Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
сансыз көп қойнауына ұқсатып, жас күнінен көкірегіне ұялаған 
танымал жерге балап, сұқтана қарап, өзге дүниені қас қағым 
сәтке ұмытып кеткен Рамазан отағасының әкірең даусын ес­
тігенде ғана селт етіп, Рәпішке жақындады. Келіншегі алаңнан 
бір құшақ гүл жинапты. Ашық жүзі албырап, бет ұшы қызараң 
тартқан. Күн қақтауы Рәпіштің бетіне өз бояуын молырақ 
жаққанын жаңа байқады: қызылы қанығып, қалыңдай түскен; 
меруерттей аппақ тістері оймақтай жұқа ернінің астынан жылт­
жылт етіп, маржандай тізіліп, өзіне күле қарайды. Сірә, әлденеге 
қатты қуанған.
– Қарашы, қандай тамаша жер! Хош иісін жұпар дерсің. Ауа­
сы да керемет! Құдды өзіміздің Баянтау. Анау құздиған жартас 
та Жасыбайдың теріскей жағасындағы Найзашоқыға ұқсайды. 
Етегін көмкерген айна көлі ғана жоқ. Әнебір балтыры аппақ 
қайыңды сайға қара!..
Келіншегі соның бәрін қолымен нұсқап, сандуғаштай сайрады. 
Делбеші тағы дауыстады.
Ерлі­зайыптылар өздері ерекше ұнатқан алаңға, соны теріс­
кейден көмкерген оқшау тауға тағы бір мәрте тамсана қарап, қол 
ұстасқан қалпы арба тоқтаған жерге қайтып келді.
– Отағасы, анау оқшау таудың дербес аты бар ма?
– Ақысын берсеңдер, колхозға өткізем бе, айтамын. Шы­
мылдық дейміз. Қайың өскен жота – Бетқайың. Ал мына өзіміз 
көтеріліп келе жатқан биік өр – Ақбайтал.
– Шымылдық? Біздің халық жер атын қоюға қандай шебер.
– Шымылдық дейсіз, ә? Қалайша тауып айтқан!
Ерлі­зайыптылар Шымылдық тауын қимағандай артына 
сұқтана қарады.
Терең сайдың үстіне көтерілген соң Қасымбек отағасы күреңді 
тежеп, арбадан түсіп, бір доңғалаққа тежеу ағаш қыстырып, 
мықтап байлады.
– Әне, іздеп келе жатқан Бақанасың, – деп күңк етті іле­шала.
Кешеден бері үйір­шиыр, аталы­балалы болып бір­біріне 
иықтаса жалғасқан, ащы ішекше шұбалған мол Шыңғыстың 
осы арада кілт үзілгенін екі жас сезген жоқ­ты. Енді көз салып 
қараса, сонау көкжиекке дейінгі алды – кең көсілген ақ жазық. 

25
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Содан соң байқағаны – күнбатысқа ирелеңдей тартқан қара жон, 
одан әрі көкжасыл белдеушені аңғарды. Көз тоқтатып ұзақ қарап 
тұрып, оны иен тоғайға жорыды.
Бір доңғалағы байланып, даңғыл қара жолды соқадай сызған 
арбаның ылдиға түсуі мүлдем саябырлап, күрең ат та аяғын ілби 
басып әрең келеді. Үш жолаушы оның соңынан жаяу ерген.
Жақындай келе жазықтың шеті қалың шалғынды өлкеге ай­
налды. Тоғай да сұйылып, әлгіндегі жасыл пердесін аша бастады. 
Оның бергі шеті арналы кең өзен екен, ал арғы жағасы – жалаңаш 
биік жар. Тоғайдың арғы қапталынан қарамы едәуір ауылдың 
үйлері де жалт етті.
– Үлкен ғой өзі?
– Иә, едәуір, – деп Рамазан да әйелін қостап әрі отағасын сөзге 
тартқандай болды. – Бұл ауыл колхоз болып қашан ұйымдасқан?
– Колхоз деймісің? – Суға түскісі келмей қипақтаған күреңді 
жонынан бірер мәрте шып­шып осып, Қасымбек мырс етті. – 
Колхозға дейін кім болып едіңдер деп неге сұрамайсың, кәмсамал 
жігіт? Біздің ауыл баяғыдан белсенді. Әуелі мойынсерік болдық. 
Кәператіп болып та дүрілдегенбіз. ТОЗ
*
 атанып тозып та үлгердік. 
Енді колхозбыз, екінші жыл «Бақанас»
**
 колхозы атанғанына, 
несін айтасың, бәріміз ортақ қазан болып, күпілдеп отырмыз...
Ауыл тұсында арнасы кеңейіп, жайыла аққан өзеннен өткен 
соң­ақ жіңішке күрең қамшы салдырған жоқ, үйреншікті қо­
танға желе жортып енді. Делбеші жас жолаушыларын бірден­ақ 
шағын жалауша қақпасына ілінген тоқал үйге әкелді. Рамазан 
оны ауылкеңестің кеңсесі деп ойлаған. Кеңсе емес, ауылкеңестің 
өз үйі екенін ішіне кіргенде ғана білді.
Кеңес ағасы Молдаш Жақсыбаев
***
 ойда жоқта сап еткен жас 
қонақтарына аса қуанбаған рай аңғартты. Жөн­жосығын білген 

«Товарищество по обработке земли» деген ұжым атауынан туған термин.
** 
1957 жылы «Лениншіл жас», 1966 жылы «Комсомольская правда» газеттерінде 
жарияланған очерктерімде мен колхоз атын «Байқошқар» деп жазғам­ды. Алайда 
кейінірек анықталған деректерге сүйеніп, бастауыш мектептің «Бақанас» колхозында 
ашылып, ал «Байқошқардың» балалары алғашқы оқу ұясына көлікпен қатынағанын 
білдім.
*** 
Ауылкеңес төрағасы ғана емес, «Бақанас» колхозының басқармасы Әмір 
Жәнекеұлының және алда аталатын кейбір кейіпкерлер есімінің бірер әрпін өзгертіп 
атадық.

26
Медеу СӘРСЕКЕ
соң екеуінің бетіне алма­кезек аңтарыла қарап, не дерін білмей 
сасқалақтап қалды.
Жуықта Қарауылда болған бір жиында өзі қыздырма сөзге 
елігіп: «Мектебіміз қаңырайып бос тұр. Мұғалім жібермей, екі 
жылдан бері құрғақ уәдемен алдап келесіңдер. «Саужой» ұра­
нын мүлдем ұмыттыңдар...» – деп аудан басшыларына едәуір 
шүйліккен. Үш жылдан бері өз ауылына ат ізін салмаған мұғалім 
биыл да, оқу басталғанда келе қоймас деген оймен белсенділігі 
ұстап, аяусыз сынап еді. Енді, міне, сұраған мұғалімі біреу емес, 
екі кісі болып алдында тұр. Әрі ерлі­зайыптымыз дейді. Бұл 
екеуіне баспана керек, ал мектеп үйі дайын емес. Былтырдан бері 
баспана қылып отырған үй енді мектеп болады деп Солтабай бала­
сы Санияқасқа қалай айтасың? Айтсаң­ақ сыныққа сылтау іздеп 
жүрген Санияқас найсап көшем дейді, ол көшетін болса, жалғыз 
өзі емес, Қасымбек ағасымен қоса кетеді. Екеуі ғана көшсе жөн­
ау... Өздеріне қарасты жамағайынның біразын ілестіріп ала 
кетеді. Онсыз да жоқтан бар жасап, әрең бас құрап отырған кол­
хоз бұдан соң не болмақ?..
– Бек жақсы келгенсіңдер, жастар, сөйткендерің әйбат болды, 
әлей қуанып тұрмын. Үй табамыз, мектепті де қаузаймыз. Мына 
күзгі науқан бітсін тек... – деді Молдаш көзін жыпылықтатып.
РКИ­дің бастығы алғашқы танысу үстінде: «Кеңес ағасына 
сенбе, түлкі құйрық бұлаңы мол мылжың адам. Тізгініңді сірә да 
берме!..» – деп ескерткен­ді.
– Кеңес ағасы, біздің жұмыс – барлық науқанның зоры. «Сау­
жой» науқаны бүкіл Қазақстанда қызу жүріп жатқанын естіген 
боларсыз? Мектеп үйін тап бүгін көрсетесіз, – деп Рамазан сөзді 
түйе әрі міндет арта сөйледі.
– Әрине, әрине, сөйтеміз, Рамазан жолдас. Қаулы болған соң 
көрсетпеуге бола ма? Түскен үйлеріңізде бірер күн демалып жата 
тұрыңыздар...
– Бұл ауылда біздің етжақын ешкіміміз жоқ, отағасы. Әмбе 
біз қыдыра келген қонақ емеспіз, қызмет адамы екенімізді 
ұмытпаңыз. Қайда тоқтау жөнін де қазір атаңыз.
– Ә, солай ма? Қасекеңнің онысы несі? Онда енді үй тапқанша 
бөлініп түсіңдер, ие, сөйткендерің дұрыс. Бүгін бір үйде, ертең 
біздің үйде дегендей, бөлініп тұрасыңдар. Жас адамға оның 

27
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сөкеттігі жоқ. Сіздерге дейінгі өшетел бала да сөйткен, тура бір 
жыл қыдырып жүріп оқу оқытқан. Ол өзі бір әйбат бала еді...
– Біз өйте алмаймыз, ағасы, өйткені өзара некедегі адамбыз. 
Ерлі­зайыпты адамдар бөлек тұрсын деген заң жоқ, – деді Рама­
зан. Заң деген сөзді әдейі шегелеп айтты.
Сөйткені сеп болды білем, ауылкеңес төрағасы іле жуасып:
– Әрине, некелескен адамдарды бөлуге болмайды. Ондай 
заңды білеміз. Бізде де зейін­құлақ бар, білеміз, – деп жалма­жан 
киіне бастады. – Ал жүріңдер, Жәнекеұлына баралық. Қай үйге 
түсетіндеріңді сол кісі айтады. Мұндай аса маңызды шаруаны 
басқармамен келіспей сірә да шешуге болмайды.
Рамазан Рәпішке қарады. Рәпіш Рамазанға қарады. Ақыры 
екеуі басын шайқап жымиды да, кеңес ағасының соңынан ерді.
Жәнекеұлы Әмірді олар қырман басынан тапты. Астында 
жуан сары ат, қырманның бергі шетінде тұр екен. Мінезі солай 
ма, жоқ, әлденеге кідиіп тұр ма, ерлі­зайыптылардың сәлемінде 
де жөнді жауап қатпай:
– Дүкементтерің қайда, кәне?! – деп алақанын жайды.
Қолына тиген бір жапырақ жолдаманы шыр айналдыра ұзақ 
қарағаны болмаса оқыған жоқ, мөр басылған тұсын күнге ұстап 
көрді де, кеңес ағасына қарап:
– Сен, жолдас, былшылды доғарып, бұл кісілерді мектепке ор­
наластыр. Таңдаған бөлмесіне өздері тұрсын, екіншісінде бала­
шағаны оқытады, – деді.
– Бастық жолдас, онымыз қалай болар екен? Мектепте арнайы 
үй жоқ. Оны әлгі...
– Иә, тап соны айтамын. Солтабайұлына үйді босат дейсің. Екі 
жыл баспана еткеніне рақмет айтсын! Мектеп үйі енді қазынаның 
өзіне керек!..
– Әмір жолдас, онымыз асыра сілтеу болып жүрмесін. Солта­
бай баласы Санияқас – колхоз мүшесі, құлауға шақ тұрған мек­
теп үйін түзеп, өзіне баспана етіп алды. Біз енді оған үйден шық 
десек, ол колхоздан кетемін деп...
– Сен енді, Молдаш жолдас, мезі сөзбен адамды әбден 
ығыр етесің. Солтабай баласы кетсе «Бақанас» колхозы қараң 
қалады деген. Давай, жөнел, мына кісілерді орналастыр! – 
деді де, астындағы атын қос өкпеге тепкілеп әлдеқайда жөнеп 
берді.

28
Медеу СӘРСЕКЕ
V
Бір аптадай әуре болып, іші­сыртын тазартып, олпы­солпысын 
бүтіндеуден соң мектеп үйі көп­көрім баспанаға айналды. Еден­
де тек тақтай жоқ, ой­шұңқырын балшықпен тегістеді. Төбедегі 
сырғауыл да неше жылғы шаңы мен ыс табы сүртілген соң кеше 
ғана қабықталғандай болып жалтырап шыға келді.
Күн­түні дамыл көрмей атқарған ауыр жұмыстың нәтижесін 
екеуі енді сезгендей, біткен шаруаға сүйсіне қарап, ауыз үйде 
шай ішіп отыр. Шаршағандарын да жана байқағандай. Рәпіш 
тіпті аянбай кіріскен, үсті­басы балшық, алақаны күлдіреп, қай­
мыжықтай жұқа ерні тобарсып, жарылуға шақ қалған. Балшықты 
Рамазан жалаңаяқ басқан­ды, суықтың зардабы болар, аяғының 
саусақтары быртиып ісінген. Ерлі­зайыптылар бірақ ештеңеге 
уайымдайтын емес. Мәре­сәре қуанышта. Рәпіш күйеуіне кесе 
ұсынған сайын күлімдеп, жымиып қояды. Ешкімнің босағасында 
телмірген жоқ, оңаша баспана иеленгеніне мәз.
Шайды жерге жасаған. Дастарқаны – жер еденге төселген тақ­
тай сынығы.
Анығында бұлар үйге қажет дүние­мүліктен жұрдай еді. Бая­
науылдан құрқол шықты. Семейден де ештеңе алған жоқ, соқа 
бастарын әрең жеткізді, соны да тәубе көрген. Қарауылдан ти­
ген несие жалақыға ең алдымен кітап пен қағаз­қарындашты 
молырақ қамтыды. Одан қалғанына көрпеге тыстық, бір­бірден 
көйлек­көншек алды. Екеуара иеленген жалғыз сандық бұрышта 
тұр. Бір қабат киімдері соның ішінде, қақпағы үстінде кітап­
қағаздары үюлі. Қара шәугім мен сым шеңбермен құрсаулы екі 
кесе, тақтай үстінде шашырап жатқан бес­алты құрт пен ірімшік 
түйіршіктері – көрші қорадағы Құтпа кемпірдің сыйлығы.
Ақөзектегі ескі қыстаудан аттанған күні де, одан кейінгі 
ұзақ жолда да алдағы күнкөріс қалай болады, мынадай кедей 
тірлікпен қалай тұрамыз деген сияқты тұрмыс күйттеріне ақыл 
тауысып қиналған жоқ­ты. «Қол ұстасып бірге жүрсек арман 
не, одан өзге қызық – бізге мұрат емес» дегендей бір бейғам 
пиғылға ерік берген. Енді жетіспеушілік тауқыметі барлық 
сұрау­талабымен алдарынан көлденең тұра қалғанда да сасқан 
жоқ. Осы ауылға қыдыра келгендей­ақ жайраң қаққан сергек 
көңілден аумады.

29
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қарасы аздау, сүті молдау бозғылт шайдың екі­үш кесесін 
терлеп­тепшіп рақаттана ішкен Рамазан орнынан тұра беріп:
– Мен кісі жинауға кеттім. Сен де қамдан... Басыңа қызыл ора­
малыңды тарт, қалайда бүгін мектепті ашуға арналған алғашқы 
жиын, – деді де жүгіре басып шығып кетті.
Күйеуінің лебізінен қуанышты рай сезсе де, Рәпіш жүрексін­
ген сезімнен арыла алмады. Сөйлейсің демегеніне шүкір. Сөй­
легенде не дейді? Күйеуіміз екеуміз сіздерді оқытамыз дей ме? 
Әлде мен де комсомол мүшесімін, жастар ұйымына Баянауылда 
өткенмін деп өмірбаянын айта ма? Ондай жалаң дерек кімге ке­
рек? Бүгінгідей мерейлі күнде көпшілікке естіртер сөз тегінде 
өзгерек болуға тиіс. Мына мектептің қайыра ашылғанын, 
тұрақты білім ошағы болатынын айту керек. Әрине, шешен 
тілмен, шамаң жеткенше жалынды сөздермен естірту шарт. Ал 
өзі? Жо­жоқ, сондай жиындарда тіл ұстартып жүрген Рамазан 
болмаса, мұндай машықтан өзі құралақан...
Әрі­сәрі көңілмен Рәпіш қара сандықты ашты. Қарауылдағы 
кооперативтен алған шолақ етек көйлегін киіп, шашын қайта 
өрді. Терезенің әйнегін айна етіп тұрып, қызыл орамалын тартты.
Қызыл орамалды күйеуі әперген еді. Екеуі қосылғалы әперген 
тұңғыш сыйлығы. Өзіне ұнайды. Өзінен бұрын күйеуіне. Неге 
құмар болғанын білмейді, әйтеуірі ері қызыл түске біржосын 
әуей: көйлектің де қызыл болғанын ұнатады, галстукті де 
шымқай қызылдан тағады; оның ойынша, дүниенің бәрі қып­
қызыл болып, қызыл алауға оранып тұруы шарт...
Дабырлаған дауыстар естілген соң Рәпіш есік алдына шықты. 
Жұрт жинала бастапты. Қақпа маңдайына ілінген қызыл ма­
таны тамашалап тұр. Кейбірі салт атпен келіпті. Бала көтерген 
әйелдер де жүр. Ертерек шыққанына өкінген Рәпіш үйге қайта 
кіріп кетудің бабын таппай, өзіне ішіп­жеп қараған ауыл адам­
дарынан қымсынып, төмен қараған қалпы алға адымдады. Орта­
ны ашып жол берген жұрт оның жай­күйімен санасқан жоқ, жел 
сөзбен қағытып жатыр.
– Сұлу, ә, өзі..
– Ана бауырсақ мұрын тапал күйеуіне қарағанда, мына келін­
шек көш ілгері бойшаң! 
– Күйеуін қойшы, күпәйкесі жалбаңдап жүгіргеннен өзгеге 
жоқ, елпілдеген неме.

30
Медеу СӘРСЕКЕ
– Мына сұлудың қолынан ұстаған да, ұстамаған да арманда 
десеңші!..
– Әттең, көйлегі тым қысқа, бір қарыс қосып берер ме еді...
– Бетім­ау, сонша тылтитқаны несі?
Қысыла­қымтырыла көпшіліктің арғы шетіне әрең шыққан 
Рәпіш артына бұрылды. Қақпаның маңдайшасындағы қызыл 
мата көзіне оттай басылды. Өз қолымен жазған еді, әдемі 
шығыпты. Осы үйді қайта әктеген ақ балшықпен әрең жазған, 
әр әрпі тайға басқан таңбадай болып бадырайып түсіпті. Ішінен 
қайталап оқыды. Бір емес, бірнеше мәрте.
Зеріккен жұрт соны да сөз етіп тұр.
– Әй, Хасен, әлгі қаратаяқ молдамен тамыр едің ғой, кәне, 
оқы мынаны.
– Өй, ол қызталақ қыздарға сөз тасығаннан басқа бұл сорлыға 
не үйретті дейсің?
– Әй, сен де екі жыл молдекең алдында отырғансың, қарап 
тұрма, кәне, заулат.
– Сол соқырды молда деп, әкеңнің көрінде өкіргір, екі жылда 
түк үйреткен жоқ.
– Тек! Олай деме, бәтшағар!
– Мәк... М... ә... к...
– Мына шіркін сиыр қайырып тұр ма?
– М... ә... к... М... ә...
– Бар болғыр, тобық жұтқан ба, бол, қылғынбай оқысаңшы...
Бастапқы үш әріпке бөгелмеген ақсары жігіт «t» әрпіне жетті 
де, тасырқаған аттай тұрды да қалды. Төте жазуға үйренген көзі 
қазақ жазуына енді­енді ене бастаған латыншаға тісі батар емес.
– Уа, Сәкеңді жіберіңдер, Санияқас отағасы қайда?.. Маң­
дайына сыймаған баспанасы еді, мүмкін өзі оқыр...
– Мәк... Мәк... – деп ақсары жігіт қайтадан ежіктей бастады.
– Қой енді, жабықтан сипалап кіріп, қыз оятқаннан басқаға 
жарамадың.
– Өшетелдің өзінен сұралық, әне, келе жатыр.
Қырық үйді, бір­бірінен алшақтау ірге тепкен қора­жайларды 
жаяу аралап шыққан Рамазан аяғы­аяғына тимей үкідей ұшып 
келеді. Кенересі қызылданған күнқағарын маңдайына қисайта 
киген. Бір топ бала соңында жүр. Олардан әріректе сылти басып 
ауылкеңестің төрағасы келеді. О да асығыс.

31
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Кеңес ағасы келсе, түгелміз. Енді бастайтын шығар? – деп 
біреу оны да қағытып қалды.
– Тағы не айтар екен? Жиналыстан босайтын күн бола ма 
бізге?
– Е, мұны бастамасы дей бер. Белсенділер көбейді, шыдап бақ!
– Уа, Бақанас жұрты! – Рамазанның үнін естіп, дабырласқан 
жұрт жым­жырт тына қалды. – Бүгін сіздер тағы бір қуанышқа 
кенелгелі тұрсыздар...
– Е, айтқаның келсін, қарағым!
– Аузыңа май, айналайын! Лебізің тәуір екен...
– Әй, алдыңғы жақтағылар, қоса жарыспай қоя тұрыңдаршы, 
сөз естиік.
Рамазан сәл тыныстап алдындағы жұртқа шола қарады. 
Көбінің жүзі қату. Не айтасың дегендей жұтынып тұр. Балалар 
ғана қызық күткендей аң­таң.
Кенет ол мектеп алдында көсіліп жатқан кең атырапқа на­
зарын тіктеді: бергі жағада қарауытқан қалың тал; одан әрі 
өзенге жантая құлаған Шыңғыстың биік жоталары көлденең 
сұлап жатыр; өздері келген Жәнібек сайын да анық көрді; одан 
әрі Буратигеннің жықпыл тастары мұнартып, Үшқызыл жақ 
батып бара жатқан күн нұрына малынып тұр. Өртенгендей қып­
қызыл алау. Самаладай жарық дүниеге енді ғана қарық болып, 
қуаныштап жатқандай. Бір сәт сол алау оған өзінің ертеңгі 
қуанышы сияқтан­ды. Бүгін қарсы алдында түнеріп тұрған 
ала­құла көптің ертеңі осынау ашық нұрдай жарық емес пе де­
гендей бір қиял­үміт көкейінде жылт етті. Тек ұзақ тұрған жоқ, 
тез жоғалды да, оның орнына тағы да қара көлеңкеге оранған 
Шыңғыс сырты, бұлттай түнерген қия­белдер, күдірейген тау 
жоталары көлбеңдеді. Кенет көзіне шоқтығы көтеріңкі жотаның 
шоң желкесінен бері қарай түсіп келе жатқан салт атты шалынды. 
Жүрісі суыт, саржеліспен келеді. Сол жайт жас мұғалімді қиял 
жетегінен арылтып, қарсы алдындағы көп ортасына қайырды.
– Бұл қуанышты ат мініп, түйе жетектеп келе жатқан жолау­
шым екен деп қуанба, ағайын! Қарғыбауды молдап әкеле жатқан 
сары сүйек құдаң емес ол. Мына ашық­тесік қораңды, аңғал­
саңғал аулаңды толтырар, көктен түскен иен дәулет деп және 
ойлама. Бірақ ол бірінен де кем емес. Менің айтып тұрғаным, 
ағайын, соның бәрінен де артық, әрі келешегі зор қуаныш, тау­

32
Медеу СӘРСЕКЕ
сылмайтын мол дәулет! Аяғыңа аяқ қосар, қанатыңа қанат бай­
лар жүйрігің де, шел байланған көзіңе нұр құйып, жол нұс қар 
қызығың да тегінде осы болады. Аласа бойыңды аспанға көтерер 
демеушің де, аш өзегіңді аспен жалғар жебеушің де осы. Әсілі, 
бұл сондай игі іс!.. Ол не десең, мына тұрған жатаған үйдің ішінде, 
осының жарбиған сырғауыл төбесінің астында... – деп сөзін үзіп, 
қақпаны нұсқады.
Демде бұлай сөйлеймін деп ойлаған жоқ­ты, ауыл адамда­
рын жиып алып, «Ау, халайық, міне мектебің, балаңды әкел!» 
демекші еді. Алайда көп күннен бері көкірегін керіп жүрген ше­
мен сыр тебіреніс үстінде өз­өзінен ағытылып кетті. Екі айдан 
бергі сергелдең әбден булықтырып тастаған сияқты. Енді соның 
құлып­кісені ашылатын мезгіл туғанын сезді.
Сәл тыныстап, Рамазан мұғалім тағы да желпіне сөйледі.
– Абай ағамыз айтқан екен... – деп осы елдің баласына 
дейін жатқа айтатын, оқуға қолын мезгілінен кеш сермеген 
көкірек өкініші туралы танымал сөзді қайталап, өз еліндегі 
Сұлтанмахмұт ақынды қоса және бірталай қазақ білгірлерін 
тізіп тұрып: «Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам! 
Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?..» – деп, 
сөз нөпірін армансыз ағытты. Ақыр аяғында бүгінгі ел тірлігі 
жайында, бүкілқазақстандық сауаттандыру науқаны туралы да 
өзекжарды ойын қадала айтты.
– Бұл ауылға біз еріккендіктен келгеміз жоқ, ағайын. Жұ­
байымыз екеуіміздің сіздің елде ілік­шатыс құдамыз жоқ. Осы 
түкпірге білім сәулесін дарытып, еңбек етуге келдік. Талпынсақ, 
екі қолға жұмыс басқа жерден де табылатын еді, бірақ Шыңғыстау 
ауданын өзіміз қаладық. Комсомол ұйымының басындағы жол­
дастар бізге осындай мойны қашық ауылдарға барыңдар деді. 
Мектебі жоқ, мұғалімі жоқ ауылдарға жетіп, жұмыс істеуді 
тапсырды. Біле білсеңіздер, Ленин жолдастың өзі осылай де­
ген. «Оқы, оқы және оқы!» деген өсиет қалдырған. Міне, көріп 
тұрсыздар, екі бірдей жас мұғалім алдарыңызда тұрмыз.
– Өй, мынауыңның әйелі де оқыған болды.
– Өрімдей жас, қайда жүріп оқыған?..
Рамазан даусын көтере түсіп сөзін жалғады.
– Бір апта бойы жөндем қалыпқа келтіру үшін келіншегім 
екеуіміз күні­түні тырбанып, мектеп үйін жөндем қалыпқа кел­

33
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тірдік. Біле білсеңіздер, осы үйді жабыла істеп, бірер күнде­ақ 
жөндеген жөн­ақ еді. Сөйтер болсақ, осы жиын бүгін емес, біз осы 
ауылға келген күннің ертеңінде өтетін еді, амал қанша...
– Онысы рас.
– Мұндай иттігіміз ба­ар біздің...
– Міне, енді сол жұмыс та бітті. Мектептеріңіз дайын. Әсілі, 
бұл үй бізге емес, сіздерге керек. Біз оқып болғамыз, сауат ашу – 
енді сіздерге міндет. Солай, жолдастар, бүгіннен бастап оқуға 
кі 
рісеміз. Балаларды күндіз, ересектерді түнде оқытпақпыз. 
Қысқасы, мектептің есігі бұдан былай күндіз де, түнде де ашық. 
Бұл белсендінің қызыл сөзі емес, лениншіл комсомолдың шын 
сөзі... – деп сөзін бітірді.
Бір адам қол соққан жоқ. Ең қызығы, бірде­бір жан мұның жөн 
емес деп дау айтпады. Ұйықтап қалғандай, пыс­пыс етіп тыныш 
тұр. Құдды бір түк естімегендей төмен қарап, кейбірі тамағын ке­
неп, жайбарақат жөтеледі.
Рамазанның назары кенет көп жүзін қыдырыстап барып, шет­
керірек тұрған бір топ қаба сақал, мысық мұрттармен ұшырасты. 
Сондай бір жылан көз, түк басқан жабағы беттерді өз ауылы­
нан да көретін­ді. Солардың жамағайыны мұнда да бар сияқты. 
Өзді­өзі әлденеге келісіп тұрған тәрізді. Күбір­күбір күңкілдесіп, 
көзінің астымен өзіне ұрлана қарайды. Анау шеткісі – Қыдыш 
шал, Рәпіш екеуі осы үйді жанталаса сылап­сипап жатқанда, 
таяғын тықылдатып есік алдынан талай мәрте өткен. Бұрнағы 
күні ақ балшық әкелуге атын сұрап барғанда, өзіме керек деп 
меселін қайтарған. Оның қасындағы – өзіне лаушы болған Қа­
сымбек отағасы, мұртын ширатып, қайта­қайта бетін сипайды. 
Ал Жаңабай баласына не жоқ, неге тұр ана жабағы беттердің ор­
тасында? «Сіңірі шыққан кедей еді шыққан жері, мына Ағыбай 
оңбас, жуан аталардың тұқымымен ауыз жаласып жүр. Бұл 
өзі Қасымбекке туған балдыз», – деп кеше кеште көксау шал 
қасында қасынып отырып, біраз жайттан әңгіме шерткен.
Мұғалімнің шұқшия қадалған өткір назарына Санияқас Сол­
табайұлы ақыры шыдамады. Қасындағы топтан бөлініп, өзіне 
жақындай түсіп:
– Әй, шырағым, кәмсамал болғаныңда шаруам жоқ, сен маған 
мынаны айтшы, – деді сыздана сөйлеп. – Біреудің маңдай тері 
тамған баспанасы кәмсамал болғанға зорлықпен берілсін деген 
өкіметте заң бар ма?
3­246

34
Медеу СӘРСЕКЕ
Тысы ескірген шошақ тымағын көзіне түсіре киген, бір жақ 
құлағын ішіне жымқырып қойыпты. Анада үйді босатарда ығып 
қалған сияқты еді, енді өзіндей жаутымақтылардың ортасында 
тұрған соң үні күшейе бастапты. Даусы иесіз тауда тұрғандай 
гүр­гүр етеді.
Рамазан кенет өзен бойындағы тоғай арасынан бері шығып 
келе жатқан салт аттыны көрді. Жақындай түскенде жазбай та­
ныды. Әмір басқарма. Кеше ауданға кетті деген, сабазың тез­ақ 
қайтқан. Әлей белсенді кісі. «Дер кезінде келдің, ағасы!» деп 
жігерленді мұғалім. Санияқастың жаңағы қияпас сөзінен дау 
ұшқынын сезген, нендей желеумен сөндірем деп ойланып қалып 
еді. Желе жортып жеткен басқарманы көрген соң арқасы қозды, 
тайсалмасқа бел байлады.
– Мықты кісімсіп шалқая бермей, Санияқас отағасы, сәл 
еңкейіп, мына жазуға қараңызшы. Бәлкім, оқып жіберерсіз... – 
деді Рамазан қызыл матаны нұсқап.
Тоспадағы тұнған судай тыныш тұрған көп кенет толқып, 
Санияқас Солтабайұлы еріксіз шегінген оқыс жағдаят туды.
– Ал, оқи ғой.
– Қатырды, қыс түсерде баспанасыз қалдым деп қақсағанына 
апта болып еді.
– Көлденең көк аттының сөзі керек емес. Өшетел қарағым, 
айта бер діттеген сөзіңді!
– Мен болдым, Бақанас жұрты. Осы сағаттан бастап, Санияқас 
мырза, сізге де ескертемін, «Мектеп» деген дабыра сөз есігі ал­
дына ілінген сәттен былай өз үйім деп күпсініп тұрған баспанаң 
осылай аталмақ. Құлағыңа құйып ал, отағасы, «Мектеп» – 
мұның аты! Уа, ағайын, ертеңгі игі жақсылыққа жетелейтін, 
көлқайнардай бастау бұлағың да осы үй болмақ. Осы сөзімді есте 
тұтсаңдар болды, Бақанас елі. Бұдан өзге менде сөз жоқ, әйелім 
Рәпіш Әшірбекқызы да осылай дейді. Ал бұдан өзге сөз болса, 
ауданнан келді, Жәнекеұлы жолдас айтар, – деді Рамазан қақ 
қасына келіп ат басын тіреген Әмір басқармаға ұмсына қарап.
Ұзақ жүрістен қажып келген бе, Жәнекеұлы аяқ астынан шат­
шәлекей бүлінді:
– Әй, өшетел, сен де сала құлаш тіліңді қу жағыңа жаныған 
пәлекет екенсің, осы ауылда мылжың аз еді. Кім сендерге жұмыс 
уақытында жиналыс қыл деген? Айда, тараңдар түге! Ертең 

35
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қылышын сүйретіп қыс келгенде, алдыңдағы азын­аулақ малға 
сирағыңның жүнін бересің бе, түге, о, несі?! – дүрсе қоя берді.
Санияқас қарқылдай күлді. Қыдыш шал жорта жөткірініп, 
Қарабала таяғын тық­тық ұрғылап бақты. Қасымбек қана әжуа 
күлкі қысқанын сездіргісі келмей теріс айнала берген­ді. Өзге 
жұрт үн­түнсіз тарай бастады. Рамазан не дерін білмей, тілін 
тістеген күйі үнсіз тұрып қалған­ды. Рәпіш те жауар бұлттай 
түнерген басқармаға жаутаңдай қарап, жер шұқыды. Бағанадан 
бері жақ ашпай тыныш тұрған кеңес ағасы кенет даусын көтере, 
тарап бара жатқан жұрттың соңынан:
– Жолдастар, осымен бүгінгі жиналыс жабық! – деді де, 
сөлбірейген қалпы киіз боқшасын мойнына асып, өз үйіне қарай 
сылти басып жөнеп берді.
VI
Сабақ жүретін бөлмеде отырған Рамазанның: «Рәш, мой­
ныңды бері бұршы», – деген үнін естіген соң ауыз үйде шаруа 
жайлап жатқан Рәпіш қолын сүртіп қасына келгенде, ерінің 
мәз­мейрам болып отырғанын көріп, басын шайқады. Төрт қабат 
көрпе үстінде отырғандай, жаман тәйтерінің пұшпағы тигенге 
мәз, аяғын астына басқан, киіз дорбаны тізесіне қойып, басын 
қисайта ұстап жазып отыр. Еденде қайыңнан ойылған сия дәуіт. 
Іле қолындағы қағазды оқи бастады. Шыңғыстау аужаско­
мының жас хатшысына жолданған хат
*
, жұмысқа едел­жедел 
кіріскенін хабарлапты, әшейка ашу жайын қозғаған. Келмей 
кеттің дегендей ренішін де қыстырыпты. 
Оқып болған соң қалай екен дегендей пікір күтіп, келіншегіне 
қарады.
– Тым сыпайы, осы күнге дейін әшейке ашпай, мынадай үлкен 
ауылды ұмыт қалдырып келгенін баса айтқаның жөн еді, – деді 
Рәпіш.

Осындай мазмұнда хат болып, Шыңғыстау аудандық жастар комитеті нің плену­
мында оқылғанына бұрынғы комсомол мүшесі, қарт ұстаз, Қарауыл селосының 
тұрғыны Ұлықбек Байырбеков куәлік етіпті. Бұл туралы сол ауданның тұрғыны 
А. Тоқаев та 1957 жылы Семей облыстық радиохабарлар тарату комитетіне жолдаған 
хатында тәптіштеп баяндаған.

36
Медеу СӘРСЕКЕ
Аужаском хатшысымен алғашқы байланысы болған соң сы­
пайылық сақтағаны рас. Әйелі соны хош көрмей, бетіне айтып 
отыр. Дұрыс айтады. Керейбаевтың жер шалғайлығын сылтаура­
тып, бұл жаққа ат басын бұрмай жүргені рас. Өздері келгелі де 
айдан асты. Содан бері аужаскомнан бір өкіл соққан жоқ, тәрізі, 
ұмытып кеткен. Байқошқарда отыз, Бақанаста қырық үй бар, 
бұған Ақшатау мен Шыңғыстың бергі сыртындағы сай­салада 
шашырап отырған бірлі­жарым ауылдарды қосса бірталай түтін 
болады. Әр үйден бір­бірден жас шыққанда да комсомол жасын­
дағы өрендердің ұзын саны қырық­елуден кем соқпайды. Бәрі 
соның әлеумет жұмысынан сырт қалған. Анау Қабыш сияқты 
бозбала жігіттер ойын­сауық іздеп, түні бойы ауыл қыдырғаннан 
өзге бітірері жоқ. Жалғыз Қабыш па? Бір­бір ит пен бір­бірден 
ителгі ұстау – бәрінің ермегі. Біреуін де күндіз үйінен таппайсың, 
кешке жақын Шыңғыстан келе жатқанын көресің. Осы да жас 
жігіттер үшін ермек болып па?..
«Байқошқар» колхозындағы Мұсылманқұл басқарманың 
әке 
сі Медеу шал кепкен қайыңнан оймақтай ғып ойып бер­
ген сия дәуітке қаламын батырып, Рамазан хаттың соңына қо­
лын баттита қойды. Кенет әйеліне еміне қарап, сирек тістерін 
ақсита күлімсіреді. Сірә, бірдеңе айтқысы келгендей. «Сен де 
жетіліп келесің. Әлгі сөзің – соның нышаны. Мұндай қылыққа 
бұрын баспаушы едің, өз ошағыңнан аса сөйлегенің – өскенің, 
өзгергенің...» дегісі келген­ді.
Әлдекім есікті тық­тық қақты. Шәкірттерінің бірі екенін Ра­
мазан бірден білді. Есікті қақпай, рұқсат алмай табалдырықтан 
ішке аттама деген уәжінің рәсімге ене бастағанына қуанып 
қалды.
– Кіріңіз, рұқсат!..
Басы іріңнен арылмайтын Төлеген тазша екен. Кішкене бала­
лармен бірге отыруға қымсынып, ересектер тобына жазылған. 
Ауылдағылар оны «Төлеген тазша» дейді, көзінше де, сыртынан 
да айта береді. Еті өліп кеткен бе, жасықтығы ма, шәкірт жігіттің 
өзі соған мәу демейді, жайраң қағып жүре береді. Елгезек болған 
соң жұрт та оны көбірек жұмсайды...
Бұл жолы да сондай шаруамен келіпті.
– Сізді басқарма шақырады, – деді де іле шығып кетуге ың­
ғайланды.

37
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Төлеш, сәл тоқта, сенен бір сыр сұрамақпын, – деді Рамазан, 
Төлеген қалт тұрып қалды. Аң­таң. Жұрт құсап «Әй, тазша!» де­
мей, есімін еркелетіп атаған мұғалімге таңдана қарады. – Бері 
жақында, басылып отыр. Басқарма шақырса барармыз. Сен өзі 
қандай жігітсің, ішіңде сыр сақтай білесің бе, әуелі маған соны 
естірт, бауырым.
Төлеген кетік тістерін ақситып рақаттана күлді. Іле­шала 
мұғалімге жалт қарап, бір көзін қысып, бір көзін ақшитты. 
Бұл да оның машық әдеті. Сөйлейтін болса бет­бейнесін сөлекет 
құбылтып, біржосын аянышты кейіпке түседі. Жұртты күлдіру 
үшін әдейі жасайтын сияқты.
– Бұл бас не көрмеген дейсіз, мұғалім. Жарылғанда шық­
паса, сау тұрғанда бір сөзді қақас шығара қоймас. Нанбасаңыз, 
сынаққа алыңыз...
Төлегенге ерінің неліктен сонша қадалғанына таң болған Рә­
піш үнсіз отырған­ды. Бозбала жігіт әлгі сөзді айтқанда, ол риза 
болғанын жасырмай:
– Ой, тіпті ағыңнан жарылдың ғой, – деп қостау білдірді.
Рамазан қолын сарт­сұрт соғып:
– Бәрекелді! Жігіт сөзі мынауың. Саған сенуге болады екен. 
Ал енді тура сөзге көшелік, – деді кенет. – Монтан деген жігітті 
білетін шығарсың, бұрын оқыған ба?
– Оқыған! – Төлеген бір көзін қысып, бір көзін ақшита, екеуіне 
алма­кезек қарады. – Оқығанда қандай! Асықты алшысынан ке­
ремет тұрғызады, оппаға, әрине, ебі шамалы...
– Өй, мен шын сұрап тұрмын.
– Мен де шынымды айтып тұрмын, мұғалім. Қайда жүріп 
оқиды? Әкесі барда кер тайдың үстінен түскен жоқ, әкесі кеткен 
соң кер тай оның үстінен түскен жоқ...
Ерлі­зайыптылар рақаттана күлді. Сірә, Төлегеннің ұтқыр 
әжуасы еріксіз күлдірген тәрізді. Әлден соң Рамазан езуін жиып:
– Е, солай десеңші. Әкесінен ерте айырылып сорлап қалған қу 
жетім десеңші. Бәсе, бір үйдің тауқыметі оңай ма?... – деп жорта 
аңқаусыды.
Төлеген одырая қарады. Көзін қысса да, ақшита да алмай аб­
дырап қалды.
– Монтанның әкесі өлді дегенді кім айтты сізге? – Төлеген ке­
нет жым болды. Құпия жайтты көйтуге дәті жетпей, ойланып 
қалғанын бірақ сездіріп алды.

38
Медеу СӘРСЕКЕ
Рамазан да өзі айтсын дегендей тіс жармады. Бірақ Төлеген 
үндеген жоқ, төмен қарап тымырайып отыр.
– Неге күмілжідің?
– Бұл бас біреудің сырын ашпауға үйренген, мұғалім.
Рамазан одан әрі қинаған жоқ.
– Жарайды, жүре бер. Әкесін сұрағанымды Монтанға айтпа! – 
деді де киіне бастады.
Төлеген шығып кеткен соң келіншегіне жымия қарап:
– Осы шіркіннен бірдеңе шығады, Рәш. Құдай біледі, сөзге 
ынтасы, аңғарымпаздығы ерен күшті... – деді.
Рәпіш үндеген жоқ. Үндемегені – мақұл дегені. Аз күн 
жақындықта­ақ ерлі­зайыпты екеуі бірін­бірі қабақ қағысы мен 
ерін емеуірінен, болмашы күлкі, аз іркілістен­ақ ұғатын болған. 
Тек ері табалдырықтан әрі қарай аттай бергенде:
– Әмір ағаймен сыпайы сөйлес, үлкен кісі. Кіші апаң үйінің 
әтештерінше екеуің үнемі шоқыса бересіңдер, – деді.
* * *
Қала көшесіне ұқсатып салынғанмен іркес­тіркес үймелеп, 
қора­қопсыны әр жерге тежеусіз қалқита берген байырғы 
ауылдың
*
 тоқал үйлерін жағалап келе жатып, Рамазан келін­
шегінің әлгі сөзін ішінен неше мәрте қайталады. «Кіші апаң 
үйінің әтештерінше...» деп әжуа еткен үні құлағының түбінен 
шыңылдап, еріксіз ойлантқан­ды. Айдары қанжоса болып, өзара 
майдан ашып жатқан көп әтештің аяусыз қырқысы көз алдын­
да кес­кестеп тұра қалған. Үйлесімді теңеу! Жетістің, Рамазан, 
жетістің, комсомол жігіт.
Кіші апасы – Баянауылдың теріскей бөктеріндегі Ысқақ ауы­
лының кішкене кемпірі. Бейнеті мол мал баққаннан құс асы­
рауды жеңіл көрген дімкәс кемпір қырық­елу тауық ұстайтын. 
Он шақты әтеші болатын. Солардың қысқа күнде қырық рет 
қырқысқан төбелесін тамашалау – ауыл балаларына қызығы 

Бақанас бойындағы елді мекен 1920 жылдары пайда болған. Бауырдағы бірқанша 
үй егін егіп, отырықшы ел болуды мұрат етіп, Шыңғыс сыртына келіп, қар қалың 
түсетін, егін салуға қолайлы қара топырақты жері мол, құйқалы өңірді сағалап, коо­
ператив ашқан.

39
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тау сылмас ермек еді. Рамазан да сол шайқасты сан мәрте көрген. 
Еркешора Рәпіш те талай рет қора жабығынан сығалаған. Сол 
қырқысты келіншегі бөтен ауыл, бөгде жерде есіне түсіріп, әдейі 
айтып отыр. Сірә, себепсіз емес... 
Жәнекеұлымен тұзы жараспай жүргені рас. Басы соның мек­
тепті ашардағы алғашқы жиналыста тұтанды. Одан соң тағы 
бірде кегежін сөзге келіп қалды: «Колхозшыларға сіз бүйідей 
тиесіз. Ұрысудың да реті бар, бағынышты екен деп, дүйім жұртты 
күні­түні жұмысқа салуға болмайды, ағасы. Бұлар да өзіңіздей 
бейнетқор пенделер, ауыр еңбектен арқасы босағаны енді ғана. 
Айқай көтермей жайбарақат айтсаңыз да, шаруаның қыбын 
білетін жандар – сіз үшін емес, өзі үшін істейді...» – дегенде, 
Әмір басқарма. «Біліміңді бұлдама маған, сенсіз де ел басқарып
атымды өзім ерттеп жүрмін...» – деп қыңыр қылығына басып, 
жөнеп берген. Содан бері аралары ашыла түспесе жақындаған 
жоқ. Жақындауға ниет болғанмен, екеуін жуықтатпай жүрген 
адамдар бар сияқты.
Әмір Жәнекеұлы ірі байларды тәркілеу науқаны басталғанда 
осы өңірде ертеден тұратын диірменші ноғайдың қалақшысы 
екен. Бай малын бөлісу үстінде бөрігін ортаға лақтырып, орта 
шаруа жігітек
*
 адамы Қыдыштың меншік торысына мен иемін 
депті. Белді торы ат тақымына тиген соң шолақ қол диірменшісін 
тастап, бауырға түскен. О жақтағы қалың елге де бықпырттай ти­
ген саяси науқандарға бел шеше араласып, белсенді атанып, ақыр 
аяғында осы жаққа қайтып оралған. Шыңғыс сыртындағы диқан 
жұрт колхоз болып, басқармаға кімді сайларын білмей, әлде сол 
дәрежені бір­біріне қимай дағдарып отырғанда: «Уа, бұларың 
не, басшысыз ел бола ма екен?» – деп Әмірекең ортаға шығып, 
өзін­өзі ұсынғанда, жұрт жамырай күледі. Алайда жалғыз 
атты кедейдің өжеттігі аудан орталығынан келген өкілге қатты 
ұнапты. Ақыры, не керек, сол жиында Әмір отағасы басқармаға 
сайланып, атқа мінген. Содан бері екінші жылға аяқ басты, аттан 
түскен емес.
Ауылдағы үлкендердің Әмір басқарманы сыртынан сөз еткен 
одағай қылықтарын Рамазан жата­жастана естіді. Күлерін де, 
жыларын да білмей, адам мінезінің алуан құбылысына сайып, 

Тобықтыдан тарайтын қарамды ру. 

40
Медеу СӘРСЕКЕ
көш жүре түзеледіге тіреген­ді. Сөйтсе де айқайы зор белсенді 
бәлшебектің шектен шыққан әмірі күннен­күнге зорайып бара­
ды. Тыйым болмаса бір күні ел ашуын қоздырып, әлей дауылға 
соғатынын сезбейді байғұс. Жас болса да Рамазан мұндай асыра 
сілтегіштің талайын көріп, талай белсендінің есі қалмай езулеп 
жүріп абыройдан айырылып қалғанын да білетін­ді.
Әмір отағасының үйіне ол осындай бір ойқыл­тойқыл ойлар­
мен кірді. Колхозда әзір кеңсе жоқ. Басқармада кеңсе салар ниет 
те жоқ­ты. Оның қарапайым түсінігінше: басқарма – үкімет 
кісісі; ал үкімет адамында мерзімді уақыт болмауға тиіс; ол үшін 
тәуліктің түні де, күні де бірдей, ерте демей, кеш демей жұмыс 
істеу шарт; ал кеңсеге – таңертең барып, кешке қайтасың. Басқа 
уақытта қайтпек? Біреу сені түнде іздеді делік – кеңсе алдын 
күзете ме? Жоқ, үйге келсін. Үйіңді тура кеңседей көрсін. Өзі 
солай етеді. Басқаларды да соған үйретеді. Үйренбей байқасын! 
Қиқарлық етсе, кеңес ағасы Молдаштай­ақ болар. Ол шіркін 
біраз мөңкіп­мөңкіп, ауылкеңестің қызыл түсі оңып, бозараң 
тартқан жалауын өз шошаласының алдына ілген­ді. Сол жалау­
ша әлі желбіреп тұр.
– Бәрекелді, жоғары шық, өшетел бала, – деді Жәнекеұлы 
аласа есіктен еңкейіп кірген Рамазанды анадайдан көріп. Көңілді 
екен, іле самбырлай сөйледі. – Оқуды көп­көрім қыздырдың, 
бала, маладес! Біздің үйдегі боқмұрын «Арбаны оп­оңай жаза­
мын, шанаға әзір тісім батпай жүр...» деп тақылдап отыр кеше. 
Нақұрыс немеге төрт доңғалақты арбиған арбадан қисық табан 
кішкене шана қиын болған ба? Нешауа дедім, арбаң бар, шана 
да болады. Заман біздікі, бұйырса бәрі де болады. Мен өзім иттің 
күшігі Соқыр молдадан баяғыда екі жыл оқып, әліпті таяқ деп 
білмей кеттім. Ал сен маладес болдың, бір айда біздің балаға 
қанша сөз үйреткенсің. Мына қалпыңмен өзің білген оқуды 
біржола тауысып алып, жұмыссыз қалып жүрме. Байқа, бала!..
– Өзім де сізге жолығайын деп ойланып жүр едім, ағасы. 
Шақыртқаныңыз жөн болды...
Сөзін бөлген Рамазанды басқарма тыңдаған жоқ, өз бетінше 
шалқи берді.
– Оқуың бірер жылға жете ме, таусылып қалмай ма? Осы ба­
стан айт. Жаз шыға мектепке жаңа үй саламыз. Есік­терезесін 
Семейден алдыртамын. Өзің әкелесің. Ойдойт дүние десеңші, 

41
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шайыр иісі мүңкіген қарағай еденнің үстінде шынтақтап жатып, 
біздің боқмұрындар сабақ оқитын болады! Әмір ағаңның жүйрік 
көңілі, сөйтсең бар ғой, Шыңғыстың төбесіне шығады! Атының 
бәйгеден келгені де сол болады! Иттің баласы болайын, мұны 
істемесем. Балалардан дүние аяғанша арқама қап салып, қаңғып 
кетсемші...
Рамазанды күлкі қысты. Үп­үлкен кісінің асқақ қиялға түсіп, 
болмашы түйсігімен соншама шалқығанына еріксіз езу тартып, 
бірақ бой бағып, ләм­мим демеді.
– Жәнекеұлы жолдас, ересектер тобымен мектепке келмей 
жүрсіз демекші едім. Сіз келмеген соң басқалар да келмейтін бол­
ды, – деді әлден соң.
– Өй, сен тоқта! – деп басқарма кілт сынды. Сірә, ескертуін 
қабылдаған жоқ. – Сен өзі менің неге шақыртқанымды білгенсің, 
солай ма, қу бала? Сол мәселені бір жағына шығару үшін ша­
қырдым сені.
– Солай ма?
– Сен енді шалтай­балтайды доғарып, тура бүгіннен бастап 
мені де оқыт. Анау көкетантық, сыңарезу кещелерге қосақтамай, 
сабақты оңаша бер. Тура өз үйіме келіп оқытасың.
Рамазан ойланып қалды. Басқарма ағай келеңсіз қырсыққа 
бұрып отыр. Оны бетіне айтса тағы да әтештей шоқыса кетуі 
анық. Одан соң барқадар сөз естімейсің, бәрінен де қиыны – ба­
йыпты іс бабынан жаңылады. Ақыры орағыта сөйлеп, мінезі 
өктем басқарманы өз ыңғайына ақылмен келтіруді жөн көрді.
– Үлкендерді әйелім оқытатынын білмейсіз бе?
– Е, сөйткені жақсы. Ибалы бала деп мақтап жүр біздің қатын.
– Жап­жас әйелдің сіздің үйге әрі кеш түсе оңаша келуі қалай 
болар екен?
– Е, келмесін. Мен келінге емес, саған кел деп отырмын.
– «Саужойға» келген үлкендерді бос отырғызып қойып, сізге 
сабақ беруім қалай болады, ағасы?..
– Әй, қызталақ, сен маған турасын айт. Мені оқытасың ба, 
жоқ па?! – Ашуы қозған Әмір әңгіменің тоқетеріне түсті. – Оқыт­
пасаң мені, көменестің көзін ашқысы келмеген буржый қылып 
мойныңа жазып, ауданға қайтарамын. Бұған әмірім жетеді, бұ­
рынғы өштелді де сөйткенбіз.

42
Медеу СӘРСЕКЕ
Рамазан құлап қала жаздады. Сөйтсе де ұстамдық қылып:
– Көменес адам жеке­дара оқытылсын деген заң жоқ, отағасы. 
Бекерге қорқытпаңыз, мұғалім де – үкімет адамы, – деді.
Үкімет адамы дегені Әмірге оқтаудай тиді. Бірақ демде ырық 
бергісі келмей:
– Е, оқытпаса Елтай ағаңды бір емес, бірнеше өшетел ертелі­
кеш неге оқытып отыр? Насыбайын түкіруге шықса да соңынан 
ере жүріп, қаріп жаттатады дейді...
– Мәселе былай, – деді келеңсіз тәжіке созылып бара жатқан 
соң Рамазан орнынан көтеріліп, сөзін түйді. – Елтай Ерназаров 
жолдас жуықта «Бүкілқазақстандық «Саужой» науқаны кезінде 
осы жұмысқа көмектеспеген, кедергі жасаған бәлшебек партия 
мүшесі бола алмайды, ондайларды ел басқарудан аластау керек!» 
деп үлкен газетке ұран сөз жазды. Сол тізімге іліне қалсаңыз
маған өкпе айтпаңыз, Әмір ағай!..
Ашуланып кеткен тәрізді, мұғалім жігіт сыртқы жаппаны 
қатты жапты.
VII
 Бұрын қыбыр­жыбырмен салбөкселеніп әрең өтетін күн­
дерге енді қанат біткендей: таң атты дегенше, күннің батып бара 
жатқанын көреді; Рамазан қоңыр күпәйкесінің түймесін түгел 
салуға да мұршасы келмей, екі ауылдың ортасында жүгірумен бо­
лады. Бақанаста сабақ оқытса, Байқошқарда жиналыс өткізеді. 
Кейде киіз боқшасын қанжығасына байлап, ұсақ мал қыстайтын 
қыстақтарға кетіп бара жатады.
Заман тынысы солай. Алды­артына қаратпай, ерсең – осы, 
ермесең – жолдан кет деп асықтырып тұрады. Шыдайсың ба 
деп сұрамайды. Барыңды бер, аянба деп қол жайған қанағатсыз 
уақыт. Әсіресе мынадай құла дүз, шалғай жонда. Талап­
тілеуіне төтеп беру қиын­ақ, әсіресе өздеріндей он екіде бір гүлі 
ашылмаған көкөрім жас жұбайлар үшін. Сөйтсе де шыдап бақты. 
Тек жеміс тергізсе екен...
Орта жолдан кері қайтпайтынын Рамазан ертерек сезген, 
Рәпіш те еріксіз көндіккен тәрізді. Соны да үнсіз жымиған 
қылығымен, жүрек ділімен білдірді. Соған да тәубе!

43
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алғашқы айларда қиын­ақ болды. Қайда барса да көз астымен 
қыдия қарап тұрған бейтаныс жандар. Ішінен соны күйзеле ой­
лайтын. Кәдімгідей жүдеп­жадап, боркеміктеніп қалатын.
Сондай бір ойқыл­тойқыл ой Әбдіқаз келгенде белең берді.
Әбдіқаз – Рамазанның туған інісі, Әбіштен туған он төрт 
перзенттің – алты қыз бен сегіз ұлдың бірі (сол күнде жер басып 
жүрген төртеудің ең кішісі). Әнебір жылы үш ағасы бірдей оқу 
іздеп Семейге аттанғанда, бұл жас болып ауылда қалған. Енді, 
міне, биылғы күзде ол да туған ұясынан түлеп ұшқан балапан 
қырандай, тірлік­тілеуін Көшпай ағасының көшіне қосып, жолға 
шыққан. Аякөзге ауысқан мұғалім ағасының қолына келіпті. Со­
дан Бақанасты бетке ұстап, жолға екі қонып, ат басын өздерінің 
жұпыны баспанасына тіреді.
Осыдан бір ай бұрын Рамазан үлкен ағасына хат
*
 жазған: 
«Бір жерде болайық деп қасыңа шақырғаныңа рақмет, ағатай. 
Енді ғана колхозға ұйымдасып, мектеп ашқан елден қалай 
кетемін, сөйтуге дәтім жетпейді, комсомолдық арыма дақ түспей 
ме? Суық жүрістілер қайда жоқ дейсің, Шыңғыста, бәлкім, 
басқа өңірлерге қарағанда көбірек шығар. Таласпаймын. Бірақ 
«Қасқырдан қорыққан қой бақпайды» деген нақылды білесің. 
Менің баққаным – мектеп, осы елдің көкөрім жастарына білім 
сәулесін құю, өзің сияқты ұстаздық ету. Ал мектеп мұғалімінде 
ұры­қарының шаруасы бола қоймас, ірілеу шортанды іздер. 
Жаның ашыса, қара атыңды маған жібер. Ол маған тап қазір 
нағыз қолғанат болар еді...» – деп. 
Қара жорға Қалба бөктерінің байырғы тұрғыны Шәкір мыр­
заның меншік аты екен, Алтай төріндегі Риддер зауытының 
алғашқы қорғасын қорытқан тойында аламан бәйгеге қосылып, 
үш жүз аттың алдыңғы легінде, жетінші болып келіпті. Байлар­
ды тәркілеу науқанында хас жүйрікті иемдене алмайтынын сез­
ген иесі өз ауылындағы мұғалім жігітке азын­аулақ пұлға сатуға 
мәжбүр болған. Жазда кездескенде Көшпай ағасы ұтымды сауда­
сын інісіне бір кеш әңгімелеген. Енді, міне, сол сәйгүлік мектеп 
үйінің алдында таң асып тұр. Колхоздың аяқ артары емес, өз аты. 
Басқарма Әмір колхоз атын қинайсың деп көз алартпайтын бол­

Бұл хаттың жорамал мәтіні Көшмұханбет Әбішұлы Абаевтың әңгімесі бойынша 
келтіріліп отыр.

44
Медеу СӘРСЕКЕ
ды, өзі де күнде біреуге кіріптар болып көлік сұраудан құтылды. 
Жарайсың, Көшекем! Байлығы тасып бермегенін іші сезеді. 
Жалғыз атын ғана емес, үлкен үйдің жас отауға жоралғысы деп 
қоржынның екі басы толған бірқанша сыйлық та жіберіпті...
Соншама жерден ат терлетіп келген інісі бірақ көп жата алма­
ды, темір жолға жұмысқа тұрмақ екен, асығыс қайтты. Рамазан 
басқармадан ат алып, Әбдіқазды Шұбартау ауданының орталығы 
Баршатасқа дейін шығарып салды, одан әрі лаушымен кетпек. 
Қоштасарда інісі етігінің ұшымен жер шұқылап тұрып:
– Көшекем көрмесе де көргендей болжапты жағдайыңды. 
Бақанастағы көп шуылдақтың көзін ашам дейсің, түптің түбінде 
басыңның қайда қалғанын білмей жүрмейік... – деген­ді.
Аз күн жатса да талай жайтты аңғарған тәрізді, қарадай шо­
шығанын жасырмай бетіне айтты.
Рамазан тез тұтанған шырпыдай шырт ете қалды.
– Мынауың – қара бастың қамын күйттеген кеудемсоқтың 
сөзі. Тағы не дейсің?
Әбдіқаз да ыға қойған жоқ.
– Жалаңаш беліне қылыш байлаған белсендінің қызыл сөзі 
айтып тұрғаның. Солардың желбуаз желігі жер жаннаты ат­
танған Баянауланы да тып­типыл жұтатып, алқакөл сұлама 
кезіндегідей біздің елді жан­жаққа тентіретіп жатыр. Қатты 
айтқаныма ренжіме. Анау сақалды шәкірттеріңнің «қос кірме» 
деп жеңешем екеуіңді шетке шығарып күңкілдесіп отырғанын 
естідім, күймей қайтейін? Есіл еңбегің сексеуілге су құйғандай 
еш бола ма деген қауіп менікі. Сыртыңнан пыш­пыштаған ерсі 
қылықтарынан қатты түңіліп барамын... – деп өзі мініп келген 
атты өздері тұрған кеңсенің алдына байлады да, Аягөз жолына 
жаяу түсіп кете барды.
Рамазан қара жорғаны мініп, колхоз атын жетегіне алып, 
ауылға қайтты. Жол алыс, қар түскен мезгіл­ді. Үшқызылды 
бетке ұстап, Бақанас өзенін өрлеп келе жатып, жол бойы ауыр 
ойдан арыла алмай азап шекті.
Бақанаста аяғын шалған ескілікпен алысса, жол үстінде де 
сол туралы қамыға ой тербеп, өзімен өзі тайталасқа түсіп келеді. 
Бір сәт осы төңіректегі іс­әрекетін жөн көріп мақұлдаса, енді 
бір сәт соның бәрін теріске шығарады. Бәрінен де ең жақын ту­
ыстары – жанашыр аға мен інісі бірігіп естірткен өктем сөз жа­

45
ШЫҒАРМАЛАРЫ
нын қинап, «Ей, Рамазан, есің барда еліңді тап!..» дегендей бо­
лады. Ағасы дәптердің қос көтермесін толтырып, жан сырын 
шертіп хат жолдады: «Қытымыр ел, қаһысы көп жерде ұзақ 
жүріп, қартайған әкеңді қажытпа, артыңдағы шиеттей жас 
бауырларыңды да ойла...» – депті. Ежелден сарыуайымшыл 
жан жоқшылықты көп көріп, жалшылықта да жастай жүріп 
көңіліне тоқыған, ауыр еңбекпен жеткен осы күнгі қоңыртөбел 
тұрмысына тәубе дейтін сияқты. Тісқақты ағасының қауіп­
қатерді ескертуін ежелгі момындығы десін, ал ана сарала қанат 
жас балапан Әбдіқаздың өзін сөккеніне не дейді? «Сексеуілге 
су құйғандай» деді. Неткен ащы теңеу, үмітсіз шайтанмен сал­
ғастырғандай. Құдды өмір бойы қырсыққа белшесінен батып 
жүргендей суырылғаны не себептен? Көшпай ағасы әлеумет 
ісіне тегінде бел шешіп араласқан жоқ. 1921 жылы Баянда 
ашылған мектепке екеуі қатар барды. Төте оқумен төрт жыл 
оқыды. 1925 жылы Семейдің кеме жөндеу зауытында жұмысшы 
болды. Келесі жылы Ертісті өрлеп, Өскемен мен Риддерде екеуі 
қатар жүріп, небір ауыр жұмыстарды атқарған. Ақыры Көшпай 
ағасы төзе алмай, ұрымтал жердегі Қалба тауының бөктерінде 
ашылған бір мектепке жылыстаған. Сөйтіп жүріп ұстаздық етуге 
төселіп алды. Тегінде ол Баянауладағы Сабындыкөлдің жайдақ 
суына да жалтаңдап түсетіндер тобынан. Ал үміт артқан кішкене 
інісінің көлеңке сағалауы көңілін күйзелтті. Бұған да ойланған 
жөн. Жаз шықсын, жер аяғы кеңісін. Сенімен де, қимас інім, 
шындап шұғылданамын...
Жарым көңіл ой сүреңі ауылға келген соң да тарқамады. 
Әмір басқарма бұра тартудан жаңылар емес. Кеңес ағасында 
пәтуа жоқ. Мұсылманқұл басқарма да Байқошқардан сирек 
қатынайтын болды. Осы маңдағы атқа мінгеннің естісі сол кісі, 
сөйте тұра «Саужой» сабағын бірнеше мәрте босатты. Әлде оның 
да түп ойын шырмауықтай шырмаған бір пәле бар ма? Олай бол­
са Әбдіқазға күні кеше үзілді­кесілді жоқ дегені бекер болған. 
«Жо­жоқ, бұлай емес, – дегендей бір үн. – Өзің... өзіңде бар кінә. 
Бастай алмай жүрсің. Көп жігерін жаңа тұрмысқа сендіре ал­
май, кемшін соққан жайың бар. Үрлеу керек жаққан отыңды, 
қыздыра жағу қажет оны да!»

46
Медеу СӘРСЕКЕ
VIIІ
 Сан алуан ой қамауынан шыға алмай жүрген ойқыл­тойқыл 
кезі еді. Бір күні, ойда жоқта көктен тілегені жерден табылып, 
Керейбаев Асылбек сап ете қалды.
Қаудырлақ сары тоны тізесін әрең жапқан, жырық құлақ 
құлақшыны едірейіп, кертөбел бестінің үстінде ербиіп келе 
жатқан аужаском хатшысын Рамазан анадайдан таныды. Таны­
ған сәтте­ақ құшағын жая ұмтылған. Асылбек те аттан домалай 
түсіп:
– Өй, бауырым, сағынып қалыпсың ғой. Өзің шақырған соң, 
міне, келдім. Кәне, көрсет мектебіңді. Комсомолға мүше бол­
мақ жастарың қайда?.. – деп бірден­ақ бастырмалата сөйлеп, 
жұмысқа кірісті.
Рамазан әуелі мектепке арналған бөлмені көрсетті. Киіз боқ­
шаға салып қойған ұйым қағаздарымен таныстырды, дайындап 
жүрген шәкірттерінің ересектері мен кішілерін түгел тізіп, бәрі­
бәріне мінездеме берді. Ал кеште, мал жайлаған соң ауыл жаста­
рын жиналысқа шақырды.
Жұрт көп жиналды. Өкіл келсе құлақтары түрік отыратын 
үлкендер де қалмаған. Кейбіреуі қызын қорғаштап, енді бірі 
қызық көрмекке келген. Қолтығына ұршық, шүйкесін қысқан 
кемпірлер де бар, әңгіме тыңдауға құлағы түріктер де қалмаған.
Төргіге сыймай, біртіндеп жылжып ауызғы бөлменің босаға­
сына дейін сығылыса отырған көпті шола қараған Асылбек Ке­
рейбаев орнынан көтеріліп, ортада тұрған кішкене сандықтың 
қасына келіп:
– Ұлықсат етсеңіздер, мен баяндамаға кірісейін. Рәпіш Әбіш­
келіні пүртекел жазсын, ал Рамазан Әбішұлын бүгінгі жиынның 
төрағасына сайлайық. Қалай көресіздер? – деп сөздің төтесіне 
түсті.
Жап­жас өкілге үрпие қараған көпшілік қозғалақтап, әр жер­
ден қостау білдірді.
– Бастауы сыпайы.
– Әкіреңдемей, өзімізден сұрап тұр.
– Қане, аумин деп қол жаялық... Пәлі, шатастым, қол кө­
терелік.
– Екеуі де болсын.

47
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Кезек­кезек басқарсын.
Рамазан орнынан тұрып:
– Тынышталыңыздар, баяндамашы Асылбек жолдасқа сөз 
беріледі, – деді.
Хатшы одан әрі бөгелген жоқ. Бірден­ақ алдында тым­ты­
рыс отырған қарабайыр жұртты ұйытып әкетті. Осы ауыл­
ды өзі ұйықтатып, өзі тұрғызып жүргендей­ақ, көпшілік кө­
ңілінде жүрген түйткілдерді дөп басып, шым­шымдап суыра 
бастады: колхоз құрылысы – әзірше сәби іспетті игі іс, қазір ол 
Қазақстанның барлық түпкірінде қанат жайып, өркендеп келеді; 
колхоз күшейген сайын өмір де өзгере бермек; Бақанас ауылы 
күні ертең өзіне кеңсе тұрғызу керек; жұрт жиналатын құлып са­
лып алмай, қашанғы осындай тар үйде, бірімен­бірі тізе түйістіріп 
сығылысып отырады; мына мектеп те айтуға тұрмайды, оған да 
терезесі үлкен, еңсесі биік, бөлмелері кең жаңа жай керек; оның 
әр бөлмесі класс деп аталады, әр класта бес­оннан таған тұратын 
болсын, оны орыс тілінде парта дейді... Мынау не, жарандар, 
жер еденде тізерлеп отырған балаға оқу қона ма? Тақыр жерде 
бүкшиіп отырған бала тегінде жасына жетпей бүкірейіп қалуы 
да мүмкін. Жоқ, мұндай кедей амалды әлі­ақ түбірімен жоя­
мыз, мынау – уақытша күнкөріс. Ауыл мектебінде үш­төрт жыл 
оқыған бала білімге жетілдім деп ойламасын. Аудан орталығы 
Қарауылда қаладағыдай үлкен мектеп салынғалы жатыр. Оған 
түскен бала аттай жеті жыл оқиды...
– Жеті жыл дей ме?
– Аз екен...
– Жеті жыл да аз, жолдастар. Кеңес үкіметі қазірдің өзінде он 
жылдық оқу енгізуге әзірлік жасап жатыр.
– Мәссаған, жеті жылды көпсініп отырсақ...
– Он жыл оқысаң – қу тақтайға қажаумен бір жамбасыңды 
емес, екеуін де беріп шығарсың, сірә...
– Оған дейін миғұла боп кетпесең...
– Уай, алдыңғылар, жамырамай, сөз естіртіңдерші!
– Осы біздің ауыл өкілмен қоса жарысатын әдетін қашан қояр 
екен?
Көпшілікті біршама желпінткен Асылбек тамағын кенеп, тоқ­
татып алды. Келесі сөзін бірден тақ еткізбей, созыңқырап біраз 
тұрды да, ақыры:

48
Медеу СӘРСЕКЕ
– Комсомол туралы араларыңызда теріс үгіт таратып жүр­
гендер бар деп есітем. Ондайлар болса ортаға шықсын, мәселенің 
дұрыс­бұрысын бұлталақсыз ашып алсақ – екі жаққа да бірдей 
әділ болады... – деп жұртқа түйіле қарады.
Жұрт әлгіндегідей лепілдемей, тым­тырыс отыр. Асылбек 
жымиып:
– Комсомолдың кім екенін білетін шығарсыздар? – деді де, өз 
сұрағына өзі жауап берді. – Бәлшебектердің рухы жақын жедел­
дес інілері екенін естіген шығарсыздар?..
– Е, оны білеміз, естігенбіз, – деп сөз қосты есік жақтан біреу.
Беті саздау жердің тобарсыған қыртысындай ұйпалаң тарт­
қан, селдір сақал, селдір мұрт кексе екен. Екі­үш жерден қойылса 
да қараңғылықты түре алмаған майшамның әлсіз жарығы сөз 
қосқан кексенің кім екенін анық байқатпады.
– Ал, айтыңызшы, ақсақал, нені білесіз? – деп сұрады хатшы 
селдір сақалдыдан.
– Ерекең қайтпайды, турасын айтады.
– Айтса жетістірер.
– Түнеугүнгі өкілге айтқанындай, көменезімнің не екенін мен 
білемін – жер бетіндегі жұмақ дейтін шығар.
– Ал, Ереке, не дейсіз?
Ерекең танауын тартып, мұртын сылап­сипап, сақалын және 
тарамдап, әрлі­берлі қозғалды. Сонсоң ыңырана сөйлеп:
– Айтайын, шырақ, – деді, әуелі тамағын кенеп, жорта жө­
телді, – кәмсамал, менің білуімше, кішкентай көменес...
Жұрт ду күлген. Рәпіш сол сөзді өзі айтқандай қымсынып, 
төмен қарады. Рамазан мен Асылбек жұртпен бірге кеңкілдеп, 
бой жазғандай болды. Былқ етпеген Әмір ғана, жұрт шуылы ба­
сыла бергенде:
– Төрағасы жолдас, көп алдында жыртақтамай, жиналысты 
дұрыс басқарыңыз. Ойын көрсетіп отырған жоқсыз, – деген жеку 
естіртті.
Рамазан қыбыжықтап, аужаском хатшысына жаутаңдай қа­
рады. Сол сәтте ауыз үйден біреудің қолын шошайтып:
– Бір ауыз түсіндірме сұрайын деп едім, өкіл жолдас... – деп 
көлденең сөз қыстырғаны сеп болды.
– Сұраңыз, отағасы.
– Менің білуімше, сіз осы бәрімізді кәмсамал бол деп үгіттегелі 
келгенсіз­ау деймін. Солай ма, жолдас?

49
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Межеңіз дұрыс.
– Олай болса, мәселенің басын ашып алсақ деймін. Бұл өзі 
ықтиярлы шаруа ма, әлде колхозға тізгендей басында ықтиярлы 
делініп, аяғында зорлықпен біте ме?
Асылбектің күткені осы еді. Егер сөз туса егеске түсіп, 
жиналған жұрттың пейілін бұру қиын емес. Сүреңсіз біткен, қол 
көтеріп, бас изеумен ғана тынатын талай жиынның баяны аз бо­
латынын жақсы білетін­ді. Сол себепті өзі қатысатын жиынды 
мейілінше қыздырып, сөз жарыстырып, пікір таластырып, кей­
де үлкен дауға жеткізіп таратуды ұнататын. Бүгін де қыздырма 
сөзге жетелеп баққан. Міне, күткен лебізді естіді. Енді жетелеуді 
біл...
– Сізді колхозға мүше бол деп әлдекім зорлап па еді?
– Зорламағанмен, бұл жерде отырмайсың деді ғой.
– Кім айтып еді?
– Оны айта алмаймын. Бұл күнде саусақпен нұсқау қалған, – 
деді әлгі үн кекеткендей мырс етіп. – Сұрауымнан адасып қал­
дым­ау, өкіл бала...
– Адасқан жоқсыз, қорықпаңыз! – Асылбек үнін қатайта сөй­
леді, сірә, өзін бала деп әдейі кемсітіп отырғанын шам көріп 
қалған тәрізді. – Лениншіл жастар одағы – еріктілердің ұйымы. 
Оған зорлап жазу болмайды. Және біз комсомолға арыз бергеннің 
бәрін бірдей қабылдамаймыз, шыққан табын ескеріп, қабілетін 
тексерген соң мүшелікке тартамыз.
– Бәрекелді, Алла разы болсын. Ықтиярлы екені рас бол­
са, менің сұрағым түгенделді, – деді әлгі тымырсық үннің иесі, 
даусы да сәл­пәл ашыла түсіп саңқылдай естілді. – Кәмсамал 
болғанның әке­шешесіне де рақымы болмайды дейді. Алда­жал­
да байғұс бала опат болса, денесін табытқа салып, өртеп жібереді 
екен. Әйелін сонсоң ортаға салса керек. Алланың ақ жолына 
солар тіпті қарсы дейді. Қайтейік, жазмыштың жазуы солай 
шығар, біздің үй кәмсамалға жазылмайтын болды. Үйге қайтуға 
ұлықсат болса... – деп тымағын киіп, шығуға айналды.
Асылбек қымсынған жоқ, биязы жымиды да:
– Отағасы, өз басыңызға рұқсат, ал балаларыңыз қала тұрсын, – 
деді.
– Жоқ, кетсек, біз түгел кететін шығармыз. Қарақан, шық 
бері! Жұмақан, қайда отырсың?
4­246

50
Медеу СӘРСЕКЕ
– Отағасы, егер сөзді қойыңыз!..
– Қыдыш Бұланбайұлы, – деп жөн сілтеді Рамазан.
– Иә, Қыдыш отағасы, тәртіп бұзбай, жөн кетіңіз. Сізді біз бұл 
жиынға шақырған жоқпыз. Ал балаңыз қалады.
– Күтіп не қылады? Ықтиярлы деген өзіңіз.
– Жоқ, сол сөзді балаңыздың өзі айтсын. Әкесінің билігі бала­
сына жүрмейді.
– Бәсе, кәмсамалға өткен найсап әке­шешесіне рақымсыз бо­
лады дегенді мен бейшара біліп айтқам­ды...
– Әлгінде ескерткенмін, міне, тұп­тура алдыңнан шықты, – 
деді Әмір басқарма орнынан атып тұрып. – Төраға жолдас, сен 
де, Асылбек жолдас, мына Қыдыш төбеттің әлгіндей былшылы­
на жол беруге болмайды, түп­түгел жиналыстан аластау керек! 
Кедейдің жиналысы өзінде қалсын...
– Дұрыс айтады.
– Жөн сөз!
– Өстіп алалағанын біздің ауыл қашан қояр екен?
– Бай деп баяғыда қалған баянсыз байлықты қоңырсытпаса 
Әмір бола ма?
– Шықсын дереу!
– Бағана сөйту керек еді.
– Меніңше, басқарма жолдастың ұсынысы дұрыс, – деді Рама­
зан да.
Асылбекке бұл ұсыныс ұнады. Ауыл­аймағымен тік көтеріле 
келген колхозшыларды бірден­ақ сыртқа тепсе, өкілдік құқын 
пайдаланып өктемдік жүргізді дер еді. Енді, міне, қулыққа жоқ 
даланың аңғал қазағы апалақтап отырып, бір­бірінің артына ши 
жүгірткенін аңғармай қалды. Сәл демесең­ақ айғайлап отырып 
аластап береді. Және әділ аластайды. Мұндайда обал ойлау, бұра 
тарту болмайды. Ағынан жарылады.
– Қане, атап жіберіңіздер.
– Қасымбек ағай ақшам намазым қаза болды деп бағана шығып 
кетіп еді, қайта келіпті ғой. Енді біржола кетсін!
– Байы кеткенде, қатыны неге қалады?
– Ағыбайды да қара тақтаға жазу керек!
– Қарабаланың келінін неге айтпайсыңдар?
– Өзің айтсаң аузың жоқ па?
Екшей келе он шақты кісі жиыннан қуылды. Сол сәтте Рама­
зан:

51
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жетер енді, негізгі мәселеге көшелік, – деген.
– Төраға жолдас, кішкене сабыр етіңіз, менің бір ауыз сұрауым 
қалып барады, – деп манадан бері босаға жақта қалғып отырған 
Аңсаған есімді кексе жігіт қолын шошайтты.
– Сұраңыз, Аңсаған.
– Оқымаған адамды кәмсамалға ала ма, Аңсаған­ау, соны да 
сұрай салшы.
– Өзің сұрасаң аузың жетпей отыр ма?
– Әне, бұл сөйтеді.
– Әйел мен еркектің құқығы теңелгеніне кәмсамал қалай 
қарайды?
– Әкесі молда кісінің кәмсамалға мүше болуға құқы бар ма?
– Уай, сөйлетсеңдерші Аңсағанды.
– Тынышталыңыздар! – Рамазан тағы да қолын сарт­сұрт соғып 
жұртты тыныштандырды. – Қане, Сәке, сөйлеңіз, қысылмаңыз...
Аңсаған жұрттың дабыры басылғанын тосып тұрды да:
– Айталық, кәмсамалға мүше болдық дейік. Сонда мен осы­
дан қандай пайда көремін? Мәселен, кәператіпке жазылу – қып­
қызыл пайда, шай­қантты шіретсіз алып жүрміз, құдайға шүкір, 
соған енді үйрендік. Ал енді мына кәмсамалың не береді бізге? 
Мәселен, ай сайын беретін жалаунасы бола ма?
– Өйдейт деген, дәмесін қара!
– Тегін жатқан банкіні тапқанын!
Керейбаев орнынан тұрды. Жұрт сілтідей тынып, жас өкілге 
ожырая қарасты. Сірә, айналасына түйіле қарауынан­ақ сес­
кенген тәрізді. Аңсаған да қалың шидің арасына жалт еткен 
қояндай бұғып сылқ отыра кетті. Аужаском хатшысы әңгімені 
әріден бастап, пәтуасыз жиындардан әбден зәтте болған ауыл 
адамдарының назарын өзіне оп­оңай баурап алды.
– Комсомол міндетін сіздер әлі де жете түсінбеген екенсіздер. 
Ерекең әлгінде айтқандай, кішкентай кәменес екені рас: өйткені 
комсомолды бәлшебек партиясы қайда жұмсаса, ол сонда бола­
ды; екі сөйлеу ғұрпында жоқ, «лап десе – тап» – оның ұраны. 
Әлеумет ісі – комсомолдың төл ісі. Ол қатыспайтын ауылда бірде­
бір науқан, жұмыс болмайды. «Жеңіл жәрдем» деген жедел топ 
құрып, бар істің басына өз бақылаушысын қояды. Кеңсешілдік, 
төрешілдік те оған жат. Мектепте ол әрдайым бірінші қатарда 
отыруға тиіс, өз сауатын ашқан соң әкесіне, шешесіне, іні­

52
Медеу СӘРСЕКЕ
қарындасына әріп үйретуге міндетті. Ол қалыңмалға да қарсы, 
бір адамның бір адамды қанап отырғанын көрсе және төзбейді. 
Жұмыстың небір ауырына да арланбай, бел шеше кіріседі. Ком­
сомолдар молдалыққа, сопылыққа қандай өш болса, дүние­
мүлікке де сондай қас: өйткені дүниеқұмарлық жастарды адал 
жолға түсірмейтінін біледі; байлыққа әуей жан төңкерісшіл бол­
майтыны да түсінікті...
Рамазан аужаском хатшысын тыңдаған сайын риза болып, 
әлсін­әлсін қолын соғып, кей сәт «Дұрыс!», «Шыны сол!» деп сөз 
жарыстырып, мейілінше қостап бақты. Рәпіш те қуанып отыр. 
Кей сәт жазып отырған қағазын ұмытып, ұйып тыңдаған. Сөйтіп 
отырып екеуі де хатшының сөзін аяқтағанын сезбей қалды.
Асылбек даусын көтере:
– Ал, қане, жолдастар, комсомол болам, жас өмірімді ленин­
шіл жастар ұйымының өсіп­өркендеуіне арнаймын дегендеріңіз 
ор таға шығыңыздар, – дегенде ғана әлгі ойдан арылып, жан­жа­
ғына еміне қарады.
– Исатай Бозаев жолдас ортаға шақырылады.
Шашын тықырлап алған, бауырсақ мұрын, маңдайы жоталы, 
орта бойлы, тығыршық денелі жігіт ортаға шығып, үстіне қызыл 
мата жабылған тағанға жақындай түсіп, селтиіп тұра қалды.
– Өмірбаяныңды айт, – деп жетеледі Рамазан, жігіт қипақтап 
басын сипады.
– Шыңғыс бауырында туып­өстім. Әкем өмір бойы жалшы 
болған. Кәмпескеге дейін өзім қозы бақтым. Кәзір колхозбыз... – 
деп әр сөзін қарызға бергендей үзіп­жұлып тұрды да, – бөкенші 
руынанбыз, бұл өзі өскен ата... – деп төтесінен бір­ақ түсті.
Рәпіш ернін тістеді. Керейбаев басын шайқады. Рамазан ғана 
сабыр сақтап, жігітті жөнге салар сөзге жетеледі.
– Руыңды, Исатай, бекер айттың. Енді оны ұмыт, біржола есің­
нен шығар, – деді жайбарақат үнмен. – Сенің ендігі руың, табы­
нар рухың да – Ленин комсомолы. Ұқтың ба? Комсомол мүшесі 
руға бөлінбейді, орыс, қазаққа жіктелмейді, барлық ұлттың ком­
сомол мүшесі бір кісінің баласындай болып, қызыл жалаудың 
астында, бәлшебек партиясының басшылығымен дүниежүзілік 
төңкеріс үшін күрес жүргізетін болады...
– Ұқтым. – Исатай да жедел түзеліп, мұғалімі жетектеген оң 
сөзге көшті. – Менің де сол күрескерлердің қатарында болғым 
келеді.

53
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Комсомолға алынсын деген ұсыныс бар.
– Алынсын!
– Қозыны бірге жайғаймыз, жақсы бала, алынсын!
– Қане, осыған құп дегендеріңіз қол көтеріңіздер.
Жұрт жапа­тармағай қол көтерді.
Келесі үміткер Шамел Қаржауұлы болатын, оған да ешкім 
қарсы болған жоқ. Қылжақбас қылығын бетіне басып ұялтқа­
нымен Төлеген Естемесұлы да ұйым қатарына алынды.
Шатақ төртінші үміткерге жеткенде өрбіді. Сол дауды өзге 
емес, Әмір басқарма бастады. Өзі де бірдеңеден ши шығатынын 
сезген тәрізді, Монтан Хасенұлы қыбыжықтап ортаға тақағанда­
ақ:
– Қыдыш төбеттің құйыршығы да кәмсамал болмақ па? – деп 
Әмір Жәнекеұлы оған тап берді.
Көп ішінен де басқарманы қостаған наразылық естілді.
– Дұрыс сөз, балтасын жасырған ұрының бөлтірігі.
– Жемтіктес сілекейі десейші.
– Дәмесін қара.
Монтан ештеңе айта алмай, қалт тұрып қалды. Бас киімін 
қолына жұмарлап ұстап, не істерін білмей дағдарып, алды­арты­
на жаутаңдап қарады.
Көпшіліктің аужайын аңғарған Рамазан оған да:
– Кәне, өмірбаяныңды айт, – деп демеу білдірді.
Монтан сорлы аузын ашып та үлгерген жоқ, орнынан жұлқына 
тұрған басқарма:
– Рамазан жолдас, сен өйтіп аңқаусыма, қолыңа тізгін тиген 
соң төрешілдікке салынба, артында қарауыл бар екенін ұмытпа, 
мынауың – саяси соқырлық, – деп жиналыс төрағасының өзін бі­
раз жерге жеткізіп тастады да, Монтанға шүйілді. – Мына шіркін 
жуан тұқымның жиені, оны сен түк білмегенсіп кәмсамалға 
тықпалауың ешқандай жөнге келмейді, жолдас. Мен өзім «Жиен 
ел болмайды, желке ас болмайды» дегенді өмір бойы естіп өскен 
қазақпын, дәл осы қызталақ біздің ортаға адал ниетпен, қимасы 
қышып келді дегенге мен сенбеймін. Әлгіндегі аластаудан бұл 
неменің қақас қалғанына таңмын, бірақ әлі де кеш емес. Рамазан 
жолдас, осы шонжардың жаман­жәутік сілекейінсіз де кәмсамал 
ұйымы ештеңеден ақсамайды, жиналыстан айдап шығайық деп 
дауысқа сал, жарқыным...

54
Медеу СӘРСЕКЕ
– Жөн сөз!
– Бәсе, басекем неғып шыдады десем!
– Аласталсын Хасенұлы!
– Тауықсыз да таң атқан, шықсын!
Рамазан ойланып қалды. Осы бір ақсары жүзді жас жігітті 
өзі іштей ұнататын еді, басқарма бірақ ойға қонымды сөз айт­
ты. Сөйтсе де... Оқуға біржосын қабілетті, бір айтқанын екі 
қайталатқан емес – естіген сәтінде мүлтіксіз орындап жүр, қа­
зірдің өзінде оқу озаты, бар оқушының алдына шықты. Мінезі де 
қағілез. Қайда жұмса – бір сөз айтпай орындайды. Әрі комсомолға 
мүше болуға ынта білдірген өзі. Өзі де бүгін арыз бер, қолдаймын 
деп уәде еткен. Енді, міне, сол үшін қол көтеру қалғанда...
– Әкең туралы не айтасың? – деді сөзге жетелеп.
Монтан ұстазының қол ұшын беріп тұрғанын ұққан жоқ. Сірә, 
адуын Әмірдің әлгі сілікпесінен соң мәңгіріп қалған тәрізді. 
Жерге қарап, үнсіз тұр.
– Өлі­тірісін білесің бе?
Монтан жыламсырап тұрып:
– Білмеймін, ауылдан кеткелі көрген емеспін... – деді.
Жиналыс төрағасы шәкіртін одан әрі қинамай, қолдау сөзге 
көшті.
– Жолдастар, Әмір жолдастың сөзіне мен келіспеймін. Табы 
таза еместің бәрі жау дегенге өз басым сенбеймін. Мына тұрған 
Монтанның әкесі елден безіп, әлдекімнің айтағына еріп қашқын 
болды екен деп, артында қалған үй ішінен беземіз бе? Қысқасы, 
бұл жігітке мен өзімдей сенемін. Бай тұқымның жиені демесек, 
өзі тақыр кедей, оны менен де гөрі өздеріңіз жақсы білесіздер. 
Қысқасы, мен Монтанның белсенді комсомол болатынына кепіл 
боламын.
– Олай десең, дауысқа сал. Аламыз ба Хасенұлын жастар 
ұйымына? – деп Асылбек те кенет демеу көрсетті.
– Алынсын, – деп Рәпіш те қостады.
Жұрт тағы да дабырлап:
– Алынсын.
– Жас бала ғой, түзеледі...
– Ұнатпасақ, шығарып жібереміз, – десіп кеукілдесе бастап 
еді, Әмір басқарма әлгі райынан қайтпаған екен:

55
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қасқырдың бөлтірігі асырауға көніп, күшік болады дегенге 
мен сенбеймін. Өз пікірімде қаламын, – деп жығылған жағынан 
тұрмайтынын кесіп айтты.
Басқадай сөз туған жоқ. Жұрт жаппай қостап қол көтерді. Осы 
сәтте әлдекім бұрышта ұйықтап қалған кеңес ағасын түрткілеп:
– Молдеке, сіз кімді қолдайсыз? – деген­ді, сірә, күлкі үшін 
арандатқан сияқты.
Ұйқысын аша алмай, көзін уқалаған Молдаш ойланған да жоқ:
– Мен бе? Мен қате айтса да кеңес жағындамын, – деп ағынан 
жарылды.
Түннің бір уағына дейін созылған жиыннан сілесі қатқан жұрт 
бір мәрте желпініп қалғысы келгендей ду күліп, құшырлана қол 
соқты.
* * *
 «Бақанас» пен «Байқошқар» колхоздарында қона жатып, 
ағымдағы саясат туралы бірнеше баяндама жасап, ұжымға 
қабылданған комсомол мүшелерімен жеке­жеке әңгімелесіп, 
біраз жұмыс тындырған Асылбек үшінші күні ғана Қарауылға 
қайтты. Қайтарында: «Екеуіңе де дән ризамын, бауырлар. Бір­
біріңе тең екенсің. Бұл жақтағы жұмысқа мен енді алаң болмай­
мын. Бастауларың жаман емес, осылайша қыздыра беріңдер!» – 
деп ерлі­зайыптыларды құшырлана құшып аттанып кетті.
Аужаском хатшысы небәрі үш­ақ күн болса да қайда келдік, 
не істейміз деген күпті сұраулардан арыла алмай жүрген ерлі­
зайыптылардың алаң көңілін біржола адақтап, төр жайлауға 
қондырғандай қуанышқа бөлегенін сезген жоқ­ты. Көк жүзі 
бұлттан арылып, көкейдегі көк шымшық күні ертеңгі жаңа заман 
әнін шырқап, Шыңғыс жонынан самал ескендей әсерге бөледі. 
Содан ба, көңіл шіркін шартарапқа құйқылжып, биікке көтеріле 
түсті. Әуелеген сайын нақты әрекет іздеп, батыл қимылдарға 
көшуді тілегендей. Жүрек те соған күпті.
IX
Қыс кешігіп түскенмен, аяғы созбалаң суыққа ұрынды. Қар 
қалың. Әсіресе Шыңғыс сыртына біржосын мол жауды. Өзен 

56
Медеу СӘРСЕКЕ
бойы жаяу түгілі аттыны қарға адым жүргізбейді, жоталар 
жоны, егінжайдың үстіндегі қыстайғы жамылғышы сөгілмей 
жатыр. Сай­сала ғана емес, күнгей беттер де қар астында.
Күздегі қарбалас басылған, екі колхоздың да шаруасы 
ықшам. Бағудағы мал көп емес. Бұл маңаттағы ел қолындағы 
малды өріске шығармай, қорада күтуге ертеден машықтанған. 
Соны жақсы білетін Әмір басқарма өткен жазда жұртқа қамшы 
үйіріп жүріп, Бақанастың көктемгі айран­асыр мол суы жайы­
латын өзекке он бес жігітті алып барып, бір ай бойы шалғы 
тартқызған. Соншама бейнетпен шабылған шөп түп­түгел 
қотанда. Іші өсіңкіреген ұсақ мал соны шетінен кертіп жеп жа­
тыр. Мал күтуге қойылған ересектер болмаса, басқа жұрттың 
дені қазір бос. Бел шешіп апырып­жапырып істер жұмыс жоқ. 
Баяғыдай ел қыдырып бауырға түсуге, өзгедей де ермек іздеуге 
колхоз бастығы рұқсат етпейді, рұқсатсыз жөнеп беруге аяқ ар­
тар көлік те жоқ. Колхоздың шағын жылқысы Шақпақтағы 
тепсеңде. Ауылда қалған бес­алты аттың билігі басқарманың 
өзінде. Ал Әмірден соған рұқсат алам дегенше, Алладан рақым 
сұраған абзал. Сонсоң да жұрт басқармаға бармайды, үйде ты­
ныш отырғанды артық көреді. Үй­үйді қыдырып әңгіме шертеді. 
Жер аяғы кең жазда болмаса, алты айға созылатын ұзақ қыста 
бұл атырапқа өкіл атаулы жоламайды. Өкіл келмесе жиналыс 
та болмайды. Демек, бас қосатын жер – мектеп қана. Бір мезгіл 
сонда тоқайласып, жамырай шуласып оқу оқиды. Соған да тәубе 
десіп, үлкен­кіші ынтыға барады.
Әйелдер де жиі жиналатын болды. Рамазан комсомолдың 
бәденді, биязы келіншегі бұл күнде бәріне жағып алған: біріне 
абысындай, біріне қайын сіңлідей болып жымия қарсы алатын 
жас әйелге жұрттың бәрі үйір. Мектепке қуана келеді, есік­
төріне дейін сығылыса отырып гу­гу әңгімеге кіріседі. Кейінірек 
келгеніне тізе бүгер тәйтері жетпей, үлкендері жасырақтарын 
жұмсап, үйлерінен тулақ, таған алдырып, емін­еркін жайғасады.
– Ал, Рәш қалқам, баста, – дейді қайқы ернін сылп еткізіп 
басқарманың Қайшасы.
Қызыл отау ашылғалы Рәпіш мектеп жұмысын күйеуіне 
беріп, өзі үлкендермен, әсіресе әйелдер арасындағы жұмысқа 
құлшына кірісті. «Саужой» сабағын жүргізеді.

57
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қызыл отау жұмысынан бұрын­соңды хабары шамалы Рәпіш 
жаңа міндетін өзінше атқарады. Сөйткенім жөн­ау деген дол­
бармен ғана жүргізеді. Күйеуімен ақылдасқанда Рамазан да 
пәлендей ештеңе алып­қоспай, соның дұрыс сияқты дегендей 
құптау білдірді.
Төргі бөлмеде толып отырған әйелдердің басын алғаш қос­
қанда­ақ әріптерді ақ балшықпен есікке жазып, соларды үйре­
туден бастаған. Бір күні бір әріп, екінші күні үш әріп, үшінші 
күні және үшеуін жаттатып бірталай әуреге түскен. Өз білгенінше 
оқытып бақты. Келер күндері кеше жаттатқан әріптерінің ба­
сын құрап, мәнге ие сөз шығармақ болып әуреге түсті. Жазған 
сөзі қиын емес­ті: «Апа», «Ата», «Арба», «Шана», «Қайнаға», 
«Колхоз», «Қала»... Бірақ сол еңбегінен нәтиже шықпады. Бір 
ай әуре болғанда бес­алты әйел ғана өз атын, ең озғаны күйеуінің 
атын жазатын сауатқа әрең жетті. Ал қайнағасын атап жазуға 
ешқайсысы құлықты болмады.
Соған да шүкір. Әрең жиналып жүрген әйелдер қарамы 
ақырында сирей бастады. Әр түрлі сылтау айтып, бұл үйге 
жоламауға, келе қалса жылыстап шығып кетуге дайын тұрады. 
Таудай талабының мәлімсіз кедергіге тап болғанын Рәпіш сезген­
ді: өзінің мұғалім болып жарытпасын да ұққан; қайбір оқуы та­
сып оқытып жүр дейсің? Бар оқуы – Ысқақ ауылындағы Ақай 
молдадан екі­үш қыс сабақ алды, одан соң Мұқай Көкейұлы төте 
оқуды оқытты. Сонсоң Рамазан келді. Бәріне де тиіп­қашып 
қатынады. Сөйтіп жүріп жадында ұстағаны тым аз, шындығын 
айтқанда, өзінің де сауат деңгейі Бақанас әйелдерінің аз­ақ ал­
дында. Әйтсе де ері де, Асылбек те әйелдерге ұстаздық ете беруін 
құп көрді.
Күні­түні өзін мазалаған бір күдік, бір үмітін күйеуіне айтып 
еді, Рамазан жүре тыңдады. Қасақана сөйтіпті. Сол күні кеште, 
төсекте, қолын желкесіне қойып, сырғауыл төбеге ұзақ қараған 
ері:
– Шіркін, осы әуремізді жайына қалдырып, Алматыға тартып 
кетсек! Мұғалімдер институтына түсіп бірге оқысақ – ертеңгі 
сабақта не айтамыз деп бас қатырмас едік, әттең!.. – деп қиял 
соққан­ды.
Рәпіш күйеуіне таңдана қарады. Терезеден құйылған ай нұ­
ры ашық маңдайын, қоңқиған танауын, доғаша иілген қалың 

58
Медеу СӘРСЕКЕ
қабағын ап­анық көрсетіп тұр. Бұйра шашы қобырап, жастық 
бетін түгел жапқан. Дүрдиген түрік ерні, бетінің шығыңқы ұшы 
бұлтиып көрінеді. Өткір көз жанарын ғана алакөлеңке үй ішінде 
айқын аңғара алмады. Рәпіш одан да арман ұшқынын, ертеңге 
деген үміт сәулесін ойша болжады.
– Қырға барайық деген өзің емес пе?..
– Оның рас, бармауға болмады. Мына даланы дел­сал қылған 
енжарлықтың түңлігін түрмей, қыр елін ұйқыға бөлеген са­
марқаулықты біржола құртпай, біздің жұрт ұйқысынан ояна ма? 
Жоқ, жаным, оқытпай болмайды. Мен келме, сен келме – кім 
келеді сонда бұл далаға? Жоқ, өзің де білгеніңді бере алмасаң, 
несіне өттің комсомолға? Өттің екен, шыда енді. Бірер жыл 
осы ауылда ұстаздық етеміз, Төлегендерді, Монтандай талапты 
жастардың сауатын ашып бір­ақ кетеміз. Қайғырма, қол ұстасып 
жүріп өзіміз де оқимыз, бұларды да оқытамыз...
Рәпіш сылқ­сылқ күліп, күйеуінің жоталы танауын сауса­
ғымен қысып, әрлі­берлі созды да ұйқы құшағына енді.
Әйелдер тағы бір жиналғанда Рәпіш әріп үйретуді доғара 
тұрып, қисса оқып берді. Келесі жолы тағы біреуін оқыды. Со­
дан кейін­ақ «қисса оқығыш келін» атағы күллі ауылға тара­
ды. Әйелдер шақырусыз жиналатын болды. Жасы ғана емес, 
кәрісі де немере­шөбересін жетелеп келіп, зейін қоя тыңдайды. 
Соңынан хабаршы келіп, күйеуі шақыртқанын естігенде кейбірі 
кәдімгідей ренжіп әрең кетеді.
Бақанастың қатын­қалашы бүгін де қисса тыңдауға жиналған. 
Әлгінде баста деп емеуірін білдірген Қайшаның да күткені – мезі 
сабақ емес, «Еңлік – Кебектің» жалғасы. Басын соның кеше 
естіген. Кебектің қызды алып қашқан жеріне келіп, жалғасын 
ертең оқимыз деп доғара салған...
Қисса көшірілген дәптерді қолына ұстаған Рәпіш табалдырық 
алдына келді.
– Бүгін сол екі жастың есімін жазуды үйренеміз. Қане, ма­
ған қараңдар. – Терезе түбінде отырған Ғалияға иек қақты. 
Өзі нен бірер жас кіші, тәмпіш танау сары қызды Рәпіш өзіне 
көмекшілікке баулып жүрген­ді.
Алдын ала әзірлеп қойған бес­алты қарындаш тұқылы мен 
жарты бет ақ қағазды Ғалия қыз тарата бастағанда шатақ шық­
ты. Бастаушы – тағы басқарманың керауыз қатыны.

59
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қисса тыңдайық десек, мынасы не пәле? Әкет әрі қолыңды 
сүйреңдетпей! – деп Ғалияны беттен алды.
– Ала берсейші, тұтатқы болады.
– Үйбай, соған беріп жатыр ма еді?
– Әйелдер, қысыр сөзді тоқтатыңдар. – Рәпіш түсін суы­
тып алдындағы тақтайды тықылдатты. – Есіктегі жазуды қол­
дарыңдағы қағазға көшіріңдер.
Жуасып қалған әйелдер танаулары пысылдап, алдындағы 
қағазға жаза бастады. Сусыған жұқа қағаз тізелеріне тұрмай, 
қайда қоярын білмей, әрлі­берлі сүйреп, ақыры бірінің­бірі ар­
қаларына төсеп, әуреге түскендер қаншама. Ежіктей оқып шула­
сып жатыр. Үй іші азан­қазан болды.
Әне біреусі немене, бұты талтайған әріпті айтам.
– Белбеу буынғаны ше?
– Түлкі құйрығы тағы келді­ау. Пәлекетті көшіру де азап...
Қарындаш жетпегендері өкпе айтып жатыр.
– Оқытатыны бар түгел бермей ме? Осындай алалаудан қашан 
тыйыламыз?
– Қарағым, сұрауға бола ма? – деді бір қартаң әйел саусағын 
шошайтып.
– Сұраңыз, апа.
– Оқымай қойсақ сотқа береді дейді. Рас па?
– Оқысаңыз да, оқымасаңыз да – еркіңізде, апа. Зорлық бол­
майды.
– Е, соныңды басынан айтсаң еді, – деп, сұрау берген қартаң 
әйел етегін қағып орнынан тұрды. Әзер отыр екен, бес­алты әйел 
жаулығын жөндеп кетуге әзірленді.
– Қиссаның аяғын тыңдамайсыздар ма? – деп сасқалақтаған 
Рәпіш қоңыр тысты дәптерін қолына алды.
Кетуге кеңшілік алған әйелдер қарайлайтын емес. Әмірдің 
қаһарына ілігіп кетеміз бе деп текке жүргендеріне өкінішті екен, 
қисса түгілі, ет асам десең де аялдайтын емес, наразылықтарын 
жамырай айтып тарай бастады.
Рәпіш қыстыққаннан тым­тырыс отырып қалды. Ызадан жы­
лап жіберуге шақ тұр. «Кім үшін, кімдер үшін осы бейнет, осы 
азап?» деп іші қайнап, күйінген. Одан гөрі шарасыздығына өкін­
ген. Соңы аңғарған бір әйел:

60
Медеу СӘРСЕКЕ
– Қарағым, жасымашы, – деді жақындап келіп. – Сал да­
қылардың қашаннан бергі әдеті. Ана жылы да өзіңнің байың дай 
жап­жас өшетелдің басын шырмап, алпыс кісі бір қыста сауатын 
ашты деп өтірік қағаз жасап, ауданға мәлімет бергізген. Әрине, 
артында айтағы бар, зымиян байларының үйретуі, қай 
тесің, 
қарағым. Соларға ереміз деп ана жылы сауатымызды аша алмай 
қалдық. Тағы да алданар жайымыз жоқ. Қиссаны жиып қой да, 
оқуыңды баста, – деді.
Үйде қалған екі­үш әйел қозғала қоймап еді, әлгі қатын олар­
ға да бүйідей тиісті. 
– Неменеге безере қалдыңдар, менің сөзімді ұнатпағандарың 
Қыдыштың қара тоқалының соңынан кетіңдер. Әлі ұзаған жоқ, 
қуып жетіңдер тез! Мен өзім жападан­жалғыз отырып сауатым­
ды ашамын. Әй, Ғалия қыз, күйе таяғыңның біреуін маған бер! – 
деді өктем үнмен.
Үйдегі әйел атаулы қағаздарын жайып, тым­тырыс отырып 
сабаққа кірісті.
Содан қасқа сиыр бұзаулап қалды деп Күлімбалаға хабар 
келгенше Рәпіш алдында тоңқаңдаған әйелдерді жат жазуға 
жаттықтырумен құлшына шұғылданды.
Біраздан соң қартаң әйелдер кетіп, бөлмеде жастар ғана қал­
ды. Дені мұғалімнің өз замандастары – үш­төрт бойжеткен қыз 
бен өңкей жас келіншектер.
– Енді ән айтайық, қыздар. Қашанғы әріп жаттаймыз? – де­
ген Рәпіштің ұсынысы ойлаған жерінен шығып, бәрі­бәрі жамы­
рай қуаныш білдірді.
– Еңліктің әнін айтайықшы, мұғалім, – деп Ғалия да өзімсіп 
ынта көрсетті.
Рәпіштің Баянауыл әндерін нақышын келтіре айтаты 
нын 
бұлар бұрын да естіген. Қазір де соған бағып отыр. Мұғалима­
ның өзі де сөйтуге аса қарсы емес­ті. Себебі, бір жолы сабақ соңы­
нан өзімен тетелес екі­үш қыз­келіншекті алып қалып, үшеуі ән 
шырқап масайрап отырғанда, Рамазан үстінен түсіп, аң­таң күйде 
тұрып қалған. Сәлден соң оның да бүйірі қызып қосылып кеткен­
ді. Барын сала, нақышын түзей, беріле айтқан­ды. Шәкірттер 
кеткен соң әйеліне қарап:
– Мынауың жақсы үлгі, Рәш. Ойыма бір нәрсе келіп тұр. Сен 
тегінде әлгіндей әнге әуей әйелдерді еліктіре бер, түбінде біз 
ойын қойып жүрмейік, – деген.

61
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қазір де Ғалия ән айтыңызшы дегенде Рәпіш бөгелген жоқ.

жүктеу 7.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет