Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет879/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   875   876   877   878   879   880   881   882   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
еш нэрсе шықпайды (М айлин).

Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы ш ақ- 

тан айырмашылығы сөйлемде мезгіл  мәнді басқа 

сөздерден де байқалып отырады.  Мысалы: Бүгінге 



місе түтпай,  ертеңге коз жібереміз (Мәуленов).


520

М ОРФОЛОГИЯ



Қазір  біз  “ж ақы н” ж олмен  жүріп  келем із (М о- 

мышұлы) деген сөйлемдердің ш ағы біріншісінде 



ертең  сөзі  арқы лы ,  екінш і  сөйлемде  қазір  сөзі 

арқылы анықталы п тұр  (келер ш ақ,  осы  шақ).

Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы 

шақта I жақ жіктік жалғау (-мын/-мін) кейде ықшам- 

далып,  -м  түріңде  жалғанады.  Ушаковты  қонаққа 

шақырып келем (М үсірепов).

7.2.6. Жақ категориясы

Әрине,  ж ақ  пен  жіктелу  ұғы м ы   бір-біріне 

толы қ  балама  емес.  Әдетте  мектеп  оқулы қтары  

мен грамматикаларда ж ақ ұғымы таза м орфоло- 

гиялы қ  қана  тұрғы дан  ж іктік ж алғау я  жіктелу 

д е г е н   п а р а д и г м а л ы қ   ж ү й е н ің   ш е ң б е р ін д е  

көрсетіліп  келді.  Б ірақ  одан  жіктік  жалғауды ң 

табиғаты   толы қ  аш ы ла  алмайды,  әсіресе  оны ң 

ж ақты қ сипаты  мен сөйлеу процесіндегі қызметі 

айқындалмай қалады.

Рас,  оқулықтар мен грамматикаларда беріліп 

жүрген  ж іктік  ж алғау  жүйесінде  о ған   ж ақты қ 

сипат та берілген.  М орфологиялық көрсеткіш ре- 

тіндегі  ж іктік  ж алғау  үш  ж ақты ң  әр  ж ағы нда 

бөлек-бөлек  болып  түрленіп,  сол  арқы лы ,  бір 

ж ағынан, тұтас біртектес грамматикалық (жіктік) 

м ағы наны   білдіріп,  екінш і  ж ағы н ан ,  әр  ж ақты 

(жекеше-көпше де) әр түрлі грамматикалық фор- 

малар арқылы бір-біріне  қайш ы  грамматикалық 

м а ғ ы н а   б іл д ір іп ,  м о р ф о л о г и я л ы қ   т ү р л е н у  

ж үйесінің,  я ғн и   парадигм алы қ ж үйенің  ж иы н- 

ты ғы н құрау арқылы  грамматикалық (морфоло- 

гиялық)  категория  болып танылады.

Сөздердің жіктелу жүйесі,  бір жағынан,  мор- 

фологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші 

ж ағы нан,  сол  арқы лы   берілетін  грамматикалық 

м ағы налар  ж иы нты ғы   арқы лы   грамматикалық 

категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге 

осы ған  негіз  болып  оты рған  ж іктік жалғаулар- 

дың синтаксистік қызметі мен сөйлем  құраудағы 

сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. 

Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, 

жіктік),  кейде  көптік ж алғауды ң  сөз байланы с- 

тырудағы  қызметі ерекше екені белгілі.  Сонды қ- 

тан да олар  басқа  қосы м ш а түрлерінен  бөлініп, 

жалғау деп аталады. Ал ж іктік жалғаудың соны - 

мен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой 

білдіруге тікелей қатысы бар,  өйткені сөйлемнің 

діңгегі,  ойдың  корінісі,  негізі  болып  есептелетін 

сойлемнің  баяндауыш ы  жіктік  жалғау  арқылы, 

бір ж ағынан  ойдың қазы ғы ,  қимыл,  іс-әрекеттің 

иесі бастауышпен  (субъектімен)  қиыса байланы-

сып тұрса,  екінші ж ағы нан,  ойды тұжырымдап, 

тиянақтап,  сөйлемді аяқтап тұрады.  Сондықтан 

да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (пре- 

дикат) қосымшасы немесе баяндауыш категория- 

сыны ң тұлғасы деп  атайды.

Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғау- 

ды  бірде  тек  ж ақты қ  м ағы нам ен  байланысты 

қарап,  оны,  ж ақты қ  м ағы наны ,  предикативті 

мәнмен барабар деп түсінуш ілік те  бар.  “Ж іктік 

жалғауы  өзінің ж ал ған ған   сөзіне тек қана ж ақ- 

ты қ  м ағы на  үстейді),  я ғ н и   предикативтік  реңк 

береді”  (М .И .  Қ Қ Т,  85).  Бірақ сол арқылы  грам- 

м атикалы қ жүйе ретінде ж іктік жалғау тек ж ақ- 

ты қ  м ағы нам ен  ғана  ш ектеліп  қалмайды,  онда 

жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грам- 

матикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, 

айы рм аш ы лы қтары   болмас та  еді.  Ж ақты қ  мән 

ж іктік  жалғауда  да,  тәуелдік  жалғауда  да  бар. 

Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік 

реңк деп  түсінуге  де  болмайды.  Бұлар,  ж ақты қ 

мағына,  предикативтік реңк (дұрысында қатынас 

я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші 

ж ағы н ан ,  әр  тілдік  қабатты ң  ж үйесінен  ш ы ға- 

тын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орны- 

на  екіншісі  жүрмейді,  бір  тілдік  құбылыстың 

шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфология- 

л ы қ,  сөздің  бір  құрамды  бөлшегі  және  оның 

білдіретін  грам м атикалы қ  м ағы насы   ретінде, 

екінш ісі  басқа  бір  сөзбен  қаты насты  негізінде) 

толықтырып отырады.

Әрине,  ж ақ ұғымы  қим ы л,  іс-әрекеттің қай 

ж ақ арқы лы   (сөйлеуші ме, тыңдауш ы  ма,  бөгде 

ме)  іске  асатынын  немесе  белгілі  қасиеттің  қай 

ж аққа  қатысты  екенін я  қасиеттің  иесі  қай жақ 

болып тұрғанын біддіру болып табылады да, оның 

мәні  екі  сөздің,  субъекті  мен  предикаттың  ара- 

сы ндағы   сем антикалы қ  ж әне  грамм атикалы қ 

қаты нас  пен  қы зметтен  көрініп,  айқындалады. 

Бұл тұрғы дан  келгенде ж ақ  ұғымы тілдің  грам- 

м атикалы қ  құры лы сы  синтаксистік  сипаттың 

көрінісі  ретінде  өмір  сүреді.  Бірақ  ж ақ  ұғы м ы - 

ның (жіктелудің) морфологиялық сипатын ескер- 

меуге болмайды, өйткені жіктік жалғау - үш жақта 

(және жекеш е-көпш е болып), әрқайсысына (сол 

жаққа,  бұл  -  грамматикалық мағына) тән арнайы 

грам м атикалы қ  тұлғалары   бар  парадигмалық 

түрлену жүйесі  болып табылады.  Сонды қтан да 

ж ақ  (жіктік)  категориясы  немесе  жіктелу  оның 

түрлену тұлғасы  (жіктік) жалғау,  баяндауыштық 

қосымша деп аталса да, синтаксистік сипаты мол 

болса да,  морфологиялық категория болып сана- 

лады.  Өйткені  бірінш іден,  жіктелудің  мәні,  ең




ЕТІСТІК

521

алдымен,  грамматикалық тұлғалар  (ж іктікж ал- 

ғау ф ормалары )  мен  солар білдіретін  граммати- 

калы қ  м ағы налар  сәйкестігі  арқы лы   аны қтала- 

ды,  екінш іден,  сөз түрлендіру тұлғалары жиы н- 

ты ғы нан  құралатын  грамматикалық  категория- 

лардың синтаксистік қызметі атқару қасиеті,  мы- 

салы, тәуелдік жалғауының ілік септік жалғаулы 

сөзбен аны қтауы ш ты қ қатынаста  матаса байла- 

н ы су ы ,  с е п т ік   ж а л ғ а у л а р ы н ы ң   о б ъ е к т іл ік , 

мезгілдік,  мекендік қатынастарда екінш і сөзбен 

меңгеріле  байланысуы  -  заңды  құбылыс.  С он- 

ды қтан  да  ж ақ  (жіктік)  категориясы н,  жіктелу 

жүйесін бір ғана қырынан түсіну, сөйтіп,  катего- 

риялы қ сипаты н синтаксистік  қана қы зметінен 

айқындау,  м орфологиялық түрлену (парадигма- 

лы қ)  жүйесін,  соған сәйкес бір тектес өз  ішінде 

карама-қайш ы  мәнді грамматикалық мағыналар 

ж и ы н ты ғы н  ескермеу  бұл  тілдік  құбылыстың 

(жіктік жалғаудың)  мәнін толық ашпайды, грам- 

м атикалы қ  сипатын  терең  айқы ндай  алмайды. 

Өйткені ж ақ категориясының, жіктелу жүйесінің 

грамматикалық сипатын анықтайтын  ерекшелік 

оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес, 

ж іктік  ж алғау,  я ғн и   м орф ологиялы қ  түрлену 

жүйесінде  жатыр  да,  көрсетілген  синтаксистік 

қатынасы жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі 

атқараты н  қы зметінен туындап  отыр.  Я ғн и   бұл 

жерде тілдік құбылыстың морфологиялық түрлену 

жүйесі  мен  м ағы налы қ  сипаты  ж әне  олардың 

сөйлеу процесінде синтаксистік қатынасқа түсіп, 

белгілі тұрақты  қызмет атқаруы диахронды қ ас- 

пектіде, тарихи тұрғыда (яғни  қайсысынан  қай- 

сысы  пайда болды деген  ы ңғайда)  тұжырымда- 

лып  оты рған ж оқ, синхрондық аспектіде,  стати- 

калы қ тұрғы да  (яғни белгілі бір форма,  ф орм а- 

лар  жүйесі  белгілі  бір  грамматикалық  м ағы на- 

ларды  біядіріп  сөйлеу  процесінде  белгілі  бір 

тұрақты  қызмет атқарады)  көрсетіліп отыр.  Сон- 

ды қтан  да  “жіктік  жалғау  -  баяндауыш қа  ғана 

тән  ж алғау”  екенін  мойындай  оты рып,  жіктік 

жалғау тек қана синтаксистік қы змет атқарады, 

ойткені ж іктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым 

баяндауыш   қана  болады  -  деген  тұж ы ры м ны ң 

бір жақты екенін көрсету қажет.  Осы  ізбен,  яғни 

ілік септік жалғауын ол тұлғадағы сөз тек аны қ- 

тауыш  қызметін, табыс септік жалғауын ол тұлға- 

дағы  сөз тек тура толықтауыш  қызметін атқара- 

тыны  үшін  және  ілік  септік  жалғауы  тәуелдік 

жалғаумен, табыс септік жалғауы сабақты етістік- 

пен байланысып  қана қолданылуына қарап, олар- 

ды  басқа септік жалғауларынан, тіпті жалғаулар 

деп  аталатын  қосымш алар тобынан  бөліп алып,

тек синтаксистік қызмет атқаратын тілдік едини- 

ца деу қанш алықты қисынды болар еді?  Сөйтіп, 

жіктік жалғау  -  сөйлем  құрайтын  негізгі діңгек 

сөздерді (бастауыш  пен баяндауышты) байланы- 

стыратын  предикаттық мәндегі  морфологиялық 

тұлға.

Төрт  ж алғауды ң  үшеуі  (көптік,  тәуелдік, 



септік жалғаулар),  әдетте,  сөз табы ж ағы нан зат 

есімге тән,  зат есімнің түрлену жүйесі деп аны қ- 

талады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байла- 

нысты сипатталады.  Бірақ жіктелетін тек етістік 

қана  емес.  Әдетте  ж іктік  жалғауы   етістіктің 

түбіріне тікелей жалғанбайды,  белгілі бір форма- 

ларының үстіне ғана жалғанады, соған байланы- 

сты жіктік ж алғаулардың тұлғалары да біркелкі 

болып  келмейді,  ал  есім  сөздерге  ж іктік жалғау 

тікелей  түбірге  және  бір  қалы ппен  ж алғана  бе- 

реді.  Бұның сыры  неде?  Ең алдымен, бұл  - жіктік 

жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді.  Екін- 

шіден,  ол  ж іктік  ж алғауды ң  тек  семантикалы қ 

мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, син- 

таксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса ке- 

рек.  Я ғни  ж іктік  жалғауды ң  предикаттық  мәні 

сөйлемді  гиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жат- 

са керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана 

емес, есімдер де атқара алады.

Рас,  қазақ  тілінде  адам ға  байланысты  есім 

сөздер  тікелей  жіктеледі де,  жіктік жалғау тіке- 

лей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне 

тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек “функ- 

циялы қ етістік” деп  аталатын ерекше граммати- 

калық формалары  ғана жіктеле алады, яғн и   осы 

формалардың үстіне  ғана жіктік жалғаулар үсте- 

ле  алады.  Бұл  -  бір.  Екінш іден,  қазақ  тілінде 

қалып  етістігі деп аталып ж үргеноты р, тұр, жа- 

тыр,  жүр  деген  4  етістік  те  тікелей  жіктеледі. 

Бұның  өзі  бұл  төрт етістік түбір  емес  екендігін, 

етістіктің  белгілі  бір  грам м атикалы қ  тұлғасы 

екендігін аңғартады.  Үшіншіден, етістіктің жікте- 

летін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі 

жалғанбайды.  Әрине, бұлай болуы тегін емес.  Бір 

ж ағы нан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан 

салалы,  күрделі екенін корсетсе, екінші жағынан, 

жіктік жалғаудың  грамматикалық мағы насы , әр 

ж аққа байланысты түрлену жүйесі,  сөйлемде ат- 

қаратын қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі 

бір  кезде, бір түрлі,  бір  ы ңғайда  қалыптаса қой- 

м ағаны н  көрсетеді.  Ж іктік жалғаудың  осындай 

әр  ж ақты лы қ  сип аты н ы ң   себебін  бір  сөзбен 

дәлелді түсіндіру өте  қиы н.  Етістіктің  қай түрін 

(тіпті  есімдерді  де)  жіктесек  те,  я ғн и   жіктелу 

үлгісінің қай түрін сөз етсек те,  жіктік жалғауы-



522

М ОРФОЛОГИЯ

нын  сөзге  ж алғануы  ж ағы нан  да,  сыртқы  түр- 

тұлғасы ж ағы нан да, басқа сөзбен  (предикаттық 

субъекгімен) байланысы жағынан да, бірінші және 

екінші жақ бір түрлі,  ал үшінші ж ақ өзінше бөлек 

екені  байқалы п  тұрады.  Бұл  -  тек  1,2-жақтың 

сөйлеуші мен тыңдаушы, ал  3-жақтың бөгде бо- 

луымен  ғана емес,  соны м ен бірге  ш ығу,  қалы п- 

тасу тарихымен,  қолданылу ерекшеліктерімен де 

байланысты. Айталық,  1-2-жақ жіктік жалғаула- 

ры  ж іктеу  е с ім д ік т е р ін е н   (-м ы н ,  -м ін ,  -бын, 




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   875   876   877   878   879   880   881   882   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет