көпшілігі бұл тұлғаны көне барыс септіктің жал-
ғауы деп таныса, кейбір зерттеушілер жалғау емес,
б а ғы п ы қ мағына тудыратын қосымша деп қарай-
ды. Көне түркі ескерткіштер тіліндегі -ры, -рі, -рү,
-дутұбір сөздердің құрамында өлі формант ретін-
де сақталған . С оны м ен бірге негізгі түбір үстеу
тобы на ж ататы н жоғары, ілгері сөздерінің түбірі
жо, іл есім сөздер б олған. Жо - ж оқ, йок - биік
м ағы н асы н , іл - ілкіде, баста м ағы насы нда қол-
даны лған. Тарихи тұрғыдан жо, іл сөздеріне -ға ,
-ру, -геру, -қару, -керу формалары ның жалғануы
арқылы үстеулержасалған.
Негізгі үстеулердің көпш ілігіне сы н есімнің
шырай ж ұрнақтары ж алғанады . Атап айтқанда,
мезгіл үстеулеріне: бүрынырақ, ертерек, кеіиірект.б.
М ысалы: Бұрынырақ кезде бұндайда асын тас-
тап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін (Әуе-
зов). Ертерек келмедің деп несіне ескертпейін,
ештен кеш жақсы (Мүсірепов). Мекен үстеулері-
не ж алғанады : төменірек, әрірек, ж оғарырақ,
төмендеу, берірек т.б. С ы н қим ы л үстеулеріне
жалғанады: тезірек, жайырақ, жылдамдау, оңай-
ырақ т.б.
Үстеудің кейбір м ағы налы қ топтары ш ырай
жұрнақтары н мүлдем қабылдай алмайды. Ж оға-
рыда аталған кейбір үстеулерге сын есімнің шы-
рай ж ұрнақтары ны ң жалғануы тарихи ж ағы нан
үстеудің сын есіммен ж ақын, төркіндес екендігін
көрсетеді. Осымен байланысты шырай жұрнақта-
рын қабылдайтын да - негізгі түбір үстеулер мен
қимылдың сапалық белгісін білдіретін үстеулер.
Поделитесь с Вашими друзьями: