Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


Ү С Т Е У Д ІҢ   Л Е К С И К А -С Е М А Н Т И К А Л Ы Қ



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет966/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   962   963   964   965   966   967   968   969   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
Ү С Т Е У Д ІҢ   Л Е К С И К А -С Е М А Н Т И К А Л Ы Қ  

^

 

С И П А Т Ы

Қазіргі  қазақ тіліндегі  үстеулер  қимылдың, 

іс-әрекеттің  әр  түрлі  белгісін,  жүзеге  асу  амал- 

тэсілін,  мекенін,  себебін,  мезгілін,  ж ай-күйін 

білдіретін  ж әне  грам м атикалы қ  тұлғаларм ен 

түрленбейтін сөздер.



Биыл Абай он үшке толған еді (Әуезов). Кейін 

баспай, ілгері бас (Ш әкәрім). Болады осындай кыз, 

некен-саяк... Ақыл,  қайрат,  жүректі бірдей үста 

(Абай).  Берілген мысалдардағы биыл, кейін,  ілгері, 



некен-саяк,  бірдей, сөздері м ағы насы   мен тұлға- 

л ы қ ерекшеліктеріне қарай  үстеу болып табыла- 

ды.  М ұндағы  биыл  толу  етістігінің  жүзеге  асу 

мезгіліш білдіріп,  қаш ан?  деген  сұраққа  жауап 

беріп тұр.  Кейін,  ілгері сөздері басу қим ы лы ны ң 

мекенін,  орнын, бағыты н білдіріп,  қайда? деген 

сұраққа  жауап  береді.  Некен-саяқ  сөзі  болу  іс- 

ә рекетін ің   м өлш ерін  білдіріп,  қаш ан ?  деген 

сұраққа  жауап  беріп  тұр.  Бірдей  үстеуі  ұстау 

қим ы лы ны ң жүзеге асу амалын білдіріп,  қалай? 

деген сұраққа жауап беріп тұр.

Жоғарыда көрсетілген  мысалдардағы талдан- 

ған сөздер етістіктермен тіркесіп, олардың әр түрлі 

белгісін,  қасиетін  (мекенін,  мезгілін-,  амалын, 

мөлшерін т.б.) білдіреді.

Қазақ тілінде осы тәрізді  қимылдың әр түрлі 

сипаттарын  білдіретін  кейбір  есім  сөздер  мен 

етістіктің  косемше тұлғалары да бар,  бірақ олар 

үстеу  орнына  қолданы лғаны м ен,  яғн и   қимыл-

дың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін,  мекенін, ама- 

лы н,  мезгілін  т.б.  білдіргенімен  сөз табы ж ағы - 

нан  үстеу болып танылмайды.



Ж алғанда  болмас  жұбаныш  (Абай).  Құзда- 

рыңда бал бұлағың (Сәрсенбаев). Бозторғай шы- 

рылдайсың жерге түспей (Әзірбаев). Аспандап алыс 

кеткен  не  бір  мықты  (Аманжолов).  Жок-барды 

ертегені термек ұшін (Абай).  Осы сөйлемдердегі 

жалғанда,  кұздарында,  жерге сөздері қимылдың 

орны н,  м екенін  білдіріп,  қайда?  деген  сұраққа 

жауап беріп тұрса, аспандап сөзі іс-әрекетгің ама- 

лын  білдіріп,  қалай?  деген  сұраққа,  ал  термек 



үшін амалдың  мақсатын білдіріп,  не  үшін? деген 

сұраққа жауап  беріп тұр.

Сөйте тұрса да бұлар үстеу емес,  пысықтау- 

ыш  қы зметінде  жұмсалып  тұрған  есімдер  мен 

көсемше тұлғалы етістіктер болып табылады.

Қазіргі  қазақ  тіліндегі  үстеулер  етістікпен 

тіркесіп,  пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. 

Кейбір үстеулер морфологиялық өзгеріске түсіп, 

субстантивтенеді, яғн и   көптеледі,  септеледі, тәу- 

елденеді.  М ысалы: Бүгініміз - беймаза,  өткеніміз 



өкініш  пе?  (“ Е г.Қ аз.” ).  Бүгіндері  т ек  ы м м ен 

түсіңіседі (Тарази).


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   962   963   964   965   966   967   968   969   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет