Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет2/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
зікті.
Еңлік пен Кебек хикаясын ұзақ жырлаған Бейсекең бұл сәтте 
тым­тырыс мүлгіп отырған. Өзімен­өзі боп егілген, еңсесін ауыр 
тас басқандай қалжырап та қалған жайы бар­ды. Қасындағы жо­
лаушылар да үнсіз мүлгіген қалыпта.
Бейсекең ойланған жоқ, бүйірге қисайған сүрлеуге ат басын 
бұрды. Сонда ғана қарасұр отағасына тіл бітіп:
– Өй, сен еріккенбісің, асығып келе жатқанда... – деп нара­
зылық білдірді. Бейсекең мәу деген жоқ, баяу ілбіп келе жатқан 
қос күреңге бишік үйірді.
Біраздан соң жүргіншілер тырбық қараған өскен дөңестің 
үстіне көтерілді.

14
Медеу СӘРСЕКЕ
– Кәне, жастар, арбадан түсіңдер, – деді кенет. – Сол бей­
бақтардың моласына тағзым етеміз.
* * *
 
...Екі жастың мылжаланған денесі Таймақ пен Ералы­
ның арасындағы иен жазықтағы жападан­жалғыз одырайған 
тақиядай дөңестің үстіне жерленіпті. Бір ғажабы, кер заманның 
керауыз билерінің кегежін кесігі ғашықтардың ақтық тілегін 
бұзбай, айқасқан құшағын айырмаған қалпында бір қабірге 
қойылған. Қос ғашықтың денесін жасырған қорым тас сөйтіп за­
маналар көшіне ілесіп, ру намысын жоқтаушылар ойлағандай 
ұмыт қалмай, бір ұрпақтан екінші ұрпақ айтып тауыспас ға­
шықтық туралы жырға айналған...
Бейсен жыршы соны тәптіштеп айтпаса да, ерлі­зайыпты 
жүргіншілер жүрек ділімен ұққан сыр осы: бұл мола – әншейін 
тас үймесі емес; ескерткішке бергісіз, атақ­дабысы алысқа кетер 
құлпытас сияқты сезілер айрықша белгі.
– Бейшаралардың басына зират та бұйырған жоқ, қабірден 
шыққан кесек тастың астында қалды, – деп әлденеге кержиіп 
тұрып, Қасымбек отағасының қарызға бергендей сызданып ес­
тірткен сөзі екі жастың құлағына түрпідей тиді.
Рамазан мен Рәпіш қол ұстасқан қалпы қорым тас үйілген 
төмпешікке жақындап барып бастарын иіп, тізесін бүкті. Етегін 
жусан жапқан, әр тұсынан селтиіп селеу шыққан тас үймемен 
үнсіз тілдескендей болып, бастарын шайқады. Сонау ықылым за­
манда жер жастанған қос мұңлықпен іштей ұғысып, әлдене жа­
йында сыр шерткендей болып үнсіз тұр...
Төңірек жым­жырт, жалтыр аспан биіктеп кеткендей ту тө­
беден төңкеріле қарайды. Сағымға оранған көкжиек буалдыр 
шымылдығын бір ашып, бір жауып, тығылмақ ойнағандай құ­
былады. Алыстан мұнартқан Арқалық пен Орда таулары да 
сұстиып оғаш көрінеді. Селеу біткен басын иіп, бетеге атаулы 
елпілдеп олай­бұлай толқиды.
«Сен де мендей арманына ерік берген құса жан екенсің, Ең­
лік апа. Жүрегіңнің қалауын бұзбапсың. Жаратылысың неткен 
өр еді! Бақ­талайына жазғанды көтермек болып, сүйген жігітінің 

15
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қолынан ұстап жүре берген. Неткен ерлік! Сол ерлігіңнен аз­маз 
бөлісші менімен!..» дегісі келді Рәпіштің тас қабірге телміре 
қарап, сол ойын тек дауыстап айтқан жоқ.
Саршатамызда Рамазанға еріп, туған ауылынан жасырын 
кеткені өтірік пе? Жоқ. Рамазанмен туған бөле екені де рас. Өз 
шешесі Әлима Рамазанның анасы Сақышпен апалы­сіңлілі еке­
нін кімнен жасырады? Жасырып керегі не, екеуінің арасындағы 
махаббат жібінің жалғануына осы жайт себеп болса? 
Рамазан әуелде өз үйлеріне жиі келіп жүрді. О кезде екеуі де 
ойын баласы еді. Өзі ер балаларша киінетін, ата­анасының ер­
келетіп бұлаң өсірген шағы. Сонда осы Рамазанмен неше мәрте 
шекісті десеңші. Бұл өзінен күшті де, тентек те еді. Қолындағы 
затты тартып ала беретін­ді. Өз шешесі: «Мұның оспадарлығы 
тұп­тура әкесіне тартқан. Тірі жүрсе бір биіктен көрінеді...» – 
деп сүйсіне әңгімелеп отыратын­ды.
...Рамазанның тетелес ағасы Көшмұханбет ата қыстаулары­
на ұрымтал қоныстанған Рүстем байға жас күнінен жалға жүр­
ген­ді. Бай жамағайыны момын балақанды анда­мұнда жұм­
сап тыным бермейді. Кейде көрші ауылдардағы той­томалаққа 
барғанда атымды қарап отырасың деп ертіп кетеді екен. Бірақ ел­
гезек баланы тай­құнанға мінгізбей, жаяу салпаңдатып, мінген 
атының құйрығынан ұстатып қояды деседі. Осы ауылға келгелі 
Көшмұханбет аты қысқарып, Көшпай атанған балақан сол ма­
заққа да ләм­мим демей, байдың айтқанын бұлжытпай істеп, 
ту соңынан жаяу бәйтеңдеп отырады. Байекең дән риза: «Бұл 
өзі сондай қағылез айналайын...» – деп мақтау айтып, тағы да 
жұмсайды білем. 
Бір жолы өзінен екі жас үлкен ағасын іздеп, осы ауылға Ра­
мазан да келе қалады. Рүстем бай оған да: «Пәленшекең ауылға 
тойға барамыз, сен де жүр, тек атымның құйрығынан ұстап 
отырасың...» – дейді. Межелі уақытта ауыл иесі сыртқа шықса, 
ерттеулі көлігінің құйрығы шорт кесілген, жазықсыз жануар 
тайға ұқсап, құнтиып тұрады. «Ау, мынаның құйрығын кес­
кен кім?» – десе бай, Рамазан ешбір қымсынбай: «Мен істедім, 
өйткені сіздің атыңыздың құйрығынан ұстап, артыңыздан жаяу 
салпаңдауға құлқым болған жоқ…» – дегенде, Көшмұханбет­
Көшпай не істерін білмей, қожайын атының астына кіріп кете 

16
Медеу СӘРСЕКЕ
жаздайды. «Ау, сен балақан әкең Әбішке тартқан өжет екенсің. 
Манағы сөзді сені сынау үшін әдейі айтып едім, кел, мінгес арты­
ма...» – деп Рамазанды мінгізіп алып, тойға аттаныпты­мыс...
*
Содан Рамазан бөлесі екі­үш жыл жоқ болып кетті. Ертіс бо­
йындағы қалаларға оқу қуып кеткенін естіген. Ал өзі тұрмыс 
билеп Баянауылдан ұзай алмай қалды. Сөйтіп жүргенде былтыр 
күзде Рамазан ойда жоқта сап ете қалды. Орысша киінген, шаш 
қойған көрікті жігіт болыпты. Өз ауылына мұғалім болып кел­
ген. Сөйлес енді: кешегі тентек бөлесі өзіне енді сабақ оқытады, 
комсомол ұйымына мүше, білімдар қала Семейде оқыған...
Бәлкім, сол қарсаңда өрбіді?.. Әлде бұрыннан сөнбей қал­
ған шоқ тұтанып, қайта маздады?.. Әйтеуір сол қыста Рамазан 
екеуінің көңілі жарасып шыққаны анық. Енді, міне, Баянаула­
дай базарлы, баянды жерін, алтын босаға – ата­ана, туып­өскен 
елін тастап, қайдағы бір қиян шет, Арқа жонындағы Шыңғыстау 
атанған бейтаныс елге келе жатыр. Алдында өздерін нендей 
тірлік күтіп тұр?..
– Кебегің нағыз ер екен, шіркін! Аз уақыт ойнап­күлгенім 
де жетер деп безіп кетпей, сүйген жаны жүкті болып, айы­күні 
жақындағанда алып қашқанын айтсаңшы! Демек, шын сүйген! 
Қу жаным олжа деп қысылтаяң сәтте ат басын қоя беріп алысқа 
кетпей, артында шаң қауып қалған қуғыншыларға қайтып ора­
луы да мәрттігі! Махаббатына адал жан сендей­ақ болар... – деп 
өзімен­өзі сөйлесіп тұрған­ды Рамазан да сол сәтте.
Есіне кенет көкесі түсті. Осы сапарға аттанар алдында әкесі 
өзін оңашалап: «Ел рәсімінде жоқ оғаш іске күп еттің, балам. 
Құптамаймын оныңды, бірақ жолыңа көлденең тұрып, бетіңнен 
де қақпаймын, – деп біршама уақыт үнсіз отырып күрсінген бо­
латын. – Поштайдың Құсайынын мен есерсоқ жындылықпен 
сабаған жоқпын, алты жыл айдау көргенде, ит жеккен суық 
өңір де жүдеп­жадап жүргенде де сөйткеніме қапа болып, тит­

Шалдуар қылық сияқтанған бұл оқиғаны біз Көшмұханбет Әбішев әуле тінің 
екінші, үшінші ұрпақтарынан бертінде естіп, хикаятымыздың жаңа басылымына 
қосып отырмыз. Бұл әңгімені Көшекең марқұм өз балаларына өнеге ретінде айтып: 
«Рамазан мен оған тетелес Балқаштың жаратылысы менен әлдеқайда артық еді, еке­
уінің де өмірі, әттең, шолақ болды...» – деп өкініш білдіреді екен. Бәлкім, өр мінезді 
ағаларының асыл тұрпатын өз ұрпағы жадында сақтап, өнеге етсін деп әдейі көтеріп, 
өзін қасақана кемсітіп айтуы да мүмкін.

17
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тей де жасыған емеспін... Поштай тұқымы ата­бабамнан еншіге 
тиген жайлауымды тартып алып, жүрегіме қаяу түсірді, жуан 
тұқым, болыстығын арқаланып, намысымды жер қылды. Ішқұ­
садан өле жаздап жүрдім де, ақыры сол бір оспадар әрекетке 
тәуекел еттім: аңдып жүріп, жолдан тосып алдым да, әбден 
тепкіледім; былғары пәуескесін де аяусыз тілгіледім... Қазіргі 
өкімет сендердікі, билік те кедей­кепшіктің қолында. Әйтсе де 
құбылмалы заманға сенім жоқ, екінің бірі белсенді, әлдекімнің 
аузынан шыққан бұрал қы сөз басыңды жармаса да, жаныңды 
жаралайды, қарағым. Бұл маңнан алысырақ жерге кетіңдер. 
Мейірімді Алла жолдарыңды оңғарсын!..» – деп әкесі қолын 
жайып батасын берген­ді.
Ауыл­аймағы өз әкесін жасаң күнінде, сірә, оғаш мінезіне 
орай «Жынды Әбіш» атандырғанын Рамазан еміс­еміс естіген. 
Кемсіткені шығар, бір тойға аяқ артар ат таба алмай, түйе мініп 
барғанын да әжуалап, «Түйе мінген Әбіш» деген сөз де соңынан 
ерген. Әсілі, мінезінің қияңқылау, шақарлау екені рас. Ел ішінде 
Әбіш атанған (азан аты – Әбдірахман Абайұлы) әкесінің 15­16 
жасқа келгенше мұсылманша да, орысша да хат танығаны өз 
уақытын бағдарлай білгенін аңғартпай ма? Бір кезде Баянауыл 
дуанына аға сұлтан болған, әлей пысықтығымен 1840 жылдар­
дан беріде патша ұлықтарына жағып, ел билігінде көп жүрген 
Поштай тұқымын сабау да кім көрінгеннің қолынан келмейтін 
өрлік, шынында да қияңқы мінездің салдары. Шын­ау, сондай 
әкені қалайша түйе мінген момын шаруа дейді?! Жоқ, әке сө зі – өзі 
үшін бұлжымайтын заң, ондай әкені тек қана мақтан ету керек! 
Шындап іздесе Баянауылда өзіне де, келіншегіне де жұмыс та­
былатын еді. Бірақ өмір теперішін көп көрген, мосқал жастағы 
әкесі бірдеңені біліп айтқан шығар деп ойлады, ақылына құлақ 
асқанды жөн көрді. 
«Екеуіне қайдан кезіктім? Оған қоса мына тілің кесілгір 
қырт Бейсен де ойда жоқта ұшырасты. Бейтаныс екі жастың 
өздерін соншама еркін ұстауын қызмет желіне саяйын, әмбе 
кәмсамал болған соң табынатын діні, тәлім­тәрбиесі сол, ал мына 
ат айдаушы қарабайыр шаруа неге құтырады? Бұл жазған күні 
кеше менің босағамда көзін сатып қипаңдап тұратын жалақ ерін 
жалшы еді, енді, міне, сақалымды сапситып «Әй, Қасымбек» 
дейді. Әттең, бұзылған заман­ай! Не боп барады бұл дүние? О, то­
2­246

18
Медеу СӘРСЕКЕ
ба, не болған мына сұрқия заманға, не болған?!» деп тілін шай­
нап, қарасұр отағасы да ішінен зарлап тұр.
Қалың қабағы түксиіп, көзінің астымен жан­жағына барлай 
қарайды. Жұтып қоярдай қомағай көзқарас. Өткен күннен мына 
тас қорымдай да белгі қалған жоқ, табан тірер тірек атаулы із­
түзсіз жоғалды. Қырға шықса – қаптаған колхоз, ойда – ком­
муна. Қойны­қоншы мыңғырған мал, бұта түбінен бір­бір қой­
қозыдан өргізетін қайран Шыңғыс соңғы екі­үш жылда әбден 
азды. Бір апта салт атпен жүрсең таусылмайтын қайран таудың 
кең қолтық қойнауы бүгінде қаңырап бос жатыр. Кәмпеске деп 
тік көтере алды, кедейді байға теңейміз деп қайыра тонады, 
сонда жиылған қыруар мал қайда? Зым­зия жоғалды. Содан 
қалған азын­аулақ тұяқты тағы да қосақтап алып, колхоз бола­
мыз, жалпыға бірдей ортақ шаруашылық жасаймыз десті. Сон­
шама тонаудан соң өзінде қалғаны – мына дерте сыртында келе 
жатқан жіңішке күрең, қарақан басының неғып аман жүргеніне 
осы күнге дейін таң. Бүйткен амандығы құрысын! Бүйткенше 
біржола жұтап қалғаны жөн еді. Құдайдың кәрі деп көтерер еді. 
Ал сол зауалды қолдан жасаған белсенділердің кәрін, күні кеше 
босағасында мөлиіп тұратын құл­құтанның бүгінгідей мазағын 
қалай көтереді? Не үшін көтереді?..
«Тып­тыныш жата беріңдер, қос мұңлық. Ал мен байғұс 
сендерді жырға қосып, айта берейін. Беу, қашаннан, әкем Атсо­
ғар жаттатқаннан бері жырлап келемін. Әлі де айтамын, өткен­
кеткенге, үлкен­кішіге шама­шарқым жеткенше, нақышына 
келтіре жырлаудан жалықпан!..» деп Бейсекең де өзінше егіліп 
тұрған­ды.
Иен далада бірге келе жатқан төрт жолаушы, бәлкім, көкірек 
сырын бұдан да ұзағырақ, бұдан да молырақ ағытты?.. Кім білсін, 
әйтеуір сол мезетте, иен дала шетінде құлазыған тас мола басын­
да тұрып, жым­жырт тына қалған иен сахараға елти қарап, өз­
өзімен болып, үнсіз сырласқаны айқын. 
– Ау, балалар, жүрелік, – деді әлден уақытта Бейсекең.
Рамазан қабірдің бет топырағын сипап, орнынан тұрды. Рә­
піштің ілтипаты одан өзгешелеу болды. Жол бойы қолына ұстап 
келе жатқан бір шоқ гүлі бар­ды. Соны қорым тастың бетіне та­
ратып жапты. Қасымбек отағасы еңкейген жоқ, түрегеп тұрып 
бетін сипады да, еңісте қалған арбаға қарай ығысты.

19
ШЫҒАРМАЛАРЫ
 IV
Ерлі­зайыптылар оқу­ағарту бөлімінен шыққан соң­ақ сұ­
растыра жүріп, Шыңғыстау аудандық жастар комитетінің хат­
шысы Керейбаев Асылбекті маңдайына қызыл жалауша қадаған 
төрт қанат қоңырқай үйден тапты.
– Міне, жайсаңдар! Тап өздеріңдей жас мұғалімдер керек біз­
ге! Екеуің де бала оқытасыңдар, ә? – деп аужаском хатшысы бір­
ден­ақ іліп ала жөнелді. – Бақанасқа барғандарың көрім болды. 
Ол өзі әлеумет жұмысынан кенжелеп қалған, іріткісі көп ауыл. 
Байқошқар да соның ығында отырған кертартпа ауыл. Бірде­
бірінде комсомол ұйымы жоқ. Соларды жедел ұйымдастыру енді 
екеуіңе жүктеледі...
Аужаском хатшысына Рамазан таңдана қарады: жер жал­
даған тапал тұрқына әлгінде қарны ашқандай болған, ал айтып 
тұрғаны – көңіліне қонбайтын сөз.
– Осы күнге дейін шалғайдағы екі ауылда әшейка ашпау, 
Асыл бек жолдас, түсініксіз олқылық. Қазақстанның бірде­бір 
түкпірінде комсомол ықпалы тарамаған ауыл болмасын деген 
қаулыны, демек, естен шығарғансыңдар. Оның себебі неде? – деп 
Рамазан хатшыны тұқырта сөйледі.
Керейбаев бүгежектеп қалды.
– Оның рас, жолдас. Әділ сын. Сол үшін де менен бұрынғы 
хатшы жұмыстан аласталды. Ал мен бұл ауданға жуықта ғана 
келдім, ауданның барлық колхозын түгел аралап шығу үшін 
тура бір ай керек. Бұл ауданның жері ерекше мол, бұрын төрт 
болыс ел болған, дені таулы аймаққа орналасқан. Ең шатағы, 
бір шеті мен бір шеті – кем дегенде екі­үш жүз шақырым. Ком­
сомол жұмысы да сәпсем ақсаған. Қағаз жүзінде ұйымдасты де­
ген, әділін айтқанда, санатта бар, бірақ мардымды ісі жоқ жас­
тар ұйымдарын жандандыру үшін қаншама уақыт пен еңбек ке­
рек... Қысқасы, үлгермей жатырмыз. Міне, киіз үйді кеңсе етіп 
отырмыз, ал күн суыта не істейміз, соған тіпті миым жетпейді. 
Ұйымдасқан кеңсе көп­ақ, соның бәрі қақаған қыста қайда сыя­
ды? Сүгір байдың әулеті қыстау еткен ескі қыстау мүтім бір 
ауданға жете ме?..
Аужаском кеңсесі жайғасқан киіз үйде қос мұғалім аялдаған 
жоқ. Есепке тіркелді. Жұмыс істейтін ауылы – «Бақанас» колхо­

20
Медеу СӘРСЕКЕ
зы, естулерінше, «Байқошқар» колхозы да сол маңаттан қашық­
та емес, екеуара бір мектеп ашады. Рамазан оған меңгеруші бо­
лып тағайындалды; Рәпіш «Саужой» ұраны
*
 бойынша үлкендерді 
оқытады; Қызыл отау ұйымдастыру да – екеуінің мойнында.
Ту баста Доғалаң тауының бөктеріне орнығып, сол жерде 
қала сала бастағанда, әлдекімнің пәрменімен, сірә, Семей­
ге ұрымтал болғандығы әсер еткен, Қарауыл өзені күнбатыс 
іргесін жанай ағып, күншығысқа орай өтетін биік төбенің 
іргесіне көшірілген Шыңғыстау ауданының жаңа орталығын 
жағалай аралап, одан соң өзеннің суы көктемде жайылатын 
көгалды алқабына 50­60 киіз үй тігіп, соларды кеңсе де, баспа­
на да етіп тіршілік бастаған қыр елінің тірлігін ерлі­зайыптылар 
асықпай көрді. 
Қайда қарамасын – алқам­салқам құрылыс, төбесі үңірейген 
жатаған тамдар көше түзеп бой көтеріп келеді. Әр жерден 
көшіп келген отбасылар жаңа мекенге бұрынғы қо ныстарының 
үйреншікті әдет­ғұрпы ғана емес, ескі тірлігін де ала кел­
ген тәрізді. Бірінің маңдайында қызыл жалау ілінсе, бірінің 
алдындағы көгенде ешкі­лақ жатыр. Боздаған інгенін, шәуілдеген 
итін ерте келгендер де бар.
Ерлі­зайыпты мұғалімдердің ендігі қарекеті Бақанасқа жет­
кізетін көлік іздеуге арналды. Бұл да со күнде оңай шаруа емес 
сияқты. Ақыры, амалы құрыған соң Рамазан РКИ атанған ау­
дандық жұмысшы­шаруа инспекциясының кеңсесінен кө 
мек 
сұрауға мәжбүр болды. Оның бастығы Олжабай Шалабаев де­
ген кісі екен, Семейдің өзеншілер қауымы тұратын Затон қа­
лашығының жұмыскері деп естіген­ді. Жұрттың айтуынша, 
іскер адам, ең бастысы, дегенін бұлжытпай орындататын қай­
ратты кісі­міс...
Рамазанның жөн­жосығын білген соң­ақ ол қайраткер:
– Қаладан қалай келдің, сонымен жөнелтемін... – деді.
Жас шамасы қырықты еңсерген жұмысшы­шаруа инспек ция­
сының бастығы дереу бір жігітті жұмсап, Қасымбекті шақыртты.
Түрі сұсты қарасұр отағасымен Рамазан сөйтіп ойда жоқта 
екінші мәрте кезікті.
* Кеңес үкіметі жүргізген «Сауатсыздық жойылсын» науқанының қыс қартылған 
атауы. 

21
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Тура бүгіннен қалдырмай, Рамазан жолдасты келінше­
гімен ауылыңа жеткізесің! – деп РКИ бастығы сөзді шолақ түйді.
Анау керенау үнмен қыржиып:
– Олжабай жолдас, асыра сілтеу енді болмайды дегенді көк­
темде өзіңіз айтқан едіңіз... – деп еді, Олжабай үстел тақтайын 
сұқ саусағымен тықылдатты.
– Сен, Солтабайұлы, бос былшылды доғар! Колхоз мүшесі бо­
ла тұра шаруа қамдайтын уақытта қалаға қыдырғаның үшін жа­
уапқа тартыласың, – деді ақырын ғана.
Рамазанға түйіле қарағанмен Қасымбектің одан әрі қар сы­
ласуға шама­шарқы жетпеді. РКИ кеңсесінен ол ұнжырғасы 
түсіп, жасып шықты. Содан Рамазанды ертіп, ат­арбасы тұрған 
үйге келген соң:
– Ал, өшетел, қашан жүрмексің? – деді.
– Бүгіннен қалмаймыз, отағасы.
– Жете алмаймыз бүгін! Ит өлген жер. Сонсоң жолда қону да 
қауіпті. Шыңғыс іші биыл тиыш емес, байқа, бала!.. – Қасымбек 
мұғалімнің жүзіне бағдарлай қараған. Мықтымсынған неме, 
әуселеңді байқайын деген сыңаймен айтқан сықылды.
Рамазан өз елінде де мұндай қоқан­лоқыны естіп өскен.
– Жүреміз, отағасы, Шыңғыстың тентегімен мені қор қыт­
паңыз, – деді.
Қасымбек ләм­мим деген жоқ. Әлдеқайдан жеңіл арба тауып 
әкеп, жіңішке күреңін жеге бастады.
Күн кешегідей, жайма­шуақ райынан қайтпаған қызулы қал­
пында. Күз келсе­ақ жан­жақтан шоғырлана қалатын бұлт­
тар керуені жоқ, әлдеқайда көшіп кеткендей. Сай­сайланы 
қуалап, жоталар шоқтығын жұлмалап соғатын теріскей жел­
ден де ада. Көктемгі аласапыран кезінде ағыл­тегіл жөңкіліп 
өткел бермейтін өзен­бұлақтардың ентігі қазір басылған, 
жылға­жыралар түбінен жылтырап қана көрінеді. Иә, жомарт 
табиғаттың мейір­пейілі айқара ашылып, бейнетқор сорлы, 
шаруаңды қамда, қайталанбас алтын күзің мен боламын деп 
тұрғандай...
Шыңғыс ішіне кіші бесінде кірген жолаушылар үнемі өрге 
жүрді. Жас жұбайларға өздері келе жатқан ұзынды­қысқалы 
қия беттер мен сан салалы өзекшелер таусылмастай көрінеді. 
Әсіресе Рәпішке. Мехнаты көп тау жолынан қажығаны сонша, 

22
Медеу СӘРСЕКЕ
томсырайған отағасы өздерін жан баспас аулаққа әкетіп бара 
жатқандай сезілген. Күйеуінің қолтығына тығыла түсіп үнсіз 
мүлгуде. Ал Рамазан қыңқ етер емес, сергек отыр. Заңғар жар­
тастары сан қатпарлы, қойнауы мол таудың қайқаң белдеріне 
ынтыға қарайды: мол сулы, кең арналы бұлақтар, жапырағы түсе 
бастаған шоқ қайың мен реңі өзгермеген көгалды алқаптардың 
жасыл келбеті құса көңіліне шуақ дарытқандай. Соған да елігіп
неше күннен бергі жол мехнатын ұмытып, жадыраған қалыпта.
Рамазан даусын көтермей, жайма­шуақ ән әуенін бастағанда 
Қасымбек мойнын бұрып, артына сұстия қарады. Мына шіркінді 
бірдеме шалды ма деген де ойға жеңсік берген сықылды. Бірақ 
ләм­мим демеді. Өзімен­өзі болып тымырайған кейпінен айныма­
ды. Түсінікті ахуал: Олжабай бәлшебектің тізеге салған манағы 
жекуін ұмыта алмай, кеудесін кернеген кек өксігіне шырмалып 
отыр... Соның есесін ол қасындағы екеуден қайтарды.
Шыңғыс қойнына кірген сәтте­ақ кездескен бірлі­жарым 
ауылға тоқтамай, қамсыз шыққан жас серіктерін тау ішінде 
түнетті. Азық қамдап жүретін мезгіл емес, ел іші кең деп, құрсақ 
тілеуін жолдан күтетін шақ. Үшеуі де нәр сызбай аш жатты. 
Киімі жұқалтаң жас жұбайлар түні бойы бүрсең қағып тоңып та 
шықты.
Содан таң қылаң бере қайта жүрді. Мүдделі жерге ерте жет­
пек.
– Әй, өшетел, сенің осы жүрісің менің миыма қонбайды. Туып­
өскен елің сүйіндіктен оқытатын бала таппай, біздің тобықтыға 
келгеніңе таңмын. Әлде сол жаққа тентек мінезіңмен сыймай 
шықтың ба?
Ұйқы шылауына енген Рәпіштің секемге бейім көңіліне бұл 
сөз таспен ұрғандай болды. Маужыраған қалыптан демде айығып, 
күйеуіне шошына қарады.
Мектеп ашпақ ауылдан кез болған алғашқы адаммен таныс­
пай жатып егер сөзге түсуді Рамазан қалаған жоқ­ты. Амал не, 
Қасымбек отағасының қаңқу сөзі жүрегіне қадалған инедей 
өтімді болған соң лайықтап жауап бермеске лаж таппай, одырая 
қарап: 
– Отағасы, бекерге шатаспаңыз! Мектеп ашуға үкіметтен бұй­
рық алып, өзіңізді лаушы етіп келе жатқан екі мұғалімді кімге 
ұқсатып отырсыз? Қиқар сөзді доғарыңыз! – деді.

23
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күз күні көкжиектен көтерілген сайын жадырай түсті. Ұлы 
сәске таяу. Жердің шығы кеуіп, ертеңгілік ызғар біртіндеп сы­
нып, ақырында мүлдем жоғалды. Бойы жылып, жадыраған 
ерлі­зайыптылар жан­жағына қызыға қарап отыр. Төңірек сән­
сәулетін айқара ашып, мені көр, қалайша қуанбайсың дегендей 
шырайлы шақ еді. 
Рәпіш делбешіге еміне қарап:
– Аға, сәл аялдаңызшы, – деді.
Қасымбек артына керенау бұрылып божыны тартты.
Рәпіш күреңнің тоқтағанын тосқан жоқ, жерге секіріп түсті. 
Сол бетінде жолдың оң жақ қапталын жағалап, алға қарай жүгіре 
жөнелді.
Нақ осы бүрме етек ұзын көйлегі көлбеңдеп, қамзолы аш беліне 
жабысып, бөртпе салысы иығын жауып, білектей қос бұрымы 
қылтасын соғып оңды­солды бұлтыңдап, қызғылтым етігінің 
қонышы батар шақтағы күн нұрындай жалтылдап, еңіске қарай 
жүгіріп бара жатқан Рәпіш жықпыл тас арасынан жалт еткен 
елікке ұқсаған­ды.
– Әй, өшетел, келіншегің нешеде?
Қасымбектің құлақ түбінен саңқ еткен қырсық сауалына Ра­
мазан бірден жауап берген жоқ, арбадан жайбарақат түсіп, арты­
на түйіле қарады.
– Сұлудың дүлдүлі. Қайдан ілдің бұл перизатты?
Егеске шақырған егер сөзді Рамазан құлағына ілмеді. Сірә, 
шатақтасқысы келмеді. Келіншегі ынтыға ұмтылған алаңға 
беттеді.
Өздері тоқтаған өрдің етегінде, даңғыл сүрлеу жоғарыға 
өрлеген сайдың оң қапталында ат арқандағандай шағын алаң бар 
екен. Алаң үсті гүл шегілген парсы кілеміндей құдды, әлдекім 
жаз бойы қолдан өсіргендей сары, қызыл, ақ гүлдерге тұнып 
тұр. Теңіз айдынында ойда жоқта тап болған арал сияқтанып
күз белгісі біліне бастаған мезгілде мынадай қызылды­жасылды 
алаңның кезігуі екі жасты ерекше таңғалдырды. Еркін бау­
рап, қасына шақырғандай еліктірсін. Гүл жайқалған алаңның 
теріскей шеті – тік шаншылған қара жартас. Оның артында және 
бір оқшау тау құздияды. Оқшау болғанда тау ішіндегі сансыз 
бұйрат, биік жоталардың бірде­біріне ұқсамайды. Келбеті де, 
бітімі де бөлек жаратылыс.

24
Медеу СӘРСЕКЕ
– Әй, өшетел! Келіншегің соңынан жоғалдың ғой біржола...
Көз алдындағы жайнаған суретті алыста қалған Баянауланың 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал