9.3.2. Еліктеуіш сөздердің
морфологиялық сипаты
Еліктеуіш сөздер, сыртқы м орф ологиялы қ
құры лы сы на қ а р ай ,ж ал аң д а, күрделіде болады.
Ж алаң еліктеу сөздер негізгі ж әне туынды
болып екі салаға бөлінеді.
Н егізгі еліктеу сөздер деп айиаладағы таби-
ғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабыл-
данған дыбыстардан және козбен кору арқылы
қабылданған елес-коріністердің бейнелерінен пайда
болған түсініктердің атаулары, дем ек, сол ды-
быстар мен бейнелердің атаулары есебінде қыз-
мет ететін түбір создерді айтамыз. Мұндай негізгі
еліктеу сөздер, практикалы қ тұрғы дан алғанда,
қазіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшектерге
сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтаны п келеді.
О ларға ж оғары да көрсетілген 15 түрлі үлгіге тән
ф ормалар және олардан өзге де бір алуан форма-
лар жатады. Мысалы: ар, ыр, ырс, борс, бырс, бұлт,
былқ, дүрс, дік, дүңк, күрс, күмп, кірт, елп, жалт,
жарқ, зырқ, қалт, кілт, лып, лап, морт, мырс, мүлт,
мыңқ, салп, саңқ, сыңқ, селк, солқ, сарт, сырт, таңқ,
тыңқ, шалп, шъиіп, шаңқ, шыж, ырс, ыңқ тағы бас-
қалар.
Поделитесь с Вашими друзьями: |