548
М ОРФОЛОГИЯ
-дайлық: мұндайлық, ондайлық, сондайлық,
бұндайлық т.б.
2.
Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің
бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.
а)
бірігу тәсілім ен ж асалған мөлш ер үстеу-
лері:
анағұрлым, бірсыпыра, бірқыдыру, недәуір,
неғұрлым, бірталай т.б.
ә) қосарлану тәсілі арқылы жасалған мөлшер
үстеулері: бірен-саран, бірлі-жарымды, азды-
копті, некен-саяқ т.б.
Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп,
іс-әрекет, қим ы л, амалдың мөлш ерін білдірсе,
бірде зат есім, сын есімдермен тіркесте қолданы-
лып оны ң мөлш ерін білдіреді. М ысалы, соншама
өкпеледі, недәуір ер жетіпті, анағұрлы м өсіпті
деген мысалдардағы соншама, недэуір, анағұрлым
мөлш ерлік үстеулері өкпеледі, ер жетіпті, өсіпті
етістіктермен тіркесте қолданылып, қалай? қан-
ша? деген сұрақтарға жауап беріп, қим ы лды ң
ш ама-ш арқын білдіріп тұр. Ал осы мөлшер үстеу-
лерін сын есім сөздермен тіркестіргенде, қалай?
не қанш а? деген сұрақтарға жауап беріп, сы н-
ның м өлш ерін, көлем дік дәрежесін көрсетеді.
М ысалы, соншама үлкен үй, недэуір терең, ана-
ғұрлым төмен т.б. М өлш ер үстеуі етістікпен
тіркесте келіп, сөйлемнің мөлшер пысықтауышы
қызметін атқарады. Соны мен бірге зат есім, сын
есімдердің алдында келіп, оны анықтап, сөйлемнің
қабыса байланысатын анықтауышы болады. М ы-
салы: Осынша өнер тауып асқан адам (Ш әкәрім).
Поделитесь с Вашими друзьями: