Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Аманкелді оны Қарауылтас сыртына қонған кезде естіген. Со­
дан бері жас жігіттен тыныштық кетті. Жастар дуын естіді­ақ, 
жылқыны жайылымға тастап, алтыбақан басына асыға жететін­
ді. Әрине, атын алысқа тұсап тастап, ылғи жаяу келетін. Кейде 
жолы болып, Рымгүлге кезігетін. Кейде ұнжырғасы салбырап, 
тілдесе алмай, көңілсіз қайтатын.
Алтыбақанға шыққандар түн ортасы ауа ақсүйек ойнауға 
кіріседі. Қараңғы түкпірге лақтырылған ақ сүйекті іздеу, тегін­
де, жап­жақсы ермек. Сол ойынның жастарға ерекше ұнайтын 

205
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тағы бір себебі: ойын үстінде қыздарға «қасқыр» шүйлігеді; кө­
ңілің қалаған жанмен оңаша кездесуге бұдан артық сылтау бола 
ма?.. Ынтыққан жүректер оңаша тілдесер сәт те осы. Сонсоң да 
«қасқыр» болатын жігіттерге тапсырма көп. Түнгі серуеннің 
еркесі де, серкесі де – солар. «Қасқырмен» дос болсаң – қалаған 
қызыңды шығартып аласың. Қыз қаласын­қаламасын, қолын 
бұрап жетектеп алады, кейде қойша өңгеріп, өзің күткен таса 
жерге әкеп береді. Ойын шарты солай.
Нартай деген оспадарлау жігітпен Аманкелді сол жазда дос 
боп алған. Нартайдың аздаған серілігі бар әрі әлей атқұмар. 
Жылқышылар ауылына ол жиі келеді. Шаруасы әрдайым біреу­
ақ: Телқұла атты тақымына басу. Қашан бәйге құла тақымына 
тигенше кетпейді, бие сауғызып, көбіне әңгіме кітаптарды 
жылқышыларға дауыстап оқып беріп, неше күн жатады. Әсілі, 
мұндай қыдырмашыларды Аманкелді ұнатпайтын. Бірақ Нар­
тайдың жөні басқа. Алтыбақан ұйымдастыратын да, ақсүйек 
ойнауға жастарды еліктіріп, үнемі «қасқыр» болатын да сол.
...Нартай уәдесінде тұрды. Бір жолы тасада жатқан Аман­
келдіге Рымгүлді «ұрлап» әкелді. Шу дегенде жылқышы жігіт 
абыржып қалды. Шылбырын ұзарта ұстап, атын жетектеген бойы 
алтыбақан басынан қашығырақ жерге ұзады. Шылбырдан бос бір 
қолын қоярға жер таппай, біресе қалтасына тығады, біресе арты­
на ұстайды. Жүрегі лүп­лүп соғып келеді. Бірер рет сүрініп кетті. 
Сірә, көделі сайға түссе керек.
Қызы құрғыр да сынағысы келгендей, ләм­мим демеді. Қалып 
та қоймады, Аманкелдімен қатарласып, жайбарақат ілесіп ке­
леді. Қайда барамыз деп те сұрамады. Көделі сай таусылып, қара 
жолдың табанына түскенде құла аттың кекілін сипап тұрып:
– Мені жетім қозы көремісің? Неге ұрлатасың? – деді.
– Қозыны жейтін қасқыр мен бе? Қорықпа, тиіспеймін...
Екеуі де қабаттаса күлді. Қыстағы жолығысудан кейінгі 
оңаша тілдесу еді. Арадағы болмашы салқындық осы күлкімен 
ұмыт болды. Кикілжің тарқады. Көңіл қайта жарасты. Жүректер 
қайта лүпілдеді. Ен далада екеуі ғана. Сыбдыр қағып селеу тұр. 
Көде біткен бастарын желпіп, «соларың дұрыс, сөйткенің жөн» 
деп сыбырлап тұрғандай құдды, екеуінің табаны үстінен жа­
пыра басқанда, сондай ызыңмен саудыр­саудыр етеді. Салқын 
самал да маңдай алдынан желпіді. Жанға жайлы таң самалы. 

206
Медеу СӘРСЕКЕ
Беттерін сипап желпінтіп келеді. Жүріп келеді, таусылар ма 
сірә да «құлпырған жасыл жер жүзі?..» Жүре берсең құмарың 
қана ма, тоярмысың осынау самалы жұпар жайлы түннің ләзза­
тына? Төбеде жымыңдап шытыра жұлдыздар тұр. Санап та 
көрді. Жаңылып қалып, қайта санады. Тағы да жаңылды. Сонан 
соң тоқтап, көп шырақтың ішінен өз жұлдыздарын іздей баста­
ды. Бәрекелді, оңынан туған екен. Оңай тапты. Тіпті жаңылған 
жоқ. Екеуінің де қосаметкей тапқаны – бір жұлдыз. Таң шолпа­
ны. Маңдайда жымыңдап тұрған қалпында тапты. Басқалардан 
жырақта, жарығы да өзгеше сықылды. Әлде сәулесі күшті, әлде 
көңілге жақын? Қараған сайын ынтық етіп, жарығы да күшейе 
түскендей. Ал анау асты­үстіндегі басқа жұлдыздардың жарығы 
әлсіреп бара жатқандай...
Аманкелді сол күні жылқыға кеш оралды. Таң атқанын сез­
беген. Атын ақ көбік қып өріске шауып келсе, жылқы бытырап 
кеткен. Алды­артын жинағанша, одан үдере айдап, ауылға жет­
кенше түс болды. Ол күні бие байланған жоқ. Шөпшілер де, орта­
лықтағылар да қымызсыз қалды.
Неге сөйткенін кім білсін, Әрібай ағасы сол жолы үндеген жоқ. 
Қайда болдың деп те сұрамады. Аманкелді екінші рет кешігіп, 
тағы да түс ауа келгенде, жас жылқышыға көзінің астымен қа­
рап, сылқ­сылқ күліп:
– Біз де ғашық болғанбыз, бала. Бірақ шаруамызды ұмытқан 
жоқ едік, – деді.
Үшінші жолы ол өмірінде көрмеген, ойламаған одағай оқиға­
ға тап болды.
Рымгүлмен уәделі жерде жолығып, көңілі тасып, атын қал­
дырған тасаға өкпесін қолына ұстағандай боп жүгіріп келген. 
Байлаған жерде оттап тұратын Телқұла бұл жолы таптырмады. 
Мықтап байлаған еді. Шылбырды ораған қарағаны да ошақтай 
үлкен болатын, бір талы жұлынбапты, мұрты сынбаған қалпында 
тұр. Қаншама таңданып, таңдай қақсаң да шара қайсы? Ат боса­
нып кеткен. Тек ұзамасын!
Аманкелді зыр жүгіріп, төбе басына шықты. Сай­сайды қуа­
лап, қарамаған қуысы жоқ. Таптырмады құла ат. Ең құрығанда 
із шалдырмады. Жер жұтқандай тура, зым­зия жоқ. Әлде 
жылқыға тартып кетті? Қырсыққанда бүгін жылқыны қашыққа 
тастаған еді, жүйрік құланың ұшқырлығына сенген­ді. Енді 

207
ШЫҒАРМАЛАРЫ
соған жаяу кету керек. Түске дейін жете алса тек... Жә, сонда ер­
тоқым, жүгенсіз әрі атынан айырылып қалай барады? Не айта­
ды ауылдағыларға? Масқара емес пе? Жо­жоқ. Ер жігітке, сірә, 
бұдан асқан жаза болмас!..
Күн шықты. Аманкелді әлі де жападан­жалғыз сенделіп, тау­
тасты кезіп жүр.
Түс әлетінде кезіккен біреу жөн сілтемесе әлі де іздегендей еді. 
Сонда ғана ол мазақ жазаға тартылғанын біліп, сылқ отыра кетті. 
Манадан бергі шаршап­шалдыққаны, мынамен салыстырғанда, 
әншейін нәрсе болып шықты.
«Апыр­ай, мұндай да тағылық болады екен? Жолын әдейі 
тосқан. Аңдып жүріп, ізін басқан. О, кер заманның Қарабайы, әлі 
де тірі ме едің? Жетілдім десем, көзім ашылды, көсегем көгерді 
деп жүрсем – сендей мерездер жолымда кес­кестеп тұр ма едің? 
Пай­пай, біздің даланың кеңдігі­ай! Бір пұшпағында игі істі 
қуаныштап той­тойлап жатсаң, бір пұшпағында айтып болмас 
қырсықтар қозыша өріп жататыны несі осы? Амал жоқ, Кеңеске 
бармай болмайды. Тақымыма жазған құла атымды тастап қалай 
қайтамын?..»
Кеңес тосып отыр екен. Телқұланы есік алдына байлаған. 
Жұрт көрсін деп әдейі істеген. Онысын Аманкелді бірден түсінді. 
Атын көрген сәтте­ақ көзін тарс жұмды.
Көз алдындағы одағай көріністі көргісі келмегені анық. Өңі 
түгіл түсінде ойламаған, көптен бері бұл ел көрмеген, естімеген 
сұмдық! Біржола ұмытыла бастаған, көнекөз қарттар есінде ғана 
сақталған жат көрініс, жайсыз ғұрып!
Құла ат төгілген құйрығынан ада болған. Күдірейген жалын 
да беріпті. Кекілі де шұнтиып шорт кесілген. Не жал жоқ, не 
құйрық жоқ, не кекіл жоқ, қауқиған сом дене ғана қалған. Бәрі­
бәрі соның тып­типыл күзелген. Бәйге құланың көздің жауын 
алар сымбат­мүсіні жұрдай болған, арда емген құнанша құнтиып 
тұр. Жонына қонған шыбынды бұрынғыдай жасқай алмай, 
құдайына жазып қапты. Бишаралық та бес тұтам қылшыққа бай­
ланысты деп кім ойлаған? Үстіндегі ер де теріс ерттеліпті. Биік 
қасы артына қарап, ебедейсіз состиып тұр. Теріс ерттелгенде, көз 
үйренбеген соң ба, тіпті сөлекет көрінеді екен.
Осының бәрі – Кеңестің өзіне кескен жазасы. Кеше ғана 
жай лау төсінде қозы­лақ қуып жүріп бірге өскен, бір аяқтан 

208
Медеу СӘРСЕКЕ
ай ран ішкен замандас жігіттің өзіне білдірген наразылық жа­
засы. Күйеуді менсінбегенде, сүйек болғысы келмегенде ғана 
қолданатын ескі ғұрып. Күйеу жақты кеміткісі келгенде әдейі 
жасайтын, иә құданың, иә күйеудің астындағы атты шұнтита 
күзеп тастап масқаралау шарты осы. 
Өзімен жақын­жуық жүргеніне ағаларының разы емесін Рым­
гүл ана жолы ескерткен. Кеңестің ара ағайын арқылы жеткіз­
ген сәлемін де естіген­ді. Бірақ мән беріп, елемеген еді. Рымгүл­
дің ақжарқын жаратылысына құлай беріліп, өзге дүниені тәрк 
етуінің нәтижесі... Дәп қазір Ақтастағы үлкен­кішінің өзі ту­
ралы неше алуан сөз қоздырып, бірден­бірге жеткізіп жатқаны 
сөзсіз. Кеңестің тілегені де сол. Әйтпесе күзелген атты есік ал­
дына, көрнекті жерге байлар ма еді? Соны да ол есеппен істеген.
Аманкелді айқай көтерген жоқ. Ернін жымқыра тістеніп 
алды да, үнсіз жүріп, ерін қайта ерттеді. Сонсоң атына қарғып 
мінді.
– Жетімек неме! Қара мұның меселін, аспандағы аққуды ілмек. 
Ілесің, ілдіремін саған! Оқу тауысқан қаратаяқтар тұрғанда қара 
мұның дәмесін! Күйеу болмақ маған! Ха­ха!.. Күйеу аты күл 
астында. Тағы келгейсің, сүмелек бақташы...
Соңынан қарқылдай күліп, көпіре күжілдеген Кеңестің 
сөзіне де ләм­мим деген жоқ, желе жортып кете барды. Ернін 
қатты тістеген екен, былай шыға жылымшы қан дәмі тіліне 
үйірілгенде ғана білді, қанталап кетіпті. Құланы сауырға ая­
май осып, тартып келеді. Беті – ауыл емес, өрістегі саяқ жылқы. 
Жылқыға келген соң да атын ауыстырмады. Сол бетінде күні 
бойы жүрді. Әдейі сөйтті ме, жоқ, ұмытып кетті ме, кім біл­
сін? Құлағынан бағанағы ызың кетпей қойды. Тау­тас, айна­
ласындағы мүлгіген сары жон дала «Ей, сорлы жетімек, көре­
шегің қашанда осы...» деп күңіреніп тұрғандай. Жел ызыңы 
да «Әкең тірі болса сөйтер ме еді? Ең құрығанда ет бауыр тумаң 
жоқ, қу жалғыз...» деп құлағына күмбір­күмбір сыбырлайтын 
сияқты. Көрінген бұта аяғынан қағып, «Енді қайт дейсің, оқуды 
ілгерілеп оқып, қандайда бір дипломың болса, сені бүйтіп Кеңес 
замандасың кемітер ме еді?» деп те бетіне нұқығандай. Кей сәт 
соның бәрі күлегеш Кеңес болып, көз алдына кес­кестеп тұра 
қалады. Құрығын оңтайлап, талмауыр бүйірден ұрып жіберуге 
ыңғайланып, атын тебіне түседі, бірақ одан әріге батылы жет пей, 

209
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кенет қолы сылқ түсіп, құланың шұнтиған жалын құшып жата 
кетеді. Сірә, Кеңеспен мана аяусыз төбелес бастап, шаңырағын 
ортасына түсіргенше жанжал жасап, айқай­шу көтермегеніне 
өкінеді, қазір де соны жасай алмайтын жігерсіздігіне ренжи ме 
әлде?.. Әйтеуір өмірі ұмытылмас өксікке тап болғаны анық. Жы­
ламады тек. Тілін тістеп, іштен тынып жүре берді. Бір ащы запы­
ран тамағына келіп қинап тұр. Әлде ыза, әлде шер?
Әрібай ағасы кешке таман іздеп келді. Зерделі қарт жанын жа­
ралап ештеңе сұрамады. Үйге қайт деп те қинамады. Іле ауылға 
қайтып кетті де, ас­су алып келді.
Түнгі күзетте бірге болды. Жеті қараңғы түнде не десін, көп 
уақыт үнсіз жүрді. Тек жылқыны қосарлана жүріп айналған бір 
сәтте Әрекең:
– Қызы бар болғыр ұната ма сені? – деген­ді.
– Әрине, – деді Аманкелді үні шықпай, соның өзін әрең айт­
ты. Сірә, сөйлеуге де зауқы болмаған сияқты. Қарт та одан әрі 
қинаған жоқ. Жылқы ішіне кіріп, аттарын тұсап отқа жіберді де, 
дамылдауға жатты.
Әрекеңнің ұзақ сонар әңгімесі келесі күні басталды. Ауылға 
келген соң­ақ, құлын байлап жүріп, шай үстінде де қайдағы­
жайдағыдан сөз қозғап, болмысында жоқ тиышсыздық аңғарт­
сын. Ұмыт бола бастаған қайдағы­жайдағы оқиғаларды есіне 
түсіріп, сөзді тіпті әріден суырды: қабіріне шөп шығып, сүйегі 
баяғыда қураған қайын атасын да есіне түсіріп, өзі басынан кеш­
кен бір гәпті тәптіштей баяндаған; әлде өтірік, әлде шын, айту­
ынша, қайын жұрты көп мал сұрап, бәйбішесі Айжекенді бере 
қоймапты. Өзі тақыр кедей, қыруар малды қайдан тапсын? Атын 
сайлап барып, алып қашса керек...
Аманкелді бас жылқышының әңгімесін үнсіз тыңдады. Әредік 
көзінің астымен Әрекеңе қарап қояды. Сірә, сенер­сенбесін біл­
меген тәрізді. Сөйтсе де кешеден бергі бұйығы қалпынан айыға 
алмады.
Келесі күндері де ол аса серги қоймады. Тұнжыраған қал­
пында асқа отырып, үн­түнсіз тамағын ішіп, со күйінде жылқыға 
аттанып жүрді. Ал түн болды­ақ, жылқыны өзен бойына айдап 
тастап, қыратқа шығады да, атынан түсіп, көде үстіне жайға­
сады. Жай отырмайды, құлағын Ақтас жаққа тігіп, «әу» деген 
дыбыс шықса­ақ, қалт жібермеуге тырысқандай, құлақшынын 
14­246

210
Медеу СӘРСЕКЕ
қолына алып, зейін сала құлақ түреді. Ұзақ тыңдайды. Содан 
тіпті сағаттар бойы жалығар емес.
Ақыры бір түні іздегеніне жолықты. Жұлдыз жамыраған, айлы 
тымық кеште, Рымгүлдің алыстан талықси шыққан әсем үнін 
құлағы шалғаны анық.
Бөгелген жоқ. Жылқыға шауып келіп, құла атты ұстап алып, 
жалма­жан ер салды. Астындағы күреңді жетегіне және алды. Со 
бетінде суыт жүріп отырып, ойын боп жатқан жерге жетіп келді 
де:
– Рымгүл! – деді қатты дауыстап. Жүрегі алқынып, жөпшеңде 
сөйлей алмай, тұтыға, үні дірілдей шықты. – С­с... сенің ағаң... 
мені қорлап, ел естімеген масқараға душар етті. Ғұрпыма тарт­
сам, қазақ жолын ұстасам, менің қайта оралуым – жөнсіз әре­
кет... Бірақ, міне, көріп тұрсың, мен... мен қайтып келдім! Саған 
келдім. Рымгүл, естимісің, тағы келдім және Кеңес ағаң құйрық­
жалын күзеген Телқұламен келіп тұрмын. Мендік болсаң – міне, 
төл атым! Алдағы өмірді бірге өткіземіз!
Аманкелдіні қоршаған жастар тұс­тұстан жамырай сөйлеп, 
біреулері жөн деп, екіншілері құптамай, ізіңше кері қайт десті. 
Рымгүл болса бақанға сүйеніп, үнсіз тұр. Сірә, күтпеген сәтте, 
қараңғылық қоршауынан атой салып шыға келген жылқышы 
жігітке не айтарын білмей, дағдарып тұрған сияқты. Анадағы 
кездесуден соң көргені осы. Сонан бері Аманкелді көп нәрсеге 
ойланған тәрізді. Тіпті есейіп кеткендей. Даусы қатқыл, сөзі 
өктем бе, қалай? «Апыр­ай, әлгі жұлдызың жанатын, иә сөнетін 
айшықты сәт дейтін осы ма? Осылай шұғылдан, ескертусіз 
келуші ме еді? Не істеймін? Құдай­ау, не істеймін? Ағаларыма 
не айтам?!»
Ақыры шыдамады. Аяғын нық басып, Аманкелдіге қарсы 
жүріп, қолын созды.
Сәлден соң екеуі түн қараңғылына сүңгіп көрінбей кетті. Ал­
тыбақан басындағылар іле­шала қос сәйгүліктің даланы дүр­
сілдете шапқан дыбысын ғана естіді. Аздан соң ол да зым­зия 
жоқ болды. Түн астында шырқалған ән ғана қалды...
Ақтас жастары олардың үйлену салтанатын «Комсомол тойы» 
деп жариялады. Несін айтамыз, ұлан­асыр, есте қаларлықтай 
той болды. Дастарқанның төрінде өкіл әке боп Әрібай Доғалов 
отырыпты.

211
ШЫҒАРМАЛАРЫ
VI
...Асықтай сықпаны Аманкелді уысында ұзақ ұстады. Ойы­
ғын санап, алақанына басып және тұрды. Көз алдына көлбеңдеп 
келе қалған әралуан суретке құмарта қарап, есіне оралған әлгі 
оқиғаларды құмарта ойлап, қапер елегінен өткізді. Құлағын­
да – Рымгүл үні, сыңғырлаған ашық күлкісіне дейін ап­анық 
есті гендей. Көңілі соған елітіп, шартарапқа құйқылжып, шат­
шадыман бір күйге ауысты. Бойы едәуір жылынып, сергіп те 
қалды. Күндіз жүрегі қобалжып, әр түрлі күдік ойлап, әлденеден 
сескенген, үрейге бой алдырған сияқты еді. Енді солар бір жаққа 
ығысып кеткендей. Мына түтектен ықтасынға жеткізер саңылау 
тапқандай. Ештеңе көрмесе де, ештеңе білмесе де жақсылық ны­
шаны жақын деп сенген­ді.
Уысындағы құртты жеген жоқ. Қалтасына қайта сүңгітті. 
Сірә, қысылтаяң сәтке сақтағысы келді. Қолғабын киіп, тізгінді 
қолына жиып алды да, атына қамшы басты.
Сол түні ол үш мәрте ат ауыстырды. Нендей бір құр атты 
таңдап ұстаса да шыдатпайды. Жүрісі қатты. Сөйтпеске амалы 
да жоқ. Қолынан келер ендігі қарекет – осы, жылқы соңынан 
қалмай ере беру, шашау жібермей, жиып ұстау, қатерлі сәтте 
өзінің даусын естіртіп, ортасында жүргендігін сездіру екенін ол 
жете аңғарған. Сонсоң да ат аямап еді. Бірақ өзі де діңкеледі.
Мана бір әзірде ат үстінде отырып, біраз мызғып алған. Сол да 
әжептеуір демеу болып, ат үстінен құлатпай келеді. Әйтпесе халі 
мүшкіл­ді.
Ауа райы баяғы қалпы, алды­артын байқатпаған ақ ай­
ран әлі де айыққан жоқ. Айықпайтын да сияқты. Он қадам 
жердегіні анық аңғартпайды, жер­көк аппақ, кебегі мол ақ ұн 
жауып тұрғандай, астан­кестен сапырылысқан дүние. Ұйтқып 
соққан жел басылар емес, аз­маз саябырлап, тыныстап алады да, 
қайтадан күшейіп, уілдей жөнеледі.
Екінші түнді де жылқышы дамылсыз арпалыспен, табынды 
бейберекет жібермеуге әрекеттенген жанталаспен өткізді.
Күткені – Дегелең тауы еді. Кешегі үздіксіз жүріс, жел ба­
ғыты, ыққан табын беті солай көрінген, таң ата тау алқымына 
іліндірер деп үміттенген. Таң атқалы қашан! Көргені – әзірше, 
бұлдырсыз жазық. Әншейінде жақсы атпен жарым күн жүретін 

212
Медеу СӘРСЕКЕ
жерге үдере ыққан жылқының екі тәулікте жетпеуі мүмкін 
емес. Сірә, бір орнында шыр айналып жүр ме? Қисынсыз гәп. Ен­
деше Дегелең алда. Әлде бір бүйірде қалды?..
Жан­жағына елегізе қарады. Белгіге алар жалғыз тал көр­
меді бірақ. Қарауыл етер жалғыз төбе көрсейші тым болмаса. Екі 
күннен бері көргені – шексіз дала, таусылмаған ен жазық, жел 
қыдырған қу медиен, иен сахара. Шынтуайтын айтқанда, өзін 
туған ата­баба мекені де – осы. Бар қазақтың кең үйі. Қан төгіп 
жаудан қорғаған, қапылыста айырылып қалса, аттандап шауып 
қайыра алған. Қуса да кетпеген. Сулы өлкеге, небір нулы өлкеге 
бермеген. Ен тоғай, шалқар көлдерге қимаған. Сондағы нәрі – ақ 
бетеге, бетке ұстар қалқаны – майқараған, тікенекті бұта. Осы 
даланың несіне қызықты екен бабалар? Бет қарыған аязына ма, 
мынадай ақ түтек боранына ма? Жаздағы қуаң шөліне ме? Кім 
білсін? Баба дейді, өзі неге қызықты? Қалаға кетсе – дені сау, 
мына әлуетті, темір үзгендей екі қолына жұмыс табылмас па еді? 
Неге табылмасын?! Әлде жұрт құсап, кеңседе шот қағып, қағаз 
жазып отыруға жарамас па еді? Неге жарамасын?! Кім сені осы 
далаға байлап қойған? Кім сені қысы­жазы жылқы соңына са­
лып, жас жарыңнан жырақта, суық қосқа түнетіп жүрген? Кім?..
Кім білген соны? Соны ойлауға, мұным қалай деп саралауға 
уақыты болды ма?
Орта мектепті бітірген жылы осы бейнетке өз еркімен тап 
болды. Содан бері ат үстінен түскен жоқ. Бала күнінде арман 
еткені бұл емес­ті. Бұдан гөрі биігірек те ауқымдылау сияқты 
еді. Қай күні содан адасып қалды, өмір жолының қай кезеңінде 
қадамын шалыс басты? Білмейді. Әлде тағдыр жазуы осы шығар? 
Атақонысы – даладан безіп, бабалар кәсібі – мал бағудан жеріп 
қайда барады?
Келесі тәуліктен де мейірім күтпеді. Ертеңгілікте аз­маз сая­
быр тапқан жел түс ауа қайта күшейді, боран да бұрынғы қай­
ратына қайта мінді. Құдды көк күмбезінің бір жері сөгіліп кет­
кен сияқты. Жер де боран, көк те боран. Қар сапырған шым­
шытырық дүние, ұлыған, неше түрлі дауыспен ызыңдап, гу­гулеп 
ән салған толассыз көшкін. Ән болғанда, қу жаныңды ұңғитын 
зарлы сарын, тұла бойыңды түршіктірген қара саздың өзі. Кей 
сәт зырылдауықша гуілдеп кетеді, сонсоң зар қағып жылай ма, 
сарнай ма? Адам ұқпас бір күйді еңсеңді езіп, ұзақ тартады. Кей 

213
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сәт долданып, ышқына соғады. Ат үстінен аударып алғысы кел­
гендей бет қаратпай борайды, асты­үстінен қар төпейді.
Бұл күні ол екі құрт жеді. Жұлдызды түні туса керек. Түпсіз 
түтекке кездесерін білгендей­ақ, жас қосағы қалтасын бос 
қоймаған. Пайдасы тиді. Жүрек жалғар қуат көзін сонан тауып, 
тілқажар жасап, сора берген. Тісіне тигізбей, таңдайына сап, 
ұзақ­ұзақ сорған. Қиын­қыстау сәтке сақтаған екі сықпа түкпіргі 
қалтада жатыр. Оған әзір тиіспек емес. Қашан өзегі талып, аттан 
құлағанша аузына алмауға бекінген.
Неге сөйтті? Өзін ат сабылтып іздеушілермен кездесуге се­
німін біржола жоғалтты ма? Кім білсін? Мана таң алдында сол 
жағынан айғайлаған кісі даусын естігендей боп, атының басын 
тежеп, қалт тұра қалған. Жылқыдан жырағырақ шығып, өзі де 
айғайлап үн қатқан. Көзіне алыстан, ақ түнек арасынан бұлдырап 
екі­үш қара көрінген. Әмбе солар өзіне қарай дүрсілдете шауып, 
жақындап келе жатқан сияқты еді. Бірақ күткені болмады. Алы­
стан андыздағандар біраз уақыт көзкөрімде бұлдырап, көлбеңдеп 
шапты да, жым­жылас жоғалып кетті. Әлде шын, әлде елес 
екенін айыра алмай, өкініш жұтып қапыда қалды, амал қанша?..
Екінші тәулікте ол кешегідей жылқы бетін бұрам деп әуре­
ленбеді. Алды­артын нақты аңғара алмаған соң қалай бұрсын? 
Табынның да, өзінің де күш­қайратын сарықпай, қолынан кел­
генше сақтау қажеттігін ұққан­ды. Сонсоң да жылқының алдын 
орап, бос жөңкілуден тыйып, жөнсіз шабыстан тежеп баққан. 
Мініс атын да қос­қостан ұстады, бірін ерттесе, бірін жетегіне 
алып, алдағы қатерге қам жасаған.
Ол бір­ақ қауіптен қатты сескенген. Аманкелді соны алғаш­
қы түннен бері ойынан шығармай, жылқы үріккен сайын дүр 
көтеріліп, жөңкілген сайын ойлап, тұла бойы тітіркене сақтанып 
жүрген­ді. «Жеткізбе бұған табынды. Жеткіздің­ақ – иіруден 
айырыласың. Айғайыңа ол тоқтамайды, сойылыңды шыбық 
құрлы көрмейді, есі шығып, алдында жар тұрмақ, тау тұрса да, 
омырауымен соғып, құлап тынады», – деуші еді Әрекең ұстазы.
Сол сәт жылқышыға дамылсыз арпалыстың үшінші түнін­
де жақындай түсіп, желкесінен төніп тұрған сияқтанды. Табын 
шашырай бастады. Жиі тоқтайды. Жайылудан кеше қалған. 
Көбінің құйрық­жалына қар қатып, сауырын мұз шалыпты. Жаз­
да мінілген арық аттар, әсіресе жас жылқылар мәңгіп қалғандай, 

214
Медеу СӘРСЕКЕ
аяқтарын шалыс алып, сенделе бастаған. Кейбірі жонына құ­
рық тигенше селт етпей, мелшиіп тұра береді. Сөйтіп жүріп 
табын нан жырылып, қағыс қалып қоюы да ғажап емес. Өйтсе 
қар астында біржола қалады. Қыста оны таппайсың, жаз шыға 
сүйегі ағарғанда бір­ақ көресің. Жо­жоқ! Бұл емес жылқышыға 
тапсырылған аманат. Оны Аманкелді түсінбейді емес, жақсы 
біледі. Білгені емес пе, бел жазбай, ат үстінде жүргені. Даусы 
қарлығып, шөл қысқан соң кесектей асаған қар да соған «сеп­
тігін» тигізсе керек, тақымы талса да шыдап бақты. Шашау 
қалған бірлі­жарым тұяқты ішке қуып, айнала шауып, әлі жет­
кенше айқасып баққан­ды.
Әйтсе де бұл қиын ахуал еді. Ұстазы сақтандырған қатерлі 
шек барған сайын жақындап келе жатқан­ды. Табын болдыру­
дың аз­ақ алдында. Бұдан әрі арпалысқа өзінің де төзер­төзбесі 
беймәлім. Енді ол жылқыға да, өзіне де сенбей, алдағы тағдырын 
үрейлі күдікпен ойлаған­ды.
Әлде таң алды, әлде түн ортасы ма, айналасы алагеуім тарт­
қан аласапыран сәтте ол бәйге құлаға тағы да құрық салды.
Атым­ақ қой, шіркін құла! Өзге жылқы дірдек қағып, басы 
ауған жаққа аяғы кетіп, сүлдерін әрең сүйреп келе жатқанда, 
құла ат түк көрмегендей қунап тұр. Қайта осы үш тәулікте ішін 
тартып, жарау күйге еніпті. Шу десең ала жөнелгендей. Ер 
салсаң­ақ қамшы сілтетпей шаба жөнелгендей.
Жақсы аттың дүлдүлі Телқұладай­ақ болар. Шапқан сайын 
қыза түсетін, ауыздықпен алысып, жер танабын қуыра жорта­
тын тұлпарлар тегінен ол...
Аманкелді ұстаса да, Телқұлаға ер салмады.
Жылқы иірімде тұр еді. Әбден сілесі қатып, тұяқ серпуге әлі 
қалмай, болдырып тоқтаған шағы. Аманкелді де қатты қажып, 
тұла бойы тыным тілеп, көзіне ұйқы тығылып, аяқ­қолы жазуға 
келмей, ағаштай сірескен жансыз қалыпқа түсіп, аса мәңгірген 
сәт­ті. Әлдекім құлағына «жерге түс, қар астына кір де жат» 
деп сыбырлап кеткендей, еңсесі соған ауып, тоқтаған сайын ер 
қасынан қапсыра ұстап, енді­енді жерге домалай түсуге шақ­шақ 
қалып, әрең жүрген.
Кенет ол алыстан талықси шыққан оқыс үнді шалды. Аты­
ның басын солай бұрып, зейін сала тыңдап еді, тағы естіді. Анық 
сол. Сол­ақ екен, денесіне біреу ине шаншып алғандай дір етіп, 

215
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұла бойы мұздап сала берді. Анық солар. Естуден қорыққан, 
есіне түссе­ақ тітіркене ойлаған қиқулы үн. Біреу емес, бірнешеу. 
Әлде бір, әлде екі ұя. Әлей боранды бетке ұстап, қанды жорыққа 
аттанған жырындылардың тап өзі. Бірін­бірі шақырып, талмай 
ұлып, ұласа шулап, топтаса жортып келе жатқан аш бөрілер. 
Жақындап келеді. Жақындаған сайын дауыстары күшейіп ба­
рады. Астындағы қарагер ат құлағын қайшылап тұрды да, ке­
нет қалшылдап қоя берді. Бір ол емес, бар жылқының үрейге 
түсіп, дір­дір қағып, құлағын жымқырып, елеңдеп тұрғаны хақ. 
Шешуші сәт таяп келеді. Болдырған жылқы айқастан таймай, 
қарсы тұра ала ма? Үйірі десе үстіне түсе жаздап, от пен судан 
да тайынбай, тұяқтыға шалдырмайтын қызғаншақ ата айғырлар 
мына үш тәулік арпалыстан соң кездескен жаңа сынға, қауіпті 
айқасқа шыдар ма, қарсы тұра ала ма? Әлде үріккен жылқыға 
ілесе бас сауғалап, дүр сілкініп, жөңкіле жөнеле ме? Өйтсе – 
мерт болғаны табынның. Бастығырылып бірі қалса, қылтасынан 
қиылып екіншісі жатар. Бірлеп емес, топтап жатар. Жоқ, апат­
тың алдын алмаса болмайды!..
Жылқышы тез сергіді. Қаншама қалжырап, құлауға шақ 
тұрса да, бәлкім, жастығы болар, қатерлі сәтке қарсы тұрар 
қайрат бойында сақталған екен. Жалма­жан атынан қарғып 
түсіп, жетегіндегі құлаға ер салды. Іле айылын тартып, қайта 
мінгені сол еді, сәл кешігіпті. Үріккен жылқы таптап кете жаз­
дады. Күткеніндей­ақ, ес­тұсынан айырылған қалың нөпір алды­
артынан зу­зу өтіп жатыр, өтіп жатыр. Осқырынып, қар бората, 
жер тарпып кетіп барады.
Аманкелді бүйірлей шауып, жылқы үріккен тұсқа ұмтылды. 
Қасқырлар үні де сол жақтан естілген. Жылқы соңында болып 
жатқан бір айқасты жүрегі сезген еді, алданбапты, тура қан май­
дан үстіне келді. 
Бес пе, алты ма?.. Тайыншадай бір топ бөрі Асау торыны ор­
таға алған. Қандай үрейлі, қандай жан сүйсіндірер айқас! Қай­
да қауіп болса, сол жерден табылатын торы айғыр бұл жолы да 
ежелгі қалпынан жаңылмаған, қас қағым уақыт кешікпеген. 
Үйірі үркіп дүр сілкінгенде қарсы шапқан. Жалғыз өзі ұрыс 
салып жүр. Бір өзі қалың қолға төтеп бергендей, нағыз қан 
майдан ашқан. Неткен жүректілік! Бірде аузын салады, бірде 
тұя ғын сермейді. Алдына келсе – тарпып, артына келсе – қос 

216
Медеу СӘРСЕКЕ
аяқтап теуіп, жырыла шыққанын және қуып, аузы тиген 
жерінен шайнап, жойқын арпалыс жасап жүр. Қимылында 
таңғалғандай есеп бар, құжынаған күш жатыр. Болдырып 
құламаса, төрт аяғы түгел тұрғанда ұялас бөріге алдырар емес, 
жалғыз тал түгін қанішер ауызға шалдырар емес. Неткен 
жүрек, неткен ерлік!
Көз алдында өтіп жатқан жойқын шайқас жылқышыға да ес 
болды. Құтпан айғырдың жан түршігерлік арпалысы қайратын 
жанып, күшіне күш қосқандай түлетсін. Көзі қанталап, сірескен 
қол­аяғына жан бітіп, денесі де қыз­қыз қайнап, лезде шира­
ды. Қалжырағанын ұмытып кетті. Күш­қайраты жиылып кеп 
қолына түсіп, уысына құйылғандай. Тізгінді жалма­жан ер қа­
сына іле салып, құрығын оңтайына ала қос қолдай ұстап, сәл 
еңкейе түсіп, Аманкелді тақымын екі­үш мәрте қағып қалды.
Қайран құла! Иесінің ниетін тақым қағысынан­ақ танып, алға 
қарай оқша атылды. Сескенсейші бір! Тайсалып қырын кетсей­
ші! Жоқ. Туралай тартты. Айғырдың артын торыған екеудің 
бірімен қатарласа беріп, сілтеп қалды жылқышы. Бар ашуын, 
бар қайратын құрық басына түсіре ұрған­ды. Үш тәуліктен бергі 
бар өксігі сол сілтеуге кеткен сияқты еді... Алданбағанын, маң­
дайдан сылқита ұрғанын құланың арынын тежеп, қайта орал­
ғанда көрді. Өшіккен жауы қар үстінде тыпырлап жатыр. Орны­
нан тұра алмай, басын жерге соғып, қыңсылап, құдайына жазып 
қапты...
Құрығын тағы да оңтайлап ыңғайына алды. Тағы да тақымын 
қақты. Телқұла ат оқша зулап, тағы да алға ұмтылды. Бір рет, 
екі рет өтіп еді солай. Тегі, күштің дені алғашқы сілтеуге кеткен 
болар. Бірінде тигізе алмады, екіншіде кемдеу соқты. Іле қайыра 
шүйлігіп, аянбай ұрған­ды. Ерсілі­қарсылы өтіп, Асау торы­
мен қатарласа ұмтылып, енді бірде айғырдың артын ала құрық 
сілтеп, екеуі де тізе қоса жойқын соғыс салған­ды. Беті қайтқан 
бөрілер бас сауғалауды жөн көрді. Әлде жылқышының демеуінен 
соң ашу­ызасы мүлдем қозған айғыр бұрынғыдан да өршелене 
тиісті? Әйтеуір дала тағыларының улап­шулап, өлігін баса, 
құйрығымен қар сабап, өз жөніне кеткені анық.
Әбден қызынса керек, Асау торы бөрілерді өкшелей қуа жө­
нелді.
Аманкелді атының басын жылқыға бұрды.

217
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Айғыр ұзамайды. Қорқаулар ұясын қозы көш жерге ұзатып 
салып, үйіріне оралады. Бұ да жануардың ежелгі әдеті. Жылқы, 
әрине, ұзап кетті. Демек, тезірек жету шарт. Тоқтатпаса бол­
майды. Манағы жөңкілу тегін емес. Телқұланың қайраты енді 
керек. Жануар соны сезгендей, қамшы салдырмады. Былтырғы, 
Қазан тойындағы әлей жарыстағыдай, көп аттың ішінен суыры­
ла шығып, жарым шеңбер алда келген жойқын шабысындай­ақ 
жосыла, күпсек қарды аямай тілгілеп, ағып берді. Шіркіннің аяқ 
тастасы­ай! Шауып емес, қар бетін сыза ағып келе жатқандай. 
Жер танабын қуыра, көзден жас парлатып ағызып келеді. Ат 
біткен сендей­ақ болсын да! Көз аштырмас мына түтекте, жон 
арқаны сірестірген аязды түнде сенімен жігіттің жігіті­ақ жорт­
сын да!..
Алайда тізгін тежеуіне көнбей, Телқұла ат бүйірге бұра шап­
қаны несі? Түтін иісін сезді ме әлде? Пана болар мекенжай іздеп 
келе ме?
Аманкелді де оған көнген жоқ. Жылқы кеткен жаққа езуін 
жырта бұрып бақты. Осылайша ол көп жүрді. Табынға кезіге ал­
мады бірақ. Сонда ғана жылқышы адасқанын біліп, тізгінді бо­
сатып, құланың еркіне жіберді. Жарықтық жосылтып отырып 
жылқыға әкелді. 
Табын өзі тоқтапты. Қораға қамалғандай­ақ, бір­біріне тығы­
лып, иіріле қалған.
Жылқышы ортаны қақ жара алға өтті. Сонда ғана ол табын­
ның терең бір шатқалға кіріп тоқтағанын аңғарды. Әмбе бұл 
арада боран жоғын білді. Қуанғаны шығар, тымағын шешіп, 
бетін желге тосты. Рас сияқты. Жел басылыпты. Әлде шатқалды 
қорша ған биік жартастың ығы ма? Тек қар ұшқындап тұр. Сірә, 
таң жақын. Жұлдыз көрінбесе де, мұны ол анық сезді. Айналасы 
бозғыл тартып, теңкиген тас порымдары әр тұстан айқын көріне 
бастады. Іштері омсырайған биелер айдасаң да қозғалар емес. 
Әншейінде басы бірікпес үйірлер, бөтен үйірдің бір тайы кіріп кет­
се тепкілеп, тістелеп айнала қуатын асаулар жуасып қалғандай, 
мимырт араласып кетіпті. Қысылтаяң сәтте «араздықтарын» 
ұмытып, жараса қалыпты. Бұ да, сірә, жаратылыстың тылсым 
сыры...
Аманкелді Телқұланы жетегіне алып, жуастау бір ат ұстап 
мінді де, жылқыны жарып, ортаға кірді.

218
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
 ...Оны осқырынған жылқы үні де, тасқа шақ­шақ тиген 
тұяқ дүрсілі де оятқан жоқ. Рақат ұйқы құшағына енген шағы 
еді. Ат жалын құша, ер қасына етпеттей жатқан. Соның өзін 
құстөсекте жатқандай көріп, қаннен­қаперсіз мол ұйқыға бас 
қойған­ды.
Бір мезетте әлдене бүйірінен түртті. Не екенін ә дегенде аңғара 
алмай, селк етіп, жалма­жан құрығына шап берді. Нақ сол сәтте 
ол желке тұсынан самбырлай сөйлеген адам үнін естіді.
– Уай, батырекесі­ау, мынауың қай ұйқы? Қойымды өргізе 
келсем, желден пана шатқалымды алып қойыпсың. Сен өзі аспан­
нан түстің бе?..
Орта бойлы жас жігіт екен. Басындағы түлкі тымағының қос 
құлағын тарта байлап алыпты, екі көзі ғана сығырайып әрең 
көрінеді. Өзі жаяу, атын жетектеп алған. Қолында қайың құ­
рықша.
Аманкелді үзеңгіге аяғын тірей көтеріле түсіп, жан­жағына 
қарады. Күн шайдай ашылған. Желкесінде биік жартас, түу 
төбеден шаншыла төніп тұр. Шатқалдың екі жағы да қолдан 
қалағандай сыпыра заңғар тас. Ал ауыз жақ – жатаған бұйрат. 
Жылқы солай қарай ойысып кетіпті. Қоймен мимырт араласып, 
қар теуіп жатыр. 
– Бұл қай жер, жігітім?
Қойшы жігіт жауап берерден бұрын рақаттана күлді. Сонсоң 
ірі тістерін ақсита ыржиып тұрып қыстауын атады. Аманкелді 
жалт қарады қойшыға. Сенбеген сияқты. Бұйрат пен желкесіндегі 
құзар шыңға алма­кезек қарап, таңдана басын шайқады.
– Мыржық?.. Ғажап, атақты Мыржық тауы осы ма? 
Бұл қостан да, Дегелеңнен де жырақ жатқан, мойны қашық 
алыс мекен еді. Көршілес облыстың иелігіндегі ығы­жығы үлкен 
тау болатын.
VII
 Сол күні Аманкелді екеуіміз оңаша сұхбат құрып қанша отыр­
дық? Кім санапты соны? Сірә, уақыт межесін ескергіміз кел месе 
керек...

219
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қар суымен ас іштік. Қар суымен қол жудық. Қара шөңке жер­
ге түсті. Қара шәугім соның орнына барды. Жас бақташы Адас 
сыртқа үш шығып, етегін қарға толтыра үш кіріп, шәугімді тол­
тырды. Темір пеш дағдылы «әніне» басты. Әндететін жөні бар. 
Мұржасы сырықтай ұзын, сорайған бойы шаңырақтан қамшы 
сабы әрі шыққан. Плитасы да үлкен­ақ. Көрген жан ұмытпа де­
гендей, өзін дүниеге келтірген ғасыр атағына сай арбиып, ту ор­
тада гуілдеп тұр.
Жылқышылар тұрағында бұрын да болғам. Көрген сайын бә­
ріне де таңғалғам. Жапан дүзде, ел жұртында жайлауға көше 
алмай қалған жалғыз үйдей жетімсіреп тұрады. Кіре қалсаң 
жылынуды ойға алып: даладағыдан бетер тоңасың; от тұтатып, 
жан шақырғанша, қолыңды уқалап, тон үстіне тон жамылып 
отырғаның бүрісіп...
Мына қос та солардан айнымапты. Нақ солардай құрым киіз­
ден жамылғы киген. Іргесінен шаңыраққа дейін қалың қармен 
бекітілген. Қайта­қайта тапталып, үсті­үстіне үйіле берген. Есігі 
сырма киіз, етегі жерге тиіп, сүйретіліп жатыр. Мол­ақ пішілген. 
Сонда да қытымыр аяз саңылау тапқанға ұқсайды. Біз келгелі 
пештен от кетпей, алдымызда ас тұрса да, сырт киімін шешкен 
бір жан жоқ.
Шынтақтай жатып есікке үміттене қараймын. Құрым есік 
баяу түріледі де, кеңшар директоры «Жылқышы бауырлар, 
сендерге су жаңа баспана – вагон­үй әкелдім...» деп жайраңдай 
күліп кіріп келе жатады.
Бекерге қуанбаңыз, оқушы. Менің ұшқыр қиялым өрген кө­
рініс бұл. Жылқышы достарым мұң ғып шерткен жайтқа өзімше 
қайтарған ойша жұбаныш жауабым. Шындығында есік жабық 
қалпында қала берген­ді. Сірә, оны түбегейлі өзгерту қолымнан 
келмейді. Жылқышы атаулының пешенесіне жазылған ауыр 
бейнетті түзету де. Сонсоң да әңгіме сүреңін аға бақташының 
ғұмыр хикаятына бұрамын...
Жүргізуші серігім турасын айтыпты: Аманкелдіні сөзшең 
деу – шындықтан алшақ жатқан мадақ болмақ; әсілі, ол – әрнені 
түртпектеп сұрасаң ғана тіл қатар бұйығының бірі; сұрау салып 
жетелеп отырмасаң – мелшиіп отыра беруден жалықпайтын 
үн деместің өзі. Жаратылыс оған жылдар бойы жусанға бөгіп
өлең­көдесін бұрқыратып тыныш жатар қуаң даланың бейғам 

220
Медеу СӘРСЕКЕ
қалпын дарытқан. Жүріс­тұрысының бәрі бап. Көріп те, сезіп те 
отырмын. Ендеше жолшыбай Кеңес айтқан, өзге жұрт та келе­
ке қылған оғаш қылығына жол болсын? Жүген­құрық көрмеген 
асау атануы не себептен?..
Жылқышының монтиған жүзіне қараймын, қос іші алакө­
леңке, оның өзі Адас күзеткен пеш аузынан тарап тұр. Беті том­
пақ, әсіресе құлақтан төменгі тұсы жұмырланып, дөңес біткен. 
Маңдайы шығыңқы. Көзі де маңдайымен ағайындас пішінде, 
томпақ беттен көп орын алмай, қысықтау жаралған. Қалың қа­
бағы ғана адамға түксие қарайды, морт мінезін танытқандай. 
Бойы ұзын, иықты екенін мана қосқа кіргенде байқағам. Есіктен 
еңкейіп кіріп, содан төрге жеткенше белін жазбап еді. Соның 
өзінде тымағының төбесі шаңыраққа тиюге аз­ақ қалған. Әрі ой­
лап, бері ойлап, бір шешімге келдім ақыры. Ыңғайсыздау болса 
да өзім сұрауды құп көрдім.
– Көңіліңе ауыр алма, інім. Бір жолы сен қосқа келген тілем­
сектерді қолыңа сойыл алып, тым­тырақай қуыпсың. Өсекшіл 
жұрт солай дейді. Сол оқиғаның мән­жайын өз аузыңнан естісем 
деп едім.
Жылқышы бетіме ожырая қарады да, төрде қисайып жат қан 
жүргізушімді түртіп: 
– Сен де тыңдайсың ба? Әлде жылқы жаққа қыдырып ке лесің 
бе? – деді.
Оң тіземді ала шынтақтай жатқан Кеңес тырп еткен жоқ. 
Жылқышының түйіле сөйлегенін шыбын шаққан құрлы көрмеді. 
Сол қалпында қос иесіне басын бұрып: 
– Мына сақылдаған сары аязда далаға қыдыр дейсің, ә? Тілеп 
тұрсаң, өзің қыдыр. Мына кісіні де қалдырма, сенің қыр­сырыңа 
құштар боп отырғанын көрмеймісің, құдай олла, ала кет, тарих­
та қалуыңа мен кепіл. Таза ауа, ашық аспан... Ха­ха!.. Сөздеріңе 
бөгет болар бір жан жоқ. Ха­ха! – деп, өз­өзінен кеңкілдеп күл­
сін...
Ашуланар, дүрсе қоя беріп, зеку сөз айтар, бәлкім, қостан 
қуып шығар деп күткем­ді. Бірақ жылқышы селт етпеді. Мырс 
етіп басын шайқады да, теріс қарап кетті.
Қымсынған мен ғана. Егер сөзге әдейі шақырғандай, екеуі­
не де аса қолайсыз оқиғаны естеріне салғаным шүбәсіз. Бірі 
айт қысы келмесе, екіншісі тыңдауға құлықсыз. Бәлкім, сұ­

221
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рамағаным жөн еді? Әрқайсымыздың өзіңнен өзгеге естірткің 
келмейтін, қанша жыл өтсе де өмір бойы іште сақтайтын сы­
рымыз болады. Олай болса, мен сұрамайын, сендер айтпаңдар. 
Маған бола дүрдараз болмаңдар, ағайын!..
Алайда естелікке де тосқауыл жүрмейтін сәті болады білем. 
Менің түртпегім жауапсыз қалмады. Іште жатқан бүкпе сырдың 
тұсауы алынды...
VIII
 Келесі жылы Әрібай Доғалов зейнетке шықты. Кеңшар дирек­
циясы Аманкелдіні аға жылқышы етіп тағайындады.
Қос қарамы едәуір өскен. Жаңа үйірлер қосылған. Қостанай 
жылқы зауатынан әкелінген жас айғырлар тыңнан үйір салған. 
Сөйтіп «Ақтас» кеңшарының жылқы қарамы екі мыңнан асқан­
ды. Жылқышылар да көбейді. Бесеу болды.
Ал уақыт болса ауыл шаруашылығының түбірлі өзгерістерге 
ұшырап жатқан адуын шағы еді. Газеттер күн сайын тың жа­
ңалықты, соны өзгерісті түбегейлей жазып, жариялап тұрған ме­
зет. Өндіріс басқармасы атанған мекеменің құқығы күшейіп, ау­
дан тізгінін қолына алған. Соған орай, әр кеңшарда мал тұқымын 
асылдандырып, тауар өндіретін фермалар атанған жаңа құрылым 
дүниеге келген­ді.
Ақтас шаруашылығының жылқы фермасына меңгеруші 
аудан нан жіберілді. Бұған дейін де әралуан жауапты қыз мет­
тер атқарған кісі екен. Келе­ақ Мырзағали Айдаболов жыл­
қышылардың шағын шаруасын дөңгелетіп әкетті. Әуелі орта­
лықтан кеңсе ашты. Кеңсеге ескілеу бір бөлме тиген­ді. Екі­
үш күнде сол бөлме көрген кісі таңғалғандай құлпырып, іші­
сырты жұнттай боп шыға келді: етегі еденге дейін сүйретілген, 
қан қызыл түсті плюш жабылған үлкен үстел ортаға қойылды; 
есік жақ бұрышқа есепшінің үстелі мен шкафы орналасты; 
көмекшісіне екінші бұрыш тиген еді, бірақ қара дермантинмен 
тысталған жалпақ диван енгізілген соң, бөлме іші оған тарлық 
етті. Оқта­текте келген кісі босағада тұрып сөйлесетін болды. 
Бұл жайт келуші түгілі меңгерушіге де ұнаған жоқ. Сонсоң ол 
есепші жігітке: «Сенің орның – ат үсті. Саған кеңседе отыруға 
болмайды», – деп турасын айтты. Шынында да, оның барлық 

222
Медеу СӘРСЕКЕ
қағазы мойнынан түспейтін қайыс баулы көнетоз қара боқша­
дан аспайтын: екі қос жылқы, өзге ферманың малшыларының 
мініс аттарының есебі соның ішінде хаттаулы болатын. Ай бойы 
неше қайтара санаса да бұған оның алып­қосары жоқ, әйтеуір 
күн ұзын ауыл аралап, ат үстінде жүруіне жетерлік ермек.
Кеңшар орталығында енді Мырзакең аялдайтын шаруа жоқ­
ты. Соны өзі де сезген болар, бір күні қасына қос есепшіні ертіп, 
жылқыға аттанды.
– Жағдайларың қиын екен, – деген­ді меңгеруші алғашқы са­
парда­ақ Аманкелді қосындағы жылқышыларға. – Мыналарың 
өмір емес, пойтыкі шорту. Жай­күйлеріңмен ешкім санаспаған. 
Жанашыр басшыларың болмаған соң ешкім елемеген, сірә... Жо­
жоқ, бұған енді не за что төзуге болмайды. Мен де енді тыныш 
отыра алмаймын. Тек жаз шықсын деңдер. Тура бар ғой, шор­
ту, дирекцияның алдына мәселені бүйірінен қоямын. Қойғаның 
не, орындатпай тынбаймын. Қазір заман өзгерді, жеке бастың 
үстемдігі жүрген дәуір емес, ол келмеске кетті. Жағдай қазір 
өзгерді, бақташы қауым, сендер үшін, білдіңдер ме, шорту, 
бұқара халық – мал соңындағы еңбек иелеріне жасалмақ...
Меңгеруші желпіне түсіп, әредік іргеге шырт­шырт түкіріп 
қойып, көл­көсір сөйлеп берген. Сол жақ бетіндегі тыртығына 
дейін жыбырлап, қызына сөйлегенде, бет­аузы бырысып, қушық 
жағы ет шайнап отырғандай сылп­сылп етіп қозғалып тұрады 
екен. Қызыл көзі жан­жағына барлай қарайды. Бірдеңе іздеп 
отырғандай.
– Үлкен адамның сөзін естідіңдер ме? Космосқа шыққан заман­
да қос деген сөзді де түбірімен жоямыз, шорту. Сонау аты өшкір 
феодализмнен қалған сілімтік итарқаны үй деп, баспана етіп 
жүрген сендер де қызықсыңдар! – деп бір сәт жылқышылардың 
өзін біраз сілікпелеп, әлгі ойын одан әрі үдетті. – Ойбай­ау, мұны 
қашанғы жүк қып көшке артып жүрмекпіз?! Жо­жоқ, қосты 
біржолата құртатын мезгіл жетті. Алса – мұны Семейдегі музей­
ге береміз, алмаса – үстіне кәресін құямыз да, тура бар ғой, осы 
тұрған жерінде өртейміз. Ал сендерге арнап келесі жылы бес­
алты жерден жер үй салғызамын. Так и знайте, өріс ауыстырдың 
екен – жылдағыдай қосты жығып, қайта тігіп, әуре болмайсың. 
Жайылымның иен ортасында тұрған жаңа үйдің есігін аш та 
төріне шық. Отыны ауызда қалаулы тұрады. Пеш те дайын. 

223
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Тек жаға біл. Жер үй болса – әрі кең, әрі жылы. Қандай рақат, 
ә! Сол рақатты білмеген сорлы бабамыз көрсе ішінен шықпай 
қояр еді, ә? Солай, жігіттер, мұны жасауымыз хақ! Жалғыз бұл 
емес, ерте құлындайтын биелерге арнап шөп те шабамыз. Арық­
тұрық күтімде тұратын қора да саламыз. Сендердің жағдайларың 
мықтап өзгереді, знайте, мүлдем өзгереді. Газеттер жазып жатқан 
мәселені білесіңдер ме? Оқу керек! Оқымай болмайды, жігіттер!..
Жаңа құрылған ферманың, әсіресе ауданнан келген жаңа 
меңгерушінің міндет­қадірін жылқышылар шу дегенде жете 
ұқпай, дағдарып жүр еді. Мырзекеңнің әлгі сөзі сол жұмбақтың 
бетпердесін біраз ашқандай болды.
Бірақ, неге өйткенін кім білсін, бірде­бірі бастықты құптап, 
иә жақтырмай дау айтып, ләм­мим деген жоқ. Үнсіз тыңдады. 
Аманкелді де тіл қатпады. Іштей тек қуанатын сияқты. Жүгі 
жеңілдеп, өз қосы үшін ғана жауапты боп қалғанына, есеп­
қисаптан құтылғанына риза.
Меңгеруші жылқыны иіртіп алып, бір­бірлеп санап шықты. 
Сонсоң құжат жасап, өзі бас болып, жылқышыларды және қосып, 
қол қойды. Жайылым жайын, көш­қон туралы Аманкелді айтты. 
«Аралап көріңіз, екі­үш күнде көріп шығасыз», – деп еді, асығыс 
екен, бас тартты.
Асығыс екені рас­ты: мезгіл – айдың аяғы; дирекцияға есеп 
беру керек; ал дирекцияны өндіріс басқармасы күтіп отыр. 
Сонсоң да ол қостағылармен асығыс қоштасып, дәм­тұздарына 
рақмет айтып, жедел аттанып кетті.
Көп ұзамай жүргіншілердің бірі қосқа қоржын толы газет 
жеткізді. Мойны қашық қиянда жатқаны, әлде қысы қатал Ар­
қаның аязы тұсау ма, пошташы бұларға ат басын сирек бұратын. 
Хат­хабарды көбіне өткен­кеткеннен беріп жіберетін. Әрдайым 
осылайша топтана келетін бума­бума газетті жылқышылар да 
асықпай, жата­жастана оқитын. Бұл жолы өйткен жоқ. Алматы­
дан шыққан үлкен газетті ашқанда­ақ, ішкі екі бетті түгел ала 
кеңірек көсілген, Мәскеудің төрінде отырған Үлкен кісінің етек­
тей баяндамасына қостағылардың көңілі бірден ауды. Көрнекті 
әріптермен бадырайта терілген тақырыбының өзі­ақ назар ау­
дарғандай екен. Тура көздің жауын алып, еріксіз оқытқандай.
Өздері күні­түні бел шешпей жүріп күзеткен жылқы түлі гінің 
қадір­қасиетіне баяндамашы бірталай жылы лебіз арнапты. Шы­

224
Медеу СӘРСЕКЕ
нын айту керек, жылқы жарықтыққа бұрын­соңды айтылмаған, 
көптен бері естілмеген тамаша сөздер! Әсіресе етінің дәмдік 
қасиетін, шипалық қадірін асыра мақтапты. Тіпті бір тұсында: 
«Елімізде ет молшылығын жасаудың сарқылмас қо ры – осы 
түлік, жылқы малы. Оның еті арзан әрі адамға жұғымды. Оны 
дайындаудың өзіндік құны да төмен. Себебі жылқы басқа 
түліктей күтім тілемейді, оны ашық далада үйірлеп бағуға бола­
ды, басқа түліктей оған жем­шөп әзірлемейсің, күрделі қаржы 
жұмсап, жылы қора салып тағы әуре болмайсың. Жылқы еті – 
таптырмайтын дәмді ас! Мен өзім оны сүйсіне жедім», – деген.
Сол ойды бір емес, бірнеше мәрте қайталапты. Сірә, айтушы 
көсемнің өзі жылқы етін араны ашыла тоя жеп, ерекше ұнатып 
қалса керек.
Газет әкелген игі жаңалықты қостағылар сағат жарымдай уа­
қыт тырп етпей ынтамен тыңдап, қатты әсерленді. Аманкелді де 
баяндаманы бітіргенше бас алмай оқыған. Аяғына жеткенде тек 
уһ деп кеудесін кере дем алды.
Жылқышы қауымның көкейінде жүрген түйткілді жайттар­
ды дөп басып, барынша дәл айтқан. Өмір шындығы осы. Аяқ 
артар көлік көбейіп және соның жүрдек те күштілері шыққан 
сайын қадірі құлдилап, бағы тая бастаған жылқы жарықтыққа 
көзқарас түбірімен өзгеретін болды. Тек соған көз тимесін деңіз! 
Қуан, жылқышы қауымы! Бұрын сен көп бақташының бірі едің, 
қайдағы бірі, ең соңғысы, санатта жүрген сорлысы едің. Енді 
теңгерілді еңбегің, қадірің де басқаша болмақ...
Жылқышылар гуілдесіп, бір­біріне есе бермей, жарыса сөйлеп, 
қуаныш білдірісті. «Ақ түйенің қарны жарылды. Меңгеруші 
байғұс бірдеме сезіп жүр екен ғой, бәсе...» – десті.
Бұрынғы газеттер оқылған соң көбіне қол сүртуге кететін, 
пешке тұтатқы орнына жүретін. Мынаған ешкім тиіскен жоқ. 
Қайта қастерлеп сақтауды жөн көріп, төрт бүктеп, қостың уығы 
астына, жоғары жерге қыстырып қойды.
* * *
Көп ұзамай жылқышылар қосына «Дайындау кеңсесінің» 
агенті келді. Жалғыз емес, бірнеше мал айдаушы жігіттерін сай­
лап келіпті. Жылқыны иіртіп, небір шу асауларды шыңғырта 

225
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстап, көгендеген қойдай байлап­матап алды да, үрдіс аттанып 
кетті.
Бұл қостан сол жолы жүзге тарта жылқы етке айдалды.
Араға ай салып, олар тағы келді. Тағы да бір жүзді, бұл жолы 
айғыр үйірімен даралап алып, ет комбинатына әкетті. Жыл­
қышылар мекеніне ат басын бұрушылар бұрын да аз емес­ті. 
Әсіресе қар бекіп, қыс қаһары қатая бастаған желтоқсанның 
ортасында қосты төңіректеушілер молая түсетін. Әрине, ерігіп 
емес, бәрі де шаруамен келетін. Келушілер әдетте қолына тілдей 
қағаз ұстай кіретін. «Мына пәленшекең жолдасқа, дирекцияның 
ұлықсаты бойынша, шығысқа бөлінген бойдақ жылқыдан бір бас 
босатыңыз» делінген жарлыққа шараң қанша?!. Меңгерушінің 
тасқа басқандай ірі жазуы көздің жауын алып, мен мұндалап 
бадырайып тұратын. Әсіресе ирегін өзінен өзге адам сала ал­
мас қолы қандай! Бұған қоса жарлықтың сол жақ бұрышына 
ферманың үш бұрышты штампы басылатын.
Соңғы кезде бұлар да Аманкелдінің иелігіндегі қосты өз үйін­
дей билеп­төстеп алды. Қос босағасында бұрын болмаған, жаңа 
ғұрыпты етене еткен де солар. Сараңы бір жартылықпен, мырза­
сы екі жартылықпен келеді; бірі әңгіме бастауға мұрындық болса, 
екіншісі атқа мінгізуге тиіс. Көңілденген жылқышы қонақтың 
нұсқаған тұяғын ұстайды. Қонақ, әрине, көзге қарамды, ірілеу 
жылқыны таңдайды. Ал жылқышы үшін бәрібір, жалпы есебі 
дұрыс болса – шаруасы түгел, тайы не, биесі не?..
Аманкелді әуелгі кезде осының бәріне түсінбей, таңғалып, 
тосырқай қарап жүрді. Көз алдындағы талапай өңінде емес, 
түсінде болып жатқандай. Бірақ көзіне түртіп тұрған ақиқаттан 
қайда қашсын? Алдындағы табынның жыл санап күрт кеми 
бастағаны анық. Бүйте берсе, енді бірер жылдан соң біржола 
жұтап қалары сөзсіз. Сонда мұны тоқтатар шара не? Жаппай та­
лапай құба дүзден емес, үкіметтің өзінен шықты. Сырттан емес, 
ішіңнен келді. Індет емес, індеттен кем де емес. Апаттан бетер 
қауіпті...
Жылқышы жүрегіне мысқалдап кірсе де, жуық маңда өш­
пейтін қара дақ түскені шүбәсіз. Көңілінде бітіспес күреске 
дайын­ақ. Белін бекем буып, кіммен болса да тайталасқа тай­
салмай түсуге құштар, іштей соған әзір­ақ. Бірақ... кіммен? 
Қалай күреседі? Жылқы ұрлаған бір жан жоқ. Бәрі де «лимит» 
15­246

226
Медеу СӘРСЕКЕ
бойынша деген желеумен келеді. Қол қойылған, мөр басылған 
жар 
лық – соның кепілі. Ақшасы төленгені туралы түбіртегі 
қолдарында және жүреді. Оларды қалай ұры дерсің? Немесе 
жүз­жүздеп қосақтап, мал әкетіп жатқан ет дайындаушылардың 
кінәсі не?..
Осы сауал келе­келе Аманкелдіні ғана емес, барлық жыл­
қы шыны қамықтырады. Аға жылқышыдай іштен тынып қа­
мықпайды, кейбірі қосқа келгенде пысық меңгерушіден осы ­
ның жай­жапсарын талай мәрте қадала сұраған. Кеңшар 
коммунисте рі бас қосқан партия жиналысында да сөз еткен­ді. 
Алай да билеуші партияның шаруашылық саясаты жайлы сая­
си сабақ тыңдап, бір емес, бірнеше рет қағажу естіп, өздерінің ет 
қо рын шұғыл молайту жолындағы белсенді күрескерлер екенін 
ұғынып, қосқа қайтқан­ды.
Бірақ солар бір гәпке түсінбей­ақ қойған­ды: жылқы етінің 
неліктен күрт арзандап кеткенін ұғына алмай, дел­сал болған­
ды. Әрине, қоста зерігіп отырып, басы жұмыр пенде болған соң 
әралуан сөз қозғар еді. Қысыр сөзден өзге қоста ермек те жоқ. 
Күн ұзақ, таң қысқа. Қыстауға қатынағанда қойынға тыға 
келетін газет­журналды екі­үш күннен асырмайды, бір жолын 
қалдырмай сыпыра оқып шығып, зерігіп отырады. «Батырлар 
жырын» баяғыда тауысқан. Қайта­қайта оқып, жатқа айтатын­
дай болған. Өздеріне берілген радиоқабылдағышты, үнсіз тұрған 
соң, жөндетпек боп, меңгеруші бір келгенде алдына өңгеріп 
кетіп еді, кері қайтпады. Кеңсенің терезе жақ бұрышында тұрып 
қалған­ды. Жылқышылар соны да сөз қылады. Екі­үш жыл бойы 
бастықтың «ауызша» салып келе жатқан жер үйі мен ат қорасы 
да ауызға ілінетін. Көбіне келекелеген сайқымазақпен.
Задында сөзге сараң, әзілге мүлдем шорқақ, мінезі томырық 
Аманкелді қостағы әңгімеге араласпайды, көбіне үнсіз тыңдайды. 
Жылқышылар өзара кеу­кеулесіп дауласып жатқанда, ол өзімен­
өзі болып, тым­тырыс отыра беретін. Бірақ бертінде ол да өзгерді. 
Сөзі емес, мінезі. Сонысы тіпті кісі қызыққандай жақсы қылық 
емес...
Қисықтық демеске шараң қанша, соғым айы туды­ақ, қосқа 
тыныштық бермейді. Үдере көшіріп, бір жерге анық бес күн 
отырғызбайды. Әмбе тебінгіні ел ортасынан мойны қашық қиянға 
салады. Үй іші отырған қыстауға да жібермейді, алыс түкпірге 

227
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шығып кетіп, іздеушілерді сенделтіп қояды. Сонда алысқа кет ті 
екен деп ат сабылтпайтын келімсектер ме? Жоқ. Олар да қыңыр. 
Ат арытып, машина жалдап, қоймай іздеп, қосқа жетеді. Кейбірі 
сөйтіп шаршап­шалдығып келгенде, аға жылқышыны таппай, 
жер қауып қалады. Аманкелді бұл кезде не жылқыда жүреді, не 
жер шолам деп, тағы бір алыс қиянға шығып кетеді. Шақырусыз 
«қонақ» діңкесі құрып еріксіз тосады, тоспасқа амалы жоқ. 
Соғымды аға жылқышы ғана босатады. Аға жылқышының өзі 
енгізген, өзге жылқышылар түгел қостап, құп дескен келісім 
осы. «Келімсек» жатқанын сезсе, Аманкелді жуық маңда қосқа 
қайтпай, зарыға тостырады. Қияпас қылығы үшін талай рет сөз 
де естіген, сөгіс те алған, иілмес қисық та атанған. Бірақ сол 
әдетінен жаңылмаған. Оның келушіге жасайтын қырсығы бұл 
ғана емес­ті: қайта­қайта келіп, ақыры оны қоста кезіктірген 
келуші сұрағанын оп­оңай ала да қоймайды; қолына тиген 
жарлықты Аманкелді ұзақ оқыр еді; бір оқып шығып, жарыққа 
ұстап, тағы да сығалай қарайды. Ақыры адам ойына келмейтін 
себептер айта бастайды: меңгерушінің қолы дұрыс емес; штам­
пы жөнді көрінбейді; күні неге қойылмаған, түбіртекті көрсет... 
Әйтеуір қадалмайтын әрпі жоқ. Ілгешек тапса болды, соғым 
бермейді, құр қол қайтарады. Жазған құлда шаршау жоқ. 
Бейнетқор байғұс қағазын түзетіп қайта келеді. Қос ағасын ор­
нынан таба алмай, тағы да сарыла іздейді...
Олар да қайтпайды. Аманкелді де құдай деген жан емес, 
қайсарлықты ешкімнен қарызға алмайтын қияпаты бір басына 
жетіп артылады. Осылайша өрбіген текетірес жылдан­жылға 
өрши түскен. Қосқа келушілер Аманкелдіге өш. Хош келдің 
дейтін кісі – қос иесі емес. Аға жылқышы қаншама қуланып, 
қаншама қыңырланып еңкеймедім десе де, соғым алушылар­
ды тыя алмады. Жылқы саны құлдырап кетті. Ет комбинатына 
жөнелту кеміген жоқ, келе­келе мама биелерге де құрық түсе 
бастаған­ды. Жасы жетпесе де жарамсызға шығарылып, жүз­
жүзден жөнелтіліп жатыр.
Ыққан жылқыны терең жарға айдағанмен бірдей қатерлі 
кезең де таяу. Сірә, құзар биікке айдап келіп топырлата құлатқан 
да осындай­ақ болар. Құлатқаның не, төбеден мұз боратып, 
төменнен тас жаудырып, ақ қар үстіне қатар­қатар тізіп қойып, 
ақсүйек жасаған артық болар еді, әлдеқайда оңай тиер еді. 

228
Медеу СӘРСЕКЕ
Жылқыға да, оны баққан жылқышыға да. Өйткені бұл қырғынды 
табиғи апатқа жатқызар едің...
Қоста түнейтін бар жылқышы өзара әңгімеде осындай жан 
ауыртар шерлі әңгімені жиі­жиі айтатын болды. Аманкелдіге 
де тіл біте бастады. Бір нәрсе кеудесіне түйіліп, шемен боп бай­
ланып жатқандай. Әмбе сол бітпес жарадай үлкейіп, күн сайын 
аузы күлтеленіп келе жатқан сықылды.
ІХ
 Жылқышылардың үй іші қыстайтын Келдібай мекені үлкен 
жолдан жырақта. Ертеректе онда колхоз орталығы болған. 
Әуелден­ақ шағын шаруашылық болса керек, жұртында қалған 
бес­алты үйдің қазіргі сиқы соны анық аңғартқандай: төбелері 
тоқал, бұрыш­бұрышының кетеуі кеткен, өзге де ашық­тесігі 
көп ескі үйлер, қатты бір дауылдан қалмайтындай мүшкіл хал­
де. Соны бүтіндеп, иә жаңартып қайта салатын мезгіл баяғыда 
болған­ды. Мырзекең меңгеруші боп келген жылы Келдібайды 
қайтадан салмақ боп, іргесіндегі дөң етегінен жер таңдап, жоба 
жасатқан. Ал жылқышылар жаңа қыстаудың тың жерден бой 
көтеруін тіпті де ұнатқан жоқ­ты. Олар кеңшар орталығынан үй 
сұраған. Өйткені көбінің бала­шағасы есейген, дені мектепке ба­
рады. Орта мектеп жанындағы интернатта тұрып оқиды. Бұл бол­
са – ақыл­есі жетілмеген ұрпағыңды өз шаңырағына жат қылып, 
жас күнінен тасбауыр ететін амалсыздың шарасы. Сонсоң да ша­
масы келгендері орталықтан меншік үй салып алған­ды.
Аманкелдінің басына бала­шағаның мұндай тауқыметі түсе 
қойған жоқ. Баласының үлкені үште, кішісі емшектен енді­енді 
шыққалы жүр. Сонсоң да өзге жылқышылар Ақтастан үй іздеп 
сабылып жүргенде ол қыбыр етпеген. Қазақтың бұйырғанын 
көрермізіне салып, үй­жай сұрамаған. Сонау айлы түнде, алты­
бақан басынан аттанып кеткен сәттен­ақ Рымгүл екеуінің ара­
сында жалғасқан татулық жібі үзілген емес­ті. Қайта балалы 
боп, беті ашылып үйреніскен сайын бір­біріне ынтызарлығы 
арта түскен қалыпта еді. Өзара мейірім­ықыласын да ләззат айы 
кезіндегі ынтық күйінде сақтап, есейіп келе жатқан­ды. Бәлкім, 
соған Аманкелдінің үйден гөрі түзде көбірек болатыны, кейде ай 
бойы қоста жатып, өз ошағына сирек соғатыны себеп? Бәлкім, 

229
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Рымгүлдің қарсылығы жоқ ұяң мінезі де жарастықтың дәнекері 
бола білді? Қалайда, екеуі қосылғанына бес­алты жыл өтсе де, әлі 
күнге дейін бір­біріне «әй­шай» дескен емес.
Аманкелді далада ат үстінде жүріп, өзімен­өзі қалған ша ғын­
да, Рымгүлдің осынау жалғызілікті жағдайын, жас өмірі ескі 
қыстаудың жатаған тамын күзетумен өтіп жатқанын күйзеле 
ойлайтын. Іштей күйінетін. Өзін соған кінәлі санайтын. Көп 
құрбыларының аудан орталығында, елді мекендерде жүргенін, 
ойын­тойдан қалмай, қызыққа батып, уақытын көңілді өткізе­
тінін қамыға ойлайтын.
Рымгүл өзі соны бетіне басып, бірде­бір рет айтқан жоқ­ты. 
Күзеттен кешігіп келсе де, «зарықтым, көп тосқыздың» деген 
емес. Сонысы үшін де Аманкелді оны жанындай жақсы көретін. 
Нендей тілек білдірсе, екі айтқызбай орындауға әзір тұратын.
Он күндей қоста болып, үйіне оралған сәт еді. Шайын ішіп 
жайланған кезде келіншегі:
– Кеңес аға келіп кетті. Қалаға барған екен. Маған жемпір, То­
рыбекке көйлек әкепті, – деген­ді сөз арасында.
Аманкелді ұйқы қысып отырып, естігеніне мән берген жоқ. 
Алайда сол сөз келесі күні, ертеңгілікте тағы да алдынан шықты.
Жаңа көйлегін әкесіне көрсетуге асыққан Торыбек ұйқыдан 
тұра сала­ақ сандықтағы базарлықты алғызған. Шынында да 
көйлек әдемі екен. Тор көзді, шұбар ала, алды ашық, төсі мен 
жанына әдемілеп қалта салған. Еті тығыз, томпиған бала шұбар 
ала көйлекті киген соң, оқудан келген шәкірттей тымпиып, 
кәдімгідей ересейіп шыға келді, «Адам көркі – шүберек» дегеннің 
растығына Аманкелді тағы да тәнті болған.
Сол сәтте Рымгүл де ағасы сыйлаған ақ жемпірді сандықтан 
шығарған­ды. Аманкелді келіншегін танымай қалды: ақ жемпір 
қараторы өңіне керемет жарасады екен; аш беліне жабыса қалған, 
тұрқы ұзын да емес, қысқа да емес, бойына өлшеп тоқылғандай 
құдды; жеңі сәл қысқалау, шынтағынан аз­ақ түсіп тұр. «Әй, 
шіркін, біздің ауыл­ай! Кең етек пен ұзын жеңге үйреніп кеткен 
соң, бас­аяғы тылтиған киімге мұрын шүйіре қараудан арылған 
жоқпыз. Өнегесі озық қаладан үйренеріміз әлі көп­ау...» деп 
ойлаған еді ол су жаңа жемпірмен алдында шыркөбелек айналған 
келіншегіне сүйсіне қарап. Немере ағасының сыйлығына Рымгүл 
разы сияқты. Көзі күлімдеп, жүзі жайнаң қағып тұр.

230
Медеу СӘРСЕКЕ
– Құтты болсын, әдемі екен, – деді күйеуі жымиып.
– Бағасы да аз болмау керек.
Бағасы туралы Аманкелді ойлаған жоқ еді. Сонда ғана 
келіншегінің түннен бері осы жайында екі­үш мәрте ежіктегеніне 
таңданып:
– Қанша екен? Ақысын беріп жібермедің бе? Артығымен бер­
сең етті, – деген­ді.
Рымгүл күйеуіне еркелеп, ернін бұлтита қарады. Сонсоң наз­
данған қалпы:
– Сұрадым, бірақ Кеңес аға айтпады. Саған айтам дейді. Оны­
сы несі?..
Неге сөйткенін күйеуі де түсінген жоқ. Үйде түнеген екі­үш 
тәулікте соның кілтипанын қанша ойланса да таба алмай қойды.
Жас шамасы бірдей дерлік замандасын ол көбіне түсінбейтін. 
Ана жылғы одағай оқиғадан соң іш тартып, қайнаға деп 
құрмет тұтып қараған да емес­ті. Кеңес те алғашқы жылдары 
қарындасына өкпелеп, қатынаспай қойған. Тек бертінде, То­
рыбек туған соң, Аманкелді оны үй ішімен қонаққа шақырған. 
Қазақ жолы деп астына ат мінгізіп, иығына жағалы киім жапқан.
Балалы­шағалы болған соң біржола безіп кете алмаған шығар, 
содан бері Кеңеспен қарым­қатынас көнтөрімді жағдайға ауған. 
Екі үйдің арасына сәлем­сауқат жүре бастаған­ды...
 
Х
 
 Сол күні қос Қызылсор қолатында еді, бұйратты жердің орта 
тұсына қонғанына біраз күн болған.
Аманкелдінің үйінен оралғанын күткендей­ақ, әлдеқайдан 
сап ете қалған Кеңес пен Малдан қосқа онымен ілесе кірді. Жылы 
кабинадан шықса да мұздап қалыпты. Малдан тіпті дір­дір етеді. 
Ерні сөйлеуге келмей, қалшылдап отыр. Сірә, қос ішіндегі темір 
пештің бойын жылытпасын сезді ме, қойнынан бір шөлмек спирт 
суырып алды.
Бір­бір тұлыпқа оранып, кескен томардай боп теңкиіп жат қан 
жылқышы жігіттер үндеген жоқ. Аманкелді де ләм­мим демеді. 
Жүзін сырт бере етпетінен жатыр. Көзі – қос іргесінде, екі киіздің 
түйіскен жабығынан сыналай кірген қар кесегін жаңа көргендей, 
тесіле қарап қалған.

231
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Кеңес қойнынан жуандығы білектей шұжық суырды. Сон­
соң пышақ іздеп, айналасына тіміски қарады. Ешкім лып етіп 
қозғалмады, бірде­бірі беліндегі қынына қол салмады. Қос ие­
лерінің тымырайған әлпетін, өзіне одырая қарауын қолайсыз 
басталған қыстамаға жорыған, әлде қасақана елемеуді жөн көрді 
ме, кім білсін, Кеңес тонының бауын ағытып, ішкі қалтасынан 
төрт бүктеулі газет пен қылдырықтай кішкене бәкісін шығарды. 
Газеттің бүктеуін жазып ортаға қойды да, шұжықты жапырақтап 
турай бастады.
– Шөлмекті де, колбасаңды да жиып қойып, шаруаларыңды 
айт, ағайын, – деді Аманкелді басын көтеріп.
Малдан қос ағасының ескертуін әншейінгі сыпайлыққа жо­
рыды ма, алақанын бір­біріне ысқылап, сәл көтеріле түсіп, 
шөлмекті қолына алды. Кеңес те сол сәтте:
– Жақындаңдар, жігіттер, – деді, – мынау – «Дружба» деген 
колбаса. Қаладан әкелдім. Құдай олла, тамаша ас! Ағына қара­
маңдар, Никита ағайдың жерік асы, қызылы – өзіміздің жылқы 
еті. Бәлкім, өздерің етке тапсырған ақ адал малдың... Спирттің 
бір жүз грамын тартып жіберіп, мынаның жылы­жұмсағын 
асадың бар ғой, оллаһи, түк етпейді, әрі қарай өзі қылқ ете түседі. 
Құдай біледі, сірә да тоқтамайды! 
– Шаруаңды айтсаң қайтеді, Кеңес?
– Асықпасайшы. Жылынып алмасақ, ауыз сөйлеуге келетін 
емес.
– Шаруаңды айт деймін!
– Өй, сөзді қойыңдар. Астан үлкенбісіңдер?.. Ыдыстарың 
қайда өзі? – деп Малдан қойнынан тілдей қағаз шығарды. Дәл бір 
қымбат сыйлық тартқандай­ақ, қолындағы қағазды төрге қарай 
сырғытты. Қос ағасы оны оқыған жоқ, арбиған әріптеріне бір 
қарады да, қайтарып тастады.
– Мөрі жоқ. Есепші де қол қоймапты.
– Сөзіңнен танба. Ұсталдың. Шарттарың түгел! – деп сұқ 
қолын шошайта дүрсе қоя берді Малдан, іле екінші қалтасынан 
тағы бір тілдей қағазды суырып, масаттана ұсынды. – Кімге, не 
үшін келе жатқанымды білем ғой мен пақыр...
Малдан Есенов Аманкелдіге бұрын да ұнамайтын. Жас жі­
гіттердің ең бір тасы өрге домалап жүргені болса да, кейбір 
қылығын жаратқан емес. Әуелде бригадир еді, былтырдан бері 

232
Медеу СӘРСЕКЕ
кеңшар құрылысына жауапкер прораб болып тағайындалды. 
Сонан бері жас маманға бірталай жаңа мінез қосылды... Соның 
бірі – өз тірлігін көбірек ойлайтындығы. Былтыр ол қосқа екі 
мәрте келіп, олжалы қайтқан. Әсіресе соңғы сапарында қоста 
қалған жылқышыны араққа жығып тастап, тай орнына бесті 
ат әкетіп, жер соқтырып кеткен. Бұл жолы алды­артын қамдап 
келіпті. Сірә, қайнағасы Кеңесті де есеппен ерткен.
Сөйтсе де бас жылқышы оның еркіне көнгісі келмеді. Құр қол 
қайтаруға бекінді. Тек нендей сылтау айтады?
Малдан прораб іш қалтасынан тағы бір қағаз алып шықты. 
Меңгерушінің хаты екен: «Құрметті Аманкелді інім! Қадірлі 
азаматымыз Мәкеңе ықыласыңды салғайсың. Бізге ол өте­
мөте керек адам. Қосты ауыстырар жер үйлердің жабдығын 
жаз шыға қамдап, күзге дейін салып берем деп уәде етіп отыр. 
Бұйым тайы – құла ат... Ел үстіндегі азамат қой, бір тілегі шығар, 
меселін қайтарма!..»
Кеңес жұмыртқадай кішкене шыныаяқтарды алдына тізіп қо­
йып, тосып отырған­ды. Газет үстінде тау боп туралған шұжық 
жатыр. Малдан кесенің бірін қолына алды.
– Есенов, сізге құла атты сірә да бермеймін! Сіз түгілі, ол – өзіме 
де қимасым. Бекер үміттенгенсіз, – деді Аманкелді меңгерушінің 
хатын оқыған соң.
– Қой, шырақ, жарлықтан күштімісің? Аяқ артар бір тұяққа 
бола бет жыртысып қайтеміз? Әкеңнен қалған мал жоқ. Бәрі де 
қазынаның малы. Бір тайлық еңбегім бар осы кеңшарға. Күні­
түні сабылып жүргенде, соғымға бір ат соймайтын не бопты 
маған?.. Құланы сұрағаным – қоңы тәуір дейді. Еңбегіңді же­
меймін. Құдай біледі, риза боласың...
Аманкелді міз бақпады. Теріс қарап, бүк түскен қалпында 
үнсіз жатыр. Прораб та айылын жиған жоқ. Сөйлеп отыр, таусы­
лып та сөйледі, жалынып та сөйледі.
Оның қиыла сұрағаны – баяғы бәйге құла. Мінуге емес, пы­
шаққа жығуға. Иә, иә... Телқұланың тағдыры бұл күнде осыған 
іліккен­ді. Бір қос жылқының бетке ұстары болған әлей қайраты, 
кезінде жарқырап шыққан бақыты қазір қайтқан. Қартайып 
емес, қапылыста айырылған.
Жылқышы көзін тарс жұмды. Ана екеуін көргісі келмеді 
ме? Әлде ту алыста қалған шерлі елестер көз алдына кес­кестеп, 

233
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көңілі құлазыды ма? Соны өзі де білмейді, түрік ерні жыбыр­
лап: «Шіркін Телқұла, топтан озған жүйрігім! Сорлы болған 
Телқұла!» – деп жан­жүйесі сөгіліп, өксігені анық....
* * *
 ...Бұдан екі жыл бұрын Телқұланы қайта­қайта қоймай сұ­
рап, меңгеруші табыннан алдырған. Обалы не, бабында ұстады. 
Құла да, шіркін, атым­ақ қой, бапкер бастығының көңілінен 
дөп шығып, бір қыста үш­төрт қасқыр соққызды. Дәніккен мең­
геруші содан бері далаға шықса, құланы ғана ерттейтін болды.
Бірақ, нендей сор түртіп үріккенін кім білсін, бір жолы 
оқыста жалт берген құла ат үстіндегі масаң Мырзекеңді айдалаға 
жалғыз тастап, ауылға келіпті. Шылбырын сүйретіп жүрген 
Телқұланы көре сала орталықтағылар атқа мінеді.
Меңгерушіні іздеушілер иен далада, қолы­басы домбығып әрі 
мертігіп жатқан жерінен табады.
Оңалған соң құлаға қатаң жаза кесілген: діңгекке байлап 
қойып, бас­көзге сабаған; қан сорпа ғып, ауылды айнала шауып, 
қайыра байлап, тағы да сабаған...
Келесі күні тізгінін сүйретіп, сормаңдай құла ат жылқыға 
келген. Қостағы жылқышылар жабыла қуып, ұстай алмап­
ты. Телқұла айдалаға қашып, маңайлатпай қойған. Жақын 
келтірмей, адам көрсе аңша шоршып, айдалаға безген деседі.
Аманкелді о күндері қыстауда болатын. Қайта оралғанда, 
құла аттың жүдеу сықпытын көріп жағасын ұстаған: денесінде 
сау жер жоқ; әлде ісік, әлде жара; айыл қажаған, ер сынығы ти­
ген бауыры түгел аппақ боп, бір қабат терісі түсіп қалған; аяғына 
қан ұйыған сияқты, сылти басады...
Жануар да адам талғайды білем, танымал жылқышының дау­
сын естіген сәтте­ақ қашпайды, қайта көлденеңдеп, басын төмен 
салып, қалт тұра қалады. Аманкелді құр­құрлап келіп, жалынан 
құша шап береді...
Құла ат басын қайта­қайта шұлғып, шелектей кең танауын 
жылқышының қолтығына үйкелеп, әлде еркелегендей, әлде 
мұңын шаққандай боп адамша еміренеді. Жылқышы да сүйікті 
сәйгүлігінің құлақ түбін қасып, кекілін тарап, жалынан си­
пап, көпке дейін жүгендемей бос ұстап, сүлесоқ бір күйде тұрып 
қалады.

234
Медеу СӘРСЕКЕ
Жылқышы құла аттың жалынан қолын алмай, ұзақ тарады. 
Әлдекімді іздеп, алды­артына көз тоқтата қараған. Әлсін­әлсін 
әлдекімді жоқтап, жұдырығын түйіп, кіжінгені анық. Далада 
болған оқиғаны естісе де, құла ұшыраған жазаны нақты білген 
жоқ­ты. Білмегені, көп күн өткізіп естігені – ақырында оны абы­
ройын төгетін төтенше оқиғадан құтқарды. Ал сол сәтте білсе?..
Құланы жетектеп Келдібайдағы ауылға қайтты. Мал дәрі­
герін шақыртып, әр түрлі ем жасап, әуреге түсіп, ақыры Тел­
құланы санатқа қайта қосқан. Иә, санатқа ғана. Құла ат содан 
бері бұрынғы қайратынан жаңылып, жабы жылқыға айнал­
ды. Ұзаққа шабудан біржола қалды. Бес­он шақырым шапты­
ақ, алдыңғы екі аяғын баса алмай ақсап қалады. Оған енді 
жылқышылар ер салмайтын болған, бұрынғыдай боранды түні 
ұзақ жортуға жарар ат деп сенбейтін­ді. Әрине, бұрынғыдай 
мінілмеген соң жоны жұмырланып, ерекше семірген. Дәл қазір 
жықса, үш­төрт елі қазы түсері хақ. Сонсоң да оған қызығушы 
көп. Малданға дейін де талай кісі қолқалаған. Мырзекең өзі де 
соғымға алмақ боп бір жолы ниет білдіргенде, қос ағасынан қату 
сөз естіп, құр қол қайтқан­ды. Енді, міне, құланы қолқалап Мал­
дан келіпті. Жалғыз емес, қасына Кеңесті ерте келген. «Бет көрсе 
жүз ұялады» дейтін қыр қазағының ежелгі есебі. Қайнағасының 
үй ішіне әкелген базарлығын Аманкелді енді түсінді...
Аманкелді теріс қараған қалпынан ауған жоқ. Көз алдынан 
қаздай тізіліп, әп­сәтте өте шыққан оқиғалар керуені көңілін 
бұрынғыдан да ортайтып, ішін жым­жылас жалап кеткендей. 
Суықтан бозарған ерні болар­болмас жыбырлап: «Есіл құлам, 
демек, саған да кезек келді десеңші. Кәрі­құртаң, тіске жұмсақ 
тай­құнан таусылып, саған да бұғалақ түскені ме?.. Жо­жоқ, бол­
майды ол! Бермеймін сені...» – деп күбірлеп қояды.
Қос ішін жайлаған үнсіздік, одан да гөрі бас жылқышының 
тым­тырыс сазарған түрі жалықтырды білем, бір сәтте Кеңес шы­
дамсызданып:
– Келдібайға барып қайтқам. Еркежан ештеңе айтты ма? – деді 
ақырын ғана. Аманкелді үндеген жоқ. Қолындағы спирт толы 
кесені алақанына қондырып алып, Кеңес бір тізерлей жылжып, 
күйеу жігітке жақындай түсті де, сыбырға көшті:
– Келесі жылы үй жаңартайын деп жүрмін. Жаңа қыстауға 
қосарың болсын, қазанатыңды мен үшін қи! – деді.

235
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аманкелді тұлыптың үстіңгі өңірін өзіне қарай қаусырына 
тартып, басын тұмшалап жауып алды. Онысы – «Қоямысың, сені 
тіпті де естігім келмейді» дегеннің сыңайы.
Келімсектер де бас жылқышының бермейтін пиғылын ұқ қан 
сияқты. Қайыра қолқалаған жоқ. Пеш алдына жақындап отыр­
ды. Малдан кесені қолына алып:
– Өй, аты құрсын, мынаны ішелікші. Тоңып қалдық қой, мына 
жаппаларың үй емес, мола болар, сірә. Келіңдер! – деп жұртты 
тоспай, өзі ішіп салды. Кеңес те ішті. Екеуіне сәлден соң төрде 
жатқан басқа жылқышылар да қосылды.
...Малдан ағыл­тегіл сөйлеп отыр. Құла атты ұмытып кеткен 
сияқты. Басқа әңгіме, келесі жылдың құрылыс жайы, қаладағы 
жаңалықтар... Содан бір кезде шөлмекті тауысып, шұжықты 
тақырлап жеп болған соң, қолын сүртіп, кейін шегінді. Сірә, 
бұйырғанын алып, аттануға ойысқандай. Кеңес тісін шұқып, 
әрлі­берлі қозғалақтап отырды да, кенет Аманкелдіні иығынан 
түртіп:
– Әй, күйеу, ұйықтап жатырмысың, қарындасымды қайта 
алып кеткелі келгем жоқ, қорықпа. Баяғыда қойша өңгеріп, 
алып қашқаныңда да шыдағам. Тұр, басыңды көтер. Қазақта 
болмаған, дәмнен қашу ғұрпында жоқ кәпірлік мынауың... – деп 
түйіле сөйлеп, кенет даусын сәл бәсеңдетіп, – ұстап бермесең де 
ұлықсат ет! Өзіміз ұстап аламыз, – десін.
Аманкелді басын көтеріп, мысқылдай қарады. Манадан бері 
үнсіз отырған екі жылқышы да елең етіп, қозғалақтап қалды. 
Кеңестің өктем сөзіне таңданған тәрізді.
– Рас па?
Рас болмағанда, сенімен құдалақ ойнағалы келгем жоқ.
– Рас өзің ұстап аласың ғой?
– Ұстаймын.
– Бірде­бір жылқышы көмектеспейді.
– Керегі жоқ көмектің, сендерсіз­ақ ұстаймыз, – деп қарқылдай 
күлді Кеңес, екі беті алаулап, қызына сөйлесін. – Тіпті біреуің де 
жылқыға бармаңдар...
– Уәде осы ғой?
– Уәде.
Малдан сөзге араласпай, төмен қарап, жер шұқылап жай 
отыр ған. Кеңес «уәде» деп алақанын сарт еткізгенде шыдамады, 
басын көтеріп:

236
Медеу СӘРСЕКЕ
– Қойсаңшы, Кеңес, бұйырғанын алайық та кетелік, – деді.
– Жоқ, Малдеке, құланы алмай кетпейміз, – деп Кеңес ерегісе 
түсті.
– Соңғы рет ескертем, – деді Аманкелді от басына жақындай 
беріп, манағыдай емес, оның да тілі шыға бастапты, даусын 
көтере сөйледі. – Ұстай алмасаң, бірде­бір жылқының түгін тарт­
қызбаймын. Құр қол қайтасың.
– Келістім.
Аманкелді қалтасынан сия қарындаштың кішкене тұқылын 
шығарып:
– Қане қағазың? Алдым деп қол қойыңдар, бітті шаруа! – деді. – 
Таңдаған атқа мін, құрықтың да ең ұзынын беремін. Қаласаң 
бұғалық салар арқан да ал. Бірде­бір жылқышы бірақ атқа 
мінбейді...
Сөз осымен бітіп, соғым сұрағандар аттанып кетті.
Олар кеткен соң­ақ жылқышылар жамырай күлді. Даурыға 
сөйлеп, келекелеп жатқандар да бар. Кейбірі жылқыға барып, 
екеуінің құланы қуғанын қызықталық десіп еді, Аманкелді 
көнген жоқ. Ол да көңілді. Беймаза қонақтан оп­оңай құтыл­
ғанына дән риза сияқты. Өзінен басқа жанға құла ұстата қой­
майтын. Ұстату қайда?! Көш жерден құлағын қайшылап, құла 
дүзге тарта жөнелетін машыққа ауысқан. Әлі де ерен шабады, 
рас, бәйгеге түсер бұрынғы қауқары қалған, бірақ біразға дейін 
алдына ат салмайтын қызбалығы жоқ емес. Жылқышылар 
күлкісінің де түп себебі осы еді.
 
* * *
Әлден уақытта сырттан ат дүбірі естілді. Әлдекім жер­көкті 
дүңкілдетіп шауып келеді. Бар даусымен аттан сап, айқайлап 
та қояды. Жан ұшырған ащы үні жер жарғандай, тым үрейлі.
– Шығыңдаршы далаға! – деп қалды бас жылқышы. 
Әлденеге жүрегі дір етіп, тұла бойы шымырлап кетті. Да­
уыс жақындаған сайын жүрегі өрекпіп, аузына тығылғандай 
қобалжыды. Желбегей отырған. Бешпентін киіп, белін буа баста­
ды. Осы кезде шапқыншы да қосқа жетті.
– Е­ей, қоста омалып неғып отырсыңдар?! Бар ма тірі жан? 
Уай, бармысыңдар?! Кім еді анау машинамен келген?! Кім болса 
да адам емес, айуан! – деген ащы үні де естілді.

237
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аманкелді қостың құрым есігін жұлқи серпіп, сыртқа жүгіре 
шықты. Бұрынырақ ұмтылған жігіттер Басарды қоршап апты. 
Егде жылқышы екі иінінен дем алып, сөйлей алмай аптығып тұр.
– Айуан деймін, айуан! Есіл құла мерт болды! Ойбай­ау, 
Телқұла атты аналар оқпен сұлатты! Ойпырмай, мұндайды кім 
көрген?! Құдай­а, неткен доңыз десеңдерші!..
– Өй, не дейсің?!
– Денің сау ма өзіңнің?!
– Ойбай­ай, мылтықпен атып жықты! Қуған жоқ, бір оқпен 
сұлатты, сірә, басынан атты­ау деймін...
– Апыр­ай, мұндай сұмдықты да көрдік­ау! Енді қайттік?
Аманкелді алғашқыда не істерін білмей, аңырып тұрып қалған. 
Басар болған оқиғаны қайталап айта бастағанда ғана, жылқышы 
серігі шошына әңгімелеген жаманат хабар қаперіне жаңа жет­
кендей, кенет жұлқынып алға ұмтылды. Сол бетінде жалғыз­
ақ аттап, ат үстіндегі егде жылқышының қасына жетіп барды. 
Түс деп сұраған да жоқ, бірден тізгінге жармасты. Басардың өзі 
түсті ме, әлде жұлқып түсірді ме, білген жоқ. Әйтеуір қамшысын 
қолынан тартып алғаны анық. Тебініп қалды шабдарды. Бұрыла 
беріп, қарға шаншылған құрықтардың бірін қарына іле кетті.
– Өй, тымағыңды ки!
– Уа, неге тұрсыңдар, біреуін жазым етеді анау!
– Жіберме жалғыз!
Аманкелдінің есіл­дерті жылқыға жету болып, жосылтып 
келеді. Қамшыны да аяусыз сілтеп келеді. Екі аяғына да дамыл 
жоқ, қайшы құлақ шабдарды қос өкпеге тепкілеп келеді.
Сол бетінде атойлап, қарауыл төбенің басына шауып шықты. 
Төбе асты мидай жазық­ты. Бергі алды – Ащысу өзені. Жылқы 
өзен бойына шашырап кетіпті. Қарлы өзекте таудай боп қарайған 
машинаны ол жылқының арғы шетінен көрді. Тоқтап тұр. Сірә, 
оппаға түскен. Жанында екі жаяу жүр. Қорбаң­қорбаң етеді, 
қауырт жанталаста екені әрлі­берлі жүгірісінен көрініп тұр. 
«Иә, сәт! Бөгеле тұр азырақ. Мен жеткенше қозғалма орныңнан!» 
дегенді ішінен айтып, шабдарға тағы да қамшы сілтеді.
Жылқышы төтелей тартты. Еті қызды ма, жоқ, ылдиды 
сеп көрді ме, шабдар ат та аяғын дестелей тастап, зулап берді. 
Аман келді де аянған жоқ. Өзін де, атты да қысып бақты. Ердің 
алдыңғы қасына етпеттей жатып алған. Тақымын шабдардың 

238
Медеу СӘРСЕКЕ
тақыр қолтығына қысып алып, ана жылы, бөрілер тобына өшіге 
ұмтылғандай тас түйін ызамен жүйткіп келеді.
Біраздан соң шилеуітті ойпаңға тап болды. Қары қалың екен. 
Шабдар жаңағы шабысынан жаңылып қалды. Әуелі қоян бүлкек 
шоқыраққа түсті, одан соң қалың оппадан аяғын суыра алмай, 
жиі­жиі сүріне бастады.
Жылқышы бәрібір қайтқан жоқ. Екі ара жақындай түсті. 
Енді бір ұмтылса жетіп баратын жер. Оп­оңай өтіп кетем деп ой­
лады. Асылында, соны ойлауға мұршасы болған жоқ. Көз алды 
бұлдырап, қол созым жерде ербең­сербең жүгірген екі дүлейден 
өзгені мүлдем көрер емес. Соған ғана есі ауған, тезірек жетуді ғана 
білген­ді. Атын сауырға сабап, үсті­үстіне тебінді. Қайтсін жану­
ар! Ышқына ұмтылды. Бірақ, амал не, оппа қарға кеудесінен кеп­
телген шабдар ат кенет қыбыр ете алмай, біржола тұрып қалды.
Сонда ғана Аманкелді есін жиды. Бойын ашуға алдырып, 
тақымындағы атына да келеңсіз қысас жасағанын білді. Жалма­
жан жерге қарғып түсіп, омбы қарға малтыға жүріп, тізгінінен 
әрлі­берлі тартып, шығарды­ау бір сәтте. Шығарғаны құрысын, 
өзі де діңкелеп, моншаға түскендей болды. Күртеше жеңімен 
маңдайын сүйкей тамшылаған терін сыпырып тастап, атына 
қайта мінді.
Енді ол кейін қарай, шилеуітті орай шапты. Ол болса едәуір 
айналыс жер. Уақыттан ұтылар, аяғына өзі салған тұсамыс 
болып шықты. Әрі әлгі жерде едәуір бөгеліп қалды. Әйтсе де 
үлгеретін сияқты. Машина әлі қозғалған жоқ, манағы орнында 
тапжылмай тұр.
Көз көрімде көлбеңдеген екеуге өшіге қараған Аманкелді 
ер нін жымқыра тістеп алған. Көзінен жас парлата, табан асты­
нан қар үйіре ағызып келеді. Ағызып емес­ау, бір өзі алды­ар­
тынан қар боратып, дауылдатып келеді. Тұяққа оралған қар 
кенет жұқара бастады. Омбы мүлдем таусылды, әлде айналып 
өтті? Жұқалтаң қырбық. Тіпті аттың шашасынан келер емес. 
Аманкелді шабдарға тағы да қамшы сілтеді. Сол сәтте маши­
на ізіне кезікті. Қаз­қатар жарысқан қос сүрлеу. Бұдан артық 
жоралғы болмас! Енді сүрінсе, енді кешіксе – өкініші кетпес! 
Жоқ, сүріне қоймас. Бұған да тәубе!.. 
Жылқышы атын машина ізіне салды.

239
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шабдардың күлтеленген жұмсақ жалына еңкейе түсіп, қа­
рындағы құрықты оңтайлады. Назары ат тұяғымен жарысқан 
қос сүрлеуде. Зулата ағып келеді. Машина әрлі­берлі айналыс жа­
сап, қары жұқа жерді таңдай жүріпті. Су жаңа доңғалақтардың 
бүрі қағазға басқан таңбадай қар үстінде сайрап жатыр. Бірін­
бірі дөп басқан екі із домбыра ішегіндей қаз­қатар тартылған. 
Апыр­ау, мынау не? Доңғалақ ізінің арасындағы көбік қардың 
дода­додасы шыққан. Сүйреткімен қар бұзғандай шат­шәлекей 
айғыздалған. Қомақты бір нәрсенің жалпақ ізі. Тұяқ ізіне 
ұқсамайды. Тым жалпақ, тым үлкен. Апыр­ай? Жылқышы жі­
гіт бұлдыраған көзін уқалап, төменге қадала қарады. Сонда ғана 
мән­жайға түсінді.
Додаланған жалпақ іздің нақ ортасында тағы бір күрең жо ­
лақ қарауытады. Із емес. Түсі де бөлек. Ақ қардың үстіне жа­
йыл ған қызыл матадай алаулаған ашық қанық түс. Қараған 
көзді қарып түскендей қан қызыл...
Қан еді бұл!
Сірә, қызылшыл екеуі құланы атып жығып, бауыздай сала 
сүйрей жөнелген. Өзен жарына дейін сүйретіп, сол жерде 
кузовқа салуды құп көрген. Бәрін ойластырып, бәрін де алдын 
ала есептеген. Тіпті мойнына құрық тигізбей, жануарды оқпен 
жайратуға дейін... Неткен аярлық! Әлде айуандық?
Аманкелді көзін сүртті. Жылап келе ме, жоқ, қатты шабыс­
тан туындаған қарсы желге шыдамай, көзі суланып келе ме?.. 
Әйтеуір көз алды бұлдырап, жөнді көрмей, қарауыта бергені 
анық. Табан астындағы жер қар емес, қан жамылып жатқандай 
құдды. Өзі қан теңізін кешіп келеді. Қолында ескегі де жоқ, 
жыртық қайыққа мініп, екі қолымен қан сапырып, ербең­
ербең есіп келе ме, әлде өзін дауыл қуып, жан сауғалап келе ме? 
Әйтеуір зәре­құты қалмай, қашып келе жатқаны рас. Қашса 
да жаналғыш апаттан құтыла алмай, қоймалжың қою қанды 
кірш­кірш басып, тітіркене жаншып та келеді. Алды­арты – 
шұрқыраған жылқы даусы. Кісінеген айғыр үні. Шыңғырған 
құлын зары. Тебіскен көп жылқы, сеңдей соғылысып, бірінің 
үстіне бірі шығып, жаппай бастығырылған тобыр. Айналасы 
түгел мөңкіген ту асаулар. Бәрі­бәрі тым­тырақай қашып жүр. 
Соларды торыған адам жылқыдан да көп. Бәрінің қолында 
бір­бір арқан. Сірә, бұғалақ тастамақ. Жағалай байлап­матап 

240
Медеу СӘРСЕКЕ
алып, алдына сап, қан теңізіне қарай жөңкілте айдамақ. Топ­
тап айдағаны бір бөлек, қос­қостап жетектегені бір бөлек. Қу­
ғындалған жылқы нөпірі өзіне қарай жырыла шығып, шат­
шәлекей тулағандай, сірә. Пана іздей ме, өзін қорған көре ме? 
Ал өзі?.. Соңында жылқышы серіктерін ертіп, қашып келеді, көз 
көрмеске безгідей...
Шабдардың сауырына алты өрім таспа тағы тиді. Мейлі, зо­
рықсын аты! Мейлі, омақаса құлап, жұлыны үзілсін! Аманкелді 
енді аянбайды. Аяна­аяна болған. Құрығын сүйретіп күні ертең 
жаяу қалғанда есіз даланы күзетпек пе? Жоқ, тағы да жоқ! Үл­
герсе екен. Қолы іліксе тек! Құрықтың да қысқасы тиіпті қолына. 
Тіпті жақсы. Қысқа құрық – сойылмен бірдей. Қысқа сойыл 
ұруға оңтайлы. Қайың құрықты сол жақ қырына оңтайлап алды. 
Бірер рет салмақтап та қойды.
Екі ара қысқара түсті. Екі жүз қадам, жиырма, он... Әне, 
құрық сілтер жерге тақады. 
Жылқышы кенет көзін тарс жұмды.
Оның көргені – бәйге құланың кесулі басы еді. Қыл өңештен, 
жүген ілінер желкеден шорт кесілген бас, керексіз болған 
ба, қар үстінде теңкиіп жатыр. Шарадай көзі мөлдіреп ашық 
қалған, үстіңгі ерні түріліп, тістері ырсиып, көкпеңбек аспанға 
мөлие қарап, «Менің жазығым не, айтсаңшы, ей, адам, желмен 
жарысқан жүйріктігім бе?..» деп жалбарына сұрап жатқандай 
құдды.
«Нән семіздігің!» дей алмады жылқышы. Дәті жетпеді. Езіл­
ген еңсесін жия алмай, есеңгіреген қалпы, құлап қалмауды ой­
лап, ер қасына еңкейе берді тек. Әлденеден қатты лықып қал­
ғанда ғана көзін ашты. Еңкейіп отырғаны сеп болған. Әйтпесе 
жерге ұшып түсуі хақ екен. Ерге түзеліп отыра беріп артына 
қарады. Сонда ғана лықсыған себебін білді. Ат биік жардан се­
кіріпті. Өзен жары. Машина тұрған жар. Айнала қып­қызыл 
қан, шашылған жын. Апыр­ау, аналарға жете алмай қойғаны 
несі? Неге жақындамайды екі ара? Жаңа ғана құрық тастам жер 
қалған еді. Сөйтсе зытып беріпті. Кузовы ашық. Соны көтеруге де 
соны мұршасы келмеген...
«Жоқ, бәрібір жібермеймін. Бәрібір қуа беремін! Үйлеріңе 
дейін қуамын!»
Екі ара енді қашықтай берді. Он қадам... жиырма... елу қадам. 
Тіпті одан да ұзады. Бірақ соны елеген Аманкелді жоқ. Сезсе де 

241
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тоқтар емес. Тежемеді тізгінін. Қайта шабдарды бұрынғыдан да 
борбайлап, онан сайын қыстай түсті.
Бір мезетте аты кілт тоқтады. Ат жалына етпеттей жатқан 
жылқышы сонда ғана басын көтерген. Көлденең кес­кестеп 
жылқышы серігі тұр. Шабдардың шылбырын қолына шаужай­
лай ұстаған. Бір қолында қара барқытпен тысталған сеңсең 
тымақ. Өз тымағы. Қостан жалаңбас кеткенін сонда ғана білді. 
Құлағы қалай тоңбаған?..
– Қой енді, қосқа қайталық. Телқұла енді бізге жоқ!
Аманкелді жылап жіберді. Жыламағанына көп болып еді. Өз 
бетімен атқа мінгелі көзіне жас алды ма екен, сірә? Ана жылы 
аты күзелгенде де егілген жоқ­ты, іштен тынған. Иә, әкесі Төлеу 
өткенде нақ осылай қатты өксігені есінде. Оған да көп жыл өтті. 
Көкесі соғыстан жаралы оралды. Жарасы басында еді. Шықшыт 
тұсы бүлкілдеп тұратын. Елге келген қуанышы көпке бармады 
бірақ. Ауыр жарақат тез­ақ алып жеді. Бүкіл ауыл егіле жүріп 
жерлегенде, Аманкелді даусы сенбей көп жылаған. Мауқын 
баса алмай, етпетінен жатып ап көп егілген, көп жанды қоса 
егілткен. Әкесіне деген сезімі тым өзгеше еді. Өзінің бар іс­
әрекетін соған бағыштап, өнеге тұтып жүретін. Әр шаруасын 
әке сімен ақылдасып, әр қадамын көңілінде ұялап қалған сол бір 
сұр гимнастеркалы, саржағал, мосқал солдатпен іштей кеңесіп 
барып шешуге тырысатын. Жылқы бағуға шығарда да әкесінен 
ақыл сұраған. Соғысқа дейінгі ғұмырын құрық сүйретумен 
өткізген жылқышы әкесінің бұл қадамына қарсы болмайтынын, 
қайта қуана құптайтынын біліп келеді. Қазір де қату өңді солдат 
бейнесі көз алдына кес­кестеп тұра қалды. «Балам, ақылыңнан 
адаспа. Сабаңа түс» деп тұрғандай.
– Қайта бер, Қасым. Қосқа бүгін қайтпаймын!..
Шабдарды өкпеге тебініп кете барды. Артына қайырылған 
жоқ. Беті – жылқы жатқан өзен баурайынан мүлдем қиғаш, бұрыс 
өңір. Баяғыда адасып, Телқұламен ерсілі­қарсылы шапқылап, 
ыққан табынды қайыратын сары жон дала.
– Апыр­ау, елсіз даладан не іздемек? Есі дұрыс па?
Қасым өзінен ұзап бара жатқан жылқышының соңынан қа­
рап, біраз тұрды. Он шақты жылдан бері ыстық­суықты бірдей 
бөліскен жолдасы еді. Жан сырына қанықпын деп ойлайтын. 
Мынасын түсіне алмады. Қайыра тоқтатып, жолын бөгеуге баты­
16­246

242
Медеу СӘРСЕКЕ
лы тағы жетпеді. Сөйтсе де қуып жетіп, үстіндегі тұлыбын шешіп 
берді.
Сол түнді Аманкелді Аққұдық жазығында өткізіп, жылқыға 
таң алдында ғана келді. Көзін ілген жоқ. Бір жанмен тілге де 
келмеді. Өзімен өзі. Қым­қуыт шексіз бір ой теңізіне түсіп 
кеткен сияқты. Кей сәт табыннан жырағырақ шығып, далаға 
қарап қалт тұрып қалады. Әлдебір елестер өтеді көз алдынан. 
Жылқы иірген құла аттың шабысын естіп, тыңдап тұрғандай. 
Дүркіреген көп жылқы үні, сатыр­сұтыр сойыл дыбысы жет­
кендей құлағына. Күні ертең орталыққа жүретінін, парткомға 
арыз апаратынын ойлай ма? Әйтеуір қалың ой үстінде сон­
дай бір тәуекелге бекінгені анық. Суайт меңгерушіні сыйлап 
та, тыңдап та болды. Есеновтің есіргені де соның мырзалығы. 
Кеңес сықылдыларға қасиетті қосты тәлкек еткізген де соның 
жарлығы. Екеуін де аямақ емес. Енді аянарлық жағдайы қалған 
жоқ. Орталық құлақ аспаса да тоқтамайды. Одан да әріге бара­
ды. Өндіріс басқармасына барады, облысқа дейін жетуге әзір. 
Жетпесе болмайды. Ендігіге төзім жоқ.
Қосқа ол өзгеріп оралды. Өңі қату, жүзі сұсты. Қарсы келгенді 
алып ұрғандай ашулы. Қанжығасына құла аттың далада қалған 
басын байлап алыпты. Оны қайтпек? Бір жанға жөнін айтып, 
түсіндірмеді де. Әскездеп терісін сойып, әбден тазалап, етінен 
арылтып, қанжығасына қайта байлап қойды.
Сонсоң ас ішіп жылынып алды да, атына мінді.
ХІ
 ...Аманкелді әңгіме тиегін ағытқалы біршама уақыт өтті. 
Көптен бері көкейін тескен жан сыры, сірә, соны қанша жыл өтсе 
де ұмыта алмаған, жүрегінің түкпіргі бір қалтарысында қалып 
қойған сықылды. Ағынан жарыла бастан­аяқ ақтарып отыр.
Темір пештің аузынан жылт­жылт еткен шоқ сәулесіне телміре 
қарап, соның алаулаған алқызыл нұрына бетімді бере үнсіз отыр­
мын. Бір сәтте жылқышы маған жақындап:
– Осы даудың аяғы немен тынды деп ойлайсыз? – деп бетіме 
ожырая қарады.
Үндегем жоқ. Түсінікті жайт екенін, сірә, мойындағым келме­
ген болар...

243
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Өзім­ақ айтайын, – деді Аманкелді сәлден соң. – Есенов­
ке шаң жұққан жоқ. Меңгерушіміз – қашаннан сыйлы адам. 
Сайқымазақ күлкіге өзім қалдым. Мына Кеңестер осы күнге 
дейін сол күнгі есуастықпен парапар әрекетімді өздерінше күлкі 
етеді. «Машинаны атпен қуған жынды Аманкелді» атандырған 
да осылар. Сіз естіген одағай оқиға сол, сондай бір енші атағым 
бар. Иә, иә... Дүйім жұртқа күлкі боларымды қайдан білейін, ашу 
үстінде соны ойлаппын ба, қу жанымды қидалап шаба беріппін. 
Мыналардың құлқын­тілеуімен санасуым керек екен, сөйтсем. 
Әрине, қазірде кей нәрсеге көзім ашылды. Жылқыға келген әлей 
жұт бұлар да емес, басқа екен. Басқа болып жүйкені құртты ғой. 
Ет жоспарын екі еселеп, үш еселеп, өтірік­шыны аралас «асыра» 
орындап жатқан дүрбелең жылдар есіңізде болар? Сол дүрмекке 
бірінші боп біз түсіппіз. Жылқы жарықтық құрбандыққа шалы­
ныпты. Басшыларым сол жолы­ақ бажайлап айтып, көп жайтты 
кешеңдеу ұғатын миыма құйып берді. Құйғаны құрсын, содан 
былай көңіл құлазып, өзгеріп кеттім...
Сөйлеп отыр Аманкелді. Әредік сырлы аяқтағы майлы құртты 
аузын толтыра ұрттап алып, дәмін байқағандай, толғап­толғап 
асықпай жұтады да, әңгімесіне қайта кіріседі.
Жолсерігім Кеңес қорылға бағана кіріскен, тұяқ серпер емес, 
рақат ұйқы құшағында. 
 1965 жыл

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 7.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет