Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет12/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қырық жылдан соң
  Ертеректе малшы болған сыйлы бір ағайынды ақырғы са-
парға шығарып салмақ болып, Семейдегі мұсылман бейітіне 
барғам-ды. Кенет мені шеткі машинаға шақырды.
Алқам-салқамы шыққан ескі «Жигулидің» алдыңғы кресло-
сында отырған мосқал адам маған қолын төсіне қойып, ізетпен 
сәлем берді де:
– Ағай, таныдыңыз ба? Орнымнан тұрмағаныма, шақырт-
қаныма ғапу етіңіз. Екі тізеден жүре алмаймын. Машинаға 
көтеріп мінгізіп, көтеріп шығаратын мүшкіл жағдайдамын... – 
деп мұңая жымиды.
Томпақ бетіне, нұры тайған қой көзіне қадала қарап тұрып, 
іле-шала:

244
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ой, сен Аманкелдімісің? – деп қолын алып, құшақтау үшін 
өзім еңкейдім. – Ал, сөйле, қайдан жүрсің, қашаннан бері мына 
күй ге түскенсің?.. – дедім.
– Ол, аға, ұзақ әңгіме. Жас күнде батырсынып, далада көп 
түнегеннің зардабын тартқаныма он жыл болды. Қазір қала-
дамын, үлкенім Қозыбектің қолындамын, күтімім жақсы, шай-
лық тірлігім бар...
– Бәрекелді, қайырлы болсын, оған да тәубе де!.. – деймін. – 
Сені мен бір байшыкештің сәйгүліктерін баптайды, тірлігі 
жақсы деп естіп едім. Мына жайыңды білгем жоқ, айналайын.
– Аяқтан айырылған соң байшыкешке керегім болмады, аға... – 
Аманкелді күрсінгенін көрсеткісі келмей, теріс қарады. Көзінен 
мөлт-мөлт төгілген жасты да байқап қалдым. Жасыт пайын 
деп, көрмегенсідім. – Менің қандай жылқышы болғанымды, 
ата кәсібімнен айнымай талай жыл қарыма құрық ілгенімді 
сіз білесіз, жаздыңыз ғой, аға. О да бір түске енгендей айшықты 
уақыт екен. Қоғам малы, халық несібесі деп жан аямай, жылқы 
бақтық. Төрт аяқты жыртқыш түгілі, екі аяқты айуандарға 
алғызбай, алдымдағы малды қызғыштай қорғаған есіл еңбегім 
бүгінде не болды? Мен қостан кеткенде мың қаралы жылқыны 
санап өткіздім. Ал содан қазір бір тұяқ та қалмағанын білетін 
шығарсыз?..
– Білемін, бауырым, сен жайлаған өріс қазірде қаңырап бос 
жатыр, – дедім. – Оны неге сұрадың? 
– Сұрағаным, ағасы, ұйқым қашқан күні соны да ойлаймын. 
Не үшін алыстым, не үшін қоғам малы деп, қу жанды шүберекке 
түйіп, ондаған жыл жылқы күзетіп түн қаттым? Сол жолда 
жүріп, міне, денсаулықты да құрттым. Жә, оның жауабын сіз 
де, сірә, білмейсіз. Мен де білмеймін. Ал мен сізге басқа гәпті ай-
тайын: жүз мың шамасы аса қой  өргізіп, бес мың сиыр бағып, 
екі мың жылқыны екі қосқа шығарған «Ақтас» кеңшарының 
қазіргі қожасы кім екенін білесіз бе? Таңданбаңыз, өзіңізді 
қосқа әкелетін менің Кеңес қайнағам. Үлеске түскен кеңшарды 
тоналған кезінде сутегін сатып алды да, сонша малға кең өріс, 
жайлы қоныс болған ұлан-байтақ жерді бір өзі билеп-төстеп 
отыр. Менің Адас деген немере інім соның екі жүз қаралы меншік 
жылқысын бағады. Өзге малын да бағып-қағушылар кешегі мен 
сияқты орденді, еңбекқор малшылардың балалары...

245
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Заман сондай әуенге ауған соң не дейміз, Аманкелді? Бас 
амандығын тілейік, сен де, міне, алпысты еңсеріп, немере сүйіп, 
ел ағасы атанып отырсың. Демек, еңбегің жанды деп біл... Соған 
да тәубе... – дегеннен өзге ештеңе айта алмай, жайсыз әңгімені 
тезірек аяқтауды тілеп, үнсіз тұрып қалдым.
Сол кезде аят оқыған молданың үні естілді. Шерлі әңгімені 
одан әрі өксікпен жалғаудан мені сол құтқарды... 
  Семей.
2005 жылдың шілдесі

246
Медеу СӘРСЕКЕ
«АЛАСАРМАС АСҚАР ТАУДАЙ АРДАГЕР»
*
(Тарихи эссе) 
  Қазақтың біртуар тарихшысы Ермұхан Бекмаханов-
тың ғұмыр жолын зерттеуге кіріскен кезімде «Қазақ КСР 
тарихының» Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында жазылу 
мехнатын иығымен көтеріп әрі 1943 жылы жарық көрген тұңғыш 
басылымына редакторлық еткен Қазақстан КП(б) Орталық 
Комитетінің секретары Мұхамеджан Әбдіқалықовпен кезде-
суге құштарлық туды. Зейнеткер қайраткердің өмір жолы-
на үңіліп дайындық жасаудан соң, 2001 жылдың көктемінде 
Алматыға аттандым. Өзім білетін бірнеше кексе тарихшы 
ол кісіге жолықтырудан бас тартты. Айтуларынша, Мұ хаң 
журналистер мен жазушыларға сұхбат бермейді, ойын өзде-
рінше бұрмалап жазып әбден түңілдірген-міс. Сол шаруаны 
ақырында Ерекеңнің ғалым жары Халима Адамбекқызына ай-
тып: «Өзіңізге сыйлаған «Қазақтың Қанышы» кітабымды 
көрсетіп, Қаныш Имантайұлымен қарым-қатынасы тура-
лы баяндалған беттерді нұсқаңыз. Сізден ол жігіт Ерекеңмен 
қарым-қатынасыңыз және тұңғыш «Тарих» жайында сұрамақ» 
десеңіз, бәлкім, бас тартпайды», −  дедім. Ері туралы ізденіске 
өзімді душар еткен апай: «Ойыңды ұқтым, Медеужан», − деді. 
Келесі күні кеште ол кісі телефон шалып: «Мұхамеджан 
ағаймен келістім, сағат 10-да біздің үйге кел», −  десін.
Сәуірдің 13-і күні ертеңгілікте кездестік. Әңгімеміз үй иесі 
жайған дастарқан басында өтті. Сол жылы 94 жастың өріне 
көтерілген Мұхамеджан Әбдіқалықұлы кейбір кекселердей бұ-
рынғы қайраткерлік іс-қарекетін ежіктеген мезі әңгімеге түс-
кен жоқ, «Қазақ КСР тарихының» жазылу тарихындағы көп-
*
 І. Жарылғаповтың М. Әбдіқалықұлына арнауынан

247
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шілікке беймәлім жайттарды тарқата сөйледі. Ақсақалдың 
жауабын тыңдап алып: «Ағай, осы айтқаныңызды түйіндей 
қайталайық», – деп диктофонды қосамын... Сөйтіп отырып 
кіші бесінге дейін жүрген сұхбатта Семейден дайындап кел-
ген 52 сауалымның бірқаншасына нақты жауап алдым. Бірақ: 
«Кейбір сұрауларыңа үйдегі қағаздарымнан қарауым керек», – 
деді. Қысқасы, бір тәулік демалыстан кейін, 15 сәуірде қайыра 
кездестік. Екі күнге созылған ұзақ сұхбатта Мұхамеджан 
Әбдіқалықұлынан мен 8 таспа әңгіме жазып алдым. Оңаша 
қалған кеште дәптерге түсірген тосын деректер қаншама!..
Екінші кездесудің соңында баламды машинасымен шақырып, 
ақсақалды Қонаев көшесіндегі 135-үйдегі пәтеріне апарып сал-
дым. Мұхаң үйіне бас сұғуға шақырды.
– Қаламыңа шабыт тілеймін, Медеу шырағым, шындықтан 
тек ауытқымай жаз. Құбылмалы заман әлі де өзгереді. Қаз-
қалпында қатып қалмайды... −  деді ақсақал қоштасарда. −  Диа-
лектиканың заңы солай. Карл Маркс хакім де бұл жайында 
«Тарих әрқашанда қайталанады, тек сайқымазақ түрінде...» 
деген... Ермұхан марқұм қазақ тарихшыларының сұлтаны еді, 
білім-танымы ұшан-теңіз, дарыны ерекше күшті, ел тарихын 
түгендеймін деп жүріп қиянатқа ұшырап, елу жасында өмірден 
кетті. Шындықтың жолы әрқашан да ауыр, қай уақытта бол-
сын ақиқатты ашық айтқан батылды жер жастандырудан, иә 
соңына ит қосып әуреге салудан билік иелері тайсалған емес. Бұл 
гәпті мен саған, қарғаш, білсін, ойлансын деп айтып отырмын. 
Менен не естідің, әңгімем көңіліңнен шықты ма – сұрамаймын, 
қалай пайдалансаң да еркің... Бір ғана талап қоямын: ойымды 
бұрмалама, уақыт аужайына келмейді деп өңін де айналдырма, 
менен естіген қалпында келтір, ал ұнатпасаң – мүлдем жазба!..
Ақсақалға ақиқаттан айнымауға уәде еттім.
Сол сәтте тағы бір іс ойыма түсіп, жарық дүниеге келуіне 
өзі мұрындық болған «Қазақ КСР тарихының» алғашқы ба-
сылымы кітапханаларда жоқтығын, сирек қорда сақтаулы 
кітапты пайдаланудың машақатын ескертіп, үйіндегі кіта-
бын уақытша пайдалануға сұрадым. Мұхаң шкаф сөресінен 
1943 жылғы «Тарихты» алып: «Қашан қайтарасың? Мен үшін 
бұл – өткен өмірімнің ескерткіші, өте қымбат дүние!» −  деді. 
«Семейге апарып, ксерокөшірме жасатамын, әрі дегенде екі 
айда әкеп беремін, ағасы!» – деген уәдемен қиыла сұраған кіта-

248
Медеу СӘРСЕКЕ
бымды алып, шілдеде қайыра әкелгенімде, Мұхамед жан ағай: 
«Ермұхан туралы ғұмырнама кітабыңды қашан оқи мыз?» −  деп
қызығушылық аңғартты. «Біраз жыл тосасыз. Жауабын Мәс-
кеуден іздейтін түйткілді сауалдар көп. Өзіңіз де асықпай, 
ойланып-толғанып жаз дегенсіз...» −  деп, кезінде жұрт көңілін 
алаңдатқан, әуреге салған оқиғаларды баяндаудың қиынды  ғын ес-
керттім. «Оның рас, шындықты айқара ашудан айныма!» −   де ді  
қайран Мұхаң. Арада өткен екі айда туған күмәнді са уалдардың 
біразына тағы да жауап алып, ақсақалға есендік тіледім.
Сол күнгі кездесу соңғы болды. Мұхамеджан Әбдіқалықұлы 
2006 жылдың 13 шілдесінде, жасы жүзге іліккен шағында дү-
ниеден қайтты.
«Ноқталанғған тарихшы» ғұмырнамасын мен 12 жыл тол-
ғап, ақырында соның қазақша және орысша нұсқаларын 2010 жы-
лы ғана жарияладым (тұңғыш шығарушы – Астанадағы «Фо-
лиант» баспасы). Сәттілік деуге болады: нақ сол жылы осы 
баспаның және өзімнің қаржыма осы кітаптың үшінші басылы-
мы «Бекмаханов» деген атаумен Мәскеудің «Молодая гвардия» 
баспасының «ЖЗЛ» сериясынан да жарық көрді. Деректі жанр 
әдебиетінің классигі, есімі әлемге мәлім француз қаламгері Ан-
дре Моруаның айтуынша, ғұмырнама кітаптың қаһарманы 
өмірден озған соң елу жылдан кейін ғана шындықты толық 
және нақты ашқан шығарма туады-мыс, өйткені оның өміріне 
қастандық жасағандарды, көңіл күйін бұзған оқиғаларды да 
ешкімнен қымсынбай емін-еркін айтуға болады екен; сол уәжге 
жүгінсек, Ермұхан тарихшының опат болғанына 2010 жылы 
44 жыл болды; демек, менің де қаламды кібіртіктемей еркін 
сілтеуіме жол ашылған... Осы ретте мен қазақтың «Аруаққа 
топырақ шашуға болмайды!» деген, өмірден өткендердің кү-
пірлігін айтқызбайтын пәлсапасын белінен басып, әйгілі Еуро-
па ойшылы, неміс ғалымы Шопенгауэрдің «Өліп қалды ғой деп 
замандасына жасаған ауыр қиянатын бүгу де −  қылмыстың 
зоры» деген уәжіне ден қойдым.
Төменде сөз болатын алуан оқиғалар кәнігі тарихшы, зер-
десі мықты білімпаз, ұлт жанкүйері Мұхамеджан ағаймен ұзақ 
сұхбатта естіген, көпшілігі жұртшылыққа беймәлім деректер-
ді жаңғыртып, одан да гөрі кейбір жазымпаз әріптестерім мен 

249
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әсіре тарихшылар қазірде ойжотамен долбарлап баяндап жүр-
ген күңгірт жайттарды ашу мақсатынан туды. Сол деректер-
дің денін мен «Бекмаханов» ғұмырнамасында қажетіме жарат-
тым. Алайда деректі жанр ерекшелігіне орай оған кірмеген кейбір 
оқиғаларды академик А.М. Панкратованың «Қазақ КСР тари-
хын» жанталаса қорғап, БКП(б) Орталық Комитетінің хат-
шыларына 1944 жылы жолдаған хаттары туралы «Ел тарихы 
тартқан тауқымет» деп атаған эссемде пайдаландым («Еге-
мен Қазақстан», 2012 жылғы 15-19 мамыр күндері, әрқайсысы 
бір беттен бес санында жариялан-ды). Сөйтсе де маған бертінде 
мәлім болған деректердің қайсыбірі мұрағатымда қалды. Ең 
өкініштісі, түрліше себептермен М. Әбдіқалықовтың ел та-
рихын түгендеу жолындағы таңғажайып іс-қарекеті мен ерен 
еңбегі оқта-текте ғана айтылып, таңғажйып ерлігінің бүгінгі 
қауымға толық жетпегенін ескеріп, қайраткер тұлғаның 
жарқын ісі мен дара бейнесін осы эссе арқылы жұртшылыққа 
қайыра әйгілеуді жөн көрдім. Әлбетте, жоғарыда аталған екі 
еңбегіме енгендерін қайталамауға тырыстым, кейбірі қай-
таланса да оқиға сүреңін түсіндіру үшін ғана келтіргенімді 
ескертемін... 
* * *
 Мұхамеджан Әбдіқалықұлы орыс патшасы билеген заман­
да Ақмола оязына қарайтын Қарағанды іргесіндегі Ақбұйрат 
мыс зауыты (орыс көпесі Никон Ушаков ашқан, соңынан 
ағылшындар иемденген Спасс мыс өндірісі) жұмыскерінің 
көп балалы отбасында 1907 жылы дүниеге келген (ал әкесі 
Әбдіқалық – Баянауланың тумасы, сүйіндік руының бір тармағы 
қаржас бұтағынан тарайды). Мұхаңның өзі Кеңес өкіметі 
Сарыарқа жонында түпкілікті орнаған кезде, яки жасөспірім 
кезінде үлкендерге ілесе жұмыс істеп, «нан тапқыш қарабала» 
атанған. Спасс кәсіпшілігіндегі жұмысшы жастар мектебінде 
сауатын ашқан. Одан соң Қызылжар қаласындағы фабрик­за­
уыт мектебін (ФЗУ) мектебін үздік бітіріп, Қызылордадағы 
ағар ту институтына (КИНО­ға) түседі. 1928 жылы Алматыда 
педагогика институты ашылып, сол оқу орнына тұңғыш ректо­
ры болып Санжар Асфендияров тағайындалғаны жұртшылыққа 

250
Медеу СӘРСЕКЕ
мәлім. Қазақстанның жаңа астанасындағы тұңғыш оқу орнының 
беделін, білім деңгейін көтеруді ойлаған қайраткер азамат 
ҚазПИ­де ұстаздық етуге Ташкенттен, Орынбор, Омбыдан, тағы 
қаншама жерден білікті қазақ азаматтарын көптеп шақырған. Со­
нымен бірге Семей, Қызылорда, Шымкент қалаларынан шәкірт 
жастарды да топтап алдырған. Мысалы, КИНО­ның бастапқы 
курсындағы барлық студенттерді Алматыға ауыстырған. Сол 
топқа жаратылыстану факультетінде білім алып жүрген 21 жа­
сар Мұхамеджан Әбдіқалықов та ілігеді. «Тарих­экономика 
факультетінде дәріс оқитын оқымыстылар − өңкей ығай мен 
сығайлар. Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Әлімхан 
Ермеков және медик­профессор Санжар Жағыпарұлы Асфендия­
ров, – деп еске алған­ды студент шағын Мұхамеджан ағай әңгіме 
үстінде. −  О кезде сабаққа қатысу, дәріс тың дау −  ерікті іс, өз 
факультетімнің сабағынан босаған сәтте әлгі жай саңдардың 
дәрісіне барамын, қазақ тарихын жатқа соғатын керемет әң­
гімелерін қақас жібермей тыңдаймын. Сөйтіп жүріп ғажап ше­
шен әрі тарихтан дәріс оқитын ректордың көзіне шалындым, 
сірә, ол кісі оқыс сауалдарымнан аңдаған. Санжар Жағыпарұлы 
мені әлеумет жұмысына тартып, бірер айдан соң институт тағы 
комсомол ұйымына секретарь міндетін атқаруды жүктеді. Нақ 
сол қарсаңда жаратылыстану ілімінен жеріп, тарих­экономи­
ка факультетіне ауыстым. Бұл болса, қарғаш, тарихпен қоса 
экономиканың не екенін біліп, бұрынғы жалпылама саяси көз­
қарасыма, қоғамға деген қарадүрсін танымыма ілкі өзгеріс 
ту ғызды. Қарапайымдап айтқанда, айналамда жүріп жатқан 
үлкенді­кішілі өзгерістерді түсінуіме жағдай туғызды...» 
Осы оқу орнында жүргенде М. Әбдіқалықов Компартия қа­
тарына кандидат болып, соңынан мүшелікке қабылданған. Ай­
туынша, өзіне кепілдік берушілердің бірі −  профессор Асфен дия­
ров. Институттың соңғы курсына ауысқан кезде студент жігіт 
республикалық кітапхананың ғылыми қызметкері болып та еңбек 
еткен. Оқу орнын 1932 жылы тәмамдаған соң ҚазПИ­дің саяси 
экономика кафедрасында оқытушылық жұмысқа қал дырылған. 
Бұл жайт та жас жігіттің алдына қойған басты мақсатымен дөп 
келіп, ғылыми ізденіс бастап, туған елінің тарихы н түгендеу 
ісіне кірісуге түрткі болған... 
Алайда сол кездегі ықпал­екпіні ересен күшті әлеуметтік 
нау қандар жас білімпаздың ғылымға құштарлығымен санас­

251
ШЫҒАРМАЛАРЫ
пай, 1933 жылы оны комсомол жұмысына қайтадан тартқан. 
Өлкелік комсомол жастар комитетінде нұсқаушы, одан соң 
бөлім бастығы болып, төрт жылдан кейін Қарағанды облыстық 
партия комитетінің үгіт­насихат бөлімінің меңгерушісі мінде­
тін атқаруға кіріседі. Сол жұмыстан 1938 жылы Алматыға же­
деғабыл шақырылып, Қазақ КСР Халық ағарту комиссары бо­
лып тағайындалған.
Сонымен 31 жасар білімпазға «халық жаулары» көптеп «әш­
кереленген» саяси науқанның күшейген шағында Қазақстан 
хал қының сауатын ашып, білімін ілкі көтеруге жұмылдыру мін­
деті жүктеліп, Ағарту наркоматының бірінші басшысы атанады. 
Сол жұмысты Әбдіқалықов төрт жыл бойы, яки 1941 жылдың 
аяғына дейін атқарған. Тарих ғылымының докторы, профес­
сор Ә.С. Тәкенов «Егемен Қазақстан» газетінің 1997 жылғы 
21 маусымдағы санында, Мұхаңның тоқсан жасқа толуына 
орай жариялаған «Ізгілікте белгі мол» атты мақаласында жас 
наркомның 1937­1938 жылдарда нақты жұмыс істеген 291 қазақ 
орта мектебін төрт жылдан кейін 641­ге жеткізгенін ескертіпті. 
Ағарту наркоматы мектептерді пәндер бойынша маманданған 
мұғалімдермен қамтамасыз етуге де ұйытқы болған: сол үшін 
педагогикалық училищелер мен екі жылдық мұғалімдер инс­
титутттарын облыс орталықтарында жаппай ашып, оқушы 
жастарды соған жер­жерден тартқан; 1937­1938 жж. оқу жы­
лында республика мектептерінде 38254 мұғалім ұстаздық 
етсе, олардың саны төрт жылдан кейін 61647 адамға жетіпті 
(қазақша сабақ беретін мұғалімдер 17483 адамға көбейген). 
Мақала авторы адуын ғана емес, ерекше іскер наркомның осы 
іске жетекшілік еткенін даралап көрсетіп, бір сөзді екі мәрте 
қайталамайтын қытымырлығын, партия жолын бекем ұстап, 
ешкімге бұрмаламайтын тазалығын баса айтыпты.
Мұхамеджан Әбдіқалықұлы қазақ мектептерінің ділгір 
қа жеті −  қазақша оқулықтар дайындаумен де жүйелі түрде 
шұғылдан ған. Мысалы, «Қазақстан тарихы» оқулығын жаза­
тын білгір тарихшылар іздепті. «Амал не, сол іске жан­тәнімен 
құлшынған тарихшы таба алмадым. Өткен заман оқиғаларын 
саралап та, даралап та жазған білімпаздардың бәрі ұсталып 
кетті, ізбасар шәкірттері де қалмаған... − деп қабақ шыта 
сөйлеген­ді Мұхаң нарком 
дық қызметі туралы сұрауыма. − 

252
Медеу СӘРСЕКЕ
Сөйтсе де осы мәселені бір жағына шығару үшін Марксизм­ле­
нинизм инс титутының Алматыдағы филиалында оқытушы бо­
лып жүрген бір топ тарихшы жастарды шақырып, солардың 
бірі −   бертінде тарихшы әріптесте рін сыпыра сынап, жаппай 
күйретумен белсене шұғылданған Мұсатай Ақынжанов
*
, бәріне 
«Оқулық жазыңдар, қолдарыңа келісімшарт беремін, мол­
дап қаламақы төлеймін» дедім. Бәрі­бәрі «Өйтеміз, бүйтеміз» 
деп қуаныш білдірді. Бірақ бірде­бірі шарт сұрап қайыра 
келмеді. Сірә, жаза алмайтынын білген, әлде тарихты қаузаған 
білімпаздардың шерлі жолын құшамыз деп қауіптенген, кім 
білсін?.. «Қазақ әдебиеті» оқулығының да жағдайы мүшкіл еді. 
Бұл мәселені де қаузадым. Әділін айту керек, менің ұсынысыма 
Есмағанбет Ысмайылов пен Қажым Жұмалиев бірден келісіп, 
наркоматтан шарт та, несие қаламақы да алды. Екеуі де жас, 
отызға ілікпеген кездері. Мысалы, көп­көрім ақын атанып 
жүрген Есмағанбет біздің тапсырманы ризалықпен қабылдап, 
ең әуелі «XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», одан соң 
«Қазақ әдебиеті» оқулығын қысқа мерзімде жазып берді. Екі 
оқулықты да соғыс басталған кезде жарыққа шығарып, мектеп­
терге тараттық. Сірә, сол оқулықтар түрткі болған тәрізді, ол 
поэзияны біржола тастап, ҒА­ның Қазақ филиалына ауысып, 
әдеби зерттеумен түпкілікті шұғылдан­ды. Қажым да белсене 
жұмыс істеді. Бірақ тереңірек қазбақ болып созып алды. Ал 
басқа пәндер бойынша бас ауыртып аса қиналғамыз жоқ, орыс­
ша оқулықтардан аударма жасадық». 

«Қазахстанская правда» газетінің 1937 жылғы 29 қыркүйектегі санында 
Марксизм­ленинизм институтының Қазақ филиалының студенттері М. Ақын­
жанов, Қ. Әбдірахманов, С. Әбішев, И. Сариев, З. Бұлғақбаев және М. Мұ хамеджанов 
қол қойған, «Тарихшы рөліндегі жапон тыңшысы» деп аталған мақалада олар 
өздерінің ұстазы, «Қазақстан тарихынан» дәріс оқитын, соның бірінші кітабын 1935 
жылы жариялаған профессор­медик Санжар Асфендияров дәріс үстінде «дінбұзар 
Ы. Алтынсаринді, патша тыңшысы Ш. Уәлихановты шексіз дәріптеп, бұқара халықты 
сүлікше сорған хандар мен сұлтандарды, рушыл билерді әсіретүрікшіл рухпен асыра 
мақтайты нын» әшкерелеген. Сол мақала сормаңдай профессорды тұтқындауға негіз 
болып, С.Ж. Асфендияров 1938 жылы атылған. Тарих қойнауына сүңгіп, туған елінің 
тарихын түгендеуге тырысқан әуесқой білгірді құртуға атсалысқан тарихшы жастар 
неліктен наркомат ұсынысынан бас тартқан? Сірә, шама­шарқы жетпейтінін білген. 
Жә, сонда сол шіркіндердің білгір тарихшының басын жойған қарекеттерін не деуге 
болады? Бұл сауалдардың нақты жауабы жоқ.

253
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мұхамеджан Әбдіқалықұлымен аралас­құралас болған таныс­
тарым маған ақсақалдың жады мықты екенін, кездесе қал сам 
әңгімесін бөлмей, ықыласпен тыңдауды ескерткен­ді. 
Ермұхан Бекмахановтың соңғы баспанасы, Жамбыл көше­
сін дегі үйдің 3­қабаттағы пәтерінде отырмыз. Бәйбішесі ерте­
рек қайтыс болып, қызынан туған немересі Ерұлан Ықсановпен 
бірге тұратынын Халима апай ескерткен­ді. Немересі өрімдей 
жас жігіт, нағашы атасын үйге кіргізген соң маған: «Аға, қа­
шанға дейін ұстайсыз?» −  деді. «Қам жеме, атаңды пәтеріне өзім 
апарып саламын», −  дедім. Тоқсан жасты орталаған жасында 
Мұхаң еңкеймеген, тік жүреді, бойына ет жимаған, аққұба өңі 
де егделіктің болбыраған әлжуаз кейпіне түспеген, орта бойлы, 
жүзі суықтау кісі екен.
Әңгімені неден бастауды ойланып келгемін. «Денсаулығы­
ңыз қалай, үй ішіңіз аман ба?» деген сияқты, қазақтың ауыл­
аймағын түгендейтін сұрауларды аттап өтіп, көкейімдегі мәсе­
леге бірден түсуді жөн көріп:
− Ерекеңді қай жылдан бері білесіз? Қазақта алғашқы әсер 
дейтін жора сөз бар, ол кісімен қандай жағдайда танысып, өзі­
ңізге жақын тарттыңыз? – дедім.
−  О, мен оны студент кезінен білемін. Воронежде оқып жүр ген­
де өлкелік комсомол комитетіне келіп, сірә, 1935 жылдың жазы 
болса керек, Алматы облысының аудандарын аралауға бізден 
жолдама алды. Студент жігітті жолақыға қинамас үшін біз оған 
ат тауып бердік, сонымен ол бір ай қалаға ұрымтал ауылдарды 
аралап, табыс тапты. Содан кейін 1938 жылы көрдім. Ағарту 
комиссариатында мектептердің оқу бағдарламасын әзірлей тін 
мекеме болды, бертінде ол мұғалімдердің білімін жетілдіру ин­
ституты атанды. Ермұхан соған кіші ғылыми қызметкер бо лып 
1937 жылдың жазында, Воронеждегі педагогика институтын 
тәмамдап келген бетінде орналасыпты. Қазақ мектептерінде 
о кезде «КСРО тарихы» оқытылады, «Қазақстан тарихына» 
9­10­кластарда ғана он шақты сағат бөлінген, бірақ оқулық 
болмағандықтан жүрдім­бардым жүретін­ді. Осы жағдайды 
түзетуді ойлап, әдіскерді шақырдым. Тығыршық денелі, орта 
бойлы, жап­жас Ермұхан Бекмаханов кабинетіме еркін кіріп 
сәлем берді, бірден таныдым, бір бума жазбаларын ала келіпті. 
«Тарих пәнін оқуға көмекші» деп атаған әдістеме, қаперімдегі 

254
Медеу СӘРСЕКЕ
жайтты ойлап келгенін ұнатып, бірнеше кеш бірге отырып, қол­
жазбасының саяси бағытын күшейтуге ескертулер жасадым. 
Ермұханның сол еңбегі, тұңғышы десек те болады, «Халық мұ­
ғалімі» журналының 1938­1939 жылдардағы сандарында нар­
комат алқасының мақұлдауымен ел тарихын оқытуға көмекші 
құрал ретінде жарияланды. Білім деңгейінің жоғарылығын ес­
керіп, жыл аяғында оны өзі істейтін институтқа директор етіп 
тағайындадым, сол кезде ол 23 жаста, партияға мүше емес, тек 
қана кандидат...
−  Бәрекелді, мұныңыз енді шексіз батылдық, – деп едім, Мұ­
хаң бетіме ожырая қарады. Онысын мен сөзімді бөлме дегенге 
жорыдым.
−  1938 жылғы жағдайды, сірә, сіз, қарғаш, жете білмейсіз. Қа­
зақтың оқыған азаматтарын жаппай жусатқан саяси науқан нан 
соң, өзге саланы айтпай­ақ қояйын, Ағарту наркоматында жо ­
ғары білімді қызметкерлер некен­саяқ болатын. Ал Ермұ хан – 
сол ұжымдағы қызметкерлердің озығы. Институт жұмы сын 
ол оп­оңай меңгеріп, екі жылдан соң Мәскеудегі Жоғары пар­
тия мектебіне аттанды. Сонда жүріп те қолы босаған кезде ака­
демиялық Тарих институтының семинарына қатысып әрі Мәскеу 
мұрағаттарынан Қазақстан туралы ізденіс жасаған. Осы жайт та 
жас жігіттің алдына биік мақсат қойғанын аңғартпай ма?..
Наркомдық қызметі төртінші жылға ойысқанда, яки 1941 жыл­
дың басында Мұхамеджан Әбдіқалықұлы Казсовнарком төра­
ғасының мәдени­ағарту, ғылым мен білім саласын басқаратын 
орынбасары болып тағайындалады (сол жұмысты ол халағарком 
міндетімен қосаметкей атқарған). Ал Ұлы Отан соғысы қауырт 
басталғанда батыс шекарадан жедел көшірілген зауыттар мен 
фабрикаларды қабылдап, солармен ілесе Қазақстанға жүздеп, 
мыңдап көшірілген мамандарға, жұмысшыларға баспана та­
уып, тұрмыс күйтін оңдау ісі жүктелген республикалық штабты 
басқарыпты. Қоңыр күзде Алатау баурайына Мәскеу, Ленинград, 
Киев, Иван­Франко мен Харьковтан көшірілген театрлар, кино­
студиялар мен жоғары оқу орындарын қабылдап, соларға ілесе 
келген жүздеген өнер саңлақтарын, профессорлар мен ғылыми 
қызметкерлерді жұмысқа орналастырумен де шұғылданыпты. 
Қазақстан КП(б) ОК­нің бюросы М. Әбдіқалықовқа сол қарсаңда 
Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы міндетін де қо­

255
ШЫҒАРМАЛАРЫ
саметкей жүктепті. Өз айтуынша, тәулігіне 18 сағат жұмыс 
істеуге тура келген...
1941 жылдың аяқ шенінде жағдай күрт өзгереді: Қазақстан 
КП(б) ОК­нің идеология жұмыстарына жауапты секретары, та­
рих ғылымының кандидаты Ғабдолла Бұзырбаев ұшақ апатынан 
опат болғанда, бірінші хатшы Н.А. Скворцовтың ұсынысымен ОК 
бюросы Мұхамеджан Әбдіқалықұлын 1942 жылдың қаңтарында 
хатшылыққа бекітіпті.
−  Скворцов бізге 1938 жылдың шілдесінде келген. Сіз ол кісі­
мен біраз жыл қызметтес болдыңыз. Қазақ кадрларына көзқара­
сы жөнінде не айтасыз? −  дегенімде Мұхаң маған түйіле қарап, 
сұқ саусағымен үстелді тықылдатты.
−  Николай Александрович – мен білетін орыс коммунистері­
нің жампозы, нағыз интернационалист. Ат жалын тартып мінген 
жылдарда мен республиканы басқарған үш секретарьмен қояма­
қолтық жұмыс істедім. Алғашқысы Левон Исаевич Мирзоян − 
күшті қайраткер, ойындағы сөзді тура айтады, ұшқырлықтан да 
құралақан емес, Голощекин бүлдірген талай шаруаны оңдады
халық та оны сол үшін жақсы көріп, Мырзажан атандырды. 
Бірақ ғұмыры қысқа болды. Оны ауыстырған Скворцов Орталық 
Комитеттің аппаратынан келді, туып­өскен жері – Астраханның 
бізге ұрымтал Володар ауданы. Қазақтар психологиясын да сол 
аудандағы қазақ ауылдарынан жап­жақсы біледі, жас күнінен 
тілімізге де жаттыққан. Мінезі салмақты, мезі сөзді ұнатпайды, 
о күнде түннің бір уағына дейін кеңседе отырамыз. Николай 
Александрович іскер, ешкімге жекімейді, тек қана ескерту жа­
сайды. Қазаққа көзқарасының оңдығына нақты мысал айтайын: 
мен істеген жылдарда Орталық Комитетте небәрі орыс азаматта­
рынан екі адам ғана бөлім меңгерушісі болды; барлық бөлімдерге 
негізінен қазақ коммунистерін қойды; наркомдардың қарамы 
едәуір, бірақ екі­үш адамды ғана орыстардан қойды; облыстарда 
да осы рәсім қалыптасты. Орыс халқы басым тұратын Қостанай, 
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына да бірінші секре­
тарьларды қазақ азаматтарынан сайлады. Біздің халық ортасы­
нан көтерген азаматтарды атайын: Оңдасынов, Сәтбаев, Қонаев, 
Тәжібаев, Омаров, Жанғозин, Жанбаев, Бутин, Сембаев, сіздің 
Семейден – Рымбек Ильяшов, тағы сондай сайдың тасындай ноян 

256
Медеу СӘРСЕКЕ
жігіттер... Жұмабай Шаяхметовті КГБ­ның Алматы облыстық 
комитетінің орынбасары болып жүргенде, 1938 жылы Орталық 
Комитетке секретарь еткен де сол кісі. Жұмекең ә дегенде үшінші 
секретарь болды.
−  Өзіңіз нешінші секретарь едіңіз?
−  Менде ондай дәреже болған жоқ, қатардағы хатшы, яки 
идео лог­секретарь атандым. Ал Жұмекең соғыс жылдарында Ни­
колай Александровичтің ұсынысымен екінші секретарь болып 
жо ғарылады.
Скворцовтың өз басым ерекше қадір тұтқан дара болмысы − 
кішіпейілдігі, қарауындағы адамдардың ұсынысын зейін қоя 
тыңдап, пиғыл­пікірлерін ескеретіндігі. Мирзоянда, өзіміздің 
Жұмекеңде ондай тоқтам, парасат, тіпті байыпты мінез болған 
жоқ, екеуі де шұғыл қимыл мен әрекеттің адамдары. «Мен не 
айттым − соны орындайсың» деп әрдайым тізеге салады. Мы­
салы, мен ғылым, білім, өнер мен әдебиет саласын өз бетімше 
билеп, өз ойымды әрқашан да өткізіп отырдым. Әсіресе кадр 
мәселесінде. «Қазақ КСР тарихын» жазу идеясын Николай 
Алек сандрович бірден қолдады. «Бұл −   тарихи іс, еш нәрсеге 
алаңдамай жазыңдар, әр республиканың өз «Тарихы» болуы − 
рухани қажеттілік, өйтпейінше біздің жұмысымыздың мәні, 
бағасы кем болады. Өткен тарихыңды білу − өз еліңнің патри­
оты болуға жетелейді...» деген ойды шегелеп айтып, тарихты 
жазуға қатысқан ресейлік тарихшылардың тұрмысын оңдауға 
үйымдастырған шараларды толық құптады. Ол кісінің бұл іске 
қатысы жайында, қарғаш, әлі де айтуға болады... 
−  Скворцов бізден 1945 жылы кетіпті. Неге?
−  Николай Александровичке Алматының ауа райы жақ па­
ды, қан қысымы көтеріліп, жиі ауыратын болды. Соғыс жыл­
дарындағы күні­түнгі ауыр жұмыс та, сірә, әбден қажытқан. 
Соғыс ел шекарасынан ұзаған кезде ол кісі бірнеше мәрте 
Мәскеуге арыз жолдап, демалыс беруді өтінді. Содан бір жолы 
Сталинге барып, өтінішін қайталапты. Иосиф Виссарионович 
біраз уақыт үндемей отырып «Орныңа дайындаған кадр бар ма?» 
депті. «Бар, бүгін қойсаңыз да Шаяхметовтің республиканы 
басқаруға қабілеті жетеді. Тек өзіңіз қолдау көрсетіңіз» дегенін 
мен Скворцовтың өзінен естідім.

257
ШЫҒАРМАЛАРЫ
−  Қаныш ағай туралы дерек жинаған кезде өзіңіздің қара уы­
ңызда қызмет істеген екі ақсақалмен әңгімелестім. Алғашқы ­
 сы −   Ісләм ағай Жарылғапов. Семейге іссапармен келгенде Сә кең ­
ді мейманханадан үйіме алып келіп, үш тәулік әңгімелестім.
−  Е, ол ағаң сөздің түбін түсіреді. Білгіштігі де әлей! Екінші 
кісі кім?
− Бөлебай Исабеков. Ол кісімен 1981 жылдың жазында, өз 
үйінде әңгімелестім. Бөкең де Скворцов туралы сіздің пікіріңізді 
қайталады. «Николай Александрович билік басында отырса – Қа­
зақстандағы соңғы репрессия болмайтын еді» деген ойын бірнеше 
мәрте қайталады.
– Е, онысы әншейін сәуегейлік. Скворцовтың да өзіндік бір­
қақпайы аз емес­ті...
Бұдан әрі әңгімеміз «Қазақ КСР­інің ерте заманнан бүгінге 
дейінгі тарихының» Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан қиын уа­
қытта, 1942­43 жылдарда жедеғабыл жазылып, іле­шала 670 бет 
көлеммен, 10 мың дана таралыммен жарық көргені туралы, сол 
кітап қазақтың зиялы қауымының көңілінен шығып, қуаныш­
ты оқиғаға айналғаны жайында өрбіді.
− «Қазақ КСР тарихының» алғашқы басылымын мен Кітап 
палатасындағы қордан көрдім. Алматының ҚазОГИЗ баспасы 
1943 жылы шығарыпты. Қалыңдығы кірпіштей сүбелі кітап, 
бірінші бетіне «Жауапты редакторлары – М. Әбдіқалықов және 
А. Панкратова» деп жазылған. Келесі бетте соны жазуға қатысқан 
33 автордың фамилиялары аталыпты, солардың он бірі −  Ресей 
тарихшылары. Қазақстандық авторлардың алдыңғы легінде Әуе­
зов, Мұқанов, Марғұлан, Жұбанов, Ысмайылов, Кенжебаев, Мү­
сірепов, Бекмаханов және бір топ қазақстандық орыс тарихшы­
лары аталыпты. Осы жерде тағы бір ел аузындағы қауесеттің 
жөн­жосығын анықтауға тура келеді, Мұха, ғапу етіңіз... −  деп 
бүгежектеп едім, Мұхамеджан ағай кеңкілдеп күлді.
−   Давай, қарғаш, оны да естірт! −  деді.
−   Ерекеңді сіз ерекше жақсы көріпсіз, оның үстінен «дома­
лақ арыздар» түскенде әрдайым қорғапсыз, қандай ұсыныспен 
кел се де әрқашан қолдапсыз...
−  Ермұханды мен туған інімдей жақсы көрдім, ол да мені аға 
деп сыйлады. Қандай қиын сәтте «Әй, тоқтат!» десем, бірден 
жым болатын еді. Жә, неге сөйткенімді түсіндірейін: құдай та­
17­246

258
Медеу СӘРСЕКЕ
ғала оған тарихи білімді артығымен дарытқан; Еуропа, ерте 
дүние және орыс тарихын жақсы біледі, соны ол Воронежде 
дәрісін тыңдаған көрнекті орыс білімпаздарынан алған; өзі­
нің де білімі жұрттан асып, соны да ғылыми еңбектерінде тайға 
таңба басқандай етіп көрсетіп тұрғанда неліктен оны жақсы 
көрмеске?!. Сондықтан да мен оның білім­танымын, ашық­жар­
қын болмысын, ойындағысын тура айтатын мінезін де ұнатып, 
қызметін үрдіс өсіріп, қасымда ұстауға тырыстым. Оның тағы 
бір тамаша қылығы – бастықтың аузынан шыққан лебізді 
қағып алып, «Тағы не бұйырасыз?» деп жалпылдамайды, көбіне 
ойда жоқ істі еске салып қозғаушы болады. Соғыс кезінде ол 
Орталық Комитеттің дәріскерлер тобында істеді, 1942 жылы 
Халағаркомның мектептер басқармасына бастық болды. «Та­
рихты» жазған кезде мен оны авторлар ұжымына үкімет аты­
нан куратор етіп тағайындадым. Сол істі де Ермұхан жанын сала 
атқарды. Пиғылы тар соғындылар соны да көре алмай қызғаныш 
білдірді. Ау, іске ынтасы күшті, ұлт мүддесін қорғауды ар­
ожданы санайтын жігітті қалайша жақсы көрмейсің, қалайша 
оған сүйеу көрсетпеске?!.
Менің үйдегі мұрағатымда Мұхамеджан Әбдіқалықұлы 
ның мәс­
кеу лік «Аргументы и факты» апталығының тілшісіне бер ген «Қа­
зақстан Ресей ғалымдарына алғыс айтуға тиіс» деп аталған сұх­
батында (1997 жылғы ақпан айы, №8): «Тарих институтының ди­
ректоры Б.Д. Греков және оның орынбасары А.М. Панкратова екеуі 
Мәскеуге қайтарда маған келіп: «Қазақстан тарихын жазуға біз Бек­
махановты тектен­текке қатыстырған жоқпыз, байқауымызша, одан 
тегінде қарымды ғылыми қызметкер шы ғады. Сіздер оны бізге жі­
беріңіздер...» −   деген өтініш айтты. Мәскеудің көрнекті екі ғалымы со­
лай деген соң, алапат соғыс жүріп жатқан қиын уақыт екеніне қарамай, 
Скворцовтың ма 
құлдауымен Орталық Комитеттің арнайы қарарын 
қабылдап, Ермұханды, сол кезде ол 28 жаста, үш айға ғылыми коман­
дировка бергізіп, Мәскеуге аттандырдық. Сол сапардан ол Кенесары 
Қасымов қозғалысы туралы еңбегін қайыра толықтырып, диссертация 
қорғап, тарих ғылымының кандидаты атағын алып қайтты...» −  депті. 
− 1941 жылғы 7 қараша күні Қызыл Армияның салтанат­
ты шеруі кезінде Қызыл алаңда сөйлеген сөзінде Бас қолбасшы 
И. Сталин «Ежелгі Ресей жерін зұлым жаудан қорғауда орыс 
жауынгерлерін Александр Невскийдің, Александр Суворовтың, 

259
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Илларион Кутузовтың айбынды рухы ерлікке жебеп, қаһар­
мандыққа бастасын!..» деген ұран көтергенін естіген болар­
сыз? Біз де көсемнің сол сөзін үлгі етіп, қазақ жерін жаудан 
қорғаған жанкешті батырлар рухын жаңғыртып, майдандағы 
қазақ сарбаздарына жолдаған үндеу­хатта: «Қазақ сарбаздары, 
сендерді ел бостандығын қорғауда Ер Едіге мен Абылай ханның 
айбарлы рухы, сырт жаулармен күресте шексіз қаһармандық 
көрсеткен батырларымыз Кенесары, Наурызбай, Сырым Да­
тов және Амангелді Имановтың жеңімпаз аруағы жанқиярлық 
ерлікке жебесін!» деген сөздерді әдейі қостық. Сол үндеуге бюро 
мүшелері Скворцов, Шаяхметов, Важник, Оңдасынов және мен 
қол қойдық. Ескертер жайт: Кенесары мен Наурызбайды батыр 
етіп тұңғыш жариялаушы біз, яғни Орталық Комитеттің секре­
тарьлары, иә Ермұхан емес − халық. Мәселенің солай екеніне 
илану үшін Әдебиет және тіл институтының қорында сақтаулы 
аңыз­дастандарды, толғау­жырларды оқыңыз. Солардың бәрі 
нұсқау, қаулысыз дүниеге келіп, халық жадында сақталғаны – 
тарихи шындық!..
−  Сіздер солай деп ұран көтердіңіздер. Сол листовканы мен 
Алматыдағы Орталық мұражайдың Отан соғысына арналған бө­
лімінен көрген едім...
−  Үндеу­хаттың мың­мыңдаған данасын майданға жөнелту­
мен тоқтаған жоқпыз, халық қаһармандарының ерлігін ре с­
пуб лика жұртшылығына кеңінен таратуды көздеп, олар тура­
лы жазылған дастандарды көп таралыммен жариялауға нұсқау 
бергенмін. Иә, айтпақшы, Кенесары мен оның інісі Наурызбай, 
қарындасы Бопай ханша туралы тарихи материалдар бір ізге 
түспеген, әркім өзінше толғап, кейбірі жауыз етіп көрсеткені 
біз ге сол мезетте мәлім болды. Мәселені ғылыми, тарихи тұрғы­
дан анықтау үшін Омбы қаласындағы мұрағаттарда қозғаусыз 
жатқан деректерді ашып, соларда не жазылғанын білуге ру­
хани қажеттілік туды. Бұл ойды да маған Ермұхан ескертті. 
Қысқасы, Н.А. Скворцовтың келісімін алып, Орталық Коми­
тетте еңбек ететін Ілияс Есенберлин мен Ермұхан Бекмаханов­
ты бір ай мерзімге Омбыға жібердік. Екеуі де ескі архивті оқуға 
құныққан жігіттер. Сол сапардан олар олжалы оралды. Ілияс 
бертінде сол сапарда жиған­тергенін пайдаланып «Көшпенділер» 
трилогиясын жазып, абыройға бөленгені жұртшылыққа мәлім... 

260
Медеу СӘРСЕКЕ
Ал Ермұхан сол жолғы ізденістерін біздің «Тарихтың» тұңғыш 
басылымының 14­тарауын тың айғақтармен өрнектеуге пайда­
ланды. Тарихтың сайқымазағы да, қарғаш, осында: Ермұхан 
сорлы ақырында содан азап шегіп, өмірін қысқартты; ал Ілияс 
бертінде соны әдеби толғап, көрнекті жазушы атанды. Оның три­
логиясы 55 тілге аударылып, жалпы таралымы 5 миллион дана­
дан асыпты дегенді естідім...
−  Демек, Ерекең Кенесары тақырыбына Орталық Комитеттің 
тікелей тапсырмасымен кіріскен. Бұл гәпті, ағасы, қазақ қауы­
мы білмейді.
−  Жаңсақ сөз! Білетіндер аз емес. Тек айтқылары келмейді. 
Ермұханның басына бұлт үйірілгенде сіз еске алып отырған 
жайтты біраз жұрт, әсіресе билік басындағылар қасақана «ұмыт­
ты», амал қанша?! 1951 жылғы көктемдегі ЦК­дағы талқылауда 
Ермұхан осы фактіні бюро мүшелерінің есіне салып, партия 
тапсырмасын тыңғылықты орындағаным үшін жазалы болып 
тұрмын дегенде, Жұмабай Шаяхметұлы оған жекіп, бұл жайын­
да аузын аштырмапты...
−  Қазақстан «Тарихын» жазуға КСРО ҒА­ның үш институты­
ның таңдаулы мамандары қатысты, бәрі де ғылым докторлары. 
Редакторлары да осал емес, сіздің биік мансабыңыз жұмысшы 
топқа алаңсыз істеуге тірек болған, ал Панкратова −  есімі Одаққа 
әйгілі тарихшы, о кезде КСРО ҒА­ның корреспондент­мүшесі. 
Мен үшін түсініксіз гәп −  Қазақстанда 1947 жылы өрбіген әде­
биетші ғалымдарды қудалау...
− Сұрауыңды конкретно айт, жалпылама сөзге жауап беру 
қиын…
 «Сол науқанды ушықтырған сіз дейді. Сол рас па?» деген ой­
ымды тура айта алмай, 1999 жылы жарық көрген «Қазақтың 
Қанышы» атты роман­эссемді портфельден суырып, кітаптың 
«Қиянатта» тарауын нұсқап, Мұхаңның алдына қойдым.
Мұхамеджан Әбдіқалықұлы мен нұсқаған беттерге үңілді...
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал