеді. 
Шөп басын бырт­бырт үзген түйе табанының жайсыз тырпылы, 
алды­артынан естілген ат тұяғының дүрсілі, әйелінің ауық­ауық 
ыңырсуы – естігісі келмесе де ойын бөліп, ақыл­есін тұқыртып 
келеді. Не деген құбылмалы, тұрақсыз дүние деп те қамығады 
жас жаны. Кеше ғана ән салып тұрған өлке бүгін жым­жырт 
бедірейіп жатыр, өлі денедей қатып қалған...
Ауылдан аттанғанда­ақ «Апыр­ау, бұлар бізге не істемек?» 
деген күмән­күдік Рамазанның ой­санасын шырмаған­ды. Қан 
тілеген содырлардың құрмалдыққа ең алдымен өзін тартарын 
да бірден сезген. Бәз­баяғы «еркек тоқты – құрмалдықтың» 

96
Медеу СӘРСЕКЕ
жорасы етері сөзсіз. Ереуілдеген мына тобыр, әрине, солардың 
дені қосақ арасында босқа жүргендер, күні ертең сол үшін опық 
жейтіні сөзсіз. Сол пенделерге сес көрсету үшін қан төгу ке­
рек. Өйтпейінше бірде­бірін соңыңа ерте алмайсың, әмірің де 
жүре қоймайды. Олай болса... Алайда аяғы ауыр, құрсағы өсіп, 
жүктілік белгісі айқын білінген келіншегін де қалдырмай алып 
шыққан соң басқадай бір желеуге көңілі ауды: «Е, бұлар бізді 
аманат үшін ерткен болды. Қытай шекарасына жеткенше бай­
лап­матап ұстап, қиын­қыстау күн туса – қуғыншы жасаққа 
бізді атап, сірә, өздеріне қорғаныш жасамақ...» деп те ойла­
ды. Ал қуғын боларына титтей де шүбәланған жоқ. Молдаш 
ағайдың, одан да гөрі Әмір Жәнекеұлының тыныш жатпасына, 
қазірдің өзінде Қарауылға, бәлкім Аягөздегі өкімет адамдары­
на хабар беріп, «Аттандап!» айқай салып жүргені анық. Бірақ 
мына топ түстікке емес, күншығысқа бет алып келеді. «Ау, сонда 
бұлар қару­жарағы сайлаулы, қарсы тұрар адамы да мол аудан 
орталығында не бітірмек?..»
Өзіне аяушылық болмайтынын ол бағана, ертеңгілік дүрелеу 
кезінде­ақ сезген. Олай болса, жас жанына сауға тілеп, өзіңді­
өзің бекерге малдандыру қажет емес. Нендей құқай көрсе де 
шыдайды. Әкесі Әбіш Құсайын болыстың пәуескесін тілгілеген 
сойқанын есіне алып отырып: «Ұсталған күні болыстың жан­
дайшаптары аяусыз дүреледі. Мен бірақ ыңқ демедім. Дегізбе­
ген – намысым. Кегім қайтқанын сезіп, сендерден мен күштімін, 
неғылсаң да көтеремін деп шыдап бақтым...» – деп ішінде 
жатқан көкірек сырын бірде балаларына шерткен­ді. Шалыс 
ойдың шалығы ма, сол әңгімені әкесінен кеше ғана естігендей­
ақ есіне сап етті. «Шыда, балам, мейірімсіз жауға осалдығыңды 
көрсетпе!» деп қасында тақылдап тұрғандай құдды. Бағана, 
есін алғаш жиған кезде де қарт әкесі көз алдына елестеп, өзіне 
жұдырығын түйгендей болған. Содан кейін­ақ өшіккен топтың 
көрсеткен қиянатына қыңқ демей, үнсіз көтерді...
Рамазанның ұшқыр көңілі әр саққа ауып, қайдағы­жайда­
ғыны ойлап, кеше ғана басынан өткен қызық­шыжықтарды 
көз алдынан өткізіп, енді бір уақ ойда­жоқта тап болған мына 
сойқаннан құтылар­құтылмасын қинала ойлап, одан да гөрі 
өзімен бірге тұтылған жан жарының мүшкіл халіне алаң болып 

97
ШЫҒАРМАЛАРЫ
келе жатқанда, қара атанның әлдебір сайдың етегінде тоқтап 
тұрғанын аңдады.
Мезгіл шаңқай түс. Шақырайған күн тас төбеде тұр. Бұлтсыз 
аспан жаңа ғана жуылған әйнектей мөлдіреп, төңкерілген қал­
пында қимылсыз бедірейеді. Айнала қоршаған тау сілемі, жота­
лар, қарсы беттегі шоқ қайыңға дейін тым­тырыс.
Қасымбек салт атты топтың алдына шықты да, даусын кенеп:
– Уа, жамағат! Берекелі ел болудан айырылып, ата жолынан 
біржола айнып, таусылдық па деп қамығуда едім, қателескен 
екемін. Қателескенімді бүгін білдім. Ат суытып, ат жалын тартып 
мінген сәтте қолдағаныңа Алла разы, мен емес, мына Қарабала, 
Санияқас, Қыдыш емес, баршамыздың жебеушіміз – ұлы бабалар 
аруағы разы. Аумин!.. – деді қолын жайып.
– Аумин! Өзің жебе, бабалар әруағы!
Жамыраған қозыдай үннен тау жаңғырықты. Аттар да 
елеңдеп, құлағын қайшылап, жер тарпып қозғалақтап қалды. 
Сойылдар сарт­сұрт соғылып, бір­біріне серт айтысқандай, шақ­
шұқ үндесті.
Рамазан басын шайқады. Рәпіштің әлденеден сескенгені анық
есі қалмай шулаған әңгүдік тобырға шошына қарады.
– Басымыз қосылды, баяғымыз қолымызға қайта оралды. Осы 
бірлігіңнен айырылма, бас жарылса – бөрік ішінде. Ал, қане, 
жігіттер, түйені шөгеріңдер...
* * *
 – Өзіңіз ежіктеп отырған кісімен кездескіңіз келе ме? – деді 
кенет Семей қаласының заңгері.
Сенейін бе, сенбейін бе? Мосқал жастағы заң бақылаушыға аңы­
ра қарағаным есімде.
– Иә, Солтабаевты айтамын. Кездесем десеңіз, шақырып бе­
ремін...
– Солтабаев тірі ме?! Қайсысы? Әлде сіз қалжыңдап отыр­
сыз? Сол дүрбелеңге қатысқандардың бәрі дерлік опат болған. 
Ал ағайынды Солтабаевтар – 1931 жылғы бүлікті ұйым дас ты­
рушылар...
– Кездескіңіз келе ме? Солтабаев Қасымбек тірі... – деді заңгер.
– Келгенде қандай!
7­246

98
Медеу СӘРСЕКЕ
Кабинет иесі алдындағы күнтізбекке әлдене жазды да, маған 
жымия қарап:
– Ертең, жоқ, бүрсігүні, түс ауа келіңіз. Қасымбек Солта­
баев қалада болса кездестіремін. Не сұрайсыз, әбден ойланып 
келіңіз...
...Қасымбек отағасы кабинетке еркін кірді. Тосын шақыруға 
үйренген тәрізді. Жүзі суық, қарасұр өңді кексе. Мұрты қоғалы 
жердің түгіндей қаулап өскен, сақалы да бірнеше көсеге қарыз­
ға бергендей мол, қалың қабағы салбыраңқы. Жасы жетпісті 
еңсергені бетін шимайлаған әжім іздерінен көрініп тұр. Денесі 
тік, еңкеймеген. Жүрісі нық, қимыл­қозғалысы да ширақ. Тек 
көз жанары солғын, бұлыңғыр көре ме, әлде бұқпантайы бар ма, 
адамға тура қарамайды.
Сол күнде жиырманың шебінен жаңа асқан кезім, бойым­
ды кенет беймәлім діріл биледі. Рамазан – Рәпіш хикаятының 
ізін шалғалы қарсымда отырған кексенің әккі мінез­құлқы, 
бұқпантай қарекеті жайында аз­маз мағлұматым бар­ды. Кім­
кім, Қасымбек отағасының тап өзін ойда­жоқта кездестіремін деп 
сірә да ойлаппын ба? Мысы басты білем, ә дегенде көкейімде сай­
рап тұрған сауалдардың бірде­бірін сұрай алмай, қыбыжықтап 
отырып, денсаулығы мен тұрмыс күйтін ежіктедім. Қас­қабағы 
қату кексе ақырын ғана:
– Қарағым, менің тұрмыс күйтімнің саған керегі қанша? 
Біреуден ілгері, біреуден кейін тіршілігім бар. Өзіңе керекті, – 
деді.
...Он бес жыл ұдайы жалған құжатпен өмір кешіпті. Бастапқы 
кезде бір жерде толық бір жыл байыздап тұра алмай, Қазақстаннан 
жырақта, Сібірдің кең­байтақ түкпірін паналапты. Содан 1946 
жылы Алтай өлкесінде ұсталыпты. Семейге әкелініп, ақыр 
аяғында дүйім елді зор науатқа ұрындырған қылмысы үшін сот 
алдында жауап беріп, со күнде ең ауыр деп есептелетін 25 жылды 
арқалаған. Он жыл отырыпты. Егде жасына байланысты қалған 
жылдарына кешірім алып, сол сапардан жуықта Ертіс жағасына 
аман­есен оралған.
Енді, міне, 27 жыл бұрынғы (Қасымбек Солтабаевпен мен 1958 
жылдың ақпан айында кездестім) шерлі оқиғаны есіне түсіріп, 
деректі хикаят авторына күңгірт болып жүрген кейбір жайттарға 
түсінік беруге тиіс. Әрине, айтқысы келсе...

99
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күдігім шындыққа айналды. Күмәнді оқиғаларды ежіктеп 
есіне салсам да кәрі қырқылжың елікпеді. «Иә, солай, өзің де 
біліп отырсың...» – деп ұзақ әңгімеге түспей, жетелеген сұрағыма 
қысқа ғана жауап беруден жаңылмады. Дүрбелең күндердің 
оқиғасын есіне алуға құлқы жоғы бірден­ақ мәлім болды. Мен де 
бірақ райымнан қайтпадым.
Міне, сол кездесуде қойын дәптеріме түскен жазбалардың 
үзігі...
АВТОР: Ерлі-зайыпты Әбішевтер туралы не айтасыз? Сіз 
үшін екеуі де кездейсоқ қыдырма емес.
СОЛТАБАЕВ: Қаншама уақыт өтті, не жайын сұрайсыз?
АВТОР:  Жүріс-тұрысы, білім деңгейі, мінез-құлқының көзге 
түрткен ерекшелігі?
СОЛТАБАЕВ: Не деуге болады, екеуі де қылшылдаған жас. 
Әйелі сыпайы, өңі бәденді жан еді. Сіз Рәпіш деп отырсыз. Біздің 
ауыл оны Рәш деп атады. Күйеуіне қарағанда денесі сүйектілеу 
еді, бойшаң. Күйеуі мазасыздау, тиыш отыруды білмейді. Қайда 
барса да зыр жүгіріп жүреді. Сере қарыс дудыраған шашы болды, 
кәмсамал бала атанды...
АВТОР: Рамазанның өзімен жаулығыңыз болды ма?
СОЛТАБАЕВ: Жоқ.
АВТОР: Әйелімен ше?
СОЛТАБАЕВ: Жоқ. Қатын-қалаш оған үйір болды.
АВТОР: Сөйтсе де қантөгіспен аяқталған ерегес неден өрбіді?
СОЛТАБАЕВ: Беу, шырақ, неден дерің бар ма? Ол уақытты 
білмейсің, сен түгілі, тісі шыққан біз де аңдай алмадық... «Мал 
ашуы – жан ашуы!» деп, жан сақтап отырған азын-аулақ малды 
берген соң тәуекелге көз жұмып, атқа міндік. Не шықты содан? 
Текке опат болатынымызды болжаппыз ба? Біздікі қараңғылық 
болсын, сол қырғыннан аман қалған бала-шаға, қырдағы қалың 
елдің кінәсі немене еді, келер жылы не күйге ұшырады? Көбінің 
сүйегі көмусіз қалды.
АВТОР:  Сонда қалай, белсенді атаулының бәрінің де көзін 
жоймақ болдыңыздар ма? Мектеп ашып балаларыңызды оқыт-
қан, өздеріңізге «Саужой» сабағын жүргізген жап-жас екі мұға-
лімнің кінәсі бар ма еді?

100
Медеу СӘРСЕКЕ
СОЛТАБАЕВ: Олар енді оқуын түгендеп тиыш отырған жоқ.
АВТОР:  Қолға түскен комсомол мүшелері Әбішевтер ғана 
емес, көбірек болыпты. Ал ауыр жаза тартқан ерлі-зайыпты 
екеуі ғана?
СОЛТАБАЕВ: Көпшіліктің қалауы солай болды. Бәрі де жаз-
мыштан...
АВТОР:  Екеуі де сіздің ауылға алыстан келгендер. Былай-
ша айтқанда, құн сұрайтын іздеушілері жоқ. «Кірменің құны 
сұраусыз» деген үкімді сіз айтыпсыз.
СОЛТАБАЕВ:  Айтаққа ергендер емес, айтақтап жүргендер 
ғана жазалансын дегенбіз.
АВТОР: Сол себепті ауыл жастары жеңіл дүремен құтылды. 
Солай ма?
СОЛТАБАЕВ: Өз қолыңды өзің кесесің бе?
АВТОР: Коммунистерді ше?
СОЛТАБАЕВ: Бірде-біріне аяушылық болмасын дегенбіз.
АВТОР: Дүрбелеңді «Бақанас» пен «Байқошқар» колхоздары-
нан бастапсыздар. Ол екеуінде қанша адам атқа мінгенін ша-
маладым. Көп болса жүз кісі. Сол күшпен аудан орталығының 
іргесіндегі «Қарауыл» колхозына неге келдіңіздер? Бұл ауылдан 
сіздерге ешкім қосылмаған. Сойыл, айбалта, шоқпармен аудан 
орталығын қалайша алмақ болдыңыздар?..
СОЛТАБАЕВ: Ала алмадық, аудандағылар қамданып үлгерді...
АВТОР: Әлде басқа ауылдарды да көтермек пе едіңіздер? 
СОЛТАБАЕВ:  Аудан орталығын алсақ, басқалары өздері-ақ 
көтеріледі дегенбіз. Есептен шатастық. Құдай жөні тұп-тура 
Қытайға тарту еді.
АВТОР:  Әбішевтерді құрмалдыққа шалуды ту баста кім 
ұсынды?
СОЛТАБАЕВ: Кім дерің бар ма, тағдырдың жазуы солай бол-
ған соң...
АВТОР:  «Қан төкпей жұртты еліктіре алмаймыз, бізге қа-
лайда бірер құрмалдық керек» деген ойды сіз айтыпсыз.
СОЛТАБАЕВ: Есімде жоқ. Ол бір жаппай ереуілдеген күн еді. 
Айтсам да, айтпасам да – олардың қазасын сот ағасы маған 
артты...

101
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
– Түйені шөгеріңдер!
Қара атан бірер мәрте бақ етіп тізесін бүкті.
Рәпіш көзін ашып, алды­артына қарады. Көз жанарына ең 
алдымен арбиған сом жартас ілікті. Тік шаншылған бұжыр 
беті қап­қара болып сұстиып тұр. Одан соң жартас сыртындағы 
оқшау тауды көрді. Екі қанаты көтеріңкі, аспанмен астасқан үсті 
көкпеңбек, қолдың саласындай жиі өскен көкжасыл ағашпен 
әдіптелген. «Апыр­ай, мынау?..» Рәпіш кенет оң жағына қарады. 
Ирелеңдеген тау жолы қағазға түскен қара сызықтай баттиып 
көлденеңдей қалсын, тік шаншылған құлама тұсын да анық көрді. 
Бұл қай жер деп ой түйгенше түйе жерге шөкті. Сонда ғана Рәпіш 
табан астындағы ылдиға көз тастады. Сөйтсе, былтыр өзі жүгіріп 
жүріп гүл теретін алаңды таныды. Сары гүлі, қызыл гүлі, ақ гүлі 
толқыған, былтыр күзде көкжасыл келбеті өзін толқытқан гүлді 
алаң. «Енді не сый тартпақсың? Күні кеше гүліңді теріп, жұпар 
иісіңді жұтып едім, енді бүгін не сый көрсетпексің?..»
Екі жігіт кенет өзін әлдеқайда сүйрей жөнелді. Жайқалып 
тұрған гүлді алаң аттылы­жаяудың шұбырынды ізінен әп­сәтте 
жүн сабайтын тулақтай болып, дода­додасы шықты. Түйеден 
түсірілгенде Рамазаннан көз жазып қалған еді, алаң ортасында 
қайта табысты. Оны да осы жерге әкеліпті. Қолы бос. Тізерлеп 
отыр. Өзінің де тізесін бүктіріп, күйеуімен қатар отырғызды.
– Ау, жамағат! Мына отырған Әбіш баласын неғылсаң да 
бізге келе гөр деп шақырғамыз жоқ. Молда бол деп те бұл немеге 
құзыр­мәзір жалынған емеспіз. Өздері келді, мұндай кезбелерді 
бұрынғылар кірме дейтін. Демек, екеуінің де құны – сұраусыз... 
Кірме адам жусаннан биік, көдеден аласа болып тірлік етсе керек­
ті, айдауға жүріп, айтқанға көніп жан асырар еді. Бұл шіркіндер 
әлін білмей әлек болды. Ата салтымызға қол сұқты. Мектеп деп 
үйімізді алды, бала біткенді діннен бездірді, некелі әйелімізге 
байыңды таста деп азғырды...
Санияқас сәл бөгеліп тамағын кенеді. Іле­шала аттылы­жаяу 
топқа зәрлене қарап:
– Кәмсамал деген қызыл пәлені шығарып, бала­шағаны бұ­
зық жолға тартқаны үшін, кеңес қызметіне белсене кірісіп, бас 
болғаны үшін... Әбіш баласы Рамазанды лауазымы бойын ша, 

102
Медеу СӘРСЕКЕ
мұғалім атанған, партиялығы – кәмсамал, кәпірге сатылған 
дінсізді... атылсын деп ақсақалдар соты төрелік қылды. Қане, 
осыған қол жайып, бата жасалық.
– Әумин!
– Дұрыс! Атылсын!
– Аяушылық болмасын!
Ақсақалдар үкімін Рамазан бедірейген қалыпта тыңдады. 
Еңсесін тік ұстауға тырысып, өзіне ұрлана көз сүзген тобырға 
сүлесоқ қарап тым­тырыс отыр. Көбін жазбай таныды. Кеше 
ғана алдынан сабақ алған пақырлар. Әріп үйрет деп аузына 
қарап телмірген көп. Ежіктеп кітап оқығанды қызықтап, өзіне 
еліктеген момын жандар. Енді, міне, қыс бойғы еңбегі зая бо­
лып, желге ұшқан. «Әттең, не дейін, ертең не күйге түсерін ой­
ламайтын аңғал жұрттың кеспірі». Кейбірі жүзіне тура қарауға 
дәті жетпей, көрмегенсіп сырттап жүр. Әрине, қу жанынан 
қорқып ерген. Оспадар топ кімді аяйды? Бір сәтте көзі Мон­
танмен ұшырасып қалды. Астында оқтаудай жіңішке құнан. 
Қасында өзіне ұқсаған жирен мұрт, қауға сақал ақсары шал. 
Сірә, әкесі. Танымады. Байқауынша, сырттан қосылғандар – 10­
15 жан. Солардың біразы қарулы, мылтық асынған, аттары ішін 
тартқан, сірә, жаратылған тәрізді. Демек, еру болуға күні бұрын 
қамданған. Іштен кезенсе бірі, сырттан да қосылғандар аз емес. 
Соларға қарсылықсыз ерген момын сорлыларды айтсаңшы...
– Қаржауұлы Шәмелді – керей бөлтірігі, бөкенші Исатай 
Бозайұлын... – деп дікілдеді Санияқас, жұрт сілтідей тынып ты­
ныш тұр. Байлаулы жатқан жасөспірімдер жерден басын көтеріп 
алды. – Айыптарын бетіне басып, Алла жолынан адасқаны үшін 
елу қамшы дүреге жығылады. Алла жолы мен қасиетті Құранды 
тәрк еткен баршаның ендігі жазасы осы болмақ. Әумин!
– Әумин!
– Е, бәсе, бүйткені жөн болды.
– Не дегенмен өз күшігіміз. Елу қамшы да жап­жақсы сабақ!
Алаңдағы атты тобыр тағы да улап­шулап, айқайға басты. 
Бірінің бауыры, бірінің балдызы салауат болғанына ризалық 
білдірген сиқы...
Санияқас қамшысын көтерді. Сірә, әлі де айтары бар. Пы­
сықтық көрсетіп тұрған кексеге күптене қараған Рамазан ат­
қамінер шалдың дырау қамшысы көтеріле беріп, сылқ төмен 

103
ШЫҒАРМАЛАРЫ
түскенде жерге түкірді. Жүйе­жүйесі ине сұққандай шымырлап 
қоя берді. Көзін Ақбайталдың ұшар басынан айырмай, мөлие 
қарап, тік кезеңмен қоштасқандай болып, беймаза күй кешті.
«Мойнына екеуінің арқан тағып,
Қос аттың құйрығына байлап алып...»
  
 Соны айтты ма, жоқ, мәңгіп тұрғанда есіне «Жолсыз жаза­
ның» жаттанды шумағы кездейсоқ оралды ма, аңғарған жоқ. 
Әйтеуірі жаны түршігіп, келіншегіне үрейлене қарады. Рәпіш 
ештеңе естімеген, ештеңе естігісі келмеген кісідей ернін жымқыра 
тістеп, төмен қарап тұқиып отыр. Тұнжыраған түрі бәріне де 
көнгендей, не азап болса да көтергендей қату райға ауған.
– Әбіш келіні Рәш кірмеден қалған қыдырма, құны сұраусыз 
деп жарияланады. Кәне, қайсың жіп тағасың?
Мұндай жазаны екеуі де күтпеген­ді. Күткендері рақымсыз 
қаза болатын. Қапелімде не дерін білмей, бір­біріне жаутаңдап 
қарады. Рамазан «Көрешегің әлі алда, жан жарым. Көн дегеніне, 
бір апта азапқа шыдасаң, арғы өмірге көндігесің. Елдегі туыстар­
ды табасың...» дегендей жалбарынумен үздіге мөлиді. Рәпіш те 
«Не дейсің? Сенсіз көрген өмірде нендей мән болмақ? Қалмаймын, 
бірге көрем. Қол ұстасып туған елден бірге шыққанда­ақ не 
көрсек те бірге кешеміз деген уәде қайда, біз соны жүрек ділімен 
айтқанбыз...» деп қатулана қарады, сөзбен емес, көз нұрымен 
жалбарына білдірді.
Дүрліккен тобыр бір­біріне шошына қарап, мына кесікке 
таңданыс білдірісті.
– Бұнысы несі?
– Сонда бізге өшетелдің сұлуын қатын қыл дей ме?
– Өй, алып қал, қатынның кәмсамал болса дүние түгел. Өзі ай­
дай сұлу. Ішіндегі шаранадан бүгін­ақ құтыласың, сен емес, өзі... – 
Бір әулекі қарғаша қарқылдады.
– Кәне, жіп тағарың бар ма? Бол, тез! – деп тақылдады 
Санияқас. Ешкім үндеген жоқ. Бүлікші тағы да даусын кенеді. – 
Таңдау жоқ қой, шынымен жоқ па?.. Ал, онда өкінбеңдер, – 
деді, – тап осы сәттен бастап Әбіш келіні Рәш – менің иелігімде, 
қаласам – қатыным, қаламасам – құтаным. Алып шық былай!
– Бәсе, Сәкең босатпаса керек еді.

104
Медеу СӘРСЕКЕ
– Жарайсың, кәрі қырқылжың!
– Іліп түсті, әй, қырғи өзі!
Рамазан түрегеле беріп, әйеліне қинала қарап: «Қош, жа­
ным!» – деді ақырын ғана. Одан арғы сөзін ішінде тұншықтырды. 
«Сенің Санияқасқа тоқал болмасыңды білемін. Оның сені тоқал 
қыла алмайтыны және айқын. Мынасы – бізге жасаған қоқан­
лоқысы. Қайтесің, көнесің енді. Құрсағыңдағы нәрестені аман­
есен тууды ойла. Бір емес, екі жанның тағдыры мойныңда 
сенің...» демек еді. Бірақ соны тілімен емес, көз сұсымен шеге­
леп, қатулы кейпімен де сездіре айтты.
Рәпіштің қалауы бірақ өзгеше болды. Қату қалпында сазарып 
тұрып:
– Арызым бар, ағайын, қу жаныма сауға сұрамаймын, бір 
ауыз арыз айтуға рұқсат етіңдер! – деді алдындағы көпке түнере 
қарап.
– Әй, мынаның тілі шығайын деді. Кесер ме еді!
– Айтсын!
– Айтсын, тыңдалық!
– Мына қатын қасқыр екен.
– Айт шапшаң! – деп дүрсе қоя берді Қасымбек.
– Сендер сыйлаған қорлық өмірдің маған керегі жоқ! Мен 
саған әйел болмаймын, Санияқас мырза, сен де мені қатын ете 
алмайсың. Еркек болсаң, мені құдай қосқан қосағымнан айыр­
ма. Өлтіреді екенсің, бірге жайрат!.. – деп мөлдіреген қарақаттай 
көзін Санияқастың тұздай тұнжыр суық көзіне тура қадап тай­
салмай сөйледі. 
– Өй, ақымақ қатын. Ақымақ қой мынау.
– Ажалыңа ара тұрмақ болған Сәкеңе мені өлтір дейді.
– Сорлы­ау, қайта қуанбай ма!
– Ештеңе етпейді. Тоқалдың бәрі жылап келіп, үйрене келе 
күлетін болады. Ана жақта да керегі болады, арыз­марыз деп от­
татпай, әкету керек.
– Әкету керек байлап­матап!..
Рамазан шарасыздығына налып, санын соқты. Нәзік деп 
жүрген қосағының әлгі сөзіне жан­жүйесі елжіреп: «Риза­
мын, Рәш! Ризамын!..» – деп, әйелінің білегінен ұстап, әрлі­
берлі сипады. Сол мезетте көк желкеден бүрген әлуетті бір қол 
өзін әлдеқайда сүйрей жөнелді. Қош деуге де мұршасын кел­

105
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тірмеді. Аспан төңкеріліп, жер аунап бара жатқандай. Ақбай­
талдың шалқақ жотасы кенет көз алдында жан біткендей би­
леді. Шымылдық тауының іргесіндегі қара жартас жақындай 
түскендей зорая берді.
Анығында оны бірнеше жігіт жабыла сүйреп келе жатқан­
ды. Ақыры жүзін жартасқа бұрып, бірнеше қадам кейін шегініп 
кетті.
Рамазан мұғалім өмірмен қоштасар сәт жеткенін сезді.
«Әйтеуір аяушылық жоқ екен, мен де аянбайын. Арымды 
ту ғып ұстап, комсомол атымды ақтап өлейін. Тым болмаса жа­
уымның жүрегі шайлықсын! Толқуда жүргендер болса, бәл кім, 
тәлім алар. Тура төнген ажалдан қашқанда жаным қала ма, 
қайда қашамын? Одан да қасқайып тұрып жан бергенім жөн бо­
лар. Табымның намысын сатқанша, табымның арын қорлағанша, 
жер жастанайын!» деп ойлады қыршын жас. Бәлкім, басқа бір 
ойда болған шығар... Қалайда теріс қарап тұрып өлгісі келмегені 
анық. Бетін көпшілікке бұрып, сұстия қарады. Бойын түзеп 
тұрды да:
Мен жалғыз емеспін, жауыздар! Мен сияқты комсомол 
мүшесі мыңдаған! Мені атып жыққанмен, миллионды құрта 
алмайсың! Ал ат! Аянба! – деді даусы жеткенше айқай салып.
Санияқас бір тізерлей отыра қалып мылтығын көздеді. Сол 
сәтте ту сыртынан шыңғырған әйел даусы естілді.
– Әй, Сәке, мына жас тоқалыңа қой десеңші.
Қаскөй қарақшы артына бұрылып:
– Әй, біреуің ана қатынды бері таман әкеліңдерші, – деді.
Сақалды екеу шашы қобырап, дода­дода болған Рәпішті дір­
дектете сүйреп келді.
– Ал, кәне, бел­сен­ді кәмсамал қаншық, екінің бірін таңда: иә 
мен, иә өлім. Мен десең – атың дайын, мін де ауылға қайт; өлуді 
тілесең – байыңның қасына бар!..
– Еріммен бірге өлемін! – Қолтығынан демеп тұрған екі жігітті 
итеріп тастап, жіті адымдап күйеуінің қасына барды. Барды да, 
Рамазанды қапсыра құшып тұрып:
– Мұрсат болса, бір тілегім бар, ағайын, – деді.
Санияқас мылтығын кезініп, қарауылға ілінген сәтте шүріп­
пені тартып қалуға ыңғайланған.

106
Медеу СӘРСЕКЕ
– Әй, Санияқас, айтқыз тілегін! – деп әлдекім топ ішінен же­
кіре үн қатты.
– Еңлік – Кебекке де үш тілек айтқызған.
– Айтсын сорлы мұңлық!
– Жә, шуылдама! – деп жекірді Қасымбек.
– Менің сөзім, Төлеген, сенде, бері жақында, – деді, – адасып 
қосылдың ба, қу жаның үшін ердің бе мына топқа, сөйтсе де ақтық 
сөзімді саған айтамын. Ұқтың ба, күні ертең біздің құн сұралып, 
жауап ұстар күн туғанда Асылбек жолдасқа жеткіз менің ақтық 
тілегімді: екеумізді айырмасын, бір қабірге жерлесін!..
– Жағың қарысқырдың үмітін.
– Жаңа заманның Еңлігі мен Кебегі туды деңдер...
– Ал, өшетел, сенің де айтарың бар ма? – деді Санияқас.
Рамазан басын шайқады. Кебектің еліне сәлемі деп жария 
болған, осы жақта кең таралған, «тобықты қаталдығынан танба­
сын» деген қату сөз көкейінде сайрап тұрған­ды. Бірақ айтпа  ды. 
Бұл шуылдаққа уытты сөз әсер етпейтінін, қаперіне дәл қазір 
ештеңе кірмейтінін, суда ойнаған иірімдей із­түзсіз жоғалып 
кететінін білген соң да үндемеді. Ақбайталдың ұшар биігінен бас­
тап, төменгі етегіне дейін назарын тіге бір қарады да, мелшиген 
қалыпта тұрып қалды. Ажал емес, опат емес, аяулы бір арман 
жетегіне түсіп, соны ғана қиялдап тұрғандай. Келіншегі болса 
тарқатулы шашын жия алмай, өзіне жұтына қараған еркектер­
ден қымсынып, күйеуіне жабысқан қалпында құлап түсуге шақ 
тұр.
– Әй, болсаңшы! – деді Қасымбек зілмен.
Санияқас шиті мылтығының шүріппесін тартты. Тау іші 
қосарлана дүңк етті. Тау­тас жаңғырығып, дөң мен дөң бір­
бірімен тілдескендей маңқ десіп жауап қатты да жым болды. 
Ақбайтал ұйықтап кеткендей сұлық жатыр. Шымылдық зәресі 
ұшып қорыққан жандай сұстиып тұр. Құс атаулы қанат қақпай 
бір орнында сілейіп, жүгірген аңдар қалт тоқтап қалған сияқты. 
Аттар құлағын жымқырып алған. Шағын алаңдағы адамдар 
ғана, сірә, әлі де ештеңе ұқпаған сияқты, даң­дұң үнмен жарыса 
дабырласты. Қорқаулық, әлде даңғазалық нышаны?..
– Тірі әлі.
– Өшетел өлген жоқ.
– Әне, қараңдар, аяқ­қолы қозғалып жатыр.

107
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Рамазанның тірі екені рас болды. Шитіден екпіндеп шыққан 
жалғыз оқ ерлі­зайыпты екеуін екі жаққа сұлатып салғанмен, 
талмауыр жерден тимеген сияқты. Рәпішті бірден сұлатып, Ра­
мазанды жаралап кеткен. Сәлден соң ол көзін ашты. Жер бауыр­
лап, оқ тиген кеудесін бір қолымен қатты қыса жылжып келіп, 
әйелін құша құлап, ақырын ғана ыңырсыды. Жарының қабірде 
де бірге боламыз дегенін жадында сақтаған. Әлде аз уақыт бол­
са да құшағы айқасып, мауқын басуды қажетсінді. Әйтеуір сол 
сәтте жан жарының қасынан пана іздеп, мойнын құша құлағаны 
анық.
Дабырлаған үндер қайыра естілді.
– Қап, обал болды сорлыға.
– Көздеп несі бар, кеудесіне тіреп атпай...
Қаңқу сөздің көбейгені Санияқастың зығырданын қайнатты. 
Енді не істерін білмей, артына жаутаңдап қарады. 
Қасымбек те соған ақыл тауысып тұрған­ды: былтыр күзде осы 
екеуіне лаушы боп делбеде отырғаны есіне кенет сап ете қалды; 
екеуінің жол бойғы ашық­жарқын күлкісі, осы арада гүл теріп, 
иә­иә, ылдиға түсерде, анау ыңырсып жатқан Рамазанның өзін 
кекеткені, өктем үнмен баса­баса сөйлегені... 
Бәрі­бәрі қаз қалпында, кеше ғана естігендей есін алып, көзіне 
қан ұялатты. Екеуі сол сапарда өзіне не істемеді? Бейсен қыртты 
еліктіріп, өздері де айдалада ән салып, төбесінде ойнақтағандай 
басынғанын қалай ұмытады? 
Иә, төрдегі шарадай басын аяқасты еткенін сірә да ұмытпас. 
Жо­жоқ. Сонда тұтанған кек шемен болып көкейінде ұялап қал­
ған­ды. Енді несіне аянсын...
Жарақатын ауырсынып ыңыранған мұғалімге қарағанда­ақ 
ол бұл екеуіне санаулы оқты шығындағанымыз қате болды деп 
өкінген­ді. Іле өктем үнмен:
– Әй, Ағыбай! Байла мыналарды қара жорғаның құйрығына! 
Тірісінде қызығын көрген өз аты, жан берерде де көрсін. Жаңа 
арман еткендей болып еді, жетсін арманына! 
Еңлік – Кебектен сорлы ма, тарт екеуін де!
*
 – деді.
*
 Тағылық пен мейірімсіздіктің асқан түрі дерлік осы жазаны автордың ойдан 
қиыстырмағанын ескерту парыз, архив деректерінде солай жазылған, шерлі оқиғаны 
жадында сақтаған көнекөздер де солай дейді. 

108
Медеу СӘРСЕКЕ
Ағыбайға бұйрық етсең болды. Басқаны ол тілемейді, ал бұй­
рықсыз қия баспайтын әңгүдіктің өзі. Қазір де ол екі айтқызған 
жоқ, не істеп тұрмын деп ойланған да жоқ. Қара жорғаны қос 
өкпеге тебініп қос мұңлықтың қасына жетіп барды да, қыл шыл­
бырын жүгеннен ағытып жердегілерге лақтырды. Топ ішінен 
біреу екі жастың айқасқан құшағын шылбырмен бекітіп мойын­
дарына ілді де, жіптің екінші ұшын қара жорғаның құйрығына 
мықтап байлады.
Сауырына дырау қамшы тиген жануар бүкең­бүкең желіп 
кете барды...
Шыңғыстау ауданының ОГПУ бастығы Абзал Қарасартов осы 
оқиға жайында академик Е.А. Бөкетовке 1978 жылы мынадай 
естелік айтқан:
«БӨКЕТОВ: Қай күні бұл сонда, сентябрь айы ғой?
ҚАРАСАРТОВ: Сентябрьдің 3-інде ауданға шапқаны...
БӨКЕТОВ: Анау отрядты август айында жіберген бе?
ҚАРАСАРТОВ:  Августің аяқ кезі. Мен тура шынын айтып 
отырмын. Бұл әңгіме қалай туғанын, қалай болғанын. Өйткені 
КГБ-ның архивінде осының бәрі бар ғой. (...) Шыңғыстың 
ішінен Қарауыл өзенінің бойымен шыға келген бетінде... өзен-
нің бергі алқымында... бір колхоз бар, «Қарауыл» колхозы. 
Сол колхоздың ішінде председатель Какарти (сірә, РКИ­дің 
бұрма ланған атауы – М.С.), Семейдің атақты ұстасы, төменнен 
жоғарылатылған жұмысшы. Мен отрядтар ұйымдастырып 
жатқанда үйінде жоқ еді. Арқат, Орда жақтағы колхоздар-
да шөп дайындатып жүр ген. Астында өзінің 10-15 бәйге ат-
тың алдынан келген бозжорға (сұхбаттың бір жерінде осы 
атты А. Қарасартов торжорға деп атайды – М.С.) аты бар. Және 
жетегінде қаратөбел бәйге аты бар. Сол екі атымен келіп, таң 
алдында үйінің белдеуіне байлап... жата қалған ғой. Сонан соң 
«Абзал, Абзал!» деп таң ата, мен кабинетте отыр едім, шауып 
келді. Менің енді өз адамдарым бар ғой жан-жаққа қойған.
БӨКЕТОВ: Бірақ енді сезіп ұйықтамай жүрсіз ғой?
ҚАРАСАРТОВ: Дүйсетай деген шауып келді. «Ойбай, тобарыш 
начальник, Шыңғыстың ішінен қарақұртша қаптап, айқай-
шу, ауданды алайын деп жатыр!..» Сонда олар ауданға кірмей... 
Шалабаевты үйінен алған ғой. Олжабайдың аттары кісінеп, 

109
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұрмаған. Қарғиды ғой, үйін құлататын болып. Сол кезде жан 
ұшырып түрегелгенде қаптап келе жатқан дауысты естіп, жел 
сол жақтан, қолында маузер мылтығы бар, бізден алған. Соны 
ұстап, есігінің алдындағы өзен жарына түсіп, тығылып, көз ал-
май қарап отырған. Сол жерде аналар келіп ұстаған. Ұстаған 
кісі – ...Қарабала деген біреу балтамен... шапқылап өлтіреді.
БӨКЕТОВ: Маузермен қайрат жасай алмады ғой, шамасы?
ҚАРАСАРТОВ:  Тек қолына ұстап отырыпты, қарақұртша 
қаптаған көпке не істейді? Бір атар, екі атар, одан басқа... Сол 
кезде балтамен шапқылап өлтірген...
БӨКЕТОВ: Ауданнан екі-үш шақырым жерде ме?
ҚАРАСАРТОВ:  «Қарауыл» колхозы 2-3 шақырым жерде. 
Кірпіш зауыты бар-ды. Кәдімгі кірпіш күйдіретін, соны басып 
алады, бер жағындағы потребсоюзды алып, тонап жатты. Со-
сын мен қасыма... адамдар ерттім де, ортада бір жалғыз бейіт 
бар еді, соған жеттім. Біраз атыстық, бір гранат лақтырдым...
БӨКЕТОВ:  Екі отряд лағып кетті, шамасы, адамдарыңыз 
жоқ қой. 
ҚАРАСАРТОВ: Семейден келген военкоматтың комиссиясы 
бар-ды, бір жағына солар ие болды. Олар 5-6 кісі... бір жағына өзім 
шықтым. (...)
БӨКЕТОВ: Гранаттан қорықты ғой?
ҚАРАСАРТОВ:  Иә, бутылкообразный ручной гранат, оның 
даусы жаман болды. Сонымен олар тойтарылды...»
Аудан орталығын ала алмаған соң бастапқы өрепкуі әп­сәтте 
басылған тобыр тау ішіне шегінуге мәжбүр болады. Шұбартау 
ауданында бір мезгілде бас көтерген Мырзаш тобы да мардымды 
ештеңе бітіре алмай, темір жол бойындағы Аягөз қалашығынан 
жедел аттанған әскери отрядтан ығысып, сірә, Шыңғыстың қалың 
жыңғылын сенімді көрген бе, олар да Бақанас пен Байқошқар 
өзендерінің бойын сағалапты. Сол қарсаңда Семейден көмекке 
келген әскерилермен күшейген Қарауыл тобы да ереуіл топты 
өкшелеп соңына түседі. Бірнеше дүркін қояма­қолтық атысқан 
да (Сол қақтығыстарда қанша адамның науат болғаны жайында 
нақты дерек жоқ. Үкімет адамдары, әскерилер де бұл жайында 
артық­ауыс ештеңе айтпаған. Ал тау ішінде оққа ұшқандардың 
өрен­жарандары да өз жағдайларын ойлап ешқандай сұрау сал­

110
Медеу СӘРСЕКЕ
маған. Сірә, жазалаушы отрядтан қорыққан). Қысқасы, екі жақ­
тан құрылған тосқауылдан құтылуға жол қалмаған соң, өз елі, 
өз жерінде қашып­пысқан ереуілшілер кешірім тілеп, тізе бүгуге 
мәжбүр болады...
Қасымбек Солтабаевпен 1958 жылдың ақпан айында болған 
сұхбаттың жалғасы:
АВТОР: Енді бір сұрақ, отағасы.
СОЛТАБАЕВ: Сұра, не жайында?
АВТОР:  Алды-артыңыздан қуған әскерилерден қалайша құ-
тылдыңыз?
СОЛТАБАЕВ: Шыңғысты көрген боларсың, үш-төрт күн жүр-
сең таусылмайтын кеңқолтық тау. Туған жерім, тау-тасы 
пана болды.
АВТОР: Оныңыз әншейін сөз, Қасеке.
СОЛТАБАЕВ: Иландыра алмадым ба?
АВТОР:  Санияқас та, Қыдыш та, Қарабала да, Ағыбай да
өзіңіз айтқандай, Шыңғыста туып, Шыңғыста өскен. Солардың 
бірде-біріне ақар-шақар Шыңғыс пана болмаған. Ақыры сонда 
ұсталып, бәрі де жер жастанды. Сірә, жүз шамалы адам. Бұл 
істе, сірә, басқадай бір гәп болған. Айтқыңыз келмесе, не деймін, 
ішіңізде қалсын...
СОЛТАБАЕВ:  Жарайды, шырағым, айтайын. Бұл үшін мені 
енді қайыра соттамас. Семей мен Аягөзден әскер келгенін білген 
соң-ақ Қытай жолы сағым сияқты әншейінге айналды. Сонсоң 
топтанып жүруді қойып, әркім өзінше құтылсын деген пәтуаға 
келдік. Мен біраз кісілермен әуелі Шыңғысты өрлеп, Шұбартауға 
қарай ойыстым, бірақ түнге қарай бағытты шұғыл өзгерттім.
АВТОР: Жалған із тастау үшін бе?
СОЛТАБАЕВ: Иә, соған ұқсаған амал. Абыралы жақтағы Ма-
шан тауын бетке ұстап, сыпыра елсіз тау ішімен Семейге бет 
түзеп, айналыс жасай жүрдік.
АВТОР: Не себепті?
СОЛТАБАЕВ: Кісісі мол және бірін-бірі біле бермейтін қала іші 
болмаса, иесіз дала қашқынға пана бола ма? Ана сорлылардың 
қателігі де сол, Шыңғыстың қалың жыңғылын қорған көргені. 
Әскер қоя ма, ұзаса бір апта тығылады, тышқан ініне кірсе де 
тауып алады. Тасада отырып бір-бірлеп құртпай ма...
АВТОР:  Тура айтқаныңыздай болыпты. Санияқас пен Қы-
дышты Саркөлден ұстапты. Ауданға дейін жаяу айдағанда 

111
ШЫҒАРМАЛАРЫ
екеуі де атша желіп отырыпты деседі. Қарабаланы ауылдан 
алыпты, серіктеріне ере алмай жатып қалса керек.
СОЛТАБАЕВ:  Бәрі де жазмыштан, шырағым. Татар дәмі 
таусылған соң не істейді? Біз Абыралы жеріне бойлай ендік 
те, Дегелең тауын теріскей жағынан айналып өтіп, тек қана 
түнде жүріп отырып, қалаға елеусіздеп кірдік.
АВТОР: Осы ақылды өзге серіктеріңізге неге айтпағансыз?
СОЛТАБАЕВ: Менің орнымда өзің болсаң қайтер едің?
АВТОР: Сонымен қалаға кірдіңіздер...
СОЛТАБАЕВ:  Бірден тарап кеттік. Мен өзім Семейде аял-
дамай, Алтай өлкесіне өтіп кеттім. Содан Сепкрайдың ту-у 
шетінен бір-ақ шықтым. Содан қырық алтыншы жылға дейін, 
он бес жыл ұдайы тірі жан маған Қасымбек деген жоқ.
АВТОР: 1946 жылы қалай ұсталдыңыз?
СОЛТАБАЕВ: Соны осы күнге дейін білмеймін.
АВТОР:  Білмесеңіз, мен айтайын: өзіңіздің бір қандасыңыз, 
сірә, әйеліңізбен керісіп қалған ба, көршіңіздің қосағы Аманжо-
лов емес, Солтабаев екеніңізді тиісті мекемеге хабарлапты.
СОЛТАБАЕВ:  Өзім де солай ойлап едім. Соғыс кезінде Бий 
қаласында тұрақтадым, аздаған сауда-саттығым болатын. 
Тұрмысым да оңды еді. Сірә, әлгі пақыр соған қызғаныш жасаған. 
Шу дегенде базардан ұстады, каталашкаға жауып қойып, 
бірнеше күннен соң бейтаныс бір қазақ жігіті, Семейден арнайы 
келген тергеуші екен, бетіме ожырая қарап, «Ал сөйле, Солта-
баев мырза!..» дегенде құдайдың оңдырмай ұрғанын бір-ақ білдім. 
Семейге әкеліп, сот құрды...
* * *
Қазан айының алғашқы аптасына дейін Шыңғысты ереуіл­
ші тобырдан сүзу тоқтамаған. Ерлі­зайыпты Әбішевтердің мүр­
десін Қызылшілік деген жерден тауыпты (шіліктің ішіне бе­
тін жаппай қалдырған, іздеуге қатысқан адамдардың айтуына 
қарағанда, мүрделері бүліне бастаған).
Шыңғыстау аужаскомы қайғылы хабарды Аягөздегі ағасы 
Көшмұханбет Әбішевке жеделхатпен хабарлапты. Бұл кезде ол 
Баянауылдағы әкесін, інілерін де көшіріп алып, бір шаңырақ 
астында тұрған. Шыңғыстауға жетуге қамданған баласына Әбіш 
ақсақал: «Әй, балам, бас көтерер сенен адасып қалсақ, мына топ­

112
Медеу СӘРСЕКЕ
ты бала­шағаның күні не болады? Ол жаққа сен барма, не көрсем 
де өлмелі шал мен барайын...» – деп әкесінің өзі аттаныпты. Сірә, 
дер кезінде жеткен. Қайта келген соң көрген­білгенін балалары­
на өзі айтып беріпті: «Рамазан мен Рәпіштің қанын жумай, жа­
назасын мұсылманша шығарып, бір қабірге жерледік. Жерлеу­
ге алпыс адам қатысты, «қыршынынан қиылған жас өрендер, 
сендерді аудан халқы ұмытпайды...» деген сияқты жұбату сөз 
сөйлеп, сол дүрбелеңде мерт болған жұмысшы­бәлшебек Олжа­
бай Шалабаевтың қасына, бір қабірге жерледі...»
ХVІ
1978 жылдың қазан айында күллі Кеңес Одағы Ленин ком­
сомолының құрылғанына 60 жыл толуын мерекеледі. Ерлі­
зайыпты Әбішевтер туралы «Шыңғыс хикаясы» атты деректі 
хикаят пен трагедияның авторы ретінде Абай ауданының жастар 
комитеті Қарауылдағы халық театрының кезекті қойылымын 
көруге мені де шақырды. Сөйтсем, ауданның бастауыш ұйымда­
рынан комсомол жетекшілері, 30­жылдардағы аужаском мүше­
лері, бұл кезде кексе жасқа келген еңбек ардагерлері де келіпті. 
1930 оқу жылында Рамазан мен Рәпіштен сауатын ашқан 
Бақанас пен Байқошқар ауылдарының («Бірлік» атанған үлкен 
кеңшардың тұрғындары) көнекөз тұрғындары да бар. Кейбі­
рін мен жазбай таныдым, кезінде іздеп барып, естелік жазып 
алғам­ды. Кейбірінің есімін сәл өзгертіп хикаят пен драмаға да 
енгізгенмін.
...Содан бір сәтте шымылдық ашылды. Бұдан 40­50 жыл бұ­
рынғы Бақанас ауылының жұпыны қора­жайлары бейнеле ніпті, 
маңдайшасында латынша «Mekteh» деген жазуы бар тақтайша 
ілінген тоқал үйдің ішінде тәйтері, тулақтар үстінде тоңқаңдап 
жатып, кейбірі бір­бірінің арқасына кітап­қағазын төсеп, «Сау­
жой» сабағында отырған жадау­жүдеу колхозшыларды көрдік. 
Залдағы көпшілік бір­біріне қарайды. Көріп отырмын, жастар 
жағы «Осындай да жүдеу өмір кештіңіздер ме? Неткен кедей­
лік, неткен қораш тірлік?..» десе, кексе көрермендер «Бұдан да 
қиын, бұдан да ауыр тұрмыс кештік, балалар. Қараңғылықта, 
таршылықта бейнет тарта жүріп, бүгінгі шат­шадыман тұрмысқа, 
молшылыққа жеттік. Сендерді де білім бұлағынан сусында ған 
кең жайлауға жеткіздік…» дегендей толқуды сеземін. Әлбетте, 
ерлі­зайыпты Әбішевтердің қал­қадерінше әскездеп жүргізген 
«Саужой» сабағы, соған қатысушы ауыл адамдарының аңғал са­

113
ШЫҒАРМАЛАРЫ
уалдары залда күлкі туғызып, сахнада жүріп жатқан ескі мен 
жаңаның қақтығысы жұртты баурай бастады...
Менің назарым сахнадағы ойыннан гөрі залдағы кекселер­
ге ауды. Дені сахнадан өздерін танып, айран­асыр болды. Кей­
бірі: «Оу, бәрі рас, шыны солай!» – десіп, қол соғып, ойын көр­
сетушілерді қолдап бақты.
Шындығында сол кеште сахнада ғана емес, зал ішінде де дар­
қан өмірдің бітіспес тартысы, ескі мен жаңаның күресі қайта 
өрбігендей бір дүрбелең сәт туып еді. Соны өрбіткен мерекелік 
ойынды ұйымдастырушы – Абай аудандық комсомол комитеті. 
Аужаскомның хатшы қызы Бақыт Ағыбаева сахна алдына 
шығып:
– Қымбатты жолдастар, күні кеше, тап жауларымен қиян­
кескі күрес жолында «Табымның намысын сатып, табымның 
арын қорлағанша жер жастанғаным артық!» деген асыл уәжбен 
өмір сүріп, сол сертінен айнымай жүріп шейіт болған кешегі 
Шыңғыстау аужаскомының байырғы мүшелері Рамазан Әбішұ­
лы мен Рәпіш Әбіш келінін орындарыңыздан тұрып, еске алу­
ды өтінемін!.. – дегенде, залда отырған үлкен­кіші бір минут, 
бәлкім, одан да ұзағырақ тұрып, жас өрен мұғалімдер рухына 
тағзым етті.
Соның артынша «Біз – әрқашан да жаспыз!» деген тақырыпта 
айтыс басталды. Оған үлкен­кіші түгел қатысты. Қарт комсо­
молдар естелік шертсе, жастар жағы қазіргі игі істерін көлденең 
тартты. Екі ұрпақтың тарих шерткен сұхбатына айналған мәнді 
кешті хатшы қарындасымыз қорытты: 
– Ерлі­зайыпты Әбішевтердің есімі аудан жастарының қа­
тарына оралып, бізбен бірге өмір сүріп, еңбек үрдісінде де же­
ңіске жетуімізге қызмет етіп келеді. «Бірлік» кеңшарының ком­
сомол ұйымы оларға есеп карточкасын қайтадан ашты. Ерлі­за­
йыптылардың аудан орталығындағы моласы да назарымызда, 
олардың есімімен Қарауылдан көше атадық. Бақанас ауылына 
да 1931 жылы берілген атын қайта жаңғыртып, Рамазан ауы­
лы атанды. Қыршын кезінде қапылыста мерт болған Рамазан 
мен Рәпіш есімдерін біз, аудан жастары, әрқашан да қастерлеп, 
олардың өшпес ерлігін әр уақытта жадымызда ұстаймыз! Бүгін 
де, Ленин комсомолының 60 жылдық үлкен тойы қарсаңында 
олар біздің ортамызда дейміз!..
Семей.
1968-1981 және 2014 жылдар
8­246

114
Медеу СӘРСЕКЕ

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал