ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР
555
2) арс-үрс, баж-бүж, жарқ-жүрқ, шап-шұп,
ш а лп -ш ү лт .б .
3) арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, ағараң-ағараң,
далаң-далаң, елең-елең, елбең-елбең, ербең-ербең,
балпаң-балпаң, бортаң-бортаң, бүрсең-бүрсең, жа-
лаң-ж алаң, жалбаң-ж албаң, ж алтаң-ж алтаң,
кызараң-қызараң, көлбең-көлбең, кожаң-кожаң,
кокаң-кокаң т.б.
4) арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең,
кикаң-кикаң, олпаң-солпаңт.б.
Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тән бас-
қа да ж аңа сөздер жасалады. М ысалы: тарсыл,
дүрсіл, күрсіл, тырсыл, бажыл, шыжыл сияқты зат
есімдер-ыл (-іл) жұрнағы арқылы тарс, дүрс, күрс,
тырс, баж, шыж деген еліктеуіш сөздерден жасал-
ған. Сондай-ақ, жалтак, бүлтак, шыжык, бүркак
сияқты есімдер де жалт, бұлт, шыж, бұрк деген
еліктеу сөздерден -ақ (-ық) жұрнағы арқылы ту-
ған. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары на тән
осындай туынды сөздер жасайтын басты-басты
жұрнақтар мыналар:
1. -ыл -іл (ырыл, быжыл, дарыл, дүріл, гүріл,
күрсіл, тарсыл, тырсыл, корсыл, сыртыл, күжіл, шы-
жыл, ыңкыл, сұңкыл, шүңкіл, сырыл, пысыл, бакыл,
зуыл, суыл, гуіл, шарыл, шырыл, шіңкіл, дүңкіл т.б.).
Поделитесь с Вашими друзьями: