1. -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жұрнағы. Бұл жұрнақ
арқылы туынды еліктеу сөздер жасауға мынадай
формалар негіз болады:
а) Н егізгі (түбір) еліктеу сөздер. Бұлардан
жасалған туынды формаларға мынадай еліктеуіш
сөздер жатады: арс-аң, ырс-ың, борс-ың, борт-аң,
бырт-ың, барп-аң, болп-аң, елп-ең, жалт-аң, жымп-
ың, томп-аң, быж-ың, кілт-ің, мырс-ың, қалт-аң,
қорс-аң, тарс-аң, қорп-аң т.б.
ә) Кейбір атауыш сөздер (есімдер мен етістік-
тер). О ларға, мысалы , мынадай туынды еліктеу
сөздер жатады: ала-ң, ағар-аң, быпға-ң, дал-аң, до-
мала-ң, жайқа-ң, жайна-ң, жырт-ың, иір-ең, көлбе-
ң, қара-ң, қызар-аң, тербе-ң, сыла-ң, шаңқа-ң т.б.
б) Кейбір жеке-дара қолданылмайтын фор-
малар. Ондай ф орм алар бейнелеу етістіктеріне
де және басқа есімдерге де негіз болған. Ол ф ор-
малар қазіргі кезде жеке-дара түбір есебінде қол-
данылмайды, бірақ бастапқы кездерде еліктеу
(бейнелеуіш) сөздердің түбір формалары болған
деп жорамалдауға болады. Оларға, мысалы, мы-
надай туынды еліктеу сөздердің түбірлері жата-
ды: арб-аң (арбай), ерб-ең (ерби), жарб-аң (жар-
би), кірб-ең (кірби), қорб-аң (қорби), адыр-аң
(адырай, ады рақ), ажыра-ң (аж ырай), бадыра-ң
(бадырай, бадырақ), бажыра-ң (бажырай),л*шш-
аң (майми, маймақ), кірж-ің (кіржи, кіржік), қайқ-
аң (қай қай ,
қ ай қи , қай қы , қ ай қақ), қиқ-аң
(қиқаң, қ и қи , қ и қ а к),күрж -ің (күржи, күржік),
қылм-ың (қылми, қылымсы), соп-аң (сопай, сопи,
сопақ), сид-аң (сиди, сида), шош-аң (ш ош ақ,
шош тиған) т.б.
2. -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір
етістіктерге ж ал ған ы п , туынды еліктеу сөздер
жасайды. М ысалы: бұр-алаң, иір-елең, соз-алаң,
іиұба-лаң, ора-лаң т.б.
Поделитесь с Вашими друзьями: |