7 .6 .2 .2. Жазда комекші етістігі
Жазда - тек қана көмекш ілік қызметте қол-
данылатын етістік, оның толы қ, негізгі м ағы на-
да қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші
етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексика-
лы қ мағынасы болған.
Жазда көмекш і етістігі тілде қимылдың өту
сипаты категориясының көрсеткішіне жататын =й
жазда аналитикалық форманты болып қалыптас-
қан. =й ж аздааналитикалық форманты жетімсіз
қимылды білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимыл-
дың ж асалуға ж ақы ндап барып, тіпті жартылай
жасалып, аяғына жетпей тоқтауын, үзілуін білдіруі
аталады. Құлай жаздады, жығыла жаздады, кетіп
қала жаздады т.б.
Бұл қимыл субъектінің өздігінен әдейі жа-
сайтын қимылы емес, қимылды жасауды бас-
тап, оны субъекті өздігінен тоқтатпайды. Қимыл
кездейсоқ себептердің әсерінен, кобіне субъектінің
ы рқы нан тыс кездескен себептердің әсерінен
аяқталмай тоқтайды.
Қим ы лды ң жасалуы ның бұл тәсілі - түркі
тілдерінетән құбылыс. Мысалы, башқұрттілінде:
Поделитесь с Вашими друзьями: |