Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет905/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   901   902   903   904   905   906   907   908   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
7 .4 .  К Ө С Е М Ш Е

 

Кө'семше  атауын  қазақ тіл  білімінде А .Бай- 

тұрсынұлы енгізген.  Бұл создің мағынасы  көсем 

сияқты  үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.

Көсемшелер тұлғалық жағынан да,  м ағы на- 

лық жағынан да тиянақсыз болғандықтан,  қысқа 

қайырылып,  өзінен  кейін тиянақтаушы  етістікті 

қажет етіп  тұрады да,  кем дегенде екі  сыңардан 

құралып,  жаңа  м ағы на  түзетін  күрделі  етістік- 

тердің көптеген түрін жасауға негіз болады. Көріп 



қойдым,  біле келді,  айта бердім т.б.

Қазіргі  қазақ  тілінде  көсемшелердің  бұдан 

езге  де  сан  алуан  қызметтері  бар.  Көсемш елер 

сөйлемде  етістік  арқылы  айтылған  іс-әрекеттің 

сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп,  пысық- 

тауыштық та қызмет атқарады.  Есімдердің түрлену 

жүйесіне түспейтін  (көптелу, тәуелдену, септелу)

көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлға- 

лары нан  негізгі  айырмасы  да  осы  қызметтен 

керінеді.  Олар сөйлемде  көбінесе  пысықтауыш- 

ты қ қызмет атқаратын үстеулерге ірамматикалық 

сигіаты  ж ағы нан  оте  ж ақы н.  Көсемш елер  мен 

үстеулердің  қызметі жағынан да,  мағыналық жа- 

ғынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеу- 

інің де  пысықтауыш тық қызметте  қолдануында 

деуге болады.  Бірақ көсемш елердің тілдегі  қы з- 

меті  мен  мағыналары  үстеулерге қарағанда әлде- 

қайда  кең.  М әселен,  олар  ж оғары да  айты лған 

күрделі  етістік жасау мен  пысы қтауыш   болудан 

өзге  тілімізде  айтуш ы ның  ойды  ықш амды  айту 

м ақсаты н  жүзеге  асырып  біры ңғай  баяндауыш 

болады,  сабақтас  құрмалас сөйлемдердің  бағы - 

ны ңқы   сы ңары ны ң  баяндауыш ы  бөла  тұра  екі 

жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұра- 

ды  және  баяндауыш  қы зметінде  жіктеле  келіп, 

шақты білдіріп тұрады.

Көсемш елер  етістіктің  негізгі  және туынды 

түбірлеріне,  күрделі  негіздерге тікелей де,  қажет- 

інше етіс жұрнақтарынан сөң да немесе амалдың 

өту сипатын біддіріп, рең жамайтын жұрнақтар- 

дан  кейін жалғану арқылы жасалады.

Қазақ тілінде жіктелудің төрт түрі бар.  Бірдей 

үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматика- 

л ы қ  сипаты  бірдей  емес,  я ғн и   қазақ  тіліндегі 

жіктелу  үлгілері  тек  тұлғалы қ  озгешеліктеріне 

қарай бөлінеді.  Кесемш елер бірдей  үлгіде жікте- 

леді:

I. 


Мен  бара-мын 

біз 


бара-мыз 

барып-пын 

барып-пыз

II 


Сен  бара-сың 

сендер  бара-сыңдар 

барып-сың 

барып-сыңдар

Сіз  бара-сыз 

барып-сыз

сіздер 

бара-сыңдар 

барып-сыздар

III  Ол  бара-ды 

өлар 

бара-ды 


барып-ты 

барып-ты


Көсемш елер бірдей  үлгіде жіктелмегенімен 

олардың беретін  ш ақты қ  м ағы насы  эркелкі  бо- 

лы п  келеді.  М әселен,  -ып,  -іп,  -п  жұрнақтары 

арқылы жасалған көсемшелер жікғелгенде бүрынғы 



өткен шақты білдірсе -а,  -е /-й  жұрнақтары  арқ- 

ылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы 



шақты білдіреді.

Көсемшелердің  бұлардан  өзге  жұрнақтары 

жіктелмейді.  Осы  қызметіне  қарап өларды  қазақ 

тіл білімінде жіктелетін және жіктелмейтін көсем- 

шелер деп бөлу қалыптасқан.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   901   902   903   904   905   906   907   908   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет