Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет4/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
 Тентек ел талқысына тастап кеттім...» –
деп баяулата бастап еді, Ғалия қолма­қол іліп әкетті. Екеуіне 
ілесе үйдегі әйелдер де түгел қосылды.
Содан бір уақ «Еңліктің қоштасу әнінің» әуені мектеп бөлмесін 
кернеп, сыңсыған әйелдер үніне толып, үйге сыймай, ауыл 
үстінде қалықтады. Саршұнақ аяз кеулеген төңірек соған ұйып 
қалғандай. Тынық ауада шөп басы қылп етер жел жоқ. Шыңғыс 
жоны бозарып, қар басқан ақ дала дел­сал күйде сұлық мүлгуде. 
Ауыл адамдарының малын жайлап, аз­кем тыныстаған шағы. 
Рамазан аужаском шақыруымен ауданға кеткен, ол оқытатын 
ересектер бүгін бос, үйді­үйінде өз шаруасын күйттеу қамында. 
Еркіндік тиген оқушы балалар да өзен жарындағы сырғанақ 
қызығында болатын.
Мектеп үйінен естілген ән ың­шыңсыз, тымырсық қамауда тұр­
ған ауылды бағзы тірліктен оятқандай әсерлі болды. Кейбірі есік 
алдына шығып, мектеп жаққа құлақ түріп, бастарын шайқасады. 
Ал әнші әйелдер ешкімнің таңданысына, бас шайқағанына 
қарар емес, өздерімен өздері болып, ән әуеніне беріле шырқап 
отыр. Сөйтуіне себеп те аз емес­ті: бәрі­бәрі Еңліктей мұңлықпен 
мұңдас іспетті; туған жұртынан, ата­ана құшағынан ажырап, 
жат босағаға ауысқан мұңы; өз теңін таппай, еркінсіз телінген 
жайы немесе ықтиярсыз өңгеріліп кетіп, басына жаулық салған 
дәрменсіз ахуалы – осы үйде ән салып отырған мұңлықтардың 
қай­қайсысынан болсын басынан кешкен жайт. Кейбірі көптен 
қатынаса алмаған туған үйін сағынады, өз ұясында бұлаң өскен 
жас шағын аңсайды. Ал «Еңліктің әнінде» соның бәрі де бар, 
мұң­шерін қозғап, бойын ұйытып отырғаны да содан... Заман 
өзімдікі, әйел теңдігі туды деп ұрандағанмен осы отырған әйел 
қауымы соның игі шапағатын әзірше көргені аз. Естісе де, аңсай 
күтсе де, сол теңдікке қолы жетіп, көпшілігі көріп­білген емес...
Рәпіш те бұл әнді алғаш естігенде­ақ бірден ұнатып: «Менің 
әнім, менің сырым!» – деп күмәнсіз қабылдаған. Ғалияға қайта­
қайта айтқызып, сол күні­ақ жаттап алған­ды. Әбден үйренген 
кезде әнге өзінше нақыш беріп, беріле шырқаған. Ақыры, міне, 

62
Медеу СӘРСЕКЕ
осы ауылдан тапқан қыз­келіншек құрбыларының мақұлдауымен 
тек қана өзі шырқайтын болған­ды.
Еңлік әні үзілген соң­ақ бөлме іші құлаққа ұрған тана­
дай тыныштыққа бөленді. Еңлік зары еңселерін жаныштап, 
тұншықтырып тастағандай құдды. Соны сезген Рәпіш кенет да­
уыстап:
– Ау, қыздар, неге қамықтыңдар? Қазір жаңа ән үйренеміз. 
Бұл енді өзіміздей жастарға арналған ән. Қане, құлақтарыңды 
түріңдер, – деп дереу бастай жөнелді:
 «Оян, қарғыс таңба басылған,
 Жалаңаш, аш құл, қайрат қыл,
 Қайнап бастан ақыл ашынған
 Майданға қанды айдап тұр».
Көтеріңкі бастаған екен, әуені екпінді әннің алғашқы шума­
ғында­ақ ентігіп қалды. Сәл демалып, қайта шырқады. Бұл жо­
лы ән әлгіден гөрі анық та жатық естіліп, мәтіннің әр жолын 
салмақпен нығарлай айтты.
Бір мәрте екпіндете айтып өтіп қайыра бастағанда, үйдегі 
қыз­келіншектер де үнсіз отыра алмай қостай жөнелді. Сәлден 
соң жатаған мектеп іші осы әннің күреске шақырған екпінді 
үніне тарлық қылғандай күмбір­күмбір дүңкілдеп, толқын атқан 
теңіздей тулаған гүрілге ұласты.
 
X
Бұрын да қабағы сирек ашылатын Санияқастың бет­жүзі 
күз ден бері мүлдем түнеріп, жауатын бұлттай түйілуден жа­
ңылмады. Сөзді сараң сөйлейді. Кірген­шыққан балаға да, үй 
ішіне де зілмен, қабақ астынан қарайды. Ағасы Қасымбекпен 
де дүрдараз, тілдеспейді. Мектепке үйін босатып, ағасының 
босағасына келгелі тауып алған мінезі сол. Көбіне пеш түбінде 
бүк түсіп жатады.
Үйді босату жайында алғаш естігенде Молдашқа түйіле қа­
рап, бір ауыз сөз айтқан. Кеңес ағасының оған беті бүлк етпеді. 
Үлкен ұлы Бөрібекті жұмсап, бөкенші ұранын шақырып аттан 
салды. Бірақ естияр ұлы жаушы болып барған бір бөкенші былқ 

63
ШЫҒАРМАЛАРЫ
етпеді. Құмға сіңген судай жым­жылас жоқ болды сәлемі. Ең 
құрығанда тау­тас құсап қаңқ еткен жаңғырығын да естіртпеді. 
Өзге тұрсын, бір анадан туған Қасымбек те, кезінде «Солтабайдың 
үш көкжалы» атанған үшеудің ең үлкені (кенже інісі ертерек 
басын жойған­ды), күні кеше ауылнай болған, партия құруға 
жүйрік әккі ағасы да «Сен баста, еремін соңыңнан» деп қолдау 
көрсеткен жоқ.
Меселі қайтқан Санияқас ақыры сөзден де, істен де тыйыл­
ды. Шөккен тастай жерге кіре еңкейіп, үйкүшік болып біржола 
отырып қалды. Не ойы бар, ішінде қандай шемен жатыр? Бір 
адаммен соны бөліскен емес. «Мықты болсаң өзің тап» дегендей 
безеріп, пеш түбінде тым­тырыс отырады.
Дүйім жұрт: «Ешкімнен беті қайтпайтын Санияқас көкжал­
дың сағы сынды, бағы тайғанын мойындады...» – десті. Бағзы 
біреулер: «Құдай білсін не пәле ойлап жүргенін...» – деп те күбір­
күбір сөз етті. Жатқан жыланның құйрығын баспай, аулағырақ 
жүруді жөн көргендер де бар. Сөйтсе де мектеп ашылардағы 
шолақ жиынға елдің алды болып Сәкеңнің келгеніне таңғалды. 
Бір шатақ бастайды деп күткен­ді.
Бірақ орақ ауызды аужаском хатшысы Санияқастың шым­
шылаған қиқар сөзін шыбын шаққан ғұрлы көрген жоқ, бірден­
ақ тарпа бас салып, бетін қайтарып тастады. Ал кейіннен «Сау­
жой» тізіміне үлкендерді тіркегенде Сәкең байғұстың жазылмай­
мын деуге де шамасы келмей қалды. Сөйтіп, сабақ алуға жұртпен 
бірге келетін болды. Соны да былайғы жұрт адуын заманның 
тегеуріні қатты тепкісіне балаған­ды.
Өзгермеген, ішімдегіні тап деген, әрине, тақысқой мінезі 
ғана...
Рамазан аужаском бюросына мүше болып сайланып келген 
соң үлкендерді мектепке жинап, жиналыс өткізді. Естіп­білген 
жаңалығын айтқан, Санияқас сол жиынға қатысқан жоқ. Келесі 
күнгі ересектер сабағына да келмеді. Сонда ғана Солтабайұлын 
шақырып кел деп Төлегенді жұмсаған. Ұйым мүшелері ара­
сында «жеңіл ақпаршы» атанған қағілез Төлеген бөгелсін бе, 
құйындай құйғытып барып, ізінше тез оралды. Қасымбектің 
есігінің алдынан қайтыпты, ауырып қалған­мыс... Соны айтып 
тұрған Төлегеннің ішінде бір құпия жасырынып қалғанын Рама­
зан бірден сезді. Әйтсе де қайта қазбалаған жоқ. Сабақ соңында, 

64
Медеу СӘРСЕКЕ
оңаша қалғанда Төлеген соны қайыра сұратқан жоқ, өзі естіртті.
– Мұғалім жолдастың тыңдағысы келсе бір өлең бар. Айтайын 
ба? – деп бетін құбылтып, көзін ойнақтата бастаған­ды.
– Комсомол мүшесі шыншыл болады, бет­аузыңды құбылтпай 
естірт!
– Өйтпесем болмайды, мұғалім. Бір көзім шыным осы деп 
тұрғанда, бір көзім аз­кем өтірік қосқанымды білдірмей, жабық 
тұруы қажет. Әйтпесе сөздің дәмі кірмейді. Нанбасаңыз, Қыдыш 
атадан сұраңыз, өтірікті шындай етіп соққанда ол кісінің бір 
құлағы жыбырлап тұрады.
Рамазан рақаттана күлді. Қыдыш Бұланбайұлының сол жақ 
құлағының әрдайым жыбырлап тұратынын өзі де байқаған. 
Қушыкеш Төлеген соны аңғартып тұр. 
– Жарайды, өлеңіңді баста! – деді Рамазан езуін жиып.
– Мұғалім Санияқасты біле ме екен, Санияқас Бақанасты ме­
кен еткен... – деп зуылдай жөнелген Төлеген кенет бір көзін тағы 
да қысып қалды. Сонсоң сирек тісін ақсита күлді. – Санияқас 
ағайдың ауырғаны бекер. Кеше кеште ол кісі атқа мініп, 
Үшқызылдан асып кеткен. Жай емес, Ғалияжанды саудалай кет­
кен... Мұны мен мұғалімге айтқам жоқ, мұғалім де менен ештеңе 
естіген жоқ, – деп сыртқа жөнелді.
Рамазан аң­таң. Ештеңе ұққан жоқ. Бірақ шатақ бір істің тө­
бесі көрініп тұрғанын анық сезді.
Екі­үш күндей бақылау жасап, ойда жүрді. Көзге шұқыр, қол­
мен ұстар дәлелі жоқ. Сол себепті оқиғаның соңын тосуға бел бай­
лады.
Ал Санияқас көкесі үшінші күннің кешінде, қараңғы түсе 
Шұбартау керейінің беделді атқамінері Мырзаш
*
 ауылынан 
бұрынғыдан да бетер түнеріп оралды. Боран әкеле жатқандай 
қабағы қатыңқы, беті­жүзі де тау құлатқандай ызбарлы бола­
тын: барған шаруасын тындырыпты, өзара келісімге келген; 
қол жайып бата қылысты; баталы құл арымас десіп, екі жағы 
да кісілерін атасыпты. Енді не керек? Санияқастың өз көңілі 
соның біріне тояттамаған тәрізді. Ара ағайынның алдамшы 
*
 Шұбартау ауданында 1931 жылдың күзінде Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс ба­
стаушы шонжар. «Бұл ауданда Құрмаш емес, Мырзаш билейді...» деген сөз сол кезде 
тараған. Құрмашы – аупарткомның бірінші секретары.

65
ШЫҒАРМАЛАРЫ
күйбеңі, тіршіліктің болмашы күйлеуі, күнкөріс илеуі ғана деп 
олқысынған жайын ағасынан жасырған жоқ.
Ауылына келген бетінде­ақ:
– Жә, бопты, бекерге түнерме. Мырзаш – сөзіне ие кісі, – деді 
ағасы. – Ал ана белсенді өшетел сені екі мәрте іздетті. Бірінде 
тазшаны жұмсап еді, екіншісінде өзі келді. Сірә, сені сол неме 
сағынып қалған сияқты. Ауырып қалды деп үйге кіргізбей 
қайтардық. Бірер күн төсек тартып жатқаның жөн болар...
Санияқас естілер­естілмес үнмен мыңқ етіп:
– Қолынан келсе өшетел тұтқынға алсын мені. Сау жаныма 
ауру тілемеймін, – деп қыңырая қалсын.
Адуын ағасы қату отыр екен, жақындай түсіп:
– Боқты ауырмассың! Жат, қане! – деді.
Қатты да айтқан жоқ­ты. Сөйтсе де әсері зор болды. Санияқас 
сырт киімін шешіп, ағаш кереуеттің үстіне құлай кетті. 
XI
Аудандық жұмысшы­шаруа инспекциясының бастығы Олжа­
бай Шалабаев Бақанастан аттанарында қолын құшырлана қысып 
тұрып:
– Жігітім, ризамын! Жұмысты жап­жақсы бастапсың. Шә­
кірттерің ширап қалыпты. Үнемі оқуға сала бермей, бір мезгіл 
оларды сергітіп те қою керек... – деген­ді.
Рамазан соған да мәз болды. Қыс бойы елпілдеп жүріп бірталай 
жұртқа қара танытқаны рас. Басында жұрт ықтиярсыз келіп еді. 
Мектептен бертінде қусаң да шықпайтын болды. Табыс емес пе?! 
Соны өкіл де көріп арқасынан қақты. Атөтті мақтағаны емес, 
сабағына қатысып, мән­жайға қанған соң айтып отыр.
Ал сауық­сайран жөнінде... Рәпішпен кеңескенде, әйелі де 
соны құп көріп, ұйым жиналысына сал деген. Бірақ күнделікті 
күйбеңнен қолы тимеді.
– Жолдастар, ойын­сауық ұйымдастыруға ой туды. Жұмыс 
сыпыра сөзге айналып барады екен. Әнші де, домбыра да таба­
мыз, тек бас қосуға ынтамыз жетсе... – деген­ді Рамазан комсо­
мол ұясының кезекті жиналысында.
Жастар пікірі екіге жарылды.
5­246

66
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ол үшін бізге себеп керек. Біреу­міреу үйленсе – құба­құп. 
Ең құрығанда шілдеханаға жиналсақ...
– Шынында да жетім қыздың тойындай дегізіп, кәмсамал 
атымызға жараспайды.
– Иә, жиналатын себеп болса...
– Себеп бар, – деді Рамазан тізгінді қолына қайта алып, – 
жиырма екінші сәуір – Лениннің туған күні. Сол оқиғаға арнап 
сауық кешін шақырамыз.
– Туған күн деген той бола ма, естісем бұйырмасын...
– Болады, орыстар ондай тойды жыл сайын өткізеді.
– Ал Ленин марқұм – әлемге әйгілі көсем. Кедей­кепшіктің 
қамқоры!..
– Олай десеңдер, дайындыққа кіріселік.
– Пәлі, биылғы сәуір жұмаға дөп келеді. Жұма күні есі бар 
мұсылман баласы, сауық түгілі, кір жумайды. Ешкім келмейді 
ондай сауыққа...
– Келеді, – деді Рамазан сенімді үнмен. – Ленин жолдастың 
туған күніне арналған кеш деп хабарлаймыз.
– Соған сенімді болсаңыз, қаулы қабылдайық.
– Әрине, тура солай ету керек!
Рәпіш те бұл ойды дереу құптап: «Оны енді жұрт таңғалған­
дай етіп қызықтаған жөн!» – деген­ді. Екеуі соны ертелі­кеш 
талқылап, ақыры сауық кеші құсатып өткізуге келіскен­ді. Соны 
да ойдағыдай етіп орындау оңай емес сияқты. Құр қол. Ең аяғы, 
үлгі етер кітап жоқ. Сондай бір кітап қолына түссе, іске татыр 
өлеңін шәкірттеріне жаттатып, сайратып қояр еді. Сайратып 
дейді, көсемнің өмір жолы айтыла бастағанда­ақ, тақпақ айтушы­
ларды ортаға шығарып, өзара жарыс жасар еді, шіркін! Сондай 
бір тамаша кешті Баянауылда өзі қызыға тыңдаған­ды. Қызыл 
отау жанындағы ән­хор үйірмесіне қатысатын бір топ жастар 
қаз­қатар тұрып, неше түрлі ұран сөзді, жеңіл тақпақты жары­
са айтқанда жаны қалмай қол соққаны есінде. Апыр­ай десеңші, 
сондай бір әсерлі кешті өздері де өткізсе! Күні­түні жұмысбасты 
болып жүргендер қалай сергір еді. Жоқ, құр қолмын деп қарап 
отыруға болмайды. «Комсомол мүшесі ешқандай қиыншылықтан 
қорықпайды. Қайта қиын істі өзі іздеп тауып, жеңіп отырады!» 
Қайдан оқып еді осы сөзді? Ә, «Лениншіл жас» газетінен оқыған. 

67
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Газет демекші, кеңес үйіндегі тікпені қарау керек. Көсем туралы 
өлең кездеспес деймісің...
Көсемнің өмір­тарихы туралы баяндама жасау міндетін Рама­
зан өзіне алған­ды. Басында жұмыстың ең ауыры сол сияқтан­
ған. Рәпішті тыңдаса ең жеңілі тәрізді: «Мезі етер ұзынды­
қысқалы сөз басқа жиындарда да аз айтылып жүрген жоқ, ал 
мына кеште ондай сөз нөпірі болмасын. Өйткені бұл – кедей 
таптың көсеміне арналған кеш!» Ойға қонымды ақыл. Құптамай 
көр!..
– Олай десең, сауық кешіне қатынасатын жастармен сөйлес. 
Сол кеште бір домбыра күмбірлесе – аз, осы ауылда ең кемі он 
домбыра бар, солардың бәрін қаз­қатар отырғызып күй тартқыз. 
Бес­алты комсомол мүшесі ортаға шығып хор айтсын. Жігіттер 
ғана емес, қыздар да, жас келіншектер де қатыссын. Бұл үшін 
Ғалияның әжесімен сөйлес. Айжан кемпірге өзің бармасаң бол­
майды. Мені ол кісі елеп­ескермейді. Ал сені ол кісі сыйлайды...
Әзірліктің қиыны кейін шықты. Түу бастан ескермепті.
Кешкі уақыт еді. Үлкендермен күнделікті сабақты бітіріп, 
шай ішіп отырған.
– Бір нәрсе ойыма түсіп отыр, айтайын ба? – деді Рәпіш 
күйеуіне еркелеген наз үнмен шайкесені ұсына беріп.
Рамазан келіншегінің жайдары жүзіне аңтарыла қарады.
– О не нәрсе? 
– Баянауыл мектебі өткізген сауық кеші есіңде ме? Бір топ 
жас 
тар Лениннің үлкен сүгіретін көтеріп, көшеге шыққан 
мерекені айтамын.
– Иә, иә. Жұрт көп жиналып, екі­үш көшеге дейін еріп отыр­
ған­ды.
– Бізге де көсемнің сүгіреті керек. Соны төргі бөлмеге іліп 
қоямыз, сен соның алдында тұрып баяндама жасайсың. Ал біз 
сол жерде тұрып ән шырқаймыз. Тақпақ айтушылар да.
– Тоқта, жаным. Мұның тіпті жөн, – деп Рамазан шай ішіп 
отырған кесесін төңкере салды. Өкінгені сонша, сөйлей де ал­
май тұтығып та қалды. – Ойбай­ау, Рәш, әнеугүннен бері неге 
айтпадың? Менің ойыма келмепті. Қап!
– Кеңес ағаның үйіндегі сүгіретті алармыз дегемін.
– Немене, жоқ па, қайда жіберіпті?
– Айша жеңгей соны жыртып алған білем. Өкіл қайнаға сұрап 
әкетті деп кеше сұрасам бет бақтырмады. Өкіл қайтеді оны?

68
Медеу СӘРСЕКЕ
– Айша жеңгеңді қойшы, сен өзің де жетістіріп отырсың, – деп 
Рамазан шалқасынан түсті.
Рәпіш еріне түйіле қарап, басын шайқады. Күйеуі кәдімгідей 
ренжіп, ұнжырғасы түсіп, шат­шәлекейі шықты. Мұндай кезде 
үндемеген жақсы. Рәпіш қайыра тіл қатқан жоқ, шыны­аяқты 
сылдырлатпай жия бастады.
Содан екеуі жатарда ғана тілдескен.
– Сен ренжіп қалдың ба маған? Ренжіме, көсемге арналған 
кеш сүгіретінсіз өтпейді. Табамыз! – деді.
Нық сеніммен даусын көтере айтты. Сірә, іштей бір шешімге 
келсе керек.
* * *
Сол күннің ертеңінде Рамазан Төлегенді жұмсап, қара жорғаны 
жылқыдан алдырды. Келген кезіндей емес, қара ат едәуір дегдіп 
қалыпты. Ер салып, үстіне шыққан сәтте жануар ойнақтап кетті. 
Аттандыра шыққан Рәпішке ат үстінде тұрып:
– Кешке әзірлікті қыздыр, мен сүгіретке кеттім, – деп Рама­
зан жөнеп берді.
Рәпіш аң­таң. Көсемнің бейнесі керек десе де, сол үшін жетпіс 
шақырым жердегі Қарауылға баратынын ойлаған жоқ­ты. «Ой­
ламай сөйлеген опық жейді» деген осы. Бақанастың әр жері ойы­
лып, жұқара бастаған мұзын кірш­кірш басып, дүңкілдете жор­
тып бара жатқан ерінің соңынан көз алмай біраз тұрды да:
– Әлеуметшіл сабазым­ай! – деп басын шайқады.
Аудан орталығында Рамазан көп бөгелген жоқ. Бөгелмегені – 
асығыс еді, ал іздеген жоғын көзеп келіп бірден тапты. Аужаском 
кеңсесі орныққан кішкене шошалаға кіре­ақ төрге жалт қараған. 
Бұрын келгенінде де ол тыстығы қара түсті күнқағарды баса ки­
ген, көзі қысыңқылау, оң қолын көтеріп, әлденеге күлімсіреп 
тұрған Ленин бейнесін Керейбаев отыратын төрдің тұсынан сан 
мәрте көрген­ді. Келген сайын сол бейне өзіне «Қош келдің, қане, 
нендей шаруамен жүрсің?» деп сұрап тұрғандай сезілетін. Бүгін 
де сол қалпында, қабырғадағы кішкене рамадан күлімсірей 
қарап тұр екен.
Асылбек орнынан атып тұрды.

69
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Ау, қайдан жүрсің? Бақанастан қалай өттің, апыр­ай?! – деп 
өзіне апалақтап қарсы ұмтылды.
Рамазанның асыққаны да осы. Қарауылдан өтерде сондай бір 
күдік ойына оралып, қатты қамыққан­ды. Бірақ кері қайтқысы 
келмеді. Ойына алған ісін орындамай неге қайтсын? Сонсоң да 
аужаском хатшысына:
– Ауылдан келемін, тиыштық. Өзен де түскен жоқ. Ол түс­
кенше мен де соның арғы бетіне шығып алармын. Тез кетсін 
десең – шаруамды тындыр. Қолқам – көсем сүгіреті, – деп қадала 
сөйледі.
Кеңсесіндегі жалғыз суреттен айырылғысы келмей Асылбек 
те бұлтаққа салып еді: 
– Аудандық ұйымсың, әшейкаға көмегің қайсы? – деп досы да 
міз бақпай тұрып алды. Ақыры сұрағанын беріп құтылды.
Рамазан көсем суретін қойнына тығып алып, аудан орта­
лығынан жедеғабыл аттанды. Келе жатқанда­ақ сай, өзектердегі 
қалың қардың көбесі сөгіліп, етек­жеңін түре бастағанын 
аңғарған, енді сол тіпті де ұлғая түскен. Сай­сала қысқы жүгінен 
босап, ылдиға қарай ағыл­тегіл жөңкіліп жатыр.
Қызыл су жүре бастаған Қарауыл өзенінің мұзы жұқарып, 
біржола сөгілуге шақ тұр. Мана өткенде­ақ жұқара бастағанын 
аңдаған, ал қазір шет­шеті опырылып, қыс бойы жиылған 
қоқыстан екі жағасы да тазарып қалыпты. Қызыл су бұлақ құсап 
жылға қумай, жалпақ жөңкілген. Қара жорға да өзен мұзына 
жолағысы келмей, осқырынып, шегіншектеп бақты. Тек сауыры­
на қамшы тиген соң ғана кібіртіктеп әрең түсті. Әйтеуір өзеннің 
мұзы қалың тұсынан әрең өтті.
Арғы жағаға «А, құдайлап!» шыққан соң­ақ Рамазан атына 
қамшы басты. Келгендегі қояншорқағы жүрісін мандытпайты­
нын, асықпаса ақыры қиынға соғатынын сезіп келеді. Күн де 
батып барады. Бүгін түнде өтіп алмаса, адуын Бақанастың бергі 
бетінде қалып қоюы да кәдік. Суы мол, ағынды өзеннің шама­
шарқын бұрын көрмесе де сезіп келеді. Ендеше арналы өзеннің 
мұзы сыпыра көшпей тұрғанда арғы жағаға шығып алуы қажет. 
Әрі ертең – жиырма екінші сәуір, екі апта бойы әбігер болып 
жүрген аңсаулы күн. Сол мезет туғанда көзі жаутаңдап бергі 
жағада тұрса – жұртқа күлкі болғаны бірсәрі, ауылдағы жаты­
патар пысықтардың мазағына ұшырауы сөзсіз. Олай болса... Тек 
соған аты шыдасын!..

70
Медеу СӘРСЕКЕ
Шыңғыс іші келген кездегідей емес, біршама таныс. Күзден 
бері Қарауылға екі­үш мәрте келіп қайтты. Жолшыбайғы 
бұрылыс, бұқпаны әбден танып болған. Ұры жатады десетін 
қалтарыстарға да көзі қаныққан. Оң жағында, әне, Шымылдық 
тауы қалып барады. Күнбатыста одырайып Жаманқойтас тұр. 
Енді сәлден соң Ақбайтал кезеңіне шығады. Одан әрі менмұнда­
лап Тасқойнау тұрады. Соның табиғи бұқпасы талай ұрыға 
мекен болған­мыс. Болса болғандай, жықпылы көп жер. Тап 
үстіне жақындап келгеніңше кім тосып отырғанын көрмейсің, 
қалтарыстан атойлап шыға келгенде бір­ақ білесің деседі жұрт. 
Бұл енді келмеске кеткен кешегі күннің жымысқы қарекеті. 
Ұры­қары тыйылғалы қашан. Бейнетқор бұқара қазір жаппай 
еңбекке ауысты. Сол еңбек сауын малындай несібе бермек болып 
тұрғанда арам жолға түсіп, оңай олжаға кім қызығады? Қызығар 
еді, үкімет соған тізгін бере ме? Әлдекім бас қылтитып көрсінші, 
бірден­ақ қағып түссін. Кеңес өкіметі қазір нағыз күшінде. Жау­
лар құрыды, байлардың үрім­бұтағына түп­түгел балта шабыл­
ды. Үлкен­кіші түгелдей оқуға ден қойып, ғылымға бас ұрса?! 
Шыңғыстың да іші­сырты бірдей жаңа тірлікпен жаңғырып, 
азан­қазан болып, трактор үні мен машиналар гүріліне толып, 
тау мен дала, анау қия­шоқылар мен әнебір биік адырлар өзара 
үндесіп жатар күн де таяу деседі!..
Қара аттың жол жорғасымен шайқақтаған Рамазанның кө­
кейіндегі көк шымшық аспанға шығандап, қиял қанатына 
мінгелі қашан: ат үстінде емес, тас төбесінде қалықтаған қы­
ранға ұқсап, ту биікке шарықтай түссін; қай­қайдағы елес­
көріністер көз алдында көлбеңдеп, арман жетегіне еліктіріп 
ойын толқытады.
Жігіт заманына риза. Түн қатып келе жатқан сапарына да 
ерекше қуанышты. Мазалы күндер оқтай зулап өтіп жатыр. 
Таң атты дегенше, батып бара жатқанын көресің. Көбіне соны 
шамалауға да шамасы келмей қалады. Өйткені жұмыс көп. Өзі 
ғана емес, барша жұрт қарбалас тірлікте. Түп­түгел асығып 
жүреді. Заман ауқымы солай. Неткен айбынды заман десеңші. 
Осыны алдын ала болжаған Ленин қандай данышпан еді!..
Төңірек қараңғылана түсті. Тау ішінде кеш тегінде үрдіс 
енеді. Ә дегенше алды­артын қараңғылық көрпесі қымтап алды. 
Тас төбеден жамыраған жұлдыздар нөпірі әп­сәтте көбейіп, бәрі 

71
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бірдей төменге құлап келе жатқандай әсерге бөленсін. Шоқтығы 
көтеріңкі биік таулар да солармен бірге жылжып, тұп­тура 
үстіне төнгендей. Түн жылы, ыстық жел бетке есіп тұр. Бұл да 
жақсылықтың белгісі. Кешігіп келсе де бүгін­ертең басталар игі 
жұмыстың хабаршысы ол.
Рамазан кенет атының жалын сипады. Ұзақты күнгі ты­
нымсыз жүрістен қара жорға босаңси бастаған сияқты, сүрінуі 
жиіледі. Қайта­қайта пысқырып та келеді.
Сөйтсе де аялдаған жоқ. Бір уақ тебініп, бір уақ қамшымен 
жасқап, қос өкпеге төпеуден босатпады. Асыққан көңілі тек қана 
алға деп алып­ұшып келеді.
Амал не, көзеген жеріне жете алмады. Таң алдында қара ат 
сау желістен де, жорғадан да жаңылып аяңға көшті. Біраздан 
соң қамшыны да елемеуге айналды. Рамазан мұны жүріске 
мықты атынан күтпеген еді. Бақанасқа түнгі салқында емес, 
күндізгі аласапыранда ілігетін болды. Амал қанша, жазмыштың 
жазғанын көреді...
Атының ауыздығын алып, алдыңғы екі аяғына тұсамыс салды 
да, өзі де қисайды. Шаршағанын сонда білді. Іле қалғи бастады. 
Содан аты әлденеге елеңдеп бірер мәрте пысқырғанда бір­ақ оян­
ды. Мәссаған! Күн шығып, арқан бойы көтерілген. Қара жорға 
күнгей бетте жайылып жүр. Өзі тастақтау жерге қисайған еді, 
астынан сыз өткен, тоны суланып, денесі де мұздаған сияқты. 
Аяқ­қолы ұйысып қалыпты. Атып тұрып, тонын шешіп тас­
тап, әрлі­берлі секеңдеп жүгіре бастады. Қойнындағы раманы 
тас үстіне қойған­ды, оның да бетіне шық түсіпті, әйнектің ар 
жағындағы бейне көмескіленіп, беті буалдыр тартыпты. Қолына 
алып, жеңімен сүртіп еді, жарқырап шыға келді. Биязы жымиған 
көсем бейнесі тап кешегідей, қол бұлғап, көз қиығымен өзіне 
күлімдей қарап тұр. «Ештеңе етпейді, жігітім. Аздап тоңыпсың. 
Әлі де талай тоңасың. Халық үшін жаурау айып емес...» деп 
жұбатып тұрғандай.
Рамазан іле атына қарай жүгірді.
Бақанасқа ол ұлы сәскеде ілікті. Ауыл түгел оянған. Мал 
күтуден босы өзен жағасында жүр. Өзі ауылда болмаған соң 
оқудан босаған балалар да биік жардың үстінде анталап тұр. Шет­
шеті опырылып, ортасын су басқан өзеннің күрт түсуге айналған 
сәтін тамашалаған жұрт.

72
Медеу СӘРСЕКЕ
Өзі күдіктенген қауіпке тап болғанын Рамазан Жәнібек 
сайынан түсіп келе жатқанда­ақ аңдаған­ды. Біршама дегдіп 
қалған қара жорғаны қос өкпеге тепкілеп, өзен жағасына жет­
кенде соны анық білді: Бақанас жарықтық опасыздық жасап ты; 
бір күн бұрын да, кеш те емес, өзінің осы сапарға аттануын кү­
тіп жатып, қыстайғы құрсауынан тап бүгін сөгілген. Бір тәуірі, 
тұтас емес, әр жерден тесіліп, жоғарыдан жөңкілген мол суға 
еркіндік беріпті. 
Өзен жағасына асыға жеткен соң қалт тұрып қалды. Барма­
ғын тістеп, өкініп тұр. Арғы жағадағы ауыл адамдары да өзіне 
қол бұлғап, жаппай улап­шулап айқай салуда. «Түспе! Мұз жұқа! 
Қой, ойбай, опат боласың!» – деседі, содан өзге сөз ауыздарына 
түссейші. Тым болмаса біреуі «Тәуекел, амалдап көр!» демейді.
Рамазан өзенді жағалай әрлі­берлі жүрді. Өткел іздеген тала­
бынан ештеңе өнбеді. Тәуекелге бел буып, өзенге қойып кетуден 
өзге амал қалмаған тәрізді...
Сөйтуге де бірақ батылы жете қоймады. Аты да үркектеп жо­
лар емес. Жер тарпып, осқырынып, шегіне береді.
Шай қайнатымдай уақыт өтті. Өзен мұзының түсуін тама­
шалағандар өзіне енді мүсіркей қарасты. Қызық таушы лардың 
қарамы әлгіден де көбейе түсті. Жанында екі­үш қаба сақалды 
бар Қасымбек те келіпті. Жар үстінде самбырлап сөйлеп тұр. 
Өзін мысқылдап күліп тұрғандай. Рәпішке де біреу хабар берген 
сияқты, шапанын желбегей жамылған қалпы үкідей ұшып ол да 
жетті.
Рамазан жіңішкелеу, тоғайы азаң тұсты таңдап, атын үсті­үс­
тіне қамшылап, жағаға ентеледі. Астындағы жануар тек икеміне 
көнер емес, шегіншектей береді.
Сол сәтте Қасымбек даусын соза:
– Уа, қорықпа, өшетел! Әкеле жатқан көсемнің әруағына сы­
йын да, қойып кет! Құдай біледі, жарып өтесің! – деп айғайлайды.
Қасындағылар да оны қостап:
– Әрине, күштінің әруағы жебеп, оп­оңай желіп өтесің! – десіп 
қарқылдай күлді.
– Е, өткізбей, сонау ит арқасы қияннан атын ақ сорпа ғып 
арқалап әкелген соң...
Қызыл сиырын жетектеп Төлеген де осы сәтте жағаға жеткен­
ді. Қарқ­қарқ күлген ересектерге әлдене деп тоқтау айтты:

73
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Түспеңіз, мұғалім! Мен қасқа өгізді әкелгенше орныңнан 
тапжылма! Атыңмен қоса кетесің! – деп айғайлады да, сиырдың 
бас жібін шеше бастады.
Рамазан оны тыңдаған жоқ, бәлкім, анық естімеді, әлгіндегі 
қыңыр сөз шамына тиді ме, кенет атын бас­көзге төпеп, шегін­
шектегеніне жібермей, өзен арнасына түсуге қыстады. Жа­
нуар қауіпті сезіп, аяғын кібіртіктеп алып, беті жалаңаштанып 
қалған жалтыр мұзды ептеп басып, шашасымен су сызып, алға 
қарай қозғала бастады. Төрт бұты төрт жаққа кетіп ілбумен бес­
алты құлаш жер жүрді.
Ауыл жақтағы жұрт тым­тырыс тұр. Тұс­тұстан гуілдеген 
айқай­шудың бірі естілмейді, түп­түгел жым болған. Мұртын 
ширатып, мысқылдай қараған Қасымбек те мына шіркінде ес бар 
ма дегендей үнсіз тосулы.
Рамадағы суретті Рамазан қолына алған­ды. Әлденеден қа­
уіптенді ме, әлде қолына ұстауды ыңғайлы көрді ме, кім білсін? 
Қара ат шатқаяқтаған қалпы тағы да бес­алты қадам жүрді. Енді 
бес­он қадам алға аттаса жағаға ілігері сөзсіз, бірақ сөйтуге ша­
масы жетпеді. Өзеннің ортаңғы тұсына жиналған су тіпті мола­
йып кетіпті. Мұзды да көбірек шайып, әбден жұқартқан сияқты. 
Аты да соны сезіп, жалтаңдап, сыңарезулеп төменге қарай жы­
лыстай бастады. Рамазан бірақ еркіне жібермей, жағаға туралай 
салды. Сөйткені, сірә, бекер болды.
Жұқарған мұз ақыры аттылы жолаушыны көтере алмай, 
шарт­шұрт сына бастады. Қара жорға тұяғын тірерге таяныш 
тап пай ышқына жұлқынды. Аттың алды ғана емес, ту сыртынан 
да мұз кесектері опырылып, ағынға ілесе көшіп жатыр.
Ә деп суға сүңгігенде­ақ Рамазан қолындағы раманы жағаға 
қарай құлаштай лақтырған. Бірақ құрғақ жерге жеткізе алмады. 
Шынысынан ештеңе қалған жоқ, күл­талқан болып саудырап 
түсті. 
Төлеген де сол сәтте жағаға қайыра жеткен­ді. Өзен үстіндегі 
жанталасты көрген соң­ақ әй­шайға қараған жоқ, өздеріне қарай 
допша атылды. Оның да аяғы тиген жер опырылып, суға белуар­
дан жалп етті
– Өй, мың жасағырлар, жетістіңдер! – деп айғайлады Қа­
сымбек. – Шешінген судан тайынбас деген осы!..

74
Медеу СӘРСЕКЕ
Жағадағы жұрт ұлардай шулап, онда­мұнда жүгіріп, әбігерге 
түсті. Бірақ қол ұшын беруге бірде­бірі жарамады, шынтуайтын 
айтқанда, дәрменсіз де еді. Суға күмп еткенде­ақ Рамазан аты­
нан қайран болмасын сезіп, аяғын жалма­жан үзеңгіден суы­
рып, бір жағына қарай аунап кеткен­ді. Бар үміті атында болып
құйрығына жабысып, жан дәрмен әрекетке көшкен. Ал қара 
жорға суды кешіп, алға қарай лықсыған қалпы, өзін де қоса 
сүйреп, ұрымтал жағаға ұмтылды. Екпіні әлей ағыс бірақ қол 
созым жердегі жағаға жеткізер емес, ылдиға қарай сүйрей бас­
тады. Ал ат тұяғымен, одан да гөрі жалбаңдаған қимылымен де 
ойық ауданы кеңейіп, қатерлі сәтті тіпті жақындата түсті. Түнде 
денесін жылытқан шолақ тоны Рамазанға енді сор болды, денесін 
ауырлатып, емін­еркін қимылдауға мұрша бермей, мұз астына 
қарай сүйреп бақсын.
Сөйтіп, бір батып, бір көтеріліп арпалыста жүргенде ол Тө­
легеннің өзіне қарай ұмтыла түсіп, қолындағы жіпті құлаштай 
лақтырғанын көзі шалып қалды. Жібі бар болғыр тым шолақ 
екен, өзіне жетпеді. Жеткен де сияқты еді, қапелімде ұстай алмай 
қапыда қалды. Дес бергенде шәкірті сасқан жоқ, сірә, табанымен 
жерде тұрған сияқты, сәл­пәл жақындай түсіп, шиыршықтап 
үлгерген ала жіпті өзіне қайыра лақтыруға қам жасады.
Рамазан да сол сәтте су бетінде қалқып жүрген суреттің ағысқа 
ілесіп, кесек мұздың астына сүңгіп бара жатқанын көріп:
– Төлеген, суретке ұмтыл, жіберме! – деп айқай салды.
Қасымбектің қарқылдаған күлкісін де сол сәтте анық естіді.
– Түу, мына шіркінде ес жоқ екен, сөзіңе болайын! – деп жерге 
түкірді.
Жағада зар еңіреп тұрған Рәпіш те күйгелектеп:
– Лақтыр жіпті! Бол, Төлеш, болсайшы! – деп ышқына ай­
қайлады.
Естияр жігіт естілік аңғартты. От орнындай кесек мұздың 
шетіне ілініп, ағысқа ілесуге шақ тұрған раманы жұлып алып, 
жағаға жөнелтті де, сол жерден қолындағы жіпті Рамазанға 
лақтырды. Бұл жолы Рамазан да қапы қалмай, бірден шап беріп, 
Төлегенге қарай жылжи бастады. Ақыры екеуі бірін­бірі демеп, 
әрине, Төлегеннің суды кешіп жанталаса сүйреуімен құрғақ жер­
ге жетті.

75
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қара жорға да біраз жер төмендеп барып, жағаға өзі шықты.
* * *
Сол күннің кешінде қырық үйлі үлкен ауылдың жастары мек­
тепке жиналып, несін айтасың, есте қалғандай сауық кешін та­
машалады.
Комсомол ұйымының мүшелері үстіне қызыл мата жабылған 
үстелді жағалай отырып, кезекпе­кезек орнынан тұрып тақпақ 
айтты. Рамазан көсем өмірінен сөз сөйлеп, кеш соңында бәрі 
қосылып ән шырқап, күй тартты. Ал қатырма қағазға бекітіліп, 
қызыл орамалмен көмкерілген Ленин бейнесі төргі бөлменің 
төрінен сауық кешін қызықтаған жастарға жымия қарап тұрған­
ды.
ХІІ
Басында қауырт кіріп, етек­жеңді жиғызбай үрдіс енген 
көктемнің аяғы ұзаққа созылды. Өзендер түссе де, былжыраған 
жер кеппей, бірде жаңбыр, бірде қар жауып, қатқақ қара суық 
қайта­қайта оралып, күн ызғары сынбай қойды. Жалғыз Ба­
қанас өңірі ғана емес, Байқошқар өзенінің кең саласы, Шақпақ, 
Ақшатау сияқты ежелгі қоныстар, тіпті Шыңғыстың іші­сыр­
тына дейін лайсаң күйде жатыр және жуық маңда содан айығатын 
емес.
– Көктемгі егіске шығыңдар! – деп сірі тоны жалпылдап ау­
даннан талай өкіл келген, қырып­жойып аттандап қайыра жет­
кен.
Бірақ, басы Әмір басқарма болып, Бақанастың байырғы егін­
шілері қозғала қоймады. Қозғалмағанда күш­көлігі әзір бол­
мағандықтан емес, жегілетін өгіз бен сиырға дейін, соқа тү­
ренін ұстайтын еркек кіндікті атаулы міндет бөлісіп, кімнің не 
істейтіндігі түсіндіріліп, көктемгі егіске кірісуге сақадай сай 
отырған­ды. Соқа­сайман да жөндеуден өткен, сап түзеп қотанда 
тұр. Жерге себетін тұқым да іріктеулі, құрғақ қоймада, құлып 
астында сақтаулы.
Ауа райы қолайсыз. Соны шыдамсыздана баққан «Бақанас» 
колхозының егіншілері қандай өкіл келсін, қандай бұйрық ай­

76
Медеу СӘРСЕКЕ
тылсын тырп еткен жоқ, жылт етер күн көзін тосып үйінде жа­
тып алды. Тегінде бұлар неше жылдан бері егін салып, жер еміп 
келе жатқан диқангер жұрт­ты. Бақанас суынан жырып алған 
тоғаны да болатын. Ақбиік алдындағы құйқалы жерді ерсілі­
қарсылы тілгілеп жыртып, бітік егін өсірген тәжірибесі де бар 
еді. Әмірдің өзі де бұл кәсіптен қара жаяу емес­ті, сол себепті 
қисынсыз бұйрыққа баспай, әліптің артын баққан.
Ақыры мамыр айының үшінші аптасында, құралай өткен соң, 
күн көзі бұлттан арылды. Екі­үш күн ұдайы қызуын аямай төгіп, 
тас төбеде шақырайып тұрып алды. Қуанған бақанастықтар егіс 
даласына жапа­тармағай шықты: мектептің сабағы, жиналыс, 
әлеумет жұмыстары жайына қалды; бала­шаға, үлкен­кіші тік 
көтеріле кірісіп, қолда бар көліктің бәрін соқаға жегіп, жер 
жыртуға жұмылды. Бір апта үрдіс қимылдаса жобаланған жер 
түгел айдалып, бар тұқымды топырақ астына жасырып үлгерері 
сөзсіз еді...
Амал не, соның да сәті келмеді. Қырсық бұл жолы аспан­
нан емес, жар астынан кезікті. Тұқым себу басталған күннің 
ертеңінде, таң сәріде ерлі­зайыптылар аттандаған дауыстан шо­
шып оянды: шырт ұйқыдан атып­атып тұрғанымен қапелімде 
ештеңе аңғара алмай абыржыған Рамазан күпәйкесін желбегей 
жамылып, үйден жүгіре шықты; келіншегі де қолына іліккен 
киімін иығына іле ұмтылған.
Сөйтсе тұқым қоймасы қызыл отқа ораныпты. Жанталасып 
өзен арнасынан су тасыған жұрт жабыла сөндірсе де қызып алған 
өрт ие бермеді. Кебу тұқым қоймасымен қоса май құйғандай тез 
жанып, әп­сәтте тып­типыл болды.
Қапелімде тап болған төтенше оқиғаға ауыл адамдары шын­
ақ күйзелді. Сол күні­ақ ауыл белсенділері арқасына қап салып, 
үйді­үйді қыдырған. Үрейге бой алдырған Бақанас тұрғындары 
бір ауыз сөзге келген жоқ, астық салған қамбаның түбін қағып, 
соңғы дәніне дейін салып берді. Бірақ жарыта алған жоқ, небәрі 
екі­үш қап тұқым жиналды.
Әмір басқарма екі­үш пар көлікпен ауданға аттанды.
Ауыл үсті гу­гу әңгіме, күбірлеген сөз бір шошаладан қылт 
етсе, шеткісіне барғанша сан мәрте өзгеріп, құбылып жетеді: 
«Пәленшекең үйінде астық бар... Пәленшекең буынып­түйініп 

77
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кеткелі жатыр, бірер аптада жетіп барар Қытай еліне аспақ... Ау­
даннан милиция шығады екен, қойманы өртегенді таппаса – үй 
басы бір адамнан кепіл алады­мыс...»
Екі­үш күн бойы қол қусырып бос отырды да, белсенділер 
өзара кеңесіп, ақыр аяғы оқыс тірлікке кірісті, комсомол 
мүшелері де соған түгел қатысты. Екі топқа бөлініп, ауылдың 
екі шетінен жарыса түсіп, бір қора, бір ауланы қалдырмай, жап­
пай тінту жүргізді. Бекер­ақ сенбепті: ешкім ештеңесін аямап­
ты, қолындағы астығын түгел беріпті; қырық үйді сыпыра тінтіп 
шыққанда жиғаны – орта қап бидай; оның өзі тас араласқан, қап 
түбінде, кебеже астында қалған қалдық.
Рамазан соған да қатты өкінді. Бармағын шайнап, кірерге 
тесік таппай қапа болды. Ауылды жаппай тінтуді ұсынған өзі еді. 
Енді сөйткеніне ұялып, егіс даласына кетіп қалып, күні бойы сол 
жақта жүріп алды.
Жәнібек сайынан іркес­тіркес түсіп келе жатқан арбалы­ат­
тыларды көргенде ғана ауылға қайтты. Ауданнан оралған Әмір 
басқарма екен. Құр қол қайтпаса да мандытпапты. Әкелген ас­
тығынан гөрі арбасына аяқ артқан милициясы көп пе деп қалды. 
Өзі әбден жүдеген, қоңырқай жүзі қап­қара болып түнеріп 
кетіпті. Сірә, аудандағы дөкейлерден сөгіс естіп оралса керек.
Басқарма жеткізген тұқымды егінші жұрт бір­ақ күнде жер­
ге сіңірді. Келген милиция мектеп үйін иемденіп алып тергеу 
бастады. Ол болса тіпті ұзақ жүрді. Бірнеше адамды қат­қабат 
шақырып қысып­ақ жатыр. Алайда, түу баста нысанаға алғаны 
көп болғанмен, ұстағаны шамалы болды: Әзімбайдың Сіләмі 
ғана. Ақыры содан өзгесін босатты да, Сіләмды тұтқындап, ау­
данға аттанды.
Күні­түні жүрген тергеуді үнсіз бақылап отырып, ерлі­зайып­
тылар өзара: «Жау кеткен соң қылышыңды қайда сілтерсің? – 
деcкен­ді. – Жасырынған жау дегенін істеді, айдалған жердің 
жармысына да тұқым түскен жоқ. Әрі кеш себілді. Енді одан нен­
дей опа күтесің?..»
Содан бір күні Рәпіш күйеуіне еркелеген наз үнмен:
– Біржосын қорқамын. Жатсам­тұрсам осы жақтан кеткім 
ке леді де тұрады. Кеше түнде үлкен апам бетіме түйіле қарап, 
«Аман­есеніңде, күнім, үйге қайт!» деп жеку айтты. Ояна кел­

78
Медеу СӘРСЕКЕ
сем – түсім. Соған да қуандым. Басқа бір ауданға ауысып кетсек 
қайтеді? – деп ұйықтар алдында жайсыз әңгіме бастады.
Рамазан бірақ бұрынғы райынан қайта қоймапты.
– Сен өзі қайдағыны міңгірлеп жатырсың, кеткенің не? – деп 
ыршып түсті.
Рәпіш басын шайқады. Құлағына жақындай түсіп:
– Өзіміз ғана болсақ бір сәрі, – деді ақырын ғана.
– Неменені жағалатып келесің? – деп ері жастықтан басын 
көтеріп алды.
Рәпіш сылқ­сылқ күлді. Сонсоң тағы да құлағына ернін тақап, 
көкейіндегі сөзді бірден айтуға қымсынатын тәрізді, сыбырлай 
сөйлеп:
– Сірә, нәрестеміз болатын шығар, – деді.
– Қойшы, шын айтасың ба? 
– Айдан асып кетті.
– Содан бері неге айтпай жүрсің?
– Қайдан білейін...
– Енді күдігің жоқ па?
– Жоқ.
– Қой, бізге бала сүю әлі ертерек, – деп күмілжіді ері.
Рәпіш біршама уақыт үн қатпай, тым­тырыс жатып алды. Тек 
әлден уақытта ып­ыстық бетін күйеуінің бетіне төсеп:
– Әнеугүні сен өзенге түсіп кеткенде зәрем жаман ұшты. Сірә, 
сенсіз мен бір күн тұра алмаймын, сенесің бе, бір күн де... – деді.
– Сөзіңе болайын, қайдағыны айтады екенсің.
– Рас. Шыным сол. Сенсіз бір күн тұра алмаймын. Құдай 
біледі, бір күн. Бір жаққа кетсең, екі көзім төрт болып, есікке 
жаутаңдап қарап мазам кетеді, – деп құшырлана аймалап, көз 
жасын көлдетіп ал жыласын. Құшағын да жуық маңда боса­
та қоймады, оң қолын мойнына орап алған, тілімен тілін іздеп, 
еміне сүйіп біржолата егілді.
Отау үй болғалы жылға таяса да Рамазанның да жаны елжіреп, 
келіншегін бүгін ғана көргендей қапсыра құшты.
 
* * *
Айналып соққан қара суықтың соңы бір тамшы жаңбыр 
тамбаған құрғақ жазға ұласты. Қаулап шыққан шамалы егін 
бой көтеріп келе жатқанда Үшқызылдың үстінен соққан аңызақ 

79
ШЫҒАРМАЛАРЫ
желге тап болды. Тоған суы болмаса көктеген егіннің бой көтер­
мей жатып жанып кетуі кәдік еді.
Қырық үйдің кетпен ұстауға жараған жаны күн­түн өзеннен 
су тартып, жанталасып бақты. Бірақ табадай шыжғырған күн 
қызуы мен үдеп соққан аңызақ егіндікке су жеткізгенше дән 
түскен топырақты құрғатып жіберді. Құдай адастырғанда тұқым 
себуді биыл Ақбиіктің арғы түбінен бастаған. Басқарма тың 
жерді көбірек жыртып, астықты молырақ алуды ойлап, қиғаш­
тау әмір берген. Қырсыққа ұрынарын қайдан білсін, тоған әлі 
жете қоймаған біраз жерге тұқым себіліп еді. Алдымен күйген 
сол болды.
Сонымен бұл ауыл биылғы егіннен үмітін үзді. Тұқымды 
құярмыз­ақ, ал бала­шаға қорек етер астықты қайдан аламыз 
десіп уһілеген дәрменсіз жағдаят туды.
Көктемгі қатқақта қолдан күтілген малдың да біразы ше­
тінеген­ді. Бірақ төл қосылған соң орны толып, жұрт көңілі 
біршама жайланғандай болған. Соған енді ойда жоқта төтенше 
науқан килікті. Мемлекетке көмек, тұқым өтеуі делініп, қоң 
жимаған арық­тұрақ малдың бірқаншасы темір жол бойындағы 
Аягөзге жөнелтілді. Бұл да бірсәрі еді, бір түнде жылқыдан он 
екі құр ат қолды болып кетті. Біреуі – Рамазанның қара жорғасы.
Жылқышы атын ақ көбік қылып, ұлы сәскеде ойбай салып 
ауылға келгенде Әмір басқарма мектепте болатын, күнделікті 
сабағын алып отырған. Жылқышының басы таңулы, қақ маң­
дайынан сойылмен ұрып, аттан аударып тастап кете барған. Кім 
екенін қараңғыда аңғармаған, тымақтарын теріс киіп, бет­аузын 
таңып келіп тұтқиылдан тиіпті. Соны неше қайтара айтып, тек 
ойбайлай береді.
Жәнекеұлы аттан салып өре түрегелді. Жылқының ұрыдан 
қалғанын ауылға айдатып алғызып, он бес азаматты сойыл, 
мылтықпен жасақтап атқа қондырды, таяқ жеген жылқышыны 
да қосып алды. Бақанастың аяқ тұсынан қолды болған жылқының 
ізін кесті. Сірә, суыт жүрсе керек, көпке дейін жылқының жас 
тезегінен өзге ештеңе көре алмады. Қуғынды бірақ үзбей, күні 
бойы өкшеледі. Бірақ қаскөй топ қарасын көрсетпеді. Қас қарая 
топ жылқының ізі елсіз өңірдегі Ақбастауға қарай ойысты.
Түнгі жайылымнан тоқ күйі мінілген аттардың алды болды­
рып, қуғыншылар қатары сирей бастады. Ал түн қараңғылы­

80
Медеу СӘРСЕКЕ
ғында із кесе алмайсың, жөн­жосықсыз жосыла біреудің реті 
және жоқ. Әмір де не істерін білмей дағдарып қалған­ды. Кеңес 
ағасы: «Қайтпаймыз ба ауылға, қу медиен далада ұшып өлеміз 
бе?» – деп бағана­ақ қақылдаған. Рамазан да сөйткенді құп 
көрді. Ұрыларға жете алмайтынын анық сезген. Алыстан кел­
ген жау. Бірақ жер жағдайын біліп келіп, қапияда тиісуіне 
қарағанда, Бақанас ауылынан да ниеттестер тапқан сықылды. 
Алған аттары – өңкей жүргіш, белді жылқы.
Ақыры бәрі де кейін қайтуға жә десті. Еңселері түсіп, жай да 
емес, соққы жегендей болып, ауылға түңіліп оралды.
Ауыл үсті тып­тыныш, қалың ұйқы құшағында. Күдікті 
үйлер де үнсіз мүлгуде. Қыбыр еткен бір жан жоқ. Үреді дейтін 
иттер де үнсіз. Үнсіз болатын себебі – жуырда ғана түтін басы 
бір­бірден мысық пен ит терісі салық түсіп, қырық үйлі Бақанас 
әбден сасқан. Соңында өз ауылының ғана емес, маңайдағы 
жалғыз­жарым қыстаулардың да ит­мысығын жабыла ұстап, 
қызыл қырғын жасаған. Кейбір үй соны әлі де өтей алмай, ит 
терісін қарызға сұрап, қысылып жүрген жайы бар­ды...
Ерлі­зайыпты мұғалімдер жаңа салықты тарата келген өкіл­
ден оңашада сыр тартқанда, тіпті сол шіркін не ойлайды деп 
жасқанбай:
– Бұл не өрескелдік? Кімнің нұсқауы? – деп қадала сұраған.
Өкіл жігіт жарытып ештеңе айта алмады.
– Маған қайт дейсіңдер, сондай нұсқау облыстан түсті. Орын­
датсын деп мені әдейі жіберді. Өзіме берілген норманы орында­
май қайтпаймын!.. – деп қыңырая қалсын. Сөйтіп жүріп дегеніне 
жетті. Жұртты қысқа күнде қырық жиғызып, дікілдеп отырып, 
әкелген салығын түгелге жақын орындатқан соң аттанды.
Кешегі сүргіннен сүлдерін сүйретіп, таң алдында үйіне келсе, 
мектепте тағы да екі өкіл қонып жатыр. Олардың сонша жерден 
ат арытып келген шаруасы таңертең белгілі болды: Шыңғыстау 
ауданына қосымша салық келген; соны үй басына тарату керек, 
үш күнде жиып, үш күнде облысқа жөнелту шарт!..
Кеңес ағасы мен басқарманы ортаға алып, өкілдер колхоз 
мүшелерінің тізімін көшіруге кіріскенде Рамазан өзен бойына 
тайып берді. Дені сау адам түсінбейтін бір сойқанның болғаны 
анық: түтін басы екі пұт ет, екі қадақ ескі темір, екі қадақ 
жүн­жұрқа, тағы бір­бірден ит терісі мен мысық терісін тапсы­

81
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ру шарт; он мүйіз бен он тұяқ, бір­бір жылқы құйрығы да тағы 
бар...
– Соның бәрін үш күнде ауданға жеткізесіңдер. Ал алда­жалда 
жеткізе алмасаң – көнтірсің, итжеккенге дайындала бер, – деп 
дікілдеп қос өкіл отыр.
– Осы нұсқау қай білгіштің әмірі?
Жауабы жоқ көп сауал жүрегін сыздатып, жанын ауыртады. 
Осыншама шексіз қысас не үшін? Келеңсіз тоқпақ екеніне дау 
жоқ! Қыс бойы жұртты дүрліктіріп, оңды­солды жосыған қызыл 
үгіті осы ма, кедей­кепшікті кешегі орташаға теңейміз, заман 
аужайына көзіңді ашып көкірекпен қара, күні ертең бақытқа 
шаш етектен кенелтемін дегенде Кеңес өкіметінің жеткен жері, 
жарылқаймын дегені мынау болса, дау айтарға шарасы жоқ. 
Мына үстеме салықтардан кейін сенің үгітіңе кім сенеді, кімді 
иландырады?! Жо­жоқ, бұл тегін емес. Үкіметінің алға ұстаған 
саясаты мынадай тежеусіз көп салық еместігі өзіне аян. Басқа, 
мүлдем басқа гәп болатын. Сірә, соны да нақтылап сұрау керек. 
Тек кімнен сұрайды? Кеңес ағасы Молдаштан ба? Әлде Әмір 
басқармадан? Жоқ, олардың бұған жетесі жетпейді. Аудандағы 
дөкейлерден білу керек мұның жай­жапсарын.
Басқармадан ат сұрап мініп, дереу жүріп кетуді құп көрген. 
Үйіне жақындай бергенде қалт тұрып қалды: пішен қораның 
есігіне жалын үйкелеп тұрған қара атын көрді; кеше ғана қолды 
болған жануар, өзінің меншік аты; тұла бойы ақ көбік, жоны са­
уыстанып қатып қалған; басында қайыс ноқта, оның шылбыры 
шұбатылып табан астында жатыр.
Рамазан сезе қойды. Байлаудан босанысымен­ақ қара жорға 
ат қыстай су ішіп, жем жеген ауыл қайдасың деп тартып берген.
Иесін көргенде қара ат та тұяғымен жер тартып, бірер мәрте 
кісінеп қоя берді. Рамазанның көңілі босап, көзінен бірер тамшы 
жас ытқып кетті. Қара жорғаның жалынан сипап тұрып қайыра 
жүгендеді, құлағының түбін қасып, бір қолымен аймалап та 
қояды. Кісінеген дыбысқа үйден жүгіріп шыққан Рәпіш те ай­
ран­асыр қуанып, сыпырғыш әкеп, аттың сауыры мен шашасына 
қатқан топырақты түсіре бастады.
Сол сәтте аулаға жүгіре басып Монтан келе қалды. Әлденеге 
абыржулы.
6­246

82
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ғалия үйінде жоқ. Шешесі суға кеткен, өзен бойында жүрген 
шығар деп к... ке... кекірейеді. Сірә, өтірік айтады, сосын сізге 
к... келдім, – деген сөзді шәкірті ентігіп тұрып әрең айтты.
Монтан басқа бір шаруамен келсе, кешегідей аттандап, жыл­
қы қолды болды десе – Рамазанның лып етіп қозғалуы неғайбыл 
еді. Енжарлық еңсесін билеп, үміт­сенімінен түңілгендей, өзін­
өзі жек көргендей бір ауыр сезімнің шырмауында тұрған­ды. 
Алайда Ғалияның үшті­күйлі жоғалған жайын естігенде шыда­
мады, бей­жай күйін әп­сәтте ұмытты. 
Ғалия – болашағынан үміт күтіп жүрген шәкірті, комсомол 
мүшесі. Жуырда ғана ұйымға қабылданған. Байқауынша, сол 
қыздың тағдырына мына Монтан да енжар емес сияқты.
– Не дейсің? Таңертеңнен бері оралмап па?
– Оралмағанын білген соң келдім ғой сізге.
– Неге іздедің?
– Жәй, әншейін.
– Айтқың келмей ме? – Рамазан мырс етіп күлгенмен ұнжыр­
ғасы түсіп тұрған босбелбеу шәкіртін одан әрі қинамады. – Жа­
райды, айтпасаң да білдім, сол қызға бүйрегім бұрады десеңші. 
Жә, мына шылбырды танисың ба? – деді кенет ноқтаны нұсқап.
Монтан абдырап қалды. Сірә, шылбырды таныды, тек соны 
мойындағысы келмей қыбыжықтап төмен қарады.
– Сенің кер тайыңның ноқтасына ұқсайды, рас па? Жә, Ға­
лияға не болды екен?
– Мұғалім, осы жай емес пе деп қорқамын.
– Неге қорқасың?
– Қолды болғанға ұқсайды. Қасымбек аға сол байғұсты бір 
жаққа жөнелтіп жіберді­ау деймін.
– Неге жөнелтеді? Қыз балаға зорлық қылуға қазір кімнің дәті 
барады?
Солай десе де Рамазан күдіктен арыла алмады. Төлегеннің 
қыстыкүнгі сыбыры да сол сәтте есіне сап ете қалсын. Қарап оты­
ра ма, жедел әрекетке көшті. Монтанды басқармаға жұмсады да, 
өзі қара жорғаны ерттей бастады. Рәпіш комсомол мүшелерін 
жинауға кетті. Монтан тез оралды. Бірақ қуантқан жоқ. «Байға 
кеткен қызды іздемеймін, жоғалған жылқыны тауып алсақ та жа­
рар», – депті Әмір басқарма. Сол сөзді Рамазан ұйым мүшелеріне 
естіртті. Әдейі айтқан еді, жауаптары өзі күткендей бір деңгейде 
болды.

83
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жәнекеұлына адамнан мал қымбат.
– Қымбатың не, малмен бірдей көреді десеңші.
– Іздеу керек.
– Ортамыздағы жалғыз қызды шырылдатып жетім тоқтыша 
біреуге өңгертіп жібере алмаймыз. Құтқару керек!
– Аттандық ендеше.
– Атқа мініңдер, басқарманың сөзі – бос былшыл! Аяқ артуға 
жарар көлікті ұстаңдар да мініңдер! – деп Рамазан жедел бұйрық 
етті.
Төлеген ғана жедел жиынға келген жоқ. Содан да күдіктеніп 
үйіне іздеп барды. Күдігі расқа айналды.
– Ғалия маған шәкірт болғанда, саған жақын туыс. Бірге 
іздейміз, тез киін! – деп бірден­ақ бүре сөйлеген­ді.
Төлеген сасып қалды. Бұл жолы көзін жыпылықтатуға да ша­
масы келмей, абыржыған қалпы:
Мұғалім ұрыспаса, Төлеген тазша бармас еді бұл сапарға. 
Төлегеннің басы Қасымбек ауылнайдың таяғынан жара болған, 
ағасы. Соған енді жаңа жара қоспаса, Қасекең тап бүгін де 
Төлеген тазды басынан сипай қоймас... – деп сұңқылдап келе жа­
тыр еді, мұғалім қолын сермеп ашу шақырды.
– Сен бұлталақ сөзді доғарып, жөніңді айт. Барғың келмесе – 
қинамаймын, тек жөн сілте бізге, – деді.
– Мен мұғалімге ештеңе айтқам жоқ, мұғалім менен ештеңе 
естіген жоқ, уәде ме? Ғалияның су басынан атқа өңгеріліп, Мыр­
заш ауылына ертеңгілікте аттанып кеткені – сізге өтірік, маған 
шын...
Рамазан одан әрі шәкіртін қинаған жоқ, түнде мектепке 
қонған екі өкілге ере келген милициядан көмек сұрауға бел бай­
лады.
ХIII
 Жаз бойы жаңбыр бір тамбады. Етек­жеңі түрік алашабыр 
бұлт төніп келеді де, тоқтаусыз көшіп, Шыңғысқа қарай өте 
шығады. Бірнеше мәрте сөйтті. Бірақ бір рет те жаңбырға айна­
лып, ең құрығанда сіркіреген жоқ. Азын­аулақ егінге үміт үркер 
жер астына құлаған қырық күнде біржола үзілді. Сөйтіп, Бақанас 
бойындағы еңбекқор жұрттың ендігі қарекеті колхозға берген 

84
Медеу СӘРСЕКЕ
қара­құрасын көзеумен шектелді. Амал не, сол тірліктің де көп 
ұзамай кетеуі кете бастады. Жоғары жақтың әмірін орындауға 
келген әкірең өкілдерден мұндағы ел жаз бойы арылмады. Бәрі 
де соның қызыл сөзді қарша боратып, апырып­жапырып келеді. 
Бірдеңе беруге емес, әрдайым алуға бейім. Әкіреңдеумен ала 
алмасын білген соң, милиция жасақтап, қару­кісенін сайлап 
та келеді. Нәтижесінде қанша азамат түрмеге түсіп, қалаға ай­
далды. Бағымындағы мал да күрт азая бастады. Не керек, жан 
күйзеліске мал ашуы қосылып, ел ішін ашу­ыза кернегені анық...
Рамазан соның бәрін жаны күйзеле ойлайды. Біліп қана емес, 
діңкесі құрып, ақыл­ойы қоса азады. Бірде хал­жайын білмекке 
Құтпа кемпірдің үйіне барған. Баласы жоқ, шалы өлген жалғыз 
басты жан. Ауыз бөлмесінің босағасында төрт бұты төрт жаққа 
талтайған таған тұратын. Соны Құтпа кемпір балтамен әрлі­берлі 
қидалап отыр. 
– Неге? – десе:
– Дүние қыламын ба мұны, аласартам, – дейді. 
– Аласартып қайтесіз?.. 
– Биік үстелге салық келеді дейді, қу ағашқа салық төлегенше, 
аяғын кесіп алып, отқа жағамын... 
Бұл бекер сөз екенін айтып қанша үгіттесе де кемпірді илан­
дыра алмады. 
– Қыста көң салығын түсіртпеймін деп өтірік айтқансың
ақырында отқа жағып, бой жылытып отырған мал қиын беріп, 
әрең құтылдым. Сенбеймін сөзіңе, – деп қыңырая қалды.
Сондай бір келеңсіздіктің болғаны рас­ты. Жазғытұрым түтін 
басы екі арбадан көң салығы түсіп, көң таппаған үйлер қыстан 
қалған қиды ұнтақтап, егістікке тасығанын көзі көрген. Сол 
жолы да жөнсіз әкіреңдеп, ежелгі айғайына басқан басқармаға 
шама­шарқы жетпеді. Құтпа шешей соны айтып отыр. Не деп 
ақталмақ? Күліп келіп, түнеріп кетуге мәжбүр болды. Бұл не? 
Жыл бойы тыным көрмей жүріп, күні­түні жұмыс істегенде, ел 
көзін аштым дегенде терген жемісі осы ма?
Жо­жоқ. Жіпке тізіп санайтын болсаң, бұл ауылға сіңірген 
еңбегі аз емес. Ересектерден отыз адам сабақ алады. Бұған жиыр­
ма шақты баланы қосыңыз. Рәпіштің алдында, әне, он әйел отыр. 
Комсомол әшейкасы дүрілдеп тұр. Биыл күзге бес­алты шәкіртін 

85
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ауданға жөнелтеді. Олар жеті жылдық мектепке барады, бұл бол са – 
жүйелі білім жолына түсудің бастамасы.
Қапырық ыстықтан әбден күнсіген соң қырман басындағы 
киіз үйлерді жағалап келіп, өзенге беттеді. Суға шомылып, сәл­
пәл дамылдауды жөн көрген.
Самарқау кірген сары күздің басы еді. Шағармақ күн тас төбеге 
шығып алып, бар қызуын аямай­ақ төгіп тұрған берекелі шақ. 
Шегіртке шырылдап, неше түрлі құстар тұс­тұстан сұңқылдап, 
өзен атырабы тойға жиналғандай мәре­сәре у­шуға толған. Әр 
жерден сыңғырлаған күміс бұлақ, тоғай сыбдыры. Сары жон 
дала қуаң тартқан, ал Бақанастың арғы жағасындағы алқап гүлін 
түсірмей жайқалып тұр. Соған да іңкәр көңілмен тояттай қараған 
Рамазан ішкиімнен өзгесін сыпырып тастап, күнге қыздыры­
нып шай қайнатымдай уақыт отырды да суға қойып кетті. 
Ағыны екпінді өзеннің суы едәуір салқын екен. Жазғытұрғыдай 
екпіндеп, арнасынан асып жатпаса да тартылмаған. Тереңдеу 
тұсы белуардан келеді.
Мұғалім жігіт ұзақ шомылды. Содан бір сәтте жағаға шығып, 
құм қайраңға құлай кетті. Бұлтыңдаған бұлшық еттерін қолы­
мен мытылап, шалқасынан жатыр. Дені сау, бойы ортадан әнтек 
жоғары, кеуделі, толымды қара саны да ет жинап, былтырдан 
бері едәуір ширап қалыпты. Осы көктемде жасы жиырма үшке 
толды. Демек, жер басып жүргелі жиырма үш жыл болған!.. Он 
жылы соның асық ойнап, қозы­лақ қуумен өтті, бес­алты жылы 
ғана оқуға арналған. Қалғаны – сыпыра еңбек. Ұстаздық етуге 
шыққанына – биыл екінші жыл. Оңайға түскен жоқ, тартқан аза­
бы зейнет­рақатынан молырақ болған сияқты.
Алдында қандай өмір күтіп тұрғанын болжай алса, шіркін! 
Ғайыптан көріпкелдік қасиет дарып, білсе соны. Иә, иә... Бір 
уақ келешек күндерге саяхат жасап, өзі жүріп өтер алдағы өмір 
белестерін бір мезгіл шолып қайтса. Ең болмағанда жарым көңіл 
жадау ауылдың ұлан­асыр шаттыққа кенеліп, қазан­ошағы 
асқа толған тоқшылыққа жеткенін көрсем деп те қиялға шом­
ды. Жұрт жапа­тармағай сабан басқан қырман маңында трак­
торлар гүрілдеп жүрсе. Электр шамы жарқырап, жапырайған 
тоқал үйлер тып­типыл құлатылып, күйген кірпіштен бой 
түзеп, қаңылтырдан шатыр жамылып жайнап тұрса. Коопера­
тив дүкені шай­қантқа қана емес, неше түрлі пұл мен заттарға 

86
Медеу СӘРСЕКЕ
толып, өзі баспана етіп әрі мектепке айналдырған мына үй де 
жаңа жобамен қайтадан тұрғызылса. Бәрі­бәрі соның құлып пен 
кеңсемен қатарлас салынып, оқтай түзу көше түзесе... Шіркін­
ай десеңші, сондай жұмаққа жақын молшылық заманы біздің 
халыққа қашан туады? Сірә, соны бес жыл, әрі дегенде он жылда 
көретін шығармыз? Оған сөз жоқ! Өздері қайда болады сол кез­
де? Тек соған дейін Рәпіш екеуі Семейдің педтехникумын, әлде 
Алматыдағы мұғалімдер институтын тамамдап алса... Әрине, 
сол кезде қалаға жақын үлкен бір мектепте ұстаздық етері сөзсіз. 
Әлде осы ауылға қайтып келе ме? Бәлкім, басқа бір шалғай 
ауданға тап болар? Несі бар, қайда барса да – өз елі, өз жері...
Кенет тоғай арасынан сыбдыр естілді. Рамазан басын көтеріп, 
ту сыртына сескене қарады. Жан­жағына алаңдап келе жатқан 
Монтан екен.
– Сізге келдім, мұғалім... – Жанына жайғаса беріп, алды­ар­
тына алақтап қарады. – Маған осыны айту оңай да болып тұрған 
жоқ. Бірақ айтпасқа болмады...
Рамазан жағадағы құм қайраңға мұңая қарады. «Баяғыда 
келуің керек еді, сенімен өстіп ашық сөйлесуді мен күткелі 
қашан...» дегісі келді, бірақ ләм­мим демей, шәкіртінің абыр­
жыған жүзіне аңтарыла қарады.
– Комсомол қатарына мен адал ниетпен түскем жоқ, мұғалім, 
сізді қыстыгүні оңдырмай алдадым. Ауылнай аға солай ет де­
ген соң, амалым болмады. Солтекемнің Қасымбегін айтамын, 
осындағы қаскөй топтың басшысы. Ол кісі маған сіздің се­
німге кіріп, айтқаныңызды істе деген­ді. Сол үшін мені жек 
көріңіз, қарғыс айтыңыз, бетіме түкіріңіз. Мейлі. Сізге мен 
тап қазір имандай шынымды айтып тұрмын. Өйткені сізге енді 
әбден сендім. Әнеукүнгі жақсылығыңыздан кейін, Ғалияны 
арашалаған соң қалайша өтірік айтамын?! Ғалия екеуміз келіс­
кен едік, қол ұстасып Семейге кетпекші болғанбыз. Содан да 
енді ештеңе шықпайтын болды. Иә, иә, солай, мұғалім... – Мон­
тан қалш­қалш етіп, Рамазанның қолынан ұстай алды. – Сізге, 
мұғалім, зор қатер төніп тұр. Сақтанбасаңыз, мерт боласыз. Мен 
шатасқан жанмын, әкемнен асып қайда барамын, тым болма­
са сіз құтылыңыз. Кетпесеңіз болмайды, мұғалім, бұл ауылдан 
тезірек кетіңіз!

87
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Монтан іле­шала тайып бермек болып сырғақтай бастағанда, 
Рамазан да қоса түрегеліп:
– Ұрланған аттарды қайдан іздейміз? – деді.
– Алыстап кетті ғой, мұғалім. Іздеп қайтесіз? Шұбартау 
жақтан, керейлер ауылынан қарау керек. Бәлкім, одан да әрі 
асырады, Бақты деген алыс жерге жөнелтеді білем. Ал одан әрі 
Қытай шекарасы дейді. Айтпақшы, ана жолы да мен сізге өтірік 
айттым. Қара атыңыз сүйретіп келген ноқта... есіңізде ме, сол – 
біздің үйдікі...
– Тағы бір сауал, – деді Рамазан жедеғабыл киініп жатып. – 
Әкеңнің үйге келіп жүретіні рас па?
– ...
– Жарайды, жүре бер. Тек аузыңа ие бол, ал оқуға барасың, 
түңілме.
Монтан қипақтап тұрып:
– Мұғалім, мені қайтесіз... Сізді, басқарманы өлтіріп, бұлар 
Қытайға кетпекке пәтуаласқан сияқты... – деп тоғай арасына 
сүңгіп кетті.
Рамазан ауылға қарай жүгірді. Естігені аз емес.
«Қандай соқыр едім! Жұрттың бәріне өзімдей сеніппін. Та­
лай күн босқа өткен, қаншама жұмыс зая кеткен!.. Қасымбек 
адал адам болады деп қаншама уақытымды зая еттім?! Не­
ткен бейғамдық! Жо­жоқ, ондай жуан тұқымы, анау Санияқас, 
Қыдыш, Қарабаланың түп ниеті бұзық екенін ішім сезді­ақ. 
Бәріне де үмітпен қарадым. Ұрлық та, өрт те – солардың қарекеті. 
Ғалияны байлап берген де солар. Астық қоймасын да солар өртеді. 
Енді, міне, құрмалдыққа өзімді атапты...»
* * *
 Осы жерде хикаят желісін үзіп, кітап авторына бертінде мәлім 
болған екі деректен үзінді келтіреміз...
Оның алғашқысы – Абай ауданының орталығы Қарауыл 
елді мекенінің тұрғыны Абзалхан Тоқаевтың естелігі. 1958 
жылдың 22 қазаны күні Семей облыстық радио хабарларын та­
рату комитетіне жолдаған «Жалынды жас азамат» деп аталған, 
көлемі төрт парақ хатында ол былай депті: 

88
Медеу СӘРСЕКЕ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал