деген сөйлемдердегіертеңі, біразы, бірқатары атау
септігінде тұры п, бастауыш қы зметінде ж ұм са-
лып тұр.
4. Зат есім м ен, сын есіммен тіркесіп келіп,
кейде аны қтауы ш қы зметін атқарады: бірталай
уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді, осынша
өнерді қалай игердің? т.б.
5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш
та болады. Бірталайымен қол алысып амандас-
ты (М үсірепов). Талайды осы күні-ақ ж үрмін
көріп (Т орайғы ров) сөйлемдеріндегі бірталайы-
мен, талайды үстеулері көмектес септігі мен та-
быс септігінде тұры п толы қтауыш қы зметін ат-
қарып тұр.
9. ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР*
9 .1 . Е Л ІК Т Е У І Ш С Ө З Д Е Р Т У Р А Л Ы Т Ү С І Н І К
Тілімізде семантикалы қ ерекшелігі ж ағы нан
да, грамматикалық сыр-сипаты ж ағы нан да, ф о-
н етика-м орф ологиялы қ құры лы мы ж ағы н ан да
өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған
сәйкес, өз алды на дербес сөз табы ретінде қара-
латы н бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер (м им е-
ма) деп аталады.
Еліктеуіш сөздер семантикалық ж ағы нан ал-
ғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан
құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу
я соқты ғы сулары нан туатын, со н дай -ақ, неш е
түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен
ш ы ғаты н, әр түрлі әрекет қим ы лдары нан туа-
тын, әрқи лы ды бы старға еліктеуден пайда бол-
ған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғат-
та ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен затгар-
дың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы
сы н-сипаты мен қим ы л-әрекеттерінің де қилы -
қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді
білдіреді. Мысалы: арс, гурс, дүрс, қорс, тарс, тырс,
ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк,
күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, иіаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ,
тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ,
сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-
жұлт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ,
шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-
арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-да-
лаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір,
қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-
тыржыңт.6.
Еліктеу сөздердің бір тобы сем антикалы қ
мағы налары ж ағы нан табиғатта ұшырасатын әр
алуан дыбыстармен байланы сты болса, екінш і
тобының семантикалық мағыналары сол табиғат-
тағы әрқилы табиғи көріністердің бейнелерімен
байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі
салаға бөлінеді, бір тобы еліктеуіш (еліктеме)
сөздер деп, екінш і саласы бейнелеуіш (бейнеле-
ме) сөздер деп аталады.
Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес,
фонетика-грамматикалық сыр-сипатгары жақта-
ры нан да (мысалы: буын құры лы мы , морфоло-
гиялық тұлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-
бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу
сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері
мен барлы ғы на да тән жалпы қасиеттері төмен-
дегідей.
Поделитесь с Вашими друзьями: |