өңкей соқыр (Абай) деген мысалдағы өңкей үстеуі
морфемдік бөлшектеуге келмейтін сөз.
8.4.6. Мақсат үстеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл,
іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсат-
пен? деген сұраққа жауап береді. М ақсат үстеуге
жататын сөздер коп емес. Олар:әдейі, жорта, қаса-
қана, әдейілеп. М ақсат үстеулері құрамы ж ағы -
нан тек негізгі түбір болып келеді. Сөйлемде етіс-
тікпен тіркесіп, мақсат пысықтауыш қызметін ат-
қарады. Құнанбай бағанадан эзіл салғанда да, әдейі
соған шұқшиған (Әуезов) деген сөйлемде не мақ-
сатпен? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш
қызметінде тұрған үстеу - әдейі сөзі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |