* Ахмеди Ы сқақовты ң “ Қазіргі қ а за қ тілі” (1991) кітабынан алынды.
ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР
551
естілуін тілмен дәлме-дәл айты п жеткізу қи ы н -
ақ. Д егенм ен, осы дыбыстар ды бы сты қ бейне
ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретінде де
қалы птасқанды қтан, оларды біз сөздер есебінде
қабылдаймыз. Оның бер ж ағы нда, бұл дыбыс-
тар, қайсы сы болса да, жалаң дыбыстар емес,
күрделі дыбыстар. Ал осы күрделі дыбыстар
белгілі-белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары
есебінде қабылданы п, тиісті сөздерге айналған.
О ған көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келті-
рейік.
Д әл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына
жас кызыл қозы топ ете түсті (Әуезов).
Қасқыр
тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ырр етіп ба-
рып бас салды (Сонда).
Қозы екі қом ағай ауыздың
кергісінде қанжоса болып дар-дар айырылды. Сырт-
сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-күпаш қорқ-
қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды (Сонда).
Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар-дар, сырт-сырт,
қорқ-қорқ сөздері де тиісті дыбыстарды есітуден
пайда болған түсініктерді білдіреді. Сондықтан
бұлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жатады.
О сы ндағы дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ де-
ген еліктеуіш сөздер бастапқы түбірлердің екі рет
қайталануынан жасалған. Егер сол сөйлемдердің
құрам дары на да, құры лы стары на да еш қандай
өзгеріс енгізбей, тек осы елікгеуіш сөздерді қосар-
л ан ған түрде емес, жалаң түрде ған а қолдансақ
(мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер
сияқты , еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен
қосарланған түрі болатыны, олардың мағынала-
рында тиісті айырмаш ылық барлы ғы аңғары ла-
ды. Демек, еліктеуіш сөздің жалаң түрі амал-әре-
кеттің бір ғана ретж асалаты ны н білдірсе, қайта-
ланған түрі сол амал-әрекеттің үсті-үстіне әлде-
неше рет қайталаны п ж асалаты ны н білдіреді.
Мысаль?г дар айрылды және дар-дар айрылды;
сырт етіп және
сырт-сырт етіп; қорқ етіп және
Поделитесь с Вашими друзьями: